Osnovy prava


№ Вопрос Блок
1 Мемлекет: ұғымы, мәні, белгілері, нысандары, механизмі, атқаратын қызметтері. Құықтық мемлекетің сипаттамасы. 1
2 Құқықтың түсінігі мен белгілері. Құқықтың қайнар көздері және құқық нормасы мазмұны. 1
3 Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим). Әрқайсысына жекелеген сипаттама беріңіз. 1
4 Құқықтық сана және құқықтық мәдениет түсінігі. Олардың ерекшеліктері. 1
5 Заңдылық, құқықтық тәртіп түсінігі мен құқықбұзушылықтың түсінігі, құрамы, түрлері. 1
6 Құқықтық қатынастың түсінігі, белгілері, құрамы, субъектілері мен объектілері 1
7 Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері 1
8 Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама: ҚР Конституциясының ерекшеліктері мен заңдық қасиеттері. 1
9 Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары мен міндеттері. Конституцияда нақты айқындалған міндеттерді жіктеп көрсетіңіз. 1
10 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті. ҚР Президентінің өкілеттігінің құзіреті. 1
11 Мемлекеттік билік жүйесінің түсінігі. Оның түрлеріне сипаттама беріңіз. 1
12 Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері. Адвокаттық қызмет туралы заңға жалпы сипаттама беріңіз. 1
13 Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының түсінігі. ҚР ішкі істер органдарының атқаратын қызметтері. 1
14 Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары. Сайлауды өткізу тәртібі. 1
15 Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі  мен  түрлері. Олардың атқаратын қызметінің ерекшелігі. 1
16 Мемлекеттік қызмет түсінігі. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері. 1
17 Азаматтық: ұғымы, алу, тоқтату және айырылу тәртібі. Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңына жалпы сипаттама беріңіз. 1
18 Әкімшілік құқық: түсінігі, пәні, әдістері, қайнар көздері, субъектілері. Әкімшілік құқықтық қатынастар. 1
19 Әкімшілік құқықбұзушылық түсінігі мен құрамы. Қазақстан Республикасының кімшілік құқықбұзушылық туралы заңына сипаттама беріңіз. 1
20 Әкімшілік жауаптылықтың түсінігі. Әкімшілік жаза түсінігі мен түрлері.
  1
21 Қылмыстық құқықтың түсінігі, міндеттері, қайнар көзі мен қағидалары. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 2
22 Қылмыстық-құқықтық қатынастардың түсінігі. Олардың ерекшеліктері. 2
23 Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері. Қажетті қорғану және аса қажеттіліктің түсінігі. 2
24 Мемлекеттік қаржылар мен қаржылық құқықтың мазмұны, жалпы сипаттамасы. 2
25 Мемлекеттің қаржылық қызметінің сипаттамасы мен қаржылық бақылаудың ерекшеліктері мен түрлері. 2
26 Мемлекеттің қаржылық органдары мен ақша жүйесі, бірлігі. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі. 2
27 Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы түсінігі, қағидалары, қайнар көздері, объектілері мен субъектілері 2
28 Қазақстан Республикасында жер құқығының түсінігі, жүйесі, қайнар көзі. Жерге меншік құқығының түсінігі мен түрлері 2
29 Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі мен сатылары. Қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері. 2
30 Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері. Талап-арыз ұғымы және мазмұны 2
31 Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары. Халықаралық ұйымдардың қызметінің мазмұны. 2
32 Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері, қайнар көздері мен жүйесі. Қазақстан Респбуликасының Азаматтық кодексі. 2
33 Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері. Азаматтық құқықтық қатынастарға түсуші субъектілер. 2
34 Меншік құқығының түсінігі. Мұрагерлік құқық түсінігі мен түрлері. 2
35 Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі. Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңы. 2
36 Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері. Алименттік қатынастардың сипаты және ерекшеліктері. 2
37 Еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдістері, қағидалары, қайнар көздері. Еңбек құқықтық қатынастарының басқа құқық қатынастарынан айырмашылығы. 2
38 Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері мен сипаты. 2
39 Салық құқығының ұғымы, пәні және қызметі. Қазақстан Республикасының Салық кодексі. 2
40 Қазақстан Республикасындағы салықтар жүйесі мен түрлері. Салық төлеуден жалтарғаны үшін жауаптылық. 2
41 Сот шешімімен әрекет қабілеттігі жоқ деп танылған Асқаров өз меншігіндегі автокөлікті Бақтыбаевқа 250 000 теңгеге сатты. Асқаровтың шешесі шартты жарамсыз деп танылу туралы және Бақтыбаевтың автокөлікті Саматовқа сатып жібергені анықталды. Бұл іс бойынша сот қандай шешім қабылдауы керек? 3
42 Қанатов Сейітовке автокөлікті сатып алуға сенімхат берді,бірақ Сейітов ауыр халде ауруханаға  түсіп өз міндетін атқара алмады да, қайта сенім тәртібінде сенімхатты Маратовқа  берді. Бұл сенімхат Сейітов жатқан  аурухананың бас дәрігерімен куәләнді. Маратов Қанатовтан  автокөлік сатып алды, бірақ  автокөлік бағасы Қанатов берген сенімхатта көрсетілген соманың шегінен  шығып кетті. Сенім беруші автокөлікті  алудан бас тартты. Маратов  Қанатовтың автокөлікті алуы және оны жеткізіп беруге кеткен шығындарды өтеуі  туралыталаппен сотқа шағымданады. Бұл дауды шешіп беріңіз. 3
43 Азаматша Сүлейменова және оның бұрынғы күйеуі нотариусқа өздері жасаған шартты куәландыруға өтініш берді.Бұл шарт бойынша ажыратылған ерлі зайыптылар бір біріне балаларды асырау туралы талап қоюдан бас  тартады, күйеуі ортақ меншікке құқықтан бас тартады, ал әйелі зейнеткерлік жасқа жеткенше жаңа некеге тұрмауға міндет алады. Бұл шарт заңды ма? 3
44 Түзеу мекемесіндегі  отырған  Құрбанов  мас  күйінде сотталған  Болатовтың  ішіне екі пышақ  жарақатын келтірді және соның  салдарынан Болатов ауруханада  қайтыс болып кетті. Бұл әрекет  құрамындағы қылмыс  белгілерін атап  көрсетіңіз? 3
45 Дауылбаев  қызық   көріп А-ны жағадан  суға  итеріп жіберді. А.  жүзу білмеген  еді (бұл туралы Дауылбаев  білмеді) және  сол себепті  суға  батып кетті. Дауылбаевтың  кінәсі  бар ма? 3
46 Учаскелік инспектор  өз танысымен  жеке  әңгімесінде, жабдықтау бөлімінің  бастығы Құсайынов 500 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатты  ұрлағанын  білді. Бұл жағдайда қылмыстық  істі  қозғауға негіз бар ма? Қылмыстық істі қозғаудың  себептері мен негіздерін атап көрсетіңіз. Жасалған қылмыс  туралы арыздар  және  хабарлауларды  тексерудің  тәртібі  қандай? 3
47 15 жасар  Сәрсенов, тоғыз  сынып бітіргеннен  кейін, база директорына өзін жұмысқа қабылдауын сұрап өтініш берді. Директор Сәрсенов 16 жасқа  толмады  деп оның өтінішін қабылдамады. Директор  шешімі  дұрыс па? 3
48 Ресторан бухгалтері  директор  бұйрығымен бухгалтериядан осы  ғимаратта орналасқан және  осы  еңбекақымен ас бөлмесіне ауыстырылды. Бухгалтер ас бөлмесінде жұмыстан бас тартты, себебі  ол  мұндай  ауыстыруға келісімін  берген жоқ еді. Ресторан директорының ойынша бұл жұмыс  ауыстыру емес жұмыс  орнын  ауыстыру, сондықтан  қызметкердің  келісімі  қажет емес. Бұл дауда кімнің  пікірі  дұрыс? 3
49 Асанов 28 қазан күні оны 5 қарашадан бастап  өз  еркі  бойынша жұмыстан   шығарылуы туралы өтініш  берді. Бірақ әкімшілік оны  жұмыстан  шығару  туралы бұйрықты 12 қарашадан шығарды. Әкімшілік  әрекеттері заңға  сай ма? 3
50 Бухгалтер Әлімжановаға жұмысқа кешігіп  келгені  үшін 1 сәуір күні сөгіс шығарылды. 28 тамыз  күні ол жұмысқа тағы да кешікті. Әкімшілік 5 қыркүйек күні Әлімжанованы  еңбек  тәртібін бұзғаны үшін  жұмыстан  шығарды. Әлімжанова бұл бұйрықпен келіспей сотқа жүгінді. Сот қандай шешім қабылдауы тиіс? 3
51 Жер  заңымен  жер учаскесін мемлекеттік және  қоғамдық  қажеттіліктерге  мәжбүрлеп алу  белгіленген. Мемлекеттік  және қоғамдық қажеттіліктер деген не?   3
52 Ғылыми зерттеу институтының ұжымы кезінде өздері ұсынған депутат Қаптағановтың есебін тыңдау туралы шешім қабылдады. Бірақ Қаптағанов өзінің басқа елдің азаматтығын алуына байланысты депутаттық өкілеттігін тоқтатқанын айтып, есеп бермейтінін хабарлады. Қаптағановтың  әрекеті заңға сай ма? 3
53 Қазақстан Республикасының институтында оқитын студент  Ли Чан өз курстасы Томақбаеваға өзімен некеге тұруға және Қытай азаматтығын алуға ұсыныс жасады.Томақбаева өз келісімін беріп, алдымен Қазақстан азаматтығынан шығу керектігін айтты. Қазақстан Республикасының азаматтығы қандай жағдайда тоқтатылуы мүмкін. 3
54 АҚШ азаматтары ерлі – зайыпты Гопинстер және олардың 12,15,19 жасар балалары Қазақстанға көшіп, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға шешім қабылдады. Оларға қай органға  өтініш беруге қажет? Қазақстан азаматтығын қандай тәртіппен алуы мүмкін? Олардың балаларының азаматтығы туралы мәселе қалай шешілуі тиіс? 3
55 Журналист  Наурызбаева шетел азаматына тұрмысқа шығып Біріккен Араб Әмірліктеріне көшіп кетті. Бірақ жүктілік және туу кезіне Қазақстанға келіп, осында бала туды. Наурызбаеваның баласының азаматтығы қалай анықталады? 3
56 С. азамат өз автокөлігінде бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетті  және  сол үшін жол полиция қызметкерімен тоқтатылды. С. құқықтың  қай саласының  нормаларын бұзды: азаматтық құқық, еңбек құқығы, әкімшілік құқығы, транспорт заңдарын. 3
57 Келесі актілердің қайсысын әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне жатқызуға болады: заң; кодекс; жарлық;  қаулы; бұйрық;  инструкция; ереже; телефонограмма; әдістемелік нұсқау. Өз актілерін шығару құқығына қандай мемлекеттік органдар ие болады? 3
58 Зауыт директоры зауыт аумағын тазалау үшін сенбілікті өткізу және оны ұйымдастыру тобы туралы бұйрық шығарды. Бұл бұйрыққа сүйеніп ұйымдастыру тобы сенбілік өткізу уақытын, оған қатысушыларды тағайындап, оларды құрал сайманмен және көлікпен қамтамасыз етті. Лауазымды тұлғаның шешімі еңбек шартында көзделмеген және қоғамдық жұмыстарды орындауға негіз бола алады ма? 3
59 Жергілікті әкімшілік аппаратының екі лауазымды тұлғалары басқа үш азаматпен жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрды. Мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті заңға сай ма? 3
60 Институт ректоры азаматтардан лаборант, оқытушы  және проректор қызметтеріне алу туралы өтініштерді қабылдады. Аталған қызметтерді алу үшін қандай әрекеттер жасалуы тиіс? Қызметкерге алынушылардың қызметтік қатынастары қай уақытта пайда болады? Мемлекеттік қызметке алынушыларға қойылатын талаптар. 3

Приложенные файлы

  • docx 17393281
    Размер файла: 29 kB Загрузок: 2

Добавить комментарий