tarikh_gost_2016


1.Қазақстан тарихы пәнінің міндеті мен мақсаты.Тарих – ол халықтың жады, ол біздің рухымызды көтеріп, болашаққа жол сілтейді. Отанымыздың тарихын оқу, зерттеу, бізге қай жерде туғанымызды, туған еліміздің қандай екенін, біздің туған жерге деген қатынасымызды, отанымыздың кешегісі мен бүгінгісіне көз жіберуімізге мүмкіндік туғызады.Тарих – ғылым ретінде көптеген маңызды мәселелерді шешеді. Гуманитарлық ғылымдар кешенінде ол басты орын алады. Ол Отан – ата мекеніміздің өткені туралы білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге, тарихи таным – отан тарихына ортақтастық сезім қалыптастырады. Тарихты оқу - әр азаматта азаматтық көзқарас, ұлттық мәдениет қалыптастыруға және өз халқының салт дәстүрін жалғастыруға мүмкіндік береді. Осының бәрі ұрпақтар сабақтастығын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.“Қазақстан тарихы” пәнінің маңызды міндеттерінің бірі - сонымен бірге жас ұрпақтың тарихи құбылыстар мен оқиғаларды зерделеуіне, бағалауына, оларға нақты баға беруге тәрбиелеу.Өз халқыңның өткенін, оның мәдениетін зерделеу, жастарға құндылық бағдарын анықтауға мүмкіндік береді, яғни тарихтың тәрбиелік маңызы өте зор.Келешекте өмір сүріп, күн кешетін жас ұрпақ өз атамекенінің тарихын, өзі шыққан тегін, ата бабаларының тарихи тәжірибесін әрі қарай мақтанышпен жалғастыру үшін білу керек.Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы және осыған байланысты жаңа тарихи үрдістер - азаматтардың сана сезімінде елеулі өзгерістер туғызды. Әлемге, халыққа және оның тарихына деген көзқарас түбегейлі өзгерді. Егер бұрын Қазақстан тарихы- Совет Одағының бір құрамдас бөлігі ретінде қарастырылса, енді оны әлемдік тарих, Еуроазия тарихы, көшпенділер өркениеті, түркі халықтарының; Орта Азия халықтарының тарихы тұрғысында қарастыру сезімі туып отыр.Сондықтан да бүгін Қазақстан тарихын зерделеуде біз жалпы өркениеттік тұрғыны пайдаланамыз, себебі, Қазақстан тарихы- бүкіл әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі болып табылады. Оның еуроазия мәдениеті мен тарихына жататындығына көңіл аударуымыз маңызды. Еуропа мен Азияның тоғысуында жатқан Қазақстан аймағы әрқилы халықтар, өркениеттер, мәдениеттерді байланыстыратын “көпір” болды.Жалпытүрік ортақтықтағы, көшпелі өркениеттін жүйесінде, еуроазиялық халықтардын тарихи-мәдени ортақтықтын дамуында қазақ халқының орынының, мемлекеттілігінің ролін көрсету – қазақстан тарихының міндеттерінде маңызды орын алады. Қазақ этностын қалыптасуының негізгі кезеңдерін, оның шаруашылығын, тұрмысын, әлеуметтік құрылысын, және саяси жүйесін ұзақ тарихи уақыт бөлігінде анықтау Қазақстан тарихының міндеттеріне кіреді. Этногенез, мемлекеттілік, көрші этникалық ұйымдарымен, мемлекеттерімен қатынастар, отарлық соғыстар, ұлт-азаттық қозғалыстар – қазақ халқы тарихының негізгі мәселелерін қайта бағалауына, қайта ойлануына көмек ету – Қазақстан тарихының маңызды міндеттерінің бірі. Қазақ қоғамындағы әлеуметтік-таптық қатынастарын сипатталау, жұрттын әр түрлі әлеуметтік топтардын ролін көрсету тарихи ғылымының зор мәселелеріне жатады. Тарихи ғылымында кошпенділердін рухани әлемінің эволюциясы, олардын әлемдік өркениетіне қосқан үлесі, көшпелі дала мәдениеттін егіншілік-отырылықшық мәдениетімен, көрші Ресей, Қытай, Кіндік Азияның халықтарының мәдениеттерімен өзара байланысы және өзара ықпалы жаңа өркениеттік тұрғысынан көрсетіледі.Қазақстан тарихы пән ретінде студенттердін дүниетанымдарын, азаматтық позицияларының қалыптасуына зор ықпал етеді, яғни өз елінің, өз халқының тарихын білу патриоттық сезімдерді туғызады.«Қазақстан тарихы» пәнінің мақсаты – оқушыларының дүниетанымының негізі болатын тарихи сананы, тарихи білімді құрметтеу мен сыйлау сезімін қалыптастыруҚазақстан тарихы 4-кезеңге бөлінеді1-кезең. Ежелгі Қазақстан тарихы Б.з.д.2,5млн жыл- Б.з.V-VІ ғасыры /6-сынып/2-кезең. Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы V-VІ ғас. – ХVІІ ғас. аяғы /7-сынып/3-кезең. Жаңа замандағы Қазақстан тарихы ХVІІ ғас.аяғы– ХІХғас.аяғы /8-сынып/4-кезең. Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы ХХғас.басы – ХХІғас.басы (бүгінгі күнге дейін)
2.ХХ ғасырдың бас қазақстанның әлеуметтік-эколық жағдайы. XX ғ.басында Қазақстанның негізгі аумағы алты облыстан құралды: Сырдария және Жетісу облыстары Түркістан генерал-губернаторлығына енді (орталығы - Ташкент), Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстары - Дала генерал-губернаторлығына кірді (орталығы - Омбы қаласы). Ішкі (Бөкей) Ордасының территориясы Астрахань губерниясына, ал Маңғышлақ -Закаспий облысына қарады.1897 жылғы бүкіл Ресейлік халық санағы деректері бойынша өлке аумағында 4147,8 мың адам тұрды, олардың ішінде қазақтар 3392,27 мың немесе 81,7% болды. 1914 жылға қарай өлке тұрғындарының жалпы саны 5910,0 мың болса, оның ішінде қазақтар 3845,2 мың немесе 65,1% құрады. Өлке тұрғындарының өсуі Столыпин реформасынан соң орыстардың Ақмола, Семей және Торғай облыстарына көптеп көшіп келуімен байланысты. XX ғасыр басында бүл өлке көпұлтты өлкеге айналды.Қазақстанның негізгі тұрғындары ауылдық жерлерде тұрып, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Оған мал ұстаудың жайылымдық және жартылай қоралық жүйесі, диқаншылықпен, шоп орумен айналысу тән. Қазақтар жылқы, қой, ірі қара мал, түйе және ешкі өсірді.XIX ғ. соңы мен XX ғ. басында Қазақстанда егіншілік дамыды. 1897 ж. деректер бойынша диқаншылықпен шұғылданған тұрғындар арасында қазақтардың саны 55,4% құрады.Сырдария облысының Шымкент және Әулиеата уездерінде диқаншылық басым болды. Мұндағы әрбір егуші шаруашылыққа 10,7 дес.. егістік тура келеді. Жетісу уезінің Қапал уезінде 1910 жылы диқаншылықпен қазақ шаруашылығының 81%-ы айналысты, ал Верный уезінде - 79,3%. Қостанай уезінде диқаншылықпен 88% қазақ шаруашылығы айналысты, олар 107 440 десятина жерге егін екті, бір егіс шаруашылығына 22,2 дес. тура келді.Орыс көшіп келушілері диқаншылықты дамытуда елеулі рол ойнады. Қазақ тұрғындары арасында диқаншылық тез дамыды. Жаңа ауыл шаруашылық құралдары, жер өңдеу тәсілдері дамыды. Егістік жерлердің көбін бидай, тары және арпа иеленді. Күріш және бау-бақша дақылдарын егу кең тарады.XX ғ. басында өлкеде қала тұрғындары өсе түсті. 1897-1914 жылдары барлық облыстарда қала тұрғындары 1,5 есе өсті. Орал (47,5 мың), Петропавл және Верный (43,2 мыңнан), Семей (34,4 мың) ірі қалаларға айналды. Қалалардың көпшілігі әкімшілік орталық ретінде пайда бола отырып сауда және өңдеуші өнеркәсіп орталықтарына жылдам айналды.Қалада сауда буржуазиясы ірі әлеуметтік топқа айналды — 20,3%. Кен, кен өндіру және тамақ өнеркәсібімен айналысатындар - 32,1% (негізінен жұмысшылар мен қызметшілер), қалалықтардың 20%-ы ауыл шаруашылығы және кәсіппен айналысты.Қазақстанда негізінен кен байыту және кен заводтары және өңдеуші кәсіпорындар дамыды. Кен өнеркәсібі Алтай мен Орталық Қазақстанда дамып, мұнда түсті металдар мен көмірдің бай кен орындары табылды. XX ғасырдың басында мыс, алтын, көмір өндіретін кен өнеркәсібі кәсіпорындары шетел акционерлік қоғамдарының қолына көшті. Мәселен, Спасск мыс кенінің ағылшын-француз акционерлік қоғамы 1904 жылы Лондонда пайда болып, Спасск-Успенск мыс кеніші мен заводын Саранск-Қарағанды таскөмір кенішін иеленді. Қоғамның акция ұстаушылары американдықтар, немістер, шведтер, австриялықтар болды. 1914 жылы Риддер кенішінің, Екібастұз қорғасын-мырыш заводының құрылысы басталды, темір жол салынды.XX ғ. басында өлкеде тау-кен өнеркәсібінің маңызды бір саласы алтын өндіру болды. Екібастұз, Қарағанды, Саранскіде көмір орындары игерілді, өндірілген көмір темір жолмен және су жолымен Пермь губерниясына, Омбы мен Барнаулға, сондай-ақ Павлодар, Петропавл және өлкенің басқа да қалаларына жеткізілді.XX ғ. басында Қазақстанның экономикалық өмірінде, негізінен, аймақтың батысы мен солтүстік - шығыс аймақтарында орналасқан тұз өндіруші кәсіптер маңызды рөлге ие болды. Тұз жергілікті қажеттілік пен тасымалдау үшін де өндірілді. Ішкі ордадағы Басқұншақ кеніші аса ірі болып саналды. Мұнда 5 мыңнан аса қазақ жұмыс істеді. Тұзды кеніштер артельдерге, серіктестік пен қоғамдарға жалға берілді.Батыс Қазақстанда, Орал-Ембі ауданында мұнай өндірілді. 1912-1914 жылдары мұнай орындарын игерумен «Батыс-Орал мұнай қоғамы», «Солтүстік-Каспий мұнай компаниясы>>, «Орал-Ембі қоғамы» айналысты. Арзан жұмыс күші, бәсекелестіктің болмауы, бай мұнай орындарының болуы олардың қожаларына мол табыс әкелді.Жалпы, өлке өнеркәсібінде ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеу кәсіпорындары басым болды: былғары, тоң май, сабын қайнату, шарап жасау, май өндіру және т.б.Жетісу, Ақмола және Семей облыстарында жүн, жіп иіру фабрикалары, ет консервілеу заводтары дамыды. Оларға әскери ведомстволар мүдделі болды.Оңтүстік Қазақстанда шикізат өңдейтін ұсақ кәсіпорындардан басқа мақта тазалау өнеркәсібі дамыды. XX ғ. басында Шымкентте - 4, Түркістанда - 2 мақта тазалау заводтары құрылды.Темір жолдардың салынуы Қазақстанның шикізат көзі мен капиталистік өнеркәсіптің сату рыногына айналуына әсер етті. XX ғ. басында Қазақстанда Орынбор-Ташкент, Троицк, Алтай және Жетісу темір жолдары салынды. 1901-1905 жылдары салынған Орынбор-Ташкент темір жолы революцияға дейінгі Қазақстанның негізгі темір жол магистралы болды.Темір жол құрылысы өлкенің экономикалық өміріне зор әсер етті, өйткені темір жол өлкені Ресейдің өнеркәсіптік орталықтарымен байланыстырды. Қазақстаннан түрлі шикізаттар, мал шаруашылығы өнімдері, астық әкетілді, өлкеге фабрика-завод өнімдері, галантереялық, бакалеялық өнімдер әкелінді. Темір жолдар әскер тасымалдау, халық толқуларын басуда әскери - стратегиялық маңызға ие болды. 1917 жылға қарай Қазақстанда барлығы болып 2793 шақырым темір жол салынды, оның 2557 шақырымы ортақ пайдалану жолдары, 236 шақырымы жергілікті пайдалану жолдары болды.Семей облысында темір жол болмағандықтан, су жолы пайдаланылды. «Батыс-Сібір пароход және сауда серіктестігі» Ертіс бойымен жүк тасымалдады. 1911 жылы Ертіс бойымен 73 бумен жүретін және 214 бусыз жүретін кеме және баржалар жүрді. Олардың көбі Омбы мен Семей аралығында жүк тасымалдады.Өнеркәсіптің дамуы мен темір жолдардың және су жолдарының салынуы Қазақстанда жүмысшы табының қалыптасуына экономикалық негіз қалады. Кедейленген қазақ шаруалары, орыс крестьяндары, кедейленген қолөнершілер, төменгі әскери шендегілер, Ресей империясының ішкі губернияларынан келген білікті жүмысшы және крестьян - кедейлер жүмысшы табының қалыптасу көздері болып табылды.1913 жылы өлкеде жүмысшылардың саны 75 мыңға жетті. Қазақстанда 675 фабрика-завод кәсіпорындары болып, мұнда 51 мың жүмысшы істеді, олардың ішінде 19 мың адам ірі өнеркәсіпте жұмыс жүргізді. Темір жол мен су жолдарында 25 мыңнан аса жұмысшы істеді. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде ірі өнеркәсіп және көлік кәсіпорындарындағы жүмысшылар саны көбейді. 1917 жылы және Қазан революциясы кезеңінде Қазақстандағы жүмысшылар саны 90 мың адам болды. Бірақ жүмысшылардың көбі маусымдық жүмысшылар еді. Темір жол тораптарында, кен байыту және тау-кен заводтарында ғана тұрақты жұмыс болды. Мұның өзі осы салаларда тұрақты маман жүмысшылардың пайда болуына әкелді.Өлкеде патриархалдық-феодалдық қатынастардың үстемдігі және жергілікті өнеркәсіптің нашар дамуы жағдайында жүмысшылардың негізгі шоғырланған жерлері темір жол деполары мен шеберханалары болды. Мұның өзі Қазақстанда жүмысшы және әлеуметтік - демократиялық қозғалыстардың дамуында ерекше маңызды еді. Теміржолшылар бүл жағдайда алдыңғы орында болды. Солтүстік Қазақстанда бүл орынды темір жолшылармен қатар шеберхана және депо жүмысшылары иеленді. Мәселен, Петропавл станциясында 1905 жылы 460 адам жұмыс істеді. Мұның өзі жұмысшылар шоғырланған ірі ошақ еді. Орынбор, Орал, Ақтөбе, Қазалы, Перовск, Шалқар, Түркістан станцияларының темір жол шеберханалары жұмысшылары да осындай рөл ойнады. Фабрика-завод жұмысшылары арасында жергілікті тұрғындар басым көпшілікті құрады. Аса жоғары біліктілік деңгейі мен техникалық дағдыларды талап ететін темір жол көлігіндегі жұмысшылардың басым бөлігі орыстар болды. Темір жолда уақытша істейтін жұмысшылардың көпшілігі жергілікті ұлт өкілдерінен құралды. Мәселен, 1917 жылдың шілдесінде Орынбор-Ташкент темір жолының Тоғыз, Сапақ станцияларындағы учаскелердегі 467 темір жолшының 381-і жұмысшылар болды, олардың 47%-ы қазақтардан құралды. Жалпы, 1917 жылы 30 мың темір жолшының 5-6 мыңы, яғни 20%-ы қазақтар еді. Жұмысшылардың басқа бір озық отряды кен және тау-кен заводтарының жұмысшылары болды. 1887 жылы Зайсан уезінің бастығы бір ереуіл туралы, оған «Кен өндіруші қырғыздар» қатысқанын, оны орыс шеберлері басқарғанын жазады. Ол Өскемен және Зайсан уездерінің кен өндіретін қырғыздары 10 жылдан аса жұмыс істейтінін, тәжірибелері мол екендігін, көпшілігі орысша сөйлейтіндіктерін атап көрсетеді.Тау-кен өнеркәсібіндегі қарапайым еңбек құралдарын (қайла, күрек) пайдалану еңбек қауіпсіздігінің қарапайым шараларының болмауы Жаппай жарақат алуға, мүгедек болуға, тіптен өлімге әкелді. Жұмысшылардың көпшілігінің баспанасы болуы, 40%-ы ғана болмашы лашықтарда, жертөлелерде және барактарда тұрды. Медициналық қызмет пен санитарлық-гигиеналық жағдайлардың болмауы жұмысшылар мен олардың отбасында түрлі жұқпалы аурулар таралуына ықпал етті.Қазақ жұмысшылары ерекше ауыр жағдайда болды. Оларға қарсы ашық түрде ұлттық кемсітушілік орын алды. Бірдей жұмыс атқарғанына қарамай, қазақ жұмысшылары орыстарға қарағанда едәуір аз ақы алды. Төмен еңбек ақы, түрлі айыппұлдар, қожайындар мен биліктің шектен шыққан озбырлықтары өз экономикалық және саяси жағдайын жақсарту үшін жұмысшыларды күреске итермеледі.
3.ХХ ғас бас Ресей үкіметінің аграрлық саясатыПатша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару саясаты XIX ғасырдың 60-90-жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалар қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Ол реформалар Қазақстанды шаруалар арқылы кең көлемде отарлап алуға берік негіз қалады. Орыс шаруаларын ішкі Ресейден қоныс аудару көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан жаппай қуу және ең құнарлы жерлерін күштеп тартып алу арқылы жузеге асырылды.Шаруаларды Қазақстан аумағына қоныс аудару себептеріЕгер XIX ғасырдың ортасына дейін Қазақстанға көбінесе Ресейден әскери топ пен казактар ғана қоныс аударып келсе, ғасырдың екінші жартысынан бастап жағдай түбегейлі өзгерді. Ресей шаруаларын қазақ даласына бұрын-соңды болып көрмеген кең көлемде жаппай қоныс аудару ісі мемлекеттік тұрғыда қолға алынды.Мұның бірқатар себептері болды. Біріншіден, 1861 жылы Ресейде шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау жойылды. Шаруалар басыбайлы тәуелділіктен құтылды. Бірақ олар жаппай жерсіз қалды немесе ұлтарақтай шағын жерге ғана ие болды. Мұның өзі шаруалардың толқуын туғызды. Патша үкіметі шаруалар бүліншілігінің өрши түсуін болдырмау үшін оларды Қазақстан мен Сібір аумағына жаппай қоныс аударту шараларын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады. Екіншіден, Ресей империясы қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесінің аумағында өзінің сенімді тірегін қалыптастыруды мақсат етті. Үшіншіден, патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару арқылы қазақтарды егіншілікпен айналысатын отырықшы өмір салтына көшіруді ойлады. Өйткені ондай жағдайда қыруар көп жер босап қалып, жергілікті халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша мүмкіндігі туар еді. Төртіншіден, патша үкіметінің жергілікті халықты христиан дініне енгізу және орыстандыру жөнінде арам пиғылы да болатын. Бесіншіден, қоныс аударушы шаруалар Қазақстанды орыс империясының сарқылмас мол астығы бар алып қоймасына айналдыруы тиіс деп үміттенді. Өлкені казактар арқылы отарлау экономикалық тұрғыдан ойдағыдай онды нәтиже бермеді. Әскери қызметте жүрген казактар өлкедегі әскери гарнизондар мен шенеуніктер тобының өзін де азық-түлікпен жартымды қамтамасыз ете алған жоқ.Оның үстіне Ресейдің жерсіз шаруаларын жаңа жерде емін-еркін тамаша өмір сүруге болады екен деген хабарлары мен хаттары ол жақта қалғандарды еліктіре елеңдетті. Мұның өзі орыс шаруаларын одан сайын жаппай қоныс аударуға қызықтыра түсті.Шаруалардың жаппай қоныс аудара бастауы1866 жылы Батыс Сібір бас басқармасы шаруалардың Қазақстан аумағына өз беттерінше қоныс аударуына рұқсат етті. Алғашқы қоныс аударушылар Сібірдің әр түрлі қалаларындағы мещандар және Тобыл губерниясындағы Қорған және Есіл округтарындағы шаруалар болды. Олар Көкшетау округының аумағындағы Саумалкөл деген жерге келіп орналасты. Қоныс аударушылардың бір бөлігі казак станицаларына жайғасты. XIX ғасырдың 70-80-жылдарында олар жергілікті қазақтардың жерлерін жалға алып, өз беттерінше орналаса бастады.Қазақстанға қоныс аударғысы келген орыс шаруалары, әдетте, ең алдымен жер көріп қайтушыларды (ходоқтарды) жіберді. Олар өздеріне қолайлы деген жерлерді таңдап, қазақтардан жалға алды, жыртып, тұқым септі. Жердің құнарлы екеніне көздерін жеткізген олар ұзақ мерзімді жалға алу жөнінде келісімшарттар жасасты, өздерінің жерлестерін неғұрлым тезірек жетуге шақырып, жанталаса әрекет етті. Орыстардың елді мекендері пайда бола бастады. Кейін ол жерлер өзінің бұрынғы иелерінен тартып алынып, қоныс аударып келген орыс шаруаларының иелігіне заңдастырылып берілді. Мұндай жағдайда облыстық отаршылдық билік әрқашан орыс шаруаларының жағында болды.Шаруаларды ішкі Ресейден Қазақстанға қоныс аудару жөнінде алғаш рет бастама көтерушілердің бірі Жетісудың әскери губернаторы Г.А. Колпаковский еді. 1868 жылы оның тікелей басшылығымен «Жетісуга шаруалардың қоныс аударуы туралы уақытша Ережелер» жасалды. Онда қоныс аударушы шаруаларға бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтар беру көзделді. Шаруалардың әрбір ер азаматына 30 десятинадан жер телімі бөлінді. Олар барлық алым-салық түрлерін төлеу мен міндетті борыштарды атқарудан он бес жыл бойы босатылатын болды. Қоныс аударушы шаруаларға пайыздық өсімсіз қарыз берілді. 80-жылдардың ортасына қарай Жетісуда жер тапшылығы сезіле бастады. Сондықтан жер телімдерінің мөлшерін 10 десятинаға кемітуге, әр түрлі жеңілдіктер беру мерзімін 5 жылға дейін қысқартуға тура келді.1889 жылы «Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы туралы Ереже» бекітілді. Онда олардың қоныс аударуына Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік мүлік министрлігінің рұқсаты міндетті түрде қажет болды. Ондай рұқсат патша үкіметіне «сенімді» және «елге еңбегі сіңген» құрметті адамдарға ғана берілетіні алдын ала арнайы көрсетілді. Бірақ қатардағы шаруалар бұл ережеге қараған жоқ. Олар өз еріктерімен жаппай қоныс аударуын тоқтатпады.Шаруалардың Қазақ даласына қоныс аударуы 1891 жылдың көктемінен бастап ресми түрде тоқтатылды. Бірақ қоныс аударушылардың тасқынын тоқтату өте қиын болды. Оның үстіне, Ресейде құрғақшылық салдарынан астық шықпай қалды. Елде ашаршылық басталды. Сөйтіп шаруалардың Қазақстан аумағына өз еріктерімен қоныс аударуы одан әрі күшейе түсті.Шаруалардың қоныс аудару қарқынының күшейе түсуі1892 жылы Транссібір темір жолының құрылысы басталды. Ол Қазақстанның солтүстік өңірін басып өтті. Мұның өзі қазақтардың иелігіндегі жердің 4,2 миллион десятинасын қосымша тартып алуға жеткізді. Темір жол құрылысы шаруалардың қоныс аударуына неғұрлым ұйымдасқан сипат берді. Шаруалардың темір жол құрылысы аумағына (оның оңтүстігіне қарай 100 шақырым жерге дейін) қоныс аударуына Сібір темір жол комитеті де мүдделі болды.Қоныс аударушы шаруалар адам тасуға бейімделмеген қолайсыз вагондарда тасып әкелінді. Петропавл және Омбы сияқты қалалардың темір жол торабы бекеттерінде ондаған мың қоныс аударушы шоғырланды. Олар ашық аспан астында жатты, кейде ауа райының қолайсыз күндерін де сонда өткізді. Азық-түліктің жетіспеушілігі мен дәрігерлік көмектің болмауы салдарынан адамдардың арасында ауру-сырқау көбейді, тіпті өлім-жітім де аз болған жоқ. Сондықтан да Омбы мен Петропавлда қоныс аударушылар пункттері мен аурухана барактары жедел түрде салына бастады.1903 жылы «Сырдария, Фергана және Самарқанд облыстарындағы қазыналық жерлерге шаруалардың өз еркімен қоныс аударуы туралы Ереже» бекітілді. Ол ереже бойынша жергілікті халықтың «басы артық» жерлерін, ондағы суару жүйесі мен су көздерін қоса жаппай тартып алу көзделді. Тап сол жылы «Сібірге (Алтай округынан өзге) және Дала генерал-губернаторлығына қоныс аударушыларға үкімет атынан берілетін жәрдем түрлері туралы Ереже» бекітілді.1904 жылы патша үкіметі «Егін егумен айналысатын село тұрғындары мен мещандардың қоныс аударуы туралы уақытша Ереже» шығарды. Бұл ереже бойынша жергілікті отаршыл өкімет билігіне шаруалардың Ресей империясының азиялық бөлігіне қоныс аударуына ешқандай кедергі келтірмей, рұқсат етуіне құқық берілді.1904-1905 жылдары патша үкіметі Қазақстан аумағын қоныс аударушылардың бес аймағына бөлді. Олар Торғай-Жайық, Ақмола, Семей, Сырдария және Жетісу аймақтары еді. Оларды құрғандағы күктелген негізгі міндет қоныс аударушыларға арналған қор құру үшін «басы артық» жерлерді іздеп табу болды. Патша үкіметі қоныс аудару басқармаларына қазақтардың жерлерін тартып алуына және оларды ғасырлар бойы ежелгі отырған атамекенінен күштеп қуып шығуына толық ерік берді.1870—1914 жылдар аралығында Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, Торғай және Орал облыстарының аумағына 1,4 миллионға жуық шаруа қоныстандырылды. Олардың тең жартысына жуығы (721 мың адам) Ақмола облысына жайғастырылды. Өйткені бұл облыстың жері өте құнарлы болатын. Қоныс аударып келген шаруалар өз алдарына жеке болыстарға біріктірілді. Алғашқы кезде олар уезд бастығына бағындырылды. 1902 жылдан бастап шаруалар бастығы деген лауазымды қызмет пайда болды.Столыпиннің 1906 жылғы аграрлық реформасыҚазақ халқының занды құқығын мүлде елеп-ескермеудің бір белгісі қоныс аударушы шаруалар санының одан әрі арта түсуі болды. Бұл ретте жергілікті халықтың өкілдерімен алдын ала кеңесу, ақылдасу деген атымен болған жоқ. 1906 жылы Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпин шаруаларды Ресейдің азиялық бөлігіне жаппай қоныс аудару туралы шешім қабылдады. Шаруалар қауымын ыдырату, оларды Қазақстанға қоныс аудару жөніндегі реформа Столыпиннің аграрлық реформасы деп аталды.Шаруаларға ең құнарлы жерлерді іздеп тауып, көріп келетін адамдарды кедергісіз жіберіп тұру құқығы берілді. Шаруалардың темір жолмен жүруге де жеңілдіктері болды. Оның үстіне, патша үкіметі шаруалардың Қазақ жеріне емін-еркін қоныс аударуын кеңінен насихаттады. Мәселен, 1907 жылы Ресейдің орталық губернияларындағы шаруалар арасында осы тақырыпқа арналған 6,5 миллион дана кітапша мен парақша таратылған. Оларда үкімет шаруаларды Ресейдін азиялық бөлігіне неғұрлым көбірек қоныс аударуға шақырды. Ол басылымдарда Қазақстан мен Сібір аумағында қалай ыңғайлы орналасуға болатыны жөнінде практикалық ұсыныстар мен кеңестер берілді.1917 жылға қарай жергілікті байырғы халықтың пайдалануындағы 45 миллион десятина жер тартып алынды. Бұл кезде Қазақстанға қоныс аударған шаруалардың жалпы саны 1,5 миллионға жуықтап қалған болатын.Столыпиннің агрардық реформасы қазақтардың мал шаруашылығын дағдарысқа ұшыратты. Аймақтағы демографиялық жағдайда өзгерді. Бір жағынан, қазақтардың, екінші жағынан, шаруалар мен казактардың арасындағы қарама-қайшылық шиеленісе түсті. Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы Куропаткин былай деп мойындауға мәжбүр болды: «Қырғыздар (қазақтар. - авт.) соңғы 30 жылда, әсіресе соңғы 12 жылда барлық жағынан да қыспаққа алынды. 1904 жылдан бастап тек Жетісу облысы бойынша ғана олардан бірнеше миллион десятина жер тартып алынды».
4. Қазақ халқының ұлттық қозғалысының бастауларыАлаш қозғалысы — 20 ғ-дың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс.Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің орыс мемл-нің меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ ендігі уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып көтеріліске шығу нәтиже бере қоймайтын еді. Қалыптасқан жаңа саяси ахуалға лайық жаңа күрес құралдары, әдіс-айла қажет болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат-мүдделерін түсіндіріп жеткізетін, сөйтіп оны заман талабына сай күрес құралдарымен қаруландырып, азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап кете алатын мүлдем жаңа саяси-әлеум. күшке сұраныс үлкен еді. Ал ондай саяси күштің қалыптасып келе жатқанын 1905 — 07 жылдардағы оқиғалар көрсетіп берді. Ол күш — сан жағынан аз болғанымен, бірақ саяси күрес қазанында қайнап, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция болатын.А.Байтұрсынов М.Дулатов Ә.БөкейхановОсы бірінші орыс революциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін А.қ. атанған қоғамдық қозғалыстың негізін қалады. 1905 ж. Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарақаралы хұзырхаты (петициясы) оның бағдарламалық құжаты болатын. Осы мезгілден бастап Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов жетекшілік еткен ұлттық зиялылар жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру үшін газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, Мемл. Дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына, жалпыресейлік мұсылман, түркішілдік қозғалыстарға атсалысу сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес әдістерін игере бастады. Ал 1911 жылдан шыға бастаған Айқап журналы, 1913 жылдан жарық көріп, жалпыхалықтық басылымға айналған “Қазақ”, оның артын ала өмірге келген “Бірлік туы”, “Сарыарқа”, “Ақжол” газеттері ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті. А. қ-ның басты мақсаты — қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемл. жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемл. құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал ш-н өркендету, сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа демокр. принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Бірінші орыс рев-сы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 ж. ақпан және желтоқсан айлары аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы жылдың жазы мен көктемінде Қазақ к-ттерінің пайда болуы, күзіне қарай Алаш партиясының, ал соңына қарай Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) және Алашорда үкіметтерінің құрылуы бұл қозғалыстың нақты нәтижелері болатын. 1917 ж. пайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылғанымен, ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Мемл. тәуелсіздік, жер және кезінде алаш зиялылары күн тәртібіне қойған қоғамдық-саяси басқа да мәселелерді басты талабы етіп, ұлт-азаттық қозғалыс жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Асфендияров, С.Қожанов, С.Садуақасов, Ж.Мыңбаев қызметінде одан әрі өрши түсті.Елде тоталитарлық жүйе біржола орнағаннан кейінгі уақытта енді ол жаңа саяси жағдайға байланысты шетелдік эмиграция күшімен жүргізілді. Мұстафа Шоқайдың қызметі, оның басшылығымен Берлинде 10 жыл бойы (1929-39) шығып тұрған “Яш Түркістан” журналындағы материалдар соның айғағы еді. Негізгі мақсаты — ұлттық бостандық болған А.қ. көрші түркі, мұсылман халықтарымен күш біріктіруге тырысты. Сөйтіп, 20 ғ-дың алғашқы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30 жылдарға дейінгі тарихи кезеңді қамтыды. Кеңестік тоталитарлық билік алаштық атанған аға буын зиялылардың ең белсенді бөлігін, сондай-ақ олардың кеңестік-партиялық қызметтегі ізбасарларын қуғын-сүргінге ұшыратып, жауыздықпен жазалады. қ. Алаш ісі.Алаш қайраткерлері Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі әрі публицист ғалым, аудармашы. Ол 1866 жылы бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7 – ауылында дүниеге келген. Әкесі оны бала күнінде Қарқаралыға алып барып, медресеге оқуға берген. Ол онда оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепті оқып шығады. 1879-1886 жылдары Қарқаралыдағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдары Омбыдағы техникалық училищеде оқып, «техник» мамандығын алып шығады. 1890-1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқиды. Студент болып жүрген кезінде–ақ саяси талас-тартысқа белсене араласып, ұлт-азаттық қозғалыстарға қатысты.Сол кездің өзінде «саяси белсенділігі үшін» патша жандармериясының қара тізіміне іліккен. Патша үкіметі билігі жылдарында қазақ елінің тәуелсіздік үшін күресін басқарды, сол үшін Павлодарда, Семейде бірнеше рет қамауда отырды. Кеңес үкіметін мойындамады. Қазақтың егеменді ел болуы үшін күресті, сол себептен 1937 жылы ату жазасына кесілген.Қарқаралы петициясыОтаршыл өкімет билігінің атынан ірі көлеміді мазмұнды петициялардың бірі. Петицияның мәтіні: 1) Қырғыз халқының аты мұсылман қырғыз деп аталып әскери міндеттен босатылсын. 2) Қырғыздарды Орынбордың рухани жиналысына бағындырып, 1868 жылға дейінгі ережелерді қолданып, қазан мұсылмандарының тәртібіне сәйкестендіру керек. 3) Қырғыздарға мешіт, медресе салуға рұқсат керек. Құдайға құлшылық етуге еркіндік болсын. Ол жерлерде арабша, парсы және түрік тілінде сабақ беруге, газет және кітаптар шығаруға баспахана салуға рұқсат берілсін. 4) Қырғыз халқын басқаратын адам қырғыз тілін білулері міндетті. Оларды тағайындау немесе орнынан алу мәселесі қырғыз қоғамының өкілінің таңдауымен болуы шарт. Бүгінгі шаруа бастықтарының орнына халықтың арасын бітістірушілерді заңдандыру керек. Бұл қызмет қырғыздардың ішінен жеткілікті білімді қырғызды тағайындау қажет. 5) Барлық қырғыз істері қырғыз диалектісінде жүргізілуі міндетті. Хат жазушы, күзетші, хаттарды таратушылары тегіс тек қырғыз тілін білетін адамдардан тағайындалсын. 6) Болыс басқарушысы, халық соты, ауыл старшындары және сайлауға қатысушылар бүгінгі ережеге сай жүргізілсін. Бұл қызметтегі адамдар өздері сауатты адамдар болуы, олар ол қызметке кірісер алдында өз қызметінде заңсыздыққа жол бермеу үшін ант берулері керек. Олардың бұл қызметтен кетуіне тек халықтың көпшілігі дауыс бергенде ғана рұқсат етілсін. 7) Бөлімшелік ара бітістірушісі қырғыз тілін білсін, сонда аудармашының қажеті болмайды. 8) Тергеу жұмысы жүріп жатқан кезде айыпталушы жағынан қорғаушы қатыссын. 9) Округтік соттың жанында сот ісіне қатысып отыратын қазы болуы шарт. 10) Тергеусіз және соттың шешімінсіз әкімшілік жолымен жер аудару тыйылсын. 11) Қырғыздың халық соты – Заң министрлігіне ғана бағынсын. 12) Халық сотынан, бидің билігінен алып, мұрагерлікті толығымен молда мен шариғатқа бағындырсын. 13) Сайлаудан өткен қызмет орнын бекітерде әскери губернаторға ұсынбас бұрын сайлауға қатынасқан бастықты бекітуге жіберілгелі отырған адамды Ахунмен ақылдасуы тиіс. 14) Қырғыз халқынан өз ерліктерімен беретін садақа мен айыпталғаны үшін түсетін қаржы әкімшіліктің нұсқауымен емес, халықтың өзі бөлгендері дұрыс болар еді. 15) Ертіс бойындағы жерлер ерте заманнан қырғыздардың ата қоныстары болып есептелген, кейіннен әскерлердің пайдасына берілді. Сондай-ақ басқа мәртебелінің кеңсесіне қарасты қырғыздардың пайдалануына берілген жерлер сол қырғыздарға ата қонысы ретінде мәңгілікке берілсін. 16) Қырғыздардың қыстаулары және жаз жайлаулары бұрынғы салт бойынша олардың меншігінде қалуы тиісті. 17) Қырғыздың таулы даласында ашылған қазба байлықтары олардың өз меншігі болуы, ол жерде салынатын заводтар қырғыздардың өзінікі болып есептеледі. Егер де олар өздері оны өндіруден бас тартса, сонда ғана басқа адамдарға жалға беруге болады. Бірақ олар әр десятинасына жалдау ақысын төлеулері тиіс. 18) Қырғыздар ағаштарды қажетке жарату, балық аулау тағы басқада құқықтарға рұқсат етуді талап етеді. 19) Қырғыздар тұрған жерлерге таяу орналасқан тұзды және балығы бар көлде солардың меншігіне қалдырылсын. Ол көлдерді жалға беру уездің өкілдерінің сенімділерінің біріне тапсырылсын. 20) Тұзды және балық аулайтын көлдердегі жалға беруден түсетін қаржыны бүкіл уездің қажетіне жұмсау үшін арнаулы салым-қаржы депозит есепшотын ашу керек. Қоғамның келісіміне сәйкес, бұл қаржы астық қорын дайындауға жұмсалады. 21) Қырғыз халқының діни адамдарын қамтамасыз ету қазан мұсылмандарымен теңелуі тиіс. 22) Қажылыққа баруға шек қойылмасын, еркіндік берілсін. 23) Қажылыққа барған кезде билет-паспортпен пайдалану тәртібі православдықтармен бірдей дәрежеде болсын. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. 24) Қырғыз халқының ішіне миссионерлердің баруына тыйым салынсын. 25) Қырғыздардың, әсіресе, кәмелетке толмаған жастардың басқа дінге өтуіне тыйым салу керек. Ал басқа діннен мұсылман дініне өтемін деушілерге егер олар сауатты болса рұқсат ету керек. Христиан дініне өткендер болса ескі салтты орындауға мәжбүр етілмесің. 26) Некеге отыру немесе айырылысу мәселесін губернатор мен уез бастықтарының қарамағынан шығару керек. 27) Әкімшілік мұндай іске кіріспесін, ешқандай мәлімет сұрамасын. 28) Мешіт пен медресенің пайдасына «Вакуф»қа рұқсат етілсін. 29) – 30) Қырғыздар православниктер сияқты империяның қай уезінен, облысынан, губерниясынан болмасын жер алуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерде істеуге құқығы болсын. 31) Діни адамдар православяндар сияқты құрметті болсын. 32) Мектептерде міндетті түрде мынадай шарт орындалуы керек: Алдымен, қырғыз оқушыларына мұсылманның діни сабақтары оқытылады, кәмелетке жеткендерге діннің бес негізгі шартынан сабақ беріледі, ал одан кейін ғана орыс тілінен сауатын ашу сабағы жүреді. Мектепті бітіргенге дейін мұсылман діні сабағы негізгі болып есептеледі. 33) Мектептерде христиан діні туралы сабақ оқытылмасын. 34) Таяудағы бастықтардың қоластындағы қырғыздар туралы жоғарғы бастықтарына өсек, мәлімет жеткізу олардың ісіне қарсылық көрсете алатын қырғыздарға хабарлау міндеттелсін. Өйткені осыған дейін қырғыздар туралы мәліметтерде: қырғыз – ұры, қырғыз – пәлеқор, қырғыз – өтірікші, қырғыз – жалқау тағы басқада теріс ой тудыратын өсектер арқылы қазақтың байлары мен кедейлерінің арасына от жақты. Шындығында, патшаның қоластындағы – халықтың ішінде қырғыз халқы көнбіс-күй талғамайтын, шыдамды, бәрін кешіре білетін, кек сақтамайтын, өте жоғары дәрежеде қарапайым шын ықыласымен патшаға бағынған, әркезде оның діни әрекеттеріне ғана қарсы шығатын халық. 35) Жаңа ереженің жобасын жасап жатқан жиынға қырғыздардың өкілетті депутаты қатынасуы керек. 36) Қырғыздар туралы мәселе мемлекеттік кеңесте қаралғанда қырғыздың депутаты қатынасуы шарт. 37) Жоспарланған жоба 100 жылға бекітілсін. 38) Соңғы 20 жылда қырғыздардан тартып алынып, жер аударылғандарға берілген жерлер қырғыздардың басшыларына қайтарылсын. 39) Ал олар салған құрылыстардың құны Земствоның қаржысынан қайтарылсын. 40) Өткен патшалар сыйлаған, кейіннен тартып алынған жерлер ата қоныстардың иесіне қайтарылсын. Бұл жерлер қазынаныкі немесе жекеменшіктікі болады. 41) Ұлы – тақсыр император салғызған бұрынғы мешіттер мен медреселер ескірді. Оларды жөндеуден өткізу керек немесе жаңадан салу қажет. Сол арқылы біздің ұлы монархқа деген құрметті күшейтеміз. 42) Түземдік әкімшіліктерде өзара қырғыздардың арасында жауласу болмас үшін төмендегілер орындалсын: «Егер бір болыстың партиясына қарсы жағы ашуланса, онда сайлауға түсетін жаңа қызметкерді басқа көршілес болыстың адамымен ауыстыруы .43) Ұрлық және тағы басқа да лайықсыз істерді халық сотының төтенше съезінде қарауға жүктеген дұрыс. Оны түрмеге жабу құқығын азайтып, жер аудару құқығын көбірек қолданатын құқық берілсін. 44) Төтенше съезді жылына бір рет шақыру құқығы берілсін. Съезді өткізетін жері, уақыты және қанша күні бөлімшелердің бастықтарының жиналысында белгіленсін. Бұл съезде бастықтары және Ахуны қатынассын. 45) Бидің, болыстың съезді 100 рубльге дейінгі істі шешсін, үш айға дейін тұтқындау құқығы болсын. Өйткені келіспейтін жағы істі төтенше съезге беруіне уақыт керек. 46) Әр болыста алымды жинайтын адамдар сайлануы тиіс, шариғатқа сәйкес, қозғалыстағы дүние мүлкінен алынатын процентті белгілі (зекет, готур, бітір) басқада міндетті алымдар, кедей отбасының оқушыларына төленеді. 47) Кісі өлтіргені үшін заңды соттаудан басқа олардан салт бойынша кұн өндіру (төлету) қажет. Егерде өлген адамның (каторыға жіберген) туыстарының тұрмыстары нашар тұрса, онда оған көмек қазына есебінен беріледі. Қол қойғандар: Семей облысының Павлодар уезінің Атағозы болысының қырғызы Омархан молда Мұсафыров, Семей уезінің Сейтенев болысының қырғызы Темірғали Нороконов, Қарқаралы уезінің қырғызы Едрей болысы Апық Жолшарин
5бірінші орыс револяциясының қазақстандағы қоғамдық- саяси қозғалысқа әсері.Қазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезінде1905—1907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Қазақстанда халықтың өкімет билігіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды.Бірінші орыс революциясы және патша үкіметі отаршылдық саясатының күшейе түсуі1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» деген өлең жазды. Өлеңнің «Айқап» журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған жергілікті отаршыл әкімшілік оны басып шығаруға тыйым салды. Автор қуғын-сүргін көрді. Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болды.Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл мен Семейде жұмысшылардың наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен Далалық өлке орталығы Омбы қаласында да халық наразылық шеруіне шықты.1905—1907 жылдары жұмысшылардың бірқатар толқулары болып өтті. Жұмысшылар алғашқыда жоғары жақтағы аймақтық бастықтардың атына арыз айтып, шағым түсіріп көрді. Мәселен, 1902 жылы мыс кеніштері мен Екібастұз көмір кенінің 150 жұмысшысы Дала генерал-губернаторының атына арыз-шағымдар жолдады. Жұмысшылардың кәсіпорындарды тастап, қашып кетуі де аз болған жоқ. Кейінірек жұмысшылар наразылығының бұйрыққа бағынбау және ереуіл сияқты түрлеріне көше бастады. 1904 жылы Зайсан уезіндегі Надеждинск кен қазу орнында жұмысшылардың ереуілі болып өтті. Оған Мейірхан Кемалов басшылық етті. 1905 жылы Қазақстандағы темір жол жұмысшылары Бүкілресейлік саяси ереуілге қатысты. Жұмысшылар тез арада саяси кепілдіктер мен бостандықтар берілуін, Құрылтай жиналысын шақыруды талап етті. 1905 жылғы 15 қарашада Қарқаралы қаласында жұмысшылар мен шаруалардың, солдаттардың, сондай-ақ енді қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары өкілдерінің саяси шеруі болып өтті. Шеруді ұйымдастырушылардың бірі Жақып Ақбаев Семей түрмесіне қамалды.1905 жылғы желтоқсанда Спасск мыс балқыту зауытында, сондай-ақ Қарағанды кен қазу орындарында үлкен ереуілдер орын алды. Оларға іле-шала Павлодар қаласындағы өзеншілер де бас көтерді. Жұмысшылар жалақыны көбейтуді, зейнетақыны арттыруды, дәрігерлік қызметті тегін көрсетуді, жыл сайын ақылы еңбек демалысын беруді талап етті.Бірінші орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы1905—1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы жеңіліске ұшырады. Бірақ ол қазақ халқының қоғамдық сана-сезімін арттыруға, өлкедегі демократиялық қозғалысты дамытуға орасан зор ықпал етті. Ресейдегі революциялық оқиғалардың әсерімен қазақ халқының көрнекті перзенттері саяси сахнаға көтерілді. Халықтың таңдаулы өкілдерінің Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы Қазақстан тарихында аса маңызды рөл атқарды. Қазақ халқының көшбасшыларына айналған зиялылар Ресей империясының өкілетті органының мінберінен ең маңызды проблемаларды, жерге қатысты мәселелерді принципті түрде батыл көтере білді.Бірінші орыс революциясы жылдарындағы оқиғалар қазақ халқымен Қазақстандағы басқа да ұлыстардың саяси белсенділігін арттырды. Қазақ жұмысшылары өз алдына дербес саяси күш ретінде көріне білді. Солай бола тұрса да ол жылдардың оқиғалары Қазақстандағы ұлттық-демократиялық және жұмысшы қозғалысының әлсіз, әлі де жетілмегенін көрсетті.
6.Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әәлеуметтік құрамы білімі қызметіҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті.Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды.Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады.Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов (1866–1937) қоғам және мемлекет қайраткері, бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ауылында дүниеге келген. Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі, публицист ғалым, аудармашы. Әлихан Бөкейханов Орта жүздің ханы Бөкейдің ұрпағы (Бөкей-Батыр-МырзатайНұрмұхамед-Әлихан). Әкесі оны бала күнінде Қарқаралыға алып барып медресеге оқуға берген, алайда ол оқуды қанағат тұтпай қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепте оқиды. 1879–1886 жылдары Қарқаралыдағы қазақ балаларына арналған мектепте білім алады. 1886–1890 жылдары Омбыдағы техникалық училищеде оқып, «техник» мамандығын алып шығады. 1890–1894 жылдары Санкт-Петербургтегі орман институтының экономика факультетінде оқиды. Студент болып жүрген кезде саяси талас-тартыстарға белсене араласып, ұлт-азаттық қозғалыстарға қатысқан. Сол кездің өзінде «саяси белсенділігі үшін» патша жандармериясының қара тізіміне іліккен. Патша өкіметі кезінде қазақ елінің тәуелсіздік үшін күресін басқарды және Павлодарда, Семейде бірнеше рет қамауда отырған. 1917 жылы 5–13 желтоқсанда Орынборда өткен «Алаш» партиясының екінші съезінде Ә. Бөкейханов Алашорда үкіметінің төрағасы болып сайланды. Кеңес өкіметін мойындамады. Қазақтың егеменді ел болуы үшін күресті. 1937 жылы ату жазасына кесілген.Ахмет Байтұрсынов (1873–1938) қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, лингвист, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Атасы Шошақ мінезі салмақты, шындықты бетке айта білетін ақылды да беделді адам болған. Мырзалығы сондай, немересі Ахмет дүниеге келгенде құтты болсын айтқан адамдарға бір ат, бір түйеден сүйінші берген. Торғай мен Орынборда білім алғаннан кейін А. Байтұрсынов Ақтөбеде, Қостанайда, Қарқаралыда орыс-қазақ мектептерінде сабақ берген. 1909 жылы саяси белсенділігі үшін Семей түрмесіне жабылады. 1910 жылы Орынборға жер аударылады және 1917 жылға дейін сонда болады. Өзінің сенімді достары Ә. Бөкейханов, М. Дулатовпен бірге 1913 жылдан бастап ұлттық «Қазақ» газетін шығарып, редакторы болды. Ресейде патша өкіметі құлағаннан кейін қазақ жерінде «Алашорда» үкіметін құру үшін бар күшін салды. Большевиктерді мойындамады, қарсы шықты. 1921–1928 жылдары Қазақ халық ағарту институтында сабақ береді. 1929 жылы 2 маусымда Алаш қайраткерлерімен бірге Алматыда тұтқынға алынады. Ресейдің солтүстік облыстарына жер аударылды. Кейіннен босап шығып, бірақ қайтадан 1937 жылы қамауға алынып, атылады.Міржақып Дулатов (1885–1935) қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданында дүниеге келген. Көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам қайраткері. 20жылдардың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі. 1902 жылы Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ педагогикалық училищесін бітірген. 1902– 1918 жылдары мұғалім болған, «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде қызмет еткен. 1917–1918 жылдары «Алаш» партиясын, Алаш автономиясын, Алашорда үкіметін құрушылардың бірі ретінде, Қазақ мемлекетін құру ісіне белсене атсалысты. 1928 жылы репрессияға ұшырап, 1935 жылы айдауда жүріп қайтыс болды. Міржақып әдебиет пен мәдениетте жаңа демократиялық бағыттың кеңінен орын алып, дамуына зор үлес қосты. Бұл идея «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағында қуатты ұран болып естілді.Мұхамеджан Тынышбаев (1879–1937) қазіргі Алматы облысы Сарқанд ауданы Тынышбаев ауылында дүниеге келген. XX ғасыр басындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, Алаш қайраткері, тұңғыш кәсіби-техникалық маман, тарихшы-ғалым. 1900 жылы Верный гимназиясын алтын медальмен, 1906 жылы Санкт-Петербург Жол қатынасы институтын үздік бітірген. 1907 жылы Жетісу губерниясынан II Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланады. Думада патшаның отаршыл саясатына қарсы бағыт ұстанды.1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі болып тағайындалып, Жетісу өңіріндегі 1916 жылғы көтерілістің зардабын жоюда, қырғыз және қазақ босқындарына көмек ұйымдастыруда белсенділік танытты. Алаштың 1917 жылғы 21–26 шілдеде Орынбор қаласында өткен бірінші бүкілқазақ съезіне қатысады, 5–13 желтоқсан күндері өткен екінші съезде Алашорда үкіметі – Ұлт Кеңесінің құрамына мүше болып сайланады. М. Тынышбаев Түркістандағы Қоқан автономиясының тізгінін де ұстады. Ол Түрксіб темір жол жобасын жасауға, кейін магистральдің құрылысына белсене араласады. 1937 жылы репрессия құрбаны болды. М. Тынышбаев ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, Қазақстан тарихы мен қазақ халқының рулық-тайпалық құрамы туралы құнды еңбектер жазды.Халел Досмұхамедов (1883–1939) қазіргі Атырау облысының Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Алашорда көсемдерінің бірі, дәрігер, ғалым, публицист.1903 жылы Орал реалдық училищесін үздік, 1909 жылы Санкт-Петербург Императорлық Әскери академиясын алтын медальмен бітірген.1905 жылдан бастап, саяси күреспен айналыса бастады. «Алаш» партиясына кіріп, Алашорда үкіметінің мүшесі болды. 1918 жылы қыркүйек айында Батыс Алашордасы құрылып, оның басшылығына Жанша және Халел Досмұхамедовтар тағайындалады. Халел Досмұхамедов Алаштың өзге қайраткерлерімен бірге Алаш партиясының жұмысына, Алаш автономиясын жариялау ісіне, Алашорда үкіметін құруға белсене ат салысып, оның басшылары қатарында болды. 1920 жылы Алаш қызметіне тыйым салынған соң Х. Досмұхамедов бүкіл күш-жігерін ғылым-білімге жұмсайды. Алашордаға қатысқаны үшін саяси айып тағылып, 1939 жылы атылған.Халел Досмұхамедов қазақ ғылымының қалыптасуына орасан еңбек сіңірді. Ғалым соңына медицина, тіл білімі, тарих, этнография және әдебиет жанры бойынша қыруар мұра қалдырды. «Мұрат ақын сөздері», «Исатай-Махамбет», «Аламан» атты жинақтар шығарды.7.Қазақтарді Ресейді І-ІІ мемлекеттік думаларының жұмысына қатысуыҚазақтардың саяси сана-сезімінің елеулі түрде өскенін қазақ зиялы қауым көшбасшыларының Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуынан көруге болады.1905 жылғы тамызда II Николай патша Ресейдегі революциялық күштердің қысымымен империяның заң шығарушы және өкілетті органы ретінде Мемлекеттік Дума құру туралыманифеске қол қойды.Бірақ ол манифест бойынша Ресей империясының бірқатар халықтарының, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстан халықтарының да сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болып шықты. Жергілікті билік органдарына сайлау науқанының алғашқы күнінен бастап-ақ қазақтарды «көшпелі және қаңғыбас бұратана халық» ретінде сайлауға үзілді-кесілді қатыстырмауға айрықша нұсқау берілді. Мұның өзі қазақтардың арасында бұрқ ете қалған наразылық пен ашу-ыза тудырды. Жергілікті халық өздерінің өкілдерін Ресейдің Мемлекеттік Думасына қатыстыруды батыл талап етті. Өлкенің бүкіл аймағын түгел қамтып өткен қуатты наразылық толқыны патша үкіметін халықтың талабына құлақ асуға мәжбүр етті. Сонымен қазақтар сайлауға қатысатын болып шықты.1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға қазақтардан Торғай облысынан — Ахмет Бірімжанов, Уфа губерниясынан — Сәлімгерей Жантөре, Орал облысынан — Алпысбай Қалменұлы, Астрахан губерниясынан - Бақтыгерей Құлманов, Ақмола облысынан - Шәймерден Қосшығұлұлы, Семей облысынан — Әлихан Бөкейхановтар сайланды. Бұлардың барлығы да сауатты, халықтың сый-құрметі мен сеніміне бөленген зиялы азаматтар еді. Бірақ Ресейдің I Мемлекеттік Думасы небары 73-ақ күн жұмыс істеді. Депутаттардың көтерген бастамалары көңілінен шықпай, риза болмаған II Николай Думанытаратып жіберіп, қайтадан сайлау туралы жарлыққа қол қойды. Ресейдің 1907 жылғы II Мемлекеттік Думасының құрамына бұл жолы Қазақстаннан мына азаматтар сайланды: Ақмола облысынан — Шәймерден Қосшығұлұлы, Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан - Темірғали Нүрекенов, Сырдария облысынан - Тілеулі Алдабергенұлы, Жетісу облысынан — Мұхамеджан Тынышбаев, Орал облысынан — Бақытжан Қаратаев, Астрахан губерниясынан — Бақтыгерей Құлманов. Алайда бұл Думаның да қызметі ұзаққа созылмады, небары 104 күн ғана жұмыс істеді.II Мемлекеттік Думада қазақ депутаттары кадеттермен жақындасып, мұсылмандар фракциясының тобына кірді. Ресейдің ұлттық шет аймақтарындағы басқа да халықтардың өкілдерімен бірге, ішкі Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару үрдісін тоқтатуды талап етті. Б. Қаратаев II Мемлекеттік Думада Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару саясатының қазақтар үшін өте жағымсыз, ауыртпалықты болып отырғаны туралы арнайы баяндама жасады. Ол өзінің жалынды сөзінде былай деп атап көрсетті: «Сіздер мынадай сұмдық жағдайды түсінуге тиіссіздер: бүгінгі таңда қоныс аударушы орыс шаруаларына жер телімдерін беру үшін қазақтарды өздерінің ежелгі ата қоныс жерлерінен ғана емес, жеке меншік баспаналарынан да қуып шығарып жатыр».Қазақ депутаттар өз халқының заңды құқығын қорғап жоғары билік орындарына бірқатар үндеулер де жазды. Мәселен, Мемлекеттік Думаның депутаттары Б. Қаратаев, А. Бірімжанов, Т. Нүрекенов, Ш. Қосшығұлұлы 1907 жылғы наурызда өздерінің жасаған мәлімдемесінде былай деп жазды: «Көшпелілердің бірден-бір күнкөріс көзі — мал шаруашылығы, ал олардың Азияның шетсіз-шексіз кең даласында бір жерден екінші жерге үздіксіз көшіп-қонып жүруі әлдебір жанға жайлы, қызығы мол бос серуен құру емес, табиғаттың қиындықтарын жеңе отырып, өмір сүру болып табылады».Дума депутаттарының арасында көрнекті қоғам қайраткері Сәлімгерей Жантөренің есімі ерекше аталады. Ол Санкт-Петербург университетінің заң факультетін және Мәскеу мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін бітірген болатын. Алғашқыда судья болып қызмет етті, кейін бірнеше жыл бойы уездік және губерниялық земствоны басқарды. 1903 жылы Уфа губерниясынан Думаға мүше болып сайланды. Сәлімгерей Жантөре өзіндік ұлттық ерекшеліктері ескерілетін халық мектептерін ашу мәселесіне көп көңіл бөлді. Ол Мемлекеттік Думада кеңінен танылды. Башқұрт халқының атынан депутат болып сайланса да өзінің туған халқы қазақтардың проблемаларын да ешқашан есінен шығарған емес.Шәймерден Қосшығұлұлы (1874—1937) І және II Мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан екі рет сайланды. Ол өз жерлестерінің арасында өте беделді әрі құрметті азамат еді. Қазақ халқының шын мәніндегі біртуар ұлы болатын. Ш. Қосшығұлұлы өлкедегі мұсылман дінінің мүддесін қорғады. Сол үшін полиция тарапынан талай рет қуғын-сүргінге ұшырады.
8.Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті.Оқу ағарту ісі Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы әлеміне түбірлес өзбек, қазақтардың арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді. Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-демократтарға бір ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер». (Оян, қазақ! 10-бет). Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан көреді.[1] Екі ғасырдың арасында қазақ мәдениетінде пайда болған бір құбылыс кейін өріс алған маргиналдықтың көбеюі. Бұл жерде әңгіме ұлттық мәдениеттен алыстап, үстемдік етіп отырған жат өркениетке қызмет еткендер туралы болып тұр. Болыстар мен тілмаштар, әкімшіліктің маңайындағы неше түрлі пысықтар көптеген жағдайларда «мәңгүрттік» қасиеттерге ие болып, ұлттық мәдениеттен қол үзе бастады.Оқу-ағарту ісі. Әдебиет.Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға баса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров ңурастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды.
9.І дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан 1916 Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс1914 жылы 1 тамызда Ресей империясы І дүниежүзілік соғысқа кірді. Соғыс Қазақ өлкесіндегі халықтарға да ауыр салмақ түсіріп, ер-азаматтар майданға алына бастады. Әскери мобилизацияға ілінген азаматтардың отбасына көмектесу қажет деген талаппен қазақтарды әскерге алынған орыс шаруаларының шаруашылықтарында еріксіз жұмыс істеуге мәжбүр етті. Соғыс жағдайы өте көп мал, азық-түлік, көлік, жем-шөп, ақша қажет етті. Бұл сұраныстарды орындау үшін халықтан мал мен жем-шөпті жаппай тартып ала бастады. Мемлекеттік салық шамадан тыс өсіп кетті. Мемлекеттік несие алуға қарапайым халықты еріксіз мәжбүрледі және арнайы әскери халық енгізілді. Соғыс басталған уақыттын бастап салық 3-4 есе, ал кейбір жағдайларда 15 есеге дейін көтерілді. Соғыс жылдары Түркістан өлкесінен 300 мың пұт ет, 100 мың пұт балық, 70 мың бас жылқы., 13 мың түйе, 14 мың киіз үй, сондай-ақ 40 мың пұт мақта, 1 мың пұт мақта майы мен сабын алынған. Соғыстың алғашқы жылдарының өзінде-ақ, тек Жетісудан 34 млн сомды құрайтын мал және мал өнімдері алынады.Қаладағы өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы мүлде қиындап кетті. Соғыстың алғашқы күнінен бастап Қазақ өлкесінде төтенше әскери жағдай енгізілді. Оның негізгі талаптары бойынша халыққа жиылыс ашуға, түрлі шерулер мен ереуіл жасауға тыйым салынып, полицейлік бақылау мен цензура күшейтілді. Әсіресе шетелдік компаниялардың меншігінде қалған өнеркәсіп жұмысшыларының жағдайы тіптен қиын болды. Кен орындары мен шахталардағы жұмыс уақыты бірнеше есе өсті. Бір күндік орташа ақысы 20 тиын тұратын жұмысты еңбекшілер 12-14 сағат істейді. 1915 жылы маусымда Қарағанды, Екібастұз, Спасск заводының жұмысшылары ереуілге шығып, жалақыны көбейтуді, еңбек жағдайын жақсартуды талап етті. 1916 жылы жазда жұмысшы қозғалысы Риддерді, Ембі мұнай кәсіпорынын, Екібастұз, Байқоңыр көмір кеніштерін, Спасск мыс кеніштерін, Орынбор-Ташкент және Транссібір теміржолын, Жезқазғанның өнеркәсіп орындары мен зауыттарын, Успенск, Қарсақпай және т.б. кәсіпорындарын қамтыды. Оның үстінде соғыс барысында Қазақ жері әскери тұтқындарды орналастыру аймағына айналды. 1914 жылы желтоқсан айында Қазақ жеріне әртүрлі ұлт өкілдерінен тұратын 20 мың әскери тұтқын әкелінді. 1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшілері: Торғай облысында Әбдіғаппар Жанбосынұлы, Әліби Жангелдин, Амангелді Иманов; Орал облысында Сейтіқали Меңдешев, Әбдірахман; Маңғыстыуда Жалау Мыңбаев; Атбасар өңірінде Әділбек Майкөтов; Ақмола уезінде Сәкен Сейфулли; Жетісу облысында Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев; Чырдария облысында Тұрар Рысқұлов және т.б. болды.Әлихан Бөкейханов бастаған қазақ зиялылары қазақ халқының қарулы көтерілісіне үзілді-кесілді қарсы шықты. Олар «Қазақ» газетінің төңірегіне топтаса отырып, газет арқылы да, ел аралау арқылы да қарулы көтерілістің еш нәтиже бермейтінін, күштің тең еместігін, босқ қан төгілетінін және ең алдымен, қарапайым халық зардап шегетінін дәлелдеуге тырысты. Ұлттық интеллигенция мобилизацияны кейінгі шегеріп, оны арнайы дайындықтардан кейін жүргізуді ұсынды. Қазақ жастарын жарлыққа көніп, тыл жұмыстарына баруға шақырды. Ондағы ойы, егер соғыс жеңіспен аяқталса ұлттық автономия құруға үміттенген болатын. Кейін қазақ жігіттері майданға алынғанда Ә.Бөкейханов, М.Дулатов бастаған зиялы азаматтар Минск, Киев аймағында тыл жұмысында жүрген жігіттердің ортасына барып, олардың әскери тәртіпке бейімделіп кетуіне көмек көрсеткен еді. Онда тілмаштық қызмет көрсетіп, дәрігерлік көмек пен ас-ауқаттың дұрыс берілуіне ықпал ету, мәдени шаралар ұйымдастыру сияқты т.б. қызметтер атқарған болатын. Бұл азаматтар ой-пікірлерін тек сөз жүзінде ғана қалдырмай, оны нақты істерімен дәлелдеп отырды.1916 жылы 7 тамызда Ә.Бөкейхановтың төрағалық етумен Орынборда өткен Торғай, Орал, Ақмола, Семей және Жетісу облыстары қазақтарының арнайы жиылысының материалдары осы бағыттың дәлелә бола алады. Оның хаттамасында, патшаның 25 мауысымдағы жарлығы жергілікті басшылардың хабарламасы түрінде ғана белгілі болғаны, оның баспада жарияланбағаны туралы айтылған. Ол қазақтарға ашық күнгі найзағайдай әсер етті.Қазақтар ешқашан әскери міндеті, әсіресе мынадай жаппай қысым көрсету жағдайында өтеген емес. Жергілікті басшылар асығыс және қызмет бабын асыра пайдалану арқылы жарлықты орындай бастады. Мысалы, Қостанай уезінде жергілікті басшы тыл жұмысына шақырылғнандарға 9-15 күннің ішінде жиналуына бұйрық берген. Ал кейбір болыстың қазақтары жиылу орнынан 200-400 км қашықтықта көшіп жүргені ескерілмеді. Ақтөбе уезінде де жиналу орнына 10 күн ішінде келуге бұйрық берілді, ал бұл жердегі қазақтар да 200-400 км қашықтықта шашыраңқы орналасқан еді. Сондай-ақ бұл жиылыста қазақтардың тізімдегі жазылған жастарышындыққа сәйкес келмейтіндігі, тізімге әкімшіліктің өз бетінше тіркегенін және оның дұрыстығын ешкімнің тексермегендігі туралы айтылыда.Кейбір тізімдер әдейі қате жасалынды. «Сондықтан даладағы би немесе болыс басқарушысының 20 жаста деп көрсетілуі жиі кездест, ал заң бойынша олар 25-35 жастан жас болмауы керек. Оның үстіне жергілікті болыс басшылары мобилизация кезінде өздерінің жауларынан өш алу үшін қарсыластарын тізімге кіргізіп, қайта тізім жасады, Басқалары тыл жұмысынан шақырылғандардың жасын өзгертуге уәде беріп, пара талап етті» [1. 6-б].Мұндай әділетсіздіктерге шыдамған халықтың наразылығы күшейе бастады. Қостанай уезі Қарабалық болысының және Орал уезі Шыңғырлау болысының басшылары өздерінің қызмет бабын шектен тыс асыра пайдалануының салдарынан бойларын ашу-ыза кернеген халықтың қолынан қаза тапты. Ал кейбір болыс басшылары өздерінің жауларына соққы беру үшін оларды жарлықты орындаудан бас тартты деп айыптап, «басшыларға жеткізіп отырды». Жоғарыдан көрсетілген әділетсіздіктердің нәтижесінде деп көрсетілді аталмыш хаттамада, қазіргі ұрпақ алғаш рет қазақ отрядтарымен бетпе-бет кездесті. Мысалы, Шыңғырлау болысының ауылдарына 75 қарулы казак орналастырылды, ал оларды асырап тұру үшін қазақтардан күніне 25 қой және 25 пұт сұлы алынып отырды. Қостанай уезінің Арақарағай болысының аймақтарына 125 казак, сонымен бірге Кеңарал мен Меңдіқара уездеріне де 125 казак әскері орналастырылды.Орта Азия мен Қазақ өлкесіндегі саяси жағдайды әуел бастан-ақ Ресейдің демократтық және либералдық саяси күштері жіті қадағалап отырған-ды. 1916 жылы шілде айында Мемлекеттік Думаның мүшелері: мұсылман, кадет және еңбекшілер партияларының өкілдерінен тұратын фракциялар тыл жұмысына шақыру заңдарының өрескел бұзылғандығына Ресейдің Ішкі істер министрлігі мен Әскери министрліктің назарын аудартты. Сонымен бірге бұл шараны жүзеге асырудың нақты тәртібін анықтауды талап етті.Бірақ оппозицияның бұл әрекетінен ешбір нәтиже шықпады. 1916 жылы тамызда Мемлекеттік Дума депутаттары А.Ф.Керенский мен К.Б.Тевкелев өз фракцияларының тапсырмасымен Қазақ өлкесі мен Орта Азияда орын алған оқиғалармен арнайы танысу үшін Түркістанға келеді Осы істердің нәтижесінде Думанның сол жылдардан бастап солшылдар мен оңшылдардан тұратын депутаттар құрамының үштен бірі «бұратана» халықтарын тыл жұмыстарына алу жөнінде жарлық шығарған патша үкіметінің заңдық және саяси тұрғыдағы кінәсіе дәлелдеуге тырысты. Алайда Ресей парламенті құқықтық жеңіске жете алмаған еді.Қазақ даласына казак отрядтарының келуі бейбіт отырған көшпелік халықтың арасында үрей туғыза бастады. Тыл жұмысына алуды бейбіт жолмен жүргізеді деп үміттенген қазақтар қобалжи бастады. Кебір өз мүліктерін тастап, тек екі кереге мен бір тұтам кміз алып оңтүстікке көшіп кетті. Жастар ауылдарды тастап, далалы аймақтарда белгісіз жағдайда жүр. Қазақтар барлық жерде пісіп-жетіліп тұрған егіндерін тастап, шабылған шөптерін шөмеле күйінде қалдыруда. Олар шіріп, жерге ұшып жатыр. Шаруашылыққа орнасан зор зиян келді, өйткені олар әскерге адам жинау хабары жеткен күннен бастап шаруашылықпен айналусыды қойды. Жетісу облысының Лепсі уезіндегі Үржар болысының қазақтары ауылдарын тастап кеткен кезде астық пен шабындықты малмен таптап, өздері басы ауған жаққа кетті. Міне, 1916 жылы Қазақ өлкесінің облыстары өткізген арнайы жиылысының материалдарынан осындай оқиғалардың жағдайын көруге болады.Осылайша көтеріліс бүкіл даланы қамти бастады. Халық көтерілісі орталықтарының біріне Жетісу өлкесі айналды. Бұл жерде патша жарлығы хабарланған күннен бастап шілде айының басында Жетісудың бірқатар болыстары қазақтарының басын қосқан съездер өтіп, онда жарлыққа мойынұсынбай қарулы қарсылық көрсету жөнінде шешім қабылданы. Соған сәйкес 17 шілдеде Түркістан өлкесінде әскери жағдайы енгізілді. Көтерілісшілердің жазалаушы отрядтармен ірі қақтығыстары Асы, Қарқара, Самсы, Қастек, Нарынқол, Шарын, Құрам аудандарында болды. Көтеріліс тамыз айының ортасында Жетісу облысының болыстарын түгел қамтыды . Жетісудағы көтеріліс ошағын басу үшін патша үкіметі 16 зеңбірек және 47 пулеметпен қаруландырылған 95 рота, 24 казак жүздігі жіберілді. 1916 жылы қазан айында жазалаушы отрядтарғакөтерілісшілердің батыл қарсылық көрсетуіне қарамастан көтерілістің бұл ошағы аяусыз басылып –жаншылды. Көтеерілісті басқаннан кейін жаппай тұтқандау басталып, әскери-далалық сот іске кірісті. Жазалаушылар тек көтерілісшілерді ғана емес, бейбіт халықты да жазалады және көптеген ауылдарды жойыпжіберді. Патша үкіметінің осындай жазалау шараларының салдарынан 300 мыңнан аса қазақтар мен қырғыздар Қытайға барып паналауға мәжбүр болды.Сырдария облысында да халық көтерілісі кең ауқымда жүргізілді. Әулиеата, Шымкент уездеріндегі көтерілісшілердің қарсылығы біраз уақытқа созылды. Алайда қыркүейк айының соңында олар аяусыз басылды. Көтерілісшілердің кейбір жасақтары Торғай облысына көшіп кетті. Жазалаушы отрядтармен кескілескен ұрыстарды Семей, Ақмола облыстарының көтерілісшілері де жүргізді. Бұл областардағы наразылықтардың басу үшін 12 кавалерия жүздігі және 11 күшейтілген жаяу әскер ротасы жіберілу фактісін айтудың өзі жеткілікті.
10.Қазақстан 1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде Қаз ықпалы1917 жылдың басында Ресейдің революциялық жаңа толқыны көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстың пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында, оның ішінде Қазақстанда да сезілді. Өлке халқының арасында революциялық өрлеудің өрістеуіне бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түсіп, Қазақстан жеріне айдалған Австрия-Венгрия мен Германия соғыс тұтқындары да елеулі әсер етті. 1917 жылы олардың жалпы саны 41.285 әскери адамды құрады. Бұлардың басым көпшілігі Омбы, Ақмола, Павлодар, Семей уездерінде орналасты.1917 жылы 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық революция жеңіске жетті. Патша өкіметі құлатылып, министрлер мен көрнекті шенеуніктер тұтқынға алынды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуніктері, эсерлер, меньшевиктер және ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша үкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары жұмысшылар, шаруа және солдат депутаттарының кеңестері құрылды.Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азаттық алудың бастамасы ретінде қабылдады. Революцияшыл халық бұқарасының белсенді қимылдары нәтижесінде өлкеде бұрынғы өкімет өкілдері орындарынан түсіріліп, тұтқынға алынды. Буржуазиялық-демократиялық ақпан төңкерісінің жеңіске жетуі өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды.Қазақстанда кеңестер 1917 жылы наурыз-мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т. б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының кеңестерімен қатар сәуір-мамыр айларында шаруа депутаттарының кеңестері құрылды. Бұл кеңестерде көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды. Сонымен бірге буржуазиялық уақытша үкіметтің жергілікті органдары 1917 жылы наурыз-сәуір айларында құрылды. Бұлардың басында бұрынғы патша өкіметінің отарлаушы шенеуніктері, қанаушы таптардың өкілдері тұрды.
11.ұлт зиялыларының ұлттық мемлекеттік қүру жолындағы іс әрекеттері Алаш қоз БөкейхановАлаш қозғалысы — 20 ғ-дың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс.Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің орыс мемл-нің меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ ендігі уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып көтеріліске шығу нәтиже бере қоймайтын еді. Қалыптасқан жаңа саяси ахуалға лайық жаңа күрес құралдары, әдіс-айла қажет болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат-мүдделерін түсіндіріп жеткізетін, сөйтіп оны заман талабына сай күрес құралдарымен қаруландырып, азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап кете алатын мүлдем жаңа саяси-әлеум. күшке сұраныс үлкен еді. Ал ондай саяси күштің қалыптасып келе жатқанын 1905 — 07 жылдардағы оқиғалар көрсетіп берді. Ол күш — сан жағынан аз болғанымен, бірақ саяси күрес қазанында қайнап, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция болатын. А.Байтұрсынов М.Дулатов Ә.БөкейхановОсы бірінші орыс революциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін А.қ. атанған қоғамдық қозғалыстың негізін қалады. 1905 ж. Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарақаралы хұзырхаты (петициясы) оның бағдарламалық құжаты болатын. Осы мезгілден бастап Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов жетекшілік еткен ұлттық зиялылар жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру үшін газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, Мемл. Дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына, жалпыресейлік мұсылман, түркішілдік қозғалыстарға атсалысу сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес әдістерін игере бастады. Ал 1911 жылдан шыға бастаған Айқап журналы, 1913 жылдан жарық көріп, жалпыхалықтық басылымға айналған “Қазақ”, оның артын ала өмірге келген “Бірлік туы”, “Сарыарқа”, “Ақжол” газеттері ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті. А. қ-ның басты мақсаты — қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемл. жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемл. құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал ш-н өркендету, сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа демокр. принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Бірінші орыс рев-сы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 ж. ақпан және желтоқсан айлары аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы жылдың жазы мен көктемінде Қазақ к-ттерінің пайда болуы, күзіне қарай Алаш партиясының, ал соңына қарай Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) және Алашорда үкіметтерінің құрылуы бұл қозғалыстың нақты нәтижелері болатын. 1917 ж. пайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылғанымен, ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Мемл. тәуелсіздік, жер және кезінде алаш зиялылары күн тәртібіне қойған қоғамдық-саяси басқа да мәселелерді басты талабы етіп, ұлт-азаттық қозғалыс жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Асфендияров, С.Қожанов, С.Садуақасов, Ж.Мыңбаев қызметінде одан әрі өрши түсті.Алаш қайраткерлеріӘлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі әрі публицист ғалым, аудармашы. Ол 1866 жылы бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7 – ауылында дүниеге келген. Әкесі оны бала күнінде Қарқаралыға алып барып, медресеге оқуға берген. Ол онда оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепті оқып шығады. 1879-1886 жылдары Қарқаралыдағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдары Омбыдағы техникалық училищеде оқып, «техник» мамандығын алып шығады. 1890-1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқиды. Студент болып жүрген кезінде–ақ саяси талас-тартысқа белсене араласып, ұлт-азаттық қозғалыстарға қатысты.Сол кездің өзінде «саяси белсенділігі үшін» патша жандармериясының қара тізіміне іліккен. Патша үкіметі билігі жылдарында қазақ елінің тәуелсіздік үшін күресін басқарды, сол үшін Павлодарда, Семейде бірнеше рет қамауда отырды. Кеңес үкіметін мойындамады. Қазақтың егеменді ел болуы үшін күресті, сол себептен 1937 жылы ату жазасына кесілген.12.хх ғасырдың басындағы қазақстандағы саяси партиялар:Большвиктер кадеттер эссерлер Алаш Үш жүз Щуро-И-ИсламКадеттер – Коституциялық-демократиялық партия (КДП) мүшелері. Партия «Азаттық одаққа» мүше либералды зиялы қауым өкілдерінің тобынан бастау алады. Бұл «Азаттық одаққа» 1902 жылы патшалық билікке қарсы конституциялық жүйе енгізу мақсатында құрылған және көбіне земство қызметкерлерінен тұратын. 1904 – 1905 жылдары қозғалыс земстволық және қалалық қызметкерлер съездерінде кеңейтіліп, 1905 жылы 12 – 18 қазан күндері құрылтай съезде партия болып құрылды. Кадеттер 1917 жылы Ақпан төңкерісінде монархияны сақтап қалуға күш салса, көп ұзамай сол жылы болған Қазан төңкерісі кезінде республикалық жүйені жақтады. 1917 жылы жазда кадеттер әскери диктатураны қолдап, Л.Г. Корниловтың әскери төңкерісін ұйымдастыруға көмектескен еді. Төңкеріс сәтсіздікпен аяқталғаннан кейін олар Уақытша үкімет құрамынан шығарылды. Қазан төңкерісінен соң Кеңестер билігіне қарсы күрес бастаған, сол үшін Кеңестер билігі оларды «халық жауы» деп жариялап, қуғанға ұшыратты. Ресейде кадеттер ақтар үкіметінің негізін құрады. Партия XX ғасырдың 20-жылдарында эмиграцияда жүріп басты рөлді атқарды.1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ зияларының ғылыми жұмыстарымен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару әрекетімен де, көркем әдебиетімен де айналысқанын көруге болады. 1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ сиезі өтеді. Сиездегі қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б..Бұл сиезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Осы сиезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан тұратын бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды. Комиссия орталық ұлттық кеңеспен бірге болу керек. Комиссияға оқулықтан басқа да жұмыстар жүктелді. Атап айтсақ: ұлттық мектептерге арналған бағдарламалар; мұғалімдерге арналған нұсқаулар; бала тәрбиесі жөніндегі кітаптар; барлық қырғыз-қазақ мектептерінде халықтық білім беру іс-шараларының Ережелерін жасау; қазақ тілінде жазу үлгілерін енгізу; қазақ тіліне пайдалы кітаптарды, брошюраларды аудару т.с.с. Комиссия 1918 жылдың басынан жұмысқа кірісу керек. Өздері құрастырған кітаптарын, бағдарламаларын баспаға жариялап отыру қажет. Комиссия құптамаған окулықтар басылымға шығарылмайды. Комиссия жұмысына қаражатты облыстық земстволар ұлттық қордан бөлуге тиіс делінген. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, жаңадан құрылып жатқан «Алашорда» үкіметі алғашқы сағатынан бастап ұрпақ тәрбиесіне, ұрпақ болашағына зор көңіл бөлген. Жас ұрпақтың туған тіліне деген сауаттылығын арттыру үшін, ана тіліндегі оқулықтарды жасауға кіріскен. Осыған қоса, іс-қағаздарын ана тілінде жүргізу туралы мәселе айқын жолға қойылды. Білім беру ана тілінде болуы керек делінген. Басылымдардың қазақ тілінде болуына ерекше назар аударған Алаш партиясының жетекшілері1918 жылы 1 сәуірде Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер Мәскеуге барып, Орталық Кеңес өкіметінің басшысы В.И.Ленинмен және Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен кездеседі. «Алашорда» атты ұлттық автономиялық үкімет құрылғанын, «Алашорда» үкіметінің төрағасы Ә.Бөкейханов екенін мәлімдейді.«Үш жүз» партиясы - Қазақстанда 1917 жылы қазан-қараша айларында дүниеге келген ұлттық-саяси ұйым. Партия мүшелері кейде өздерін «қазақтың социалистік партиясы» деп те атады. «Үш жүз» саяси ұйымындағы жетекшілік рольдерді бұрынғы қорғаушы адвокат, журналист және драматург Көлбай Тоғысов, фельдшер және тілмаш Шаймерден Әлжанов, Әбілхайыр Досов, Ысқақ Кабеков, Мұқан Айтпенов атқарды. ОК-тінің алғашқы төрағасы М.Әйтпенов, орынбасары К.Тоғысов, хатшысы Ы.Көбеков болды. Орталық органы «Үш жүз» газеті, оған Тоғысов редакторлық етті. Өзінің әлеуметтік тегі жағынан ұсақ буржуазияшыл демократтардың саяси ұйымы болды. Үш жүз алғашқыда Алаш партиясымен жақындасқысы келгенімен, кейін өкімет үшін күрес шырқай шегіне жетіп, таптық жіктелу үрдісі күшейген жағдайда «Үш жүз» іргесін Алаштан аулақ салып, большевиктер мен солшыл эсерлерге жақындай түсті. Қазан төңкерісі жеңіске жеткен соң Алаш партиясына қарсы ашық күреске шықты, оның оппоненті болды.«Шура-и ислам», , Ислам кеңесі - 1917 жылғы мамырда Мәскеуде өткен бүкілресейлік мұсылман съезінің шешіміне сәйкес құрылған қоғамдық-саяси ұйым.Бұл ұйым Уақытша үкімет жағдайында, мұсылмандардың және олардың қоғамдық ұйымдарының Құрылтай жиналысына дейінгі іс-әрекеттерін қадағалап, үйлестіріп отырды. Құрамына Түркістаннан 7, Кавказдан 2, қазақ облыстарынан 5, Литва татарларынан 1, ішкі Ресей мұсылмандарынан 10 адам кірді. Шура-и исламның Петроград каласында орналасқан 12 адамнан тұратын атқару комитетінің төрағалығына Ж.Салихов, орынбасары болып Ж.Досмұхамедұлы сайланды. Атқару комитеті мүшелері қатарында алғашында У.Танашев, Жақып Ақбаев, Зәки Уалиди Тоған, Ғ.Ходжаев, Көлбай Төгісов, Ш.Мұхамедияров, И.Лиманов секілді қайраткерлер болды. Шура-и ислам Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің шешімдерін басшылыққа алды. 1917 жылы шілдеде өткен Бірінші жалпықазақ съезі Шура-и исламға мүшелікке қазақ өкілдерін: Ақмоладан А.Тұрлыбаевты, Семейден Ә.Сәтбаевты, Торғайдан Ә.Байғуринді, Оралдан У.Танашевты, Жетісудан Б.Мәмбетовті, Сырдариядан М.Шоқайды, Ферғанадан Ғ.Оразаевты сайлады. Шура-и ислам 1917 жылы шілдеде Қазан қаласында Бүкілресейлік мұсылмандар сиезін өткізуді ұйымдастырды. Шура-и ислам Қазан төңкерісіне дейін жұмыс істеді.
13.Бірінші жалпықазақ съезі - 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Ұлттық Алаш партия құрылуы, мақсаты,міндеті Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен сиез. Ол Х.Досмұхамедұлының төрағалығымен, А.Байтұрсынұлының, Ә.Көтібаровтың, М.Дулатовтың, А.Сейітовтың хатшылығымен өтті. Бірінші жалпықазақ сиезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегі елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне Қатысты төмендегідей 14 мәселе қойылды:1. Мемлекеттік құрылыс. 2. Қазақ автономиясы. 3. Жер мәселесі. 4. Халық милициясы. 5. Земство. 6. Оқу мәселесі. 7. Сот мәселесі. 8. Дін мәселесі. 9. Әйел мәселесі. 10. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы. 11. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі. 12. Қазақ саяси партиясы. 13. Жетісу оқиғасы. 14. Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне және Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына Қазақтан өкіл жіберу.Сиез қабылданған қаулы бойынша Ресей «демократиялық федеративтік республика болып, қазақ облыстары қоныс, ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс» болды. Делегаттар жер туралы мәселені аса ұкыптылықпен талқылап, 14 тармақтан тұратын шешім қабылдады. Онда: «Қазақ халқы өзіне қарасты жерге орналасып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін» деп көрсетіліп, бұрын қазақтардың пайдасынан алынып қойған жерлерді кері қайтару талап етілді. Делегаттар «жер туралы қазақ өз алдына заң жобасын жасасын» деген ұсыныс білдіріп, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының болашақ депутаттарына жиналыста бұл мәселені талқылап, оған депутаттыққа кандидат етіп 81 адамнан тұратын тізімді бекітті. Олардың ішінде Ә.Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермеков, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Айдархан Тұрлыбаев, А.Сейітов, М.Дулатов, А.Бірімжанов, С.Қадырбаев, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, Мұхаметжан Тынышбаев, Ы.Жайнақов, С.Аманжолов, М.Шоқай, Ә.Кенесарин, Қ.Қожықов, Ғ.Оразаев, Б.Құлманов, У.Танашев секілді белгілі қазақ зиялылары болды. Сондай-ақ, депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылғандардың арасында Г.Н. Потанин, В.Чайкин, Т.Нарботабеков, Ә.Диваев сияқты басқа ұлт өкілдері де бар еді.Сиездің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қабылданған қарарлар кейінірек, 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарияланған «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасында басшылыққа алындыАлаш партиясының басты мақсаты – қазақ еліне өзін-өзі басқару мүмкіндігін беретін мемлекеттік жүйе құру, яғни оның ұлттық мемлекеттікке құқы бар екендігін метрополияға мойындату, ал түбінде дербес мемлекеттікке қол жеткізу, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударушылар толқынын тоқтату, әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып қазақ қоғамы жаңа өмір сұранысына сай өзгерту (модернизация), демократиялық принциптерді қадір тұтумен бір мезгілде, әсіресе, білім мен ұлттық мәдениеттің өркен жаюына жол ашу болды.
14.Қазақ төңкерісі қазақ өлкесінің саяси өмірі Қазақ өлкесін кеңестендіру1917 жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін орнаған Уақытша буржуазиялық үкімет елдегі әлеуметтік және ұлттық езгіні жою, жер мәселесін, империалистік соғыстан шығу және т. б. мәселелерді шешпеді. Қазақстандағы жергілікті халықтарды саяси құқықтарынан айырған бұрынғы патша үкіметінің заңдары өз күшінде қалды. Өлкедегі казак-орыс әскерлерінің ұлан-байтақ жер иеліктері мен барлық әлеуметтік артықшылықтары толығымен сақталды. Қазақстанның ең жақсы шұрайлы жерлерін отаршыл кулактар тартып алып берген Қоныс аудару басқармасының жергілікті аппараты өз жұмысын одан әрі жалғастырды. Өнеркәсіп орындарында 8 сағаттық жұмыс күні енгізілмеді. Мемлекеттік мекемелер мен мектептерде қазақ тіліне көшуге бұрынғысынша тыйым салынды. Ресей мемлекетіндегі бұл жағдайларды В. И. Ленин бастаған большевиктер партиясы «Бүкіл өкімет кеңестерге берілсін» — деген ұранды пайдалана отырып, Уақытша үкіметті құлату үшін оны басты құралға айналдырды. Сөйтіп, 1917 жылғы 25 қазанда (7 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталып, Уақытша буржуазиялық үкімет құлатылды.Революция бүкіл билікті жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әр түрлі топтары мен түрлі ұлттардың, халықтардың келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан революциясынан кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Ал Ленин бастаған большевиктер зауыт, фабрикалар жұмысшыға, жер шаруаға, бейбітшілік – бүкіл халыққа деген ұран көтере отырып, Ресейге тәуелді болып келген халықтар жөнінде өз бағыттарын белгіледі. Олар барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды революция туының астынан кетпеуге шақырды. Петроградтағы Қазан төңкерісі1917 жылы 25 қазанда Ресей империясының астанасы Петроград қаласында Қазан төңкерісінің нәтижесінде мемлекет билігі Кеңестердің қолына көшті. Қазан төңкерісінің идеологы, яғни басшысы В. И. Ульянов (Ленин) болды.Қазан төңкерісінен кейін билікті қолына алған Кеңестер «Ресей халықтары құқықтарының декларациясын» қабылдады. Осыдан кейін Кеңестердің «Ресей мен Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына» үндеуі жарияланды. Аталған үндеуде халықтардың діни сенімдері мен ұлттық мүдделеріне ешкім тиіспейтіні, барлық халықтардың құқықтары бірдей болатыны туралы айтылған.1917–1918 жылдары Қазақстанда Кеңестер өкіметі кейбір өңірлерде күрес нәтижесінде, ал енді бір жерлерде бейбіт түрде орнады.Қазан төңкерісінен кейінгі Қазақстандағы ұлттық үкіметтер1917 жылы қарашада Орынбор контрреволюциялық төңкеріс нәтижесінде Дутов басқарған «Әскери үкімет» билікті қолына алды.1917 жылы 15 қарашада Ташкентте болған мұсылман депутаттары Кеңестерінің өлкелік съезінде жаңа үкімет «Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі» орнады. Бұл үкіметтің Кеңесі құрамында мұсылмандар болған жоқ. 1917 жылы 22 қарашада Қоқанд қаласында болған бүкіл түркістандық IV съезде Түркістан автономиясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны туралы жарияланды. Бұл үкімет кейбір деректерде «Қоқанд автономиясы» деп аталды. Алғашқы басшысы М. Тынышбаев, одан кейін басшы қызметін Мұстафа Шоқай атқарды.1917 жылы 5–13 желтоқсанда Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі болды. Съезді М. Шоқай басқарды.Съезде Алаш автономиясын құру туралы қаулы қабылданды.Алашлорданың 25 мүшеден тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрылды.Автономия орталығы Семей қаласында орналасатын болды.
15.Екінші жалпықазақ съезі Алашорда үкімет құрылуыЕкінші жалпықазақ сиезі - 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алашорда үкіметін жариялаған сиез.Бұл сиез Ресейде қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Сиез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, С.Досжанов, Е.Омаров оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты.Ұйымдастыру кадеті тарапынан өр уезден, әр облыстық қазақ кадеттерінен келетін екі өкілден бөлек 30-ға жуық кісіге арнайы шақыру қағаздары жіберіліп, «Сарыарқа», «Ұран», «Бірлік туы», «Тіршілік» газеттері мен әртүрлі ұйымдардан бір-бір өкілден шақырылды. Сиезге Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Жетісу, Самарқан облыстарынан және Бөкей Ордасынан барлығы 200-ден астам өкіл қатысты. Осының ішінде сиезге Б.Құлманов, Ж.Досмұхамедұлы. Ғ.Қараш, Х.Досмұхамедұлы, М.Шоқай т.б. белгілі тұлғалар арнайы шақырылды. Сиездің төралқасына Б.Құлманов (төраға), Ә.Бөкейхан, Х.Досмұхамедұлы, Ә.Кенесарин, Ғ.Қараш сайланды. Сиездің күн тәртібіне Сібір, Түркістан автономиясы һәм оңтүстік-шығыс одақ туралы, Қазақ автономиясы, милиция, Ұлт Кеңесі, оқу мәселесі, ұлт қазынасы, мұфтилік мәселесі, халық соты, ауылдық басқару, азық-түлік, т.б. мәселелер енгізіліп, маңызы зор шешімдер қабылданды.Сиез әр аймақтан келген өкілдердің өз елдерінде болып жатқан оқиғалар жайлы ақпарат берулерінен басталды. Одан соң Құрылтай жиналысына сайлау жөнінде айтылды. Сиез жұмысына Башқұртстаннан Ахмет Зэки Уәлиди бастаған бірнеше қонақтар тілектестіктерін білдіріп, құттықтаулар айтты. Сиез Қазақ автономиясы мен милиция туралы Х.Ғаббасов жасаған баяндаманы тыңдап, осы мәселе бойынша «Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз билігін өз қолына алады» деген қаулы шығарды. М.Дулатов оқу мәселесі туралы арнайы баяндама жасап, комиссия құруды ұсынды. Сиездегі ең басты мәселе автономия мәселесі жөнінде Ғ.Ғаббасовпен бірге Түркістан автономиясы жөнінде М.Шоқай сөз сөйледі. Осы негізгі мәселеге байланысты сиез аса маңызды тарихи қаулы қабылдады. Онда: «Қазақ-қырғыз автономиясы - «Алаш» деп аталсын», «Алаш автономиясының жері, үстіндегі түгі, суы, астындағы кені - «Алаш» мүлкі болсын», «Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлт Кеңесін құруға, мұның аты «Алашорда» болсын. Алашорданың ағзасы - 25 болып, он орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылды. Алашордасының уақытша тұратын орны - Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қолына алды» деген тарихи шешімдер болды. Бұдан соң Алаш автономиясын жариялау мәселесі көтерілді. Ол бойынша делегаттардың пікірінде келіспеушілік байқалды. Ресми жариялауды жақтаушылар: Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, А.Кенжин, У.Танашев, Ғ.Қараш, С.Досжанұлы және т.б. барлығы - 33 адам; ресми жариялауды тоқтата тұралық деушілер: Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, О.Алмасов, Х.Ғаббасов және т.б. барлығы - 42 адам, қалыс қалғандар - А.Шегіров, М.Шоқай, Ә.Кенесарин болды. Нәтижесінде, «ресми жариялауды сиез атынан сайланған қазақ-қырғыз ісін басқарушы 15 кісіге тапсыралық. Олар біздің Уақытша үкіметіміз (Алашорда) болсын» деген тоқтамға келді. Сиез Сырдария облысы қазақтарының сиезін шақыруды қажет деп тауып, өз араларынан Б.Құлманов, Т.Құнанбаев, М.Дулатовты өкілдер ретінде жіберу туралы шешім қабылдады.Қазақ зиялылары Алаш автономиясын аяғынан тік тұрғызу үшін және большевиктермен күресу мақсатында ұлттық әскер құру және кеңестерге қарсы әр түрлі саяси күштермен одақтасу ісіне үлкен мән берді. Сиез бұл мәселені жан-жақты талқылап, қазақ милициясының әр облыс, уезд орталықтарындағы саны, оларға әскер ғылымын үйрету және қажетті заттармен (қару-жарақ, қаржы, көлік және т.б.) қамтамасыз ету тәртібін анықтап, «26 500 адам тіркелген халықтық милиция құрылуы қажет» деген қаулы қабылдады. Бұл идеяны Алашорда үкіметінің мүшесі Ж.Ақпаев ұсынды. Әскер құру ісіне қажетті қаражатты 6 облыстың қазақтары есебінен алатын болды. Алашорда үкіметі Ұлт кеңесіне мүшелер сайланған соң (қосымшаны қараңыз), Алашорданың төрағасын сайлау мәселесі өткізілді. Оған Ә.Бөкейхан, Б.Құлманов, А.Тұрлыханов түсті. Сайлау қорытындысы бойынша 79 дауыстан 40 дауыс жинаған Ә.Бөкейхан Алашорданың төрағасы болып сайланды. Бұдан соң оқу комиссиясының құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Е.Омаров, Б.Сәрсенов, Т.Шонанов сайланды. Бұл сиез ғасыр басынан бергі ұлт-азаттық қозғалысының ұлы қорытындысы болды. Ол өзінің тарихи маңызы жағынан ұлтымыздың сан ғасырлық өміріндеғі аса маңызды оқиғалардың қатарынан орын алады
16.Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында Ақтөбе майданыҚазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге бөліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — қазақ атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрдыАзаматтық соғыс кезіндегі Ақтөбе.Ақтөбе 1918—1919 жылдардағы Азаматтық соғыс кезінде Торғай өлкесінің революциялық күштерінің орталығы болды. 1918 жылдың 8 (21) қаңтарында қалада Кеңес өкіметі орнады[37]. Сол жылдың шілде айында Колчак армиясының Түркістанға жолын жауып тастаған Ақтөбе фронты ашылды, бірақ 1919 жылдың сәуір айында Зиновьев пен Фрунзе қызылдарға кері шегінуге бұйрық беріп, аздан кейін қала ақтардың қоластына өтті1919 жылдың 1 қыркүйегінде Всесвятский ауылы жағынан (қаланың оңтүстік-батысы) қызылдардың Оңтүстік армияның уақытша базасына айналған Ақтөбе қаласына шабуылы басталды. Қалаға зеңбіректерден оқ жаудырылды; аспанан қызылдардың аэропланы бомбалар лақтыра бастады. Үлкен дүрбелең басталды. Тұрғындар оңтүстік-батыс бағытында қаланы тастай жөнеліп еді, алайда тез арада жетіп үлгерген қызылдардың атты әскері қашқындардың бір бөлігін қоршап үлгерді. Тым-тырақай қашқан әскердің ешқандай қарсылық көрсетуге шамасы болмады2 қыркүйек күні Ақтөбе қызылдардың қоластына өтт
17.Әскери коммунизм саясаты — 1918–1921 жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес одағының ішкі саясатының аты.Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азақ-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салығы енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.«Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді. Қазақстанда «әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді. Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады.
18.Қазақ кеңестік мемлекетінің құрылуы Кеңес үкіметінің автономиялық қырғыз қазақ кеңестік-социолистік Республ құру туралы декрет 1920ж 26 тамыз1919 жылы 19 қыркүйекте Орынбордың Қазақ өлкесіне қосылуы туралы шешім қабылданды, 1920 жылы 7 шілдеде Орынбор республика құрамына кірді, 1920 жылы 20 тамызда Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы декрет шықты, Астанасы: Тұңғыш астана Орынбор қаласы 1920-1924, содан кейін Ақмешіт (Қызылорда), 1929-1997 жылдарда Алматы, Аумағы - Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі, 1920 жылы 4 қазанда Орынборда Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің Құрылтай сьезі өткізілді, Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды, Жоғарғы Атқару Комитеті, төрағасы - Меңдешев, Халық Комиссарлары Кеңесі, төрағасы - Радус-Зенькович, Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуының тарихи маңызы - Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі, Отаршылдыққа қарсы күрестің нәтижесі, Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам2 - Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі, Арнаулы комиссия құрылып, республика шекарасын белгілеумен айналысты, Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады - Қазақ өлкесіне Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсылық, Республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін қосу, Қазақ зиялылардың араласуымен - Қостанай аймағын республика құрамына қосу қажеттігін Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхаммеджан Сералин жан-жақты дәлелдеді, Батыс Сібірге еніп келген Ақмола мен Семей облыстарын өлке құрамына енгізу мәселесі 5 рет қаралып, Бөкейханов, Байтұрсынұлы, Ермеков, Сералиндердің тарихи деректемелерінен кейін ғана шешілді, 1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан ҚазАКСР-не берілді, 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын қазақтар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір қазақ халқына қайтарылды3 - Статистикалық мәліметтер - Республика аумағы 2,7 млн шаршы шақырым, Халқы 5 млн 230 мың (1 млн 468 мыңға көбейді) Қазақтар - 61,3 пайыз (1926 ж санақ), Қазақ атауының қайтарылуы - 1925 жылғы 15-19 сәуірде Ақмешітте Кеңестердің бүкіл қазақстандық 5 сьезінде қырғыз-қазақ атауы берілді, 1936 жылғы 9 ақпанда ҚАКСР Орталық Атқару Комитеті Қаулысымен қазақтар атауы берілді.
19. Жана экономикалық саясат мәні, жүзеге асыру ерекшеліктеріРКП(б)-нің X съөзінің жаңа экономика саясаты (ЖЭС) және оның Қазакстан халқын ашаршылыққа ұшыратуы.Жер-су реформасын жүзеге асыру. 1920 жылдың аяғында Коммунистік партия жаңа экономикалық саясатты (ЖЭС) әзірлеуге кірісті. 1921 жылғы ақпанның басында Ленин азық-түлік салғыртының орнына азық-түлік салығын енгізудің қажеттігін атап корсетті.жылдың 8-16 наурызында партияның X съезі өтті.В.И.Ленин Орталық Комитеттің есепті баяндамасы мен натуралды салық туралы баяндамасында салғырттан азық-түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа көшудің қажеттігін жете дәлелдеп бердіШетелдік интервенция мен азамат соғысынан кейінгі өлкедегі шаруашылық көріністері: 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. 2)1913 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру 4 есе, көмір өндіру 5 есе қысқарып, мыс өндіру мүлде тоқтады. 3)Риддер кеніштері, Екібастұз көмір шахталары, Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты.4)Өнеркәсіп өнімі 6,3 % болды.5)Егіс көлемі Оралда 2 есе, Жетісуда 3 есе қысқарды. 6)Мал саны 29,9 млн.-нан – 16,3 млн.-ға кеміді. \ 1921 жылы кеңес үкіметі еңбекшілер жағдайын жеңілдетуді ойластырды: 1)Азық-түлікті, отынды тегін босату; 2)Коммуналдық қызметтерді тегін көрсету; 3)Ақысыз асханалар ашу туралы декреттер қабылдау. \ Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады: 1)Қостанай, Ақмола, Орал, Семейде көтеріліс ошақтары пайда болды. 2)1921 жылғы ақпан - 25 мың адамдық отряд Петропавлда Кеңес өкіметі органдарының үйін қиратты. 3)1921 жылғы наурыз - Оралда 10 мың бүлікші көтерілді. 4)Қарқаралы уезінде 70-тен астам партия және кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты. \ XX ғ. 20ж. басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюының себептері: 1)Мемлекеттің еңбекші халыққа күш қолдану саясаты. 2)1921 – 1922жж. жаппай ашаршылық. 3)Мал шаруашылығының ауыр жағдайы. 4) Егін алқаптарының күрт азаюы. Осы жағдайлардан ұсақ тауарлы өндіріспен айналысатын шаруалардың мүдделерін ескеретін жаңа экономикалық саясат қажеттігі айқындала түсті. \ 1921 жылғы наурыз – жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды (партияның X съезі). \ ЖЭС-тің белгілері:1)Азық-түлік салығы. 2)Сауда еркіндігі. 3)Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру. 4)Ауыл шаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту. 5)Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру. 6)Енбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану. \ ЖЭС-тің мәні – салғыртты салықпен ауыстыру. 1)1921 жылғы наурыз-сәуір – өлкеде салғырт салықпен ауыстырылды. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. 2)1921 жылғы маусым – Орынбордағы өткізілген облыстық 1-құрылтай партия конференциясында Қазақстанда ЖЭС-ке көшу туралы айтылды. 3)Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды. \ Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы өзгерістер. Азық-түлік салығы енгізілгеннен бастап шаруалар өмірінде оңды жағдай қалыптасты: 1)Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. 2)6 және одан кем ірі қарасы бар қожалыктар салықтан босатылды.3)Бірыңғай заттай салық белгіленді.4)Салық мөлшері азайтылып, 1924-1925жылдары өнімнің 1/8 бөлігі алынса, 1927-1928 жылдары өнімнің 1/13 бөлігі лынды. 5)1924 жылғы 1 қаңтар – ақшалай салық енгізілді. 6)Үдемелі салықтың ауыртпалығы кулактар мен байларға түсті. \ Салықтан жиналган каражаттар мына ;злаларға бөлінді: 1)Қорғаныс ісіне. 2)Халық ағарту ісіне. 3)Ауыл шаруашылығына. 4)Ірі өнеркәсіпке. \ Ауылшаруашылық несиесі қоғамы көшпелі халыққа жеңілдікті шарттармен 3-5 жылға несие берді. Мемлекет шаруаларға ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтар сатып алуға несие берді. 1924-1925 жылдары республикаға әкелінген 415 тракторды кооперативтер мен коммуналар сатып алды. \ Ауылшаруашылығындағы басты өзгерістер: 1)Егіс көлемі 1924 жылы – 2,1 млн.га, 1928 жылы- 4 млн.га-ға өсті. 2)Мал шаруашылығы 1924 жылы – 24,8 млн., 1928 жыл - 41 млн.-ға көбейді. 3)Шаруа қожалыктары 1924 жылы – 737мың, 1928 жылы-1 млн.333 мыңға жетті. 4)Астық өндіру 1924-1925 жылдары – 64618650 пұт, 1928-1929 жылдары – 240 млн. пұтқа артты. 5)103 коммуна, 650 ауылшаруашылық артелі, мақта өсіретін «Мақтарал» совхозы ( Оңтүстік Қазакстан) құрылды. \ Шаруалардың жіктелу процесі күшейді: 1)Батырақ – кедей қожалықтары 2 есеге азайды. 2)1928 жылы шаруалардың 3/4бөлігі орташаларға айналды. 3)Кулак-бай кожалықтар 6,6%-дан 14,8%-ға көбейді. \ ЖЭС жылдары өнеркәсіпте де өзгерістер болып жатты. Халық шаруашылығының Қазақ Орталық Кеңесі 8 тресті біріктірді. Одактық маңызы бар трестер құрылды: «Эмбанефть», «Алтайказполиметалл», «Атбасцветмет». Жалпыодактық трестер республика бюджетіне табыстарының бір бөлігін аударып отырды: «Эмбанефть» мұнайынан алынған табыстың 5%-ын Қазак АКСР- інің өлкелік бюджетіне аударды. Осылайша одақтық трестердің монополиялық өктемдігі қалыптасты.Экономикалық саясат өктемдікпен жүргізілді. Трестерді қаптату аймақтарда өндіргіш күштерді ұтымды орналастыруға теріс әсер етті. Қазақстан экономикасының ұзақ жылдарға созылған шикізаттық сипаты анықталды. Ресейдің орталық аудандарынан республикаға бірқатар өнеркәсіп орындары көшірілді: Орынбор тоқыма фабрикасы, Қостанай шұға фабрикасы т.б. Өлкедегі кен өнеркәсібіне көңіл бөлінді. Түсті металлургияның басты ауданы Кенді Алтай. 1922 жылы ағылшын кәсіпкері Л. Уркварт Риддер мен Екібастұзды концессиялау туралы тиімсіз шарт жасап, ол қабылданбады. 1920 жыл – Шымкент сантонин зауыты салынды. 1923 жыл – Риддер қорғасын зауыты одақта өндіретін қорғасынның 40% -ын берді. \ Атырауды Доссор, Мақат мұнай кәсіпшіліктерімен жалғастыратын тар табанды жол салынды. 1927-1928 жылдар – Республика өнеркәсібін қалпына келтіру аяқталды. \ ЖЭС кезінде сауданың маңызы артты. 1921 жылғы 24 мамыр – «Айырбас туралы» декрет жарияланды. Жеке саудаға рұқсат етілді. Жәрмеңке саудасы күшейтілді1927 жыл - 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істеп, сауда айналымы- 30 млн. сомға жетті. \ Басты жәрмеңкелер: а)Семей губерниясында – Қоянды, Баянауыл. Б)Ақмола губерниясында – Атбасар.с)Ақтөбе уезінде – Ойыл, Темір.в)Бөкей ордасында – Орда. \Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері: 1)Күйзелген ауылшаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 2)Өнеркәсіп қалпына келтірілді. 3)Өркениетті кооператорлар құрылысы ел шаруашылығының барлық саласын көтерді 4)Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді. 5)ЖЭС – шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды .
20.Жер – су реформасы. натижеЖер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.1921 жылы сәуірде бұрынғы Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.1921-1922 жылдары аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды.Сөйтіп, 1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформалары нәтижесінде патша үкіметі алған жер түгел қазақ еңбекшілеріне қайтарып берілді.Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын жүзеге асыру үшін бұқаралық ұйым 1921 жылы «Қосы одағы» құрылды (1930 жылдан «Кедей одағы» атанды).Оның міндеттері: 1) Еңбек артельдерін құру. 2) Кедейлерге жер беру. 3) Еңбекшілердің саяси сана – сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.1921 – 1922 Жылдардағы жер реформасының маңызы:1) Еңбекшілерді социалстік құрылысқа тартуда үлкен роль атқарды.2) Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.3) Қазақ ауылындағы патриархаттық – феодалдық негізді әлсіретті.4) Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.
21.КСРОның құрылуы ұлттұ аумақтық межелеуКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКеңестік Социалистік Республикалар Одағы (Кеңес Одағы, КСРО) — Еуропада 1922 жылдан 1991 жылға дейiн және Азияда өмір сүрген мемлекет. КСРО Еуразияның 1/6 бөлiгiнде орналасты және 1917 жылдан дейін Ресейлiк империя Финляндия, Поляк патшалығының бөлiгiнсiз орналасатын және (Карстың жерi, қазіргі Түркия) кейбiр басқа аумақтағы әлемiнiң елдері арасында орналасқан ауданы бойынша өте iрi болды.1977 жылғы Конституцияға сәйкес, КСРО бiртұтас одақ, көп ұлтты және социалистiк мемлекет болып жариялады.КСРО Ресей КФСР, Украин КСР, Беларусь КСР және Закавказ СФСР бiрiгуі жолымен 1922 жылдың 30 желтоқсанында құрылды.Кеңес Одағы, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы, КСРО – бұрынғы Ресей империясы аумағының шегінде 1922 – 91 ж. болған мемлекет атауы. 1917 жылғы Қазан төңкерісі нәтижесінде коммунистер (большевиктер) мемл. билікті өз қолдарына алған соң, бұрынғы Ресей империясы құрамындағы неғұрлым дамыған ұлттық құрылымдар (Польша, Финляндия, Балтық теңізі жағалауы елдері) дербес мемлекет болып бөлініп шықты. 1918 ж. қаңтарда өткен Жұмысшы, солдат және шаруа кеңестерінің (бұдан әрі кеңестер деп аталады) біріккен съезінде “Еңбекші және қаналған халықтардың декларациясы” жарияланды. Езілген ұлттарға өз республикаларын құруға мүмкіндік берілді. 1918 ж. 4 – 10 шілдедегі Кеңестердің 5-Бүкілресей съезінде Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының (РКФСР) тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1922 жылдың ортасына таман бұрынғы Ресей империясының барлық жерінде дерлік кеңестер билігі орнады. Мемл. құрылымды одан әрі жетілдіру үшін, билік басындағы коммунистер (большевиктер) партиясының жетекшісі Владимир Ильич Лениннің жоспары бойынша, кеңестік республикалардың одағын құру керек болды. Жаңа одаққа кіретін республикалар тәуелсіз және тең құқылы болып саналды. РКФСР, УКСР, БКСР, ЗСФКР Кеңестерінің кезекті съездері одаққа бірігуді жақтап дауыс берді. Осыны негізге ала отырып, 1922 ж. 30 желтоқсанда шақырылған аталған төрт республика кеңестері өкілдерінің 1-съезі Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (КСРО немесе Кеңес Одағы) құру жөнінде Декларация қабылдады. Декларацияда КСРО-ға кіру теңқұқылық пен еріктілік негізінде жүзеге асырылады және Одақтан өз еркімен шығу құқы сақталады, әрі басқа да жаңадан құрылған республикалар одаққа өз еркімен кіре алады деп көрсетілді. Съезд КСРО-ны құру жөніндегі келісімшартты бекітті. Одақтың жоғарғы органын – КСРО Орталық Атқару Комитетін сайлады. ОАК-нің тең төрағалары болып М.И. Калинин, Г.И. Петровский, Н.Н. Нариманов, А.Г. Червяков сайланды. ОАК-нің 2-сессиясында Кеңес Одағының үкіметі – В.И.Ленин бастаған КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі құрылды. 1924 ж. 31 қаңтарда 2-Кеңестер съезі КСРО-ның алғашқы Конституциясын бекітті.
23..Голощекиннің Кіші Қазан идеясы Қазақ зиялыларының қуғындала бастауыҚазақстанда социализмнің бұрмалануы 1925 – 1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф. И. Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты. Ол «қазақ ауылы», Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И. В. Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И. В. Сталин қысқа әрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден – бір дұрыс саясат деп ойлаймын И. Сталин». Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды. Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты: 1) өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту; 2) өлкені шикізат базасы ету. Голощекин бұл идеясын 1927 жылы ұсынып, 1930 жылы VII өлкелік партия конференциясында нақтылады. Саяси бюро мүшелігіне кандидат А. А. Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді. Ірі саяси қайраткер және экономист Смағұл Садуақасов «Кіші қазан» бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды. Оның бағыты: 1. Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату. 2. Қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру. Қазақстанда индустрияландыру жолдары туралы пікір сайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты: Біреулер «түйеден социализмге» өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен заводтар салу шамадан тыс нәрсе» болып табылады, «ұлттық өзіндік ерекшелікті» жояды деп пайымдады, енді басқа біреулер «қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді», қазақтармен «өнеркәсіп – қаржы жоспарын орындай алмайсын» және т. б. деп санады. Жергілікті мамандардың индустрияландыруды жүзеге асыру барысындағы ұсыныс – пікірлері ескерілмеді. С.Садуақасов пен Ж. Мыңбаевтің өнеркәсіпте сақталып отырған отаршылдық құрылымды қайта қарау қажеттігі туралы айтқандары «ұлтшылдық көрініс» деп бағаланды. Өндіргіш күштердің даму деңгейіне, еңбек қорының дәрежесіне сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы ескертпелер « ұлыдержавалық шовинизм көрінісі» деп есептелді. Сөйтіп, теориядағы субективизм мен практикадағы әміршіл – ырықсыз әдістер республиканың социализмге бет алуының балама жолын зерттеу мүмкіндігін жоққа шығарды.
24. Қазақстандағы индустрияландыру саясаты сипаты қарқыны аукымы нәтижесі Қазақстанда индустрияландыруға бағыт алу. 1925 ж. желтоқсанда өткен БК(б)П-ның ХІV съезінде Кеңестер Одағын индустрияландыру бағыты белгіленді. Капиталистік шаруашылықтан ерекше, елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, өзіндік машина, станок жасау, металлургия, химия, қорғаныс және басқа да ірі өнеркәсіптері бар жүйе құру қажет делінді. Шаруашылықтың барлық салаларын соның негізінде техникалық қайта жасақтандыру мен еңбек өнімділігін арттыру үшін бүкіл экономиканың негізі ретінде ең алдымен ауыр өнеркәсіпті дамыту, оның шаруашылықтағы жетекшілік рөлін бекіту арқылы шет елдермен экономикалық жарыста озып шығу мақсаты қойылды. Бұл сол кездер үшін дұрыс, бірақ күрделі мақсат еді. Кеңестер Одағы көлемінде бұл бағытта біршама жетістікке қол жеткізілді. Бірақ оның біржақты жүргізілгенін, дәлірек айтқанда, ұлттық аймақтарды, соның ішінде, әсіресе, Қазақстанды патшалық билік кезіндегідей шикізат көзі дәрежесінде қалдырғанын көреміз. 1925 жылдың қыркүйегі мен 1928 жылдың қыркүйегі арасындағы үш жылда өнеркәсіп салу ісіне 3,3 млрд сом қаржы жұмсалды. Ол орасан зор қаржы негізінен алғанда Ресей аумағындағы ескі өнеркәсіп орындарын қайта жөндеу мен жаңа қуатты зауыт-фабрикалар, су-электр станцияларын жасауға жұмсалды. Соған қарамастан Қазақстандағы индус¬трияландыру ісі патриархаттық-феодалдық қатынастарды, яғни дәстүрлі шаруашылық жүйесін біржолата жою, феодализмнен капитализмге соқпай социализмге жедел қарқынмен өту сияқты ұрандармен басталды. Жерді қайта бөлу, мал-мүлікті тәркілеу, күштеп ұжымдастыру әрекеттері осылайша жаңа науқанмен ұласты. 1926 ж. 27—30 сәуірде сол кездегі республика астанасы Қызылордада өнеркәсіптің дамуы мәселесіне арналған арнайы өлкелік мәжіліс өткізілді. Онда Қазақстанның орасан зор табиғат байлығы атап өтіле отырып, зерттелмеген аймақтардағы қазба байлықтарын кең түрде барлау қажеттігі көрсетілді. Қазақ АКСР-нің ХШК (Халық шаруашылығы кеңесі) мен Мемлекеттік жоспарлау Комитетіне республиканы өнеркәсіптік аудандастыру мен өнеркәсіптің, ең алдымен түсті металлургияның дамуының перспективалық жоспарын жасау тапсырылды. Кеңесте сондай-ақ Қазақ АКСР-ы жағдайында “әсіресе жер және мал шаруашылықтарымен тікелей байланысты жергілікті өнеркәсіпті кең түрде өрістету” өмірлік қажеттілік ретінде атап көрсетілді. Осы негізде өңдеу өнеркәсіптерінің тері, май, ұн, тұз өндіру, балық аулау сияқты салаларының даму жолдары айқындалды. Байқап отырғанымыздай, басты назар патша заманындағыдай тау-кен ісі мен өңдеу өнеркәсібіне аударылған екен. Демек, пайдалы қазбалар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін орталықтағы ірі кәсіпорындар үшін өндіру басты міндет ретінде белгіленді. Бұл Қазақстандағы индустрияландыру ісінің отаршылдық, дәлірек айтқанда, шикізат көзі ретінде орталыққа қызмет еткізу бағытында басталғанын көрсетеді. Бірнеше жылға созылған революция мен Азамат соғысы кезінде капиталистік қатынастардың енуі кезеңінде пайда болған тау-кен орындары мен кәсіпорындар қаңырап, иесіз қалған еді. Тек жаңа экономикалық саясат кезінде олардың кейбіреулері қайтадан іске қосылды. Соның барысында Орал — Ембі аймағындағы бірнеше мұнай кәсіпшіліктері, Орталық Қазақстандағы көмір, Алтайдағы түсті металл өндіру кәсіпорындары қайта жанданды. Дегенмен, Қазақстан экономикасында әлі де болса ауыл шаруашылығы негізгі сала болды. Оның үлесіне жалпы шаруашылықтық өнімнің 84,4 пайызы тиетін және халықтың 90 пайызы ауылды жерлерде өмір сүретін еді. Осындай жағдайда бұрынғы ұлт аймақтары делінгендерді, оның ішінде Қазақстан да бар, Ресей төңірегіне — метрополияға топтастыру саясаты жалғаса берді. Ресей аумағында Волхов ГЭС-ін, Днепрогэсті, Сталинград трактор, Ростов ауылшаруашылық машиналарын жасау, Кузнецк, Магнитогорск, Кривой Рог және т.б. металлургиялық зауыттарды салуға бар қаржы-қаражат пен күш жұмылдырылды. Ал дәл осындай кәсіпорындардың Қазақстан жерінде де аса қажет екеніне назар аударылмады. Мұндағы бай кен орындары мен бүкіл ауылшаруашылық өнімдері орталық аймақтардағы осындай кәсіпорындарда өңделіп, тауарға айналдырылғаннан кейін ғана қажет делінген мөлшерде қайта жеткізіліп отыратын еді. Кеңес үкіметінің индустрияландыру барысындағы орашолақ, біржақты саясаты сол кездің өзінде Троцкий, Бухарин, Зиновьев сияқты саясаткерлердің қарсылығын тудырған болатын. Қазақстанда да бұл мәселе көлемінде қызу тартыстар болды. С.Сәдуақасовтың индустрияландырудың отаршылдық бағытына қарсы күресі. Индустрияландырудағы голощекиндік бағыттың біржақты отаршыл бағытын айқын көре білгендердің алдыңғы қатарында тағы да С.Сәдуақасов тұрды. Ол: “Егер империалистік орыс буржуазиясы шет өңірлерден тек шикізат талап, фабрикалар мен зауыттарды өз қолтықтарының астына орналастырған болса, социалистік өнеркәсіп шаруашылықтың қажеттілік жағдайына орайластырылып дамытылуы қажет. Егер қалпына келтіру кезеңі кейбір ұлттардың нақты теңсіздігі сияқты өткеннің “қарғыс атқан мұрасы” түріндегі қиындықтарға кездессе, қайта құру кезеңі оларды жеңуі қажет. Міне, артта қалған аймақтарды социалистік құрылысқа бейімдеу және шет аймақтардағы Кеңес өкіметін нығайтудың кепілі осында жатыр”, — деп көрсетті. Индустрияландыру барысында жергілікті кәсіпорындарды орталыққа тәуелді еткісі келген республиканың келімсек басшысымағының орашолақ бағытын былайша әшкереледі: “Голощекин жолдастың жүн жуатын орыннан әрі бармай, дұрысырақ айтқанда, барғысы келмей отырғаны неліктен, ал шұға фабрикаларын ұйымдастыру өзінен-өзі керек болып отыр ғой. Қазақстандағы индустрияландырудың барысы мен сипаты. 1928 жылдың 1 қазанынан шартты түрде басталатын бірінші бесжылдық жылдарында Қарсақбай, Риддер сияқты кәсіпорындар, Ембі мұнай өндірісі, Степняк алтын кені және т.б. қайта қалпына келтірілді. Өңдеу өнеркәсібінің Семей тері, кірпіш, Петропавл ет комбинаты сияқты байырғы түрлері жөнделіп, қайта іске қосылды. Ал бес жылдың ішінде жаңадан салынғандары: Іле ағаш тілу, Балқаш мыс балқыту, Шымкент қорғасын, Ақтөбе фосфор тыңайтқыштары, Орал мен Алматыда ет комбинаттары, Гурьевте (қазіргі Атырау) балық консервілеу комбинаты, Мерке, Жамбыл және Талдықорғанда қант зауыттары ғана болды. Олардың өзі негізінен шағын аумақты қамтамасыз етуге бейімделген кәсіпорындар еді. Кеңес үкіметінің басшылары да патша заманындағыдай Қазақстанға бай шикізат көзі ретінде қарады. Табиғат байлықтарының күрделі ошақтарын табу мақсатында бірінші бесжылдық жылдарында КСРО Ғылым академиясы кешенді ғылыми экспедициялар ұйымдастырды. Академик Н.С.Курнаков басшылық еткен Орталық Қазақстандағы геологтар мен геофизиктер тобы Қазақстан Республикасы “Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы” болып табылады деген тұжырым жасады. Ал Орал-Ембі аймағын зерттеген академик И.М.Губкин бастаған топ оның мұнайға аса бай екенін дәлелдеді. Кеңес үкіметі осы байлықтарды пайдалануға баса көңіл бөлді. Соның барысында соғыс басталғанға дейінгі кезеңде Қарағанды шахталары, Ембінің мұнай кәсіпшіліктері, Алтай мен Ащысай кәсіпорындары қайта жабдықталып, Зырянов, Риддер полиметалл, Балқаш пен Жезқазған кен-металлургия комбинаттары салынды. Қазақстандағы түсті металлургия өнеркәсіптің жетекші саласына айналдырылды. Бірақ олар негізінен руда күйінде қазып алынған түсті металдарды өңдеумен айналысты. Тазартылып, өңделіп дайындалған түсті металл өнімдері шикізаттар ретінде орталықтағы ірі өнеркәсіп орындарына жөнелтіліп отырды. Мысалы, Орталық Қазақстан Оңтүстік Оралдың ірі кәсіпорындарын рудамен, металмен, көмірмен жабдықтады. Кенді Алтай өңірі Сібірдегі кәсіпорындарды қамтамасыздандырды. Ембі мұнайы Орск сияқты мұнай өңдейтін зауыттарға жіберілді. Балқаштың мысы мен Шымкенттің қорғасыны да Қазақстаннан тыс жерлерге тасып әкетілді. Жоғарыдан жүргізілген индустрияландыру негізінен шикізат көздерін игеруге және оларды Ресейге жіберіп отыруға бағытталды. Қазақстандағы зауыт-фабрика делінгендер халық тұтынатын дайын өнімдер шығармады. Оларды Кеңес Одағының басқа аймақтарынан, Ресейден алып отыруға мәжбүр болды. Машина жасау, металлургия және қорғаныс өнеркәсіптері болмады. Энергетика базасы мен құрылыс материалдарын жасайтын өнеркәсіптер жетіспеді. Түрксіб темір жолын салу. Индустрияландыру кезіндегі Қазақстандағы ең күрделі құрылыс — Түрксіб темір жолын салуды аяқтау болды. Патша үкіметі Қазақстанды жаулап алу барысында, әскери-стратегиялық мақсатта Орынбор-Ташкент бағытында темір жол салып, оны қазіргі Алматы арқылы Семеймен жалғастыруды көздеді. Бұл елімізді қоршай отырып, тұқырта ұстауды және Қазақстан мен Орта Азия байлығына қызығып отырған басқа да шет елдіктерді енгізбеуді көздеген саясаттың нәтижесінде дүниеге келген еді. Бірақ еліміздің батыс және оңтүстік-батыс бөлігінде темір жол салғанмен, ол бағытты шығыс бөлігі арқылы Сібірмен қосу ісі аяқталмай қалған еді. Патша үкіметі кезінде көптеген талас-тартыс тудырған бұл істі аяқтауды Кеңес үкіметі қолға алды. Ол патша заманындағы Түркістан-Сібір темір жолы атауына қайта ие болды. Бұл жолды салу 1927 ж. қайта қолға алынып, оған екпінді құрылыс айдары тағылды. Орталық үкімет оған үлкен мән беріп отырды. 1928 ж. желтоқсанда БК(б)П ОК мәжілісінде Түрксіб жұмысшыларының тұрмыс жағдайы туралы мәселе арнайы қаралды. Ал 1929 жылғы қаңтарда өткен жиналыста құрылыстағы бұқаралық және мәдени-ағартушылық жұмыстар туралы мәселе талқыланды. Партиялық басшылықты нығайту мақсатында мұнда Солтүстік және Оңтүстік деп аталған екі аудандық партия комитеттері құрылды. 1929 ж. 3 мамырда КСРО ХКК Түрксіб құрылыс басқармасының есебін тыңдады. Кеңес үкіметі құрылыстың оңтүстік және солтүстік бөліктерін 1930 ж. аяқтап, 1932 ж. пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырды.Түрксіб темір жолы жоспарда белгіленген бес жылдан екі жыл бұрын, яғни үш жылда салынып бітті. Түрксібтің оңтүстік және солтүстік бөліктері 1930 ж. 28 сәуірде Айнабұлақ станциясында түйісіп, жол уақытша пайдалануға берілді. Ал 1931 жылдың қаңтарынан бастап тұрақты түрде жұмыс істей бастады. Жалпы ұзындығы 1445 километрге созылған бұл темір жолдың ел өміріндегі маңызының зор екенінде дау жоқ. Бірақ біздің мынаны да ескеруіміз қажет. Патша заманындағы сияқты бұл бағыттағы темір жол да негізінен еліміз аумағындағы шикізатты шетке тасу, ал шеттен дайын тауар алып келу үшін қызмет етті. Қазақстан сонымен Кеңес Одағының да шикізат дайындайтын шеткері аймақтарының бірі болып қала берді
25. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру себебі, барысы ауқымы нәтижесі1927 жылы желтоқсанда болып өткен партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауыл шаруашылық артелі, ал мал шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді. 1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС – тер құрылып жатты. Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді. Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Россиядағы колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды. Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте – бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды. Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер: 1. Қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді. 2. Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді. 3. Әкімшілік – күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді. 4. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады.Белсенділер отырықшыландыруды жоспарлаған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында – 70 %; Жымпиты ауданында – 60 %; Жәнібек ауданында – 95 % шаруашылық ұжымдастырылды. Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% - і ұжымдастырылған болса, 1930 жылғы сәуірдің 3 – інде 56,4 % - і, ал 1931 жылы қазан айына қарай 65 % - дай ұжымдастырылды. Азық– түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жылы «Әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді. 1931–1932 жж. Шұбартау ауданында барлық малдың 80 % - ын мемлекетке етке өткізілді. 173 мың малы бар Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды. Торғай ауданында 1 млн. мал басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды. Торғайлықтар «асыра сілтеу болмысын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді. Еріктілік принципі мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан – ақ барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру, тұрып жатқан жерінен басқа ауданға жер аудару, ұзақ уақыт қамауда ұстаумен қорқыту сияқты күштеу тәсілдері мейлінше дағдылы және кең таралған тәсілдерге айналды. Колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай – кулактар» қатарына жатқызылып, қатал жазаланды. 1929 жылы 56,498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды. 1931 жылы 5500 отбасы жер аударылды. 1929 – 1933 жылдары ОГПУ (біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үштігі – 9805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына – 3386 адам, 3–10 жылға концентрациялық лагерьге қамауға – 13151 адамға үкім шығарды. 1930 жылы 30 мамырда республика үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110000 га жер бөлді. Жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде, мал күтімінің кемдігінен, жем – шөптің жетіспеуінен мал қырылды. Осы жылдары өлкенің Одақ бойынша товарлы астық өндіруден үлес салмағы 9 % - тен 3 % - ке кеміді. Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930 – 1932 жылдары аштық жайлады. 1932 жылғы ақпан – колхозшы қожалықтарының 87 % - і, жекешелердің 51,8 % - і малдан түгел айырылды. Ұжымдастыру қарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды. Бұл жағдай Қазақстанда аштық қасіретін туғызды: 1. 1930 жылы – 313 мың адам; 2. 1931 жылы – 755 мың адам; 3. 1932 жылы – 769 мың адам қайтыс болды. 4. 1930 – 1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40 % - і жаппай қырылды.
26.Шаруалардың күштеп ұжымдастыруға қарсы халақ көтерілістері және қазақ зиялылардың қарсылығы Күштеп ұжымдастыруға қарсы халық көтерілістері және қазақ зиялыларының қарсылығы. 1932 жылы шілде айында аштық апаты мен себептері туралы Ф. Голощекинге «Бесеудің хаты» - Ғ. Мүсірепов, М. Ғатуллин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев жазылды. Онда көтерілген мәселелер: 1. Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан орташалар байлар жағына шығуда. 2. Байлар малды қырып тастауға тырысуда. 3. «Жалған колхоздарды» ұйымдастыру жалғасуда. 4. Өлкеде ашығушылар саны көбеюде. 1933 жылы наурыз айында РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов Сталинге хат жазды. Азаматтық ерлігі жоғары және принципшіл адал Т. Рысқұлов өлкеде етек алған қасірет туралы шындықты ашып көрсетуден тайсақтамады. «Сізден осы жазбамен танысып шығып, бұл іске араласуды және сол арқылы аштан өлуге душар болған көптеген адамдардың өмірін құтқарып қалуды өтінемін» деп жазды. Одан әрі хатта көрсетілген деректер бойынша: Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшушілер саны артуда; Орта Волгада – 40 мың; Қырғыз жерінде – 100 мың; Батыс Сібірде – 40 мың; Орта Азияда – 30 мың; Қарақалпақ жерінде – 70 мың қазақтар бар. Көшіп кетушілер Қалмақ, Тәжік жері, Солтүстік өлке, Батыс Қытайға дейін барған. Бұл «аш адамдардың тамақ іздеп босуы. Қазақ зиялыларының өтініштеріне орталық тарапынан жауап болмады. Аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді.Ақтөбе облысында 1930 жылы – 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы – 725800 адамға кеміген (71 %). Жаппай ұжымдастыру, аштық әсері халықтың көбін көшіп кетуге мәжбүр етті. 1930 жылғы қаңтар – 1931 жылғы маусым аралығы – 1 млн. 10 мың адам (281230 шаруа қожалығы). Қытай, Иран, Ауған жеріне т. б. көшті. Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, 414 мыңы кейін елге оралды.Аштық зардаптары: 1930 – 1933 жылдары аштықтан 6,2 млн. адамның 2,1 миллионы өлді. Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді. Зұлмат ауқымның зор болғаны сонша, 1930 – 1932 жылдардағы аштық тарихқа «ұлы жұт», қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді. Ұжымдастыру саясатына қарсы шаруалар толқуы. Күштеу әдісі мен жаппай ұжымдастыруға қарсы Сарысу, Ырғыз, Балқаш, Қастек, Қордай, Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау ауданының шаруалары көтеріліске шықты.Жазалау шараларының салдары: 1) 1929 – 1931 жылдары 5551 адам жауапқа тартылып, 883 – і атылды. 2) Барлығы 100 мыңнан астам адам жазаланды. Ұжымдастыру зардаптарына қарсы күрес. Коммунистік партия (XX ВКП(б) Орталық Комитеті 1932 ж. 17 қыркүйек – «Қазақстан ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы туралы» арнаулы қаулы алды. Онда колхоз құрылысында болған асыра сілтеушілік қатты айыпталды. Ф. И. Голощекин. І. Құрамысов қызметтерінен босатылды) кеш болса да, ұжымдастыру саясатының зардаптарын жоюға кірісті. 1. Күшпен жасалған «жасанды колхоздар» таратылды. 2. Астықты аудандарда коммуналар орнына, артельдер ұйымдастырылды. 3. Күштеп қоғамдастырылған мал – мүліктер иелеріне қайтарылды. 4. Отырықшы аудандарға Кеңес үкіметі 2 млн. пұт астық және 30 млн. сом ақша бөлінді. 5. 1935 жылдан ауыл шаруашылық артелінің жаңа үлгісі бекітіліп, жүзеге асырыла бастады. 6. Малсыз шаруашылықтарына мал алуына көмек көрсетілді. 7. Совхоздардың біраз малын колхозшылардың жеке пайдалануына берілді. 8. Ф. И. Голощекин қызметінен (1933 ж.) босатылдыҚолданылған шаралар нәтижесінде 2-бесжылдық жылдарында колхоз, совхоздар нығая түсті. Республика егістіктерінде техника көбейді. Бірінші бесжылдықта – 9 мың трактор, екінші бесжылдықта – 24 мың трактор, 8 мың комбайн жұмыс істеді. Екінші бесжылдық соңында (1933–1937 жж.) – 200 - ге жуық совхоз құрылды. Екінші бесжылдық соңында – отырықшы аудандарға 40 млн. сом қаржы бөлінді.
27. Сталиндік билік жуйесі және оның сипаты саяси қуғын сүргінКеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларға «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деген жала жауып, халықтың да оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады. Халықтың қамын жеген ұлт қайраткерлерінен сескенген тоталитарлық билік өкілдері тығырықтан шығар жолды іздеді. 1925 жылы қыркүйекте Қазақстанға басшылық қызметке Ф.И.Голощекиннің келуі елде орын алып отырған жағдайды одан бетер ушықтырды. Ол Қазақстанды кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Оның жүргізген саясаты ұлт зиялыларын жаппай қуғындауға ұласты. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қызметтерінен алып, республикадан қуды, олардың көзін жоюды қолға алды. Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады. Тарихшылардың бағалауынша, одақ бойынша 1927-1953 жылдары 60 миллион адам, оның ішінде Қазақстан бойынша 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды. Тізімдегі 631 атылған адамның 80 пайызы қазақтың белгілі адамдары болған. Көбі алаштың арыстары. 1929-1933 жылдары Қазақ АССР ОГПУ саяси өкілінің үштігі 9 805 іс қарап, 22 933 адам жөнінде шешім қабылдаған, соның ішінде 3 386 адамға ең жоғары жаза – ату жөнінде үкім шығарған. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысы бойынша 1937 жылы 853 адам қуғынға ұшырап, оның 335-і атылған, қалғандары әр түрлі мерзімдерге еңбекпен түзеу лагерлеріне жіберілген. 1938 жылы 936 адам тұтқындалып, 690-ы атылған, 246-сы сотталған. Сталиндік қуғын-сүргін жылдарында бүкіл елде 953 лагерь мен қоныс мекендері болған. Қазақстанда ГУЛАГ-тың 11 лагері орналасқан. Олар: Алжир, Қарлаг, Дальний, Степной, Песчаный, Қамыслаг, Ақтөбе, Жезқазған, Петропавл, Кеңгір және Өскемен лагерлері. 1937 жылдың үшінші шілдесінде НКВД-ның Батыс Сібір бойынша басқармасының бастығы Миронов пен Қазақстан Ішкі істер халық комиссары Залин бір мезгілде шұғыл құпия тапсырма алған. Онда күзеті күшейтіліп, қатаң тәртіптегі тікенек сыммен және биік дуалмен қоршалған концентрациялық лагерь ұйымдастыруға пәрмен берілген. Мұнда қанқұйлы қылмыскер немесе кәнігі ұры емес, нәзік жанды әйелдер – аналар, қыздар, балалар ұсталуға тиіс болған. Қарағанды ГУЛАГ-ының құрамына енгізілген бұл тозақ мекемесінің атауы да құлаққа тосын естілетін – АЛЖИР. Оны қазақ тілінде тарқатып айтқанда, «Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері» деген сөз болып шығады. Бұл шифрограммаға ГУЛАГ бастығы Берман қол қойғанмен, оның әміршісі – сол кезеңдегі НКВД бастығы Ежов болды. Әйелдерді сырқаты, екіқабаттығы, сәбилі болуы да темір тордан құтқара алмады. Тіпті, «отанын сатқандар» делінген қара күйе жағылған адамдардың бұрынғы әйелдері де тұзаққа ілікті. Өкіметтің пайымдауынша, әйелдер күйеулерінің көзқарастарын қолдайды, сондықтан олар да – қауіпті адамдар болып саналады. 1937-1938 жылдары мұнда 20 мың әйел жазасын өтеді. Олардың арасында бұрынғы көрнекті партия-кеңес қайраткерлерінің Әзиза Рысқұлова, Зинаида Тухачевская, Дәмеш Жүргенова, Әбиша Қабылова сияқты әйелдері болды. Қазақ зиялыларының жікке бөлінуі қолдан жасалған және бірнеше кезеңге созылған күрделі процесс. Ең алғаш большевиктер Әлихан Бөкейхан бастаған Алашорда қайраткерлерін биліктен ығыстырып шығарды. Одан кейін бұл үрдіс 1925-1930 жылдары қайта жалғасты. Үшінші кезеңде 1937-1938 жылдары шарықтау шегіне жетті. Осы жылдары қазақ зиялылары: Тұрар Рысқұлов, Әлихан Бөкейханов, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Абдулла Розыбакиев, Магази Масанчи, Ілияс Жансүгіров, Левон Мирзоян, Сәкен Сейфуллин, Санжар Асфендияров, Халел Досмұханбетов, Жаханша Досмұханбетов атылды. Бүгінгі таңда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «АЛЖИР» мұражай-мемориалды кешенінде жыл сайын еске алу шаралары аталып өтіледі. Зерттеушілердің мәліметтері бойынша, 1921-1954 жылдар аралығында Кеңес Одағының үш миллион жеті жүз елу мың тұрғыны оның құрбанына айналған. Қазақ тарихында Алаш идеясы, Алаш қозғалысы, Алаш автономиясы сан қырынан таразылайтын тың тақырып. Әлі де оның қайраткерлері толықтай зерттеліп болған жоқ. Мәңгілік Алаш идеясын жүзеге асырудағы қазақ зиялыларының рөлін тарихи саралап, өткенге көз жіберсек, Алаш идеясының ХХ ғасырдың бас кезіндегі уағыздаушы әрі жүзеге асырушы қайраткерлері ұлт ісіне ерте есейген есті санамен, жалындап тұрған жастық жігермен құлшына кіріскендіктерін байқауға болады. Алаш қозғалысының басты мақсаты – Қазақ елінің өзін-өзі басқару, ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал шаруашылығын өркендету, сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, нарықтық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқығын және басқа демократиялық принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Қазақты «ұлт» ретінде сақтап қалу болды. Солардың бірқатары туралы нақтылы деректер келтіре кетсек. Алашордалықтарды ұлтшылдар ретінде 1929-1931 жылдар аралығында құрта бастады. Олардың ішінде Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытов, Жаһанша, Халел Досмұхамедовтар секілді алаштың арыстары болды. Халел Досмұхамедов – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш көсемі, энциклопедист-ғалым, күллі Түркістандағы оқу-ағарту, ғылым, баспа ісі және денсаулық сақтау салаларының ұйымдастырушы. Ол 1883 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданындағы Тайсойған құмында дүниеге келген. Кішкентайынан ауылдағы молдадан хат танып, одан соң жергілікті орыс-қазақ мектебіне оқуға түскен. Ахмет Байтұрсынов – қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы. 1873 жылы, қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келді.Әділетсіз орыс оязының зорлығына қарсы тұрған әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге жер аударылуы он үш жасар бала Ахметтің жүрегіне өшпестей жара салады. 1886-1891 жылдары Торғай қаласындагы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. 1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады. 1905 жылы жер меселесі, казақтың өз жерін өзіне кайтару жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болады. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907, 1909 жылдары абақтыға қамалады. 1910 жылы қазақ жерінен қуғындалып, Орынбор қаласына жер аударылады.1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатовпен бірге «Қазақ» газетін шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына жақпаған басылымның редакторы ретінде А.Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге жабылады.
28. Кеңес үкіметінің білім мен ғылым саласындағыреформалар әдебиет театр музыка 1926 жылы Қазақ АКСР Халық комиссарлар кеңісі Қазқ АКСР біртұтас еңбек мектептерінің жарғысын қабылдады. Көптеген қалаларда арнаулы білім беретін мектептер ашылды. 1930-1931 жылдары Қазақстан халықтарының арасында жалпыға бірдей оқу міндеті енгізілді. Жалпыға бірдей білім беру ісіне үкімет жан жақты қолдау көрсете бастады. Сонымен қатар Қазақстан Комсомолы бұл істің жүзеге асырылуын және білім беру ісінің дамытуын өз мойындарына алды. Білім беру ісін дамыту барысында ана тіліндегі оқулықтарды жасаған қазақтың ұлттық зиялылары үлкен ұлес қосты. Мысалы : А.Байтұрсынов Ж.Аймауытов т.б. 20-30 жылдары қазақ метептеріне арналған оқулықтарды жасау бағытында Ғ.Мүсірепов , С.Сейфуллин . М.Жұмабаев М.Дулатов Ә.Бөкейханов С.Сәдуақасов А.Байтұрсынов Ж. Аймауытов көп еңбек сіңірді. Ғылымның дамуы : XX ғасырдың 30 жылдары Қазақстан ғылымы қалыптасып дами бастады. Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеу ісіне 1920 жылы құрылған Қазақстанды зерттеу қоғамы көп үлес қосты . Бұл қоғамда Қ.Жұбанов С.Аспендияров . Ж.Аймауытов, А.Затаевич А.Байтұрсынов Ә.Диваев сияқты ғалымдар еңбек етті 1926 жылы М.Массон Тараз қаласында археологиялық қаза жұмыстарын жүргізд Н.Кассин, С.Неустраев М.Русаков сиякты геолог ғалымдар қазақ жерінің табиғи ресурстарын зерттеуде ірі табыстарға жетті. Қарағанд ы Екібастұз көмір қорлары Ембі мұнай қоры анықталды. 1932 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақстандық базасы құрылды. Бұл базаның құрамнда 1935 жылы тарих және геология секторы Қазақ ұлттық ғылыми зерттеу институты құрылды. 1935 жылы профессор С. Аспендияровтың еліміздің тарихы жөнінде Қазақстанның көне заманнан бері тарихы атты ғылыми еңбегі жарық көрді. 1940 жылы Қазақстанда 57 ғылыми зерттеу институты жұмыс істеді Бұларды 1700ге жуық қызметкер еңбек етті. 1939 жылы елімізде ғылыми істергежұмсалатын күрделі қаржы 14,4 миллион сомға жуық болды. Соғыс қарсаңында КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалы құрылды. Әдебиеттің дамуы XX ғасырдың 20-30 жылдары қазақ әдебиетінде Ж. АЙмауытов А.Байтұрсынов С. Сейфуллин Б.Майлин І.Жансүгіров М.Жұмабаев бастаған ақындар мен жазушылардың орны ерекше болды С.Сейфуллин Көкшетау Советстан шығармаларының авторы. 1916 жылы ұлт азаттық қозғалыс уақытында Тар жол тайғақ кешу атты тарихи романын жазды. М.Жұмабаев Батыр Баян Жүсіп хан Қойлыбайдың қобызы Ертегі т.б дастандарын жаззды. С.Мұқанов Сұлушаш поэмасын Ботагоз романын жазды. І.Жансүгіров Құлагер Б.Майлин Азамат Азаматович И.Байзақов Құралай сұлу туындыларын осы кезде жазды 20-30 жылдары қазақ әдебиетінде аударма ісіде ерекше орын алды. Алаш қозғалысының белгілі өкілі Ә.Бөкейханов аударма ісінің шебері болды.Қазақ Кеңес өнерінің дамуы XX ғасырдың 20-30 жылдары Алматы Орал Петропавл Семей Ақмола Қостанай қалаларында түрлі деңгейдегі мәдениет мекемелері жұмыс істеді. А.Затаевич Қазақ халқының 1000 әні. Қазақ халқының 500 ән мен күйі деген еңбектерін жазып қазақ музыкасын зерттеу ісіне үлкен үлес қосты. А. Затаевичке 1932 жылы Қазақ АКСР ның халық артисі атағы берілді 1924 жылы Москвада өткен халықтар музыкасының концертіне Петропавл педучидищесінің қазақ хоры қатысты Қазақ әншісі Әміре Қашаубаева 1925 жылы Германияның Франкфурт қаласында 1927 жылы Францияның астанасы Париждегі коцертіне қатысып Батысқа Қазақ әнінің құдіретін танытты. 1926 жылы Қазақсанда алғашқы ұлттық қазақ театры сол кездегі астана Қызылорда қаласында ашылды Театрдың сол кездегі басшысы Жұман Шанин болды. 1937 жылы бұл театр қазақ академиялық драма театры аталды. 1937 жылы Қызылорда қаласында корея театры ашылды 1934 жылы Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театры ашылды. 1938 жылы мамырда Москвада өткен қазақ өнері күндерінде Жалбыр Қыз Жібек опералары қойылып Күләш Байсейітова КСРО халық артисі атағына ие болды 1939 жылы республикада 3304 кітапхана жұмыс істеді. Соғыс қарсаңында республикадағы мәдениет үйлерінің саны 5237 ге жетті.
29.Ұлы Отан соғысының басталуы Республика өмірін соғыс қажетіне бейімдеп құру.. Соғыстың басталуы, оның сипаты.Соғыстың басталуы. Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды. Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды. 1940 жылдың орта кезеңінде – ақ (18 желтоқсан) Гитлер командованиесі СССР – ге басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты (идеясы) қысқа мерзім ішінде (3–4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді. «Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО – ны «сансыз» көп ұлттың жасанды және «тұрақсыз бірлестігі», өзінше бір «ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат» деп қарастырды. «Россияның кең – байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз, - деді Гитлер өз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс. Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық – түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді. Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасап «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ – Орал, Түркістан сияқты рейх комиссарияттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді. Фашистер Кеңес адамдарын қырып – жою жолына осылай түсті. Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», - деп әскери комитетке өтініш берді. Республикада 2 млн. – нан астам адам әскери даярлықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 – жеке атқыштар бригадасы 30 – дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 – атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды. Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР – нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941 – 1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. 2. Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру. Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді (милитарландырылды). Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады. Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркісіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді. Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді: 1. 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы; 2. 1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Москва, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді. Көшіріліп әкелінген 54 завод пен фабрика тамақ өнеркәсібі халық комиссариатының қарамағында болды. Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 53 кәсіпорны көшіріліп әкелінді. Республикада аяқ киім саласының қуаты 12 есе, былғары саласының қуаты 10 есе өсті. Москва қаласы және Москва облысынан көшірілген кәсіпорындар: Москва авициация жасау заводы, Урюпа етконсерв заводы, Дзержинский атындағы электротехника заводы, Москва рентген заводы, № 3 Александр радио заводы, С. Орджоникидзе атындағы механика заводы т. б. Жалпы Қазақстанда Москва қаласы мен облысынан көшірілген 40 завод орналастырылды. Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника заводы, Подольск механика заводы, Запорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украина ККС – інен Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді. Қазақ КСР – не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды. Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Қазақстан КСРО – ның негізгі әскери - өнеркәсіп базасына айналды. 1942 жылы Одақта өндірілген қорғасынның 85 % - ын, көмірден 18 % -ын, молибденнің 60 % - ын, оқтанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді. 1942 жылы 21 тамызда кеншілер еңбегіне үдемі – кесімді ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді. 1942 жылы 24 тамызда Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Қарағанды көмір алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» қаулысы шықты. Облыстың және ауданның еңбеккерлері Қарағанды шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады. Шахтерлерді азық – түлікпен қамтамасыз ету, шахталарда тұрақты жұмыс істеу үшін адамдар жіберу, Қарағанды облысындағы 30 желісі 3 есе, оқушылар саны 5 есе көбейді. 1943 жылы забойлар желісі көбейіп, жер астында екінші Қарағанды пайда болды. Мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді. Атырау мұнай өңдеу заводын, Каспий – Орск мұнай құбырын салу үшін қуатты құрылыс ұжымы ұйымдастырылды. Ембіге Әзірбайжаннан 400 маман мен жұмысшылар келді.
Ұлы Отан соғысының негізгі кезеңдері. Бірінші кезең (22 маусым 1941 ж.–18 қараша 1942 ж.) соғыс басталған уақыттан бастап кеңес әскерінің Сталинград түбіндегі шабуылының басталуына дейін аралық. Бұл КСРО-ға ең ауыр кезең болды.
Шабуыл жасау мақсатында жауынгерлер мен әскери техникасын сақадай сай дайындаған неміс әскері біршама сәттілікке қол жеткізді. 1941 жылдың қараша айының соңына дейін қарсыласының күшіне төтеп бере алмаған кеңес әскері жауларына ұлан-ғайыр жерді тастап, артқа шегінуге мәжбүр болды. Осы аралықта олар көптеген жауынгерлерінен айрылып, із-түзсіз жоғалғандар саны көбейді, 5 млн.-ға жуық адам тұтқынға түсті, сонымен қатар мыңдаған танктер мен ұшақтарынан айрылды.
1941 жылдың күзінде фашистік-неміс әскері бар күшін Мәскеуді жаулап алуға салды. Мәскеу үшін шайқас 1941 жылдың 30 қыркүейегінен бастап 1942 жылдың 20 сәуіріне дейін жалғасты. 1941 жылдың 5-6 желтоқсанында Қызыл Армия шабуылға көшіп, қарсыластың қорғаныс майданын бұзады. Фашистік әскер Мәскеуден 100-250 км-ге айдатылды. Мәскеуді жаулап алу жоспары іске аспай қалады, шығыстағы аяқасты соғыс жоспары құрдымға кетеді.
Мәскеу түбіндегі жеңіс халықаралық үлкен мәнге ие болды. Жапония мен Түркия КСРО-ға қарсы соғысқа қатысудан бас тартты. Халықаралық аренада абыройға ие болған КСРО антигитлерлік коалиция құруға сеп болады. Алайда 1942 жылдың жазында кеңестік басшының қателігінен (ең алдымен Сталиннің қателігінен) Қызыл Армия Солтүстік-Батыс, Харьков түбінде және Қырымда ірі жеңілістерге ұшырайды. Фашистік-неміс әскері Волгаға – Сталинград пен Кавказға жетеді. Кеңес әскерінің осы бағыттардағы қажырлы қорғанысы, сонымен қатар ел экономикасын әскери жолға бағыттау, әскери шаруашылықты жөнге салу, жау тылындағы партизандық қозғалысты дамыту сияқты стратегиялық жұмыстар кеңес әскерінің шабуыл жасауына оңтайлы әсер етті.
Екінші кезең (19 қараша 1942 ж. –1943 ж. соңы) – соғыстағы түбірлі өзгеріс кезеңі. Қорғаныс ұрыстарында жауды әбден титықтатып, әлсіреткен кеңес әскері 19 қараша 1942 жылы Сталинград түбіндегі 300 мың адамы бар 22 фашистік дивизияны қоршап алып, қарсы шабуылға көшті. 2 ақпан 1943 жылы бұл топ жойылды. Осы уақытта жау әскері Солтүстік Кавказдан да қуылды. 1943 жылдың жазына дейін кеңес-германдық майдан тұрақтанды.
Майданныңөздеріне ыңғайлы кескіндемесін пайдалана отырып, фашист әскері стратегиялық бастамасын қайтарып алу мақсатымен және Курск доғасындағы кеңес әскери тобын жаулап алу үшін 5 шілде 1943 жылы Курск түбінде шабуылға шығады. Қиян-кескі ұрыс барысында қарсыластың шабуылына тойтарыс беріледі. 23 тамыз 1943 жылы кеңес әскері Орел, Белгород, Харьковты жау қолынан босатады, Днепрге шығып, 6 қараша 1943 жылы Киевті босатады.
Жаз-күз шабуылы кезінде қарсыластың жарты дивизиясы ойрандатылып, Кеңес Одағының бірқатар шекарасы босатылды. Фашистік одақтың ыдырауы басталды, 1943 жылы Италия соғысудан бас тартады.
1943 жыл майдандағы жауынгерлік әрекеттерге түбегейлі өзгеріс әкелген жыл болып қана қоймай, кеңестік тыл жұмыстарына да өзгеріс әкелген жыл болды. Тылдың жанкешті еңбегінің арқасында 1943 жылдың соңында Кеңес Одағы Германияны экономикалық тұрғыдан жеңді. Әскери өнеркәсіп 1943 жылы майданға 29,9 мың ұшақ, 24,1 мың танк, 130,3 мың зеңбіректің барлық түрін берді. 1943 жылы Кеңес Одағы соғыс техникасы, қарудың негізгі түрлерін өндіруден Германияны біршама басып озды.
Үшінші кезең(1943 жылдың соңы – 8 мамыр 1945 ж.) – Ұлы Отан соғысынқорытындылаушы кезең. 1944 жылы кеңес экономикасы соғыс жылдарындағы ең биік белеске көтерілді. Өнеркәсіп, көлік қатынасы, ауыл шаруашылығы дами түсті. Әсіресе әскери өнеркәсіп тез көтерілді. Танктер мен өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылар 1943 жылмен салыстырғанда 24-тен 29 мыңға көтерілді, ал соғыс ұшақтары – 30 мыңнан 33 мың данаға өсті. Соғыстың басынан 1945 жылға дейін 6 мыңға жуық кәсіпорын іске қосылды.
1944 жыл Кеңес Қарулы Күштерінің жеңісімен есте қалды. КСРО-ның барлық шекарасы фашистік басқыншылардан тазартылды. Кеңес Одағы Еуропа елдеріне көмекке келді – Кеңес Әскері Польша, Румыния, Болгария, Венгрия, Чехословакия, Югославияны босатты, қарқынды ұрыспен Норвегияға дейін жетті. Румыния мен Болгария Германияға соғыс жариялады. Финляндия соғыстан шығып кетті.
Кеңес Әскерінің сәтті шабуылдық әрекеттері одақтастарды 6 маусым 1944 жылы Еуропада екінші майдан ашуға итермеледі – генерал Д. Эйзенхауэрдың (1890-1969) басқаруымен англо-американдық жасақтар Францияның солтүстігіне, Нормандияға түседі. Бірақ кеңес-германдық майдан бұрынғышаЕкінші дүниежүзілік соғыстың басты және белсенді майданы болып қала берді.
Қысқы шабуыл барысында 1945 жылы Кеңес Әскері жауды 500 км-ден астам жерге шегіндірді. Польша, Венгрия мен Австрия, Чехословакияның шығыс бөлігі дерлік жаудан босатылады. Кеңес Әскері Одерге шығады(Берлиннен 60 км). 25 сәуір 1945 жылы Эльбада, Торгау ауданында кеңес әскери жасағының америкалық және ағылшын жасақтарымен тарихи кездесуі болады.
Берлиндегі шайқастар қиян-кескі және қажырлы сипатқа ие. 30 сәуірде рейхстагқа Жеңіс туы орнатылады. 8 мамырда фашистік Германияның қарсылықсыз тізе бүгу актісіне қол қойылады. 9 мамыр – Жеңіс күні болып белгіленеді. 1945 жылдың 17 шілде 2 тамыз аралығында Берлин маңы – Потсдамда КСРО, АҚШ пен Ұлыбритания үкімет басшыларының Үшінші конференциясы өтеді. Басшылар соғыстан кейін Еуропада бейбітшілік орнату, неміс мәселелері және басқа да сұрақтарға қатысты маңызды шешімдер қабылдайды. 24 маусым 1945 жылы Мәскеуде Қызыл алаңда Жеңіс шеруі өтеді.

30-31-32. Қазақстандықтардың майдандағы жанқиярлық ерліктері.Қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы еңбек майданындаңы ерліктері.ҰОС жеңіске қазақстанның қосқан ұлесі.Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. Қазақстандықтар жау әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа ие болды. Оның бірнеше себебі бар еді. Біріншіден, басынан бақайшағына дейін қаруланған, Европаның көптеген елдерін бағындырған жау әскерінің соғыс жүргізу тәжірибесі мол болды. Екіншіден, тұтқиылдан жасалған шабуылға Кеңес әскерлері әзір емес еді. Үшіншіден, Кеңес әскерін қайта құру, қаруландыру тиісті дәрежеде болмады. Төртіншіден, 1939 – 1940 жылдардағы Қызыл Армияны тазалау кезінде әскердің көптеген қолбасшылары, жоғары, орта буындағы офицерлері ұсталып атылып кетті. Осының бәрі Қызыл Армия бөлімдерінің соғыстың бастапқы кезінде үлкен сәтсіздікке ұшырап, мыңдаған жауынгерлерден айырылуына соқтырды. Москва шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан). Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316 – атқыштар дивизиясына Маскваға апаратын негізгі өзекті жолдың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар («28 панфиловшы») тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков «Россия кең – байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» ұранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл майданға тарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай – ақ Москва қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды. 316 – дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші гвардиялық дивизия атағы беріліп, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді. 1942 жылы 3 мамырда 238 атқыштар дивизиясы ұйымшылдығы және ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 жылы бұл дивизия 30 – гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. Москва шайқасының тарихи маңызы: - Гитлершіл басқыншылардың Москва түбінде талқандалуы жау әскерлерінің рухын түсірді, - Гитлердің қауырт соғыс жоспары «Блицкриг» біржола күйреді, - Қенес армиясы стратегиялық бастаманы қолға алып, түбейгейлі бетбұрыс басталды. Ленинград шайқасы (1941ж.-1943 ж.-қантар). Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. 316-атқыштар дивизиясы (1941 ж. 9 қыркүйек) және 314-дивизия Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, «өмір жолын» салуға қатысты. Балтық флотындағы «Киров» Қызыл Тұлы крейсерінде 156 қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды. шайқасына қатысқан қазақстандықтар: 1. Партия ұйымдастырушысы Султан Баймағанбетов А. Матросовтың ерлігін қайталап жау дзотын кеудесімен жауып, Батыр атанды. 2. 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротосының бөлімше командирі Қойбағаров ұрыста неміс траншеяларына бірінші болып кіріп, ержүректілік көрсетті 3. 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені Дүйсенбай Шыныбеков шайқасты. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде шайқасты. 314-дивизияның мергендер қозғалысын Солтүстік Қазақстан облысындағы Степан Разин атындағы ауылшаруашылық артелінің бұрынғы колхошысы, қатардағы жауынгер Г.П. Зубков бастады. 4. Ленин қаласы үшін болған шайқастарда артеллериялық бақылау аэростаттарының дивизион командирі С. Жылқышев та ерекше көзге түсті. Ленинград қоршауының аса қиын кездерінде оны қорғаушылар бүкіл Кеңес мемлекеті халықтары тарапынан қолдау жасалғанын үнемі сезеніп отырды. 1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінда қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім» деген жырын арнап, онда көп үлттық еліміздің бүкіл енбекшілірінің ойпікірін, сезімі мен аландатушылығын білдірді. Ақын жыры достықтың шынайы ән ұранына айналды. Қоршау жылдарында 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты. 1943 жылы қаңтарда 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды, ал 1944 жылы Ленинград басқыншылардан толық азат етілді. Ленинград шайқасының тарихы маңызы - Гитлершіл Германияның ірі жеңілісі болды, - Халықтар достығы мен ерлігінің көрінісі болды. Сталинград шайқасы (1942 ж. шілде- 1943 ж. ақпан). 1942 жылы 17 шілде Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар басталды. 1942 жылы күзде Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қазақстан даласына жетті. 1942 жылы күзде КСРО жоғарғы Кенесі Төралқасының жарлығымен Каспий алабында соғыс жағдайы енгізілді, ал 1942 жылғы қыркүйектің 1-інде Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 жылғы қыркүйектың 15-інде облыстық мемлекеттік қорғаныс комитеті соғыс жағдайын енгізді, ал 1942 жылы 26 қазанда Орал аймағы әуе шабуылынан қорғану бөлімдерінің қатарына енгізілді. 1943 жылғы желтоқсанда белгіленген шекара бойынша Қазақстан Сталинград облысымен шектесті (Каспий теңізінен Александров – Гайға дейнгі 500 км.) 1942 жылы 9 қазанда Қазақ КСР үкіметі Сталинград майданының ең жақын тылы Қазақстан екенін, сондықтан бұдан артық шегінетін жер жоқ екенін айтып, Сталинградты қорғаушы жерлестеріне үндеу тастады. Батыс Қазақстан жерінде алты қорғаныс шебі, Сайхан, Орда, Чапаев, Тайнақ аудандарында арнайы аэродромдар салынды. Ақтөбе облысында да қорғаныс қүрылыстары салынды. Сталинград майданының көптеген әскери бөлімдері, материалдық, техникалық базалары Батыс Қазақстанда орналастырылды. Орал қаласында әскери байланыс торабы орналасты Батыс Қазақстан жерінде 70-ға жуық әскери госпиталь жұмыс істеді. Гитлерлік ұшақтар Сайхан, Жәнібек, Шұңғай станцияларына шабуыл жасап, 7 млн. сом шығын келтірілді. Сталинград майданың барлық жағынан Қазақстан қамтамасыз еткен. Осында көптеген әскери техника жөндеуден өтті. Мысалы, бір ғана Ақтөбеде ай сайын 30 ұшақ құрастырылды. Каспий бассейнде орналасқан Гурьев майданы Орта Азиямен, Кавказбен байланыстыратын негізгі көпірге айналды. Қазақстан жерінде құрылған 292, 387-атқыштар дивизиясы, 81-атты әскер дивизиясы т.б. Сталинградты қорғауға тікелей қатысты. Сталинградтың түбінде көптеген Қазақстандықтар ерліктің небір тамаша үлгісін көрсетті. Сталинград түбінде қазақстандықтар К.Сатпаев пен А.А.Бельгин өздерінің ерлігі нәтижесінде Кеңестер Одағынын батыры атағына ие болды.4. Қазақстан Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңінде (1944-1945 жж.) Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты. 1-Украин майданы учаскелерінің бірінде біздің жауынгерлік қатарымызға фашистік танкілер лап қойды. Жаудың біраз танкісі қиратылды, бірақ фашистік танкілер ілгері ұмтылуын тоқтатпады. «Жолбарыс» танкісінің қарсы алдынан сапер Абдолла Усенов қарсы жүріп, кеудесіне танкіге қолданылатын минаны қысып, қаймықпай шынжыр табан астына құлады, сұмдық жарылыс жер сілкіндірді. Әрқайсысы 200-ден астам жауынгерлік ұшу сапарын жасап, бірнеше жүз фашистерді жоқ қылған шабуылшы ұшқыштар: Талғат Бигельдиновке, Леонид Бедаға және Павловқа, соңдай-ақ 37 ұшақты және топтасып жүргізілген ұрыстарда жаудың тағы 6 ұшағын (самолет) атып түсірген Сергей Луганскийге екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар-қазақ қыздары: пулеметші Мәншук Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды. 1945 жылдың қысқы операцияларда кеңес әскерлері жаудың «Солтүстік», «Орталық», «Висла», «Оңтүстік» армиларының ірі топтарын талқандады. Қызыл Армия Польшаны азат етуді аяқтап, Венгрияны және Чехословакияның едәуір бөлігін азат етті, Венаны алып, Шығыс Пруссияға кірді, Одер және Нейсе өзендеріне шығып, Померанияға, Брандербург пен Силезияға тереңдеп енді. 1945 жылғы сәуірдің 16-ында Берлин операциясы басталды. Оған 3,5 млн.-ға жуық адам, 52 мың зеңбірек пен миномет, 7750 танкпен өздігінен жүретін зенбірек, 10800 ұрыс ұшағы қатысты. Балтық теңізінен Судет тауларына дейінгі 700 км-лік өңірде ұрыс қимылдары жүргізілді. Батыл қимылдар жасап, Кеңес әскерлері мамырдың 2-інде Германияның астанасы Берлинді толық бақылауына алды. Берлин операциясы барысында Кеңес жауынгерлері ержүректілік, ерлік және жоғары шеберлік көрсетті. Толық емес мәліметтерге қарағанда Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен шоғырларда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері: Ғ.Ахмедьяров, Ғ.Омаров, В.Шарудов, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріпов, Ә.Жангелдин, Ж.Саин, Н.Көшекпаев т.б. есімдері бүгінде зор қүрметке ие болды. -1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды. -1945 жылғы 8 мамыр-фашистік Германияның тізе бүккендігі туралы шартқа қол қойылды.
-1945 жылғы 9 мамыр-Қызыл Армия жеңіске жетіп, Ұлы Отан соғыс аяқталды.жеңілгендігі туралы шартқа қол қойды. Сөйтіп, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: 1.Барлығы-11600 адам; 2.Қазақстандықтар-497, оның ішінде қазақтар-97; 3.Қазақ қыздары-2.Екі мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский.Үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алған: И.Н.Кожедуб- Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлегі.Солдат ерлігі орденінің толық иегері-142 қазақстандық. Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар-96638.
33.ҰОС жылдарында Қазақстанға халықтарды күштеп қоныс аударылуы.Депортация (лат. deportatio - шығару) — мемлекеттен тұлғаны мәжбүрлеп шығару. Депортация жиі басқа бір мемлекетке шығып кеткен шетел азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады. Соғыс жылдарындағы саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясЕкінші дүниежүзілік соғыс басталған соң, ізін ала Балтық жағалауы, Батыс Украина, Батыс Белоруссия, Бессарабиядан «жағымсыз элементтерді» күштеп көшіріп-қоныстандыру қолға алынды. Егер соғысқа дейін бұл әрекет мемлекет қауіпсіздігін күшейту қажеттігімен түсіндірілсе, соғыс кезінде ұлттық-аумақтық автономиялары бар тұтас халықтар қуғын-сүргінге ұшырады. Сөйтіп, тоталитаризмнің таптық саясаты жаңа «сапалық» деңгейге өткен еді. 1941 жылы 28 тамызда барлық немістерді жаппай диверсиялық және шпиондық әрекеттерге қатысты деп айыптадыБасқа халықтар да дәл осындай «логикалық актілермен» депортацияға үшырады. Бас кезінде олардың кейбіреулерінің немесе көпшілік бөлігінің өз Отанын сатқандығы атап өтілді, артынан аталған халықтарды түтастай шығыс өңірлерге көшіру туралы шешім қабылданды. Дөл осындай «сценариймен» қарашай, қалмақ, шешен, ингуш, балқар жөн6 т.б. Солтүстік Кавказ, Грузия, Қырым өңірінен халықтар көшіріліп, ұлттық автономиялар жойылды. Басқаша айтқанда, олардан ұлттық мемлекеттілігі тартып алынды. 30—40-жылдардағы халықтар депортациясы қоғамдық-әлеуметтік форманың жоспарлы акциясына, адам психикасына әсер ете отырып, халықты ұлттық тамырынан айыруды ойластырған тағылық эксперимент, ғаламды қайта құру тәжірибесіне айналды. Күштеп қоныс аудару кезінде жол бойында және арнайы лагерьлер мен тұрақжайларда бұл халықтардың жартысына жуығы опат болды. Оларды бір сәтте туған жерінен айырып, мал сияқты жүк вагондарымен Қазақстанға әкеліп, 24 сағаттың ішінде бүтіндей халықтарды көшіріп-орналастырып үлгерді. 1936 жылы құрылған Кабардин—Балқар АКСР-нан 1944 жылы наурыз айында 650 мыңдай шешен, ингуш, калмақ, қарашайлар көшірілді. Бүкіл техника, НКВД құрамалары мен армия бөлімдерінен 19 мыңдай офицер мен әскерлер қатыстырылған бұл операцияны Ішкі істер халық комиссары Берияның өзі баскарды. Жалпы саны 40 мыңдай балқарлардан Солтүстік Кавказ түгелдей «тазартылды», 46,6 мың балқар отбасы оңтүстік облыстарға қоныстандырылды. Қалғандары Қырғызстанға жөнелтілді. Балқарларды көшіргеннен кейін республика Кабардин АКСР-і болып атала бастады. 1944 жылдың ақпан айынан кейін Қызыл Армиядан босатылған шешен және ингуш ұлтының әскери адамдары НКВД-нің арнайы қоныстарының қарамағына өтті. Дәл осындай жағдай майданда жүрген депортацияланған халықтардың барлығына қатысты болды. Олардың барлығы өздерінің туған-туыстары түрып жатқан қоныстарға немесе Орал, Сібір өнеркәсіп өндірісіне жіберілді. КСРО- ның баска НКВД лагерьлеріндегі шешендер мен ингуштер Қарағанды лагеріне ауыстырылды. Дағыстан АКСР-да, Грузияда, Әзірбайжанда, Краснодар өлкесі, Дондағы Ростов, Астрахан облысында тұрып жатқан шешендер мен ингуштар да депортация қармағынан аман қалған жоқ, көші-қон 1945 жылдың соңына дейін жалғасты. 1945 жылға карай Қазақстанға көшірілген шешендер мен ингуштардың жалпы саны 406,3 мың адамға жетті. 1944 жылы 7 наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің бұйрығымен Шешен-ингуш АКСР-і жойылды. Барлық ауданның аттары өзгертілді. Шешен-ингуш АКСР-інің орнына Грозный облысы қүрылды. Облысқа дейін барлық жергілікті халықтың 58%-ын құраған шешен мен ингуш халқы осылайша туған жерлерінен қол үзді. Грозный облысына ондаған мың орыстар мен аварлар, осетиндер, украиндар әкелінді.Фашистік Германия басып алынған аумақтар азат етілген сайын сол жерлердегі халықтарды депортациялау ісі де жалғаса берді. 1944— 1945 жылдары азат етілген Украина, Беларусь және Балтық өңірінде бұрыннан мекендеп келе жатқан немістер Сібір мен Қазақстанға көшірілді. 1945 жылдың соңына қарай Қазақстанға 9 мың неміс отбасы орналастырылды.Ел басшылығындағы шовинистік пиғылдардың ұлт саясатындағы белгілері жекелеген халықтар мен ұлт азшылықтарын «жағымсыз элемент» ретінде көшірудің белең алуынан көрінді. Әңгіме бірінші кезекте Қырым және Грузия аудандарындағы халықтарды тарихи Отандарынан көшіру туралы болып отыр.1921 жылы құрылған Қырым АКСР-інде орыстар, украиндар, қырым татарлары, гректер, болгарлар, армяндар мекендеді. 1944 жылы Берияның бұйрығымен Қырымды «кеңестерге қарсы элементтерден» тазартуға 2000 жүк машинасы өзірленді. 1944 жылы мамырда 50 эше- лонға тиелген татар үлты өкілдері түгелдей Қырым АКСР-інен қуылды. Депортация барысында Қазақстанға 4501 татар, 7 мың болгар мен гректер әкелінді. Депортацияға ілінген месхеттік түріктер Грузияның оңтүстік-батыс аудандарынан 1944 жылы қарашада Қазақстанға өкелінді. Жалпы, 1943—1944 жылдары Қазақ КСР-іне 109,3 мың отбасы арнайы қоныстандырылды.
34.ҰОС кейнгі жылдардағы қазақтандағы қалық шаруашылығын қалпына келтіруСоғыстан кейін республика экономикасын қайта құру. II дуниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Станиград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды .Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.Ауыл шаруашылығы. Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Олар: ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы, экономикалық заңдармен есептеспеу т.б.1946 жылғы 16 қыркүйекте ауыл шаруашылығында орын алған ауыр жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес савхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан ауыл шаруашылығында 50683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шөп шабатын және басқа машиналар болды. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда 76% МТС-тер жұмыс істейді.Осы жылдарда ұсақ колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, республикада 1952 жылғы қантарда 3670 колхоз қалды, немесе олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды. Республикада тортінші бесжылдықта егіс көлемі бір миллион гектардан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 жылы астықтың жалпы түсімі 47654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89% -ға асып түсті. Ірі қара малдың, қой мен жылқының, жаңа тұқымдары өсіп жетілді. Малдың жалпы саны өсті ірі қара мал 27 қой мен ешкі 70, жылқы 71% -ға көбейіп, шошқа 2,7 есе артты.35.қазақстанныі қоғамдық саяси жағдайы.Ұлы Отан соғысының зардаптары.Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әбден әлсіреп шықты. 32 мың өнеркәсіп орны, сондай-ақ 100 мың ауыл шаруашылық өнеркәсіп орындары үлкен шығынға батты, олардың біраз бөлігі толығымен жойылды. Сталинград (Волгоград), Ленинград (Санкт-Петербург), Киев, Минск сияқты қалалар жер мен жексен етілді. Экономикалық қиындықтар жұмыс қолының жетіспеуіне байланысты күрделене түсті. Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан айырылғаны белгілі, одан да көп болуы мүмкін. Өндірістегі жетпейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін КСРО үкіметі Кеңес Армиясы қатарынан ірі көлемдегі демобилизация жүргізді. Бірінші демобилизация 1945 жылы шілде-қыркүйек айларында өтті. Алдыңғы кезекте солдаттар және жасы ұлғайған кіші офицерлер, инженер, мұғалім, агроном т.с.с. мамандар демобилизацияланды. 1945-1946 жылдары армия қатарындағылардың саны 8,5 млн-ға азайды.Соғыстан кейінгі елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.1947 жылы желтоксанда карточкалық жүйе мен республика еңбекшілерін азық-түлікпен және өнеркәсіп тауарларымен мөлшерлі қамтамасыз ету жойылды. Осы жылы ақша реформасы жүргізілді. Азык-түліктің негізгі түрлерінен мен ұннан істелінетін тағамдарға, етке, өнеркәсіп тауарларына деген баға төмендетілді. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базардағы баға да төмендеді. Тұтастай алғанда, төртінші бесжылдық жылдарында баға үш рет төмендетілді. Сомның сатып алу қабілетінің нығауымен қатар еңбекшілердің еңбекақысын арттыру жүргізілді. Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, майданда қаза тапқандардың отбастарына әлеуметтік көмек көрсетілді. Жасы жеткендерге, асыраушысынан айырылғандарға, уақытша еңбек қабілетінен айырылғандарға зейнетақы тағайындалды. Көп балалы, жалғызбасты аналар талай жәрдем алды. Санаторийлер мен демалыс үйлеріне, пионер лагерьлеріне жеңілдік шарттарымен жолдамалар берілді
36. Хрущев жылымығы КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді. 1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды. Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады. 1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды. 1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады. Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды. Республиканың индустриялық дамуы. Соғыстан кейін қалпына келтірілген өнеркәсіп 50-жылдардан кейін жаңа өзгерістерді қажет етті. Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынды экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 1957 жылы тұңғыш тепловоздар Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды. Осы жылдары салынған өнеркәсіптер: Ақтөбе хром заводы, Шымкент гидролиззаводы, Семей цемент заводы, Жезказған кен байыту фабрикасы, Соколов – Сарыбай комбинатының алғашқы кезектері, Өскемен таукен жабдықтарын шығаратын машина жасау заводының 1-кезегі т.б. 1958 жылы жалпы өнім өндіруден Қазақстан КСРО-да 3-орынға шықты. 1956-1958 жылдар аралығында елімізде көлік және коммуникация жүйелерін дамытуға 146,4 млн. сом жұмсалды. Республикада темір жол құрылысына ерекше көңіл бөлінді. 1960 жылы қазақ КСР теміржолынаң ұзындағы 11,42 км. болды. 1958 жылы Қазақ КСР-де Қазақ теміржол басқармасы құрылып, республикадағы барлық теміржол осы басқармаға бағындырылды. 1951-1955 жылдар аралығында Одақта салынған теміржолдың 30%-ы Қазақстан аумағында салынды. 1960 жылға қарай Одақта өндірілген темір кенінің 5,4%-ы Қазақстанға тиесілі болды. Қазақстан «магниткасы» аталған Қарағанды металлургия заводы Қазақстан мен Орта Азияны, Сібір мен Оралды темір өнімдерімен қамтамасыз етті. Республикада электр энергиясы өндірісі де біршама жақсы дамыды. 1960 жылы Қазақстанда 10,5 млн. кВт/сағат энергия өндірілді.
37. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: жетістігімен зардаптары. 1953 жылғы қыркүйекте болып өткен КОКП-ның ОК Пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму болашағын анықтады. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық саласына көп көңіл бөліне бастады. Колхоздарға біраз дербестік берілді, ауыл-село еңбеккерлерінің өнім өндіруге деген материалдық ынталылығы арттырылды, ауыл шаруашылық өнімін дайындау және сатып алу бағасы көтерілді, аграрлық секторды техникамен жабдықтау біршама жақсарды, онда электр қуаты кеңірек қолданатын болды, колхоздар мемлекетке төлеуге тиісті қарыздарынан босатылды. Бірақ елде қалыптасқан басқару жүйесі ауыл шаруашылығының дамуын экстенсивті жолмен жүргізе берді. Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді идеясы пайда болды. 1954 жылы қантарда болып өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов (1948-1954 жж.) қызметінен босатылды. Бірінші хатшылыққа– П.Пономаренко (1954-1956 жж.), екінші хатшылыққа – Л.И. Брежнев (1955-1956 жж.) сайланды.1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары. Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды. 1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты. 1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын. Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді; 1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га). 2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. 3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. 4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. 5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті. 6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді. 7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді. 8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды. Тың игерудің салдары: Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады. Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды. 1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды. 2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды. 3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті. 4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды. 5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана болды. 6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды. 7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды. 8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады. 9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді. 10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.
38.1964-1985 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық мәдени ахуалы. Экологиялық ахуалдың шиеленісуіЭкономикалық реформалар: жүзеге асырылмағанның себептері.КОКП Орталық Комитетінің 1965ж. наурызда, қыркүйекте, қазанда өткен пленумдары өнеркәсіпке басшылықты жақсарту, жоспарлауды ынталандыруды жетілдіру шараларын белгіледі. Осыған байланысты кәсіпорындар мен салаларда шаруашылық есепті жүргізудің аясын кеңейту көзделді, кәсіпорындардың қызметін шектен тыс шектеу жойылды, олардың шаруашылықты жүргізу дербестігі кеңейтілді, пайда, баға, сыйлық, несие сияқты аса маңызды экономикалық тіректер тиімді пайдаланылды. Неғұрлым жоғары жоспарлы тапсырма алуға, өндірістік қорларды, жұмысшы күшін, материалдық және ақша ресурстардың толық пайдалануға, өндіріс техникасын жетілдіруге және өнімдердің сапасын жақсартуға деген қызметкерлер мен коллективтердің материалдық ынтасы артты. 1960-ж. ақырында жоспарлау мен материалдық ынталандырудың жаңа жүйесіне республикада 1467 өнеркәсіп кәсіпорыны, яғни олардың жалпы санының 80 проценттен астамы өтті. Шаруашылық реформасы республиканың экономикалық дамуына белгілі дәрежеде қозғау салды. Бірақ реформаны жүзеге асырудың алғашқы қадамынан бастап-ақ жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа принциптерінің артықшылықтары, мүмкіндіктері толық пайдаланылмады. Басқарудың жаңа құрылған экономикалық жүйесі бірте-бірте өз позициясынан айрыла берді (жоспарларға түзету енгізу жиіледі, кәсіпорындардың құқы шектелді, орталықтың өктемдігі күшейді және т.б.) Реформа бір жағынан нақты жұмысшы орнына жетпей, екінші жағынан басқарудың сатылы буындарына соқпай кәсіпорындардың дәрежесінде тоқтап қалған сияқты болды. Реформаны тереңдетуге жасалған талпыныстар экономикалық экспериментке айналды. Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси саладағы демократияландыру процесінің тежелуі болды. Ол тек экономикалық ұйымдық-техникалық саласымен ғана шектеліп, қоғамның саяси құрылымына, меншік қатынасына соқпады, бюрократияның тірегі – мемлекеттік меншіктің монополиясын сақтады, нарықтық қатынастарды теріске шығарды. Брежнев пен оның төңірегіндегілер реформа негізінде экономиканы терең қайта құруға қарсы болды, олар экономиканың қызметіндегі әкімшілік жүйелеріне қол сұғуға болмайтындығын сақтауға тырысты. 70-ж басында реформаны жүргізу тоқтатылды. Сол жылдары әлі де шаруашылықты жүргізу, жоспарлау мен ынталандыру механизмдерін жақсартуға әлденеше рет талпыныс жасалғанымен мұның өзі тиісті нәтиже бермеді. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру қолдан келмеді. Теріс құбылыстар көбейе берді, қор қайтымы төмендеді, жаңа өндірістік қуаттар шабан игерілді, экономикалық қызметтің ысырапшылық сипаты күшейді, бұрынғыша экономиканың дамуын экстенсивті факторлар белгіледі. Тоғызыншы бесжылдықтың басына қарай республиканың экономикасында өнеркәсіп жетекші орын алды. 1970 ж. қоғамдық өнімнің жалпы құрылымында оның үлесі 48 проц. болды. Халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорлардың 39,8 проц. өнеркәсіптің үлесіне тиді, онда 1052 мың адам қызмет істеді, ол республика жұмысшыларының 22,4 проц. еді 1970-1985 жж. республиканың индустриялық потенциалы белгілі дәрежеде өсе түсті. Өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млн сом немесе халық шаруашылығына жұмсалған қаржының 32 проц. жұмсалды. Негізгі өндірістік қорлар 3,1 есе артты, оның ішінде химия және мұнай химиясында 6,5 есе, машина жасауда 4 есе дерлік, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам өсті. 1000-дай өнеркәсіп орындары мен цехтар қатарға қосылды. Оның ішінде Қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резина-техника зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр цехы, Екібастұз және Ермак ГРЭС-тері, Қапшағай су-электр станциясы, Шымкент және Жамбыл фосфор зауыттары, Жәйрем кен байыту комбинаты және басқалар бар. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі жөнінен Қазақстан үшінші (РКФСР мен Украинадан кейін) орын алды. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл, Павлодар-Екібастұз аймақтық-өндірістіккомплекстері қалыптасты. Экономикалық потенциалдың өсуі халық шаруашылық айналымына шикізат және отын энергетикалық ресурстары тарту есебінен жүзеге асырылды. Экономиканы басқаруды қатаң орталықтандырудың жағдайында өнеркәсіптің құрылымы шикізат өндіруге бағытталған сипатын бұлжытпай сақтап қалды. Базалық министрліктердің өзімшілдік мүдделеріне бас шұлғи отырып, орталық республика экономикасын дамытуда кең шығаратын салалрға басымдық беріп отырды. Ғылымды көп талап ететін өндірісті дамытудың орнына ірі кұрделі қаржы соларға жұмсалды. 80-жылдардың басында республика өнеркәсібінде кен шығаратын салалардың үлесі орта есеппен алғанда елдегімен салыстырғанда 1,7 есе жоғары еді. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одақтық ведомстволар республикадан шикізат ресурстарын сорып алып, аса зор таба отырып, республика бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржы жұмсады деп айтуға болады. Олар өз кәсіпорындары жылына 15 млрд. Сом жалпы табыс алып отырған жағдайда республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн сом немесе 1 проц. аз қаржы аударды. Одақтық министрліктер жалпы өнім көрсеткіштері мен пайдаға құныға отырып, республиканың әлеуметтік инфрақұрылымынын дамыту, ұлттық жұмысшы кадрларын даярлау, қоршаған ортаны қорғау мүдделерін аяққа басты. Бітпеген құрылыстар түрінде аса көп материалдық байлықтар мен еңбек өлі дүниеге айналып жатты. Мұндай дүниелер 1980-1989 жж. өндірістік салаларда жұмсалған жалпы күрделі қаржының 85 проц. 101 проц. дейінге мөлшерінде болды. Тек 1976-1985 жж. ғана республиканың құрылысшылары 4,2 млрд. Сом күрделі қаржыны игере алмады. Осының салдарынан халық 1,4 млн. шаршы метр тұрғын үйді, 121,5 мың мектеп орнын, 49,5 мың мектепке дейінгі мекемелер орнын, 67 мың кәсіптік-техникалық училищелер орның, 7 мың аурухана орнын ала алмады. Күрделі құрылыста «сақалды» құрылыстар берік орын алды, жоспарлы құрылыстардың орнына жоспардан тыс көптеген құрылыстар салынды, обьектілердің шашырандығы, қаржы мен жұмысшы күшін көптеген құрылыстарға шашыратып жіберу, жобалаушылар мен жабдықтар жіберушілердің арасында өзара байланыстың болмауы, толық бітпеген және ақауы бар объектілерді пайдалануға беру, қосып жазу және құрылыс материалдарын талан-таражға салу берік орын алды. Директивалық жоспарлау және монополист-ведомстволардың мүдделері салдарынан республиканың орны толмас ресурстары талан-таражға салынып, тасып әкетіліп жатты. Шығарылған шикізат пен қуаттардың пайдаланылу тиімділігі төмен болды. Бесжыдықтан бесжылдық өткен сайын индустрияға жұмсалатын күрделі қаржы өсе берді, өндірістік құрылыстың сипаты алып көлеммен белгіленді. Республиканың басшылығы мұндай алыпқа табынушылықты қолдап, КОКП-ның кезекті съездерінде елдегі немесе Еуропадағы ең ірі өнеркәсіп орнының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың, зауыттардың қатарға қосылғаны туралы есеп беріп отырды. Республиканың жағдайы халықтың тұрмыс дәрежесімен, оның КСР Одағындағы егемен құқықтарының толықтығымен және нақтылығымен, рухани мәдениетінің дамуымен емес, жұмсалған күрделі қаржының сомасымен, шығарылған руданың, көмірдің, мұнайдың және басқалардың тоннасымен бейнеленді. Шаруашылық жүргізудің жұмыс істеп тұрған механизмі ғылым мен техниканың жетістіктерін өндіріске енгізуге іс жүзінде кері әсерін тигізді. Кәсіпорындардың ұжымы жаңа техниканы игеруге ынталы емес еді, өйткені бұл кәсіпорын және жеке алғанда әрбір жұмыс істеушінің жұмыс нәтижесіне теріс әсерін тигізді. Сондықтан жаңа өнім мен бұйымды игеру мен шығару көп жылға созылды. Өндірістің бүкіл процесі емес, тек жеке учаскелері ғана автоматтандырылды және комплексті механикаландырылды. Осының салдарынан 80-жылдардың ортасында өнеркәсіптегі жұмысшылардың үштен бірі, құрылыста жартысынан астамы ауыр қол еңбегін атқарды. Өмір сүріп тұрған жүйе еңбекшілерді өз еңбегінің нәтижелілігіне экономикалық жолмен ынталандыруға қабілетсіздігін көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге ол адамдардың жаңашылдыққа, шығармашылық белсенділікке және жоғары өнімді еңбекке деген ынта-ықыласын мұқалтты. Өмір сүріп отырған шаруашылық жүйесі шын мәнінде ынталы әрі белсенді қызметкерді көкірегінен итерді, өндіріс жаңашылдарына өздерін толық көрсетуге мүмкіндік бермеді. Олардың кейбіреулерін жүйе дөрекі тұншықтырды, екінші біреулерін қолдаған болып, жылдар бойы шамшырақтардың қатарында жүргенмен олардың тәжірибесі таратылмады. Социалистік жарысты ұйымдастыру формальді сипат алды. Ресми мәлімет бойынша оған жұмысшылардың 90 проц. қатысқанымен, мұның өндірістің өсу қарқынына, еңбек өнімділігіне, өнімнің сапасын жақсартуға, өндірісті жетілдіруге ықпалы болған жоқ. Коммунитстік еңбек жолындағы қозғалыс та бастапқы кездегі талпыныстан кейін бос сөзге айналдырылды. Өндірістік белсенділік те өспеді, қайта төмендей берді. Өндірістің даму қарқынының төмендеуі, өнім сапасының нашарлауы, технологиялық және еңбек тәртібінің құлдырауы, ғылыми-техникалық прогресс саласында артта қалушылықтың өсе беруі, міне осының салдары еді. Өндірісте немқұрайдылық, салақтық, ынта-жігерсіздік, талан-таражылық, іске жанашымастықтың басқа да көріністері үйреншікті әдетке айналды.
39. Қазақстан 1960 ж. екінші жартысы шаруашылық реформалары мен 1980 жылдар – бірінші жартысы.XXғ. 60-80 жылдарындағы саяси өмір.Н.С.Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы сияқты пайдаланып, көптеген тың тәжірибелерді, оның ішінде келешегі жоқ тәжірибелерді сынақтан өткізіп байқап көрді. Гидропоникалық әдіспен өсімдік өсіру, жүгері егу т.б. осы сияқты тәжірибелер Қазақстан шаруашылықтарында байқаудан өтті. Оның айтуымен республиканың оңтүстіктегі аудандары көршілес республикаларға берілді, өлкелер құрылды. Көптеген қосалардың аттары өзгертілді: Ақмола – Целиноград атанды, Батыс Қазақстан облысы – Орал облысы болды. Хрущевтің жолсыздықтары мен жөнсіз қылықтарын ашық айтпаса да халық оған наразы болды. Сойтіп, елдің экономикасын жаңа сатыға көтеру, халық шаруашылығын басқару, өндірісті жоспарлау мен ынталандыру жүйесін тубегейлі жақсарту қажеттігі кесіп жетілін келе жатты. Экономикалық мәселелерді шешуде субъектівизмде, валюнтаризмді жою қажеттігі барған сайын айқындала түсті.Елде қалыптасқан жағдайы түзеу және жол берілген қателіктерді жою жөнінде кезек күттірмейтін шығұл шараларды 1964 жылы 14 қазанда болып өткен КОКП-ның пленумында қабылдады. Пленум Н.С.Хрущевті КОКП ОК-нің бірінші хатшысы және КСРО Министралер Советінің төрағасы міндеттерінен босатты. Оның орнына КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы етіп Л.И.Брежневті сайлады, ал Кеңес Өкіметінің басшысы етіп КСРО Жоғарғы Кенесі А.Н. Косыгинді тағайындады. Осының артынша партия, совет және басқа қоғам ұйымдарын 1962 жылы жүзеге асырылған өндірістік принцип бойынша бөлу ойластырылмаған іс деп бағаланып, олардың территориялық - өндірістік принцип бойынша құрылуын қалпына келтіру ісі қолға алынды. Сонымен бірге жоспарлау мен экономикалық ынталандыру әдістеріндегі қателер де түзетіле бастады. Осы жылдарда іске асырылған шаруашылық реформа дәйекті жүргізілмегеннің өзінде елдің экономикасын көтеруге елеулі ықпал жасады.Өнеркәсіптің дамуы.1965 жылы қыркүйекте КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Пленум өнеркәсіпті дамытуға арналды. Пленумда қойылған міндеттер: 1. Өнеркәсіпті салалық принцип (ұстаным) бойынша басқару. 2. Өнеркәсіп салалары бойынша одақтық республикалық министрліктер құру. 3. Кәсіпорындар дербестігін арттыру. 4. Шаруашылық есепті дамыту. 5.Жұмыскерлерді экономикалық ынталандыру мен материалдық мадақтаулары көбейту.КСРО жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1965 жылғы өнеркәсіпті басқару жүйесін өзгерту және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі кейбір басқару оргадары өзгеше құру туралы заң қабылдады. Көп ұзамай осындай қаулылар мен заңдарды Қазақстан Компартиясы ОК-нің XIV пленумы мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі де қабылдады. Қабылданған шешімдерге сәйкес 1965-1966 жылдары Қазақстанда халық шаруашылығы Қеңесі және экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одақтық – республикалық министрліктер құрылып, өнеркәсіптік, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза – қағаз және ағаш өңдеу, азық – түлік т.б. кәсіп орыңдары біріктірілді.60 жылдардын басында өнеркәсіпті сапалық жағынан өзгерту, ғылыми негізде құру үрдісі басталды. Қазақстанда өнеркәсіпке жаңа техниканы енгізу жоспары жасалды. Ең алдымен өндірісті электрлендіру мәселесі қолға алынды. Қарағандыда іске кіріскен екінші МАЭС пен Бұқтырма су – электір станциясы техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылығымен ерекшеленді – 45 мың шақырымнан асатын қуатты электр тасымалдау жүйесін орнатты. Қарағанды көмір кеніндегі механикаландырылған жүйе еңбек өнімділігін 6%-ға дейін көтерді. Өндірістің автоматтандырылған жүйесі 27 мың адамның еңбегін атқарды. 1985 жылы жаңа технологиялық процесті өндіріске енгізгені үшін Ащысай полиметалл комбинатына Лениндік сыйлық берілді. Екібастуз көмір кесіндісіне озық технология қолданылып, қуатты экскаваторлар пайдаланылды. Ғылыми – техникалық жетістігі нәтижесінде Шымкенттегі М.И.Калинин атындағы заводта жұміс технологиясы жақсартілді. 1965 жылы Өзен кен орнында жаңа технология негізінде алғашқы мұнай өндірілді.Ауыл шаруашылық жағдай.1965 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласына бөлінетін қаржының көлемі көбейді, 7,1 млрд. сом бұл салаға тек қана 8-бесжылдықта бөлінді. Республикада 1893 шаруашылық дәнді дақылдар өсіруге мамандандырылды, 1285 шаруашылық қой өсірумен айналысты. 1967 жылдан бастап ауыл шаруашылық кәсіпорындар шаруашылық есепке көшіріле бастады. Бұл кезде ауыл шаруашылық саласына басқа республикалардан жұмысшылар келе бастады. 1968 Қазақстанға армия қатарынан босатылғандар және басқа одақтас республикалардан 16 мыңға жуық комбайншы келді.
40.хх ғасырдыі 60-80 қазақстандаңы экологиялқ жағдайдың шиеленісуіХХ ғасырдың ортасында жаппай жетіжылдық білім беруге көшу басталды. Бұл мектептердің білім беру мүмкіндіктерін елеулі түрде арттырды. Бірақ әміршіл-әкімшілдік жүйе жағдайында ұлттық мектептердің дамуы мен қалыптасуы кешеуілдеп қалды, соның нәтижесінде ұлттық топтардағы жастардың ана тілін меңгеру қа-жеттілігін қанағаттандыра алмады.Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары бақылаусыз қалған көші-қон тасқыны тілдің және әлеуметтік-мәдени нысандардың жоғалып кету қаупінің пайда болуына ықпал жасады. Қазақ тілінің қолданылу аясы тарыла бастады: жеті жүзден артық қазақ мектебіндегі оқыту орыс тіліне көшірілді.ХХ ғасырдың 60-шы жылдары орыс тілінің рөлін нығайту мен кеңейтуге бағытталған коммунистік режімнің саясаты өз жалғасын тапты. Елдегі көпұлтты халықтан бірыңғай жалпыға бірдей социалистік идеологиясы және бір тілде оқыту идеясы бар «кеңес халқы» деген жаңа тарихи қауымдастық құру мақсатқа айналды. Ал бұл саясат өз жағынан ұлтаралық қатынастардың барлық кешенді мәселелеріне кері әсерін тигізіп, ұлт-аралық татулыққа қауіп төндірді.Статистикалық мәліметтер тың игерудің, көші-қон тасқынының және т.б одақтық орталықтың мақсатты саясатының нәтижесінде республика тұрғындары құрамының көпұлтты сипат ала бастағанын көрсетеді.Алғаш рет республика тарихында байырғы тұрғындар саны басқа ұлттармен салыстырғанда төмендеп, 30%-ды ғана құрады. Негізгі ұлт ретінде республиканы өз атымен атаған қазақтар өздерінің тарихи отанында ұлттық азшылыққа айналды. Оқу-ағарту саласында орыс тілінің объективті түрде басымдыққа ие болуының түп-тамыры осында болатын.Барлық факторлар түгел көрсетілген мұндай жағдайды Екібастұздың қала болып қалыптасу мысалынан аңғаруға да болады.Сондықтан қалада білім беру жүйесін қалыптастыру мен дамыту ең маңызды мәселеге айналды. Осы мақсатпен орта және арнаулы орта оқу орындары, басқа да білім мекемелері құрылды. 1949 жылы Екібастұзда ең алғашқы 440 оқушыға арналған жетіжылдық мектеп ашылды, ал 1951 жылы балалар музыка мектебінде сабақ басталды. Әуелгі кезде ол Павлодар музыка мектебінің филиалы еді. 1958 жылы филиал жеке оқу орны ретінде қайта құрылды. 1952 жылы Екібастұзда алғаш рет №1 жалпы білім беретін орта мектеп ашылды. Ол-қаладағы ең ескі оқу орындарының бірі. 1954 жылы Екібастұз қаласында №2 алғашқы қазақ мектебі ашылды. Мұнан басқа қалада кәсіби-техникалық және арнаулы орта білім беру жүйесі дамыды. 1956 жылы республиканың Жоғары және арнаулы орта оқу орны министрлігінің бұйрығымен Екібастұз қаласында кешкі оқу түріндегі тау кен-құрылыс техникумы студенттерді қабылдады (қазіргі политехникалық колледж). 1960 жылы техникум алғаш рет дипломды кен техниктерін даярлап шығарды.1976 жылы ашылған Екібастұз педагогикалық училищесі мұғалім мамандарын даярлады, сол жылы медицина училищесі ашылды (қазіргі медицина колледжі).Сонымен бірге қаланың оқу орындарының басым көпшілігінде оқу негізінен орыс тілінде жүргізілгенін атап өтуге болады. Республиканың білім беру жүйесінде орыс тілінің басымдығы жаппай құбылысқа айналды.Мұның барлығы Екібастұз қаласының білім беру жүйесіне де тән нәрсе еді. Біріншіден, Екібастұз қаласы халқының өсуі негізінен орыс тілді халықтардың көшіп келуімен сипатталады. Бұл өз тарапынан қазақ тілі мәртебесінің төмендеп, оның қолданылу аясының тарылуына алып келді. Республикадағы ұлттық мектептердің жаппай қысқаруына байланысты Екібастұз қаласының білім беру саласында тек жалғыз мектеп жұмыс істеді.Екіншіден, арнаулы орта және кәсіби оқу орындары техника мамандарын даярлаумен айналысты, яғни басымдық техника мамандарын дайындауға берілді. Бұл Екібастұз қаласының республикалық отын-энергетикалық кешеніне айналуына байланысты болатын. Сондықтан оқудың орыс тілінде жүргізілуі Екібастұз қаласының білім беру жүйесіне тән ерекшелікке айналды.Сөйтіп, кеңестік кезеңде (ХХ ғасырдың 50-60 жж.) Екібастұзда білім беру жүйесінің қалыптасуына қуатты негіз салынып, орыс тілді ортаның қалыптасу үдерісі жүріп жатты . Мұның прогрестік пайдалы жақтарымен бірге зиянды жақтары да болды. Жағымды да пайдалы жағы Екібастұзда мектеп, училище түріндегі оқу жүйесінің құрылуы болатын. Мұның бәрі тұрғындардың мәдени-рухани білім деңгейінің өсуіне мүмкіндік туғызды.Екінші жағынан, оқу бұл оқу орындарында негізінен орыс тілінде жүргізілді. Бұл білім беру жүйесі мен құрылымында білінген айырмашылықтарды жоюға және ұлтаралық қатынастарда шиеленіскен жағдайларды болдырмауға бағытталған болатын.Екібастұз қаласында білім беру жүйесінің құрылуы мен қалыптасуының ерекшеліктері осындай тұрғыда болды. Нақты тарихи деректерге сүйене отырып, қаланың білім беру жүйесінің кеңес дәуіріндегі жас қалалардың білім беру жүйесімен сәйкес келетінін аңғаруға болады. Шындығында қалада жалғыз қазақ мектебі бар еді, ал қалған мектептерде оқу орыс тілінде жүргізілетін. Соған лайық ұлттық-демографиялық жағдай мен тіл саясаты қалыптасты.
41.Семей ядролық полигоныЕліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен Невада—Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. (Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды.) Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған. Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ және өсімдіктер ластанған. Қазақстан Үкіметі Семей ядролық полигонымен шектесіп жатқан аудандар аймағындағы экологиялық жағдайды жеңілдету жөнінде бірқатар шұғыл шаралар қабылдады. АҚШ пен Жапония үкіметтері Семей ядролық полигоны аймағында экологиялық зерттеулерді жүргізуге елеулі қаржылық көмек көрсетуде.[1] КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама.Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсеріТұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді.Бір кездері ядролық полигон нақ Семей жерінде неге құрылды деген сұрақтың жауабын іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының адам ең аз қоныстанған, сонымен бірге негізгі коммуникация жерлерінен оншалықты қашық емес деген сөздер шыққан. 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Солжылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.Арал теңізінің экологиясы Арал теңізі – Қазақстаныың інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км², тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік көшті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері - антропогендік факторлар еді,Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар: 1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру. 2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту. 3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу. 4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. 5. Жер асты суларын пайдалану. 6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат кауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу.
42. Қазақстандағы қайта құру саясаты 1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қобылдады:1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау. 2. Демократияландыру мен жариялылық. 3. Төрешілдікке қарсы қүрес. 4. Халықтық реформа жүргізу. 5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру. Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.
43.Желтоқсан көтерілісіМәскеудің шешіміне наразылық білдіріп, 1986 жылы желтоқсанның ызғарлы күні Брежнев атындағы алаңға шыққан қазақ жастарыНәтижесіКСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды. Көтерілісшілер сотталып, қатал жазаландыТұтқындалғандар1000-нан аса адамЖелтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болыптабылады. Желтоқсан оқиғаларына арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументіКөтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.Көтеріліс хронологиясыСолдан оңға қарай: Түгелбай Тәшенов, Жамбылбек Тайджумаев, Қайрат Рысқұлбеков, Қайыргелді Күзембаев өздеріне шығарылған сот үкімін тыңдап тұр.Алматы қаласында орналасқан 1986 жылғы желтоқсан көтерілісін еске алу монументі.17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты.
44.Д.А.Қонаев- мемлекет және қоғам қайраткері.(1912-1993жж)
Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (1912—1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы. 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан. 1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары - Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.
Игі істері мен жетістіктері
Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутатыболып сайланды. КОКП-ның XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты.1956 жылдан бастап СОКП-ның Орталық Комитетінің мүшесі. Партияның XXIII-съезінде ол КОКП-ның Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал XXIV-съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткерібола білді. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды.Дінмұхамед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен-байыту комбинаттары, Жезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты.Д.А.Қонаев металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып, Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. Қазақ жерінің аумағында көмір мен мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды. Тараз және Шымкент қалаларында орналасқан комбинаттар сары фосфор өндіру бойынша әлемде бірінші орында болды.Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыныңакадемигі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектермен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді.Қазақ өнерін жоғары бағалаған Дінмұхамед Ахметұлы өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. Өнер ордалары салынып, мәдениет үйлері өз қызметін бастады. Қазақ жерінің барлық аймақтарында дерлік білім және мәдени ошақтар ашылып, тұрғын үйлер тұрғызылып, әлеуметтік нысандар салынды.Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен бала-бақша ғимараттарының құрылысы басталып, Оқушылар сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты. Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық Кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және темір жол вокзалдары, әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынып, қала көркін ашты.Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен, танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең түсініп, қолдай білді.Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғытамыздың 22-сінде, 82-жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.
45.Қазақстан Тәуелсіздік жолында. «Қазақ егемендігі туралы Декларация»
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.
1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.Қазақ КСР-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған декларация. "Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы" Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда республиканың тең қүқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынынан басқа, алғаш рет Қаз КСР-нің егеменділік құқығы жағдайы үшін принципті мемлекеттік-құқықтық ережелер: Одақтың шешуіне берген мәселелерді қоспағанда, Қаз КСР аумағында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы, Одақтық Жоғарғы органдардың Қаз КСР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілерінің өз аумағында күшін жою құқы, Қазақ КСР-нің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар - экономикалық және ғылыми-техникалық әлеует туралы, республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы бекітілген. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғарғы кеңеске берілді, Президент Республика басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот билігі Жоғарғы Сотқа берілді; мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауға таптық тұрғыдан қараудан бас тартты; республика аумағында ядролық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрылысы мен қызметіне тыйым салды. Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын жасау басталды.
46.1985-1991 жылдардағы экологиялық және қоғамдық-саяси бірлестіктердің құрылуы және олардың қызметі.
80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандауына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О.Сулейменов болды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы - О. Сулейменов пен қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды.1989 жылы «Әділет» коғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды.1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді. Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді.1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды.Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды.1991 жыл Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғалдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық – саяси қозғалыстар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада - Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды.1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан неғурлым көп саяси күш болды.Дегенмен, бүкіл елімізде компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42% - ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді.90-жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған қазақтар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында қазақтар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабылдады. Бұл, шындығында, қазақ халқының ұлттық мүддесімен сонаспағандықтың дәлелі. «Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды. Кез келген қоғамдық ұйымдардың абайсыз іс - әрекеттері үлкен қасіретке айналуы мүмкін екендігіне Оралдағы оқиғалар тағы да көз жеткізді.
47.КСРО-ның құлауы. ТМД құрылуы. Алматы декларациясы: мақсаты мен міндеттері.
КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі – экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің төмендігі еді. Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары КСРО АҚШ-пен әскери бәсекеге түсіп және капиталистік елдермен әскери-стратегиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қорғаныс ісіне аса көп қаржы шығарды. 1950-1990 жылдар арасындағы 40 жылда әскери шығын 20 триллион долларға жеткен. Мұндай зор шығындар экономиканы орасан зор зардаптарға ұшыратты. Қазақстан экономикасының артта қалуы және ондағы кемшіліктер туралы 1986 жылдан бастап ашық айтыла бастады. 12-бесжылдықта (1986-1990 жж.) республика экономикасын қайта құру мүмкіндіктері іздестірілді, жаңа идеяларды іске асырудың жолдары қарастырылды. Мұның өзі бесжылдықта ұлттық табыстың өсуінде, әлеуметтік ахуалды жақсартуда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде кейбір табыстарға қол жеткізді. Дегенмен қоғамдық өндіріс көлемі қойылып отырған талаптардың деңгейінен көп төмен жатты. Оның негізгі себебі басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесінің икемсіздігіне байланысты еді. Ең бастысы өндірістің тиімділігін арттыруда экономикалық тетіктер жете пайдаланылмады, оның толып жатқан көздері іске қосылмады. 1990 жылдың орта шенінде өнімнің өсу қарқынының бұрынғы жылдармен салыстырғанда мықтап құлдырағаны байқалды. Дағдарыс экономиканың барлық салаларын қамтыды. Ол саяси-әлеуметтік жағдайға теріс әсерін тигізе бастады. Көмір алқаптарындағы кеншілердің, металлургтердің тұрмыс дәрежесі мейлінше төмендеді. Осыған орай, олар өздерінің наразылығын ашық білдіре бастады. Кеншілер ұжымдарының еріктілігін, шығарылған көмірдің кейбір бөлігін өздерінің қалауынша сатып, қажетті тауарларға айырбастап алып отыруға мүмкіндік берілуін талап етті.
1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО қүру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады.1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты.1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды."Алматы декларациясы" - 1991ж. 21 желтоқсанда Алматыда бұрынғы он бір кеңестік республика басшылары кездесуінде 1991 ж. 8 желтоқсанда Минскіде Беларусь Республикасы,Ресей Федерациясы, Украина арасындағы Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімге қосылатын республика басшылары қол қойған хаттама.Оған Әзірбайжан,Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Белорусь, Молдова, Түркіменстан басшылары қол қойды.Өзара түсіністік, экономикалық байланыс, ортақ мүддеге негізделген шынайы ерікті түрде біріккен республикалар достастығы пайда болды. ТМД- нің дүниеге келуі бұрынғы империялық ұлы державалық шовинизмнен бас тарту, біртұтас экономикалық кеңістікті сақтап қалу жолындағы дұрыс шешім болды және күшейіп кеткен экономика¬лық дағдарыс пен адамдардың өмір сүру деңгейінің құлдырап кетуіне қарсы әрекет еді. 1991 ж. желтоқсандағы жағдайда Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттер басшыларының Алматыда жиналуына көп күш салған Қазақстан Республикасының бастамасының нәтижесі болды. Жас тәуелсіз мемлекеттердің бірігуі жоғарғы жақтың нұсқауы мен міндеттеуінсіз, өз еріктерімен жүзеге асырылды. Достастық мүшелерінің өзара қатынасы тең құқықтық, бір-бірінің аумақтық тұтастығын құрметтеу, шекараны бұзбау қағидаттары негізінде, ТМД мүшелері арасындағы келісіммен бекітілген тәртіппен қызмет ететін бірқатар үйлестіру құрылымдары арқылы жүзеге асырылады.
48.Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы. «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы»
1991 жылы желтоқсан айында Кеңес Социалистік Республикалар Одағы таратылды. КСРО-ның құрамына кірген республикалар өздерінің тәуелсіз, егемендік мемлекеттерін құрды. 1991 жылы 1 желтоқсанда Республикасының Жоғарғы Кеңес сессиясымен Қазақ Кеңес Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы атауына ауыстыру туралы шешім қабылданды. Сол сәттен бастап Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы өз тарихын аяқтады. Оның аумағында Қазақстан Республикасы деген жаңа мемлекет пайда болды. Қазақстан Республикасы құрылған кезінен бастап, жаңа мемлекеттің құрылуының заң негізінде кейбір құқықтық актілер шығарылды. Олардың ішіне Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы, 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы кіреді. Осы конституциялық актілер Қазақстанның тәуелсіздігін жариялады. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Республикасының мемлекеттік егемендігі және тәуелсіздігі туралы» Заңын қабылдады. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы таратылған кейін кеңестігінің барлық мемлекеттердің ішінен Республика ең соңғы мемлекеттік егемендігін жариялады.Мемлекеттік егемендігін жарияланған сәттен бастап, еліміз «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» ұлттық мерекесін тойлай бастады, осы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейін 21 жылға толады. Тәуелсіздігін алу негізі халықтың ерік, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, Қазақстан халқының тарихымен, оның өмірі және экономикалық пен саяси жүйесінің қайта құрылуы болып табылады.Сонымен бірге, 16 желтоқсан күні – 1986 жылы желтоқсан айында Алматы қаласының орталық алаңында болған желтоқсан оқиғаларының құрбандарын еске алу күні. Осы күні халық орталық алаңға 1986 жылы желтоқсан айында болған оқиғалардың құрбандарын естеріне алу үшін шығады. Республиканың барлық елді мекендерінде жаппай мерекені тойлау, концерт бағдарламалары өткізіледі және белгілі мәдениет, ғылыми, спорт қайраткерлерін салтанатты түрде марапаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы құрылған кезінен бастап Қазақстан экономика мен саяси қайта құрылуына байланысты экономикасында үлкен табыстарға жетті. Қазақстан өзінің аумағын бекітіп және оның бүтін, бөлінбейтінін жариялады. Халықтың қауіпсіздігі мен бейбітшілігін қамтамасыз ету үшін ядролық қарудан бас тарты.Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның жеткен табыстары елімізде тұрақтылық, бейбітшілік пен ұлтаралық татулықтың нәтижесі болып табылады. Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді.Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні.Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы Президент болып табылады.
49.Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымдары мен рәміздері.
Мемлекеттік құрылымы. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас (унитарлы) мемлекет. Мемлекет басшысы – Президент.Қазақстанда бір ғана мемлекеттік билік бар – оған Парламент арқылы жүзеге асатын заң шығару билігі; орталық органдардан (министрлік, ведомстволар мен агенттіктер) және жергілікті органдардан (әкімдіктер) тұратын Үкімет – атқарушы билік және мемлекеттік соттар (Жоғарғы сот және жергілікті соттар) арқылы жүзеге асатын сот билігі кіреді.Мемлекеттік биліктің бірден бір қайнар көзі – халық.Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі үшін экономиканы дамыту, патриотизм, мемлекет өміріндегі маңызды мәселелерді республикалық референдум немесе Парламентте дауыс беру арқылы барынша демократиялық әдістермен шешу Республика қызметінің негізін қалаушы қағидаттар боп табылады.Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жеке меншік мойындалады және тең дәрежеде қорғалады.Рәміздері. Н. Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңға қол қойды. Сол күні Президент резиденциясы мен Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің алдына Мемлекеттік ту тігіліп, елтаңба ілінді. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді. Сонынан мемлекеттік рәміздер туралы ереже 1996 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» арнайы конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен айқындалды. Тудың авторы — суретші Ш. Ниязбеков, елтаңбаның авторлары — Ж Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Байрағы – бұл тік төртбұрышты көгілдір түсті, ортасында 32 сәулесі бар шашыраған күн, оның үстінен қалықтаған дала қыраны бейнеленген мата. Байрақтың тұтқасымен тұстас ұлттық өрнекті тік жолақ бар. Күн, сәуле, қыран және өрнек алтын түспен бейнеленген.Қазакстан Республикасынын мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі - әнұран, мемлекеттік ту мен мемлекеттік елтаңбаның поэтикалық музыкалық баламасы. Әнұран салтанатты рәсімдерде, мемлекеттік органдарда өткізетін өзге де шараларға байланысты орындалады. Алғашқы мемлекеттік әнұранды жазу үшін шығармашылық байқау жарияланды. Оған Қазақстан ақын, композиторлары қатысты. Мемлекеттік рәміздер жөніндегі үкіметтік комиссияның шешімімен ақындар: М. Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева шығарған өлен сөзі бекітілді. Әуені — кеңестік кезеңде М. Төлебаев. Е. Брусиловский, Л. Хамиди жазған бұрынғы мемлекеттік әнұран болып белгіленді.2006 жылдың 6 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында жаңа әнұран қабылдау туралы айтылды. Заң жобасына талқылау барысында бірқатар депутаттар («Менін Қазақстаным») жаңа әнұранның авторлар құрамына Н.Ә.Назарбаевты ресми түрде қосу туралы ұсыныстарын білдірді. Парламент депутаттары жаңа әнұран мәтінінің авторлары Ж. Нәжімеденов пен Н.Ә.Назарбаевты бір ауыздан қолдады. Ал әні бұрынғы қалпында сақталды.2006 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстанның тарихына еліміздің жаңа әнұранының туған күні ретінде кірді. Алғаш рет жаңа әнұран ресми түрде 11 қаңтарда, Ақордада Президент Н.Ә. Назарбаевтың кезекті президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты ұлықтау рәсімінде орындалды.
50.ҚР-ның Конституциялары(1993ж. 1995ж)
1993 жылғы қантардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. Оның Құрамдас бөлімі еліміздің қоғамдық даму ерекшелігін бейнелейтін өтпелі кезең жадайларына арналған тарау.1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономиқалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескерілді. Конституцияның ерешеліктері:
1. Демократиялық Президенттік басқаруға жол ашылды.
2. Парламент екі палаталы болды: Сенат және Мәжіліс депутаттар саны 177-ден 114-ке қысқартылды.
3. Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді, ісіне қол сұғуға болмайды. Судьялар нақты істері бойынша есеп бермейді, тек Конституция мен Заңға бағынады.
4. Билік тармақтарына, мемлекеттік лауазым иелеріне Конституциялық құқықтарды бұзуға жол берілмейді.
5. Қазақстан мемлекеті ұлтына қарамастан барлық азаматтардың мүндесін қорғайды.
6. Республикада қос азаматтыққа жол берілмейді.
1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы құқықтық мемлекет құру жолындағы жаңа реформаларға жол ашты. Конституцияның 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп тұжырымдалды. Құқықтық мемлекетті одан әрі дамыту жолында Конституциялық заңдар да қабылдаңды.1995 жылғы Конституция Қазақстан Республикасын президенттік баскару нысанындағы біртұтас мемлекет ретінде орнықтырды. Еліміздегі саяси реформалау 1997 жылдан тұрақты даму мен барлық мемлекеттік институттар жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталды. Осы жылы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасы қабылданды. Елбасының 1998 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында елді демократияландыру және саяси реформалау бағдарламасы ұсынылды.1998 жылы 7 казанда № 284 «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңы қабылданды. 1998 жылғы Конституцияға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер мемлекеттік билік жүйесіндегі өкілетті органның орны мен рөлін, маңызын нығайтты. Конституция ережелеріне енгізілген түзетулер еліміздің заң шығарушы органы қызметінің тиімділігі мен депутаттардың кәсібилігін арттыруға бағытталды. Осыған сәйкес, Парламенттің Конституцияға өзгерістер енгізу өкілеттілігі кеңейтілді. Сот жүйесін демократияландыру мақсатында алқа билер соты енгізілді. Осы өзгерістерге сәйкес, ауыл, село және поселкелік өкімдерді сайлау қарастырылды.Конституциялық ережедегі өзгерістер мемлекеттік қызметшінің жасы алпыс жастан, ал ерекше жағдайларда алпыс бес жастан аспауға тиіс деген сөздер алынып тасталды. Президенттік лауазымға сайлау мерзімін 7 жылға дейін үзартты. 1999 жылдың 6 мамырыңдағы Конституцияға енгізілген толықтыруларға сәйкес саяси партияларға Парламент Мәжілісінен 10 депутаттық мандат берілді. Конституцияға өзгерістер енгізілуімен қатар кезектен тыс Президент сайлауы жарияланды.
51.Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы (1992 ж.):қазақ диаспорасының тарихы мен тағдыры.
1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді.Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Алмания, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты.Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Қалдарбек Найманбаев төрағаның бірінші орынбасары болып сайланды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшылығын құрылтайға қатысушылар мына құрамда толық қолдады:
Нұрсұлтан Назарбаев — Төралқа төрағасы.
Қалдарбек Найманбаев — Төрағаның бірінші орынбасары.
Дәлелхан Жаналтай (Түркия), Мырзатай Жолдасбеков, Алтынбек Сәрсенбаев — Төралқа мүшелері.
Құрылтай таңбасының авторы - суретші Бейсен СерікбайДүниежүзі қазақтарының қауымдастығы – халықаралық қоғамдық ұйым. 1992 жылы қыркүйекте өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында құрылды. Қауымдастық президиумының төрағасы — Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, төрағаның 1-орынбасары — жазушы Қалдарбек Найманбаев. Қауымдастықтың негізгі мақсаты — республикадан тысқары, шетелдерде жүрген қазақ диаспорасымен жан-жақты байланыс орнату, мәдени және білім беру мәселелері жөнінен жәрдемдесу. Сондай-ақ, қауымдастық тарихи отанына көшіп келген оралмандарға әлеуметтік қамқорлық жасап, қайырымдылық шараларын ұйымдастырады. Шетелдердегі қазақтардың мәдени орталықтарымен тығыз байланыс орнатып, бірлескен бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Қауымдастықтың Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында бөлімшелері бар. Ұйым қазақ диаспорасының жағдайын тиісті деңгейде зерттеп, Қазақстанның билік орындарына нақты ұсыныстар түсіреді. Сондай жұмыстар нәтижесінде 1996 жылы Қазақстанда “Шетелдік отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы” қабылданды. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы — Республикалық мәртебесі бар халықаралық үкіметтік емес ұйым. Ол 1992 жылы 29 қыркүйекте Алматы қаласында тұңғыш рет өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында құрылды. Құрылтайға әлемнің 33 елінен 800-ден астам делегат қатысты. Қауымдастық президиумының төрағасы — Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, төрағаның бірінші орынбасары — жазушы Қалдарбек Найманбаев болып бекітілді. Әділет министрлігінің алғаш рет 1992 жылғы 2 қарашада, одан соң 1997 жылғы 16 сәуірде қайта тіркеуінен өткен. Қауымдастықтың негізгі міндеті — шетелдерде тұратын қазақтармен мәдени-рухани, оқу-білім және іскерлік бизнес саласында байланыс жасау. Қауымдастық дүниеге келген уақыттан бері өз Жарғысында белгіленіп бекітілген міндеттер аясында жұмыс істейді. Ешқандай саяси мақсат көздемейді. Өзге мемлекеттердің ішкі ісіне араласпайды. Күнделікті жұмысында Қазақстан Республикасының шетелдермен мәдени-рухани, оқу-білім және экономикалық салада жасалған келісімшарттарды, басқа да халықаралық құжаттар мен актілерді басшылыққа алады. Сыртта жүрген қандастарымыздың күнделікті тыныс-тіршілігінің барлық салаларына қатысты ірілі-ұсақты мәселелердің бәрімен тұрақты шұғылданып келеді. Қазақ диаспорасы шеңберінің ұлғаюы нәтижесінде алыс-жақын шетелдердегі ағайынмен сан-салалы байланыстарды жетілдіру жолдарын өз қызметінің негізгі өзегі деп біледі. Сондай-ақ республикадан тысқары, шетелдерде жүрген қазақ диаспорасымен жан-жақты байланыс орнату, мәдени және білім беру мәселелері жөнінен жәрдемдесу де Қауымдастық қызметінің бір саласы болып есептеледі. Тарихи отанына көшіп келген оралмандарға әлеуметтік қамқорлық жасап, қайырымдылық шараларын ұйымдастырады. Шетелдердегі қазақтардың мәдени орталықтарымен тығыз байланыс орнатып, бірлескен бағдарламаларды жүзеге асырып келеді.Қауымдастықтың Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында бөлімшелері бар. Ұйым қазақ диаспорасының жағдайын тиісті деңгейде зерттеп, Қазақстанның билік орындарына нақты ұсыныстар түсіреді. Сондай жұмыстар нәтижесінде 1996 жылы Қазақстанда “Шетелдік отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы” қабылданды. Атқарылып жатқан шараларды негізінен мәдени-рухани және экономикалық салаларға топтастыруға болады. Ал оларды жүзеге асыру барысында қолданылатын жұмыс әдістері әр алуан, оған көкейтесті мәселелер бойынша ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар, халықаралық симпозиумдар, «дөңгелек стол» мәжілістері тақырыптық кештер, әдеби кештер, соңғы жылдары дәстүрге енген шетелдерде жыл сайын өткізіліп келе жатқан кіші құрылтайлар, өнер, қолөнер, кітап көрмелері, мерейтойлық басқосулар, өнер және спорт фестивальдері сияқты сан-салалы шараларды жатқызуға болады.Қауымдастық өз Жарғысы бойынша Қазақстан Республикасының және шетелдердің мемлекеттік мекемелерімен, қоғамдық ұйымдарымен, мәдени-ғылыми орталықтарымен байланыс жасауға құқылы.1992 жыл. 29 қыркүйекте Алматыдағы Абай атындағы академиялық опера және балет театрында Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайы жұмысын бастады. Құрылтайға Түркия, Германия, Франция, Швеция, Норвегия, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан (барлығы 33 елден), сондай-ақ Қазақстан облыстарынан 800-ден астам кісі қатысты. Құрылтайды ұйымдастырушылардың бірі Қ.Найманбаев болды.Құрылтайдың басты мақсаты Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның басшы органдарын сайлау болатын. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшылығы мына құрамда: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев – Төралқа төрағасы, Қ.Найманбаев – төрағаның бірінші орынбасары, Дәлелхан Жаналтай, Мырзатай Жолдасбеков,Алтынбек Сәрсенбаев – төралқа мүшелері болып сайланды.Кешкілік Республика сарайында құрылтайдың салтанатты мәжілісі өтті. Мәжілісте Елбасы Н. Назарбаев халқымыздың тарихы мен тағдыры туралы тебірене толғанған баяндама жасады.
52.Қазақстанның саяси жүйесінде жаңа құрылымның қалыптасуы. Президенттік билік-тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа құрылым.
Қазақстан мемлекеті нысаны мен табиғатын анықтауда ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында еліміздің саяси басшылығы мен интеллектуалдық күштері алдында аса күрделі міндеттер тұрды.Сол тарихи да тағдырлы уақытта дербес мемлекетті құру ісіндегі төтенше жауапкершілікті өзіне алған Н. Назарбаев былай деп толғанады: «Қазіргі сарапшылар белгілі бір саяси режим жайында баға бергенде, оның мойнындағы міндеттерді ескермей, баға беруге тырысады. Ол мемлекетті қалыптастыру, бір экономикалық жүйеден екінші бір экономикалық жүйеге көшу, демократиялану процесін дамыту, әлеуметтік және ұлтаралық орнықтылықты сақтау және нығайту, сыртқы саяси бағыттар желісін тарту… Ұлттық жаңару, мемле­кеттікті қалпына келтіру әрдайым оп-оңай жүзеге аса бермейді» Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу кезеңі бұрынғы КСРО аумағында саяси, әлеуметтік экономикалық мүдделер мен қатынастардың ерекше шиеленісуі үдерісімен қабаттаса жүрді. Әлеумет­тік топтардың мүдделері мен қажеттерін бұрынғы саяси режим қанағаттандыра алмады. Оның ішіндегі ең өткір, шетін тұрғандары – азаматтардың саяси, экономикалық және әлеуметтік құқықтарын кеңейту, сөз бостандығы, ұлттар мен этностардың тіл, мәдениет саласындағы сұраныстарын мүмкін­дігін­ше қанағаттандыру, азаматтардың қауіпсіз­дігін нығайтып, азаматтық татулық пен қоғамдық тәр­тіпті нығайту еді. Қазақстанның болашақ мемле­кеттік дамуы туралы берік, сындарлы тұжырымдама әлі қалыптаспаған еді.Ол кездегі еліміз алдында тұрған ең күрделі проблема мемлекетті қалыптастыру еді. Мемлекет – саяси жүйенің аумақтық, заңды, жария, егемен, легитимді, құқықты, жоғары деңгейде инсти­тут­танған, жалпыға бірдей әмбебап ұйымы. Ол қоғамның саяси жүйесінің бір бөлігі бола отырып, мақсатты, жария, ашық, заңды, ел мен халықтың еге­мендігінің бірден бір көзі, субектісі және егесі ретін­де қызмет істейді. Мемлекет саяси жүйенің бір бөлігі, ал ол сонымен бірге, оның барлық кіші жүйе­­лері мен салаларын қамтитын, біріктіретін, заңдар аясында олардың бүкіл қызмет-тіршілігін реттейтін, олар үшін біртұтас, ажырамас және бөлінбес ұйым болып табылады. Ғылыми әдебиетте мемлекеттің не­гізгі аса маңызды, сөзсіз, қоғамдық қатынастар табиғаты мен мүдделеріне жауап беретін және тиімді мемлекет құру мүддесіне сәйкес келетін белгілеріне отандық және шетелдік зерттеушілер дәлел­деуі бойынша мыналар жатады: аумағының; азаматтығы бойынша біріккен халқының; белгілі ішкі және сыртқы функциялары анықталған, бұларда саралап, ауқымы мен міндеттерін анықтаған, қоғамдық қатынастардың барлық саласын реттеуге қабі­летті, қажетті адами, материалдық және қаржылық ресурстарға ие тармақталған басқару аппаратының болуы; халықаралық қауымдастық мойындаған шекарасы; елдің егемендігін, тұтастығын, қорғанысын, азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұлттық армиясының, құқық қорғау органдарының (сот, прокуратура, милиция, арнайы қауіп­сіздік қызметтері және т.б.) болуы. Қазақстанда жиырма жылда осы аталған белгілер мен қасиеттерге сай келетін егемен, әлеуетті, әлем мойындаған және санасатын мемлекет қалыптасты. Ал елде қалыптасқан мемлекеттік құрылыстың табиғаты, демократияның деңгейі оны саяси жүйесі қызме­тінен көрінеді. Саяси жүйе сөздің кең мағынасында – белгілі бір қоғамдағы билік қатынастарының іс жүзінде анықталынып, қабылданып, орындалуының тұрақты формасы. Ол – елдегі бүкіл саяси өмір, саяси қатынастардың және саяси институттардың жиынтығы. Бұл жерде транзиттік, өтпелі қоғамдардағы аса күрделі міндеттерді шешуге, күрделі қоғамдық қатынастарды реттеуге қызмет ететін жаңа саяси жүйені қалыптастыру күр­делі мәселе екенін еске ұстаған жөн. ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында жаһандану, ақпараттық қоғам, халықаралық байланыстардың күшеюі жағдайында саяси жүйе мен оның институттарының функциялары барған сайын күрделеніп, тармақталып, олар қамтитын құбылыстар мен қатынастардың ауқымы кеңейіп, олардың өзара сабақтастығы, өзара байланыстары күрделенген уақыт болатын. Осы жаңа әлемге, оның күрделі саяси-экономикалық, идеологиялық қатынастарының дербес субъектісі ретін­де ұмтылып отырған Қазақстан, алдымен, өзін-өзі мемлекет ретінде анықтап, мемлекеттік-конституциялық құрылысын түбегейлі бекемдеу міндеті тұр­ғаны айдай ақиқат еді. Бүгінде, жиырма жылдық дербес дамудың биігінен еліміз бұл жауапкершіліктен абыроймен шықты деуге негіз бар. Әлемдегі, әсіресе, демокра­тиялық елдердегі саяси жүйелерді зерттеген, теориялық ой-толғамдарын әлем саясаттанушылары мойындаған Толкотт Парсонс, Дэвид Истон, Габриель Алмонд, Карл Дойч, Дж. Бингем Пауэлл және тағы басқа батыстық оқымыстылардың саяси жүйе және олардың негізгі институттары функциялары туралы іліміне сүйенсек, Қазақстанның саяси жүйесі институттарының конституциялық өріс аясындағы қызметінің де өте күрделі, сан тарапты екендігіне толық көз жеткізуге болады. Аталмыш оқымыстылардың, сондай-ақ, ел ғалымдарының мемлекет құрылысы, саяси жүйе табиғаты мен қызметіне қатысты ғылыми зерттеу­леріне сүйене отырып, қазіргі кезеңде еліміздің саяси жүйесінің қызметіне тән мынадай негізгі функцияларды атап көрсетуге болады:
– Конституцияға және басқа да заңнамаға сәйкес қоғамды қазіргі заманның табиғаты мен талаптарына сәйкес ғылыми басқару;
– қоғамның алдындағы мақсат пен міндеттерді анықтау және соған сәйкес бүкіл қоғамды және оның ресурстарын жұмылдыру;
– қоғам мүшелерін әлеуметтендіру;
– артикуляция –яғни, қоғамдағы әртүрлі таптардың, топтардың мүдделерін анықтау, бейнелеу және оларды саяси жүйе институттары қызметінде еске алуына жетісу және тағы басқалары.
53.Қр Президентінің Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына тұңғыш жолдауы «Қазақстан-2030»: бағыттары мен мақсаттары (1997 ж.)
Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:
Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықаралық қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.
Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этникалық топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.
Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергетикалық және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.
Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экологиялық ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.
Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықаралық технологияларды, коммерциялық құпия және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергетикалық инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.
Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникациялық кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.
Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемлекеттік қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемлекеттік қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.
Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратегиялық ресми құжат болып табылады.Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды.
54.Қазақстанда нарықтық қатынастарға көшу кезіндегі әлеуметтік-экономикалық қиындықтар және одан өту жолдары.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең - 1991-1992 жылдар, екінші кезең - 1993-1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақұлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең - 1996-1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тән инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды. Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы саяси, әлеуметтік,экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болу керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік” тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған “есеңгіретіп емдеу” деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жеке меншікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай тұрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмаған-ды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапкерсіздік қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, экономиканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, оның ой-қырын, бүге-шігесін, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дұрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді. Сондықтан мемлекет дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыра бастады. Оның ең бастысы – бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген ұранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, әр кәсіпорын ең жоғарғы таза пайда алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен төмен түсіп кетті.Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған іс – жекешелендіру. Мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты көшу мүмкін емес еді. Бұл қадам нарық субъектілерін құру тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі психологиясын қалыптастыру тұрғысынан да маңызды. Сондықтан да республикада ауқымды жекешелендіру жүргізілді. Бүгінде оны өткізудің 4 кезеңін даралап айтуға болады. Алғашқы үшеуі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ерекшелігімен байланысты болса, төртінші кезең мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіруге екпін түсуімен сипатталады.
55.Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы және одан өту жолдары.
Қазіргі кезде инновациялық типті экономикаға дүние жүзінің көптеген елдері қолдануда. Көптеген аса дамыған елдер инновацияны дамытуды ертеректе бастап кеткен. Соның біріне бүгінде экономикасы қарыштап дамып, әлемдік экономикада көш бастап келетін АҚШ-ты атап өтуге болады.Қазақстанның да басымды мақсаттарының ең негізгісі – инновациялық жағдайды дамыту арқылы әлемдік экономикалық жүйеге Қазақстанның интеграциялануының нәтижелі жүйесін құру. Негізінен индустриалы-инновациялық бағыт дағдарыстан кейінгі Қазақстанның дамуы моделінің негізі болып табылады.Елбасымыз халыққа Жолдауында «Қазақстан – 2050» даму Стратегиясын ұсынды. «Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм». Ел экономикасының қарқынды өсуінің қажетті шарты ғылыми-техникалық, өндірістік, қаржылық және институционалдық саланың өзара байланысты қалыптасуына ықпал ететін инновациялық жолға өту болып табылады. Мұнымен бірге басты міндет ғылымның дамуын, жаңалықтардың қозғалысы, озық өндірістік технологияларды әзірлеу және енгізуге ынталандыруға шақыратын индустриалды-инновациялық саясатты қалыптастыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа кезең – жаңа экономика» атты мақаласында «Жаңа экономика кең тұрғыда — бұл жоғары технологиялар, ғылымды көп қажет ететін, барлық салалар мен сегменттерде инновациялармен каныққан экономика. Шикізаттық және индустриялық экономикадан интеллектуалдық ресурстарға, ғылымды көп қажет ететін және ақпараттық технологияларға негізделген осынау сапалық басқа құбылысқа көшу әлемдік шаруашылықтың барынша маңызды үрдістерінің біріне айналды», – деген сөздері еліміздің бүгінгі күнінің даму бағытын сипаттайды. Сол себепті Қазақстан бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, негізгі мақсаты шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылатын индустриялық-инновациялық стратегияны іске асыра бастады.Әлемде инновациялық қызметті қолдау тәжірибесінің қаншалықты көп болғанымен де Қазақстан экономикасы үшін ең қолайлысын,тиімдісін елдің экономикалық, ғылыми-техникалық, табиғат-климаттық ерекшеліктеріне қарай таңдаған жөн деп есептейміз. Бұл шетелдік тәжірибені бірден көшіре салу емес, керісінше олардың инновациялық ынталандыру шараларын зерттеп, соған қарай инновациялық процестерді жүзеге асыру жүйесінің қазақстандық моделін қалыптастыруымыз қажет.
Мемлекеттің негізгі инновациялық саясаты келесі шараларды қамтуы тиіс:
-инновациялық шаралардың экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін қалау;
-өндіріс тиімділігі мен ішкі нарықтағы тауар өндірушілердің өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін технологиялық жаңалықтар енгізу негізінде арттыру;
-кәсіпкерлердің инновациялық белсенділігін көтеру және инновациялық іс-әрекеттерді асыруға бөлінген мемлекеттік қаржыларды тиімді қолдану;
-отандық инновациялық өнімді халық аралық нарықта өткізуде қолдау және Республикадағы өнімнің осы түрі бойынша экспорттық әлеуетті арттыру.
Жаңа инновациялық саясат іске асқаннан кейін келесі нәтижелерді күтуге болады:
-өндірістік жүйедегі ресурстарды қолданудың тиімділігін арттыра отырып, бәсекелік артықшылықтың ерекше түрімен ұлттық экономиканы жетілдіруде құрылымдық өзгерістер енгізу;
-халықтың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейінің жақсаруы.
Инновациялық факторларды өндіріске енгізу арқылы жалпы ішкі өнім көлемін тез қарқынмен дамыту мүмкіндігі пайда болады және бұл факторлар ел экономикасының дамуын экстенсивті бағыттан, интенсивті бағытқа бет бұруға жағдай жасайды.Мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде 2015 жылға қарай елдің ІЖӨ 50 пайызына қол жеткізу міндетіне қол жеткізу көзделген. Ол үшін басты үш бағытты атап өткен жөн. Ең алдымен – индустриалдандыру. Ол жаңа өндірістік қуаттылықтарды, өнеркәсіп пен агроөнеркәсіпте қосылған құны жоғары өнімдерді жасауға бағытталған. Екіншісі – үдемелі индустриалдандыру. Бұл дағдарыстан кейінгі даму және Кеден одағына мүшелікпен байланысты жаңа перспективалар жағдайында өзіміздің бәсекелік артықшылықтарымызды барынша тиімді пайдалану. Үшінші міндет – инновациялық индустриалдандыру деп аталады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының 12-съезінде ел экономикасының алдағы бесжылдықтағы жедел индустриалды даму кезінде негізге алынатын жеті басым бағытын айқындап берген болатын:
1. Агроөнеркәсіп кешені;
2. Құрылыс саласы;
3. Мұнай өңдеу;
4. Металлургия;
5. Химия өнеркәсібі және фармацевтика;
6. Энергетика;
7. Көлік және телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту
Инновациялық саясаттың іске асуының белсенділігі негізі қаржы мәселесіне, оларға деген экономикалық қажеттілікті анықтайтын нарықтық сұранымға, бәсекелік ортаның дамуына, ғылыми-техникалық әлеуеттің дамуы, тұрғындардың менталитеті, олардың білімі мен мәдени деңгейі және сыртқы экономикалық байланыстарға тәуелді. Бұлардың әрқайсысы инновациялық процесстерге тікелей немесе жанама түрде әсер етіп отырады.Қазақстанның «EXPO-2017» дүниежүзілік көрмесін өткізу құқығына ие болуы Қазақстанды әлем елдеріне танытудың жаңа кезеңі ғана емес, инновациялық дамудағы қуатты серпінге негіз болады.«ЭКСПО көрмесі – жаһандық ауқымдағы оқиға. Ол маңыздылығы жағынан ірі экономикалық форумдармен, туристік тартымдылығы бойынша әлемдегі ең танымал спорттық ойындармен салыстыруға болады. Көрме біздің елімізге ірі инвестиция тартуға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ ЭКСПО көрмесін өткізу арқылы Қазақстан «жасыл экономиканы» дамытуға тікелей септігін тигізетін жаңа технология мен инновация алады» - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінде Республикада индустриалды-инновациялық стратегия негізінде, өңірлердің ішінде бәсекелестік қабілеті жоғары және экспортқа бейімделген секторларды анықтау арқылы, жалпы өңірлердің дамуына институционалды қолдау көрсету бүгін мемлекеттің негізгі мақсаты болып отыр.Жалпы айтқанда, ел экономикасын өрге сүйрейтін елімізде әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың басты бағытының бірі - индустриялдық-инновациялық даму халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға оң ықпалын тигізетіндігі ақиқат.
56.Қазақстанда жүргізілген әлеуметтік реформалар: халықты еңбекпен қамту, зейнетақыны мен жәрдемақыны арттыру, кедейшілікті еңсеру және т.б.
Жалпы алғанда, бұл кезеңді Қазақстандағы экономикалық реформалардың негізгі бөлігінің аяқталу кезеңі деп қарастыруға болады. Эконимкалық қайта құрулардың және дамудың бұл кезеңінің негізгі нәтижесі ретінде мына жайларды айтуға болады:
1. Бұрынғы шаруашылық жүйе ыдырауының және әлеуметтік – эконмикалық формацияның радикалды трансформациясының жағымсыз салдарын негізінен жеңуі. 90-жылдардың басында Қазақстан респуликасы тап болған өткір проблемалардың басым көпшілігі, үлкен немесе аз көлемде болса да шешімін тапты; рноктық типтегі экономика қалыптасты; ол өз кезеңінде елдегі қаржы – экономикалық ақуалды тұрақтандыруға қол жеткізу негізінде әрі қарай өсу үшін алғы шарттар жасады.Осының негізінде 2000-2003жж ІЖӨ нің тұтас өсуі — 42,3 пайызды құрады, бұл жағдай Қазақстанға экономиканың даму қарқыны жағынан әлемдік лидерлердің бірі болуына мүмкіндік берді.
2. Қазіргі заманғы рыноктық шаруашылық стандарттарына бара- бар нормативтік – құқықтық базаның қалыптасуының аяқталуы. Құнды қағаздар рыногы, қаржы жүйесі, еңбек рыногы, салық салу, бухгалтерлік есеп, акционерлік қатынас және экономиканың басқа да көптеген салаларында дамытылған заңдар қабылданды және жұмыс істеуде.
3. Мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру және экономиканың қуатты жекеменшік бизнеспен араласқан типін құру сияқты процесстердің негізгі бөлігінің аяқталынуы. Жүзеге асырылған институтционалды қайта құрулардың негізінде рыноктық және өндірістік инфраструктура компанияларының кең көлемдегі ортасы қалыптасты, ұсақ және орта бизнес белсенді түрде дамыды. Қызмет көрсету саласының тез өсуімен ел эконмикасы құрылымындағы диспронорция реттелді.
4. Мемлекеттің қаржы саласындағы барлық негізгі бағыттарда орнықты тұрақтылыққа қол жеткізілді; мемлекеттік қаржылар облысында, ұлттық валюта бағамында, банктік жүйенің орнықтылығы мен ливидтылығында, ҚҰБ алтын валюталық резервтерінде, инфляция динамикасында, ақша рыногында және мемлекеттік бағалы қағаздар рыногындағы пайыздық мөлшерлерінде. Қаржы тұрақтануы тұрғындардың бос қаржыларының маңызды көлемін айналымға түсіруге және экономиканың нақты секторын банкілердің көлемді түрде кредиттеуінің өсіруіне мүмкіндік берді. 1998 жылдан 2002 жылға дейін тұрғындардың банктердегі салымдары 10 сеге өсті.
5. Эконмикада инвестициялық — өндірістік процестердің белсенді әрекет етуі. 90 жылдардың соңына қарай ЖІӨ динамикасы көлемінде, өнеркәсіп өндірісінде, инвесттициялық қызметте, және бірқатар басқа да маңызды көрсеткіштерде үлкен көлемдегі прогресс байқалады. Экономиканың барлық салаларында — өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, транспорт және байланыста, саудада және т.б даму процессінің жүзеге асырылуы республиканың комплексті және жүйелі даму сипатын дәлелдейді.
6. Нақты құрылымдық қайта құруларға жүйелі түрде бейімделуі. Рыноктық институттар және шаруашылық механизмдерін қалыптасыру облысында бірқатар нақты қадамдардың жасалынуы нәтижесінде Қазақстан экономиканы реформалау қарқыны бойынша ТМД елдерінің басым көпшіліген басып озып кетті. Атап айтқанда Қазақстан ТМД елдері арасында мынадай іс – шараларды алғашқы болып енгізді: зейнетақы реформасы, банк салымдарын кепілдеу жүйесі, ҚҰБ линиясы бойынша Дүниежүзілік банктегі қарызды мерзімінен бұрын жабу, Ұлттық қорды қалыптасыру, ұлттық валятаның девальвациялануының салдарынан орын алған банктердің салушлар мен зейнетақы қорларының бағамдық шығындарының орын толтыратын мемлекеттік компенсация, авто иелерінің міндетті сақтандыру жауапкершілігі т.б. Қазақстан ТМД елдері ішінде инвестиция тарту көлемі жағынан сөзсіз лидерлік жағдайға көтерілді. Мемлекет және шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржыны басқаруда бүгінгі заманғы оптимизация әдістерін белсенді түрде қолдануда:шетелдік рыноктарға құнды қағаздарды шығару, қайта сақтандыру т.б іс – шаралар.
Тәуелсіз Қазақстанның 10 жыл ішінде жүргізген экономикалық реформасынан қортындылайтын болсақ, жалпы нәтижелері республика алдында тұрған күрделі міндеттердің табысты атқара алғандығын дәлелдейді. Жүргізілген көлемді қайта құрулардың нәтижесінде негізінен шаруашылық жүйе реформаланды, либералды ашық рыноктық экономика принциптеріне негізделген экономикалық қатынастар жүйесі қалыптасты, рынок стандарттарына және ұлттық экономикалық орта ерекшеліктеріне сәйкес комплексті басқару жүйесі құрылды және әрі қарау даму үстінде.
57.Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғыртудың мақсаттары мен міндеттері.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы Оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүйесі әлемдік тәжірибені ескере отырып дамиды. Ұлттық тестілеу бастауыш, негізгі және бейіндік мектептерді бітіргеннен кейін: бастауыш мектепте – ішінара, оқушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізу мақсатында; негізгі мектепте (10 сыныптан кейін) – оқытудың одан әрі жолын анықтау мақсатында;бейіндік мектепте – алған білімбілігінің деңгейін бағалау мақсатында өткізіледі. 2015 жылға қарай жазба тапсырмаларын қоса алғанда, білім алушылар құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтауға бағытталған тестілеу тапсырмаларының базасы құрылатын болады. Сыртқы емтихандар жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, компьютерлік тестілеу әдісімен өткізіледі. Жоғары білім алуға үміткерлер тәуелсіз ұлттық тестілеу нысанында қосымша бейінді емтихандар тапсыратын болады. Білім берудің инновациялық, көптілді моделін жасау мақсатында білім беруді үш тілде ұсынатын мектептердің саны 33тен 700ге дейін көбейеді. Оның ішінде, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мектептер желісінің саны 6дан 20ға дейін көбейтіледі. Бұл мектептер білім берудің көптілді моделін, білім берудегі инновацияларды сынақтан өткізу үшін базалық алаңдар болады. Қазақстан оқушыларының білім беру сапасының халықаралық зерттеулеріне қатысуы қамтамасыз етіледі: PISA (15 – 16 жастағы оқушылардың математика сауаттылығы мен оқу және жаратылыстану бойынша сауаттылығын бағалау), TIMSS (4 және 8сынып оқушыларының математика және жаратылыстану бойынша білімінің сапасын бағалау), PIRLS (оқу деңгейі мен сапасын салыстыру, әлем елдеріндегі бастауыш мектеп оқушыларының мәтінді түсінуі), TIMSS ADVANSED (11сынып оқушыларының математика және жаратылыстану (физика) пәндерін тереңдетіп оқытатын сыныптарда сол пәндер бойынша сауаттылығын бағалау), ICILS (8сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын бағалау). Оқытудың 12 жылдық моделінің талаптарына сәйкес материалдықтехникалық база жаңартылады. Мектептердің спорт залдарын қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандыру мәселесі шешіледі. Жергілікті бюджет қаражаттары есебінен мектептерге сервистік қызмет көрсете отырып, оларды физика, химия, жаңа түрлендірілген биология кабинеттерімен, лингафондық және мультимедиалық кабинеттермен жарақтандыру жалғастырылатын болады, олардың үлесі 35,6 %дан 80 %ға дейін ұлғаяды. 2011 жылы бейіндік мектептерге қойылатын техникалық талаптар мен оларды жарақтандыруға қойылатын талаптар әзірленеді. Бұдан басқа, мектептердің үш ауысымдығы мен апаттылығын жою мақсат
58.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы «Жеделдетілген экономикалық жаңару-үдемелі инновациялық индустрияландыру» бағдарламасы. «Қазақстан-2020» стратегиялық жоспарының басымдықтары.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауының 4-бөлімі «Адам – елдің басты байлығы» деп аталған. Бұл «Қазақстан 2020 жыл» стратегиясының орындалуы үшін халық тарапынан мейлінше көп қолдаудың қажет болатынын көрсететін болса керек. «Бүгінде біздің ынтымақтастығымыз ортақ табысымыздың міндетті шарты бола түсуде. Осы онжылдықта алдымызда бірлесіп атқаратын ауқымды істер тұр», — делінген президент Жолдауында. Сол аталған ауқымды істерді атқару үшін адамдық ресурстардың мүмкіндіктерін де арттыру қажет болмақ. Мемлекетімізде осыдан бірер жыл бұрын Қазақстан халқының санын 20 миллион адамға жеткізу мақсаты қойылған. Бұл – басқасын былай қойғанда, еліміз экономикасының өскелең қажетінен де туындайтын талап. Оның орындалуына тарихи отанына оралмандарды көптеп тарту шарасы да өз үлесін қосуға тиісті.Өйткені сырттағы қазақтар мың өлiп, мың тiрiлген халқымыздың үштен бiрiн құрайды. Және олардың ешбiреуi де атамекеннен жат жерге жақсылықтан кеткен жоқ.Өткен замандарда қазақтың жан-жаққа тарыдай шашылуының себеп-салдары мен мағына-мәнiсiн тереңiнен қамтитын шынайы тарих әлi жазыла жатар. Ал олардың сонша уақыттан кейiн отанына оралуы тарихы тап қазiр болып жатыр. Осы процестiң басталғанына 19 жыл толып, енді 20-ға қарай бағыт алуы ендi оған қатысты барлық жәйттердi тiзiп жазып, саралап зерттеудiң кезi келгенiн мегзейтiн сияқты. Қалай дегенде де, кез-келген тарих ең алдымен уақытында тiркелген фактiлерге негiзделе жазылады. Сондықтан бiз де қазiр осы оралмандар көшiне қатысты мәлiметтердi жалпы да, сала-салаға бөле де жүйелеп тiзбектеудi бастап кетсек, артық бола қоймас деп ойлаймын. Оған бүгiнгi таңда толық негiз бар. Өйткенi аталмыш процестiң басталғанына өткен көктемде 19 жыл толыпты.Алғашқы оралмандар көшi 1991 жылғы наурыздың 17-сі күнi Монғолиядан берi қарай жолға шығып, 22 күнi Талдықорған облысына келiп жетiп, ту тiктi. Қазiр ендi бұл факт тарихқа айналды. Ал оралмандар мен олардың сол он тоғыз жыл iшiнде қордаланып жиналған проблемалары — бүгiнгi күн шындығы. Үстiмiздегi жылы да оралмандар санының бiрталай көбейетiнiн болжауға болар. Өйткенi, мемлекетiмiз бұл үшiн қолынан келетiнiн аяп жатқан жоқ.Қазақстан сыртындағы қазақтар ең көп шоғырланған елдер алдымен мыналар: Қытай, Ресей, Өзбекстан және Моңғолстан. 80-iншi жылдардың басындағы Кеңес Одағында қабылданған ресми мәлiметтер бойынша әлемде барлығы 7,5 млн. қазақ бар деп есептелетiн. Оның 5,3 млн. адамы Қазақстанның өзiнде, 1,3 млн. адамы КСРО-ның басқа республикаларында және тағы 900 мың адамы алыс шетелде (негiзiнен Қытайда) тұрады деп саналатын.1989 Кеңес Одағында ақырғы рет санақ жүргiзiлгенде, тек Ресей мен Өзбекстандағы қандастарымыздың саны жоғарыда аталған 1,3 млн. адамнан әлдеқайда көп болып шыққан. Сонда Ресейде 635 мың 865 қазақ (оның 400 мың 456-сы — ауыл-село тұрғыны, қалған 235 мың 409-ы — қала тұрғыны) болған. Ал Өзбекстанда олардың саны 808 мың 227 адамды (487 мың 867-сi — ауыл-село тұрғыны, қалған 320 мың 360-ы — қала тұрғыны) құраған. Сонда тек осы екi республикаданың өзiндегi бауырластарымыздың саны 1,45 млн. адамға жеткен.Қазiр Ресей мен Өзбекстан потенциалды түрде Қазақстанға ең көп оралман бере алатын елдер ретiнде қарастырылып отыр. Бiрақ iс жүзiнде олардың осы жағынан алғандағы мүмкiндiгi екi түрлi. Егер осы уақытқа дейiн оралман көшiнiң едәуiр бөлігін Моңғолстаннан келгендер құраса, ендiгi жерде Өзбекстан жақтан келетiндердiң сан жағынан алға шығатын түрi бар. Ондағы қазақтардың саны ресми санақтың өзiне жүгiнгенде де 1 млн. адамнан асты. Өзбекстандағы әлеуметтiк-экономикалық жағдайдың кейiнгi жылдары күрт нашарлауы, Арал экологиялық дертiнiң шегiне жеткенше меңдеуi және өзбектендіру процесiнiң күшейе түсуi осы қауым елдiң басым көпшiлiгiн ат басын атажұртқа бұруға итермелеп отыр. Бiрақ Өзбекстан қазақтарының ол жақтан көшiп, осы жаққа келiп жайғасып, Қазақстан азаматтығын алуға деген талпынысын қиындататын себептер жеткiлiктi.Бiрiншiден, ол жақтағы үй құны мен бұл жақтағы үй құны арасында бiраз айырмашылық бар. Жетпейтiн ақша мөлшерiн жинақталатын жалақы-табыс есебiнен толтыру өте қиын. Өйткенi Өзбекстандағы жалақы деңгейi Қазақстанмен салыстырғанда өте төмен.Екiншiден, атажұрт азаматтығын алардан бұрын, өзбек азаматтығынан шығу қажет. Ал бұл үшiн адам басына біраз пұл төлеу керек.Дегенмен, алдағы жуық жылдарда Өзбекстаннан берi бет алатын қазақтар көшiнiң ұлғая беретінін болжауға болады. Жылдан жылға көбейiп келе жатқан халқына жұмыс тауып беру мәселесiнен басы қатқан ресми Ташкент саясатының бұған қарсылығы бола қоймас
59.Қазақстанның қазіргі кезеңдегі көші-қон және энтодемографиялық үдерістері. (1991-2016 жж)
Демографиялық процестердің ішінде халықтың миграциясы маңызды орын алады. Өйткені миграцияға қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге шұғыл көңіл бөлетін жауапты сипат тән. Қоғамдағы дұрыс басқару және тиімді әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу үшін миграциялық ағымдардың көлемі мен мигранттардың құрамын бағдарлай және миграцияны тудыратын факторлар мен миграцияның салдарын анықтай білу қажет. Миграциялық саясат дегеніміз – бұл тұрғын халықтың миграциялануына алып келетін әлеуметтік мінез-құлықтың, әрекеттің бір түрі немесе элементі болып табылатын миграциялық қозғалысқа ықпал ету. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5-ші қыркүйектегі 1346-қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының миграциялық саясатының тұжырымдамасында былай айтылған: - миграция процестері мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық келісімге, елдегі экономикалық және демографиялық ахуалға әсер етеді; - миграциялық саясат Қазакстанның мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатының құрамдас бөлігі болып табылады, оны іске асыру мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болуға тиіс; - миграция саясатының субъектілері – орталық және жергілікті атқарушы органдар болып табылады. Тұжырымдамада адам кұқықтары мен бостандықтарын сақтау негізінде жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, миграция саясатының негіздері айқындалады делінген. Қазіргі ғылымда, әсіресе батыс ғылымында миграцияны зерттеп, талдауда бір жағынан бірін-бірі толықтыратын және біріне-бірі біршама қарсы келетін екі негізгі теориялық парадигмалар бар. Біріншісі, құрылымдылық парадигма. Бұл парадигма миграцияны түсіндіргенде басты орынды адамды немесе топты миграциялауға итермелейтін құрылымдарға береді. Осы парадигма макротеориялық парадигма ретінде анықталады, өйткені миграцияның себептері экономикалық және саяси құрылымдар мен қоғамның трансформациялануы болып табылады. Қазіргі кездегі миграцияның себептерін талдауда орын ауыстыру экономикалық детерминация рөлінің маңыздылығы күшті екендігін көрсетеді. Миграция теориясындағы екінші парадигмада, яғни миграциялау туралы мәселеде субъективті факторға басты орынды беріледі. Субъективтік парадигма микродеңгей теориясы ретінде анықталады, өйткені адам миграцияның басты агенті ретінде талданады. Микродеңгей теориясы миграцияның макротеориялық себептерінің маңызын жоққа шығармайды, бірақта ол деңгей, объективті факторлар бәрібір де жеке тұлғаның шешіміне байланысты болады дейді. Бұдан көретініміз, миграцияны талдаудағы микротеориялық тәсіл жеке тұлғалардың шешімдерін зерттеуге көп көңіл бөледі. Бұл парадигма аясында мигрант өзіндік ерекшеліктері бар, миграциялаудан түсетін шығындар мен табыстарды бағалай алатын адам ретінде қарастырылады. Тарихқа үңілсек, миграциялық процестерді ең алғашқылардың бірі болып жүйелендірген ағылшын ғалымы Е.Г.Равенштейн. Ол 1885 жылы Ұлыбритания мен Солтүстік Америка тәжірбиесінде миграцияның он бір заңын немесе ережелерін (Ravenstein’s Laws of Migration) қалыптастырып берді, бұл ережені қазірдің өзінде миграциялық теорияны жасаушылар негізге алып келеді. Осы он бір ереженің ішіндегі ең маңыздылары мыналар: 1) миграция көбіне қашықтықта жүзеге асады (бұл жерде мигрант-спринтер жөнінде пікір білдіріледі, алайда қазіргі кезенде мигрант-стайерлер де көп); 2) территориялық орталық ірі болған сайын, ол өзінің тартылымдылығын күшейтеді; 3) әр миграциялық ағымға өзіндік қарсы ағым сай болады; 4) ірі қалалардың өсуі қала тұрғындарының табиғи өсіміне емес, халықтың қоныс аударып келуіне байланысты; 5) халықаралық миграция елдің ішіндегі болып жатқан миграция заңдылықтарымен дамиды; 6) миграцияның көлемі өндірістің,сауданың, әсіресе көліктің дамуына байланысты көбейе түседі; 7) Миграцияның, ең басты, анықтаушысы –экономикалық себептер. Ал бүгінгі қоғамның дамуында, жоғарыда айтылғандардан, әсіресе, соңғы екі заңдылық берік және анықтаушы сипатқа ие. Демографиялық процестердің арасында тұрғындардың миграциясы ерекше орын алады. 1989 жылы жарық көрген «Миграциология» деген еңбекте миграция дегеніміз «бұл – әлеуметтік-экономикалық қатыныстарға байланысты болатын миграциялық қозғалыс»,- деп жазылған. Миграцияның мынадай категорияларға негізделген интегралды классификациясы бар, олар: 1) типі; 2) түрі; 3) формасы; 4) себебі; 5) деңгейі. 1) Миграциялық қозғалыстар бір елдің ішінде де, осымен бірге мемлекеттердің арасында да болады. Сол себептен де тұрғын халықтың миграциясының екі типін бөліп алады: халықаралық (мемлекетаралық, сыртқы) және ішкі (мемлекетішілік). Халықаралық миграцияға иммиграция және эмиграция деген түсініктер тән. Біріншісі, жұмысқа орналасуды немесе оқуға түсу мақсатында және басқа да себептерге байланысты басқа елге барып кіруді білдіреді. Екіншісінде елден кету туралы айтылады.Осыған байланысты иммигранттар және эмигрантар болып бөлінеді. Ішкі миграция дегеніміз – бір мемлекеттің территориясы көлеміндегі қозғалыс. Ішкі миграцияның ағымдары мынадай бағыттары бойынша бөлінеді: қала–қала;ауыл–ауыл; ауыл –қала; 2) Ішкі және сыртқы миграция: қоныс аудару, қайтарымсыз және тұрақты-уақытша миграцияға бөлінеді, біріншісі тұрақты мекен-жайын, азаматтығын өзгертумен байланысты, ал екіншісі болса, жаңа жерде (жаңа елде ) шектеулі бір уақытпен журуді бейнелейді. 3) Формасына қарай миграциялық қозғалыстарды былай деп бөлуге болады: Мемлекеттің немесе әртүрлі қоғамдық құрылымдардың (мәселен, ұйымдастырылған түрде еңбекшілерді жинау, қоғамдық үндеулер бойынша миграция) көмегі арқылы жүзеге асатын қоғамдық-ұйымдасқан және ұйымдаспаған, яғни мемлекеттің көмегінсіз жүзеге асатын миграция. 4) Мигарциялық қозғалыстарды себептеріне байланысты жіктей отырып мыналарды бөліп алуға болады: экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени, діни, нәсілдік, әскери, демографиялық (отбасының бірігуі, некелік миграция) және т.б миграция. Қазіргі кезеңде миграцияны қандай факторлардың анықтағанына қарамастан, басты орынды экономикалық миграция алады. 5) Тұрғын халықтың миграциясы үш деңгейге бөлінеді. Бірінші деңгей – бұл миграциялау туралы шешімді қабылдау. Екіншісі, бұл территориялық қоныс аудару: ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған миграциялар, яғни мигранттың өзінің тәуекеліне байланысты.Үшіншісі – бұл мигранттың жаңа орынға, жаңа жұмысқа бейімделуі және үйрену деңгейі. Мемлекеттік миграция саясатының қалыптасу кезеңдерін қарастыратын болсақ, халықтың миграциясы объективті әлеуметтік-экономикалық процес ретінде бір-бірімен тығыз байланысты құрамдас бөліктерден тұрады. Яғни, сыртқы миграция: эмиграция мен иммиграция және ішкі миграция (ауыл мен қала, қала мен қала т.с.с). Қазақстан Республикасының миграциялық саясатының тұжырымдамасы бір мезгілде сыртқы да, ішкі де миграцияны реттеуге арналған. Мұндай саясат мемлекеттің белгілі бір аймақтағы мигранттар қозғалысының ағымы мен құрамына ықпал ете отырып, халықтың санымен құрамын сақтап қалуға немесе өзгертуге бағытталады. Оның басты мақсат экономиканың және халықтың тиімді дамуын қамтамасыз ету, жергілікті тұрғындарды дұрыс орналастыру, оның сапалық құрамын жақсарту, аймақтардың бірдей дамуын қамту, өмір жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық алшақтықты теңестіру болып табылады.
60.Қазақстан халқы ассамблеясы: мақсаты мен міндеттері. Ұлттық бірлік доктринасы ( 2009 жыл қараша)
Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайдыАссамблеяның қызметҚазақстан түрлі халық өкілдерінің әнұран шырқау сәтіБұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге айналды. Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады. Сондықтан 2010 жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы қабылданды. Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы – халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл – бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні.Ел Президенті еліміздегі тіл мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Этносаралық қатынастар жүйесінде мемлекеттік тіл ел бірлігін қалыптастырудың маңызды факторы болып танылған. Сондықтан Ассамблея қызметінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту маңызды орынға ие.Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің өсуіне ықпал етуде. Бүгінде Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісі әлем назарын аударып отыр.Қазақстандық үлгі Біріккен ұлттар ұйымында, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерде, Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда таныстырылып оң бағаға ие болды, ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мемлекет тіліне аударылды.БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун елімізге сапары барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен танысып Ассамблея принципі БҰҰ-ның жұмыс принципімен толық сәйкес келеді деп атап өтті.Қазақстандық үлгі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар ісі жөніндегі Жоғары комиссары арасындағы өзара іс қимылдың негізгі бағыттарының біріне айналды. Қазақстандағы қоғамдық келісім үлгісіне қызығушылық танытушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар саны күн санап артып келеді.
60. Қазақстанхалық ассамблеясы міндеті мен мақсаты. Ұлттық бірлік доктринасыҚазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды. Ассамблеяның негізгі міндеттеріэтносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;
Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.
61. Нұрлы көш бағдарламасы және отандастардың қайта оралуы
«Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы және оның маңызы:Іске асыру мерзімі 2009-2011ж.жБағдарлама мақсаты:Этника.қ көшіп келуші/ді;ҚР.ң аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қ.ң бұрынғы азамат/ын;Еліміз.ң қолайсыз аудан/ында тұратын Қ.н азамат/ын ұтымды қоныстандыру ж.е о/д.ң жайғасуына жәрдемдесу.Міндет/і: Бағдарлама.ң мақсатына қол жеткізу үшін мынадай міндет/ді шешу көзделеді:-Бағ.ға қатысушы/ды эконом.ң еңбек ресурстарына ж.е серпінді жоба/ды іске асыруға деген қажеттілік/іне сәйкес қоныстандыруды ынталандыру;-Бағдар.ға қатысушы/ды әлеум.к қолдау.ң жаңа тетік/ін әзірлеу ж.е іске асыру;-тұрғын үй құрылысына ж.е тұрғын үй сатып алуға кредит беру жолымен Бағдар.ға қатысушы/ды тұрғын үймен қамтамасыз ету;-Бағдар.ға қатысушы/д.ң тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;-көші-қон процес/ін реттеу.ң норматив.к құқық.қ базасын жетілдіру.Қаржыландыру көлемі: Бағдары. қаржы.у респуб.қ мен көз/і ж.е жергілікті бюджет/ қаражаты.ң, сондай-ақ ҚР.ң заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көз/дің есебінен ж.е шегінде жүзеге асырылатын б.ды. 2009 - 2011 жж Бағдар.ны іске асыруға барлығы 197 795,6 млн.т, о.ң ішінде қосымша 118 073,7 млн.тг;.Күтілетін нәтиже/: Бағдар.ны іске асыру:-этни.қ, ішкі ж.е сырт.көші-қон процес/ін реттеуге ж.е оны өңір/д.ң әлеумет.к-эконом.қ даму мүддесіне бағындыруға;-этник.қ ж.е ішкі көшіп-қонушы/д.ң басым бөлігі.ң өмір сүру сапасын арттыруға;-бұрын Қаз.н кеткен жоғ.білікті маман/д.ң қайта оралуын ынталандыруға;-көшіп-қонушы/д.ң бейімделу ж.е кірігу қиындық/ымен, жұмыссыздықпен ж.е бытырап көшіп-қонумен байланысты әлеумет.к қатер/дің туындауы.ң алдын алуға;-ұлт.қ шоғырлану процес/і.ң одан әрі дамуын, әлеумет.к тұрақты.қ пен келісім.ң нығаюын, демография.қ ахуал.ң жақсаруын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Бағдар.а Шетелде тұратын оралман/ды елге қайтарумен айналысады. Елімізде оралман/ды уақытша орналастыру орт.қ/ы жұмыс істейді. 2008 ж.бастап Қарағанды, Шымкент қала/ында ж.е Оңт.Қаз.облысы.ң Ақсукент ауылында оралман/ды бейімдеу ж.е кіріктіру орт.қ./ы жұмыс істей бастады. Ақтау қаласында үлгі бейімдеу орт.ғы.ң құрылысы басталды.Оралман/д.ң барлығы.ң медици.қ қызметке, білім алуына ж.е әлеумет.к қамсыздандырылуына қол жетімділігі қамтамасыз етілген; о/ жұмыспен қамтуда жәрдемдесу шара/ы қолданылатын нысаналы топ/д.ң біріне жатады. Еңбек жасындағы оралман/д.ң 66 % астамы өндіріс.ң түрлі сала/ында жұмыспен қамтылған; әрбір 4-ісі ауыл шаруаш.мен айналысады. Оралман/ кәсіптік білім алу, бала/ды мектепке дейінгі мекеме/ге орн.уда да қиындық/ға тап болып отыр.Міне, мұ.ң бәрі осы көші-қон Бағдар.сын әзірлеуге себеп б.ды. 2009 - 2011 жж кезеңінде Бағдар.ға қатысушы 23,2 мың отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделеді. Қаз.уақытта респ.да этн.қ көшіп келуші/.ң тұрғын үй мәселесін шешу жөніндегі жоба/ жүзеге асырылуда. Мыс:, ОҚО.ң Шымкент қаласында Өзбекстан Р.нан шамамен 2 мың этн.қ көшіп келуші/ отбасын көшіру жөніндегі жоба іске асырылуда.ҚР.ң аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қаз.ң бұрынғы азамат/ы да бұл бағдар.ға қатыса алады.ҚР-сы аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел.к жұмыс күшін тартуға арналған жыл сайынғы квота шеңберінде жқмыс істей алады. шекараға іргелес елді мекен/де:халық.ң санын тұрақтандыру үшін;шекараға іргелес ірі өңір/.ң әкімші.к маңызын арттыру үшін ж.е көршілес мемлекет/.ң еңбек күші артық өңір/і.ң тарапынан демография.қ қысым.ң алдын алу үшін жүзеге асырылатын б.ды; Бағдар.ға қатысушы/д.ң барлығын тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделеді. Бұл ретте тұрғын үй қоры тұрғын үйді қалпына келтіру, салу ж.е сатып алу есебінен, ал Астана ж.е Алматы қала/ында тұрғын үйді жалдау есебінен қалыптасатын б.ды.
62. ҚР ғы қазіргі кездегі саяси партиялар мен қозғалыстар бағдарламалары мен міндеттері
Қазақстандағы қазіргі саяси партиялар. «НҰР ОТАН» Халықтық Демократиялық Партиясы. Төраға – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Төрағаның 1-ші орынбасары - Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы. "НҰР ОТАН" Республикалық саяси партиясы 1999 жылғы қаңтарда құрылды, ал сол жыл-ң 12 ақпан-а Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелді. Партия мүше/інің саны 607 557 адамды құрайды.Басты мақсат/ы ретінде партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформа/дың жүзеге асуына белсенді түрде жәрдемдесу; азамат/дың өмір сүру деңгейін арттыру; әлеуметтік әділеттілікті бекіту және елдегі тұрақтылықты сақтау; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту; азаматтардың отансүйгіштік сезімі мен ҚР-ның жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін жауапкершілігін тәрбиелеу деп жариялады. Мәжілісте "НҰР ОТАН" парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы Мәжіліске сайлау қорытынды/ы бойынша партия 88.41% дауысқа ие болды. "НҰР ОТАН" партиясынан Парламенттің төменгі палатасына партиялық тізім бойынша 98 депутат сайланды.Қазақстан Коммунистік партиясы Партияның бірінші хатшысы - Алдамжаров Ғазиз Қамашұлы. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркелді. ҚКП мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Республиканың барлық облыстарында партияның өз бөлімшелері бар. ҚКП мүшелері, негізінен, соғыс және еңбек ардагер/і, жұмысшы/, зейнеткер/ болып табылады. Партия өзінің негізгі мақсат/ы: республикада ғылыми социализмнің қағидат/ына негізделген, еркіндік және әлеуметтік әділеттілік қоғамын құру үшін жағдайлар жасау; коммунистік қоғамдық құрылыс құру деп есептейді. Қазақстан Патриоттары партиясыТөраға - Қасымов Ғани Есенкелдіұлы.. Партия 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті. Партияда 172 000 адам бар. Партия мынадай мақсаттарды көздейді: Қазақстан халық/-ң ұлттық өркендеуін қалыптастыру және жүзеге асыру; құқықтық демократиялық мемлекет, нарықтық экономикасы бар азаматтық қоғам құру; қоғамның әлеуметтік белсенді бөлігін мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруда қатысуға тарту; елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету; адамның жоғары сапалы өмір сүруі үшін жағдайлар жасау және азамат/дың денсаулығына басым көңіл бөлу. Қазақстанның «Ақжол» Демократиялық партиясы төрағасы - Перуашев Азат Турлыбекулы Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүше/-ң саны 175 862 адамды құрайды. Партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденуші, демократиялық және еркін Қазақстан. Негізгі құндылық/ы: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттілік. Партия Қазақстанды одан әрі демократияландыру бойынша ұсыным/ жасау жөніндегі келісу комиссия/-ң жұмысына белсенді араласады. Мәжілістің үшінші шақырылымында партия 1 мандатқа ие болды. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 3.09% дауыс алып, Парламентке өтпеді«Әділет» Демократиялық партиясытөрағасы - Нәрікбаев Мақсұт Сұлтанұлы.2004 жылғы 14 маусымда тіркелген. Партия мүшел/інің саны 70 000 адамды құрайды. Партия аумақтық қағидат бойынша құрылды және республиканың барлық облыстары мен Астана және Алматы қала/ында өз бөлімше/і бар. Партия Қазақстанда құқықтық демократиялық әлеуметтік мемлекет құруды, тиімді, озық және дамыған экономикалық жүйе жасауды, азаматтық қоғам қалыптастыруды өзінің басты міндеті деп есептейді. 2004 жылы Мәжіліске сайлау қорытынды/ына сай партиялық тізімдер бойынша дауыс беру кезінде партия 0.76% дауыс алды. Мәжілістің үшінші шақырылымында бір мандаттық округ бойынша сайланған бір депутаты бар. 2007 жылғы 8 шілдеде «Әділет» Демократиялық партиясының V съезінде оның Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық Партиясына қосылуы туралы шешім қабылданды. 2007 жылғы 20 қазанда «Әділет» Демократиялық партиясының VI (кезектен тыс) съезінде «Әділет» ДП-ның «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ға қосылуы туралы бұрын қабылданған шешімнің күшін жою туралы шешім қабылданды. Қазақстанның «Азат» Демократиялық партиясыТөраға - Әбілов Болат Мұқышұлы Партия «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның бөлінуі нәтижесінде 2005 жылғы 29 сәуірде құрылған және 2006 жылғы 17 наурызда «Нағыз АҚ ЖОЛ» атауымен тіркелген. Мүше/інің саны 97 157 адамды құрайды. Партияң барлық облыстарда, ында өз филиал/ы бар. «АЗАТ» - орташа таптың партиясы. Партия-ң мақсат/ы – демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет пен ашық қоғам құру. Тәуелсіз, гүлденуші, демократиялық, еркін Қазақстан құру үшін азамат/дың күш-жігерін шоғырландыру. 2007 жылғы 23 маусымда «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның III съезінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға қосылу туралы шешім қабылданды. 2007 жылғы 20 қазанда «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның IV съезінде «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның III съезінде бұрын қабылданған ЖСДП-ға қосылу туралы қаулысының күшін жою туралы шешім қабылданды. 2008 жылғы 29 ақпанда IV съездің екінші отырысында «Нағыз АҚ ЖОЛ» партиясын «АЗАТ» ҚДП деп қайта атау туралы шешім қабылданды, осы атаумен ол 2008 жылғы 11 сәуірде қайта тіркелді. 24 қазан 2009 жылы «Азат» ҚДП және ЖСДП Біріктіруші съезде «Азат» Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға бірікті. Жаңартылған Жарғыға байланысты партияны басқару екі тең төрағаларға тапсырылды. Съездің делегаттарының бірауызды дауыстарымен олармен Жармахан Тұяқбай мен Болат Әбілов сайланды. Партияның Бас хатшысы болып Әміржан Қосанов сайланды. Қазақстанның социал демократиялық «Ауыд» партиясытөрағасы – Қалиев Ғани Әлімұлы.. Партия 2002 жылғы 1 наурызда тіркелген. 2003 жылғы 2 сәуірде партия қайта тіркеуден өтті. Партия мүше/інің саны 61 043 адамды құрайды. Қазақстанның барлық обл-да партияның өз құрылымдық бөлімше/і бар. Өз мақсат/ымен партия аграрлық секторды мемлекеттік реттеуді және қолдауды күшейтуді; ауыл еңбекші/інің мүдделерін қорғауды; қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформа/дың жүзеге асуына белсенді түрде жәрдемдесуді; нарықтық қатынас/дың негізделген нысан/ын экономиканың барлық сала/ында жүзеге асыруды; азамат/дың өмір сүру деңгейін арттыруды көздейді. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 1.51% дауыс алып, Парламентке өтпеді. «Руханият» партиясытөрағасы - Мәмбеталин Серікжан Есенғосұлы. Партия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Партия мүше/інің саны 72 000 адамды құрайды. Партия-ң филиал/ы облыс орталық/ында, жұмыс жасайды. Партияның әлеуметтік негізі - білім беру, денсаулық сақтау, ғылым және мәдениет сала/ының қызметкер/і, кәсіпкер/, студент/ және т.б. Өзінің басты міндеті экономиканы көтеру, әлеуметтік мәселе/ді шешу, адамгершілігі жоғары және рухани бай қоғамды дамыту деп есептейді. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 0.37% дауыс алып, Парламентке өтпеді. Қазақстан Коммунистік Халақ партиясыБірінші хатшысы - Косарев Владислав Борисович. 2004 жылғы 21 маусымда партия мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркелу сәтінде партия қатарында 90 000 адам болған. Партия қатарында жұмысшы/, студент/, зиялы қауым, зейнеткер/, кәсіпкер/ және т.б. Партия-ң саяси тұғырнамасына сай ҚКХК қызметінің негізінде қоғамдық дамудың жаңа жағдай/ына бейімделген маркстік-лениндік идеология жатыр. 2004 жылы Мәжіліске сайлаудың қорытынды/ы бойынша партия 1.98% дауыс алды. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 1.29% дауыс алып, Парламентке өтпеді. Жалпыұлттық социал демократиялық партияс (ЖСДП)Төраға: Тұяқбай Жармахан Айтбайұлы. Төрағаның орынбасары: Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы Партия 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған. 2007 жылғы 25 қаңтарда тіркелген. Мүше/інің саны - 140 000 адам. Барлық облыстарда, Астана мен Алматы қалаларында партияның өз филиалдары бар. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өзінің алдына демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет, инновациялық экономика құру, жаңа гуманитарлық саясатты жүзеге асыру міндет/ін қойып отыр. Партия әлемдік социал-демократиялық қозғалыстың құндылықтарын, Еркіндік, Әділеттілік, Ынтымақтастық қағидат/ын Қазақстанның саяси тәжірибесінде жүзеге асыру бағытында дәйекті жұмыс жасауда. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 4.54% дауыс алып, Парламентке өтпеді. 24 қазан 2009 жылы «Азат» ҚДП және ЖСДП Біріктіруші съезде «Азат» Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға бірікті. Жаңартылған Жарғыға байланысты партияны басқару екі тең төраға/ға тапсырылды.63 . ҚР жастар саясатының негізгі бағыттары. ҚР жастар саясаты туралы. Қазақстан -2020 бағдарламасы.
Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаттары,               мiндеттерi және принциптері
      1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты жастардың рухани, мәдени, бiлiм алуы, кәсiби қалыптасуы мен дене тәрбиесiн дамытуы үшiн әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепiлдіктер жасау, бүкiл қоғам мүддесi үшiн олардың шығармашылық әлеуетiн ашу мақсатында жүзеге асырылады.      2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының мiндеттерi:      1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;      2) жастарға көмек беру және әлеуметтік қызметтер көрсету;      3) жастардың әлеуметтiк маңызды бастамаларын iске асыру болып табылады.      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты:       1) ерекше әлеуметтiк-демографиялық топ ретiнде жастардың мүдделері мен қажеттілiктерiн тану;      2) Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени құндылықтарының басымдылығы;      3) тән саулығын сақтау және нығайту;      4) адамгершілік және рухани даму;      5) қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;      6) азаматтықты қалыптастыру;      7) жастардың құқықтары мен бостандықтарын iске асыру;      8) жастардың проблемаларын шешудегi жүйелiлiк пен кешенділік;      9) мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру мeн iскe acыруға жастардың тiкелей қатысуы принциптерiне негiзделедi.
Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары
      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының негізгі бағыттары:      1) жастардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету;      2) жастар еңбегі мен олардың жұмыспен қамтылуы саласындағы кепілдіктерді қамтамасыз ету;      3) жастардың кәсіпкерлік қызметіне жәрдемдесу;      4) жас отбасыларын мемлекеттiк қолдау;      5) жастардың тегін негізгі орта, жалпы орта білім алуына консультациялық құқығын іске асыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;      6) жастарды тәрбиелеу және оларға жан-жақты білім беру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;      7) балалар үйлерiнің мүгедек және тәрбиеленушi жастарының құқықтары мен әлеуметтiк қорғалу кепiлдiктерiн қамтамасыз ету;      8) жастардың патриоттық және азаматтық тұрғыда қалыптасуы үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ету;      9) жастардың бойында ұлттық мәдениет пен тiлдi дамыту үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;      10) жастардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, олардың салауатты өмiр салтын қалыптастыру;      11) әлеуметтiк қолдауға мұқтаж жастарға әлеуметтiк көмектi қамтамасыз ету;      12) жастардың мәдени бос уақыты мен демалысы үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ету;      13) талантты жастарды мемлекеттік қолдау;      14) жастар саясатын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың коммерциялық емес жастар ұйымдарымен ынтымақтастығы;      15) жастардың халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесу болып табылады. 
64. Мәңгілік ел – XXI ғасырдағы Қазақстан идеясы
«Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел», - деді Президент. Н.Назарбаев өз тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау арқылы Мәңгілік ел бола алатынымызды атап өтті.«Мен мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары, Қазақстан 2050 стратегиясының түпқазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру аса қиын екенін барлығымыз білеміз. Бұл әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан кешкен тарихи шындығы. Өзара алауыздықпен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жібергенін де білеміз. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама? Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуіміз керек. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – «Мәңгілік ел» біздің өзіміздің қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан 2050» мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын. Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын. Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін елдігіміз мәңгілік!», - деп аяқтады өз Жолдауын Мемлекет басшысы.+

65. Қазақстанның қазіргі кезеңдегі қоғамдық саяси дамуы. Тәуелсіз мемлекетке айналған Қазақстан, отаршылдық езгіге түскен соңғы 200 жылдан астам уақыттан кейін Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайын өткізуге мүмкіндік алды. Құрылтайға түрлі кезеңдерде Отанынан кетуге мәжбүр болған дүние жүзінің 30 елінен келген қазақтар қатысты. Мұндай жиынды өткізу өз отандастарының алдында кешігіп болса да атқарылғангуманизмнің жоғарғы көрінісі болды. Қоғам күштерін барынша жұмылдыру мен халықтар достығын нығайтуда1992 жылғы желтоқсанның ортасында өткен Қазақстан халықтарының форумы үлкен рөл атқарды. Форумдаинтернационализм, тату көршілік қатынастарды дамытудың қағидалары жаңа тұрғылардан қарастырылды. Өзінің форумда сөйлеген сөзінде Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды мекендеген халықтардың ұлттық келісім саясатын бекем және ақырына дейін жүргізетініне, олардың мәдениетін, тілін, салт-дәстүрлерін дамыту үшін сенімді құқықтық кепілдіктерді құрудың қажеттігіне ерекше тоқталып өтті.1993 жылдың соңы Қазақстанда Кеңестердің жаппай өзін-өзі таратуымен де есте қалды. Кеңестер көп жылдар бойы КОКП-ның өз билігін жүзеге асыруға пайдаланған шымылдық-пердесі болды. КОКП тарап, басқару жүйесі негізінен аудандық, қалалық, облыстық әкімшіліктер болып құрылған соң, Кеңестер өздерінің бұрынғы мазмұнынан айырылды. Көптеген Кеңестерде айтарлықтай елеулі жұмыстар жүргізілмеді, сан мыңдаған депутаттар корпусы немен айналысуын білмеді. Кеңестердің өзін-өзі тарату идеясы туындады.Өзін-өзі тарататыны жайлы алғаш рет Алматы қаласы Алатау аудандық кеңесінін депутаттары мәлімдеп, басқа депутаттарды өздерінен үлгі алуға шақырды. Өз әріптестеріне арнаған үндеуде олар мұндай шешім қабылдау себебін ескі кеңестердің бүгінгі заманда елдегі саяси және экономикалық процестерде елді дағдарыстан шығаруға ықпал ете алмайтындығымен түсіндірді. Қараша айының соңына таман өзін-өзі тарату жөнінде Алматы қалалық және облыстық кеңестері, жүзге тарта жергілікті кеңестер мәлімдеді. Бірқатар халық депутаттары Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің де өзін-өзі таратуы жайлы мәселе көтерді.Осындай жағдайда 1993 жылғы 8 желтоқсанда Алматы қаласында республика Жоғарғы Кеңесінің XI сессиясының екінші кезеңі өз жұмысын бастады. Сессияның жұмысына Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев, Министрлер Кабинетінің мүшелері, облыстық өкілдер қатысты.Кіріспе сөзді Жоғарғы Кеңестің төрағасы сөйледі. Кеңестердің болашағы жөнінде депутаттардың көзқарастары екі ұдай болды. Депутаттардың басым көпшілігі жергілікті кеңестердің өкілеттілігін жаңадан сайланған жергілікті өкілдік органдары жұмыс істей бастағанға дейін, мерзімінен бұрын тоқтатуды жақтады. Барлық ұйымдастыру-құқықтық істер әкімшілік басшыларына тапсырылды. Бұған қоса Парламент «Қазақстан Республикасының сайлау туралы кодексін» қабылдап, Орталық сайлау комиссиясын құрды. Жоғарғы Кеңес өзін-өзі тарату туралы шешімін жариялады. Келесі Парламент Сенат пен Мәжілістен тұратын қос 

66.Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы сыртқы экономикалық байланысы, бағыттары.
ХХ ғасырдың 90 жылдары әлемдік сахнада болған үлкен өзгеріске Кеңес Одағының құлауы жатады. Соның нәтижесінде 15 жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Еліміз 8 жыл ішінде өзін барша әлемге тәуелсіз әрі экономикасы өтпелі демократиялық мемлекет екенін танытты. Қазақстан мемлекеті толық тұрақты даму үшін бір жағынан өнеркәсібі дамыған мемлекеттермен, екінші жағынан ТМД бойынша әдеттегі серіктестермен белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізуі қажет болды. Сонымен қатар, Қазақстан өзінің транспорттық жүйесін, яғни теңіз, өзен, теміржол, автомобиль және құбыр сияқты көлік түрлерін транспорттық инфрақұрлымын дамыту керек болды.Сыртқы сауда операцияларын кедендік-тарифтік реттеу әлемдік экономикада маңызды орынға ие, өйткені түрлі елдердің тауарларымен қызметтері арқылы экспорты мен импортының азаюына да, өсуге де нақты әсер етуге болады.Қазақстанның сыртқы сауданы реттеуде әлемдік тәжірибемен танысуы, одан сабақ алуы оның болашақта өз саясатын белсенді және тиімді жүргізуіне жол ашады.Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы өзара бағыныштылық және өзара араласу процесінің күшейген кезеңінде жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының геосаяси орны, жалпы шекарасы, басқа аймақтармен байланыс жасайтын көлік қатынасы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өндірістік өнеркәсіпті құруға, біріккен кәсіпорындар ұйымдастыруға, агроөнеркәсіптік кешендердің қызметінің дамуына алғы шарттар жасайды. Қазақстан ТМД елдері мен сауда-экономикалық байланыстарында дүние жүзінде белгіленген сауда-құқық негіздеріне, сауда және тариф жөніндегі принциптеріне сүйенеді.Қазіргі кезде жалпы экономикалық бірігудің әртүрлі жолдары бар екені белгілі болды: ТМД елдерімен екі жақты келісімдер негізінде, көпжақты келісімдерді тереңдету, аймақтық интеграциялық бағдарламаларды іске қосу.
Ішкі және сыртқы сауда
Сауда саясаты – белгiленген мақсаттар мен қағидаттарды iске асыру үшiн мемлекеттiк органдар жүргiзетiн ұйымдастырушылық, құқықтық, экономикалық, бақылау шараларының және өзге де шаралардың жиынтығы.Сауда қызметiн реттеудiң негiзгi принциптерi:1) сауда қызметі субъектілері құқықтарының теңдiгi;2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың сауда қызметiне араласпауы;3) еркiн және адал кәсiпкерлiктi қолдау;4) отандық тауар өндiрушiлердi қорғау;5) сапалы сауда қызметiн көрсетудi қамтамасыз ету;6) сауда қызметi түрлерiн еркiн таңдау және оны сауда қызметi субъектiлерiнiң жүзеге асыру мүмкiндiгi;7) сауда саясатының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экономикалық саясатының құрамдас бөлiгi ретiндегi бiрлiгi;8) тұтынушылардың, сауда қызметi субъектiлерiнiң және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн тең дәрежеде қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары:1) халықтың тауарларға сұранысын қанағаттандыру және сауда инфрақұрылымын дамыту;2) сауда қызметiн көрсетудi және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру;3) Қазақстан Республикасында сауда қызметiн дамытуға және жетiлдiруге жәрдемдесу;4) Қазақстан Республикасының әлемдiк сауда жүйесiне ықпалдасуы үшiн жағдайлар жасау;5) сыртқы нарықтарда отандық тауарлардың бәсекелестік қабілеттігін арттыру болып табылады.Ішкi сауда – Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметi.Сыртқы сауда – тауарларды Қазақстан Республикасынан әкетумен және (немесе) Қазақстан Республикасына әкелумен байланысты сауда қызметi.Тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнiмi.Сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу шараларына:1) кедендік баждарды;2) тарифтік жеңілдіктерді;3) тарифтік преференцияларды;4) тарифтік квоталарды қолдану жатады.Сауданың өзге түрлері: аукциондық сауда, комиссиялық сауда, тапсырыс бойынша сауда, шекара маңындағы сауда, көшпелi сауда, көрме-жәрмеңке қызметі, электрондық сауда, тауарлармен биржалық сауда жасау.
67.Қазақстан Республикасының тарихи танымды қалыптасу саясаты( Қазақ хандығына 550 жылдығының атап өтілуі,Тарих толқынында бағдарламасы, мәдени мұра бағдарламасы.
2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Осыған байланысты, елімізде бұл оқиғаны мерейтой күндерінің қатарына қосу мен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс-шараларды өткізу жөнінде мәселе қарастырылды.Мемлекет құрылуының мерейтойы ең алдымен азаматтардың патриоттық сезімдерін арттыру мен қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға бағытталып отыр.Министрлік бірқатар мемлекеттік органдармен үлкен дайындық жұмыстарын жүргізді.Қазақстандық тарихшы-ғалымдардың Мұхамед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегін негізге ала отырып, жан-жақты зерттеу нәтижесінде Қазақ Хандығының құрылған жылы 1465 жыл деген қорытындысы алынды.Көптеген тарихшылардың пікірінше, осы уақыттан бастап Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығы Еуразия құрлығындағы мемлекетаралық қатынастардың жеке субъектісіне айналды.Қазіргі таңда Қазақ Хандығының 550 жылдығын атап өтудің тұжырымдамасы дайындалды.Аталған тұжырымдамада Қазақ Хандығы құрылуының ғылыми деректері, мерейтойдың концептуалдық негіздері, идеологемалары, негізгі мақсаттары мен міндеттері және оның кезеңдері келтірілген.Қазақ Хандығының 550 жылдығын атап өту басты үш концептуалды негізде жүзеге асырылатын болады, олар:– патриоттық: қазақ халқының Отанына сүйіспеншілігі;– ақпараттық: ғылымикөпшілік бағдарламаларды, ғылыми-танымдық деректі фильмдерді, қазақ халқының жоғары мәдениеті мен өнегелік қасиеттері туралы көркем фильмдерді жасап, жетекші орталық телеарналар арқылы тарату;– ғылыми: қазақ хандығының құрылу проблемаларын зерделеу мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми конференциялар ұйымдастыру.Министрлік сондай-ақ, мерейтойды атап өтудің іс-шаралар жоспары жасады. Оған сәйкес, келесі жылдың басынан Қазақ Хандығының құрылу тарихын зерттеу мәселелерін талқылау бойынша жобалар іске аса бастайды, соның ішінде қазақ мемлекеттілігі туралы ақпараттарды анықтау мақсатында Батыс Еуропа, Ресей, Түркия, Қытай, Иран, Египет, Өзбекстан сияқты елдердің мемлекеттік мұрағаттары мен музейлерінен, ғылыми-зерттеу орталықтарынан іздестіру жұмыстары қолға алынады.Жоғарыда айтылғандарға орай, патриоттық видеороликтер, ғылыми-көпшілік, ғылыми-танымдық бағдарламалар мен ғылыми дәйектерге негізделген деректі фильмдер көрсетіліп, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, патриоттық акциялар, ойындар, фестивальдар, көрмелер т.б. өткізіледі. Сондай-ақ, біз «Мәңгілік ел» ұлт тарихына арналған деректі, көркем және анимациялық фильмдер сериясын түсіруді жоспарлап отырмыз.Сонымен қатар, мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндермен (Наурыз, Жеңіс күні, Мемлекеттік рәміздер күні, Астана күні және т.б.) байланысты барлық шаралар Қазақ Хандығының 550 жылдығы аясында өтетін болады.Жылдың аяғына дейін өңірлерде мерейтойлық іс-шаралар жалғасады. Жалпы, келер жылы мерейтойға арналған 100-ге жуық ірі шара өткізу жоспарлануда.Аталған іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысымен бекітілетін болады.
Тарих толқынындағы халық бағдарламасы. «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасы Қазақстанның тарих ғылымының сапалы серпілісіне жағдай жасайды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты мынау: Қазақстанның тарих ғылымын алдыңғы қатарлы әдіснама мен әдістеме арқылы сапалы секірісті жүзеге асыруына жағдай жасау; қазақтардың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту: ұлттық жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру; Қазақстанның жаңа тарихының жиырма жылының мәнін пайымдау болып табылады. Мемлекет басшысы ұлттық тарихымызға өзіндік стратегиялық көзқарасын 1999 жылы «Тарих толқынында» кітабында баяндады. 2003 жылы Қазақстан халқына Жолдауында Президент Н.Ә.Назарбаев теңдесі жоқ «Мәдени мұра» бағдарламасының басталғанын жариялады.
Бағдарламаны жүзеге асырудың жеті жылында - 2004 жылдан 2011 жылға дейін - Қазақстан тарихы, археологиясы және этнографиясы бойынша 26 арнайы зерттеулер жүргізілді. Бірақ та мұның бәрі тарихи жадымыз бен тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталған біздің үлкен жұмысымыздың бастауы болатын.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді.Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 12 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.Сонымен бірге, әлемге ұлттық рухани ескерткіштер байлығын паш етеді. Бағдарламаны қабылдағаннан кейін 2004 жылы 51 тарихи және мәдени ескерткіштің реставрациялық жұмысы аяқталып, 39 қалашық пен қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізілді. 218 нысанды қамтыған Қазақстанның тарихи-мәдени және тарихи ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі дайындалды. Ұлттық мәдениет үшін аса маңызды 30 сәулеттік және археологиялық қосымша ғылыми зерттеулер жүргізілді.Ұлттық мәдени мұраны толық зерттеу жүйесінің құрылуы бағдарламаны құруда аса маңызды болмақ. Республика тәуелсіздік алғаннан кейін толық гуманитарлық білім беру қорын құру мақсатында мемлекеттік тілде алғашқы қадамдар жасалды. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан, Армения, Құрама Штаттар және Батыс Еуропа елдеріне ғылыми зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Олардың қорытындысы бойынша ғылыми топтарда бұдан бұрын белгілі Қазақстанның сәулеті, этнографиясы, тарихы бойынша шамамен бес мың жазба және баспалар алынды. 350-ден астам кітап, олардың ішінде этнография, археология, тарих бойынша сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды.Бағдарламаның жүзеге асуын мәдениет, әдебиет, философия, тарих, этнография, және тіл білімі т.б. бойынша академиялық институттар құрылуынан, бағдарламаның тиімді жоспарларының орындалуынан көреміз. Ұлттық кітапхана елдің жоғары оқу орындарының бірі. Нұрсұлтан Назарбаев «Мәдени мұра» бағдарламасын мемлекеттің мәдениетіне қолдау көрсететін стратегиялық ұлттық жоба деп атаған. Бағдарлама халықтың гуманистикалық курсы және потенциалын көрсетіп, оның тарихи тәжірибесін байытып, болашақтың сенімді тірегі болмақ.
68. Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен қалыптасуында тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаевтің енбегі мен рөлі.
Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының (16. 12. 1991) – дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл - жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды. Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-бабамыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қиратылып, жазықсыз жандар құрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір отбасынан рулы ел тарап, халық қанша да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін.Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.Өкінішке орай, 70 жыл ішінде жүргізңлген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандап, халық санасын уландырды. Оның тархында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық сарқылып келмеске кетті. Осы кезенде шынайы демократия болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туындады. Мемлекетіміздің Конституциясындығы осы қадам тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады.Құқықтық мемлекеттік құрып, қоғамда демократияландырудың өзі қай елде де –қайшылықсыз болмайтын, ұзақта күрделі процесс екендігі белгілі. Бұл біздің мемлекетіміздің аяғынан тік тұрып, ілгері басу жолынан да жақсы байқалады. Демократиялық қоғам өмірін тандап оған өту жолындағы қажеттіліктердің басты міндеті еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін сақтай отырып, оны қорғау болатын. Осы қажеттілік бастауының бірден-бір кепілі Республика президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясының қысқа мерзім ішінде әзірленіп, халық талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енгендігі.Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі Н.Ә. Назарбаевтың тікелей байланысты.Конститутция Қазақстанның демократия, құқытық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына қолайлы жағдай жасады. Заңда белгіленген барлық тұжырым, қағидалар қоғамдық өмірдің барлық салаларын заң жүзінде басқаруға жағдай жасап отыр. Міне, осыдан-ақ Конститутция арқылы демократияның түпкі мәні ерекше айқындалады.Мемлекетіміздің көреген көшбасшысының көптеген игі істерге бастама болып, оның оң шешімін тауып орындалып жатырғандығы көңілге қуаныш ұялатары сөзсіз. Осындай игі бастамалардың бірі тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін тілге тиек етуге болады. Елбасының саясатымен кез-келген ҚР-ның азаматы Ата Заңымыздың 25-бабының 2-бөлігінде баянды етілген құқықтарының орындалып, жүзеге асырылғандығын өздерінің қол жеткізген тұрғын үйлерімен толық дәлелдей алады.Айта берсек, демократиялық мемлекетті қалыптастырудағы жасалып жатырған игі істердің бастамасында елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қолтаңбасының бар екендігі айдан анық.Қазақ "Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады"деп бекер айтпаса керек. Береке бірлігіміздің ұйытқысы, мемлекетіміздің темірқазығы болып отырған елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясатының арқасында бүгінде еліміз ырысы мен ынтымағы, бірлігімен тірлігі жарасқан мемлекет болып орнықты.
69.Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттары.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отырҚазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады: 1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.    2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.    3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б. 1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:
Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.
2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.
1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық).
Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды.
Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды.
1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды.
АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.
70.Қазақстан -2050 стартегиясы: мазмұны мен мақсаты, міндеті
Қазақстан әлемдік аренада Еуразия кіндігіндегі қарқынды дамушы ел, халықаралық қауымдастыққа мықты экономикалық серіктес, аймақта қозғаушы күш, лидер ретінде де өзінің лайықты орнын еншілеп келеді. Қазақ елі кемел басшысы мен бірлігінің арқасында 22 жылдың ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, экономикасын тұрақтандырды. Елбасының: «Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандастарымыздың жүрегінде еліне деген шексіз мақтаныш сезімін ояттық. Қазақстандықтар ертеңіне, елдің болашағына сеніммен қарайтын болды» демекші, тәуелсіздік алғалы бері ауыз толтырып айтарымыз көп. Бұл жұмылған, бірлігі жарасқан елдің табысы.
Жаңа Жолдау алдағы атқарылар іс пен қыруар жоспарларды айқындап бергені анық. Елбасы тапсырмасына сәйкес, Қазақстан тарихына енетін 10 ілкімді идеяны жүзеге асыруда еңбектенуіміз қажет. Олар – нағыз отансүйгіштікті қалыптастыратын патриотизм, экономикамыздың жаңа даму сатысын дамытатын инновациялық технологиялар, жер қойнауындағы кен байлықты игеру, инвестиция тарту үшін геологиялық зерттеулер, ауыл шаруашылық, ғылым-білім, аумақтық даму, көлік, энергетика, шағын және орта бизнес, экономика бағыттары бойынша бұдан кейінгі Қазақстанның айқын өрістеуін нақтылап бермек.
Білім беру саласында болашақ ұлт тәрбиелеуші, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаушы оқу ордасы ретінде Қыздар университетін толғандыратын мәселе – отандық ғылым-білімнің дамуы, оның тәрбиемен астаса берілуі және жастар мәселесі. Елбасының Қазақстан халқына жасаған жаңа Жолдауында осы құндылықтарға баса назар аударылған. Енді шетелдік инвестициялар елімізге ілім-білім мен жаңа технологияларды транферттеуге толықтай қолданылмақ. Студенттеріміздің әл-ауқатын көтеру мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен Үкімет 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап шәкіртақы көлемін 25 пайызға арттыруды көздеп отыр. Бұл бастама жоғары үлгерімі бар студенттерді қолдаудың тиімді жүйесі болмақ. Біз педагогикалық бағыттағы жоғары білім беретін оқу орындарының үздігі ретінде аталмыш идеяны өскелең ұрпақ үшін жасалып отырған ерекше қамқорлық деп санаймыз. Сондықтан, жастар өз тараптарынан да сапалы білім алып, еліміздің өсіп, өркендеуіне барынша атсалысулары қажет. Ал университет басшылығы осыған барлық жағдайды жасауы керек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарына тікелей қатысты тапсырма берілгенін білесіздер. Университеттер алдағы уақытта академиялық және басқарушылық автономияға біртіндеп көшуге жоспарлы түрде кіріспек. Бұл тек қана қыз балаларға тәрбие беретін, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қамқорлығындағы Қыздар университеті үшін де өте маңызды.
Жылдан жылға осындай аға буын үлгісін көрген өскелең ұрпақ әрқашан зияты мен көрегендігі, парасаты мен ақылы, даналығы мен даралығы арқылы көріне бермек. Көрегенді басшы осындай тәлім мен өнеге айтқанда, жас буын қол құсырып тұруы жараспас. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса – ел болғаның қайсы?!». Сондықтан осы Жолдау арқылы біз де қарап қалмай әрекет етіп, жарқын болашағымыздың іргесін бірге қалауға атсалысқанымыз жөн. Бұл алдағы сүбелі межеміз болмақ. Бір сөзбен айтқанда, біз нұсқауланған нақты бағыт арқылы жол жүріп, оған белсенді түрде үлес қосып, іске кірісуіміз керек. Осы бағытта Қыздар университетінің ұжымы Елбасы Жолдауының толықтай жүзеге асуына барлық күш-жігерін аямайды.
Елбасы ел асыға күткен биылғы Жолдауында ата-бабамыз арман еткен «Мәңгілік Қазақстан» жобасының тұсауын кесті. Бұл дегеніміз – Қазақстан әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену бағытында уақытпен бәс тігіп отыр деген сөз. Мезгіл мен мерзімге тасталынған бәсеке, ерен күш-қайратты қажет ететін тың идея. «Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін естіп, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!», – деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бұл «Мәңгілік Қазақстан» идеясы әлемде теңдесі жоқ жоба екені сөзсіз. Ол мемлекет басшысының болашаққа көз тіккен көрегендігі мен кемеңгерлігін айғақтайды.
Ал азаматтық көзқарасымыз бен патриоттық тұрғыдан Жолдаудағы мемлекеттік тілге жасалған құрметті үлкен қуанышпен қабыл алмау мүмкін емес деп ойлаймын. «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Қазақ тілін даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн», – деп мәлімдеген Елбасы шешімін таба алмай келе жатқан ұлттық мәселеге нүкте қойып, ұлтымыздың ұлық тілін биік деңгейінде жоғары бағалады.
Елбасының «Қазақстан – 2050» – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан» дегеніндей, бұл бағыт-бағдар еліміздің өмірін жақсартып, жандандыра түспек. «Қазақстан – 2050» – айқын болашаққа жол бастайтын бағдаршам, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енгізетін шамшырақ.

71. Нұрлы жол болашаққа бастар жол бағларламасы. Қазақстанның жаңа эономикалық саясаты.
 Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев тың Нұрлы жол болашаққа бастар жол атты жолдауы едліміздің шешуші бағытын бағалайтын жүйелі және стратегиялық құжат. Бұл бағыт 2014 жылы Нұо Отан партиясының саяси кеңейтілген отырысында қабылданды. Бұл құжат бйынша мынандай жағдайларды шешуге қаражат бөлінді. Инфрақұрылымды дамыту, шағын жіне орта бизнесті дамыту, көлік логистикалық инфрақұрылымды дамыту.Елбасы айқындаған осы жеті бағыт бойынша бүгіннен бастап Үкіметпен қоян-қолтық жұмыс жасап, жоспардың заңнамалық қамтылуына барлық жағдайды жасауымыз қажет. Бұл біздің міндет және жауапкершілік. Қазақстандықтар «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық бағдарламаны жан-жақты қолдайдыЕлбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол - Болашаққа бағыт» атты Жолдауындағы жастарға арналған негізгі 3 бағытқа тоқталғым келеді. Бірінші - білім мәселесі. Екінші - ұлт аралық достық. Еліміздің бүгінгі әлемге үлгі болар тұсы бұл – ұлттар арасындағы татулық, осы жағдайларды жастарға ұғындыру керек екені айтылды. Үшінші, 2015 жылдан бастап жас отбасыларға бастапқы жарнасыз және төмен пайыздық көрсеткіште үйлер салуға 180 миллиард тенге қаражат бөлінетінін жеткіздіҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Қазақстан халқына «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» жолдауын іске асыру аясында, 2015 жылы Үлттық қордан әлеуметтік – маңызды нысандар құрылысы үшін – 3 979 304,0 мың теңге бөлінді.Жолдаудың негізгі бағыттарының бірі тұрғын үй ифрақұрылымын нығайту болып келеді.Ағымдағы жылы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен алғаш рет несиелеу шотынан тұрғын үй құрылысына - 2 500 000,0 мың теңге қаражат көлемінде бөлінді.
72.Қазақстанның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы.
Қалыптасқан геосаяси өмір болмысын және әлемдегі геосаяси күштердің қатарындағы өзінің орнын байсалды бағалай келіп, Қазақстан ТМД, сондай-ақ бүкіл әлем шеңберінде әр түрлі интеграциялық топтардың жұмысына белсенді түрде қатысуда, осы арқылы ол әлемнің ғаламдық проблемаларын шешуге өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге ұлттық мүдделерін шешуге жол ашады.
1992 жылы 2-наурызда Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі өзінің маңызы жағынан тарихи акция болды. Қазақстан БҰҰ-ға әлемдік қоғамдастықтың қатардағы жаңа мүшесі ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын, ядролық қарусыздану жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді. Біздің еліміз ЕҚЫҰ-ның, Парламентаралық Одақ пен Экономикалық Ынтымақтастық ұйымының мүшесі болғандықтан осы бірлестіктердің БҰҰ мен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған Бас Ассамблея қабылдайтын қарарлардың тең авторы болып табылады. Экономикалық Ынтымақтастық ұйымы 1985 жылы құрылды. 1992 жылғы қарашада жаңа жеті мемлекет, оның ішінде Қазақстан ЭЫҰ құрамына кіргеннен кейін аталған бірлестіктің қызметі елеулі түрді жанданды. ЭЫҰ-ның негізгі міндеті – мүше елдердің үздіксіз әлеуметтік- экономикалық дамуы үшін, аймақ мемлекеттері экономикасының шаруашылық байланыстарының әлемдік жүйесіне дәйекті түрде және бірте-бірте кірігуі үшін жағдай жасау болып табылады. Экономикалық реформаларды қаржыландыру, ұлттық экономиканың жекелеген салаларын дамыту жөніндегі арнайы жобаларды іске асыруға арналған заемдар мен несиелерді алу көзқарасы тұрғысынан Қазақстан Халықаралық Валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Еуропалық Қайта құру және Даму банкі, Азиялық Даму банкі, Ислам Даму банкі сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа басымдықты рөл береді.
73.ҚР Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаетің Тарих толқынында еңбегңндегң ұлттық тарихты зерделеуҚазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы – «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын көтерген тамаша тарихи құжат, Елбасы мен ел тынысының қосылуын паш еткен саяси памфлет болды. Қайта құру жылдарының «жариялылық» кезеңінен бері зерттеле бастаған ұлттық тарихымыздың ақтаңдақ беттері арқылы ұрпаққа жарық сыйлаған ТАРИХИ САНАНЫҢ қалыптасуы жаңа кезеңге жол ашты. Қазақ азаттық қозғалысы мен «Тұтас Түркістан» идеясының тарихы арқылы тамырымызды таныдық. Бұл жолда, 1931 жылы Түрік тарих қоғамын құрып, «Түрік тарихының басты бағыттары» деген бағдарламалық мәні бар еңбек жазған Ататүрік сынды, қазақ тарихымен тікелей айналысуға мәжбүр болған Елбасының «Тарих толқынында» атты еңбегі де үлкен мәнге ие болды. Тарихымызбен табысу арқылы «Тұтас түрік елі» идеясынан «Біртұтас Түркістан» идеясына дейінгі бабаларымыздың ЕЛ АЗАТТЫҒЫ жолындағы ұлы күресінің мазмұнын ұғындық.Ұлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттарды Мемлекет басшысы өзінің «Тарих толқынында» кітабында 1999 жылы қамтыған. 2003 жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» атты теңдессіз бағдарламаға бастамашы болды. Бағдарламаны іске асыру кезінде елімізде тарих саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктер мен әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мақалалар мен монографиялар және кітаптар дайындалды. Ұлттық тарихты зерттеу мен оның мәнін ұғыну идеясын Президент «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи Жолдауында тарқата түсті.Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның басты мақсаты - ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи өткенге сүйенбей - болашақ мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде мән-мағына мен құндылықтардың күресі жүріп жатыр. Көптеген түрлі түсініктер біздің ұлттық тарихымызда да кездесіп жатады. Бағдарламаның мақсаттарына байланысты ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Тұңғыш Президенттің рөлін зерттеу айрықша ғылыми және тарихи мағынаға ие. Бұл тұрғыда оның еңбек және саяси мансабы жолында болашақ саясаткер мен әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткерінің қалыптасуы тарихын зерттеу ерекше қадамды қажеттілік етеді. Ғылыми іздестіру жұмыстары мен Н.Ә. Назарбаевтың қызметтестерінен жиналған деректердің негізінде Тарихи-мәдени орталықта болашақ Президенттің Орталық Қазақстанды дамыту бойынша қызметінің бағытында фото, дыбыс және бейне материалдарынан құралған көп құжат жинақталды. ХХ ғасырдың 60-80-ші жылдарында Теміртау қаласы мен Қарағанды облысында болған экономикалық және әлеуметтік үдерістерді жан-жақты әрі шынайы баяндау, сондай-ақ осы жетістіктерде жас Нұрсұлтан Назарбаевтың салмақты үлесін мойындау «Халық тарих толқынында» бағдарламасын қалыптастыруда негізгі бағыттардың бірі болуы тиіс»,-деп атап өтілген мақалада. Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Мемлекет басшысының қызметін баяндау бойынша кешенді шараларды әзірленуде. «Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы» және «Қарағанды облысында Н.Ә. Назарбаевтың еңбек жолы туралы материалдар» атты екі кітап басылымға дайындалды, деп жазады Ж. Көлбаева. Бұл кітаптар Орталық Қазақстанның әлеуметтік-саяси, мәдени-экономикалық бейнесінің қайта құрылуы мен халықтың өмір сүру жағдайының жақсаруы бойынша Н. Назарбаевтың қызметімен байланысты оқиғаларды жария етуге негізделген. Сол жылдардағы құжаттар қарапайым еңбек адамының игілігі үшін бар күш-жігерін салған болашақ Ұлт көшбасшысының жеке үлесін айқындайтын көптеген фактілерді дәлелдейді.
74. ҚР Перезиденті Н.Ә.Назарбаевтың XXI ғасырдағы тұрақты дамудың энергоэкологиялық стратегиясы еңбегі және Элем XXI ғасыр манифесінің негізгі қағидалары
Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы қазіргі заманғы ғаламдық үдеріс жағдайындағы энергоэкологиялық мәселелерді шешу жолдары мен жаһандық энергетикалық және экологиялық қауіпсіз әлемді қалыптастыру мәселелеріне арналған. «ХХІ ғасырдағы жаһандық тұрақты дамудың энергоэкологиялық стратегиясы» атты кітаптың алғашқы тарауында басылым авторы бүгінгі таңда әлемде қалыптасып отырған жағдайға жан-жақты талдау жасайды. Сонымен қатар, мұндай күрделі мәселені шешудегі әлемдік институттар атқаратын іс-шаралардың бағыт-бағдары мен стратегиялық міндеттері де алға қойылады. Ал кітаптың екінші бөлімі тұрақты энергоэкологиялық дамуды жүзеге асырудың қағидалары мен әдістеріне арналған. Сөйтіп, жаңа еңбектің үшінші бөлімінде Қазақстанның және ЕурАзЭҚ мемлекеттерінің үлгісінде энергоэкологиялық стратегияны іске асырудың мүмкіндіктері кеңінен ашылған. Айта кететін тағы бір жәйт, монографияда бірқатар мемлекеттердің энергоэкологиялық дамуының алгоритмдері мен нақты схемалары да барынша қамтылған. Қорыта айтқанда, монография авторының «тек энергияны теңгерімді пайдаланудың бірлескен жолын даярлағанда ғана әлемдік қоғамдастық жаһандық экологиялық қауіпсіздік негізін құра алады» деген тұжырымының маңызы зор екендігі ақиқат.
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесі – жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге республиканың қосқан елеулі үлесі. Өз манифесінде Президент әлемді жоғары дәрежедегі жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікке жақындатуға мүмкіндік беретін жалпыға ортақ диалогке және бірлескен іс-қимылға, жалпы нақты әрекет ететін қауіпсіздік қағидаларын әзірлеуге үндейді. Бұл жерде, ең алдымен, халықаралық ядролық бақылауды күшейту жөнінде сөз болып отыр.
«Әлем. XXI ғасыр» манифесі заманауи халықаралық қатынастардың басты мәселелеріне қарсы әрекет етуге бағытталған Президенттің бітімгерлік бастамалар топтамасының жалғасына айналды.
75. Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны мен беделі
Қаз.н – әлемдік қауымдастықта. Қаз.н өз тәуелсiздiгін алғаннан кейінгі 20ж.ішінде сырт.саясат бағытында айтарлықтай жетiстiк\ге қол жеткізді. Тарих үшін 20 ж.өте қысқа мерзiм, әйтсе де, осы кезең Қаз.ң әл.к қау.қң егемендi субъектi ретінде қалыптасуы үрдісінде ең маңызды мерзiм болып таб.ды.. Өзара сенімділік қағида\ына негiзделіп, теңдестірілген көп векторлы сырт.саясат.ң арқасында Қаз.н әл.к қау.тың жоғ.деңгейдегі халықаралық мойындауына қол жеткізді.ҚР.ң Пр.ті Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, геосаяси тұрғыдан алғанда Еуразия құрлығы.ң орт.ғында орналасуы арқасында Қаз.н iс жүзiнде Шығ пен Бат.ң аралығындағы өзiндiк 1көпiрге айналды. Осы жағдай Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО ел\і мен мұсылман әлемі секілді ірі әлем.к ж.е аймақтық держава\ арасындағы күрделi геосаяси жағдайда сындарлы мүдде\ теңдігін сақтауға мүмкіндік береді Осы тұрғыда назар аударатын 1жайт – Қаз.н өз тәуелсiздiгін жариялағаннан кейін Кеңес одағы.ң ядро.қ қару-жарақ қоймасы мен жаппай қырып-жою қару\ы.ң (ЖҚЖҚ) едәуір бөлігін мұрагерлікке алды. Осындай жағдайда жас мемлекет.ң алдында атом қаруын сақтай отырып, әлемдегі 4шi ядро.қ держава болу н\е кеудемсоқтықтан бас тартып, ядросыз әлемге қадам басу секілді өте үлкен таңдау тұрды. Пр. Н.Назарбаев.ң сол кезеңде жаппай қырып-жою қаруынан бас тарту туралы шешiмі әл.к қау.қ тарапынан үлкен қолдауға ие болған еді. Респ басшылығы.ң өз еркімен ядро.қ қарудан бас тарту мен Семей ядро.қ полигонын жабу арқ. ядро.қ қарусыз, қауiпсiз әлем құру жолындағы табанды шешімі ЖҚЖҚ-дан  өз бастамасымен бас тартқан ел ретінде құрметті алғ.орынды иемденуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар тағы да атап өтетін өте маңызды 1жайт – ол бiз.ң Елбасымыз.ң ұсынысы б.ша БҰҰ Бас Ассамблеясы.ң 29-тамызды ядро.қ сынақ\ға қарсы халықаралық әрекет\ күні етіп жариялау бд.ды. Тәуелсіздік.ң алғ.жыл\ынан бастап Қаз.н өзін халықаралық қатынас\д.ң маңызды мүшесі ретінде көрсете білді. Бүгінгі таңда еліміз жетекші интеграциялық құрылым\ мен әлем.к қауымдас.қ өміріндегі өзі.ң сындарлы қызметi.ң арқ. заманауи әлемi.ң экон.сы мен саясатында белсендi рөл атқаруда. Респ.мыз.ң  халықаралық  мәртебесi.ң жоғ.екендігі.ң мыс.ы ретінде Қаз.ң ТМД, ШЫҰ, ЕврАзЭҚ, ЕҚЫҰ ж.е ИКҰ сияқты беделді халықаралық құрылым\ға төраға ретiнде сайлануын алуға б.ды. Сонымен қатар өз кезегінде Қаз.ң бастама.ы да әл.к қау.қ тарапынан қолдауын тауып отыр. М/ы, ҚРң Пр.ті Н. Назарбаевтың 1992ж БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-шi сессиясындағы Азиядағы өзара әрекеттестік ж\е сенім шара\ы жөніндегі кеңес шақыру туралы бастамасы әлем ел\інің қолдауына ие болды. Жаһандық саяси кеңiстiктің жаңаруы жағдайындағы Н. Назарбаевтың бұл ұсынысы ерекше өзектi болды. Елбасының  Еуразиядағы бейбітшілікті сақтау мәселе\і мен халықаралық қауіпсіздіктің кең белдеуін қалыптастыру жолындағы белсенді саясаты әл.к қау.қ алдында Қаз.ң бейбітшілік сүйгіш мем.т рет.гі жағымды беделінің қалыптасуына ықпал етті. Қазіргі таңда АӨСШК ұйымына 20дан астам азиялық ел мүше- мем.т\ ретінде кірсе, әлемнің түрлі құрлық\ының оннан астам мем.\тері бақылаушы\ болып табылады. Сонымен бiрге Азиядағы өзара әрекеттестік және сенім шаралы жөніндегі кеңес жұмысына БҰҰ, ЕҚЫҰ және АЕЛ секілді халықаралық ұйым\ ат салысуда. Респ.мыздың азиялық және еуропалық қауіпсіздік құрылым\ында жауапты мүше ретінде араласуы оның беделін арт.п, түрлі пікіралмасу алаң\ындағы өкілеттілігін кеңейтті. Ел.ң басшылығы мен дипломатиялық кешенінің ерен еңбегінің негізінде еліміз көп жақты ынтымақтастықтың жаңа сапалы деңгейiне шықты. Респ.ң халықаралық деңгейдегі беделінің өскендігін Қаз.ң 2010ж ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі тағы да бір рет дәлелдеді. Бұл беделдi еуропалық ұйымның модераторы рөлiн орындай отырып, ҚР Пр.тi Н. Назарбаев Астанада ЕҚЫҰ-ға  мүше-мем\дің мем.т және үкiмет басшы\ының саммитін өткiзу туралы бастама көтерді. ЕҚЫҰ-ның саммитіне ұйымның 56 мүше-мем.і мен ынтымақтастық жөніндегі 12 әріптес-елдің мем.т және үкiмет басшысы, ресми тұлға\ы, сонымен бірге басқа да халықаралық және аймақтық ұйым\дың өкіл\і қатысты. Он жылдық үзiлiстен кейiнгі ЕҚЫҰ ел\інің басшы\ы кездесуінде, қауiпсiздiкке сенiм және ашықтық негiзiнде қарайтын Ұйымының жалпыны қамту жолын қайта растаған «Қауiпсiздiктiң қауымдастығына апарар жолда» атты Астана декларацияны қабылданды. Қаз.ның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы мен Астанадағы өткізілген басқосу әл.к қау.қ пен шетел мем\iнiң ықпалды көшбасшы\ы тарапынан жоғары бағалағды. ЕҚЫҰ, ИКҰ және ШЫҰ секілді беделдi халықаралық ұйымдардағы өз төрағалығы аясында Қазақстан аймақтық қауiпсiздiк жүйесiнiң нығаюуына және де көп жақты ынт.ң бұдан ары орнығуына өзіндік үлесін қосып келеді. Мысалы, ШЫҰ-ның төрағасы ретіндегі Қаз.ң негізгі басымдықтарының бірі – Орталық Азия аймағындағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті сақтау. Бұл мәселеде Ұйым.ң БҰҰ, ЕҚЫҰ, АӨСШК, ИКҰ, НАТО, ҰҚКҰ ж/е де басқа да халықаралық интеграциялық құрылым\мен өзара тығыз әрекеттестік орнатуы маңызды рол атқ.ды 2011 ж. жазда Қаз.н Ислам конференциясы ұйымына төрағалық еті мандатын қабылдап алады. Бұл жағынан алғанда, еуропалық қауіпсіздіктің негізгі құрылм\ның бірі – ЕҚЫҰ-на өрағалық етудің белсенді кезеңін бастан өткерген қаз.дық дипломатияның ИКҰ басшылық ету барысында «өркениеттер пікіралмасуы» жаңа тетігін жұмысқа қосуға қажетті тәжірибесі болады. Осы жерде айта кететін тағы бір маңызды мәселе – қаз.дық басшылықң соңғы жыл\да жүргізіп келе жатқан өркениет\ мен дін\ арасындағы пікіралмасуды тереңдету мен дамыту саясаты аса маңызды сыртқы саяси қарекет екендігі. Қаз.н 2003, 2006 және 2009 жыл\ы әлемнің негізгі конфессия\ының діни өкіл\ін жинаған «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшы\ының» үш съезін өткізген болатын. Өткен съез\ барысында Қаз.н През.ті Н.Наз.ң бастамасы б.ша өркениетаралық ж/е дінаралық қатынас\дың барынша өзекті мәселе\і талқыланды. Бұл форум\дың негізгі мақсаты әлемдік дін\дің өзара бейбіт дамуы және де дін\ диалогын жүзеге асырып, бірлескен шешім\ қабылдауға қажетті тұрақты жұмыс істейтін халықаралық дінаралық институт құру болып табылады. Әлемдік және дәстүрлі дін\ көшбасшы\ының IV съезi 2012 жылды Астана қаласында өткізу жоспарланған. Қаз.н сыртқы саясатының тағы бір маңызды векторы ретінде ТМД кеңістігіндегі интеграция мәселесін алуға болады. Қаз.н Пр.ті Н.Назарбаев алғаш рет 1994ж наурызда Мәскеу мем.тiк университетi қабырғасында Еуразия одағын құру туралы бастамасын көтерген болатын. Еуразиялық бастамаң нақты жүзеге асуы.ң мысалы ретінде бірнеше мемлекетаралық құрылым.ң жұмыс жасауын, оның ішінде ЕврАзЭҚ және соның негізінде құрылған Қаз.н, ресей және Белорусь ел\інің Кедендік одағын атауға болады. Осылайша, Қазн бүгiнгi таңда сыртқы саясаттағы алдына қойған барлық мақсат\ына жетті деп сеніммен айтуға болады. Бұған осыншама қысқа мерзімде қол жеткізілген халықара.қ бедел мен ел.ң әлемдік танымалдығы мысал болады. Қаз.н әлемдік саясатта маңызды рөл атқ. бас.ды, және де ҚРның кейбір бастама\ы да әлемдік қауымдастық тарапынан қолдау тапты. Қаз.н Пр.ті Н.Назарбаев.ң сындарлы саясат.ң арқ.да Қаз.н Орт Азия секілді тұрақсыз аймақтағы тұрақ.қ пен қауіп.к аралына айналып қана қоймай, сонымен қатар экон.сы қарқынды дамып, халқының әл-ауқаты үнемi артып келе жатқан гүлденген мем.ке айналып келеді.

Приложенные файлы

  • docx 17554467
    Размер файла: 246 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий