18_variant


Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Пән: Ішкі аурулар («Терапия», «Фтизиатрия», «Жұқпалы аурулар»)
Мамандық: 051301 «Жалпы медицина»
Курс 4
Нұсқа № 18
Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін- 100% (терапия)
ЖИА. Стенокардия. Этиологиясы, патогенезі және жіктелуі.
Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін- 100% (терапия)
Лимфоаденопатия кезіндегі ажыратпалы диагноз.
Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін- 100% (терапия)
Созылмалы пиелонефриттің диагностикалық критерилері.
Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін- 100% (фтизатрия)
4. Диспансерлік бақылау топтары.
Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін- 100% (жұқпалы аурулар)
5. Аденовирусты инфекция. Нұсқалардың ағымы. Диагностикасы және емдеу қағидалары.
Бұл блокта жағдайлық есепті шешу керек, дұрыс және толық жауап үшін- 100% (терапия)
Клиникалық тапсырма
Ер адам, 35 жаста. Шағымдары: оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне, жалпы әліздікке, жылдам шаршағыштыққа, тәбетінің төмендеуіне.
Анамнезінен: Өзін бір жыл бойы аурумын деп санайды, сол кезде жылдам шаршағыштықты, жалпы әлсіздікті байқаған. Тексерілмеген, өз бетінше ешқандай дәрілік заттарды қабылдамаған. Жағдайының нашарлануы бір ай бұрын, Түркиядан келгеннен кейін оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі, себепсіз жалпы әліздік, жылдам шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі пайда болған. Темекі шегеді, алкоголь қолданбайды.
Қарау кезінде: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Конституциясы нормостениялық типті. ДМИ 19 кг/м2. Тері жамылғысы физиологиялық түсті, арқасында үлкен татуировка. Тілі ақ жамылғымен жабылған, ылғалды. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Шеткері ісінулер жоқ. Сүйек-буынды жүйе өзгермеген. Өкпеде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. ТАЖ минутына 18. Жүрек тондары айқын, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ минутына 76. АҚ 125/80 мм.сын.бағ. Пальпация кезінде оң жақ қабырға астында ауырсыну. Бауыры қабырға астынан 2-3 см шығыңқы, шеті домаланған, ауырсынды. Көкбауыр пальпацияланбайды. Дәретінің түсті қалыпты.
Тексеру кезінде: Жалпы қан анализі: Нв 120 г/л, эритроциттер – 4,9х1012/л, ТК 0,8, лейкоциттер 6,2х109/л, базофильдер -0% эозинофильдер -2%, таяқшаядролы -5%, сегментядролы -62%, лимфоциттер-28%, моноциттер -2%, тромбоциттер 196х109/л, ЭТЖ 22 мм/сағ. Жалпы зәр анализі – көлемі 80,0 мл, салыст.тығыз 1024, ақуыз- 0,018 г/л, глюкоза – жоқ, лейкоциттер 2-3 к/а; Қанның биохимиялық көрсеткіштері: жалпы билирубин 28 мкмоль/л, тура билирубин – 12 мкмоль/л, АлАТ 124 Бір/л (қалыпты 0-38 Бір/л), АсАТ 87 Бір/л (қалыпты 0-40 БІР/л), γ ГТП – 128 БІР/л (қалыпты 15-106 БІР/л), ЩФ – 480 нкат/л (қалыпты 139-361 нкат/л), холестерин – 3.5 ммоль/л, қандағы қант – 3.3 ммоль/л, жалпы ақуыз – 72 г/л, креатинин – 68 ммоль/л (қалыпты 45-97 ммоль/л), тимолды сынама 7 БІр.м (қалыпты 5 БІР.м дейін). Коагулограмма: ПТВ 15 сек (қалыпты 16 сек дейін), ПТИ 89% (қалыпты 80-105%), фибриноген 3,3 (қалыпты 2,0-4,0 г/л). ИФА: anti HCV IgG- оң. ПЦР: RNA HCV оң, генотип 1b. Іш қуысының УДЗ: Гепатомегалия. Бауырда диффузды өзгерістер. Шамалы спленомегалия.
Тапсырма
Синдромдарды анықтаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
Жетекші синдромды бөліп алыңыз және ажыратпалы диагноз үшін аурулар тобын атаңыз
Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін интерпретациялаңыз
Клиникалық диагнозды құрыңыз және негіздеңіз.
Емдеу жоспарын құрыңыз.
№ 1 ішкі аурулар кафедрасының
меңгерушісі, м.ғ.д., профессор: Д.Ж. Тайжанова
№ 2 ішкі аурулар кафедрасының
меңгерушісі, м.ғ.к., доцент: Е.М. Ларюшина
Фтизиатрия кафедрасының меңгерушісі,
м.ғ.д., профессор: Н.С.Табриз
Жұқпалы аурулар және дерматовенерология
кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент А.А. Ким

Приложенные файлы

  • docx 17497295
    Размер файла: 21 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий