RK_4_OM_dlya_studentov


Қарағандымемлекеттік медициналық университеті
Микробиологияжәне иммунология кафедрасы
№4 аралық бақылау
Микробиология пәні
5В130100– Жалпы медицина мамандығы 2 курс
1 Блок. Бұлблокта 10 тест сұрағынажауап беру керек, әрдұрысжауап–3%
"Дрейф" - бұл шамалы өзгеріс:
"Шифт" – гендердің толық ауысуы:
«Аяулы қылмыскер» ("Ласковым убийцей") деп аталады:
«Герпесвирустарға тән сипат:
«Жетімдік» деп аталған вирус:
«Тұмау» диагнозы қойылған науқастың материалы зертхнаға жеткізілді. Вирусологиялық зерттеу кезінде гемадсорбция реакциясы қолданды. Бұл реакция қандай вирустарды анықтау үшін қолданылады?
21 жастағы гомосексуалист сары аурумен ауруханаға түсті, нәжісінің ақшылдығына және несебі күңгірт түсті болғанына шағымданды. Тексеру барысында шамалы бауырының ұлғайғаны белгілі болды. Қанда: жалпы билирубин, аспартаттрансаминаза және сілтілі фосфатаза жоғары. Серологиялық талдлау кезінде вирустық гепатит В болуын анықтау барысында анықталды: HBsAg - "+", HBeAg - "+", анти-HBc - "+", анти-HBc-Іg M - "+". Алынған нәтижені қалай түсіндіресіз?
30 жасар науқастан пневмония, қақырықты зерттегенде пневмоцистті каринии анықталды. Пневмонияның бұл этиологиялық формасы қандай жұқпалы аурулар кезінде дамиды?
35 жасар әйел адам жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштық және регионарлық лимфа түйіндерінің (лимфоаденопатия) ұлғаюына шағымданды. Науқастың анамнезі бойынша бірнеше жыл бойы парентеральді есірткі қолданады. Науқастың қан сарысуын серологиялық зерттеу (ИФА) барысында АИВ вирусына қарсы антидене анықталды. Қайталамалы зерттеу оң нәтижесін берді. Осы науқасқа диагнозды нақтылау үшін әрі қарай қандай жұмыстар жүргізіледі?
5.Жазғы лагерден келгенен кейін бір айдан соң инфекциялық ауруханаға бала шағымдармен жеткізілді, шағымдарға негізделе отырып дәргер «вирустық гепатит А» диагнозын қойды. Вирустық гепатит А-ның жұғу механизмі:
7 жастағы қыз балада қызылша анықталды. Бұл вирустың цитопатиялық әсері қалай көрінеді?
Picornaviridae тұқымдастығының вирустарының сипаты:
Retroviridae тұқымдастығы өкілдеріне жататындарды сипаттаңыз:
Zoster-вирусына тән сипаттарды атаңыз:
Ағымды және жаңадангепатит А вирусымензақымдалғанын анықтаудағы негізгі диагностикалық белгі:
Адамның иммундық тапшылық вирусы қандай тұқымдасқа жатады:
Адамның иммундық тапшылық вирусы:
АИВ берілу жолдары:
АИВ зақымдаушы әсерінің басты нысанасы болып не табылады:
АИВ провирусы - бұл:
АИВ роl гені кодтайды:
АИВ тексеретін аноним кабинетке науқас тексерілуге келді. АИВ инфекциясын серодиагностикалау үшін қандай әдіс қолданылады?
Антирабикалық вакцина:
Ауру жануардың сілекейі арқылы адамға берілетін вирустық инфекция:
Африкадан келген студенттен Беркитт лимфомасы анықталды. Төменде көрсетілген герпес вирустардың ішінен қайсысы аурудың этиологиялық факторы болып табылады?
Әйелдер кеңесінде жүкті әйелді есепке алу барысында бір қатар инфекцияға кешенді зерттеу жүргізілді. Қан сарысуында қызамық вирусына IgM анықталды. Айтылып отырған зерттеу нені растайды?
Балабақшада бала қызылшамен ауырып қалды.Қатынаста болған адамдарға қандай шара қолданылады:
Балабақшада балалардың науқастануының бірнеше жағдайы тіркелді. Аурудың клиникалық көрінісі температурасының жоғарлауы, денелерінде везикулярлы бөртпелердің пайда болуымен байқалды. Болжамды диагноз: «Желшешек». Экспресс –диагностикалау үшін вирусологиялық зертханаға қандай материалды жіберу қажет?
Балабақшада созылмалы вирустық этиологиясы бар инфекция тіркелді. Дереу эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қажет. Ұйымдастырылып отырған шараларға айтылып отырған инфекцияны дереу және уақытында анықтау үшін бірінші кезекте қандай зертханалық диагностикалық әдістер мен реакцияларды қосу қажет.
Балаларды мектепке дайындау мекемесінде бірнеші күн бойы 5 бала ауырды.Ауруханаға жатқызғанда ауырғандарқа «Қызылша» диагнозы қойылды. Балалар қандай жолмен жұқтырды:
Беткейлік антиген-гемагглютинин және арнайы антиген-нейраминидазасы бар, ауа-тамшылы жолы арқылы туатын инфекция қоздырғышы:
В гепатитінің арнайы алдын алу шаралары қалай жүргізіледі:
Виросологиялық зертханаға науқастың материалынан крым қызбасының вирусының антигенін анықтау тапсырылды. Тапсырманы орындау үшін қандай тестті қолдану қажет?
Вирустық гепатит С таксономиялық жағдайын атаңыз:
Гепатит D (Дельта-агент) қоздырғышы –ақаулы (дефектілі) вирус, бұл вирус төменде көрсетілгендердің қайсысымен бірге жүреді және ауру тудырады:
Гепатит А вирионының құрылысы:
Гепатит А вирусы қандай тұқымдастыққа жатады:
Гепатит А кезінде қатынаста (контакт) болғандарға шұғыл түрде алдын алу немесе эпидемиялық көрсеткіштер бойынша не қолданылады:
Гепатит В вирусы тудырған, созылмалы инфекцияның басты көрсеткіші:
Гепатит В вирусының ДНҚ қаннан анықтайтын әдіс:
Гепатит вирусын зертханалық диагностикалауда қолданылатын негізгі әдіс:
Гепатит Д вирусына(дельта-вирус) тән сипатты таңдаңыз:
Гепатит С вирусының жұғу механизмі:
Герпесвирустарға тән сипат:
Гриппқа күдік тауған науқаста мұрынжұтқыншақтан алынған шайындыдан гемагглютинирлеуші қабілеті вирус бөлініп алынды. Бұл вирусты қандай серологиялық реакцияда индентификациялауға болады:
Дәрігер- лаборант энтеровирусты инфекцияға күдік бар науқастан алынған материалдан жасуша дақылын жұқтырды. Жасуша дақылында вирустың репродукциясын қалай анықтауға болады:
ДНҚ-геномды вирустар тұқымдастығын ажырат:
Ер балаларда орхиттың асқынуы қай ауруда байқалады:
Ерекше ферментті РНҚ-тәуелді ДНҚ-полимеразалы және геномысақиналыекіиірімді ДНҚ бар вирус:
Жәндіктердің шағуы арқылы берілетін вирустар:
ЖИТС –ке серологиялық тестілеу екі кезеңнен өтетіндігін науқасқа хабарлады. Бірінші кезеңде вирусқа қарсы антиденені анықтау үшін қандай серологиялық реакция қолданады?
Жоғарғы дене қызуы мен лимфа түйіндерінің ұлғаюымен ауруханаға бала түсті. Қанның анализі бойынша моноциттер саны көбейген, атипті лимфоциттер анықталды. Дәрігер жұқпалы мононуклеозға күдіктенді. Бұл ауруды қандай вирус тудырады?
Жұқтырылған тауық эмбрионындағы аллантоисті сұйықтықта дәрігер грипп (тұмау) А (H1N1) вирусын анықтады. Анықтау үшін дәрігер қандай реакцияны қолданды:
Жүктіліктің алғашқы IIIайлығында жұққанда ұрықты өлімге әкеледі:
Иммундық блотинг әдісі арқылы анықталады:
Инфекциялық ауруханаға вирустық гепатит А ауруханаға жатқызылды. Қоздырғышқа бірінш жауап ретінде қандай антиденелер синтезделеді?
Коплик-Филатовтың дақтары қай аурудың белгісі:
Қалада грипп эпидемиясы. Ауруды спецификалық емес профилактика үшін адамдарға қандай препаратты ұсынуға болады:
Қанда HBs Ag анықтау қандай инфекцияның болуын дәлелдейді:
Қарапайым ұшық вирусы жасуша дақылында қосындылар түзеді:
ҚГВ-1 инфекциясының рецидивін ушықтыратын факторлар:
Құтыру вирусы қай тұқымдастыққа жатады:
Құтыру вирусыадамға қалай жұғады:
Қызамық вирусы геномының құрылымы:
Қызамық вирусы қандай тұқымдастыққа жатады:
Қызамық вирусының біріншілік көбейетін жері:
Қызылша вирусымен біріншілік жасуша дақылын зақымдағанда болатын өзгерістер:
Қызылша вирусының туыстығын көрсетіңіз:
Қызылшаның алдын алуы жүргізіледі:
Мидың сұр заты мен ми бағанасын зақымдаумымен жүретін қызбалы ауру:
Мидың сұр заты мен миды зақымдайтын вирус:
Науқас А., ұзақ уақыт бойы этиологиясы белгісіз пневмониямен емделді, стандартты терапеяға тұрақты. Анамнезі бойынша анықталды қызметтік сапармен ұзақ уақыт АҚШ болған. Сапар барысында жарақат алған, емделгеннен кейін елге оралған. Анамнезі мен клиникалық формасына қарай дәрігер ЖИТС-ке күдіктенді. Науқасқа күдіктенген диагнозды нақтылау үшін қандай зертханалық зерттеу әдістерінің нәтижесі нақты болып саналады?
Науқас балаға полиомиелитке күдік туды. Диагнозды растау үшін қандай зерттеу жүргізу қажет:
Науқас клиникаға жалпы әлсідікке, субфебрильді температураға, тері жамылғысының және көзінің қарашығының сарғыштануына шағымданып келді. Анамнез бойынша екі апта бұрын теңізде демалғаны, термоөңдеуден өтпеген теңіз тағамдарын жегені белгілі болды. Жедел гепатит Е диагнозын растау үшін қандай маркерлері анықтау қажет?
Науқас сарғаю, субфебрильді температура, өзін-өзі нашар сезінуімен дәрігерге шағымданды. 3 ай бұрын пациентке вена ішілік манипуляция жасалынды. Дәрігер вирустық гепатитке күдіктенді. Бұл жағдайда диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін жүргізу керек?
Науқастың қан сарысуын иммуноблотинг әдіспен зерттеу кезінде gр 120 және gр41 ақуыздарына антиденелер анықталды. Бұл нәтиже науқаста қандай инфекецияның болуын растайды?
Нәрестеде келесідей аномалиялар анықталды: жүрек ақауы, гидроцефалия, катаракта. Анамнез бойынша екі айлық жүктілік кезінде субфебрильді температура фонында ұсақ қызғылт бөртпелер пайда болған. Ұрықтың интерплацентарлы жұқтыруын тудырған этиологиялық факторды атаңыз:
Негізгі ауруды асқындыратын гепатит В ауыр түрімен ауырған науқасқа агент-спутникті анықтау тағайындалады. Осы агентті көрсетіңіз:
Ортомиксовирустың геномдық құрылысы:
Паротит вирусы қандай зақымдауды тудырады:
Плацентарлық кедергі арқылы өте алатын және ұрықты зақымдайтын вирус, ол:
Полиомиелит вирусының геномы:
Полиомиелит, Коксаки, ЕСНО вирустарының таксономиялық жағдайын анықтаңыз:
Полиомиелиттің арнайы алдын алуының қазіргі кездегі шаралары қалай жүргізіледі:
С гепатитвирионының құрылысы:
Сарғаюлы науқастың зертханалық қорытындысы: HbsAg «-», HbcAg «-», анти HBsIgG«+», анти HBsIgM «-», HCAg«+». Осы қорытынды негізіде қандай диагноз қоямыз?
Табиғи шешекке күдік туған науқастың везикуласының құрамындағысымен жұқтырылған қоянның мөлдірқабығынан (роговица) алынған материалдан жұғын дайындалды. Романовский бойынша боялған препаратты микроскопиялау барысында цитоплазмада орналасқан әр түрлі пішінді денешіктер анықталды. Бұл денешікті атаңыз:
Табиғи шешекке күдіктенген науқастың бөліндісін қоянның көзіне жұқтырған және одан жұғын – препарат дайындалды. Романовский әдісімен бояп микроскоптан қарағанда әртүрлі пішіндегі цитоплазмада орналасқан денешіктер анықталды. Денешікті атаңыз:
Тауық эмбрионында тұмау вирусын индикациялауда қандай реакцияны қолданады:
Төменде көрсетілген тізімнен, ұрықтан өтетін және тератогенді қасиетке ие вирусты көрсетіңіз:
Тұмау вирусы қандай тұқымдастыққа жатады:
Тұмау вирусын бөліп алу үшінарналған зерттелетін материал:
Тұмау вирусының антигені:
Тұмауға қарсы вакцинациялау кезінде эпидемия тудыруға мүмкіндігі бар вирустың түрін білуіміз керек. Дұрысы, көптеген тұрғындарда сол вирусқа қарсы антиденені анықтау болып табылады. Осыған байланысты адамдардың қан сарысуынан антиденені анықтау үшін қолданылатын реакцияны таңдаңыз
Тұмаудың экспресс диагностикасында қолданатын әдіс:
Цитомегалиявирусы жасуша дақылында қосындылар түзеді:
Цитомегаловирусты инфекцияға тән:
ЦМВ инфекциясына күдік туған нәрестенің қан сарысуын зерттеу барысында спецификалық иммуноглобуллин G классы анықталды. Осындай антиденелер анасынан да анықталды. Нәрестеде ден анасында да басқа антиденелер анықталған жоқ, реакция н»тижесін қалай түсіндіресіз?
Шықшыт бездерінің зақымдалуымен жүретін вирустық инфекция:
Энтеровирустардың геномынеден тұрады:
Блок 2.Бұл блокта 1 теориялық сұраққа жауап беру керек, әр дұрыс жауап –50%
АИВ. Құрылымы, вирустың тіршілік ету циклі, эпидемиологиясы. Зертханалық диагностикалық принциптері. ЖИТС-ассоциирленген инфекция.
Герпесвирустар. Жіктелуі, сипаты, тудыратын аурулары, зертханалық диагностикасы және арнайы алдын-алу.
Құтыру вирусы. Сипаты, зертханалық диагностикасы, арнайы алдын алу және емі.
Қызамық вирусы. Жіктелуі, құрылымы, вирустың тіршілік ету циклі, эпидемиологиясы. Зертханалық диагностикалық принциптері, арнайы алдын алу.
Парамиксовирустар. Жіктелуі, сипаты. Қызылша, эпидемиологиялық паротит вирусы. Зертханалық диагностикасы және арнайы алдын алу.
Парентеральді механизммен берілетін вирустық гепатиттер: жіктелуі, қоздырғыштың қоздырғыштың сипаты, зертханалық диагностикасы, арнайы алдын-алу.
Табиғи шешек вирусы. Сипаты, зертханалық диагностикасы және арнайы алдын алу.
Тұмау (грипп) вирусы. Сипаты, жіктелуі, зертханалық диагностикасы, арнайы алдын-алу.
Фекальді-оральді механизммен берілетін вирустық гепатиттер: жіктелуі, қоздырғыштың сипаты, зертханалық диагностикасы, арнайы алдын - алу.
Энтеровирустар. Жалпы сипаты және жіктелуі. Полиомиелит, Коксаки, ECHO вирустары. Зертханалық диагностикасы, арнайы алдын алу.
Блок 3.Бұл блокта 1тапсырма шешуге тиісті, әр дұрыс жауап –20%
11 жасар оқушы Витя М., офтальмологтың қабылдауына мына шағымдармен келді: көзінің қызаруы, жас ағу және жарықтан қорқуына. Сонымен қатар жұтқыншақтың артқы жағының ауырсынуы, дене қызуы (37,60С) көтерілген. Баланың анамнезіне қарасақ оның жүзу бассейндеріне жиі баратыны анықталды. Соңғы 2 апта ішінде өзінің спорттық тобынан бірнеше баланың көздерінің ауыруына шағымданды. Дәрігердің қойған диагнозы: «Аденовирустық фарингоконъюнктивальді қызба»?
27 жасар науқас М., жұқпалы аурулар клиникасына гепатиттік симптоммен жіберілді. Науқас жалпы әлсіздік, тез шаршағыштыққа, тәбетінің болмауына шағымданады. Соңғы күндері дене қызуы 37,80С көтерілген, зәрдің түсі қарайған (пива түстес), нәжістің түсі түссіз. Зерттеу барысында анықталды: оң жақ эпигастральді аймақта ауырсыну, бауыр қатайған және ауырсыну сезімі бар. Науқастың анамнезінен бірнеше ай бұрын гепатит В-мен ауырған әйелмен жыныстық қатынаста болғаны белгілі болды. Дәрігер болжамды диагноз қойды: «Вирустық гепатит В, аурудың жедел кезеңі»?
31 жасар науқас Р., дәрігерге жалпы әлсіздікке, бас ауруына, жүрек айнуына, эпигастральді аймақта ауырсыну, екі есе құсқанына, тәбетінің болмауы, дене қызуы (380С) көтерілген және зәрінің түсі қарайғанына шағымданған. Ауырғанына 4 күн болған. Науқастың анамнезінен белгілі ол жемістер базарында сатушы болып жүмыс істейді, онда үнемі жеке бас гигиенасы сақталмайды, кейде жуылмаған жемістер жейді. Соңғы жарты жылда парэнтеральдық іс әрекет, стоматолог, гинекологта болмаған. Тұрмыста, кездейсоқ жыныстық қатынас болмаған. Бұрын гепатитпен ауырмаған. Болжам диагноз «Жедел вирустық гепатит А» ауруханаға жатқызылды.
4 жасар Дашада кешке дене қызуы 38,20С көтеріліп, бала мазасызданып тамақ ішпеді. Ертеңінде бетіне, шашының арасына және денесінің басқа да бөлігіне дақты – папулезді бөртпе пайда болды. Папулалар тез бірден диаметрі 0,2-0,5 мм везикулалық көпіршіктерге айналған. Сонымен қатар жаңадан бөртпелер пайда болып, бөртпенің алуандығымен айқындалды. Бала бала-бақшаға бармайды, анасы оның науқас баламен қатынаста болмағандығын айтады. Соңынан баланың бала бағушысында (няня) белдемелі теміреткінің (herpeszoster) асқынулары болғандығы айқындалды. Дәрігер – педиатр, балаға «Желшешек, орташа ауырлық формасы»? деген диагноз қойды:
7 жасар ұл бала Коля И., қиқарланып, тамақты ішпей, түнде ұйқысызданып, дене қызуы 38,50С көтерілді. Ауырғанына 2 күн болғаннан кейін, педиатр қарағанда (тексеру) кезінде оң жақ құлақ асты безінің ұлғайғаны анықталды. Терісі ісінген, бірақ қабынбаған. Дәрігердің қойған диагнозы: «Эпидемиялық паротит»?
9 сынып оқушысы Мите К., учаскелік дәрігер шақырылды. Баланың ауырғанына 3 күн болған. Дәрігер қарау (тексеру) барысында дене қызуының жоғарлағаны (38,20С), терісі таза, бөртпе жоқ, құрғақ жөтел, қабағы қызарған, коньюктиваның кілегейі қызарған, мұрыны бітелген, мұрын – жұтқыншақ кілегей қабаты қызарған, жақ – бетінде Филатова – Коплик дақтары анықталған. Дәрігер болжам диагнозды «Қызылша, катаральді кезең» қойды.
Бала тууға шешкен 32 жасар әйел перзентханаға түсті, бірақ осының алдындағы бала көтерулердің барлығы да туа біткен ақауларға байланысты өлі туылған. Бұл жағдайлардың себебі жүктілік кезінді әйел адам ЦМВ-инфекцияның жедел формасымен ауырған. Соңғы жүктілік кезінде ЦМВ-инфекцияның көріністері көрінбеген, соған байланысты 3500 г салмақты баланы дүниеге әкелді. Анасы мен баланың қанында арнайы антидененің IgG классы анықталды.
Гинеколог дәрігерге 31 жасар жүктіліктің 10 аптасы болған әйел келді. Әйел адам бала – бақшада мейірбике болып жұмыс істейді, соңғы аптада 3 бала қызамықпен ауырған. Енді ол әйел болашақ баласына алаңдайды.
Участкелік педиатрға 8-жасар ұл баланың ауыруына байланысты шақыру түсті. Бала екі күн ауырған. Ауру аяқ астынан басталған. Дене қызуы дереу көтерілген (38,50С), қатты бас ауруы, бұлшық еттерінің ауырсынуы, жалпы әлсіздік. Келесі күні құрғақ жөтел және тамақта ауырсыну қосылған. Тамаққа тәбеті жоқ. Оның сыныбында бірнеше бала ауырып жатыр. Дәрігер болжам диагноз қойды: «ЖРВИ, грипп болуы мүмкін»?
Үндістанға полимиелитпен сырқаттанушылық анықталғандықтан осы ауруға қарсы вакцинация жасау мақсатында ДДҰ-нан бір топ дәрігерлер жіберілді. Ауылдарды зерттеу кезінде дәрігерлерге бір ауылдан көп балалы жанұядан 6 жасар ұлды әкелді, ол осыдан 5 күн бұрын ауырған. Дереу дене қызуы көтерілген, басы қатты ауырған, қайта – қайта құсу, аяқ-қолы ауырған. Соңғы күндері баланың жағдайы нашарлаған. Баланы қарау (тексеру) барысында анықталды дене қызуы жоғары, әлсіздік, менингиальді симптом, оң аяғының бұлшық етінің тонусы нашарлаған, табаны салбырат тұр. Жұлын – мыиға пункция жасау кезінде ондағы қысымның жоғары екендігі анықталды, лимфоциттер саны көбейген, бактерия анықталмады. Балаға болжамды диагноз қойылды: «Полимиелиттің салдық формасы»?

Приложенные файлы

  • docx 17411864
    Размер файла: 32 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий