ikt_sessia_zhansaya


Экзаменационные вопросы по ИКТ
НУРИ
ООН мыңжылдық декларациясы және «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы.Қоғам дамуының шешуші секторларында АКТ-дың рөлі.
АКТ – дың анықтамалары. АКТ пәні және оның мақсаты. АКТ-дың стандарттары.
Біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңі - ақпараттық кезеңге толықтай көшіп келеді, бұл кезең, компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар мұғалім қызметінің барлық саласына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Қазіргі кезде білім кеңістігін заманға сай ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес.Білімді ақпараттандыру күрделі де көп қырлы үдеріс болып табылады, оның сәтті жүзеге асуы білім мекемелерін компьютерлендіруге ғана емес, білім беруді ақпараттандыруды қамтамасыз ету әдістемесіне, ғылым мен тәжірибенің өзара байланысына да тәуелді. Бұл ғалымдар мен педагогтардың, психологтар мен әдіскерлердің, бағдарламашылар мен ақпараттық - коммуникативтік технологиялар саласы мамандарының күш - жігерін жан - жақты жұмылдыру уақытының келгенін көрсетеді
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі - өз құзыреті шегінде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ техникалық регламенттердің, стандарттардың жиынтығы. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңын қабылдағаннан кейін мемлекеттік стандарттау жүйесін реформалау басталды
Стандарттардың түрлері
Стандарттау объектісінің ерекшелігіне және оған белгіленген талаптардың мазмұнына байланысты стандарттардың мына түрлері әзірленді:
негізге алынатын стандарттар;
өнімге (көрсетілетін қызметке) стандарттар;
процеске стандарттар;
бақылау әдістеріне (сынау, өлшеу, рөсімдеу) стандарттар.
Негізге алынатын стандарттар - қолданылу саласы кең немесе техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарттар. Олар басқа стандарттарды шығаруға негіз болатын стандарттар немесе әдістемелік құжаттар түрінде қолданылады. Өнімге (көрсетілетін қызметке) стандарт біркелкі өнімдер (көрсетілетін қызметке) топтарына немесе нақты өнімге (көрсетілетін қызметке) талаптар белгілейді. Өнімге, көрсетілетін қызметке әзірленетін стандарттар әр түрлі болады: жалпы техникалық шарттар түрінде, техникалық шарттар түрінде. Бірінші жағдайда стандарттар біркелкі өнімдер (көрсетілетін қызмет) топтарына қойылатын жалпы талаптарды, ал екінші жағдайда - жекелеген өнім түрлеріне қойылатын талаптарды қамтиды. Бұл стандарттар жалпы жағдайда - жекелеген өнім түрлеріне қойылатын талаптарды қамтиды. Бұл стандарттар жалпы жағдайда мынандай бөлімдерден тұрады: жіктеу, негізгі параметрлер мен мөлшерлер, жалпы техникалық талаптар, қабылдап алу, таңбалау, буып, тасымалдау және сақтау ережелері. Біркелкі өнімдер топтарына шағын сұраныстағы стандарттар әзірленуі мүмкін: техникалық талаптар стандарттары: қабылдап алу ережелерінің стандарттары, таңбалау, буып, тасымалдау және сақтау ережелерінің стандарттары. Процестерге стандарттар әзірлеу, дайындау, сақтау, жүк тасу, пайдалану, өнімді кәдеге жарату мен жөндеудің технологиялық үдерістерінде әр түрлі жұмыстарды орындау әдістеріне (орындау жолдары, тәсілдер, режимдер, нормалар) негізгі талаптарды белгілейді. Жаңа өнімді игеруді жеделдету жұмыс тарында авто- матты жобалау жүйелеріне байланысты әзірленген стан- дарттардың атңаратын рөлі үлкен. Мысалы, осындай стандарттарды қолдану негізінде Жапонияда жеңіл ма- шиналар шығаратын фирмалар жаңа модельдерді жоба- лауға жүмсалатын уақытты 2-8 есе қысқартқан. Саудада тамақ өнімдерін сақтау және сату алдындағы дайындау әдістеріне қатысты стандарттар маңызды рөл атңарады. Қазіргі кезде өнім (қызмет) сапасын қамтамасыз ету жүйелерінің шеңберінде қолданылатын басқару процестеріне қатысты стандарттар - құжаттарды сатып алуды, мамандарды дайындауды, т.б. басқару стандарттарының маңызы артып отыр. Бақылау әдісіне стандарттар өнімді жасап шығару, сертификаттау және пайдалану кезінде оған сынақ, өлшеу, талдау жүргізу әдістерін белгілейді. Әрбір әдіске олардың ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді:
сынау құралдары және басқа да керек- жарақтар;
сынауды өткізуге дайындалу тәртібі;
сынауды өткізу тәртібі;
сынау кезінде алынған деректерді өңдеу ережелері;
сынау нәтижелерін дайындау ережелері;
сынау қателігінің мүмкін деңгейіЭЕМ жұмысының негізгі принціптері.
Компьютерлік жүйелердің анықтамасы. Компьютерлік жүйелердің құрамы.
Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) — компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. 
Компьютерлік желілерді қолдану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі;
желінің бір ДК-сында сақталу есебінен бір ақпаратты қосарлау мүмкіндігінің жойылуы;
ақпарат сақталуы сенімділігінің жоғарылуы;
ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қорғауды жақсарту;
ұйымның бөлімшелер және қызметкерлері мен арасында жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігі.
Компьютерлік жүйелердің құрамы.
Компьютерлік жүйелер мәліметтерді өңдеу жүйелерін осы төрт комбинацияны – құрылғылар, программалар, мәліметтер және адамды- біріктіре қарастыру кезінде қолданылады.
3.ДК Жұмыс істеу принципі
Компьютерлің барлық есептеу және информация өңдеу істерін атқаратын негізгі құрылғысы – орталық процессор. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор микропроцессор деп аталады.
Енгізу құрылғысы (пернетақта, тышқан, сканер) компьютерге мәлімет енгізу қызметін атқарады. Шығару( мәлімет алу) құрылғысы компьютерлің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін қолданылады. Есте сақтау құрылғысы программаларды, мәліметтерді және жұмыс нәтижелерін сақтауға арналған. Ол сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді.
Оперативті есте сақтау құрылғысы немесе ДК-нің жедел жады( RAM-Random Access Memory ) Сондай-ақ тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM-Read-only Memory) компьютердің ішкі жадын құрайды, осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады.
Қатты магниттік диск (винчестер) ДК программалары мен көлемді мәліметтерді есте сақтайды. Олардың көлемі оншақты Гбайттан жүздеген Гбайттарға дуйін бола береді. Алмалы-салмалы мәлімет жинақтауыш – иілгіш магниттік дискінің флоппи –дискілер немесе дискеттер диаметрі 3,5дюйм 88мм , ал сақтайтын информация көлемі -1,44 Мбайт болады.
Орталық процессор жедел жажтағы программаларды орындап, мәліметтерді түрлендіреді және де барлық құрылғыларды басқарады. Ол екі бөліктен – басқару құрылғысы мен арифметикалық-логикалық құрылғыдан тұрады. Басқару құрылғысы программа командаларын қабылдап алып орындайды да, арифметикалық-логикалық құрылғы есептеу жұмыстарын және логикалық операцияларды атқарады.
Компьютерлік жүйелердің архитектурасы және компоненттері.
Енді осы функцияларға қысқаша тоқталып өтейік.
1. Желі операторларына қызмет көрсетуге административтіге басқару жабдықтарына қол жеткізуді қамтамасыз ету жатады. Әрбір жабдықтан сәйкес бағдарламалар желі боынша жіберілуі. Бұл бағдарламалар адмиристративтік басқару орталығының есептелуін машинасында орналасады. Арнайы командалар операторы көмегімен желі компонентерінің жаңалап бақылауға алынады. Бұндай жағдайда касандалар басқада административтік басқару орталығына жіберіледі. Бұл үшін арнайы стандарты жабдықтар жалғау және процестерді тасымалдауға қолданылады.
Физикалық деңгей протоколдары.
Деректер берілуінің базалық жүйесі байланыс касандалары мен бірігіп тұрады, терминалды есептеу машинасы және есептеу машинасы арасында ақпаратттық бойынша мүмкіндігінің жасамды. Осы мүмкіндіктер жеті діңгейлі модел көмегімен жасалады. Оның ішінде үш көлемді деңгей басқару моделі 1- физикалық канал, 2-ақпаратттық канал; 3-деректердің берілу жүйесі.
Ашық жүйе архитектурасында физикалық деңгей төменгі деңгей деп есептелді, ол жүйелердің өзара байланысын, қамтамасыз етеді, сонымен қатар берілу ортасының өзара әсерін қамтамасыз ету берілу ортасына шина, ол провоттар тобына құралған, және машиналық сөз бен байттық параллель берілуі үшін жасалынған, волоконды - оптикалық линия, кабель жатады. Ашық жүйе архитектурасы сәйкес физикалық деңгей келесідей көмек көрсетуі қажет:
Ақпараттты есептеу жүйесін административтік басқару.
Ақпаратты есептеу жүйесін басқару үшін административтік басқару қызмет құрылады. Бұл қызмет өзінің функцияларына байланысты қолданбалы жоғары деңгейге жатады және де арнайы жүйе процестерінің жиыны көмегімен іске асады, қолданбалы 7-ші деңгейге жатады. Административтік басқару желі операторлармен таратылады, оның функциялары жеке желілерге таратылады, мысалы негізгі есептеу машинасы, оған байланыс каналы мен байланыс түйіні, ақпараттты есептеу жүйесі жатады. Желі операторлардың жүмысы терминал қондырғыларына қолдау көрсетеді, бұл қондырғылар арқылы басқару командалар ақпараттты басқару енгізіледі.
Ақапаратты есептеу жүйесінің операторлары терминалды желі мен оның компоненттері жағдайы туралы ақпараттты көрсетеді олар басқаруға шешім қабылдау үшін желі процесінің функционалдау қажет екенін білдіреді. Желіні басқару үшін административтік компьютерлер арнайы бөлінеді, оған желі операторларының терминалдары қосылады. Административтік басқару функциялары негізгі, терминалды байланыс компьютерлеріне бөлінеді. Операторларды алмастыру орны мен аппаратуралар административтік басқару орталығы деп аталады.
Функциялар.
Ақпараттты есептеу жүйесінің административтік қызметіне келесідей негізгі функциялар жатады.
1). Операторларға қызмет көрсету.
2). Конфигурациялық басқару.
3). Ұйымдарды техникалық қамтамасыз ету;
4). Функцианалдау режимін басқару.
5). Статистика жинағы және ресурстарда пайдалану есебі.
Компьютерлік жүйелердің сипаттамалары: Компьтердің есептеу қуаттылығы, тактілік жиілігі. Разрядтылығы. Процессордың СРU уақыты. Амдаля заңы.
Процессор мен жад Компьютер сипаттамасының басында, әдеттегідей, орталық процессордың (central processing unit, CPU) типі мен жиілігін көрсетеді. Одан әрі жедел жадтың (random access memory, RAM) сипаттамасы беріледі. Компютердің бұл құрауыштары – ең бастылары, өйткені оның жұмысының жылдамдығын осылар анықтайды. Компьютерге әлемдегі ең үлкен қатқыл дискіні, ең күшті бейнеадаптерді және керемет дыбыстық жүйені орнатуға болады, бірақ баяу процессор мен мардымсыз жад кезінде барлық осы байлық пайдасыз болады. Процессор, немесе, оны тағы микропроцессор деп атағандай, компьютер мәліметтерін өңдеудің орталық құрылғысы болып саналады. Процессор микорсхема ретінде көрінеді де жедел жадпен қатар аналық тақшада тұрады. Процессорлар Microsoft Word немесе Netscape Communicator сияқты бағдарламалар жұмысы үшін қажетті есептеулерді орындайды. Процессор неғұрлым жылдам болған сайын, солғұрлым компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы үлкен болады. Процессордың жылдамдығы мегагерцтерде (МГц) немесе гигагерцтерде (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады. 1 МГц секундына бір миллион ырғаққа тең, ал 1 ГГЦ — бір миллиардқа; 1 ГГц = 1000 МГц. Процессорларды аналық тақшаға орнатады, сондықтан олар компьютерлердің ерекше ішкі құрауыштары болып саналады. Процессорға үстінен радиатор орнатылады. Олар әр түрлі типті болады. Базарда ең арзаны, жалпы мойындалғаны және кең таралғаны «Экструзиондық» (пресстелген) радиаторлар болып саналады. Оларды өндіруге пайдаланылатын негізгі материал — алюминий. Сондай-ақ радиаторларды мыстан да жасайды, олар қымбаттау тұрғанымен, өте тиімді. Радиаторға үстінен желдеткіш (кулер) орнатады. Желдеткіш процессорды салқындату үшін қызмет етеді. Желдеткіш жұмыс істеу үшін оны аналық тақшаға қосу қажет.
Компьютерлік жүйелердің буындары. Компьютерлік жүйелердің әртүрлі буындарының техникалық қамтамассыздандырылуы.
ЭЕМ буындарыШыққан компьютерлер буынға бөлінеді. Қазір компью-терлердің алты буыны белгілі деп айтуға болады. Жалпы, компьютерді буынға бөлу шарты, ол негізінен компьютер-лердің элеменнтер базасының өзгеруіне, өзінің құрамына кіретін құрылғылардың түрлері мен қасиеттерінің өзгеруі-не және компьютерлер арқылы шығарылатын есептердің жаңа (сандық емес) топтарының пайда болуына тәуелді.Компьютердің бірінші буыны – 1959 жылға шейін шыға-рылған электронды дампалық машиналар, жылдамдықта-ры ондаған мың а/с., разрядтылығы 31 – 34 бит, жедел жа-дыларының көлемі 1 – 4 кб, амалдардың жұмыс ырғағы қатал тізбекті, яғни, келесі орындалатын амал ағымдағы амалдың орындалуы толық біткеннен соң ғана басталады, енгізу/шығару амалдары орындалып тұрғанда орталық процессор тоқтап тұрады. Программа негізінен машина-лық тілде қолмен жазылып орындалады. Жұмыс істеу ре-жімі ашық болды, яғпи, әрбір программалаушы басқару тетігінде өзі отырып программасын енгізіп жұмыс істетті. Негізінен сандық шамалармен байланысты есептер шыға-рылады, символдық шамаларды пайдалану жоқ болды. Стандартты программалар жасала бастады.Компьютердің екінші буыны – 1968 жылға шейін шыға-рылған транзисторлық компьютерлер, жылдамдықтары жүздеген мың а/с., разрядтылығы 31 – 48 бит, жедел жа-дыларының көлемі - 8 – 128 кб. Процессордың жұмысын үзу және оны өңдеу жүйесі пайда болды (ол негізінен енгізу/шығару амалдарын орындау кезінде іске қосыла-ды). Алгоритмдік тілдерден машиналық тілге автоматты аударатын программалар – трансляторлар шықты, яғни, программа құру үшін деңгейлері жоғары программалау тілдері (Fortran. Algol. Cobol және басқалар) қолданылды, стандартты программалардың қоры үлкейді. Жабық жұ-мыс істеу режімі қолданылды, яғни, программалаушы ті-келей машинамен жұмыс істемейтін болды, ол өзінің жо-ғары деңгейдегі программалау тілінде жазылған програм-масын ары қарай машинадан өткізетін қызмет көрсететін топқа тапсырды. Программалардың жұмыс істеуін бақы-лау және басқару үшін алғашқы мониторлық жүйелер пайда болды. Олардың өзінің тапсырмаларды басқару тіл-дері болған. Индексті арифметиканың шығуы, тікелей емес адрестеуді және динамикалық жадыны қолдану, сим-волдық шамалармен жұмыс істеу мүмкіншілігінің пайда болуы осы буынның құрылымдық ерекшклігін айқында-ды.Компьютердің үшінші буыны – 1970 жылдан бастап ин-тегралды микросхемалар арқылы жасалынған компьютер-лер мен компьютерлер кешені, жылдамдықтары миллион-даған а/с., разрядтылығы 32 – 64 бит, жедел жадыларының көлемі 64 – 1024 кб. Дамыған үзу жүйесі бар, енгізу/шыға-ру амалдарының орындалуы орталық процессордың жұ-мысымен параллель жүргізетін қосымша процессорлар (арналар) қолданылады. Бұрын программалар атқаратын көп жұмыстар, соның ішінде үзуді ұйымдастырумен өңде-тулер аппарат арқылы жүзеге асатын болды. Компьютер-лердің сыртқы ортаны қабылдай және оған әсер ете ала-тын сенсорлық қондырымдары пайда бола бастады. Осы-лар компьютерді алдын ала енгізілген деректерді детер-минді (бірмәнді) өңдейтін құрылғыдан сыртқы ортада туа-тын жағдайға қарай жұмыс істей алатын зерделі құрылғы-ларға айналдырылды. Жедел жадыны қорғау және дина-микалық бөлу іске асты. Көптеген жоғары деңгейлі, со-лардың ішінде символдық есептерге (SNOBOL. LISP. REFAL сияқтылар) және логикалық есептерге (Prolog. Miranda сияқтылар) бағытталған программалау тілдері қолданылды, символдық есептер мен логикалық есептер үлесі көбейді. Программалардың жұмысын бастан аяқ басқаратын (сыртқы және ішкі ортадағы жағдайларға мақ-сатты жауап бере алатын) дамыған операциялық жүйелер жұмыс істеді. Осы буынның негізгі ерекшелік программа-лары төменнен жоғары қарай ұйқас болатындай мүмкін-шіліктеріөспелі компьютерлердің бірнеше модельднрінен тұратын машиналар кешенінің пайда болуы (мысалы, со-циялистік елдерде ЕС ЭВМ 1020 – 1050, ал АҚШ – та IBM 360 – 370 сияқты компьютерлердің бірыңғай жүйелері). Бұл компьютерлер арқылы жедел жадыны немесе сыртқы құрылғылардың өрісін ортақ етуге болатын есептеу жүйе-лерін жасауға мүмкіншілік туды. Бір уақытты бірнеше программа істей алатындай етіп орталық процессордың уақытын бөлшектейтін мультипрограмдық режім іске асырылды. Сонымен қатар, нақты уақыт масштабында жұ-мыс істей алатын программалар пайда бола бастады. Олар технологиялық процесстерді, ұшатын аппараттардың жә-не басқа күрделі құрылғылардың жұмыстарын басқаруға мүмкіндік берді. Компьютердің төртінші буыны – 1975 жылдан бастап үлкен немесе өте үлкен интегралды микросхемалар арқы-лы жасалынған көппроцессорлы суперкомпьютерлер мен микрокомпьютерлер (кейін оларды дербес компьютерлер деп атап кетті). Суперкомпьютерлердің жылдамдықтары жүз миллионға шейін (мысалы, Cray – 1 суперкомпьютері-нің жылдамдығы 100 млн а/с). Жалпы осы буындағы ком-пьютерлер арқылы байланыс әдістері одан әрі дамып теле-фон, телеграф желілеріне қосылып компьютерлік глобаль-ді(мысалы Интернет), корпоративтік және локальді желі-лер құрылды, өте үлкен деректер архиві жиналды, дерек-тердің визуалды (бейнелік) түрдегі берілуі және өңделуі дамыды, нақты уақыт масштабында жұмыс істей алатын жүйелер кеңінен жүзеге асты.Компьютердің бесінші буыны – 1980 жылы Жапония жа-риялаған 5 жылдық жобадан басталады, онда компьютер-лік тілдің машиналық тілі ретінде логикалық программа-лау тілі PROLOG – ты аппаратты түрде жүзеге асырып, жасанды зерде (интеллект) жүйесін құру көзделді. Бұл жоба нәтижелі аяқталды, қазір өзінің жасанды зердесі бар, яғни, белгілі есептің берілгені бойынша оның шешуін та-батын тұжырымдарды жасап және оны дәлелдей алатын, белгілі тақырыпқа өлең немесе музыка шығара алатын жә-не т.с.с интеллектуалды жұмыстарды өздігінен жасай ала-тын компьютерлер бар. Бірақ олар кең тарамаған, себебі олардың бағасы өте қымбат және олармен жұмыс істеу аса біліктілікті талап етеді. Компьютердің алтыншы буыны - өткен ғасырдың 90 – шы жылдарының ортасынан бастап қолға алына бастады. Ол жасанды нейрон желісіне, көпмәнді логика және кванттық есептеу теориясына негізделіп жасалынады. Бұл компьютерлердің дамыған жасанды зердесі болады: олардың өзін - өзі оқытатын қабілеті және өздігінен кейбір мәселені түсініп (образды танып), жобалап, оны шешу не-месе жүзеге асыру үшін керекті программаны немесе құ-рылғыны құрастыра алатын мүмкіншілігі болады. Біздің елдегі кең қолданыстағылар - 4-ші буынға жататын дербес компьютерлер. Сондықтан біз оларды жетік қарастырамыз.
Адам-компьютер өзара әрекеттестігінің құралы ретіндегі пайдаланушы интерфейсі. Интерфейстер түрлері: командалық жолдың интерфейсі, мәтіндік интерфейс, графикалық интерфейс. Интерфейстердің юзабилитиі.
Интерфейс (inter—өзара, face—бет жағы) 1) программалаушылардың кәсіптік тілінде — өзара әрекеттесу "жазықтығы", пайдаланушы мен компьютердің қарым-қатынасы, яғни екі жүйенің немесе адам мен компьютердің өзара мәліметтер алмасуын жасақтайтын аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы; 2) есептеуіш жүйе құрылғыларының не (немесе) программалардың өзара әсерлесуін жасақтайтын құралдар мен ережелер жиынтығы; есептеуіш жүйедегі құрылғыларды үйлестіру немесе жүйелер арасында үйлестіруге пайдаланылатын үйлестіргіш техникалық және программалық құралдар жиынтығы; жүйелердің, құрылғылардың немесе программалардың екі арасын бөлу шекарасы; екі қызметтік құрылғының және олардың қосылу, алмасу сигналдары және т.б. сипаттамаларымен анықталған шекарасы; 3) ішкі программаға басқаруды беру мен бастапқы программаға қайту процедурасы туралы сипаттамалар мен келісімдер жиынтығы
Адам - компьютер интерфейсі жүйенің бөлек компоненті ретінде.
Жүйедегі деректер құрылымын осы құрылғылардың өңдеу алгоритмінен бөліп алғандай, біз интерфейс адам - компьютерді қолданбалысынан белгілі дәрежеге дейін бөліп ала аламыз.Жүйені өңделетін файлдардың құрылымын бөлек жасаған сияқты, интерфейсті де белек жобалау керек. Кіріс және шығу деректерін берудін құрамы мен түрі интерфейсті жасаушылардың мұкиятты талдауында болуы керек.Аппараттың және программалық құрылғылардың мүмкіндіктерінің ескерілуі.
Жүйені кұрушылар, баска да мамандар сияқты, жұмысында өздерінің ескі тәсіл-дағдыларын пайдаланады. Бұл ішкі консерватизм соңғы кездегі аппараттық және программалық тәсілдерінің жүйткіп өсуіне байланысты әлсіремей, керісінше күшейіп келеді. Бірақ, интерфейстің компоненттерін өзі құралатын негізгі элементтерінің мүмкіндіктері мен шектеулерін түсінбей кұру мүмкін емес.
Командалық жол (командная строка; command string) — 1) графиктік интерфейсі жоқ пайдаланушыға операциялық жүйенің командасын енгізуге қызмет ететін жол. Мыс., ms-dos жүйесі командалық жолда "шақыру" термині жиі пайдала нылады. Командалық жол тек команда емес, қосымша параметрлерді де енгізуге қолайлы. Графиктік операциялық жүйе негізінен командалық жолдың міндетін атқаратын арнайы диалогтық терезені немесе қосымша тақтаны пайдалануға береді; 2) операциялық жүйені шақырудан басталатын экранный жолы; 3) команда енгізілуге тиіс экрандағы меңзер тұрған жол. Егер бағдарлама командалық жолдың командалар интерфейсімен басқарылатын болса және пакеттік интерфейсті қолдаса, графикамен бірге командалық жолдың интерфейсінің шебер үйлесімі тұтынушыға өте қуатты мүмкіндіктерді ұсынады. Командалық жолдың интерфейсі мәзір негізінде бағдарламаның басқару жүйелеріне қарама-қайшы болады. Командалық интерфесінде шығарылған ақпаратты шығару форматы регламенттелмейді, әдетте бұл қарапайым мәтіндік шығару бағдарламасы, бірақ ол графикалық, дыбыстық және т.б. болуы мүмкін.
Ақпарат. Ақпарат түрлері. Ақпарат қасиеттері.
Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Көп адам бұл жайлы Білім дәуірі немесе білім қоғамы тудырған Ақпарат дәуірі туралы айта бастады; ақпараттық қоғам, ақпараттық технологиялар, тіпті информатика, ақпарат ғылымы және компьютер ғылымы назарға көп түсуде, ал “ақпарат” сөзі білдіре бастаған мағыналары ұқыпсыз пайдаланылуда
Информатикада ақпараттың екі түрін қарастырады.
1. аналогтік, яғни кез-келген уақытта және кез-келген өлшемге өзгере алатын үздіксіз процесті сипаттайтын ақпарат ( мысалы, адам денесінің қызғаны, музыкалық шығармалар.)
2. үзілісті, яғни дискретті процесті сипаттайтын арнаулы уақытта және алдын-ала белгіленген мәндерін қабылдап өзгеруі мүмкін сигнал. Дискретті процесті сипаттайтын ақпарат (мысалы, жыл мезгілдері, Морзе әліппесіндегі нүкте және тире).
Информатика тұрғысында ақпараттың негізгі қасиеттері мынадай:
• оның анықталған бір жүйемен үзіліссіз байланысы;
• құрылымдылығы – түскен сигналдардан ақпаратты айқындауға мүмкіндік береді.
• пайдалығы ақпараттың мақсаты мен міндетін анықтауға мүмкіншілік береді.
• құндылығы, ақпараттың тұтастығымен, анықтылығымен, актуальділігімен, пайдалылығымен анықталады.
Ақпараттың өлшем бірліктері. Бит, Байт, Кбайт, Мбайт, Гбайт, Тбайт. …. Шеннон формуласы.
Компьютер – электронды машина. Ол тек электр сигналдарын «қабылдайды». Сондықтан компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін, компьютердегі әрбір белгі (әріп немесе цифр, дыбыс немесе видео) сигналдар тіліне аударылуы керек. Сигналдың жоқ болуы 0 арқылы, ал бар болуын 1-дің көмегімен белгілеу қабылданған.
Мұнда «нөл» мен «бір» бит деп аталады.
Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады. Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлігі болып табылады.
Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады. 1 байт 8 битке тең. Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады. Символ – ол кез келген белгі: әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын.
Сонымен біз ақпараттың өлшем бірлігі байт екенін білдік. Өмірде үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан ақпаратты өлшеудің ірі бірліктері де кездеседі:
1 Килобайт (КБ) = 1024 байт
1 Мегабайт (МБ) = 1024 КБ
1 Гегабайт (ГБ) = 1024 МБ
1 Терабайт (Тб) = 1024 Гб.
Хабарламаның ақпараттық көлемі – хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с. өлшенген ақпараттың көлемі.
100Мб көлемге «сиятын» ақпарат саны:
Мәтін беттері – 50000
Түрлі түсті слайдтар – 150
Музыкалық фрагмент – 10 минут
Фильм – 15 секунд
Бит (ағылш. binarydigit; сонымен қатар сөздер ойыны: ағылш. bit — аздап) - БИТ (ағылш. bіt, bіnary — екілік және dіgіt — белгі, цифр сөздерінен қысқартылып алынған) — ақпарат мөлшерін өлшейтін екілік бірлік;
Теорема Шеннона — Хартли в теории информации — применение теоремы кодирования канала с шумом к архетипичному случаю непрерывного временно́го аналогового канала коммуникаций, искажённого гауссовским шумом. Теорема устанавливает шенноновскую ёмкость канала, верхнюю границу максимального количества безошибочных цифровых данных (то есть, информации), которое может быть передано по такой связи коммуникации с указанной полосой пропускания в присутствии шумового вмешательства, согласно предположению, что мощность сигнала ограничена, и гауссовский шум характеризуется известной мощностью или спектральной плотностью мощности. Закон назван в честь Клода Шеннона и Ральфа Хартли.
Утверждение теоремы[править | править вики-текст]
Рассматривая все возможные многоуровневые и многофазные методы кодирования, теорема Шеннона — Хартли утверждает, что пропускная способность канала {\displaystyle C} C, означающая теоретическую верхнюю границу скорости передачи данных, которые можно передать с данной средней мощностью сигнала {\displaystyle S} S через аналоговый канал связи, подверженный аддитивному белому гауссовскому шуму мощности {\displaystyle N} N равна:0
{\displaystyle C=B\log _{2}\left(1+{\frac {S}{N}}\right),} C=B\log_2\left(1+\frac{S}{N}\right),
где
{\displaystyle C} C — пропускная способность канала, бит/с;
{\displaystyle B} B — полоса пропускания канала, Гц;
{\displaystyle S} S — полная мощность сигнала над полосой пропускания, Вт или В²;
{\displaystyle N} N — полная шумовая мощность над полосой пропускания, Вт или В²;
{\displaystyle S/N} S/N — отношение мощности сигнала к шуму (SNR).
Медицинада және денсаулық сақтауда ЭЕМ – ді қолдану.
Информатика - ақпаратты зерттеу, оның қасиеттерін білу, өлшеу жөніндегі ғылым саласы. Сонымен қатар ол - ақпаратты сақтаудың, тасымалдаудың, іздеудің жеңіл және тиімді түрлерін қарастыратын, ақпараттың құрылымын, жалпы қасиеттерін зерттейтін де ғылым.
Компьютерлік техника - ақпараттарды өңдеуде қолданылатын амалдар ішіндегі ең маңыздысы. Бұл медицина мен денсаулық сақтау саласындағы көптеген есептерді (емдеу, алдын алу, жасанды мүшелер жасау және де басқару міндеттерді) шешу барысында тиімді қолданылады.
Медицинаға информатика бірнеше салыстырмалы тәуелсіз бағытта ене бастаған. Бұлардың ең маңыздысы: лабораториялық диагностика, медициналық кибернетика, медицина аппараттарын жасау.
Медицина даму саласының алдынғы қатарында орын алып келеді. Компьютерді медицинада ең алғаш 1967ж. Олдендорф ЭЕМ-ді магниттік-резонанстық томографта пайдаланған. Кейінірек 1971 жылы Хаусфилда МР-тың томографында дербес компьютерлер кеңінен қолданылады. Қазіргі уақытта информатика өте тез дамып жатқан ғылым. Дербес компьютерлер біздің күнделікті қолданатын құрылғымызға айналуда.
Компьютердің медицинада қолданылуы:
Өз қызметтері бойынша мәліметтер базасын жүргізу (науқастарды тіркеу, дәрі-дәрмектерді есепке алу)
Халықаралық жаңалықтар туралы жедел ақпарат алу (емдеудің жаңа әдістері, жаңа дәрі-дәрмектер және т.б.)
Науқастарға компьютерлік диагностика жүргізу.
Компьютер- бұл ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, өңдеуге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы
Ақпараттың берілу тәсілдері. Санау жүйесінің түсінігі. Позициялы және позициялы емес санау жүйесі.
Санау жүйесi деп белгiлi бiр мөлшердегi таңбалардың көмегiмен сандарды өрнектеу мен жазудың жиынтығы. Санау жүйесi екi топқа бөлiнедi: позициялық және позициялық емес.
Позициялық емес санау жүйесiнде әрбiр цифрдық мәнi оның алатын орнына байланысты емес. Мұндай санау жүйесiнiң мысалы ретiнде римдiк жүйенi алуға болады. Осы жүйеде жазылған ХХХ санында Х цифры кез келген позицияда 10-ды бiлдiредi. Позициялық емес санау жүйесiнде арифметикалық әрекеттердi орындау қиын болғандықтан, позициялық санау жүйесi қолданылады.
Позициялық санау жүйесiнде цифрдық мәнi оның орнына байланысты болды. Позициялық мән санау жүйесiнiң негiзiнде дәрежесi арқылы анықталады. Позициялық санау жүйесiнiң негiзi деп қолданылатын цифрлар санын айтады. арифмет. амалдар орындауға қолайлы, сондықтан оларды кеңінен пайдаланады
ГАРИПОВА ЖУЛДЫЗ
40.Дискілерді тексеру амалдары. Қатты дискіні толық тексеру. Дискіні фрагментациялау. Дискінің бетін дефрагментациялау.
41.Архивтеу программалары. Архиваторлардың мүмкіншіліктері. Архиваторларды жүктеу және баптау.
Архиваторлар дегеніміз – ақпараттарды сығымдаудың кей әдістерінің арқасында файлдың кішкентай көлемдегі көшірмелерін құратын және бірнеше файлдар көшірмесін бір архивтік файлға біріктіретін, қажетті жағдайда файлдарды қалпына келтіре алатын программалар.
Архиватор – программалардың үш типі бар:
Файлдық, программалық, дискілік.
Файлдар архивациясы қолданылады:
ª Дискінің кеңістігін үнемдейді;
ª Архивтік файлдар вирусқа аз ұшырайды;
ª Желіде ақпараттарды архивтік файлдармен берген ыңғайлы.
WinRar архиваторы.
WinRar –бұл - Windows – ға арналған RAR архиваторының 32-разрядты версиясы, архив құру мен оны басқарудың қуатты құралы. Windows, Linux, DOS, OS/2, UNIX ОЖ-леріне RAR архиваторының бірнеше версиялары бар.
Windows – ға арналған RAR архиваторы екі варианттан тұрады:
ª Графикалық интерфейстік версия (GUI)- WinRAR.exe;
ª Командалық қатардан текстік режимге өтетін консольдік версия - RAR.exe.
WinRar мүмкіншіліктері:
Ü RAR және ZIP архивтерін толық қамтиды;
Ü Берілгендерді сығымдаудың ерекше жоғары тиімділіктегі алгоритм;
Ü Тасымалдау технологиясының қабыршығын қамтиды (drag & droup):
Ü Командалық қатар интерфейсі. Жалпы синтаксисі:
WinRAR<команда> –<1кілт> –<N кілт><архив><файлдар…><@файл-тізім><шақыру жолы \>
Ü Өзге форматтар архивтерін басқару (CAB, ARJ, LZH, TAR, GZ, ACE, UUE, BZ2, JAR, ISO);
Ü Үзіліссіз архивтеу әдісі, жоғарғы сығымдау дәрежесі 10 – 50 % дейін жетуі мүмкін.
Ü Көптомдық архивтерді қамту.
Ü Өз бетінше қалпына келтірілетін архивтерді құру (SFX-архив), яғни, архивке келесі файл қосылған кезде, орындалған модульді көшіріп қояды (RAR форматын таңдаған кезде, .ЕХЕ – файлға ауысады).
Ü Физикалық тұрғыдан зақымдалған файлдарды қалпына келтіру;
Ü Көптомдыархивтердің жеткіліксіз томдарын реттейді.
Ü Файл аттарында Unicode кодтауын қамтиды.
Ü Өзге де қосымша функцияларды атқарады, мысалы, шифрлау, қосу, архивтік кеңестерді қосу, хаттама жүргізу және т.б.
42.Microsoft Word программасын жүктеу. Microsoft Word мәтіндік процессордағы қолданбалы интерфейс.
43.Word терезесінің элементтері: тақырып жолы, мәзір жолы, құрал – саймандар тақтасы, пішімдеу панелі, қалып – күй қатары
Microsoft Word бағдарламасының терезесі мынадай негізгі элементтерден тұрады:  Тақырып жолағы- онда терезені басқару батырмалары және орналасады.  Мәзір жолағы. Мәзірдің әрбір тармағы бір типтес әмірлер тобынан құралады.  Стандартты құралдар үстелі - Жаңа, Сақтау, Ашу, Басып шығару, Көшіру, Қою сияқты негізгі стандартты әмірлерді қамтиды.  Пішімдеу құралдар үстелі – мәтін үшін талап етілетін параметрлерді және оның құжаттағы орнын (туралауды) белгілеуге арналған.  Сызғыш – құжаттың өрістерін жәнеөрістерден шегінуді белгілеуге мүмкіндік береді. Көлденең сызғыш құжаттың оң жақтағы және сол жақтағы өрістері мен шегіністерін белгілейді. Тік сызғыш үстіңгі және төменгі өрістерді белгілейді.  Тапсырмалар аймағы – пайдаланушы таңдауы бойынша орындала алатын құжаттың ағымдағы тапсырмаларын көрсетеді.  Айналдыру сызығы – құжат ішінде қозғалып жүруге мүмкіндік береді.  Қалып күй жолағы – құжаттың ағымдағы бетінің нөмірін, бөлім нөмірін, беттер санын және т.б. көрсетеді. 
44.Жаңа құжатты құру. Перне тақтаның көмегімен мәтінді енгізу және редактілеу.
Жаңа құжатты құру.Жаңа құжатты құру үшін Файл менюінен Құру (Создать) командасын таңдаймыз немесе «Стандартты» құрал-саймандар тақтасындағы белгісін басу арқылы ашамыз. MS Word құжаттары шаблондарының кеңейтілуі doc және таңбасымен белгіленеді.
Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез-келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютерлердің 102-104 перне болады.
Пернетақтаның негізгі блоктары:
Функционалдық пернелер (F1-F12) – күрделі операцияларды орындауға арналған, символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F(F1,F2…..F12) әрпімен белгіленген. Функционалдық пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады. Әр түрлі жағдайларда (әр түрлі бағдарламалармен жұмыс істегенде) олар әр түрлі міндеттер атұарады. Мысалы: Бейсик тілінде F1…. F10 пернелерін басып, белгілі командаларды орындауға болады.
Цифрлық пернелер –цифрлық ақпаратты енгізуге және меңзерді басқаруға арналған. Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады. Пернетақтада оң жақта орналасқан. Бұлардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай-ақ меңзердің экранда қозғалуын басқаруға болады. «NumLock» пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режімін ауыстырып қосады.
Символдық пернелер-алфавиттi цифрлық  ақпаратты  енгiзуге  арналған.  Символ  пернелер, олар пернетақтаның ортасына орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернетақтаның  көмегімен кез-келген алфавитті, цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады.
Орнату пернелері меңзерді экран бойы жылжытуға арналған. Меңзер дегеніміз – экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол симводық перне басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Бұл пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар (стрелка) салынған. Олар меңзерді экранда жылжытуға арналған
45.Құрал – саймандар тақтасымен жұмыс Основы работы с панелями инструментов. Способы форматирования текста.
46.Қаріптің өлшемін және түсін, түрін өзгерту. Мәтінді туралау. Нөмірленген тізімді, маркирленген тізімді құру.
Қаріп тобының батырмаларының көмегімен мәтінді безендірудің барлық негізгі әрекеттерін орындауға болады:
     Қаріптің жазылуын өзгерту- мәтінді қиғаш, жартылай қалың, асты сызылған немесе сызылған жасау
Қаріптің гарнитурасын өзгерту- кеңінен таралған TimesNewRoman, Arial және CourierNew, сонымен қатар Word 2007 бағдарламасында үнсіз келісім бойынша пайдаланылатын Calibri 
Абзацтар мен символдарды пішімдеуде жиі қолданылатын құрал- саймандар Пішімдеу құрал- саймандар панеліне шығарылып қойылған. Ол сіз мәтіннің кез– келген үзіндісін ерекшелеген сайын және контексті менюді шақырған кезде экранда пайда болады. Пішімдеу құрал- саймандар панелін қаріптің гарнитурасын және кеглін, түсін, құюды, жазылу пішінін өзгерту кезінде пайдаланған қолайлы 
47.Жаңа құжатты құру. Құжаттың сыртқы түрін баптау.
Жаңа құжатты құру.Жаңа құжатты құру үшін Файл менюінен Құру (Создать) командасын таңдаймыз немесе «Стандартты» құрал-саймандар тақтасындағы белгісін басу арқылы ашамыз. MS Word құжаттары шаблондарының кеңейтілуі doc және таңбасымен белгіленеді.
48.Мәтіннің фрагменттерімен жұмыс істеу. Құжатқа кестені кірістіру тәсілдері. Кестені фармматтау, автофарматтау.
49.Word құжаттарында кестені кірістіру. Жол және бағанды кірістіру. Ұяшықтарды біріктіру және бөлу. Кестеге мәліметтерді енгізу. Кестені түрлендіру.
Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.
Кесте құрудың үш әдісі бар:
Лентаның кірістіру қосымша бөлімінен «Вставить таблицу» батырмасын басу арқылы,
кестенің қатары мен бағанының
саның көрсет. ОК батырмасын бас.
Лентаның Кірістіру қосымша бетінен Кестені кірістіру тізімінен керекті жол мен бағандарды ерекшеле (кестенің ең үлкен өлшемі-10х8) .
Лентаның Кірістіру қосымша бетіндегі Кесте тобынан Кестені салу (Нарисовать таблицу) бөлімін таңда және қарындашпен кестені сал.
Аспаптар панелінен шекаралар белгісін пайдалана отырып, өзгертуге болады.
50.Формула редакторымен жұмыс және формулаларды кірістіру. Жұмыс кезінде символдарды қолдану.
Word текстік құжатына Microsoft Equation 3.0 формулалар редакторын пайдаланып математикалық және т. б. формулаларды енгізудің бірнеше тәсілдері бар:
Бірінші әдіс
Құжаттағы формула жазылатын орынды анықтаңыз;
Вставка -> Объект->Тип объекта MicrosoftEquation 3.0. командалары орындалып ОК басылады.
Екінші әдіс:
Саймандар панелінен Редактор формул батырмасына шертіледі.
51.Суретті кірістіру. Суреттің өлшемін өзгерту. Суреттерді біріктіру (топтау). Суретті редакторлау үшін құрал – саймандар тақтасын қолдану
Суретті компьютерден кірістіру
Құжаттағы сурет кірістірілетін орынды басыңыз.
Кірістіру > Суреттер параметрін басыңыз.
Кірістірілетін суретті табыңыз. Мысалы, сурет файлы Менің құжаттарым қалтасында болуы мүмкін.
Кірістірілетін суретті екі рет басыңыз.
Веб-беттен сурет кірістіру
Құжатты ашыңыз.
Веб-бетте керек суретті тінтуірдің оң жақ батырмасымен басып, Көшіру түймешігін басыңыз.
Құжаттағы сурет кірістірілетін орынды тінтуірдің оң жақ батырмасымен басып, Қою түймешігін басыңыз
АРАЙКА СЕКУНДА
52.Word –та құжатқа Диаграмманы кірістіру. Диаграммаға мәліметтерді енгізу. Диаграмманың түрін және типін өзгерту.
Word –та диаграммалармен байланысты мәліметтерді басқару үшін келесі әрекеттерді орындау қажет. 1. Word құжатында диаграмма орналасатын жерді шертіңіз. 2. Кірістіру (Вкладка) қосымшасында Иллюстрация тобында Диаграмма пунктін таңдаңыз 3. Диаграмманы кірістіру (Вставка диаграммы) сұхбаттасу терезесінде диаграмманы шертіңіз және ОК батырмасын басыңыз. Ұйымдастырылған диаграммаларды және схемаларды Office-тің SmartArt Кірістіру→ SmartArt (Вставка→ SmartArt).SmartArt суреттерімен жұмыс→ Конструктор (Работа с рисунками SmartArt → Конструктор) қосымшасы арқылы пішімдеудің әсерлер стилін және тақырыпқа сәйкес автоматты түрде бапталатын түстік нұсқаларды табуға болады. Графиктік фигуралар үшін енгізілетін мәтін SmartArt графика кірістірілгенде мәтіндік аймақ автоматты түрде бейнеленеді Enter пернесі басылады. Жаңа фигураны қосу үшін маркерленген тізімдер сияқты фигуралар немесе мәтін арасында орын ауыстыру үшін TAB және SHIFT+TAB перенелері пайдаланылады
Ұяшықтағы  мәліметтерді көшіру үшін: ( EXCEL программасында)
мәліметтері көшірілетін ұяшықты белгілеу;
Түзету (Правка) менюіндегі Көшіру (Копировать)  командасын шақыру.
Мәлімет қойылатын ұяшықты белгілеу;
Түзету менюіндегі Вставить (Қою) командасын шақыру.
Буфердегі бөлік көрсетілген орынға көшіріледі.
Диаграмма түрін өзгерту
Құрғаннан кейін диаграмма түрін және типін өзгертуге болады.
1.         Диаграммалармен жұмыс қосымшасында Түр тобында Диаграмма түрін өзгерту батырмасын басыңыз.
2.         Диаграмма түрін өзгерту терезесінде қажетті диаграмма түрін және типін таңдаңыз.
Диаграмма макетін таңдау
Диаграмма макетін диаграмма элементтерінің орналасуы анықтайды.
1.         Диаграммамен жұмыс қосымшасының Диаграмма макеті тобының Қосымша параметрлер батырмасын шертіңіз.
2.         Қажетті нұсқаны таңдаңыз.
53.Колонтитулдарды өзгерту және орналастыру. Бетті нөмірлеу.
Беттің нөмірлерін қою. Құжаттың беттерін қағазға баспай тұрып, әдетте оны нөмірлеп алады. Бетің нөмірлерін қою үшін Қою (Вставка) менюіндегі Беттің нөмірлері (номера страниц) командасын шақыру керек
Колонтитулдарды орналастыру. Колонтитул-құжаттың әрбір бетінің жоғары немесе төмен жағына басылатын мәтін немесе суреттері немесе ағымдағы бөлім аттары (беттің жоғары немесе төменгі өрісінде) жазылады. Колонтитулға енгізілген мәтін, кәдімгі мәтін секілді құрылады. Колонтитулды жасау үшін Түрі менюіндегі Колонтитулдар командасын таңдау керек. Кәдімгі колонтитул көрінбегендіктен, ол Бетке бөлу (Разметка страниц) экранына автоматты түрде өтіп, экранда Колонтитул аспаптарының тақтасы шығады. Үзік сызық қоршау ішіне колонтитул мазмұны енгізіледі. Егер колонтитулға сурет керек болса, онда ол Қою→Сурет командасымен қойылады. Колонтитул рәсімделіп болғасын Колонтитулдар тақтасының Жабу (Закрыть) батырмасын басыңыз.
54.Excel программасын іске қосу. Жаңа жұмыс кітабын құру.Excel қолданбалы интерфейс.
EXCEL іске қосу үшін: ІСКЕ ҚОСУ—ПРОГРАММАЛАР—MICROSOFT EXCEL командасын беру жеткілікті
Жұмыс кітабы. Microsoft  Excel  файлы жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы терезенің төменгі жағына аттары таңбаша арқылы  берілген парақ қаттамасының жұмыс парағынан тұрады.
Жұмыс парағы 256  бағаннан және 65 536 жолдан тұратын кесте түрінде беріледі. Жолдар сандармен нөмірленген, ал бағандар әріптерден және әріп комбинацияларынан тұрады. Алфавиттің 26 әрпінен кейін АА, АВ т.с.с. әріп комбинациялары басталады.
Әрбір ұяшықтың жол атынан және баған атынан құрылған адресі болады. Кестенің әрбір ұяшығының мекені баған мен жол қиылысында орналасқан.  Мысалы, егер ұяшық  F  бағанында және  7  жолында орналасса, онда оның мекені   F7.4
Жұмыс кітабын құру.   Жаңа жұмыс кітабын құру үшін Файл менюіндегі Құру командасын таңдау керек. Ашылған диалогтік терезеде солардың негізінде құрылатын жұмыс кітабының қосымшасын, одан кейін шаблонды таңдау керек; соңынан ОК батырмасын шертіңіз.
Жұмыс кітабын ашу.  Құрылған жұмыс кітабын ашу үшін Файл менюіндегі Ашу (Открыть) командасын таңдауыңыз керек, сол кезде Құжатты ашу диалогтік терезесі ашылады. Бума өрісінің тізімінен керекті жұмыс кітабы орналасқан дискіні таңдау қажет.
Төменде орналасқан тізім ішінен (екі шерту арқылы) кітап тұрған буманы және кітаптың өзін таңдау керек.
Үнсіз келісім бойынша xls  кеңейтілуі  және     белгісі бар Microsoft  Excel  кітабының файлдары ғана тізімге шығады.  Басқа типтегі файлдарды немесе барлық файлдарды шығару үшін Файл типі (түрі) өрісінің тізімінен сәйкес типті таңдап алу керек.
Жұмыс кітабын сақтау.  Жұмыс кітабын сақтау үшін файл менюіндегі Сақтау командасын немесе Стандартты аспаптар тақтасының    батырмасын шерту керек.  Бірінші сақтау кезінде Құжатты сақтау  диалогтік терезесі көрінеді, одан Бума өрісінің тізімінен диск, ал төменгі тізімнен кітап сақталатын бума таңдалады. Файл типі өрісінің тізімінде – кітап форматы сақталады. Файл аты қрісіне кітап атын енгізіңіз және Сақтау батырмасын шертіңіз.
Қайта сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі шықпайды, кітап автоматты түрде сол файлда сақталады. Кітапты басқа атпен немесе басқа бумаға сақтау үшін Файл менюіндегі Қалай сақтау керек командасы таңдалады, сонда Құжатты сақтау терезесі шығады.
Excel 2007-нің интерфейсі Word 2007-нің интерфейсімен бірдей етіп құрастырылған және алдыңғы 1997-2003 жылдардағы классикалық нұсқаларынан көп өзгешеленеді.
Word 2007 жұмыс ортасында құрылғандардың барлығы «Құжат» деп аталады.Excel 2007 де құрылған «құжаттардың» спецификасына қарай олар жұмыс кітабы деген атау алды. Әрбір жұмыс кітабы аты жұмыс экранының төменгі жағында көрініп тұратын бірнеше жұмыс парақтарынан (үнсіз келісім бойынша Лист1, Лист2, т.б.). Егер жаңа жұмыс парағын құру керек болса, соңғы жұмыс парағының атының оң жағында орналасқан Парақ қою (Вставить лист) батырмасын басыңыз.
Әрбір жұмыс парағы жолдары мен бағандардан құралған кестеден тұрады. Жолдар мен бағандардың қиылысуы ұяшықты береді. Әр ұяшықтың сілтеме деп аталатын жеке адресі болады. Мысалы, А баған мен 3 жолдың қиылысу адресі А3 болатын ұяшықты береді. Адрестер формулаларды жазғанда немесе ұяшыққа сілтеме жасалғанда қолданылады.
Программалардың бастапқы терезесі жұмыс кітабының бос 3 парағынан тұрады.
Панель быстрого доступа
Кнопка Office


Терезенің жоғарғы жағында аспаптары бар 7 лента орналасқан: Главная, Вставка, Разметка страницы, Формулы, Данные, Рецензирование, Вид.
Әрбір лента электрондық таблицамен жұмыс істеу кезінде қолданылатын аспаптары бар панелдерден тұрады. Ереже бойынша панелге жиі қолданылатын аспаптар орналастырылады. Қандай да бір панелдің барлық аспаптарын шақыру үшін, панелдің оң жақ төменгі бұрышындағы тілсызықты басу қажет.
Программалар терезесінің сол жақ жоғарғы бұрышында программалардың ең басты батырмасы "Office" орналасқан.

Үнсіздік келісім бойынша программа файлды Excelдің алдыңғы нұсқалары оқи алмайтын xlsx кеңейтілуімен сақтайды. Құжат электронды кестенің алдыңғы нұсқаларында оқылуы үшін файлды сақтау кезінде тиісті мүмкіндікті таңдау керек.

Лента — бұл жаңа басқару ортасы.
Мәзірдің ішінде орналасатын аса көп жасырын аспаптар мен командалар тақтасының орнына қазір бір ғана басқару ортасы – лента пайда болды. Барлық маңызды аспаптар осыда біріктіріліп визуалдандырылған.
Лента үш типті объектілерден тұрады : вкладка, топ және команда.
 Вкладкалар. Программаларда барлығы 7 вкладкалар бар және олар терезенің жоғарғы бөлігінде орналасқан. Олардың әрқайсысы Excel-де қарастырылған негізгі тапсырмаларды орындауға арналған.
 Топтар. Әрбір вкладка бір-бірімен байланысты элементтерді біріктіретін топтардан тұрады.
 Командалар. Команда — бұл батырма, мәзір немесе мәліметтер енгізуге арналған өріс.
Excel -дің негізгі командалары ең бірінші болып тұратын Главная тармағында орналасқан. Майкрософт корпорациясының есептеуінше парақтармен жұмыс істеу кезінде ең жиі қолданылатын командалар осылар.
Мысалға, Қою (Вставить), Қыю (Вырезать) және Көшіру (Копировать) командалары Главная тармағындағы Алмастыру буфері (Буфер обмена) тобына бірінші болып орнатылған. Ары қарай Қаріп (Шрифт) тобында қаріпті форматтау командалары орналасқан. Мәтінді ортасы бойынша, сондай-ақ оң жақ немесе сол жақ шеті бойынша туралау командалары Туралау (Выравнивание) тобына орналастырылса, ал бетті, ұяшықты, жолдар мен бағандарды қою және жою командалары Ұяшықтар (Ячейки) тобына орналастырылған.

Топтарда нақты бір тапсырманы орындау кезінде қолдануға болатын барлық командалар жинақталған және тапсырманы орындау барысында олар менюде жасырылмай, көз алдымызда қолдануға дайын болып тұрады. Бұл маңызды командалар жұмыс аумағының төменгі жағында орналасқан.
Олармен жұмыс істеудің тиімділігіне көз жеткізу үшін бір мысал келтірейік. Егер ұяшықтағы мәтінді бірнеше жолға жазғымыз келсе меню командасын, сұхбаттасу терезесінің тармағын сосын сұхбаттасу терезесіндегі параметрді таңдаудың қажеті жоқ. Оның орнына Главная тармағындағы Туралау (Выравнивание) тобының Переносить по словам батырмасын басу жеткілікті. Сол сәтте сәйкес аспаптары бар терезе ашылады.

55.Мәліметтерді енгізу әдістері.Мәліметтерді енгізуді автоматтандыру. Парақтармен жұмыс істеу технологиясы. Кестені форматтау әдістері.
Мәліметті енгізудің жалпы ережелері
Мәліметтерді формулалар жолына немесе ұяшықтарға енгізуге болады.
1. Ұяшықты ерекшелеңіз.
2. Формулалар жолына немесе ұяшықтарға пернетақтадан мәліметтерді енгізіңіз.
3. Енгізуді растау. Енгізуді үш тәсілдің біреуімен растауға болады: Enter немесе Tab пернелерін басу; формулалар жолында Енгізу батырмасын басу (сурет 4.1); беттегі кез келген ұяшықты ерекшелеу;
 

 
Сурет 4.1. Пернетақтадан мәлімететрді енгізу
Кестелерді құру және безендіру
Кестелер туралы
Бетте жасалған мәліметерді кесте түрінде көрсетуге болады. Кесте құру кезінде оны басқарып және оның мәліметтерін талдауға болады. Бетте кез келген мөлшерде кесте құруға болады.
Кестелерді жылдам сорттау, таңдау, қосындысын есептеу және мәліметтерді бейнелеу үшін қолдануға болады.
 
Кесте құру
Кесте бетте бар мәліметтер негізінде құрылады.
1. Кез келген ұяшық немесе ұяшық ауқымын ерекшелеңіз
2. Басты қосымшасының Стильдер тобының Кесте түрінде пішімдеу батырмасын басыңыз (сурет 11.12).
 

 
Сурет 11.12 Кестені безендіру стильін таңдау
 
Кестелерді пішімдеу терезесінің алаңында кестелерге түрленетін мәліметтер ауқымы автоматты түрде көрсетіледі (сурет 11.13).
 

 
Сурет 11.13 Кесте құру
 
Кестемен жұмыс
Кестемен жұмыс істеу үшін қарапайым құрал- саймандардан басқа құрылымдаушы қосымшасының элементтерін қолдануға болады. Бұл қосымша  кестенің кез келген ұяшығын ерекшелеу кезінде автоматты түрде пайда болды. Сонымен қатар кесте сыртында кез келген ұяшықты ерекшелеу кезінде автоматты түрде жасырынады.
Кестеге безендірудің басқа стильін қолдануға болады.
1. Кестенің кез келген ұяшығын ерекшелеңіз
2. Құрылымдаушы қосымшасында жедел- стильдер батырмасын басыңыз және безендіру стильін таңдаңыз (сурет 11.14).
 

 
Сурет 11.14 Кестені безендіру стильін өзгерту
 
Құрылымдаушы қосымшасының кесте стильдерінің параметрі тобының (сурет 11.15) кестені безендіру параметрлерінің ерекшеліктерін баптауға болады.
 
 
Сурет 11.15 Кестені безендіру стильін өзгерту
 
Стильдерді қолдану
Стильдер туралы
Стильдерді қолдану бүкіл кітаптағы ұяшықтарда және мәліметтерді безендіруді бір түрге келуін қамтамасыз етеді. Пішімдеу параметрлер жиынын жылдам орнатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бір стиль қолданылып тұрған ұяшықтарда, барлық ұяшықтарда безендіруді жылдам өзгертуге мүмкіндік береді.
 
Стильдерді қолдану
1. Ұяшық немесе ұяшық ауқымын ерекшелеңіз.
2. Басты қосымшасының Стильдер тобының Ұяшық стильдері батырмасын шертіңіз (сурет 11.16).
 

 
Сурет 11.16 Стильді қолдану
 
Стильді өзгерту
Стильді өзгертуді оны құру кезінде бастауға болады. Стильді ол құрылған және қолданылған кезде де өзгертуге болады.
1. Өзгеретін стильмен безендірілген ұяшықты ерекшелеңіз.
2. Басты қосымшасының Стильдер тобының Ұяшық стильдері батырмасын шертіңіз.
3. Стиль диалог терезесінде  Пішім батырмасын шертіңіз (сурет 11.17).
 
 
Сурет 11.17 Стильді өзгерту
 
Ұяшық  пішімі диалог терезесінің қосымшаларында (сурет 11.18) стильді безендіру параметрлерін орнатыңыз.
 

 
Сурет 11.18 Стильді безендіру параметрін өзгерту
Стильді өшіру
Кітапта қарапайым стильден басқа стильдерді өшіруге болады.
1. Басты қосымшасының Стильдер тобының Ұяшық стильдері батырмасын шертіңіз.
2. Стильдер галереясынан өзгеретін стиль атына тышқанмен шертіңіз және контекстті менюдан өшіру командасын таңдаңыз.
Стильдер тек қана ағымдағы кітаптан өшіріледі. Стильді болдырмау мүмкін емес.
56.Ұяшықтарды таңдау. Ұяшықтырмен операциялар орындау. Абсолюттік және салыстырмалы сілтемелер. Ұяшықтар диапазоны.
Пішімдеуді қолдану, деректерді көшіру немесе жиынтық кесте есебіне өзгерістер енгізу үшін, пәрмендерді немесе тінтуірді пайдаланып, жеке ұяшықтарды не деректер аумағын таңдауға болады. Тінтуір меңзері таңдау әрекетіңізге байланысты өзгереді:
Ұяшықтарды таңдау үшін, Microsoft Office Excel бағдарламасының кәдімгі тінтуір меңзерін пайдаланыңыз .
Деректер аумағын таңдау үшін, тінтуір меңзерін өрістер мен белгілердің жоғарғы немесе сол жағында орналастырыңыз, сонда тінтуір меңзері төмен көрсеткіге немесе оң жақ көрсеткіге өзгереді.
Мәліметтерді өңдеу
Ұяшықтағы мәліметті формулалар жолында немесе ұяшықтың өзінде-ақ өңдеуге болады. Ұяшықтың өзінде өңдеу үшін оны екі рет басыңыз немесе ерекшелеп алып <F2> пернесін басыңыз.
Ұяшықтардағы мәліметтерді өшіру үшін <Delete> батырмасын басыңыз. <Delete> батырмасын қолдану кезінде ұшықтың іші ғана тазаланады, форматы өзгермейді. Ал Правка/Очистить командасы нені тазалау керектігін таңдауға мүмкіндік береді:
Все - форматталуы мен белгілеулерін қоса отырып ұяшықтағы барлық мәліметті өшіреді.
Форматы– ерекшеленген ұяшықтардың форматын тазалау, яғни Общий форматына ауыстырады.
Содержимое – форматы мен белгілеулерін өзгертпей, тек ұшықты ғана тазалайды
Примечания – ерекшеленген ұяшықтардың белгілеулерін өшіреді.
Шартты форматтау (пішімдеу)
Excel 2007 шартты форматтаудың аса қуатты да ыңғайлы аспаптарын ұсынады. Ондай форматтау мәліметтерді талдау үшін қолайлы – жұмыс парағын әрбір түс белгілі бір мәліметтерге сәйкес келетіндей етіп бояп қоюға болады. Мұндай жағдайда құжат парағына жәй көз тастап-ақ мәселе туғызатын тұстарды байқауға болады.
Шартты форматтау "Главная" лентасындағы "Стили" тақтасының "Условное форматирование" батырмасы арқылы жүзеге асырылады.



Программа үнсіздік келісім бойынша автоматты түрде ерекшеленген диапазондағы ең үлкен және ең кіші мәнді анықтап сосын бірдей проценттік қатынаста форматтайды.
Егер сізге үнсіздік келісім бойынша форматтау параметрлері қажет емес болса, онда "Другие правила" пунктін пайдаланып қажетті параметрлерді орнатыңыз.
Мәтін, сан немесе уақыт енгізілген бір ұяшықты шартты форматтауға болатындығына назар аудару қажет. Бұл әдіс белгілі бір мәндері бар ұяшықты тез табуға көмектеседі. Форматтаудың ондай тәсілін таңдау үшін ұяшықты ерекшелеу керек, сосын "Условное форматирование" батырмасын басып "Правила выделения ячеек" пунктін таңдау керек.

Пайда болатын терезеге форматтаудың нақты шарттарын жазыңыз. Форматтауға стандартты операторлар сәйкес келмесе, "Другие правила" пунктін пайдаланыңыз.

Біздің жағдайымызда ерекшеленген бос ұяшық боялады, себебі Excel үнсіздік келісім бойынша бос ұяшықтар нөлге эквивалентті деп есептейді. Егер ұяшыққа 4 – тен үлкен сан енгізсек ұяшық түссізденеді. Шартты форматтауды басқа ұяшықтарға да қолдану үшін форматталған ұяшықтың оң жақ төменгі бұрышына тышқанның оң жақ батырмасын баса отырып созамыз, сосын пайда болатын контекске тәуелді менюден "Заполнить только форматы" пунктін таңдаймыз.

Excel 2007-де ұяшықтар диапазонының жоғарғы және төменгі мәндерін шартты форматтау мумкіндіктері қосылған. Ол үшін "Условное форматирование" батырмасын басыңыз, "Правила отбора первых и последних значений" менюін ашып қажетті форматтау ережелерін таңдаңыз.

Пайда болатын терезеге форматтау шарттарын енгізуге болады.

Excel 2007 –де бір диапазонға бір мезетте бірнеше шартты форматтау ережелерін қолдануға болады. Форматтаудың артықшылықтарын орнату үшін "Условное форматирование" батырмасының "Диспетчер правил условного форматирования" пунктін пайдалану керек.

Тізімнің ең басында тұрған ереже ең маңызды ереже болып табылады.

Қандай да бір форматтау ережесінің әрекетін тоқтату үшін "Остановить, если истина" жалаушасын орнату қажет.
Шартты форматтарды көшіруге болады. Кез-келген ұяшыққа (ұяшықтар диапазонына) форматтың көшірмесін апару үшін "Главная" лентасының "Буфер обмена" тақтасында орналасқан "Формат по образцу" жалаушасын пайдалануға болады.
Шартты форматтауды өшіру үшін қажетті ұяшықтар диапазонын ерекшелеп алып, "Условное форматирование" нүктесін басып ондағы "Удалить правила" пунктін таңдау керек.
57.Формулларды енгізу. Негізгі функция түрлері. Қарапайым формулаларды құру және қолдану.
Формулаларды енгізу
Формуланы енгізу үшін алдымен = белгісін енгізу қажет, сосын формуланың өзін. Формуланы ұяшыққа жазу кезінде әдетте ұяшықтар адресі қолданылады. Ұяшықтардың адресі салыстырмалы (мысалы, А4), абсолютті (мысалы, $А$4) және қатыстық (мысалы А$4, $А4) болып үшке бөлінеді .
Формулаларды көшіру кезінде ұяшықтардың салыстырмалы адрестері модифицияланады, яғни формуланың жаңа орнына сәйкес түрленеді. Мысалы, D1 ұяшығына =А1+В1-С1 формуласы енгізілген. Формуланы D1 ұяшығынан D2 және D3 ұяшықтарына көшіру кезінде формула сәйкес келесі түрге ауысады: =А2+В2-С2 және =А3+В3-С3.
Формуланы көшіру кезінде ұяшықтардың абсолютті адрестері өзгермейді.
Мысалы, D2 ұяшығына формула енгізілсін: =(А2+В2)*$C$1. Формуланы D1 ұяшығынан D2 және D3 ұяшықтарына көшіру кезінде формула сәйкес келесі түрге ауысады: =(А3+В3)*$C$1 и ==(А4+В4)*$C$1.
58.Шебер функция және оның тағайындалуы. Көшірмесін алу операциялары. Қосындыны есептеу
Microsoft Excel программасының функциясы ретінде белгілі бір алгоритм бойынша немесе формулалар бойынша жүргізілетін есептеу операциялары қарастырылады. Әрбір функцияның өзіне тән аты болады.Excel программасында функциялардың аттары пернелік тақтадан теріліп жазылады немесе Функция шебері (Вставка-> Функций) деп аталатын команда немесе саймандар панеліндегі fxбатырмасы көмегімен енгізіледі. Функция шебері функцияларға сәйкес формулалардың дайын шаблондарын береді, қолданушы бар болғаны функцияның аргументтерін ғана жазады.
Excel программасында, күрделі және қарапайым есептеулерге арналған 200 ден аса функцияларды қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, бұл қосымшада қолданушының Excel-дің програмалау мүмкіндіктерін (VBA) пайдаланып өзіне қажет функцияларды да құрып алуына жағдай жасалған.
Функция шеберін пайдаланып функцияларды іздеуді жылдамдату мақсатында оларды келесі: 10 недавно использовавшихся, Полный алфавитный перечень, Финансовые, Дата и время, Математические, Статистические, Ссылки и массивы, Работа с базой данных, Текстовые, Логические и Проверка свойств категориялары бойынша топтастырған.
функциялардың аргументтері ретінде сандар, сан мәнді өрнектер немесе сәйкесінше сандар мен сан мәнді өрнектер жазылған ұяшықтар адрестері, диапазон адрестері пайдаланылады.
Қосындылау функциясы. Қортындылау функцияларының ішіндегі ең көп қолданылатыны қосындылау функциясы – СУММ. Стандартты аспаптар панелінде осы функцияда ғана жеке батырма бар – Автоқосынды (Автосумма) батырмасы. Автоматты түрде қосындылау ағымдағы ұяшықтың немесе сол жағындағы ауқымды қамтиды. Автоматты түрде таңдалынып алынған ауқымды қайтадан өзгертіп, функцияның қосымша параметрлерін беруге болады.
= СУММ(А5:А9) – мұндағыСУММ функциясы, А5, А6, А7, А8, А9 ұяшықтардағы сандар қосындысын есептейді;
= СРЗНАЧ(G4:G6) – мұндағыСРЗНАЧ функциясы, G4, G5, G6 ұяшықтардағы сандардың орташа мәнін табады.
Күрделі функцияларды жазу әдеттегідей бірінің ішіне бірі жай жақшалар арқылы жазылады : = ОКРУГЛ(СРЗНАЧ(H4:H8);2).
59.Күрделі формулалар және стандарты функциялар.
Excel програмысында қолданылатын стандарт функциялар тізімі:
SIN, COS, TAN – тригонометриялық функциялар;
ASIN, ACOS, ATAN – кері тригонометриялық функциялар;
МАКС, МИН, СРЗНАЧ – массивтерге қолданылатын функция;
LN, LOG, LOG10 – натурал, жай ондық логарифмдер;
КОРЕНЬ – кватрад он түбірді анықтайтын функция;
ЕСЛИ, И, НЕ, ИЛИ, ЛОЖЬ – логикалық функциялар;
ЗАМЕНИТЬ, НАЙТИ, КОДСИМВ, ЛЕВСИМВ, ПОВТОР- мәтіндік функциялар.
60.Excel – де Диаграммаларды тұрғызу. Диаграммалардың түрін таңдау. Мәліметтердің диапазонын көрсету . Диаграмма элементерін түрлендіру (тақырып енгізу, өсі бойынша жазулар енгізу және т.б.) .
Excel- де диаграммаларды тұрғызу
Excel программасындағы диаграмма термині сандық мәліметердің графиктік түрде бейнеленуінің барлық жағын қамтиды. Графиктік бейнелеу берілген мәліметтер қатары негізінде құрылады. Берілген мәліметтері бар жеке алынған жол немесе бағаннан тұратын ұяшықтар тобы мәліметер тобын құрайды. Бір диаграммада бірнеше мәліметтер қатарын бейнелеуге болады. Диаграмма деп жұмыс кітабының бір парағына енгізілген графиктік обьектіні айтады. Ол мәліметтер тұрған парқта немесе кез келген басқа парақта орналасуы мүмкін. Диаграмма өзі тұрғызылған мәліметтермен әрқашан тығыз байланыста болады. Егер мәліметтер жаңартылатын болса, диаграмма да автоматты түрде соған сәйкес өзгереді. Диаграмманы тұрғызу үшін Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) қолданылады. Ол стандарты аспаптар панелінде орналасқан диаграмма шебері батырмасының көмегімен іске қосылады. Әдетте диаграмма тұрғызар алдында мәліметтер орналасқан аймақты ерекшелеп алады немесе бұл мәліметерді Диаграмма шеберінің барысында енізуге болады. Диаграмманың түрін таңдап алу. Диаграмма шеберінің алғашқы сатысында диаграмманың түрін таңдап алуымыз қажет. Стандартты қыстырмасындағы Түр (Вид) тізімінде диаграмманың қолда бар түрлері көрсетілген. Таңдап алынған түр үшін терезенің оң жағында мәліметтердің көрсетілуінің түрлі нұсқаулары көрсетілген. Сонын ішінен ең қолайысын таңдауымыз қажет. Стандарты емес қыстырмасында пішімделген, толығымен қалыптасқан диаграмма түрлері бейнеленген. Диаграмманың түрін таңдап алынғанна кейін Ары қарай ( Далее ) батырмасын басамыз
Диаграммалармен жұмыс істеу.
Диаграмма құру үшін "Вставка" лентасының "Диаграммалар" тақтасының аспаптарын қолдану қажет.

Егер ұсынылған диаграмма нұсқалардың ешқайсысына сәйкес келмейтін болса, "Диаграммалар" тақтасының терезесін шақыру нүктесін басу қажет.

Осыдан кейін диаграмма құруға қажет мәліметтер диапазонын көрсету керек. Егер кестенің барлық мәліметтері алынуы керек болса, кестенің кез-келген ұяшығын көрсету жеткілікті. Егре кестенің белгілі бір бөлігіндегі мәліметтер қажет болса, сол диапазонды көрсету керек. Ерекшелеу кезінде Shift, Ctrl батырмаларын қолдануға болады.

Ось бойындағы мәліметтердің орнын өзара ауыстыру үшін "Строка/Столбец" нүктесін қолдану қажет.

Диаграмманың Excel 2007–нің терезесіне орналастырып болған соң, «Диаграммамен жұмыс» ("Работа с диаграммами") деген контекстік аспап пайда болады, оның үш лентасы бар: "Конструктор", "Макет", "Формат".
Диаграмманың типін өзгерту.
Егер құрылған диаграмманың типі ұнамаса, оны өзгшертуге болады. Ол үшін диаграмма аумағында тінтуірдің оң жақ батырмасын басыңыз, сосын контекске тәуелді мәзір деп «Диаграмманың типін өзгерту» (Изменить тип диаграммы)деген команданы таңдаңыз. Сол сәтте Вставка диаграммы сұхбат терезесі пайда болады. Басқа бір диаграмманың түрін таңдап, мысалы, График, тінтуірдің оң батырмасын басыңыз.
Диаграммаларға сипаттама
Гистограмма мәліметтердің белгілі бір уақыт аралығындағы өзгерісін және мәліметтердегі жеке мәндердің қатынасын көрсетеді.
Категориялар көлденеңінен, ал мәндер тігінен орналасады. Диаграмма осылай құрастырылса уақытқа байланысты өзгеріске көп назар аударылады. Жинақталған гистограмма жеке элементтердің ортақ қосындыдағы үлесін сипаттайды. Үш өлшемді гистограммада мәліметтерді салыстыру екі ось бойынша жүргізіледі.
Сызықтық диаграммажеке компоненттердің сәйкестігін көрсетеді. Категориялар көлденеңінен, ал мәндер тігінен орналасатындықтан мәндерді сәйкестендіруге баса назар аударылады да, ал уақыт бойынша өзгеріске аз назар аударылады. Жинақталған сызықтық диаграмма жеке элементтердің ортақ қосындыдағы үлесін көрсетеді.
График (сызба) бірдей уақыт аралықтарындағы мәліметтердің өзгеру тенденциясын сипаттайды.
Дөңгелек диаграмма мәліметтер қатарының әрбір элементінің абсольт шамасын немесе ортақ қосындыдағы үлесін көрсетеді. Дөңгелек диаграммада тек бір ғана мәліметтер қатары сипатталына алады. Диаграмманың мұндай түрін қандай да бір элементті ерекше көрсету үшін қолдануға болады. Диаграмманың кішкентай бөліктерімен жұмыс істеуді жеңілдету үшін оларды алдымен бір элементке біріктіру керек, сосын барып негізгі диаграмманың жанына бөліктеп орналастыруға болады.
Нүктелік диаграмма сандық мәндердің арасындағы өзара байланысты бірнеше қатарда бейнелейді және сандардың екі тобын ху координатасында бір қатарда бейнелейді. Мұндай диаграммалар тақ интервалдарды (немесе кластерлерді) бейнелейді және көбінесе ғылыми сипатты мәліметтерді сипаттау үшін қолданылады. Мәліметтерді даярлау кезінде бір жолға немесе бағанға х айнымалысының барлық мәндерін орналастыру керек, ал у айнымалысының сәйкес мәндерін іргелес жолдар немесе бағандарға орналастыру керек.
Аудандық диаграммалар енгізілген мәндердің қосындысын көрсете отырып белгілі бір уақыт аралығындағы өзгеріс шамасын ерекшелеп көрсетеді.Сондай ақ жалпы қосындыдағы жеке мәндердің үлесін көрсетеді.
Сақиналық (Кольцевая), дөңгелек диаграмма секілді сақиналық диаграммалар да жалпы қосындыдағы жеке элементтердің үлесін сипаттайды, бірақ одан айырмашылығы – ол бірнеше мәліметтер қатарын қамти алады. Сақиналық диаграммадағы әрбір сақина жеке мәліметтер қатарын береді.
Күлтелік диаграммада әрбір категория координаталар басынан басталатын жеке координаталар осінен тұрады. Бір серияның барлық мәндерін сызықтармен қосады. Күлтелік диаграмма бірнеше мәліметтер тобының ортақ мәндерін салыстыруға мүмкіндік береді.
Беттік диаграмма екі мәліметтер жиынының ең жақсы тобын анықтауға мүмкіндік береді. Топографиялық картадағы секілді бір мәнге сәйкес облыстар бірдей түспен немесе сызықтармен белгіленеді.
Көпіршікті диаграмма (Пузырьковая диаграмма) нүктелік диаграмманың бір түрі болып табылады. Мәліметтер маркерінің өлшемі үшінші айнымалының мәнін көрсетеді. Мәліметтерді даярлау кезінде бір жолға немесе бағанға х айнымалысының барлық мәндерін орналастыру керек, ал у айнымалысының сәйкес мәндерін іргелес жолдар немесе бағандарға орналастыру керек.
Биржалық диаграмма көбінесе акциялардың бағасын көрсету үшін қолданылады. Сондай-ақ, диаграмманың мұндай типі ғылыми мәліметтерді сипаттауда, мысалы, температураның өзгерісін анықтауда қолданылады. Мұндай немесе мұнан басқа биржалық диаграммаларды құрастыру үшін мәліметтерді дұрыс ұйымдастыру қажет. Үш және бес мәндерден тұратын биржалық диаграмманың екі осі болады: біреуі ауытқулар интервалын көрсететін, екіншісі акцияның бағасын көрсететін бағандар үшін қолданылады.
61.Диаграммаларды редакторлеу . Диаграмманың типін өзгерту. Диаграммалардың жазуларын редакторлеу .
Диаграмма – мәліметтерді көрнекі түрде кескіндеп көрсетудің өте бір әдемі түрі. Мәліметтер кесте түрінде берілгенде оларды салыстыру, талдау оңай шаруа емес. Ал диаграмма өзіміз математика мен сызудан білетініміздей көптеген нәтижелерді бірден аңдап, тіпті сандық мөлшерлеріне қарамай-ақ ненің не екендігін түсінуімізге мүмкіндік береді.
Диаграмма туралы түсінікті болғаннан кейін енді бір күнімізді қалай өткізетіндігіміз жайлы мәліметтер жинақтап, MS Excel-ге енгізейік. Негізгі бес факторға: бірінші – мектеп, екінші – үй, үшінші – көше, төртінші – салауатты өмір (хобби, спорт, мәдени іс-шаралар, үйірмелер, т.б.) және бесінші – ұйқы, осыларға тоқталуды жөн көріп, шамамен сағатпен алынған уақыт мөлшерін көрсетейік.
Түсінікті болу үшін диаграмманы құру жолдарын рет-ретімен қарастырып, олардың типтерімен де танысып өтейік.
left0 MS Excel программасында диаграмма құрастыруды оған қажетті мәліметтерді белгілеп алып (А2:В5), >Вставка(Енгізу) >Диаграмма… әрекеттерін орындау арқылы немесе саймандар тақтасындағы Диаграммалар шеберін қосу арқылы орындауға болады.
-457200-1243330
Дleft0иаграмма шеберінің жұмысы төрт қадамнан тұрады, батырманы шерткеннен кейін оның
бірінші қадамы экранға шығады:
Стандартты ішкі бетіндегі Тип өрісінен қажетті диаграмма типін, ал Вид(түр) өрісінен түрін таңдаймыз және оны Нәтижені көру (Просмотррезультата) батырмасы басулы күйде қарауға болады. Дөңгелек диаграмма бүтін нәрсенің бөліктерге бөлінуін көрнекі көрсететін болғандықтан және әр бөлік бүтіннің қандай бөлігін құрайтыны анық көрінетіндіктен оқушылардың таңдауы бойынша осы тип алынды.
Дleft0left0иаграмма құрудың екінші қадамы – мәліметтер аралығын енгізу. Біздің мысалымызда мәліметтерді таңдау әрекеті оларды белгілеу арқылы орындалған еді.
Диаграмма шеберінің үшінші қадамында оған түрлі түсініктемелер (легенда) енгізіп, осьтерді белгілеуге, диаграмманың тақырыбын жазуға, мәліметтерді диаграммада көрсетіп жазып қоюға, т.б. әрекеттер орындауға болады.
Егер диаграмма дұрыс құрылған болса, оның қандай мақсатқа арналғанын анықтау оңай болады. Ол үшін оған берілген, енгізілген мәліметтер анық әрі түсінікті болуы керек.
Диаграмманың орналасуын таңдау үшін төртінші қадамды пайдаланамыз. Диаграмманы орналастырудың екі мүмкіндігі бар: біріншісі – жеке бетке орналастыру, екіншісі – кесте тұрған бетке қатар орналастыру.
Бleft0іздің мысалымызда көрнекілігі үшін қатар орналастыру мүмкіндігін таңдаймыз.
Дleft0иаграмма құру барысында Кері (<Назад) батырмасы арқылы шегініс жасап, реттеп отыруға мүмкіндік бар, немесе
Әрі қарай (>Далее), соңынан Дайын (Готово) батырмасын басу арқылы жасап отырған диаграммамызды аламыз.
62.ДҚБЖ (Деректер Қорын Басқару Жүйесі). Деректер үрдістерінің негізгі типтері – реляциондық, иерархиялық және желілік. Мәліметтер қорының құрылымы.
Дерекқор басқару жүйесі (ДҚБ) (ағылш.database management system (DBMS)) — мәліметтер базасын құру, күту және қолдану қызметін көрсететін бағдарламалық жасақтамаДеректер қорын басқарудың типтер
иерархиялық;
тораптық;
реляциялық
Иерархиялық ДҚБ
Иерархиялық ДҚБ-да жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер, ал екінші элементке бірінші элементтен басқасының барлығы бағыныңқы болып есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек бойынша сатылы түрде болады. Онда берілгендерді іздеп табу саты бойынша төмен бағытта жүргізіледі. Мысалы: Windows бумасындағы файлдар жүйесі, Интернет ресурсындағы каталогтар жиыны.
Тораптық ДҚБ
Тораптық ДҚБ - объектілердің арасындағы өзара байланыс түрлері қарастырылады. Оларды ешқандай ереже болмайды. Егер бұл модельді графикалық түрде бейнелесек – жазықтықта бағыттауыш сызықтармен бейнеленген байланыстар шығады. Мысалы: сілтемемен байланысқан WWW-құжаты.
Реляциялық ДҚБ
Реляциялық ДҚБ–да кесте түрінде дайындалған берілгендер. Ол ең көп тараған берілгендер қоры, кестелер арасындағы байланыстар – жиі пайдаланылатын ең маңызды ұғым. ДҚ-да бағандарды (поля) деп, ал жолдарды жазбалар (записи) деп атайды. Кестеде қайталанатын бірдей жолдар болмайды. Өрістің негізгі ерекшелігі – бір өріс элементтері бір типті етіп құрылады. Бұл реляциялық деректер қорының Excel кестелік процессорынан негізгі айырмашылығы.Нақтырақ айтқанда, реляциялық ДҚБ кесте арқылы беріледі.Реляциялық ДҚБ-ны құру шінү және онымен жұмыс істеу үшін көптеген арнайы программалар бар: dBase, FoxBase, FoxPro, Access және т.б. Оларды реляциялық типтегі деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ) деп атайды.
63.Microsoft Access программасын іске қосу. Microsoft Access мәтіндік қолданбалы интерфейсі, файл атауының жаңа кеңейтілуі.
Access-ті іске қосу командасы: Іске қосу – Программалар – Microsoft Access
Microsoft Access бағдарламасы ол – кез-келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруа-шылықтар бір-бірі турла мағлұмат алу үшін, немесе келісу үшін, арнайы қағаздар толты-рып, құжаттар дайыднап, қағаздардың санын көбейтіп әуре болмайды. Мұның бәрін осы бағдарлама жасайды. Бұл бағдарламада кесте түрінде, сызба түрінде, кез-келген фирманың толық мағлұматтары болады. Оны алып қарап, онымен тікелей жұмыс жасай беруге болады. Microsoft Access бағдарламасы қазіргі кезде компьютерлік технологиялардың құрал ретінде кеңірек пайдаланылуы. Бұл бағдарлама қазіргі таңда компьютерді осы бағытта пайдаланудың нақты мысалдары көп емес. Бұл бағдарламаны оқушыларға оқыту жүйесіндегі көптеген сатылардан біртіндеп меңгеру арқылы жүргізіледі. Microsoft Access бағдарламасы кеңінен қолданылатын бағдарлама. Ол өнідіріс орындарында, баспа-кітап шығару салаларында, оқулықтар жасауда, сауда-саттық айналымында есептік жүйелерді орындауда ерекше рөлді атқарады. Microsoft Access бағдарламасы жоғарғы оқу орындарындағы оқушылар үшін кеңінен пайдалану да бірнеше ұтымды жақтары бар. Оқу процесінде білімін жетілдіру, ақпарат құралдарын енгізу, есте сақтау операциялары бойын-ша барлық мағлұматтарды енгізіп отыру, есептеу, сараптау, т. б. жүйелер үшін тиімді. Microsoft Access бағдарламасы көбінесе, баспа қызметерінде, жоба жасау, типография-лық және топографиялық, жалпы инженерлік саланың бәрінде де қызмет етеді. Сонымен қоса конструктілік тәсілдердерді орындау, кестелермен жұмыс жасау салаларын да қамтиды. MS Access ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компонеттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданыла-ды, осндықтан бұл компонеттер конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер басқару элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады (олар: өріс, батырмалар, диаграммалар, жақтаулар, және т.б.). MS Access кіру жолы: пуск – все программы – MS Office – MS Access
64.Ассеss жұмыс терезесінің құрылымы.
78. Қарапайым сұраныстар құру кезеңдері.
Таңдамаға қарапайым сұраныстар құру шеберді пайдалану мен құрастырушы режимінде жұмыс істеу кезінде де бірдей жағдайда орындалады. Бұл үшін сұранысқа енгізуді қажет ететін жазбалар көздері мен өрістерді таңдап алу қажет. Қажет болған жағдайда сұраныстың нәтижелерін нақтылау үшін шарт қоюға болады.
            Таңдамаға сұраныс құрғаннан кейін, нәтиже алу үшін оны орындау қажет. Сұранысты орындау үшін оны кестелер режимінде ашу жеткілікті. Алдағы жерде сұранысты қажеттілікке қарай қайтадан қолдануға болады, мысалы пішім үшін жазбалар, есептеулер нәтижелері немесе басқа сұраныстар көзі ретінде.
Қарапайым сұраныс құру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
Ауысулар облысында,  оның негізінде сұраныс құрылатын, кестені бөліп алыңыз.
Бұл кестеге, оның негізінде сұраныс құруға болатын, деректер енгізіңіз.
Құру қосымшасына өтіңіз, Басқалар тобын таңдап алыңыз, одан кейін
Сұраныстар шебері пиктограммасында шертіңіз.         
Жаңа сұраныс шеберінің (1-сурет) бірінші терезесінде сұраныстың түрін таңдап алыңыз, мысалы Қарапайым сұраныс. Одан кейін ОК батырмасында тышқанды шертіңіз.
 1-сурет. Бұл терезеде құрылатын сұраныстың түрін таңдап алыңыз.Келесі «Қарапайым сұраныстар құру» (2-сурет) терезесінде оның негізінде сұраныс құруға болатын, кестені таңдап, одан кейін қажетті өрісті таңдаңыз.
 2-сурет. Сұранысқа енетін кесте мен өрісті таңдап алыңыз.Келесі сұхбат терезесінде (3-сурет) қарау режимін немесе оның макетін өзгерту режимін таңдаңыз және «Дайын» батырмасында тышқанды шертіңіз.
 3-сурет. Қарапайым сұраныс құру іс жүзінде аяқталды.Сіздің құрған сұранысыңыз жұмыс экранның ортасында өзіне лайықты орынға ие болады (4-сурет).
 4-сурет. Қазір ғана құрылған сұраныс осындай көріністе болады.Құрастырушы (Конструктор) көмегімен сұраныс құру:
Ол үшін сұраныстар құрастырушысы режиміне «Құру – Сұраныстар құрастырушысы» (5-сурет) командасын орындау керек. Мынаған назар аударыңыз, осы жерде негізігі кодты қарау мен түзету режимінің пиктограммасы «SQL» түрінде бейнеленуі керек.
 5-сурет. Сұраныстар құрастырушысы режиміндегі жұмыстық экранның түрі а) «Көрсету немесе жасыру» тобында деректер қорының әртүрлі құраушыларының бейнеленуі немесе жасырылуы анықталады. Сонымен, мысалы, егер Деректер сызбасы пиктограммасында шертсеңіз, деректердің әртүрлі кестелерінің арасындағы байланыстар сызбасы көрінеді.
б) «Талдау» тобындағы командалар жасалынған деректер қорының жылдам әрекетінің талдауын қамтамасыз етеді, сол сияқты деректер қорының құрылған нысандарын қарауға мүмкіндік береді (Архивариус командасы).
 6-сурет. Сұраныстар құрастырушысы режиміндегі жұмыстық экран
в) «Деректер қорымен жұмыс» қосымшасындағы кейбір командалар құрылған деректер қорын қолдауды қамтамасыз етеді.
г) «Макрос» тобының командалары дайын макросты орындауға жіберуге немесе Visual Basic редакторының терезелерін шақыруға мүмкіндік береді, олардың көмегімен жаңа макростарды құруды қамтамасыз етуге болады.
79 Есептер (Отчеты). Есептер формасы. Есептер құру. Есептер шебері.
Форма құрылғаннан кейін ендігі кезекте есептер жасалынады. Есептердің де екі режимі бар: Конструктор режимі жэне Шебер режимі көмегімен. Есептерді шебер көмегімен жасайық. Ол үшін шебер көмегімен жасау режиімі батырмасын басамыз. Есептер терезесі пайда болады, ол терезеден бірінші беттен екінші бетке көшіру керек. Ол үшін терезеден бірінші беттегі мәліметтерді екінші беттерге >/» батырмаларын басу арқылы жүргізіледі.
Көшіргенен кейін Келесі (Далее) түймешігін басу керек. Түймешік басылғаннан кейін  топтастыру терезесі ашылады.
39-сурет. Топтастыру терезесі
Топтастырғаннан кейін Келесі (Далее) түймешігін басамыз. Келесі терезеде сұрыптау тэртібін таңдау терезесі ашады .


40-сурет. Сұрыптау тэртібін орналастыру терезесі
Тэртібін таңдағаннан кейін Келесі (Далее) түймешігін басамыз. Осыдаі кейін макеттің түрін таңдау терезесі ашылады.

41-сурет. Есептер макетінің түрін тандау терезесі Макет таңдалғаннан кейін көрініс стилін таңдаймыз.
 
42-сурет. Таңдалатын стиль терезесі

Бэрін жасап біткеннен кейін басылымға ат беріп сақтаймыз.

43-сурет. Есепке ат беру
Сақтаған басылымда ашқан кезде экранға мына терезе пайда болады.

 44-сурет. «Notebook» есебінің көрінісі
Есептерді құру - барлық деректер қорын, сонымен қатар деректер қоры объектілерін жеке-жеке өзімізге ыңғайлы етіп баспаға беру үшін қолданылатын объект болып табылады.
80 Сұраныстар мен фильтрлеу арасында қандай айырмашылықтар бар? Сұраныс құру кезінде шарт қоюға бола ма? Ассеss программасында сұраныс құру үшін қандай шарттар қолданылады?.
Сұраныстар – бұл деректерді өңдеу үшін арналған арнайы құрылғы. Сұраныстардың көмегімен деректерді сұрыптауға, сүзгілеуге, өзгертуге, яғни өңдеуге болады. 
Қажет болған жағдайда сұраныстың нәтижелерін нақтылау үшін шарт қоюға болады.
Сұрыптау ережелері:
жазбаларды өсу реті бойынша сұрыптау кезінде бос өрістер тізімде бірінші болып көрсетіледі.
Мәтіндік өрістердегі сандар символдар қатары болып сұрыпталады: егер оларды сандық рет бойынша сұрыптау керек болса, барлық мәтіндік қатарлардың символдар саны бірдей болуы керек; егер қатарда символ саны аз болса, онда қатар басына нөлдерді жазу керек.
фильтрлеу деректер қоры кестесінде қажетті ақпаратты табу үшін пайдаланылады. Access-те  фильтрдің 4 түрі бар: ерекшеленген фрагмент бойынша фильтр, қарапайым фильтр, фильтр өрісі, кеңейтілген фильтр. Фильтрді қолдану нәтижесінде кестеден берілген шартты қанағаттандыратын деректер ғана экранға шығады. Фильтрлеу процесі кезінде алынған жазбалар жиынтығы нәтижелік жиынтық деп аталады.
81 Excelжәне SPSS программаларында кесте мәліметтерін құру.
 Microsoft  Excel 97- кесте ішінде есеп жұмыстарын атқара отырып,оларды көрнекі түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан түріндеберілген мәліметтер арқылы эксперименттер жүргізу т.б. мүмкіндіктер беретін, Windows ортасында жұмыс істеуге арналған арнайы программалық кесте.    Кестелік құрылымдықұжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel болып табылады. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген. Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тышқаннның батырмасын екі рет басу арқылы өзгертуге болады. Әрбір жұмыс парағы жолар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А-дан Z әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер:• Сан• Формула• Мәтін
Excel программасында стандарт функциялар тек формулаларда ғана қолданылады. Функцияны шақыру ішін формулада функцияның атын көрсету қажет. Функция егізілгеннен кейін жақшада оның параметрлері көрсетіледі. Параметр ретінде сан, ұяшықтар немесе басқа да бір өрнектер алынады.
Excel програмысында қолданылатын стандарт функциялар тізімі: • SIN, COS, TAN – тригонометриялық функциялар;• ASIN, ACOS, ATAN – кері тригонометриялық функциялар;• МАКС, МИН, СРЗНАЧ – массивтерге қолданылатын функция;• LN, LOG, LOG10 – натурал, жай ондық логарифмдер;• КОРЕНЬ – кватрад он түбірді анықтайтын функция;• ЕСЛИ, И, НЕ, ИЛИ, ЛОЖЬ – логикалық функциялар;• ЗАМЕНИТЬ, НАЙТИ, КОДСИМВ, ЛЕВСИМВ, ПОВТОР- мәтіндік функциялар.
86 Data Mining заңдылықтарының бес стандарттық түрлері. Data Mining әдістері және алгоритмдері.
Data Mining – бұл бұған дейін белгісіз, травиалды емес шикі деректерді табу процессі, бұл деректер адам өмірінің әр түрлі салаларында шешім қабылдау үшін қажетті. Data Mining басшылар мен аналиктиктердің күнделікті жұмыстары үшін пайдалы.

Data Mining-ді қолдану аясы ештеңемен шектелмеген – технологияны барлық жерде қолдануға болады!
Ең алдымен Data Mining әдістері, ақпараттық деректер қоймалары (Data Warehousing) негізінде жобалар жасайтын, сауда кәсіпорындарын қызықтырды. Осындай көптеген кәсіпорындардың тәжірибесі Data Mining 1000%-ға жете алатының көрсетеді. 350-750 мың доллар болатын бастапқы шығыннан 10-70 есе артық болатын экономикалық эффект туралы белгілі. Доллар тұратын жоба туралы да мәліметтер бар, ол 4 айда өзін ақтады.
Data Mining көмегімен айқындалатын заңдылықтардың негізгі бес типін атауға болады: ассоциация, тізбектілік, классификация, кластеризация және болжау.
Егер бірнеше оқиға бір-бірімен байланысты болса ассоциация орын алады. Мысалы, компьютерлік супермаркетте өткізілген зерттеу мынаны көрсетуі мүмкін, компьютер алғандардың 55% принтер немесе сканерді қоса алады, ал бұндай комплектке жеңілдік бар болған жағдайда принтерді 80% жағдайларда алады. Бұндай ассоциация туралы мәліметтері бар менеджерлерге бұл жеңілдік қаншалықты пайдалы екенін бағалау қиын болмас. Ассоциациялық ережелерді іздеу есептерін шешу барысында деректер жиынындағы оқиғалар арасындағы заңдылықтар табылады.
Егер уақыт ішінде байланысқан оқиғалар тізбегі бар болса, онда тізбектілік туралы сөз қозғайды. Мысалы, үйді алғаннан кейін 45% жағдайларда бір ай ішінде жаңа ас үй пеші де сатып алынады, ал екі апта ішінде жаңадан көшкендердің 60% тоңазытқыш сатып алады. Тізбектілік транзакциялар арасындағы уақыттық заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Тізбектілік мәселесі ассоциацияға ұқсас, бірақ ол заңдылықты бір уақытта болатын оқиғалар арасында емес, уақыт ішінде байланысқан оқиғалар (яғни араларына уақыт салып орындалатын оқиғалар) арасында орнатады. Басқаша айтқанда, тізбектілік уақыт ішінде байланысқан оқиғалардың жоғарғы ықтималдылығымен анықталады. Негізінде, ассоциация тізбектіліктің дербес жағдайы болып табылады, ондағы уақыт алшақтығы нөлге тең.  Data Mining бұл міндетті шаблондардың тізбектілігін табу (sequential pattern) деп атайды.
Классификация көмегімен, қандай да бір объект жататын топты сипаттайтын белгілер айқындалады. Бұл классификацияланған объекттерді саралап, қандай да бір ережелер жиынын тұжырымдау көмегімен жүзеге асырылады.
Кластеризацияның классификациядан айырмашылығы топтардың өздері алдын ала белгісіз. Кластеризация көмегімен Data Mining құралдыры өз беттерінше біртекті деректердің әр түрлі топтарын ерекшелейді. Кластеризация классификация идеясының логикалық жалғасы болып табылады. Кластеризация нәтижесінде объекттер топтарға бөлінеді.
Болжау міндетін шешу нәтижесінде, тарихи деректер ерекшеліктерінің негізінде мақсаттық сандық көрсеткіштердің өткізіп алынған немесе болашақ мәндері бағаланады.
Бұндай есептерді шешу үшін математикалық статистика, нейронды желілер және т.б. кеңінен қолданылады.
 
87«Электрондық үкіметтің» құрылуының негізгі басымдықтары.
"Электрондық үкiмет" құрудың басты басымдықтары Интернет-байланысқа қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бiлiм деңгейiн көтеру, сондай-ақ мемлекеттiк басқару жүйесiне жаңғырту жүргiзу болып табылады.       Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудi қалыптастыру кезiнде әкiмшiлiк процестерге технологиялық қайта жабдықтау жүргiзу көзделетiн болғандықтан, "электрондық үкiмет" құру сонымен қатар мемлекеттiк басқару жүйесiн ұдайы жетiлдiрiп отыруға мүмкiндiк бередi. 
88 Электрондық үкіметтіңмақсаттары мен міндеттері. Электрондық үкіметтің құрылуының бағдарламасын іске асыру кезеңдері.
Электрондық Үкіметтің ең басты мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсетуде азаматтардың шенеуніктермен тікелей қарым-қатынасын азайту», деген болатын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.Бағдарламаның мақсаты азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттiк қызмет көрсетулерге жылдам әрі сапалы қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету және АКТ-ны кеңiнен қолдану арқылы мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеу тиiмдiлігін арттыру болып табылады. Аталған мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттердi орындау керек:      1. мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға ақпараттық қоғам жағдайларында жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретiн нормативтік құқықтық және әдiснамалық база құру;      2. мемлекеттік органдардың e-қызмет көрсетулерін қалыптастыру мен дамыту;      3.e-Үкiметтiң қызмет көрсетулеріне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық теңсiздiктi жою және АКТ саласында бiлiм деңгейiн арттыру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру;      4. e-Үкiмет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру және мемлекеттiк органдардағы ақпараттық инфрақұрылымды оңтайландыру;     5.  е-Үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету.
Негізгі міндеттері келесідей болып табылатын автоматтандырылған мемлекеттік қызмет орындары: барлық қажетті мемлекеттік ақпаратқа азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету, салық жинау, жол көліктері мен патенттерді тіркеу, қажет ақпарат беру, келісімдер жасау және мемлекет аппараттарына керекті жабдықтарды жеткізу. Бұл шығындардың төмендеуіне және мемлекет аппаратының қызметін қаржыландыруға кеткен салық төлеушілердің қаржысын үнемдеу, басқару органдары қызметінің айқындылығы мен ашықтығын ұлғайту. Мемлекет басқару органдарында жаңа, соның ішінде интернет технологиялар қолдану.
Бағдарламаны іске асыру кезеңдері:
Электрондық үкіметті қалыптастыру – ақпаратты жариялау және тарату.
Мемлекеттік орган мен азамат арасындағы тікелей және кері өзара әрекеттесу арқылы интерактивтік қызмет көрсету.
Қаржылық және заңдық операцияларды үкіметтік портал арқылы жүзеге асыру жолымен транзакциялық әрекеттесу.
Ақпараттық қоғамды қалыптастыру.
 
89.2005-2007 жылдарында Қазахстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасында қолданылатын «Электрондық үкіметтің» қалыптасуының негізігі түсініктері: е- үкіметі, е – қызметі, мемлекеттік қызмет, АКТ, е-бакинг, ақпараттық теңсіздік, е – қызмет провайдерлері.
Осы Бағдарламаның негiзiне "электрондық үкiмет" арқылы - прогрессивтi ақпаратты Қазақстанға" қол жеткiзу идеясы алынды.       Қазақстанда "электрондық үкiметтi" қолданысқа енгiзу мемлекеттiк органдардың азаматтар мен ұйымдарға ұсынатын қызмет көрсетулер сапасын жақсартуға және мерзiмiн қысқартуға, мемлекеттiк органдар қызметiнiң ақпараттық базасына қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге, болашақта әкiмшiлiк жүйенi жетiлдiрудi ескере отырып, құрамы жағынан тиiмдi әрі оңтайлы мемлекеттiк аппарат құруға бағытталған.  
е-үкiмет       - мемлекеттiк органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңiнен қолдану жолымен азаматтар мен ұйымдарға қызмет көрсетулердi ұсынуға барынша бағдарланған жұмыс iстеу тетiгi;
e-қызмет       - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көрсетулер құралдарымен жүзеге асырылатын қызмет көрсетулер;
е-банкинг      - интернет арқылы қолжетiмдiлiктi ұйымдастыру жолымен банк шоттарын басқару;
ақпараттық теңсiздiк - бiлiм мен ақпаратқа қолжетiмділігiнiң әртүрлi  деңгейiне байланысты халықтың түрлi әлеуметтiк топтарының АКТ-ны пайдалану мүмкiндiктерiнiң  теңсiздiгі;
АКТ        - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
мемлекеттiк қызмет көрсетулер- мемлекеттiк органдардың азаматтар мен ұйымдарға көрсететiн және Қазақстан Республикасының   қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк  рәсiмдердi атқаруға бағытталған қызмет көрсетулер;
90 е- қызмет көрсететін мекемелер құрудың нормативті құқықтық базасы: ҚМ заңы «Электрондық құжат пен электрондық цифрлік қол қою туралы», ҚМ заңы «Информатизация туралы».
  «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына және 2-бабының 5-тармағына сәйкес әзiрлендi. Заңды тұлғалар, мемлекеттiк органдар немесе лауазымды адамдар үшiн электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық (құпия) кiлттерiн жасау жөнiндегi жұмыстар (қалыптастыру, тiркеу, беру, сақтау, жою тәртiбi) және мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қамтитын электрондық құжаттар мен электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық (құпия) кiлттерiнiң құпиялылық режимi мен сақталуын қамтамасыз етудiң тәртiбi мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалады.
 ақпараттандыру – ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастыру, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық үдеріс;      2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган  – ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
91.Ақпараттық жүйелерді тудыратын жүйелер (деректер қоры, «жеке тұлға», «заңды тұлға», «тіркелмелі мекен», «жылжымайтын мүлік тіркелімі»; электронды құжаттардың ақпараттық жүйелері, электронды архивтер; үкіметтің веб-порталы, е-үкімет элементтері бар ведомстволық ақпаратық, интеграцияланған салық ақпараттық жүйе, салық төлеушілердің тізілімі және салық салшу объектілері және т.б.).
92.Электрондық үкіметтің архитектурасы. Бірлік архитектураның жалпы құрылымы (архитектура деятельности, жүйелік архитектура, техникалық архитектура).
93.Электрондық үкіметтің инфраструктурасы. Сыртқы контур, ішкі контур. Инфраструктураның негізгі базалық компоненттері. е –үкімет порталы. е –үкімет шлюзі. Куәләндіруші орта.
«Электрондық үкіметтің базалық инфрақұрылымы бірқатар жүйеден тұрады. Атап айтқанда, бұған мемлекеттік деректер базасы, төлем шлюзі, электрондық құжат айналымы секілді жүйелер кіреді. Ал жаңа заң жобасында «электрондық үкіметті» дамытудың бірқатар бағыттары айқындалып отыр. Бұлардың арасында электрондық мемлекеттік қызметтерді төлеу мүмкіндігін қарастыру, ақпараттық мемлекеттік ресурстарда мемлекеттік тілдің қолданылуы, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету секілді мәселелер көзделген», деді министр. Оның айтуынша, заң жобасы арқылы «электрондық үкімет» саласындағы мемлекеттік тілді қолдану мәселесіне де назар аударылған. Бұл ретте ең алдымен мемлекеттік тілде электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсыну шаралары қарастырылады. Бұдан бөлек интерфейсте және мемлекеттік деректер базасында мемлекеттік тілдегі ақпаратты қолдау шаралары да қамтылған.
94.Ұлттық идентификациондық жүйе. Мемлекеттік органдарының бірінғай транспорттық орта. Бөлімдердің және жергілікті билік органдардың ақпараттық жұйелері. Е-үкімет инфраструктурасының ақпараттық қауіпсіздігінің концепциясы.
Орталық атқарушы органдардың ақпараттандыру саласындағы құзыретіне:
1) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстармен өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану тәртібін, сондай-ақ осы ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсету тәртібін уәкілетті органмен келісім бойынша айқындау;
2) ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және уәкілетті органмен келісу;
3) орталық атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері мен жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл жасау тәртібін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп айқындау;
4) "электрондық үкіметті" қалыптастыру, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерді, мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамыту, олардың ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамыту, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
5) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қол жеткізуін ұйымдастыру;
6) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелердің есепке алынуы мен тіркелуін, сондай-ақ депозитке берілуін қамтамасыз ету жатады.
95.Ақпараттық жүйелер мен ресурстарды қорғау мақсаттары. Мемлекттік және мемлекеттік емес информациялық ресурстардың қорғаныстық режімі
Ақпаратты сақтаудың және тасымалдаудың жай амалдарымен бірге қазіргі уақытқа дейін, әдейі қол жеткізуден қорғайтын келесідей тәсілдері бар және әлі де өз мәнін жоғалтқан жоқ:
қол жеткізуге шек қою;
қол жеткізуді анықтап айыру;
қол жеткізуді бөлу;
ақпараттың криптографиялық түрлендіру;
қол жеткізуді тексеру және есепке алу;
заңды шаралар ;
Көрсетілген әдістер тек ұйымдастырылған немесе техникалық құрылғылар көмегімен ғана жасалатын.
Ақпараттық қорлар мемлекеттік және мемлекеттік емес болуы мүмкін. Мемлекеттік ақпараттық қорларға ҚР заңы бойынша белгіленген мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырылатын органдар мен мекемелер жатады. Ал мемлекеттік емес ақпараттық қорларға заңды және физикалық тұлғалардың ақпараттары жатады.
96.«Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасының мақсаттары мен міндеттері. «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасының мақсаттары мен міндеттері. «Жылжымайтын мүлік тіркелім» мемлекеттік деректер қорының мақсаттары және тағайындалуы. «Мекенжай тіркелім» мемлекеттік деректер қорының мақсаттары мен міндеттері.
97.Халыққа мемлекеттік органдардың электрондық қызмет көрсету. Білім беру және ғылым салаларында интерактивті қызмет көрсету. Денсаулық сақтау саласында интерактивті қызмет көрсету.
1) ақпараттық өзара іс-қимыл – «электрондық үкімет» ақпараттық жүйелерінің арасында ақпараттық алмасуды және деректер беруді ұйымдастыру үшін желіаралық байланыстыру үрдісі;
2) Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі (деректерді тұтынушы) – халыққа (жеке және заңды тұлғаларға), сондай-ақ тиісті министрліктер мен ведомстволардың Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қызмет ұсыну үрдісін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;
3) мемлекеттік ақпараттық жүйе (деректерді жеткізуші) – бюджет қаражаты есебінен құрылатын және (немесе) сатып алынатын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алған ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, беру және ұсынуға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
Интерактивті қызмет көрсету жүйесі – қойылған мақсатқа жету үшін қажетті ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, беру үшін қолданылатын құралдар, әдістер мен олардың жұмыстарын үйлестіріп отыратын пайдаланушылардың жиынтығы.
Алғашқы интерактивті қызмет көрсету жүйелері 50-жылдары пайда болды. Бұл жылдары олар жалақы есебін есептеу мен есептерді өңдеу үшін бағытталып, электромеханикалық бухгалтерлік есептеу машиналарында орындалды. Бұл кейбір шығындарды қысқартып, қағаз құжаттарды даярлауға қажетті уақытты азайтты.
1) консультация беру (жеке және топтық);
2) үйге жиі бару, белсенді көмек көрсету және бақылау (патронаж бен әлеуметтік сүйемелдеу);
3) "сенім телефоны" бойынша көмек (консультация беру) көрсету;
4) қолдау топтарын құру, тренинг өткізу, ынталы топтармен, өзіне-өзі көмек көрсету және өзара көмек көрсету топтарымен жұмыс жүргізу.
98.Интернет негізгі түсініктері.
Интернет дегініміз - дүниенің әр түішіріндегі тұтынушыларды бір-бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын ен ауқымды желі түрі. Өз көлемін жылдам ұлғайта отырып (шамамен жылына 200%), ол біздің емірімізде күннен күнге өте елеулі рөл атқарып келеді.
Қазіргі кезде Интернеттің ең негізгі функцияларына электрондық пошта қызметі мен мамандықтары бір немесе ортақ мәселемш айналысатын топтардың немесе зертеушілердің бір-бірімен жылдам мәлімет алмасуы жатады.
Интернет күнші-күнге куатты екпін алып, оған көптегін компаниялар мен фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. Компаниялар мен олардың жабдықтаушылары және тұтынушылары арасындағы байланыс дәшкері релін атқаратын осы Интернет желісі болып табылады. Қазіргі кезде мекемелер және әрбір жеке отбасы үшін атқарылатын алыстан оқыту жүйелері, алыстан кеңес беру, емдеу жұмыстары тәрізді мәліметті, сөзді, бейнені, қозғалысты қашықтан жылдам жеткізу жұмыстары осы Интеренет арқылы жүзеге асырылады.
Интернет – бұл бүкіләлемдік желі. Интернет – TCP/IP хаттамасын қолдана отырып мәліметтер алмасатын технология
99.Компьютерлік желілер туралы түсінік. Компьютерлік желілердің негізгі түрлері.
Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) — барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.
Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі — Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады.
100.Топология түрлері. Есептеу желіліердің топологиясы.
Желі топологиясы (ағылш. network topology) — есептеу желісіндегі машиналардың физикалық конфигурациясы, яғни қандай түйіндер жүбы өзара байланыса алатынын көрсететін физикалық жалғастыруды (немесе түйіндер арасындағы логикалық байланысты) бейнелеу; желілер жолдары мен тораптарын, олардың жол үзындығы, тораптар қуаты төрізді сипаттамаларын ескермей, жалғастыру қүрылымын зерттейтін қолданбалы ғылым.
Бүтақтар төрізді топология
"Бүтақтар " төрізді топология (Топология типа "дерево"; tree topology) — тораптары бүтақтар төрізді тармақты қүрьілымда орналасқан желі топологиясы.
Желі топологиясы
Желі топологиясы (Топология сети; net-work topology) — территориялық, өкім- шіліктік жөне үйымдастырушылық факгорларды ескере отырып, тораптардың нақты орналасулары мен жалғастыруларын көрсететін желінің жалпы схемасы.
Жүлдыз төрізді топология
Жүлдыз" төрізді топология (Топология типа "звезда"; star topology) — барлық тораптары орталық бір тораппен жалғас- қан желі топологиясы.
Сақина тәрізді топология
"Сақина " тәрізді топология (Топология типа "кольцо"; ring topology) — өр торап басқа екі тораппен қосылған және барлық тораптар бірге сақина қүрайтын желі топологиясы.
Шина тәрізді топология
"Шина" тәрізді топология (Топология типа "шина"; bus topology) — барлық тораптары жалпы бір сызықтық ақпарат-тық арнаға қосылған компьютер желісінің архитектурасы.
101.Жергілікті компьютерлік желілер. Үлкен ауқымды компьютерлік желілер.
Кез-келген жұмысты дербес компьютердің көмегімен-аќ шешуге болады деген түсінік жалған. Мысалы, Мәскеуден Санкт-Петербургке дейінгі әуесапарында ќанша бос орын барын білетін аќпарат алғымыз келсе, және де ол аќпарат тез ескіріп, ауысып отырса, онда біз сол әуекомпаниясының немесе әуежайдың компьютерімен байланысу арќылы тез арада біле аламыз.
Ќазіргі кезде ірі және орташа фирмалар, ұйымдар, кәсіпорындарда шамамен барлыќ компьютерлері әр түрлі телекоммуникация ќұралдарымен өзара байланысќан.
Телекоммуникация ќұралдарымен өзара байланысќан компьютерлер жиынтығын компьютерлік желі деп атайды (КЖ).
Компьютерлік желілер желгілікті (локальный) және ауќымды (глобальный) болып бөлінеді де, аппараттыќ және бағдарламалыќ ќамту ќұралдарынан жұмыс принциптері бойынша ерекшеленеді.
Жергілікті компьютерлік желі – ортаќ міндеттерді атќаруға арналған, белгілі ережелер бойынша байланысќан өзара жаќын орналасќан компьютерлер жиыны.
Компьютерді жергілікті желіге ќосу үшін онда әртүрлі өндіріс орындарының компьютерлерінің бір-бірімен аќпарат алмасу талабын ќамтамасыз ететін арнайы бағдарламалар мен ќұралдар болуы ќажет.
Компьютердің желілік аппараттыќ және бағдарламалыќ ќұралдарын ќамтамасыз ететін ережелер мен талаптар жиынтығы хаттама деп аталады.
Негізгі желілік хаттамалар - ISO (International Standard Organization) Халыќаралыќ стандарттар ұйымымен стандартталған және барлыќ желілік ќұралдар өндірушілерімен ќамтамасыз етіледі.
Хаттамалар:
· желінің физикалыќ және электрлік параметрлерін;
· орнату кезінде, байланыстың үзілуі кезінде, аќпарат алмасу кезінде сигналдардың берілу ретін;
· аќпаратты беру кезіндегі ќателікті табу және түзету реті және т.б. ќызметтерді орындайды.
Жергілікті компьютерлік желінің физикалыќ негіздері.
Компьютерді жергілікті желіге біріктіру (бірліктен бірнеше жүздіктерге дейін) түрлі типті кабельдер көмегімен, желілік карта немесе желілік адаптер деп аталатын ќұрылғы арќылы жүзеге асырылады. Адаптер компьютердің аналыќ платасындағы кеңейту слотына ќондырылады.
102.Интернетке қосылу дың қажетті элементтері.
Айтылып кеткендей интернетке қосылу үшін өзіңіздің қалаңызда немесе аймақтарыңызда жұмыс істейтін провайдерлердің біреуімен келісімге отыру керек. Келісімге отырып провайдер қойған бағамен ақшасын төлегеннен кейін, сіз өзіңізге керекті деректі аласыз: қолданушының аты, пароль, телефон номері, файл – сценарияй және т.б. Сонымен қатар провайдер торабына қосылудың инструкциясын аласыз. Осыдан кейін барып модемді қойып, оның жұмысының параметрін баптайсыз. Егер де сізде модем болмаса оны сатып алу үшін провайдердің мамандарынан кеңес алуыңыз керек. Сіз провайдерде бар модемді пайдалансаңыз жақсы сапа ала аласыз. Мысалы, егер де провайдерде ІДС типіндегі модем тұрса, сізге де сол типтегі модемді алуға кеңес береді. Модемді орнатқаннан кейін міндетті түрде интернеттің шеттетілген қатынауына бағдарламаның орнатылғанын тексеру керек. Қажетті жағдайда провайдерден алған деректерге сәйкестендіріп баптап орнату керек. Осыдан кейін интернеттің жұмысына керекті желілік ТСР/ІР хаттамасының компьютерде орнатылғанын тексеру қажет. Орнатылмаған жағдайда орнату керек. Келесі кезеңде шеттетілген қатынауды жаңадан біріктіріп, провайдерталаптарына сәйкестіріп баптау керек. Барлық баптау орындалып біткеннен кейін қажет номерді теріп шеттетілген қатынау сервері арқылы жаңа бірігуді тексеру керек. Сіз провайдерге қосылудың оңай жұмыс екеніне көңіліңіз жеткеннен кейін, сіз жұмыс істегенде қолданатын WWW, FTP бағдарламасын почтамен, телеконференциямен және басқа да сервиятермен бірге орнатуыңыз қажет
103.Интернет желілердің қызмет. Интернеттің негізгі ұғымдары. Сервер. Провайдерлер қызметі. WWW-дің кеңестік ардесі. Домендік құрылымы.
Интернет қызметі провайдері (Провайдер службы Интернет; Internet service provider) — кез келген тұтынушыға Интернетке қосылу мүмкіндігін ұйымдастырып беретін компания немесе мекеме.
Егер компьютер басқа желідегі компьютерге ақпарат және сервис берсе, онда ол сервер деп аталады.
серверлер әр түрлі қызмет көрсетеді:
Файлды сақтау және беру ( файлды сервер);
Баспадан шығару (баспа сервері);
Факс мәліметтерін беру және алу (факс – сервер);
Электронды поштаны алу, сақтау және беру (пошта сервері);
Сайттарды орналастыру (web - сервер);
Серверлер көрсеткен жұмысты қызмет деп атайды. Бір серверде бірден бірнеше қызмет атқарылуы мүмкін.
Сервер белгілі бір қызмет атқару үшін ОЖ –гі сервер құрамындағы программаны қосу қажет.
Сервер қызметіне қатынау үшін жұмыс станциясынан клиент деп аталатын программаны қосу қажет.
Сервері бар, қызмет көрсететін, және клиент компьютерлері бар жергілікті желі «клиент – сервер» технологиясында құрылған желі деп аталады. Желідегі әрбір компьютермен осы функцияларды атқаруға болады, бұндай компьютерлер тең қызмет атқарады. Бұндай компьютерлерді бір ранголы деп атайды.
Домендік жүйе аттарды біріктірген топтардан тұрады.Әрбәр топ домен деп аталады.Домендер бір бі
АКЖАРКЫН
104.World Wide Web (WWW) қызметі. DNS қызметі. Web-беттер. Web-сайт. HTML Web-технологиялары.
World Wide Web (дүниежүзілік өрмек)- интернеттің графиктік,аудио және видеозапистерге,документтік ресурстарына кіру сервисі.WWW әдетте INTERNET-тің синонимі деп атайды,бірақ ол қате пікір.Дүниежүзілік өрмек бүгінгі күнгі INTERNET-тің белгілі сервистерінің бірі. World Wide Web-ті қарағанда сіз қайда барғыңыз келеді және не істегіңіз келеді өзіңіз білесіз.Бұл мультемедиялық және гиперссылкалық амалдар арқылы жүзеге асады.
World Wide Web қызметі интерактивті түрде (сауалға жауап беру) жұмыс істеуге арналған. Ол ақпаратты іздеу және жинауға мүмкіндік береді. WWW-мен жұмыс істеу қызғылықты орындарды аралап көру мақсатында әлемге саяхат жасаумен өте ұқсас, тек мұндағы әлем экрандағы сурет, яғни елестету (виртуалды) күйінде болады. World Wide Web қызметін пайдалануда HTML «Құжаттарының пішімі» (мәтін пiшiмi) және «гипермәтіндік сілтемелер» деген негізгі екі үғым бар.
WWW мен оның программалық жабдықтары – желінің ең қуатты, әрі болашағы бар құралдары. WWW негізінде гипермәтіндік мәліметтерді тасымалдау хаттамасы – HTTP (Hyper Text Transfer Protocol) арқылы жұмыс істейді, ал оның ішкі ақпараттары құжаттарды белгілеудің гипермәтіндік HTML (Hyper Text Markup Language) тілі көмегімен құрастырылады.HTML тілінде жазылған гипермәтіндік құжаттар браузер терезесінде ықшам түрде көрсетілгенімен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсету тіліне жатпайды. Ол гипермәтіндердің атқаратын қызметін анықтап, оларды тұтынушыға бейнелеп жеткізетін тіл болып есептеледі. Web-құжаттар тұтынушы мониторының мүмкіндіктеріне қарап, браузермен әртүрлі бейнеленуі мүмкін.
HTML (HyperText Markup Language) – гипермәтінді белгілеу тілі мәтіндерді Web-құжат (HTML-құжат) түрінде бейнелеуге арналған тэгтер жиынын анықтайды. HTML тэгтері құжатты туралауға, пішімдеуге және безендіруге мүмкіндік береді. Интернетке арналған мұндай гипермәтінді Web-құжаттар баспаға шығаруға емес, тек монитор экраныныда көруге арналған. Сондай-ақ, HTML тілі Web-құжатқа гипермәтін мен қозғалмайтын объекттерді бейнелеу мүмкіндігін береді. Қазіргі таңда тек қана HTML тілін пайдаланып, Интернетке арналған Web-құжат құрастыру жеткіліксіз. HTML тілінің мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған қосымша технологиялар дамуда. Мұндай технологияларға төмендегілер жатады: құжатты «логикалық» пішімдеуге арналған CSS – каскадты стильдер кестесі;
JavaScript немесе VBScript тілдерінде жазылған скрипттер;
Java тілінде жазылған апплеттер; AVI, MPEG форматындағы видеоклиптер; WAV, MP3, MIDI форматындағы аудиоклиптер.
Domain Name System (DNS)- «домендік жүйе аты» болып аударылады. DNS-домендік жүйе аты қолданушыларға интернетте жұмыс істеуді оңайлатады, оған хостың цифрлық адресін сақтайды. Компьютерге цифрлар жиынымен жұмыс істеу оңай, алыстатып машинаның IP-адресінің домендік атын енгізу арқылы жұмыс істейді.
DNS қызметі әрбір сервер бөлігі зонаға жауап беретін серверлердің иеархиялық құрылымын құрайды, яғни домендік атау бұтағы өз бөлігіне сәйкес мәліметтер қорымен сұрауларына жауап береді. Бұл кезде жоғары бұтақ серверлері төменгі бұтақ серверлерімен байланысты қамтамасыз етеді. Домен мен зона айырмасын түсіну маңызды болып саналады.
105.Интернет желілеріндегі адрестеу. Ресурстардың амбебап идентификаторлары (URI), олардың тағайындалуы және құрылымдық бөліктері.
URI. Web-кеңістіктегі құжаттардың арасындағы еркін қозғалыс Web-серфинг деп аталады. Егер осы кеңістіктегі әрбір құжаттың өзінің айрықша адресі болмаса мұндай гипермәтіндік байланыс тізілмес еді. Бүкіл әлемдік масштабта әрбір файлдың адресі ресурстардың ерекшеленген нұсқағышымен анықталады, яғни, Web-те әрбір ресурс –. ресурстардың әмбебап идентификаторлары ( универсального идентификатора ресурсов или унифицированный указатель ресурса) (Universal Resource Identifier) немесе URІ) көмегімен кодталуы мҥмкін адресі бар HTML құжаты, бейне сурет, клип, программа, т.б
URІ-адрес үш бөліктен тұрады: Берілген қызметке сәйкес келетін қолданбалы хаттаманың атын көрсету. (ресурсқа жету үшін пайдаланылатын механизмді атау сызбасы) Мысалы, WWW-қызметі ҥшін қолданбалы хаттама HTТР болып табылады (Hyper text Transter Protokol – хаттама передачи гипертекста): Һttр:// хаттаманың атынан кейін: және // белгілері қойылады. Компьютердің (сервердің) домендік атын көрсету: (ресурс орналасқан машина аты) Һttр:// www.enu.kz Мысалы, Хабар агенттігінің домендік аты www.khabar.kz, Microsoft компаниясының Web-серверінің домендік аты www.microsoft.com, «Огонек» журналының Web- серверінің домендік аты www.ogonyek.ru, (соңында ru домені компания сервері интернеттің Ресейлік секторына жататынын кӛрсетеді) Берілген компьютердегі файлға баратын толық жолды көрсету қажет (араларына «/» символын қою арқылы) (ресурстың ӛзіндік аты) Һttр:// www.enu.kz/Files/Myfiles/xyzzip (интернетте бас әріп пен кіші әріп әртҥрлі символдар болып есептеледі.)
106.Желілік хаттамалар. Файлдарды жіберу хаттамалар. (File Transfer Protocol, FTP).
Бүгінгі күні желілер – бұл қарапайым және жеңіл қызмет көрсетілетін құрылғылар ғана емес. Олар қорғауды, қадағалауды және қызмет көрсетуді талап етеді. Бұдан өзге, желілер жиі бір мекеменің шегінен шығады және жаһандық болып кетеді. Компьютерлер арасында локальді байланыстарды жасау үшін кабельдік жүйелердің, желілік адаптерлердің, қайталама–концентраторлар, көпірлер, коммутаторлар және бағыттаушылар, сондай–ақ ұзақ желілер бойынша деректер беру аппаратурасы–модемдер пайдаланылады. Қазіргі уақытта бірқатар стандарттар, желілік технологиялар, әр түрлі желілік операциялық жүйелер бар.
Интернет серверлерінде файлдар түрінде сақтаулы құжаттар көп. Оларды қабылдап, экранға шақыру үшін FTPатаулы қызметші хаттамасы пайдаланылады (file TranslerProtocol – файлды тасымалдау хаттамасы).
Файлдар барлық компьютерлер серверлерінде сақтала берілмейді. Оларды сақтап, FTPарқылы қызмет көрсететінарнайы компьютерлер (файлдарды сақтау қоймалары) бар. Олар FTP-серверлер.FTP арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер FTP-сервер деп аталады.
FTPхаттамасын іске қосу үшін Internet Explorer терезесінің Адрес өрісіне файл серверінің адресін, мысалы ftp://ftp.Relcom.ru сияқты адресті енгізу керек. Экранға кәдімгі компьютердегідей каталогтар мен файлдар көрінетін сервер беті шығады. Каталогты шертіп, ішкі каталогқа өтуге және файлды шертіп, мазмұнын экранға шығаруға болады. Кейбір серверлерде файл архив түрінде көрінеді. Оны ашу үшін архивтеуші программаны пайдаланған дұрыс.
Желіге тек электрондық почта арқылы кіретін абоненттерге не істеу керек? Олар үшін FTP–архивтерімен байланыс жасау жүйесі FTP-mail серверлері деп аталатын, кейбір негізгі тораптағы компьютерлерде орналасқан арнайы программа қызмет атқарады.
FTP-mail сервері әр компьютерден электрондық почта арқылы тапсырма алады, FTP арқылы қажетті FTP–архивімен байланыс жасап, алынған тапсырманы орындайды да, жұмыс нәтижесін электрондық почта арқылы қайтадан тапсырма берген компьютерге жібереді.
Көбінесе FTP-mail серверлері жеке компьютерлердің (өздерінің арнайы почталық файл серверлері жоқ), жергілікті архивтеріндегі мәліметті алу үшін қолданылады. Кейбір почталық файл серверлері өз командалары жиыны ішінде FTP-mail серверіндегі сияқты командаларды пайдалана алады. Өз командалары ішінде FTP-архивімен байланысуды сұрайтын команда кездестірсе, ол бірден FTP-mail сервері режимінде жұмыс істей бастайды. Сервермен байланысқанда хат тақырыбын көрсету қажет емес, сервер Subject (обьект) өрісін қарастырмайды.
FTP-mail серверіне арналған команданы қатардағы бірінші позициядан бастап теру керек. FTP-архивімен бірден байланыса алмаған жағдайда сервер онымен қатынасуды бірнеше рет қайталап орындауға тырысады, олардың арасында 6 сағаттай уақыт өтуі керек. FTP-mail сервері көлемі 10 Мб–тан аспайтын файлдарды ғана жібере алады. 60 Мб–тан асатын файл бірнеше бөлікке бөлініп, әрқайсысы бір хат ретінде жіберіліп отырады.
107.Браузер түсінігі. Ол қандай қызмет атқарады? Браузер терезесі қандай құрылымдық элменттерден тұрады? Браузерді іске қосу және Web-беттерді жүктеу.
Браузер (Қарап шығушы) (Браузер, просмотрщик; browser) - гипермәтіндік байланысу мүмкіндігі бар файлдармен жұмыс істеуге арналған бағдарлама. Ол әркімнің таңдауы бойынша кәдімгі мәтіннің, статикалық бейненің немесе графиктердің экранда бейнеленуін және олармен байланысқан басқа файлдарды іздестіруді қамтамасыз етеді. Кең тараған қарап шығушыларға Web-браузер, Internet Explorer, Mozilla Firefox, Google Chrome және т.б. жатады; желіде жұмыс істеуге арналган қосымша бағдарламалық жасақтама (мысалы, ол Microsoft Internet Explorer World Wide Web беттерін қарап шығуға мүмкіндік береді); Web- беттерін қарап шығуға арналған құрал. Гиперсілтеме көмегімен бір бетті қарап шыққаннан кейін келесі бетке өтуге мүмкіндік жасайды.
108.MS Internet Explorer инструменттер панелі. MS Internet Explorer бас мәзірі. Жанам мәзір (Контекстное меню).
Internet Explorer (қысқаша ІЕ не MSIE) — Microsoft компаниясы 1995 ж. бастап Microsoft Windows амалдықжүйесі құрамдасбөлігіретіндежасағанграфиктікғаламторшолғышөнімі. Бұлбағдарлама 1999 ж. бастапдүниежүзібойыншақолданымыеңкөлемдібағдарламаболып, 2002-2003 жж. аралығындағыІЕ5 пенІЕ6-ныңжарықкөргенмезгіліненбербұлқолданымдықкөрсеткішішырқаушегінежеттіде, сонанберіқарайтұрақтытөмендеукүйіндеболды. Интернетшолғышыалғашта Windows 95-кеқосымшақалташықретіндебіргешықтыда, онанкейінгіжаңаұрпақтықнұсқаларыдербесқалташықретіндежекедаратүсіругеболатынетіпжасалды. Қазіргіеңжаңа 7-шіұрпақшолғышы Windows ХР Service Pack 2, Windows 2003 Service Pack 1, Windows Vista және Windows Server 2008 дегендердіңжаңалаубумаретіндетүсіріпорнатумүмкіншілігінжасады. Жәнебіртүрдегі Windows CE (ІЕ CЕ) гебағытталғанОЕМ-дікжасалымдыда WinCE немесеІЕ6-лықнегіздегітекшелеріненеркінтүсіріпалуғаболады. Естеболарлықжәнебіржайт, тағыбіртүрдегі Windows Mobile-ға (қойындықкішітұрпаттыкомпьютерлергеарналғанжүйе) сәйкестіріліпжасалған Mobile Internet Explorer (ұтқыр) дербескомпьтерлерге (РС) арналғантүрлеріменшатастырыпалмаукерек. 8-шіұрпақғаламторшолғышының 2-реттіксынақнұсқасы 2008 ж. басындажарияетілді.
Кітапта 187 бет
109.Интернетте файылдарды іздеу. Іздеу жүйелерінің түрлері. Іздеу жүйелерінің үлгілері. Іздеу жүйелерінің құрамы және қызметі. Ең белгілі іздеу жүйелерін атаңыздар? Іздеу роботы қандай қызмет атқарады?
ғасыр басында интернет жүйесінің – қорлары бір миллиярдқа жуық – парақтарынан тұрды. Ол соңғы жылдары өте қарқынды екпінмен өсіп келеді. Шамамен – парақтар 3-4 млрдқа жеткенде оның ары қарай ұлғайюына – адрестері өрістерінің толып кетуіне байланысты шек қойылады. Мүмкін оған дейін адрестері кеңейтілген Интернет – 2 жүйесі шығатын боларн. Интернет жүйесінде мәлеметтерді іздеуге арналған арнайы программалар бар. Көбінесе іздеу қызметтерін көлемді мәлеметтерді сақтай алатын серверлік компьютерде қуатты іздеу компаниялар жүргізіледі. Іздеу қызметі тегін атқарылады, дегенмен оны ұйымдастыру бизнестің ең пайдалы түріне жатады. Бірнеше жыл шінде ——- іздеу жүйелерінің ұйымдастыру жобаларының бюджеті 10-15 долларлы көлемді қамтыды, ал олардың қазіргі бағасы -15 миллионнан кем түспейді. Іздеу жүйесінің негізі. ——– мәлеметтерінің тұтынушылары – үлкен кітапхананың оқырмандары сияқты. Кітапхана қаншалықты үлкен болған сайын, оның ішінен керекті кітап табуға қиын болатыны белгілі емес пе? Сондықтан жұмысты жеңілдету үшін әр түрлі салалар бойынша арнайы каталогтар дайындалады. Желідегі керекті мәлеметтерді табу ісін арнайы іздеу жүйелері қамтамасыз етеді. Интернетті пайдалану үшін осы іздеу жүйесін пайдалану керек. —– қорларындағы іздеу жүйелері жұмысты гиперсілтімелер арқылы байланысқан —- тіліндегі құжаттарға негізделген. Іздеу жүйесіне сұраныс бергенде, қандай сөз тіркесін табу керек екендігін көрсетеміз. Олар табылғаннан кейін экранға сол ——— құжаттар тізімі шығады, қажеттілерін қарап отырып, өте керектілерін өз компьютерімізге көшіріп аламыз немесе адрестерін есте сақтаймыз. Осындай атқарылған жұмыс нәтижелігінің бірдейлігіне қарамастан (тұтынушы гиперсілтемелер тізімін алады), іздеу қызметтерінің жұмыс істеу ерекшеліктері әр түрлі болуа мүмкін.
Ақпаратты іздеу түрлері. Ақпаратты іздеу түрлері бірнешеге бөлінеді. Атап айтқанда, толық мәтіндік іздеу, метаберілгендер бойынша іздеу, суреттерді іздеу және т.б. Оларға жеке-жеке тоқталайық.
Толық мәтіндік іздеу – құжаттың барлық құрамынан іздеу. Мысалы, толық мәтіндік іздеу – кез келген интернет-іздеуші, мысалы www.yandex.ru, www.google.com. Алдымен толықмәтіндік ізденіс іздеуді тездету үшін алдын-ала құрылымдалған индекстерді пайдаланады. Толықмәтіндік іздеу индекстері үшін кеңінен таралған технология инвертирленген индекстер болып табылады.
Метаберілгендер бойында іздеу – бұл жүйе қолдайтын құжаттың қандай да бір атрибуты бойынша ізденіс, құжаттың атауы, жасалу күні, өлшемі, авторы және т.б. Мысалы реквизит бойынша іздеу – файлдық жүйеде іздеу диалогы (мысалы MS Windows). Суреттерді іздеу – суреттің мазмұны бойынша іздеу. Іздеу жүйесі фотографияның мазмұнын таниды (пайдаланушымен енгізлген және URL бейнесі қосылған). Іздеу нәтижесінде пайдаланушы оған ұқсас суреттер алады. Осылай Polar Rose, Picollator және т.б. іздеу жүйелері жұмыс істейді.
Ақпаратты іздеу әдістері қолданылуына қарай бірнешеге бөлінеді. Атап айтқанда:адрестік іздеу, семантикалық іздеу, құжаттық іздеу, фактографиялық іздеу.
Адрестік іздеу - сұраныста көрсетілген нақты белгілері бойынша құжаттарды іздеу процесі. Семантикалық іздеу - құжаттарды олардың мазмұны бойынша іздеу процесі.
Құжаттық іздеу - сақтау орнында ақпараттық-іздеу жүйесінің алғашқы құжаттары немесе пайдаланушының сұранысына сәйкесінше екінші құжаттардың мәліметтер қоры.
Фактографиялық мәліметтерге құжаттардан алынған, алғашқы сонымен қатар екінші және пайда болу өзегінен алынған мәліметтер жатады. 110.Web-беттерді және басқада желі ресурстарына іздестіру жүргізетін қуатты серверлерді қалай атайды?
111.Іздеу және метаіздеу (көптеген іздеу жүйелері) жүйелерінің айырмашылығы неде?
Ақпаратты іздеу – құрылымдалмаған құжаттық ақпаратты іздеу процесі және оны іздеу туралы ғылым. Ақпараттық іздеу терминін 1948 жылы алғаш рет докторлық диссертациясында Кельвин Мур енгізген. Аталған термин 1950 жылдан жарияланып, қолданылып келеді. Алдымен автоматтандырылған ақпараттық іздеу жүйесі немесе ақпараттық-іздеу жүйесі ғылыми әдебиетте ақпараттық төңкерісті басқару үшін қолданылды. Бірқатар университеттер және кітапханалар ақпараттық іздеу жүйесін кітапты, журналды және басқа құжаттарды алды қаматамасыз ету үшін пайдаланды. Ақпараттық іздеу жүйесінің кеңінен таралуы Интернет желісінің пайда болуымен тығыз байланысты болды. Орыс тілді пайдаланушыларда Google, Яндекс және Рамблер іздеу жүйелері пайдаланылады.
112.Каталогтар деген не?
Компьютер дискісіндегі ортақ қасиеттеріне байланысты бір топқа біріктірілген файлдар жиынтығына қойылған атау. Файлдарды каталогтарға біріктіру оларды реттеп орналастырып, дер кезінде жылдам тауып алуға мүмкіндік береді. Каталогқа енгізілген файлдардың параметрлері (сипаттамалары) автоматты түрде жазылып отырады, мысалы, файл аттары, олардың типтері (бағдарламалық, мәтіндік, графиктік, тағы басқа), файлдың байтпен берілген көлемі, оның жазылған немесе соңғы өзгертілген мерзімі, уақыты, файлдың маңыздылығын білдіретін оның қорғаныс түрі (қарапайым, архивтік, тек оқылатын, жасырын, жүйелік). Егер каталогта файл аты жазылса, онда файл осы каталогта сақталады деп айтылады. Каталогта файлдардан басқа ішкі каталогтар да сақталады. Әрбір дискіде негізгі немесе түпкі каталог болады, оған ат қойылмайды (оның аты дискінің атымен бірдей болып саналады). Түпкі каталогқа бірінші деңгейдегі файлдар мен ішкі каталогтар кіреді. Бірінші деңгейдегі каталогқа екінші деңгейдегі файлдар мен каталогтар кіреді, тағы сондай сондай. Дискілерде осындай тәртіппен көп деңгейлі бұтақ тәріздес файлдар жүйесі құрылады. Каталогтарды ағылшынша қосалқы атына сәйкес “директория” деп те айта береді. Жаңа компьютерлерде каталогтарды олардың қағаз құжаттарға сәйкестігіне байланысты “бума” (папка) деп айту қалыптасқан. Дискілерде, мысалы, “бағдарламалар”, “хаттар”, “құжаттар” атты бумалар болуы мүмкін. Аттарына сәйкес, біріншісінде – бағдарламалық файлдар сақталса, екіншісінде – сырттан келген хаттар тұрады, үшіншісінде құжаттар жазылған, тағы сондай сондай.
113.Іздеу жүйелер ортасында қандай логикалық операторлар кеңінен таралған? Сұранысты (запрос) қалай дұрыс құрауға болады? Бір ғана сұраныс жеткілікті түрі басқада серверде басқа нәтижелер бере ала ма?
Мәліметтерді таңдаудың күшті құралы – сұраныс. Практикада берілген кестеден белгілі бір критерияларды (шартты) қанағаттандыратын жазулардың бір бөлігін таңдау және таңдалған мәліметтерді реттеу жиі талап етіледі. Критериялар бірнеше шарттардың бірлесуі арқылы анықталады. Мысалы, бізге белгілі бір товарды Минскіден жеткізіп берушілер туралы жазуларды таңдау және оларды форманың аты бойынша алфабитті түрде реттеу керек болсын. Мұндай мәселелерді шешу үшін сұраныс шеберлері, сұраныс конструкторы қолданылады. Олардың көмегі арқылы: 
Бір немесе бірнеше кестеден жазуларды таңдау үшін күрделі 
критериялар құруымыз мүмкін. 
Таңдалған жазулар үшін бейнеленуі тиіс өрістерді көрсету. 
Таңдалған мәліметтерді пайдаланып есептеулерді орындау. 
Үлгі бойынша сұраныс – бұл бір немесе бірнеше кестеден мәліметтерді таңдаудың интерактивті құралы. Сұранысты құру кезінде берілген кестеде жазуларды таңдау критериясын көрсету қажет. Ол үшін арнайы тілде сөйлем жазбай сұраныс конструкторының терезесінің жоғарғы жағында орналасқан сұраныс бланкісін толтыру керек. Сұранысты бланкті толтыру жолымен құру әдісі үйренуге және түсінуге оңай.
Қарапайым сұраныстарды құру үшін сұраныста пайдаланылатын кестелердің аттарын, кесте өрістерін және кейбір қосымша параметрлерді тізбектей сұрап отыратын сұраныс шеберін пайдалануға болады. Күрделі сұраныстарды құру үшін сұраныс конструкторы қолданылады. Мәліметтер қоры терезесінде сұраныс құру үшін “Запросы” категориясын белсенді етіп, Создать кнопкасын басыңыз. Сұраныс конструкторы немесе сұраныс құру шеберінің бірі арқылы сұраныс құру опцияларын таңдауға мүмкіндік беретін терезе ашылады
114,HTML гипермәтінді таңбалау тілі. HTML- құжаттының негіздері. Құжаттын құрылымы.
HTML тілі World Wіde Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web-парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wіde Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wіde Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.Web-тораптарындағы құжаттардың негізгі форматы HTML тілі болып табылады. HTML (Hyper Marker Language) ағылшын тілінен аударғанда мына мағынаны білдіреді: гипермәтінді белгілеу тілі. Ол құжаттың бастапқы мәніне енгізілетін қарапайым командалар жиынынан тұрады, олар осы құжаттың экранда көрсетілуін басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кез келген мәтіндік редакторда даярланған құжаттар HTML форматы ретінде сақталғаннан кейін Web-бет түрінде бейнеленеді.
Гипермәтін- бұл қосымша элементереді басқару мақсатында ішінде екпінді элемент орналасқан мәтін түрі. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізуге, мәтінді безендіру және форматтау әрекеттерін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз.
Гипермәтінді бейнелеу үшін браузер деп аталатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Броузер-бұл Web-беттерін (гипермәтіндік беттерді ) қарауға негізделген программа (Internet Explorer, Netscape Navigator).
Графикалық, бейнелік және аудиомәліметтер жеке файлдарға жазылады да, құжат ішіндегі сілтемелерге сәйкес браузерлер оларды біртіндеп іске қосу қызметін атқарады. Файлдардағы мәліметтерді қабылдап, браузер оларды реттеп орналастырады да, HTML тілінің командалары арқылы мәтінге қажетті түстер енгізіп, терезе көлемін, мәтін қаріпі мен оның мөлшерін және т.б. әрекеттерді анықтап, нәтижесін экранда көрсетеді.
HTML файлдары *.htm немесе *.html деген кеңейтулер арқылы өрнектеледі. Оны құрастыру үшін «Қолданбалы» программасындағы Блокнотты пайдаланамыз. Ал оның нәтижесін көру үшін Microsoft Internet Explorer браузері қолданылады.
HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командалары белгі немесе тэг (tag) деп аталады. Тэг символдар тізбегінен тұрады. Тэгтердің көбісі ашылатын тэг <> және жабылатын тэг </> арқылы жазылады. HTML-құжаты әрқашан <HTML> тэгімен басаталады және </HTML> тэгімен аяқталады. Ал ары қарай беттің тақырыбы жазылады <HEAD>...</HEAD>, беттің атын анықтайтын тэгтер <TITLE>...</TITLE>. Тек енді <BODY>...</BODY> тэгтерінің ортасына өз ақпараттарыңызды, суреттеріңізді, видеофайлдарыңызды және аудиофайлдарыңызды орнатуға болады.
115.Мәтінді форматтау. Мәтінді логикалық және физикалық форматтау.
Мәтінді теріліп болғаннан кейін, оны редакциялау – қатесін жөндеу, өзгерістер, қосымшалар енгізу және форматтау – көркемделуін өзгерту жұмыстары жүргізіледі.
Форматтау деп әр түрлі амалдар бойынша мәтіндік құжаттардың көркемделуін айтады. Құжатты форматтауды құжатты құралдардың алдында, сол сияқты одан кейін де орындауға болады. Форматтаудың орындалу реті құжаттың ақырғы нәтижесіне әсер етпейді, бірақ құжатты шығармастан бұрын форматтау керек. Егер алынған құжат сізді қандай да бір себептерге байланысты қанағаттандырмаса, онда әрқашанда оның форматтау параметрін өзгертіп, қайтадан форматтауға болады.
Форматтау әрекеттерін орындай отырып:
            — әр түрлі шрифті (қаріпті) таңдауға болады;
— жұмыс өрісінің шекараларын өзгертуге, сол, оң, жоғары, төмен өрістерін анықтауға;
 -бетте мәтінді туралауға;
-қатар арасындағы интервалды бекітуге және өзгертуге;
-мәтін жақтауларының әр түрлі типтерін қолдануға;
-мәтіннің көркемделуіне (тізім, бояу, және т.б.) байланысты барлық мүмкіндіктерді пайдалануға болады.
Форматтау кезінде негізгі саймандар тақтасының батырмаларын және сол сияқты меню командаларын, сонымен қатар арнайы пернелер комбинациясын қолдануға болады.
116.Тізім. Маркірленген тізім. Номерленген тізім. Анықтама тізімі.
 Тізім деген  қандайда бір шамалардың реттелген жинағы.Тізім тұрмыста  көп әрекеттерде қолданылады :  оқушылар тізімі, қоймаға келіп түскен тауардың тізім, олимпиадаға іріктеу сынынан өткен спортсмендер тізімі, кабинеттегі техника қауіпсіздігін сақтау әрекеттері, құрамында А витамині көп  жемістер тізімі …
Word редакторында тізімді жазудың  үш түрі бар :  нөмірленген, маркерленген, көпдеңгейлі
Мысалы :
Нөмірлеген тізім:
Компьютермен жұмыс барысында қөзді шаршатпау үшін мына талаптарды орындау керек :
Мониторға дейінгі арақашықтық 55 – 65см – ден кем болмауы керек.
Компьютер алдындағы жұмыс 25 минуттан аспау керек
Экранның ортасына тура қарау керек
Жиі – жиі көз, мойын, арқа үшін арнайы белгіленген жаттығулар жасап отыру керек
Дәрігер көзілдірік киюге кеңес берген оқушылар міндетті түрде көзілдірік киіп отыру  керек
Маркерленген тізім:
Бейнелеу тәсілдері бойынша ақпарат түрлері :
Сандық
Мәтіндік
Графикалық
Дыбыстық
Бейне
Компьютердің негізгі құрылғылары :
Монитор
Пернетақта
Жүйелік блок
рімен нүкте арқылы бөлінеді.
ЖАНСАЯ
117.HTML-құжаттарының түрлі түсті гаммасы. HTML-құжатындағы бейнелері.
А)HTML-құжатының түстік гаммасы.
Құжаттың негізгі бөлігі <BODY> тэгінің ортасына HTML-құжатының түстік гаммаларын, келесі атрибуттармен анықтауға болады. Олар төмендегі түрде жазылады:
 
Атрибут Атқаратын қызметі
BGCOLOR Құжаттың жалпы фон түсін анықтайды.
TEXT Мәтін әріптерінің түсін анықтайды.
LІNK Гипермәтін сілтемелеріндегі мәтіннің түсін анықтайды
VLІNK Алдында шолып өтілген құжатқа жасалған сілтеменің түсін анықтайды..
BACKGROUND Мәтіннің фонында орналасатын суретті анықтайды, ол түсқағаз (обои) рөлін атқарады. Суреттік файлдың типі gіf немесе jpg болуы тиіс. Суреттің мекен-жайы көрсетілсе, ол Интернет желісінен тауып алынады. Мысалы: <body bgcolor=lіghtyellow text=red background="face.jpg">
HTML тілінде түрлі түстер он алтылық сандар түріндегі RGB тәсілімен берілуі де (COLOR="#C0FFC0"), мүмкін, оның мүмкіндігі өте мол. Мұндағы алғашқы екі сан қызыл түс бөлігін, келесі екі сан – жасыл түс бөлігін, соңғы екі сан көк түс бөлігін анықтайды.
Жоғарыдағы көптеген параметрлер түсті пайдаланады, олар ағылшын тіліндегі негізгі он алты түс атымен немесе солардың кодтарымен төмендегідей түрде беріледі.
Аты Коды Аты Коды
Blaсk (қара) “#000000” Green (жасыл) “#008000”
Silver (күміс түсті) “#C0C0C0” Lime (лимон түсті) “#00FF00”
Gray (сұр) “#808080” Olive (кофе түсті) “#808000”
White(ақ) “#FFFFFF” Yellow (сары) “#FFFF00”
Maroon (қызыл күрең) “#800000” Navy (қара-көк) “#000080”
Red (қызыл) “#FF0000” Blue (көгілдір) “#0000FF”
Purple (күлгін) “#800080” Teal (шәй түсті) “#008080”
Fuchsia(қызғыш) “#FF00FF” Aqua (көк ) “#00FFFF”
 
Б) HTML-құжатында суреттерді бейнелеу.
Суреттік бейнелер Web-парақтарды әшекейлеп безендіру кезінде маңызды құралдар рөлін атқарады. Суреттердің өздері HTML құжаттарынан бөлек орналасқан жеке файлдарда сақталады, алайда олар браузер арқылы Web-парақтардың ішінде бейнеленеді. Суреттерді бейнелеу ережелерін былай беруге болады.
Суреттерді құжаттардың ішіне орналастыру үшін <ІMG …> жеке, яғни жабылмайтын жалқы тэг қолданылады.
Бұл тэгте міндетті түрде SRC= “…” атрибуты болуы керек, оның мәнін абсолюттік және салыстырмалы түрде жазылған бейнелеу файлының URL-адресі көрсетеді. Құжатты экранға шығарған кезде ол міндетті түрде құрамындағы суреттермен бейнеленеді және ол <ІMG …> тэгі тұрған орыннан көрінеді.
Оның жазылу синтаксисі төмендегідей:
<ІMG 1-атрибут=1-мәні [ ... N-атрибут=N-мәні]>
<ІMG> тэгінің атрибуттары мен олардың мәндері келесі кестеде көрсетілген.
Атрибут Атқаратын қызметі
SRC Суреттің URL-мекен-жайын береді (оның абсолюттік немесе салыстырмалы мекен-жайы көрсетіледі; егер ол HTML-құжат тұрған бумада болса, тек файл аты ғана жазылады); бұл атрибут міндетті түрдекөрсетіледі.
BORDER Сурет жақтау сызығының қалыңдығын пиксельмен береді.
WІDTH=n(%)   Суреттің енін пиксельмен не терезе енінің пайызымен береді.
HEІGHT=n(%)   Суреттің биіктігін пиксельмен немесе терезе биіктігінің пайызымен береді.
ALІGN="тип"   Мәтінге байланысты суреттің орналасуын көрсетеді, төмендегі сөздердің бірін мән ретінде қабылдайды: ТОР, MІDDLE, BOTTOМ, LEFT, RІGHT.
ALT = "сөз тіркесі"   Сурет көрсетілмейтін броузерде оның аты мәтін ретінде көрсетіледі.
TITLE Кескінге ақпараттық көмек береді.
118.HTML-дегі кестелер. Шектеулер мен пішіндерді құру. Фрейм түсінігі. Фильтрлер
119.Гипермәтіндік сілтемелер.
Гипермәтіндік сілтемелер
 
Құжатта гипермәтіндік сілтеме жасау өте оңай. Ол үшін <A> мен </A> тегтері пайдаланады. Оған қоса HREF атрибуты міндетті. Оның мәні URL мекен-жайы болып табылады. <A> мен </A> тегтерінің арасындағы сілтеме мәтіні  браузерде көрсетілгенде көк түсті және асты сызулы болып шығады. Сілтемені шерту берілген URL мекен-жайы бойынша айысуға әкеледі.
Гиперсілтеме басқа WEB-бетті немесе WEB – түйініндегі кез келген басқа файлды көрсете алады.
Егер WEB-бет басқа WEB-түйінінде орналасса, онда то в качестве атрибута HREF атрибуты ретінде құжаттың хаттама атын қоса толық URL мекен-жайы пайдалануы керек (Бұл сыртқы сілтеме).
Мысалы: <AHREF="http://www.kstu.kz"> Қарағанды мемлекеттік техникалық  университеті< /A>.
Экранда " Қарағанды мемлекеттік техникалық  университеті " сөз тіркесі асты сызылған болады.
Егер сілтеме сол WEB-түйінінің басқа бетіне көрсетсе, онда қатыстық жолды жазу жеткілікті (Бұл ішкі сілтеме).
Мысалы: <P>Менің бетіме өтейік<AHREF="my.htm">Менің бетім< /A>.
Сілтемені шолушының басқа терезесінде ашу үшін<A> тегінде Target = Blank деп жазу керек.
Сілтемеде беттің белгілі бір орнына көрсетуге болады. Ол үшін зәкірді алдын ала сол орынға орнату керек. Зәкірде HREF атрибутының орнына NAME атрибуты пайдаланады. Бұл атрибут мәні "зәкір атауы" болып табылады. Ол тек латын әріптері мен цифрлардан тұрып, бос аралықтары жоқ болуы қажет.
Орнатылған зәкірге сілтеу үшін URL-де зәкір атауының алдына # символы қойылады.
Мысалы.
<A HREF="#address">  бет соңында< /A>
120.Электрондық пошта (E-Mail). Пошталық серверлер. Пошталық хаттамалар.
E-mail немесе электрондық почта – нақты абоненттерге желi арқылы хабарлар жiберу жолымен мәлiмет алмасу тәсiлi. Басқа да байланыс қызмет түрлері сияқты, электрондық пошта қызметі программалар жұбы мен олардың өзара қарым-қатынас хаттамаларының көмегімен жүзеге асырылады. Интернет жағынан программа-сервер, тұтынушы жағынан программа-клиент жұмыс атқарады.Электрондық поштаның жұмысы екі қолданбалы хаттамаға негізделген:
1)шығатын хабарды жіберуге –SMTP (SMTP – Simple Mail Transfer Protocol – пошта жіберетін қарапайым хаттама) хаттамасымен;
2)келіп түсетін корреспонденцияны қабылдауға — РОРЗ (Post Office Protocol 3 – протокол почтового отделения, версия 3) хаттамасымен жүргізіледі.
121.Хаттың құрылымы. Электрондық поштаның адресі. Форумдарда e-mail арқылы байланыс.
Электрондық пошта адресі: қолданушының_аты@домен_аты форматында болады, мысалы, [email protected] «@» таңбасының сол жағындағы бөлік – бұл сервердегі пошталық жәшіккің аты (Account Namе), мұнан бұл адрестің иесі хаттардың алады (берілген мысалда Sanat). Ережедегідей, қолданушының аты пошталық жәшіктің атымен сәйкес келеді. «@» таңбасының оң жағындағы бөлікдомен деп аталады және осы пошталық жәшіктің орналасқан жеріне көрсетеді. Электрондық поштаның адресін пайдаланушы жеткізудің ақырғы бекеті, яғни поштаны көріп жатқан компьютер болып саналмайтынын ескере кету жөн. Әр қолданушы бірнеше адрестерді әртүрлі пошталық серверлерде регистрациядан өткізе алады. Бүгінгі таңда электрондық поштаның қызметін ақысыз көрсететін жүздеген серверлер бар, сондықтан да кез келген Интернет қолданушы әлемнің әр бөліктерінде пошталық жәшіктерін емін-еркін регистрациялауы мүмкін. Сондықтан электрондық пошта адресін сіздің үйіңіздегі компьютердің адресі айқындамайды, ал Сіз пошта алатын сервердің адресі беріледі.
122.Microsoft Outlook Web App электрондық пошта.
. Outlook Web App пошта жәшігі саясаттары пайдаланушылардың Outlook Web App бағдарламасындағы файлдарға және мүмкіндіктерге кіруді басқарады. Әкімшілер Outlook Web App пошта жәшігі саясаттарын Outlook Web App параметрлерін ұйымындағы барлық пайдаланушыларға қолдану және стандарттау үшін пайдалана алады. Мысалы, пайдаланушылардың Outlook Web App бағдарламасындағы файл тіркемелерін ашудың алдын алуға болады.
123. Ақпаратты қорғау әдістері:
а) Аппараттық қорғаныс әдістері.
б) Бағдарламалық қорғаныс әдістері.
в) Ақпаратты криптографикалық турде кодтау.
г) Электронды цифрлі қол (ЭЦҚ).
д) Физикалық қорғаныс әдістері.
е) Ақпаратты қорғауға арналған ұйымдастыру шаралар
Ақпаратты қорғау әдістерінің классификациясы:
Кедергі  - қатерлер жолында кедергілер жасау.
Басқару – қорғалынатын жүйеге басқарушылық ықпал ету.
Маскировкалау – қорғалынатын жүйеге немесе ақпаратқа жасалатын әрекеттер. Мұндай түрлендірулер зиянкеске ақпараттарды қол жеткізбейтіндей етеді.(Мұнда қорғаудың крипотографиялық әдістерін жатқызуға болады).
Регламенттеу – зиянкестің әрекеттерін немесе басқа да тұрақсыз факторлардың жүзеге асырылуын қиындататын іс шараларды жасау және өңдеу.
Мәжбүрлеу – бұл әдісте қолданушылар және персонал ақпаратты өңдеуді жауапкершілікті(материалды, қылмыстық, административті) мәжбүрлеу шартымен орындау шарттарын құрудан тұрады.
Ниеттену – бұл әдісте қолданушылар және персонал ақпаратты өңдеуде моралды-этикалық және психологиялық ойлау шарттарын құрудан тұрады
Б)Бағдарламалық қорғаныс құралдарымен әдiстерi не үшiн қолданылады? Ақпаратты қорғау үшiн жеке компьютер мен компьютер желiлерiнде кеңiнен қолданылады

Г) Электрондық цифрлық қолтаңба сіздің жалпы интернет жүйесін еркін пайдалануға мүмкіндік беретін жеке кілтіңіз. Өзіңіздің  жеке электрондық цифрлы қолтаңбаңыз арқылы өзгелерге  қолжетімсіз сайттарды ашып пайдалана аласыз. Электронды цифрлық қолтаңба Электронды Үкімет порталы  арқылы өзіңізге қажетті ақпараттарға қол жеткізуге сонымен бірге бірқатар мемлекеттік қызметтер қатарын  алуға мүмкіндік береді. Айталық, мекен-жай анықтамасын, зейнетақы қорыңыз туралы анықтама, үй-жайының бар-жоғы туралы анықтама,  жылжымайтын мүліктің ауыртпалығы туралы анықтамаларды лезде-ақ аласыз.  Айта кететін бір жайт, тұтынушылардың өз беттерінше қол жеткізе алатын анықтамалар қатары  мен мемлекеттік қызметтер  саны жақын арада тағы да көбеймек.  Біздің қоғамның дәл қазіргі кезеңін инновациялық технология кезеңі деп атасақ артық емес. Себебі инновациялық ақпараттық технология  күн емес сағат сайын  өзгеріп таң қалдыруда. Әрбір жаңалық ашылған сайын адамдардың  бір іс-әрекеті қысқарып отыр, яғни, бұрын қадамдап  жүзеге асырған жұмысымызды бүгінде  техника бір-ақ сәтте көзді ашып-жұмғанша орындап отыр. Бұрын қарапайым адамдар бірінші басшыға кіру үшін ай бұрын жазылып, кезекке тұру қажет еді, ал қазір үйден шықпай-ақ өзіңізді толғандырған сұрағыңызды  қағаз бетіне түсіресіз де  өзіңіз қалаған басшының электронды мекен-жайына  жолдай саласыз. Бұл ретте сізге Электронды Үкімет порталы көмекке келеді.  Ал, бірінші басшыға берген сұрағыңыздың жауабы сіздің  Электронды порталдағы «жеке кабинетіңізге» келіп түседі. Ол үшін Электронды Үкімет  порталына тіркелесіз. Тіркелу екі нұсқада жүреді. Уақытша тіркелу және ЭЦҚ арқылы тіркелу. Порталға уақытша тіркелген жағдайда сіз тек қана төлемдер жүргізу, өзіңізге қажетті ақпарат алу қызметтерін ғана ала аласыз. Электрондық цифрлық қолтаңбаңыз бар болған жағдайда Электронды Үкімет порталы арқылы ұсынылатын қызметтер түрін толыққанды пйдалана аласыз. Электронды Үкімет порталына Электрондық цифрлық  қолтаңба арқылы тіркелген сәттен бастап сіздің жеке кабинетіңіз ашылады. Сұрау салған ақпараттарыңыз жеке кабинетіңізге түсіп отырады. Өз уақытыңызды өзіңіз игеріңіз.  
Е) Ұйымдастыру шаралары ақпаратты қорғаудың тиімді және маңызды құралдарының бірі болып табылады, сонымен қатар ол барлық қорғау жүйесінің негізі болып табылады. Отандық қылмыстық іс материалдарының талдауы компьютерлік қылмыстардың болуының көп кезігетін себептері төмендегідей:
қаржылық операцияларды жүзеге асыру кезінде біріншілік бухгалтерлік деректерді дистанциялық жіберу үшін автоматтандырылған желінің жұмыс станциясы ретінде, автономна қолданатын компьютер пернесіне қызметкерлердің қол жетімділігінің бақыланбауы;
Қызмет етуші қызметкерлердің әрекеттерінің бақыланбауы, қылмыскерге ЭЕМ қылмыс жасау құралы ретінде еркін қолдануға мүмкіндік береді;
Енгізілген ақпараттың дұрыстығын және тексеруін қамтамасыз ететін, бақылаушы қорғанышы жоқ программалық қамтаманың деңгейінің төмендігі.
Жеке биометрлік параметр бойынша қолданушының сенімді идентификациясын қамтамасыз ете алмайтын, жұмыс станцияларына санкцияланбаған қатынаудан парольдік қорғау жүйесінің жетілмеуі;
Коммерциялық ақпараттың құпиялық және конфиденциялық режиміне жауаптанатын міндетті тұлғаның болмауы;
Қатал қаржылық есепберу құжаттарына қызметкерлерді қатынау категорияларының болмауы;
Қызтметкерлермен коммерциялық және қызметтік құпияларды, қызметкерлер туралы мәліметтерді және басқа да конфиденциалдық ақпараттарды таратпау туралы келісімдердің болмауы.
124.Ақпараттарды компьютерлік вируситардан қорғау.
Компьютерлiк вирустар дегенiмiз – компьютерлiк жүйедегi және желiдегi әртүрлi объектiлерге залалын тигiзуге бейiм программалар.\r\n\r\nВирустар орналасу орындарына қарай желiлiк, файлдық және жүктелетiн болып жiктеледi. Желiлiк вирустар компьютерлiк желi арқылы тарайды, файлдық вирустар орындалатын файлдарға, ал жүктелетiн вирустар –дискiнiң жүктелу секторына (Boot-сектор) немесе винчестердiң жүйелiк жүктелуiн құрайтын секторына  (Master Boot Record) орналасады.\r\n\r\nАнтивирустық программалар келесі топтарға бөлінеді:\r\n\r\nДетектор-программалар – тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз боп келеді.\r\n\r\n Доктор-программалар – вирус жұққан программалар мен дискілерді «вирус» әсерін алып тастау, яғни «жұлып алу» арқылы емдеп оларды бастапқы қалпына келтіреді\r\n\r\n Доктор-ревизорлар – доктор программа мен ревизорлар арасынан шыққан гибрид. Бұлар тек файлдағы өзгерістерді анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде «емдеп» бастапқы қалыпты жағдайға түзейді.\r\n\r\n Фильтр-программалар – компьютердің оперативтік жадында тұрақты орналасады да, вирустардың зиянды әрекетіне әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған қолданушыға дер кезінде хабарлап отырады.\r\n\r\nВакцина-программалар – компьютердегі программалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус «жұққан» сияқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес.\r\n\r\nВирустың  түрлері:\r\nЗақымдалған программаны іске  қосқанда\r\n\r\nактивтенеді.\r\n
125.Вирустардың сипаттамалары. Антивирустық программаларының жіктелуі.
Алғаш рет «компьютерлік вирустар» деген термин ХХ ғасырдың 80 – ші жылдардың орта кезінде Америка Құрама Штатарында пайда болған. Бірақ «компьютерлік вирус» терминіне айқын анықтама берілген жоқ. Сол кездердің өзінде – ақ «компьютерлік вирустар» деген ұғымды электрондық есептеуіш машиналарды қатардан шығарып, жұмысын тоқтатын қатерлі «талқандаушы» деп түсінді.Қазіргі кездің өзінде компьютерлік вирустардың 45 мыңға тарта түрі белгілі болып отыр. Компьютерлік вирустардың 1997 жылдан бастап күннен – күнге мөлшері артып барады.Сондықтан әрбір компьютермен жұмыс істейтін адам компьютерлік вирус және оның түрлері туралы білген жөн. Сонымен компьютерлік вирус дегеніміз не? Компьютерлік вирустар дегеніміз — өздігінен өз көшірмесін жасай алатын, оны әр түрлі объектілерге және компьютерлік жүйелер мен компьютерлік желілерге енгізе алатын, тағы басқа зиянды іс — әрекеттер істей алатын қабілеті бар кішігірім программа. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да «жұғады» және басқа зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды. Мысалы: файлдарды,  файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т.с.с.
Антивирустық программалар-вирустардың жұқтырған бағдарламаларды табуға және емдеуге,сондай-ақ файлдың вирус жұқтыруының алдын-алуға арналған программа.Антивирустық прогорамма түрлері:
Антивирус Касперский
Dr.Web
АVP
F-Prot
Avast
NOD32
Panda
Norton
Avira
Мс Аfee
Softfare
Касперский Антивирусы-ең танымал вирусқа қарсы бағдарлама.Бұл бағдарлама көмегімен жергілікті, алмалы,ықшам дискілерде вирустардың бар-жоғын тексеруге болады.
Антивирустық программалардың бірі-Windows-та Программалар мәзіріне енгізіліп қойылған AVP(AntiVirial Toolkit Pro)программасы
126.Ақпараттық қауіпсіздігін құқықтық аспектілермен қамтамасыз ету.
127.Компьютерлік ақпаратқа әділетсіз қол жеткізуге акімшілік-құқты және қылмыстық жауапкершіліктері.
128.Мультимедия деген не? «Мультимедиа технологиялар» мультимедиа орта, мультимедиа-компьютер ұғымдары.
129.Мультимедиалы компьютерлердің сипаттамалары қандай? Құжат-камераның техникалық сипаттамалары қандай?
130.Оқу үдерісінде мультимедиа технологияларын қолдануда кешенді тәсілдері қандай?
АИДА
140.SMART-технологиялардың қолданылуы
«SMART» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «Ақылды» дегенді білдіреді. SMART критерийлеріне талдау жасар болсақ, «Ақылды мақсаттарға» қойылатын негізгі талаптар төмендегідей:
S (Specific) – мақсат, оны екі жақты түсінуге болмайтындай, айқын, дәл, нақты болуы керек.
М (Measurable) – мақсат сандық және сапалық критерийлер арқылы қол жеткендігін анықтауға болатындай өлшенетін болуы керек.
А (Achievable) – мақсат, сыртқы мүмкіндіктердің көмегінсіз, қолдағы бар қорлар арқылы жүзеге асыруға болатындай қолжетімді болуы керек.
R (Relevant) – мақсат өзгермелі жағдайда өзекті болатындай, өзгерістер қажеттіліктерге сай келетіндей шынайы болуы керек.
Т (Time-limited) – мақсат шектеулі мерзімде қол жеткізуге болатындай уақытпен шектеулі болуы керек.Қазіргі заманда білім кеңістігінің жоғары қызығушылықпен дамып келе жатқан саласы – электронды жүйемен оқыту.
Біздіңше, біліктілік арттыру жүйесінде Smart технологиясын қолданудың алғашқы қадамдары жасалған деп ойлаймын. Қазіргі уақытта біліктілік арттыруда күндізгі оқытумен қатар қашықтықтан оқыту түрі тиімді қолданылып жүр. Бұл дегеніңіз педагог маманның оқу-тәрбие үдерісінен, отбасынан қол үзбей, білімін жетілдіруіне мүмкіндік береді. Мектептердің шағын жинақты екенін, ондағы мамандардың санаулы ғана әрі педагог мамандардың басым көпшілігі әйел қауымынан екендігін ескерсек, оқытудың бұл түрінің мейлінше тиімділігіне көз жеткізе түсеміз. Осы қашықтықтан оқытуда берілетін дәрістерге байланысты бірқатар ұсыныстар енгізуге болады. Курс төрт модульден тұрса, соның ішінде нормативтік, психологиялық-педагогикалық, технологиялық модульдердегі берілетін дәрістердің бірнеше альтернативтерін ұсыну жүйесін жасауға болады, мұғалім дәрістердің ішінен өзіне ыңғайлысын, ұнағанын таңдап алып, орындайтын болады. Бұл әрі оқытушылардың арасында бәсекелестікті қалыптастырады, әрі оқу сапасының артуына әкеледі. Сол арқылы оқытушылардың рейтингісін қалыптастыруға болады. Тағы да бір ұсыныс ретінде Smart технологиясы арқылы мектеп кітапханашыларының аудандық желілік байланысын құруға болады. Сол арқылы оқырмандар конференциясын, басылымдардағы соңғы жаңалықтарды, оқырмандардың талап-тілектері мен пікірлерін жинақтауға мүмкіндік зор. Мұғалімнің құзыретін кеңейту мақсатында білім жүйесіндегі өзгерістерді қамтитын курстардың базасы болу керек сияқты. Мұғалім жылына бір рет міндетті түрде сол курстардан өтіп, біліктілігін арттырып, сертификат алса, бұл сертификаттардың мұғалімнің осы оқу жылында жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін құзыреті болса деп ойлаймын. Әрине, бұл - заңнамалық жағынан қолдауды қажет ететін маңызды мәселе. Әр оқу жылы басталған сайын мұғалімнің дайындығын осылайша анықтауға мүмкіндік бар деп есептеймін. Жалпы Smart оқыту білім жүйесіндегі соны технология болғандықтан, оның мүмкіндіктерін әлі де тереңдеп зерттеуді қажет етеді.
141.Жасанды интеллект: түсінігінің сипаттамасы. Даму кезеңдері. Жасанды интеллект жүйесі нені білдіреді?
Жасанды интеллект (ЖИ, ағылш. Artificial intelligence, AI) — интеллектуалды компьютерлік бағдарламалар мен машиналар жасау технологиясы әрі ғылым.Жасанды интеллект (artificial intelligence) - автоматты жүйелердің (компьютер т.Б) адам интеллектісінің бөлек бір функцияларын атқаруын айтады.Оның типтік бағдарламалау тілі пролог (PROLOG) .
Бұл саланың техниканың дамуына үлкен әсері бар, негізінен логикалық ойлауды негіз етеді, шахмат ойындары, тұрлы бас қатыру қиындары және експерт жүйелер, теөремәләрді дәлелдеу, құл темір жасау сияқты көптеген салаларды қамтиды.
"Жасанды интеллект" терминінің пайда болуы
"Жасанды интеллект" сөзін алғаш рет 1956 жылы Дартмут университетінде өткен конференциясының преамбуласында Джон Маккарти қолданған. Маккартиге сәйкес "жасанды интеллектіні" зерттеушілер нақты проблеманы шешу үшін адамдарда байқалмайтын интеллектіні зерттеуіне болады.
Өзінің анықтамасын түсіндіру барысында: "Әзірше біз бүтіндей қандай есептеуіш процедураларды интеллектуалды деп айта алатынмызды білмейміз. Сол себептіинтеллект сөзін әлемде мақсатқа жету үшін қолдандылатын әдістердің есептеуіш бөлігін ғана түсініп жүрміз".Сонымен қатар, интеллект тек қана биологиялық феномен деген де көзқарастар бар.
1950-жылдары ЖИ-нің екі  тілі дүниеге келді. Біріншісі  – IPL тілі Ньюэлл, Симон және Шоумендермен Logic Theorist программмасы үшін жасалған болатын. IPL мәліметтер тізімін өңдеу тілі болатын болатын және LISP тілінің пайда болуына алып келді. LISP 1950-жылдардың аяғында пайда болды және IPL тілі басып тастады, сөйтіп ЖИ қолданбаларының негізгі тіліне айналды. LISP тілі Массачусет технологиялық институты (MIT) лабораторияларында жасалған болатын. Оның авторы ЖИ-нің ең алғашқы өңдеушілерінің бірі Джон МакКарти болды.
Логикалық программалау тілдері PROLOG және LISP жасанды интеллект проблемаларының  есептерін шешуге арналған. LISP тілін 50-інші жылы Д.Макартни символдық информацияларды  өңдеуге арнап құрды. LISP тілінің  мәліменттерінің негізгі құрылымы тізімдер, тізімнің элементтері атомдар. Lisp тілінің бір ерекшелігі динамикалық  жаңа объектілерді құру мүмкіндігі, объект есебінде программаның өзі де қатыса алады.
142.Телемедицина. Телемедицинаның негізгі бағыттары. ҚР-дағы телемедицина құрылысының принциптері.
телемедицина – пациент немесе пациентті тікелей зерттеп-қарауды немесе емдеуді жүргізетін дәрігер ұлттық стандарттарға қайшы келмейтін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, қашықтықтан басқа дәрігердің консультациясын алатын, қашықтықтан медициналық консультациялық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық, қаржылық және технологиялық іс-шаралар кешені;
Проект по развитию телемедицины в Казахстане, проводимый в рамках Государственной программы реформирования и развития здравоохранения
РК на 2005–2010 годы, признан успешно действующим. Развитие телекоммуникаций в медицине для нашей страны необходимо и важно, в первую очередь потому, что в стране достаточно сел, удаленных от крупных городов. И далеко не у всех сельчан есть возможность выбраться в соседний город, где функционируют стационары и участковые поликлиники.
По сути, телемедицина — это интерактивная видеоконсультация светил медицинской науки для жителей отдаленных регионов страны, где работают в лучшем случае только фельдшерские пункты. Если пациент болен трудноизлечимой болезнью или находится в крайне тяжелом состоянии, а местные врачи затрудняются в постановке диагноза, консультации окажутся как нельзя кстати. А можно собрать консилиум докторов, которые, находясь в тысяче километров друг от друга, имеют возможность обсуждать самые сложные случаи и консультировать друг друга в вопросах лечения больного.
Первый масштабный проект в Казахстане «Развитие телемедицины в сельском здравоохранении» стартовал в 2005 году. Конкурс на создание проекта, объявленный Минздравом РК, выиграла отечественная компания MDS Company. В ходе проекта медучреждения 11 областей Казахстана поэтапно объединяли в общую сеть — систему сообщающихся по каналам спутниковой связи телемедицинских модулей. Во время телемедицинского сеанса стало возможным передавать данные УЗИ и ЭКГ-обследований, рентгеновских снимков, различные лабораторные исследования, а также другую информацию о пациенте. В результате врач-консультант выставлял клинический диагноз, давал рекомендации по лечению, дополнительному обследованию, или приглашал на очное обследование, лечение, операцию. Была организована видеоконференцсвязь между Министерством здравоохранения Республики Казахстан, Республиканским, областными и районными телемедицинскими центрами.
143.Телеконференция. Телеконференция интерфейсі.
Телеконференция (ағылш. Теlеconference) — пайдаланушылардың сөздік, мәтіңдік және бейнеақпараттарын өндеу және тарату негізіндегі қарым-қатынас мақсатында қолданылатын желі қызметтерінің интегралдық жиынтығы.
Интернетте атау беріліп, түрлі компьютерлерден таратылатын жаңалықтар тобы телеконференция (Usenet) деп аталады. Usenet – бiр-бiрiмен жаңалықтар алмасып отыратын бейкоммерциялық, бейформалдық, анархиялық жүйелер тобы.
Usenet-тегi жаңалықтар тобы – дүние жүзiндегi адамдардың пiкiрлесетiн, яғни ақпарат алмасуына арналған электрондық пiкiрталас топтары. Мұндай жаңалық топтарында белгiлi бiр тақырыпқа арналған көптеген мақалаларды оқуға болады, олар әртүрлi тақырыптарды талқылауға да арналады. Usenet-тегi жаңалықтар ретiнде оқыған мақалаңызға жауап беруге және өз ойларыңызды мақала ретiнде жариялауға болады. Бұлар құрама сөздер арқылы белгiлi бiр тақырыптарға топтастырылады, мысалы, rec.sport.basketball.college тобы, мұндағы rec – тақырып атауының – recreation сөзiнiң қысқартылған түрi, sport – аталмыш тақырыптың спортқа арналған бөлiгiн көрсетiп тұр.
144.Электронды оқытудың ақпараттық инфрақұрылымы.
E - learning (ағылшын тілінен Electronic Learning қысқартылған) – электрондық оқыту жүйесі, қашықтан оқыту, компьютердің көмегімен оқыту, желілік оқыту, виртуалды оқыту, ақпараттық, электрондық технологиялардың көмегімен оқыту синонимі. ЮНЕСКО мамандарының берген анықтамасы бойынша: «e - learning – интернет және мультимедиа көмегімен оқыту».
E - learning – бұл оқу және оқыту форматы, білім беру контенттерінің электрондық формасына электрондық құралдарды, компьютерді, ұялы телефонды, коммуникаторларды қолданып, білімді басқару жүйесі (LMS) және интерактивтік оқыту платформасына негізделген сабақ беру формаларының бірі.
Электрондық оқыту «ашық білім беру», «қашықтықтан білім беру» сияқты ұғымдардың қосындысын береді, яғни ЭО = компьютерлік оқыту + желілік оқыту + он - лайн оқыту + Интернет оқыту + қашықтықтан оқыту.
E - learning ұғымы – бір, бірнеше немесе барлық элементтерді қолданып жұмыс жасау мүмкіндігі ауқымды оқыту формаларының бірі ретінде LMS (Learning Management System) немесе қашықтықтан оқыту жүйесі (ҚОЖ) қарастырылады.
Бұл жүйе оқытудың барлық үрдістері жүргізілетін және ұйымдастырылатын платформаны ұсынады. Қашықтан оқыту жүйесі осы немесе басқа да желіде жұмыс істеуге қолайлы бірнеше құралдардың жиынтығынан тұрады: форумдар, чаттар, тестілеу жүйесі, файлдарды алмастыру жүйесі, электрондық тізім, виртуалды сынып бөлмелері, блогтар, виртуалды зертханалар және тағы басқалар.
Электрондық оқыту барлық білім беру ұйымдарының қызметкерлері үшін білімнің бірыңғай стандартын қамтамасыз етеді.
1. Электрондық оқытудың шетелдік тәжірибелері
E - learning термині білім беру үрдісінің электрондық формасын Интернет немесе Интранеттің көмегіне оқытуды басқару жүйесі дегенді білдіреді. E - learning оқу формасы бүгінгі күнгі ең озық білім беру формасының бірі болып табылады және де ЮНЕСКО - ның қолдауымен әлемнің алдыңғы қатарлы білім беру ұйымдарына жедел түрде енгізілуде.
ЮНЕСКО - ның бүкіләлемдік баяндамасында «Білім қоғамдарына» барлығы үшін сапалы білім – білім қоғамы 4 негізгі қағидаларымен анықталады, ал Интернет – білім қоғамын құрастыруға моторымен анықталған. E - learning стратегиялық негізгі ұлттық білім беру жүйесін дамыту және жаңарту арқылы сипатталатындығымен айқындалады.
Электрондық оқыту жүйесі енгізілген елдердің алдыңғы қатарына мына мемлекеттер енеді: АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Германия, Италия, Франция.
Зерттеушілердің айтуынша, шетелде 70% студенттер білім алудың қашықтан оқыту түрін таңдайды. АҚШ - та 200 - ден астам университет және мыңдаған колледждерде электрондық оқыту дамыған, ал электрондық курстардың саны жыл сайын шамамен 30 - 40%- ға ұлғаю үстінде.
Дүниежүзі бойынша 100 миллионнан артық адам электронды түрде білім алады.
АҚШ - тың компанияларының қызметкерлеріне сауалнама жүргізу барысында электрондық оқыту туралы келесі нәтиже алынған:
- 87% - жұмыс уақыттарында оқығанды қалайды;
- 52% - арнайы компьютер сыныбында емес, өз жұмыс орындарында оқуды қалайды;
- 84% - оқуды қайтадан электрондық форма түрінде үйренгісі келеді;
- 38% - электрондық оқу формасымен салыстырғанда дәстүрлі түрдегі форманы қалайды;
2009 жылдың тамызынан бастап, Калифорнияда (АҚШ) қағаз оқулықтарынан бас тартуға дейін әрекеттер жүргізілген. Онлайн – оқулықтары тексеруден өткізіліп, стандарттарға сәйкес келген. Сондықтан бұл мемлекетте баспа түріндегі оқулықтар шығарылмайтын болған. Осыған орай экономикалық үнем $350 миллионға дейін артқан.
E - learning корпоративті практикаларды дәстүрлі формадан CD - ROM - ға программалық қамтамасыз етуді қолданумен алмастырылып келеді және де көптеген сарапшылардың бағалауы бойынша 2004 жылға АҚШ пен Батыс Еуропада нарықта электрондық оқыту формасының мәні жоғары болған. Диаграммада IDC компаниясының сараптамалық болжамдары бойынша электрондық әдістердің көлемі 1999 жылғы 38 %- дан салыстырмалы түрде жалпы көлемі 63%- ға дейін жоғарылағандығы анықталып отыр.
E - learning – Финляндияда, Ирландияда, Оңтүстік Кореяда білімді жаңарту және экономикалық өсудің негізгі құралы болды.
E - learning жүйесімен жұмыс жасау бірнеше негізгі компоненттерден тұрады:
- Мектепті басқару жүйесі (SMS);
- Сыныпты басқару жүйесі (CRMS);
- Оқу үрдісін басқару жүйесі(LMS);
- Тестілеуді басқару жүйесі (TMS);
- Пәндер бойынша электрондық әдістемелік жүйелер (MMS);
- Электрондық психологиялық – мониторингтік жүйе (MPsMS);
- Ақпараттық - анықтамалық жүйе(IMS).
145.Информационная инфраструктура электронного обучения.
146.Электронды оқыту: архитектурасы, құрамы және платформасы. Электронды оқытудың негізгі модельдері.
147.Электронды оқулықтар. Арақашықтықтан оқыту жүйесі. Электронды оқытудың форматтарын жүзеге асыру.
Электронды оқулық дегеніміз — мультимедиялық оқулық, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.
Электронды оқыту бейне, аудио, мультимедиа технологиясы мен олардың әр түрлі комбинацияларын енгізуге байланысты болып отыр.
Электронды оқытудың негізгі мәселелері ақпараттық-коммуникативтік технология негізінде ақпараттық білім беру ортасын құру және оны тиімді пайдалану болып табылады.
Электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады; гипермәтіндік түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уақытты үнемдейді; белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады.
Электронды оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: "Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту". Білім берудің кез келген саласында "Электрондық оқулыкгарды" пайдалану окушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана коймай ойлау жүйесін калыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Кәсіби дамуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті маман өзінің негізгі қызметінен үзілмей жаңа білім алу жолдарын іздестіреді. Ал жоғары оқу орындары мамандарға қойылатын талаптардың өсуіне байланысты оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іздестіреді, білім беруге жаңа технологиялар енгізеді. Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту.
Қашықтықтан оқу – жұмыстан қол үзбей қолайлы уақытта кез келген жерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен оқу.
Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытудың 2 технологиясы пайдаланады:
1 - желілік технология – Интернет арқылы оқу. Университеттің білім беру порталында студенттер электрондық курстарға тіркеледі, ондағы бар материалды дәрістер және басқа оқу қорлары бойынша оқиды. Сосын автоматты түрде тестіленеді немесе тапсырмалар орындайды. Оқытушы, тапсырманы тексеріп, пікір жазып, баға қояды.
2 - кейстік технология, студентке оқу-әдістемелік кейс, яғни семестрге барлық материалдар мен тапсырмалар беріледі, ол тапсырмаларды орындап, график бойынша оқытушыға жіберіп отырады.
Сонымен, қашықтықтан оқыту технологиясы студенттердің тьютор (оқытушы-кеңесші) басқаруымен дербес оқуына негізделген. Семестр бойы кесте бойынша онлайн режимінде кеңестер беріледі. Сонымен қоса, студенттер бетпе-бет кеңестер немесе электрондық пошта арқылы кеңестер алуына болады. Емтихандар алдында студенттермен аудиториялық сабақтар да жүргізіледі.
Қала студенттері, үйлеріне Интернет қосылмаса, көптеген университеттерде компьютерлік сыныптарында ақысыз оқи алады.
Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтары:
- Заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану
- Интерактивті әрекеттесу формалары
- Сапалы білім алу
- Уақытты үнемдеу
- Ыңғайлы уақытта оқу
- Территориялық шектеулер жоқ
- Денсаулық күйі бойынша шектеулер жоқ.
Ал, бүгінгі күні еліміздің барлық жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқыту технологиясы енгізілген. Өзіңіз қалаған университеттің сайтына кіріп бұл туралы мәліметті алуыңызға болады.
148.«Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің» тұжырымдамасы.
Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде бірінші медициналық-санитарлық көмек ( Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде бірінші медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі – БМСК) жүйесін жетілдіру мен одан әрі дамытуға басымдыққа ие маңыз беріледі. Денсаулық сақтаудың Бірыңғай ұлттық жүйесін енгізудің екінші кезеңін іске асыру мақсатымен 2014 жылдың қаңтарынан бастап саланы реформалау бірінші медициналық-санитарлық көмекке қайта бағдарланды. БМСК-ті қайта құру олардың жүзеге асырылуына жүйелік тәсілді талап ететін құқықтық, қаржылық және ұйымдастыру турасындағы реформалармен байланысты. Бұл БМСК ұйымдарының басшыларынан басқарудың инновациялық әдістерін пайдалануды талап етеді. Денсаулық сақтауды ақпараттандыру – серпінді дамушы және перспективалық бағыттардың бірі. Денсаулық сақтаудың Бірыңғай ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ДСБАЖ) енгізумен халық пен медициналық қызметкерлер бірқатар артықшылықтарға ие болды: медициналық ақпараттың пациенттен кейінгі іле-шала қозғалысы; медициналық ұйымды еркін таңдау; тұрғылықты жеріне қарамастан медициналық көмекке теңдей қолжетімділік. Бүгінгі күні емханаларда электрондық денсаулық сақтаудың бірқатар ақпараттық жүйелері пайдаланылады, олармен жұмыс істеу менеджерлерге жедел ақпарат алуға және өз уақытында басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. 2014 жылдан бастап БМСК ұйымдарын қаржыландыру жүйесі өзгертілді. Осыған байланысты электрондық денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінде (бұдан әрі – АЖ) және бұл жүйелердің БМСК ұйымдарының деңгейіндегі жұмысында бірқатар өзгерістер енгізілді. «Ресурстарды басқару жүйесі» (бұдан әрі – РБЖ) – бұл денсаулық сақтау ұйымының заманауи ақпараттық технологияларды қолдану негізінде саланың материалдық, кадрлық және ақпараттық ресурстарын басқару бөлігіндегі қызметін жоспарлау, мониторинг, есепке алу мен талдау жөніндегі міндеттерін автоматтандыру. РБЖ құрудың негізгі мақсаты мәліметтерді енгізуді форматтық-логикалық бақылау негізінде ақпараттың растығы мен өзектілігін, межелес және сыртқы жүйелердің мәліметтерін жүйелі автоматтандырылған пайдалануды қамтамасыз ету; ақпараттың талап етілетін форматтарға ішкі сәйкестігін, оның сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. РБЖ-не енгізілген ақпарат басқа ақпараттық жүйелердің жұмысы үшін негіз болып табылады. Бұрыс жүргізу кезінде ұйымның аталуы, заңдық мәртебесі, мекенжайы, ұйымдық құрылымы, персоналы жөнінде өзекті емес мәліметтер алу тәуекелі орын алады.
149.Медициналық ақпараттық жүйелер. Құрамы. Қызметі. Қолданылуы.
Медицина-статистикалық ақпараттық жүйе
Медицина-статистикалық ақпараттық жүйесін құру мақсаты - барлық деңгейдегі медициналық мекемелердің және денсаулық сақтаудың басқару мүшелерінің қызмет тиімділігінің жоғарлауы болып табылады. Медицина-статистикалық ақпараттық жүйесі медициналық мекемелерге емделушілер үндеулерінің жекеленген есепке алудың автоматтандыруын өткізеді. Сонымен, медицина-статистикалық ақпараттық жүйе медициналық мекемелердің қызметін медициналық көмектің келесі негізгі түрлері бойынша автоматтандырады:
- жедел жәрдем;
- амбулаторлы- емханалық көмек;
- стационарлық көмек.
Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің және денсаулық сақтаудың ақпараттандыру орталығының өндірушілерімен көрсетілген көрсеткіштер бойынша,
медицина-статистикалық ақпараттық жүйесі көптеген аса маңызды есептерді шешеді:
- науқас жайлы біріншілік жекеленген ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу,
- денсаулық сақтау мекемелеріне науқастар үндеулерінің жиілігі,
- сырқаттанушылықты анықтау және әрбір науқасқа көрсетілген медициналық көмектер тізімін талдау,
- ем-диагностикалық шараларды өткізу,
- науқасты емдеу барысында медициналық мекемелерде дәрілік заттар айналымын талдау;
- профилактикалық шараларды орындау мониторингі мен жоспарлауды қолдау.
Өндірушілердің айтуы бойынша, осы бiртұтас деректер қорындағы ақпарат тікелей пайда болған жерден, яғни, жүйе пайдаланушысының әрбір жұмыс орнынан түседі. Әртүрлі деңгейдегі пайдаланушылар, жүйеде көрсетілген қол жеткізу құқықтарымен сәйкестікте бiртұтас деректер қорындағы ақпаратқа рұқсат алады.
Емханалар үшін медицина-статистикалық ақпараттық жүйесінің пайдасы жайлы айтсақ, ол келесі нормативтердің орындалуын қадағалайтынын атап айтқан жөн:
- медициналық мекемелерге науқастарды бекітуге сұраныстарды тіркеу;
- қызмет көрсету аймақтары бойынша дәрігерлерді бекіту;
- қабылдауға жазылу;
- ауруханаға жатуға, зерттеуден өтуге және ем алуға бағыттау;
- үйге дәрiгердiң шақыруын тiркеу.
Яғни, медициналық қызметкерлердің күнделікті жұмысында медицина-статистикалық ақпараттық жүйесінің рөлі үлкен екендігін көріп отырмыз, ол дәрігерлердің, медбикелердің және тіркеу бөлімінің барлық функционалды міндеттерін қамтиды. Осы себептен медицина-статистикалық ақпараттық жүйесінің мәнін асыра бағалау қиын.
Астана және Алматы қаласындағы барлық емханалары, стационарлар мен перзентханалары осы жылдан бастап, бұл бағдарламамен жұмыс істейді. Жүйеге енгізілген барлық ақпарат медициналық ақпараттық-аналитикалық орталыққа кетеді, одан Денсаулық сақтау Министрлігіне түседі. Осылай, екі қаланың медициналық мекемелерімен жүргізілетін жұмысы жайлы көрсеткіштерді жинау және өндеудің нақты құрылымы көрсетілген.


Приложенные файлы

  • docx 17643269
    Размер файла: 2 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий