ZhKh_Peretsikl_s_1201_ra_1179_tary


Ерітінділер туралы ұғым.Ерітінділердің құрамы мен жіктелуі. Сұйытылған және концентрленген ерітінділер.
Ерітінділердің концентрациясы. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі, молярлық концентрация.
Судың иондық көрсеткіші. Сутектік көрсеткіш рН. Гидроксидтік көрсеткіш рОН.
Күшті және әлсіз қышқылдар мен негіздердің рН–ын есептеу. рН-тың организмнің биологиялық процестеріне әсері.
Буферлік жүйелер. Құрамы, жіктелуі. Буферлік әсердің механизмі.
Буферлік жүйенің негізгі теңдеулері. Гендерсон-Гассельбах теңдеуі.Буферлік жүйенің сыйымдылығы, буферлік сыйымдылыққа әсер ететін факторлар.
Биологиялық маңызды буферлік жүйелер, олардың қызметі.
Ерітінділерінің коллигативтік қасиеттері. Диффузия. Осмос, осмос қысымы. Вант-Гофф заңы.
Осмостың жанды жүйелер үшін маңызы. Изотоникалық коэффициент. Медициналық тәжірибедегі гипо-, гипер- және изотоникалық ерітінділер.
Биологиялық жүйелердегі осмос және осмос қысымы. Плазмолиз және гемолиз.
Химиялық термодинамика. Негізгі түсініктері және таңбалары. Биоэнергетика туралы түсінік.
Термодинамиканың бірінші заңы. Энтальпия. Гесс заңы және оның салдарлары.
Термодинамиканың екінші заңы. Энтропия. Гиббстің еркін энергиясы.
Кинетика туралы түсінік. Реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың табиғатына тәуелділігі.
Реакция жыдамдығының концентрацияға және температураға тәуелділігі. Әрекеттесуші массалар заңы. Вант-Гофф теңдеуі. Активтендіру энергиясы.
Катализаторлар. Катализ және оның түрлері. Гомогенді және гетерогенді катализ.
Ферменттер және олардың ерекшеліктері.
Комплекстік қосылыстар туралы түсінік, олардың жіктелуі. Вернердің координациялық теориясы.
Биокомплекстердің (гемоглобин, хлорофилл, витамин В12) құрылысы және биологиялық ролі.
Комплекстік қосылыстардың диссоциациясы. Комплекстік иондардың тұрақсыздық константасы.
Биогенді элементтер. Макро-, микро- және ультрамикробиоэлементтер. Олардың биологиялық маңызы.
Беткейлік бөліну шекараларының ағзадағы мысалдары. Газ-сұйық бөліну шекарасындағы беткейлік құбылыстар. Беткейлік керілу.
Беткейлік керілуге әсер ететін факторлар.ББЗ және ББЕЗ. Траубе-Дюкло ережесі.
ББЗ-дың бөліну беткейлеріндегі бағыты. Ребиндер ережесі.
Адсорбцияқұбылысы, оның түрлері, медициналы-биологиялық маңызы. Гемосорбция.
Адсорбцияның орындалу заңдылықтары. Панет-Фаянс ережелері.
Жылжымалы және жылжымайтын бөліну шекараларындағы адсорбция. Гиббс теңдеуі, оның сипаттамасы.Ленгмюр, Фрейндлих теңдеулері.
Хроматография және оның жіктелуі. Хроматографияның түрлері.
Дисперстік жүйелер. Дисперстік жүйелердің жіктелуі, олардың мысалдары.
Коллоидты-дисперстік жүйелердің алынуыжәне тазартылуы.
Ірі дисперстік жүйелер: аэрозольдар, суспензиялар, эмульсиялар.
Дисперстік жүйелердің молекулалық және электрліхимиялық қасиеттері. Электрофорез, электроосмос.
Коллоидты-дисперстік мицелланың құрылысы.
Коллоидты-дисперстік жүйелердің коагуляциясы. Коагуляцияны туындататын факторлар.
Электролиттік коагуляцияның механизмі. Шульце-Гарди ережелері.
Жоғары молекулалық қосылыстар (ЖМҚ), құрылысы және жіктелуі.
ЖМҚ ерітінділерінің онкотикалық қысымы. Галлер теңдеуі.
Шектелген және шексіз ісіну, ісінуге әсер ететін факторлар.
ЖМҚ ерітінділерінің тұтқырлығы. Штаудингер және Марк-Кун-Хаувинк теңдеулері.
Полиэлектролиттер. Изоэлектрлік нүкте және оны анықтау әдістері.
ЖМҚ айрықша қасиеттері. Коацервация, оның биологиялық маңызы. Қоймалжың затқа айналу. Синерезис.
Органикалық қосылыстардың жіктелуі. Органикалық қосылыстардың негізгі кластары.Функционалдық топтар, органикалық радикал.
Органикалық қосылыстардың номенклатурасы.
Изомерия.Құрылымдық изомерлер. Мысалдары.
Стереоизомерия. Диастереомерлер. Цис- және транс-изомерлерге мысалдар.
Хиральдық молекулалар. Бір немесе бірнеше хиральдық орталықты энантиомерлер. Д – және L – қатарлар. Оптикалық белсенділік.
Алкандар, жалпы формуласы, гомологтық қатары, номенклатурасы, изомериясы.
Алкандардың радикалдық орынбасу реакциялары (SR).
Алкендер, жалпы формуласы, гомологтық қатары, номенклатурасы, изомериясы.
Алкендердіңэлектрофилдық қосып алу реакциялары (АE).Марковников ережесі.
Диен көмірсутектері. Полимерлену реакциялары.
Ароматты көмірсутектер, жалпы формуласы, гомологтық қатары, номенклатурасы, изомериясы.
Ароматты көмірсутектердің электрофилдық орынбасу реакциялары (SE).
Галогентуындылар. Анықтамасы, жіктелуі, номенклатурасы.
Алифатикалық галогентуындылардың нуклеофилдық орын басу реакциялары(SN).
Алифатикалық галогентуындылардың элиминирлену реакциялары.
Спирттер. Анықтамасы, жіктелуі, номенклатурасы.
Бір атомды спирттердің химиялық қасиеттері. Спирттердің элиминирленуі.
Көп атомды спирттер. Олардың ерекшеліктері.
Оксоқосылыстар. Жіктелуі. Номенклатурасы.
Альдегидтер мен кетондардың нуклеофилдық қосып алу реакциялары (АN).
Альдегидтер мен кетондардың готығу-тотықсыздану және галоформдық реакциялары. Биологиялық және медициналық маңызы.
Карбон қышқылдары. Анықтамасы, жіктелуі, номенклатурасы.
Карбон қышқылдарының реакцияға түсу қабілеті. Орынбасу реакциялары.
Аминдер. Анықтамасы, жіктелуі, номенклатурасы. Аминдердің негіздік қасиеттері.
Гетерофункционалдық органикалық қосылыстар. Түрлері, мысалдары.
Гидроксиқышқылдар, негізгі өкілдері. Биологиялық маңызы.
Оксоқышқылдар, негізгі өкілдері. Биологиялық маңызы.
Аминдіспирттер, негізгі өкілдері. Биологиялық, медициналық маңызы.
Салицил қышқылы, оның туындылары.
п-аминобензой қышқылы, оның туындылары.
Сульфанил қышқылы, оның туындылары.
п-аминофенол, оның туындылары.
Амин қышқылдары. Анықтамасы, жіктелуі, номенклатурасы.
Протеиногенді амин қышқылдары.  Құрылысы, номенклатурасы, жіктелуі.
Протеиногенді аминқышқылдарының жалпыхимиялық қасиеттері.
Амин қышқылдарының декарбоксилдену, дезаминделу реакциялары, олардың биологиялық ролі.
Аминқышқылдары мен белоктардың сапалық реакциялары.
α-Аминқышқылдарынан пептидтердің түзілуі. Пептидтердің гидролизі.
Белоктардың құрылымдары.
Көмірсулар. Оларың жіктелуі, маңызды өкілдері.
Моносахаридтер және олардың жіктелуі. Стереоизомерия. Фишер және Хеуорс формулалары. Сақиналы-тізбектік таутомерия.
Моносахаридтердің маңызды өкілдері. Моносахаридтердің химиялық қасиеттері.
Олигосахаридтер. Дисахаридтер. Дисахаридтердің түзілуі мен құрылысы.
Дисахаридтердің химиялық қасиеттері.
Полисахаридтер. Полисахаридтердің биологиялық маңызы. Жіктелуі.
Гoмoполисахаридтер. Биологиялық маңызды өкілдері.
Липидтер. Липидтердің жіктелуі. Биологиялық маңызы.
Табиғи қаныққан және қанықпаған жоғары майлы қышқылдар. Олардың ерекшеліктері.
Сабындалатын липидтер.  Ацилглицериндер, құрылысы, құрамы, номенклатурасы, қасиеттері.
Фосфолипидтер. Фосфатидилсерин, фосфатидилэтаноламин, фосфатидилхолин.Сфинго және гликолипидтер туралы түсінік.
Сабындалмайтын липидтер. Терпендер және стероидтар. Стероидтардың биологиялық ролі. Стериндер. Стероидтық гормондар.
Гетероциклдық қосылыстар. Бір және екі гетероатомды бес мүшелік гетероциклдар.
Бір және екі гетероатомды алты мүшелік гетероциклдық қосылыстар.
Пиримидин және оның туындылары.
Конденсацияланған гетероциклдар. Пурин және олардың туындылары.
Рибонуклеозидтер. Рибонуклеотидтер. Құрылысы, номенклатурасы. Рибонуклеозидтердің моно-, ди- және трифосфаттары.
Дезоксирибонуклеозидтер. Дезоксирибонуклеотидтер. Құрылысы, номенклатурасы.
ДНҚ және РНҚ-ның нуклеотидтік құрамы.Нуклеин қышқылдарының бірінші реттік құрылымы.
Келесі қосылыстардың құрылымдық формуласын жазыңыз:а) 2-амино-3-метилбутан қышқылы; б) 3-нитроанилин;в) 2-метилпентен-1; г) транс-бутенди қышқылы.Келесі қосылыстарды халықаралық номенклатура бойынша атаңыз:
а) НООС–СН2СН2–СН(NН2)СООН б) НОСН2СН(ОН)СНО
в) г)
ГМФ-УМФ-ЦМФ үшнуклеотидтің формуласын жазып, байланысты сипаттау керек.
Келесі қосылыстардың құрылымдық формуласын жазыңыз: а) 2-амин-3-хлорбутан; б) 2-нитрофенол; в) 3-гидроксибутан қышқылы; г) пропантриол-1,2,3.
Келесі қосылыстардың құрылымдық формулаларын жазыңыз:а) 2-оксопентанди қышқылы; б) 3-гидроксибутаналь; в) 3-метилбутанон-2; г) 1-хлор-2,3-диметилпентан;
Келесі қосылыстардың құрылымдық формуласын жазыңыз: а) 3,4-диметил-2-этилпентен-1; б) 2,8-диметилнонин-4,в) 2-бром-1,1,1-трифтор-2-хлорэтан; г) 2-гидроксибензой қышқылы.
Келесі қосылыстарды халықаралық номенклатура бойынша атаңыздар:
а) б)
в) г)
Келесі қосылыстарды халықаралық номенклатура бойынша атаңыздар:
а) НООССН2–СН2СООНб)
в) г)
Егер электролиттердің қайта таралуына дейінгі бастапқы концентрациялары Сі = 0,15 моль/л, ал Сс = 0,09 моль/л болса, клетка ішіндегі және сыртындағы электролиттің концентрациясы қалай өзгереді?
Массалық үлестері 40%-тік және 20%-тік екі ерітіндіні араластырғанда массасы 200г., массалық үлесі 25%-тік ерітінді түзіледі. Бастапқы екі ерітіндінің массаларын есептіңіз.
Егер электролиттердің қайта таралуына дейінгі бастапқы концентрациялары Сі = 0,13 моль/л, ал Сс = 0,07 моль/л болса, клетка ішіндегі және сыртындағы электролт концентрациясы қалай өзгереді?
2КNО2*NH3*Co(NO2)3 қосылысының комплекстік формуласын құрыңыз. Кобальттың ( III) координациялық саны 6 ға тең. Осы қосылыстың диссоциация теңдеуін жазып, тұрақсыздық константасын құрыңыз. Қосылысты атаңыз.
Пальмитолинолеоолеаттың алыну реакциясын жазыңыз.
500 мл еріткіште 1,48г натрий гидроксиді ерітілген. Ерітіндінің рН анықтаңыз. 
Лейцин, тирозин және цистеиннен түзілетін трипептидтің алыну реакциясын жазып көрсетіңіз және қосылысты атаңыздар. Аминқышқылдары қалдықтарының арасындағы байланыстың сипатын және санын көрсетіңіз.
5-10 %-тік йодтың спирттегі ерітіндісі медициналық практикада жараны, кескен жерлерді, операция алаңын залалсыздандыру үшін қолданылады. 20 г кристалдық йодтан 5%-тік йодтың спирттегі ерітіндісінің қандай көлемін дайындауға болады. (Ерітіндінің тығыздығы 0,950 г/ мл).
[Co(NH3)6 ]Cl2 комплексі үшін тұрақсыздық константасының өрнегін жазыңыз. Бұл қосылыста комплекс түзушінің тотығу дәрежесі мен координациялық саны нешеге тең? Қосылысты атаңыз.
CoCl3*3NH3*3H2O комплексті қосылыстардың формуласын құрыңыз. Кобальттың ( III) координациялық саны 6-ға, тотығу дәрежесі 3-ке тең. Қосылысты атаңыз.
PtCl4 * 6NH3 қосылысының комплекстік формуласын құрыңыз. Платинаның ( IV) координациялық саны 6-ға, тотығу дәрежесі 4-ке тең. Қосылысты атаңыз.
Калий сульфаты ерітіндісінің концентрациясы 0,02 моль/л. Осы ерітіндінің 200С температурадағы осмос қысымын анықтаңыз.
Линолеолиноленопальмитаттың алыну реакциясын жазыңыз.
Құрамында 0,0001 моль/л құмырсқа қышқылы және 0,001 моль/л калий формиаты болатын буферлік ерітіндінің рН-ын анықтау керек. рК=3,75.
1 л ерітіндіде 0,066 г күкірт қышқылы ерітілген. Ерітіндінің рН-ын анықтаңыз.
[Pt(NH3)]Cl2 комплексі үшін тұрақсыздық константасының өрнегін жазыңыз. Бұл қосылыста комплекс түзушінің тотығу дәрежесі мен координациялық саны нешеге тең? Қосылысты атаңыз.
Хирургияда жарақаттарды жуу үшін қолданылатын 5%-тік NаCI гипертоникалық ерітіндісінің 400 грамын дайындау үшін қажетті есептеулер жүргізу керек.
Құрамында 0,002 моль/л калий дигидрофосфаты мен 0,02 моль/л калий гидрофосфатынан тұратын буферлік ерітіндінің рН есептеу керек. рК = 7,21.
Қан плазмасына қатысты изотоникалық 0,85% NаCI ерітіндісінің 300 грамын дайындау үшін қандай есептеулер жүргізу қажет?
Бейэлектролит ерітіндісінің осмос қысымы 269 КПа. Ерітіндінің 120С температурадағы концентрациясын анықтаңыз.
Концентрациясы 0,03 моль/л натрий сульфаты ерітіндісінің 00С температурадағы осмос қысымын анықтау керек.
ЦМФ-АМФ-УМФ- үшнуклеотидтің формуласын жазып, байланысты сипаттау керек.

Приложенные файлы

  • docx 17571264
    Размер файла: 91 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий