arakhno_shpor_alfavit


Акарапидоз. Акарапидоз(кене ауруы) - акарапис Вуди (Acarapis Woodi) өте ұсақ кенеден пайда болатын есейген аралардың тыныс алу мушелерінің ауруы. Кене сопақ пішінді келеді, оның төрт жүп кішкентай аяқтары болады, ауыз аппараты қадалғыш-сорғыш.Ол кеңірдектерде, есейген араладың қанатгарының түбіңде тоғыштар ретіңде тіршілік етеді. Кенелер араның гемолимфасымен қоректенеді. Акараписпен зақымданған аралардың кеңірдекгеріңце қан айналу бүзылады жөне олардың жеке салаларыңда өлістену (некроз) байкалады. Әсіресе қанатгар маңындағы кеңірдек шаңдары күшті зақымданады. Ауруға шалдыққан ара үшу қабілетінен айырылады, өлжуазданып барып өлім-жітімге үшырайды. Акарапис кенесі ара денесінде ғана тіршілік етеді, сыртқы ортаға ол төзімсіз, тез жойылады, аралар өлігінде сақталуы бес күнннен аспайды. Ауру қыста, кейде жазда ауа райы үзақ уқыт бүлыңгырланып, жауын- шашын жауып өткеннен кейін, аралар тығыз жинақталып отырғанда үдей түседі. Бүл кезде кенелер бір арадан екіншісіне оңай жорғалап аусады.Ауру белгілері. Ауру көктемде, отбастарды қыстаудан шығарғаннан кейін байқалады. Ауру үшуға тырысады, бірақ қүлап түсіп, омартаның айналасында жорғалайды. Ауруға шалдыққан аралар қанаттарының табиғи орналасуы өзгереді. Олар өр жаққа бұралып турады. Диагноз қою үшін залалданған отбастардың өр қайсысынан елуден жорғалайтын аралардытт ірікгеп алып, оларды зерттеуге мал дөрігерлік зертханаға жөнелтеді. Осы жөне басқа оматаларда ауру анықтағаннан кейі радиусы 5 км аймаққа карантин қояды.Инвазияның көзі- ауру аралар. Кенелер сау араға тек ауру араларымен тікелей жанасқанда ғана қадалады. Акарапидоздың омартаға жайылуының бірден бір себебі-үрлық етуші аралар жөне аналық араның айналасында жаңадан үйір қүру.Аурудын алдын алу. Омарталарда күшті отбастарды үстайды. Араларды қүрғақ қыстауларда қыстатып шығарады. Омарталар үшін орынды үстірттеу жерден таңдап алады. Ара отбастарын әдейі сау омарталардан тандап алады.Күресу шаралары: Егер омартада біриеше ауру отбастар байқалса, онда аурудың таралуына жол бермеу үшін оларды жою жөн. Ауру байқалған омарталардың барлық отбастарын көктемде акарицидгік препараттардың- фольбекстің, тедионның, этилдихлорбезилаттың аэрозольдарымен шашу арқылы залалсыздандырады. Бүдан бүрынырақ үяның шеткі қоректік рамкаларын алып тастап бос кеңістік жасалынады. Үяның жоғарғы жағына қағаз парактарын салып, онан саңлауларын, қосымша үйшігі мен корпусы арасындағы жіктерді балшықпен жағып, қағазбен желімдейді. Отбастарды кешке, барлық аралар үяларына оралғаннан кейін өңдейді. Тедионның бықсыған таблетқаларын арайы темір пластинкаларда төменгі тесікт арқьшы үя түбінің ортасына он еселендіріп төулік аралата әр отбасқа 1 грамнан енгізіп, 5 сағат бойы үстайды. Фольбекс пен этиддихлорбензилатты (мөлшері 0,5 грамнан) сегіз еселендіріп 7 күн аралата қолданады. Фольбекс немесе этилдхлорбензилат сіңірілген қағаз тілігін иіп, екі жағынан бірдей жағады жөне бықсып жанған күйіңце төменгі тесік немесе төбе арқылы үяның бос кеңістігіне енгізеді. Төменгі тесікті жауып немесе балшықпен жағып, үяны осындай күйде фольбекспен 30 мин, этилдхлорбензилатпен 1 сағат үстайды.
Акариформды кенелердің ветеринариялық маңызы, жіктелуіПсороптоз(тері қотыры,көң қотыры) Кенелер тері үстінде жорғалап,денесіндегі қылшықтармен және аяқтарындағы жабысқақтарымен,содай ақ сөл соруға бейімделген ұзын тұмсықтарымен теріде орналасқан рецепторларды тітіркендіреді,сондықтан тері қышынады.Қышынған жерлерін жануар тісімен жарақаттайды,сілекейімен ылғалдандырады.Осының барлығы алғашқы ошақта кененің жылдам өсіп өнуіне әсерін тигізеді.Терінің қышынуына кенелердің жарақатқа енетінулы сілекейі де әсерін тигізедіСаркоптоз(қышыма қотыр). Acariformes тегіне жататын ұсақ кенелер қоздыратын инвазиялық аурулар малдың төрт түлігінде түгел кездеседі.Бұл ауруды ел арасында қотыр деп атайады.Қотырды малдың түлігіне байланысты қышыма,көнтек,қыршаңқы деп те атайды.Мал жануарлар қотырын саркоптоид кенелері қоздырады.Қотыр кенелері иксодид,аргазид кенелеріне қарағанда өте ұсақ кенелер.Олар мал жануарлардың тұрақты паразиттері. Хориоптоз (тері жегіш қотыр)Ірі қараның аяқтары құйрық түбі,кейде желін терісі зақымданады.Жылқының аяқтары және санының ішкі жағы зақымдалады.Ешкі хориоптозы сирек кездесетін ауру.Аурудың алғашқы белгілері аяқ тұсында ғана болып,кейбір жағдайларда дененің басқа бөліктерінде де тарайды.Ауруға шалдыққан жерлері қатты қышиды,терінің эпидермисі қатты қайызғақтанады және жүні түсіп қалады.Ешкі малын емдегенде оларды тоғытуды ауыр көтеретін еске алу шарт.Ем және дауа шараларын жүргізілгенде ешкінің тұқымдасына дейін ескерген жөн.Себебі биязы жүнді ешкілер тотығуға аса сезімтал келеді.Хориоптозды анықтау емдеу және дауа шаралары саркоптозоидың басқа түрлеріндегідей жүргізіледі Ет қоректілердің отодектозы. Отодектоз ит пен мысықтан да басқа бағалы терілі аңдарда кездеседі.Инвазиямен көбінесе жоғарыда аталғандардың 1,5 айдаң 4 айға дейінгі күшіктердің зақымданады.Кейде ауру зілді түріне көшіп ауырғандардың ішінен өлім жітім көбейеді.Кенелерді мекен ететін негізігі орындары;құлақтың сыртқы қалқаны,сыртқы есіті түтігі және дабыл жарғағы Құс кнемидокоптозы.Аурудың қоздырғышы аяқтың қауырсынсыз жерлері қбыршақтарының астында өсіп,дамиды.Қабынған жерлер уыттанады.Одан шыққан дымқыл сұйық шаңмен араласып,құс аяқтары былғаныш сұр түске боялады.Қабыну және қышыну салдарынан құс аяқтарын шоқып тастайды,ауру асқынып аяқтары өлі еттенуге дейін барады. Ит демодекозы. Аурудың иттерде қабыршақты және іріңді безеулі түрлері болады. Алғашқыда кенелер қабақ доғасы, ерін, бет, мойын, шынтақ тұсындағы теріні мекендеп,сонаң соң басқа жерлеріне тарайды.Кене мекендеген ошақтардың түгі түседі,терісі қызарады,қалыңдайды,тыржыяды,кебек тәрізді қабыршақтар пайда болады.Кейде тері жарылып,үстіне қан шығады.Терінің қышуы әдетте білінбейді не өте әлсіз.Ауру иттерде қан аздық дамып,арықтау үдей түседі.Олар әбден титықтап,арықтап,созылмалы сепсистен өледі.
Бөгелектер және олардың ветеринариялық маңызыбөгелектер имаго сатысында қореқтенбейтін,ауыз аппараты жетілмеген,қосқанатты, денесін түрлі түсті түк басқан жәндіктер.Олардың балаңқұрт сатысы әртүрлі жануарлар ағзасын мекендеп, паразиттік тіршілік етіп өседі.Бұлар қосқанаттылар отряды қысқа мұрттылар отряд тармағына қарасты 3 тұқымдастықтарға жіктеледі.Бұл аурулар тобына ірі қара гипедерматозы,яғни оқыра жылқы гастрофилезі (қарын бөгелегі) , ринеэстроз(пысқырық бөгелегі) қой эстрозы (кеңсірік бөгелегі) ж/е т.б. жатады.Бұл аурулар еліміздің барлық түпкірлерінде кездеседі,сол себептен де мал шаруашылығына оразсан зиян келтіреді.
Бүргелер, зияны, ветеринариялық шаралар. Бүргелер - сүтқоректілер мен құс денесіндеВмір сүретін, ұсақ қанатсыз қансорғыш жәндіктер. ТМД елдерінде бүргелердің 500 түрі белгілі. Бүргелер Siphonaptera тегіне жатады. Бүргелердің қансорғыштар ретінде, сондай-ақ індет және инвазиялық аурлардың қоздырғыштарын тасымалдаушысы ретінде зияндылығы мол.Зияндылығы: Бүрге шағуынан мал ауырсынады, қышынады, шаққан жері бөртеді. Тұяқтылар мен құс бүргелері ұзақ уақыт қан сорып, жануарларды бірқатар қансыратады. Мысалы, алақұрттың ұрғашысы тәулігіне 100 мг-дай қан сорады, ал олар әр малға 700-ден 7000 -ға дейін жабылуы мүмкін. Олар өте ауыр, кейде өлім-жітімге ұшырататын - вермепсилез ауруын қоздырады. Бүргелермен зақымданған қой қанындағы гемоглобин мөлшері 20%-дай төмендейді, мал арықтайды, тістерімен терінің қышыған жерін қасиды, 40%-ға дейін жүні түсіп қалады. Бүргелермен зақымданған ит пен мысықта және шошқада дерматит дамиды, олар арықтайды, тауықтардың жұмыртқа салғыштығы 5-50% төмендейді, балапандарының өсіп, жетілуі баяулайды. Шаралары:Бүргелерге қарсы күрес шараларын ұйымдастырғанда, жәндіктердің таралып кетуі мен көбеюіне кедергі жасау және оларды мал қоралары мен жануарлар үстінде жою сияқты шаралар жүргізіледі. Бүргелердің таралып кетуіне жол бермеу үшін, жаңадан келіп түскен малды тексеруден өткізіп, зақымдалған жануарларды инсектоцид препараттарымен дәрілеу қажет. Мал үстіндегі бүргелерді жою үшін 0,05% перметрин эмульсиясы және т.б ерітінділер қолданылады.Бұл дәрілерді тері үстіне бүркку әдісімен шашады.Осы препараттарды бүргесі бар қораларды дезинфекциялау үшін және бүргелердің өсіп, өнетін жерлерін зарарсыздандыру үшін де пайдалануға болады.
Бір, екі және үш иелі иксодид кенелері, ветеринариялық маңызыТабиғатта кене нің әрбір даму сатыларының қоректену ерекшеліктеріне байланысты, олардың көпшілік түрлері әрдайым иелерін ауыстырып, тіршілік циклы күрделенеді.Кененің әр даму сатысының иелері түрлерімен олардың санына сәйкес, тіршідік циклында кенелер көп, үш, екі және жалғыз иелі тоғышарларға бөлінеді.Ұрғашылары бірнеше гонотрофикалық цикл жасайтын және нимфалық сатыларының саны бірнешеге жететін, аргас кенелері көп иелілер тобына жатады.Барлық даму сатыларында бір жануар тұрінің қаның сорып, соның денесінде өсіп өнетін кенелер бір иелі тоғышар болып табылады.Личинка мен нимфалары жануардың бір түрінің, ересек ұрғашы кенесі басқа жануарлардың қанын сорса, оларды екі иелі тоғышарлар тобына жатқызады.Үш иелі кенелердің әрбір даму сатыларының өзіне тәе иесі болуға тиіс.Иксодид кенелерінің мал дәрігерлік маңызы олар жануарлардың сырт паразиттері боллып есептелсе, екінші жағынан аса қауіпті инвазиялық, жұқпалы аурулардың қоздырушысын таратады.Dermacentor marginatis үш иелі кене . Олар жылқының пираплазмоз ауруларынан басқа ірі қараның анаплазмозын , қой анаплазмозын және тейлериозын сондай ақ кеміргіштердің тулеремиясын тасымалдайды. Rh.bursa – екі иелі кенелер , көбіне ірі қара мал мен қойдан табылады, ал Rh. Pumilio үй және тағы хайуанаттарына онымен қоса адамға да жабысады. Rh.bursa – кенелері қойдың бабезиозын , тейлериозын және пироплазмозын тасымалдайды.
Варроатоз. Варрооз. Бұл инвазиялық ауру ересек араларды және ара ұрығын закымдайды.Коздырғышы: Varroa jacobsoni кенесі. Ұрғашылары 1-8мм көзбен көруге болады. Еркектері 0,9мм. Бұл кенелер араның арқасына әсіресе басы мен денесі жабысқан орынға шабыуыл жасап, сол жерден қоректенеді. Жұмыртқалардан дкененің дамуы 7-8күн. Жылдам көбейеді. Сыртқы ортада тіршілігін сақтай алмайды. Араның ұясының ішінде 40 күнге дейін тіршілігін сақтай алады. Көктем кезінде көбейеді, Жаз айларында 6-10есе көбейеді. Ауру белгілері:Қызырып көрінеді, тынышсызданады. Көбейіп кеткенде өледі. Балаң құрт лимфасын сорып қоректенеді. Аталық аралар көп зардап шегеді. Анықтау. Лупамен араның балаң құрттарын қарайды. Емдеу:Қазақстанның көптеген шаруашылықтарында химиялық, физикалық, биологиялықәдістермен емдейді. Химиялық әдіс арнайы химиялық дәрілер қолданылады: құмырсқа қышқылы буымен ұстау, қымыздық қышқыл 1-1,5пайыз буымен ұстайды. Дәрілер: Вибормен өңдейді, Ворратин, Фальбекс(арнайы қағаз) өңдейді. Ветеринариялық-санитариялық шаралар: Омартаға шектеу қойылады; ұяларды өңдейді
Вольфарт шыбындыры, ветеринариялық маңызы Вольфартиоз немесе жарақаттың Вольфарт шыбыны балаң кұрттарымен зақымдануы. Төрт түлік мал ішінде, құрттау көбінесе қойда жиі кездесетін, Қазақстанда кең тараған ауру.Вольфарт шыбыны ірі, дене тұрқы 9-13 мм, ашык-сұр немесе күл түсті. Арқасында үш ірі қара жолағы, құрсақ жағында ірі дақтары бар, қанаттары мөлдір. Шыбын балан құрттары мал жарақатында үлпа торшаларымен, сөлімен қоректеніп, жарақатты асқындырады, жара көп уақыт бойы жазылмайды. Мал тынышсызданады, азып кетеді.Вольфарт шыбыны балаң құрты мен зарарланған мал құрттаған жерін қасып, аса қатты тынышсызданады, жарақатын кез келген жерге сүйкейді немесе тісімен тістелеп қасынады, өрістен қалып, қатты арықтайды. Кейбір жағдайларда құрттаудан қой өліп те қалады. Вольфартиозға шалдыққан мал мазасызданып, дүрыс жайылмайды, дене қызуы көтеріліп, күрт арықтайды. Жа- радағы балаң қүрттар қоршаған ұлпаны ерітіп, қоректенуімен бірге, теріні қышытып, қатты ауыртады.
Вольфартиоз, емі, алдын алу шаралары.Вольфартиоз немесе Вольфарт шыбыны юалаңқұрттарымен зақымдануы.Төрт түлік мал ішінде, құрттау көбінесе қойда жиі кездесетін, Қазақстанда кең тараған ауру,Вольфарт шыбыны ірі, дене тұрқы 9-13 мм, ашық сұр немесе күл түсті.Арқасында үш ірі қара жолағы, құрсақ жағында ірі дақтары бар, қанаттары мөлдір.Вольфартиоз ауруы Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі.Бұл ауру қой шаруашылығында кең тараған.Қой шаруашылықтарында қырықаннан кейін, қой арасында жаппай воьфартиоз байқалады.Шыбын балаң құрттары мал жарақатында ұлпа торшаларымен, сөлімен қоректеніп, жарақатты асқындырады, жара көп уақыт бойы жазылмайды.Емдеу.Дәрілер толық зерттелмеген.Ивомек, ивермек, аверсек дәрілері қолданылады.Алдын алу шаралары.Қойды қырыққан кезде сақтық шараларын сақтап, мал терісі жарақаттанбауына көңіл бөледі.Егер тері жарақаттанса, оны қолма қол емдеп, үстіне кілегейлі шырыш желіммен жабады,Жараларды күнбе күн қадағалап отырады.Малды жаз айларында күнделікті бақылаудан өткізіп, жарақаттарды дер кезінде тауып, ем шараларын жасайды.
Гамаз кенелері , жіктемесі, морфологиясы мен биологиясы Гамазоид кенелері де паразитиформ тегіне жататын буынаяқтылар. Бұл кенелер тобы ішінде Dermanyssus gallinae тауық кенесінің практикалық маңызы зор. Бұл кене боррелиоз, орнитоз, тьірысқақ және оба ауруларының қоздырғыштарын тасымалдайды. Сонымен қатар бұл кенелер құс денесіне жаппай жабылғанда олар азады, жұмыртқалау қабілеттілігі төмендейді, тірілей салмағы кеміп, балапандар өлім-жітімге ұшырайды. Тауық кенелері I).D.gallinae ұсақ, тұрқы 0,75 мм-дей (аш кезінде) қозғалымпаз буынаяқгылар. Аш кенелер ашық сары түсті, қан сорған соң олар қызарады, сонсоң қоңырқай тартады. Пішіні сопақ, үстінде көптеген қылдары бар. Дене сырты көптеген қалқаншалардан (склеритгерден) құралған, ал олардың арасында созылымпаз жарғақ бар, ол кененің қан сорғанда 2 есе үжеюіне мүмкіндік береді. Аяқтары ұзын, оның ең бірінші буыны - коксалары қозғалымпаз, ал ең соңғы буын таба- нында жұп тырнақшалары және мөлдір жабысқағы бар. Бірінші жұп аяқтары сезім қызметін атқарады, кене қозғалғанда алдыңғы аяқтары жылдам көтеріліп және жылдам төмен түсіп, кене өз жо- лын сипап көргендей болады, себебі тауық кенесінің көзі жоқ. Ауыз мүшелері тесіп-соруға бейім: жоғарғы жақтары (хелицерлері) ұзын және үшкір. Тыныс тесіктері (стигмалары) 3-ші және 4-ші коксалар тұсында ашылады. Кененің еркегі ұрғашыларынан кішірек, хелицерлері қысқарақ, бірақ қомақты. Балаң кенелері қан сормайды, сыртқы қабыршағы мөлдір, шыны түсті.Тауық кенелері құс қораларында, құс ұяларында мекендейді. Олардың жиылатын жерлері: қабырғаның саңылауы мен жарықтары, құс қораларындағы қоқыс және шаң.
Гамаз кенелеріне қарсы ветеринариялық шараларбұл кенелермен тиімді күрес құстан босатылған қораларда жүргізіледі.Ол үшін қора ішін құс саңғырығынан мұқият тазалап,ағаштан жасалған бұйымдарды сыртқа шығарады.Құс қора ішінде дератизация жүргізіледі,көгершін,қарлығаш және торғай сияқты құстардың ұяларын алып тастау қажет.Перитройдтар,макроциклді лактондар,ивермек-он,карате фюри жаксы әсер етеді.Мал қораларын тазалау,малды кенеге қарсы дәрілеу,мал қорасын дезакаризациялау.
ГастрофилезГастрофилез - тақ тұяқтылардың (жылқы, есек, қашыр) асқазан жолдарын, таз қарнын мекендейтін gastrophilidae тұқымдасының Gastrophilus туысына жататын бөгелек балаң құрттары қоздыратын энтомоз ауруы. Гастрофилез малдың ас қорыту процесі бұзылуымен, жануарлардың бірте-бірте арықтауымен, гастритке, гастроэнтеритке шалдығуымен сицатталады.Қоздырғышы. Қазақстанда тақ тұяқтылардың гастрофилезін бірнеше бөгелек түрлері қоздырады.Жылқы бөгелектерінің ішіндегі ең ірісі. Дене тұрқы 13-16 мм, сары қоңыр түсті. Басы үлкен және түкті. Басында екі күрделі және 3 қара- пайым көздері орналасқан. Құрсақ жағында денесін дақтар басқан. Жүмыртқасы сары түсті, ұзындығы 1,2 мм айқын көрінетін көлде- нең жолақтары бар.. I сатыдағы балапан құрттардың ұзындығы 1,05-1,1 мм, ақ түсті. Бас жағында екі ілмекті аузы бар.III сатыдағы балаң құрттардың дене тұрқы 20 мм, пішіні сопақ. Денесінің әр буьштығында екі қатар тікенектері бар, біреуі екіншісінен ірірек.Өсіп, өнуі. Қарын үлкен бөгелегінің ұрғашылары жұмыртқаларын бір бірден жылқының аяқ иық кеуде түктеріне желімдейді.Ауру белгілері:жылқының асқазындағы балаң құрттардың санына байланысты.бөгелек балаң құрттары көмей немесе жұмсақ таңдайда болған кезінде жылқы жөтеледі,суарғанда мұрыннан су қайта ағады,жем шайнауы ж/е жұтуы қиындайды.Анықтау:созылмалы өтеді,сойған кезде анықтаймыз,аллергиялық,серологиялық әдістер ұсынылған.Вет-шаралар:жылқыны жайлауға жаю,30 км дейін жақсы ұшады,ивермектин дәрі, эквален пастасы,аксоматпен өңдеу керек.
Гиппобоскоз, этиологиясы, ветеринариялық шаралары. Гиппобоскоз жылқының қансорғыш ауруы.Puperia отрядына жататын Vippoboccidae қансорғыш жәендіктер.Бұл қойдың қансорғыштарына ұқсас, екі үлкен қанаты бар, сорғыш түкті, аяқтары жақсы дамыған, көздері жақсы дамыған, шыбынға ұқсас бөгелек жәндіктер туғызады.Ветеринариялық шаралар.Жылқыны және басқа қансорғыштарға қарсы синонтроидтарды өңдеп тұру керек.Циодрин 1%, неоцидол 0,5% 50 мл шошып отыру керек.Жаз кезінде сауылатын сиырға оксамат 20%-50 мл көлемәнде шашуға болады, оны 2күнде шашып отыруға болады.Кейбір зерттеушілер аверсек, ивермек қазіргі кезде қолданылатын дәрілерді ұсынады.Алдын алу үшін қораларды таза ұстау, жылқы қораларының ішіне дезинсекция жұмыстарын жүргізу керек.
Дезакаризация және оның әдістерікенелерді жою,дезинсекцияның түрі.Дезакаризацияны жүргізу нысандары жануар денесі,бөлмелер,кене биотопы.Дезакаризацияны фермаларда,тауык фабрикаларында,ет комбинаттарында ж/е т.б. басқа нысандарда жүргізеді.Профилактиканы жүргізуді алдын ала жоспарлайды,ол үшін кененің биологиясын,дамуын және акарицидтік препараттардың әсер етуін.Дезакаризацияны жүргізудің механикалық,физикалық,биологиялық,химиялық және аралас түрлері болады.
Дезинсекция және оның әдіс- тәсілдері. Ауру қоздырғыштарын тарататын зиянды жәндіктері жою үшін мал фермаларында, құс фермаларында, ет комбинаттарында, қоймаларда т.б. қолданылатын малдәрігерлік санитариялық шаралардың бірі.Дезинсекцияның мақсаты ауру қоздырып, тарататын жәндіктері жою және олардың өсіп өнуіне, көбеюіне жол бермеу.Дезинцекцияның физикалық, механикалық, химиялық, биологиялық әдістері бар.Физикалық әдісті қолдану кезінде ыстық не суық температурамен бумен өңдеу, өртеуу, жоғарыы тербелісті ультраток, иондаушы сәулелердің әсерін пайдалану арқылы ұсақ жәндіктерді жояды.Механикалық әдісті қолдану кезінде есік, терезе торланып, қорай жай көн қоқыыстан тазартылады.Химиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жою үшін улы препараттар қолданылады.Биологиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жоюға құс, балық , микроорганизмдер пайдаланылады.Дезинсекция арнайы мекемелер мамандарының бекітуімен белгіленген ережеге сай жүргізіледі.Әдетте дезинсекциялық шаралар дератизациямен қатар орындалады.
Демодекоз. Ірі қара демодекозы. Қазақстанда кең таралған ауру бо- лғанымен, толық жете зерттелмеген. Көбінесе 6 айдан асқан төл ауруға шалдығады. Оларда демодекоз желтоқсаннан тамызға дейін байқалады.Патогенезі. Демодекс кенелері түк буылтығы мен май. бездеріне өте жылдам өсіп — өніп, шоғырланып өмір сүретіндіктен, ең алдымен түк буылтығы мен май бездері семеді. Соның салдарынан терінің физиологиялық қызметі бүзылып, теріде улы заттар жиналады.Ауру белгілері. Малдың мойын, жауырын, кеуде, арқа терісінде, диаметрі 2-10 мм тығыз дөңгелек төмпешіктердің ұшынан қанды ірің шығып түрады, ал қысқан уақытта одан ақ балауыз тәріздес зат бөлініп шығады. Зақымдалған жердің жүні ұйысып, түсе бастайды.Терінің қышуы байқалмайды. Ауруды анықтау. Клиникалық және эпизоотологияльік деректерге қоса, міндетті түрде микроскопиялық зерттеуді жүргізеді. Ол үшін қан алатын инемен, төмпешіктің ішіндегі жиналған жалқаяқты сорып алып, оны көлемі екі есе мол керосин, вазелин не 10 пайыздық ИаСL ертіндісімен араластырып, бір тамшысынан жасалған препаратты, микроскоптың сәл қараңғыланған әйнегімен қарап, тексереді.Емдеу. Кенелер тері қабатында өмір сүретіндіктен, одарды құрту өте қиын. Демодекоз шыққан шаруашылықта, мал терісіне акарицид эмульсиясын бүркіп — шылайды немесе арнайы щеткамен дәрі жіберіп, ысқылап, тазалайды. Мал түгін акарицидтермен 5-6 рет домдау қажет. Дәрілеуді 4-5 күнде бір рет жүргізеді. Демодекс кенелеріне қарсы 0,5 пайызды дикрезил, циодрин, 0,1%- дық неоцидол сулы эмульсиясын қолданады. Демодекозм бен ауырған малды емдеуде синтетикалық пиретроидта|г«і жақсы нәтиже беруде. Олардың эмульсиясын мал үшін 7-10 күнде бір рет 2-3 рет бүркеді. Ол үшін 0,02-0,05 % стомазан, цимбуш және сумицидиннің сулы эмульсиясын ересек малға 500 мл, ал төлге 250 мл мөлшеріндіі қолданады. Сондай-ақ ивомекті де пайдалануға болады. Бұл дәріні малдың бір кг тірі салмағына 2мл мөлшерінде тері астына жібереді.Алдын — ала сақтандыру. Ай сайын шаруашылық клиникалық тексеруден өткізу керек. Ауру шыққан мал гурттіңде 10 күң аралығында екі рет емдеу жүргізіледі. Мал қорасымен жабдықтарды дезакаризациялау керек. Қоражайда адам мен малға қауіпсіз дәрілер сиктетккалык пиретроидтар:0,02-0,03 пайыздық цимбуш пенсумицидиннің сулы эмульсиясы. Бұларды 10 мл/м2 есебім қорада жаппай бүркеді. Емдеу жұмысы мал демодекоздан толық арылғанша жүргізіледі.
Ешкі кривеллиозыкривеллиоз-ешкінің тері асты бөгелегі туғызатын ауру.немесе ешкі оқырасы деп те аталады.Hyp.silenus буын аяқтылар типіне жатады.диптериа отрядына қосқанатты,мұрттары қысқа.Ірі қара гиподерматозына өте ұқсас.Орташа деңгейдегі шыбын,көздері өте жақсы жетілген,үстін түк басқа, арқасында 2 сұрғылт жолағы бар,дара жынысты.Олар негізінен түс кезінде ұшады.Ұшу мерзімі сәуірден маусымға дейін.330-400 жұмыртқаға дейін салады.4 сатыда дамиды.Қыста жұлын айналасында жатады.Теріде тесік пайда болып сол арқылы олар сыртқы ортаға шығады.тем жоғары болса олар жылдам имагоға айналады.1 жылдық шыбындарда интенсивтілігі көп болады.Олар желді жақсы көрмейді.Ешкі өріс ауыстырғанда бірге көшіп жүреді.Теріні бүлдіреді,организмді уландырады,қондылығы төмендейді.Вет сан шаралар:ешкіні зерттеу,0,04 стомазан пайдалынылады.Ивамек зерттелмеген.
Жайылымдарға паразитологиялық зерттеу жүргізу, қанатты қан сорғыштарға қарсы шаралар ұйымдастыруГнусқа қарсы күрес шараларын жоспарлау. Жыл сайын гнусқа қарсы күрес шаралар жинағының жоспары жасалып тұрады. Бүл шаралар жоспарының құрамына енгізілетін мә- селелер:а)белгілі жер көлемінің өндірістік және ауыл шаруа- шылық игерілуіне байланысты, қос қанатты қансорғышта- рға қарсы мемлекет тарапынан белгіленетін шаралар. Өндірістік-энергетикалық комплекстермен ауыл шаруашы- лық, гидротехникалық және жер өңдеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлаған мекемелер, құрлыстың басынан аяқталуына дейін, гнусқа қарсы белгіленген шараларды бүлжытпай орындауға тиіс.б)шаруашылықтың өзінде жүргізілетін шаралар: сазды жерді қүрғатып, екпе шөп егіп, пайдалану; суландыру жүйесінде, су мөлшерімен деңгейін қадағалайтын қондырғ- ыларды үқыпты үстап, дүрыс пайдалану; жайлымда, ферма- лар мен жазғы лагерлерде, қажет болған жағдайда, дер кезінде деларвация, дезинсекция жүргізіп, химиялық зат- тармен малды гнустан қорғау жұмысын ұйымдастыру жатады. Жоспар әрбір шаруашылықта нақтылы жүргізілетін ша- раларды қамтуға тиіс. Жоспарда гнустан қорғалуға тиісті объектілер, онда жүргізілетін шаралардың мерзімі мен қай- талануы, қажетті инсектицидтер мен жауындатқыш, аэро золь қондырғылар, олардың мөлшері мен қамсыздандыру мәселелері, сазды өңірді құрғатьіп, оны пайдалануға рұқсат етілген жергілікті әкімшіліктің шешімі, шаруашылық бас- шыларының қос қанатты қансорғыштарға қарсы шаралар- дың орындалуы жөніндегі есебі көрсетіледі.Жоспарда сондай-ақ мал шаруашылық мамандарына семинарлар ұйымдастырып, олардың білімін көтеріп, кадр- лармен қамтамасыз етуге зор көңіл бөлінеді.'Бұған қоса, гнустың зияндылығымен оған қарсы күрес шаралары жөнінде үсыныстар мен листовкалар шығарып, баспа сөзін, радио мен көгілдір экранды пайдаланып, ағарту, үгіт-наси- хат жұмыстарын кеңінен жүргізу өте қажет. Жоспарда эн- томологиялық зерттеулерге көңіл бөлінеді. Қансорғыш на- секомдардың балаң құрттарының жаппай өсіп-өнетін су қоймалары есепке алынып, картасы жасалады. Онда личин- калардың даму мерзімі мен сан өзгерістері, түр қүрамц, ересек қансорғыштардың үшу мерзімі, сан өзгерісі, зиянды- лығы анықталып, шаралар жоспарында пайдаланылады.
Жануарлар денесін иксодид кенелеріне тексеру және кенелерді жинау әдістері.Әдетте кенелерді жайылымнан және жануар денесінен жинап алады. Осы деректергө сүйене кенелер фаунасын нақтылы жерде анықтауға болады. Жайылым жағдайында айына 2-3 рет ауылшаруашылық жануарларынан, шопан иттерінен жинапған кенелер арахнофауна деректерін толықтыруға мүмкіндік туғызады. Жануарлардың құлақ, бас, мойын, төс, қолтық арты, желін, шап, құйрық асты түбі тұстарын мұқият тексеріп, байқапған ересек кенелерді екі. саусақ (бас және сұқ саусаққа резинке қолғап киіп) кө- мегімен жинаған дұрыс. Кене денесін бірден тартып апмай, ерсілі-қарсылы қимылдатып тартқан жөн. Кене туыстығын анықтау үшін тұмсығын денесімен міндетті түрде бірге апу қажет, егер тұмсығы теріде қапып қойған жагдайда оны қабындырады. Ал дернәсілдерін (личинка мен нимфа) пинцет көмегімен жинайды.Табылған кенелер апдын апа 70 %-тік спирт немесе Барбагалпо ерітінділері құйылған пробирка немесе аузы кең шыны сауытта, ал кейбір жағдайда ылғапданған сорғыш қағаз, ағаш ұнтағы түбіне салынған ыдыстарда жиналып лабораторияға жөнелтіледі. Тек әрбір сынамадағы ыдыс сыртындағы қағазда (этикетка) қай мап түлігінен, қай уақытта, қай елді - мекенде жиналғаны көрсетіледі.
Жануарларды қан сорғыш жәндіктерден қорғаудың биологиялық әдістері Қансорғыштардың табиғаттағы санын биологиялық реттеуші тұрғысында Mermitidae тұқымдасына жататын гельминттердің болашығы мол. олардың әлемде 700 астам түрі белгілі. суда еркін мір сүретін бұл жұмыр құрттардың личинкалары өсіп өуіне қансорғыштардың балаң құрттарында не ересегінде аяқтайды. Оңтүстік шығыс қазақстан сона личинкаларының 7,7 ден 80 пайыз мрмитоза шалдығады.Масаның 60 түрінде мермитоз экстенсивтігі (75-95) пайызға жеткен. шіркей личинкаларының 37-63 пайызынан 100пайызға дейін мермитозға шалдығады. Биологиялық күрес әдістері сол сияқты өртүрлі насе- ком жыртқыштарын өсіріп, оларды табиғи биотоптарға енгізіп, қансорғыштарды қүрту мәселелерін қарастырады. Бүлардың ішінде гидробионттық буынаяқтылардың бола- шағы мол, әсіресе кәдімгі су бүргесі (Иоіопесіа ^іаиса), су шаяны (№ра сіпегеа), су қоңыздары (Оуіівсісіае), ранатра (Яапаіга Ііпеагіз). Олар барлық табиғи аймақтарда кездеседі және обырлығы ерекше, төулігіне 15 тен 50 дейін маса личинкаларын жояды.Аэробионтты буынаяқтылардың ішінде белсенді жырт- қыш насеком инеліктер (Оёопаіа отр.) Олар тәулігіне 7-8 сона және 70 тақау масаны жояды.Қансорғыштардың табиғатта санын реттеуде, таяз суда тіршілік ететін үсақ балықтар түрлерінің маңызы өте зор. Олар өзен, көлдердің, жайлым сулардың ашық таяздау жерлерінде өсіп-өніп маса, құмыты, шіркей личинкалары- мен қоректенеді. Олардың 10 нан астам түрлері (амур шабағы- Рseudorasbога рагvа; жалган тас балық — Рseudogobia rivularis, апплохелиустар т.б.) өте нәтижелі ларвифагтар, Аedes саspius және Ае.flavescens личинкаларының 153 тен 604-ке дейінгісін қүртады.Табиғатта қансорғыштардың биологиялық реттеушілерін пайдаланудың өзіндік қиыншылықтары бар, өйткені өзірге олардың биологиялық жөне экологиялық қасиеттері, тоғы- шар-иелік қатынас ерекшеліктері, қос қанатты қансорғыш- тармен олардың табиғи жануарлармен ауру қоздырушылары- ның экологиялық баптарының сәйкестігі толық анықталма- ған. Бүған қарамастан қос қанатты қансорғыштарға қарсы жүргізілетін күрес жүйесінде биологиялық өдістердің үлесі жылдан — жылға артуда.
Жануарларды қан сорғыш жәндіктерден қорғаудың химиялық әдістері.Жайлымда малды қос қанатты қансорғыштардан қорғау. Мадды қансорғыш насекомдардан қорғау үшін, олардың дене түгіне репеллент (иісімен шошытатын дәрі) не инсектицид эмульсиясын бүркеді. Қолданылатын бүріккіш қондырғы- лардың түріне байланысты, мал түгін домдаудың ірі тамшылы, үсақ тамшылы орта мөлшерлі және ультра аз мөлшерлі аэрозольды әдістері қолданылады. Мал тұратын қашаның ішінде аз басқа арналған алаң қоршалып, ол тар, ұзын мал өтетін өткелік пен (коридор) жалғасады. Ірі тамшылы домда- уды мал коридордан өткенде ДУК тан шланга арқылы ша- шады. Ересек малға 1,5-2 л, төліне 0,5-1 л ертінді жұмсалады. Үсақ тамшылы орта мөлшерлі әдіспен дәрі бүрку үшін, қаша қақпасының өн бойына дөріні жауындатып шашатын ШГР, ШГРУ қондырғысы орнатылады. Оған дәрі ертіндісі, резина шланга арқылы қосылған қысым беретін ДУК, ЛСД, ВМОК, мотопомпа қондырғыларымен жеткізіледі.Қақпадан өткен ересек малға (сиырға) 0,5 литр, ал бұзау-тайыншаларға 0,25 литр дөрі шашылады. Үсақ там- шылы аз мөлшердегі әдіспен дәріні қолдану үшін, қысым беретін компрессормен жабдықталған ДУК, ВДМ-ге ПВАН, ТАН, АФ-1 пневматикалық аэрозоль бүріккіш жалғастыры- лады немесе қол жетегімен жұмыс істейтін гидропульттар, автомакс пайдаланылады. Малды арнайы өткеліктен өтерде дәрілейді. Ересек малға 100 мл, төлге — 50 мл дәрі ертіндісі жұмсалады. Ультра аз мөлшерлі әдісті арнайы қондырғы микронизер - К-145, УМНО-мен жүргізеді. Бүл әдісте дәрі ертіндісі аэрозоль түрінде әр малға 25-50 мл мөлшерінде өткелік арқылы өткенде: жауындатады. Дәріні орта мөлшерлі әдіспен бүрккенде пропоксур мен ДДВФ-тің 0,4 пайыздық дибромның — 0,5%-дық сулы эмульсиясын пайдаланады, ал бұл дөрілерді аз мөлшерлі әдіспен қолданғанда, олардың концентрациясын 1 пайызға өсіреді.0,005 пайызде неоцедолға тоғыту.
Жылқы псороптозы.Жылқы псороптозы сиректеу кездескенмен, жіті және созылмалы түрде өтіп, тері қышуы, жүн түсіп, арықтап, дерматиттің пайда болуымен бейнеленеді.Эпизоотологиясы. Псороптозды ауру жылқылар таратады. Сондай-ақ ауру мал тұрған қора мен ондағы жабдық, ертүрман кененің сау малға таралуына мүмкіндік туғызады.Патогенезі. Көңқотыр барлық жылқыда кездеседі, әсіресе құлынтай мен жұмыс аттарында. Көңқотыр кенелері сөл тамырларымен теріні зақымдап, қабындырады. Кене жайлаған тері қатты қышып, жылқыны маздсыздандырады. Зақымдалған жердің жүні түсіп, тері қатпарланып, жарылып, ашық жаралар пайда болады. Тері бетіне шыққан сөл қатып, сарғыш қатты қабыршаққа айналады. Қанға сіңген улы заттар ОЖЖ, жүрек — қантамырлары, терінің тыныстау және зат алмасу жұмыстарын бұзады. Организмнің төзімділік қасиеті төмендеп, ауру жылқы тез арықтайды.Сырт белгілері. Инкубациялық кезеңі 10-12 күн. Ең алғаш зақымдану қамыт-сайманға қатынасты жерден басталып, дененің басқа бөліктеріне тарайды. Тай-құлынмен табындағы ересек жылқыларда көңқотыр жал асты, құйрық түбі, санның ішкі жағынан басталады. Зақымдалған жері қышып.бөртіп, ылғалданып, жүні түседі. Тақырланған тері қалындап, қатпарланып, жарылып, жарақаттанады. Жылқы арықтап, жұмыс қабілеті төмендейді.Ауруды анықтау. Жылқы көңқотырын эпизоотологиялық, клиникалық мәліметтерге қоса, теріден қырынды алынып зерттеледі.Емдеу және аурудан сақтандыру шаралары. Дәрілеу алдында жылқы денесін сабындалған жылы сумен, не 0,2%- дық күйдіргіш сода ертіндісімен немесе ОП-7 жуады. Қыс- та 10-12 күн аралығында екі рет хлорофос, дусты пайдаланады. Көктемде олардың түгіне 1,5 пайыздық хлорофостың сулы ертіндісін немесе 3%-дық коллоидті күкірт суспензиясын бүркеді. Дәрілеуді 6-7 күнде бір рет жүргізіп, 2-3 рет қайталайды. Ат қора мен жабдықтарды, ер-түрман, қамыт-сайманды түгелімен дезакаризациядан өткізеді. Бір жылда жылқыда қотыр байқалмаса, шаруашылықта ауру жойылды деп есептеледі.
Иксодид кенелері, жіктемесі, морфологиясыIxodidae тұқымдасыжайылым кенелері 66 туыстыққа бөлінеді.Олар:Hyalomma-шыны көз, Ixodes-жабысқақ,Dermacentor-тері жырғыш, Haemaphisalis қан сүйгіш, Rpipicephalus-желпуіш бас, Boophilus-бұқа сүйгіш.Ixodidae тұқымдасы кенелерінің денесі ірі және біртұтас, пішіні сопақ-ұзынша келген. Денесінің алдыңғы жағында тұмсығыгнатосома орналасқан. Тұмсықтың құрамына: оның түбі, екі қармалауышы, екі хелицері (жоғарғы жақ) және бір гипостомасы (төменгі жақ) енеді. Иксодидтердің қармалауыштары сезім қыз- метін атқарады, олардың көптеген сезімтал талшықтары бар. Қар- малауыштарының көмегімен кене жануарлар терісіне жабысатын жерін тауып алады.Қармалауыштар арасына өткір тістерімен қаруланған хелицерлер орналасқан.Хелицерлердің астыңғы жағына гицостом орналасқан, оның үсті тікен тәрізденіп иректелген, солары арқылы кенелер теріге мықтап жабысады. Тұмсықтың тұрқы мен пішіні әртүрлі.
Иксодид кенелеріне қарсы ветеринариялық шараларИксодид кенелерімен күрес екі бағытта жүргізіледі: біріншісіолардың шоғырланған жерлері - биотоптарында жою, ал екіншісіжануарларға жабысқандарын жою.Кенелерді өз биотобында жою тиімдірек. Кенелерге қарсы шараларды, олар малға жабыспас бұрын бастаған жөн. Кенелердің көптеген түрлері жұмыртқаларын жерге салып, олардан балаң кенелері де сонда пайда болатынын ескере отырып, сол аймақтағы жерді жыртып, көп жылдық шөп егіп, жасанды жайылымға айналдыру жақсы нәтиже береді. Мұндайда көп кенелер өздігінен жойылады, сондай-ақ өсімдіктер құрамы өзгереді, топырақтың жылылық-суықтығы, ылғалдығы өзгеріп, қалған кенелердің тіршілігіне кедергі жасайды.перитройдтар,каратэ фюри,ивермек-ON,моксидектин жақсы әсер етеді.Қораны аэрозольдік әдіспен залалсыздандыру қажет.
Иксодид кенелерінің биологиясыИксодид кенелері өзінің жеке дамуында (онтогенезінде) бірнеше сатыдан өтеді. Оларға жұмыртқа, балаңкене, нимфа және имаго жатады. Аталы- ғымен шағылысқан кенелердің ұрғашылары, мал қанына тойынғ- ан соң жерге (жайылымдарда) түсіп, күн сәулесі түспейтін жы- рыққа, тастар астына, қалың ескі шөп ішіне және т.б. жұмыртқа- лайды. Кенелердің ұрғашылары 3 мыңнан 15 мыңға жуық жұмыр- тқа салады да тіршілігін тоқтатады. Үш аптадан кейін жұмыртқа- лардан алты аяқты балаңкенелер шығып, мал қанымен қоректе- неді. Кейбір балаңкенелер жануарлар денесінен түспей, дамуы- ның келесі сатысы — нимфаға айналады. Нимфа сатысы да 4-6 тәулік қан сорғаннан кейін жануарлар денесінен түсіп немесе сол жануардың үстінде-ақ ең соңғы сатысы-имагоға айналады. Әр нимфадан кененің ұрғашысы не еркегі шығады. Кенелердің то- лық өсіп-даму циклі (айналымы) олардың таралу ареалына байла- нысты — бірнеше айдан 3—4 жылға дейін созылады.Жайылым кенелерінің мал түріне шабуылдауына байланысты оларды бір иелі, екі иелі және үш иелі деп жіктейді. Бір иелі кенелер өсіп-дамуының барлық сатьшарында бір ғана жануардың қанын сорады. Екі иелі кенелер балаң және нимфа сатыларында бір жа- нуарды талап, ал имаго сатысында басқа жануарды талайды. Ал,1 үш иелі кенелердің балаң, нимфа және имаго сатылары үш түрлі I жануарларды талап, өсіп-дамиды.
Иксодид тұқымдасына жататын кенелер, ветеринариялық маңызы Иксодид немесе жайылым кенелері Иксодид кенелерінің мал патологиясындағы маңызы жөнінде ең алғаш пікір айтқан Кильборн және Смит (1983). Олар алғаш рет ірі қара пироплазмозын кенелер тасымалдайтынын анықтаған. Протозоидтық, вирустық, бактериалдық және саңырауқұлақтар тудыратын аурулар қоздырғышын тасымалдауда және оларды сақтауда иксодид кенелерінің маңызы барын В.Л.Якимов, А.В.Белицер, Е.П.Джунковский, А.А.Марков, И.В.Абрамов, Р.Кох, А.Тейлер, Эд. Сержан және т.б. зерттеулері көрсетті. Ixodidae тұқымдасы кенелерінің денесі ірі және біртұтас, пішіні сопақ-ұзынша келген. Денесінің алдыңғы жағында тұмсығы-гнатосома орналасқан. Тұмсықтың құрамына: оның түбі, екі қармалауышы, екі 137 хелицері (жоғарғы жақ) және бір гипостомасы (төменгі жақ) енеді. Иксодидтердің қармалауыштары сезім қызметін атқарады, олардың көптеген сезімтал талшықтары бар. Қармалауыштарының көмегімен кене жануарлар терісіне жабысатын жерін тауып алады. Қармалауыштар арасына өткір тістерімен қаруланған хелицерлер орналасқан. Хелицерлердің астыңғы жағына гипостом орналасқан, оның үсті тікен тәрізденіп иректелген, солары арқылы кенелер теріге мықтап жабысады. Тұмсықтың тұрқы мен пішіні әртүрлі. Денесі-идиосома, кененің даму сатысына және қанға тою дәрежесіне байланысты пішіні мен тұрқы өзгеріп тұрады. Аш кененің денесі жалпақтау, ал тойынғанда сопайып дөңгеленеді. Арқа жағында тығыздалған хитин қалқаншасы (скутум) бар. Ол ұрғашы кенелердің тек қана арқасының алдыңғы жағын, ал еркектерінің жотасын түгел жауып тұрады. Кейбір кенелердің алдыңғы жағында қалқаншаның шет жағына орналасқан көздері болады. Денесінің іш жағында, төртінші аяқтарынан төменірек торлы табақшалар - перитремалар, ал олардың ортасына тыныс тесіктері-стигмалар орналасқан. Сондай-ақ, кененің іш жағында жыныс және артқы тесіктері орналасқан. Иксодид кенелерінің еркектерін, ұрғашыларынан айыру оп-оңай (диморфизм). Аш ұрғашы кененің дене тұрқы еркегінікіндей немесе аздап үлкенірек. Қан сорғаннан кейін ұрғашыларының денесі бірнеше есе үлкейеді. Иксодид кенелерінің (географиялық) жер жүзіне таралуы кейбір биотикалық және абиотикалық жағдайларға байланысты. Әсіресе, кенелердің қоректік ортасы болуының маңызы өте зор. Одан басқа кенелердің өмір сүруіне қолайлы жылылық, ылғалдылық, өсімдіктер құрамы да үлкен әсер етеді. Кенелердің малға жабылуы, жұмыртқалауы ауа райының қолайлылығына, сондай-ақ күннің ұзақтығына да байланысты. Буынаяқтылардың мекендейтін жерін биотоп деп атайды. Биотоптардағы кенелердің саны үнемі өзгеріп отырады. Адамның табиғатқа қол сұғуы, өсімдіктер және жануарлар дүниесін әртүрлі өзгерістерге душар етеді. Мұндай өзгерістерге сол биотопта тіршілік ететін кенелер өте сезімтал келеді. Мал жайылымдарын жақсарту мақсатымен себінді шөптердің аумағы ұлғайған сайын кенелер саны да азаяды. Кенелерді өз биотоптарында және ауыл шаруашылық жануарларына жабысқан кезінде жою шаралары, адаммен мал басын олар жұқтыратын аурулардан сақтандырады.
Ит саркоптозы.Кышыма котыр иттердін жамбасы,шабы,күлағының үшынан басталады.Закымдалған тері катты қышиды,жүні түсіп, тері катпарланып, бетінде калың қабыршык пайда болалы. Тері жарықшактанып, жарылып, ашық жараға айналады. Ит мазасызданады, арыктап, жүдейді.Ауруды клиникалык белгілері мен қырындыны тексеру арқылы аныктайды.Емдеу. Теріде ірінді жара пайда болса, оны тазалап, антибиотиктерді пайдаланып, организмнің төзімділігін күшейту үшін. тамағын жақсартып, витаминдерді (С, Е, В) колданады. Қышыма кенелерін жою үшін, зақымдалған теріге аэрозольді дәрілер - акродекс, дерматозол, циодринді пайдаланады. Қышыма котырынан толык арылту үшін, 10-12 күннен соң оларды дәрілейді. Итке дөріні жалатпау үшін, онын мойнына арнайы карғыбау кигізеді. Денеге құю әдісімен иттін 10 кг салмагына 2 мл себесацил — роиг-оп-ды қолдануга болады Иттің 5 кг таза салмагына 0,1 мл мөлшерінде тері астына ивомек жібереді. Қайталап дәріні 7-10 күн өткен соң қолданады. Иттер тұрган қора, үйшіктерді дезакаризациялайды.
Кенелерді өлтіру, консервілеу, уақытша және тұрақты препараттар жасау әдістерікенелерді өлтіру үшін акарицидтер мал шарушылығына көп зиян келтіретін және жұқпалы ауруларды тасымалдайтынэкзопаразит кенелерді құрту үшін де пайдаланылады. Акарицидтердің түрін таңдау, қолдану тәсілі мен мерзімін белгілеу олардың уытына және кенелердің түрлеріне байланысты. Кейбір кенелердің көбею кезеңдері өте жиі болғандықтан олардың акарицидтерге төзімді басқа түрлері жылдам пайда болады. Осыған байланыстыкенелерді құрту үшін акарицидтердің жаңа түрлері, қоспалары, кенелерді улау механизмі өзгешелері қолданылады.Кенелерді энтомологиялық инелерде сақтауға болады.шы банкаларды өліп калған кенелерді энтомалогиялық инелерге кигізіп сақтайды.Оларды қор,ай үшін энтомологиялық қораптарда ұстап нофталинмен өңдейді.Кенелерді консервілеуді 70/ спирт,5/ формалин мен су қоспасы немесе Барбагалло ерітіндісін қолданамыз.
Кенелердің құрылысын зерттеу, түрін анықтаукенелер өрмекші тәрізділерге жататын буынаяқтылар типіне жатады.Денесі бір тұтас идиасома,тұмсығы гнатасома,кейбір түрлерінің қалқаншалары бар.2 отрядқа бөлінеді.1-қансорғыш кенелер,2- қышыма қотыр кенелері.Паразитаформдық кенелердің денесі алдыңғы және артқы бөлектеріне бөлінбей тұтасып келеді.Қотыр кенелері пішіні ұсақ,19 мыңға жуық түрі белгілі.Сан алуан қотыр ауруларын туғызады.Паразитоформды кене қан сорғанда өзінен 100 есе қан сора алады.Кенелер дара жынысты болып келеді.Денелері біртұтас,кеуде құрсаққа бөлінбеген.Имаго яғни ересек кене 4 жұп аяққа ие.Акариформды кенелер өте ұсақ жануарлар денесінде тұрақты паразитті тіршілік етіп,иесінің сөлімен ұлпасымен қоректенеді.Әртүрлі жеке қышыма қотыр ауруларының қоздырушысы.Аналық кене денесінің артқы бөлігі жұмсақ қатпармен (хитин) жамылып, қан сорғанда дененің бірнеше есе ұлғаюына мүмкіндік береді. Төрт жұп аяғы кене денесінің астыңғы (вентрапьдық) бетінде бекінеді. Әр аяғындағы бірінші қимылдамайтын буын - кокса, екіншісі - ұршық, үшіншісі - сан, төртіншісі - сирақ, бесіншісі - табан алды және алтыншы буыны - табан деп аталады.
Кнемидокоптоз Кнемидокоптоз немесе аяқ қотыры жасы бірден асқан құстарда кездесетін ауру. Оны қоздыратын құс аяғының қауырсынсыз жерлеріндегі, мүйізді қабығы астында өмір сүретін өте ұсақ Knemidocoptes туысына жататын кенелер. Аурудың өоздырғышы аяқтың қауырсынсыз жерлері қабыршақтарының астында өсіп, дамиды. Эпидермистің қалың қабатында, кенелердің өсіп – өніп, көбеюіне сәйкес, тамырлар қанға толып ( гиперемия ), ұлпада сұйық зат іркіліп, терінің мүйізді қабаты қалыңдайды. Кірленген ауру аяқтарда микроабцесстер пайда болып, қанды – іріңді қабынуға айналады. Соңынан асқынып, некрозға ауысып, тұяқтары түседі. Ауру белгілері 4-6 айдан соң ғана байқалады. Қоздырғышы Acariformes тегіне, Analgesoidae тобына, knemidocoptes туысына және Knemidocoptes mutans түріне жататын кенелер. кенелердің даму сатысы: ұрықтанған ұрғашы кенелер балаң кенелер туады. Балаң кенелерден бірінші нимфа, ал бұлардан екінші нимфа шығады. Екінші нимфалардан имаго сатысындағы еркек немесе ұрғашы кенелер пайда болады. Ұрғашы кенелер өз өмірінде 6-8 балаң кене туады. Қолайлы жағдайларда кененің өсіп – өнуіне 20-26 тәулік керек. Қоршаған сыртқы ортада кенелер 5-7 тәулік өмір сүре алады. Патогенезі Аурудың қоздырғышы аяқтың қауырсынсыз жерлері қабыршақтарының астында өсіп, дамиды. Қабынған жерлер уыттанады. Одан шыққан дымқыл сұйық шаңмен араласып, құс аяқтары былғаныш сұр түске боялады. Қабыну және қышыну салдарынан құс аяқтарын шоқып тастайды, ауру асқынып аяқтары өлі еттенуге дейін барады. Ауру белгілері Аяқтарының қауырсынсыз жерлерінде кірлі ақ қатпаршақтар пайда болады. Зақымданған жерлері қышынғандықтан, құс аяқтарын шоқиды. Ауру көпке созылса, құс саусақтары өлі еттеніп, түсіп қалады. Емдеу мақсаттарымен құстың аяқтарын 1 минутқа қайын қарамайына немесе нафталин мұнайына салып емдейді. 10 күннен соң осындай ем қайталанады. Ауру шыққан құстарды далаға, арнайы бөлінген лагерга шығарып, құс қораны акарицидтермен дәрілеу керек.
Кнемидокоптоз.Құс кнемидокоптозы, қоздырғышы, зертханалық балау әдістері Қоздырғышы – Acariformes тегине analgesoides тобына, knemidocoptes туысына және knemidocoptes mutans түріне жататын кенелер.Kn. mutans кенесінің дене түрқы 0,5 мм, пішіні дөңгеленген. Ұрғашыларының арқа жағы шығыңқы, ал құрсақ жағы жайпаңдау келеді. Тұмсығы таға тәрізді. Аяқтары өте кыска, арқа жағынан карағанда 3ші және 4ші жұп аяктары көрінбейді.ұрғашыларының табанында 2 тырнакша тәрізді өсіктері бар. Еркектерінің дене пішіні сопақ, арт жағында қылтанақтары бар. Еркек кенелердің аяқтары ұрғашылардың аяқтарынан ұзындау келедіҚұс кнемидокоптозын анықтау, ветеринариялық – санитариялық шаралары Анықтау. Аурудың белгілеріне және зақымданған аяктардан алынған қатпаршактарды микроскопиялық зерттеулеріне, сондай-ак олардан Knemidodcoptes кенелерін табуға негізделген.Ветсан шаралар - кнемидокоптозға жасы 6 айдан аскан құстарды түгелдей немесе ішінара қышынғандарын карау керек. Ауру құстар етке сойылады не емделеді. Егер шаруашылықтағы құс ішінде 10% - дан астамы ауруға шалдықса мұндағы құс басы түгелдей өзгертіледі. Емдеу максатымен құстың аяктарын 1 минуттай қайың қарамайына не нафталин мұнайына салып емдейді. 10 күннен соң осындай ем қайталанады. Ауруға бейім немесе жұғуға қауіпті деген топтардағы құстарды бір
Қандалалар, зияны, ветеринариялық шаралары үй қандаласы үйлерде, құс қораларымен қояндар фермаларында, лаб-қ жануарлар (тышқан,егеу құйрық, теңіз шоқасы) тұратын жерде ұялайды. Олардың Cemicidae тұқымдасына қарасты 2500 түрі белгілі. Құстарда cimexinodorus ж/е C.columbarius жиі кездеседі. Зияндылығы қандалалар бір қора жайдан екіншісіне торшалар, оттықтар, құрл сайман ж/е т.б жабдықтар арқылы, сондай-ақ күтушілердің арнайы киімдері арқылы да таралады. Қандалалар кейбір індет ж/е инвазиялық ауру қоздырғыштарын тасымалдайды. М/ы, кеміргіштер мен адамның туляреиясын, құс спирохетозын, егеуқұйрық сүзегін, тауық обасын сы қандлалар тасымалдайды. Қандаланыңшыққаны аса көп сезілмейді. Бірақ шыққан жері қан сорып болған соң қатты қышиды, себебі зақымдалған жерге уытты сілекей енеді, оның қан ұйытпайтын ж/е тітіркендіргіш әсері бар. Жануарлар мен құстар беймазаланады, денесінің зақымдалған жерлерін қасиды, арықтайды, тауықтардың жұмыртқалағыштығы кемиді, қандала шығуын әсіресе балапандар ауыр көтереді. Қандала шыққан жерлерге жергілікті қабыну құбылысы байқалады, папула шығады. Үй қояндары мен теңіз шошқаларының қасыну салдарынан терісі қабынып, дерматике ұшырайды. Емі мен шаралары. Мал және құс шаруашылығындағы қора- жайларды, виварийларды дер кезінде жөндеп, керекті санитариялық жағдайда ұстаған жөн. Қандаласы бар қора жайдан жабдық, құрал-сайман басқа қора жайларға тасылуына жол бермеу керек. Қандала шыққаны байқалса, қора-жайды түгелдей дезинфекциялайды. Кейде технология бойынша қора-жайды жануарлардан немесе құстан босатуға мүмкіндік болмаса, мұндайда қандала ұялаған жерлерді ғана дезинфекциялайды.Жәндіктердің таралып кетуіне жол бермес үшін, бірінші дезинфекцияны қора-жайды тазалаудан бұрын малды шығарысымен-ақ жасай бастайды. Қандаланың жұмыртқалары инсектицидтердің әсеріне төзімді болғандықтан, дезинфекцияны 8-10 тәуліктен соң қайталап қолданады.
Қандалалар, зияны, ветеринариялық шаралары. Төсек қандапасы - Cimex ieetularius – Cimicidae түқымдасына жатады. Олар тұрғын үйлерді, құс, қоян қораларын, зертханалық жануарлар (тышқан, егеуқүйрық, теңіз кеміргіштері) бар қора-жайларды ұялайды. Тауыққа С. іпodorus және С. сolumbarius деген түрлері жабылады, соңғысы кептер ұяларында да кездеседі.Зияндылылыгы. Қандалалар бір кора-жайдан екіншісіне торшалар. оттыктар, құрал-сайман және т.б. жабдықтар арқылы, сондай-ак күтушілердің арнайы киімдері арқылы да таралады. Қандалалар кейбір індет және инвазиялык ауру қоздырғынггарын тасымалдайды. Мысалы, кеміргіштер мен адамның туляремиясын, күс спирохетозын, егеукүйрык сүзегін, тауык обасын осы қандалалар тасымалдайды.Қандаланың шаққаны аса көп сезілмейді. Бірақ шаққан жері қан сорып болған сон катты қышиды, себебі зақымданған жерге уытты сілекейі енеді, онын қан үйытпайтын және тітіркендіргіш әсері бар. Жануарлар мен күстар беймазаланады, денесінің закымданған жерлерін касиды, арықтайды, тауықтардың жүмырткалағыштыгы кемиді. кандала шағуын әсіресе балапандар ауыр көтереді.Қандала шаккан жерлерде жергілікті қабыну қүбылысы байқалады, папула шығады. Үй кояндары мен теңіз шошқаларынын қасыну салдарынан терісі кабынып, дерматитке ұшырайды.Емі мен шаралары. Мал және қүс шаруашылығындағы кора-жайларды, виварийларды дер кезінде жөндеп, керекті санитариялык жағдайда үстаған жөн. Қандаласы бар қора жайдан жабдык, күрал-сайман баска кора жайларға тасылуына жол бермеу керек. Қандала шыққаны байкалса, кора-жайды түгелдей дезинфекциялайды. Кейде технология бойынша кора-жайды жануарлардан немесе күстан босатуға мүмкіндік болмаса, мүндайда кандала үялаған жерлерді ғана дезинфекциялайды.Жәндіктердің таралып кетуіне жол бермес үшін, бірінші дезинфекцияны кора-жайды тазалаудан бүрын малды шығарысыменак жасай бастайды. Қандаланың жүмыртқалары инсектицидтердін әсеріне төзімді болғандыктан, дезинфекцияны 8-10 тәуліктен сон кайталап колданады.
Қансорғыш жәндіктерді жинау және сақтау әдістеріқансорғыш жәндіктерді жәндіктер жануарларға жаппай шабуыл жасаған кезде жинаған ыңғайлы.қосқанатты жәндіктерді жәндік жануар денесінде отырған кезде қолымен немесе алақанмен ұстаған ыңғайлы болып табылады.Кейде жәндіктің үстіне шыны пробирка кигізіп ұстаған ыңғайлы.Ал өте ұсақ жәндіктерге сорып алу апараттарын қолданған жөн.Оларды сақтап зерттеу үшін балаңдарын сумен жууып,одан кейін тірідей 12-20◦с ыстық суға малып,консервылайтын Барбагалло сұйықтығына салынады.Жәндіктерді мақтадан жасалған матрастарда сақтау үшін энтомологиялық немесе басқа қораптың түбін бірқабат мақтамен жабады,жәндіктерді белгілі бір тәртіппен орналастырып этикеткасын қойып, бетін жабқышпен не шынмен жабады.Ондай препаратты ұзақ уақыт сақтауға болды.
Қой қорасы кенесі, ветеринариялық шараларыAlveonosis lahornsis зияны, ветеринариялық – санитариялық шаралар Қой қора кенесі Alveonassus lahortnsis оңтүстік,оңт шығыста таралған.Шөл-далалық ж.е таубөктерінің құрғақ далалық аймақтарын мекендейді.Кене мал қораларының әртүрлі жарықшақ –саңылауларын ұялайды.Кене қойда,түйеде жиірек кезд. Адамға сирекшабады.Қанды бөліп сорады.Ұрықтанған ұрғашы күніне 44 тен 300 дейін жұмыртқа салады.Жұмыртқадан 14-15 күннен кейін щыққан личинкалар малға қырқүйек қазан айларында жабылып,қоректенеді.Кенелер өте қалың кезде қой арықтап,олар сал ауруына шалдығып, шығын көбейеді.Сонымен қоса кене анаплазмоз ж.е тейлериоз ауру қоздырушыларын таратады. Кененіьмал қорасында жою үшін 1 пайыздық циодрин,дибром,дилор,дурсбан,0,05 пайыздық неоцидол,цимбуш,сумицидиин,0,25 пайыз анометринның судағы эмульсиясын бір текше метр көлеміне 200-400 мл мөлшерінде қолданады.Күзде малды қыстамаға қояр алдында қорвны қайталап дәрілейді.Мал денесіне жабысқан кенелерді жою үшін сульфидофос 20 эммульсиясын 0,25 г/кг салмаққа,диксафосты 0,04г/кг мөлшерінде теріге құю әдісімен қолданады.
Қой псороптозы . Қой псороптозы.Қойдың көнқотыры жіті және созылмалы өтетін инвазиялық кене туғызатын ауру.Негізгі белгілері малдың жүні түсіп, зақымдалған жері қатты қышиды, арықтайды, кейде мал өліммен аяқталады.Эизоотолгиясы.Псороптозға барлық қой тұқымдары, әсіресе биязы және жартылай биязы жүнді қойлар сезімтал.Қора ылғаллдылығының шамадан тыс жоғарғы көтерілуі, сау және ауру малдың бірге тығыз орналасуы мен қоса күтім мен азық түліктің жетіспеушілігі, гельминтоздар және басқада аурулардың шығуы, көнқотырының таралуына мүмкіндік туғызады.Жазда ауру қоздырушысын ортаға жаңадан қосылған қойлар тасымалдайды.Көңқотыры қойға басқа мал түрлерінде таралуы мүмкін.Жазда қырқылған қойда қотыр басылып, күзде басталып, қыста жаппай мал қотырға шалдығады.Патогенезі.Жүні қалың, биязы жүнді қойлардың ауруға қарсы төзімділігі нашарлаған кезде қотыр шыға бастайды.Көң қотыры малдың екі жақ бүйірінен басталады.Псороптид кенелері ұзын тұмсығымен теріні зақымдап, аяқтарының табан сорғышымен сезімтал жүйкенің ұшын тітіркендіріп, қышытады.Қой қасынып, қышыған жерін тістелеп, теріні зақымдап, кенелердің дамып, көбеюіне мүмкіндік жасайды.Кенелер қоректену кезінде жараға улы сілекейін ағызып, теріні қабындырады.Зақымдалған жерде, жарақаттан сөл ағып, тері бетінде қоюланып, эпидермистің өлі тоғышарлармен тығыз қабыршақтардың пайда болуына мүмкіндік береді.Бұл жерде көптеген микробтардың көбеюәне жағдай туады.Қойдың жүні түседі.Өлі кенелер мен тері торшаларының, зат алмасу қылдықтарының, физиологиялық белсенді және микробтардың улы заттарының организмге сіңуі, орталық жүйке жүйесіне, зат алмасуына, ретикулоэндотелий мен қан құрамының бұзылуына әсерін тигізеді.Сырт белгілері.Көң қотырдың белгісі, кенемен зақымдалған қойда, он күннен соң пайда болады, ал қозыларда 1,5-2 айдан соң байқалады.Псороптоз жіті, созылмалы және латентті түрде өтеді.Ауруды анықтау.Індеттанулық, клиникалық белгілері, зертханалық зерттеу, Көң қотырдың жіті түрде өтуін, клиникалық белгілеріне сүйеніп, анықтауға болады.Жүнін қайырып, терісін ашып қарағанда, оның қызарып, ісініп, көпіршік бөртпелегенін байқауға болады.Зақымдалған теріден кенені табу үшін, сау тері мен шекаралас жерінен қырынды алынады.Көң қотырын басқа да ұқсас аурулардан ажырату қажет.Терінің қышуы кейбір паразит және басқа да ауруларда байқалады.Ол үшін жүнді алып, теріні мұқият тексеру керек.Псороптозды басқа қышыма қотыр түрлерінен, хориоптозбен саркоптоздан ажырату қажет.Хориоптоздан қотыр малдың аяғында ғана болады.Саркаптоз қылшық жүнді қойда кездеседі, ең алдымен малдың басы мен құйрық жағы зақымдалады.Теріде қалың қабыршық пайда болады.Ауруды емдеумен алдын алу шаралары.Шаруашылықта көңқотырын құрту үшін коплексті шаралар жүйесін жүргізу керек.Ауру мал анықталғанда бүкіл малды емдейді. Қораны тазалау, дезинфекциялық жұмыстар жұргізу керек.Ауру малды оқшаулау, Ем шаралары ретінде ылғалды әдіс және құрғақ әдіс арқылы жүргізу.Қотыр шыққан отардағы қойларды ең соңында қырқу.Псороптоздан таза емес аймаққа қойды жылына бір рет қүзде малды қораға қояр алдында дәрілеу.Құрғақ әдісте қолданылатын дәрілер ретінде Ивермекті тері астына 50 кг салмағына 1мл мөлшерінде егеді.Сонымен қоса Аверсек 2 препаратында қолдануға болады. Ал ылғалды әдісте қолданылатын дәрілер ретінде айтсақ ваннада тоғыту және әртүрлі механикаландырылған дәрі бүріккіш қондырғыларды қолдану.Қойды дәріге тоғытудың тиімділігі, қой ваннада жүзгенде ерітінді ішінде жеткілікті уақыт болады да, акарацидті ерітінді жүнге әбден сіңеді.Шаршаған, терлеген немесе шөлдеген қойды тоғытуға болмайды. Олар тоғытар алдында қашада бір түнеуге тиіс.Ауру қойды да ерітіндіге тоғытуға болмайды.Өріске шығар алдында қойдың жүні толық кебуі керек.Егер шаруашылықта малда қотыр шықса, алдымен сау, соңынан бірыңғай ауру отарларды тоғытады.Бұларды қайталап тоғытқанда, бірнеше рет алдымен тоғытылған отарлар соңына қалдырылады.Қайталап тоғытуды он немесе он екі күннен соң жүргізу керек. Екі не үш жұмадан соң жасалған ем шараларының нәтижесін тексереді. Неостомазан 5 мл 1:1000 қатынасында 0,1% ерітіндісін дайындап қолданамыз. Сонымен қатар кенлерге қосымша синтетикаклық перитроидтарды қолданамыз. Жалпы қорытындылай келсек кенелерге қарсы акарацидтік дәрілер қолданып дер кезінде ем шараларын жүргізген тиімді.Қазіргі заманауи талапқа сәйкес дәрілер қолданған жөн.Малдармен жұмыс жүргізгенде әсіресе қырқы жұмыстарын лұрыс істеу.Азық құрамын толық рационға сәйкес беру.Барлық ветеринариялық санитариялық шараларды қатаң түрде қолдану керек.
Қораларды, жайылымдарды иксодит және орибатит кенелеріне зерттеу әдістері. Иксодид кенелерінен малдарды шабуылдарынан қорғау қажет . Іру қараны жаз айлларында жайған дұрыс , себебі мұндай жайылымда әдетте иксодит кенелері болмайды. Егер мүндай жайылымдар болмаған жағдайда малды жайылым кенелерінен босату үшін дәрілік препараттарды пайладанады . Егер қор жайжан немесе жайылымнан кенелер табылса қораны дезакаризация жұмыстарын ж.ргізеді. Жәйылым да анықтаған жжағдайда орын ауыстырады , одан кейін ол жердің жерін жыртып жұмыстар жүргізіледі . Ал қора жағдайында табылса малды басқа орынға орналастырып қораны тазалау, себебін анықтау.
Қос қанатты қансорғыштармен күресудіц биологиялық әдістері. Белгілі бір биоценозда қос қанатты қансорғыштар- мен қоректенетін жыртқыштарды не оларда өр түрлі ауру ту- ғызатын қоздырушыларды пайдалануды биологиялық күрес өдісі деп атайды. Бүлардың ішінде, табиғаттағы белсенділігі қансорғыштардың өсіп-өнуімен сөйкес келетін, сыртқы орта- да экологиялық тиімділігі мол түрлер мен зақымдау қабылеттілігі жоғары ауру қоздырушыларына назар бөлінеді.Табиғи биоценоздарда маса популяциясының 12 ден 57 пайызын зақымдап, оның 40 тан 70 пайызға дейінгісін өлімге үшырататын вирустық (масаның радуждық вирусы, цитоплазматикалық полиэдрозы), бактериальдық (Мicrococcus oligonitrophilus, Bac.thuringiensis) қоздырушылар кең таралған. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығы- сында ашық таяз су қоймаларында масаның жұқпалы ауру- лары жиі кездеседі.Қазақстанда масаның балаң қүрттарында саңырауқүлақтар туғызатын жүқпалы аурулар жиі кездеседі. Аеdes жөне Culex масаларының өсіп-өнуімен табиғаттағы популя циясының қалыңдығын реттеуде СCoelomomyces iliensis саңырауқүлағының зардаптылығы мол. Қазақстанның оңтүстігінде бұл саңырауқұлақ масаларда індет туғызып, табиғи популяцияның 95-100% өлімге үшыратады, ал солтүстік аймақтарда Сulех туысы масларының 84,6% ауруға шалдығады.Қансорғыштардың табиғаттағы санын биологиялық реттеуші түрғысында Меrmitidae түқымдасына жататын гельминттердің болашағы мол. Олардың әлемде 700 астам түрі белгілі. Биологиялық күрес әдістері сол сияқты әртүрлі насеком жыртқыштарын өсіріп, оларды табиғи биотоптарға енгізіп, қансорғыштарды қүрту мәселелерін қарастырады. Бүлардың ішінде гидробионттық буынаяқтылардың болашағы мол, әсіресе кәдімгі су бүргесі(Notonecta glauca), су шаяны (Nepa cinerea), су қоңыздары (Dytiscidae), ранатра (Ranatra linearea). Олар барлық табиғи аймақтарда кездеседі және обырлығы ерекше, төулігіне 15 тен 50 дейін маса ли- чинкаларын жояды.Аэробионтты буынаяқтылардың ішінде белсенді жыртқыш насеком инеліктер. Олар тәулігіне 7-8 сона және 70 тақау масаны жояды.Қансорғыштардың табиғатта санын реттеуде, таяз суда тіршілік ететін үсақ балықтар түрлерінің маңызы өте зор. Олар өзен, көлдердің, жайлым сулардың ашық таяздау жерлерінде өсіп-өніп маса, құмыты, шіркей личинкаларымен қоректенеді. Олардың 10 нан астам түрлері өте нөтижелі ларвифагтар, Ae.flavescens және Ае. caspius личинкаларының 153 тен 604-ке дейінгісін қүртады. Табиғатта қансорғыштардың биологиялық реттеушілерін пайдаланудың өзіндік қиыншылықтары бар, өйткені әзірге олардың биологиялық және экологиялық қасиеттері, тоғы шар иелік қатынас ерекшеліктері, қос қанатты қансорғыш- тармен олардың табиғи жануарлармен ауру қоздырушылары- ның экологиялық баптарының сәйкестігі толық анықталма- ған. Бүған қарамастан қос қанатты қансорғыштарға қарсы жүргізілетін күрес жүйесінде биологиялық әдістердің үлесі жылдан — жылға артуда.
Құмытылар, жіктемесі, морфологиясы мен биологиясы Құмытылар - ең ұсақ қосқанатты қансорғыштар (гематофагтар). Олар жануарларға мыңдап шабуыл жасайды. Сондай-ақ, індетті және инвазиялық аурулар қоздырғьшггарын механикалық, биологиялық әдістермен тасымалдайды. Орысша «мокрец» деген аты бұл жәндіктердің ылғалды жерлерге бейім екендігін көрсетеді. Бұл жәндіктер Dірtега тегіне, Nетаtосега тек тармағына, Сегаtороgопidае тұқымдасына жатады. Құмытылардың 350 түрінен біздің елімізде 50 түрі кездеседі. Олар Сиlісоіdеs, Lерtосопорs және Lаsіосһеllа туыстары боп жіктеледі. Ветеринариялық маңызы бар түрлері: СиІісоidеs риlісагіs, С. пиbесиlоsus, Lерtосопорs bогеаlіs және т.б. Морфологиялық кұрылысы. Шіркейлерге қарағанда құмыттылардың денесі сымбатты көрінеді. Тұмсығы жіңішке және ұзындау, аяқтары да ұзынша келген. Дене тұрқы 0,8-3 мм. Мұртшалары 13-15 буылтықтан құралған, тұмсығы тікен-сорғыш тұрлі, қан соруға бейімделген. Кеудесі шығыңқы, қанаттары жалпақ, көншілік түрлерінің қанаттарында дақтары бар. Құмытының жайшылықта қанаттары құрсақ ұстінде жиъшып жатады. Құрсақ бөлімі жұмыртқа тәрізді, 10 буылтықтан құралған. Өсіп, өнуі. Үрықтанып қан сорған соң, аналықтары ылғалды жерге және саяз суларға бір ретте 40-120 жұмыртқа салады. Бір маусымда 350-дей жұмыртқа шығарады. 2-5 тәуліктен соң жұмыртқалардан ұршық тәрізді балаң құрттар пайда болады. Олардың дене тұрқы 0,5 мм, бас жағы қоңыр, ал қалған буылтықтары ақ түсті. Балаң құрттар 3 рет түлеген соң, 25-30 тәуліктен кейін қуыршаққа айналады. Қуыршықтан 3-5 тәулік ішінде қанаттанған құмытылар дамып шығады. Жануарлардың қанын тек қана аналығы сорады, салмағы бірнеше есе артып, құрсақ бөлімі созылып, қып-қызыл болып тұрды. Бір жылда құмытылар 2-5 ұрпақ береді. Құмытылар жануарларға ашық аспан астында да, қора ішінде де, күні-түні бірдей шабуыл жасайды. Әсіресе жауын-шашын алдында, күн шығарда және кұн батар да, тынық жене жылылық 13°-тан жоғары күндері олар қаптап шығады.
Құмытылар, малға зияны, ветеринариялық шаралары Құмытылар - ең ұсақ қосқанатты қансорғыштар (гематофагтар). Олар жануарларға мыңдап шабуыл жасайды. Сондай-ақ, індетті және инвазиялық аурулар қоздырғьшггарын механикалық, биологиялық әдістермен тасымалдайды. Орысша «мокрец» деген аты бұл жәндіктердің ылғалды жерлерге бейім екендігін көрсетеді. Зияндылылығы. Құмытылар тундра, тайга және орманды- дала алқаптарында көбірек кездеседі. Олар тегістік жерлермен қатар, таулы алқаптарда да, 1000 м биіктікке шейін таралған. Шыққан (биотоптарынан) жерлерінен 300-400 м қашықтыққа ғана ұшады. Сібір мен Қиыр Шығыстың кейбір аудандарында басқа қансорғыштардан құмытылар басымдау болады.Құмытылардың сілекейі уытты. Олар шаққан жылқыда аллер- гиялық дерматит байқалады. Олар жылқы обасын, энцефалитін, қой перипневмониясын таратады. Сиlісоісіеs туысына жататын түрлері жылқының онхоцеркоз (қоздырғышы - Опсосеrса сегvісаlis) ауруы қоздырғышының аралық иесі.Құмытылар шабуыл жасағанда жауарлар беймазаланады, олардың өнімі төмендейді. Олардың уытына әсіресе тақтұяқтылар, ірі қара мен ұсақ мал, түйе және құстар сезімтал келеді. Шаққан жері ауырады, шелі ісінеді, дерматит дамиды, аздап ті түседі.Дауа шаралары. Мелиорация жұмыстары арқылы құмыты шығатын жерлерді құрғату. Малды дымқыл жерлерден аулақ бағу. Сондай-ақ, масаларға қарсы жүргізілетін шаралар, құмытыларға да қарсы қолданылады.
Қышыма қотыр кенелеріне зерттеуге материалдар алу , зерттеу және кенелерді жинау әдістеріӘдетте кенелерді жайылымнан және жануар денесінен жинап алады. Осы деректергө сүйене кенелер фаунасын нақтылы жерде анықтауға болады. Жайылым жағдайында айына 2-3 рет ауылшаруашылық жануарларынан, шопан иттерінен жинапған кенелер арахнофауна деректерін толықтыруға мүмкіндік туғызады. Жануарлардың құлақ, бас, мойын, төс, қолтық арты, желін, шап, құйрық асты түбі тұстарын мұқият тексеріп, байқапған ересек кенелерді екі. саусақ (бас және сұқ саусаққа резинке қолғап киіп) көмегімен жинаған дұрыс. Кене денесін бірден тартып апмай, ерсілі-қарсылы қимылдатып тартқан жөн. Кене туыстығын анықтау үшін тұмсығын денесімен міндетті түрде бірге апу қажет, егер тұмсығы теріде қапып қойған жагдайда оны қабындырады. Ал дернәсілдерін (личинка мен нимфа) пинцет көмегімен жинайды.Табылған кенелер апдын апа 70 %-тік спирт немесе Барбагалло ерітінділері құйылған пробирка немесе аузы кең шыны сауытта, ал кейбір жағдайда ылғапданған сорғыш қағаз, ағаш ұнтағы түбіне салынған ыдыстарда жиналып лабораторияға жөнелтіледі. Тек әрбір сынамадағы ыдыс сыртындағы қағазда (этикетка) қай мап түлігінен, қай уақытта, қай елдімекенде жиналғаны көрсетіледі.
Малды шыбыннан жайылымда қорғау шаралары. Мал қораларда шыбындар сәуір , мамыр айларында пайда болады . Жаз бойы мал қораларын , жайылымдарды мекендеп , олар мал шаруашлығына көп зиян келтіреді. Шыбындарды жою шараларын мал қораларда және жайлымда жүргізеді. Мал қоралары мен ферма маңын таза ұстаған жөн . Алдымен шыбындардың өсіп , өнуіне қолайлы орындарды құрту керек .Мал қораларын тазалап , жем қалдықтарын , мал қиын дер кезінде шығарып , отықтарды таза ұстау керек . Мал тезегін сумен жуып шығаратын жүйе қолдану , оларды тазалау мерзімін бұлжытпай орындау, шыбындардың жаппай өсіп өнуіне тоқауыл болады. Мал тезегін дер кезінде көң қоймаларына шығарып , биотермиялық әдіспен залалсыздандырады . Ферма маңында шашылған сүрлем қалдықтарын , сабан үйінділерін мұқият жинап отыру керек, себебі олар шыбындардың өсіп , өнуіне қолайлы орта болып табылады. Жазда қораға шыбындар енбес үшін есік , терезелерін ұсақ тормен жабады.Шыбын өсіп өнетін орындарда (биотоптар) олардың балаң құрттарын жоюды – деларвация деп атайды . Шыбындардың өсіп, өнетін еден астындағы, каналсыз дәретханалардағы, көң және т.б органикалық қалдық үйінділеріндегі шыбынның балаңқұрттарын жою үшін инсектециттермен дәрілеп отыру керек . Шыбындардың өсіп өніп , көбеюіне тосқауыл салу үшін жазғытұрым , күн жылысымен қораларда дезинфекция жүргізіп , қыстап шыққан шыбындардың бірінші ұрпағын қырады. Күзде дәл осындай дезинфекция шараларын қыстайтын жәндіктерді азайту үшін , әр жүргізеді. Бұлардан басқа шыбын саны тым көбейіп кеткен жағдайда лажсыыз дезинфекция жүргізеді. Дезинфекция жұмыстары инсектицид дәрілерді қора аулаына бүрку немесе аэрозольмен тұмандату арқылы қолданады .
Маллофагоз, этиологиясы, анықтау, ветеринариялық шаралары.Маллофагоздар - сүтқоректілер мен құстардың энтомоз ауруы. Бұл аурулар тобын Mallophaga тегіне жататын эктопаразиттер қоздырады. Ауруға шалдыққан жануарлар қышынады, аздап түгі, құстардың қауырсыны, мамығы түседі, мал мен құс арықтайды, өнімі төмендейді. Маллофагоздың қоздырғыштары қанатсыз ұсақ жәндіктер сүтқоректілерде маллофагоз ауруларын жүн жегіштер ал құстарда мамық жегіштер қоздырады. Олардың түрлері өте көп, бірақ баршасы осы Mallophaga тегіне жатады. Сүтқоректілер денесінде кездесетін жүн жегіштердің бірқатары Trichodectidae тұқымдасына жатады. Ірі қарада Bovicola bovis түрі, жылқыда B. equi, қойда B. ovis, ешкіде B. caprae түрлері өмір сүреді. Сондықтан бұл ауруларды бовиколез деп те атайды. Патогенезі мен белгілері. Түбіт мамық жегіштер тері рецепторларын тітіркендіріп, қышытады, тері зақымдалып, қотыр пайда болады. Қустар түмсығымен қауырсынын тогышардан тазалап, тиышсызданады. Олардың мойнынын кеудесінің қауырсындары түсіп, терісі жалаңаштанады. Балапандардын өсуі нашарлап, арықтайды, тауықтардын жүмыртқалагыш қасиеті төмендейді.Үй жануарларында түбіт жегіштер маллофагозға қоса, квптеген ауру қоздырушыларын тасымалдайды; жылқыда йнфекциялық анемия вирусын, ит пен мысықта-дипилидиоз қоздырушысын. тауықта-азия обасынын вирусын.Анықтау.Ауруды анықтауда мал денесіндегі жәндіктің әрбір даму сатысын табудың маңызы зор. Жүнжегіштерді жануарлар денесінен табу үшін оларды ді жануарлар денесінен табу үшін оларды 10-15 минут күншуаққа шығарып, байлап қою керек немесе денесінің әр жерінен «солюкс» шамымен 50градусқа дейін қыздырудажақсы нәтиже береді. Мұндайда жылу сүйгіш жүнжегіштер мал түгінің үстіне шығады. Сондай ақ малдың үстіне 10-15минутқа жылы ақ мата жабу да ауруды анықтауға мүмкіндік береді. Жылы ақ матаға жабысқан қоңыр немесе сұр түсті жүнжегіштер жай көзге оңай көрінеді. Құс денесіндегі мамықжегіштерді де жай көзбен оңай көруге болады. Ол үшін құстардың қауырсындары мен терісі тексеріледі. Сүтқоректілер жүнжегіштерін биттерден ажырата білу керек. Биттердің басына қарағанда кеуде бқлімі жалпақ, тұмсығы тікенді-сорғыш типті. Маллофагтардың басы үлкен, кеуде бөліміне қарағанда жалпақ, аузы кеміруге бейім, себебі олар малдың түгі, құстың қауырсыны сияқты қатты заттармен қоректенеді.Алдын ала сақтандыру үшін, басқа жақтан алынған мал мен құс тексеріліп, қажет болған жағдайда карантинге қойылып, емдеуді керек. Шаруашылықта құсай сайын маллофагозға тексерілу қажет. Қора мен құрал жабдықтарды таза ұстап, көң – қоқыстан күнделікті тазартып отырады. Маллофагоз пайда болған жағдайда, қора жайда экологиялық қауіпсыз препаратттармен дезинфекция жасалады.
Масалар, ветеринариялық маңызы.Мал жануарлардың уақытша сыртықы паразиттері және олардың әртүрлі инфекциялық және инвазиялық аурулар қоздырғыштарын тасымалдаушылары.Aedes,Culex,Anopheles туыстарының вет.маңызы зор.Морфологиясы.Масалардың денесі ұзынша,дене тұрқы 4-11мм,түсі әртүрлі көпшілік жағдайда сары және сары қоңыр.Басы кішкентай дөңгелек пішінді,күрделі көздері бар.Мұртшалары 15 буылтықтан құралған сыртын қысқа және ұзын түк басқан.Ауыз мүшелері тікенді сорғыш типті, екі 5 буылтықтары қармаулауыштар,кеудесінің төменгі жағы өркещтенген мөлдір. Anopheles туысына жататын масалардың қанаттарында қоңыр дақтар бар.Аяқтары ұзын 2 тырнақшалары бар.Құрсақ бөлімі ұзынша 10 буылтықтан тұрады.Биологиясы.Жануарлардың қанын тек қана ұрғашы масалар ғана сорады, ал олардың ересектері өсімдік шырынымен қоректенеді.Әрбір қан сорған ұрғашы масалар, ақпайтын тоспаларға немесе ылғалды жерге 150-450-ден жұмыртқа салады.Олардан 2-12 тәуліктен кейін балаңқұрттар өрбіп шығады.Балаңқұрттар қозғалымпаз өздігінен өмір сүре алады, тыныс алады ол үшін су үстіне тыныс түтікшілерін шығарады. Су ішінде олар 14 рет түлеп қуыршаққа айналады. Олардың денесі қара ,пішіні үтір тәрізді.Маса қуыршақтарының тыныс түтіңшелері денесінің алдыңғы жағында орналасқан .Қуыршақ кезеңі 2-4тәулікке созылады. Масалардың бір ұрпағына толық дамуына 3-6 апта уақыт керек. Қуыршақтан өнген аналықтары су жиегіндегі өсімдіктерге толып, бірнеше сағат қозғалмай отырады. Содан соң олар үйірге қатысып, аталықтарымен жұптасады да, шағылысқан соң қансорған мал іздейді. Масалардың ұрғашылар жылына 1-2 ден 17-28 ұрпаққа дейін береді. Ал еркек масалар 10-15 тәулік қана өмір сүреді. Масалар жұмыртқа немесе имаго сатысында қыстап шығады.Жұмыртқалары созылыңқы дөңгелекті ,алды сүйірлі, арты дөңгелектенген.Масаның патогендік әсері олардың малға жабылғана байланысты. Малға масалар жаппай жабылса , жануарлардың қаны азаяды, сондай –ақ олардық сілекейіндегі уытты заттар денеге тарап, бүкіл организмді уландырады. Маса қан сорганда денеге мкг сілекей жіберіледі. Сілекей құрамында параез, қабыну және ісік тудыратын уытты заттар бар. Ісіктін аумағы 10-15 мм. Маса шаққан жерде қатты қышығандықтан мал қасында, терісі зақымданып, инфекцияға жол ашылады. Егер 5-7 мыңдай маса жабылса 1 сағатта 100-200 г-дай қан сорады. Маса сілекейдің уытты заттыры орталық жүйке жүйесіне, қанға қан түзетін мүшелерге птогендік әсерн тигізеді. Маса шаққан жер қышынады, қабынып ісінеді, папула түзеді. Мал қасынып қабырғаға, ағашға және т.б заттарға үйкеп терісін заұымдайды. Организмнін жалпы реакциясы әр қилы, кейде қысқа уақытқа дейін ыстығы көтеріліп тіршілік тонус төмеңдейді.
Мелафагоз, этиологиясы, ветеринариялық шаралары. Мелофагоз-Melaphagus ovinus қансорғыштары қоздыратын ауру.Бұл ауруға терінің қышынуы, дерматит, жүннің біртіндеп түсуі, арықтау, қозылардың кейде өлім жітімге ұшырауы тән.Этиологиясы.Сары қоңыр түсті, қанатсыз жәндіктер туғызады.Паразит тікенекті тұмсықтарымен қойды шағып, терідегі жүйке тамыр ұштарын тітіркендіреді, мал денесін қышытып, мазасыз алады.Қой қышыған терісін қасып, сызат түсіреді, теріде дерматит дамиды, жүннің сапасы төмендейді.Қой мелофагозы малды қорада ұстау кезеңінде көптеп кездеседі.Отарға басқа жақтан енген паразит 2-3 ай ішінде ондағы мал басына түгелдей тарайды.Ветеринариялық шаралар.Мелофагозга шалдыққан қойды, қотыр ауруларын емдеген тәрізді, акарацид ерітінділерімен тоғытып емдейді.Басқа шаруашылықтардан әкелінген мал денесінде жәндіктер бар жоғын тексеру керек.Бар болған жағдайда дәрі дірмектермен дәрілейді.Жәндіктер шыққан отардағы қойды жазғытұрым және күзде дезинфекциялық ерітінділер мен эмульсияларда тоғытады.Керек болған жағдайларда дезинсекциялық даустарды да пайдалануға болады.Сондай ақ қойды дәрілеумен қатар қора жайды, қой қотандарын да лизол және т.б. ерітінділер және эмульсиялармен дезинсекциялау қажет.Қой қан сорғышына қарсы қолданылатын инсектицидтерді, жылқы қан сорғышына жоюға қолданады.
Нотоэдроз Мысық,ит, түлкі нотоэдорозын Notoedres кенелері туғызады. Бұлар өте ұсақ (0,14-0,15мм), қышыма қотыр кенелеріне ұқсас. Ерекшелігі: еркектерінің анал, ұрғашыларының анал және копулятивтік тесіктері арқасында ашылған. Аяқтары өте өысөа. Нотоэдроз бен көбінесе күйі нашар, әлсіреген ит, мысық, түлкі ауырады. Мысықта нотоэдроз қотыры басымен мойнында байқалады. Зақымдалған тері (құлақ, маңдай, бет) қатты қышып, мазасыздандырады. Иттерде өақымданған құлақтың терісінің жүні түсіп, бқртіп, күлдіреуіктер пайда болады. Соңынан жарылып, қабыршыққа айналады. Ері қатпарланады, бірақ қышып, мазасыздану онша байқалмайды. Анықтау:теріден қырынды алып тексеріледі. Емдеу.Мысықтар дәріге өте сезімтал, көптеген дәріні көтере алмайды. Еің нәтижелісі бутокстың 0,0005 пайыздық сулы эмульсиясымен зақымдалған теріні шылау немесе бір кг тірі салмағына 200мг мөлшерінде ивермектинді физиологиялық ерітіндіге 1:6, 1:10 қатынасында қосып аппликация жасайды. Зақымданған теріні дәрілеуді 8-10 күннен соң қайталайды. Вет-сан шаралар.Жануарларды ветеринардың рұқсатынсыз ауыстырмау; жаңадан әкелінген жануарларды карантинде ұстау; Қораны тазалау, деакризациялау; Ауру малдарды оқшаулау, емдеу; Жылына бір рет тексеру.
Отодектоз.Otodectes cynotis кенесі ит, мысық, бағалы терілі аңдардың құлақ қышыма қотырын туғызады.Көбінесе 1,5-нан 4айлық шамасындағы жануарлар қотырға шалдығады.Отодектес кенелері хориоптес кенесіне өте ұқсас, бірақ олардан кенелері хориоптес кенесіне өте ұқсас, бірақ олардан айырмашылығы төртінші жұп аяқтары жетілмеген.Биологиясы.Кене дамуы он күнде аяқталады.Олардың құлақ қалқаншасының ішкі қабаты, есту жолы мен дабыл жарғағы қабынып, қатты қышып, мазасыздандырады.Ауру белгілері.Кененің өсіп өнуі құлақ қотырының дамып, өршкіне мүмкіндік туғызады.Құлағы қышып, терісі қабыршақтанып, есту жолы іріңмен бітеледі.Ауру жануар мазасызданып, бір орында тұра алмай, шыркөбелек айналады.Басын шайқап, құлағын қасып,қаңсылайды.Басы зақымданған құлақ жағына қарай қисаяды.Ауру құлақтан Ауру құлақтан миға ауысып, өлімге шалдықтырады.Ауруды анықтау.Құлақтағы белгілерге қоса, теріден алынған қырындыны тексеру арқылы жүргізіледі.Емдеу.Отодектозбен ауырған жануарлар құлағына, жас мөлшері мен түріне байланысты, 1-5мл акарицид дәрісі эмульсиясын құяды.Емдеуге қоса аңдар клеткаларын дезакаризациялайды.Аурудан сақтандыру үшін міндетті түрде аңдарды, ит, мысықтарды тексеріп отырады. Ауру шыққан шаруашылыұты карантинге қояды.Күзде асыл тұқымды бағалы терілі аңдарын шағылыстыру алдында, олардың құлағын жаппай дәрілейді.Ол үшін псороптоз қарсы қолданылатын аэрозольдерді (псороптол, акродекс, циодрин) пайдалануға болады.Бағалы терілі аңдар фермасына ит пен мысықтарды жолатпау керек.
Парсы кенесіне қарсы ветеринариялық шаралар Парсы кенелеріне қарсы кешенді шараларды жүргізу-оларды күс қораларында толық жоюға мүмкіндік береді. Ол үшін құсты уақытша лагерлерге көшіріп, құс қорасьга және оның маңындағы ағаштарды, қуыстарды мұқият зерттеу қажет. Құс қорасындағы аралық қабырғаларды және т.б. тетіктерді сыртқа шығарып ыстық сумен жуып кептіру керек. Қабырғадағы саңылаулардың сылағын түсіріп, жарыққа ыстық соляр майын немесе бояу жағады. Қора ішін дәрілеу үшін 1% неоцидол, дикрезил немесе карбофос, 1% циодрин, 4-5% натрий фенолят эмульсиясы әр 1 м2 көлемге 100-200 мл. мөлшерде шашады. Бұл дәрілерді бүрку үшін ДУК, ВДМ, ЛСД қондырғылары және гидропульттер қолданылады. Құс қораларын 3-5 күннен кейін қайта екінші рет және керек жағдайда үшінші рет дәрілейді. ТАН аэрозоль қондырғысы көмегімен бағытталған аэрозоль тұманын жасау үшін 3% карбофос ерітіндісі және 0,5% ДДВФ қолданылады. Қүс қоралары мен қүс фабрикаларын елді мекендерден алыс орналастырады. Оларды бақ немесе ағаш ішіне салмайды, себебі жаз уақытында парсы кенелері ағаш қабығы астына жөне ондағы құс ұяларына тығылып жатады. Қора кенелерін жою үшін 1% дилор суспензиясы, анаметрин Н дәрісінің 0,25% эмульсиясы, неоцидолдың (диазинонның) 0,05% эмульсиясы қолданьшады. Бұл дәрілерді 200-400 мл м2 мөлшерде қораға шашады. Күзде қойды қораға қамарда оларды қайталап дәрілеу шарт. Малға жабысқан кенелерді жою үшін өсері ұзартылған фосфорорганикалық дөрілер қолданылады. Ол ушін 0,025 г/кг мөлшер- де қолданылған сульфидофос - 20 және 0,040 г/кг мөлшердегі диоксофос жақсы нәтиже береді. Салмағы 40 кг қойға омыртқа жотасы тұсынан өлшегіш аспаппен 5 мл. сульфидофос немесе 10 мл диоксофос тамызады.
Риноэстроз - Qestridae тұқымдасына, Rhinoestrus туысына жататын кеңсірік-көмей бөгелектерінің балаңқұрттары қоздыратын жылқының энтомоз ауруы. Ауруға шалдыққан жылқының кеңсірік, даңдай қуыстары кілегей қабықтары қабынады, алқым және шықщыт бездері ісінеді, жылқы арықтайды және жұмыс қабілеті төмендейді, ал кейде өлім-жітімге шалдығады. Қоздырғыштың өсіп-онуі. Жылқының танау қуыс бөгелектері жылдың ыстық кезеңінде, күннің ысып, өбден жылынған сағаттарында ұшады. Салқын ауа райына олар өте сезімтал. Бөгелектер жер бетінен көтеріңкі заттарда отырып, дем алады. Ұрықтанғаң үрғашы бөгелек екі аптадай қозғалмай отырады. Бұл уақытта оның жыныс бездерінде балаң құрттар өсіп-жетіледі. Үрғашылары I сатыдағы балаңқұртгарын жылқының танауына жақын келіп бүркіп жібереді. 2-3 апта ішінде бөгелектің бір ұрғашысы 700-800-ге жуық балаңқұрт шашады. Патогенезі. Танау бөгелегі балаңқұртгарыньщ патогендік әсері - олардың санына және жылқы организмінің төзімділігіне байланысты. Ауру белгілері. Бөгелектер жылқы маңында ұшып жүргенде-ақ мал тынышсызданады, жиі пысқырады, басын шұлғып мазасызданады. Кейде жылқы оттамай, бөрі бір жерге топталып, танауларын бір-бірінің жал-қүйрығынатығып тұрып алады. Өлекседегі өзгерістер. Өлген жылқының басын жарып тексергенде - мандай қойнауынан, кеңсірігінен балаңқұрттар табылады. Кілегей қабықтары қабынған, қарайып - қызарыңқыраған, әр жерінде уылған жаралар кездеседі. Уытты жаралар түбінде іріңді, ірімшік тәрізді зат бар. Емі. Әрбір жылқының танауына ДДВФ- ның2% вазелин майындағы сүртпесін 3-5 тәулік сайын қайталап жағып отыру (2-3 рет) қажет. Дауа шаралары. Бөгелектің ұшу кезеңінде жайылымда әр жерден еліктіргіш қалқаншалар қойьшып, оларды 10% гексахлоран үнтағымен ақтайды. Жылқы жайылымын ай сайын ауыстырып отырады. Жаңа жайылым, ескісінен 8 км қашықтықга болуы керек. Әрбір жылқыны бөгелектен қорғау үшін, жүгеннің мандай қайысына шашақталған жұмсақ тері тігіледі.
Сиыр псороптозы.Терінің сыртқы қабатында тіршілік ететін кенелер туғызады.Ауру созылмалы түрде өтеді.Псороптозда ірі қараның теріс қабынып, қышып, жүні түседі, мал арықтап, өнімділігі төмендейді.Көң қотырына бұзаулар сезімтал.Олардың арасында ауру тез тарап, көп зиян келтіреді.Патогенезі.Псороптид кенелері теріде тек қолайлы жағдайда ғана көбейеді.Қыста азық қоры азайып, күтімі нашарлап, малдың күйі төмендеген уақытта, кененің дамып, көбеюіне мүмкіндік туады.Олар малдың желкесі, құймышақпен құйрықтың үстінде шоңырланып, өсіп өнеді де, дененің басқа жерлеріне тарала бастайды.Зақымдалған тері қатты қышып қабынады, эпидермистің мүйізді қабатының ұлпасы ұлғайып, тері қалыңдап, қатпарланып, созылғыштық қасиетін жоғалтады.Ірі қарада псороптоз жазда бәсеңдеп, қыста үдеп, ұзаққа созылатын ауру.Сырт белгілері.Аурудың инкубациялық кезеңі 14-25 күн. Псороптоздың алғашқы белгісі терінің қышуы.Залалданған мал қышыған жерін жалап, қасынады, ол жерлерде қосымша жарықшақ жаралар пайла болып, жүні түсіп, ылғалдылығы өсіп, қайызғақтанып, жұмсақ сарғыш қабыршақтар байқалады.Кенелердің өсіп өніп көбеюіне сәйкес, зақымдалған тері аумағы ұлғайып, қабыну процессі асқынады.Егер кенелерді құртпаса, қотыр бүкіл денені жауып, мал күрт арықтайды.Ауруды анықтау.Псороптоздың белгілеріне, терінің қышуы, жүні түсіп тақырланып, қатпарлануы және қабыршаұтануына негізделген. Басқадай ұқсас аурулардан ажырату үшін теріден қырынды алынып, зерттеледі.Емдеу және алдын ала сақтандыру.Жазда ірі қара псороптозын емдеу және аурудың алдын алу үшін, малдың терісі мен түгіне акарацидтер эмульсиясын әртүрлі жауындатқыш және бүріккіш қондырғылармен шашып, бүркіп, бірқалыпты тегіс шылайды.Ол үшін акарацидтік және емдік әсері өте жоғары дәрілерді қолданады.Ірі қараны псороптоздан емдеуде ивомек, цидектин және аверсект өте жақсы нәтиже береді.Бұл дәрілерді малдың 50 кг тірі салмағына 1мл алып, тері астына жібереді.Егер емделген гуртте келесі жылдың қысына дейін малда көңқотыр байқалмаса, оларды толық сауығып, псороптоз жойылды деп есептейді. Шаруашылыққа әкелінген ірі қара малы зерттеліп, карантиннен өткен соң ғана, ортақ груттке қосылады.
Соналар, жіктемесі, морфологиясы мен биологиясысоналар-ірі қансорғыштардың бірі.Олар жылдың ыстық кезңінде жануарларға жаппай шабуыл жасайды.Сондай ак олар су ауруы,топалаң ж/е т.б. аурулардың қоздырғыштарын тасымалдайды.Соналардың 3500 дей түрі белгілі.Ол диптериа қосқанаттылар тегіне,қысқа мұрттылар тек тармағына,табаниди тұқымдасына ж/е 65 туысқа бөлінеді.Евразия аймағында соналардың 190 түрі бар.Морфалогиялық құрылысы дене тұрқы 1-3 см дейін болады.Басқа жәндіктер сияқты соналардың да денесі үш бөлімнен тұрады: бас, кеуде және құрсақ. Сыртқы түсі әр түрлі. Басы жалпақ, оның екі жағында ірі күрделі (фасеткалы) көздері бар. Көптеген түрлерінің төбесінде нүкте тәрізді 3 қарапайым көздері де баршылық. Ауыз мүшелері тікенді-сорғыш болып, қан соруға бейімделген (ұрғашы соналарда). Еркек соналардың ауызы сорғыш типтес, себебі олар тек қана өсімдік шырынымен қорек- тенеді. Кеудесі жақсы дамыған, оған ірі қанаттары және үш жұп аяқтары бекиді. Құрсағы қап тәрізді, 7 буылтықтан құралған.Биологиясы:Соналарға тіршілік қабілетін сақтау үшін өсімдіктер шырыны да жетеді. Бірақ аналық бездеріндегі жұмыртқаларыньщ жетілуіне жануарлар қаны қажет. Сондықтан малға ұрғашы сона- лар ғана шабуылдайды.Негізінен олар 8-ден 18 сағатқа дейін, 16°С-тан жоғары жылы- лықта (орташа 25-30°С), кейбір түрлері ымырт жабылғанша ұшады. Олардың аналықтары көбінесе жылқы, ірі қара, түйе, бұғы малда- рына шабуыл жасайды. Қан соруының ұзақтығы 2-20 минут, олар терінің жұқалау жерін таңдап, 50-200 мг қан сорады.Ұрықтанған сонаның аналығы қансорғаннан соң 4-5 күннен кейін су қоймалары мен шалшық сулар жиегіне өскен өсімдіктердің жапырағына не сабағына үйіп-үйіп жұмыртқа салады. Жұмыртқ- алары бір-біріне және өсімдікке желімделіп жабысып қалады. Әр аналық 3-5 рет жұмыртқалағанда 1000 жуық жұмыртқа салады. 6-10 тәуліктен соң жұмыртқалардан балаң құрттар шығып, суға не ылғалды жерге түседі де, онда олар жыртқыштық өмір сүреді. Балаң құрттар 6 рет түлеп, дене тұрқы 20 мм-ге жетеді.
Үнсіз масалар, ветеринариялық маңызы көбелектер тұқымдасы Psychoididae, тұқымдас тармағы Phlebotominae қарасты ұзын мұртты қос қанатты қан сорғыш насеком. Олардың 300 ден астам түрі белгілі. Қаз-да Phlebotominus Sergentomyia туысының 12 түрі белгілі. Үнсіз маса негізінен оңтүстік жылы аймақтарда таралған. Үнсіз маса өз өмірінде бірнеше рет қан сорады. Олар құрлықта кездесетін барлық жануарлар мен қүстардың қанын сорып қоректенеді. Бір сорғанда 0,4-0,5 мг қан со- рып, 30 дан 100 дейін жұмыртқа салады. 26-30° С темпера- туралық жағдайда жүмыртқаның дамуы 7 күнге, личинкаларының — 28-35, қуыршақтарының — 10-12 күнге созылады. Үнсіз маса ерте көктемнен күзгі қара суыққа дейін үшады. Табиғи аймақ климатының ерекшелігіне байланысты олардың үшу ұзақтығы 6-8 айға (Түркменстан), ал кей- де 2-2,5 айға (Қазақстан) созылады. Түріне сәйкес бір жазда үнсіз маса бірден үшке дейін ұрпақ қалдырады. Малдәрігерлік маңызы. Үнсіз маса қатты шағып, мазалайтын насеком. Ол елді мекендерде адамның, үй жануарларының, әсіресе ірі қара, ешкі, ит, қоянның, жайлымда кездесетін жабайы аңдардың, кемірушілердің қанын сорады. Бүл масаның шаққан жері қатты ашиды, қышып, қызарып іседі. Үнсіз маса аса көп талап шаққан кезде, малдың дене ыстығы көтеріліп, өнімділігі төмендейді. Phlebotominus рараtаsі, Рһ.chinensis, Рһ. sergenti қан сорумен қатар лейшманиоз ауруының қоздырушысын тасымалдайды. Бүл аурудың екі түрі кездеседі: тері лейшманиозы (пендиннің ойық жарасы) және висцеральдық лейшманиоз (қалаазар, қара ауру).
Хориоптоз Сһогіорtеs туысына тері жегіш кенелер жатады. Олар эпидермистің сыртқы өлі торшаларымен қоректенеді. Әрбір мал түрінің өзіне тән кенелері болады. Жылқыда — Сһ.еquі, ірі қарада — СҺ.Bovis, ешкіде -. Сһ.саргае, қойда СҺ.оvis. Сһогіорtеs кенелер денесі сопақшалау, үзындығы 0,3- 0,5 мм, түмсығы мүқал үшты конус тәрізді кеміруге бейімделген қуатты хелицерден қүралған. ұрғашы кенелердің тұяқ сорғыштары I, II және IV жүп аяқұтарының қысқа бунақталған қыл төрізді өсіндісіне орналасқан.Еркек кенелердің барлық аяқтарында сорғыштары бар.Биологиясы. Сһогіорtеs кенелер биологиясы Рsогорtеs-терге өте ұқсас.Қой хориоптозы экзема тәрізді түсау буын терісінің қабынып, қызаруымен сипатталады. Тері жегіш кенелердің өсіп-өніп, көбеюіне сәйкес тері қышып, эпидермисі түлеп, қабыршақтанады. Тері қалыңдап, жарықшақтанады, қатпарланады. Ауру мал мазасызданады. Аурудын клиникалық белгілері мен қырындыны тексеру арқылы анықтайды.Емдеуі мен алдын ала сактандыру шаралары псороптоз ауруын қүртумен бірдей. Ірі қара хориоптозы. Аяқ, қүйрық түбі, желін терісі зақымдалады. Көңқотырмен бірге жиі кездеседі. Ауруды анықтау, емдеу псороптозбен бірдей.Жылқы хориоптозы күзде, қыста кездеседі. Аяқтарының шаша түсы мен санның ішкі жақ терісі зақымдалады. Тері қышып, жүні түседі, қабыршақтанып, қыртыстанады. Ауруды анықтау үшін теріден қырынды алынып, тексеріледі. Емдеу үшін қыста қүрғақ дәрілер, жазда белгілі акарицидтер эмульсиясы қолданылады. Қора мен жабдықтар, ер- түрманды дезакаризациялау керек.
ХориоптозХориоптоз, қоздырғышы, эпизоотологиясы, клиникасы және зертханалық балау әдістері Тері жегіш ,яғни терінің үстіңгі эпидермис торшаларымен қоректенетін Chorioptes туысына, Psoroptidae тұқымдасына жататын қотыр кенелері қоздыратын саркоптоидоздардың бір түрі. Қоздырғышы. Chorioptes туысына жататын кенелердің пішіні сопақ ,дене тұрқы 03-0,4 мм,тұмсығы теріні ,яғни эпидермисті кеміруге бейімделген.Жақсыдамыған 4 жұп аяқтары бар.Ұрғашы кенелердің 1,2,4 жұп аяқтарына қысқа және бунақталмаған тірекшелерге орналасқан сорғыш жабысқақтары бар .Еркек кенелердің барлық аяқтарында сорғыш жабысқақтары жақсы дамыған. Малдың әр түлігінде өзіне ғана тән Chorioptes кенелері өмір сүреді.Ірі қарада-Ch. bovis ,жылқыда-Ch. egui, ешкіде-Ch. caprae, қойда-Ch. Ovis. Бұл кенелер өзінің өсіп өніп дамуында мына сатылардан өтеді:жұмыртқа, балапан-құрт, протонимфа, телеонимфа, имаго. Эпизоотологиясы.Саркоптоидоздардың бұл түрі қотырға қарсы алдын ала сақтандыру шаралары жүргізілмейтін шаруашылықтарда кездеседі.Ең алдымен Chorioptes кенелері аяқтың тұсамыс буыны тұсын зақымдайды.Ол жердің терісі қайызғақтанады, қышиды сонан соң қатпаршақтанып қалыңдайды. Ірі қараның аяқтары , құйрыұ түбі, кейде желін терісі зақымданады.Жылқының аяқтары және санының ішкі жағы зақымданады. Ешкі хориоптозы сирек кездесетін ауру. Аурудың алғашқы белгілері аяқ құсында ғана болып кейбір жағдайда дененің басқа бөліктеріне де тарайды.Ауруға шалдыққа жерлері қатты қышиды,терінің эпидермисі қатты қайызғақтанады және жүні түседі.Ешкі малын емдегенде олардың тоғытуды ауыр көтеретінін ескеру керек.Олар аса сезімтал келеді. Клиникасы.Қышыма қотырдың жасырын кезеңі 15-20 күн.Саркоптоздың алғашқы сырт белгілері малдың басында, көз маңында ,тұмсығында байқалады.Жылқы мен шошқаның алдымен мойнында , жауырынында, сонан соң төс жағына тарап және құйрығының түбіне жайылады. Түйенің қотырға мойны ,сандарының ішкі жағы , бас терісі, аяқтарының жұлығы,бақайларының арасы шалдығады.Алғашқыда қотыр ошақтары қатты қышиды.Сонан соң онда кішкене түйіншектер және іріңді бөртпелер пайда болады.Қышыған жерлерін мал қасиды ,сондықтан зақымданған теісі жарылып кетеді.Терісі қатпарланып жүні түсіп қалады. Анықтау. Қотыр ауруларын нақты анықтау үшін микроскопиялық зерттеулер жүргізу керек.Зерттелетін зат- ауру малдан алынатын тері қырындысы.Ол үшін қандауырдың үшкір жағымен терінің сау және зақымданғае жерінің шекарксынан қырынды алынады.Қырындының көлемі 0,5-1 см3.-дай болуы керек.Қырынды ішінен қотыр кенелерін табудың бірнеше әдісі бар. Ветсан шаралар: ауруды болдырмас үшін ко малын жылына 2 рет акарацид дәрілерімен жазда және күзде тотығу кажет. Сонда ак мезгіл мезгіл мал басын дәрігерлік бакылаудан откзу кк. Сырттан әкелінген малды 1 а боы оқшаулап бағып, оған үнемі мал дәрігерлік баикау жасаиды.қотыр мал болек бағылып, емделеді. Мал ішінен қотыр шықан шаруашылықтан бірде бір бас малды басқа жакка шығаруга болмады. Қор жа, құрал самандарды, киім кешектерді әртүрлі изикалық және химилық әдістермен мезгіл мезгіл зарарсыздандырып отыру кажет. Жаиылымдар мен суаттарды мал тұрған шарбактарды биологилық әдіспен зарасыздандырады. Ол үшін котыр шыққан жерді жазда 2,5аи, ал қыста 5 апта паидаланбаиды, иғни ммал ұстамаидышет елдік дәрілерден кора жаиды зарасыздандыру үшін стомазон 1:210 ерт бүрку аркылы олданады. Ертіндіні жұмсау төлшері 30-50 мл м2, әрбір шаршы метрге 30-50 мл стомазон 1:200ертіндісі жұмсалады.
Цефалопиноз түйенің кеңсірігінде ,жұтқыншағында ,тор сүйектің иірлерінде өмір сүретін Oestridae тұқымдасына жататын Cephalopina titillator деп аталатын түйе бөгелегінің балаңқұрттары қоздыратын созылмалы ауру.Қазақша аты құмыр.Қазақстанның Оңт. ж/е Солт. Батысында түйелі аймақтарда кездеседі.Қоздырғышы.Құмыр ауруын түйе бөгелегінің балаңқұртта- ры қоздырады. Түйе бөгелегінің дене тұрқы 8-11 мм. Денесі - бас, кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Түйе бөгелегі ашық- қоңыр түсті. Басы ірі, сары түсті, мандайы сары-сұр түсті. Көздері күрделі, мұртшалары қысқа. Ауыз мүшелері дамымаған. Кеудесі қоңыр күл түсті қызыл, қоңыр дақтары бар. Аяқтары сарғыщ, қанаттары қоңыр.1-сатыдағы балаң құрттарының дене тұрқы -0,72 мм. Бас тұсында аузы және нашар дамыған екі ауыз ілгектері бар, Әр буылтық- тың астыңғы жағы тікенекті. Олар мұрын қуысы иірлерін мекендейді.2-сатыдағы балаң құрттар ақ түсті. Денесі ұршық тәрізді, арт жағы сүйірлеу. Дене тұрқы 0,8-1,7 см, ені 2-3,5 мм. Перитремалары дөңгелек, сары түсті. Жаңа жетіліп келе жатқан ауыз ілгегі және тікендері бар.ІІІ-сатыдағы балаң құрттардың ұзындығы 32 мм, ені 9 мм, денесі 12 буылтықтан құралған.Пішіні цилиндр тәрізді, алдыңғы жағы кішкене кеңірек, сары-сұр түсті. Бас буылтығы қысқа, оңда орақ тәрізді иірілген екі ірі, қара түсті ауыз ілгектері бар.Түйе бөгелегінің өсіп, өнуі. Түйе бөгелегінің қанаттанып ұшуы және жануарларға шабуылы мамыр-маусым айларында басталады. Әр аналығы 800-900 дана I сатыдағы балалан-құрт шығарады. Бөгелектің аналығы ұшып жүріп, түйе танауына 20-30 балапан- құрт бүркіп жібреді. Алғашқыда олар мұрын қуысында, кеңсірікте дамып, одан әрі бастың жоғарғы қуыстарына жылжиды.Патогенезі. Бұл аурудың түйе организміне патогендік әсері басқа да эстридоз ауруларына өте ұқсас.Ауру белгілері. Егер түйе кеңсірігінде бірен-саран ғана бөге- ; лек құрттары болса, цефалопиноз (құмыр) жөнді байқалмайды.Балаң құрттар саны көп болса, түйе тынысы тарылып, демін аузы- лан алады. Ауру түйе басын көтеріп ұстап, жатқанда мойнын ,алға қарай созады, жемін өте баяу шайнайды.Емі.Цефалопинозбен күрестің негізгі әдісі түйе бөгелегінің I I сатьідағы балаң құрттарын жою.Түйе танауындағы балаң құрттарды майысқақ түтікпен шұқып,сыртқа шығаруға болады.Сыртқа шыққан балаң құрттарды жинап алып өртеп жіберген абзал.
Цистолихоз. Қоздырушысы тыныс алу жолындағы колония қылып тіршілік етеді. Саркоптес тусысына жатады. Бұл кенелер құстардың кеңірдегінде, ауа қапшығында паразитті бронхыларында тіршілік етеді. Сирек жағдайда құрсақ қуысының сір қабығынан, анықтаған. Жұғу жолдары толық зерттелмеген. 50 пайызға дейін тарайды. Түшкіру арқылы азыққа түседі. Саркоптоздар сияқты денесі сопақтау 04мм дейін біршама ірілеу келеді. Аналықтардың барлық аяқтарында сорғышары бар. Тұмсықтары жақсы жетілген. 1959ж. Г.П.Стеценко ғалым тірі туатынын байқаған. Кенелерді 1-2 құрсақ қуысына енгізіп, 3айдан кейін 25кене тапқан. Сыртқы ортада өте төзімді, бөлме температурасында 7 күнге дейін өмір сүреді. Суда 17күнге дейін тіршілік етеді. Жасына қарамайды барлық құстар мен балапандар шалдыға береді. Клиникалық белгілеері. Ларинготрахейт белгілері болады, тұмсығынан сұйық ағады, түшкіреді, басын шайқайды, асқынғаннан кейін арықтайды, газ алмасу бұзылады, көмірқышқыл газы сыртқа шықпайды. Жалпы жағдайы нашарлайды. Сырғасы, айдары отырады, жүндері ұйпаланып, жұмыртқасы азайып, әбден арықтап, өле бастайды. Зат алмасуы бұзылады. Диагностикасы: Эпизоотологиялық, клиникалық тексеру, өлексені жарып тексеру. Кілегейлі көпіршікті сұйық жиналады. Сір қабықтарында 1-2 мм цисталары анықтайды. Цисталарды алып заттық шыныға қойып, микроскоппен қараса кенелерді көруге болады. Емдеу:Ветеринарияда емі тексерілмеген. Заманауи дәрілер қолданылмаған, тексерілмеген. Ветеринариялық-санитариялық шаралар:Шаруашылыққа кенені әкелмеу үшін таза шаруашылықтан алу керек. Цистолихозға тексеру керек. Қораны дезакаризациялау. Неостомазан, неостозол тиімді болып табылады.
Шошқа саркоптозы. Шошқа саркоптозы көбінесе созылмалы түрде өтеді. Негізгі белгісі- тері қышиды, қатпарланады және қабыршақтанады.Эпизоотологиясы. Аурудың негізгі көзі- ересек ауру шошқалар. Оларда ауру клиникалық белгісіз өтеді, сау малға кене күтім жабдықтары мен тасымалдануы мүмкін.Ауру белгілері. Шошқада қышыма қотыры екі түрде кездеседі: қүлақ қышымасы және дене қотыры. Құлақ қышыма қотыры көбінесе кәрі мегежіндермен қабандарда байқалады. Қотыр құлақтың айналасымен қалқаншасын зақымдайды. Қышыма қотырының бүкіл денеге жайылуы жас 3-6 айлық торайларда жиі байқалады. Тері алдымен қызарып қабынады, одан соң қышыйды, күлдірлеп, бөртеді. Тері тығыздалып, қалыңдап, қатпарланып, жарықшықтанады. Қылшықтары түсіп, қалың қабыршықтар пайда болады. Торайлардың қүлақ қышымасында орталық жүйке жүмысы бүзылып, ауыр түрде өтеді.Шошқа қышыма қотыр кенелері адамға да қауіпті. Олар тіршілік циклын толық аяқтамасада, адам терісін бүлдіріп, қышыма қотырын туғызады.Ауруды анықтау. Клиникалық белгілері мен тері қырындысын тексеру арқылы анықталады.Емдеу және алдын — алу шаралары. Қышыма қотырын емдеу нәтижелі болу үшін, алдымен шошқа денесінің зақымдалған терісінің сыртын қабыршақтан арылту қажет. Ол үшін зақымдалған жерді сабынды жылы сумен жуып, бір күннен кейін қабыршақтарды тазалап, жылы сумен шаяды. Тек осыдан соң акарицид дәрілерін пайдаланады. Тазаланған теріге 0,25-0,5 пайыздық циодрин. ветинол, дикрезид. 0,15 пайыздық неоцидод, 0,2 пайыздық алуган, 0,05пайьіз- дық эктоминнің сулы эмульсиясын бүркеді. Дәрілеуді 7-10 күннен соң қайталайды.Синтетикалық пиретроидтардан шошқа саркоптозында 0,1-0,2%-дық стомозан. 0,05%-дық цимбуштың судағы эмульсиясымен бүркіп-шылау жақсы нәтиже бёреді. 8-10 күн аралығында екі рет шошқаның 50 кг тірі салмағына 1 мл мөлшерінде тері астына жіберген ивомек, цидектин жақсы нәтиже береді. Денеге құю әдісімен шошқаның 10кг тірі салмағына 4 мл. мөлшерінде себацил — Рогог-оп пайдалануға болады.
Шыбындарды қораларда жою шараларыШыбындарды жою шараларын мал қорада жөне жайылымда жүргізеді.Мал қоралары мен ферма маңын таза ұстаған жөн. Алдымен шыбындардың өсіп, өнуіне қолайлы орындарды құрту қажет. Мал қораларын тазалап, жем қалдықтарын, мал қиын дер кезінде шыға- рып, оттықтарды таза ұстау керек. Мал тезегін сумен жуып шыға- ратын жүйе қолдану, оларды тазалау мерзімін бұлжытпай оран- дау, шыбындардың жаппай өсіп-өнуіне тосқауыл болады. Мал тезегін дер кезінде көң қоймаларына шығарып, биометриялық өдіспен зарарсыздандырады. Ферма маңында шашылған сүрлем қалдықтарын, сабан үйінділерін мұқият жинап отыру керек, себебі олар шыбындардың өсіп, өнуіне қолайлы орта болып табылады. Жазда қораға шыбындар енбес үшін есік, терезелерін ұсақ тор- мен жабады.Шыбын балаң құрттарын жою. Шыбын өсіп-өнетін орындар- да (биотоптарда), олардың балаң құрттарын жоюды - деларвация деп атайды. Шыбындардың өсіп, өнетін еден астындағы, канал- сыз дәретханалардағы, көң және т.б. органикалық қалдық үйінділе- ріндегі шыбынның балаңқұрттрын жою үшін инсектицидтермен дәрілеп отыру қажет. Дезинфекция (жәндіктерді жою). Шыбындардың өсіп-өніп, кебеюіне тосқауыл салу үшін жазғытүрым, күн жыл ысымен қрра- ларда дезинфекция жүргізіп, қыстап шыққан шыбындардың бірін- ші үрпағын қырады. Күзде дөл осындай дезинфексия шараларын, қыстайтын жөндіктер санын азату үшін, өр 3 ай сайын жүргізеді. Бұлардан басқа шыбын саны тым көбейіп кеткен жағдайда, лажсыз дезинфекция жүргізіледі.Дезинфекция жұмыстары инсектицид дәрілерді қора ауласына бүрку немесе аэрозольмен тұмандату арқылы орындалады. Мал қорасын ылғалды өдіспен дезинфекциялау үшін 0,5-1% неоцидол эмульсиясы.Дөріні бүркуге ДУК, ЛСД, ВДМ және т.б. машиналар мен агрегаттар қолданылады. Дезинфекцияны түгелдей немесе шыбын- дардың көбірек жиналатын жерлерін, яғни терезелер, бағандар, қора төбесі, есігі және т.б. ғана қамту арқылы жүргізуге болады..Шыбьшдардың саны қайта көбейген сайын, қораларды дөрілеу- ді қайталау керек. Шыбын биотоптары шамалы және санитарлық күйі жақсы мал қораларын айына бір-ақ рет дезинфекциялаудың өзі жеткілікті, ал шыбындардың өсіп, өнетін орындары көп болса, айына 3-4 рет дезинфекциялаған артық болмайды.Шыбындарды жайылымда қыру. Мал үстіне қонған шы- бынды күнделікті инсектицидтермен жойып отырады. Мұндайда шыбын саны жайылымда бірте-бірте азая береді.
Шіркейлер, жіктемесі, морфологиясы менШіркейлер (мошки) (Simuliidae) Шіркейлер аса уытты, малдың эктопаразиттері. Егер малды шіркейлер жаппай шабуылдаса, олардың сілекейіндегі уытпен мал уланады. Мұндайда симулиотоксикоз ауруы дамиды. Бұл ауруға шалдыққан малдың жүйке жүйесі қозады, күйзеледі, терінің шелі жайылып ісінеді, жүрек қызметі әлсірейді және көбінесе өлімге үшырайды.Шіркейлер жаппай жабылғанда мал оттан қалады, олардан қорғануға тырысады. Сауын сиырдың 10-20% -ке дейін сүттілігі кемиді.Шіркейлер қосқанаттылар - Diptera тегіне, ұзын мұрттылар Ncmatocera тек тармағына, Simuliidae тұқымдасына жатады. Көп тараған түрлері: Simulium galeratum, S. columbaczense, Odagmia ornata және т.б.Морфологиясы. Шіркейлер ұсақ шыбындарға ұқсас, денс түрқы 2-4 мм. Түсі кәбінесе қара, сұр немесе көк. Басы аздап төмен қарай иілген, мұртшалары ұзын 11 буылтықты, тұмсығы тікенді сорғыш, қан соруға бейімделіен, кеудесі бүкір, қанаттары жалпақ, аяқтары қысқа және жуан.Өсіп өнуі. Шіркейлер, ағыны қатты суларда ғана өеіп-өнеді. Ұрықтанған және қанға тойынған аналықтары, ағын су жағалауындағы шайынды тастарға және өсімдіктерге 100-800 мөлшерінде жұмыртқа салады. Жүмыртқалары жәндіктердіц жыныс мүшелерінен шыққан желім тәріздес заттың көмегімсн тастар мен өсімдіктерге жабысып қалады.4-12 тәуліктен соң, жұмыртқалардап шөлмек пішінді балаң құрттар шығады. Олар жабысқақтарымен және артқы буылтығындағы ілгектерімен шайынды тастарға және т.б. заттарға жабысып алады. Балаң құртгардың бас жағында бірнеше қармауыштары бар. Қармауыштары сумсн ағып келетін органикалық заттарды сүзіп қалуға мүмкіндік береді. Олар ұсақ қарапайымдылармсн, өсімдік бөлшектерімен қоректенеді және суда еріген өттегімен тыныс алады.3-4 апта ішінде балаң құрттар 5 рет түлеп, кебіс тәрізді пілла түзсйді де, соның ішінде қуыршақтанады. Қуыршақ сатысы 3 аптаға созылады. Қуыршақ ішінен қанаттанған шіркейлер су астынан шығады. Ауа қалдықтары көмсгімен судан шығып, жер бетінде өмір сүре бастайды. Бір жыл ішінде шіркейлер 1-5 ұрпақ берсді.Шіркейлер 15-25°, ал кейбір түрлері 5° жылылықта ұша алады. Шіркейлер орман және жағалаудағы өсімдіктер маңына кептеп жиналады. Ұшу қабілеті төмендеу, сондықтан оларды ауа толқынымен жел оңдаған, ал кейде жүздеген км жерге алып кетуі мүмкін.
Шіркейлер, малға зияны, ветеринариялық шаралар Келтіретін зияны. 1. Сыртқы тоғышар ретінде: — малдың мазасын алып, олар дұрыстап жайылмайды, 20-50% дейін сүтін азайтады, 10-20% тірі салмағын төмендетеді, шіркейлер 5-6 минутқа дейін қан сорады; - сілекейінде өте улы қасиеттері бар. Сол себептен малды жэне адамда симулотоксикоз деген ауруды қоздырады және дерматит пайда болады. Симулотоксикоз жіті түрде өтеді, кейде бір тэулік ішінде мал өліп те қалады. Тыныс алу жолдары ісініп, ауа жетпей сілекейі ағып, мал орнынан түра алмай қалады. 2. Тасымалдаушы ретінде: - шіркейлер механикалық тасымалдаушы болып саналады. Адамның энцефалитін, оба вирустарын, мал топалаңы, туляремия мен пастереллезды, құс боррелиозы мен лейкоцитозоонозды таратады. - Онхоцерка деген жұмыр құрттардың аралық иесі жэне тасымалдауышы болып саналады. І. Шіркейлерді биотоптарда жою: 1. Гидромелиоративтік шаралар жүргізу - Ол шаруашылыққа қажеті жоқ майда өзендерді және көлдерді қүрғату; олардың орньгаа жасанды жайылым жасау; - Ірі өзендерде гидрогеологиялық режимді ұстау. 2. Химиялық шаралар: а) ларвоцидтік дэрілерді (яғни шіркейлердің балаңцарын жоятын дәрілерді) қолдану, оларды сулардың, өзендердің су бетіне шашу. Ол үшін қолданатын препараттардың ішінде дифостың тиімділігі жоғары. Дифостың 0,005-0,02%-дық судағы эмульсиясын 20-50 г. әсерлі заттың есебімен бір гектар судьщ бетіне шашу шаралары өте тиімді. б) Ересек сатыларды жою үшін өсімдіктерге дифостың 1%-дық судағы эмульсиясын 20мл/м2 (200л/га) ұшақтан немесе ЛСД, ДУК, ВДМ деген агрегаттардың көмегімен шашады. Ересек сатыларды Г-17 деген гексахлоран шашканың түтінімен жояды - 35-100-150 метрден арасына салып қояды. 3. Биологиялық шаралар. Шаруашылыққа керекті өзендерде, көлдерде пайдалы балықтар өсіру. Балықгар шіркейлердің балаңдары мен қуыршақтарын жеп қоректенеді ІІ. Шіркейлерді малдың денесінде жою: 1. Инсектицицтарды немесе репеллентерді қолдану іске асады. Оксамат а) ірі тамшы әдісімен 3%-дық оксаматтың судағы эмульсиясын — 0,5-1 л эр басқа есебінен бұзауға немесе 1,5-2 л сақа малға шашады; б) аз мөлшерді тамшы немесе аэрозолды эдісімен 20%-дық оксаматтың судағы эмульсиясын 50-100 мл/эр бас малға жасына қарай береді. жылқыларға оксаматтың 20%-дық судағы эмульсиясын бүркіп шашады немесе аэрозолды әдісімен 50-100 мл/эр бір бас малға береді. 2. Шіркейлерді малдың денесінде жою: Инсектицидтарды немесе репеллентерді қолдану іске асады. а) Оксамат а) ірі тамшы эдісімен 3%-дық оксаматтың судағы эмульсиясын — 0,5-1 л эр басқа есебінен бұзауға немесе 1,5-2 л сақа малға шашады; б) аз мөлшерді тамшы немесе аэрозолды эдісімен 20%-дық оксаматтың судағы эмульсиясын 50-100 мл/әр бас малға жасына қарай береді.
Эпидермоптоз.Құстардың терісінің астында тіршілік ететін,саркоптоз тұқымдастығына жататын кенелер туғызады.Кене 0,03 мл аралығындағы өте ұсақ кенелер.Ерекшелігі кененің артында ұзын қылшығы болады.Даму сатысына келсек кенелер толық метоморфозбен дамиды.Яғни толық даму сатысынан өтеді.Тері асты қабатынан протонимфа, теленимфа сатысынан өтеді.Бұл ауру негізі толық зерттелмеген.Әсіресе құс шаруашылығында бұл кене туғызатын аурумен ауруы мен ауырмауы мүмкін, сондықтан толық зерттелмеуі жатады..Шет мемлекеттерде Еуропа, Америка елдерінде таралған.Диагностикасы.Терінің эпидермис қабатынан кене зерттелу керек. Құстың арахноз ауруы болып табылады.Еміне аверсек 2, дектомакс, иверсек тері астына егуге болады.Алдын алу шарасы ретінде құс қораларына уақытылы кенелерге қарсы дезакаризация жұмыстарын жүргізу керек.Қораның температурасын қадағалау керек.Қора жылы болса құстар арасында кене көбейіп кетуі мүмкін.Құстарды кенелерге қарсы дәрілермен егу керек.
ЭстрозЭстроз - қойдың кеңсірік құрт ауруы, оны пысқырық деп те атайды. Бұл ауруды Oestrus ovis - қой бөгелегінің балаңқүртnары қоздырады. Олар қойдың танауына, маңдай және бастың қосалқы қуыстарына еніп, сол қуыстардың кілегей қабығын қабындырады.Қой бөгелегі Oestidае тұқымдасына, қосқанаттылар тегіне жатады.Қой бөгелегінің ұзындығы 9-11 мм. Сыртынан қарағанда үлкен шыбынға ұқсас. Басыньщ екі жағында күрделі екі көзі бар, ал төбесінде қарапайым нүкте тәрізді үш көзі бар. Үрғашы бөгелек көздерінің арасы алшақ келеді. Олардың күрделі көздері көптеген қарапайым көздерден құралған. Еркек бөгелектердің көздері үлкенірек әрі бір-біріне жақынырақ орналасқан. Осы белгілеріне қарап, олардың жынысын айыруға болады. Басының алдыңғы жағында екі мұртшасы бар, ауыз мүшелері дамымаған, себебі бөгелектер ересек сатысьшда қоректенбеңці. Кеудесінің төменгі жағында үш жұп аяғы бар. Олардың аяғы бес буыннан тұрады. Кеуде бөлігінің жоғарғы жағында қос қанаттары бар.Қой немесе кеңсірік бөгелегінің өсіп-өнуінде 3 кезең байқала- ды: 1) балаңқұрт, 2) қуыршақ, 3) имаго немесе ересек бөгелектер. Балаң құрттың даму кезеңі 3 сатыға бөлінеді.Диагнозы. Эстрозды анықтағанда эпизоотологиялық дерек- терді, аурудың клиникалық белгілерін, өлекседегі өзгерістерді ескерудің маңызы зор. Эстрозды айналма, яғни ценуроз ауруынан ажырата білу керек.Серологиялық аллергиялық зерттеулер жүргізіледі.Емі ж/е дауалау шаралары:малды жайлауға шығару,малдың қиын биотермиялық әдіспен залалсыздандыру,Емі ивермектин 50 кг-1 мл күзде егу керек.Сембуш жақсы әсер етеді.

Приложенные файлы

  • docx 17524512
    Размер файла: 69 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий