10_variant


Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Пән: Ішкі аурулар («Терапия», «Фтизиатрия», «Жұқпалы аурулар»)
Мамандық: 051301 «Жалпы медицина»
Курс 4
Нұсқа № 10
Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін - 10% (терапия)
Созылмалы панкреатит. Этиологиясы, патогенезі және жіктелуі.

Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін - 100% (терапия)
Диастолалық шу бойынша ажыратпалы диагноз.
Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін - 100% (терапия)
Бронхылық демікпенің диагностикалық критерилері.
Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін - 100% (фтизатрия)
Химиотерапия қағидалары. Туберкулезге қарсы дәрілердің жіктемесі.
Бұл блокта теориялық сұраққа жауап беру қажет, дұрыс және толық жауап үшін - 100% (жұқпалы аурулар)
5. Жедел дизентерия. Диагностикасы, емі, алдын алу қағидалары.
Бұл блокта жағдайлық есепті шешу керек, дұрыс және толық жауап үшін - 100% (терапия)
Клиникалық тапсырма

22 жастағы ер адам. Шағымдары айқын жалпы әлсіздікке, жұтыңу кезіндегі тамағының, сүйектерінің, іштің сол жақ бөлігіндегі қатты ауырсынуына, мұрынынан қан кетуіне, қалтыраумен жүретін дене температурасының 38,2˚С дейін көтерілуіне, тәбетінің жоқтығына, жүрек айнуына.
Анамнезінен: 2 апта бұрын жедел ауырған. Дене температурасы 39-40˚С дейін көтерілген, жұтыну кезінде, буындарында, ішінде ауырсынулар пайда болған, жалпы әлсіздік, мұрынан қан кету күшейген. Дәрігерге қаралған. Антибактериалды терапия тағайындалған, ем нәтижесіз болған.
Қарағанда: науқастың жағдайы ауыр. Тері жамылғысы бозарған, көптеген петехиалды бөртпелер. Қызыл иегінің гиперплазиясы. Шеткері лимфа түйіндері ұлғайған: жақасты 1,5 см дейін, қолтықасты, шаптағы 2 см дейін, консистенциясы эластикалық, ауырсынусыз, қоршаған тіндермен байланыспаған. Тамақ бездері ұлғайған, борпылдақ, шамалы қызарған. Төс сүйегін перкуссиялау кезінде ауырсыну. Өкпеде тынысы везикулярлы. ТАЖ минутына 21. Жүрек шекарасы сол жаққа ортаңғы - бұғана сызығына дейін ұлғайған. Жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс, тахикардия минутына 96 дейін. АҚ 100/60 мм.сын.бағ. Көк бауыры қабырға доғасының астынан 5 см шығыңқы, консистенциясы тығыз, пальпация кезінде ауырсынады. Бауыры қабырға доғасының астынан 3 см шығыңқы, консистенциясы тығыз, ауырсынады.
Тексеру кезінде: Жалпы қан анализі - Hb 44 г/л, эритроциттер – 1,7 х 1012/л, ТК – 0,8, ЭТЖ 34 мм/сағ, лейкоциттер - 78 х 109/л; лейкоцитарлы формула: бласты жасушалар – 59%, сегментоядеролы нейтрофилдер – 31%, лимфоциттер –10%. Тромбоциттер – 14 х 109/л; Миелограмма: қан түзілу қалыпты бластты түрде, бласты жасушалар 90%, эритроидты және мегакариоцитарлы өсінділер қатты басылған. Бласты жасушалардың цитохимиялық зерттеуі: бейспецификалық эстераза, қышқыл фосфатаза, миелопероксидаза, гликоген, липидтер реакциясына - теріс.
Тапсырма
Синдромдарды анықтаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
Жетекші синдромды бөліп алыңыз және ажыратпалы диагноз үшін аурулар тобын атаңыз
Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін интерпретациялаңыз
Клиникалық диагнозды құрыңыз және негіздеңіз.
Емдеу жоспарын құрыңыз.

№ 1 ішкі аурулар кафедрасының
меңгерушісі, м.ғ.д., профессор: Д.Ж. Тайжанова
№ 2 ішкі аурулар кафедрасының
меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Е.М. Ларюшина
Фтизиатрия кафедрасының меңгерушісі,
м.ғ.д., профессор: Н.С.Табриз
Жұқпалы аурулар және дерматовенерология
кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент А.А. Ким

Приложенные файлы

  • docx 17482163
    Размер файла: 21 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий