OBZh_shpor_schschs_3


1 – дәрежелі сәуле ауруының адамға әсері
100 – 200 рад
1-ші дәрежелі күйіктің белгілері -
Тері қызарып, ісіп кетеді, ауыра бастайды
1-ші дәрежелі сәуле ауруының белгілері
100-200 рад сәулелену дозасы кезінде, әлсіздік, бастың ауруы, температураның көтерілуі, лоқсу болады
3-ші дәрежелі сәуле ауруының белгілері
400-600 рад сәулелену дозасы кезінде, көздің айналасы қызарып, басы айналып, құсқысы келеді, қызуы көтеріледі
4 – дәрежелі сәуле ауруының адамға әсері
600 радтан жоғары
4-ші дәрежелі сәуле ауруының белгілері
600 радтан жоғары сәулелену дозасы кезінде, әлденеше рет құсып, әлсіздік пайда болады, басы қатты аурып, іші өтеді
Адам мен жануарлар организміне ауру қоздырғыш микробтардың енуі және олардың организмде өсіп - өнуі, оны түрлі кеселге ұшыратуы бұл -
Инфекция
Адам миының қансыздануы нәтижесінде естен кенеттен уақытша айырылуды қалай атаймыз?
Талықсу
Адам миының қансыздануы нәтижесінде естен уақытша айырылуды қалай атаймыз?
Талықсу
Адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласын қалай атаймыз?
Өмір тіршілік қауіпсіздігі
Адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші обьектілерге нұқсан келтіретін, халықты материалдық шығындарға ұшырататын, апат салдарынан болатын жағдайды қалай атаймыз?
Төтенше жағдай
Адам сәулеленуінің қандай түрлері бар?
Сыртқы және ішкі
Адам ұлпалары мен органдарының зақымдануынан, аяқ-қолдың сынуынан, буынның шығуынан және тағы басқа жағдайлардың әсерінен пайда болған зақымдануды қалай атаймыз
Жарақаттар
Адамда темпераменттің түрлері қанша?
4
Адамда, жан – жануарларда (ірі қара мал, шошқа, тауықта) болатын жұқпалы ауру бұл -
Туберкулез
Адамдарға үй жануарларынан, оларды күтім кезінде және осы аурумен ауырған малдың етін жегеннен жұғатын ауру бұл -
Бруцеллез
Адамдарды санитарлық тазалаудан өткізудің қанша жолы бар?
2
Адамдардың жаппай инфекциялы ауруға ұшырауы-
Эпидемия
Адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде шығару бұл -
Эвакуация
Адамның иммунды дефицит вирусынан туындаған және жыныстық қатынас кезінде сонымен қатар адам қанымен берілетін жұқпалы ауру қалай аталады ?
СПИД (ЖИТС)
Адамның қоршаған ортасында жұғымтал ауру қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы шаралар жиынын қалай атаймыз?
Дезинфекция
Адамның тұтқиылдан пайда болған әрекет, халықтың үлкен тобының тіршілік әрекеттері бұзылуымен, адам денсаулығына қауіп төнуімен және экономикалық, экологиялық шығынмен сипатталатын табиғи зілзаланы қалай атаймыз?
Апат
Адамның эмоционалды күйзелуінің шегі бұл -
Аффект
Азаматтық қорғаныс құрамаларының негізгі түрлері
Құтқару, Инженерлік, АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары
АИ-2 - жеке дәрі-дәрімек қобдишасы қанша ұядан тұрады?
7
АИ-2 - жеке дәрі-дәрімек қобдишасының көлемі қандай?
90х100х20 мм
АИ-2 жеке аптечкасында құсуға қарсы заттарды қандай түсті пеналда сақтайды?
Көк
АИ-2 жеке аптечкасында фосфоорганикалық улы заттармен улануды әлсірететін және алдын алатын затты қандай түсті пеналда сақтайды?
Қызыл
Алғашқы сейсмикалық толқынның басталуы болған ошақтың негізгі нүктесі бұл -
Гипоцентр
Антисептиканың қанша түрі бар?
4
Антисептиканың негізгі түрлері бұл -
Физикалық, биологиялық, химиялық, механикалық
Апаттар көлемі бойынша қалай бөлінеді?
Кіші, орташа, үлкен
Апаттар түрі бойынша қалай бөлінеді?
Табиғи және жасанды
Артерия қысымын өлшейтін құрал бұл -
Тонометр
Артериялық қан кету белгілері -
Қан түсінің алқызыл болуы, қанның лықылдап, шапшып ағуы
Аса қауіпті жұқпалы ауруларды тарататын кеміргіштермен күрес шараларын қалай атаймыз?
Дератизация
Аса қауіпті ішек ауруы бұл -
Тырысқақ (холера)
Асфикция дегеніміз не?
Тұншығу
Ауадан 3,5 есе ауыр, түссіз газ бұл -
Фосген
Аумақтық таралуы бойынша төтенше жағдайлар қалай бөлінеді?
Объектілік, жергілікті, аймақтық, кең ауқымды
Ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы бұл -
Опырмалар
Бағдарламаны немесе мақсатты бірігіп жүзеге асырушы және белгіленген ережелер мен нормалар негізінде әрекет жасайтын адамдар тобы қалай аталады?
Ұйым
Бақылаусыз қорқыныш бұл -
Үрей
Бас миына қан кету, ми тамырларының тығындалуы салдарынан болатын ауру түрі қалай аталады?
Инсульт, мидың шайқалуы
Басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт, соғыс уақытында халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, табиғи және техногенді төтенше жағдайдан қорғау мақсатында өткізетін жалпы мемлекеттік шаралар жиынын қалай атаймыз?
Азаматтық қорғаныс
Баяу әсер ететін улы заттар -
Иприт, фосген
Белгіленген шекарасы бар су учаскесі бұл -
Акватория
Бүкіл организмге қоршаған ауаның ыстық температурасы ұзақ әсер еткен кездегі орталық жүйке жүйелеріне ауыр зақым келтіретін ысыну қалай аталады?
Ыстық тию
Буыны шыққан адамға алғашты көмекті қалай көрсетесіз?
Тақтаның немесе шинаның көмегімен зақымданған буынды қозғалтпай, үстіне суық компресс қоямыз
Бұл ҚӘУЗ түрі төгілген кезде биік жерге көтерілу керек
Хлор
Бұл ҚӘУЗ түрі төгілген кезде төмен жерлерді таңдау керек
Аммиак
Веналық қан кетудің белгілері -
Қошқыл түсті қан толассыз ағады және оның шапшып атқылауы байқалмайды
Гамма сәулелердің қоршаған орта атомдарына тигізген әсері және электрондар ағыны мен оң иондардың түзілуінің нәтижесінде пайда болған электрлі және магнитті сәулелерді қалай атаймыз?
Электромагниттік импульс
Ғимарат пен құрылыс отқа төзімділігіне байланысты қанша топқа бөлінеді?
5
Гипертония ауруының негізгі белгілері
Күретамыр қысымы жоғарылайды, тамыр соғысы жиі, сырқат басының шаншығанын, басының айналғанын, жүректің шаншуын, басының ауырғанын қатты сезінеді
Гипоцентрдің тікелей үстіндегі жер қабатының негізгі нүктесі бұл -
Эпицентр
Денеге жалын, қайнаған су, газ, қызған және балқыған металлдардың тікелей әсерінен пайда болған күйік қалай аталады?
Термиялық күйік
Денеге қышқылдардың және сілтілердің, фосфордың және ауыр металлдардың әсерінен пайда болған күйік қалай аталады?
Химиялық күйік
Доза қуатының өлшегіші (рентгенометр)
ДП-5В
ДП-5А приборын не үшін қолданады?
Радиация деңгейі мен радиактивті залалдану дәрежесін анықтау үшін
Әрбір жеке адамның тіршілігі мен ұзақ өмір сүруінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін тәртібі мен дағдасының жеке жүйесін қалай атаймыз?
Салауатты өмір салты
Жалпы улылық әсері басым заттарға қандай улы қосылыстар жатады?
Көміртегі тотығы, цианды сутегі
Жан-жақты қымталған, радиациялық сәулелердің жолына бөгет бола алатын арнайы салынған баспана қалай аталады?
Панаханалар
Жараға түскен бактерияларды, микроорганизмдерді өлтіретін немесе олардың тіршілігін әлсірететін химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою бұл -
Антисептика
Жарақатты шоктың қанша фазасы бар?
2
Жараны микробтардың зақымдануынан қорғау әдісін қалай атаймыз ?
Асептика
Жарылыс және өрт қауіпі бойынша барлық өнеркәсіп орындары қанша категорияға бөлінеді?
6
Жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды қалай атаймыз?
Ядролық қару
Жарылыс нүктесінен барлық жаққа дыбыс жылдамдығымен қозғалатын, қатты сығылған ауаның жиналған жерін қалай атаймыз?
Соққы толқыны
Жасанды апаттар-
Көліктік, Өндірістік, Спецификалық, Әлеуметтік
Жасанды дем алдырудың неше түрі бар?
2
Жасыл – сары түсті, өткір исі бар газ бұл -
Хлор
Жеке дәрі – дәрмек қобдишасы қанша ұядан тұрады?
7
Жеке дәрі-дәрімек қобдишасы
АИ-2
Жеке химиядан қорғайтын пакет
ИПП- 8,10
Жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы бұл -
Жер сілкінісі
Жердегі, ғимараттағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ, азық-түлікті улы затпен ластануын анықтау үшін қолданылатын тұрмыстық дозиметрлер бұл -
«Мастер-1», «Сосна», «Белла»
Жоғарғы оқу орындарының Азаматтық қорғанысының бастығы кім?
Ректор
Жоғары температура (от, ыстық бу, қайнаған су) химиялық заттар (қышқылдар, негіздер) немесе иондаушы радиациялық сауле әсер етуі нәтижесінде ұлпалардың зақымдануы
Күйік
Жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктері бұл -
Темперамент
Жүйкені жансыздандыратын улы заттар -
Фосфорганикалық заттар тобы – зарин, зоман, VX (Ви - Икс) – газдар.
Жүрек күретамырының тарылуынан жүрек бұлшық етіне қанның баруының бұзылуынан туындайтын ауру түрін қалай атаймыз?
Стенокардия
Жұқпалы ауруларды ескертуге және зақымдану ошағын жоюға бағытталған режимдік, әкімшілік және санитарлық шаралар кешені қалай аталады?
Карантин
Жұқпалы ауруларды таратуға қатысатын, азық-түлікті бүлдіретін жәндіктерді жоюды қалай атаймыз?
Дезинсекция
Жұқпалы аурулардың тұтас елдердің (құрлықтардың) үлкен аумағына жаппай таралуын қалай атаймыз?
Пандемия
Жылдам әсер ететін улы заттар -
Зарин, зоман, VX (Ви - Икс) – газдар, көгілдір қышқылы
Зақымдалған обектіден радиактивті заттарды жою бұл -
Дезактивация
Зақымдану тереңдігі бойынша күйік қанша дәрежеге бөлінеді?
4 дәрежеге
Зақымданушының өмірін сақтап қала алатын, жаралану немесе аурудың асқынып кетуін және ауыртпалығынан сақтандыратын қарапайым шаралар бұл -
Алғашқы көмек
Заттардың алмасуын бұзатын улы қосылыстар бұл –
Диоксин, полихлорланған бензофуран
ИД-1 дозиметрлік құралы неге арналған?
Адам бойына сіңген гамма-нейтрон сәулелердің мөлшерін өлшеуге
Инсульт ауруы болған жағдайда алғашқы көмек көрсету
Сырқаттың басын сәл көтеріп жатқызып, басына салқын зат қою, тыныштандыратын және қысымды төмендететін (валериан тұнбасы, андипал, дибазол) дәрелерді беру қажет
Инсульт ауруының белгілері
Сырқат есінен айырылады, денесі көгереді, тамыр соғысы баяулайды, мұрын мен құлақ көгереді, аяқ-қол жансызданады
Инфекцияның таралуын ескертуге бағытталған оқшауландыру – шектеу, емдеу –сақтандыру және арнайы – эпидемияға қарсы шаралардың жүйесі
Обсервация
Иондаушы радиацияның әсер етуі кезінде пайда болған күйікті қалай атаймыз?
Сәулелік күйік
Иприт және люизит улағыш заттардың қай тобына жатады?
Терінің құрысуына әсер ететін улы заттар
Қан тамырлардың зақымдану сипатына қарай қан кетудің неше түрлері бар?
4
Қан тамырларының зақымдану сипатына қарай қан кетудің қауіптісі бұл -
Артериялық
Капиллярлық қан кетудің белгілері -
Ұсақ қан тамырлардан қанның кетуі
Қарақұрт шаққан кезде алғашқы көмек көрсету шаралары
Марганецтік калий ерітіндісімен шайылған суық баспаны шаққан жерге қояды, зардап шегушіге су, физиологиялық ерітінді береді, емдеу мекемесіне жеткізеді
Қатты әсер ететін улы заттарды бейтараптандыру немесе жою бұл -
Дегазация
Қатты әсер ететін улы заттардың зақымдағыш әсері таралатын шектегі алаң қалай аталады?
Химиялық зақымдану ошағы
Кейбір техникалық сұйықтарды пайдалану, ішу не тарту бұл -
Токсикомания
ҚӘУЗ қай түрі төгілген кезде Сіз төмен жерлерді таңдайсыз?
Аммиак
Қорқыныш сезімінің қанша түрі бар?
2
Қотырды емдеу шаралары
33%-тік күкірт мазын немесе Вилькинсон майын пайдалану
Көздің жасын ағызатын және тітіркендіргіштік әсері бар улы заттар -
Хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит CS (Си - Эс)
ҚР - да суда құтқару қызметі қашан құрылды?
1996
ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы қашан қабылданды?
1996 жылы 5 шілдеде
ҚР «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Заң қашан қабылданды?
1998 жылы 23 сәуірде
ҚР Азаматтық қорғаныс туралы Заңы қашан қабылданды?
1997 жылы 7 мамырда
ҚР Азаматтық қорғанысына тікелей басшылықты кім жүргізеді?
ТЖ жөніндегі ҚР Агенттігі
ҚР Азаматтық қорғанысының жалпы басшылығын кім жүзеге асырады?
ҚР Премьер-Министрі
ҚР су қоймаларында азаматтар қауіпсіздігінің ережелері қашан қабылданды?
1997 жылы 7 желтоқсан
ҚР Терроризммен күрес туралы Заңы қашан қабылданды?
1999 жылы 13 шілдеде
Құбылыстарды жіктеумен немесе жүйелеумен айналысатын ғылым бұл -
Таксаномия
Құрамында адамға қатты әсер ететін улы заттар – фаллоин, фаллоидин және аматотоксин бар саңырауқұлақ бұл -
Бозарамқұлақ
Құрамында аконитин бар улы өсімдік бұл -
Аконит
Құрамында атропин тектес улы заттар – мускарин мен аманитин бар саңырауқұлақ бұл -
Қызыл шыбынжұт
Құрамында гельвель қышқылы бар улы саңырауқұлақ бұл -
Тілікқұлақ
Құрамында цикототоксин бар улы өсімдік бұл -
Цикута
Қысқа уақыт аралығында шектеулі көлемде энергияның үлкен санының босауы бұл -
Жарылыстар
Малдардың жаппай инфекциялы ауруға ұшырауы-
Эпизоотия
Метаболдық улар, яғни организмдегі заттар метаболизмнің процестеріне араласатын улы қосылыстар бұл –
Этилен тотығы, дихлорэтан
Механикалық жарақаттар қандай болуы мүмкін?
Ашық және жабық
Миокард инфаргі болған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
Тілдің астына нитроглицерин таблеткасын салу немесе нитроглицириннің 1% спирт ерітіндісінің 2-3 тамшысын беру
Миокард инфаргін туғызатын себептер-
Әртүрлі жүйке қозулары, жан дүниенің күйзелісі, жүрек тамырлардың ұзақ сіресуіне алып келетін никотинмен улану
Миокард инфаргінің белгілері
Кеуде мен жүрек төңірегіндегі қатты шаншу
Нашатыр тәрізді иісі өткір, түссіз газ бұл -
Аммиак
Негізгі белгісі күретамырдың жоғарғы қысымы болып табылатын ауру түрін қалай атаймыз?
Гипертониялық ауру
Органдар ұлпаларының зақымдануы, тері жамылғыларының кілегейлі қабықтарының тұтастығы бұзылған зақымдануды қалай атаймыз?
Ашық зақымдану
Организмге берілген энергия мөлшері қалай аталады?
Доза
Организмге берілген энергия мөлшерін қалай атаймыз?
Доза
Орталық жүйке жүйесі қызметінің күрт нашарлауы нәтижесінде организмнің барлық жүйесі қызметінің тоқтауын қалай атаймыз?
Естен тану
Ортаның қуат жағдайымен, адамдардың іс -әрекетімен тығыз байланысты құбылыс бұл-
Қауіп-қатер
Өзен, көл немесе теңіз суының көтерілу нәтижесінде жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы бұл-
Су басу
Өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін кез-келген шынайы немесе елестік жағдайға адамның табиғи жауабы бұл -
Қорқыныш
Өнеркәсіп орнында, көлікте және басқа шаруашылық объектілерінде жұмыстың кенеттен тоқтауы немесе өндіріс процесінің бұзылуы бұл -
Өндірістік авария
Өнеркәсіпте, көлікте, үлкен көлемде қолданылатын объектілердегі авариялық жағдайда атмосфераға оңай өтуге және жұмыс істеуші қызметкерлер мен халықты жаппай зақымдауға қабілетті улы химиялық қосылыстарды қалай атаймыз?
Қатты әсер ететін улы заттар
Өнеркәсіптік газқағарлар -
ПФМ-1, ППФ-95М, ПФМ-ЗП, ППФМ-92, ППФ-95, ППФ-87
Өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы өндірісі мен қоғам қызметінің басқа салалары мүдделеріне пайдаланылатын тәртіптер мен нормалар негізінде іс әрекет ететін адамдар ұжымы
Шаруашылық объектілері
Өрмекші, бүйен шаққан кезде алғашқы көмек қалай көрсетіледі?
Шаққан жерге марганец қышқылды калийдің, мүсәтір спиртінің немесе магний сульфатының ерітіндісімен шайылған суық баспа қояды
Өрт сөндіргіш құралдардың негізгі түрлерін көрсетіңіз?
Сұйық, көбікті, көмірқышқылды, азрозольды, ұнтақты
Өрт сөндіргіш құралдары корпус көлемі бойынша нешеге бөлінеді?
3
Өсімдіктердің жаппай инфекциялы ауруға ұшырауы -
Эпифитотия
Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдай бөлінеді -
Табиғи, техногенді, жанжалды
Панахана бөлмесінің биіктігі неше метр болуы тиіс?
2,15-1,85 м
Панаханада неше бөлме бар?
2
Панаханада неше есік болуы керек?
2
Панаханада температура мөлшері қандай болуы тиіс?
230С
Панаханалар сыйымдылығына байланысты нешеге бөлінеді?
3
Панахананың негізгі бөлмесінде не орналасады?
Басқару және санитарлық нүктелер
Паренхиматоздық қан кетудің белгілері
Ішкі мүшелер яғни, өкпе, бауыр, бүйрек зақымданғандағы қанның кетуі
Радиациялық барлауға қандай өлшемді приборлар жатады?
ДП5 А(Б), ДП-5В
Радиоактивті заттарды сезіп, олардың шамаларын анықтайтын, сәулелерін зерттейтін құрал қалай аталады?
Дозиметрлік құрал
Санитарлық зембілдердің стандартты өлшемдері:
Ұзындығы-221,5 см, ені-55 см, биіктігі-16 см, массасы-10 кг.
Саңырауқұлақпен уланғанда алғашқы көмек қалай көрсетіледі?
Асқазанды сумен, әлсіз марганец қышқылды калий ерітіндісімен шаю, жасанды құстыру, бірнеше рет клизма қою, содан кейін ыстық, тәтті шай, кофе ішкізу
Сарымсақтың иісі бар сарғыш немесе қара қошқыл түсті сұйық зат бұл -
Иприт
Саусақ арасындағы қыртыстарда, алақанда, қарында көрініп адамды тынышсыздандырып қышытатын ауру бұл -
Қышыма (терінің ауруы)
Сейсмикалық энергияны бөліп шығаратын жер аймағы бұл -
Жер сілкінісінің ошағы
Сәуле шығару дозасы қанша болғанда адамда 1 – (жеңіл) дәрежелі сәуле ауруын тудырады?
100 – 200 рад
Стенокардия ауруының белгілері-
Жүрек қысылады, бет ағарады, суық тер шығады, аяқ-қол суынады, жиі қатты демікпе пайда болады
Сынықтың түрлерін атаңыз?
Ашық және жабық
Сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы бұл -
Қауіпсіздік
Сыртқы ортада жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жою бұл -
Дезинфекция
Табиғи апаттар-
Метеорологиялық, Тектоникалық, Топологиялық, Космостық
Тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтерілуінен болатын қуатты ағын бұл -
Сел
Тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрін қалай атаймыз?
Жабық зақымдану
Тері жамылғыларының тұтастығын бұзбай 3-ші және 4-ші дәрежелі күйік кезінде алғашқы көмек көрсету
Сумен шаюға болмайды, күйген жерді құрғақ таза матамен жауып, матаның үстіне міндетті түрде суық зат қою, 2-3 таблетка аналгин және жылы сусынды көп ішкізу керек
Терінің құрысуына әсер ететін улы заттар -
Иприт, люизит
Тәуекелдік факторлары – бұл
Авариялық жағдайда адам өміріне қауіп төндіретін факторлар
Техногендік апат дегеніміз не?
Жарылыс, авария, ҚӘУЗ-дің төгілуі
Технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануын қалай атаймыз?
Авария
ТЖ болған кезде лезде есін жиып, шешім қабылдауға қабілетті адамдар типі бұл -
Сангвиниктер
Тірілу түсінігін білдіреді, яғни жұмыс істеу қабілеті бұзылған немесе тоқтап қалған организмнің жұмысын қалпына келтіру бұл-
Реанимация
Төменгі температураның салдарынан ұлпалар мен органдардың зақымдануы бұл -
Үсік шалу
Төтенше жағдай жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия бұл -
Тұрақты жұмыс істейтін орган
Төтенше жағдайда адамның психикасының жарақаттануының неше кезеңі бар?
3
Төтенше жағдайдағы іс- әрекетке әзір болу, өмірге құштарлық, өзін- өзі құтқару негіздерін білу, тіршілік дағдылары, авариялық құралдар мен кешендердің болуы, дене шынықтыру, өзін- өзі құтқаруды дұрыс ұйымдастыру бұл -
Тірі қалу факторлары
Туберкулез ауруын кім тапты?
Р. Кох
Туберкулездің неше жұғу жолдары бар?
2
Түйеде, кеміргіштерде, қоянда, түлкіде, борсықта, ақбөкенде, мысықта болатын аса қауіпті жұқпалы ауру, бактериясы ауа не қан арқылы адамға да берілетін ауру бұл -
Оба (чума)
Түссіз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат бұл -
Зарин
Тұншықтырғыштық әсері басым заттарға қандай улы қосылыстар жатады?
Хлор, фосген, хлорпикрин
Тұрғындардың қалыпты тіршіліктерінің тұтқиыл бұзылуына, адамдардың өліміне, материалдық құндылықтардың бүлінуіне әкеп соғатын табиғи құбылысты қалай атаймыз?
Дүлей зілзала
Тыныс алу органдарын қорғау құралдары -
Газқағарлар, респираторлар, мата таңғыштары, шаңнан қорғайтын маскалар
Улану түрлері -
Өткір және созылмалы
Халықты қорғау үшін қандай газқағарлар қолданылады?
ГП-5 (ГП-5М) және ГП-7 (ГП-7В, ГП-7ВМ)
Хлор адам организміне қалай әсер етеді?
Тыныс жолдары мен өкпені ісіндіреді
Хлор ауадан неше есе ауыр?
2,5 есе
Хлордың сипаттамасы
Өткір иісті, жасыл-сары түсті газ
Шаян шаққан кезде алғашқы көмек калай көрсетіледі?
Кез-келген өсімдік майын жағу, ыстық қыздырғыш қою, аналгин, супрастин, немесе димедрол дәрі-дәрімектерін ішкізу
Шіріген шөптің иісі бар, ауадан 3,5 есе ауыр, түссіз газ бұл -
Фосген
Ыстық тиген адамға алғашқы көмек көрсету
Зардап шегушіні суық жерге, немесе жақсы желдетілген орынға апарып, киімдерін шешіп, басып сәл көтеріп жатқызып, басы мен жүрек төңірегіне суық су құйып, температураны төмендетіп, кордиамин ерітіндісін беру қажет
Электр жарақатының белгілері:
Тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірегінің сырқырауы
Электр тоғының немесе найзағайдың – атмосфералық электр түйісінің әсерінен болатын зақымдануды қалай атаймыз?
Электр жарақаты
Ядролық жарылыс бұлттарынан радиоактивті заттардың түсуі нәтижесінде болатын құбылыс бұл -
Жердің радиоактивті ластануы
Ядролық жарылыс кезінде пайда болатын сәуле энергиясының ағынын қалай атаймыз?
Жарықтың сәуле шығаруы
Ядролық жарылыс кезіндегі гамма сәулелер мен нейтрондар ағынын қалай атаймыз?
Өткіш радиация
Ядролық зақымдау ошағы шартты түрде қанша шеңберлі аймаққа бөлінеді?
4

Приложенные файлы

  • docx 17624859
    Размер файла: 28 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий