Еңбек қорғау емтихан — копия — копия — копия


1.Еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе болып табылады. Қысқаша айтқанда, еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.
Жалпы алып қарағанда еңбекті қорғау 1) құқықтық, 2) медициналық, 3) экономикалық, 4) техникалық құрамдас элементтерден тұрады. Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады.
2.Еңбекті қорғау пәні – бұл қызметкерлердің еңбек процесі барысында еңбекпен қорғалуын, яғни олардың өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ететін, өндірістегі қауіпті жағдайларды, кәсіптік зияндарды болдырмау және оқыс жағдайлардың алдын-алу шараларын жасайтын, оқытатын, зерттейтін пән. Яғни, Еңбек құқығының бір институты болып табылады.
4.Еңбек қорғау пәнінің субъектісі. жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға.қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға;
қызметкерлердің өкілдері - кәсіптік одақтардың, олардың бірлестіктерінің органдары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қызметкерлер уәкілеттік берген (сайлаған) өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалар
5.Еңбекті қорғау саласының мінтеті – адамдарды жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйрету және қызметкерлердің жұмыстарды атқару кезінде еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын бұзушылықтарды болдырмау болып табылады.
6.Еңбекті қорғау саласының қағидалары
өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;
қызметкердің өмірі мен денсаулығына өндірістік факторлардың зиянды әсерінің қайтымсыз салдарына жол бермеу;
адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;
қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қорғауға мемлекеттің кепілдік беруі;
еңбек бостандығы;
кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;
нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай талаптарды белгілеу;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;
еңбек қауіпсiздiгiнің және еңбекті қорғаудың жай-күйi туралы ақпараттың жариялылығы, толымдылығы және дұрыстығы;
кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;
қауіпсіздік және гигена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамассыз ету;
өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірімен денсаулығының басымдығы;
еңбегі үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес, әділетті сыйақыға құқығын қамтамассыз ету;
тынығу құқығын қамтамассыз ету;
қызметкерлердің құқықтары мен мүмкүндіктерінің теңдігі;
7.еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі;
8,Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері.
Қызметкер:
өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға, кәсіптік аурудың (уланудың) белгілері, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға;
міндетті мерзімді медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан, сондай-ақ өндірістік қажеттілікке байланысты басқа жұмысқа ауысу үшін не кәсіптік аурудың белгілері пайда болған кезде медициналық куәландырудан өтуге;
жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдануға және мақсатқа сай пайдалануға;
медициналық мекемелер ұсынған емдік және сауықтыру іс-шараларын жұмыс беруші қаржыландырған жағдайда соларды орындауға;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың, ережелердің және нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің өндірістегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға міндетті.
9,Өндірістегі тергеп тексеру түсінігі
1. Қызметкерлердің, сондай-ақ: техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында оқитын, кәсіптік практикадан өтіп жүрген адамдардың;
2) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің;
3) сот үкімі бойынша еңбекке тартылған адамдардың;
4) әскерилендірілген авариялық-құтқару бөлімдері, әскерилендірілген күзет жеке құрамының, авариялардың, дүлей зілзаланың салдарларын жою жөніндегі, адам өмірін және мүлікті құтқару жөніндегі ерікті командалар мүшелерінің еңбек қызметіне байланысты және еңбекке қабілетсіздігіне не өліміне әкеп соққан денсаулығының зақымдану жағдайлары осы Кодекске сәйкес тергеп-тексеруге және есепке алуға жатады
10. кәсіптік ауру - қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру;
11.еңбекті қорғау элементтері 1) құқықтық, 2) медициналық, 3) экономикалық, 4) техникалық құрамдас элементтерден тұрады. Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады. Мысалы: еңбекті қорғаудың техникалық аспектісі машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т.б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігін білдіреді. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т.б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірісте қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз.
12,Зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары - белгілі бір өндірістік факторлардың әсері қызметкердің еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне немесе сырқаттануына не оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;мысылызиянды өндірістік фактор - әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін
13,Өндірістегі жазатайым оқиға - өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде, қызметкердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіптік ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың қызметкерге әсер етуі.
14,жеке еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және
толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді;
15,қауіпті еңбек жағдайлары - еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда белгілі бір өндірістік немесе жоюға болмайтын табиғи факторлардың әсері қызметкердің жарақаттануына, кәсіптік ауруға шалдығуына, денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе улануына әкеп соқтыратын, соның салдарынан еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуы, кәсіптік ауруға шалдығуы не өлімі туындайтын еңбек жағдайлары
16,Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.
1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік стандарттарды, ережелерді, нормаларды әзірлеу мен қабылдау;
2) еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды әзірлеу мен жақсарту, қауіпсіз техника мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын шығару жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйесін құруға және іске асыру;
3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті жүзеге асыру;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізу;
5) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеу;
6) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңдары талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылау;
7) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардан зардап шеккен қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғау;
8)еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі жұмыстың отандық және шетелдік озық тәжірибелерін тарату;
9) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлауға және олардың біліктілігін арттыру;
10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған.
17.қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарына берілетін кепілдіктер
1. Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары мемлекеттік стандарттарға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер талаптарына сәйкес болуға тиіс.
2. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзуы салдарынан жұмыс тоқтап тұрған уақытта қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) және орташа жалақысы сақталады.
3. Өзінің немесе айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп туындаған жағдайда, қызметкердің жұмысты орындаудан бас тартуы оны тәртіптік және (немесе) материалдық жауапкершілікке тартуға әкеп соқпайды.
4. Жұмыс беруші қызметкерді жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етпеген жағдайда, қызметкер еңбек міндеттерін орындауды тоқтатуға құқылы, ал жұмыс беруші осы себеп бойынша туындаған іркіліс кезінде қызметкердің орташа жалақысы мөлшерінде еңбекақы төлеуге міндетті.
5. Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, келтірілген зиянды өтеу Қазақстан Республикасының азаматтық HYPERLINK "jl:51013880.9360000 " заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда жүргізіледі
18.Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптары .Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, санитариялық-гигиеналық, биологиялық, физикалық және өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсiмдер мен нормативтерді белгiлейдi.
Жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары
1. Жұмыс орындары орналасқан ғимараттар (құрылыстар) өзінің құрылысы бойынша олардың функционалдық мақсатына және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай болуға тиіс.2. Жұмыс жабдығы осы жабдық түрі үшін белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуге, онда тиісті техникалық паспорт (сертификат), сақтандыру белгілері болуға және қызметкерлердің жұмыс орындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоршаулармен немесе қорғау құрылғыларымен қамтамасыз етілуге тиіс.3. Авариялық жолдар мен қызметкерлердің үй-жайлардан шығатын жолдар бос болуға және ашық ауаға не қауіпсіз аймаққа шығаруға тиіс.
4. Қауіпті аймақтар нақты белгіленуге тиіс. Егер жұмыс орындары жұмыстың сипатына қарай қызметкерге қауіп-қатер төндіретін немесе құлайтын заттар бар қауіпті аймақтарда болса, онда мұндай орындар бұл аймақтарға бөгде адамдардың кіруін шектейтін құрылғыларымен жабдықталуға тиіс. Жаяу жүргіншілер мен технологиялық көлік құралдары ұйымның аумағында қауіпсіз жағдайларда жүріп-тұруға тиіс.5. Қауіпті өндірістік объектілерде (учаскелерде), оның ішінде биіктікте, жерасты жағдайларында, ашық камераларда, теңіз қайраңдары мен ішкі су айдындарында жұмыстар жүргізу үшін қызметкерлердің жеке қорғану құралдары болуға тиіс.
6. Жұмыс орындары орналасқан үй-жайлардағы температура, табиғи және жасанды жарық, сондай-ақ желдеткіш жұмыс уақыты кезінде еңбектің қауіпсіздік талаптарына сай болуға тиіс.
7. Қызметкерлер еңбек жағдайлары зиянды (шаң-тозаң, газдану және басқа да факторлар) жұмысқа жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз еткеннен кейін жіберіледі.
19. қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтары
1.жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңсыз әрекеттеріне шағым жасауға құқығы бар.
2.жұмыс берушіден еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын орындауды талап етуге;
3) еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;
4) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және дәйекті ақпарат алуға;
5) еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне;
6.өндiрiстік жарақаттануға, кәсiби ауруға немесе жұмыс қабiлетiн төмендетуге әкеп соқтыруы мүмкiн зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен қорғалған жұмыс oрнына;
20.Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттерi:
1) еңбек қауiпсiздігi және еңбектi қорғау жөнiндегi нормалардың, epeжeлер мен нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің өндірісте жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға;
2) арнаулы киімді, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өз мақсатында пайдалануға;
3) өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға туралы, кәсіби аурудың белгілері туралы, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайлар туралы өзінің тікелей басшысына дер кезінде хабарлауға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайларын өзгерте отырып басқа жұмысқа ауыстырылғанда не кәсіби аурулардың белгілері пайда болғанда жұмыс берушінің қаражаты есебінен міндетті түрде алдын ала, мерзімдік (еңбек қызметі ішінде) медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге міндетті.
21.Мемлекеттік еңбек инспекторларының құқықтаы
1) еңбек заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу мақсатында ұйымдар мен кәсіпорындарда кедергісіз болуға;
2) жұмыс берушілерден өздеріне жүктелген функцияларды орындауға қажетті құжаттарды, түсініктемелерді, ақпаратты сұратуға және алуға;
3) жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар, қорытындылар беруге, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар толтыруға, әкімшілік жазалар қолдануға;
4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
6) жұмыс орындарында белгіленген талаптарға сай келмейтін арнаулы киімнің, арнаулы аяқ киімнің және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарының берілуі мен пайдаланылуына тыйым салуға;
7) жұмыс берушіге (оның өкіліне) хабарлай отырып және тиісті акт жасау арқылы арнаулы киім үлгілерін, пайдаланылатын немесе өңделетін материалдар мен заттарды талдау жасау үшін алуға;
8) өндірістегі жазатайым оқиғаларды белгіленген тәртіппен тергеп-тексеруге;
9) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан, нұсқау беруден, білімін тексеруден өтпеген қызметкерлерді жұмыстан шеттету үшін жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар беруге;
22.Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері
1. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді мемлекеттік еңбек инспекциясы органының аумақтық бөлімшесі құрған комиссия мына құрамда жүргізеді:төраға - мемлекеттік еңбек инспекторы;мүшелері - жұмыс беруші және қызметкерлердің өкілі.
2. Екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді.
3. Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор кіреді.
4. Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейін болса, топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған комиссия жүргізеді.
5. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ұйымдардың мамандары, ғалымдар және бақылау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кіші комиссиялар құруға құқылы.
6. Ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғаны, қызметкерлердің топтық жазатайым оқиғасын және топтық қатерлі улану жағдайын тергеп-тексеру еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген HYPERLINK "jl:30403083.3 " нысандағы арнайы тергеп-тексеру актісімен ресімделеді23.Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметі
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын тексеруді уақтылы және сапалы жүргізуге;
3) анықталған еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар етуге, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде ұсынулар енгізуге;
4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарауға;
5) еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар беруге;
6) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тергеп-тексеруге қатысуға;
7) еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды, қорытуды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бұзылуының алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу мен қабылдауға қатысуға;
8) мемлекеттік құпияны, еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;
9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге;
10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру кезінде азаматтармен және қызметкерлердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасасуға міндетті.
25.Тексеруді жүргізетін тұлғалар.Төраға - ұйымның (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынбасары;
мүшелері - ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы және қызметкерлердің өкілі.
Жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін лауазымды адам тергеп-тексеруді жүргізу кезінде комиссия құрамына енгізілмейді.
26. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жузеге асырушылыр
1.Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік еңбек инспекторларына:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы - Қазақстан Республикасының еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы;
2) мемлекеттік еңбек инспекциясының бас мемлекеттік еңбек инспекторлары - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының лауазымды адамдары;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;
4) мемлекеттік еңбек инспекторлары - мемлекеттік еңбек инспекциясы органының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары жатады.
27.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жұмыс берушінің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.
Қызметкерлер бұл мақсаттарға шығынданбайды.
Қаражат көлемі ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің актісімен айқындалады.
28.Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің принциптері мен негізгі міндеттері
Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сыйлау, сақтау және қорғау, заңдылық, әділдік, тәуелсіздік және жариялылық принциптері негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттері:
ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау болып табылады.
29Мемлекеттік еңбек инспекторының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі жауапкершілігі
Мемлекеттік еңбек инспекторы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде өз қызметтік міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған, сондай-ақ өзге де заңға қайшы әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
30,Еңбек қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторының қызмет
1. Ұйымда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды ұйымның кәсіподақ комитеті, ал кәсіподақ болмаған кезде қызметкерлердің жалпы жиналысы (конференциясы) сайлайтын еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор жүзеге асырады.
2. Қызметкерлердің республикалық, салалық, өңірлік бірлестіктері ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылауды мұндай құқық келісімдерде және ұжымдық шарттарда бекітілген жағдайда жүзеге асырады.
31,Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері
1. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді мемлекеттік еңбек инспекциясы органының аумақтық бөлімшесі құрған комиссия мына құрамда жүргізеді:
төраға - мемлекеттік еңбек инспекторы;
мүшелері - жұмыс беруші және қызметкерлердің өкілі.
2. Екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді.
3. Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор кіреді.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады.
4. Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейін болса, топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған комиссия жүргізеді.
5. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ұйымдардың мамандары, ғалымдар және бақылау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кіші комиссиялар құруға құқылы.
6. Арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының келісімінсіз куәлерден, куәгерлерден жауап алуды, сондай-ақ ресми тағайындалған комиссияның жұмыс күндерінде кез келген біреудің немесе өзге де комиссияның осы жазатайым оқиғаға қатысты қатар тергеп-тексерулер жүргізуіне үзілді-кесілді тыйым салынады.
32, жазатайым оқиғаларды дұрыс,уақытылы тергеп-тексеруімен есепке алынуын бақылау тәртібі
1. Жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің және ұйым бөлімшесінің басшылары, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің өкілдері қол қояды және оны жұмыс беруші бекітіп, ұйымның мөрімен расталады.
2. Улану жағдайларында жазатайым оқиға туралы актіге халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілі де қол қояды.
3. Акт тергеп-тексеруматериалдарынасәйкесресімделугетиіс.4. Әрбір жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін жұмыс беруші үш күннен кешіктірмей зардап шеккен адамға немесе оның сенімді адамына жазатайым оқиға туралы актіні беруге міндетті, актінің бір данасы жұмыс берушімен тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымына, ал екіншісі - мемлекеттік еңбек инспекциясына қағаз және электронды жеткізгіште жіберіледі.
5. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары ұйымда қырық бес жыл бойы сақталуға тиіс, ұйым таратылған жағдайда жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары міндетті түрде сол ұйым жұмыс істеген жердегі мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуға тиіс
33,Оқиғаларды тергеп тексеруді жузеге асыратын комиссияның құрылу тәртібі
1. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді мемлекеттік еңбек инспекциясы органының аумақтық бөлімшесі құрған комиссия мына құрамда жүргізеді:
төраға - мемлекеттік еңбек инспекторы;
мүшелері - жұмыс беруші және қызметкерлердің өкілі.
2. Екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді.
3. Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор кіреді.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады.
4. Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейін болса, топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған комиссия жүргізеді.
5. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ұйымдардың мамандары, ғалымдар және бақылау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кіші комиссиялар құруға құқылы.
7. Арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының келісімінсіз куәлерден, куәгерлерден жауап алуды, сондай-ақ ресми тағайындалған комиссияның жұмыс күндерінде кез келген біреудің немесе өзге де комиссияның осы жазатайым оқиғаға қатысты қатар тергеп-тексерулер жүргізуіне үзілді-кесілді тыйым салынады.
34.Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер
1) еңбек қауіпсіздігінің жалпы талаптарын;
2) жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
3) жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
4) авариялық жағдайларындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
5) жұмыс аяғындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
6) өндірістік (технологиялық) үдерістерге қойылатын талаптарды;
7) өндірістік үй-жайларға қойылатын талаптарды;
8) өндірістік алаңдарға (өндірістік үй-жайлардан тыс жерлерде атқарылатын үдерістер үшін) қойылатын талаптарды;
9) бастапқы материалдарға, дайындамалар мен шала өнімдерге қойылатын талаптарды;
10) өндірістік жабдықтарға қойылатын талаптарды;
11) өндірістік жабдықтардың орналастырылуына және жұмыс орындарының ұйымдастырылуына қойылатын талаптарды;
12) бастапқы материалдарды, дайындамаларды, шала өнімдерді, дайын өнімдер мен өндіріс қалдықтарын сақтау және тасымалдау тәсілдеріне қойылатын талаптарды;
13) өндірісте жұмыс істейтіндердің еңбек ету және демалу режимін;
14) қызметкерлерді кәсіптік іріктеуге және олардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімін тексеруге қойылатын талаптарды;
15) өндірісте жұмыс істейтіндерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды;
16) қорғаныс құралдарын қолдануға қойылатын талаптарды;
35
36 .Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру тетігі
1. Қызметкерлерінің саны елуден асатын өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау үшін ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс беруші ұйымның тікелей бірінші басшысына немесе ол уәкілеттік берген адамға бағынатын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құрады.
2. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі туралы үлгі ережені еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді.
3. Қызметкерлерінің саны елуге жетпейтін жұмыс беруші қызмет ерекшелігін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі маман лауазымын енгізеді не еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндетті басқа маманға жүктейді.
4. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі немесе осы баптың 3-тармағында көрсетілген маман:
1) өндірістік, тұрмыстық және басқа да үй-жайларға кедергісіз кіруге және қарауға;
2) қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау, ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік жарақаттану мен кәсіптік
ауруларды болдырмау жөніндегі алдын алу іс-шараларының әзірленуін және орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
3) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне анықталған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын бұзушылықтарды жою жөнінде шара қолдану туралы орындалуы міндетті нұсқаулар беруге құқылы.
5. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі немесе осы баптың 3-тармағында көрсетілген маман:
1) ай сайын ұйымдарда өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жай-күйі мен себептерін талдауды жүргізуге және олардың алдын-алу іс-шараларын әзірлеуге;
2) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша ұйымның қызметкерлерін оқытуды, олардың білімдерін тексеруді ұйымдастыруға;
3) ұйымдарда өндірістегі жазатайым оқиғаларды зерттеп тексеру тәртібінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
37. Еңбекті қорғау саласында қызметті ұымдастырушы негізгі актілер.
Қоғамда еңбекті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұйымдастырушылық, техникалық, методикалық, өндірістік, санитарлық-гигиеналық кешендерінен және басқа шаралардан құрылады. Шаралардың негізгі бағыттары - бұл:
1.прогрессті технологияны, комплексті механизацияны, ауыр және ауыр еңбек жұмыстарын енгізу, өндіріс мәдениетінің деңгейін арттыру;
2.қол көмегімен жасалатын еңбекті қысқарту үшін кіші механизация құралдарын енгізу;
3.еңбек жағдайларын жақсартуға бағыталған техникалық құралдарды енгізу және қызметкерлерді қауіп жоғарылаған зонадан шығару;
4.еңбекті қорғау нормалары мен ережелеріне сәйкес, қоршаған ортаның шаң болуын, газ болуын төмендету, жұмыс орындарында шуыл деңгейін және температуралық режимді келтіру, еңбек жағдайлары бойынша өндірістік нысандарды аттестациялау;
5.қызметкерлердің санитарлық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту;
6.қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандартарын енгізу.
38, Еңбекті қорғау нормаларын бұзған үшін жауапкершілік түрлері
Заңдықжауапкершілік–мемлекеттарапынаншарақолдану,сондай– ақ құқыққақарсыәрекетіүшінмәжбүрлеушарасынқолдану.
Жеке еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі бір тараптың екінші тарапқа келтірген зияны үшін шығынды өтеу міндетінен тұрады. Жеке еңбек шартының екінші тарабына зиян келтірген тарап оны белгіленген тəртіп бойынша өтеуге міндетті.
Жауапкершіліктің түрлері. Заңдар материалдық жауапкершіліктің екі түрін көздейді:
1) қызметкердің жұмыс берушінің алдындағы материалдық жауапкершілігі;
2) жұмыс берушінің қызметкердің алдындағы материалдық жауапкершілігі.
Материалдық жауапкершіліктің бұл екі түрі бір-бірінен біршама ерекшеленеді.
39,Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі
1. Арнайы тергеп-тексерілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жазатайым оқиға болған кезден бастап жұмыс берушінің актісімен жиырма төрт сағат ішінде құрылатын, мынадай құрамдағы комиссия жүргізеді:
төраға - ұйымның (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынбасары;
мүшелері - ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы және қызметкерлердің өкілі.
Жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін лауазымды адам тергеп-тексеруді жүргізу кезінде комиссия құрамына енгізілмейді.
2. Арнайы тергеп-тексеруге:
1) ауыр немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар;
2) зардап шеккен адамдар жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп қызметкерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар;
3) қатерлі уланудың топтық оқиғалары жатады.
3. Жұмыс берушінің - жеке тұлғаның өндірісіндегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге жұмыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі, қызметкерлердің өкілі, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге шарт негізінде де шақырылуы мүмкін еңбекті қорғау жөніндегі маман қатысады.
4. Қатерлі улану жағдайында комиссияның тергеп-тексеруіне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілдері қатысады.
5. Комиссияның жұмысына жұмыс берушімен немесе зардап шеккен адаммен тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымының өкілі қатысуға құқылы.
6. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзімі комиссия құрылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
7. Өндірістік практикадан өтіп жүрген, жалпы білім беретін, кәсіптік мектептерде және жоғары оқу орындарында оқитын адамдар ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді жұмыс берушінің және зардап шеккен адам өкілінің қатысуымен өз аумағында оқиға болған ұйымның басшысы құратын комиссия жүргізеді.40,Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда,келтірілген зиянды өтеу тәртібі.
Қызметкердің қайтыс болуына немесе оның денсаулығына зақым келуіне байланысты зиян үшін сақтандыру төлемі нақты залал мөлшерінде, бірақ Шартта белгіленген сақтандыру сомасынан аспай жүзеге асырылады.
Қызметкердің қайтыс болуына немесе еңбекке қабілеттілігінен тұрақты айрылуына байланысты жалақысынан (табысынан) айрылуынан болған зиян мөлшері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалады.
Қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген жағдайда, оның денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөнiндегi сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерi мынадай мөлшерлерде  белгiленедi:
1) 5 пайыздан 29 пайызға дейін, қоса алғанда кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген кезде – 500 АЕК;+
2) 30 пайыздан 59 пайызға дейін, қоса алғанда кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген кезде – 1000 АЕК;
3) 60 пайыздан 89 пайызға дейін, қоса алғанда кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген кезде – 1500 АЕК;
4) 90 пайыздан 100 пайызға дейін, қоса алғанда кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген кезде – 2000АЕК.
 Сақтандырушы зардап шегуші қызметкер қайтыс болған жағдайда, оны жерлеген адамға жерлеу шығыстарын 100 АЕК мөлшерінде өтейді.  
41,Камелетке толмағандардың еңбегін қорғау тәртібі,Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер еңбек қатынастарында құқықтары бойынша кәмелетке толғандармен теңестіріледі, ал еңбекті қорғау, жұмыс уақыты, демалыс уақыты және басқа да еңбек жағдайлары саласында ҚР енбек кодекснде белгіленген қосымша кепілдіктерді пайдаланады.1,Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ орындалуы олардың денсаулығы мен имандылығының дамуына зиян келтіруі мүмкін жұмыстарда (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық мекемелеріндегі жұмыс, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау мен сату) қолдануға тыйым салынады.2.Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің өздеріне белгіленген HYPERLINK "jl:30125279.2 " шекті нормалардан артық жүктерді тасуына және қозғалтуына тыйым салынады.
42,Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайы
Егер еңбек шарты аяқталған күнi әйел мерзiмi он екi апта және одан көп апта жүктiлiгі туралы медициналық қорытынды ұсынса, оның еңбек қатынастарын ұзарту туралы жазбаша өтiнiшi бойынша жұмыс берушi еңбек шартының мерзiмiн бала үш жасқа толғанға дейiн, оның күтiмi жөнiндегі демалыс аяқталған күнге дейiн ұзартуға мiндетті.
  Әйелдер еңбегiн ауыр (ерекше ауыр) жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіптi (ерекше қауiптi) жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады.
Әйелдерге, олар үшiн белгіленген шектi нормадан артық салмақтарды қолмен тасуға және көшiруге тыйым салынады.
Әйелдер еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмiн, әйелдердiң салмақтарды қолмен тасуға және көшiруге белгiленген шектi нормаларын еңбек жөнiндегi уәкілеттi орган белгілейдi.
Жұмыс берушінің жүктi әйелдердi түнгi уақыттағы жұмысқа, демалыс және мейрам күндерiндегі жұмысқа тартуға, егер медициналық қорытынды негізiнде оларға аталған жұмысты орындауға рұқсат етiлмесе, сондай-ақ оларды қызметтiк iссапарға жiберуге құқығы жоқ.      Жұмыс берушiнің:
1) үш жасқа дейiн баласы бар әйелдердi және анасы жоқ үш жасқа дейiнгi балаларды тәрбиелеп отырған әкелердi;
2) егер медициналық қорытынды негiзiнде үш жасқа дейiнгi балалар, мүгедек-балалар не отбасының ауру мүшесi қызметкердiң аталған санаттарының күтiмiне мұқтаж болғанда отбасының ауру мүшесiне күтiм жасап не мүгедек-балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлердi түнгi уақыттағы жұмысқа, мерзiмнен тыс жұмысқа тартуға, сондай-ақ iссапарға және вахталық әдiспен iстелетiн жұмысқа жазбаша келiсiмiнсiз жiберуге құқығы жоқ.
43,Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың білімдерін тексерудің тәртібі мен мерзімін айқындайды.
Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқама беруді және олардың білімдерін тексеруді жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жүргізеді.
Жұмысқа қабылданған адамдар міндетті түрде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жұмыс беруші ұйымдастырған алдын-ала оқытудан өтеді, кейіннен міндетті түрде оның білімін тексеру жүргізіледі. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша алдын-ала оқытудан, нұсқама беруден және олардың білімдерін тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді.
Өндірістік ұйымдардың қызметкерлері, басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың тізімін, оқыту жүргізіліп жатқан жұмыстар мен мамандықтар тізбесін, сондай-ақ оқытудың тәртібі мен нысанын жұмыс беруші мамандықтың сипатына, жұмыс түріне, өндірістің ерекшелігі мен еңбек қауіпсіздігі жағдайына қарай, қызметкерлердің өкілдерімен келісе отырып, ал ол болмаған жағдайда жұмыс берушінің актісімен белгілейді.
Қызметкерлерді жұмысшы кәсіптер бойынша оқыту және білімдерін тексеру жылына кемінде 1 рет жүзеге асырылады. Қызметкерлерді жұмысшы кәсіптер бойынша оқыту еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексерумен (емтиханмен) аяқталады. Білімді тексеру нәтижесі хаттамамен ресімделеді
44,Жеке еңбек дауларын қарау тәртіптері:
Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі органдар
1. Жеке еңбекдауларынкелісімкомиссияларыжәне (немесе) соттарқарайды.
2. Жеке еңбекдауларынеңбекдауытараптарыныңөтінішібойыншакелісімкомиссиясықарайды.
3. Еңбекшартыныңтараптарыжекееңбекдауыншешуүшінөзқалауыбойыншатікелейсотқажүгінеалады.
Еңбек дауларын келісу комиссиясында қарау тәртібі
Келісу комиссиясына келіп түскен өтініш аталған комиссияда міндетті түрде тіркелуге тиіс.
Келісу комиссиясы еңбек дауын өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қарауға міндетті.
Дау өтініш берушінің немесе ол уәкілеттік берген өкілдің қатысуымен қаралады. Дауды қызметкердің немесе оның өкілінің қатысуынсыз қарауға тек оның жазбаша өтініші бойынша ғана жол беріледі. Қызметкер немесе оның өкілі аталған комиссияның отырысына келмей қалған жағдайда, еңбек дауын қарау кейінге қалдырылады. Қызметкер немесе оның өкілі дәлелді себептерсіз екінші рет келмей қалған жағдайда, келісім комиссиясы мәселені қараудан алып тастау туралы шешім шығаруы мүмкін, мұның өзі қызметкерді осы Кодексте белгіленген мерзім шегінде еңбек дауын қарау туралы қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.
Келісу комиссиясы отырысқа куәгерлерді шақыртуға, мамандарды шақыруға құқылы. Комиссияның талап етуі бойынша ұйымның басшысы оған қажетті құжаттарды белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.
Келісу комиссиясының отырысы оған қызметкерлер атынан өкілдік ететін мүшелерінің кемінде жартысы және жұмыс беруші атынан өкілдік ететін мүшелерінің кемінде жартысы қатысқан жағдайда, заңды деп есептеледі.
Келісу комиссиясының отырысында хаттама жүргізіледі, оған комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары қол қояды.
45, Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істеитін қызметкерлердің еңбегін қорғаудың ерекшеліктері.
Ауыр (eрeкшe ауыр) жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер үшiн жұмыс уақытының қысқартылған, аптасына 36 сағаттан аспайтын ұзақтығы белгіленеді.
зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары - белгілі бір өндірістік факторлардың әсері қызметкердің еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне немесе сырқаттануына не оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;
Қысқартылған жұмыс уақытына құқық беретiн өндiрiстер, цехтар, кәсіптер мен лауазымдар тiзiмiн, сондай-ақ ауыр (ерекше ауыр) жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi (ерекше қауiптi) жұмыстардың тiзбесiн еңбек жөнiндегi уәкілетті мемлекеттiк орган белгілейдi.
Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы беріледі
46,Ұжымдық еңбек дауларын шешу тәртібі
Ұжымдық еңбек даулары бітімгерлік рәсімдер тәртібімен және (немесе) сот тәртібімен шешіледі.
1,Жұмыс беруші, жұмыс берушілердің бірлестігі (олардың өкілдері) қабылдамаған немесе олардың ішінара қанағаттандырған талаптары алдымен бітімгерлік комиссиясында, ал онда келісімге қол жеткізілмесе - еңбек арбитражында қаралады.
2. Тараптар ұжымдық еңбек дауын қараудың кез келген сатысында делдалға жүгіне алады. Делдалдық рәсім бітімгерлік комиссиясындағы, еңбек арбитражындағы бітімгерлік рәсімдерге қарағанда дербес рәсім болып табылады және солармен қатар жүргізілуі мүмкін.
 
 

Приложенные файлы

  • docx 15070266
    Размер файла: 47 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий