Otarov_obzh


1.Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі(ТӘҚ) пәні,мақсаты,мәселелері,міндеттері. Пән бойынша негізгі түсініктер.ТӘҚ-адамның ТЖ кезіндегі өмір сүру ортасы мен қауіпсіз қарым-қатынастардың, шаруашылық объектілердің жұмыс істеу әдістері. Табиғи ж/е техногендік сипаттағы ТЖ ескерту мен салдарын жою ж/е осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану мәселелерін зерттейді.Пәннің негізгі мәселері: 1) тіршілік ортасының ахуалы мен жағымсыз факторлары; 2) адамның тіршілік ортасымен жұмыс қамтамасыздандыру принциптері,физиология негіздері ж/е оның қызметінің қалыпты жағдайлары;3)жарақаттану,залалды ж/е зақымдағыш факторлардың адамға әсерінің анотомиялық-физиологиялық факторлары,оларды үйлестіру принциптері,техникалық құралдар мен техникалық процесстердің қауіпсіздігін арттыру;4)шаруашылық объектілерін ТЖ жұмыс істеу тұрақтылығын зерттеу әдістері;5)ТЖ мен оның салдарын болжау;6)ТЖ халықпен шаруашылық объектілермен өндірістік қызметкерлердің қауіпсіздігін қорғау ж/е ТЖ салдарын жою жөніндегі шараларды әзірлеу;7) ТӘҚ нормативтік,техникалық,ұйымдықнегіздері.Пәннің негізгі түсініктері: 1)Тіршілік қуаіпсіздігі-адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасын,ТЖ ескерту мен жоюға бағытталған шаралар кешені; 2) Азаматтық қорғаныс(АҚ)- бұл басқару органдардың мемлекеттік жүйесі.3)шаруашылық объектілері-өнеркәсіптік,ауыл шаруашылық өндірісі ж/е қоғам қызметінің басқа салалары мүдделеріне пайдаланылатын ережелер мен нормалар негізінде іс-әрекет ететін адамдар ұжымы.4) Ұйым-ортақ бағдарлама н/е мақсатты түрде бірігіп жүзеге асырушы ж/е белгіленген ережелер мен нормалар негізінде әрекет ететін адамдар тобы.
2.АҚ қызметі,оның құрылымы,құрамына кіретін аумақтық органдар. АҚ-ты ұйымдастыру мен жүргізу мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі.Оның қорғаныс шараларының құрамдас бөлігі.ҚР АҚ саласына жалпы басшылықты ҚР Прьемер Министрі жүргізеді.Ол еліміз бойынша АҚ бастығы болып саналады.АҚ саласы құрамына Орталық аппараттан басқа аумақтық органдар кіреді:1) обл-қ басқармалар инспекциялары;2)қалалық басұармалар;3)Біліктілікті көтеретін респ-қ курстар;4)Респ-қ дағдарысорталығы;5)респ-қ ақпараттық-техникалық орталығы;6)хим-радиациялық лабораториялар;7)обл-қ жқо;8)респ-қ құтқару отрядтары;9)аймақтық аэро-мобильдік отрядтар;10)АҚ әскери бөлімшелері;11)мем-к өрттен қорғау қызметінің бөлімшелері;12)ҚазСелДен респ-қ кәсіпорны.
3.АҚ-ты ұйымдастыру принциптері мен тәртіптері: еліміз бойынша тұрақты түрде ТЖ жөніндегі ведмоствоаралық мем-к комиссия жұмвс жасайды.Оның негізгі мақсаты ТЖ ескерту; іс-әрекеттер жүйесін құру, оны дамыту ж/е табиғи техногенді сипаттар мен ТЖ сақтандыру механикалық зардаптарын жою жұмыстарын үйлестіру ж/е бақылау.АҚ республиканың бүкіл аумағында аймақтық өндірістік принцип бойынша ұйымдастырылады.ТЖ туралы халық пен ұйымдарға хабарлау нақты ж/е шұғыл беріледі.Бейбіт уақытта(зіл зала,авария ж/е апат қаупі төнген н/е болған жағдайда) ж/е жау шабуылы қаупі кезінде төнген қауіп туралы халыққа дер кезінде ж/е сенімді түрде хабарлауды, элекртрлі хабарларды,өндірістік гудоктарды ескрту, дабылдарды қолдана отырып жеткізеді.
4.АҚ-тың маңызы мен міндеттері. ҚР АҚ халықты ел экономикасын осы заманғы құралдарын зақымдағанфакторларынан, сондай ақ зіл залада,ірі авария мен апаттан қорғау мақсатында жалпы мемл-к шаралардың құрамдас бөлігі болып саналады.АҚ елдің саяси жағдайын шекаралас мемлекеттермен, алып державалармен саяси қарым-қатынас ахуалын экономиканың даму деңгейін әскери факторларын, әскери іс саласындағы мемл-к саясатын анықтайды.АҚ ТЖ халықтың тіршілігін ұйымдастыру үшін бірінші кезекегі міндет жүктеледі.Ол арнайы заңмен бкіледі.Заң талаптарын орындау барлығы үшін міндетті.
5.АҚ-ты ұйымдастырудың принциптік схемасы,заңдық ж/е құқықтық негіздері.
6.өнеркәсіп салаларындағы қауіпті(ҚӨФ) ж/е зиянды(ЗӨФ) өндірістік факторлар туралы түсінік,олардың түрлері. ЗӨФ-оның әсерінен қызметкердің сырқаттанып н/е еңбек қабілеттілігінің төмендеуіне ұрындыратын өндірістік фактор түрлері.ҚӨФ-оның әсерінен қызметкердің уақытша н/е тұрақты еңбек қабілеттілігінен айырылуы н/е өлім жағдайына ұрынуы мүмкін болатын өнд фвктор түрлері.ЗӨФ ж/е ҚӨФ түрлері: хим фактор-организмге жағымсыз әсер ететін улы заттардан пайда болады;физ фактор- бұған себеп болатындар шу,вибрация,иондаушы ж/е иондаушы емес сәулеленулер,климаттық параметрлер(ауа температурасы,ылғалдылығы,қозғалысы),атмосфералық қысым,жарықтандыру деңгейі,фиброгенді шаңдар;биологиялық факторды туындататындар-потогенді микроорганизмдер,микробтфы препараттар,биологиялық пистициттер,сапрофитті тұқым түзуші микрофиора ж/е микробиологиялық препараттарды дайындайтын микроорганизмдер.
7.Еңбек туралы ұғым.Организмге қойылатын физиологиялық талаптарына байланысты еңбек формалары.8.Физикалық еңбек,конвейерлі еңбек,еңбектің механикаландырылған ж/е автоматтандырылған формалары,олардың сипаттамалары.9.Еңбектің интелектуалды формалары,оардың сипатты ерекшеліктері мен түрлері.Гипокинезия.Еңбек адамның тіршілік етуінің қоғамның экономикалық-әлеуметтік ж/е руханидамуының бастапқы негізгі ж/е үздіксіз шарты болып саналады. Организмге қойылатын физиологиялық талаптарына байланысты еңбек формалары: физ еңбек- мұнда көп энергиялық шығындармен байланысты айтарлықтай бұлшық ет белсенділігі қажет етіліеді.бұған жүк тиеуші,ұста кәсіптері жатады, тәулігіне 4000-6000 ккал;еңбектің механикаландырылған формалары-олар әртүрлі станоктар мен машиналарды қолдану арқылы жүргізіледі.мысалы токарь еңбегі(3000-4000ккал);автоматтандырылған ж/е жартылай автоматтандырылған еңбек-бұл тігіншінің,баспагердің еңбегі.Кейбір жағдайларда едәуір энергия шығынын қажет етеді,мысалы үлкен алаңда бірнеше сианоктармен жұмыс жасағанда;конвейерлі н/е топтық еңбек-мұнда өндірілетін өнім өңдеу барысында бір жұмысшыдан екішісіне жылжытып отырады.Еңбектің бұл формасы тиесілі берілген ырғақ пен қарқынды ұстап тұруды талап етеді.мұнда монотония(ми қабыршағының іс-әрекетінде тежелу процестерінің басым болуы) байқалады.ол адамды шаршатады;еңбектің интелектуалды формалары: а)материалдық-өндірістік кәсіптер-инженер,есепшілер,мастерлер жатады.Бұл топтың ішінде оператор мамандығын ерекше жіктеу керек.Себебі олардың еңбегі листанциялық басқарумен байланысты,бұл аз уақыт ішінде жылдам шешімдер қабылдаудыкерек етеді;б)материалдық-өндірістік саласына жатпайтындар-мұғалімдер,жазушылар,әртістер еңбегі.еңбектің бұл түрінде есте сақтау ж/е ықылас қызметтері жүктемеде болады.стресс жағдайлары көп кездеседі.Гипокинезия-бұл организмнің реактивтілігін төмендететін ж/е эмоциялық күштемені арттыратын адамның қимыл қозғалыс белсенділігінің айтарлықтай төменделуі.Ол өндірістік жағымсызфактор болып саналады.
10.Жұмыс барысында организмдерде болатын физиолгиялық өзгерістер:кез келген еңбектің іс әрекет организмнің барлық мүшелері мен жүйелерін қамтитын күрделі физиологиялық процесстер кешені болып саналады.Бұл іс әрекетте басты қызметті орталық нерв жүйесіатқарады.Ол жұмыс атқару кезіндегі организмде болатын функционалдық өзгерістердің үйлесімділігін қамтамасыз етеді.Еңбектік іс әрекет адам организміне шаршау,қажу,зорығу түрінде физиологиялық өзгерістер туындатады.
11.Қажу мен зорығу.Ерекше физиологиялық процесс ретінде пайда болуы негіздері,белгілері.Қажу барысында жұмыс қабілеттіліктің(ЖҚ) өзгеру сызығы.Оны анықтау көрсеткіштері.Қажу(утомление)-жұмыс атқарғаннан кейін пайда болатын ж/е еңбек қабілетттіліктің уақытша төмендеуәмен байқалатын организмнің ерекше физиологиялық түрі.Қажудың объективті белгісі еңбек өнімділігінің азаюы,ал субъективті белгісі қатты шаршау,тіпті жұмыс жалғастырудың мүмкін болмауы.Қажу тез ж/е баяу түрде жүреді.Қажу қайтарымды физиологиялық процесс.Ол сандық ж/е сапалық нашарлауымен сипатталатын жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі.Жұмыстың бастапқы 30-90мин кезеңінде ЖҚ деңгейі жоғары болады.Одан кейінгі 90-180мин аралығында ЖҚ деңгейі тұрақты болады.Мұнан кейін жұмыс аусымының 1жарт соңында түскі асқа үзіліс кезінде,аусым соңында шаршау белгілері пайда болады.Адамның ЖҚ жоғары ж/е тұрақты болуы 8:00ден 20:00ге дейінгі аралықта, ал ең төменгі деңгейі 01:00ден 04:00 дейінгі аралықта болады.Зорығу(переутомления)-мұнда жоғалған ЖҚ келесі аусымның басталуына дейін қалпына келмейді.Зорығудың пайда болуының негізігсебебі жұмыстың ауырлығы мен ұзақтығының демалыс уақытымен сәйкес келмейтіндігі.Симптомары:нервтық психикалық ауықулар;ықылас пен есте сақтау нашарлауы,нервостения мен истерия дамиды.
12.Радиациялық қауіп.Радиоактивтілік.Радиоактивті сәулену түрлері.
13.Иондаушы сәулелену– затпен әсерлесуі кезінде бұл затта белгісі басқа иондардың түзілуіне әкелетін сәулелену. Иондаушы сәулелену зарядталған және зарядталмаған бөлшектерден, сонымен қатар фотондардан құралады. Иондаушы сәулеленудің энергиясын жүйеден тыс электрон-вольт (эВ) бірліктермен өлшейді. 1 эВ = 1×10-18 Джоуль (Дж). Еселік бірліктерді қолданады: килоэлектрон-вольт (кэВ), 1 кэВ = 1×103 эВ, менаэлектрон-вольт (МэВ), 1 МэВ = 1×106 эВ. Ультракүлгінсәулелену мен көрінетін жарық иондаушы сәулеленулерге жатпайды. 
Иондағыш радиация-РАДИОНУКЛИД –бұл элементтердің электрондарды атомдардан шығарып, оларды басқа атомдарға оң және теріс йондар жұбын түзуімен қосаға қабілетті радиобелсенді сәулелену шығаратын изотоптары. Мұндай сәулеленуді иондаушы деп атайды.
14.Аумақтың радиоактивті ластануы.Радиациялық авария.Радиациялық авармяның салдары мен негізгізақымдаушы факторлары.Аумақтың радиоактивті ластануы радиоактивті заттың шектен тыс (көлөмді) тығыздығымен сипатталады және ауадан (көлем) бірлігіне орайлас радионуклид белсенділігімөн өлшенеді.Радиоактивті ластанудың нәтижесінде шаруашылық айналымынан өнеркәсіп кәсіпорындары, инфрақүрылым элементтері, түрғын үй, әлеуметтүрмыс объектілері, ауылшаруашылығы мен орман алқаптары, суаттар мен жер асты су көздері, әр түрлі табиғат объектілері бар бірқатар аумақ шығарылады.Радиациялық авария - радиоактивті өнімдөрдің тасталуына немесе иондаушы сәулеленудің РҚО аумағын қалыпты пайдалануға арналған жобада қарастырылғандағыдан артық мөлшерде шығуына байланысты болған авария. Радиациялық аварияның салдары олардың зақымдаушы факторларына байланысты. Радиациялық авариялардың негізгі зақымдаушы факторлары радиациялық әсер және радиоактивті ластану болып табылады. Авариялар жарылыстар мен өрттерді тудыруы мүмкін. Ядролық реакторы бүзылған атом станцияларын-дағы авариялар өте ауыр салдарға алып келеді. Радиациялық авариялардың салдары негізінен радиациялық әсер және радиоактивті ластанудың көлемімен және деңгейімен, сондай-ақ радионуклид қүрамымен және тасталған радиоактивті зат мөлшерімен бағаланады. Авария барысында және одан кейін оның салдарының деңгейі мен үзақтығына, сондай-ақ радиациялық ахуалға мыналар айтарлықтай ықпал етеді: -радиоактивті заттардың табиғи ыдырауы, осы заттардың қоршаған ортаға таралуы; -метеорологиялық және климаттық факторлар -авария салдарын жою жөніндегі жүмыс нәтижелілігі, оның ішінде дезактивация мен суды қорғау шығарылады.
15. Сәуле ауруы. Бұл иондаушы сәуле әсерінен организмнің зақымдануынан болатын аурудың ерекше түрі. Сәуле ауруы төртдәрежеге бөлінеді: бірінші дәреже 200 «Р» дозасын алғанда пайда болады, екінші дәрежелі сәуле ауруы ағза 300—400 «Р» сәуле дозасын алса, үшінші дәрежелі ауру — 500—600 «Р» дозасында және төртінші, ең ауыр дәрежесі 600 «Р» дозасынан асқанда сәуле ауруына душар етеді. Сәуле ауруы дамуының төрт кезеңі бар.Біріншіі кезең — алғашқы реакция кезеңі — алынған сәуле дозасына байланысты орталық нерв жүрек-қан тамыр жүйелерініңқызметтері өзгеруімен қатар, қан қүрамында уақытша ақ түйіршіктер көбейіп, СОЭ арта түседі. Өте көп иондаушы сәуленің дозасы шок туғызып, соның салдарынан адам есін жимай өліп кетуі мүмкін. Аурудың алғашқы белгісі 1—2 сағаттан соң байқалып 48 сағатқа дейін созылады. Содан соң екінші сәуле ауруы кезеңі басталады.Екінші кезең — аурудың білінбейтін кезеңі — екі аптаға дейін созылады. Клиникалық көрініс азды-көпті жөнделіп қан құрамы қалпына келеді.Үшінші кезең тұсында —- адамның жалпы жағдайы әлсірейді, қанталауы айқындалып, сүйек майының қан түзетін қызметі төмендейді. Ауру асқынғанда ішек-қарын жолы ағзаларының қызметі де ерекше зақымдалады: лоқсу, құсу жиіленеді. Ауыз қуыс кілегей қабығында желіну, жара және ісік пайда болады. Ішкі бездер қызметі тәмендеп, ағзаның реакция туғызу қабілеті нашарлайды. Жалпы әлсіздік басталып, инфекция ошақтарының белсенділігі артады.Төртінші кезеңде — алынған сәуле дозасы онша көп болмаса, ағза айыға бастайды. Болмаса сырқаттың созылмалы түріне ауысады.
16.Қатты әсер ететін улы заттар.Олардың әсер етуі бойынша негізгі топтары.17.Улағыш заттар.Улық әсерінің сипаты бойынша жікелуі,топтары. Улағыш заттар (УЗ) химиялық қарудың негізін қүрайды. Химиялық қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану ошағыдеп аталады. УЗ зақымдау әсерінің белгілі ерекшеліктері бар. Олар қысқа мерзімде адамдар мен малдарды жаппай зақымдандыруы мүмкін. УЗ тек аумақты ғана емес, сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да зақымдайды. Бу (газ) тәріздес күйде, түман түрінде УЗ ғимараттарға, қымталмаған қорғаныс панаханаларына еніп, адамдарды зақымдайды. УЗ зақымдағыш әсерін бірнеше сағат, тәулік, апта бойында сақтайды. УЗ тыныс алу органдары арқылы, тері ұлпалары мен кілегейлі қабықтар арқылы, сондай-ақ УЗ-мен зақымданған тамақ пен су арқылы асқазан-ішек жолдарымен организмге өткен кезде адамдарды зақымдайды. Осы заманғы УЗ организмге тек терінің зақымдалған бөліктері арқылы ғана емес, сондай-ақ киім арқылы да зақымдауға қабілетті. Зақымдау әсерінің өткірлігі, уланудың жылдам және ауырлануы организмге түскен УЗ-ның улағыш қасиеттері мөн санына, УЗ-ның түсу жолдарына, оны қолдану әдістері мен құралдарына, метеорологиялық жағдайларға, сондай-ақ организмнің жәй-күйіне байланысты. Зілзала, өндірістік авариялар болған уақытта, осы заманғы зақымдау қүралдары қолданылған кезде химиялық зақымдау ошақтары қатты әсер ететін улы заттардың (УЗ) ыдыстарының қирауы нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Улағыш заттардың жіктелісі Барлық УЗ организмге улылық әсерінің сипаты бойынша мынадай топтарға бөлінеді: ♦ жүйкені жансыздандыратын УЗ - фосфорорганикалық заттар (ФОЗ) тобы - зарин, зоман, V - газдар; ♦ жалпы улағыш әсері бар УЗ - көгілдір қышқылы, хлорциан; ♦ терінің қүрысуына әсер ететін УЗ - иприт, люизит; ♦ түншықтырғыштық әсердегі УЗ - фосген, дифосген; ♦ көздің жасын ағызатын және тітіргендігіштік әсері бар УЗ - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ (си-эс); ♦ психохимиялық әсер ететін УЗ - ДЛК және В2 (би-зет) лизергин қышқылының диэтиламиді;  УЗ төзімділігі бойынша төзімді және төзімді емес болып бөлінеді. Төзімді УЗ-ға иприт, заман, V - газдар жатады, олар жерді бірнеше сағаттан бастап бірнеше тәуліктерге дейін, кейде тіпті айлар бойы зақымдайды. Төзімді емес УЗ-ға зақымдағыш әсері бірнеше минуттан бір сағаттқа дейін созылатын заттар жатады (көгілдір қышқылы, фосген). 
18.Улағыш заттардың әсерін анықтау уақытына байланысты жіктелуі,топтары. Улылық әсерін анықтау уақытына байланысты жылдам әсер ететін УЗ (зарин, зоман, V -газдар, көгілдір қышқылы) және баяу әсер ететін УЗ болып бөлінеді (иприт, фосген).УЗ улылық жіктелісі бойынша былай бөлінеді:♦ өлімге ұшырататын — (зарин, зоман, V — газдар, көгілдірқышқылы, иприт, люизит, фосген);♦ уақытша есті тандыратын — ДЛК, В2;♦ тітіркендіретін — хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ.УЗ төзімділігі бойынша төзімді және төзімді емес болып бөлінеді. Төзімді УЗ-ға иприт, заман, V — газдар жатады, олар жерді бірнеше сағаттан бастап бірнеше тәуліктерге дейін, кейде тіпті айлар бойы зақымдайды. Төзімді емес УЗ-ға зақымдағыш әсері бірнеше минуттан бір сағаттқа дейін созылатын заттар жатады (көгілдір қышқылы, фосген).
19. Техносфера – бұл адамдардың аспаптық және техникалық өндірістік қызметінің әсерінде болатын және осы қызмет өнімдері алып жататын планетарлық кеңістік.Экологиялық көзқарастан бұл эволюцияның уақыт бойынша соңғы кезеңі, ол адамның қызметімен қамтамасыз етілген және Жер табиғатына ақырында, биосфераның тепе-тең жұмыс істеуін және биотикалық айналымның тұйықталғандығын өзгертетін және бұзатын заттар, күштер және процестер.Антропогенді әсер күшті геологиялық және геохимиялық фактор болып табылады.Л.Г. Бондарев (1997, 1999 жж.) техносфераны бірнеше қосалқы жүйелерге – субсфераларға бөледі:
- «А» субсферасы – адамзат еңбегінің барлық өнімдері мен туындылары;
- «Т-1» субсферасы – отынның барлық түрлері;
- «Т-2» субсферасы – техногенді рельеф элементтері: карьерлер, шахталар, арналар, үйінділер, плотиналар және т.с.с.;
- «П» субсферасы - тамақ, соның ішінде тікелей бақыланатын және адаммен пайдаланылатын өсімдіктер және жануарлар;
- «О» субсферасы - қалдықтар.
Техносфера затында мұндай бөлуден басқа, техникалық затты – өндіріс құралдарының активті жұмыс істейтін бөлігін, яғни қолданыстағы құрал-саймандардың, станоктардың, машиналардың, механизмдердің, аппараттар-дың, пеш оттықтарының, реакторлардың және т.с.с. жиынтығы. Ал техносфераның барлық қалған, активті емес массасын – үймереттерді, ғимараттарды, коммуникацияларды, алынған тау жыныстары мен қалдық-тардың жинақталуын және т.б. – техногенді зат ретінде белгілеуге болады.
Экологиялыө мәселелер.Адамның жер бетіндегі табиғатқа әсер ету ауқымдылығына байланысты адамзатты алаңдатып отырған экологиялық мәселелерді, негізінен, үш топқа бөледі:А)Ғаламдық экологиялық мәселелер — мұндай мәселелерді бүкіл адамзат біріге отырып шешуі тиіс. Оған атмосфераның, гидросфераның және литосфераныңғаламдық деңгейде ластануын атауға болады. Әр түрлі отын түрлерін пайдалану кезінде жыл сайын атмосфераға орта есеппен 20 млрд т-дай көмір қышқыл газыбөлінеді. Бұл ауа құрамында көмірқышқыл газының жинақтала түсуіне тікелей әсер етеді. Бұл жағдайлар климаттың жаппай жылынуына ықпал етеді. Жер бетіне түскен күн сәулелерінің бәрі де жерді қыздырады да, инфрақызыл сәуле жылу түрінде кері ғарыш кеңістігіне таралады. Кері шағылысқан бұл сәулелерді көмірқышқыл газы,метан, фреондар және т.б. газдар өздеріне сіңіреді де, температура көтеріледі. Күннің кері шағылысқан жылуын сіңіретін газдарды парниктік (жылыжайлық) газдар деп атайды. Парниктік газдардың атмосферада біртіндеп жинақталып, атмосферадағы жылу балансының өзреуін парниктік эффект деп атайды.Б)Аймақтық экологиялық мәселелер — жер бетіндегі ауқымды аймақтарды, яғни бірнеше мемлекеттердің аумағын қамтиды. Ондай экологиялық мәселелерді бірнеше мемлекет бірігіп шешуі тиіс. Мұндай экологиялық мәселелерге жыл құстарын және трансшекаралық су қорларын және т.б. табиғат байлықтарын қорғау жатады. Мысалы, бұған Каспий теңізін, Дунай және Ертіс өзендерін және т.б. қорғау мысал бола алады.В)Жергілікті экологиялық мәселелер — белгілі бір жергілікті шағын аумақтың табиғат байлықтарының жеке тобын немесе бір ғана түрін қорғаумен ерекшеленеді. Мұндай мәселелер жергілікті деңгейде (бір мемлекеттің өз ішінде) шешуді қажет етеді. Мысалы, Шарын шатқалындағы геологиялық замандардан сақталып келген шаған (ерен) тоғайын қорғау немесе Алакөлдегі реликті шағала (қара мойнақ шағала) түрін сақтап калу, Балқаш көлінің экологиялық жағдайы және т.б. атауға болады.Жоғарыда аталған экологиялық мәселелердің бәрі бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Өйткені кейде жергілікті мәселелер аймақтыққа, ал аймақтық мәселелер ғаламдық мәселелерге ауысып кетуі де мүмкін.
20. Қоршаған табиғи ортаның ластануы – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.
21.Жер шарының негізгі ластануыобъектілері.Атмосфераға бөлінетін негізгі ластаушы заттар.Атмосфералық ауаның әр түрлі зиянды заттармен былғануы, адамдар органының ауруына, оның ішінде тыныс мүшелерінің ауруына әкеліп соғады.Мысалы, түрлі түсті металлургияның кәсіпорындарының ауаға жіберетін зиянды заттары жүрек – тамыр ауруларының өсуіне, жүйкенің бұзылуына, қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әкеледі. Қара метал мен электр қуаты кәсіпорындарының ауаға шығаратын заттары өкпе ауруларына шалдықтырады. Химия өнеркәсібінің ауаға шығаратын зиянды заттары аллергияның, без және жыныс ауруларының пайда болуына әсер етеді.Атмосферада табиғи және антропогендік көздерден қосылатын әр түрлі қосындылыр әр кездерде де болады. Ондай табиғи қосындыларға шаңдар жатады, олар, негізінен, өсімдіктер түрлерінен, вулкандардан, эрозияға ұшыраған топырақтан, ғарыш шаңдарынан тұрады және өрт түтіндері, газдар да жатады.Атмосфераның ауасын ластайтын негізгі антропогендік көздер қатарына өнеркәсіп орындарының кейбір салалары, автокөлік, және жылу энергетикасы жатады. Қазақстанда тұрақты өнеркәсіп орындарының көздерінен атмосфераға жыл сайын (1995 ж – 3,1млн. г,1997 ж – 2,37; 1998 ж – 2,33) зиянды заттар шығады атмосфераға кететін зиянды қосындылардың жартысына жуығын энергетика, ал түсті металдар – 22,7%, қара металдар – 15,7% береді.Атмосфераға зиянды заттарды шығаруда автокөліктер үлкен орын алады.
22. Парникті эффект (жылу эффекті)Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен бөлініп, атмосферада жинақталатын көмір қышқыл газ (С02 ), көмірсутектер, яғни, метан (СН4), этан (С2Н6) және т.б. (жоғары концентрациясы болмаса бұл заттар жекелей аса қауіпті емес) газдары парникті эффектінің пайда болуына алып келеді. Парникті эффектінің механизмі қарапайым. Бұлтсыз ауа райы ашық кезде күн сәулелері Жер бетіне оңай жетіп топырақ, өсімдіктер жамылғысымен сіңіріледі. Жер беті қызған соң жылу энергиясын ұзын толқынды сәулелену түрінде атмосфераға қайта береді. Алайда бұл жылу энергиясы атмосферада шашырамай жоғарыда айтылған газдардың молекулаларымен сіңіріліп (С02 жылу энергиясының 18%-ын сіңіреді), молекулалардың қарқынды қозғалысына және температураның көтерілуіне алып келеді. Атмосфералық газдар (азот, оттегі, су парлары) жылу сәулелерін сіңірмей, керісінше оларды шашыратады. С02-нің концентрациясы жыл сайын 0,8-1,5 мг/кг-ға көтерілуде. Зерттеулер бойынша СО2-нің мөлшері ауада екі есе көбейсе, орташа температура 3°С-5°С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде климаттың ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттың орташа деңгейінің көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және басқа да жағымсыз жағдайларға алып келеді.
Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы.Атмосферадағы озонның мөлшері бар болғаны 0,004%-ды құрайды. Стратосферада (10-50 км биіктіктегі) қалыңдығы 2-4 мм-ді құрайтын қабат. Атмосферада электр зарядтарының, Күннің ультракүлгін радиацияларының әсерінен оттегінің молекуласынан (02) озон молекуласы (О3) түзіледі. Озон қабаты биосфераның жоғарғы шекарасы болып есептеледі. Одан жоғары орналасқан қабаттарда тіршілік нышаны білінбейді. Жер бетіндегі барлық организмдердің тіршілігіне қауіпті Күннің өте қысқа ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыруына (6500 есе) байланысты озон қабатын «қорғаныш қабаты» деп те атайды. Озон қабатының 50%-ға бұзылуы ультракүлгін радиацияларды 10 есеге көбейтеді. Озон қабатынан күннің ұзын толқынды ультракүлгін сәулелері (290-380 нм) өтіп кетеді. Біраз мөлшерде тіпті бұл сәулелер адам үшін пайдалы да: терімізді қарайтып күйдіреді, организмнің қорғаныштық қызметі артады. Тал түсте ультракүлгін сәулелердің концентрациясы көп болғандықтан, күнге күйіп қыздырыну процесін шаңқай түске дейін жүргізген жөн.Озоносфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға, тері ісік ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді. 1980 жылдары Антарктидадағы ғылыми жұмыс станцияларында жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының төмендегені байқалған. Осы құбылыс- «озон тесігі» деген атау алды. 
23.Атмосферадағы оттегі мәселесі. Қазіргі ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша, атмосферадағы оттегі түгелімен өсімдіктер фотосинтезі нәтижесінде жинақталған. Мысалы, құрылықтағы өсімдіктер жамылғысының фотосинтезі нәтижесінде атмосфераға жылына 280-320 млрд.тонна оттегі қосылады. Оның 80-85% мөлшері биосферадағы тірі организмдердің, соның ішінде адамдардың тыныс алуына жұмсалады екен, ал 10%-ы, яғни 28-32 млрд. тонна оттегі өндірісте, транспорттың барлық түрлерінде жағылады. Ал, өндіріс, транспорт, ауыл шаруашылығы қазіргі кездегідей қарқынмен дамитын болса, XXI- энергия алу үшін жанармайды жағу шектелмесе оттегінің мөлшері 21%-дан 8%-ға дейін азаюы мүмкін. Бұл сүтқоректі жануарларға өте зиянды құбылыс, олар жаппай қырылуы мүмкін.Атмосферадағы оттегі мөлшері 12% болғанда адам есінен танып құлайды. Яғни, бұл жағдай адамзат тіршілігіне де аса қауіпті. Адам баласына нан, ет, сүт, тағы басқа азық-түлік қаншалықты қажет болса, оттегі де өте керекті фактор. Бірақ, атмосферада оттегі әзірге жеткілікті болғандықтан оны дефицит, шектеуші фактор деп есептемейміз.Қоршаған ортаның ластануы адамның өмір сүру ұзақтығын қысқартады.Экологиялық қолайсыздықтардың әсерінен организмнің қорғану күші төмендеп көптеген патологиялық аурулардың пайда болуы мен асқынуына әкеп соғады. Мысалы, жүйке, қан айналыс жүйесінің, асқорыту мүшелерінің патологиясына ішетін су сапасының төмендігі, атмосфераның ауыр металдар мен мұнай өнімдері буымен ластануы едәуір әсер етеді. Қатерлі ісік ауруларының 75-80%-ы химиялық заттардың (асбест, полициклді көмірсулар, ауыр металдар) әсерінен пайда болады. Аяқ-қолдарының дамуы тежелген, мүшелері жетілмеген сәбилердің туылуы, өлі туу мен төтеннен іш тастаудың жиілігі ластанған ауадағы кейбір заттар мен дәрілік препараттарға да байланысты.
24.Атмосферадағы оттегі мәселесі.Қоршаған ортаның ластануының адам денсаулығыеа әсері.Атмосфералық ауаны ластаушылар — механикалық, химиялық, физикалық, және биологиялықболып бөлінеді.Механикалық ластаушылар — шаң, қоқыс. Олар органикалық отынды жақ қанда және құрылыс материалдарын дайындау процестері кезінде пайда болады. Мұндай ластану кезіндегі ең қауіптісі диаметрі 0,005 мм-ге дейінгі бөлшектер. Көптеген аурулар ауаның шаң болуымен байланысты: өкпе құрт ауруы (туберкулез), кеңірдектің аллергиялық аурулары және т.б. ауадағы шаңның жоғары конңентрациясы мұрынның шырышты қабығының жұмысын нашарлатады, мұрыннан қан кетеді.Химиялық ластаушылар — экожүйедегі концентрациясы нормадан жоғары немесе басқа жақтан енген заттар. Ауаның мейлінше ластануы өнеркәсіп қажеттілігі үшін отындарды жағу, үйлерді жылыту, транспорттардың жұмысы кезінде, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жағу, қайта өңдеу кезінде байқалады.Қоршаған орта өндірістік қалдықтар мен автокөлік түтіндерінен ластанғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы төмендеп, сол арқылы адамдардың денсаулығы зардап шегеді. Әсіресе минералды тынайтқыштар мен зиянкестерге қолданатын пестицидтер жеміс-жидек арқылы адам организміне нитрат ретінде түседі. Мерзімінен ерте піскен көкөністерде (қарбыз, Қауын, картоп, пияз, сәбіз және т.б.) нитраттар көп болады. Мысалы, мамыр айларында піскен көкөністерде көбіне зиянды заттардың шекті мөлшері 2-3 есеге артып түседі. Сондықтан ерте піскен көкөністерді пайдаланғанда сақ болған жөн.Физикалық ластаушылар — Бұл биосфераға техногендік себептерден түсетін энергияның артық көздері. Мысалы, жылу (атмосфераға қызған газдардың бөлінуі); жарық (жасанды жарықтың әсерінен табиғи жарықтың нашарлауы); шуыл (шуылдың мүмкін деңгейден артуы); электромагнитті (электр желісі, радио, теледидар); радиоактивті (атмосфера радиоактивті заттардың бөлінуі); озон бұзғыш (фреондардың атмосфераға бөлінуі).Қала үшін жағымсыз факторлардың бірі физикалық табиғаты әртүрлі дыбыс тербелісінен пайда болатын шуыл. Әдетте төменгі жиіліктегі автокөліктердің шуылы жоғары жиіліктегі шуылға қарағанда алысқа тарайды. Зерттеулер көрсеткендей, тіпті қысқа уақытты шуыл организмнің барлық жүйелеріне (әсіресе жүреқ- қан және жүйке жүйелеріне) жағымсыз әсер етеді. Биологиялық ластаушылар — экожүйеде бұрын болмаған немесе мөлшері қалыпты жағдайдан аспаған организмдер түрлері. Микрорганизмдермен ластануды бактериологиялық ластану деп атайды. Әсіресе кейбір елдердің қарулы күштерінің лабораторияларында жасалатын арнайы немесе кездейсоқ ауру тудырғыш микроорганизмдердің штаммдарымен атмосферанын ластануы өте қауіпті.Су – барынша шектеулі ресурс және оның көздерін иелену үшін күрес жер бетіндегі шиеленіс пен жанжалдар себептерінің бірі ретінде, қазірдің өзінде геосаясаттың аса маңызды факторына айналып отыр. Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір болып отыр. Бізге сапалы ауыз су жетіспейді. Бірқатар өңірлер оның зардабын қатты тартуда. Бұл проблеманың геосаяси астары да жоқ емес. Қазірдің өзінде біз трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалануда бірқатар мәселелермен бетпе-бет келдік. Аталған мәселенің күрделілігіне қарамастан, біз оны саясаттандыруға жол бермеуге тиіспіз деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев нақты міндет жүктеді.Қазіргі кезде су қоры көптеген бағыттарда жылдан-жылға мол мөлшерде пайдаланылуда. Ғалымдардың анықтауынша, дүние жүзінде тек өткен XX ғасырда халық саны 4 есе өссе, пайдаланылған су мөлшері 15 есе артып, 400 текше шақырымнан 6000 текше шақырымға жеткен. Осыған орай көптеген елдерде тұщы су тапшылығы үлкен проблемаға айналуда.ЮНЕСКО-ның кейінгі кездегі болжамы бойынша, 2030 жылға дейін әлем халықтарының жартысына жуығы тұщы су тапшылығына ұшырайтын болады. Қазірдің өзінде 900 миллион адам ауыз суға зәру болып отыр. Осындай қиындықты ескере келе БҰҰ ХХI ғасырды тұщы су дәуірі деп жариялады. Елбасы суды пайдаланудағы жетістіктер мен кемшіліктерге талдау жасай келе, сонда да болса республикамызда «…елеулі қоры бар жерасты суларын өндіру мен үнемді пайдаланудың ең озық технологияларын енгізу қажеттігін» көрсете отырып, өзі жариялап отырған Стратегиясында «2050 жылға қарай Қазақстан сумен қамтамасыз ету проблемасын түбегейлі шешуге тиісті» деген оң шешімге келді. Президентіміздің осы аса бағалы шешіміне біз сенеміз және қолдаймыз. Оны болашақта еліміздің жан-жақты дамуында мәні зор аса жауапты міндет деп түсінеміз.«Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген мерзімдерде қажетті су қоры (көбінесе жер қойнауында) жеткілікті, оны пайдалану мүмкіндіктері де бар. Қазіргі жетіспейтіні – соларды дер кезінде тиісті мөлшерде іске асыра алатындай білгір ғылыми-өндірістік мамандар, заманауи технологияны меңгеретін кадрлар мен керекті сапалы аспаптар, құрал-жабдықтар. Сондықтан, бұл жетіспеушілікті кешіктірмей жою шараларын іске асыру қажет.Топырақтың ластануы (Загрязнение почвы) — топырақта, әдетте, оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердің пайда болуы және енуі немесе аталған агенттердің концентрациясының қаралған мезгілде табиғи орташа жылдық деңгейінен асып түсуі. Топырақтың ластануының көптеген түрлері, соның ішінде радиоактивтік, микробтық және тағы басқа түрлері сараланады Топырақтың ластануы топырақ түзілу процесінің барысын өзгертеді (кейде оны тежейді), түсімді бірден азайтады, өсімдіктерде ластағыштардың (мысалы, ауыр металдардың) қорлануына себеп болады. Бұл ластағыштар адам организміне тікелей немесе жанама түрде түседі (өсімдіктекті немесе жануартекті азықтар арқылы). Топырақтың ластануы топырақтың ауру тудыратын және де басқа жағымсыз микроорганизмдерден өзін-өзі тазалауын төмендетуге әкеліп соғады. Мұның бәрі ауру қауіптілігін және микробиологиялық ластануды туғызады. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және қылау қоздырғыштары 2—3 тәулік бойына сақталса, ластағыштармен әлсіреген топырақтың өзін-өзі тазалай алмайтын кезінде дизентерия қоздырғыштары бірнеше ай, сүзек пен қылау қоздырғыштары бір жарым жылға дейін сақталады. Топырақтың ластануы кейде әр дәуір аумаққа жайылады.
25.Төтенше жағдайлардың түрлері.Дүлей зілзала
Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.Төтенше жағдай пайда болу жағынан –табиғи, техногенді, экологиялық, биологиялық, антропогендік, әлеуметтік және біріккен немесе қосылған болып бөлінеді.Дүлей зілзала – ТЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала.Ол адамға бағынышты емес табиғат күші әсерінен болатын жер сілкіністері,сел,су толқыны,сырма,қар көшкіні,дауылдар,дала және орман өрттері түрінде болады.Сипатты ерекшеліктері:1)Өзіне ғана тән пайда болу себептері,қозғаушы күші
2)Кең өріс алуы3)Қорш.ортаға айтарлықтай әсер етуі4)Адамға псих-қ әсер етуі
26. Төтенше жағдайлардың түрлері.АварияАвария-технологиялық процестердің бұзылуы , механизмдер мен жабдықтардың,ғимараттардың бүлінуі. Сиаптты ерекш:1)Кәсіпорынның ерекш2)Жарылыстар,өрттің шығуы,шахтаны су басуы түрінде болады.3)Ауаның газдалуы,улы заттардың қоршаған ортаға шығарылысы
27. Төтенше жағдайлардың түрлері.Апат.Апат – аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.Сипатты ерекшеліктері:1) Халықтың үлкен тобының тіршілік әрекетінің бұзылуы2)Адамның өліміне не өміріне қауіп төндіреді3)Едәуір экон және экол шығын тудырады.Апат - (гр. katastrophe - өзгеріс, төңкеріс).Табиғи-техногендік апаттардың жиілігі мен оны талдау негізінде келесідей түрлерін анықтауға болады:а)жер шарын шарпитын ,б)жаһандық, в)ұлттық,г)аймақтық,д)шағын (жергілікті),е)нысаналы апаттар.Табиғи-техногендік ортада апаттардың былайша жіктелуі оларды талдау әдістері мен жүйелерін және оларды болжау мен алдын алу бағытында жол сілтейді
28.Табиғи және жасанды апаттар.Түрлері бойынша барлық апат екі топқа бөлінеді: а) табиғи (олар табиғи және стихиялық зілзала) б)жасанды (антропонгендік, яғни адамдық факторлардан туындайды).Табиғи апаттар:1. Метеорологиялық (боран, дауыл, циклон, қарақұйын, қатты ыстық, құрғақшалық, аяз, найзағайдан болған өрт). 2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған өрт, жер сілкінісі).  3. Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың құлауы, су басу). 4. Космостық (метеориттердің және басқа космостық денелердің құлауы, олармен соқтығысуы).Жасанды апаттар:1.Көліктік (космостық, авиациялық, автомобильдік, теңіз, өзен, темір жол). 2. Өндірістік (радиациялық, химиялық, термикалық). 3. Спецификалық (ерекше жағдайдағы: бактериологиялық, эпидемиологиялық) 4. Әлеуметтік (соғыс, аштық, қоғамдық және ұлттық тәртіпсіздіктер, лаңкестік, маскүнемдік, нашақорлық, т.б.
29. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын төтенше жағдайлар.Табиғи төтенше жағдайларға: а) геофизикалық қауіпті құбылыстар б) геологиялық қауіпті құбылыстар в)метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар г) теңіздегі гидрологиядық қауіпті құбылыстар д)гидрологиядық қауіпті құбылыстар е)табиғи өрттер ж)адамдардың жұқпалы ауруға шалдығуы з) ауылшаруышылық малдардың жұқпалы ауруға шалдығуы и) ауылшаруашылық өсімдіктердің ауруға және зиянкестерге шалдығу жатады.
30. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдай.Техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға: а)өндірістік б)транспорттық авариялар - өрттер в)ҚӘУЗ тасталуымен авариялар г)РЗ тасталуымен авариялар д)БҚЗ тасталуымен авариялар е)ғимараттардың кенеттен құлауы ж) электр-энергетиқалық жүйелердегі З)коммуналдық тіршілікті қамсыздандыру желілердегі авариялар И) тазартқыш құрылыстардағы авариялар К)гидродинамикалық авариялар жатады.
31. Жанжалды сипаттағы төтенше жағдайларға: а) қарулы шабуыл б)кейбір аймақтардағы толқулар В)соғыс уақыттағы әскери әрекетерде қазіргі зақымдау тәсілдерді қолдану жатады.
32.Төтенше жағдай пайда болу жағынан – экологиялық, биологиялық, антропогендік, әлеуметтік,антропогенді,локальді,объектілік,жергілікті,ұлттық,орасан болып бөлінеді.
Экологиялық тж атмосфераның аномомиялық табиғи ластануы
Биологиялық- эпидемия,эпизоотия,эпифитотия
Әлеуметтік- ұлтаралық жанжал,терроризм,геноцит,тонау
Антропогенді-адамның қате ісінің нәтижесі
Локальді- кәсіпорынның жеке бөлек жүйесімен шектелетін авария
Объектілік+бір мекеме арасындағы тж
Жергілікті-бір аудан не облыс көлеміндегі тж
Ұлттық-ел аумағындағы авария
Орасан немесе глобальді тж
33.Экстремалды жағдайлар онда жарақаттар,өрттер,жарылыстар,жол көлік апаттары жатады.Ол адамдардың аз тобына әсер етіп,локальді сипатта болады.
34.Катастрофа-ДДҰ анықтамасы бойынша өз күшімен игере алмайтын күтпеген тосын жағдайлар.Оның түрлері:экологиялық-тіршілік ету ортасындафаунаны,флораны,ауаны,тұтас табиғатты зақымдап ірі өндірістік немесе көліктік авария.өндірістік немесе көліктік адам материалдық шығынымен жүреді.техногенді-күтпеген жерден болатын химиялық,механикалық,радиациялық,басқа да энергия түрлерінің таралуы,жойылуы.
35. Қауіп дегеніміз – жоғалтудың әлеуетті, сандық өлшеуге болатын мүмкіндігі және табысты дамуға арналған қатерлер. Қауіп түсінігі қолайсыз жағдайлар мен салдардың жұмысында пайда болуы ықтималдығымен байланысты белгісіздікті сипаттайды. Дербес және әлеуметтік түрлері бар.
Қауіпті анықтаудың 4 түрі бар:инженерлік,модельді,экспертті,әлеуметтік.Қауіпті өндірістік объектілер. Мынадай қауіпті заттар, механизмдер, құрал-жабдық және технологиялық өндірістік процестер: 1) жарылыс пен өрт қаупі бар орта қалыптастыра алатын заттар; 2) адам ағзасына әсер ету деңгейі бойынша қауіптіліктің I, II, III сыныптарына жататын зиянды заттар; 3) сыртқы әсердің белгілі бір түрлері кезінде жылу бөліп, газ құрап, өз-өзінен жылдам тарайтын химиялық өзгерістерге ұшырай алатын жарылғыш заттар; 4) 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен және сұйықтықтың қайнау температурасынан жоғары температурада жұмыс істейтін жабдық; 5) жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер; 6) қара, түсті және басқа да металдардың балқымалары және осы балқымалардың негізіндегі қорытпалар; 7) тау-кен, геологиялық барлау, жарылыс жұмыстары, мұнай мен газ бұрғылау жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру, байыту жөніндегі жұмыстары, жер асты жағдайындағы, теңіз қайраңдары мен ішкі сутоғандарындағы жұмыстар; 8) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын электр қондырғыларының барлық түрлері; 9) адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіпті заттары бар өндіріс қалдықтары өндірілетін, пайдаланылатын, өңделетін, құралатын, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын, сондай-ақ қолданылатын объектілер қауіпті өндірістік объектілерге жатады.
36. Авария-технологиялық процестердің бұзылуы , механизмдер мен жабдықтардың,ғимараттардың бүлінуі. Сиаптты ерекш:1)Кәсіпорынның ерекш2)Жарылыстар,өрттің шығуы,шахтаны су басуы түрінде болады.3)Ауаның газдалуы,улы заттардың қоршаған ортаға шығарылысы
37-48Маргулан
49)Панахана дегеніміз не? Халықты осы заманғы зақымдаушы қарудан қорғаудың әр түрлі жолдары мен әдістері бар. Оған жататындар: халықты қорғау ғимараттарына орналастыру; қалатұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру жәнетаратып орналастыру; халықты жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету. Паналау ғимараттары(панаханалар) халықты ядролық, химиялык және бактериологиялық қарулардан корғау үшін арнаулы жобамен салынған күрделі құрылыс. Паналау ғимараттарының ядролық жарылыстың соққы толқынына қарсы тұрақтылығын күшейту үшін оның кұрылысына темір-бетон конструкциялары қолданылады. Бұл материалдар паналау ғимараттарының беріктігін бірнеше есе арттырады.
50) Гиподинамия (грек, hypo - төмен, астында, қалыптан төмен; dynamis — күш) — қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі нәтижесінде адам мен жануарлар организмдері тірек-қимыл аппараты бұлшықеттерінің, қан айналым, тыныс алу, ас қорыту және т.б. мүшелердің етті қабықтары мен қабаттары жиырылу күшінің төмендеуі.
Гиподинамияның пайда болу себептері
— Кәсiби ерекшелiктерге байланысты бұлшық ет жұмысын шектеу;— Рационалды емес күн тәртiбi;— Ұзақ уақыт бойы организмнің дұрыс функционалдық жұмысын орындамауына байланысты (жарақат, ауру) төсек режимі.
Гипокинезия адам денсаулығына,әсіресе жүрек-қан айналу жүйесіне зиянды әсер етеді.Қазіргі заманда өндірістің ауыл шаруашылығының техникаландыруына, өзін-өзі басқаратын жүйелердің қолданылуына байланысты,адамдардың көбісі аз қозғалатын тұрмыс кешуде.Дәл қазіргі таңдағы цивилизациялы қоғам дене еңбегін азайтуда орасан зор табыстарға ие болуда.Мұның өзі транспорттың дамуына,өндіріс процестері-нің автоматтандырылуына байланысты.Біздің елімізде сан мыңдаған миллиондаған адамдар жыл сайын лифтілері,кір-қоқыстарын сыртқа өзі тартып шығаратын құбырларды пайдалануда.Барлық тұрмыстық-коммуналдық жағдайлары жеткілікті өмір сүруде. Соңғы кездегі адамдардың жүрек пен қан айналу жүйелеріндегі аурулардың көбейіп кетуінің бірден-бір себебі осы гипокинезияға байланысты.Гипокинезияның салдарынан адам қажиды да кез келген органында ауру қозады.Мысалға,қатерлі өскіндерді қояндардың денесіне еккенде ауыр жұмыс істеуге жаттыққан қояндарда қатерлі өскін баяу,ал жаттықпаған күші жоқ қояндарда жылдам дамиды.Дене қозғалысының көлемі азайғанда ішкі органдардың,жүйелердің қызметі де баяулап,қоздырғыштарға қарсы күресі нашарлайды,ауру туады.
51) Физикалық зиянды және қауіпті өндіріс факторлары – микроклимат, өндірістік шаң, шу, діріл, ультрадыбыс, инфрадыбыс, иондалмайтын сәулелену, иондаушы сәулелену.
52) Химиялық зиянды және қауіпті өндіріс факторлары – химиялық заттардың газдары мен булары, токсикалық химиялық заттардың аэрозольдері.
53) Биологиялық зиянды және қауіпті өндіріс факторлары - макро- және микроорганизмдер, микроорганизмдердің метаболикалық іс – әрекеттерінің өнімдері және микробиологиялық синтез өнімдері, сонымен қатар табиғи негізі бар органикалық заттар.
54)Жергілікті жердің комендатурасы орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, төтенше жағдай енгізілген жергілікті жерде төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Президенті құратын уақытша арнаулы орган болып табылады.
 Жергілікті жер комендатурасының негізгі міндеттері:1) төтенше жағдай режимі енгізілген жергілікті жерде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілерді, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігі мен көліктің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілерді күзетуді қамтамасыз ету
2) ұйымдар басшыларының өз міндеттерін, коменданттың бұйрықтары мен өкімдерін тиісінше орындауын бақылау;3) төтенше жағдайларда қолданылатын енгізілген шаралар мен уақыттық шектеулердің орындалуын бақылау болып табылады.
55) Алғашқы медициналық көмек.Тамақ ішу кезіндегі тұншығу
Белгілері: Зардап шегуші кенет жөтеле бастайды, тыныс алуы жиілейді, көгеріп, естен танады. Сенің әрекетің: зардап шегушінің артына тұрып, екі қолыңмен білектеріңді кіндіктен қабырғаға доға бұрышын жасап қой. Оң білек, түйілген жұдырықпен сол білектің үстіне қойылады. Зардап шегушінің ішін өзіңе және жоғары қарай бірнеше рет қатты бас. Тыныс алу жолдарынан бөгде зат шыққанға дейін орында. Егер зардап шегуші естен танса, оны еденге шалқасынан жатқыз, басын шалқайтып "ауызға - ауыз" әдісімен екі рет ауа үрлеу әрекетін жасаңыз. Сонан соң, зардап шегушінің үстіне бөксе жағына қарай отырып, айқастырылған білекпен, енді өзіңнен алға қарай және шамалы төмен жағынан ішін басуды жалғастыр. Әрбір 5 басудан кейін ауыз қуысын қарап шығу қажет. Өте толық немесе екі қабат әйелдерге әдіс төсінің орта жағында жүргізіледі. Балаларға 1 жастан 8 жасқа дейін бір қолмен жасалады. 1 жасқа дейінгі нәрестені тізеңнің үстіне етпетімен жатқызып және алақанның сырт жағымен жауырынның ортасына бес рет жеделдетіп қағып соққы бер. Сонан соң оны шалқасынан жатқызып, төсінің ортасына бір немесе екі саусақпен бас. Нәтиже болмаған жағдайда әдісті қайтала. Әдіс жасау кезінде нәрестенің басы кеудеден төмен болуы тиіс.
"103 - жедел жәрдемін" шақыр! Қарт адамға, сірә, тіпті жаман болса керек (жасы көрініп тұр), беті көгеріп, ол қасында отырған қызының қолына құлай бастады.
56)Авариялық – құтқару жұмыстары - өрттерді өшіру мен жою, энергия және су көздерін авариялық өшіру, іздестіру, адамдарды құтқару, оларға көмек көрсету және көшіру бойынша бірінші кезекті жұмыстар.
57) Азаматтық қорғаныс – басқару органдарының мемлекеттік жүйесі, бейбіт және соғыс уақытында халықты, шаруашылық нысандарын және табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, қазіргі заманның зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларынан елдің аумағын қорғау мақсатымен жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралар жиынтығы.
58) Жүрек қызметінің тоқтауыБелгілері: естен тану, тыныс алу мен тамыр соғысының жоғалуы, терісі көгілдір-сұр. Сенің әрекеттерің: жасанды тыныс алдыру және жүректі жанамалай уқалап, сылау.Жүректі жанамалай уқалап, сылаудың әдісі: - Зардап шегушінің жанына тізе бүгіп тұрып, оның жағасының түймелерін ағыт, оны тегіс қатты жерге шалқасынан жатқыз. - семсер тәріздес талшықты саусағыңмен сипала; - қолдың екі саусағын мойынға қарай бағыттап қой; - мойынға қарай бағыттап оның қасына алақаныңды бас.- келесі қолыңның алақанын, қойылған қолдың үстіне қойғанда, екі қолдың саусақтары да жоғары қарап тұруы тиіс; - қолдарды созып денеңнің салмағын қажетті нүктеге тіктеп түсір, күш созылған қолдар арқылы берілетін болсын. Қысу тәртіптері: Үлкендерге - минутына 60 - 70 -тен кем болмауы тиіс; Жас өспірімдердің кеуде клеткасын 4 см-ге дейін (70-80 рет) қысады; Балаларға - үлкендердің бір қолының күші жеткілікті (100 рет); Нәрестелерге - екі саусақтың күші жеткілікті (минутына 100 - 120 рет).
Жасанды тыныс алудыру мен жүректі уқалап, сылау әдістері (жүрек - өкпе реанимациясы)
Есіңде болсын! Тек қана естен тану, тамырлардың соқпауы, тыныс алудың жоқтығы кезінде жүргізіледі!- Зардап шегушіні шалқасынан жатқыз (мықты, қатты жерге), аяғын көтеріңкіреп қой. - Зардап шегушінің өкпесіне екі рет ауа үрлеу әрекетін жаса, содан кейін жүрегіне жабық уқалау, сипалау жұмыстарын жүргіз: - бір қалыппен: 15 рет - жүректі жанамалай сылаумен және 2 рет - өкпені жасанды желдендіру әдістерін жаса. Осындай 4 циклден кейін тағы тамыр соққанын тексер, егер байқалмаса онда: Жүрек - өкпе реанимациясын жалғастыр. Жүрек - өкпе реанимациясын: -терінің қызаруы; -ұйқы күре тамырының соғысын байқалу; - қайта тыныс ала бастаған кезде табысты өткізілді деп санауға болады.
ТЖ органдары сейсмикалық белсенділіктің басылуы туралы хабарлайды. Адамдар біршама тынышталып, аман қалған үйлеріне қайта бастайды. Аз уақыт ішінде таң атады. Күтпеген апаттан қираған тірлікті қайта қалпына келтіре бастайды.
59)Панаханананың ішкі бөлмелерінде(дизель электростанцияларын, тамбур-шлюздерді және кеңейту камераларын қоспағанда) бір жасырынушыға арналған алан ауданы 1,5 шаршы метрден кем болмауы тиіс. Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екі ярусты нар кезінде 0,5 шаршы метр және үш ярусты нар кезінде 0,4 шаршы болуға тиіс.
60) Иондаушы сәулелену элементарлы ағымынан(электрон,протон,нейтрон,позитрон) және электромагниттік сәулелену кванттарынан тұратын сәулелену.
Иондаушы радияцияға-ғарыш сәулелерімен электр энергиясын иондаушы сәулеленуге айналдыратын жасанды сәулелену көздері жатады.Мысалы, рентген аппараттары.
Радиоактивтік сипаты
Радиоактивтік жағдай кезінде тұрақсыз ядролар бір немесе бірнеше бөліктерге бөлінеді. Жалпы алғанда атом нейтралды болады. Кез келген атомдар нуклидтер деп аталынады. Бірдей Z номерлері бар, бірақ А массалары әртүрлі нуклеидтерді атомдық номрлері Z изотопты элементтер деп аталады. Бірдей элементтердің изотоптарының протондары мен орбитиалды электрондарының саны бірдей болады, бірақ нейтрондарының саны химиялық құрамы бюойынша әртүрлі, сондықтан ядроларыныңы қасиеті әртүрлі болады.Радиоактивтің ыдырауларының негізгі төрт түрін ажыратады: альфа-ыдырауы, бета – ыдырауы, гамма- ыдырауы және спонтанды деп бөлінеді.
Альфа-ыдырау. Химиялық элементтердің радиоактивті ядроларының изотоптары альфа-бөлшектерді бөледі. Ауыр ядролар үшін альфа-ыдырау сипаты тән.Бета-ыдырау. Бұл кезде ядро изотоптарының элементтері өзбеттерімен электрондарды шығарады.Гамма–ыдырау. Атомдардың номерлерімен массалар санының өзгертілуінсіз, массасы мен зарядтары жоқ, фотонның элементарлы бөлшектері түріндегі изотоп элементтерінің көп мөлшердегі энергияларының ядролардың қозулары нәтижесінде шығарылатын жағдай.Спонтанды бөліну. Ядролардың спонтанды бөлінулері кезінде электрондар, гамма кванттар, сонымен қатар нейтрондар бөлінеді. Радиоактивті ыдырау өнімдеріне тұрақты және радиоактивті изотоптар жатады. γ – сәулелердің фотондары (гамма кванттар) α және β бөлшектер сияқты зарядтары болмайды және де электрлік және магниттік алаңдар бойынша әкетулерге бөлінбейді. Нейтронды сәулелер ауыр ядроларды бөлу кезінде ыдырауы мүмкін.
Радиоактивтілікті 1896 жылы француз ғалымы Анри Беккерель ашты.
61. Алғашқы медициналық көмек.Тыныс алу жолдарындағы немесе өңештегі бөгде заттар.Алғашқы көмек — адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т.б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру.Тыныс алу жолдарындағы немесе өңештегі бөгде заттарБелгілері: зардап шегуші мойнын ұстап, ештеңе айта алмайды, жан таласа дем алғысы келеді, ауа жетіспегенін сезінді, көгере бастады. Тыныс жолдары жарақаттанған кезде: шуылға ұқсас қатты жөтеледі. Сенің әрекетің: Бөгде затты тыныс жолдарынан шығару үшін ашық алақаныңмен жауырынның жоғары жағынан қағып ұру керек. Зардап шегушіден аузына саусағын салып зорланып құсуын талап ет, саусақты мүмкіндігінше терең салып өңешті тітіркендіреді. Тыныс алуы тоқтайтын болса, кешіктірмей жасанды тыныс алуды жүргіз. "103 - жедел жәрдемін" барынша жылдамдатып шақыр!
62. Төтенше жағдайды жоюда күш пен қаражатты есепке ала отырып,таралу ауқымына қарай қалай бөлінеді.төтенше жағдайды жоюда күш пен қаражатты есепке ала отырып , таралу ауқымына қарай:А)Обьектілік( қондырғы, цех, обьект) зардаптарды жоюға осы обьектінің күші тартылады;Б)Жергілікті (қала, облыс, аудан) зардаптарды жоюға осы ауданның күштері мен қажеттілік туындағанда АҚ әскери бөлімдері тартылады;В)Аймақтық(бірнеше облыстар, ірі аймақ) зардаптарды жоюда АҚ әскери бөлімдері мен құрамалардың барлық түрі тартылады;Г)Барыншы ауқымды (ҚР мен шектес мемлекеттерді қамтитын аумақ), елдің аумақтағы зардаптарды жоюға АҚ , қарулы күштер, орталық атқару органдары күштерінің барлық түрлері қатыстырылады.
63. Радиациялық қауіпсіздік дегеніміз не:Радиациялық қауiпсiздiк – белгiленген нормаларға сәйкес қызметшiлерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерi шектелетiн, атом энергиясы пайдаланылатын объектінің ерекшеліктері мен сипаттамаларының жай-күйі.
64. Алғашқы медициналық көмек .газбен улануАлғашқы көмек — адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т.б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру.Газ иісінен уланғанда әлсіреу, ұйқышылдық, бас ауыруы, жүрек айну, құсу пайда болады. Егерде уланған адамға тез арада көмек көрсетпесе, ол тыныс алу мен жүрек қызметінің әлсіреуінен өліп кетуі мүмкін. Мүмкіндігінше тезірек газдың әсерін тоқтату қажет, терезе, есіктерді ашып немесе зардап шеккен адамды ғимарат ішінен алып шығу қажет. Оның басына міндетті түрде суық компресс жасап, аяғына грелка қою керек, бетіне суық су бүрку қажет, нашатырлы спирт иіскету керек, қою шай немесе кофе ішкізу қажет. Қиын жағдайда қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасау қажет.
65 РҚО сыйымдылығы.Радиациядан қорғайтын орын (РҚО) ауылды жерлердегі және ядролық соққы беру ықтималдылығы өте төмен шағын қалалардағы, сондай-ақ  ірі қалалардан ауылды жерлерге көшіріп-қоныстандырылған халықты радиоактивті зақымданудан қорғау үшін пайдаланылады. РҚО-ын сыйымдылығы 10-15 адам, кейбір жағдайда 100-500 адам. Екі тәулік бойында жасырынған адамдар үздіксіз болады. Кіреберістер саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден кем болмауға тиіс. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі.Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелер жатады.Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екіярусты нар кезінде 0,5м2 және үшярусты нар кезінде 0,4м2 болуға тиіс.
66. Сүзгіш -желдеткіш жүйесі тәртіп бойынша қанша режимнен тұрады және бір жасырынушыдағы шаққандағы ауа көлемі қанша:Сүзгiш-желдеткiш жүйесi тәртiп бойынша 2 режимнен тұрады:  таза желдеткiш - ауа радиоактивтi шаңнан тазарады;  сүзгiш-желдеткiш - ауа сүзгiде улы және бактериалды заттардан тазарады. Бiр жасырынушыға шаққандағы ауа көлемi:  таза желдеткiш режимiмен - 13 куб.м. дейiн;  сүзгiш-желдеткiш режимiмен - 3 куб.м. дейiн. Қажеттi ауа қоршаған ортаның температурасы мен панаханалдарды құpғaн кезде есепке алынады.67 Алғашқы медициналық көмек . электр жарақаты және найзағайдан зақымдану.Алғашқы көмек — адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т.б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру.Электрден жарақаттану – ағзаға электр тоғынан зақым келуі. Электрлік жарақаттану бір жерде және жалпы (күйіктер) болады. Қысқа тұйықталу нәтижесінде дененің бір бөлігіне тоқтың әсерінен бір жерде электрден жарақаттану болады. Жалпы электрлік жарақаттану электр тоғының ағза арқылы өтіп, тікелей әсер етуінен пайда болады. Жалпы зақымға ұшырауда бұлшық еттер тамырларының тартылуы, жүрек қызметінің нашарлауы, тыныс алу жолдарының бұзылуы байқалады.Найзағай жарақаты, жалпы аталған электр жарақаты белгілеріне ұқсас, есту қабілеті нашарлайды, сөйлеу қабілеті төмендеп, теріде қара-көк түсті дақтар пайда болады.Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні міндетті түрде тоқ әсерінен босату; рубильникті өшіру, электр сымын шауып лақтырып тастау керек. Қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасап, зардап шегушіні емдеу мекемесіне жіберу қажет.
68. жылдам тұрзызылатын панаханалар дайын болу мерзімі.Жылдам тұрғызылатын панаханалар (ЖТП) дер кезінде салынғанпанаханалардың жеткілікті саны жоқ жағдайда соғыс барысында немесе шабуыл қаупі кезінде қалалар мен өндіріс объектілерінде салынады, олар қысқа мерзімді (бірнеше тәулік бойында ) темір бетон жиналмалы құрылғысынан немесе ағаш материалынан жасалынады. Мұндай панахананың сыйымдылығы (жататын орынды ескергенде) -50-200 адам.дайын болу мерзімі 15 күннен 1ай аралығында,69 жергілікті жердің комендантының ұғымы.Жергілікті жердің комендатурасы орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, төтенше жағдай енгізілген жергілікті жерде төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Президенті құратын уақытша арнаулы орган болып табылады.      2. Жергілікті жердің комендатурасы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Жергілікті жер комендатурасының қызметі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
70.АЛғашқы көмек. буынның зақымдануы.Буын шығу жарақаты – сүйектердің соңғы буынымен өзара араласып тұрған буын формасының зақымдануы. Сонымен қатар кенеттен ауыруы байқалады, формасы өзгереді және буын функциялары зақымданады.Алғашқы жәрдем. Иық немесе шынтақ буындары шығып кетсе, қолдың бас жағын жазып қойып, таңғышпен кеудеге немесе қолын орамалға іліп қояды.Созылу және буын аралығының созылуы – дене мүмкіндіктерінен асатын қозғалыстан буындардың зақымдануы. Буын арасының созылуы кезіндегі белгілерге буындардың ауруы, оның функцияларының бұзылуы, ісіну, қан құйылуы жатады.
71. үшқабатты нар орналасқан кезде панаханада жатуға арналған орындар саны және бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасыБір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екі ярусты нар кезінде 0,5м2 және үш ярусты нар кезінде 0,4м2 болуға тиіс. Бөлменің биіктігі бейбіт уақытта оны пайдалану талаптарына сәйкес болуы қажет, алайда жабынның маңдайынан еденің төменгі жеріне дейінгі белгіде 2,15м … 3,5м болуға тиіс (шект жол берілетін биіктік кемінде 1,85м).Жатуға арналған орын нар екі ярусты болып орналасқанда панаханада жалпы орының 20-ін, ал үш ярусты орналасқан кезде 30-ін құрауға тиіс.72. Бейбiт уақытта ТЖ-ды жою үшiн тұрақты әзiрлiктегi жедел iс-әрекет ететiн облыстық отрядтың саны қанша?      150 адам
73. Суға батқан   кездегі алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі  көмек Суға батушыны судан ессіз күйде алып шыққан кезде, алайда тыныс алуы  мен  тамырлардың  соғысы қанағаттанарлық  болса оны аяқтарын 40-50о–қа  етбетінен көтеріп, мүсәтір спиртін иіскетуге  береді, аяқ-қол мен кеуде клеткаларын ысқылайды. Суға батқан кезде немесе құтқарғаннан  кейін бірден естің қысқа уақытқа жоғалуы  күрделі асқынулардың ықтималдығы туралы елеулі ескертулер екендігін есте ұстаған жөн. Зардап шегушіні бүйірлей жатқызған күйде алып кетеді. Зардап  шегушіні  жанталас немесе клиникалық  өлім жағдайында алып шыққан  кезде еанимация шараларының кезектілігі төмендегіше болуы тиіс .а)  ауыздың, мұрынның, қуыстарының құмнан немесе балшықтан тазарту;б) тыныс жолдары мен асқазаннан суды шығару;в) жасанды тыныс алдыру;г)қан айналымын қолдау. 74.Коменданттық сағат - төтенше жағдайлар уақыты жағдайында (тәртіпке сәйкес, түнгі уақыттарда) тиісті елді мекеннің, қаланың көшелерінде арнайы берілген рұқсат қағазсыз жүруге тыйым салынуы. 75.алғашқы көмек.сүйек сынуы Сүйек сыну ашық, жабық түрлері болады. Ашық сынуда сүйек қана емес, тері, бұлшықет, қан тамырлары да зақымдалады. Алдымен қан кетуді тоқтату керек, шендеуіш салып таңу. 76. Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелер жатады. Қосымша желдетілетін бөлмелер, санитарлық тораптар қорғалатын дизель электростанциялары, тамбур шлюздер, қорғалған кіреберістер мен шығаберістер. Панахананың ішкі бөлімдері (қорғалатын дизель электростанцияларын, тамбур – шлюздерді және кеңейту камераларын қоспағанда) бір жасырынушы үшін 1,5м3кем болмауы тиіс. Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екіярусты нар кезінде 0,5м2 және үшярусты нар кезінде 0,4м2 болуы тиіс. Бөлменің биіктігі бейбіт уақытта оны пайдалану талаптарына сәйкес болуы қажет, алайда жабынның маңдайынан еденнің төменгі жеріне дейінгі белгіде 2,15 м болуға тиіс (шекті жол берілетін биіктік кемінде 1,85м). 77.алғашқы мед көмек. Тұрмыстық күйіктер.Егер күйік нәтижесінде теріде көпіргіштер пайда болса, ешқашан оны жармауды есте ұстаңыз. Сондай-ақ күйік орнына жұмыртқа сары уызын, өсімдік майын, жақпа майларды жағуға, ұнтақ себуге және с.с жасауға болмайды. Өйткені олар күйген жердің ластануына және іріңнің одан әрі дамуына жетелейді. Зардап шеккен адамға көбірек сұйық ішкізген жөн. Егер ол қалтырап-дірілдесе оны жылыту қажет: жылы көрпеше жабыңыз.Демек, күйіктегі алғашқы көмек мына түрде жасалады: күйген тұсты суық суға батырып, 10-15 минут ұстау; таза дәке таңғышын тағу және «жедел жәрдем» шақыру. 
78.Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.Табиғи сипаттағы Төтенше жағдай – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын Төтенше жағдай-лар.Рихтер шкаласымен есептелінеді.Техногендік сипаттағы Төтенше жағдай - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған Төтенше жағдай.Төтенше жағдай аймағы бұл Төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы Төтенше жағдай таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.
79. 9 балл – адамдар жұрісінен жаңылысады, топырақта жарықшақтар пайда болады, ғимараттар бұзылады.
80. Иондаушы сәулелену — элементті бөлшектер ағынынан (электрон, протон нейтрон, позитрон) және электрон магнитті сәулелену кванттарынан тұратын сәулелену, олардың заттар мен ықпалдасуы бұл заттарда әртүрлі заттардың пайда болуына алып келеді.
81.АҚ құрамасының Дайындалуға берiлетiн максималды уақыт:1) шұғыл қимылдайтын отрядтар үшiн - 2 сағаттан аспау керек;2) негiзгi құтқару құрылымдары үшiн (барлау, медициналық, инженерлiк, өртке қарсы, авариялық-техникалық, радиациялық және химиялық қорғану) - 4 сағаттан аспау керек;3) қалған барлық құрылымдар үшiн - 6 сағаттан аспау керек.
82. 30 м/сек асқан кезде боран мен дауыл зізала ретінде саналады.
83.қорғаныс ғимараттарына кіретіндер Халықтың қорғаныс ғимараттарын дайындау және адамдарды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету. Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс қызметінің негізгі міндеті қорғаныс ғимараттарын паналаушыларды қабылдауға дайын қалпында сақтау болып саналады. Негізгі қорғаныс ғимараттарына жатады: паналар мен радиациядан қорғайтын паналау орындары.Пана – ештеңе өткізбейтін, адамдарды ядролық жарылыстан, жоғары температурадан, өрт болған жағдайда жану заттарынан, улану және бактериологиялық заттардан қорғануды қамтамасыз ететін паналау ғимараттары.
84.  5-10 млг/л хлор жинақталғанда адам тiл тартпай кетедi.
85-86-87 МАРГУЛАН
88)Алғашқы медициналық көмек.Үсік суық жарақатының кезек күттірмейтін түрі болып табылады және ағзаның тіндерінің қатуына әкеп соғады. Үсік, қол білезігі мен саусақсыз және аяқсыз қалдыруы мүмкін.Алғашқы көмек:— Егер дене температурасы 35 гр С-тан төмен болса жедел жәрдем шақыртыңыз.— Үскен бөлікті ешқашан ысқыламаңыз.— Үскен бөлікті қолыңызбен немесе дененің басқа бөлігімен жылытыңыз.— Дененің үскен бөлігін, температурасы 38-42 гр С жылы суға салыңыз және қызарып, жылығанша ұстаңыз.— Зақымдалған бөлікті құрғақ зарарсыздандырылған дәкемен ораңыз. Аяқ және қол саусақтары үскен кезде, олардың арасына дәке қойыңыз.— Пайда болған күлдіреуді ашпаңыз.— Зардап шегушіні мүмкіндігінше жылдам дәрігерге жеткізіңіз.
2) Үсік шалу дегеніміз төменгі температураның ықпалынан ұлпалар мен органдардың зақымдануы.Сіздің іс-әрекетіңіз:1. Адамды жылы көрпеге ораңыз.2. Оған ыстық шәй немесе кофе беріңіз.3. Құрғақ матадан жасалған орамалмен терісі қызғанша уқалау.4. Ал егер өзіңіз зардап шегіп қалсаңыз, мүмкіндігінше ыстық ваннаға түсіп және орамалмен құрғақтай денені сүртіп жіберіңіз.
89) Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.
Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде болады. Сонымен бірге, адамдар көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар.
Өрт салдары зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады. Оларға жататындар:
жанғыш заттың отқа тікелей әсері;
сәулелер есебінен жоғары температуралы заттар мен объектілерге қашықтықтық әсері;
жану зонасында иісті газбен улану;
жану кезіндегі токсинді өнімдерден улану;
құрылыстардың конструктивті бөліктерінің бұзылып құлауынан адамдардың жарақат алуы немесе қаза болуы.
Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.
Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.
90)
91) Тірек-қимыл аппараты құрылымының бүтіндігінің бұзылуы.Тірек-қимыл аппараты жарақатының 4 түрі бар:1) Сынықтар (сүйек, сүйек үсті, шеміршектер);2) Буынның шығуы;3) Бұлшық еттер мен сіңірлердің созылуы;4) Бұлшық еттер мен сіңірлердің жыртылуы.Алғашқы көмек:— Жарақаттанғаннан кейінгі бір сағат ішінде тыныштық, салқынмен қамтамасыз ету.— Егер сіз зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткіземін деп шешсеңіз, дененің зақымданған бөлігінің қозғалмауын қамтамасыз етіңіз (иммоблизация).— Дененің зақымданған бөлігін жоғары орналастыру керек.Имоблизация үшін келесі құралдар пайдаланылады:— жұмсақ (көрпе, орамал т.б.);— қатты (картон, тақтай, кітап және т.б.);— анатомиялық (зардап шегушінің бекітуге көмектесе алатын дене мүшесі, мысалы аяғын аяғына);—дайын шиналар. Алғашқы көмек:— Жедел жәрдем шақырыңыз:— Зардап шегушінің басын тауып алған қалпыңызда екі жағынан бекітіңіз.— Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін бақылаңыз. Ес деңгейі мен тыныс алуды бақылаңыз. Сыртқы қан кетуін тоқтатыңыз.— Дененің қалыпты температурасын сақтаңыз.— Егер зардап шегушіге қорғаныс шлемі киіліп тұрса, оны шешпеңіз. Қорғаныс шлемін зардап шегуші деп алмаған жағдайда ғана шешіңіз.
Буын шығу жарақаты – сүйектердің соңғы буынымен өзара араласып тұрған буын формасының зақымдануы. Сонымен қатар кенеттен ауыруы байқалады, формасы өзгереді және буын функциялары зақымданады.Алғашқы жәрдем. Иық немесе шынтақ буындары шығып кетсе, қолдың бас жағын жазып қойып, таңғышпен кеудеге немесе қолын орамалға іліп қояды.Созылу және буын аралығының созылуы – дене мүмкіндіктерінен асатын қозғалыстан буындардың зақымдануы. Буын арасының созылуы кезіндегі белгілерге буындардың ауруы, оның функцияларының бұзылуы, ісіну, қан құйылуы жатады.Алғашқы жәрдем. Зақымдалған буынды қатты басып таңып, үстінен суық басу керек.
92.Зілзала дегеніміз не?
Зілзала дегеніміз тұрғындардың қалыпты тіршіліктерінің тұтқиыл бұзылуына, адамдардың өліміне, материалдық құндылықтардың бүлінуіне әкеп соғатын табиғи құбылыс. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады. Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жер, бұрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғат күштерінің әсерінен болады. Әрбір зілзаланың тек өзіне ғана тән пайда болу себебі, козғаушы күші, дамуының сипаты мен сатысы, қоршаған ортаға өзіндік әсері сияқты физикалық қасиеті бар. Зілзаланың бір бірінен айырықты ерекшеліктеріне қарамастан ортақ белгілері бар. Олар: үлкен кеңістікті қамтуы, қоршаған ортаға айтарлықтай ықпалы, адамға, қатты психологиялық әсер етуі.
93.ТЖ-да адам темпераментінің қандай түрлері бар? Ұғымын беріңіз.
ТЖ – ға тап болған адамдардың барлығының бірдей психикасы күшті соққыға ұшырамайды, оны әр түрлі адамдар әр қилы қабылдайды. Бұл көптеген факторларға байланысты, оған адам темпераментіде жатады. Темперамент(лат.temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) - адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақты жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының – жиынтығы. Адам темпераментінің төрт түрі бар: сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик.
Сангвиниктер - ТЖ болған кезде лезде есін жиып, шешім қабылдауға қабілетті адамдар типі. Алайда, энергиясының көптігінен жасалған іс-әрекеттері қате, пайдасыз болуы мүмкін.Флегматиктер – ТЖ кезінде сангвиниктер секілді тез бейімделеді, бірақ айырмашылығы әрекеттерін ойлап жасайды. ТЖ кезінде әрекет жасау үшін флегматиктерге ойлануға уақыт көп кетеді.Холериктер – бұл адамдар типін түсіну қиын. ТЖ кезінде көшбасшы болып та, үрей тудырушы кейпінде де көрінуі мүмкін.Меланхоликтер – ең қауіпті тұлға, себебі ТЖ ол көбінесе үрей тудырушы адам.
94.Алғашқы медициналық көмек. Үсік шалу.
Алғашқы көмек — адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану,суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т.б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру. Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты – адам өмірін құтқару.  Ең бастысы – алғашқы секундтарда дұрыс әрекет етуге үйрену, дәрігерлер келгенше апатқа ұшыраған адамның өмірін сақтап қалу.
Үсікке шалдығу төмен температураның әсерінен дене мүшесінің кей бөлігінің зақымдануы (тіпті жаны кетуге дейін) болып табылады. Көбінесе үсінуге шалдығу қыстың суық мезгілінде қоршаған орта температурасы  –10oС - –20o С төмен кезде болады. Көктемде және күзде ауа температурасы нөлден төмен кезінде далада көп уақыт, әсіресе ауа өте ылғалды және күшті жел болғанда да үсінуге шалдығуға болады.
Дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек – үсік шалған дене бөліктерін белсенді түрде жылыту қажет.Бірінші деңгейлі үсікке шалдыққанда теріні таза матамен қызарғанша сүртіп, зақымдалған жерлерді спиртпен, вазелинмен, маймен сүрту қажет.Егер аяқ пен қол үсісе оларды жылы суда сабындап жуып, спиртпен сүртеміз. Аяқты жеңіл уқалаған пайдалы. Үсікке шалдыққан адамға ыстық су беру керек.Саусақтың ұштары үсісе қолыңызды жылы суға малып (37-40 °С), қызарғанша уқалаймыз.Үсікке шалдыққан қолды суық су астында ұстауға немесе қармен ысқылауға болмайды. Себебі қардың ішіндегі кішкентай кристалдар теріні зақымдайды.Бір рет үсікке шалдыққан дене бөліктері суыққа өте сезімтал болады. Егер күн суыта бастаса жылы киінгеніңіз абзал.
95.Төтенше жағдайдың ұғымын берініз.
Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар шығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел Конституциясында анықталады. Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді. 
96.Бейбіт уақыттағы ТЖ-ды жою үшін, АҚ бар құрамалары мен штаттық мамандандырылған құрамаларынан әр уақытта дайын тұратын жедел құтқару отрядтары қалай тізіледі?
АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары - халықтың тіршілігін қамсыздандыру, авариялық-құтқару және шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, құтқару құрамаларын күшейту мен олардың іс-әрекеттерін жан-жақты қамсыздандыру үшін құрылады және медициналық, байланыс, өрттен қорғау,  авариялық-техникалық, материалдық қамсыздандыру, көлік, хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау болып табылады. РЖҚО баруы қиын аудандарда өте күрделі нысандарда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшін құрылады. Отряд ҚР Үкіметінің шешімімен құрылады. Облыстық және қалалық ЖҚО іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге алғашқы дәрігірлік көмек көрсету үшін құрылады. Жергілікті бюджет есебінен ұсталады. Бейбіт уақытта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін бар АҚ құрамаларының санынан және штаттық мамандырылған құрылымдадардан қашанда дайын болатын шұғыл қимылдайтын отрядтар құрылады, олардың жалпы саны:  облыстық - 150 адамнан кем емес;  қалалық - 100 адамнан кем емес; аудандық - 50 адамнан кем емес.  Шұғыл қимылдайтын отрядтар  АҚ-тың аумақтық құрамалары санатына жатады. АҚ құрамаларының дайындалуына берілетін уақыт: 2 сағаттан аспау керек - шұғыл қимылдайтын отрядтар үшін;  4 сағаттан аспау керек - негізгі құтқару құрамалар үшін; 6 сағаттан аспау керек - қалған барлық құрамалары үшін.97) Алғашқы медициналық көмек. Ұзақ қысуда болудың салдары. Белгілері: қысуда қалу салдары 15 мин астам созылса. Бұлшық етте домбығу пайда болады және кескіні жоғалады. Жіліншекгерде тамыр соғысының болмауы. Назар аударыңыз! Неғұрлым ұзақ қысымда болса және зақымдалған жердің көлемі үлкен болса, соғұрлым жете білмеушіліқ жағдайда босатылған адам тез қаза болады. Сіздің іс- әрекетіңіз: ♦ Кедергіні қозғалтуға асықпаңыз. ♦ Қысылған жерден жоғары күйдіргі (бұрау) қойыңыз. ♦ Қысуда қалған аяқ- қолдардың шығып тұрған бөлігін бинтпен қатты таңып тастаңыз. ♦ Зардап шегушіге барынша көбірек жылы сусын беріңіз. ♦ Зақымдалған аяқ- қолдың айналасына суықты (суық сумен шөлмек, қар салынған қапшықтар) қойыңыз. Ауру сезімдерінің пайда болуына кедергі келтіретін (анальгин, пенталгин және т.б.) дәрілерді беріңіз ♦ Кедергі заттарды жоюды ұйымдастыр. Аяқ - қолды босатқаннан кейін ♦ Бірден кешіктірмей бүкіл аяқ - қолды таңып таста (аяқты табаннан шаптың жарығына дейін, қолды иық белбеуіне дейін). ♦ Ақырын кедергіден босатып, күйдіргіні шешіңіз. ♦ Көлік шиналарын қой (сүйек зақымдануының бар-жоғына қарамастан). ♦ Аяқ- қолға айнала шинаның үстіне суықты қой. Мүмкін болғанша зардап шегушіні реанимация орталығына жылдам жеткіз.
98)Панахананың және оның сыйымдылығы сипаттамсы. Халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі бұл оларды ұжымдық қорғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру. Қорғаныс ғимараттары-ол инженерлік құрылыс. Қорғаныс ғимараттар қорғау қасиеті, мақсаты, орналасу, салыну мерзімі, қорғайтын деңгейі бойынша бөлінеді. Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан - ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериялық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (КӘУЗ) ықпалынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. Панахалар су баспайтын учаскелерде тереңдетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғының төменгі жағы, әдеттегідей, жердің жоспарлық белгісінен биік орнатылмайды. Панахана еденнің деңгейі жер асты суының деңгейінен барынша биік болуға, 0,5м кем болмауға тиіс. Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелер жатады. Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екіярусты нар кезінде 0,5м2 және үшярусты нар кезінде 0,4м2 болуға тиіс. Панаханалардағы ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне 3л есеппен жасалады. РҚО-ны ауыз су қорымен жабдықтау ортақ су құбырынан жүргізіледі. РҚО құрылысы өте қысқа мерзімде, 12 сағатқа жетпей аяқталуы тиіс. Қарапайым панахана жағдайда панахана мен РҚО сияқты халықты қорғаныс ғимараттар мен қамтамасыздандыруда аралық кезең болып табылады. Олар халықты ядролық жарылыстан соққы толқынынан, жарық сәулесінен және өткіш радиациядан қорғайды, шығын ашық жермен салыстырғанда 1,5 есеге азаяды. Сәуле тию ықтималды 2,3 есеге азаяды.
99) Алғашқы медициналық көмек.Сүйектің сынуы Белгілері: сүйек сынған жердің сырқырауы қанталауы, домбығуы, сүйек сынған жердің қысқаруы немесе қисаюы, қызметінің бұзылуы. Жарақаттанған жерде сүйек жарқышақтарының болуы (ашық сынық) мүмкін. Іс-әрекетің: Ашық сынықта сынған жердегі жараның айналасын тазалаңыз, тазартылған таңғыш қой, қатты қан аққан кезде - күйдіргі қой. Есіңізде болсын! Сүйек сынған жерді қозғалтуға немесе бүрынғы қалпына келтіруге болмайды және зардап шегушіге дәрігер келгенге дейін тамақ немесе сусын беруге тыйым салынады, өйткені наркозбен операция қажет болуы мүмкін. «Жедел жәрдем» келгенше сүйектің таюын болдырмау үшін ыңғайлап бинт пен пшнаны немесе қолда бар заттарды қолданып таңғыш қой. Иық, бұғана немесе шынтақ сынған кезде қолды екі орамалмен кеудеге қозғалмауын қадағалап айналдыра орап қой. Білек сүйегі сынған кезде жарақат алған қолды кеудеге көлденең ыңғайлап орналастыр. Шынтақтан саусақтарға дейін шинаны қолдан. Дәл солай қолды екі байламмен қозғалмауын қадағалап іліп қой. Аяқ сүйегі сынған кезде зақымдалған аяқты сау аяққа байлап қояды, мүмкіншілік болса зардап шегуші аяқтарының арасына жүмсақ матамен оралған шина қой. тізенің сүйегі сынған кезде тізе буынын ыңғайлы күйге келтір. Егер тізе бүгілген болса, оны осы күйде бекітіп қой. Егер аяқ жазылған күйде болса, астына ұзын бойына тақтай немесе өзге осындай зат төсеп қой. Тізенің астына және өкшені айландыра жұмсак жастықшалар қой; қабырға сынған кезде (қабырғалар) буыннан бүгілген қолды қозғалмауын қадағалап қабырға сынған жағына бекітіп қой. 03- «жедел жәрдемін шақыр» Есіңізде болсын! Басып қалган аяқ- қолды босатуға асықпаңыз.
100) Қуыстың ені қанша болу керек және қанша адамға шағындалады.
101) Басқа жағдайларда РҚО-ның сыйымдылығы. Радиациядан қорғайтын орын (РҚО)- олар адамдарды радиоактивтi зақымдау (ластанған) жағдайында сәуледен қорғауды және 2 тәулiктiң iшiнде есептегi дамылсыз келiп жатқан жасырынушыларды қабылдауды қамтамасыз ету керек. РҚО шамалы қирaған жерде орналасатын болса, оларды қоршаған құрылымдар, 20кПа (0,2 кгс/кв.см.) тең шепте болған соққы толқынының қысымына есептелген болу керек. Күштi бұзылған аймақтан алшақ РҚО шаруашылық объектiлерiнiң жұмысшылары мен қызметкерлерiн, сонымен қатар санатталмаған қалалар, поселкалар мен тұpғын пункттерiнiң халқын және халықты көшiру үшiн белгiленген қалалар мен поселкелер, тұpғын пункттерiнiң халқын қорғау үшiн арналған. Адамдарды жасыру үшiн қолданатын тереңдетiлген үй-жайлар жетiспеген жағдайда, арнайы РҚО салынады. Олардың құрылысына арнаулы қолда бар құрылыс материалдары қолданылады. РҚО-ның сыйымдылығы тәртiпке сәйкес 10-50 адам, басқада  жағдайларда 100, не одан да көп. РҚО-ның құрамында жасырын дәретханалар, желдеткiштердi орналастыруға және ластанған сыртқы киiмдердi сақтауға  арналған үй-жайлар қарастырылады. Бiр жасырынушыға арналған еден көлемi, үй-жайлардағыдай болады. РҚО-ғa кipy eciгi екiден кем болмайды. РҚО-ны желдету желдеткiш жүйесiмен жабдықталады. Сыйымдылығы 50 aдaмғa дейiнгi панахананы желдету табиғи жолмен тартып алатын тораптармен, ал сыйымдылығы 50 адамнан көп болатын болса, желдету жүйесiмен мәжбүрлi желдетiледi. Панаханаларда азық-түлiктi, ұжымдық медициналық қобдиша мен құрал-саймандарды сақтайтын орындар қарастырылады.
102) Алғашқы медициналық көмек. Кесілген, сыдырылған жеңіл жаралар. Белгілері: қанның ағуы, жанға бату, домбығу. Кесілген, тырналған жеңіл жаралардан қанның ағуы жараның тазалануына ықпал етеді және бірнеше минуттан кейін өздігінше тоқтайды. Іс - әрекеттерің: Таза матаның кесіндісін жараға басыңыз. Қан тоқтағаннан кейін, оның айналасын таза дәкімен немесе мақтамен сүрт. Жараға тиіспе. Сыдырылған және тілінген кіші жаралар, егер оларды таңбаса тез жазылады. Түйрелген немесе кесілген жаралар терең зақымдалған болса травпунктке қарал.103) Агрессия дегеніміз не? Ұғымын беріңіз.
105) Алғашқы медициналық көмек. Жарақаттар, қанның ағуы. Белгілері: Жараның аумағы мен шеті тілінген немесе жырымдалған, қанның қөп немесе аз кетуі, сырқырау, ісіну. Іс- әрекетің: Зардап шегушіні жатқызып, зақымдалған дененің бөлігін жүрек деңгейінен жоғары көтеріп қойыңыз; Жараның бетін бөгде заттардан тазалап, бірақ жараға терең енген заттарды алуға әрекеттенбеңіз, үлкен жараны сумен немесе антисептикпен шаймаңыз; Алдын ала бетін матамен жауып, жайылған шеттерін біріктіру жолымен жараны басыныз; Жарадағы қалған бөгде заттарды тікелей басудан аулақ болыңыз; Жараны басып тұрып, жастықшаны бинтпен немесе матаның тілімімен қатты буып байлаңыз: Егер таңғыш қанмен боялса оны ауыстыруға әрекеттенбеңіз. Жаңа таңғышты ескі таңғыштың үстіне тағы бір бинтпен бекітіп қойыңыз; Жарақаттанған дененің бөлігіне (мысалы, медициналық таңғыш, тақтай немесе шинамен) немесе зардап шегушіні тиісті («отыру» немесе «жату» қалыпқа келтіру) иммобилизациялаңыз. Егер таңғыш қанның ағуын тоқтатпаса, жараға қан келетін тамырды саусақпен ақырындап қысыңыз. Алдыменен тамырды қолыңызбен басып көріңіз. Егер қол жарақаттанған болса, қолды зақымдалған жердің үстіңгі жағын үстап қатты қысыңыз. Бұл кезде жарадан қан ағуының азайғаны байқалады, немесе мүлдем тоқтайды; Егер бұл көмектеспесе, күйдіргі немесе бұрау қойылады.
107) Алғашқы медициналық көмек. Естен тану. Адамның есін білу уақыт және кеңістікте жөн табу қабілеті арқылы анықталады, өзгелердің сұрағына жауап беру, тітіркеніштерді сезіну (мысалы, ауруды). Белгілері: төңірегіндерлерге селқос, тітірке-ніштерді сезбейді, тыныс алысы, тамыр соғысы білінеді, бұлшық еттері әлсіреумен сипатталады. Бас жарақаты, улану кезінде, ми аурулары, электр тоғы соғуы, қатты қан кету, алкогол ішімдігі шамадан артық ішу, журек аурулары нәтижесінде пайда болуы мүмкін.Тыныс жолдарын саусақтармен ауыздың қуысын бөгде заттардан тазартып, және зардап шегушіні бір жағына қарай жатқызып, оны ора.  Денені бір жағына қарай жатқызу техникасы. 03 -«жедел жәрдемін» шақырыңыз!
108.РҚО сиымдылығыРҚО – ның сиымдылығы тәртіпке сәйкес 10 – 50 адам, жекелеген жағдайларда 100, не одан да көп адам.РҚО – ның құрамында жасырынушыларды орналастыратын орындар, дәретханалар, желдеткіштерді орналастыруға және ластанған сыртқы киімдерді сақтауға арналған үй – жайлар қарастырылады.
109. Адамға хлор ықпалының сипаты қандай?Хлор –тыныстарылтқыш өзіндік күшті иісі бар сарғыш-жасыл газ, ауадан 2,5 есе ауыр, суда, спиртте, эфирде жақсы ериді. Хлор өндірістің түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Оны маталарды ағарту үшін пайдаланады, целлюлоза мен қағаз өндірісінде, каучук (резеңке) түрлерін жасауда, суқұбырлары стансасында залалсыздандырғыш құрал ретінде суды зарарсыздандыру үшін пайдаланады. Зақымдалған құбырлардан атмосфераға шыққан кезде түтіндейді. Буға айналу барысында және ауада су буымен қосылу барысында жер бетіне жасылтым-ақ түсті тұман ретінде төселеді, төменгі қабаттарға жер асты қоймаларына кіруі мүмкін. Хлор буы тыныс алу ағзаларына, көз бен теріге қатты әсер ететді. Хлор ағзаға негізінен тыныс алу жолдары арқылы енеді. Хлормен улану белгілері: кеуденің қатты ауыруы, құрғақ жөтел, құсу, қозғалыс координациясының бұзылуы, демікпе, көздің ашуы, жас ағу. Жоғары концентрациямен дем алған жағдайда өлімге әкелу мүмкіндігі бар.Адамға хлор ықпалының сипаты- тұншықтырғыш.
110.Панахананың орта шыдамдылығы бойынша қанша адам сыйады?Панахананың сыйымдылығы отыруға (бірінші яруста) және жатуға арналған (екінші және үшінші ярус) орындардың жиынымен анықталады. Шағын – 300 адамға дейін, орта – 300-600 адам, үлкен – 600-ден астам адам.
111.Алғашқы медициналық көмек. Радиобелсенді улану.Алғашқы көмек — адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану,суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т.б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру. Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты – адам өмірін құтқару.  Ең бастысы – алғашқы секундтарда дұрыс әрекет етуге үйрену, дәрігерлер келгенше апатқа ұшыраған адамның өмірін сақтап қалу.
Радиациялық заттармен уланған аумақта тамақ ішуге, ластанған су көздерінен су ішуге, жерге жатуға болмайды. Халықтың азық-түлік пен тамақ даярлау тәртібін Азаматтық қорғаныс органдары жердің радиоактивті ластану деңгейін ескере отырып анықтайды. Иондағыш сәулеленумен зақымданған кезде алғашқы көмек жылдам көрсетілуге тиіс. Бірінші көзекте одан әрі сәулеленуді жояды немесе барынша азайтады. Бұл үшін радиациялық затпен зақымдалған аумаққа, киімге ішінара дезактивация және терінің ашық жеріне ішінара санитарлық тазалау жүргізеді, бүдан кейін зақымдау-шыны радиациялық зат өтпеген панаханаға (радиацияға қарсы нөме-се жай панахана) жеткізеді. Зақымданған жерде болған кезде зардап шегуші жеке қорғаныс қүралдарын киюге тиіс. Радиоактивті заттар зақымданушыға тамақпен немесе су арқы-лы өткендігі туралы күмән болса, оны шығару үшін шаралар қабылдау қажет. Бүл үшін зақымданушыға ацорбент береді (25-30г. активтелген көмір, күкірт қышқылды барий - 50г.) береді; ацорбөнт радиациялық заттың маталуына ықпал етеді және мүның қанға өтуіне кедергі келтіреді. 15-20 минуттан соң су беріп, асқазанды шаяды және қүстырады. Бүдан кейін ацорбентті қайта ішкізіп, оған тыныштан-дырушы дәрі-дәрмек беру қажет. Ядролық зақымдану ошағынан (радиоактивті зақымдану ошағы-нан) шыққаннан кейін ішінара дезактивация мен санитарлық таза-лауды мүмкіндігінше жылдам жүргізу керек: дөзактивация кезінде -киімнен, аяқ киімнен, жеке қорғаныс қүралдарынан; РЗ түседі сани-тарлық тазалау кезінде дененің ашық жерлері мөн көздін кілегейлі қабығын, ауыз бен мүрынды жабады.
112. Алғашқы медициналық көмек. Хлормен улануАлғашқы көмек — адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану,суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т.б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру. Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты – адам өмірін құтқару.  Ең бастысы – алғашқы секундтарда дұрыс әрекет етуге үйрену, дәрігерлер келгенше апатқа ұшыраған адамның өмірін сақтап қалу.
Хлормен уланған жағдайдағы көмек. Хлормен уланған адамға «В» немесе «М» маркалы өндірістік газтұтқышын, ГП-5 азаматтық газтұтқышын кигізу қажет, жоғары концентрация жағдайында – айырғыш газтұтқышын кигізіп, жедел умен ластанбаған жерге шығарып, қысатын киімдерден босату қажет. Дем алысы нашарласа немесе тоқтаса «ауыздан ауызға» әдісімен қолдан дем алдыру қажет. Көз, ауыз, мұрынжұтқыншақты кішкене 2-5 %-дық ас сода ерітіндісі қосылған таза сумен шаю керек. Уланған адамға көп сұйық ішкізу қажет: жылы сүт, шай, кофе. Суық мерзімде оны жылыту қажет және толық тыныштықты қамтамасыз ету керек.
113.ЖПТ сыйымдылығы канша.
Жылдам тұрғызылатын панахалар (ЖТП) дер кезінде салынған панаханалардың жеткілікті саны жоқ жағжайда соғыс барысында немесе шабуыл қауіпі кезінде қалалар мен өндіріс объектілерінде салынады олар қысқа мерзімді (бірнеше тәулік бойында) темір бетон жиналмалы құрылғысынан немесе ағаш материалынан жасалынады. Мұндай панахананың сыйымдылығы (жататын орынды ескергенде) – 50-200 адам.
114.Бейбіт уакыттағы ТЖ қорғаудың негізгі тәсіліне не жатады?
Бейбiт және соғыс уақытындагы төтенше жағдайда халықты қорғау бойыншa бiздің республикамызда iскe асырылатын халықты қорғауды қамтамасыз ету шаралары, бiрiншi мақсат болып табылады. Халықты қорғау қағидасы - бұл бейбiт және соғыс уақытындағы жағдайда халықты қорғау тәртiбiн анықтайтын ҚР Үкіметi белгiлеген ереже. 05.07.1996ж. «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше, жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабында қоршаған орта мен табиғи және техногендiк сипаттағы ТЖ-да тұрғындарды қорғаудың 3 қағидасы анықталған:  болған және болжанған ТЖ-ны ұйымдастыру және жариялылық пен ақпарат, олардың алдын алу мен жою бойынша шаралар;  өз уақытында төтенше  жағдайда;  мiндеттi түрде құтқару, авариялық-қалпына келтiру және басқа да төтенше  жағдайды жоюдағы жұмыстар, жедел медициналық көмек көрсету, зақымданған адамдар мен жұмысшыларға шығынды қайтару, төтенше  жағдайда азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне тигiзген әcepiнeн, қоршаған орта мен шаруашылық объектiсiн әлеуметтiк қopғay. Осы заманғы зақымдау сипаты, көлемi мен мерзiмi aғa бастық ұйғарымын ахуалды бағалау мен жергiлiктi жағдайларды және мүмкiндiктердi ескере отырып әзiрленетiн АҚ жоспарларымен анықталады.115.Аннексия дегеніміз не? Ұғымын берініз.Аннексия - (лат. annexio, лат. annexus деген сөзден шыққан — қосылған, қосылып алынған) — белгілі бір мемлекеттің басқа бір елдің немесе халықтың (этностың) аумағын немесе жерінің бөлігін басып алып, күшпен өз құрамына қосуы.
Аннексия фашистік Германия мен Италияның, II дүниежүзілік соғыс қарсаңында және тұсында жүргізген милитаристік [[]]ның сыртқы саясатында қолданылды. Тарихта Аннексия классикалық мысалы ретінде гитлершілердің 1938 ж. "аншлюс", яғни, Австрияны Германияға күштеп қосқандығын атауға болады. Бүгінгі күні Аннексия мысалы - Израильдің ежелгі араб жерлерін күшпен басып алып, заңсыз ұстап отырғаны - көрнекі.Сондай-ақ Аннексия - халықаралық қауымдастыққа ортақ кеңістікті (ашық теңіз, теңіз түбін, Антарктиданы және т.б.) басып алу. Аннексия қазіргі халықаралық құқықты өрескел бұзушылық болып есептеледі
116.Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар түрлері?Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.Дүлей зілзала – ТЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала.Апат – аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.
117. Алғашқы медициналық көмек.Электр жарақаты және найзағайдан зақымдану.Электрден жарақаттану – ағзаға электр тоғынан зақым келуі. Электрлік жарақаттану бір жерде және жалпы (күйіктер) болады. Қысқа тұйықталу нәтижесінде дененің бір бөлігіне тоқтың әсерінен бір жерде электрден жарақаттану болады. Жалпы электрлік жарақаттану электр тоғының ағза арқылы өтіп, тікелей әсер етуінен пайда болады. Жалпы зақымға ұшырауда бұлшық еттер тамырларының тартылуы, жүрек қызметінің нашарлауы, тыныс алу жолдарының бұзылуы байқалады.Найзағай жарақаты, жалпы аталған электр жарақаты белгілеріне ұқсас, есту қабілеті нашарлайды, сөйлеу қабілеті төмендеп, теріде қара-көк түсті дақтар пайда болады.
Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні міндетті түрде тоқ әсерінен босату; рубильникті өшіру, электр сымын шауып лақтырып тастау керек. Қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасап, зардап шегушіні емдеу мекемесіне жіберу қажет.Алғашқы  көмек көрсеткен кездегі басты сәттердің бірі- зардап шегушіні электр тоғынан тез босату. Бұны қауіпсіздік тәртіптерін сақтай отырып, өте мұқият жасаған жөн. Бұған бүкіл тізбектен тоқты ажырату, рубильникті,  қосқышты, тығынды ажырату, өткізгіштерді кесу, зардап шегушінің денесінен электр өткізгіштерді құрғақ таяқ пен алып тастау арқылы қол жеткізіледі. Ажыратылмаған  өткізгіштері жатқан кезде зардап шегушіні жалаң қолмен ұстау қауіпті. Зардап шегушіні өткізгіштен босатып, қауіпсіз жерге апарғаннан кейін  оны мұқият тексеру қажет. Жергілікті зақымдануды термиалық күйік кезіндегі сияқты емдеп, таңғышпен жабады. Жеңіл ортақ құбылыстар қоса болатын (талықсу, естен уақытша айырылу, бастың айналуы мен ауыруы және жүректің шаншуы), зақымдалу кезінде алғашқы медициналық көмек оқуға болған жерде жедел және үздіксі көрсетілуге тиіс, ал клиникалық өлім жағдайында адамға “ауызға-ауыз” және “мұрынға-ауыз” әдісімен жасанды демалдыру мен  жүректің жанама сылауын жүргізу қажет.Электр жарқатын алған барлық адам ауруханада жатуы тиіс. Осындай  сырқаттарды стационарға тасымалдаған кезде жасанды тыныс алдыруды  тоқтатпау керек, ол жүйелі, табанды және үздіксіз жүргізілуге тиіс.Жүрек тоқтаған кездегі алғашқы көмек  жасанды тыныс алдыруы мен жүректің сыртқы сылауын біруақытта  жүргізу арқылы ертерек басталуға тиіс.Егер жасанды тыныс алдыру мен жүректі сылау мүмкіндігі болса оны жүрек дәрі-дәрмектер (ішкі бұлшық ет кордиаминның 2-4 мл 25пайыз ерітіндісі, кофеиннің 1 мл 5 пайыз ерітіндісі ) және тыныс алуды қоздыратын дәрмектерді (1 мл цититон, терінің астына лобелиннің 1 мл 1 пайыз ерітіндісі ) берумен орайластыру қажет.
118.Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі панахананы желдету жолы.Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі панахананың желдету табиғи жолмен тартып алатын тораптармен, ал сыйымдылығы 50 адамнан көп болатын болса, желдету мәжбүрлеу жүйесімен желдетіледі. Панаханаларда азық – түлікті, ұжымдық медициналық қобдиша мен құрал – саймандарды сақтайтын орындар қарастырылады.Табиғи жолмен желдету - ашық терезелер немесе люктар арқылы ауаның еркін алмасуымен қамтамасыз етілетін желдету.
119.ЖТП қанша мерзіинің ішінде салынатын ғимарат.Жылдам тұрғызылатын панахалар (ЖТП) дер кезінде салынған панаханалардың жеткілікті саны жоқ жағжайда соғыс барысында немесе шабуыл қауіпі кезінде қалалар мен өндіріс объектілерінде салынады олар қысқа мерзімді (бірнеше тәулік бойында) темір бетон жиналмалы құрылғысынан немесе ағаш материалынан жасалынады. Мұндай панахананың сыйымдылығы (жататын орынды ескергенде) – 50-200 адам. ЖПТ мерзімі 15 күннен 1 ай аралығы.
ЖТП дер кезінде салынған панахана сияқты жасырынатындарға арналған бөлмеден сүзгілік желдету қондырғылары, санитарлық тораптар үшін арнайы орындардан тұруға, авариялық су қоры болуы, кіреберістермен авариялық шығаберістерімен қамсыздандырылуға тиіс. Сыйымдылығы шағын панаханада санитарлық торап пен қалдықтарға арналған ыдыс тамбурды, ал су құйылған ыдыстар жасырынатындар бөлмесінде орналасуға тиіс.

 

Приложенные файлы

  • docx 17626920
    Размер файла: 76 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий