Rk_Termin_Sotsio


Терминдер ( социология )
Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы;тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр
Бюрократия - лат. bureau - бюро, канцелярия және грек, kratos - күш, билік, үстемдік; канцелярияның билігі] - атқарушы билік орталықтарының қоғам мүшелерінің еркінен тыс қалуына негізделген саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйе; қоғамның және мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени салалардағы қызметтерінде ресми және бейресми шенеуніктік байланыстарға негізделген билік жүйесі. Бүл байланыстар тұйықталған, иерархия заңдылықтарына сай жүргізілетін, заңды және қоғам мүшелерінің еркін белден басатын, әкімшілік нұсқаулар әдісімен басқаратын биліктің қатаң тетігін қалыптастырады. Бюрократия - кез келген ұйымдардың, мемлекеттік аппараттың, басқару құрылымдарының,мекемелердің, фирмалардың туа бітті қасиеті. Кез келген мемлекеттің аппараты бюрократиялық өзгеріске ұшырайды. Нәтижесінде бюрократия билік және басқару жүйесіне, әкімшілік,шаруашылық, құқық қорғаушылық және басқа да аппараттық құрылымдарға "қондырылған" болып шығады. Бюрократияның қоғамдық-экономиқалық құрылымымен, демократиялық үрдістердің дамуымен, мәдениет деңгейімен, адамдардың білімділік деңгейімен, қоғамның өнегелік сипатымен анықталатын ұлттық-мемлекеттік ерекшелігі бар. "Канцелярия билігі" мемле-кеттік билік жүйесінен, оның табиғатынан қашан да тәуелді болады. Билік аппаратын бюрократизациялау мен қоғамдағы демократияның шынайы жағдайының арасында тікелей өзара тәуелділік бар. Бюрократияға арнайы талдау жасаған - Гегель. Оның теориясын К.Маркс дамытты. Бүл мәселе, сондай-ақ М.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%92%D0%B5%D0%B1%D0%B5%D1%80&action=edit&redlink=1" \o "Вебер (мұндай бет жоқ)" Вебердің, Т.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%92%D0%B5%D0%B1%D0%BB%D0%B5%D0%BD&action=edit&redlink=1" \o "Веблен (мұндай бет жоқ)" Вебленнің, Р.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9C%D0%B5%D1%80%D1%82%D0%BE%D0%BD&action=edit&redlink=1" \o "Мертон (мұндай бет жоқ)" Мертонның және т.б. еңбектерінде жан-жақты зерттелді
Әлеуметтік дарвинизм - XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қоғамдағы адамзат дамуы заңдылықтарын биологиялық эволюциямен байланыстыратын және қоғамдық әмірдің анықтаушы факторлары ретінде өмір сүру үшін күресуге анағұрлым қабілеттілерді табиғи іріктеу принципін ұсынатын идеялық ағым (Г.Спенсер, А.Смолл, Э.Ферри және т.б.). Әлеуметтік қақтығыстар "табиғи", "болмай қоймайтын" құбылыстар ретінде бағаланады. Әлеуметтік дарвинизмнің анағұрлым реакциялық нұсқалары таптық үстемдікті, милитаризмді және сыртқы саясаттағы экспансионизмді жақтайды.
Стратификация - әлеуметтік престиж, мамындық, табыс, білім, билік құрылысына қатысу сияқты критерийлер негізіндегі әлеуметтік теңсіздігі және дифференциация.[Әлеуметтік норма - адамдардың жеке мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын реттеудің тарихи бекітілген формасы.[1] Қоғам өмірін құндылық тұрғыдан реттеу үшін оларды құқықтық жөне моральдық нормаларға бөлудін маңызы зор. Құқықтық нормалар заң пішімінде кейде мемлекеттік немесе әкімшілік нормативтік актілер түрінде көрініп, тиісті органдар жүзеге асыратын нақты занды нормаларды санкцияларды қолдану жайын анықтаушы диспозицияларды мазмұңдайды. Ал моральдық нормаларды сақтау ісі қоғамдық пікірдін, индивидтің имандылық парызының күшімен камтамасыз етіледі. Ал Әлеуметтік норма тек заңи және адамгершілік нормалар ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрып жосындары мен дәстүрге де арка сүйейді, әлеуметтік нормаларды туыңдатып, негіздеме калайды.
ТАРТЫС (кластық қақтығыс), конфликт (лат. conflіctus – қақтығыс) – екі немесе бірнеше жақтардың қарым-қатынасы барысында мақсаттары мен көзқарастарының өзара қарама-қайшылығы. Тартыс әлеуметтік және бейәлеуметтік болып екіге бөлінеді. Әлеуметтік Тартыс субъектілері адамдар, ал бейәлеуметтік Тартысқа табиғат құбылыстары жатады. Тартыстың алғышарты қарама-қайшылық болғандықтан осы негізде Тартыс ертеден зерттеліп келеді. Мәселен, біздің заманымыздан 6 – 5 ғасырларда Қытай ойшылдары “янь – инь” тіршілік дамуының негізі десе, антикалық ойшылдардың барлығы дерлік соғыстың пайда болу себептері туралы жазды. Гераклит әлем тек соғыс пен қайшылық негізінде пайда болады деп жазса, Платон соғыс – өз жолындағының барлығына қайғы әкелетін қасірет деді. Ол болашақта соғыс болмайтын “алтын дәуір” туатынына сенді.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%80%D0%B8%D1%81%D1%82%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BB%D1%8C" \o "Аристотель" Аристотель қоғамды басқарушы және бағынушы адамдарға бөлді. Ол “әлсіздер әр уақытта теңдікке ұмтылса, басшылардың ойына бұл туралы кіріп те шықпайды” деп жазған. Орта ғасырларда Н.Макиавелли (1496 – 1527) өзінің “Мемлекет” еңбегінде, сондай-ақ Э.Роттердамский, Ф.Бэкон, Т.Гоббс сияқты атақты батыс зерттеушілері Тартысты кеңінен зерттеді. 18 ғасыр ойшылдары қарулы қақтығыстарға қарсы тұрып, оның себептерін Тартысты зерттеу арқылы тануға тырысты. Э.Кант “көршілестер арасында Тартыс әр уақытта болады, яғни бейбітшілік орнауға екі жақ та өз күштерін салуға тиісті”. А.Смит Тартыстың негізі ретінде қоғамдағы таптық бөлінушілік пен экономикалық бәсекелестікті таныды. Г.Гегель соғыстың жағымды салдары жайлы айта келіп, Тартысты реттеуші мемлекет болуы керек деген. Ағылшын биологы Ч.Дарвин тіршілік үшін күресті бүкіл жаратылыс бастауы деп дәлелдеуге тырысты. Тартыс мәселесі туралы батыс зерттеушілерінің бірнеше теориялық мектептері қалыптасқан. Қазіргі заманда Тартыс мәселесін зерттейтін ғылым саласы – “Конфликтология” деп аталады.
Институционализм (әлеуметтік институт), институттық экономикалық теория (латынша іnstіtutо іс-қимыл салты, әдет-ғұрып, сондай-ақ іnstіtutum орнату, құру) экономика ғылымындағы қоғамның және экономиканың дамуын әлеуметтік психология тұрғысынан түсіндіретін бағыт. Институционализм эконономикалық ой-пікірдің жетекші бағыттарының бірі, бұл бағыт экономиканы барлық негізгі құрылымдары тұрақты әлеуметтік өзгерістерге ұшыраған әркелкі жүйе ретінде қарайды. Бұл теория бойынша экономика дамудың сипаты мен бағытын нарық өздігінен айқындамайды, қайта үстемдік құрып отырған экономика институттардың бүкіл жүйесі айқындайды. Әлеуметтік бағдарламалар, индикативтік жоспарлау және мемлекет тарапынан араласудың басқа да нысандары қоғамдық дамудың қажетті нышандары ретінде қаралады.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%98%D0%BD%D1%81%D1%82%D0%B8%D1%82%D1%83%D1%82" \o "Институт" Институционализмнің көптеген идеялары дамыған бірқатар жетекші елдердің эконномика саясатына негіз ретінде алынған. Иституционализм экономикалық құбылыстарды қоғамдық психология, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жалпы жұрт таныған дағдылар, сондай-ақ ойлау тәсілі және адамдар тобы немесе тұтас халық үшін басым сипат алып отырған мінез-құлық сияқты институттар ықпалының нәтижесін түсіндірді. Онда әлеуметтік құбылыстар отбасы,мемлекет, кәсіподақтар, тағы басқа институттарға жатқызылады. Иституционализмді жақтаушылар мінез-құлық, әдет-ғұрып, салт-дәстүр тарихын зерделеуге баса көңіл бөлді. Кейінгі жылдары олар экономика үдерістерді технократиямен, технология детерминизммен байланыстыра бастады. Нео-иституционализм өкілдері трансакция шығын теориясын, меншік құқығының экономика теориясын, қоғамдық таңдау теориясын, тағы басқа талдап жасады. Барлық бағыттағы иституционализмге тән ортақ сипат: экономиканы бағалауға адамгершілік- HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D1%81%D0%B8%D1%85%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F" \o "Психология" психология тұрғыдан қарау; қазіргі заманғы экономика жүйені бүкіл қоғамның мүдделері үшін әлеумет бақылау және мемлекет реттеу тұғысынан реформалауды талап ету; жалпы ұлттың әлеумет-мәдени дамуына зиян келтіретін жеке дамуға сын көзбен қарау.
Капитализм[1] – жеке меншік пен нарықтық экономикаға негізделген қоғам тұрпаты. Капитализм бәсеке негізінде экон. мүмкіншіліктерді капитал немесе пайда алу құралы, әдісі түрінде қолданып, іске асыратын қоғамдық-экон. құрылым ретінде қалыптасты. Марксизм теориясы бойынша, Капитализм өндірістің негізгі құрал-жабдығы жалдамалы жұмысшы табын (пролетариатты) қанайтын капиталистер табының (буржуазияның) меншігі болып табылатын, өндірістік игіліктер, негізінен, рынок арқылы бөлінетін қоғами құрылыс. Экономика (гр. Oikonomia — үй шаруашылығын жүргізу өнері) — материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
Микросоциология (грек. mіkros – кіші) – социология ғылымының кіші әлеуметтік жүйелердегі құбылыстар мен процестерді талдауға бағытталған зерттеу бағыты. 20 ғасырдың 20-жылдары пайда болып, әлеуметтік қатынастардың негізгі үлгісі ретінде кіші топтардағы қатынастарды зерделеуге бағытталған батыс социологиясы бағыттарының біріне айналды. Микросоциология, ең алдымен, әлеуметтік -психологиялық, атап айтқанда, социометриялық әдістерді пайдаланып, кіші топтағы тұлғааралық қатынастарды зерделеуге баса назар аударады. Оның негізгі зерттеу нысаны – индивид, тұлға, кіші әлеуметтік топ және олардың өзара қатынастары. Микросоциология адамдар арасындағы байланыстың мән-мағынасын талдау арқылы әлеуметтік құбылыстарды түсінуге мүмкіндік береді. Микросоциологиялық зерттеулерсоциологиялық талдау, топтастыру, жалпылау арқылы өзінің теориялық негіздерін дамытады.
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.[1]Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді.
Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды
Макросоциология (грекше makros — үлкен) — социология ғылымының күрделі әлеуметтік процестерді зерделеуге, ірі әлеуметтік топтар мен жүйелерді талдауға бағытталған зерттеу бағыты. Макросоциология микросоциологияға қатысты мәселелер мен теориялық қорытуларға қарағанда әлеуметтік процестер мен қоғамдық өмірді біртұтас түрде қарастырады.
Әлеуметтік факт – қоғамдық өмірдің әртүрлі сфераларына немесе белгілі бір әлеуметтік процесстерге тән біртекті оқиғалар жиынтығы немесе бір реттік қоғамдық маңызы зор оқиға.[1]Сырттан көрінуі, мәжбүрлеу және болмай қоймайтындығы секілді қасиеттері бар күрделі ұғым. Оны Э.Дюркгеймнің ұжымдық ар-ұят пен ұжымдық өкілдік жөніндегі тұжырымдамаларының аясында түсіну керек. Әлеуметтік факт ұжым болып жасалады, сондықтан діни де, ресми нормалардан, практикалардан туындайтын қимыл тәсілдері. Нормалармен мекемелер — қатаң пошымдағы Әлеуметтік фактінің мысалдары. Олар топ ұжымболып қабылдаған, орныққан, сондықтан адамға танылып, сіңірілетін тәртіптер. Олар ұжым болып өзірленетіндіктен инсаниятты болып табылады, сондықтан адамның қылықтарың тізгіндеп отырады. Әлеуметтану үшін қызықты проблема — міңсіз өкілдік пен материалдық қоғамдық ұйымдардың және олардың құрамдас әрекеттерінің арасындағы айырмашылық, мысалы, ұжым болып мақұлдаған нормалар мен шын практика арасындағы айырмашылық.ИДЕАЛЬНЫЙ ТИП – методологическое средство социально-исторического исследования, разработанное немецким социологом М.Вебером. По Веберу, теоретическое социологическое исследование, опирающееся на сравнительный анализ и сопоставление эмпирических фактов социально-исторической деятельности, должно приводить к формированию представлений об идеальном типе социальных явлений – социальных действий, институтов, отношений форм общественной организации, историко-культурных феноменов, экономических отношений и т.п. Идеальный тип представляет собой заведомое упрощение и идеализацию сложности и многообразия социальных явлений, осуществляемое исследователем в целях систематизации данного ему эмпирического материала и дальнейшего его сопоставления и изучения. Идеальный тип, согласно Веберу, «формируется односторонним акцентированием одной или более точек зрения и синтезом очень многих расплывчатых, более или менее разрозненных, имеющихся налицо или по временам отсутствующих конкретных индивидуальных явлений, которые организуются в соответствии с этими односторонне подчеркиваемыми точками зрения в единую логическую конструкцию».
Аномия — (гр. an- — жоқтық және гр. nomos — заң) қоғамның құндылықтар жүйесiндегi түбегейлi дағдарыстарды бiлдiретiн ұғым.
Аномия өзiнiң төмендегiдей белгiлерiмен анықталады:
қалыптасқан құндылықтардың мәнін жоғалтуы салдарынан болатын ретсiздiк нормативтiк-баптық вакуум;
әлеуметтiк үйлесiмдiктiң жоғалуы,қоғамдағы құндылықтардың жиынтық бейнесiне айналған жеке тұлғалар беделiнiң жоғалуы;
адамдардың жоғары мұраттардан, өмiрлiк құштарлықтарынан айырылуы;
мiнез-құлықтағы тұрақсыздық, өзiн-өзi өлтiрудiң көбейуi, т.б.
Аномия терминiн ғылыми айналысқа енгiзген француз ғалымы — Э. ДюркгеймПолитеизм — көп құдайға табынушылық. Политеизм сенімі бойынша “Құдайлардың” өзіндік иерархиясымен ерекшеленетін әлемі бар. Политеизм деген жалпы атауға ие бұл сенімдер бойынша антроморфтық сипатқа ие “Құдайларының” өзіне тән құдірет аясы, аты, табиғат пен қоғамдағы билігі бар. Олардың ішінде біреуі жоғары билікке ие, өзгелері жеке дара, бірақ оған бағынышты деп санаған. Политеизм діни жоралғысында басты рөлді пұтхана төңірегіндегі көріпкел-сәуегейлер атқарды. Бұл дін көне Грек, Рим, Мысыр, Үнді, Жапон елдерінде болды.
Механикалық ынтымақтастық Эмиль Дюркгейм (1858-1917) - француз әлеуметтанушысы, саясаттанушысы. Дюркгейм негізінен ұжымдық сана рөлі, оның әртүрлі [[түрлерін зерттеген. Ол өз тұжырымындасында әлеуметтік шындықтың ерекше және тәуелсіз принципіне сүйенеді. Осы қағидаға сүйене отырып, ол қоғамды индивидтерден моральдық және күштік (физический) тұрғыдан жоғары қойды. Келесі ынтымақтастық - ең жоғаргы моральдық принцип ретінде қарастырылды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%BE%D2%93%D0%B0%D0%BC" \o "Қоғам" Қоғамдағы екі механикалық және органикалық ынтымақтастықты тұтас даму бөліктері деп көрсетті.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9C%D0%B5%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D1%8B%D0%BD%D1%82%D1%8B%D0%BC%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%81%D1%82%D1%8B%D2%9B&action=edit&redlink=1" \o "Механикалық ынтымақтастық (мұндай бет жоқ)" Механикалық ынтымақтастық архаикалық қоғамға, индивидтердің, олардың қоғамдық функцияларының бір-біріне ұқсастығына және жете дамымағанына негізделді. Органикалық ынтымақтастық Дюркгейм бойынша қазіргі кезеңдегі қоғамдарға тән, ол еңбекті белуге негізделеді.[1]1896 жылдан Бордо, 1902 жылдан Сорбонна университеттерінің әлеуметтану және педагогика профессоры, "Annес Sociologigue" журналының негізін салушы. Р.Декарт, К.А. де Р.Сен-Симон дәстүрін жалғастырып, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо И.Кант, Т.Спенсер, О.Конт, т.б. шығармаларын зерделеген. Ол негізінен, үжымдық сананың, оның әр алуан пішімдерінің (діннің, ахлақтың, құқықтың) рөлін зерттеді. Әлеуметтануды адам туралы ғылымдардың арасында жоғары бағалап, әлеуметтік болмыстың онтология проблемаларын түсіндіруге аркау етті. Әлеуметтанудағы биологиялық және психологиялық бағыттың редукциялык әдістеріне (барлық пәндер үшін ортақ тұжырым тую аркылы ғылыми білім бірлігі мәселесін шешуге арналған тәсілдер) қарсы шықты. Дюркгеймнің пікірінше, адам дегеніміз - жекеше және әлеуметтік қасиеттерді бойына жинақтаған екіүдай шындық (homo duplex), әсіресе, соңғысы адам болмысында басымдық иеленеді. Міне, сондықтан қоғам индивидтердің алуан түрлі өзара байланыстарының нәтижесінде пайда бола отырып, даралықган тыс және даралықган үстем болмысты құрайды. Дюркгейм "Әлеуметтанулық әдістің қағидасы" (1895) атты кітабында өзінің методологиясындағы басты қағиданы "әлеуметтік фактілерді заттар ретінде қарастыру керек" деп түйіңдеді. Жалпы, Дюркгеймнің философияға көзқарасы екіүдай әрі қарама-қарсылықта болды. Бір жағынан, ол өзінің әлеуметтанулық тәсілдерінің әлдеқандай философиялық тұжырымдарға тәуелсіздігін ерекше қасиет тұтты, сол арқылы әлеуметтік философияның толып жатқан бостекгі ділмарлығын жек көретіндігін аңғартты. Екіншіден, Дюркгейм философиялық мәселелердің барлығын әлеуметтану ілімі тұрғысынан шешуге талпыңды.
Билiк — қазақ халқының дәстүрлі санасында “ел басқару”, “өкім ету” сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді. Қазіргі құқықтану, саясаттану ілімдерінде де ол “өкімет” атауының синонимі ретінде қолданылып жүр. Мәселен, саясаттану ілімінде билік экономиялық, идеологиялық, ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктер арқылы, сондай-ақ, беделдің, дәстүрдің, зорлықтың жәрдемімен адамдардың, әлеуметтік топтар мен жіктердің мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал етуге қабілетті әлеуметтік қарым-қатынастардың пішімі
Фетишизм - (франц.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D2%B1%D0%BC%D0%B0%D1%80" \o "Тұмар" тұмар, қасиетті күш бар зат) - көбінесе алғашқы қауымдық құрылыс, архаикалық мәдениетіне тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну. Фетиштер арқылы рухани киелі күштер әрекет етеді, қамқорлық көрсетіп, қорғап қоршайды деген түсінік алғашқы адамзаттың мифологиялық - синкреттік санасына сай туындаған болатын. Ф. ретінде әрбір затты қарастыруға болады, тек ол үшін сол затқа өзіндік күш - қуат берілсе болғаны. Ф. элементтерін бүкіл дүние жүзіндегі мәдениеттерден кездестіруге болады. Тотем (солт - америк. Аджибе тайпасының тілінен аударғанда - тек, ата) - белгілі бір тайпаның немесе этникалық топтың шыққан тегі, арғы атасы деп қарастырылатын өсімдік, жануар, зат немесе табиғат құбылысы. Терминді ғылыми айналымға ағылшын жиһанкезі Дж. Лонг енгізген.
Позитивизм (франц. posіtіvіsme — оңды, дұрыс, нақтылы) — нағыз ақиқат ғылымның жеке салаларында ғана пайда болып, қалыптасатын, философиялық зерттеулердің ешқандай танымдық құны жоқ деген тезиске сүйенетін философиялық бағыт.
Позитивизм 19 ғасырдың 30-жылдарында қалыптасты. Позитивизм негізін салған француз ойшылы О.Конт. Позитивизмнің алғашқы өкілдері: Э.Литтре, Г.Н. Вырубов, П.Лаффит, И.Тэн, Дж.С. Милль, Г.Спенсер болды. Позитивизм жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың методологиясына елеулі ықпал етті. Позитивизмнің кейінгі дамуы барысында махизм, неопозитивизм, аналитикалық философия қалыптасты.
Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды“варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.[1]Ғасырлар бойы қалыптасқан Өркениет пен мәдениет ұғымының мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады:
мәдениет пен Өркениет бір, олар синонимдер (И.Гердер, Э.Тайлор);
Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның “кәрілік” шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш.Фурье, О.Шпенглер);
Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Вольтер, Д.Белл);
Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л.Морган);
Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А.Тойнби, Н.Я. Данилевский, т.б.);
Өркениет – мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.
Миграция - [лат. migratio - көші- қон, қоныс аудару] - адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі. Халық көші-қонын бірегейлендірудің негізгі белгілерінің бірі - қандай да бір аумақтың әкімшілік шекарасын кесіп өту (мемлекет, аудан, аймақ, қала және т.б.). Осы негізде ең алдымен, халықаралық (мемлекетаралық) және ішкі миграцияны анықтайды. Ӏшкі көші-қон ел халқының жалпы санын өзгертпейді, халықаралық көші-қон әлем елдеріндегі халық санының өзгеруіне әкеледі, көбіне азаматтықты өзгерту орын алады. Сондай-ақ қала ішіндегі аумақтық көші-қондар ("қала-қала"), ауылдық жерлердегі ("ауыл-ауыл"), қалалық және ауылдық жерлердің өзара көші-қон алмасуы ("ауыл-қала", "қала-ауыл"). Мерзімдік белгілеріне қарай қайтып оралмайтын (ішкі көші-қон, эмиграция, иммиграция) және қайтып оралатын миграция (ұзақ мерзімді, мезгілдік, үздік- создық, ауық-ауық көші-қон) түрлері анықталған. Түрлеріне қарай ерікті, мәжбүрлі, заңсыз көші-қон болып бөлінеді. Халықтың көші-қоны себептеріне қарай жіктеу де аса маңызды. Келесідей себептер анықталады:
экономикалық,
әлеуметтік,
әскери,
демографиялық (отбасы бірлесуі, некелік миграция),
мәдени,
саяси,
діни және
этникалық.
Халықтың көші-қонын жекелеген елдердің, аймақтардың және жалпы әлемнің экономикалық-демографиялық дамуына елеулі әсер етеді.
Әлеуметтік топ - мүшеліктін ресми немесе бейресми критерийлерімен шектелген индивидтердің (адамдар немесе заттардың) ұжымы немесе көпшілігі. Әлеуметтік топ оның мүшелері өзара рөлдер мен әрекеттерді қамтитын әлеуметтік интеракцияға қосылған кезде пайда болады. Мүшелік тұрғысынан әлеуметтік топтар салыстырмалы ашық және қозғалмалы (достар тобы)немесе жабық және қозғалыссыз (масондық ұйымдар) болуы мүмкін.
азаматтарды құқынан айырып, мүмкіндіктерін шектеу процесі.[1] Дискриминацияның психологиялық алғышарты болып өзге топқа жатырқаушылықпен қарау саналады, ал ол жеке тұлға(Т. Адорноның классикалық зерттеулерінде бұл тұлға авторитарлы деп те аталады) дискриминациялық әрекеттерге тікелей қатыспауы да мүмкін.
Дискриминацияның түрлері:
сегрегация;
геноцид.[1]Дискриминацияны заңдастыру арнайы идеологияларды (расизмді, сексизмді, эйджизмді, национализмді) ойластыру арқылы жүзеге асырылады. Бұл идеологиялар философтардың,ғалымдардың, саясаткерлердің биологиялық, патерналистік, экономикалық мазмұндағы дәлелдердің кәмегімен ұзақ жылдар бойы құрған еңбегінің жемісі. Үстемдік және алалау идеологияларын құруда мәдени дәйектер аса маңызды рөл атқарады. Алалау идеологияларының міндеті - кемсіту әрекеттерінің қалыптылығын ақтау және құрылымдандыруға жағдай туғызу.
Алалаудың тікелей ("ашық"), жанама және жасырын ("жабық") түрлері анықталған.
Ашық алалаудың негізінде нақтылы бір топтардың мүшелеріне қолдау көрсетіп немесе оларға ашықтан-ашық құқай көрсетіп, кемсітеді.
Жанама алалау ресми түрде тең қатынастар іс жүзінде әртүрлі топтардың өкілдерін кемсіту шаралары болып табылады. Алалаудың жасырын түрінде үстемдік етуші топтардың санасында, мінез-құлқында алалауға ұшыраушыларға қаталдықпен, мойындамаушылықпен стереотипті ойлаудан көрініс табады. Егер алалау осы топқа жататындардың бәріне бірдей таралатын болса, онда ол - категория бойынша дискриминация.
1. Кез-келген әлеуметтік процесті зертеуде түсініктерді анықтау және оны қолданудың маңызы зор. Әлеуметтік мобильділік түсінігін зерттеуде қолданылатын түсініктер әлі де болса жүйелеуде, олардың мазмұнын тексеруді қажет етеді. «Мобильділік» түсінігінің этимологиясы келесі түсініктерде бейнеленген: «қозғалыс», «алға жылжу», «орын ауыстыру». Әлеуметтік мобильділік социологиялық категория ретінде индивидтің әлеуметтік құрылымдағы өзгерісін белгілейді. «Әлеуметтік мобильділік» түсінігінде стртификациялық құрылым туралы сөз болды, ал әлеуметтік мобильділік ретінде адамның, әлеуметтік топтың бір қабаттан екінші қабатқа орын аустыруы, әлеуметтік баспалдық бойынша жағары не төмен жылжуы есептеледі. Әлеуметтік мобильділік соцологияда функциональдық топқа өтуді білдіреді. Яғни, әлеуметтік мобильділік дегеніміз адамның не әлеуметтік топтың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы әлеуметтік жағдайындағы өзгеруіне байланысты жүзеге асатын күрделі әлеуметтік процесс. Бұл категорияның мазмұнына орын ауыстарудың жеделдігі, көлемі, бағыттары, тәсілдері, тенденциялары, әлеуметтік құрылымның қоғамның эканомикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени және т.б. өзгерістерімен байланыстылығы мәселелері кіреді.ІІ.Сорокин әлеуметтік мобильділік туралы.Әлеуметтік мобильділік түсінігін талдаудың методологиялық негізі П.Сорокиннің әлеуметтік мобильділік теориясы және социологиядағы әлеуметтік- құрылымдық бағыт болып есептеледі.П.Соркин социологиядағы алғаш рет әлеуметтік мобильділік түсінігінің анықтамасын және оны зерттеу принциптерін негіздеді. Қоғамның әлеуметтік ішкі құрылымын зеріттеу ісінде ол әлеуметтік мобильділіктің өте маңызды екендігін айтады.Бұл проблемаға байланысты П.Соркиннің «Әлеуметтік мобильділік» деген еңбек жазған. Ол әлеуметтік мобильділікті әлеуметтік объектінің бір тұғырдан екіші тұрғыға өтуі, орын ауыстыруы тұрғысынан зерттейді. Әлеуметтік объект ретінде индивид, топ, яғни, адам қызметінің барлық өнімдері көрінеді. Бұндай түсінік индивидтердің орын ауыстыруын кең көлемде түсінілетін мобильділіктің жеке оқиғасы ретінде есептеуге себеп болады. Дегенмен П.Сорокинге сүйенсек, әртүрлі әлеметтік объектілердің мобильділігін ирархияландыруға, оларды шкалада маңыздылық деңгейіне қарай орналастыруға мүмкіндік беретін белгілер жоқ.
Алғашқы топ[өңдеу]
Алғашқы топ - негізінен бастапқы әлеуметтенуді индивидтін басқа топтарға кіруін қамтамасыз ететін шағын топтың бір түрі (отбасы, жасты адамдардың, достардың топтары, кейде көршілер топтары).
Референтті топ — индивид үшін мәні және тартымдылығы бар адамдар тобы. Референтті топ адамдар үшін референтті болып көрінетін, даралылық бағалылықтарының, талаптарының, қылықтық ережелерінің, пікір айтулардың көзі болып табылады.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A0%D0%B5%D1%84%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BD%D1%82%D1%82%D1%96_%D1%82%D2%B1%D0%BB%D2%93%D0%B0&action=edit&redlink=1" \o "Референтті тұлға (мұндай бет жоқ)" Референтті тұлға — басқа адамға үлгі болып көрінетін ерекше мәнді және бағалы адам. Референтті тұлға кімге референтті болып көрінсе, сол адамға күшті психологиялық ықпал етеді.
Престиж - адам еңбектерін қоғамның қадірлеу өлшемі; белгілі бір қауымдағы қабылданған құндылықтарымен субъектінің әлеуметтік маңызды сипаттарын салыстыру нәтижесі. Бала үшін ересектер алдында және құрдастары арасында мәртебесінің маңызы зор. Мұғалім үшін қоғамдық түйсіктегі педагог мамандығының мәртебе деңгейі қандай екені толғандырады.
Конформизм— топтық қысыммен қадағаланып отыратын жүріс-тұрыс. Топ өзіне айқын көрінетін жүріс-түрыс нормалары арқылы топ мүшелерінің кірігуін сақтап қалу мақсатында жеке адамды сол нормалардан таймауға мәжбүрлеиді
Кедейлік шегі– адамның ең төмен деңгейдегі қажетін қанағаттандыратын табыс шегі. Ол әр елдің экономикалық мүмкіндігіне қарай белгіленеді. Кедейлік шегі Қазақстан бойынша тоқсан сайын, сондай-ақ аймақтар деңгейінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен анықталады және аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету үшін өлшем болып табылады. Кедейлік – жеке адамның, отбасының немесе әлеуметтік топтың қажетті игіліктер құнын өзі төлей алмайтын экономикалық жағдайы, яғни өзінің өмірлік қажеттерін қамтамасыз етуге жағдайының жетіспеуі немесе негізгі тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінің жоқтығы. Кедейлік салыстырмалы түрде белгілі бір қоғамдағы тұрмыстың деңгейіне, қоғамдық байлықтың бөлінуіне байланысты болатын процесс. Оның пайда болуының негізгі себептері – саяси, экономикалық және демографиялық жағдайлар, саяси-экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, жалақы мен зейнетақының күнкөріс минимумынан төмендігі, халықтың әлеуметтік тұрғыдан нашар қорғалуы.
Кедейліктің асқынуы халық бұқарасының жаппай қайыршылануына апарып соқтыруы мүмкін. Кедейлік, материалдық жоқшылық рухани кедейлікке ұласады. Мұның салдары елде түрлі қылмыстың етек алуына, азғындыққа апарып соқтырады.Кедейлік әлемнің барлық елдерінде бұрын да болған, қазір де бар. Жер шары халқының саны 1960 жылы 3 миллиардтан көбейіп XXI ғасыр басында 6 миллиард адамды құрап отыр. Соңғы 30 жылда шектен шыққан кедейлікте өмір сүретін адамдар үлесі екі есеге азайды. Бүкіл әлемде азаматтардың көпшілігі өзін және өз отбасын жеткілікті деңгейде қамтамасыз ете алатын жағдайға жетті. Алайда, халық санының артуына байланысты мұқтаждықта өмір сүретіндер саны, кедейлікпен күрес жөніндегі екіжақты және көпжақты бастамаларға қарамай, сол күйінде өзгермей отыр - 1,2 миллиард адам қазіргі әлемде кедейліктің сипаты әртүрлі: ашаршылық, таза ауыз судың және қарапайым санитарлық жағдайдың жоқтығынан жапа шегуші балалар, өз отбасын қамтамасыз ету мүмкіндіктері жоқ ересектер. 1,2 миллиард астам артық адам бір күнде бір доллардан кем ақшаға өмір сүруде 800 миллион адамнан аштық зардабын шегуде. Кедейлік мәселесі қара ниетті басқарудың, саяси тұрақсыздықтың, қақтығыстардың, жұқпалы індеттердің және табиғи апаттардан қорғансыздықтың негізінде қоғамның әлеуметтік-саяси құлдырауы салдарынан қиындай түсуде. 1990-шы жылы әлемнің көптеген аймақтарында кедейлік деңгейі біршама төмендегеніне қарамастан, Африкада (әлемнің ең кедей 20 елінің 18-і осында орналасқан) кері үрдіс байқалуда. 2010 жылы қарай 435 миллион Африкандықтар азық-түліктің жетіспеушілігіне ұшырауы мүмкін деген болжам бар. 2000 жылы әлемдік қауымдастық 2015 жылы дейін кедейлікті жартысына дейін қысқарту міндеттемесін қойды. Бұл мақсатқа жету үшін 2005 жылы "Үлкен сегіздік елдері" Африкаға қажетті ресурстарды бөлу жөнінде саяси міндеттемелер қабылдады. Кедей оңтүстік - жер құрлығының оңтүстік кеңістігін жайлаған (әдетте, солтүстік жартышарының 30-шы параллелінен оңтүстікке қарай) және индустриалды дамыған елдерден әлеуметтік-экономикалық деңгейі бойынша артта қалған тәуелсіз елдер тобы.

Приложенные файлы

  • docx 17413690
    Размер файла: 57 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий