5-_ta_1179_yryp


Мамандығы:жалпы медицина, 4 курс
Қазақ тілі кафедрасы
Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша
тәжірибелік сабақтарға арналған
әдістемелік нұсқаулар
I.Лексикалық тақырып:. Гепатит және цирроз.
Грамматикалық тақырып: Ғылыми баяндаманың құрылымы мен мазмұны. Жазбаша баяндамаға қойылатын талаптар.
II. Сабақтың мақсаты:
Студенттерге кәсіби қарым-қатынас үшін қажет негізгі медициналық терминологиялық лексика минимумын меңгерту; қазақ тілінде сөйлеу қызметінің әртүрлі дағдылары мен біліктерін жетілдіру: айтылым (қазақ тіліне ауызша аударудың түрлері, сөйлеушінің өз пікірін негіздеуі, тақырыптық диалог), жазылым (толық аударма, мәтіннің құрылымдық бөліктерін рәсімдеу), аудару үдерісінде іздеу, танысу түріндегі оқу, түсіну.
III. Пәннің міндеттері:
- сөздік-анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істей білу, кәсіби сипаттағы мәтіндерді қарап шығу, іздеу, зерттеу мақсатында оқи алу дағдысын қалыптастыру;
- жалпы ғылыми және нақты кәсіби тақырыптағы мәтіндердің мағыналық, құрылымдық және коммуникативтік ерекшеліктерін ескере отырып, оқып, түсіну; мәтіннің тақырыбын, көтерген мәселесін, қорытындысын анықтай алу, мәтіннің логикалық сұлбасын ұсына білу т.б. біліктерін жетілдіру;
- ғылыми мәтіннің жалпы мазмұнын және автордың басты тезистерін түсіну, мәтін ақпаратынан басты және қосымша ақпаратты бөліп, оларды бағалай білу, мағыналық блоктардағы негізгі, қосымша және қайталанатын ақпаратты бөліп көрсете білу дағдысын қалыптастыру;
- жалпы және кәсіби лексика негізінде сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша коммуникативтік біліктерін дамыту, белгілі тақырып бойынша кәсіби сипатта ақпарат алмасуын қамтамасыз ету;
- өз мамандығы шеңберіндегі кәсіби терминдерді игеру дағдыларын жетілдіру.
IV. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Ғылыми баяндаманың құрылымы мен мазмұны.
2. Жазбаша баяндамаға қойылатын талаптар.
V.Әдіс - тәсілдер:
1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
2. Топпен орындалатын жұмыс әдісі
3. жобалау әдісі
VI. Тақырып бойынша тапсырмалар:
1- тапсырма. Ақпаратпен танысыңыз, ғылыми баяндама жазу үлгісі туралы айтып беріңіз.
Ғылыми баяндама жазу үлгісі
баяндаманың не туралы жазылатынын, не мақсатта жазылатынын анықтап алыңыз.
Аудиторияны анықтап алу керек. Жазудан бұрын кім үшін, қанша жастағы оқырман үшін жазатыныңызды анықтап алыңыз. Мәселен, ғылыми мақала мен балаларға арналған мақаланы шатастырмау керек. Аудиторияға сәйкес, дайындығыңыз да өзгеріп отыруы керек.
Жазатын баяндамаңыз еш жерде талқыланбаған, жаңа, өзекті болсын. Ал егер сіз жазғыңыз келген тақырып жауыр болса, оның берілу форматын өзгертіңіз, яғни өзге бір қырынан беруге тырысыңыз. Бар дүниені қайталап жазып шығу емес, ең болмағанда сол ақпаратты толықтыру сіздің мақалаңыздың өзектілігін арттырады. Бұл арқылы оқырманның назарын аударасыз әрі олар әр жазған мақалаңызға қайта оралып оқитындай болады.
Жазатын тақырыбыңызды өзге ешкім, ешқашан жазбаған болсын. Мақалаға өзгеше реңк, жаңа тұрпат беріңіз.
Тақырыпқа жаңа ойлар қосыңыз. Өз ұсыныстарыңызды немесе өзге авторлардың мақаласында жоқ деректерді қосыңыз. Бұл – оқырманның бүгінгі ақпарат тасқынында дәл сіздің мақалаңызды таңдап оқуға себеп болады.   
Қызықтыра жазыңыз. Оқырман ғана емес, жазып жатқан тақырыпқа өзіңіз де аса үлкен мән беретініңізді көрсетіңіз. Сіздің қызығушылығыңызды көрген оқырман да мән бере бастайды. Тіпті оқырманның ой қорытуына, сараптауына мүмкіндік беретіндей етіп жазыңыз.
Таңдалған тақырыпты зерттеңіз
Негіздерін біліңіз. Жазғалы жатқан мақалаңыздың жалпы сипатын ойластырыңыз. Бұл арқылы көп тақырыптың ішінде адаспай, айтқыңыз келген ойды жинақтауға мүмкіндік болады. Әрине, жазғыңыз келген тақырып төңірегінде ақпарат болмауы мүмкін, сондықтан тақырыпты білетін адамдардан, газет-журналдан, интернет басылымдарынан, кітаптардан іздеп, тапқан жағдайда оларға сілтеме беру арқылы қолдана аласыз.
Мұнда назар аударарлық бір мәселе – сіз тапқан ақпарат негізсіз, өтірік я толық емес болып шығуы мүмкін. Сондықтан іздеуді жалғастыра түсіңіз.
Сенімді ақпарат көздеріне жүгініңіз. Талқыланатын тақырыптың оң да, теріс те көзқарастарын жинақтап, оларды салмақтап алыңыз.
Әрине, деректерді интернеттен табу оңай. Десе де, мұнда да көрегендік, тапқырлық қасиеттер керек. Ақпараттардың сілтемесіне өтіп, ғылыми деректер мен қайнарын қарастыруға ерінбеңіз.Ақпаратты түрлі жолдармен беруге болады. Табылған ақпаратты мәтіндік нұсқада емес, кесте, диаграмма, суреттермен де беруге болады. Бастысы, оқырманға ақпараттың түсінікті болуы екенін естен шығармаңыз.
Мақаланы жазыңыз
Көлемін анықтап алыңыз. Жазбаны қай басылымға беретініңізге байланысты сөз санын, қанша парақ жазатыныңызды ойластырып алыңыз. Тақырыпты аша түсу үшін қаншалықты көп жазуыңыз керектігін анықтаңыз. 
Мақаланың жоспары
Жазу алдында оның неден басталып, қалай аяқталатынын, негізгі бөлімде қандай мәселе айтылатынын белгілеп алыңыз. Егер жоспар құратын болсаңыз, мақаланың қай бөлімінде композициялық қате барын, қай бөліміндегі деректі толықтыру керектігін біле алатын боласыз.
Жазу стиліне, құрылымына көңіл бөліңіз. Ғылыми мақалада ақпаратты ауызекі сөзбен жеткізе алмайсыз. Бұл үшін аудиторияның жасы мен көңіл-күйіне назар аударыңыз.
Ғылыми мақала эссе форматында 5 параграфтан тұратын ғылыми тілде жазылады.
Мақаланы өңдеңіз
Мақаланы жариялаудан бұрын, қайта оқып шығып, өңдеу керек. Егер уақытыңыз болса, бір күннен кейін жаңа деммен оқып, түзеткеніңіз жөн. Осы арқылы мақаланың қалай жазғыңыз келгенін және қалай жазып шыққаныңызды салыстырып, айырмашылығын байқайсыз. Көп жағдайда мақаланы дауыстап оқып көру керек. Сонда кейбір сөз тіркестері мен сөйлем құрылымының қатесін түзей аласыз.
Мәтіндегі орфографиялық және грамматикалық қателерді түзетіңіз.
Бұдан кейін мақаланың жалпы құрылымы  дұрыс тұрғанына көз жеткізіңіз. Мән-мағына логикалық тізбекте дұрыс орналасқан ба? Ақпаратпен мүлдем таныс емес оқырманға бәрі де түсінікті болсын. Мақалада бір-біріне қайшы келетін пікір мен қате деректердің жоқтығын қадағалаңыз.
Егер мақала көңіл көншітпесе, белгілі бір тарауларын я түгелдей жұмысты қайта жазып шығыңыз. Мақала өзіңізге ұнамай жатса, мақалаңызды барынша талап-жігеріңізді аямай қайта бір қарастырып көріңіз.
Мақаланы қызықты етіңіз. Мәтінге сурет, диаграмма, видео, аудио материалдар қосыңыз. Осы арқылы мақаланы түсінікті әрі оқуға жеңіл етесіз.
Мақаланы жариялаңыз
Жұмысты аяқтаған соң мақаланы жариялайсыз, бірақ мәселе мұнымен біткен жоқ. Үнемі ілік іздеп отыратын трольдердің пікірін елемеңіз. Сіздің жазған еңбегіңіздің құны көк тиын болып та көруі мүмкін. Мақала бәріне бірдей ұнамайтынын ескеріңіз.
Кеңестер:
Белгілі бір шектеулерге ұрынбас үшін жоспарды құрмауға да болады;
Сіздің жазушылық репутацияңыз маңызды. Сол үшін қате ақпарат таратумен немесе плагиатпен айналыспаңыз. Дереккөзді көрсетіп, сілтеме бермейтін болсаңыз, оқырманның алдындағы абыройыңызды жоғалтасыз.
Егер журналистік кәсіби білігіңіз болмаса, белгілі бір тақырыпта тұжырым айтуға болмайды. Редакторлық мінбер мен қандай да бір салада маман болып пікір білдіруге асықпаңыз. Қарапайым тақырыптардан бастағаныңыз жөн. Мәселен, жаңалық, сән, өнер, саяхат сияқты тақырыптар.
Қандай басылым болмасын, сіздің мақалаңызды түгелдей өңдеп тастауы мүмкін. Мұнда салқынқандылық танытып, неліктен өзгеріс пен толықтырулар енгізілгенін анықтаңыз.
Мақаланы дер кезінде жазу керек. Өзектілігінен айырылған ақпарат құнды емес.
Мақала жазу барысында әрбір сөз, сөйлемге аса мән беретін болсаңыз, кейін қайта бір өңдеп шығуға уақыт жоғалтпайсыз.
Мақалаңызды неліктен, қашан, қалай жазғаныңызға жауап іздеңіз.
Мақала түрлері:
Бас мақала. Газет пен журналдың кезекті санының алғашқы беті қоғамның ең маңызды мәселесіне арналады.
Бас мақала қоғамның саясат, экономика, қоғамдық саясат, экономика, қоғамдық қатынастар, мәдениет, заң, адамгершілік т.б. аясына арналады.
Проблемалық мақала- қазіргі таңда кең қолданысқа ие. Проблемалық мақала экономика, саясат, мәдениет, ғылым, білім, адамгершілік, заң, экология т.б. қоғамның барлық саласын қамтиды және әртүрлі тақырыпта жазылады.
Ақпараттық мақала - мазмұны кең көлемде талданған, анықталған оқиғалардың деректеріне негізделеді. Сонымен қатар, қоршаған ортада барлық болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарды бір-бірімен тығыз байланыста талдануымен маңызды. Ақпараттық мақаланың мақсаты - оқиғаларды жедел хабарлау емес,әлеуметтік маңызы бар оқиғалардың мәнін аша отырып хабарлау. Тек хабарлау емес, кең көлемді мақалалар жазу, ақпараттық хабарлар дайындау, ситуацияға қатысушы жаққа қатысты деректер мен дәйектерін зерттеулерді ұсынуы керек.
Теориялық мақала. Мақаланың бұл түрінің мазмүны қоғамның саяси, экономикалық, мәдени дамуын және оның қазіргі жағдайына өзіндік көзқарасына, тарихи өсу тәжірибесіне ғылыми-теориялық жағынан талдау жасаудан құралады және газет-журналдарда, арнайы салалық басылым беттерінде жарияланады. Барлық тақырыптық бағыттағы мақалалар тартылады.
Мақала - зерттеу. Мақала-зерттеу - жан-жақты, кешенді, ағымдағы өмір, өткен жылдардағы қоғамдық маңызы бар оқиғаны зерттеуге негізделген мақала түрі.
2 - тапсырма. Микротоппен жұмыс. Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтінге тақырып қойып, маз мазмұнын айтып беріңіз.
Вирусты гепатит – жұқпалы ауру. Оның энтеральді және пареэнтеральді түрлері бар. Энтеральді түріне А және Е гепатиттері жатады. Олар тұрмыстық қарым-қатынас арқылы беріледі, көбінесе балалардың ұйымдасқан ұжымдарында күз-қыс мерзімдерінде жиі кездесіп тұрады. 
Осы ауру әрбір 3-5 жылда өршіп тұрады. Ал парентеральді түріне В, С, Д гепатиттері жатады. Аурудың қоздырғыштары табиғи және жасанды жолмен жұғады. Табиғи жолмен жұқтыру механизмдері жыныстық қатынас арқылы беріледі; перентеральды – анадан балаға және тұрмыстық қарым-қатынас кезінде, нақты айтатын болсақ, тіс щеткалары, жуыну жөкелері, тарақтар мен қырыну құралдары арқылы беріледі. 
Жасанды жолмен жұқтыру медициналық және медициналық емес манипуляциялар арқылы жүзеге асады. Медициналық жұқтыру - тері–аллергиялық сынама, зақымданған қан немесе оның компоненттерін құю, иньекция жасау, операция жасау, стоматологиялық манипуляциялар, аборттар, гинекологиялық тексеру, органдарды трансплантанттау арқылы беріледі. Медициналық емес жолмен берілу – татуировка, сүндетке отырғызу, қырыну, маникюр және педикюр (қолданылатын құрал-саймандарды дұрыс зарарсыздандырмаған кезде) жасау арқылы беріледі. Бір ине қолданатын нашақорлар, медициналық манипуляция жасау кезінде жеке бас қорғау ережесін сақтамаған медицина қызметкерлері және донорлар арасында осы ауру жиі кездеседі. Тіс дәрігерлерінің қабылдауында болған кезде сіз бір рет қолданылатын және стерильденген медициналық құралды қолдануын талап ете аласыз. Сұлулық салондарда таза пенюарларды, маникюрға арналған ыдыстарды, қысқыштарды, бигудилерді және басқа да құрылғылардың таза болуын талап етуге құқылысыз. Татуировканы, пирсингты және құлақ тесуді санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар жерлерде жасау қажет.
А гепатитін жұқтыру кезінде делсалдық, тәбеттің болмауы, лоқсу және құсу сияқты белгілер байқалады. Осындай күй 3-7 күн сақталып тұрады. Аптаның соңына қарай сары аурудың белгілері пайда болады: зәрдің түсі өзгеріп, үлкен дәреті ағарады, көздің іші мен тері сарғая бастайды. А гепатитінің вирусы аурудың ағзасынан зәр және сілекей арқылы сыртқа шығады. Ауру сау адамға вируспен зақымданған тағам мен су, әр түрлі тұрмыстық заттар, жуылмаған қол және жемістер мен көкөністер арқылы жұғады. Вирусты гепатитті жұқтырып алмау үшін жеке бас гигиенасын сақтау қажет. Бірақ осы аурумен күресудің ең тиімді жолы вакцинация болып саналады, осы тәсіл көптеген өркениетті мемлекеттерде өзінің тиімділігін көрсетті. Қазіргі кезде 2 жасар балаларды осы вирусқа қарсы егу шаралары жоспарлы түрде өткізіліп отырады. Вирусты гепатит А-ға қарсы екпе 6 ай аралықпен екі рет алынады.
Вирусты гепатит В-ға қарсы кесте бойынша стандартты егу 7-10 жыл мерзім ішінде адам ағзасын тиімді қорғап тұрады. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес вакцинаның бірінші дозасы жаңа туылған нәрестеге 24 сағат ішінде салынады, келесі дозасы 2-ші ай, 3 доза 4-ші айда салынады. Медициналық қызметкерлер мен медициналық жоғары оқу орындарының және колледждердің студенттерін егу ҚР ДСМ 2012 жылдың қараша айының 12 жұлдызындағы №33 қаулысына сәйкес 0-1-6 кестесіне сәйкес жүргізіледі. Вирусты гепатит В ошағында қатынаста болғандар мен қан және оның компоненттерін құйғандарды егу шұғыл түрде 0-1-4 кестесіне сәйкес жүргізіледі. Егілу қаланың емханаларында және медициналық орталықтарда жүргізіледі.
"С" вирусты гепатит ауруы
"С" вирусты гепатиті - ол негізінен бауырдың қабынуы. "С" вирусты гепатитінің вирусы өте өміршең келеді. Себебі 60 градус температурада 30 минут ішінде өлмейді. Ал құрғақ күйінде жылдар бойы сақталуы мүмкін. Бұл вирус медициналық және косметикалық құрал жабдықтарды сүртетін спирт ерітіндісінен де қорықпайды.
Біз вирусты ойламаған жерден жұқтыруымыз мүмкін. "С" вирусты гепатитінің созылмалы және жіті формаларымен ауыратын науқастар жұқпаның негізгі таратушылары болып табылады. Көп жағдайда сырқат өзінің басқа адамдарға қауіп туғызатынын сезіп, білмейді. Өйткені, науқастардың көбіне жіті вирустық "С" гепатиті " сары емес түрде" өтеді. Және де осы жағдайда дұрыс диагноз қою қиынға түседі, себебі созылмалы гепатитпен ауратындар көп жылдар бойы өздерін мүлдем сау сезінеді. Вирус зәрде, терде, нәжісте болмайды. Вирус қан сарысуында, қынап секретіде айқындалады.
Көп жағдайда жұқпаның жұғуы вирусты гепатит жұқтырған науқастың қаны, дені сау адамның қанына немесе зақымданған шырышты қабыққа жанасуы кезінде беріледі. Төменде аталып өткен жағдайларда жұқпа сау адамға жұғады: есірткіні көктамыр арқылы қабылдайтын нашақорлар, жұқпа жұқтырған қанды құю кезінде, вирусты " С" гепатитімен ластанған стерильді емес материалдарды, аспаптарды және құралдарды пайдаланған жағдайда( тісті емдеу кезінде, хирургиялық ота жасау кезінде, татуаж, персинг, маникюр, педикюр жасатқан кезде), " С" вирусты гепатитін жұқтырған адаммен жыныстық қатынасқа түскен кезде, жұқпа жұқтырған анадан туылған нәресте босану және емізу кезінде жұқпа жұқтыруы мүмкін.
" С" вирусты гепатиті науқастардың көбінде ( 60 - 85 %) аурудың созылмалы түріне айналады. Себебі ауру уақытылы анықталмай, әбден асқынған жағдайда бауыр циррозы, созылмалы гепатит сатысына өткен кезде ғана анықталады.Созылмалы вирусты "С" гепатитімен ауырған науқастың бауыры кейде "С" вирусты созылмалы гепатит адамның басқа ағзаларының ауыруына сбепші болуы мүмкін.
"С" вирусты гепатит вирустарының биологиялық қасиеттерін және оның аса жұғымталдығын ескере отырып, аурудың алдын алу шараларына ерекше назар аудару қажет. Дер кезінде дәрігерлік көмекке жүгінбеудің және диагностика жасауды кешіктірудің салдарынан Сіздердің туған - туысқадарыңызға ауруды жұқтыру қаупінің жоғарлайтынын естен шығармаған жөн.
3 - тапсырма. Мәтін бойынша бірнеше сұраулы сөйлем құрыңыз. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.
Бауыр адам ағзасында қанды сүзгіден өткізіп,барлық улы заттарды және адам ағзасында жүретін биохимиялық процестердің әсерінен пайда болатын зиянды заттарды залалсыздандырып, қанның  тазалығын қамтамассыз етіп отырады. Дені сау адамда бауыр өзін- өзі тазалауға күші жетеді , бірақ адам ағзасына түсетін токсиндердің мөлшері тым көп болғандықтан бауыр өз қызметін атқарып үлгірмейді. Осылай бауырдың зақымдануы басталады. Бұны медицинада токсикалык  гепатоз дейді. Адам ағзасына аса зиянды улы заттар қайдан кіретініе тоқтала кететін болсақ, ең бірінші орында арақ, темекі тұрады, бұдан кейін экологиялық факторлар,мысалы: машинаның түтіні,бензин,керосиннің буы, түрлі аыр металлдардың буы (сынап, кадьмий)  сияқты  улы,зиянды заттардың, тыныс ауа мен өкпе арқылы қанға өтуі, азық түлік арқылы түрлі консерванттар, ( қораптарында Е деген әріппен белгіленген) тамақ  бояулары,койылтқыштар,жеміс- көкөністер арқылы нитраттар мен нитриттер  пестицидтер т.с:с айта берсе осылардың бәрі бауырға орасан зиян келтіріп, бауыр қанды тазартып та, өзі тазарып үлгермейді. Осылай дұрыс тазармаған қан бүкіл организмді аралап, барлық органдарды улай бастайды,  Бауырда нерв талшықтары жоқ сондықтан адам бауырының ауырғанын білмейді. Әбден асқынып шегінге жеткенде ғана бауыр ауырады,және көп жағдайда емдеуге өте кеш болып жатады. Сондықтан  бауырды ауыртпауды ерте бастан ойлап шаралавр қолданған жөн. Ол үшін арақ, темекіден аулақ болу,дұрыс ,консерванты жоқ тағамдармен тамақтану, қуырылған, тұздалып, ысталған тамақтарды мейілінше аз жеу,тоң майды мүлдем пайдаланбау.,Жалпы рационға қарақұмық, сұлы,ботқаларын кіргізу. Салаттарды зығыр,күнжіт, зәйтун  майларымен шылап пайдаланған бауырдың ластануын болғызбайды. Бауырды тазалайтын белсенді қоспаларды , өсімдік шәйларын  кез келген дәріханадан алуға болады, Бауырды тазартудың тағы бір оңай әдісі, дюбаж  жасау. Бірақ бұны тек өт жолдарында тас жоқ болса ғана  жасауға болады. Сұлы жар масын қара суға  кайнатып, тұзсыз,сутсіз,қантсық аш қарынға жеген де бауырды тазартады. бірақ , күнделікті үш айдың көлемінде пайдалану керек. Егер,дәрігер қажет деп айтса, онда карсил, эссенциале форте деген емдік қасиеті бар дәрілерді де алып ішуге болады. Бауыр ластанудың алғашқы белгілері бет терісінің бұзылуы, денеге қышымалар шығу, терінің ешнәрсе шықпаса да қышуы, тәбеттің болмауы, жүрек айну ,өттің қоюлануы,ас қорыту процесстерінің бұзылуы сияқты белгілері болады.
4 - тапсырма. Мәтіннің мазмұнымен танысып, өзара сұхбат дайындаңыз.
Өт мүшесі
Өт — ас қорыту жүйесінің құрамдас бөлігі болып саналатын мүше. Өт бауырдың оң жақ астыңғы қабатында орналасады. Оның пішіні қапшық тәріздес қуыс болып келеді, ал көлемі жұмыртқаның көлеміндей ғана. Өтте бауырдан бөлініп шығатын өт сұйықтығы жиналады.
Өттің ұзындығы 5-14 см аралығында, ені 2,5-4 см аралығында болады. Сыртқы қабаты (терісі) жұқа әрі созылмалы болып келетін өтке 200 мл мөлшеріндегі өт сұйықтығы сыйып кетеді. Өттің түсі — қою жасыл түс.Өт ауруларыӨтке қатысты мынадайауру түрлері бар:Өттас ауруы (холелитиаз), Холецистит ауруы, өттің полипы (өттің ісіп қабынуы), Өт жолының тарылуы, т.б.Өт сұйықтығыБауырдан жасалып, өтке келіп түсетін сұйықтық “Өт сұйықтығы” деп аталады. Оның түсі сарғыш-қоңыр немесе жасылдау болып келеді. Дәмі ашы. Өт сұйықтығын бауыр ұлпалары жасайды. Өт сұйықтығының құрамында өт қышқылы, ақуыздар, билирубин пигменті, холестерин, фосфолипидтер, бикарбонаттар, натрий, калий, кальций, және физиологиялық белсенді заттар — гормондар мен дәрумендер.
Ас қорытудағы өттің қызметіБауырда жасалатын өт сұйықтығы барлық уақытта жасала береді. Бауырдағы өт сұйықтығы арнайы арналар (өт жолы) арқылы өтке келіп жиналады. Өттегі сұйықтық ас қорыту барысында он екі елі ішек арқылы өттен шығып отырады.Бауырда жасалған кездегі өт сұйықтығы мен өтте жиналған кездегі өт сұйықтығында айырмашылық болады. Әсіресе, құрамында біраз айырмашылықтар байқалады. Мысалы, бауырда жасалған кезінде сұйықтықтың құрамында альбумин (суда ерігіш ақуыз) болса, өтке келіп жиналғанда өт альбуминдерді сорып алады. Сондай-ақ, билирубин мен минералды заттардың көп бөлігін өт сорып алады. Есесіне, өттегі өт сұйықтығындағы холестериннің мөлшері көп.Бауыр - денедегі ең ірі без (салмағы 1,5 кг). Ол оң жақ қабырға астында орналасқан. Бауырда өт пайда болады. Адамның бауыры бірнеше бөліктерден (500 мыңға жуық) тұрады. Әрбір осындай бөлік өт түзетін бауыр клеткасының гепатоцитінен пайда болған.Бауырдың қызметі:- улы заттарды залалсыздандырады (кедергі қызметі);- көмірсу, май және белок зат алмасуына қатысады; - өтті өндіреді (күніне 1,5 л). Өттің қызметі:- ұйқы безі және ішек сөлдері ферментін белсендендіреді;- майларды ұсақ тамшыларға (оның бетін ферменттермен әрекеттесуін күшейту) бөлшектеу;- май қышқылдарының ерітілуін күшейту;- аш ішек қабырғасының жиырылуын белсендендіру;- ішектегі шіру процесін тоқтатады.
5 -тапсырма. «Гепатит ауруының алдын алу» тақырыбына реферат жазу.Бақылау сұрақтары
1. Бауырдағы өт сұйықтығы арнайы арналар (өт жолы) қайда келіп жиналады?
2. Бауырдың салмағы қанша?
3. Бауыр адам ағзасында қандай қызмет атқарады?
4. Бауыр ластанудың алғашқы белгілері қандай?
5. Токсикалык  гепатозды емдеу шаралары қандай?
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Негізгі:
А. Рақышев. Адам анатомиясы. I кітап. Алматы, 1994 ж.
Б.Ж. Доскеева. Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған оқулық.Алматы, 2002 ж.
Жанпейс У. А., Озекбаева Н.А., Даркембаева Р.Д. Русский язык. Учебное пособие для студентов медицинских вузов по специальности «Общая медицина». Часть III. - Алматы: КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова, 2015. – 118 с.
Абжанова Т.А., Абжанов Р.С. Культура деловой коммуникации. – Алматы: Экономика, 2011.
Энциклопедический словарь терминов фармакологии, фармакотерапии и фармации: Г. Я. Шварц — Санкт-Петербург, Литтерра, 2008 г.- 576 с.
Энциклопедический словарь медицинских терминов. Издание второе в 1-м томе. 50374 термина. / Гл. ред. В.И. Покровский. – М.: «Медицина», 2001. – 960 с.
Жанпеисова У.А. Қазақша-орысша тақырыптық сөздік - Казахско-русский тематический словарь./ Сост.У.А.Жанпеисова / - Алматы: Sansam, 2010.– 176 с.
Қосымша:
1. Ә.С.Бейсенова. Дәстүр мен ұрпақ тәрбиесі – ұлттық идеологияның негізі. – Ұлттық тәрбие. №1, 2010 ж. 114-120 б.
Ақпараттық және интернет көздері
Интернет-сайт «Грамота» www.gramota.ru
Интернет-сайт «Культура письменной речи» www.gramota.ru

Приложенные файлы

  • docx 17450061
    Размер файла: 67 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий