13. 60-90 жылдардағы қазақ поэмасы.


13. 60-90 жылдардағы қазақ поэмасы.
Әдебиеттің басқа жанрларымен қанаттас алпысыншы жылдардан бастап поэмада дамудың жаңа өрісіне шықты. Ұлы Отан соғысы оқиғаларын бейнелеген поэмалар: Ә.Сәрсенбаевтің «Жазылмаған кітап», «Отыз үшінші көктем», Е.Ибраһимнің «Өмір өлмейді», Т.Молдағалиевтің «Хаттар, хаттар», Ж.Қашқыновтың «Батырдың анасы», Ш.Садықановтың «Мазасыз күндер», Қ.Жұмағалиевтің «Дос құшағы» - бұл тақырыптағы поэмалар тарихи оқиғаларды негізге ала отырып нақты кейіпкер өміріне сүйене жазған, бұларда ақындар шынайы өмірдің шын болған фактілерін алады да поэтикалық қиялға, пафосқа көбірек ерік береді. Майданда ерліктің алуан түрін танытқан халықтың қаһарман перзенттерінің есімі де осы тұстағы бір топ қазақ поэмаларынан елеулі орын алады. Берлиндегі Рейхстагқа алғашқыладың бірі болып ту тіккен – Рахмжан Қошқарбаев (М.Әлімбаев «Ту тіккен», Ә.Жәмішев «Батыр сөйлем тұр»), Кеңес Одағының Батырлары – Нұркен Әбдіров (С.Жиенбаев «Қайран шешем» ), Бауыржан Момышұлы (Ж.Нәжімеденов «Қыран-қия»), Мәлік Ғабдуллин (М.Рәшев «Ерлік дастан», С.Сейітхазин «Қаһарман»), Мәншүк Мәметова (Т.Бердиаров «Мәншүк туралы дастан», М.Ниеталиев «Нәнсия»), Әлия Молдағұлова (С.Жиенбаев «Әлия» Фариза Оңғарсынова «Тыңдаңдар , тірі адамдар», Н.Исабаев «Аққу», Е.Ашықпаев «Гүл ғұмыр», Т.Молдағалиев «Әлия әпке»), Махмет Қайырбаев (Д.Әбілев «Ажалды жеңген азамат»). Бұл кезеңд Ұлы Отан соңысының дауылды жырларының көркем шежіресін жасаған сюжетті поэмалармен қатар көптеген лирико-публицистикалық туындылар да жарық көрді, Ә.Жәмішевтің «Ерлік», Ж.Набиулиннің «Соғыстан мың төрт жүз он сегіз күні», Т.Бердиаровтың «Оқ пен гүл», т.б. туындыларды атауға болады. Кеңес еліндегі азамат соғысының жалынды жылдары да осы тұстағы бірсыпыра қазақ поэмаларының мазмұндық арқауына айналды. Азамат соғысы жылдарындағы кеңес халқы ішкі – сыртқы жауларымен күресінің де қазақ эпикасында әртұста көркемдік із қалдыруы – заңды құбылыс. Біл жылдарғы: Ғ.Қайырбековтың «Большевик ауыл», С.Жиенбаевтың «Қырандар хикаясы», Ф.Оңғарсынованың «Қырдағы айқас», Т.Молдағалиевтің «Ескерткіш», С.Сейітхазиннің «қызыл генерал», А.Тоқмахамбетовтың «Боздақтар» сияқты поэмалары осы тақырыпты қозғайды.
Алпыс-сексенінші жылдары қазақ ақындары өз елінің өмірімен қатар, бүкіл дүние жүзі халқының өміріне көңіл бөліп, олардың теңдік, бостандық, бейбітшілік үшін қажырлы күресін бейнелейтін поэмалар жазды. Олар – К.Бехожиннің «Гималай сарыны», «Америка хикаяттары», «Секу Туре тоғайды», Мұқағали Мақатаевтың «Чили шуағым менің», Т.Бердиаровтың «жыр Жәмила», Қ.Жұмағалиевтің «Куба ромы», К.Салықовтың «Че Гавары», т.б.
Аңыз ізімен жазылған бірсыпыра поэмалар: А.Асылбеков «Қарынбай», А.Манабаев «Алтын мен көмір», Ғ.Малыбевтың «Алтын балық», Ш.Сариевтың «Өнер құдыреті», Е.Раушановтың «Ғайша бибі», С.Жиенбаевтың «Қызғалдақ», М.Шахановтың «Сехундария», т.б.
Тарихи тақырыпты қозғайтын поэмалар: М.Шаханов «Отырат Элегиясы», Б.Аманшин «Елші», М.Мақатаев «Райымбек, Райымбек», І.Мәмбетов «Пугачев нөкері». Тарихи тұлғалар туралы поэмалар: Әбілқасым Фирдоуси – С.Жиенбаев «Ақын», Ғабдолла Тоқай – І.Мәмбетов «Тұңғыш Тоқай», Шоқан Уәлиханов - М.Рәшев «Жұлдыздар жиғандар», Махамбет Өтемісұлы – Ж.Молдағалиев «Кек», Ф.Оғарсынова «Алмас қылыш», М.Шаханов «Нырнқұм зауалы».
Лирико – публицистикалық поэма: Ә.Сәрсенбаев «Тұңғыш комсомолдар монологі», Ә.Тәжібаевтың «Мен кешеден келдім бүгінгі», Х.Ерғалиевтың «Өлке шежіресінен өрнектер», т.б.
Драмалық поэманың да жақсы үлгілері жарық көріп, қазақтың эпикалық поэзиясының көркем қорын молайта түсті. Ә.Тәжібаевтың «Қыз бен солдат» атты драмалық поэмасы – аса маңызды мәселені қозғаған шығарма болып табылады. Поэмада Вьетнам халқының Америка басқыншыларына қарсы қаһармандық күрес суреттеледі. Мұхтар Шахановтың «Күре тамырды іздеу», «Сенім патшалығы» сияқты драмалық поэмалары жазылды. «Күре тамырды іздеу» атты поэманың негізгі идеялық нысаны жарқын да баянды достықты, нұрлы бақытты, биік арманды, берік адалдықты, адамдық ізгі ниетті дәріптей келе, бүгінгі замандастарымыздың, адамгершілік, моральдық қасиеттерін жетілдіруге, асылдандыруға белсене атсалысты. Поэманың алғашқы сәттерінде автор достық, бақыт, арман, қайғы деген адамның өміріндегі өзекті мәселелерді тебірене жыр еткен. Адам адам болғалы келе жатқан бұл философиялық категорияларды оның бүгінгі мұрат-биігімен сәйкестіре, қалауын тауып жыр өрнегіне дұрыс түіргенін атап өтуге болады. Көркемдік нысана еткен объектісін жалпылай жинақтап айтумен бірге, ақынның нақтылы бейнелеуге баратын тұстары да сенімді, әсерлі, тартымды (әль-Фараби, Асан, Ақын). Иранбек Оразовтың (Иран-Ғайып) «Хайуандық комедия», «Мен ішпеген у бар ма?», «Күшігінен таланған» сияқты драмалық поэмалаары республикалық театр сахналарынан тұрақта орын алды.
Біраз ақындар поэмааларының өз тұстары, замандастарының өмірін бейнелеуге арнады. Ондай шығармалардың жұрттардың назарын аударған елеулілері - Ғ.Қайырбековтың «Жер астындағы жұлдыздар», Т.Жароковтың «Тасқынға тосқын», Қ.Тоғызақовтың «Сібір - Омар» поэмалары.
Елуінші жылдары басталған тың игеру эпикалық поэзияда едәуір із қалдырды. Ж.Молдағалиевтің «Қыран дала», Ә.Сәрсенбаевтың «Тұңғыш отау», Ғ.Қайырбековтың «Тыңға сапар», «Жұлдызды тағдырлар», С.Жиенбаевтың «Ыстық нан», Т.Бердияровтың «Тыңабад», И.Оразбаевтың «Тыңнан туған тың», Қ.Жұмалиевтің «Тыңда түлегендер», Н.Оразовтың «Тың түлегі» т.б. көркемдік дәрежес әрқилы поэмалардан тың игеру жылдарындағы халық өмірінің суреттерін табуға болады.
Кеңес елінің аспан кеңістігін игеруі, Ю.Гагариннің адамзат тарихында бірінші болып ғарышқа ұшуы – ХХ ғасырдың ең дүбірлі оқиғаларының бірі болғаны белгілі. Бұл саладағы алғашқы көрнекті шығарма – Олжас Сүлейменовтың «Адамға табын жер енді», Ж.Молдағалиевтің «Байқоңыр баспалдақтары», Т.Бердияровтың «Жер мен Космос», М.Мақатевтың «Қырандар қош болыңдар», Т.Айбергеновтың «Косманавт монологі» сияқты елеулі туындылар жазылып, жұртшылықтың рухани игліліне айналды.
Байкал – Амур магистралін салудағы кеңес халқының үлкен істері Нұтфолла Шакеновтың «Байкал», Мыңбай Рәшевтің «Тайганың тәңірлері» сияқты поэмалары жырланды.
Жетпіс – сексенінші жылдары жазылған қазақ поэмасының басты тақырыптарының бірі – елдің материалдық игілін жасаушы еңбек адамының өмірін жырлау болып табылады. Бұл салада жазылған поэмаларының саны көп болғанымен, біразының идеялық көркемдік сапасы төмен. Еңбек адамының қарапайым тіршілігін жарқын суреттеген қазақ поэмааларынан осы тұста көзге тұскені – Аманжол Шамкеновтың «Жайлау дастан», Хамит Ерғалиевтың «Қыз хисса», Мұхтар Шахановтың «Танакөз » атты туындылары.
Өз замандастарының ерлігін, патриоттық сезімін өмірде болған дерекке сүйене отырып тартымды жыр жолдарына түсірген аққынның бірі – Мақсұт Ниеталиев. Ол «Салондағы сурет» атты поэмасында әуе қарақшылары мен шайқаста ерлікпен қазақ тапқан комсомолка Надежда Курченконның жарқын келбетін көзге елестетеді. Сөйтіп, аөын қазақтың сексенінші жылдардағы эпикалық поэзиясына тың әдеби кейіпкер әкелді. Және жай ғана кейіпкер емес, өзінің ішкі дүниесінің байлығымен, тазалығымен өнегелі, биік тұлғасымен жастарға көп тағлым береліктей шынайы образ жасады. Қазақтың эпикалық поэзиясында бейнеленген жиырмасыншы ғасыр батырларының ішінде қаһарман қыздардың образы аз емес еді. Мәншүк, Әлия, Зоя бейнелерінің қатарында Надежда Курченконың келіп қосылғаны әдебиет тарихы үшін еленерлік құбылыс. Ақын батыр замандасын жүрегінің жалынымен ақындық махабаты мен ағынан жарыла шабыттана жырлайды.
Бұл жылдары халқына, еліне аса үлкен еңбек сіңірген тарихи тұлғалар туралы поэма жазу дәстүрі де өрістеді. Сәкен Сейфуллин, Ғани Мұратбаев, Қаныш Сатпаев, Жамбыл Жабаев, Кенен Әзірбай, Мқхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Илияс Жансүгіров, Қасым Аманжолов, Жұмағали Сайын, Ыбырай Жақаев, Мұқағали Мақатаев, Бошай Кітапбай, т.б.жайында дастандар жазылып, жұртшылықтың рухани игілігіне айналды .Бұлардың ішінде әдебиет тарихында аталуға тиістілері – Әбділда Тәжібаев «Ағалар», А.Тоқмағамбетовтың «Ақ күріштің атасы», «Күндіз аққан жұлдыз», Ә.Сәрсенбаевтың «Тұңғыш косомолдар монологі», Ж.Ермановтың «Ақын өлімі», Ә.Жәмішевтің «Туған өлке өрнектері», Ә.Ділдановтың «Тұлпар ақын», С. Сейітқазиннің «Қайран Сәбең», т.б. «Кенен жыр», «Жамбыл – дастан», Е.Нүрпейісовтың «Еске алу», Ф.Оңғарсынованың «Мақатаев туралы жыр», Е.Ібітановтың «Хан тәңірі қайдасың?», т.б. сияқты поэмалары. Бұл поэмаларды мазмұндық, композициялық ерекшелігіне қарай бір жағынан ,арнау– поэма, ал, екінші жағынан, естелік – поэма деп те айтуға болады, Өйткені поэмаларада тарихи қайраткерлерді көрген жүздескен араласқан ақындар поэма кейіпкерлерінің өмірінен естелік – штрихтар, детелдар келтіру арқылы, олардың аяулы өмірін оқырман көзіне нақтылы түрде елестетуді көздейді.


Приложенные файлы

  • docx 15060614
    Размер файла: 19 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий