gista_rk_4_teoria_po_varianttam_1


1 вариант.
Борпылдақ талшықты дәнекер тіні, дифферондар.Борпылдақ талшықты пішінделмеген дәнекер тіні көптеген мүшелердің стромасын құрайды, жүйкелер мен тамырларды қоршап тұрады. Ол трофикалық , қорғаныш, механикалық және пластикалық қызмет атқарады. Ол жасушалардан және жасушааралық заттардан тұрады. Борпылдақ талшықты дәнекер тінінің жасушалары фибробластылар, макрофагтар, плазматикалық, тіндік базофильдер, эндотелиоциттер тіке мезенхимадан дамиды. Кейбір жасушалар мезенхимадан дамыса да басқа мүшелерде жетіледі де қан ағымы мен борпылдақ дәнекер тіннің ішіне орын ауыстырады. 1.Фибробласттар негізгі және ең көп санды жасушалар. Олар жасушалық затты бөліп шығарушы жасушалар болып табылады,ашық түсті сопақ ядросы бар. Бұл жасушаларда көптеген гидролитикалық ферменттер кездеседі: қышқыл фосфатаза, неспецификалык эстераза, сілтілі фосфатаза. Фибробластылар жақсы дамыған түйіршікті эндоплазматикалық тор, Гольджи аппараты, митохондриялар, лизосомалар. Фибробласттар – секрет бөлуші жасуша. Фибробластылардың екі популяциясын ажыратады: аз (бірнеше апта) және көп (бірнеше ай) өмір сүруші. Олар митозбен көбейе алады немесе бастапқы жасушалардан пайда болады. Диффероны – дің, жартылай дің. Унипотентті бастапқы жасуша – монобласт – промоноцит – моноцит. Моноциттер қаннан тінге шығады да макрофагтарға йналады.Макрофагтардың пішіні домалақ, сопақша болып келеді. Көбінесе жақсы боялған ядросы болады. Жасуша қабықшасы қатпарлар, инвагинациялар, псевдоподиялар құрайды.Оларда өте жақсы дамыған лизосомальдық аппарат болады. Лизосомалар макрофагтардың негізгі қызметі – фагоцитозға қатысуын қамтамасыз етеді. Плазматикалық жасушалар дөңгелек пішінді, ядросы бір шетінде орналасқан. Цитоплазмасы базофильді бір бөлігінде ашық алаң (макула) бар.Бұл жерде Гольджи комплексі және центриольдер орналасқан. Онда жақсы дамыған эндоплазмалық торы бар. Атқаратын қызметі антител (глобулин) бөлу.
Көлденен жолақты қанқалық бұлш.тіні.
Бұлшық ет тіндері жалпы қызметі-жиырылу қызметіне біріктірілген тіндердің түрі болып табылады. Қаңқалық бұлшық ет тіні дененің кеңістікте қозғалуымен қамтамасыз етеді. Қаңқалық бұлшық ет тінінің тіндік элементері. симпласттар (көлденең жолақты бұлшық ет талшықтары), сонымен бірге-жасушалар миосателлитоциттер болып табылады.Талшықтың протоплазмасын саркоплазма деп атайды. Онда көп мөлшерде жалпы органеллалар бар (центриольдерден басқа): митохондриялар (саркосомалар), лизосомалар. Гольджи комплексі нашар дамыған. Саркоплазмалық ретикулум (СПР) деп аталатын тегіс ЭПТ жақсы дамыған, ал түйіршікті ЭПТ керісінше нашар дамыған. Энергияны алу үшін қолданылатын липидтер мен гликоген қосындылары, сонымен бірге миоглобиннің пигментті қосындылары бар. Миоглобин гемоглобин сияқты құрамында темірі бар пигмент болып табылады. Ол фосфорланып тотығу мен АТФ түзілу процестеріне ықпал ететін оттегіні байланыстыруға қабілетті. Әсіресе ол миоглобин үлкен концентрацияда қызыл бұлшық ет талшықтарында болады да, оларға түс береді. Саркомер-миофибрилдің құрылымдық-қызметтік бірлігі. Оның құрылымына кіреді: Z-сызығы, Iдискісінің ½, А-дискісі,I-дискісінің ½, екінші Z-сызық. Әр саркомер жіңішке актинді және қалың миозинді жіпшелерден тұрады. Миофиламенттер жиырылғыш ақуыздардан құралған.
3. Кортиев Орган: А-бағаналы жасуша
Б- кортиев туннель В-ішкі тіректік жасуша
Г- бағаналы жасуша Д-сыртқы ретцептор жасушаларында кірпікшелі Е-ішкі ретцептор жасушаларында кірпікшелі
2 вариант.
Борпылдақ талшықты дәнекер тіні, жасушалары, аралық заты,негізгі заты, талшықтары.Борпылдақ дәнекер тіні ағзада көптеген мүшелердің құрамында кездеседі , оның ішінде қан мен лимфа тамырларының сыртын қоршап , көптеген мүшелердің стромасын түзеді. Бұл тіннің құрамында жасушалары мен жасуша аралық заты бар. Жасушалары. Дәнекер тіннің ен негізгі жасушаларына , фибробласттар , макрофагтар , тін базофильдері , адвентициальді жасушалар , плазмоциттер ,май жасушалары мен қаннан келген лейкоциттер және пигментоциттерде кездеседі. Фибробласттар – жасуша аралық заттың құрамындағы белоктарды , протеогликандарды , гликотротеиндерді синтездейді. Мезенхимадан дамыған жасушаларда фибробласттардың дифферон қатарын түзетін; бағаналы , жартылай бағаналы – жасуша ізашарлары , аз маманданған , маманданған фибробласттар ( пісіп жетілген ) , фиброциттер , миофибробласттар және фиброкласттар болады. Аз маманданған фибробласттардың – аздаған өсінділері бар , дөңгелек пішіні болып келген ядросы мен ондағы шағын ғана ядрошығы анықталған. Пісіп жетілген фибробласттар тіннің құрамында өте белсенді түрде қызмет атқаратын жасушалар. Цитоплазмасы базофильді боялған , жақсы дамыған түйіршікті эндоплазмалы торы бар , Гольджи комплексі , митохондриялары мен лизосомалары көп. Фиброциттер – фибробласттардан дамыған дефинитивті түрі. Миофибробласттар – фибробласттарға ұқсас , коллаген белоктары мен қоса , жиырылғыш белоктарды да синтездейтін жасуша.Фиброкласттар – фагоцитарлық қабілеті өте белсенді мүшелердің инволюциясы кезеніңде жасуша аралық затын сорады.Макрофагтар - өте ірі , гетерогенді арнайы қызмет атқаратын ағзадағы қорғаныс жүйесіне қатысатын жасушалар тобына жатады. Макрофагтардың бос және бекінген түрлерін бөлінеді.Бос макрофагтарға борпылдақ дәнекер тінінің гистиоциттері , серозды қабықтағы макрофагтар , өкпе макрофагтары жатса , ал бекінген макрофагтарға сүйек тініндегі ,
сүйек кемігіндегі , көк бауырдағы , лимфа түйіндеріндегі , эпидермистегі (Лангерганс жасушалары ) , плацентадағы макрофагтар жатады. Макрофагтардың плазмолеммасында қатерлі ісік жасушаларына эритроциттерге , Т және В – лимфоциттеріне , антигендерге , гормондарға арналған арнайы рецепторлары болады. Макрофагтардың бір түрі көп ядролы ең ірі жасушалар – симпласт. Тін базофильдері – цитоплазмасында базофильді түйіршіктері болатын жасушалар. Бұлар дәнекер тіндегі гомеостазды реттейтін негізгі тін базофильдері. Плазмоциттер – ағзадағы антигенге қарсы антидене гамма – глобулинді синтездейді. Саны – аллергия мен қабыну процестерінде көбейеді.Адипоциттер – май жасушалар , ағзада трофикалық энергия қоры болып , судың метоболизміне қатысады ағзада, мүшелерде шоғырланып май тінін түзеді. Дәнекер тіндерінің аралық заты коллаген және эластин талшықтарымен негізгі заттан тұрады. Коллаген талшықтары. Дәнекер тіндеріне мықтылық қасиет беретін , әртүрлі бағытта немесе ретімен орналасқан қалыңдығы 1 – 3 мкм , ал ұзындығы әртүрлі болып келген фибриллярлы белок – коллаген. Құрамында протофибрилярлары бар , қалыңдығы 5 нм болатын микрофибриллалар. Коллаген талшықтарының тағы бір түрі ретикулярлы немесе преколлаген талшықтары.
Құрамында микрофибриллярлы мен аморфты компоненті болатын құрылым. Эластин талшықтарының негізгі белогы – эластин. Даму немесе қалыптасу деңгейлері: молекулярлы , жоғарғы молекулярлы , фибриллярлы және талшықты болып жіктеледі. Ең пісіп – жетілген эластин талшықтарының 90 % аморфты компонентпен эластин белогынан (10 %) тұрады. Дәнекер тіндерінің жасушаларымен талшықтары аморфты компонентінде жабысып орналасады.Бұл компонентті гель тәрізді , қоймалжың субстанция , интегратты – буферлі жүйе деп аталады. Құрамында қан плазмасының белоктары , су, иондар , жасушалардың зат алмасу процесінен пайда болған өнімдер , протеогликанды құрылымдары болады. Аморфты заттың құрамында: гликоамингликандар ( ГАГ ) , протеогликандар ( ПГ ) , гепарин , гликопротеиндер ( ГП ) , фибронектин , фибриллин , ламинин болатыны белгілі.
Жүйке тіні, жүйкелік жасушалар даму жіктелуі. Жүйке тіні арнайы қызметтерді атқаратын: тітіркендіргіштікті қабылдап, қозады да, жүйке импульсін туғызып, оны өткізуді қамтамасыз ететін, бір-бірімен байланысты жүйке жасушалары немесе нейрондары мен нейроглияның жиынтығы. Нейроглия жүйке тінінің қосымша аппараты болып саналады да маңызды қызмет атқарады. Бұл тін барлық тіндер мен мүшелердің реттелуін, олардың ағзадағы және қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз ететін жүйке жүйесінің мүшелерінің құрылысының негізі болып саналады.Жүйке тіні эктодермадан дамиды. Ұрықтың дорсальді жағындағы эктодерма алғашқыда қалыңдап – жүйке пластинкасына, одан кейін пластинканың екі шеті көтеріліп ортасы науа тәрізді майысып, ең соңында бұл шеттері дорсальді эктодермадан үзіліп, ұштары бір-бірімен жалғасып, тері эктодермасынан бөлінеді. Осыдан жүйке түтігі пайда болады. Жүйке жасушалары. Жүйке жасушалары немесе нейроциттер (нейрондар) өсінділі тармақталған, мөлшері 4-130 мкм-дей. Жүйке жасушалары нейрондардың денесі одан тараған өсінділері біреу немесе бірнеше болулары мүмкін.
. Егер нейрондардың денесінен көптеген өсінділер шықса, онда мұндай нейронды – мультиполярлы деп атайды. Бұл өсінділердің біреуі міндетті түрде аксон, ал қалғандары дендриттер болып келеді. Бұлардан басқа псевдоуниполярлы (жалған бір өсінділі) денесінен бір өсінді шығып, кейін екіге бөлінеді, оның бірі – аксон, ал екіншісі – дендрит Нейрондардың тағы бір түрі униполярлы немесе бір өсінділі – бұл нейробласттар эмбриогенездік даму кезеңінде болады. Нейрондардың денесінде екі өсінділері – бірі аксон, екіншісі дендрит – бұл биополярлы нейрондар
3. Жүрек колд.бұлш.тіні1-кардиомиоцит, 2- ядро кардиомиоцита, 3- ендірме диск
3 вариант.
1.Рефлекторлық доға. Рефлекторлык догада алатын орнына байланысты нерв жасушалары 3 топка болинеди.Афферентти Эфферентти Ендирме 1Афферентти нейрондар сезимтал нерв уштарымен аякталатын спецификалык титиркендиргиштердин асерин кабылдаитын нерв жасушалары.олар сонгылардын энергиясын козуга жане нерв импульсне айналдырып оны аксондармен ендирме нейрондарга немесе эфференттик нейрондарга откизеди. 2Ендирме неирондар рефлекторлык догада аралык орналасуына баиланысты,нерв импульсин афференттик нейроннан эфференттикке откизип отырады.3Эфференттик нейрондар. Эффекторлык нерв уштары аркылы нерв импульстерин жумысшы агзаларга жеткизип олардын арекет етуине асер ететин нейрондар.
2. Көру мүшесі. Қасаң қабық.Көру анализаторының шеткері бөлігі көз болып табылады. Ол көз алмасынан және қосымша аппараттан тұрады.
Көз алмасы үш қабықшамен қапталған: фиброзды (склера, мөлдір қабықша), тамырлы және торлы (сенсорлы) және олардың туындыларынан (көз бұршағы, кірпікшелі денешік, алдыңғы артқы камералардың сұйықтығы, шыны тәрізді денешік т.б.) тұрады. Көз алмасында 3 негізгі қызметтік аппаратты айырады: диоптрикалық, аккомодациялық, рецепторлық. Көз алмасының құрылысы Ортаңғы (тамырлы) қабықшасының құрамына:
меншікті тамырлы қабықша 2.кірпікшелі дене 3.нұрлы қабықықша жатады. Меншікті тамырлы қабықша – көздің торлы қабықшасын қоректендіруге қатысады. Оның құрамында келесі қабаттар болады. А. Тамырлы үсті В. Тамырлы С. Тамырлы-капиллярлы Д. Базальдық комплекс Тамырлы үсті қабаты – склерамен шекаралас жатады, ол БТДҰ-дан құралған. Құрамында көптеген эластикалықталшықтар, фибробластылар, меланоциттер болады. Тамырлы табақша – артериялармен веналардан, дәнекер ұлпадан, жекелеген жазық миоциттер шоғырынан тұрады. Тамырлы-капиллярлықтабақша емокапиллярлардан құралады. Базальдық комплекс – тамырлы қабықшамен торлы қабықшаның пигментті қабатының арасында орналасқан. Оның өзі 3 қабаттан тұрады:1. эластикалық 2. коллагенді (фиброзды) 3.базальды мембрана
3, Дәнекер тіні. А-плазматические кл, Б-фиброцит, В-фибробласт, Г-жировая клетка, Д-макрофаг
вариант. 1Ерекше қасиеті бар дәнекер тіні. Бұл топқа ретикулярлық, май , шырышты және пигментті тіндер жатады. Оларға да меншікті дәнекер тіндердің құрылымдық принциптері тән. Олардың ерекшеліктеріне жатады:
белгілі бір аймақта орналасуы (тек ақ май тіні ғана көп жерлерде орналасады)2. ерекше қызметтерді атқаруы т 3.бір дифферон жасушаларының басқаларынан басым болуы (тіннің түріне сәйкес) 4. жасушааралық заттың белгілі бір құрылысының болуы
1. РЕТИКУЛЯРЛЫҚ ТІН. Иммундық қорғау және қанжасау мүшелерінде орналасып, гемопоэз және иммунопоэз үрдістерін қамтамасыз етеді.
Ретикулярлық тіннің атқаратын қызметтері — трофикалық, тіректік, қорғаныш, реттеушілік және гомеостатикалық.2. МАЙ ТІНІ. БТДТ бір түрі, оның құрамында липоциттер басым анықталады. Жасушалардан, жасушааралық заттардан тұрады. Құрамына кіретін липоциттерге байланысты май тінінің екі түрі ажыратылады: ақ және қоңыр. Кызмети 1.коймалау 2.энергетикалык 3.корганыштык 3ШЫРЫШТЫ ТІН. Бұл эмбриональдық дәнекер тін. Өзгеріске ұшыраған БТДТ болып табылады. Оның құрамында талшықтар өте аз болады, ал гиалурон қышқылы өте мол анықталады. Кіндік бауда шырышты тін механикалық-қорғаныш қызметін атқарып, қан тамырларын сығымдалып қалудан сақтайды 4. ПИГМЕНТТІ ТІН. Құрылысы жағынан бұл тін БТДТ ұқсас, айырмашылығы оның құрамында пигментоциттер мол болады. Бұл тін көбінесе көздің нұрлы және тамырлы қабықтарында, терінің кейбір аймақтарында, қалдарда кездеседі. Қызметі де дәнекер тінге ұқсас, бірақ меланоциттерге байланысты бірінші орынға ультракүлгін сәуледен қорғау қабілеті шығады.
2. Есту мүшесі. Кортиев мүшесі.
Есту анализаторы – күрделі морфо-функциональды жүйе, олд дыбыстық тітіркенуді қабылдайды. Оны талдауды және интеграциялауды қамтамасыз етеді. Есту анализаторының көмегімен біз сыртқы ортадағы өзгерістерге дыбыстың күшіне, бағытына және т.б. синапстарына көңіл бөліп, оны талдай аламыз. Осы анализатордың көмегімен кісілер бір-бірімен сөйлесе алады. Спиральды мүше (Кортиев мүшесі) 1851 A. Corti сипаттама береген. Ол бірнеше қатар эпителиальды клеткалардан тұрады: тіректік клеткалар, сыртқы және ішкі бағаналық клеткалар. Бұл эпителиальдық клеткалардың арасында ішкі, сыртқы сенсорлық, қылшықты клеткалар орналасады. Есту мүшесінің құрамына сыртқы, орталық және ішкі құлақ кіреді. Сыртқы құлақ – құлақ қалқанынан, сыртқы есту каналынан және дабыл жарғағынан құралады. Орталық құлақ – дабыл қуысынан, есту сүйектерінен және есту түтігінен тұрады. Есту мүшесі ұлудың спиральды мүшесінде, ал тепе-теңдік сақтау мүшесінің рецепторлық клеткалары эллиптикалық, сферикалық қапшықтарда және жартылай оралымды каналдардың ампулярлық айдарларында орналасады. Ішкі құлақ сүйек лабиринтінен, оның ішінде орналасқан жарғақты лабиринттен тұрады. Жарғақты лабиринт аймақта есту, тепе-теңдік сақтау мүшелерінің рецепторлық жасушалары орналасады. Есту мүшесі спиральды мүшеде немесе ұлуда орналасады. Тепе-теңдік сақтау мүшесінің рецепторлық жасушалары эллиптикалық қапта, сферикалық қапта, жартылай иірімді каналдың ампула тәрізді аймағында орналасады. Спиральды мүшенің құрамына екі түрлі клеткалар жатады: сенсорлық және тіректік. Ішкі сенсорлы қылшықты эпителиоциттер, төменгі жағы кеңейген құмыраға ұқсас, бір қабат болып жатады. Апикальды бөлігінде 30-60 дейін тығызданған микробүрлер – стереоцилиялар 3-4 қатар болып орналасады Тіректік клеткалар базальдық мембранада орналасады. Ішкі фалангалық клеткалардың саусақ тәрізді (фаланга) өсіндісі бар. Ішкі және сыртқы бағаналы клеткалар туннельдің қабырғасын түзейді. Туннель эндолимфамен толтырылған. Бағаналы клеткалар базальды мембранаға орналасады.
3.Гиалинді шеміршек қабы: 1-шеміршек қабы, а-хондробласт аймағы б-негізгі зат, в-хондроцит г-хондроцит капсуласы, д-шеміршек жасушалары базофильды қабат, е-изогенды топтар
5 вариант.
ШШеміршек тіндері. Шеміршек тіндері жасушалардан (хондробластылар, хондроциттер, хондрокластылар) және жасушааралық заттан тұрады. Жасушааралық заты негізгі аморфты заттан және талшықтардан құралады. Шеміршек тінінің үшке - гиалинді, эластикалық және талшықты (коллагенді-талшықты - жіктелуі негізінен жасушааралық заттың құрылысына негізделген. Гиалинді шеміршектің жасушааралық затында тек коллаген талшықтары болады. Эластикалық шеміршек тінінде коллаген талшықтарынан басқа эластикалық талшықтар да болады. ЖАСУШАЛАРЫ. Шеміршек тінінің жасушалары бірнеше түрге бөлінеді: дің жасушалары, жартылай дің немесе прехондробластылар, хондробластылар, хондроциттер. Олар бірігіп шеміршек жасушаларының негізгі дифферонын құрайды. Кейінгі жылдарда хондрокластыларды да ажыратады. ДАМУЫ. Шеміршек тіндері склеротомдық мезенхимадан дамиды. Шеміршектің дамуында 4 сатыны ажыратады:
1 Хондрогенді аралшықтың түзілу сатысы. 2 Алғашқы шеміршек тінінің (хондроидтың) сатысы 3 Шеміршек тінінің дифференциялану сатысы.
4. Шеміршектің адамның жасына байланысты өзгерістер сатысы Турлери 1гиалинди 2 БУЫННЫҢ ГИАЛИНДІ ШЕМІРШЕГІ 3 КОЛЛАГЕНДІ-ТАЛШЫҚТЫ ШЕМІРШЕК ТІНІ
2.Жүйке тіні, нейроглия.Нейроглия. Нейроглия жүйке тінінде сан алуан қызмет атқаратын жүйке тінінің аралық заты.
Нейроглияның жіктелуі: екі топқа бөлінеді. Олар: глиоциттер немесе макроглия және микроглия. Макроглияға жататындар: эпендимоглия, астроглия және олигодендроглия. Эпендимоглия жұлын өзегі (каналы) мен бас миы қарыншаларының ішкі қабырғасын тыстайды. Жасушалары эпендимиоциттер. Эпендимиоциттердің жұлын өзегі ішіне қараған бетінде көптеген кірпікшелері болады. Олар жұлын сұйығын жылжытуға өзінің қимылы арқылы қолайлы жағдай жасайды. Ал, базальді жағында миға бағытталған ұзын өсіндісі болады. Бұл өсіндісі мида миханикалық және шектеулік қызмет атқарады. Көптеген эпендимиоциттер секреторлы қызмет атқарады. Олар қанға және ми қарыншаларына активті (белсенді) заттарды бөледі. Эпендимоциттердің пішіні куб тәрізді. Астроглия. Астроглия орталық жүйке-жүйесінде тіректік аппарат болып саналады. Жасушалары майда көп өсінділі астроциттер. Астроциттердің екі түрі бар. Олар: протоплазмалы және талшықты астроциттер болып бөлінеді. Протоплазмалы астроциттер мидың сұр затында орналасады. Денесінен көптеген тармақталған қысқа өсінділер шығады, цитоплазмасында эндоплазмалық тор, бос рибосомалар, көптеген митохондриялары болады. Бұлардың мидағы атқаратын қызметі шектеушілік (миды бөліктерге бөледі) және трофикалық. Талшықты астроциттер мидың ақ затының құрамында орналасып, тіректік қызмет атқарады. Олигодендроглия – жасушалары олигодендроциттер. Нейроглияның құрамындағы саны жағынан ең көбі. (Орталық және шеткі жүйке-жүйесінің құрамындағы нейрондар мен жүйке талшықтарының сыртын қоршайды. Жүйке жүйесінде трофикалық қызмет атқарады, зат алмасу процесіне де қатысады. Бұларды леммоциттер немесе Шванн жасушалары деп атайды. Микроглия.Жуйке жуйесинин макрофогтары болып саналады.Суйек миындагы каннын моноциттеринен дамиды.Микроглиоциттер козгалмалы.Титиркену процеси кезинде пишини озгерип отырады.Бундай кезде оларды дан таризди шарлар д.а.
3. Қасан қабық:
1-Алдынғы эпителий. 2-алдынғы шектеушілік пластинка 3-қасан қабықтың меншікті заты
4-артқы шектеушылік пластинка
5-артқы бір қабаты эпителий
6 вариант.1. Сүйек тіні. Сүйек ұлпасы –дәнекер ұлпаның маманданған түрі, оның жасушааралық затында минеральдық тұздардың тұнбасы 70% дейін болады. Бұл ұлпадан қаңқа сүйектері құралған. Сүйек ұлпасы тіректік, механикалық, қорғаныш қызметтерін атқарады, әрі олар кальций мен фосфордың тұздарының депосы болып табылады. Жоғары маманданғанына қарамастан сүйек ұлпасында үнемі жаңару процестері жүріп отырады. Сүйек ұлпасының морфо-функциональдық қасиеті жасқа, тамақтану ерекшелігіне, атқарылған бұлшық еттің қызметіне байланысты өзгеріп отырады. Оған ішкі секреция бездері, жүйкелену де әсер етеді. Жасушалары. Сүйек ұлпасының үш түрлі жасушалары бар. Оларға остеоциттер, остеобластылар, остеокластылар жатады. Жасушааралық заты. Сүйек ұлпасының жасушааралық заты негізгі аморфты заттан және талшықтардан құралған. Негізгі затта бейорганикалық тұздардың тұнбасы болады, олардың арасында коллаген талшықтарының шоғыры орналасады. Сүйек табақшалары әдетте қан тамырларының айналысында дамиды. Бұл табақшаға жаңа остеобластылардың қабаты қабысады да жаңа табақша түзіледі. Әрбір табақшада коллаген талшықтары оның жанындағы табақшаның талшықтарына бұрыштана орналасады. Осылай тамырдың сыртынан сүйек цилиндрлері құралып, олар бірінің ішіне бірі кіре орналасады.
2.Қан жасау. Эритроцит.
ГЕМОЦИТОПОЭЗ немесе қанжасу деп қанның тін ретінде пайда болуын, дамуын айтамыз. Оның екі түрі бар: эмбриональдық және постэмбриональдық. Қанның тін ретінде пайда болуын эмбрионалдық қанжасу деп атайды. Постэмбрионалдық қанжасау деп қанның физиологиялық қалпына келуін айтады. Эритроциттердің дамуы – эритроцитопоэз, гранулоциттердің дамуы – гранулоцитопоэз, тромбоциттердің дамуы тромбоцитопоэз, моноциттердің дамуы – моноцитопоэз, лимфоциттердің дамуы және иммуноциттердің дамуы – лимфоцито- және иммуноцитопоэз деп аталады. Қанның пайда болуы алғаш рет саруыз қапшығында, одан кейін бауырда, қызыл жілік майында және лимфоидты мүшелерде өтеді. Эмбриогенездің 2-3 аптасында саруыз қапшығында мезенхима жасушалары өсінділерін жоғалтып, қанның дің (діңгекті) жасушалары айналады. Бұл жасушалардан құралған аралшықтарды сыртынан жазық жасушалар қоршай орналасады. Кейінгілерінен қан тамырлары түзеледі. Алғашқы қан жасушаларының көбі митозбен бөлінеді де алғашқы эритробласттарға айналады. Эритробласттардың көлемі үлкен болғандықтан бұл мегабластық эритроциттердің пайда болуы деп аталады. Нормобластық қанжасауда өте бастайды. Сары уыз қапшығында қанжасау тамыр ішінде өтеді (интраваскулярлық). Эмбриогенездің бесінше аптасында бауыр қанжасау орталығына айналады. Бұл жерде қанжасау тамырдан тыс жерде жүреді. Қанжасау сары уыз қапшығынан орын ауыстырып келген жасушалардың есебінен жүреді. Бауырда эритроциттер, нейтрофильдер, эозинофильдер түзеледі. Мегакариоциттерде бауырда туындай алады. Тимуста эмбриогенездің 7-8 аптасында лимфопоэз басталады. Құрсақ ішілік даму кезінде көк бауырда экстраваскулярлық түрде қанның бүкіл пішіндік элементтері дамиды. Ересек адамда лимфоцитопоэз ғана сақталады. Қызыл жілік майында қанжасау эмбриогенездің 12 аптасында басталады. Постэмбрионалдық қанжасау арнайы гемопоэтикалық тінде – миелоидты тінде өтеді. Бұл қанның физиологиялық қалпына келуі болып табылады. Миелоидты тінде эрироциттер, моноциттер, тромбоциттер лимфоциттердің бастапқы түрлері дамиды. Лимфопоэз лимфоидты тінде жүреді де негізгі үш қызмет атқарады: лимфоциттердің дамуы, плазмоциттердің пайда болуы, зақымданған жасушаларды және олардың қалдықтарын аластау.Миелоидты және лимфоидты тіндер дәнекер тіндерға жатады. Олар екі жасушалар туындыларынан тұрады: ретикулярлық тінның жасушалары және гемопоэтикалық жасушалар. Ретикулярлық тінда келесі жасушаларды ажыратады: фибробластылар сияқты және макрофагтар. Ретикулярлық тінның ішінде орныққан гемопоэтикалық элементтер полипотентті қанның дің жасушасынан дамиды.
ЭРИТРОЦИТТЕР. Адамда және сүтқоректілерде бұл жасушаларда ядро жоқ, негізгі қызметі оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдау, яғни тыныс алуды қамтамасыз ету. Жасушаның бұл қызметін атқаратын бөлігі арнайы пигмент – гемоглобин. Оның құрамына күрделі белок және темір кіреді. Эритроцит цитолеммасының көмегімен аминоқышқылдарды, антителоны, токсиндерді, кейбір дәрілерді тасымалдай алады. Ересек еркек адамдарда эритроциттің мөлшері 3.9-5.5 х 1012 г/л, әйелдерде 3.7-4.9 х1012 г/л. Эритроциттердің саны адамның жынысына, жасына, денсаулығына, көңіл-күйіне және тұрғын аймағына байланысты өзгереді. Эритроциттердің санының артуы эритроцитоз, ал кемуі эритропения деп аталады. Қан ағымының ішіндегі эритроциттің екі жағы ішіне кіре орналасқан. Олар дискоцит деп аталады. Дискоциттер эритроциттердің 80% құрайды. Электронды микроскоптың көмегімен эритроциттің басқадай пішінді түрлері анықталды: планоциттер (екі беті де тегіс), сфероциттер, эхиноциттер (тікенекті), стоматоциттер т.б. Ақырғы екеуі эритроциттердің қартайған кезіндегі түрі болып табылады. Эритроциттің диаметрі 7.1-7.9 мкм, эритроциттің шеткі аймағының қалыңдығы 1.9-2.5 мкм, ортасының қалыңдығы – 1 мкм. Бұндай мөлшерлі эритроцит нормоцит деп аталады және олар бүкіл эритроциттердің 75%-ын құрайды. Егер жасушаның диаметрі 8.0 мкм немесе одан үлкен болса ол макроцит деп аталады, ал егер 7.0 мкм кіші болса микроцит деп аталады. Қанның құрамында жас эритроциттер кездеседі (1-5%). Олардың гемоглабині аз, қышқыл және негізгі бояуларды қабылдайды, яғни полихроматофильді болады. Цитоплазмасында түйіршікті-торлы құрылымдар анықталғандықтан оларды ретикулоциттер деп атайды. Бұл құрылымдар р-РНК-сы бар органеллалардың қалдығы екені анықталған. Эритроциттер 120 тәулік өмір сүреді. Күніне адам ағзасында 200 млн эритроциттер бұзылып, глобинге және гемин тобына бөлінеді.
3. Торлы қабық: 1пигменты қабық
2фото сенсорлы таяқшалы қабық
3сыртқы шектеушы мембрана
4сыртқы туйыршыкты қабық
5сыртқы талшықты қабық
6ішкі түйыршыкты қабық
7ішкі талшықты қабық
8ганглиоздық қабық 9жүйкелік талшықты қабық 10ішкі шектеушы мембрана
11 ганглиозды нейрондар
7 вариант. 1.Лейкоцит. ЛЕЙКОЦИТТЕР. Олар қанның ақ түйіпшіктері. Оларды цитоплазмасындағы түйіршіктерінің барлығына немесе жоқтығына орай екі топқа жіктейді: түйіршікті (гранулоциттер) лейкоциттер, түйіршіксіз (агранулоциттер) лейкоциттер. Бұл түйіршіктердің біреуі қышқыл, екіншілері негізгі, ал үшіншілері екі бояуды да қабылдайды. Сондықтан оларды базофилдер, нейтрофилдер, эозинофилдер деп атайды. Түйіршіксіз лейкоциттерді лимфоциттер және моноциттер деп жіктейді. Бүкіл лейкоциттер дөңгелек пішінді болып келеді. Жалпы саны ересек адамда 3.8-9.0 х 109г/л болып келеді. Олардың саны тамақтанғанда, еңбек еткенде, миға күш түскенде (ойлау кезінде) - өзгереді. Лейкоциттер белсенді қозғала алады. Олар қан тамырының ішінен шығып, дәнекер, эпителий тіндерінің арасында орналасуы және де сол жерлерде қызметін атқаруы мүмкін. Олардың жылжу жылдамдығы әртүрлі жағдайларға байланысты: орналасқан ортасының консистенциясына (тұтқырлығына), РН, температурасына т.б. Лейкоциттердің санының көбеюі лейкоцитоз, ал кемуі лейкопения деп аталады. НЕЙТРОФИЛДЕР – дөңгелек пішінді болып келген жасушалар (диаметрі 7.9 мкм, әйнекте олар 10-12 мкм дейін болады). Ересек адамның қанында бүкіл лейкоциттердің 65-75% нейтрофильдер. Бұл жасушалардың цитоплазмасында ұсақ түйіршіктер болады. Олар екі түрлі болады: азурофильді және нейтрофильді. Түйіршіктер цитоплазмасының шеткі аймақтарында болмайды. Бұл аймақ нейтрофильдің қозғалуына қатысады. Нейтрофилдердің дамуына, ядросының пішініне байланысты оларды үш топқа бөлеміз: 1. Ядросы сегменттелген нейтрофил 60-65% 2. Ядросы таяқша тәрізді нейтрофил 3-5% 3. Ядросы бұршақ тәрізді немесе жас нейтрофил 0-0.5% ЭОЗИНОФИЛДЕР (диаметрі 10 мкм, әйнекте 14 мкм). Бүкіл лейкоциттердің арасында эозинофилдер 1-5% болады. Эозинофилдердің цитоплазмасында дөңгелек не сопақша оксифильді боялатын көлемі 0.5-1.5 мкм түйіршіктер орналасады. Қышқыл бояуды қабылдайтын себебі бұл түйіршіктер аргининге бай негізгі белоктан тұрады. Түйіршіктерінде арилсульфатаза мен гистаминаза ферменттері болады. Эозинофилдердің дамуына байланысты үш түрін ажыратамыз: 1.Ядросы сегменттелген эозинофил 2.Ядросы таяқша тәрізді эозинофил 3.Жас эозинофил Базофилдердің көлемі 9 мкм, әйнекте 12 мкм. Қанның құрамында лейкоциттердің 0.5-1% құрайды. Базофилдердің цитоплазмасында үлкен дөңгелек болып келген базофилді боялған көлемі 0.5-1.2 мкм түйіршіктер болады. Түйіршіктерге метахромазиялық қасиет тән. Базофилдердің қызметі гистамин мен гепариннің метаболизміне қатысу. Олар қанның ұю жүйесіне, тіндік гомеостазға, аллергиялық реакцияларға өзінің әсерін тигізеді. АГРАНУЛОЦИТТЕР :ЛИМФОЦИТТЕР. Адам қанының құрамыда 20-35% болады (көлемі 4.5-10 мкм). Көлеміне орай оларды кіші (4.5-6), орташа (7-10) және үлкен (10 - >) деп жіктейді. Үлкен көлемді лимфоциттер жас балаларда кездеседі, ересек адамда болмайды. Ядролары базофилді, дөңгелек болып кездеседі. Лимфоциттерді даму орнына, дифференцировкасына байланысты екі топқа бөледі: тимуске тәуелді Т-лимфоциттер, және В-лимфоциттер. МОНОЦИТТЕР – ең үлкен жасушалар (олардың диаметрі 12 мкм, әйнекте 20 мкм). Қанда 6-8% болады. Моноциттер организмнің макрофагтық жүйесіне немесе мононуклеарлық фагоцитарлық жүйесіне жатады. Қанда моноциттер 36-104 сағат болады. Тіндерге орын ауыстырған моноциттер макрофагқа айналады. ТРОМБОЦИТТЕР қызыл жілік майында болатын мегакариоциттердің цитоплазмасының үзіндісі. Олар 5-8 күн өмір сүреді, қанның ұюына көмектеседі. Әрбір тромбоцит гиаломерден және грануломерден тұрады. Тромбоцитердің бес түрін ажыратады
2.Көру, торлы қабат. Көру анализаторының шеткері бөлігі көз болып табылады. Ол көз алмасынан және қосымша аппараттан тұрады.
Көз алмасы үш қабықшамен қапталған: фиброзды (склера, мөлдір қабықша), тамырлы және торлы (сенсорлы) және олардың туындыларынан (көз бұршағы, кірпікшелі денешік, алдыңғы артқы камералардың сұйықтығы, шыны тәрізді денешік т.б.) тұрады. Көз алмасында 3 негізгі қызметтік аппаратты айырады: диоптрикалық, аккомодациялық, рецепторлық. Көздің торлы қабықшасы retina – ішкі қабықша – құрамындағы фоторецепторлық жасушалардың көмегімен қамтамасыз етеді. Торлы қабықша радиальды бағытта орналасқан 3 нейроннан түзіледі: сыртқы рецепторлық, аралық-ассоциативті, ішкі ганглионарлы. Морфологиялық тұрғыдан торлы қабықшада келесі қабаттарды ажыратады: 1.пигментті қабат 2.фотосенсорлы таяқшалы, колба тәрізді клеткалы қабаты 3.сыртқы шекаралық мембрана 4.сыртқы түйіршікті (ядролы) қабат 5.сыртқы талшықты қабат 6. ішкі түйіршікті ядролы қабат 7. ішкі талшықты қабат 8.ганглиозды клеткалы қабат 9.жүйкелік талшықтар қабаты 10.ішкі шекаралық мембрана
3. Безді жасушаның секретсиясы: 1-мерокриновый 2-микроапокриновый
3-апокриновый 4-голокриновый
8 вариант.
1.Жүректің көлдене жолақты бұлш.еті. Бұлшық ет тіндері жалпы қызметі-жиырылу қызметіне біріктірілген тіндердің түрі болып табылады. Дамуы. Жүректің бұлшық ет тінінің даму көзі миоэпикардиалды табақша-ұрықтың мойын бөліміндегі висцералды спланхнотомның бір бөлігі болып табылады. Оның жасушалары белсенді түрде митоз жолымен бөлінетін және дифференсалданатын миобласттарға айналады. Дамып жатқан кардиомиоциттер тізбек түрінде орналасып, бір-бірімен жасуша аралық байланыстарды-ендірме дисктерді құрайды. Дивергентті дифференсация нәтижесінде кардиомиоциттер үш түрлі жасушаларға айналады: 1).Жұмыскер немесе типті, жиырылғыш; 2).өткізгіш немесе атипті; 3).секреторлы (эндокринді). Құрылысы. Жүректің бұлшық ет тіні кардиомиоцит жасушаларынан түзелген. Кардиомиоциттер жүрек бұлшық ет тінінің жалғыз тіндік элементі болып табылады. Олар бір-бірімен ендірме дисктердің көмегімен бірігеді және морфологиялық ұғым бойынша симпласт болып табылмайтын, функционалды бұлшық ет талшықтарын немесе функционалды симпластты құрайды. Функционалды талшықтар тармақталып, бүйір беттерімен жалғасады, нәтижесінде тор тәрізді құрылым пайда болады.
2. Безді эпителий. Эпителий тіндерінің бұл түрінде бірінші орынды секреторлық қызметі – заттарды (өнімді) «экспортқа» шығару алады. Өнімдері дененің бетіне немесе қуыстарға бөліне алады (сыртқы секреция, экзокринді бездердің қызметі). Сонымен қатар, өнім қан мен лимфаға да бөлінеді (ішкі секреция, эндокринді бездердің қызметі). Секреторлық эпителийден бездер – жеке мүшелер немесе олардың бөліктері құралады. Секреторлық цикл 5 сатыдан тұрады:1.Заттарды қаннан сіңіру, олар өнімнің синтезіне қажет. Бұл саты жасушаның тасмалдаушы жүйесінің қатысуымен өтеді: пиноцитоздық көпіршіктер мен фагосомалар жүйесі, иондық каналдар. 2.Сіңірілген заттардан өнімнің синтезделуі түйіршікті, түйіршіксіз эндоплазмалық торларда, Гольджи комплексінде өтеді. Бұл процестердің алдында арнайы и-РНК пайда болады. 3.Өнімнің жасушада жинақталуы. Жасушаларда секреторлық түйіршіктердің мөлшері көбейеді. Жасушада өнім артық мөлшерде жинақталмас үшін, секреторлық түйіршіктердің жартысы лизосомалармен бірігіп, жойылады. Бұл процесс кринофагия деп аталады. Экзокриноциттерде өнім жасушаның апикальды полюсында жинақталса, эндокриноциттерде – жиі базальды бөлімдерінде. 4.Өнімді бөлу мерокринді (жасуша бұзылмайды), апокринді (жасушаның апикальды бөлігі зақымдалады), голокринді (жасуша толық бұзылады) жолдар арқылы өтеді. 5.Секреторлық жасушаның қалпына келуі.Бездердің жіктелуі. Бездердің жіктелуінің бірнеше түрлері бар 1.Бездерді құрайтын жасушалардың санына байланысты олар бір жасушалы (бокал тәрізді жасушалар) және көп жасушалыдеп өлінеді.2.Эпителиальдық қабатқа қатысты орналасуына байланысты олардың экзоэпителиальды (эпителиальдық қабаттан тыс орналасқан) және эндоэпителиальды (эпителиальдық қабаттың құрамында орналасқан: бокал тәрізді жасушалар) түрлерін ажыратады. 3.Құрылу деңгейіне байланысты. Бездер мүшенің бір бөлігі немесе жеке мүше ретінде болуы мүмкін. 4.өнімді бөлу орнына байланысты: экзокринді бездер өнімін дененің бетіне немесе қуыстарға бөлсе, эндокринді – қан, лимфа және тіндік сұйықтыққа бөледі. 5.Құрылысы бойынша (морфологиялық жіктелуін қара). 6.Өнімнің химиялық құрамына байланысты: белоктық, шырышты, аралас, май және т.б. 7.Секреция механизміне байланысты: мерокринді, апокринді және голокринді. 8.Соңғы үшеуі экзокринді бездерге қатысты қолданылады. Өнім бөлудің мерокринді, апокринді және голокринді түрлерін ажыратады. Мерокринді өнім бөлуде секреторлық жасуша зақымданбайды. Секреция екі ықпалдың әсер етуімен өтеді: жүйкелік (нейромедиатр арқылы) және гормональдық. Секреторлық жасушаға гормонның немесе нейромедиатрдың әсер етуі рецепторлардың қозуына байланысты. Онан кейін бұл әсер жасушаның ішіне өтеді.Мерокринді жолмен өнімді сілекей, ұйқы бездері және т.б. бөледі. Апокринді жолмен өнімді тер және сүт бездері бөледі. Олардың секреторлық түйіршіктері жоғарыда айтылған жолмен жасушаның бетіне жақындайды. Онан кейін секреторлық жасушаның апикальды бөлімі зақымданады. Жасушаның бұл зақымданған бөлімі өнімнің құрамына кіреді. Секреторлық жасушаның зақымданған көлеміне байланысты макро- және микроапокринді секреция түрлерін ажыратады. Голокринді жолмен өнімді май бездері бөледі. Әрбір май безі қап тәрізді, бөлінуге қабілетті жасушалардан тұрады. Өнім бөлу барысында секреторлық жасуша толық бұзылады. Олардың қалпына келуі бөлінуге қабілетті жасушалар есебінен өтеді(камбиальды).
3. Базофильды субстансия: А-нейрофибриллы, Б- аксонды қыр В-нейрофиламенты Г-аксон, Д-дендрит
9вариант.1.Эпителий тіндері.Жабынды. Бір қабатты эпителий.Бір қабатты эпителийге барлық эпителиоциттердің базальды мембранада орналасуы тән. Эпителиоциттердің биіктігі мен енінің арақатынасына байланысты олар жазық (жасушалардың енінен біктігі төмен), текшелі (жасушаның ені мен биіктігі тең), призмалық (жасушаның биіктігі енінен жоғары) деп бөлінеді. Призмалық эпителийдің өзі екіге бөлінеді: бір қатарлы (жасушалардың биіктігі бірдей және бір қатарда орналасқан) және көп қатарлы, жасушалардың биіктігі әртүрлі болғандықтан, олардың ядролары бірнеше қатар құрайды. Көп қабатты эпителий.Көп қабатты эпителийге базальды мембранада тек төменгі, базальды қабаты ғана орналасатын эпителийлер жатады. Қалған қабаттарындағы жасушалар бір – біріне қабаттасып орналасады. Эпителиалдық қабаттарының қалың болуна байланысты көп қабатты эпителий алдымен тосқауылдық-қорғаныштық және шекаралық қызмет атқарады. Сонымен қатар, ол эпителий тіндеріне тән басқада қызметтерді атқарады. Көп қабатты эпителийге көп қабатты жазық эпителийлер (мүйізденетін және мүйізденбейтін), көп қабатты текшелі, призмалық және өтпелі эпителий жатады. Олардың көбі эктодермадан дамиды. 1. Көп қабатты жазық мүйізденбейтін эпителий ауыз қуысында, өңеште, көздің мөлдір қабықшасында, қынапта орналасады. Эпителийдің барлық қабаттарындағы жасушалар өмір сүру қабілеттерін сақтайды және ядролары бар. Эпителийде базальды, тікенекті және жазық жасушалар қабаттарын ажыратады. Базальды эпителиоциттердің пішіні цилиндр тәрізді. Олар базальды мембранаға жартылай десмасомалар арқылы бекіген. Базальды эпителиоциттердің арасында дің жасушалары орналасады, олардың митоз жолымен бөлінуі арқылы эпителийдің жасушалық деңгейде қалпына келуі өтеді. Зақымдану кезінде митоздар тікенекті қабатта байқалады. Бұл екі қабат Мальпиги өсу қабатын құрайды. Тікенекті қабаттағы жасушалардың пішіні көп бұрышты, өсінділері бар («тікенек тәрізді»). Өсінділері арқылы көрші жасушалар десмосомалармен байланысады. Жасушаларда диффузды орналасқан кератин тонофиламенттері бар. Жоғарғы қабатта орналасқан жасушалардың пішіні жазық болып келген. Эпителий шекаралық, тосқауылдық-қорғаныштық, экскреторлық қызметтерді атқарады. 2. Көп қабатты жазық мүйізденетін эпителий (эпидермис). Терілік эктодермадан дамиды. Терінің эпидермисін құрайды. Эпителий тосқауылдық-қорғаныштық, экскреторлық және сіңіру қызметтерін атқарады. Эпителийдің төменде орналасқан борпылдақ талшықты дәнекер тінімен шекарасы тегіс емес. Ол борпылдақ талшықты дәнекер тініне эпидермалдық айдаршалар түрінде еніп орналасса, борпылдақ талшықты дәнекер тіні эпидермиске – бүртіктер түрінде. Бұл жағдай, екі тіннің арасындағы механикалық байланыс пен эпителийдің қоректенуін жақсарта, байланысты күшейте түседі. Эпителий бес қабаттан тұрады: 1. Базальды қабат цилиндр тәрізді жасушалардан тұрады, олардың құрамында тіректік қызмет атқаратын тонофиламенттері бар. Бұл қабатта митозға қабілетті дің жасушалары орналасады. Олар тереңірек, эпидермалдық айдаршалардың ұшында орналасуына байланысты зиянды әсерлерден сақтанған. Бұл жасушалар эпителийдің қалпына келуіне жауапты. Базальды эпителиоциттер базальды мембранаға жартылай десмосомамен бекісе, өз ара десмосома, тығыз және саңылаулы байланыстар арқылы байланысады.
2.Жүйке тіні, жүйке талшықтары мен аяқтамалары. Нейрон өсінділері – нерв талшықтары болып саналады. Олардың сыртын глиальді қабық қоршап тұрады. Бұл қабықты кұрайтын олигодендроциттер. Нерв жүйесінің құрамындағы нерв талшықтары құрылысы жағынан екі топқа бөлінеді: миелинді және миелинсіз талшықтар болып. Миелинсіз талшықтар. Бұл талшықтар көбінесе вегетативтік жүйке жүйесінде болады. Миелинсіз талшықтардың сыртын олигодендроциттердің цитоплазмасы қоршайды, қабықтың белгілі бір жерінде олардың ядролары да көрінеді. Миелинсіз талшықтардың құрамында 10-20-ға дейін біліктік цилиндрлері болады. Талшықтардың мұндай түрлерін кабель типтес талшықтар дейді.Миелинді талшықтар. Нерв талшықтарының бұл түрі орталық және шеткі жүйесінің құрамында кездеседі. Миелинсізге қарағанда бұлар жуандау келеді. Көлденең кесіндісіндегі диаметрі – 1-2 мкм болады. Миелинді талшықтардың сыртқы нейролеммоциттермен қоршалады, бірақ бұл талшықтардың біліктік цилиндрі біреу. Біліктік цилиндрдің сыртқы екі қабаты қабықпен қоршалған: ішкі – қалың қабаты миелинді, ал сыртқы қабаты жұқа нейролеммоциттердің ядросы мен цитоплазмасы немесе нейролемма. Миелинді қабығының құрамында липидтер болады, сондықтан миелинді талшықты осмий қышқылымен өңдегенде бұл қабығы қара түспен боялады. Миелинді қабығының ерекшелігі миелинді қабығының кейбір жерінде осмиймен боялмайтын, кертік сызықтары болады (насечка миелина). Екінші ерекшелігі миелинді қабығының белгілі бір аралығында қабықтың үзіліп отыратын бөліктері де кездеседі. Секреторлық жүйкелік аяқтамаларының құрылысы қарапайым. Мұндай нерв ұштарында жуандаған бөліктері бар. Бұл бөліктеріндегі синаптикалық көпіршіктерінің құрамында ацетилхолин болады. Сезімтал немесе рецепторлық жүйкелік аяқтамалар. Бұлар организмдегі ішкі және сыртқы ортадан әртүрлі тітіркендіргіш әсерлерді қабылдайтын рецепторлар болып саналады және бірнеше топқа: экстерорецепторлар, интерорецепторлар, механо-, баро-, хеморецепторлар болып бөлінеді. Құрылыс ерекшеліктеріне байланысты рецепторлар: бос жатқан нерв ұштары және инкапсулярлы нерв ұштары болып жіктеледі. Инкапсулярлыға: пластинкалы дене және терідегі сезімтал денешіктер жатады.
3. Қан елементтері: 1-эритроцит. 2-эозинофил 3-базофил 4-моноцит. 5- нейтрофил
10 вариант.
Тегіс салалы бұлш.тіні.Бұлшық ет тіндері жалпы қызметі-жиырылу қызметіне біріктірілген тіндердің түрі болып табылады. Тегіс бұлшық ет тіндеріне мезенхимадан дамитын бұлшық ет тіні (тамырлар мен ішкі мүшелердің), эктодермадан дамитын (тер, сүт, сілекей, көз жасы бездерінің миоэпителиоциттері), шығу тегі мионейралды (көз қарашығын кеңейтетін және тарылтатын бұлшық еттер ) жатады. Бұл тіндердің миофибрилдерінің компоненттерінің орналасуында оларда жолақтылық болмайды. Жолақты бұлшық ет тіндеріне қаңқалық және жүрек бұлшық ет тіндерін жатқызады. Оларда миофибрилдер ақшыл және күңгірт аймақтардан тұратын құрылымдық- қызметтік бірліктер саркомерлерден құралған. Олар миофибрилдерге және барлық бұлшық ет талшығына жолақтылық береді Құрылысы. Ересек организмде тегіс бұлшық ет тіні асқорыту жолы мүшелерінің құрамына кіреді, қан және лимфа тамырларының, бронхиалды тармақтың, жатыр түтікшелерінің, жатырдың, несепағардың, қуықтың бұлшық ет қабықшаларынын құрайды, көк бауырдың капсуласының құрамына кіреді, эндокардта бар. Тамырлардың қабырғаларының тегіс бұлшық ет тіні бірнеше құрылымдық-қызметтік белгілері бойынша басқа жерде орналасқан бұлшық ет тінінен ерешеленеді
Лейкоцит.ЛЕЙКОЦИТТЕР. Олар қанның ақ түйіпшіктері. Оларды цитоплазмасындағы түйіршіктерінің барлығына немесе жоқтығына орай екі топқа жіктейді: түйіршікті (гранулоциттер) лейкоциттер, түйіршіксіз (агранулоциттер) лейкоциттер. Бұл түйіршіктердің біреуі қышқыл, екіншілері негізгі, ал үшіншілері екі бояуды да қабылдайды. Сондықтан оларды базофилдер, нейтрофилдер, эозинофилдер деп атайды. Түйіршіксіз лейкоциттерді лимфоциттер және моноциттер деп жіктейді. Бүкіл лейкоциттер дөңгелек пішінді болып келеді. Жалпы саны ересек адамда 3.8-9.0 х 109г/л болып келеді. Олардың саны тамақтанғанда, еңбек еткенде, миға күш түскенде (ойлау кезінде) - өзгереді. Лейкоциттер белсенді қозғала алады. Олар қан тамырының ішінен шығып, дәнекер, эпителий тіндерінің арасында орналасуы және де сол жерлерде қызметін атқаруы мүмкін. Олардың жылжу жылдамдығы әртүрлі жағдайларға байланысты: орналасқан ортасының консистенциясына (тұтқырлығына), РН, температурасына т.б. Лейкоциттердің санының көбеюі лейкоцитоз, ал кемуі лейкопения деп аталады. НЕЙТРОФИЛДЕР – дөңгелек пішінді болып келген жасушалар (диаметрі 7.9 мкм, әйнекте олар 10-12 мкм дейін болады). Ересек адамның қанында бүкіл лейкоциттердің 65-75% нейтрофильдер. Бұл жасушалардың цитоплазмасында ұсақ түйіршіктер болады. Олар екі түрлі болады: азурофильді және нейтрофильді. Түйіршіктер цитоплазмасының шеткі аймақтарында болмайды. Бұл аймақ нейтрофильдің қозғалуына қатысады. Нейтрофилдердің дамуына, ядросының пішініне байланысты оларды үш топқа бөлеміз: 1.Ядросы сегменттелген нейтрофил 60-65% 2.Ядросы таяқша тәрізді нейтрофил 3-5% 3.Ядросы бұршақ тәрізді немесе жас нейтрофил 0-0.5% ЭОЗИНОФИЛДЕР (диаметрі 10 мкм, әйнекте 14 мкм). Бүкіл лейкоциттердің арасында эозинофилдер 1-5% болады. Эозинофилдердің цитоплазмасында дөңгелек не сопақша оксифильді боялатын көлемі 0.5-1.5 мкм түйіршіктер орналасады. Қышқыл бояуды қабылдайтын себебі бұл түйіршіктер аргининге бай негізгі белоктан тұрады. Түйіршіктерінде арилсульфатаза мен гистаминаза ферменттері болады. Эозинофилдердің дамуына байланысты үш түрін ажыратамыз: 1.Ядросы сегменттелген эозинофил 2Ядросы таяқша тәрізді эозинофил 3.Жас эозинофилБазофилдердің көлемі 9 мкм, әйнекте 12 мкм. Қанның құрамында лейкоциттердің 0.5-1% құрайды. Базофилдердің цитоплазмасында үлкен дөңгелек болып келген базофилді боялған көлемі 0.5-1.2 мкм түйіршіктер болады. Түйіршіктерге метахромазиялық қасиет тән. Базофилдердің қызметі гистамин мен гепариннің метаболизміне қатысу. Олар қанның ұю жүйесіне, тіндік гомеостазға, аллергиялық реакцияларға өзінің әсерін тигізеді. АГРАНУЛОЦИТТЕР ЛИМФОЦИТТЕР. Адам қанының құрамыда 20-35% болады (көлемі 4.5-10 мкм). Көлеміне орай оларды кіші (4.5-6), орташа (7-10) және үлкен (10 - >) деп жіктейді. Үлкен көлемді лимфоциттер жас балаларда кездеседі, ересек адамда болмайды. Ядролары базофилді, дөңгелек болып кездеседі. Лимфоциттерді даму орнына, дифференцировкасына байланысты екі топқа бөледі: тимуске тәуелді Т-лимфоциттер, және В-лимфоциттер. МОНОЦИТТЕР – ең үлкен жасушалар (олардың диаметрі 12 мкм, әйнекте 20 мкм). Қанда 6-8% болады. Моноциттер организмнің макрофагтық жүйесіне немесе мононуклеарлық фагоцитарлық жүйесіне жатады. Қанда моноциттер 36-104 сағат болады. Тіндерге орын ауыстырған моноциттер макрофагқа айналады. ТРОМБОЦИТТЕР қызыл жілік майында болатын мегакариоциттердің цитоплазмасының үзіндісі. Олар 5-8 күн өмір сүреді, қанның ұюына көмектеседі. Әрбір тромбоцит гиаломерден және грануломерден тұрады. Тромбоцитердің бес түрін ажыратады
3. Рефлекторлық доға 1-рецептор. 2-сезімтал нейрон.3-ендірме нейрон.4-қозғалтқыш нейрон. 5-моторлы түйін

Приложенные файлы

  • docx 17410732
    Размер файла: 54 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий