тарих 96 РЭТ-17


1-СҰРАҚ
Тарих ғылымының методологиясы
Тарих методологиясы – (грек тіл. methodos – әдіс, таным жолы logos – сөзі) – тарих ғылымының әдістемелік таным туралы пәні және тарауы болып табылады. Әдістеме – тарихи зерттеудің құралы ретінде пайдаланылады. Әдістемелер арқылы тарихшы жаңа білім алып, оқиғалар туралы мәліметтерді нақтылайды. Осылайша, бастапқыда ХІХ ғасырда «методология» тарихи зерттеу әдістері мен тәжірибесінің негізінде қолданысқа енген. Бұл термин ең алғаш неміс тарихшыларының еңбектерінде қолданысқа еніп, кейінірек арнайы оқу пәні ретінде жүргізілген.
Қазіргі заманда «методология» ұғымы бастапқы мағанадағыдай ғана аясы тар емес, тарихи танымның жалпы негізін құрайды. Мәселен, ресей тарихнамасында «методология» термині ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында университеттік оқыту жүйесі мен ғылыми зерттеудің тәжірибесінде пайда болды. Бұл методологияның құрамды бөлігі ретінде тарих философиясы да аталып жүр.
Бір сөзбен айтқанда, тарих методологиясы нақты тарихи зерттеу тәжірибесінің теориялық көрінісі ретіндегі әдістемелер, ұстанымдар, ғылыми тарихи түсініктер және т.б. Тарихшының зерттеу жұмысының тәжірибесін баяндай отырып, методология танымға жетелейтін ойға мүмкіндіктер береді. Демек, методология тарихи зерттеуде жеке және жалпы проблемаларға сараптама жасайды. Бірақ, кез-келген проблемаға нақты жауапты даярлап тұрмайды. Оны қарастырудың, зерттеудің жолдарын көрсетеді.
Тарих ғылымында методология мен метод бір біріне тәуелді емес. Бұл методология мен методтың өз алдына жеке танымдық формалары бар. Мәселен, методология жеке зерттеу әдістеріне қоданылмайды. Зерттеу жүйесінде техникалық әдістерді методология емес, метод деп қарастырған жөн. Ал, методология міндеті ғылыми мәселелерді шешуге жалпы теориялық ұстанымдар көрсету болып табылады. Бұл жалпы ғылыми қарым-қатынас сипатын көрінісін байқатады .
Қазақ елінің тарихына қатысты өз пікірін білдірген қазақ зиялысы А. Байтұрсынов былай деп жазған еді: «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел, қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынан өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады». Демек, Отан тарихын тарихшылар өз дәрежесінде зерттеу үшін тарих ғылымының теориясы мен методологиясына баса назар аударуы қажет.
Методологияның мақсаты - бүкіл әлем тарихының методологиялық және теориялық проблемалары туралы түсінікке ие болу. Пәнді зерттеудің міндеттері - біріншіден, қазіргі тарихнамадағы бүкіл әлем тарихының теориялық және методологиялық проблемаларын зерттеу, ХХ ғ. және ХХІ ғ. басындағы бүкіл әлем тарихының дамуының жетекші тенденцияларын анықтау. Екіншіден, тарих философиясының проблемаларын, тарихи сана мен тарихи естелік, тарихи даму түсінігін, әмбебап тарихты талдау. үшіншіден, бүкіл әлем тарихы теориясы мен методология проблемасын: бүкіл әлем тарихының пәнін, тарихи таным мен тарихи теорияны, жалпы тарихи теория, тарихи заң мен заңдылықтар мүмкіндіктерін, бүкәл әлем тарихының, тарихи деректер мен фактілердің, тарихи түсініктемелердің кезеңделуін қарастыру.
Тарихи танымның әдістері
Кіріспе. Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясының ғылыми және оқу пәні ретіндегі қалыптасуы. Тарихи теория – тарих білімінің ерекше формасы. Тарихи таным және тарихи үрдіс теориясы - тарих ғылымдары жүйесінің іргетасы. Тарихи білімнің мәні, жалпы даму тенденцияларя мен заңдылықтарығ ғылыми және әлеуметтік статусы. Тарихи үрдіс – тарих философиясының пәні. Пәннің оқыту объектісі және әдістер жүйесі. «Тарих» түсінігінің көп мағналылығы. Пәннің категориялық аппараты: әдіс, методология, тарихтың философиясы, историософия, эпистемология, танымның әдістері, тарихи таным, тарихи үрдіс, тарихи теория, өркениет, мәдени-тарихи жүйе, тарихи сана.
Тарихитаным. Тарихитанымныңерекшелігі.Тарихтыңпозитивтікметодологиясындағы субъект пен объектініңарақатынасы. Қазіргізамандағыбатысфилософиясындағы субъект пен объект мәселесі. Тарихитаным – ғылымитаным. Тарихитанымдағы объект пен субъектініңдиалектикасы. Әлеуметтікқұбылыстардытанудыңерекшеліктері. Тарихитанымныңментальдықжәнеидеологиялықдеңгейлері..
Тарих ғылымының пәні. Тарих пен идеологияның арақатынастары және өзара ықпалы. Тарих және саясат. Тарих ғылымының саяси функциялары және әлеуметтік статусы. Тарихи тәжірибе және бүгінгі заман. Тарих ғылымындағы өзектілік және көкейкестілік. Тарих және қоғамдық сана. Тарих ғылымы және тарихи сана. Тарихи сананың құрылымы.
Тарихитанымныңәдістері.Жалпығылымиәдістер: болмыстытанудыңжалпыметодологиялықпринциптері, ғылымитанымныңжалпылогикалықәдістері, эмпирикалықәдістер, теориялықәдістер. Пәнаралықәдістер. Арнаулытарихиәдістер. Тарихизерттеудіңметодологиясы, әдістеріжәнеәдістемесініңарақатынасы. Тарихиәдістіңмазмұны мен мәні. Жүйеліліктұрғысынанқарау. Құрылымдық-функционалдықәдіс. Сандықәдістер.
2-СҰРАҚ
Кеңестік Қазақстан тарихының деректемелеріКеңестік Қазақстан тарихының деректемелері Кеңестік Қазақстан тарихының деректерін жинастыру және оларды ғылыми-жарияланымдық мақсатта пайдалану Азамат соғысыныңаяқталып (1918—1920), бейбіт құрылысқа көшу кезінен бастау алады. Алғашында мерзімді баспасөз материалдары мен ресми құжат үлгілеріне сұрыптау жүргізілді. 1921 жылдыңтамызында Қазақ АКСР-і Ағарту халық комиссариатының Академиялық орталығы А. Байтұрсыновтың жетекшілік етуімен ел тарихы мен мәдениетінің жазба дерек көздерін жинау, зерттеу және насихаттау жөнінде ұсыныс көтерді.Сол жылдың күзінде құрылған ҚазКСР-і Орталық мемлекеттік мұрағаты ұйымдар мен мекемелерден түскен құжаттарды мұрағат қоймаларында мақсаттюрі жоспарлы түрде жинап, сақтауға кірісті. 1922 жылы қарашада құрылған Партия тарихының («Истпарт») (РК(б)П және Қазан төңкерісі тарихын зерттеу жөніндегі комиссия) қазақ бюросы тарихи мәні бар құжаттар мен революциялық оқиғаларға тікелей қатысқан адамдардың естеліктерін жинай бастады.Төңкеріс пен Азамат соғысы жылдарында және Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңінде көптеген тарихи деректер біржола жоғалды, бүлінді немесе ұрланып, жойылып кетті. Деректердің үлкен бөлігі Қазақстаннан тысқары жерлерде сақталды. 1925 жылы Қазақстан астанасын Қызылордаға көшірген кезде осы құнды мұрағаттық деректемелер Орынборда қалып қойды. 1928-1929 жылдары мұрағат мекемелерін Қызылордадан Алматыға көшіргенде де деректер мен құжаттық материалдардың белгілі бір бөлігі жоғалды. Оңтүстік Қазақстан, Жетісу жәнеСырдария облыстарының тарихына қатысты құжаттардың елеулі бөлігі Ташкентте қалып, Өзбекстанның мемлекеттік мүлкі саналды.Республикалық мұрағат мекемелері объективті және субъективті қиындықтарды жеңе отырып, жазба деректерді бір орталықта жинау мен сақтау, сондай-ақ оларды зерттеу мен жариялауды ұйымдастыру бойынша қыруар жұмыстар атқарды. Бірыңғай мұрағаттық тораптардың қалыптасуы мен орнығуына орай, республикада тарих ғылымының құжаттық негізі қорланып, ұлғая түсті.1927—1929 жылдары республиканың Партия тарихы бюросы жанынан партия құжаттарын сақтау үшін арнайы мұрағаташылды. Кейіннен бұл мекеме Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы партия тарихы институтының мұрағаты - КОКП OK жанындағы Марксизм-ленинизм институтының бөлімшесі (ауызекі тілде партархив -партмұрағат) деп аталды. 1994 жылдың 14 қаңтарынан бастап бұл мекеме Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты деп аталады. Қазан төңкерісінің 10 жылдық мерейтойы қарсаңында (1927) партия тарихы комиссиясы Сәкен Сейфуллиннің басшылығымен тарихи оқиғаларға қатысушылардың 100-ге жуық естеліктерін жинады. Бұл естеліктер партмұрағаттың ғылыми құндылығы бойынша жоғары баға алған №811 қорының негізін қалады.
3-СҰРАҚ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ
Деректану ғылымына сүйене қарастырсақ, Қазіргі Қазақстан тарихының деректеріне Қазақстан республикасының тәуелсіздігі туралы заңының қабылдануы және жаңа мемлекеттік рәміздердің енгізілуі. Қазақстан Республикасының алғашқы Президентін жалпыхалықтық сайлау. Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылдануы. Ұлтаралық жарасымдылық пен саяси турақгылықты сақтау бағыты. Ұлтаралык қатынастар. Ұлттык мәдени орталықтардың құрылуы. Дүниежузі қазақтарының 6ipiнші Құрылтайы (1992ж. қазан). Қазақстан халықтарының форумы мен Ассамблеясы.
Қазақстанда кеңестердің таратылуы. 1995ж. Қазақстан республикасының Конституцисының қабылдануы және Қос палаталы парламенттің сайлануы.
Қазақстан республикасыньң Конституциясына енгізілген толықтырулар, өзгерістер және мерзімінен бұрын президенттік сайлау (1999ж. қаңтар). "Қазақстан 2030" ұзақ мерзімді приоритеттер мен стратегиялық мақсаттардың айқындалуы. Үшінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасының Парламентінің Мәжілісіне сайлау.
Қарулы күштерді құру және модернизациялау. Қазақстан Республикасының қуатты, әpi тиімді әскери, әye және соғыс теңіз күштерін құруга бағыталган шаралары.
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуінің негізігі кезеңдері. Көп салалы экономиканың қалыптаса бастауы. 90-жылдардың басындағы экономикалық дағдарыстың ушығу жағдайындағы Қазақстан. Бағаның ымырашылдығы және бірнеше мәртеге көтерілуі. Республика түрғындарының өмірлік деңгейінің төмендеуі, экономикалық жағдайдың нашарлауы. Қазақстан сомдық аймақта.
Ұлттық валюта - теңгенің енгізілуі. Несие-қаржы жүйесі, Ұлттыұ Банктің құрылуы, құнды қағаздар нарығының қалыптасуы. Акционерлік кәсіпорындардың өcyi. Қазақстан Республикасының Валюта және Алмас, дербес Алтын қорларының құрылуы. Жаңа экономикалық жүйені қалыптастыру барысындағы қиыншылықтар мен қайшылықтар.
Мектепке деінгі білім беру мекемелері мен орта мектептер жүйесіндегі жағымсыз кұбылыстар. Жеке мектептер мен ЖОО-ның пайда болуы. Оқу орындарын лицензиялау мен аккредитациялау жуйесін енгізу. Орта, орта кәсіптік және жоғары білім беру жүйелерін реформалау. Қазақстан ғылымы. Академиялық ғылыми орталықтардың қызметіндегі өзгерістер.
Денсаулық сақтау жуйесінің нарықтық экономика жағдайына өтуі. Денсаулық сақтау жуйесінің нарықтық экономика жағдайына өтуі. Қазақстанның ТМД елдерімен тендік принципінде қатынастарын қайта құру. Ресей және ТМД елдерімен өзара сенімді және тең қатынастар қалыптастырудағы алғашқы қадамдары. Еуразиялық Одақ құру идеясы. Орталық Азия елдерімен өзара тиімді жаңа сападағы қатынастардың қалыптаса бастауы. Ресей-Казакстан экономикалық ынтымақтастық құжаттарына қол қойылуы. Азия елдерінің кауіпсіздігі жөніндегі халықаралық кездесу. Шанхай келісімі.
Қазақстан ядролық қарусыз аймаққа айналу жолында. Ұлттык Ядролық Орталыктың құрылуы. Байқоңыр туралы келісім. Біріккен Ұлттар Үйымының Қауіпсіздік кeңeci тұрақты мүшелерінен қауіпсіздік және территориялық тұтастық жөнінде кепілдік алу. Kөршi мемлекеттермен шекара белгілеу. Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Үйымына (БҰҮ) және басқа да халықаралық ұйымдарға қабылдануы. Әлемдік қауымдыстықтың Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін мойындауы.
Қазақстанның Халықаралық экономикалық және қаржылық үйымдар жұмыстарына араласуы. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның тартылуы.
Қазақстан Республикасының Ұлттык қауіпсіздік жүйесінің және әскери қорғаныс доктринасының жасалынуы. Республиканың бейбітшілік миссиясына қатысуы. Дүниежузілік діндер съезі. Қазақстан халқы Ассамблеясы. "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы. "Қазақстан 2050" стратегиялық бағдарламасы. "Мәңгілік ел" ұлттық идеясы барлығы Қазақстанның қазіргі заман тарихының деректері болып табылады.
Тарихқа формациялық және өркениеттілік көзқарас
Формациялық теория - әлемдік тарихи-әлеуметтік өсу бірізді кезеңдер алмасуымен - қоғамдық-экономикалық формациялар түрінде сипатталған Карл Маркс теориясы. Жалпы әлемдік тарихта К. Маркс мұндай төрт (немесе бес) формацияларды анықтаған: алғашқы қауымдық, феодалдық (азиялық), капиталистік және коммунистік. Формацияның құрылымдық діңгегі - өндіруші күштердің және өндірістік қатынастардың диалектикалық өзара қарым-қатынасы, өз кезегінде ол сәйкес саяси қондырманы (мемлекет) және қоғамдық сана түрлерін (идеологияны, мәдениетті, дінді және тағы басқа) қалыптастыруға себепкер болады.
Осы уақытқа дейін жалғыз мүмкін және ғылыми көзқарас ретінде формациялық танылды. Басты критерийлері әлеуметтік-экономикалық белгілер (қоғамдық-экономикалық формация) болады. Осы көзқарасты қолдаушы өкілдерінің пікірі бойынша, қоғамдық дамудың шешуші факторы базис (өндірістік қатынастардың типі) және мемлекет пен құқықтың сай типтері болады. Экономикалық базистердің типтеріне байланысты мемлекеттің келесі типтерін анықтайды: құлиеленуші, феодалдық, буржуаздық, социалистік.
Бұл типологияның жағымды жақтары:
1.мемлекетті әлеуметтік-экономикалық факторлардың негізінде бөлу идеясының өзі өнімді, олар шын мәнінде қоғамға әсер етеді;
2.мемлекеттің дамуының этаптылығын, табиғи-тарихи сипатын көрсетеді.
әлсіз жақтары:
1.ол көбінде біржақты, артық бағдарламалануымен сипатталады, ал тарих саннұсқалыжәне әр қашан да оған сызылған сызбаларға сәйкес келе бермейді;
2) рухани факторлар дұрыс бағаланбайды (діни, ұлттық, мәдени және т.б.).
Мемлекеттің типологиясының көңіл аударуға тұрарлық өркениеттік көзқарас.
Өркениеттік көзқарас бойынша жіктеудің негізгі өлшемі ретінде руханилыќ белгілер - мәдени, діни, ұлттыќ, психологиялыќ ерекшеліктер алынады. Осы көзқарасты демеуші өкілдерінің бірі ағылшын тарихшысы А. Тойнбидің пікірі бойынша, өркениет – діни, ұлттық, георграфиялық және өзге де белгілердің жинақталуымен ерекшеленетін қоғамның тұйықтылығы. А. Тойнбидің пікірінше, 21 өркениеттен тек еңбекті бөлу негізінде өмірді игере білген, әлеуметтік ұқсау базасында әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыра білген, статистикалық жағдайдан динамикалық жағдайға көше білген және сол арқылы адамдардың қызмет түрлерінің барлығында рухани бастауды дамыта білгендері (мысырлық, қытайлық, ирандық, сириялық, мексикандық, батыстық, қиыр шығыстық, проваславиелік, арабтық және т.б.) ғана сақтала алды.
Бұл типологияның жағымды жақтары:
1.мәдениет факторлары белгілі бір жағдайларда мәнді ретінде анықталған;
2.қандай да бір өркениеттің ерекшеліктерін сипаттайтын рухани өлшемдер көлемінің кеңеюіне байланысты мемлекеттің «жерге жақындаттырылған» типологиясы пайда болады.
әлсіз жақтары:
1.әлеуметтік-экономикалық факторлар дұрыс бағаланбайды;
2.істің негізі бойынша бұл мемлекеттен гөрі қоғамның типологиясына көбірек келеді.
Қазақстанның қазірігі заман тарихының периодизациясы
1. Қазақстан тарихы да дүние жүзі тарихы сияқты үлкен төрт кезеңге бөлінеді.
2. Ежелгі Қазақстан (б.з. V ғ. дейін), Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI – XVII ғғ.) Жаңа замандағы Қазақстан (XVII – XIX ғғ.), Қазіргі заманғы Қазақстан (XX ғ.).
3. Ең ұзақ кезең – Ежелгі Қазақстан тарихы, ол бір миллион жылға жуық уақытты қамтиды.
4. Ежелгі Қазақстан – тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуіріне бөлінеді.
5. Тас дәуірі барлық құралдар тастан жасалған дәуір.
6. Қола дәуірі барлық құралдар қоладан жасалған дәуір.
7. Темір дәуірі барлық құралдар темірден жасалған дәуір.
8. Қазақстанда ең алғашқы адамдар мұнан бір миллион жылдай бұрын пайда болған. Мұндай жаңалықты ашқан археолог Хасен Алпысбаев. Ол 1957 жылы Жамбыл облысының Талас ауданындағы Қаратаудағы Тәңірқазған, Бөріқазған деген үңгірлерден ең ежелгі өмір сүрген адамдар тұрағын тапты.
9. Алғашқы адамдарға жеке-жеке жүріп өмір сүру қиын болғандықтан топтасып жүретін болды. Осыдан бірте-бірте ру пайда болды. Көп уақыт өткеннен кейін бірнеше ру тайпаға бірікті.
10. Біздің жыл санауымызға дейін-ақ Қазақстан жерінде сақтардың, ғұндардың, сарматтардың ірі-ірі тайпалары болды.
11. Біздің жыл санауымыздың бас кезінде қазіргі Қазақстан жерінде үйсін, қаңлы, ғұн және басқа да ірі тайпалардың мемлекеттері болған.
12. Біздің жыл санауымыздың бас кезінде-ақ Қазақстан жеріндегі халықтардың сол заманға лайық шаруашылығы, кәсібі болды.
13. Оларда мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, қолөнер кәсібі, металл қорыту, аң аулау т.б. дамыды.
14. Шаруашылықтың арасында мал шаруашылығы басым дамыды. Бұған Қазақстан жері қолайлы болды.
15. Қой, жылқы өсіруге көп көңіл бөлінді. Олардан кейін көп өсірілген түйе. Сиыр аз өсірілді.
16. 1960-жылдардың аяқ кезінде археолог ғалымдар Есік қаласына (Алматыға таяу) жақын жердегі обадан «Алтын киімді адамды» тапты. Ол мұнан 2500 жылдай бұрын жерленген жас жігіт екен.
17. Марқұмға кигізілген бас киімнің, бешпенттің, етегінің қонышының сыртына алтыннан жасалған түрлі ұсақ: аттың, барыстың, тау текенің, құстардың бейнелері жапсырылған. Олардың саны төрт мыңдай.
18. Біздің заманымызға дейін II ғасыр мен б.з. XV ғасыры аралығында Еуропа мен Азияны байланыстыратын «Ұлы Жібек жолы» қызмет істеді. Ол Қазақстан жерімен өтті.
19. ІХ ғасырда арабтар Орта Азия мен Қазақстанның біраз жерін басып алды. Осыдан бастап Қазақстанға ислам діні тарай бастады.
20. 1218 жылы Қазақстан жеріне моңғол шапқыншылығы басталды.
21. 1219 жылғы қыркүйекте моңғол жаулаушылары Отырар қаласын қоршады. Ұлы Отырар шайқасы басталды. Қаланы қоршауға қала басшысы Қадырхан басшылық етті.
22. XV ғасырда қазақ халқы қалыптасып болды. Оның негізін құраған Үйсін, Қоңырат, Керейт, Маңғыт, Қыпшақ, Найман, Арғын, Байұлы, Әлімұлы, Дулат және басқа да көптеген рулар мен тайпалар.
23. XV ғасырдың 50-60-жылдарында Қазақ хандығы құрылды. Оған ұйтқы болған, алғашқы қазақ хандары деген жоғары атаққа ие болған Жәнібек пен Керей.
24. Қазақ хандығы тез ұлғайды. XVI ғасырдың басында оның жер көлемі едәуір кеңейіп, халқының саны бір миллионнан асты.
25. Қазақ хандығының – мемлекетінің XVI – XVII ғасырларда ұлғайып, нығаюына үлес қосқан: Қасым хан (1511-1523), Ақназар хан (1538-1580), Есім хан (1598-1628), Тәуке хан (1680-1718).
26. Орта ғасырлардағы Қазақстанның атақты қалалары: Түркістан, Отырар, Тараз, Сауран, Сайрам (Испиджаб) т.б.
27. Орта ғасырлардағы белгілі тарихи-мәдени ескерткіштер: Ахмет Иассауи мазары (Түркістанда), Айша-Бибі мазары (Тараз қаласының жанында), Бабаджа қатын (бұл да сонда), Жошы Хан күмбезі, Алаша хан күмбезі (Орталық Қазақстанда).
28. Қазақстан жеріндегі ортағасырлық ғалымдар: Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж.), Жүсіп Баласағұн (ХІ ғасыр), Махмұд Қашқари (ХІ ғасыр), Ахмед Иассауи (ХІІ ғасыр), Өтейбойдақ Тілейқабылұлы, Мұхамммед Хайдар Дулати, Жалайри Қосынұлы (ХV-ХVI ғғ.)
29. Орта ғасырларда Қазақстанда басқа да көптеген ғалымдар болған. Бұған бір ғана Отырарда Әбу-Насыр әл Фарабиден басқа да онға жуық әл-Фарабилер болғаны дәлел
30. XVI ғасырдың соңынан бастап 1755 жылға дейін қазақ халқы жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық, тәуелсіздік үшін шайқасты. 1755-жылы Жоңғар мемлекеті біржола жеңілді, тарихтан аты өшті.
31. Жоңғарларға қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылар: хандар – Тәуке, Әбілқайыр (Кіші жүз ханы), Абылай; билер – Төле, Қазыбек, Әйтеке; батырлар – Қабанбай, Бөгенбай, шапырашты Наурызбай.
32. 1731-1917 жылдар аралығында Қазақстан Ресей империясы қоластында болды. Кіші жүз «еркімен» қосылды, қалған жердің бәрін жаулап алды.
33. Ресей империясы Қазақстанда екі жүз жылдай отарлау саясатының барлық қитұрқы әдіс, тәсілдерін қолданды, қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің дамуына барынша кедергі жасады.
34. Қазақ халқы Ресей отаршылдарына қарсы, азаттық алу үшін үш жүздей рет қозғалыстар, көтерілістер, наразылықтар ұйымдастырды. Олардың ең ірілері ХІХ – ХХ ғасырларда болды.
35. Патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы 1836-1838 жылдары Исатай мен Махамбет, 1837-1847 жылдары Кенесары хан, 1916 жылы А. Иманов, Ә. Жангелдин, Ә. Жанбосынов т.б. басшылық еткен, ұлт азаттық қозғалыстар болды.
36. ХІХ ғасырдағы қазақтың белгілі ағартушы ғалымдары: Шоқан Уәлиханов (1835-1865), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889), Абай Құнанбаев (1845-1904)
37. 1917 жылы Қазанда Қазақстанда Кеңес Өкіметі орнады, ол өкімет 1990 жылға дейін өмір сүрді.
38. ХІХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында қазақ халқының бақытты келешегі, ұлттық тәуелсіздігі үшін күресуші үлкен зиялы топ қалыптасты. Олардың басшылары: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқаев, Міржақып Дулатов, Тұрар Рұсқылов, Мұхамеджан Тынышбаев т.б. болды.
39. 1920-жылы Қазақ Автономиялы Кеңес Социалистік Республикасы, ал 1936-жылы Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы құрылды.
40. 1941-1945 жылдардағы Отан соғысында асқан ерлік көрсеткені үшін 500-дей Қазақстан Кеңес Одағының батыры атағын алды. Бұл жоғары атақты Л. И. Беда, С. Д. Луганский, Т. Ж. Бигелдинов, И. Ф. Павлов екі мәрте алды. Әлия мен Мәншүк Кеңестік Шығыс Қыздарынан алғаш реет Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
41. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзін Егеменді Республика деп жариялады.
42. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанда Президент сайлауы болды. Президент болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.
43. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзін тәуелсіз Республика деп жариялады.
44. 1992 жылы Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайы өтті.
45. 1995 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды
4-СҰРАҚ
. Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.
Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, В. И. Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады. Алғашқысында 1914 ж. басталған І-дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің үкіметтері мен халықтарына аннекциясыз және контрибутциясыз демократиялық бітім жасау ұсынылса, Жер туралы декретте жерге жеке меншік жойылып, ол жалпы халықтық мемлекеттік меншік болып жарияланды. Съезде В.И. Ленин басқарған және жұмысшы-шаруа үкіметі аталған Ресей ХКК құрылды. Сонымен қатар Кеңестердің Бүкілресейлік ОАК-нің (БОАК) жаңа, большевиктендірілген құрамы сайланды. Съезд В.И. Лениннің жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды. Кеңес үкіметі көп ұлтты Ресей еңбекшілерін өз жағына тартуда айтарлықтай насихатшылдық рөл атқарған екі саяси құжат жариялады. Біріншісі 2 (15) қарашада жарияланған Ресей халықтары құқықтарының декларациясы, екіншісі 20 қарашадағы (3 желтоқсан) Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне деген үндеу болды. Бұл құжаттарда Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі, олардың өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешуге құқылы екендігі айтылып, ұлттық және этностық топтардың еркін дамуына, бұрынғы езілген ұлттардың өздерін-өздері билейтіндігіне кепілдік беріледі делінді. Мұның үстіне Кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы Зауыттар мен фабрикаларға жұмысшыларға!, Жер шаруаларға!, Теңдік бұрынғы езілген ұлттарға! деген ұрандарды үзбей қайталаумен болды. Осы уәделер мен ұрандарға әуел баста бұқараның айтарлықтай бөлігі, ең алдымен, қоғамның жаппай кедейленген мүшелері сенді, сондықтан олардың өкілдері Кеңес өкіметін орнату үшін күреске қатысты. Петроградтан кейін 1917 ж. қарашаның басында Кеңес өкіметі Мәскеуде, елдің өнеркәсіпті орталығы аудандарында жеңіске жетті, көп кешікпей бұл жағдай мемлекеттің ұлт аймақтарын, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Бұл кезде Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің орнауы азамат соғысы басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты. Бұл өлкенің әлеуметтік-экономикалық артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болуынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісіне түсті. Мұның үстіне ұлттық-демократия Алаш қозғалысының жетекшілері Қазан төңкерісі мен Кеңес өкіметінің идеяларын қабылдамады. Ал Қазақстанда орналасқан Орал, Жетісу, Батыс Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері Кеңес өкіметінің орнауына қарулы қарсылық көрсетті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда жеңіске жетуіне негізінен славян текті халықтардың (ең алдымен, орыстар мен украиндардың) өкілдерін біріктірген жергілікті гарнизонның солдаттары мен жұмысшы-солдат және шарауалар кеңестеріне топтасқан қоғамның кедейленген мүшелерінің өкілдері барынша ат салысты. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Ә.Майкөтов, И.Дубынин, К.Шугаев, Я.Ушанов, А.Иманов, С.Цвиллинг, Т.Рысқұлов, Т.Бокин, П.Виноградов, Л.Емелев, Т.Өтепов, А.Розыбакиев, т.б. неғұрлым белсене қатысты.
Қазан төңкерісі кеңестік тарихнамада, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құжаттарында күллі адамзат тарихына түбірлі өзгеріс енгізген, жаңа заманды капитализмнен социализмге өту дәуірін ашқан 20 ғ-дың басты оқиғасы деп дәріптеліп келді. Шын мәнінде Қазан төңкерісі көп ұлтты Ресейдің, оның құрамына енген көптеген елдер мен халықтардың табиғи, эволюцияның даму жолын күштеп [[революция |революцияшыл]] қайта өзгерістер үрдісіне түсірді. 74 жыл өмір сүрген Кеңес Одағында ел өмірінің барлық салалары (экономика мен саясат, мәдениет пен руханият) сталиндік нұсқада, әміршілдік мәндегі тәжірибелер жасау алаңына айналды. Олардың барлығы да қазан төкерісі, социализм идеяларын жүзеге асыру үшін жүзеге асырылды деп түсіндірілді. Түбегейлі өзгерістер жасау тәжірибесінің зиянды салдарлары аз болмады. Олардың қатарына ауыл шаруашылығынкүштеп ұжымдастыру мен көшпенділердің зорлап отырықшыландырылуы нәтижесінде елді жайлаған ашаршылықсалдарынан сан мыңдаған адамдардың қырылуы мен басқа елдерге ауа көшуін, көптеген мемлекет, қоғам, мәдениет, ғылымқайраткерлерінің әміршілдік жүйе ұйымдастырған саяси қуғын-сүргіннің құрбандарына айналуын, демографиялық саясат пен мәдени-рухани салада орын алған келеңсіздіктерді жатқызуға болады. Солай болса да, қазан төңкерісінен кейінгі 74 жыл Кеңес Одағы үшін, оның құрамдас бөлігі болған Қазақстан үшін, тек қана бос кеткен кезең емес. Атап айтқанда, Республиканың материалдық өндіріс жүйесі түбегейлі жаңарды, халықтың білім деңгейі күрт өсті, сапалы ғылым жүйесі қалыптасты, адамдар арасындағы қарым-қатынастар жақсарды.[1]1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен дағдарысқа ұшырады: бірінші – экономикалық , екінші – саяси дағдарыс. Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды. Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды. Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917 жылы ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкерісі деп атайды. Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет - жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері, эсерлер, меньшевиктер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары–жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері құрылды. Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады. Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері ұйымдастырлды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Әлихан Бөкейханов Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа Шоқай тағайындалды. Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азат алудың бастамасы ретінде қабылдады. Бұл жеңіс өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды. Қазақстанның әртүрлі қалаларында қазақ жастарының 20 шақты үйірмелері мен топтары пайда болды. Олар халық арасында листовкалар, сол күндердің көкейтесті мәселелеріне арналған тақпақ-өлеңдер таратты. Әулиеатада Тұрар Рысқұлов «Қазақ» жастарының революцияшыл одағы деген ұйым құрды. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатардағы жастар енді Буржуазиялық уақытша өкіметке үміт артқан қазақ зиялылары өз халқын еркіндікке жеткізуді, отарлаудан құтылуды арман етті. Осы мақсатқа жету үшін олар қазақтың ұлттық саяси партиясын құру жолын іздеді. Олар Қазақ газеті арқылы қазақ халқына арнайы үндеу жолдады. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкілқазақтық» съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы Алашорда үкіметі – ұлт Кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөліммнен тұрады. Олар:
Ресейдемократиялықфедерацияболыпжарияланутуралы;
РесейқұрамындаҚазақұлтавтономиясынқұру;
Халықтарарасындатеңқұқықтықорнату;
Дінтуралы, діндімемлекеттенажыратыпшығару;
Елдегі билік және сот туралы;
Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру;
Халықтың табысына қарай салық салу;
Жұмысшылар туралы;
Ғылым және білім туралы;
Жер мәселесі.
Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам кірді, оның төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді. Азамат соғысы басталғанда Алашорда үкіметі екіге бөлінді: оның Батыс Қазақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов т.б. басқарды. Бірақ Уақытша өкіметтің өмірі де ұзақ болмады. 1917 жылы 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. Бұл жұмысшылар мен шаруалардың билігі орнаған өкіметі еді. Оның мақсаты – пролетариат диктатурасының басшылығымен Ресейде жаңа қоғам – социализмді орнату. Бұл оқиға бүкіл әлемді дүр сілкіндірді, себебі социализмге жол ашуды бірінші Ресей бастады. Қазан төңкерісі елді экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға жол ашты. В.И.Ленин бастған большевиктер партиясы осы дағдарыстан шығудың сара жолы – Ресейдің империалистік соғысты тоқтатып, бейбіт өмірге көшу деп білді. Сондықтан Ресей ең бірінші болып бірінші дүниежүзілік соғыстан шығады. Кеңес өкіметі әуелі орталықта Петроградта орнады да, одан әрі тез арада Ресейдің шет аймақтарына дейін орнады. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес басқа халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Большевиктер барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды төңкеріс туының астынан кетпеуге шақырды. Кеңес өкіметі Қазақстанда да орнай бастады. 1917 жылы қазаннан 1918 жылы наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады. Кеңес өкіметінің орнаған алғашқы жері Перовск (Қызылорда) қаласы болды. Мұнда жұмысшылар мен солдаттар өкімет билігін 1917 жылы 30 қазанда өз қолына алды. Перовскіде үлкен әскери гарнизон орналасқан еді және темір жол станцясы болатын. 1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада (Тараз), Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде және Сырдария облысының басқа да ірі елді мекендерінде қан төгізсіз бейбіт жолмен орнады. Петропавл қаласында жаңа өкімет 10 қарашада орнады. 1917 жылы желтоқсан – 1918 жылы наурыз аралығында Кеңес өкіметі Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның орта кезінде көшті. Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жылындағы күрес 1918 жылы көктеміне дейін соғылды. Себебі мұнда төңкеріс қарсыластары күштері басым болды. Верный қаласыЖетісу қазақ-орыс әскерлерінің орталығы болды, ал қазақтар патшаның тірегі болғаны белгілі. Кеңес өкіметі 1917 жылы наурыз айында Жаркент, Сергиопльда (Аягөз), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады. Кеңес өкіметінің ең соңғы орнаған ауданы – Орал қаласы болды, онда жаңа өкіметтің билігі наурыз айында жұмысшылардың қолына көшті. Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылы наурыз айына дейін Кеңес өкіметі. Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті.
Сонымен Қазан төңкерісін қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті билік кеңестер жағына түгелдей шықты. Мұндай жағдай Қазақстанның Солтүстік-Шығыс облыстарының көптеген аудандарында, Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ төңкеріс қарсыластарының күштері көбірек шоғырланғыан Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы көшті. Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласында алғашқы өзгерістер енгізіле басталды. Ол қандай шаралар:
ескі мекемелер, оның, ішінде уақытша өкіметінің комиссарлары, отарлау-шенеуіктік әкімшілік қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сот жүйелері жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары кеңестерінің қолына өте бастады;
Ескі мемлекеттік аппараты қирату отарлау саясатына берілген үлкен соққы болды. Ол еңбекшілердің кеңес жұмысына белсене қатысуына жағдай жасады;
шіркеу мемлекеттен, мектеп шіркеуден ажыратылды;
ерлер мен әйелдер теңдігі іске асырылды, адамдардың сословиеге бөлінуі жойылды;
төңкеріске қарсылар мен күрес жөніндегі төтенше комиссиялар, милиция құрылды;
кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдер ашылды;
заңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де жарияланатын болды;
кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады;
облыстық кеңестер жанынан ұлттық қарым-қатынастарды реттейтін комиссиялар құрылды;
жерге жеке иелік ету жойылып, Қазақстандағы шіркеу мен монастірлердің, помещиктердің, бай қазақ-орстардың, патша шенеуіктерінің иелігінде болып келген, срндай-ақ қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді.
1918 жылы Көктемде Түркістан автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. Оның құрамында Қазақстанның оңтүстігіндегі Жетісу, Сырдария облыстары кірді. Ақмола, Семей облыстары орталығы Омбы қаласы болған Батыс Сібір өлкесіне, Торғай, Орал облыстары Орынбор губерниясына, Бөкей Ордасы Астрахан губерниясы қарамағына кірді. Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Себебі төңкерістің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды. 1918 жылы 23 наурызда Орал қазақ-орыстары Гурьевте бүлік шығарды. Сол жылдың 28-29 наурызында ақ казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады. Ресейдегі азамат соғысының өрістеуіне Антанта елдері дем берді де, олардың көмегімен Сібірдегі Чехословак корпусының әскерлері бүлік шығарды. Бүлікшілер Сібір қалаларымен бірге Қазақстанның солтүстіктегі қалалары Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай, Семей қалаларын басып алып, Кеңес органдардан қамауға алды. 1918 жылы жазында Кеңес елі үшін ең басты майдан – Шығыс майданы болды. Бұл бағытта ақтармен 4-ші армия ұрыс жүргізді. Осы жылдың жазында қазақ ұлттық әскери бөлімдер ұйымдаса бастады. Олар алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал қалаларында құрылды. Бөкей ордасында қазақ атты әскер полкі Қызыл армияның құрамдас бөлігі болды. 1918 жылының аяғы мен 1918 жылының басында Әліби Жангелдин мен Амангелді Имановпен Торғайда екі атты әскер эскадроның, әскери оқу және пулемат топтарын, Ырғызда атты әскер құрды. Ақтөбе майданына 1918 жылы Әліби Жангелдин бастаған экспедиция Мәскеудан көп қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізді. Ақтөбе майданының қарулы күштері 1919 жылы 22 қаңтарында Орынборды, 26 қаңтарда Орал қаласын азат етіп, Қазақстан мен Түркістан аудандары мен Орталық Ресей арасындағы қатынасты қалпына келтірді. 1919 жылы көктемде Фрунзе бастаған қызыл әскер отрядтары Қазақстанның Солтүстік аудандарында Колчак әскерлеріне қарсы күрес жүргізді. Қазақстанда Колчактың тәртібіне қарсы ірі көтеріліс Қостанай уезінде болды. Ақмола, Семей облыстарында партизандық қозғалыстар өрістеді. Қазақстанның Солтүстік-Шығыс аймағында Жетісу майданы
1918 жылы тамыз және 1919 жылы қазанның орта кезіне дейін ақ гвардияшыларға қарсы табанды күрес жүргізді. Осы аймақтағы қорғаныс орталығы болған Черкасское селосын атауға болады. 1919 жылы орта кезінде Қызыл армияның шабуылдарының нәтижесінде Колчак әскерлері екіге бөлінді. Олардың бір бөлігі Сібірге, екіншісі Түркістанға қарай шегінеді. Қызыл армияның Түркістан майданы 1919 жылы тамыз айының екінші жартысында Колчактың «Оңтүстік армиясын» біржолата талқандады. Осының нәтижесінде Түркістан майданының әскер бөлімдері Солтүстік Жетісуға жеткізліп, мұндағы қарсылықты тезірек басуға мүмкіндік берді. Сөйтіп, 1920 жылы наурызда азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы Солтүстік майданы жабылады. Азамат соғысы жылдарында Кеңес өкіметі «соғыс коммунизмі» саясатын жүзеге асырды. Оның негізгі мәні-кеңес елінің басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізіледі. Ол бойынша шаруалардың күн көрісінен артылған азық-түлік әскер мен өндіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын туғызды. Әсіресе, ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Кеңес өкіметінің осы саясатына наразы шаруалар көтеріліске де шығып, көпшілігі жаңа өкіметке қарсы ақтардың жағында соғысы. Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономиканы қалпына келтіру, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмыстары жүргізілді. Сол жылдары алғашқы ауыл шаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда болды. 1920 жылы аяғында 999 колхоз, оның ішінде 132 коммуна, 778 артель, жерді бірлесіп өңдейтін 28 серіктестік (ТОЗ) құрылды.
1919 жылы 10 шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі төңкерістік комитет туралы» декрет қабылданды. Онда болашақ Қазақ мемлекетінің жер аумағы анықталды. 1920 жылы 30 сәуірде РК/б/П Орталық комитеті Қырғыз(Қазақ) облыстық бюросы құрылғаннан кейін өлкеде Кеңес өкіметін, мемлекеттік құрылысты одан әрі нығайту жұмысы жүргізіле бастады. Сол жылғы 17 тамызда РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз республикасы туралы Декрет жобасын мақұлдады. 26 тамызда БОАК пен РКФСР Халком Кеңесі РКФСР құрамында Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» жарлық қабылданды. Орынбор қаласы Қазақ АКСР-нің алғашқы астанасы болды.
5-СҰРАҚ
Кеңес өкіметі Қазақстан аумағында бір кезеңде орнамады. Бұл көптеген объективті жағдайларға байланысты болды.
Барлық демократиялық ұйымдар мен жұмысшы, шаруа және солдат, қазақ және мұсылман депутаттары Кеңестерінің, социалисттік партиялардың, қала Думаларының 1917 жылы 15-22 қарашада Ташкентте өткен өлкелік съезі Түркістан өлкесінде жаңа үкімет- Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің адамдық құрамы жарияланды. Алайда онда мұсылман халқының бірде-бір өкілі болған жоқ.
1917 жылдың қазанынан 1918 жылғы наурыздың басына дейін Кеңес өкіметі байтақ Ресейге өз билігін орнатып үлгерді. Қазақ даласында Кеңес билігін алдымен теміржол бойындағы қалаларда орнады. 1917 жылғы қазанда жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Перовск (Қызылорда) Кеңесі өкімет билігін өз қолына алды. Сол жылы қарашада билік Әулиеата, Черняев қалаларында Кеңестің қолына көшті. Орынборда атаман А.Дутов басқарған қазақтардың офицерлер корпусы, Ә.Бөкейханов басқарған Алашорда үкіметі, эсерлер және меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті.
1917 жылғы желтоқсанда Балтық теңізшілері азық-түлік отрядының қолдауымен Қостанайдың жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін өз қолына алған болатын. 1918 жылғы қаңтарда болған Қостанай Кеңестер съезі бүкіл уезде Кеңес үкіметін орнату туралы шешім қабылданды. 1918 жылдың басында Ақтөбеде, Орынборда және Торғай уездерінде Кеңес өкіметі орнады.
Ақмола даласы мен Есіл бойындағы Атбасар, Қызылжар (Петропавл), Көкшетау қалаларында кеңес өкіметі орнауына Батыс Сібірдің Уақытша Революциалық Комитеті ықпал жасады. Батыс Сібір Кеңестерінің 3-съезі барлық жерде-Атбасар, Қызылжар және Көкшетауда өкімет билігінің Кеңестер қолына көшкені туралы қаулы қабылданды. Ақмола ревкомы Уақытша үкіметтің жергілікті органдары құлатылып, Кеңес өкіметі орнатылғанын хабарлады. Қызыл гвардия отрядның қолдауымен жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Павлодар Кеңесі де 1918 жылдың қаңтарында өкімет билігін өз қолына алды.
Өкімет билігі үшін тайталасқа түскен күштердің арақатынасын ескере отырып, Семей большевиктеріне көмекке Новониколаевскіден (Новосібір) өкілдер келді. Ревкомның басшылығымен қызыл гвардия отрядтары құрылып, Кеңеске қайта сайлау өткізілді. 1918 жылғы ақпанның 16-сынан 17-сіне қараған түні Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына көшті, мұның өзі Өскеменде, Қарқаралыда, Зайсанда, Шығыс Қазақстанның өзге елді-мекендері мен ауылдарында Кеңес өкіметінің орнатылуын қамтамасыз етті.
1918 жылғы қаңтарда Оралда Кеңес өкіметі күшпен орнатылды. Қазақтардың офицерлер мен кулактадан тұратын әулетті тобы, Жымпитыдағы Алашорда үкіметінің Батыс бөлімшесі, Төменгі Еділде жинақталған күштердің қалған бөлігі большевиктерге қарсы шықты. 1918 жылғы наурыз айында қалада жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңестерінің обылыстық съезі болып, онда Орал обылысында өкімет билігінің обылыстық Кеңес атқару комитетінің қолына көшкені, казатардың әскери үкіметі мен Алашорда үкіметінің таратылғаны туралы шешім қабылданды. Алайда қарулы күштердің болмауынан Орал Кеңесі бұл шешімді орындай алмады. Наурыздың 28-інен 29-ына қараған түні контрреволюциялық күштер төңкеріс жасады. Атқару комитетінің 60-қа жуық мүшесі қамауға алынып, олардың көпшілігі ақ гвардияшылардың қолынан қаза тапты. Кеңес өкіметі Оралда азамат соғысы жылдарында ғана біржола орнатылды. Астрахан губерниясының құрамында болған Бөкей ордасында Кеңес үкіметі 1917 жылғы желтоқсанда жарияланған болатын.
Жетісуда таптық күштердің тең еместігінен соғыс жағдайы туындады. 1918 жылғы наурыздың 2-сінен 3-іне қараған түнде жұмысшылар , майдангерлер және солдаттар және екінші Жетісу казак полкінің революциялық пиылдағы жауынгерлері көтеріліс жасады. Көтерілісшілер бекіністі, қарі қоймасын басп алды, банкті, поштаны, телеграфты қолына қаратып, юнкерлер мен Алашорда милициясын қарусыздандырды. Верныйда Кеңес өкіметі жеңіске жетті. 1918 жылғы наурыз айының ішінде бүкіл Жетісу облысында Кеңес өкіметі толық орнады.
Большевиктердің алғашқы шаралары
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауына байланысты бұрынғы буржуазиялық-помещиктік мемлекеттік аппаратты қирату және жаңа өкімет органдарын құру басталды. Уақытша үкіметтің жергілікті органдары, қоныстандыру басқармалары, болыстық земство басқармалары, болыстық және ауылдық старшындар институты, билер соты таратылды. Жер-жерде контрреволюциялық газеттер шығаруға тыйым салынды. Ауылдық, қыстақтық шаруа кеңестері, Халық шаруашылығы кеңестері, аудандық жер-су комитеттері құрылды. Жазға салым барлық болыстарында шаруа кеңестері жұмыс істеді.
Кеңестердің атқару комитеттері жанына денсаулық сақтау, әділет, қаржы, ағарту, жер және өнеркәсіп бөлімдері ұйымдастырылды. Бұл шаралар Кеңес өкіметі жауларының қарсылығын туғызды. Банктердің, пошта-телеграф мекемелерінің шенеуніктері оған бағынудан бас тартып, жұмысты тоқтатты.
6-СҰРАҚ
Алаш Орда (1917—1920) — Ақпан мен Қазантөңкерістері соң 1917 ж. желтоқсанның 13 құрылғанқазақ-қырғызАлашавтономиясыныңүкіметі. 2-жалпықазақ съезі милиция жасақтарынқұрумәселесінжан-жақтыталдап, оныңАлашавтономиясынакіретінәрбіроблыс пен уездегісанынанықтап, олардысоғысөнерінеүйрету мен қажеттіқаружәнекиім-кешекпенқамтамасызетужолдарынайқындады. Милицияғақажеттіқару-жарақ пен оқ-дәріАлашорданыңұлттыққорыныңесебіненалынатынболды. 1917 жылдың 5-13 желтоқсанаралығында Орынборда екіншіжалпықазақсъезіөтті. Съезде Алашордаүкіметіқұрылды. Оныңтөрағасыболып Ә.Бөкейхан сайланды. Осы съезде Алашавтономиясыжарияланды. Ә.Бөкейханбастаған топ Қазақстандымекендейтінорыстардыңеркінбілмейінше автономия жариялаудыкейінгеқалдыратұрудықажетдептапты. Ал Х.Досмұхамедұлы бастаған топ автономияныдереужариялаукерекдепсанады. Соңындаекіжақортақкелісімгекелді. НәтижесіндеТүркістанқазағынқосыпалып, автономия жариялауға 1 ай мерзімберілді. Бір ай ішіндеқосылуісіжүрмесе де автономия жарияланатынболыпшешілді
Алашорда немесе Уақытшы Ұлттық Кеңес - Алаш автономиясының үкіметі. 1917 ж. Орынборда өткен II-жалпықазақ съезінде сайланды. Алашорда құрамына Қазақстанның барлық аймақтарынан 15 адам кірді. Олар түгелдей дерлік (Х.Досмұхамедов, Х.Ғаббасов, М.Шоқай, Ә.Бөкейханов, Ж.Досмұхамедов, Ә.Ермеков, М.Тынышбаев, Б.Құлманов, Ж.Ақбаев) Ресейдің жоғары оқу орындарын бітірген жоғары білімді, білікті зиялылар еді. 1917 жылғы қос революция аралығында олар қоғамдық-саяси өмірге белсенді түрде ат салысып, Алаш партиясы мен Алаш автономиясын құруда Бөкейхановтың сенімді серіктері болды. Үкімет төрағалығына Бөкейханов, Құлманов, Тұрлыбаев ұсынылды. Ең көп дауыс жинаған Бөкейханов төраға болып сайланды.Ә. БөкейхановМ. ТынышбайұлыАлашорда өзінің алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай атқару үшін Алаш автономиясының "халықтық милиция" атанған Қарулы күштерін жасақтауға үлкен мән берді. Оған қажетті офицерлерді дайындау үшін атаман Дутов басқарған Орынбор қазақ әскерінің тәжірибесі мен көмегін пайдалану қажет деп табылды. Осы жақындасу Алаш жетекшілерінің жағдайын қиындатты. Өйткені 1918 ж. Ә. Жангелдин ұйымдастырған қызылдар жасағы Орынборды басып алды. Қызылдардан шыққан Дутовпен бірге алашордашылар да Орынбордан кетуге мәжбүр болды. Сөйтіп Алашорда біртұтас қазақ автономиясын құрып үлгермей, барлық қазақ жерлеріндегі үкімет бірлігінен айырылып қалды. Үкімет мүшелерінің біразы Семей маңындағы Алаш қаласы атанған елді мекеніне келіп, өздерін Алашорданың шығыс бөлімі деп жариялады.Үкімет мүшелерінің 2-бөлігі Орал облысындағы Жымпиты қаласына келіп, өздерін Алашорданың батыс бөлімі немесе Ойыл уәлаяты деп атады. Үкіметтің тағы бір бөлігі Жетісу облысында әрекет етті. Елде азамат соғысы басталған 1918 жылдың жазында Алашорда бастаған күштер және большевиктер мен Кеңес өкіметінің соңынан ерген күштер қарама-қарсы жақта қалып, өкімет үшін бір- бірімен ашық күреске шықты. Алашорда азамат соғысы жылдарында Кеңес құрылысына қарсы күштер жағында болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш партия¬сы мен Алашорда үкіметін таратты. 1919-1920 жж. Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына белсене қатысқандардың барлығына кешірім жариялағанына қарамастан, олар түгелге дерлік сталиншіл әміршіл- әкімшіл жүйенің құрбандары болды.
7-тақырып. 20 ғ. басында қазақ зиялыларының қоғамдық –саяси қызметі.
Ұлттық-отаршылдық езгінің күшеюі, өлкеге капиталистік қатынастардың енуі, патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ халқының ұлттық сана-сезімін өсірді. Қазақ халқының отарлық езгіге қарсы белсенді әрекеттері күшейе түсті.
Қазақ зиялылары қазақ халқының империя құрамында өзгелермен тең құқықты болуына қол жеткізу жолында күресті. Олар қазақ мемлекеттілігін қалпына келтірудің әдіс-амалдарын қарастырды, өз халқының отаршылдық езгіден азаттық алу жолындағы күресіне көмектесуге ұмтылды. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, М. Шоқай, X. Досмұхамедов, т.б. танымал тұлғалар ұлтты басқа халықтармен терезесі тең даму жолына бастай білді. Ұлт зиялылары қазақ қоғамының оянуына жәрдемдесіп, халықтың құкықтық, эстетикалық санасы мен өнегелі ой-өрісіне зор ықпал етті.Қазақ зиялыларының үлкен бөлігі гимназия, дәрігерлік училище, мұғалімдер даярлайтын семинария түлектерінен тұрды.Мысалы Ә. Бөкейханов Орман шаруашылығы институты, Мұхамеджан Тынышпаев Темір жол көлігі институты, Х.Досмұхамедов, С.Асфендияров Дәрігерлік академиясы, Б.Қаратаев, Ж.Досмұхамедов, М.Шоқай Санкт-Петербург университеті сиякты ұлт-азаттық қозғалысында өшпес із қалдырған қайраткерлері.
XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары қоғамдық-саяси қызметке даярлықпен келді, ал олардың дербес саяси күш ретінде белсенді әрекетке көшуі 1905 жылғы революциялық оқиғаларға тұспа-тұс келді. Оған қазақ халкының орыс отаршыл әкімшілігіне тәуелділігі және қоғамдық дамуда ортағасырлық деңгейде қалып қоюы түрткі болған еді. Саяси қызметі тура осы мезгілде басталған Міржақып Дулатұлы 1929 жылы кеңестік абақтыда тергеушілерге берген жауабында жалпы ұлт зиялыларына ортақ мынадай пікір білдірді:«...Ол жылдардағы қазақ халқының қараңғылығы мен надандығын айтып жеткізу қиын. Қазақ бұқарасы губернаторлар мен уезд бастықтарын айтпағанда, ең төменгі урядниктің алдында діріл қағып, адам төзгісіз қорлыққа шыдады, оның бұл халге жетуіне өз арасынан шыққан надан тілмаш шенеуніктер, болыс басқарушылары және басқалары өз үлестерін қосып, ауыр салық, зорлық, парақорлық, құпия өсектер үйреншікті көрініске айналды; қазақ әйелі күң жағдайында болды, ең құнарлы жерлер ешқандай есепсіз қоныс аударушыларға алынып берілді, ал қазақтар шөлге ығыстырылды; патша үкіметі мектептер аштыруға бас-көз қамқоршы болудың орнына, қазақтарға өздері жиған қаржыға мектеп салуға тыйым салды; мектеп ашуға әрекет жасағандар Якут облысына жер аударылды (мысалы, Қосшығұлов, Науан хазірет, т.б.), дәрігерлік көмек жөнінде халықта түсінік те болған емес... Қазақ елі, міне, осындай түнекте ғұмыр кешті. Патша үкіметінің отаршыл саясаты гүлдеу шегіне жетті. Осының бәрін көре түрып өзімнің азын-аулақ біліміме қарамастан, қолымдағы барыммен ар-намысы аяқ асты болған сорлы халқыма көмектесуді өз борышым санадым».
1905 жылғы жазға қарай Қазақстанның барлык өңіріндегі жәрмеңкелерде қазақ жұртының мұқтаждықтарын талқылаған съездер өте бастады. Бірен- жарым мекемелерінің назарына іліккен бұл жиындарда патшаға, ортақ билік орындарына арналған арыз-тілектер жазылды; Жетісу және Семей облыстары атынан жазылған шағымдарды талқылауға 25 мыңнан астам адам қатысты.
Бұл талап-тілектерде қазақ елінің қоғамдық өмірдегі ең негізгі мұқтаждықтары, яғни жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру, ұждан және дін бостандығы, бақылаусыз газет шығару және баспахана ашуға рұксат беру, қазақ елінің жоғарғы заң шығарушы орындарға депутат сайлау кұқын мойындау және басқа сол сияқты аса маңызды мәселелер көтерілді.
Барлык арыз-тілектерде жоғарғы билік алдына қойылған үлкен де өзекті мәселе, әрине, жер мәселесі болды. Арыз-тілек авторлары «әкелер қанының өтеуімен азат етілген атамекенін» орыс үкіметінің ешқандай да дәлел-себепсіз мемлекеттік меншік деп жариялап, соған сүйеніп ең кұнарлы жерлер мен тұщы су кездерінің қоныс аударушыларға өтіп жатқандығына наразылықтарын білдірді.
Арыз-тілек науқаны ұлт-азаттық козғалысында өзара айырмашығы бар екі ағымның қалыптасып келе жатқандығын аңғартты. Оның бір жағында қазақ жұртының болашағын еуропалық өркениеттің жетістіктерімен байланыста қарап, дін ісін екінші кезекке ығыстырған зиялылар тұрса, оған қарсы екінші бетте қоғамдық дамуда ұлттық-діни ерекшеліктерді негізгі құндылық ретінде бағалаған топ тұрды. Ә.Бөкейханов алғашқы ағымдағыларды батысшылдар, ал соңғы ағымдағыларды түрікшілдер деп атады.
1905 жылғы 6 тамызда жарияланған манифест бойынша қазақ еліне де Мемлекеттік Думаға депутат сайлау құқығы берілді. Ұлт зиялылары Дума жұмысына белсене араласу арқылы үкіметтің Қазақстандағы саясатына, әсіресе жер мәселесіне ықпал етуге болады деп түсінді. Бірақ сайлау қарсаңындағы қазақ қоғамында Думаға депутат ұсына алатын өз бағдарламасы бар саяси партия жоқ болатын. Уақыттың тарлығына байланысты және баска даярлыктың жоқтығын түсінген ұлт зиялыларының басым бөлігі ресейлік конституциялық демократиялық партияның (кадеттер) бағдарламасын мойындап, қазақ облыстарында осы партияның бөлімшелерін құрып, осы ұйымның атынан депутаттыққа түсті.
I—II Мемлекеттік Дума жанындағы Мұсылман фракциясы жұмысына белсенді араласқан қазақ зиялылары үкіметтен Қазақстанға ішкі Ресейден қоныс аударушыларды жіберуді, жергілікті халықты егіншілікке жарамды жерлерден ығыстыруды тоқтатуды талап етті. Қазақ депутаттарының бұл талабын қазақстандық Т. И. Седельников және сібірлік Н.Л. Скалозубов бастаған демократиялық бағыттағы орыс және баска ұлт депутаттары да қолдады.
8-тақырып. 1917-1920 жж. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар «Алаш», «Үш жүз».
Алаш партиясының құрылуы
Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібіне «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынып, оған мынадай негіз келтірді: «Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса бағдарламасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды».
1917 жылғы 21—26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд «Шуро-и-Исламға» сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократиялық федеративтік парламенттік республикаға құрылмақ...».
Съездің соңғы күні жаңа қалыптаса бастаған партияның басшысы Ә.Бөкейханов ресейлік Кадеттер партиясына мүшеліктен шығатынын және оның себептерін мәлімдеді. Партияның ұйымдық тұрғыдан құрылуы күзге, яғни Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқанына тұспа-тұс келді. «Қазақ» газеті өзінің бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға шақырды. Сонымен бір мезгілде «Қазақ» басқармасынан барлық облыстардағы Қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын «Алаш» деп қою туралы жеделхаттар жіберілді.
Алаш партиясының облыстык ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастады. Ә.Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен қазанның 12—20 аралығында партияның облыстық ұйымдары алдымен Семейде, кейін Омбыда, ал карашаның 10-на қарай Орынборда ашылды. Семей облыстық партия комитетінің төрағасы болып Халел Ғаббасов, Омбы обкомының төрағасы болып Айдархан Тұрлыбаев, ал Торғай обкомының төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. Партияның арнайы съезін шақырып, баскару орындарын сайлауға, жарғысы мен бағдарламасын бекітуге қолайлы жағдайдың болмауынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат есебінде тіркелген топ партияның басқарушы ұйытқысы саналды.
. Алаш партиясы күрделі үш ірі мәселені шешуге үлкен үлес қосты. Біріншіден, партия мүшелері халық арасында, қазақ зиялылары ішінде, ең алдымен, шешілуге тиіс жалпыұлттық зәру мәселелерді талқылауға мұрындық болып, сол мәселелер бойынша ортақ тұжырымдарға келуде басты рөл аткарды. Бұл тұжырымдар партия бағдарламасының жобасында берілді. Екіншіден партияның ұйытқысы болған қайраткерлер 1917 жылы желтоқсанда қазақ елінің Алаш автономиясы атанған ұлттық мемлекеттігі өмірге келгенін жария етті. Осы съезде өмірге Алашорда — ұлттық Кеңесі үкіметі келгені мәлім. Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін Алаш партиясының мүшесі санағандығы күмән тудырмайды. Үшіншіден, осы жылғы қарашада болып өткен Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлауында барлық қазақ қайраткерлері Алаш партиясының атынан тіркелді және оның атынан депутат болып сайланды. Осы құрылтайға депутаттар сайлау барысында барлық қазақ облыстарында Алаш партиясы ең көп дауыс алған партия болды. Объективті жағдай, күрделі де қатал өмір ағымы Алаш партиясының саяси күреске білек түріп араласып кеткен ірі саяси күшке айналуына мүмкіндік бермеді. Қым-қиғаш азамат соғысы тұсында ондай міндетті тек Алашорда үкіметі ғана атқара алатын еді.
Қоғамның саяси өміріндегі басқа ұйымдар мен партиялар
Түрлі саяси ұйымдар мен партиялардың саяси белсенділігінің арта түсуі 1917 жылға тұспа-тұс келді. Құрамы жергілікті зиялылар мен оқушы жастардан тұратын бұл ұйымдардың саны жиырмадан асып түсетін еді. Бұл қоғамдық ұйымдардың көздеген мақсаты біркелкі болған емес, олардың қайсыбірі жалпыұлттық ұстанымда болса, екінші біреулері соңынан белгілі бір әлеуметтік топтарды ертуді көздеді.
1917 жылы қарашада Мұқан Әйтпенов және Шаймерден Әлжанов бастаған бір топ Омбы зиялылары «Үш жүз» аталатын саяси партия құрағандарын мәлім етті. Бұл партияның өмірге келуі қазақ зиялылар тобының білімі мен саяси мәдениеті түрғысынан біркелкі емес, сондай-ақ түрлі саяси ұстанымда екенінің айғағы. Келесі жылдың басына қарай бұл саяси ұйымдағы басшылық Көлбай Тоғысовтың қолына көшеді. Өздерін саяси партия ретінде жариялаған алғашқы күннен бастап-ақ үшжүздіктер Алаш партиясына қарсы ұстанымда болды. Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлау науқанына дербес тізіммен түсіп, сайлауда бірде-бір өкілін өткізе алмады. Үшжүздіктердің қазақ қоғамы арасында беделінің жоқтығы басшылығында ел мойындаған саяси тұлғаның болмауына, сондай-ақ партияның халықты соңына ерте аларлық нақты бағдарлама ұсына алмауына байланысты еді. «Үш жүз» қазақ арасындағы мұсылмандықты қолдайтындығын және қорғайтындығын айта отырып, сонымен бірге атеистік ұстанымдағы большевиктермен қоян-қолтық жұмыс істеуге күш салды. Өз ретінде большевиктер үшжүздіктерді Алаш партиясының беделін түсіру мақсатында пайдалануға тырысты. Өзін социалистік ұстанымдағы партия санаған «Үш жүздің» қызметінде үйлесімсіз қайшылықтар көп еді, сондықтан да оның қызметі ұзаққа созылған жоқ. 1917 жылы құрылған саяси ұйымдардың бірі «Ислам жолындағылар кеңесі» («Шуро-и-Ислам») болды. Орталығы Ташкент қаласында құрылған бұл ұйымның қызметі жалпы Түркістан өңіріне ықпалды болды, сондай-ақ оның басшылығында Мұстафа Шоқай, Сералы Лапин болды.
«Ислам жолындағы кеңестің» («Шуро-и-Ислам») ұйымдастыруымен 1917 жылғы қарашада Қоқан қаласында IV төтенше өлкелік мұсылмандар съезі шақырылып, онда кеңестік билікке балама Түркістан (Қокан) автономиясы құрылғандығы жарияланып, үкіметі құрылды.
9-тақырып. Қазақстандағы азамат соғысының жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктері. «Әскери коммунизм»саясаты.Қазақ АКСР-ның құрылуы.
1918 – 20 ж. Кеңестік Ресейде орын алған Азамат соғысы Қазақстанды да қамтыды. Ол іс жүзінде 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жалғасы болды. Азамат соғысы жылдарында қарулы күрестің бір жағында Қазан төңкерісі жеңісі нәтижесінде жеңіліс тауып, саяси және экономикалық биліктен айырылған күштер тұрды. Оларға АҚШ, Англия, Франция, және Жапония мемлекетінің үкіметтері жан-жақты көмек көрсетті. Күрестің екінші жағында Қазан төңкерісі нәтижесінде өкіметті өз қолына алған большевиктер партиясы бастаған күштер тұрды. Олар большевиктік ұрандар мен Кеңес өкіметі жариялаған социализм идеяларына сенген жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінен қолдау тапты. Большевиктер мен Кеңес өкіметін жақтаушылар «қызылдар» деп аталса, оларға қарсы тұрғандар «ақтар» деп аталды.
Қазақстанда азамат соғысының Ақтөбе (немесе Солтүстік Түркістан), Орал және Жетісу майдандары құрылды. Қазақстандағы шешуші соғыс қимылдарына «қызылдар» жағынан Михаил  Фрунзе, Валериан Куйбышев, Василий Чапаев, Иван  Белов, т.б., ал «ақтар» жағына Александр  Дутов, Владимир Толстов, Борис  Анненков, т.б. басшылық етті. Торғай далаларында «ақтарға» қарсы күресте Амангелді Иманов, Батыс Қазақстанда Хамит Чурин, Бейсен Жәнекешев, т.б. көзге түсті. Ал Әліби Жангелдин азамат соғысы қызу жүріп жатқан кезде (1918 жылдың күзі) Мәскеуде жасақталған қару-жарақ керуенін Түркістан майданына жеткізді.
1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды.
Қазақстандағы Азамат соғысының ерекшеліктері мен салдары. 1920 жылдың соңында Азамат соғысы аяқталды. Ресейдің шеткері аймақтарында Кеңес өкіметіне қарсылық көрсетудің жекелеген ошақтары ғана қалды. Қазақстандағы қарулы қарсы тұру Ресейдегі Азамат соғысының құрамдас бөлігі еді. Қазақстандагы Азамат согысының ерекшеліктері қандай? Бәрінен бұрын өлке өнеркәсіп орындарының, темір жолдардың жеткіліксіздігімен, халықтың аздығы, аумақта төрт казак әскерінің болуымен ерекшеленді. Күштердің арасалмағы Кеңес өкіметі үшін қолайсыз еді. Сыртқы шекаралардың жаңындығы (Синьцзян) Қызыл Армияның жауларына шекаралас аудандарда әскери базалар қүруды жеңілдетті. Сонымен қатар орасан үлкен аумақта майдандардың шашырап орналасуы және майданның бірыңғай шебінің болмауы өскери операцияларды үйлестіруді қиындатты. Азамат соғысы мыңдаған адам омірін қиды, кейбіреулері отандарынан мүлдем айырылды. Экономиканың Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінен басталған қүлдырауы күшейе түсті. Әр түрлі аудандардың, халық шаруашылығы салаларының, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, қала мен деревняның арасындағы экономикалық байланыстар бүзылды. Азық-түлік пен ең қажетті бұйымдардың тапшылығы өткір сезілді, қағаз ақша (рубль) құнсызданды. Қазақстанда көмір өндіру 1913 жылмен салыстырғанда 5 есеге, мұнай өндіру 4 есеге қысқарды.
Әскери коммунизм саясаты — 1918–1921 жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес одағының ішкі саясатының аты.
Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азақ-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салығы енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.
«Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді. Қазақстанда «әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді. Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады.
Қазақ АКСР – інің құрылуы.
1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлар кеңесі «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декрет қабылдады. Ол өлкедегі ең жоғарғы әскери – азаматтық басқарма болып саналды. Казревком құрамына Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстары, Астрахань губерниясының шығыс бөлігі кірді. Казревком төрағасы С. Пестковский болды. Мүшелері: А. Байтұрсынов, Ә. Жангельдин, Ә. Әйтиев, Б. Қаратаев, С. Сейфуллин, С. Мендешов, М. Сералин, В. А. Радус – Зенькович, А. Авдеев т. б.
Казревком міндеттері:1. Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу.2. Өлкеде мемлекеттік, шаруашылық, мәдени құрылыс орнату.3. Өлке Кеңестерінің құрылтай съезін әзірлеу.
1920 жылы 9 наурызда Алашорданы тарату туралы Казревком шешімі қабылданды.
Казревком мәдени құрылыста біршама жұмыстар атқарды:- «Ұшқын» газетін шығарды.- Ақтөбе уезінде 300 мектеп ашылды.
- Қалаларда мұғалімдер даярлайтын мектептер жұмыс істеді. Сонымен бірге Казревком қазақ жерлерін біріктіру жөнінде жұмыстар атқарды.
1920 жылы 26 тамызда «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декрет жарияланды . Орынбор қаласы – астана (1920 – 1924 жж.). Территориясы – Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі. Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасының құрамына енгізілген болатын (1918 ж). Халқы – 5 млн.-ға жуық адам.
1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің съезі өтті. Мұнда жоғарғы өкімет органдары сайланды: Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешев, ал қазақ АКСР – інің Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В. А. Радус – Зенькович болды. Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды. Декларацияда Қазақ АКСР – нің мемлекеттік басқару органдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды.
Қазақ АКСР – нің құрылуының тарихи маңызы:1) Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі.2) Отаршылдыққа қарсы күрес нәтижесі.3) Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам.
10-тақырып «Соғыс коммунизмі» саясаты және оның Қазақстандағы ерекшеліктері.
Соғыс Коммунизмі– Кеңес өкіметінің азамат соғысы жылдарында (1918 – 20) іске асырған экономикалық саясаты. Ол ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеуге қызмет етті. 1921 ж. наурызда жаңа экономикалық саясатпен ауыстырылды.
Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азақ-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салығы енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.
«Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді. Қазақстанда «әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді. Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады.
11-тақырып.1920-жж. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер.Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат.
Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Қазақстанның 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін өндіру 5 есе қысқарды, ал мыс кенін өндіру мүлде тоқтап қалды. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Өлке халық шаруашылығының жалпы өніміндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы небары 6,3 % болды. Республиканың ауыл шаруашылығы құлдырап кетті. Егіс көлемі Орал губерниясында 2 еседен астам, Жетісуда 3 еседей қысқарды. Мал саны да едәуір азайып, 29,9 млн. – нан 16,3 млн. – ға дейін кеміді.
Кеңес үкіметі еңбекшілердің жағдайын жеңілдетуге ұмтылып, 1921 жылдың бас кезінде Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі халыққа азық – түлікті, отынды тегін босату туралы, коммуналдық қызметтерді тегін көрсету туралы, ақысыз асханалар ашу туралы декреттер қабылдады.
Алайда, зорлық – зомбылыққа негізделген азық – түлік саясаты сәтсіздікке ұшырады. Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады. Қостанай, Ақмола, Орал, Семей облыстарында көтеріліс ошақтары пайда болды. 1921 жылы ақпан айында патша армиясының полковнигі Николаев пен Есаул Токарев бастаған 25 мың адамнан тұратын отряды Петропавл қаласында Кеңес үкіметі органдарының үйін қиратты. 1921 жылдың наурызында Орал губерниясының территориясында Сапожников отрядының қаруланған 10 мыңнан астам бүлікшілері әрекет етті. Қарқаралы уезінде 70 – тен астам партия және Кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты.
XX ғасырдың 20 жылдың басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюының себептері: - Мемлекеттің еңбекші халыққа қолдану саясаты (азық – түлік салғырты); - 1921 – 1922 жылдардағы жаппай ашаршылық; - Мал шаруашылығының ауыр жағдайы; - Егін алқаптарының күрт азаюы.
Осы жағдайлардан азық – түлік салғыртының орнына азық – түлік салығын енгізудің қажеттілігі айқындала түсті.
1921 жылдың 8 – 16 наурызда өткен партияның X съезі салғырттан азық – түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа (НЭП – ке) көшудің қажеттігін негіздеп берді.
Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет.
1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды.
Өнеркәсіптегі өзгерістер:
Экономиканы дамыту үшін ең алдымен ірі өнеркәсіпті қалпына келтіру және қайта құру қажет болды.
1. Кәсіпорындар сала бойынша ірі тресттерге біріктірілді. Бірінші дәрежелі кәсіпорындар «Одақтық маңызы бар» тресттерге біріктірілді. Екінші дәрежелі кәсіпорындар Өлкелік трестерге біріктірілді.
2. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамға, шетелдіктерге, кооперативтерге жалға берілді.
3. Өнеркәсіп, темір жол, көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті. Өнеркәсіптегі өзгерістердің нәтижесінде Риддер қорғасын зауыты 1923 жылы одақтағы өндірілетін қорғасынның 40% -ын өндіре бастады, Доссор, Мақат мұнай кәсіпорындары іске қосылды, Шымкент сантонин зауыты ашылды, 1927 жылы Қарсақбай комбинаты мыс өндіре бастады. Өнеркәсіптегі өзгерістердің оң нәтижесімен қатар кемшіліктері де болды. Мысалы: Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды. Тресттердің пайдасы Ресейге кетті.
Ауыл шаруашылығындағы өзгерістер:
1. Әскери коммунизм саясаты кезінде енгізілген салғырт жойылып, оның орнына салық енгізілді (1921 жылы наурызда)
2. Түтін салығы мен күш-көлік салығының орнына бірыңғай заттай салық енгізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда 2,5 есе аз болды.
3. 1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды.
4. Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығы байларға және кулактарға түсті.
5. Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды.жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді.
6. Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды.
7. Жерді арендаға беруге рұқсат берілді.
8. Несие берілетін болды.
9. «Қосшы Одағы» құрылды.
10. 1924-1925 жылдары елге тракторлар әкеліне бастады. Осы өзгерістердің нәтижесінде егіс көлемі ұлғайды, мал саны өсті және кедейлер азайып, орташалар саны көбейді. Байлар, кулактар шектетілді, сайлау, сайлану құқығынан айырды.
Сауда: сауда еркіндігі еркіндігі қалыптасты. Оған дәлел:
1. 1921 жыл 24 мамырда «Айырбас туралы» декрет қабылданды.
2. Декрет бойынша айырбас жасауға рұқсат етілді.
3. Жәрмеңкелер ашыла бастады. Мысалы, Ақмола губерниясында «Атбасар» жәрмеңкесі, Ақтөбе губерниясында «Ойыл», «Темір» сияқты жәрмеңкелер, Бөкей губерниясында «Орда» жәрмеңкесі ашылды. Қазақ жерінде барлығы жеті өлкелік, он үш губерниялық және жетпіс бес жергілікті жәрмеңке ашылған болатын.
4. Жеке саудаға рұқсат берілді.
Жаңа экономикалық саясаттың жалпы қорытындысы:
1. Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді.
2. Ауыл шаруашылығы дамымай қалды.
3. Бұл саясат аяғына дейін жеткізілмеді.
4. Өнеркәсіп артта қалды, дамымады.
5. Жаңа экономикалық саясат бұрмаланды.
6. Саяси өмірде демократия бұрмаланды.
7. Еркіндік мүлде болмады.
8. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық 1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 80%-ы қырылып қалды. Елде аштық басталды.Ашығушылар саны барша қазақ халқының 1/3 бөлігін қамтыды.
• 1921 жылғы қараша – 1млн.508 мың адам,
• 1922 жылғы науырыз – 2 млн.303200 адам аштыққа ұшырады.
Орал, Ақтөбе , Орынбор, Бөкей губернияларын аштық жайлады. 1922 ж маусымда Батыс Қазақстанда ашығушылар мен аурулар 82%-ға жетті. 700 мыңнан астам адамдар республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.
12-тақырып. XXғ. 20–30 жылдардағы Қазақстанның мәдени құрылысы.
Жаппай сауатсыздықты жою және білім беру жүйесінің дамуы.
Ересектер арасында сауатсыздықты жою Шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды.1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. 1921–1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% болды. 1931 жылы Қазақстанда 15–20 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді.Сауатсыздық жою ісі жөнінде Қазақстан одақ құрамындағы басқа мемлекеттерден артта қалды. Мұның себебі – әміршіл-әкімшіл жүйенің бюрократтық саясаты. Сауатсыздықты жою ісінде ең алдымен комсомол ұйымы белсенділік танытты. Тек қана 1930 жылы бұл іске комсомол құрамындағы 5000-ға жуық жастар қатысты.1936 жылы жер-жерден ашылған сауатсыздықты жою мекемелерінде 500000-нан астам адам оқыды.Республикада ересектер арасында сауатсыздықты жою ісіне сол кездегі «Ауыл мұғалімі» журналы мен «Төте жол» газеті әдістемелік құрал ретіндегі көмегін тигізді.1939 жылы Қазақстандағы сауатты адамдардың үлесі 65% болды, қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40%-ға жетті. Республикадағы ірі қалалар, негізінен, сауатты қалаларға айналды (Алматы, Шымкент, Қарағанды, Лениногорск, Тараз, Орал т. б.)
Халыққа білім беру ісі
1926 жылы Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біртұтас еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады. Көптеген қалаларда арнаулы білім беретін және соның ішінде қазақ қыздарын оқытатын мектептер ашылды.1930–1931 жылдары Қазақстан халықтарының арасында жалпыға бірдей оқу міндеті енгізілді. Жалпыға бірдей білім беру ісіне үкімет қолдау көрсете бастады. Сонымен қатар Қазақстан комсомолы бұл істің жүзеге асырылуын және білім беру ісінің дамытуын өз мойындарына алды. Білім беру ісін дамыту бағытында ана тіліндегі оқулықтарды жасаған қазақтың ұлттық зиялылары үлкен үлес қосты. Мысалы, А. Байтұрсынов суретті әліппе, Ж. Аймауытов ана тілі оқулықтарын жазды.20–30 жылдары қазақ мектептеріне арналған оқулықтарды жасау бағытында. Ғ. Мүсірепов, С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Қ. Кемеңгеров, Ә. Бөкейханов, С. Сәдуақасов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов көп еңбек сіңірді. Республика жерінде орыс, қазақ, өзбек, татар тілдерінде оқытатын мектептер жұмыс істей бастады. 1934–1935 жылдары Қазақстанда 221 ин¬тернат жұмыс істеді.Соғыстың алдында республика мектептерінде 44000 мұғалім жұмыс істеді. С. Ақышев, С. Көбеев, А. Ақатов, Ш. Сарыбаев, Л. И. Довранская, Н. В. Волков т. б. білім беру ісінің үздіктері «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» деген атаққа ие болды.
Әдебиеттің дамуы
XX ғасырдың 20–30 жылдарында қазақ әдебиетінде Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, М. Дулатов, М. Жұмабаев бастаған ақындар мен жазушылардың орны ерекше болды.С. Сейфуллин «Қазақ жастарының марсельезасы», «Көкшетау», «Советстан» шығармаларының авторы. 1927 жылы Қазан революциясы, азамат соғысы жайында «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи романын жазды.М. Жұмабаев «Батыр Баян», «Жүсіп хан», «Қойлыбайдың қобызы», «Ертегі» т. б. дастандарын жазды.С. Мұқанов «Сұлушаш» поэмасын, «Ботагөз» романын жазды.І. Жансүгіров «Құлагер», Б. Майлин «Азамат Азаматыч», И. Байзақов «Құралай сұлу», Ғ. Мұстафин «Өмір мен өлім», Ж. Аймауытов «Қартқожа» туындыларын осы кезде жазды. Б. Жәнікешов, Б. Ізтөлин азамат соғысы жылдарындағы белгілі ақындар.Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», Ж. Аймауытовтың «Ел қорғаны», «Мансапқорлар», Б. Майлиннің «Жалбыр», М. Әуезовтің «Түнгі сарын», «Айман-Шолпан» сияқты туындылары қазақ драматургиясының ірі табыстары ретінде белгілі болды. Қазақ әдебиетінде кеңестік басқа ұлт өкілдерінің де алатын орны ерекше. Мысалы, қазақ жеріндегі ұжымдастыру жөнінде Мате Залка «Тұман тұмшалаған ауыл» атты романын жазды.20–30 жылдардағы қазақ әдебиетінде аударма ісі де ерекше орын алды.Алаш қозғалысының жетекшісі Ә. Бөкейханов аударма ісінің шебері болды.А. Байтұрсынов И. А. Крыловтың шығармаларын, Ж. Аймауытов М. Ю. Лермонтов пен А. С. Пушкиннің, Ғ. Тоқай Ф. Шиллердің шығармаларын;М. Жұмабаев М. Горький мен Г. Гейненің, Гете мен Д. МаминСибиряктың, В. Ивановтың шығармаларын аударды.Ж. Аймауытов «Интернационалды» аударды.Ж. Жабаев пен Н. Байғаниннің, Ш. Қошқарбаевтың т. б. ақындардың өлеңдері мен дастандары қазақ поэзиясын одан әрі дамытты.XX ғасырдың 20–30 жылдарында Ә. Тәжібаев, Қ. Аманжолов, Ә. Сәрсенбаев, Д, Әбілов, Қ. Бекхожин, Ж. Саин, Т. Жароков бастаған жас буындар әдебиет саласында белгілі бол-ды.Сталиндік бюрократизм, жазалау шаралары, репрессия қазақ әдебиетіне орны толмас шығын әкелді. Мысалы, жазықсыз жолмен М. Дулатов түрмеге қамалып, 1935 жылы қайтыс болса, А. Байтұрсынов 1937 жылы атылды
13-сұрақ
Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдықсаясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.• 1921 жылғы сәуір – патша өкіметі кезінде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды.Нәтижесінде:- Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды.- Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.• 1921 жыл –Жетісуда жер реформасы жүргізілді.- Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды.- 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.1921-1922 ж.ж аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.Реформаны жүзеге асырудағы қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушылар кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл-кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туындады.• 1921 жыл – «Қосшы одағы» құрылды (1930ж- «Кедей одағы»атанды).Жетекшілері: А.Асылбеков, Ә.Жангельдин, С.Меңдешев, С.Сейфулин,А.Розыбақиев т.б.1921 жылғы наурызда «Қосшы одағы ны» 17 мыңнан астам мүшесі болды. Міндеттері:- Еңбек артельдерін құру.- Кедейлерге жер беру.- Еңбекшілердің саяси сана-сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.1921-1922 жылғы дүргізілген жер реформасының маңызы:• Еңбекшілерді социалистік құрылысқа тартуда үлкен ролатқарады.• Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.• Қазақ аулындағы патриархаттық феодалдық негізді әлсіретті.• Ұлттық келісімінің орнығуына жағдай жасады.
14-сұрақ
. 1919 жылы 19 қыркүйектеОрынбордыңҚазақөлкесінеқосылуытуралышешімқабылданды, 1920 жылы 7 шілдедеОрынбор республика құрамынакірді, 1920 жылы 20 тамыздаҚырғыз (Қазақ) АвтономиялыКеңестікСоциалистікреспубликасынқұрутуралы декрет шықты, Астанасы: ТұңғышастанаОрынборқаласы 1920-1924, соданкейінАқмешіт (Қызылорда), 1929-1997 жылдарда Алматы, Аумағы - Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақуезі, Красноводск уезініңбірбөлігі, Астрахань губерниясыныңбірбөлігі, 1920 жылы 4 қазандаОрынбордаҚырғыз (Қазақ) АКСР КеңестерініңҚұрылтайсьезіөткізілді, Қырғыз (Қазақ) АвтономиялыКеңестікСоциалистікРеспубликасыжарияланды, ЖоғарғыАтқаруКомитеті, төрағасы - Меңдешев, ХалықКомиссарларыКеңесі, төрағасы - Радус-Зенькович, Қырғыз (Қазақ) АКСР-ніңқұрылуыныңтарихимаңызы - Қазақхалқыныңғасырлықарманыорындалуыныңкөрінісі, Отаршылдыққақарсыкүрестіңнәтижесі, ҰлттыққайтаөрлеужолындағыалғашқықадамҚазақжерлерініңҚазақ АКСР құрамынабіріктірілуі, Арнаулы комиссия құрылып, республика шекарасынбелгілеуменайналысты, Бұлөзгерістеркезіндеәртүрлікөзқарастартуындады - ҚазақөлкесінеАқмола, Семей, Орал облыстарыныңқосылуынақарсылық, Республика құрамынаОмбыоблысын, Орта Азияныңкөпбөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесінқосу, Қазақзиялылардыңараласуымен - Қостанайаймағын республика құрамынақосуқажеттігінАхметБайтұрсынұлы мен МұхаммеджанСералинжан-жақтыдәлелдеді, БатысСібіргееніпкелгенАқмола мен Семей облыстарынөлкеқұрамынаенгізумәселесі 5 ретқаралып, Бөкейханов, Байтұрсынұлы, Ермеков, Сералиндердіңтарихидеректемелеріненкейінғанашешілді, 1921 жылыАқмолажәне Семей облыстарыСібір ревкомы қарамағынанҚазАКСР-не берілді, 1921 жылыЖайық, Ертісөзендерібойындағыбұрынқазақтариеленіпкелген 10 шақырымдықөңірқазақхалқынақайтарылды
1920 жылы 4-12 қазанда Орынбор қаласында өткен Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі Қырғыз (қазақ) Кеңестік Автономиялық Социалистік Республикасы еңбекшілері құқықтарының декларациясын қабылдайды, ол декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін Қаз. АКСР құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. Орталық Атқару Комитетінің (ОАК) басшысы С. Меңдешовты және Халық Комиссарлары Кеңесінің (ХКК) басшысы В. Радус-Зеньковичті сайлады. Астанасы болып Орынбор қаласы жарияланды. 1925 жылы Қырғыз АССР аты РСФСР құрамындағы Қазақ АССР деп өзгертілді.
15-сұрақ
Жаңа экономикалық саясат шеңберінде жасалып, жеделдете жүзеге асырылған аса маңызды шаралар көп ұзамай Қазақстандағы ауыл шаруашылығының жай-күйін жақсартуға игі әсерін тигізді. 1925 жылдың аяғына қарай өндірістік өнімді өндіру деңгейі 1920 жылмен салыстырғанда 5-6 есе өсті және соғыстың алдындағы деңгейге 2/3 жуық мәнге ие болды. 1921 жылғы 17% өндіріс мекемесіне қарсы 60%-дан астамы іске қосылды. Республиканың ауыл шаруашылығының дамуының жағымды жақтары біліне бастады. Егін егу алқабы 3 млн га-ға жетті, астық жинаудың соғыс кезіне дейінгі деңгейі қалпына келтірілді. Мал өсіру саласы дағдарыстан шыға бастады. 1922 жылмен салыстырғанда мал басының саны 1925 жылы екі есе көбейді. Теміржол магистралінің жұмысы қалыпқа келді. Қайтадан теміржол тармақтары іске қосылды: Петропавл-Көкшетау, Славгород-Павлодар және басқалары. Өзен транспорты қалпына келтірілді.
Қазақстандағы индустрализация: кеңестік үлгі.
Қазақстанды жаңғыртудың кеңестік үлгісі. 1925 ж. желтоқсанда өткен БК(б)П-ның ХІV съезінде Кеңестер Одағын индустрияландыру бағыты белгіленді. Капиталистік шаруашылықтан ерекше, елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, өзіндік машина, станок жасау, металлургия, химия, қорғаныс және басқа да ірі өнеркәсіптері бар жүйе құру қажет делінді. Шаруашылықтың барлық салаларын соның негізінде техникалық қайта жасақтандыру мен еңбек өнімділігін арттыру үшін бүкіл экономиканың негізі ретінде ең алдымен ауыр өнеркәсіпті дамыту, оның шаруашылықтағы жетекшілік рөлін бекіту арқылы шет елдермен экономикалық жарыста озып шығу мақсаты қойылды. Бұл сол кездер үшін дұрыс, бірақ күрделі мақсат еді. Кеңестер Одағы көлемінде бұл бағытта біршама жетістікке қол жеткізілді. Бірақ оның біржақты жүргізілгенін, дәлірек айтқанда, ұлттық аймақтарды, соның ішінде, әсіресе, Қазақстанды патшалық билік кезіндегідей шикізат көзі дәрежесінде қалдырғанын көреміз.
1925 жылдың қыркүйегі мен 1928 жылдың қыркүйегі арасындағы үш жылда өнеркәсіп салу ісіне 3,3 млрд сом қаржы жұмсалды. Ол орасан зор қаржы негізінен алғанда Ресей аумағындағы ескі өнеркәсіп орындарын қайта жөндеу мен жаңа қуатты зауыт-фабрикалар, су-электр станцияларын жасауға жұмсалды. Соған қарамастан Қазақстандағы индус¬трияландыру ісі патриархаттық-феодалдық қатынастарды, яғни дәстүрлі шаруашылық жүйесін біржолата жою, феодализмнен капитализмге соқпай социализмге жедел қарқынмен өту сияқты ұрандармен басталды. Жерді қайта бөлу, мал-мүлікті тәркілеу, күштеп ұжымдастыру әрекеттері осылайша жаңа науқанмен ұласты.
1926 ж. 27—30 сәуірде сол кездегі республика астанасы Қызылордада өнеркәсіптің дамуы мәселесіне арналған арнайы өлкелік мәжіліс өткізілді. Онда Қазақстанның орасан зор табиғат байлығы атап өтіле отырып, зерттелмеген аймақтардағы қазба байлықтарын кең түрде барлау қажеттігі көрсетілді. Қазақ АКСР-нің ХШК (Халық шаруашылығы кеңесі) мен Мемлекеттік жоспарлау Комитетіне республиканы өнеркәсіптік аудандастыру мен өнеркәсіптің, ең алдымен түсті металлургияның дамуының перспективалық жоспарын жасау тапсырылды. Кеңесте сондай-ақ Қазақ АКСР-ы жағдайында “әсіресе жер және мал шаруашылықтарымен тікелей байланысты жергілікті өнеркәсіпті кең түрде өрістету” өмірлік қажеттілік ретінде атап көрсетілді. Осы негізде өңдеу өнеркәсіптерінің тері, май, ұн, тұз өндіру, балық аулау сияқты салаларының даму жолдары айқындалды. Байқап отырғанымыздай, басты назар патша заманындағыдай тау-кен ісі мен өңдеу өнеркәсібіне аударылған екен. Демек, пайдалы қазбалар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін орталықтағы ірі кәсіпорындар үшін өндіру басты міндет ретінде белгіленді. Бұл Қазақстандағы индустрияландыру ісінің отаршылдық, дәлірек айтқанда, шикізат көзі ретінде орталыққа қызмет еткізу бағытында басталғанын көрсетеді.
Патша үкіметінің кезінде қоныстандыру ретінде қазақ даласын орыстандыру саясатының жүргенін жете түсінген ол индустрияландыру барысында да әр түрлі желеумен осындай бағыттың орын алып келе жатқанын жақсы сезінді. Республикаға одан сыртқары аудандардағы деревняларында жерлері жеткілікті, сондықтан “партия алдына көші-қонды күшейту туралы мәселе қоятындай жағдай жоқ” деп, сырттан “бос” жұмысшыларды әкелуге, сол арқылы жаппай қоныстандыру саясатына қарсы болды.
Қазақстандағы индустрияландырудың барысы мен сипаты. 1928 жылдың 1 қазанынан шартты түрде басталатын бірінші бесжылдық жылдарында Қарсақбай, Риддер сияқты кәсіпорындар, Ембі мұнай өндірісі, Степняк алтын кені және т.б. қайта қалпына келтірілді. Өңдеу өнеркәсібінің Семей тері, кірпіш, Петропавл ет комбинаты сияқты байырғы түрлері жөнделіп, қайта іске қосылды. Ал бес жылдың ішінде жаңадан салынғандары: Іле ағаш тілу, Балқаш мыс балқыту, Шымкент қорғасын, Ақтөбе фосфор тыңайтқыштары, Орал мен Алматыда ет комбинаттары, Гурьевте (қазіргі Атырау) балық консервілеу комбинаты, Мерке, Жамбыл және Талдықорғанда қант зауыттары ғана болды. Олардың өзі негізінен шағын аумақты қамтамасыз етуге бейімделген кәсіпорындар еді.
Кеңес үкіметінің басшылары да патша заманындағыдай Қазақстанға бай шикізат көзі ретінде қарады. Табиғат байлықтарының күрделі ошақтарын табу мақсатында бірінші бесжылдық жылдарында КСРО Ғылым академиясы кешенді ғылыми экспедициялар ұйымдастырды. Академик Н.С.Курнаков басшылық еткен Орталық Қазақстандағы геологтар мен геофизиктер тобы Қазақстан Республикасы “Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы” болып табылады деген тұжырым жасады. Ал Орал-Ембі аймағын зерттеген академик И.М.Губкин бастаған топ оның мұнайға аса бай екенін дәлелдеді. Кеңес үкіметі осы байлықтарды пайдалануға баса көңіл бөлді. Соның барысында соғыс басталғанға дейінгі кезеңде Қарағанды шахталары, Ембінің мұнай кәсіпшіліктері, Алтай мен Ащысай кәсіпорындары қайта жабдықталып, Зырянов, Риддер полиметалл, Балқаш пен Жезқазған кен-металлургия комбинаттары салынды. Қазақстандағы түсті металлургия өнеркәсіптің жетекші саласына айналдырылды. Бірақ олар негізінен руда күйінде қазып алынған түсті металдарды өңдеумен айналысты. Тазартылып, өңделіп дайындалған түсті металл өнімдері шикізаттар ретінде орталықтағы ірі өнеркәсіп орындарына жөнелтіліп отырды. Мысалы, Орталық Қазақстан Оңтүстік Оралдың ірі кәсіпорындарын рудамен, металмен, көмірмен жабдықтады. Кенді Алтай өңірі Сібірдегі кәсіпорындарды қамтамасыздандырды. Ембі мұнайы Орск сияқты мұнай өңдейтін зауыттарға жіберілді. Балқаштың мысы мен Шымкенттің қорғасыны да Қазақстаннан тыс жерлерге тасып әкетілді. Жоғарыдан жүргізілген индустрияландыру негізінен шикізат көздерін игеруге және оларды Ресейге жіберіп отыруға бағытталды. Қазақстандағы зауыт-фабрика делінгендер халық тұтынатын дайын өнімдер шығармады. Оларды Кеңес Одағының басқа аймақтарынан, Ресейден алып отыруға мәжбүр болды. Машина жасау, металлургия және қорғаныс өнеркәсіптері болмады. Энергетика базасы мен құрылыс материалдарын жасайтын өнеркәсіптер жетіспеді.
Түрксіб темір жолын салу. Индустрияландыру кезіндегі Қазақстандағы ең күрделі құрылыс — Түрксіб темір жолын салуды аяқтау болды. Түрксіб құрылысының бастығы болып В.С.Шатов тағайындалды. РСФСР үкіметі жанынан Түрксіб құрылысына көмектесетін арнайы комитет құрылды. Оны РСФСР Халық комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов басқарды. Құрылыс жұмыстарына бірнеше ұлт өкілдерінен құралған 100 мыңдай адам тартылды. Қысы-жазы, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан еңбек еткен олар, сөз жоқ, ерліктің үлгісін көрсетті. Әсіресе қиын да күрделі қара жұмыстар қазақ еңбекшілерінің еншісінде көбірек болды. Түрксібтің оңтүстік және солтүстік бөліктері 1930 ж. 28 сәуірде Айнабұлақ станциясында түйісіп, жол уақытша пайдалануға берілді. Ал 1931 жылдың қаңтарынан бастап тұрақты түрде жұмыс істей бастады. Жалпы ұзындығы 1445 километрге созылған бұл темір жолдың ел өміріндегі маңызының зор екенінде дау жоқ. Бірақ біздің мынаны да ескеруіміз қажет. Патша заманындағы сияқты бұл бағыттағы темір жол да негізінен еліміз аумағындағы шикізатты шетке тасу, ал шеттен дайын тауар алып келу үшін қызмет етті. Қазақстан сонымен Кеңес Одағының да шикізат дайындайтын шеткері аймақтарының бірі болып қала берді. Ал салынған өнеркәсіп орындары мен темір жолдар еліміз аумағынан шетке тасылатын шикізат көлемін көбейте түсті. Мәселен, 1929/30 шаруашылық жылдары 1928/29 жылдармен салыстырғанда Қазақ жерінде өндірілген тас көмір — 1,4 есе, мұнай — 1,3 есе, мыс кені — 2,5 есе, түсті металл кендері — 2,3 есе көп өндірілді. Түрксібтің салынуымен республикамыздағы жүк тасымалы 1928 жылғы 2902 мың тоннадан 1932 ж. 8888,4 тоннаға дейін, яғни 3 еседен астам өсті. Әсіресе құрылыс материалдарын тасу — 10 есеге, тас көмір мен кокс — 8 еседей, мұнай өнімдері — 2 есеге артты. Осылайша Қазақстандағы индустрияландыру кезіндегі басты құрылыс болып жарияланған Түрксібтің өзі кеңестік тоталитарлық орталықтың біржақты саясатының жемісі болып шықты.
16-сұрақ
Ауыл шаруашылығын коллективтендіру , ауыл— КСРО-да ұсақ, жеке шаруа қожалықтарын біріктіру арқылы ауыл шаруашылығын мемлекет мүддесіне толық бағындырып, қайта құрудың теориясы мен практикасы.
Ұсақ тауарлы шаруашылықтарды кооперациялау идеясын ғыл. коммунизмнің негізін қалаушылар Карл Маркс, Ф.Энгельс ұсынған болатын. Қазан төңкерісінен (1917) кейін құрылған Кеңес империясының экономикалық даму жолын таңдау мәселесінде үкімет пен партия басшылары екі топқа бөлінді. Олардың алғашқысы — Бухарин тобы (Н.И. Бухарин, А.Н. Рыков, М.П. Томский) экономикалық жүйеде әлі де көп жылдар нарықтық қатынас түрі шешуші тетік болып қала береді деп санады. Екінші топты нағыз сталиншілдер: В.В. Куйбышев, В.М. Молотов, А.А. Андреев, Л.М. Каганович, С.М. Киров, А.И. Микоян, Г.К. Орджоникидзе және т.б., бел алып келе жатқан тоталитарлық тәртіп басшылары құрады. Бұлар берік сенімге және күштеуге сүйену жолымен күрделі экономикалық мәселелерді партиялық-мемлекеттік жүйе шеше алады деген көзқарасты ұстанды және “жарқын болашаққа” жету үшін едәуір құрбандықтардың болуын орынды санады. Алғашқы бухариндік балама жолды кейде толық, кейде ішінара сол кезеңнің ірі экономистері Н.Д. Кондратьев, Н.П. Макаров, В.В. Новожилов, А.В. Чаянов, Л.Н. Юрьевский және т.б. қолдады. Қазақ ұлттық интеллигенциясының көрнекті өкілдері Ә.Н. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Әлімхан Ермеков, М. Дулатов, М. Шоқай және т.б. Қазақстандағы дәстүрлі мал шаруашылығымен айналысатын халықтың эволюциялық дамуын сақтауды жақтады.
Шаруаларды өндірістік кооперацияларға тарту процесі Қазан төңкерісінен кейін іле-шала басталды. Оны бір жағынан мемлекеттік қарамағына алынған жерлерде совхоздар (кеңшарлар), МТС-тер (машина-трактор стансалары), екінші жағынан колхоздар (ұжымшарлар) құру арқылы шешу көзделді. 1928 жылғы 1 шілдеде Қазақстанда 41 кеңшар мен 1881 ұжымшар болды. Ұжымдық шаруашылықтардың 76-ы ауыл шаруашылығы коммунасы, 1215-і ауыл шаруашылығы артелі, 590-ы жерді бірлесіп өңдеу серіктестіктері еді. 1928 жылдың маусым айында болып өткен колхозшылардың Бүкілодақтық 1-съезі жоғарыдағы сталиншілдер бағытын өмірге енгізуге жол ашып, ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру жолымен әміршіл-әкімшіл басқару арнасына түсіріп, жекеменшіктің орнына қоғамдық меншікті орнықтыруға күш салды. Осының нәтижесінде Қазақстандағы колхоз қозғалысы едәуір екпін алды. 1929 жылдың 1 қазанында Қазақстанда 117,7 мың жеке шаруашылықтар (олардың 9,3 проценті) ұжымдастырылды. Келесі қараша айында өткен БК(б)П ОК-нің Пленумы осы жұмыстарды қорытындылап, жекелеген облыстар алдына жаппай ұжымдастыру міндетін қойды.
Бұл міндетті шешу жолдарын белгілеу үшін ОК-тің Саяси Бюросы арнайы комиссия ұйымдастырды. Оның құрамына Қазақстаннан Ф.И. Голощекин енгізілді. Осы комиссия дайындаған жоба Саяси Бюро мәжілісінде қаралып, соның негізінде БК(б)П ОК 1930 жылғы 5 қаңтарда “Коллективтендірудің қарқыны және мемлекеттің колхоз құрылысына көмек беру шаралары туралы” қаулы қабылдады. Онда Қазақстан коллективтендіруді 1931 жылдың күзінде немесе 1932 жылдың көктемінде аяқтауы тиіс болып белгіленді. Бірақ Қазақ өлкелік партия коммитеті 1929 жылдың желтоқсан айында-ақ ұжымдастыруды егіншілік аудандарында ғана емес мал шаруашылығы аудандарында да жеделдетуге нұсқау беріп қойған еді. Жаппай коллективтендіру науқаны басталардан бұрын 1926 - 1928 жылдары Қазақстанда “Кіші Қазан” науқандарын, яғни ауылды кеңестендіруді, шабындық және жайылымдық жерлерді қайта бөлуді, ірі мал иелерін тәркілеуді қатыгездікпен белсенді жүзеге асырған Қазақ өлкелік партия к-тінің 1-хатшысы Голощекин жаппай ұжымдастыруда да Қазақстанға тән ерекшеліктерді ескермеді. Бүкіл Одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтардың 80 процентке жуығы (4236 мың адамды біріктіретін 706 мың жеке, ұсақ шаруашылық) Қазақстанда болатын. Ұжымдастыру үшін оларды алдымен жерге орналастыру және жаппай отырықшыландыру керек еді. Бұл екі күрделі процесс (отырықшыландыру мен ұжымдастыру) шұғыл түрде қатар жүргізілді. 1930 жылғы 1 қаңтар мен 1 наурыз аралығында ғана ұжымдастырылған шаруа шаруашылықтарының саны бұрынғыдан екі есе асып кетті. Қазақстан басшылығы отырықшыландыру процесін ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі мал ш-на, ұлттық салт-дәстүрлерге қарсы қойды. Жаппай ұжымдастыру кезінде байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясаты да жағдайды одан әрі ауырлата түсті (Кулак кәмпеске). Осындай қатал шаралар және ет, астық дайындау науқандарындағы асыра сілтеушілік, қазақтарды дәстүрлі даму жолынан күшпен тайдыру әрекеті халықтың жаппай қарулы наразылықтарын туғызды. Ресми мәліметтер бойынша 1929 - 1931 жылдары Қазақстанда 372 рет шаруалардың бұқаралық бас көтерулері болды. Тоталитарлық жүйе бұл көтерілістерді аяусыз, әскер күшімен басты (Ауыл шаруашылығын коллективтендіруге қарсы шаруалар қозғалысы).
Көшпелі және жартылай көшпелі шаруаларды зорлап отырықшыландыру жоспары алғашқы бесжылдықта (1932 жылдың соңына дейін) сәтсіздікке ұшырады. Қазақстанда 400 мыңның орнына 70,5 мың шаруа қожалығы ғана отырықшыланды. 1933 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан шаруашылықтарының 67,3 проценті, ал 1937 жылдың 1 шілдесінде 97,5 проценті ұжымдастырылды. Күштеп ұжымдастырудың және жоспарлы түрде жаппай отырықшыландырудың зардаптары өте ауыр болды. 1929 - 1933 жылдары аралығында Қазақстандағы мал басының саны 16 есе азайды. Мұның соңы қазақ халқының ашаршылыққа және жаппай босқыншылыққа ұшырауына ұрындырды(Ашаршылық, Босқыншылық)
17- сұрақ
Түрксіб темір жолын салу. Индустрияландыру кезіндегі Қазақстандағы ең күрделі құрылыс — Түрксіб темір жолын салуды аяқтау болды. Түрксіб құрылысының бастығы болып В.С.Шатов тағайындалды. РСФСР үкіметі жанынан Түрксіб құрылысына көмектесетін арнайы комитет құрылды. Оны РСФСР Халық комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов басқарды. Құрылыс жұмыстарына бірнеше ұлт өкілдерінен құралған 100 мыңдай адам тартылды. Қысы-жазы, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан еңбек еткен олар, сөз жоқ, ерліктің үлгісін көрсетті. Әсіресе қиын да күрделі қара жұмыстар қазақ еңбекшілерінің еншісінде көбірек болды. Түрксібтің оңтүстік және солтүстік бөліктері 1930 ж. 28 сәуірде Айнабұлақ станциясында түйісіп, жол уақытша пайдалануға берілді. Ал 1931 жылдың қаңтарынан бастап тұрақты түрде жұмыс істей бастады. Жалпы ұзындығы 1445 километрге созылған бұл темір жолдың ел өміріндегі маңызының зор екенінде дау жоқ. Бірақ біздің мынаны да ескеруіміз қажет. Патша заманындағы сияқты бұл бағыттағы темір жол да негізінен еліміз аумағындағы шикізатты шетке тасу, ал шеттен дайын тауар алып келу үшін қызмет етті. Қазақстан сонымен Кеңес Одағының да шикізат дайындайтын шеткері аймақтарының бірі болып қала берді. Ал салынған өнеркәсіп орындары мен темір жолдар еліміз аумағынан шетке тасылатын шикізат көлемін көбейте түсті. Мәселен, 1929/30 шаруашылық жылдары 1928/29 жылдармен салыстырғанда Қазақ жерінде өндірілген тас көмір — 1,4 есе, мұнай — 1,3 есе, мыс кені — 2,5 есе, түсті металл кендері — 2,3 есе көп өндірілді. Түрксібтің салынуымен республикамыздағы жүк тасымалы 1928 жылғы 2902 мың тоннадан 1932 ж. 8888,4 тоннаға дейін, яғни 3 еседен астам өсті. Әсіресе құрылыс материалдарын тасу — 10 есеге, тас көмір мен кокс — 8 еседей, мұнай өнімдері — 2 есеге артты. Осылайша Қазақстандағы индустрияландыру кезіндегі басты құрылыс болып жарияланған Түрксібтің өзі кеңестік тоталитарлық орталықтың біржақты саясатының жемісі болып шықты.
18- сұрақ
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру:мақсаты, барысы, салдары.Жаңа экономикалық саясаттың ақыры БК(б)П ұйымдарына 1928 жылғы ақпанда жазған нұсқау хатында Сталин өзіне тән үзілді-кесілді өсиеттік мәнерде: «Біздің жаңа экономикалық саясаттан бас тартатынымыз, азық-түлік салғыртын енгізетініміз, кулактарды тәркілейтініміз және т.б. туралы әңгімелер контрреволюциялық сандырақ болып табылады, оған қарсы табанды түрде күресуіміз керек.
ЖЭС біздің экономикалық саясатымыздың негізі және ол тарихи ұзақ мерзімге созылады» деп жазды.[1]. Алайда кең ауқымды экспроприациялық акциялар, дәлірек айтқанда, жаңа экономикалық саясат өзінің қоғамды үдемелі реформалаудың он үлгісі ретіндегі ақиқаттығын іс жүзінде жойып, іс-қимылдан жалаң декларациялық сипатқа айналып кетті.
20-жылдар аяғындағы төтенше астық жинау науқаны мен тәркілеу, шын мәніндегі салықтық саясат, міне, осының айқын көрінісі еді.
«Социалистік индустрияландырудың сталиндік жоспары» өзінің ауқымдылық («тарихи қыска мерзімде капиталистік елдерді қуып жетіп, басып озатын») сипатына орай өнеркәсіпке салынатын инвестиция көлемінің тепе-теңдігін халықтың тұрмыс денгейі мен тұтыну және тіршілік сапасын айқындайтын саланы дамытуға жұмсалатын қаражатты қысқарту есебінен бұзып жіберді. Тек өндіріс құрал-жабдықтарын өндіру саласын ғана ынталандырып, тұтыну бұйымдарын өндіруді естен шығару елде жаппай «тауарға деген мұқтаждықты» тудырды. Тұтыну тауарларына тапшылықтың әбден күшейіп тұрған жағдайында бюджеттің мүмкіндігі есептелмей жасалған «құлаш-құлаш» жоспарлар бағаның мүлдем шарықтап өсіп кетуіне әкеп соқтырды.
Сонымен бірге өнеркәсіпті мемлекет толық өз иелігіне алғандықтан тұтынушыларға да (әсіресе аграрлық секторда) үстемдік жасап, өнеркәсіп өнімдеріне бағаны көтеріп жіберген жағдайлар кездесті, ал ауыл шаруашылығы өнімдеріне мүлдем төмен баға белгіленді: 1927/28 жылы астықтың мемлекеттік бағасы «көлеңкелі нарықтағыдан» 40%-ға дерлік, ал 1928/29 шаруашылық жылында 50%-ға төмен болды.[2].
Бағада қалыптасқан осындай теңсіздіктің нәтижесінде шаруа шаруашылығы өте жоғары салық салу объектісіне айналды. Осы шектен тыс салынған салықтан түскен немесе дәлірек айтқанда «шаруалар сыйының» қаражатын индустрияны дамытуға жұмсау көзделінді.
Мұны Сталиннің өзі де мойындады. БК(б)П ОК-нің 1928 жылғы шілдеде өткен пленумында сөйлеген сөзінде: «Кеше бізде не жөнінде айтыс болды? Бәрінен бұрын, қала мен ауыл арасындағы «қайшылық» туралы. Әңгіме шаруаның әлі де өнеркәсіп тауарларына бағаны артық тәлейтіні және ауыл шаруашылығы өнімдерінен пайданы аз алатыны туралы болды. Әңгіме осы өнеркәсіп тауарларына төленетін артық төлемақы мен шаруаның өз онімінен пайданы аз алуды, шаруа шаруашылығына салынатын шектен тыс салықты, былайша айтқанда, индустрияландыру пайдасына жұмсалатын «сыйды» міндетті түрде құртуға тиіспіз, алайда бүкіл еліміз үшін жұмыс істейтін индустриямызды, халық шаруашылығымызды социализмге сүйрейтін индустриямызды ақсатпайық десек, біз құрта алмайтын қосымша күн салығы туралы болды». Одан әрі ол кекесінмен былай деді: «Қайсыбіреулерге бұл ұнамады (бухариндік оппозицияны айтып отыр. — авт.). Несі бар. Бұл әркімнің қалауына байланысты... Әрине, «шектен тыс салық», «қосымша салық» — жағымсыз сөздер, жүйкеге де катты әсер етеді. Бірақ, мәселе, біріншіден, сөзде емес. Екіншіден, сөз шындыққа толық сай келеді».[3].
Мемлекет қолдан жасаған өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы тауарларына қойылатын «құрдым баға» саясатының кең етек алуы, елдегі тауар тапшылығы мен күйзеліс ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің өз өнімдерін сатудан бас тартуына әкеп соқтырды. Астық қоры бар шаруаның өз астығын арзан бағамен сатуының еш мәні болмай қалды. Сатқан астығына алатын осы азын-аулақ ақшаның өзіне тауар тапшылығынан және өндіріс тауарларының қымбаттығынан, оны сатып алудың еш мүмкіндігі болмады, ақшаны сақтау да өте тиімсіз еді, өйткені оның құны күн сайын құлдырай берді. Мұндай жағдайда астықтың ең сенімді «валюта» болатыны әбден түсінікті.
Аталған себептер жинақтала келгенде 1927/28 жылдардағы астық дайындау дағдарысын тудырды.[4]. Бұл жағдай кеңестік тарихнамада «ауқатты және контрреволюциялық элементтердің пролетариат диктатурасын аштықпен тұншықтырғысы келген әрекеті, кулактардың астық ереуілі» ретінде біржақты бағаланды. Алайда, егер бұрынғы идеологиялық дағдының және қасаң таптық көзқарастың шырмауында қалмасақ, мұны басқаша, яғни ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мемлекеттің күштеу саясатына, олардың тағы да бір «әскери-коммунистік» шараларының объектісі болуын қаламайтын балама, экономикалық өзіндік әрекеті ретінде қарастырған жөн.
Мәселені ашық жанжалға жеткізбеу үшін мемлекеттің экономикалық тұтқалар мен құралдар жиынтығын кең пайдалану мүмкіндігі болды. Айталық, бағаға қатаң бақылау орнату саясатын жұмсартуға (мұны кейбіреулер ұсынды да) болатын еді. Бірақ сатып алу бағасы жөнінде билік лениндік ұстанымнан бір қадам да шегінгісі келмеді. Өз кезінде көсемнің былай үйреткені белгілі: «Егер біз бағаны екі есе қымбаттатсақ, кулактар (ауқатты шаруалар мен кулактарды айтып отыр. — авт.) былай дейді: бізге бағаны қымбаттатып жатыр, ашығайын деген екен, күте тұрайық, тағы да қымбаттатады. Бұл — таптаурын болған жол, кулактар мен алыпсатарларға жарамсақтану жолы, мұндай жолға түсу және тартымды етіп суреттеу оңай», біз бұдан барынша бас тартуымыз керек».[5].
Басқа барынша жеке нұсқалар да ұсынылды, мысалы, Н. Бухарин астықтың конъюнктурасына экономикалық тұрғыда ықпал еткеннен гөрі оны шет елден сатып алып, нарықта «астық интервенциясын» жүзеге асыруға болады деп есептеді. Бірақ Сталин бұл арада да өзінің салмақты аргументтерін келтірді: «Одан да кулактарға қысым жасаған жөн және өнеркәсібімізді дамытуға қажетті жабдық әкелу үшін қалдырған валютамызды жұмсағанша, кулактардың артық астығын тартып алу керек» деді.[6].
Демек, Сталин «револьвер-шоқпарға» сүйенген әкімшілік-командалық принциппен әрекет еткеннен гөрі жүздеген және жүз мыңдаған шаруаларға қарсы қуғын-сүргін шараларын кеңінен өрістетуді ұсынды. Оның үстіне, мұндай көзқарас Лениннің теориялық жанашыл ұстанымдарында айтылған болатын, сөйлеген сөздерінің бірінде ол былай деп ашық айтты: «Жана экономикалық саясат террорды жойды деп ойлау аса үлкен қателік. Біз террорға және экономикалық террорға әлі де қайтып ораламыз» деді.[7]. Сталин өз кезінде Лениннің осы тұжырымын жүзеге асырып, экономикалық террорды саяси террормен толытырды. Іле-шала бәрін және барлық жерде астық дайындау, кейін шаруаларға қарсы үласқан жаппай саяси қуғын-сүргін науқанын «төтенше» ережелер айқындайтын болды.
«Большевик кадрларды таптық күрес өнеріне үйрету және жергілікті партия аппараты қатарын мінезі жұмсақ, енжар адамдардан тазарту» үшін Кеңес империясының негізінен астықты өңірлеріне (Оңтүстік Орал, Еділ, Солтүстік Кавказ, Украина және т.б.) Саяси бюро мүшелері Молотов, Каганович, Микоян, Постышев, Андреев, Косиор, Шверник жіберілді, олар астық дайындау науқанына тікелей басшылық жасауы тиіс болды. Қазақстанда бұл науқанды өткізу Голошекинге сеніп тапсырылды, ол «қазақ ауылдарына кіші Қазан төңкерісін жасауды» ойластырып, жоғары партия басшылығы алдында ең қатал да табанды әкімшілердің бірі ретінде көрінді. Партия «белсенділерінін» қолдауымен ауылдық жерлерге қалалардан 30 мыңнан астам коммунист белсенділерден тұратын әр түрлі жедел уәкілетті армия мен жұмысшы отрядтары жіберілді. Соңғыларына селолық кеңестерді арам пиғылдылардан тазарту, жергілікті атқамінерлерден белсенділер қатарын құру, «үштіктер» мен әр түрлі көмекші комиссиялар ұйымдастыру және т.б., яғни «әскери коммунизм» кезеңіндегі тәжірибені өмірге енгізу, оны «таптық күресті күшейту» жөніндегі сталиндік идея рухында шығармашылықпен дамыту міндеттелді.
19-сұрақ
19-сұрақ. “Кіші Қазан” идеясы және Ф.И.Голощекиннің басқаруымен қазақ ауылдарын кеңестендіру.
Ф.Голощекин 1926-1927 жылдарындағы шабындық және егістік жерлерді бөлу науқанын «кіші Қазан» деп атады. 1925 жылы Қазақстанға келген соң, мұнда Қазан төңкерісі болмаған, сондықтан «Кіші Қазанмен» желпіп өту керек деген тұжырым жасады. Ф.Голощекин бастаған Қазақстан өкіметі мен үкіметі бұл әлеуметтік-саяси науқанды жерге жаппай орналастыру реформасына апаратын алғашқы баспалдақ ретінде қабылдады.
“Кіші Қазанның” мақсаты – қазақ ауылында социалистік өзгерістерді жүргізу және кедейлер мен батрактардың көмегіне сүйене отырып, кеңестендірудің әлеуметтік базасын жасау еді. Голощекин Қазақстанда 1917 жылғы Қазан революциясы іске аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керек деп өз тұжырымын айтты. Осы саясат барысында 1925-1928 жылдары өткізілген іс-шаралар:
Қазақ ауылын кеңестендіру;
Жайылымдық-шабындық жерлердің қайта бөлу;
Ірі бай шаруа қожалықтарын тәркілеу бағыттарында жүзеге асырылды.
Ауылдарды «кеңестендіруге» бағыт алу.Қазақ ауылдарында кеңес үкіметінің төменгі сатыдағы билік органдары жергілікті кеңестерді құру міндеті қойылды. Ауылда 1925 жылға дейін коммунистерді және олардың теңестіру ұстанымын қолдамайтын байлар мен ауқатты шаруалардың ықпалы әлі күшінде еді. Көптеген аудандарда ауылдық Кеңестер болмады, немесе Кеңес басшысы байлар табынан да табылатын. Мұндай жағдайға Орталық та, жергілікті коммунистер де қарсы болды.
1926-1927 жылдары бұрын болмаған жерлерде Кеңестер құрылып, ал бұрыннан қызмет жасап жүрген жерлерде қайта сайлау жүргізілді. Жергілікті байлар ықпалынан кеңестерді қорғау үшін олардың пайыздық құрамын - кедейлер, батрақтар, әйелдер мен коммунистердің қанша болуы керектігін жоғарыдан бекітті. 1927 жылдың қаңтарында ҚазАКСР Орталық Атқару комитеті (ОАК) ауылдық Кеңестерге жер дауы мен су мен жайылымдарды бөлу сияқты кейбір азаматтық және еңбек мәселелерін қарастыру және шешу құқығы берілді.
1928 жылға қарай белгіленген пайыздық үлесіне сай ауылдық, болыстық Кеңестердің құрамы 50-60%-ға жаңартылды. Бұл жағдай орталық билікке алыс аймақтарды басқаруды жеңілдете түсті.
20-сұрақ. Қазақстандағы (1931-33жж.) аштық және оның демографиялық салдары.
1932—1933 жылдардағы ашаршылық
Шабындық және егістік жерді қайта бөлу, тәркілеу, азық-түлік салығы, күштепотырықшыландыру мен ұжымдастыру барысындағы зорлық-зомбылықтардан көп азап шеккен ең алдымен қазақ халқы болды. Бар дүниесінен, мал-мүлкінен, құрал-саймандарынан, тіпті жертөлесінен де айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап, босқын күйге көшті.
Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды.
Өлкелік партия комитетінің Торғай ауданындағы уәкілі 1932 жылдың қыркүйегінде мұнда әр адам басына орта есеппен 56 килограмм ғана астық және бір ғана мал калғанын, ал бұлар алты айдан кейін мүлде таусылып, қаңтардың соңына қарай, қыстың кақаған, сары аязында нағыз қиямет-қайым орнайтынын алдын ала ескертіп, дабыл қақты. Ол сонымен бірге кейбір толық емес мәліметтер бойынша ауданда ең кемі 2042 адам аштық құрбаны болғанын, ал 8500 адам аштан өлейін деп жатқанын Құрамысовпен Кахианидің, Исаев пенҚұлымбетовтың аттарына жолдаған ресми мәлімдемесінде ашық айтты. Анадан туғандай тыржалаңаш, аш адамдардың дала төсінде босып сандалып жүргендерін, басқасын былай қойғанда, олардың даладағы атқұлақ пенсарышұнақты түгін қалдырмай жеп койғанын жазды. Осындай қайғылы жағдайдың көрші Батпаққара ауданында да кеңінен орын алып отырғаны да айтылды.
Голощекин қазақ даласындағы жағдайды өзі жіберген уәкілдері арқылы жақсы біліп, толық хабар алып отырды. Арнайы тапсырмамен Сарысу ауданында болған О.Жандосов мынадай мәлімет берді:
«Ауылдарды аралаған кезімде мен ондаған күндер бойы жерленбегенмәйіттерді кездестірдім... Әйелдержоқшылық пен аштыққа төзімділеу. Еркектердің бірден ұнжырғасы түсіп кетеді. Күйзелгендер қолдарына не түссе де түк қалдырмай жеп қояды. Сүйек-саяқты жинайды, оларды жүрек жалғау үшін ондаған мәрте қайнатады. Тамақорнына жартылай өңделген терілер де кете береді. Мен иттің етін жеген және онысын жасырмайтын бірнеше адамдарды кездестірдім. Оныншы ауылдан келе жатқан жолымда елсіз жапаннан екі жасөспірімді көрдім, Олар қайдағы бір ескі жұрттағы, атылған иттердің терісін алу үшін қалған өлімтіктеріне бара жатыр екен. 5-ауылда аштықтан жартылай ісінген, аяғы ауыр әйел маған жақын келіп, оған ит атып беруімді өтінді».
Голощекиндік геноцидқазақстандықтарды, ең алдымен, қазақ халкын аштыққа және босқындыққа ұшыратты. Зарлаған ана, шырылдаған бала, түнеріп, өлексе сасыған қазақ даласы — большевиктік эксперименттіңнәтижесі осы еді.[1]
1931-1933 жылдардағы ашаршылық- Қазақстан тарихындағы ең зұламат кезеңдердің бірі . Иісі алаштың санасынан мәңгі өлмес қасірет. Негізінен жас балалар мен әйелдер қырылғандықтан оның демографиялық. зардабы ауыр болды.Қазақтардың сан жағынан өсуін қатты тежеді. Кейіннен асыра сілтеушіліктің шын мәні  “қызыл қырғын”, “голощекиндік геноцид” деген тарихи атқа ие болды. 1932 мешін жылы болған бұл зұлмат 20-ғасырдағы адамзат баласына қарсы жасалған ең өрескел қылмыстардың бірі және «Ұлы жұт» болып саналады. 
1930-1933 жылдар қолдан жасалған қасірет, қырылуы тарихта бұрын сонды болмаған.Ашаршылық жылдарында қандастарымыз оқ тимей-ақ опат болды.  Бір ұлтты,  бір халықты жер бетінен жою қасақана жасалған геноцид. Сол кездегі өлкелік партия комитетінің І хатшысы Ф.И.Голощекин болған. Әсіресе, Голгщекиннің «Кіші қазан» идеясы халықты есеңгіретіп  кетті. Қазақстанда 
 жүргізілген сталиндік-голощекиндік реформа, содан туындаған шаруалардың жекеменшігін тәркілеу мен жою, бас көтертпес ет, астық т.б. ауылшаруашылығы өнімдері салықтары, көшпелі және жартылай көшпелі Қазақ шаруаларын жаппай және күшпен отырықшыландыру науқандары болып табылады.
Демографиялық жағдай 
1930 жылдары -  313мыңнан астам адам қайтыс болды.
1931 жылдары -  755 мыңнан астам адам қайтыс болды.
1932 жылдары -  769мыңнан астам адам қайтыс болды.
1 млн-нан  астам қазақ республикадан тыс жерлерге көшірілді.
616 мыңы қайтып оралмады.
414 мыңы елге қайтып келді.
1931-1933 жылдары 2, 1 млн. адам қырылды.
1930-1932 жылдары 1 млн.750 мың қазақ қырылды.
Қазақтың  жаппай қырылуы -40%  құрады.
21-сұрақ. Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің кеңестік дамуы (1917-1945)
Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің кеңестік кезеңдегі дамуы
Тұңғыш ғылыми-зерттеу мекемелері: 1922 ж. ҚАКСР Денсаулық сақтау комиссариатының жанынан Өлкелік химия-бактериологиялық лаборатория, 1924 ж. Санитарлық-бактериологиялық институт, 1926 ж. тыңайтқыш және агротопырақ зерттеу институты пайда болды. 1932 жылға қарай Қазақстанда 12 ғылыми-зерттеу институты, 15 тәжірибе станциясы, 186 тірек ғункты, лаборатория, гидрометстанция, бірсығыра кен барлау ұйымдары қызмет істеді. КСРО ғылым Академиясының қазақстандық базасы құрылды.
Жоғары оқу орындары ашыла бастады. КазПИ (1928 ж.), Алматы зооветеринарлық институты (1929 ж.), Қазақ Ауылшаруашылық институты (1930 ж.), Алматы медицина институты (1931 ж.), Қазақ Мемлекеттік униуерситеті (1934 ж.).
1920 ж. ішінде Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылды. Онда тарихи-географиялық, этнографиялық, экономикалық мақсаттағы еңбектер жарияланды. М.Тынышбаевтың, М.Дулатовтың, Ә.Диуаевтың, А.П.Чулошниковтың еңбектерін осы Қоғам басып шығарды.
1926 ж. бірінші ұлттық қазақ театры ашылды, оны Ж.Шанин басқарды. Алғашқы ғъесасы "Еңлік-Кебек" болды. 1934 ж. музыкалық театр ашылды. Бірінші қазақ оғерасы Е.Брусиловскийдің "Қыз-Жібегі" болды. 1934 ж. А.Жұбанов басқарған Құраманғазы атындағы оркестр құрылды. 1938 ж. мамырда Мәскеуде қазақ өнерінің алғашқы онкүндігі өтті. К.Байсеитоваға КСРО халық артисі атағы берілді. 1934 ж. көркемфильмнің алғашқы студиясы ашылды, 1938 ж. "Ленфильм" түсірген "Амангелді" фильмі тұңғыш дыбысты кино болды. Қазақтың музыкалық өнерінің дамуына этнограф, комғозитор А.В.Затаевич ("Қазақтың 1000 әні", 1925 ж.), ("Қазақ халқының 500 әні мен күйі", 1931 ж.) еңбегі зор болды.
Аталған кезеңде әдебиет дамуы басталды. Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин есімдері, шығармашылығы кеңінен мәлім болды. Ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдері қатарына Ж.Жабаев, Н.Байғанин, О.Шиғин, К.Әзірбаев, И.Байзақов кірді.
22-сұрақ. Ұлттық интеллегенцияның қалыптасуы мен тағдыры.
. Біздің заманауи түсінігімізде, қазақ ұлттық интелегенциясының қалыптасуы ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде болды. Бұл процесс бірқатар әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси факторлардың кері ықпалынан әлсіз жүрді. Олардың ішінде ең елеулісі Қазақстанның экономикалық артта қалуы, яғни көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылық, артта қалған егін шаруашылығы, өндіріс, көлік, сауда салаларының кем дамуы,  халқы 50 мыңан асатын тұрғыны бар қалалардың жоқтығы және т.б. Дегенмен, темір жолдар салынды, тау-кен өнеркәсібі, қалаларда кішігірім тамақ және жеңіл кәсіп орындар пайда болды.        
Қазақстандағы ұлттық интеллигенциясының қалыптасуы осындай жағдайда жүрді, оның әлеуметтік құрамы мен саяси көзқарастары біркелкі болмады.  Бұл проблема бүгінгі «Алаш» қозғалысының 95 жылдығына арналған халықаралық конференцияға байланысты өзекті болып тұр,  сол себептен біз осы «Алаш» қозғалысы басшыларының, ең бастысы Әлихан Бөкейханның саяси көзқарастарына байланысты өз пікірлерімізді білдіргіміз келіп отыр.  Өйткені,  «Алаш» тарихының көптеген басты мәселелері Мәскеудегі Д.А. Аманжолова, біздің жерлестеріміз марқұм академик, т.ғ.д., профессор К.Н. Нүрпейіс, т.ғ.д., профессор Қойгелдиев және олардың шәкіртері мен ізбасарларының арқасында кең түрде баяндалып жүр [2].  «Алаш» басшыларының саяси көзқарастары бұрындары да қарастырылғанымен, менің ойымша, әлі де толық, жеке зерттеуді талап етеді.  Ал біздің бүгінгі баяндамамыз - ХХ ғасырдың басындағы  Қазақстан ұлттық интеллигенциясының тарихын қарастыруға өз үлесімізді қосуға деген талпыныс қана болып табылады. 
Қазақстан ұлттық интеллигенциясы топтары өкілдерінің саяси көзқарастары мен қызметтерін зерттегенде, тарих пен мәдениеттің жалпы адамзаттық үдерістеріне талдау жасауда, тиімді қолданылуы мүмкін өркениеттік методологиялық принциптерге ғана емес, сондай-ақ, әлем сияқты көне, бірақ әркезде жаңа, таптық, партиялық принципке де сүйену қажет, деп ойлаймыз.  Өйткені белгілі бір саяси партияның немесе қоғамдық, ұлттық және басқа да қозғалыстардың, белгілі бір саяси, мемлекеттік, болмаса қоғамдық қайраткердің кімдердің әлеуметтік-экономикалық, саяси және ұлттық мүдделерін білдіріп, қорғағанын анықтау өте маңызды.  Бірақ, бұл жерде объективтілікті сақтап, тұлға  ретінде оларды бір-біріне қарсы қоймай, керісінше олардың ортақ тарихи даму жолындағы еңбегін, ал біздің проблемамызға талдау жасауда, әрқайсысының қазақ халқының әлеуметтік, саяси және мәдени-экономикалық прогресіне қосқан үлестерін ашу қажет.
Жоғарыда атап өткендей, ХХ ғасырдың басында Қазақстанның ұлттық интеллигенциясы біртекті болмады, біздің пікірімізше, ол өзінің саяси бағыттары мен әлеуметтік негіздері бойынша үш топқа бөлінді: демократиялық - Алаш қозғалысының белгілі зерттеушісі - т.ғ.д., профессор Д.А. Аманжолов бұл топты либералдық-демократиялық деп анықтайды [4].  Бұл пікірге де қосылуға болады - оның өкілдері Санкт-Петербург, Мәскеу және Ресейдің басқа да орталықтарында жоғары білім алған, көпшілігінде отаршылық әкімшілікте қызмет еткен және дәрігер, мұғалім, адвокат және т.б. ретінде жұмыс істеген, сұлтан, би, бай және ауқатты қазақ шаруалары отбасыларынан шыққандар болды.  Ресей демократиялық идеалдары және Батыс еуропалық прогрессивті ойларының ықпалымен тәрбиеленген, басқа топтарға қарағанда, саны жағынан көп және жақсы ұйымдасқан бұл топ «Алаш» партиясының негізін құрады.  Бұл топты Ә. Бөкейхан «Батысшылдар» деп атайды.
Ұлттық интеллигенцияның демократиялық тобының танылған көсемі сөзсіз ірі ғалым (экономист, орман маманы), қазақ өмірі, тұрмысының, мәдениеті мен тарихының білгірі, төре-Шыңғыс нәсілінен тарайтын Бөкей ханның ұрпағы болып табылады, ол Санкт-Петербургте білім алған - сол жерде Императорлық Орман институтын 1894 ж. бітірген [5]. Одан бөлек ұлттық-демократиялық зиялылар қауымы ақын, жазушы А. Байтұрсынов, жол қатынастары инженері М. Тынышпаев, заңгерлер - М. Шоқай мен Ж. Ақпаев, ақын М. Дулатов, дәрігер Х. Досмұхамедов және басқаларынан тұрды.
Ұлттық интеллигенцияның екінші тобы Түркияны бағыт еткен мұсылмандық қозғалыс өкілдерінен тұрды, осы үшін оларды Ә. Бөкейханов түркіфилдер деп атады [6]. Бұл топқа тек молдалар, имам, қожалар ғана емес, демократиялық бостандық үшін, бірінші кезекте ар бостандығы және патшалық Ресейдің отарлық езгісіне, оның қазақтарды орыстандыру мен күштеп шоқындыру саясатына қарсы күрескен ұлттық интеллигенция өкілдері де кірді. 1897 ж. халық санағы мәліметі бойынша, христиандықты (православие) қабылдаған қазақтардың саны барлығы 660, ал 1911 ж. - 2659 адамды құраған [7].
Аталған екі топ та Ресей империясының отарлық саясатына қарсы күресте, демократиялық бостандық, қазақтарды ұлттық езгіден азат ету үшін күресте тығыз байланыста болды. Бұл топтар 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң ерекше белсенділік танытты.
ХХ ғ. басында ұлттық интеллигенция арасында осы екі топтың (үшіншісі туралы төменде айтамыз) болғандығы Алаш лидері Әлихан Бөкейханның да, сонымен қатар белгілі тарихшылар мен сол жылдардағы саяси оқиғалардың белсенді қатысушыларының, большевитер С. Асфендияров пен Т. Рысқұловтың сөздерімен де расталады.
Осы кезеңде (ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ. басы) қазақ ұлт-азаттық қозғалысы, соның ішінде қазақ ұлттық интеллигенциясының қызметі өзінше үлкен саяси бағытқа айнала бастады. Мұның үстіне, Ә. Бөкейханның пікірінше, қазақ зиялы қауымының ортасында саяси көзқарастар біртекті болмаған. Бір жағынан, бұл «еуропалық мәдениетке сенетін, бақытқа жетуді Батыс мәдениетінің жемістерін жүзеге асырудан көретін және діни мәселелерді басты емес дей санайтын интеллигенция болып табылды... Екінші жағынан, шығыстық ортодоксия мен ұлттық-діни ерекшелік рухында айқындықта тәрбиеленген интеллигенция да жарыққа шықты». Орыс зиялы қауымымен салыстыра отырып, Ә. Бөкейхан бірінші бағытты «Батыстықтар» деп, екіншісін «Түркіфилдер мен панисламизмді жақтаушылар» деп атады. Қазақ қоғамындағы түркіфилдік көңіл-күйлердің басым ықпалын ол қазақтардың патша өкіметі отарлық саясатына теріс қарауының салдары, соның нәтижесінде Батыс білімі мен мәдениетіне деген күдігі мен бұқарасының саяси мәселелерге деген енжарлығынан, - деп түсінді. 
Әлихан Бөкейханның пікірінше, жақын уақытта қазақ интеллигенциясында екі негізгі саяси бағытты ұстанған саяси партиялар пайда болады. Оның бірі, мұсылман-татар партиясы, екіншісі - оппозициялық орыс партиялары, оның ішінде халық бостандығы (кадеттер) партиясы [8].
Қазақ интелленгенциясының ұлт-азаттық қозғалыстардағы рөлін, оның қалыптасуы мен Қазан революциясына дейінгі және онан кейінгі іс-әрекетін анықтаудың бүгінгі таңда өзектілігі артып отырғаны сөзсіз. Қазақстан тарих ғылымында көпке дейін мына төмендегі пікір үстем болды: Қазан революциясына дейін ұлттық интелегенцияның саны жағынан аз болды, ол «орыс патшалығы мен жергілікті жартылай-феодалдардың қазақ еңбекшілерін езуіне көмектесті... басым көпшілігінде халықтың қалың бұқарасына жат және жау еді», ұлттық интеллегенцияның қалыптасуының басталуы мен даму процесі ХХ ғ. басындағы революциялық оқиғалар кезінде болған-ды.
23-сұрақ. Социализмдік құрылуың жоспары мен іске асыру (1920-1930жж).
24-сұрақ. Кеңестік тоталитарлық жүйесі: оның құрылуы мен негізі.
Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сенрежимі кезінде, фашистік Италия менГерманияда орнады.
Кеңестік Тоталитаризм ұлттық зиялы қауым өкілдерінің бір бөлігін өзіндік саяси ұстанымдарына орай “тап жаулары”, “жат пікірдегілер” және “әлеуметтік қауіпті элементтер” ретінде қудалады.А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов,М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ә.Байділдин,Д.Әбілов, М.Тынышбаев, Т.Рысқұлов, т.б. қазақ қайраткерлері кеңестік Тоталитаризмнің құрбаны болды (қ. Саяси қуғын-сүргін). 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде де Тоталитаризм қысымшылығын Е.Бекмаханов,Б.Сүлейменов, Б.Кенжебаев, М.Әуезов,Ә.Қоңыратбаев, Ә.Марғұлан, Қ.Сәтбаевсияқты қазақ зиялылары бастан кешті. Кеңестік Тоталитаризмге қарсы наразылық 1960 жылдан қарқын ала бастады. Бұған Мәскеуде қазақстандық жастардың “Жас тұлпар” ұйымын құруы және 1979 ж. Целиноградта болған оқиғаның бой көрсетуі дәлел бола алады.1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кеңестік Тоталитаризмге қарсылықтың айқын көрінісі болып табылады.
Тоталитарлық жүйенің орнауы. 1930-1950 жылдары кеңестік қоғамда орнаған саяси режім кезінде мемлекеттің жеке адам үстінен абсолюттік билігі орнады.Қазақстанда да барлық одактағы сияқты, мемлекеттік билік бір партияның қолына жинақталды. Тоталитарлық режімнің өзіне тән белгісі экономикадамемлекеттік-партиялық билік белең алды. Меншіктің мемлекеттік формасы Коммунистік партияға республиканың экономикалық, өмірін алдымен одақ мүддесіне сай құруға мүмкіндік әперді. Өнерқәсіпті құру және ауыл шаруашылығындағы ұжымшар-кеңшар жүйесі халық шаруашылығы жоспарының есебі бойынша жүргізілді. Тоталитарлық мемлекеттік жүйеге тән рухани сала күндылықтарын қалыптастыру Үшін Кеңес өкіметі алғашқы күндерден бастап мәдени революция міндеттерін шешумен айналысты. Халықтың санасезімін Коммунистік партия белгілеген идеологиялық ұстанымдармен сәйкестендіру әрекеті үздіксіз жүргізілді. қазақстандағы білім беру жүйесі, ғылым және мәдениет мекемелері мемлекет пен партия тарапынан қатаң бақылауға алынды. Тоталитарлық жуйе халықтың қоғамдық, экономикалық және саяси өтрін уысындастады. Қазақстанда коғамдық құрылыстың тоталитарлық моделін бекіте түсу 20-30-жылдары үзіліссіз жүргізілген саяси қуғын-сүргін шараларына ұласты. Еңбекпен түзету лагерьлері мен колониялары Бас басқармасы (ГУЛАГ) сол кездегі мемлекеттік жүйенің ажырағысыз бөлігіне айналды.
Қазақстандағы лагерьлер жүйесі 1930 ж. 25 сәуірде лагерьлерді басқаратын ОГПУ құрылып, бір жылдан кейін ГУЛАГ ОГПУ деп атала бастады. Қазақстанда 30-жылдардың басынан лагерьлер жүйесі құрылды.
25-сұрақ. 1921-1940 жылдардағы Республиканың қоғамдық-саяси өмірі.
Сталинизм жазалау шаралары.
30 – жылдары КСРО – да социалистік қатынастар орнығып болды. Мемлекеттік меншік нығайып, өндіріс – құрал жабдықтарына қоғамдық меншік орнап, шаруалар жерден шеттетіліп жатты. 1936 жылы КСРО конституциясы қабылданды. Бұл конституция әміршіл - әкімшіл жүйені нығайтты. Елде тоталитарлық жүйе, казармалық социализм орнады. Жеке адамның құқығы ескерілмеді. Қазақстанда жазалау шаралары (репрессия) басталды. Балама пікір айтқан адам халық жауы қатарына жатқызылды.
Одақтың ішкі істер халық комиссариаты құрамында жазалау шараларын қолдану: жер аудару, еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау, ату жазасы, КСРО – дан тыс жерлерге қудалау үшін ерекше комиссия құрылды.
Қазақстанда ең алдымен жазаға ұлттық демократиялық зиялылар, Алаш қозғалысының қайраткерлері, қазақ елінің біртуар ұлдары: Ә. Ермеков, Ә. Бөкейханов, Ж. Аймауытов, Ж. Досмұхамедов т. б. ұшырады.
Жергілікті зиялыларды қудалауда өлкелік партия комитеті ұйымдастырушы–нұсқаушылық бөлімнің меңгерушісі Н.И. Ежов зор «үлес қосты». Атап айтсақ 1927–1929 жылдары мемлекет қайраткерлері Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожанов, М. Мырзағалиев республикадан аластатылды. Ж. Мыңбаев – Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы қызметінен, С. Садуақасов – Ағарту Халық комиссары қызметінен, Ж. Сұлтанбеков – жер ісінің Халық Комиссары қызметінен алынды.
1937 – 1938 жылдары террор жаппай сипат алды. Осы жылдары репрессияға ұшырағандар:. Кеңес үкіметін орнатуға ат салысқандар: Т. Рысқұлов, С. Шәріпов, Ә. Әйтив, Н. Төреқұлов, Б. Алманов, С. Мендешев, С. Арғыншаев, А. Асылбеков т. б.
- Партия, қоғамдық ұйым қайраткерлері: О. Жандосов, Т. Жүргенов, К. Тәштитов, Н. Нұрмақов, А. Досов, О. Исаев, Ұ. Құлымбетов т. б.
- Революция жеңісін қорғап, ақ гвардияшыларға қарсы күрескендер: Т. Әлиев, С. Жақыпов т. б.
- Қазақ әдебиеті мен ғылымының белгілі өкілдері: Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Аспандиаров, К. Жұбанов, М. Төлепов т. б.
- Орталықтан Қазақстанға жіберілген қызметкерлері: Л. И. Мирзоян, К. М. Рафальский, В. Н. Андроников т. б. Бұлардың барлығы «халық жауы» ретінде жендеттердің қолынан жазықсыз қаза тапты.
26 - сұрақ
1936 жылы Қазақ АКСР-і Қазақ ССРі болы өзгертілді.1937 жылғы Қазақ КСР Конституциясы. Бүкілқазақ Кеңестерінің Х съезінде 1937 жылғы 26 наурызда қабылданған Қазақ КСР Конституциясы 11 тараудан және 125 баптан тұрды. Онда «КСРО Конституциясының 14-бабының шегінен тыс Қазақ КСР-і өзінің егенмендік құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті дербес жүзеге асырады», — деп жазылған еді.
1937 жылғы Конституцияда бiрiн бiрiне экономикалық, политикалық қорғау бойынша көмек беру мақсатымен өз еркiнмен басқа республикалармен бiрлесуi, КазҚСР рұқсатысыз аумағының өзгермеуi, республика жүргiзу сұрақтары бекiтiлген, оларға сәйкес жоғары республикалық және жергiлiктi мемлекеттiк өкiл органдары құрастырылды, заңдылықыты орындау бақылауы, азаматтардың құқықтары және қоғамдық және мемлекеттiк ретiн қорғау, салық жинау және т.б. бекiтiлген. Және де прокуратура мен сот органдарының жүйесi құрылды. Халықтық соттар аудан азаматтармен жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқық негiзiнде құпия дауыс берiп сайланатын, сот отырыс қазақ тiлiнде жүргiзiлуi талап етiлген, ал қөп ұлтты аудандарда — олардың тiлiнде.
27 - сұрақ
Екінші Дүниежүзілік соғыс (қыркүйектің 1, 1939 — қыркүйектің 2, 1945) — дүние жүзіне үстемдік жасау үшін Германия, Италия, Жапония тарапынан басталған соғыс. 1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады. Соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80%-ы қатысты. Соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, 110 млн адам әскерге алынды. 50 — 55 млн адам қазаға ұшырап, 4 триллион долл. көлемінде шығын шықты. Соғыстың аяғында фашизм толық күйреп, Батыс Еуропа елдерінде демократияның орнауына жол ашылды. Фашизмді талқандауда шешуші рөлді КСРО құрамындағы халықтар атқарды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы
Бүкіл ІІ-ші дүниежүзілік соғыс жағдайын үш кезеңге бөлуге болады:1) 1939 жылдың кыркүйегінен бастап 1942 жылдың аралығын қамтиды. Осы кезеңде соғыс жер шарының ең көп аумағын қамтыды. Осы кезеңде басқыншылар елеулі табыстарға жетті. Герман армиясы Мәскеуге дейін келді.2) 1942 жылдың маусымынан 1944 жылдың қаңтар айлары. Бұл кезеңде одақтас державалардың антифашисттік коалициясы қалыптасты. Халық жүрегінде фашизм мен медитаризмды жеңу, талқандау сенімі ұялады.3) 1944 жылдың қаңтарынан 1945 жылдың аралығында. Бұл кезең Герман фашизмімен Жапон империализмінің жеңілуімен аяқталды. ІІ-ші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ұрыс қимылдарын шартты түрде былай сипаттауға болады: Францияны, Польшаны және бірқатар Европа елдерін жаулап алу (блиц крик немесе қауырт соғыс) қағидасы бойынша жүзеге асырылды. Кеңестер одағына шабуыл кезінде осы қағида нақты жұмыс жасады. Бірақ нәтижесінде Германия ұзаққа созылған соғыстан қалжырап қалды.
 Ақмола облысынан шыққан Кеңес одағы батырларының саны - 40,  Ақтөбе облысы - 35, Алматы облысы - 58, Атырау облысы - 9, Шығыс Қазақстан облысы - 104,  Жамбыл облысы - 28, Батыс Қазақстан облысы - 40, Қарағанды облысы -  35, Қостанай облысы -  41, Қызылорда облысы -  17, Маңғыстау облысы - 4, Павлодар облысы - 27, Солтүстік Қазақстан облысы - 50, Оңтүстік Қазақстан облысы - 50,  Астана - 10, Алматы - 58. Барлығы - 606 адам.
28- сұрақ
Кеңес Одағының Батыры[1] — Кеңес Одағында 1934 – 1991 жылдары Отан үшін ерекше ерлік көрсеткен адамдарға берілген ең жоғары атақ. КСРО ОАК-нің 1934 жылғы 16 сәуірдегі қаулысы бойынша бекітілген. Кеңес Одағының Батыры атағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен берілді. Кеңес одағының батыры атағы берілгендерге Ленин ордені, «Алтын Жұлдыз» медалі және КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының грамотасы тапсырылды. Кеңес Одағының Батыры атағын 2-ші рет алғандар екінші «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталып, оның туған жеріне қоладан бюст қойылды. Кеңес одағының батыры атағын үш рет алғандарға бюст Мәскеуде қойылды. Кеңес Одағының Батыры атағын ең алғаш алғандар мұзда қалған кемелердегі адамдарды құтқарушы ұшқыштар болды.
Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары– ең жоғары мемлекеттік марапатқа ие болған жауынгерлер (қ. Кеңес Одағының Батыры). Алғаш қазақстандықтар арасынан Кеңес Одағының Батыры атанғандар С.В. Гуденко, Е.С. Чуйков 1938 жылы Хасан көліндегі, В.К. Булавский, Н.Т. Видяшев, М.С. Зубарев 1939 – 40 жылдары қыста кеңес-фин соғысындағы шайқаста көрсеткен ерліктері үшін алды.
1941 – 45 жылдары Кеңес Одағының фашистік Германияға қарсы соғыс жылдарында қазақстандықтар ерлікпен шайқасып,
Украина үшін шайқаста 200-ге жуық,
РКСФР үшін – 70,
Белоруссияда – 50-ден астам,
Латвияда – 8,
Молдовада – 7,
Литвада – 6,
Эстонияда – 1,
Польшада – 47,
Венгрияда – 22,
Чехословакияда – 7,
Румынияда – 5,
Австрияда – 3,
Югославияда – 2,
Германияда – 63
және Жапонияға қарсы соғыста (Қиыр шығыста) – 3 жауынгер батыр атанды.
Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары арасында Қарулы күштердің барлық түрлері мен құрамаларының өкілдері, мамандары және қатардағы жауынгерден дивизия командиріне дейінгі әскери атағы бар адамдар болды. Солардың ішінде 100-ге тарта қазақ (сонымен қоса Кеңес Одағының Батыры атағын алған 11 қазақ республикадан тыс жерде туып, қарулы күштер қатарына сол жақтан шақырылған), 290 орыс, 86 украин, 8 татар, 7 өзбек, 3 мордва, 2 беларусь, бір-бірден тәжік, эстон, корей, лезгин, ұйғыр және еврей халықтарының өкілдері бар. Бұл жоғарғы атақты 4 адам (Т.Бигелдинов, Л.Беда, С.Луганский, И.Павлов) 2 мәрте алды. Қ. К. О. Б.:
Соғыстан кейінгі жылдары Кеңес Одағы Батыры атағына ие болғандар:[өңдеу]
ұшқыш Михаил Сергеевич Пономарев (1951),
Никита Федорович Карацупа (1965),
ұшқыш ғарышкерлер Пацаев Виктор Иванович (1971),
Шаталов Владимир Александрович (екі рет алған),
сынаушы-ұшқыш Тоқтар Әубәкіров (1988),
қолбасшы Бауыржан Момышұлы (1990),
ұшқыш Қайырболат Сайынұлы Майданов.
Бұған қоса Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгер Б.Бейсікбаевқа Ресей Федерациясының Батыры (1996), Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы (1998), ғарышкер-ұшқыш Т.Мұсабаевқа Ресей Федерациясының Батыры (1994), Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы (1995) атақтары берілді.
Біз бұрын әйелдер арасында Кеңес Одағының батыры атағы берілген Әлия мен Мәншүк апаларымызды ғана білетінбіз. Ал бұл кітапқа бес әйелдің есімін енгіздік. Төртеуі - Кеңес Одағының батыры, ал біреуі - Халық қаhарманы. Олар: Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы (Батыс Қазақстан облысы), Молдағұлова Әлия Нұрмұхамбетқызы (Ақтөбе облысы), Ковшова Наталья Венедиктовна (Солтүстік Қазақстан облысы), Хоружая Вера Захаровна (Қарағанды облысы). Қазақстан Президентінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы №1487 Жарлығымен Доспанова Хиуазға (Жарлықтың мәтінінде - Хыйуаз деп жазылған) айрықша белгілер - Алтын жұлдыз бен «Отан» орденімен бірге Халық қаhарманы атағы берілді. Хиуаз Доспанова - қазақ халқының Ұлы Отан соғысына қатысқан жалғыз ұшқыш қызы. Бұдан басқа, біз бұрын Кеңес Одағының батыры атағына екі мәрте ие болған 4 қазақстандықтың есімін білетінбіз. Олар әрине даңқты ұшқыштар: Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Сергей Луганский және Иван Павлов. Ал біз оларға қоса тағы 3 адамның есімін енгіздік. Солардың бірін айтар болсам  - әскери ұшқыш Кравченко Григорий Пантелеевич. Ол Қытай мен Халхин-голдағы ерліктері үшін 1939 жылы бір жыл ішінде екі мәрте Кеңес Одағының батыры атағына ие болған. Тағы бір жерлесіміз  - әскери ұшқыш Воробьев Иван Алексеевич. Ол Ұлы Отан соғысы жылдарында жасаған ерліктері үшін екі мәрте Кеңес Одағының батыры атанған.

29- сұрақ
Партизан қозғалысы – жау басып алған территорияда өз Отанының бостандығы мен тәуелсіздігі және әлеуметтік өзгерістер жолындағы халықтық күрестің бір түрі; оған жау тылында қимыл жасаушы әскери бөлімдер де қатысуы мүмкін.[1] Партизан қозғалысының түрлері:
қарулы күрес,
саботаж,
диверсия,
өкімет органдарының беделін түсіруге бағытталған үгіт-насихат.
Партизан қозғалысына халық ерікті түрде қатысады, қаруланған топ күресте жергілікті тұрғындарының көмегіне сүйенеді. Партизан қозғалысы шетел басқыншыларына да және ішкі жауларға да қарсы жүргізілуі мүмкін. Қанаушылардың үстем тапқа қарсы азамат соғысы кейде партизан қозғалысы түрінде өтеді. Партизан қозғалысының міндеті халық бұқарасының ұлт-азаттық немесе әлеуметтік қайта құрылыс жолында күрес жүргізіп отырған нақты тарихи жағдайлармен белгіленеді. Партизандардың қарулы күрес әдістерінің негізгі түрі – жауға тұтқиылдан шабуыл жасап, дұшпанды материалдық жағынан неғұрлым көп шығынға ұшырату.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі партизан қозғалысы (1941-45) – совет халқының КСРО территориясын уақытша басып алған фашист басқыншаларына қарсы күресі. БК(б)П ОК партизан қозғалысына бағыт беріп, жау тылында жұмыс істеуші жергілікті партия ұйымдарына басшылық етті. Партияның ОК мен КСРО Халкомсовы 1941 ж. 29 маусымдағы Қарарында және БК(б)П ОК 18 шілдедегі «Герман әскерлерінің тылында күрес ұйымдастыру туралы» қаулысында жау басып алған аудандарда партизан қауымын ұйымдастырудың, астыртын жұмысын жүргізудің бағдарламасын көрсетіп берді. Соның нәтижесінде 1941 ж. күзінде жау басып алған жерлерде партияның 10 астыртын облыстық, 260 округтық, қалалық, аудандың комитеті, ал 1943 ж. 24 астыртын облыстық, 370-тен аса округтық, қалалық, аудандық комитеттері, 2 мыңға жуық астыртын комсомол ұйымы, комсомолдың 12 облыстық, 280-нен аса аудандық, қалалық комитеттері жұмыс істеді.[5]Соғыстың басында партизан қозғалысын ұйымдастыру үшін совет тылынан арнайы дайындықтардан өткен коммунистер мен комсомолецтер жау тылына жіберілді. Мұнымен қатар әскери қызметкерлер мен чекистерден құралған топтар жіберу тәжірибесі кең қолданылды. Осындай арнайы топтардың негізінде партизан отрядтары пайда болды. Мұндай топтар әсіресе Украина мен Белоруссияның батыс аудандарында, Молдавия мен Балтық жағалауларында щор рөл атқарды. Партизан қозғалысының бүкіл халықтық, интернационалдық сипат алды. Мұнда ерлермен бірге әйелдер де, қарттармен бірге жастар да, көптеген өкілдердің өкілдері болды. Мәселен, Украина партизан отрядтары мен құрамаларына елдің 62 ұлтының өкілдері қатысты. Толық емес деректер бойынша, Украинада жергілікті және т.б. ұлттармен бірге 1500 қазақ, Ленинград және Смоленск облыстарында 500-дей, ал Беларуссияның 65 партизан құрамаларында 1500-ден астам қазақстандықтар болды.
Партизан отрядтары мен құрылымдарына Г.Ахмедияров, Қ.Қайсенов, И.А.Морозов, С.А.Олексейко, С.Төлешев, В.Шаруда басшылық етті.
Партизан командирлері А.С.Егоров, И.В.Зебницкий мен Ф.Ф.Озмителге (қайтыс болғаннан соң) Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Польшада партизан қозғалыстары отрядтары ұйымдастырушылар арасында Жамбыл облысы Шу ауданының қазағы С.Төлешовтің есімі кең танымал болды. Югославия мен Болгария аумағындағы интернационалдық батальон құрамында Кеңес Одағының Батыры З.Хусаинов, Югославияның «Ерлігі үшін» орденімен наградталған артиллерист С.Юсупов ерлерше шайқасты. 1964 жылы Чехословакияда қазақстандық партизандар құрметіне «Егоров жұлдызы» ескерткіш тос белгісі бекітілді.
30- сұрақ
1936-1944 жылдары соғылған, Ембінің мұнай кәсіпшілігін Оралмен байланыстырған, Ресейдің бірқатар аймақтарының арасындағы қатынасты жақсартқан Гурьев (Атырау)-Қандағаш-Орскі магистралі өзінің стратегиялық маңыздылығын Ұлы Отан соғысы кезінде дәлелдеді.
1939-1943 жылдары салынған Ақмола-Қарталы желісі Қарағандының көмірін Оңтүстік Оралға жеткізуді қамтамасыз еткен маңызды нысан болып табылады. Сол жылдары Көксу-Текелі-Талдықорған және Атасу-Қаражал телімдері іске қосылды. Қазақстандық шойын жолдың ұзындығы 10 мың шақырымға жеткізілді. Ұлы Отан соғысы кезінде теміржолдың бойында жол шаруашылығын және жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі өндірістік база құрылды.
31- сұрақ
Фашист басқыншыларын КСРО шекарасынан қуып шығару басқыншылықтан босаған аудандарда халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру бойынша мемлекеттік шаралар қолдануды талап етті. КСРО ХКК жанында неміс басқыншылығынан босаған аудандарда халық шаруашылығын қалпына келтіру комитеті құрылды.
КСРО ХКК және ВКП (б) ОК шешімімен 1943 жылы 23 қаңтарда неғұрлым тәжірибелі мамандарды мобилизациялау қарастырылды. Білікті кадрлардың жетіспеуіне қарамай, Қазақстанның Кеңес және партиялық органдары азат етілген аудандарға жан-жақты көмек көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. 1942 жылдың 1 маусымы мен 1943 жылдың 1 маусымы аралығында Қазақ КСР елдің азат етілген аудандарына мыналарды жіберді:
3879 тракторшы;
593 трактор бригадаларының бригадирлері;
106 механик;
221 комбайншы;
69 МТС директорлары;
115 агроном.
Азат етілген аудандарға өнеркәсіп жабдықтары, тұқым, мал, ауыл шаруашылық техникалары жөнелтілді.
1943 жылы көктемде көптеген колхоздарда жоспардан тыс бидай және өзге де дақылдар егілді, олардың өнімі Сталинград облысының еңбекшілеріне арналды. Оңтүстік Қазақстан облысының колхозшылары 30 мың тоннадан аса жоспардан тыс астық жинады.
Қалалар мен аудандарда жексенбіліктер өткізілді, одан өтілген ақшалар Волгадағы қаһарман қаланың қорына аударылды.
Солтүстік Кавказ бен Украинаның азат егілген аудандарына Қазақстан 1943 жылдың өзінде-ақ 4 мың трактор мен көптеген өзге де ауыл шаруашылық техникасын жөнелтті. Ол жаққа трактор бригадасының 700 бригадирі, 300 комбайнері, 145 агрономы, 100-ден аса механиктер жіберілді.
Жаудан азат егілген аудандарда мал шаруашылығын қалпына келтіруде Қазақстан Республикасының көмектері мынадан құралды:
Біріншіден, жау басып алған аудандардың малы Қазақстаның батыс облыстарынан екі жыл ішінде толық қайтарылды.
 
Екіншіден, республикада жеңілдік шарттармен барлық түрлерінен жүздеген мың бас мал сатып алынып, ол жаққа жөнелтілді.
Үшіншіден, азат етілген аудандардың мал басын қалпына келтіруде Қазақстан еңбекшілерінің жеке және қамқорлық көмегі зор болды. Малды жеткізіп беру үшін 330 колхозшы мен 120 мал дәрігері тартылды.
Ростов, Сталинград, Воронеж облыстары мен Ставрополь өлкесінің азат етілген аудандарына 208 мың мал басы қайтарылуы қарастырылды. Нақты іс жүзінде 210 мың мал басы қайтарылды.
1943 жылдың күзіне қарай Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Семей облыстарының мал дайындау базаларына 52299 қой мен ешкі және 2056 бас шошқа келтірілді. Олар Калинин, Смоленск, Курск, Орлов және Сталинград облыстарына арналды.
Азат етілген аудандардың тұрғындарына көмек ретінде Қазақ КСР-і Орлов облысының, Ленинград облысының кейбір аудандарына, Сталинград және Калинин облыстарына қамқорлық көрсетті.
1943 жылы 20 қазанда Қазақстан КПОК және Қазақ КСР ХКК «Неміс оккупациясынан азат етілген Орлов облысының қамқорлық пен көмек көрсету туралы» шешім қабылдады. Мұнда көмектің нақты түрлері көрсетілді.
«Орлов облысына қамқорлық жасау белгіленсін, тез арада оған жылқылар, ірі қара мал мен ұсақ мал, құстар, тракторлар, автомашиналар, ауыл шаруашылық машиналары мен ауыл шаруашылық жабдықтары, өнеркәсіп жабдықтары, азық-түлік, медициналық аспаптар мен медикаменттер, көркем әдебиет, оқулықтар мен оқу құралдары, сондай-ақ түрлі көпшілік біліктіліктері бар жұмыскерлер бөлінсін».
1943 жылдың соңына қарай Қазақстанның малшылары Орловқа 11,8 мың бас ірі қара мал, 74 мыңға жуық қой мен ешкі, 552 өгіз, 722 жылқы, 18 мыңнан аса шошқа жөнелтті. Сондай-ақ Брянскіліктер 148 трактор, 61 комбайн, 178 трактор тұқым сепкіші және соқалар, қозғалтқыштар, станоктар, түрлі жабдықтар мен ұсақ жарақтар алды. Қазақстандықтар өзінің шектеулі авто паркінен 38 автомашина, 5 автобус бөлуге мүмкіндік тапты.
Азат етілген аудан тұрғындарының мәдени-тұрмыстық қажеттіліктері үшін Қазақстан мыңдаған кітап, дәптер және бірнеше жазу машинкаларын жіберді.
Орлов облысының тұрғындары үшін республика еңбекшілері өз жалақыларынан 3,3 млн рубльден аса ақша аударды, оның 2,2 миллион рублі балалар бақшасын қалпына келтіру үшін арнайы бөлінді.
Семей теміржол торабының жұмыскер әйелдері Орловтық балалар үшін мыңдаған балалар костюмдерін тікті. Республика еңбекшілері үш балабақша мен сәбилер бақшасы, бір перзентхана, екі аурухана, үш фельдшерлік пункт, бір санэпидотряд, II ауыл кітапханасын ұйымдастыру үшін жабдықтар бөлді.
1944 жылы ақпанда Алматы қаласының еңбекшілері Орловтықтарға сыйлықтан құралған 20 вагон эшелон жіберді.
Шымкент облыстық кеңесінін атқару комитеті мен Шымкент КП ОК 1943 жылы 28 қазанда Орлов облысының Бежица, Жеряпинск, Хвостовический, Суражск аудандарының еңбекшілеріне қамқорлық жасауды қолға алды.
Шымкент облысының колхозшылары 1944 жылдың өзінде-ақ неміс фашистерінен азат етілген аудандарға 1156 жылға, 4827 қой, 7823 ірі қара мал жөнелтті.
Жабдықтар, астық және сыйлықтар арқалаған эшелондар Ленинградқа, Сталинградқа, Киевке, Донбассқа зымырап жатты. 1944 жылы маусымда Қарағанды кеншілері Донецк шахтерлеріне 15 вагон кен жабдықтарын жөнелтті.
Қазақстаның темір жолшылары Украинада Оңтүстік жолды, батыс аудандарда неміс басқыншылары бұзған болат магистралдарды қалпына келтіруге көмек көрсетті. Түрксіб темір жолшылары Украинаға қалпына келтіру жұмыстары үшін түрлі жабдықтар мен аспаптар жолдады.
Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты. Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл  шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға шақырылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті. 1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 га-дан 202 ц. тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауданы, “Авангард” колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. күріш өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Республикада Ш. Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. “Ойыл” ауданы, “Кемерші” совхозының Зауре Баймулдина звеносы, Шелек ауданы “Төңкеріс” колхозынан Малжегерова звенолары 1 га-дан 95-100 ц. тары мен күріш алды. Соғыс жылдарындағы әйелдер ерлігі ерекше. Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рулдеріне отырды. Мысалы, Ақтөбе облысы, Мартук ауданының Дзержинский атындағы қолхозында Агафья Швалькова соғысқа кеткен күйеуінің комбайынын жүргізіп, 2 күнде 87 гектардан астық жинады. 1986 жылға дейін, яғни соғыс кезі мен одан кейінгі уақытты қоса алғанда 1792 адам Социалистік Еңбек Ері атағын алған. Көп деп айтуға да келмейді. Десе де еленбей қалған ерліктер ел жадынан ұмытылмақ емес. Еленбей қалғандары соңғы жылдары өз бағасын алып, айтылып, жазылып жүр. Соғыстан кейінгі онжылдықта жарық көрген зерттеулерден Ғ Əбішев, О. Малыбаев, А. Нүсіпбековтің еңбектерін атап өту қажет. Бұл еңбектерде Ұлы Отан соғысы кезіндегі елдің дамуы, қазақстандықтардың майдан мен тылдағы жеңіске қосқан үлестеріне лайықты баға беріліп, «Қазақстан – майдан арсеналы» деген қорытынды жасалды. Тарихшы ғалымдар бұл еңбектерінде мерзімді баспасөз материалдарымен қатар мұрағат құжаттарын кең қолдана отырып, еліміздің майданға қосқан үлесін саралап берді. Соғыстың қысылтаяң кезеңінде тыл еңбекші халқы кәсіпорын, колхоз бен совхоз жұмысына таң сәріден жүгіріп, түн ортасында қайтқан ерлігін, «өзім жемесем жемейін, өзім ішпесем ішпейін, бәрі де солар үшін, бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін болсын!» - деген игі ниетті асыл сезімін ешкім есінен шығармауы тиіс. 
32- сұрақ
Азат етілген аудандарға көмек — 1941 — 1945 жылдары соғыста жау қолында қалған аудандардағы халық шаруашылығын қалпына келтіруге Қазақстан тарапынан көрсетілген жәрдем.[1] 1943 жылы Сталинград шайқасынан кейін РКФСР-дің көптеген облыстары, Украина, Белоруссия, Молдавия, Солтүстік Кавказ, Балтық бойындағы республикалардың талан-таражға түсіп, қиратылған, зор зиян шеккен аумағы жаппай азат етіле бастаған кезден Кеңес өкіметінің арнайы қаулысы бойынша бұл аудандардың халық шаруашылығын қалпына келтіру науқанына КСРО республиканың барлығы қатыстырылды. Қазақстанның қалалары мен өндіріс орындарынан соғыстан зардап шеккен елдерге жұмыс күші, мал, азық-түлік, қаражат, құрылыс материалдары, техника жіберілді. Қарағанды кеншілері Донецк көмір шахталарын қалпына келтіруге белсене қатынасты. Қазақстан темір жолшылары батыс аудандарға 20 мың теміржолшы жіберді. Түркісіб Ресей мен Украина темір жол. торабын қалпына келтіруге көмектесті. РКФСР мен Украинаға Балқаш, Қарсақпай, Өскемен т.б. қалалар мен кенттерден арнайы құрылыс отрядтары, мыңдаған шахтерлер, металлургтер жіберілді. Қазақ жұмысшылары мен шаруалары, әсіресе, жастар соғыс кезіндегі Кеңес үкіметінің мобилизациялық заңдарына сәйкес Еңбек армиясына шақырылып, Сталинград, Киев, Харьков және басқа қалаларды, олардың кәсіпорындарын қайта салуға қатынасты. КСРО үкіметі мен БК(б)П ОК-нің 1943 жылы 23 қаңтардағы “Неміс-фашист басқыншыларынан азат етілген аудандардың колхоздары мен МТС-терін қалпына келтіру шаралары туралы” қаулысы бойынша Қазақстанның ауыл-селолары Ресейдің Орел облысының ауыл шаруашылығын түгелдей, Ленинград, Калинин, Сталинград облыстарының, Украина мен Солтүстік Кавказ және Молдавияның кейбір аудандарын қамқорлыққа алды. Оларға механизатор мамандары, ауыл шаруашылығы техникасы, құрал-жабдықтар, астық, азық-түлік, киім-кешек, қаражат жіберілді. Қазақстан азат етілген жерлерге барлығы 554,3 мың бас мал жөнелтті, оның ішінде 17,5 мың бас ірі қара, 21,8 мың бас жылқы, 350 мың қой бар. Көмекке халықтың жеке табысынан өз еркімен бөлінген қаржы, соғыс заемынан түскен қаражат та пайдаланылды. Қазақстанның азат етілген аудандарға көмекгі соғыстан кейінгі жылдарда да жалғасты.
33-39
33) сурак 
Ұлы Отан соғысындағы жеңіске Қазақстанның мәдени қызметкерлері де үлкен үлес қосты. Ғылым және өнер адамдарының шығармашылық еңбегі майдандағы кеңестік әскерлердің ерлігімен, жұмысшылар мен колхозшылардың тылдағы даңқты істерімен қатар Ұлы Отан соғысының ерлік тарихына өзіндік жарқын із қалдырды. Бұл кезеңдегі әдебиеттің негізгі тақырыбы - патриотизм және Отанды қорғау. Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім», Ә.Тәжібаевтың «Ленинград» өлеңдері, 3.Шашкин, Қ.Аманжолов, Ә.Сәрсенбаевтың шығармалары көпке белгілі болды. Бірқатар жазушылар мен ақындар қолына қару алып, Отан қорғауға соғысқа аттанды. А.Жұмағалиев, Б. Бұлқышев, В.Чугунов соғыста ерлікпен қаза тапты. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ 90-ға жуық ақындар мен жазушылар майданға кетті. Олар майдандас жауынгерлерге батырлықтың үлгісін көрсетіп, оларды өздерінің шығармашылығымен жауға қарсы соғысқа рухтандырды. Олардың қатарында Д. Снегин, Д.Әбілев, Ж.Саин, Қ.Әбдіқадыровтар болды. Соғыс жылдары дарынды жастар Ж.Молдағалиев, Ә.Нүрпейісов, С.Мәуленов, Б.Момышұлы әдебиетке жауынгерлік рух, шығармашылық серпін берді. Кеңес халқының моральдық-саяси бірлігін күшейту ісіне Ғ.Мүсірепов, F.Мұстафин, С.Мұканов, М.Әуезов сынды қазақ көркем проза шеберлері аянбай еңбек етті.
Қазақстан өнер шеберлерінің бригадалары майданға аттанды, осындай 11 бригада майданда болып 870 концерт қойды. Госпитальдарда, шақыру пункттерінде, әскери бөлімшелерде, шекаралық заставаларда 15 мыңнан астам концерт берді. Жалпы концерттік ұйымдар 36,5 мың концерт қойып, оларды 9 миллионнан астам көрермендер тамашалады. Алматыда Орталық біріккен киностудия «Екі жауынгер», «Майдан», «Ол Отанын қорғайды», «Күт мені» және басқа да миллиондаған адамдардың азаматтық қалыптасуына, оларды патриотизмге тәрбиелеуге үлкен ықпал жасаған, адамдарды жеңіске үміттендірген ғажайып кинолар түсірді.
«Қазақстандық тарихнамадағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі  Қазақстан мәдениеті мен ғылымы» Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан мәдениеті мен ғылымының тарихнамада зерттелуі қарастырылды. Соғыс жылдарындағы мәдениет тарихының зерттелу жағдайы сарапталды. Соғыс уақыты жағдайындағы жұмысқа сай халыққа білім беруді қайта құру, жалпы білім алу туралы Заңды орындау үшін күштер мен ресурстарды жұмылдыру бойынша партиялық және қоғамдық ұйымдардың қызметі, оқушы жастар арасындағы тәрбие және саяси жұмыс тақырыбы А.Сембаевтың, Н.М.Итбаевтың, М.К.Қозыбаевтың, М.П.Лайгердің еңбектерінде көрініс тапты. Соғыс жылдарындағы Қазақстанның көркемөнер интеллигенциясының тарихының жекеленген жақтары С.А. Куандыкованың диссертациясында, соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті тарихының мәселелері А.К. Бисенбаевтың диссертациясында қарастырылды. Біздің ойымызша, соғыс кезеңіндегі мәдениет тарихының қазақстандық тарихнамасы үшін өзекті болып Р.Б.Сулейменовтың соғыстың қатаң сынағы жылдарындағы республиканың мәдениетінің жағдайын кешенді арнайы зерттеу қажеттігі туралы айтқан пікірі қала береді. Соғыс кезеңіндегі Қазақстан мәдениетінің дамуы Жеңіске жетуге шақырған патриоттық насихатқа негізделгенімен, сонымен қатар, өзінің баяу болса да, бірақ өнімді қозғалысын жалғастырды.
Қорытындылай келе, болашақта Қазақстанның көпұлтты интеллигенциясының майдан қажетіне республиканы жұмылдыру міндеттерін идеологиялық және насихаттық қамтамасыз етудегі үлесін, республиканың әлеуметтік-экономикалық және мәдени келбетіне эвакуацияланған шығармашылық интеллигенция, ғылыми және мәдени мекемелердің ықпалы, тыл еңбеккерлері мен майдандағы жауынгерлердің патриоттық санасын қалыптастыруда Отан қорғаушылардың  ұлттық және тарихи бейнелерінің мағынасы мен рөлі, соғыс жылдарындағы жалпы білім беретін мектептердің тарихы мәселелеріне барынша көп көңіл бөліп, кешенді зерттеу қажет.
                     2.2 Қазақ халқының музыкалық мәдениеті
Қазақ халқының музыкалық мәдениетінде үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Қазакстан композиторлары 300-ден астам музыкалық шығармалар: опералар, симфониялар, әскери-патриоттық әндер жазды. Соғыс жылдарында опера өнері дами түсті. 1942 жылы Е. Брусиловскийдің «Гвардия, алға!», 1944 жылы А. Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» опералары қойылды. Соғыстан кейінгі жылдарда Е. Брусиловский мен М. Төлебаевтың «Амангелді», А. Жұбанов пен Л.Хамидидің «Төлеген Тоқтаров», М. Төлебаевтың «Біржан - Сара» опералары жазылды. 1949 жылы осы операның авторларына және негізгі партиясын орындаушыларға КСРО Мемлекеттік сыйлықтары тапсырылды.
1940 жылы «Көктем» атты алғашқы қазақ балеті қойылды. Соғыс жылдарында Қазақ музыкалық театрының балетіне Г. Березова жетекшілік етіп, сахнада әлемге әйгілі артистер өнер көрсетті. 1942 жылы маусымда Галина Уланова Алматыда алғаш рет театр сахнасына шықты.
Республикада жаңа театрлар ашыла бастады. 1937 жылы Қызылордада Корей музыка-драмалық театры, ал 1944 жылы Алматыда Балалар мен жасөспірімдер театры ұйымдастырылды. 1937 жылы Қазақ театры академиялық театрға айналды, бірқатар актерлер республиканың халық және еңбек сіңірген артистері атақтарын алды. Облыстық және көркемөнерпаздар театрларының саны артты. Ш. Айманов, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, К. Қармысов, X. Бекеева сияқты актерлер елге танылды, Ы. Ноғайбаев, Н. Жантөрин және т. б. актерлік өнер жолын бастады
 3 Қазақ кеңестік өнерінің дамуы  XIX ғасыр Қазақстанның мәдени өміріндегі ағартушылық ғасыр деп аталады. Білім мен мәдениеттің дамуына алдыңғы қатарлы орыс зиялылары үлкен ықпал жасады. 1847–1857 жылдарда украин ақыны Т. Г. Шевченко Қазақстанда айдауда болды. Қазақстан Орыс географиялық қоғамы бөлімшелерінің зерттеу обьектісіне айналды, мұнда мәдени-ағарту мекемелері мен статистикалық комитеттер жұмыс істеді; өлкетану мұражайлары ашылып, ертедегі ескерткіштер, халықтың ауызша шығармашылығы және құқықтық заңдар, соның ішінде қазақтардың дағдылы құқығы зерделенді; орыс-қазақ мектептері мен кітапханалар ашылды. Қазақтар өз балаларына білім беруге ұмтылыс жасап, балаларын кадет корпустары бар Омбы мен Орынборға жіберу үшін мүмкіндік іздестірді. Білім алуға деген жаппай ұмтылыс пен ықылас жағдайында Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин бастаған қазақ ағартушыларының тобы қалыптасты.
XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басында Кіші жүз қазақтарының едәуір бөлігі Еділ мен Жайық өзендерінің сағасындағы жерлерге көшіп барды да 1801 жылы Ішкі немесе Бөкей (өздерінің бірінші ханы Бөкейдің есімімен) Ордасының негізін қалады. Ол Еділ мен Жайық өзендерінің аралығындағы әскери бекіністі шептердің іш жағында орналасқандықтан «Ішкі» деп аталды. Ішкі Орда қазақтарының рулық-тайпалық құрамына адай, байбақты, беріш, жаппас, есентемір, ноғай, жетіру, масқар, серкеш, тана қызылқұрт, кете, таз, төлеңгіт, ру – тайпалары енді.Патша үкіметі қазақтардың Жайық сыртына көшуіне рұқсат бере отырып, қайта қоныстандыру мәселесін ұйымдастыруды орыс тағына жан -тәнімен берілген, шекаралық патша шенеуніктерінің нұсқауларын екі етпей орындайтын сенімді адамға тапсыруды мақұл көрді. Таңдау Әбілқайыр ханның немересі, Нұралы ханның баласы Бөкей сұлтанға түсті. Патша шенеуніктерінің сипаттауынша Бөкей «жоғары мәртебелі таққа шын берілген» адам болған. Көші-қон жұмыстарын ұйымдастыру барысында Бөкей өз мүдделерін ұмытқан жоқ. Кіші жүз тағына отыру мүмкіндігі мен беделі жетіспей жүрген ол орыс билеушісінің сенімін пайдаланып, Жайықтың оң жағалауында өз хандығының негізін қалауды ниет етті.
Жаңа хандықты орыс жерлері мен бекіністі шептер жан-жағынан қоршап тұрды. Жайық бойында – әскери шептің казактар форпосттары, солтүстігінде – Жаңа өзен шебінің форпосттары, батысында – тұз жолдарының бекеттері мен Астрахан казак әскерлерінің тосқауыл отрядтары, қалмақтар жайлаулары, оңтүстігінде – Каспий теңізінің жағалауларындағы орыс қоныстары орналасты. Хандық шығыстан батысқа қарай 350 шақырым және солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жерлерді қамтыды. Жайықтың батыс жағалауына көшіп барған қазақтардың кері қайтуларына рұқсат етілмеді.
1812 жылдың басында патша үкіметі Бөкейді «Ішкі қырғыз-қайсақ ордасының ханы» етіп ресми түрде бекітті.
1815 жылғы 12 мамырда орданың негізін қалаушы Бөкей дүниеден өтті. Ол көзі тірісінде-ақ хан атағын мұра ету құқығын өз ұрпақтарына ғана бекітіп берген еді. Өлер алдындағы өсиетінде хандық билігін сол кезде 14 жастағы баласы Жәңгірге қалдыратынын айтқан болатын. Жас Жәңгір кәмелетке толғанша орданы Шығай биледі.
Жәңгір хан өкімет билігін қолға алған соң отаршыл әкімшіліктің өзіне жүктеген міндеттеріне сай қазақтардың өмірі мен тұрмысының және дәстүрлі ел басқару жүйесінің кейбір бағыттарына батыл түрде өзгерту енгізе бастады. Жәңгір көшпелі халықты отырықшыландыру мақсатымен олардың егін егуіне жан-жақты қолдау көрсетті. Орыс хуторлары мен деревняларының үлгісі бойынша тұрақты қоныстар салуға көңіл бөлді. Жәңгір хан өз ордасынан бастап ауылдарда мектептер, училищелер мен мешіттер ашты. Ол патша өкіметі мен жергілікті қазақ ақсүйектерінің мүдделерін ұштастыру саясатын жүргізді.
1827 жылы Нарын құмы Жасқұс шатқалындағы қонысты орда орталығы етіп жариялады. Ол әлеуметтік-экономикалық бағытта Ішкі Ордада феодалдық тәртіп орнатты. XIX ғ. 30 ж. ортасында Ішкі Орданың тұрғындары хан мен оның айналасындағылар патша әкімшілігінің аяусыз қанаушылығына ұш
 3.1 Қазақ әдебиеті
Соғыстан кейінгі жылдары жазба әдебиет те дамыды. Д. Әбілев, Ө. Сәрсенбаев, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, Ө. Шәріпов, Ә. Әбішев, Ғ. Мұстафин қазақ кеңес әдебиетінің танымал шеберлеріне айналды. Әдеби жанр түрі көп болғанымен, тақырыптарды таңдау аясы шектелді. Көркемөнер мен әдебиетті жаңғыртпақ болған өнер адамдарының шығармашылығына шек қойылды. 20-30-жылдардағы қуғын-сүргінге ұшырап, таптық методологияға негізделген әдебиет социалистік құрылыстың тек жақсы жақтарын, халықтың социалистік жасампаз өмірін, халықтар достығын, жаңа қоғамдық қатынастарды бейнеледі.
Соғыстан кейінгі уақытта әдебиетшілер шығармашылығы қатаң идеологиялық бақылауға алынды. Соған қарамастан 40-жылдардың аяғы мен 50-жылдардың басы Қазақстан кеңестік әдебиетінің гүлденген кезі болды. 1947 жылы М. Әуезовтің «Абай» романының 2-томы басылып шықты, 1948 жылы, С. Мұқановтың «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің «Миллионер», 1949 жылы Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романдары жарық көрді. 1949 жылы «Абай» романы үшін М. Әуезовке КСРО Мемлекеттік сыйлығы беріліп, роман жазушыға дүниежүзілік даңқ әкелді. 50-жылдардың басында қазақтың көрнекті ақын-жазушыларының, Ғ.Мұстафин, Ғ.Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, Т. Жароков және т.б. шығармалары жарық көрді.
Әр ұлттың, халықтың әлемдегі өркениетті елдер қауымдастығында қаншалықты орынға ие екендігі оның рухани саладағы құндылықтарынан байқалады. Қазақ үшін поэзия – өмірлік ұстаным. Екінің бірі ақын, екінің бірі өнерпаз болып келуінің себебі ғасырлар қойнауынан басталады. Ғұмыр кешу салтының ұзақ мерзім бойы қалыптасып, орныққан дағдысы биік зияткерлікті, өнерді биік өркениеттің белгісі деп тұжырымдауға алғышарттар жасады. Сақ, ғұн дәуіріндегі ешкімге ұқсамас поэзия, алтын Орда дәуіріндегі жыр жауһарлары, хандық дәуірдегі мәңгілік толғаулар, сәл бертіндегі Бұқар, Махамбет, Дулат, Мұрат, Абай, т.б. поэзиясы ХХ ғасырдағы алаш арыстарының шығармашылығына, кеңестік кезеңдегі қазақ ақындары поэзиясының дамуына тиімді алғышарттар жасады.
Қасым Аманжолов – өткен ғасыр басында дүниеге келіп, ұлттық поэзияның өре-деңгейін биік зияткерлік, мазмұн мен пішін бірлігі, батылдық пен суреткерлік тұтастығы арқылы шыңға көтерген ақын. Қасым ақын өзіне дейінгі ұлттық поэзия үлгілерінің озығын өз болмысына сіңіріп қана қойған жоқ, сонымен қатар ақындықтың шеберлік мектебін дамытты. Егер дәстүр мен жаңашылдық сияқты тарихи-философиялық ұғымдар тұрғысынан келсек, жыраулар поэзиясы, Махамбеттің жырлары Қасым поэзиясы үшін рухани шүйгіндіктің қайнар көзі бола алды. Ал, оның тамаша өлеңдері, дастаны өзінен кейінгі Ж.Нәжімеденов, Т.Айбергенов, М.Мақатаев, К.Мырзабеков, С.Ақсұңқарұлы т.б. ақындардың өнеге алар рухани мектебіне айналды.
Көркемөнердегі, оның ішіндегі әдебиеттегі дәстүр мәселесі – өте ауқымды жайт. Оны ғылыми талдаудан өткізіп, зерделеу, саралау ұлттық әдебиетті, оның поэзия жанрының өркендеп, дамуын зерттеу ісімен тығыз байланысты. Өскелең поэзия – өскен, жетілген сананың өре-деңгейін белгілеп, анықтай алатын бірден-бір көрсеткіш. Сондықтан да өткеніңді саралап, бүгінгіңді талдап, болашағыңды болжау, әдеби, мәдени құндылықтарыңды зерделеп, талдау – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Бұл орайда қазақ әдеби үдерісіндегі Қасым Аманжолов поэзиясының дәстүрін зерттеу өзекті де көкейкесті проблемаға жатады.
 
                                          3.2 Қазақ киносы
Соғысқа дейінгі уақытта қазақ киносы да қалыптасты. 1938 жылы Қазақстанда тұңғыш көркем фильмдер студиясы ашылды. 1938 жылдың соңында Алматы кинохроника студиясы ұйымдастырылып, қазактың тұңғыш дыбысты деректі фильмі «Жамбыл ата» көрерменмен табысты. Осы жылы «Ленфильм» киностудиясында қазақстандық кинематографистердің алғашқы көркем фильмі- «Амангелді» түсірілді. 1941жылы Мәскеу және Ленинград киностудиялары Қазақстан астанасына қоныс аударып, олар Алматы көркем фильмдер киностудиясымен бірігіп көптеген фильмдер түсірді. Олардың қатарына «Екі жауынгер», «Илья Муромец» және т.б. фильмдерді жатқызуға болады. 1945 жылы Алматы көркем фильмдер киностудиясы тұңғыш рет өз күшімен «Абай әндері» фильмін жарыққа шығарды. Сол жылдары «Буратиноның бастан кешкендерінің» авторы A. Н. Толстой, Самуил Маршак, жазушылар Михаил Зощенко және Константин Паустовский, «Степа ағайдың» авторы және қазіргі белгілі кинорежиссер Никита Михалковтың әкесі Сергей Михалков, атақты режиссер С. М. Эйзенштейн, белгілі актерлер Николай Черкасов, Михаил Жаров, Любовь Орлова, Марина Ладынина, Николай Крючков, Борис Андреевтер Қазақстан астанасында тұрып, еңбек етті.Қазақ киносы - Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. Алғашқы киношежіре 1925 жылы түсірілді. 1928 жылы РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан акционерлік "Востокфильм" кино қоғамы құрылды. 1929 жылы Алматыда оның өндірістік бөлімі ашылды да, ол Қазақстанның өмір-тұрмысы туралы "Соңғы хабар" атты киножурнал шығарып тұрды. Реж. В.А. Турин ел өміріндегі тарихи оқиғалардың біріне саналатын Түркістан - Сібір темір жолы магистраінің құрылысы жайлы "Түрксіб" атты деректі фильмін қойды. 1934 ж. Алматыда "Кеңестік Қазақстан" киножурналын үзбей шығарыл тұратын Респ. киношежіре студиясы құрылды. Осыдан кейін қазак киносы жаңа өркендеу жолына түсті. "Ленфильм" студиясының ұжымы қазақтың алғашқы кино қайраткерлерінің қатысуымен "Амангелді" (1938, реж. М.З. Ленин) көркем фильмін жасады. Қазақ көркем фильмдерінің тарихы осы туындыдан басталады.2-дүниежүзілік соғыс жылдарында "Мосфильм" мен "Ленфильм" киностудиялары бөлімшесінің Алматыда болуы қазақ киносының одан әрі өркендеуіне әсерін тигізді. Бұл студиялар Алматыда өзара бірлесіп, ЦОКС (Біріккен орталық киностудия) деген атпен өзінің қызметін бастады. Мұнда "Антенна Рыбкин" (реж. К.К. Юдин), "Жауынгер ұлы" (режисері В.П. Строева), "Біздің қаланың жігіті" (режисері А.Б. Столпер), "Ауком секретары" (режисері А.М. Файнциммер), "Отан үшін" (режисері Пудовкин), "Иван Грозный" (1-сериясы, режисері Эйзенштейн), т.б. кеңестіқ таңдаулы фильмдер жасалды. 1941 ж. Алматыда көркем фильмдер шығаратын киностудия ұйымдасып, 1944 жылы ол Алматының көркем және деректі-шежіреліқ фильмдер студиясы (1960 жылдан "Қазақфильм") деп аталды. Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан кезінен бастап 100-ден астам көркем фильм және 500-дей деректі фильм шығарды. Бұл фильмдер тақырыбы жағынан әр алуан. Экранға қазақ халқының өткен өмірін көрсететін,
2-дүниежүзілік соғыс жылдарында халық батырлығы туралы, заманауи тақырыпқа арналған картиналар шықты (мыс., "Абай әні" (1946), "Махаббат дастаны" (1954), "Шоқан Уәлиханов" (1957), "Қыз Жібек" (1972), "Ботагөз" (1957), "Атаманның ақыры" (1971), "Орман балладасы" (1972), "Біздің сүйікті дәрігер" (1957), "Менің атым Қожа" (1963), т.б.). Қазақ К-сын дамытуға режисері Ш.Айманов, Е.Е. Арон, М.Бегалин, О.Әбішев; А.Қарсақбаев, С.Қожықов; актерлер Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, Н.Жантөрин, Қ.Байсейітов, С.Қожамқұлов, К.Қожабеков, Ә.Өмірзақова; операторлар М.Аранышев, Ф.Әбсәлемов, М.Беркович, т.б. мол үлес қосты.1980 жылдары республиканың деректі киносына И.Вовнянко, С.Әзімов, О.Рымжанов, В.Рерих, С.Махмұтов, В.Тюлькин, т.б. қосылды."Құмшағыл оқиғасы" (1987), "Аралды жоқтау" (1988), "Жоқтау. Өлі теңіз шежіресі" (1989 - 1990), "Полигон" (1990) фильмдері арқылы экранға қоршаған ортаның шынайы әлеуметтік қарама-қайшылықтары шығарылды. Кеңестік қоғамдағы демократиялық жаңартулар Қазақстанның көркем фильмдерінің эстетикасына да әсерін тигізіп, қазақ "жаңа толқын" өкілдерінің шығуына жол ашты. Осы кезде Қ.Садықовтың"Балкон" (1988), Р.Нұғмановтың "Ине"(1988), С.Апрымовтың"Қиян" (1989), Т.Теменовтың "Адамдар арасындағы бөлтірік" (1988), А.Әмірқұловтың "Отырардың күйреуі" (1991), Ә.Қарақұловтың "Әзәзіл қыз" (1991), Е.Шынарбаевтың "Сұр ұшбұрыштағы орын" (1993), С.Нарымбетовтың "Көзімнің қарасы" (1994) фильмдері түсіріліп, ұлттық кино шетелдерге таныла бастады. Халықаралық қинофестивальдарда жүлделі орындарға ілікті. Бұл кезеңдегі Қазақ киносында бірнеше көркемдік-стильдік бағыттар айқындалды: әлеуметтік авторлық фильмдер - С.Апрымов, Д.Өмірбаев; бейнеклиптік эстетика, көпшілік қауымға бет бұру - Р.Нұғманов, А.Қарпықов; ретро фильмдер - С.Нарымбетов; "халықтық кино" - Б.Шәріп, А.Әмірқұлов, Т.Теменов, Д.Манабай. Жалпы алғанда 1990 жыл дар дағы фильмдер кеңестік идеологияны жоққа шығаруға бағытталды.
34-сұрақ
)Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әбден әлсіреп шықты. 32 мың өнеркәсіп орны, сондай-ақ 100 мың ауыл шаруашылық өнеркәсіп орындары үлкен шығынға батты, олардың біраз бөлігі толығымен жойылды. Сталинград (Волгоград), Ленинград (Санкт-Петербург), Киев, Минск сияқты қалалар жер мен жексен етілді. Экономикалық қиындықтар жұмыс қолының жетіспеуіне байланысты күрделене түсті. Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан айырылғаны белгілі, одан да көп болуы мүмкін. Өндірістегі жетпейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін КСРО үкіметі Кеңес Армиясы қатарынан ірі көлемдегі демобилизация жүргізді. Бірінші демобилизация 1945 жылы шілде-қыркүйек айларында өтті. Алдыңғы кезекте солдаттар және жасы ұлғайған кіші офицерлер, инженер, мұғалім, агроном т.с.с. мамандар демобилизацияланды. 1945-1946 жылдары армия қатарындағылардың саны 8,5 млн-ға азайды. Қазақстандағы тек қана әскери тапсырыстар орындаған көптеген зауыттар жаңа жағдайда бейбіт өнімдер шығаруға көшті. Дегенмен соғыстың зардабы Қазақстанға ауыр тиді. Мысалы: зауыттарда, фабрикаларда және ауыл шаруашылығында жүмыс күші жетіспеді. Бұл жағдай бірнеше себептерге байланысты еді. Соғыс кезінде Қазақстанға қоныс аударған мамандардың көпшілігі туған жерлеріне кайтты. Көптеген Қазақстандықтар майданда қаза тапты және соғыстан оралмады. 1930-1934 жылдардағы шаруалардың зорлап ұжымдастыру кезіндегі жаппай қоныс аударуы, сондай-ақ республиканың ауыл шаруашылық аудандарының жартысына жуығының қырылуына алып келген аштық салдарлары айқын сезілді. Зауыт және фабрика жүмысшыларының мамандану дәрежесі, жалпы алғанда, жоғары болмады. Жетіспейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін республикада жер-жерлерден еңбек ресурстары мектептері мен училищелері құрыла бастады. Жұмыс күшінің орны Кеңес Армиясы катарынан демобилизацияланған әскерлер, сондай ақ фашистік тұтқыннан оралған репатрианттар есебінен толығып отырды. Қолданылған ісшаралар нәтижесінде егін алқабының деқаншылары мен еңбекшілерінің қатары толықты. 1946 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып Жумабай Шаяхметовтагайындалды. Кеңес Одағының басқа республикалары сияқты Қазақстан да фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға қолдан келген көмекті аямады. Республикада тұтастай азық-түлік керуендері жасақталды. Қазақстандықтар Сталинградтың, Ленинградтың, Солтүстік Кавказдың соғыстан зардап шеккен шаруашылықтарын қалпына келтіруге белсене катысты. Тек 1945 жылдың өзінде Украинаға 500 трактор және басқа да ауыл шаруашылық машина, 140 паровоз, бірнеше жүздеген ауыл шаруашылық мамандары жіберілді. Фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға жарты миллионнан астам ірі қара мал, жылқы, қой жеңілдетілген бағамен сатылды. Сондай-ақ тегін көмек көрсетілді. Қазақстан колхоздары неміс оккупациясынан азат етілген аудандарға көмек ретінде 17,5 мың ірі қара мал, 22 мындай жылқы және 350 мың қой жіберді.Кеңес өкімет өз кезегінде Қазақстанның халық шаруашылығын және мәдениетін дамытуға ерекше назар аударды. КСРО экономикасы біртіндеп бейбіт калыпқа түсе бастады. Бұрын әскери өнім шығарып келген өнеркәсіп орындары күнделікті тұтыну заттарын шығаруға қайта бейімделді.

20-жылдардың ортасынан орнаған қатаң әміршіл-әкімшілік жүйе 40-50-жылдары әрекет ете берді. Саяси жүйеге адам еркіндігін басып-жаныштау, оның құқықтарын жоққа шығару, еңбек адамдарын өндіріс құрал-жабдықтарынан жатсындыру сияқты қолайсыз құбылыстар тән болды. Жетекші күш - Коммунистік партия болып, оның басшылығымен өмір сүріп отырған жүйенің барлық басқа буындарының (Кеңес мемлекетінін, кәсіподақтардың, комсомол, кооперативтер мен басқа да қоғамдық ұйымдардың) жүмысы үйлестірілді. Мемлекеттік органдардың құзырындағы мәселелерді шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылық және әлеуметтік-мәдени, қоғамдық ұйымдардың міндеттерін орындауды өз қолына жинақтап, оларды дербес әрекет етуден айырды. Республикада И. В. Сталиннің жеке басына табынушылық жағдай қалыптасты. Қандай да бір қол жеткізілген табыстар оның кемеңгерлік басшылық жасай біліумен байланыстырылып, өрескел кемшіліктер мен сәтсіздіктер жөнінде сөз болмады. Осының бәрі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына қолайсыз ықпал етіп, ауыр зардаптарға ұрындырды. Аты шулы ұрандарды саяси мақсаттарға пайдаланумен заңдылықтың бұзылуы, өкімет билігін асыра пайдалану жалғаса берді. Өмір сүріп отырған саяси жүйе өзінің дербес дамуына қабілетсіз екендігін көрсетті. Кеңес қоғамын дамытудың соғыстан кейінгі жоспарлары сталиндік антидемократиялық, социализмнің тоталитарлық үлгісімен үйлесіп кетті. Майдан мен тылда, соғыстың барлық ауыртпалығы мен қиыншылығын көтерген халық соғысқа дейінгі кезеңдегі халықтан басқаша еді. Қоғамдық өмірдің бейбіт жағдайының орнығуына байланысты қүндылықтарды қайта бағалау орын алды. Замандастардың санасында әлеуметтік бағдарламаларға бет бұрудың қажет екендігін түсіну айқын біліне бастады. Алайда қоғамдық сананың барлық деңгейінде сезіле бастаған қоғамдық жаңарудың кешенді бағдарламаларына өтуге тұрақты әлеуметтік-саяси құрылым бөгет жасады. Сонымен бірге өте ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кейінгі кезеңде басшылықтың қолданыстағы саяси жүйенің тиімділігіне деген сенім қалыптастырды, ал көпшілік басшылар баскарудың әкімшілік өдістерінің өзін-өзі ақтайтындығына сенімді болды. Сталинизм идеологиясы 40-жылдар мен 50-жылдардың басында өзінің шырқау шегіне жетті. 1939 жылы болған БК(б)П XVIII съезінің құжаттарында жазылған социализмқрылысын аяқтаудың соңына карай ел коммунистік қоғам кұруға өтеді деген тезисті Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, теориялық жағынан талқылау жалғаса берді. 1946 жылғы наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында бүл тезис партияның жетемгілікке алатын тұжырымдамасы ретінде жарияланды. Соғыстан кейінгі онжылдық - КСРО-дағы1920-1940 жылдардағы өмір шындығына қасад көзқарастың жалғасы еді.
Қазақстан - лагерьлер өлкесіӨңдеу20-жылдардың соңы - 30-жылдардың басында басталған қуғын-сүргін соғыстан кейінгі кезенде де жалғастырылып, ол көптеген бұрынғы әскери тұтқындарды - Кеңес Армиясының солдаттары мен офицерлерін қамтыды. Көптеген «әшкерелеудің» ішінде «ленинградтық іс», «дәрігерлер ісі» т.с.с. істер болды. Өнеркәсіптегі жұмысшылардың төменгі мамандық деңгейіне байланысты болған кез келген апаттар мен ақаулар «халық жауларының» әрекеттері ретінде түсіндірілді. Халықтарды күштеп қоныс аудару - біздің елдің өткен тарихының қайғылы беттерінің бірі. 40-жылдардағы депортацияға байланысты оқиғалар жөнінде ұзақ уақыт бойы еш нөрсе айтылмады. Тұтастай халықтарды қоныс аудару «операциялары» әр түрлі негізде жүргізіліп, жапа жабу, басқалардың әрекеттері үшін адамдарды тобымен жауапкершілікке тарту т.б. әдістер қолданылды. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комиссариаты III басқармасының 1946 жылғы қазан айындағы мәліметтері бойынша Қазақстанға 2463940 адам күштеп жер аударылған. Жүз мыңдаған отбасы мүшелері бір-бірінен көз жазып қалды, олардың кейбіреуі бала-шағасынан мәңгілікке айрылды. Отанының кешегі корғаушылары - солдаттар да жер аударылып, олар өз отбасыларынан біржола немесе ұзақ уакытқа қол үзді. Осындай ауыр күндерде республиканы мекендеген әр түрлі ұлттардың өкілдері өздерінің үздік адамгершілік және интернационалдың қасиеттерін көрсете алды. Олар жазықсыз жапа шегушілерді жылы қабылдап, мейірімділік танытты, олармен соңғы нандарына дейін бөлісті. Қоныс аударғандар да борышта қалмай, бірден еңбекке араласып, Қазақстанға үлкен кемек көрсетті.
1940-1950 жылдары да ұлт саясатын қудалау ісі жалғасты. Мұхтар Омарханұлы Әуезов, Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов, С. Мұқанов «Қазіргі тақырыпка пьеса жазбайтындар» ретінде саналды. Ө. Тәжбаевтың «Біз қазақпыз» атты шығармасы ескі хандар мен бай-шонжарлар өмірін мақтау, марапаттау деп сынға алынды. Белгілі композитор А. Жұбанов«феодалдық- байшылық дәстүрлерді асыра дәріптегені» үшін катаң сынға ұшырады. Әсіресе 1947 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің «Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындагы саяси өрескел қателіктер туралы» қаулысы жарияланған соң ултшылдықты айыптау кеңінен қанат жаяды. Қазан төңкерісінен бұрынғы жазылған ұлттық сипаттағы шығармаларды зерттеуші ғалымдар қуғындалды. Орталық Комитет 1948 жылы тамыз айында «Қазақ совет әдебиетінін; жағдайы және оны одан әрі дамыту туралы» шешім қабылдады. Нәтижесінде Б. Кенжебаев, Т. Нүртазин, Ә. Қоңыратбаев, Е. Ысмайылов, Мұхтар Омарханұлы Әуезов, Қ. Жұмалиев, Ө. Марғүлан секілді талантты зерттеушілер үлтшылдар қатарына жатқызылды. Әдебиетші ғалымдардың бір тобы «Кенесарыны дәріптеушілер»ретінде де айыпталды. 1947 жылы жарияланган «Қазақстан XIX ғасырдың 20-40-жылдарында» атты монографиялықзерттеудің авторы, талантты тарихшы ғалым Е. Бекмаханов жазықсыз қудаланып, 25 жылга сотталады. Оның көзкарасын жақтап, ғылымға адалдық танытқан тарихшылар да қудаланды. Қазақстандық ғалымдардың жазықсыз жазалануына араша болуға ұмтылған республиканың Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қ. Сәтбаев қызметінен босатылып, Қазақстаннан кетуге мәжбүр болады.
Тек кана 1956 жылы КОКП-ның XX съезінде сталиндік жеке баска табынушылық әшкереленіп, айыпталғаннан кейін жазықсыз тұлғаларды қудалау саясаты токтатылды. Солай дегенмен де еркін ойлайтын, демократиялық тәртіпті жақтағандар әдеттегідей түрмелерге жабылды. Сталиншілдіктің ауыр қылмыстарының бірі - Қазақстан аумагында тұзеу мекемелерінің тутас жуйесін. - Степлаг, Карлаг (Қараганды лагері), АЛЖИР (Акмолинский лагеръ жен изменников Родины) лагерьлерін салуы болды. Бүл лагерьлерде жазықсыз айыпталған мыңдаған адамдар өз мерзімін өтеді. Олардың катарында М. Тухачевскийдіңанасы мен қарындасы, Гамарниктің отбасы мүшелері, Т. Рысқұловтың әйелі мен кызы, Т. Жүргеновтің, С. Қожановтың әйелдері т. б. болды.
35-сұрақ
1947 жылы желтоксанда карточкалық жүйе мен республика еңбекшілерін азық-түлікпен және өнеркәсіп тауарларымен мөлшерлі қамтамасыз ету жойылды. Осы жылы ақша реформасы жүргізілді. Азык-түліктің негізгі түрлерінен мен ұннан істелінетін тағамдарға, етке, өнеркәсіп тауарларына деген баға төмендетілді. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базардағы баға да төмендеді. Тұтастай алғанда, төртінші бесжылдық жылдарында баға үш рет төмендетілді. Сомның сатып алу қабілетінің нығауымен қатар еңбекшілердің еңбекақысын арттыру жүргізілді. Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, майданда қаза тапқандардың отбастарына әлеуметтік көмек көрсетілді. Жасы жеткендерге, асыраушысынан айырылғандарға, уақытша еңбек қабілетінен айырылғандарға зейнетақы тағайындалды. Көп балалы, жалғызбасты аналар талай жәрдем алды. Санаторийлер мен демалыс үйлеріне, пионер лагерьлеріне жеңілдік шарттарымен жолдамалар берілді. Бүл жылдары ақы төленетін қосымша демалыстар беру қалпына келтірілді. Мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдардың күрделі қаржылары есебінен халыққа арналған түрғын үй қүрылысының саны көбейді. Алайда, өкінішке қарай, жоғарыда келтірілген кеңес адамдарын «әлеуметтік қорғаудың жоғары деңгейінің» үлгілері, олардың өмірлік сұраныстарын қанағаттандыру көбінесе жасанды сипатта болды. Мысалы, карточкалық жүйенің жойылуы алдында бөлшек саудаға реформа жүргізіліп, оның жалпы деңгейі 1940 жылмен салыстырғанда үш еседей жоғары болып шықты. Жұмысшылар мен қызметшілердің ай сайынғы еңбекақысы бір жарым есе ғана көбейіп, 1950 жылы 64 сомды құрады, бұл сатып алушылық қабілеттің төмендеуіне әкеп соқты. Ерікті-мәжбүрлі түрде мемлекеттік займдарға жазылуға еңбекшілердің бір айлық жалақысы кетіп, олар артық еш нәрсе сатып ала алмады. Сол уақытта кең қолданылған бағаны төмендету насихат саясаты әуелден негізсіз болып, халықтың көпшілігі тұратын ауылдар мен деревнялардың тұрмыс жағдайың нашарлату есебінен жүргізілді. 50-жылдардың басында колхозшылар жүмысшы мен қызметшілердің жалақысынан төрт есе аз алды. Үкімет жүргізген ауылдан азык-түлік өнімдерін ете төменгі бағаларға сатып алу саясаты ауыл еңбекшілерінін; түрмыс жағдайларының көтерілуіне колайлы жағдай жасай алмады. 1946 жылы КСРО-ның көптеген аудандарында аштықтың басталған фактісі белгілі. Нан, ет өнімдері, сүт жетіспеді. Адамдар аштықтан өле бастады. Бірақ бүл елден мұқият жасырылды. Соғыстан кейінгі экономикалық саясаттың басты қағидасы - ауыр өнеркәсіптің біржақты жылдамдатылған дамуы болып қала берді. Материалдық мүқтаждықтарды қанағаттандыру соғыстан бұрынғы жылдардағыдай екінші кезекке ығыстырылды. Бүл коммунизм секілді игі мақсатқа жету үшін төзімнің қажеттігі жөніндегі насихаттық ұранмен ақталды. Істің шынайы жағдайьн боямалап көрсету салты тарихи шындықка карсы күрес, социализм жеңістерін қорғау түрінде көрінді. Басқаша ойлаудың кішкене де болса көріністері, пікірлер плюрализмі, социализмді «қаралау» әрекеттері идеологиялық диверсиялар ретінде қарастырылды. Жағымсыз қүбылыстардың себептерін іздеу «Кім кінәлі?» деген сүрақпен алмастырылды. Барлық себептер, көбінесе, өткен соғыс пен капиталистік қоршаудан іздестірілді. Социализмнің дамуы мен нығаюына байланысты тап күресінін сакталуы мен шиеленісуі женіндегі теориялық нүсқау да идеологиялық теке тіресті Кеңес мемлекетінің өз ішінде де, халыкаралық дәрежеде де арттыра түсті. «Халық жауларына», «социализм жауларына» қарсы наукан іс жүзінде үздіксіз жүргізілді.
36-сұрақ
Cемей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.

Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Сары-Өзен», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды. Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік бердi

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.
(жалғасы Арай)
40-46 ЖАДЫРА ЖІБЕРЕДІ КЕЙІНІРЕК)
47- сұрақ.Қазақстан экономикалық және саяси қайта құру кезеңінде 1985-1991жж.
Қайта құру кезеңі - Совет одағының коммунисттік партия билеушілерінің 1985-1991 жылдырындағы жүргізілген әлеуметтік-экономикалық саясатының жалпы атауы. Сол жылдары КСРО-да көптеген реформалар қабылданып, елеулі өзгерістер болды. Бұл идеяның қозғаушысы – ЦК КОКП бас хатшысы Михаил Сергеевич Горбачев болып табылды. Қайта құрудың басы деп 1987 жылды саналады, себебі 1987 жылдың қантар айындағы ЦК КОКП пленумында «қайта құру» саясаты мемлекттің дамуының бастапқы бағыты деп жарияланған.
Тарихы «Қайта құру» деген термин 1986 жылы мамыр айындағы Горбачевтың Ленинград қаласына істі сапарында қалалық партия комитетінің активімен кездескенде бірінші рет айтылған. Осы термин ақпарат құралдарының тілшілерінің «арқасында» жаңа дәуірдің ұраны болып кетті.
Қайта құру бағыты
1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қабылдады: 1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау.2. Демократияландыру мен жариялылық.3. Төрешілдікке қарсы күрес.4. Халықтық реформа жүргізу.5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.
Қайта құрудың бірінші кезені (наурыз 1985 – қаңтар 1987)
Қайта құрудың бастапқы кезені:-Кеңес одағының саясатының және экномикасының «кейбір» кемістіктерін мойындағаннан басталды.-Алкогольге қарсы компания-Халық шаруашылығының «жылдамдату» (ускорение) саясаты-Сыбайластық пен жемқорлықпен күресут.б. қадамдарымен белгіленді.1985-1986 жылдары Брежневтің кезінен келе жатқан ескі кадрлердің үштен екісін ауыстырылды. Дәл сол кезде мемлекеттің басқаруына А.Н.Яковлев, Е.К. Лигачев, Н.И.Рыжков, Б.Н.Ельцин, А.И.Лукьянов сияқты келешекте орын алатын тарихи оқиғалардың белсенді қатысушылары тағайындалды.
Екінші кезен (қаңтар 1987 – маусым 1989)
1986 жылының соңында совет одағының экономикасына екі ауыр жағдай туындады: біріншіден бүкіләлемдегі мұнайдың бағасының төменге құрт түсуі, екінші фактор – Чернобыль апаты.1987 жылы қаңтар айындағы ЦК КОКП пленумда «Жеке кәсіпкерлік туралы заң» (Закон «Об индивидуальной трудовой деятельности») кабылданды. Кооперативтар ашылып, шет елдермен бірлескен кәсіпорындар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар секілді көбейді.Жалпы әлемнің Совет Одағына деген көзқарасы өзгеріп, щығыс елдермен арадағы қарым–қатынасы жақсарды.Қоғамдық өмірде «жәриялық» (гласность) саясаты орын алды.Сонымен бірге экономикалық жағдай төмендеп, халықтың тұрмысы нашарлап, ұлттық сепаратизм бас көтеріп, ұлтаралық нараздық пайда болып (1986 жылғы желтоқсан айындағы Алматыдағы студеттер көтерілісі, армян мен әзірбайжан арасындағы Карабах шиеленіс, Прибалтикадағы 1987 тамыз айындағы қақтығыстар, т.б.), елде жалпы тұрақсыздық өсе бастады.
Үшінші кезең (маусым 1989-1991).
Осы кезеңде елдегі саяси жағдайы қатты тұрақсызданып, елде көптеген саяси топтар пайда болды. КСРО астам держава атағынан айырылып, «тәуелсіздіктер парады» басталады. Бұл кезең «қайта құрудың» ең ауыр уақыттардың бірі болған. КСРО-да дағдарыстардың нәтижесінде үстіне киетін дұрыс киімі де болмай, аяғына киетін аяқ киімі де болмай, нан мен қара су ішіп, «кедейшілік сызығынан» төмен түсіп күн көре алмайжүген адамдар көп болды. Мемлекеттік азық-түлік дүкендерінде маргариннен басқа ештене жоқ, ал жеке коопеативтік дүкендерде – өте қымбат бағада тауар тұрды. Мемлекеттік мекемелер жабылып жұмыссыздық орын тапты.Осы соғы кезенің нәтижесі - Коммунистік партия жойылып КСРО-ның ыдырауы басталды.
Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар мен кемшіліктер
80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл-әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады. Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды. Қазақстан партия басшысы Д.Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д.Қонаевтің өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Оның маңындағылар республикадағы күрделі әлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады.
48- сұрақ. Қазақстан және ядролық қару «Невада-Семей» қозғалысы
Невада-Семей, ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалыс – қоғамдық-саяси ұйым. 1989 жылы 26 ақпанда құрылып, қазан айында ресми тіркелді. Республика халқынан кеңінен қолдау тапқан қозғалыс ядролық жарылыстарға қарсылық білдіріп, әлемдегі ядролық қауіпті жоюды мақсат етті, Семей ядролық полигонында ядролық сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Қазақстанныңкөптеген қалалары мен аймақтарында, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Италия,Жапония, Түркия, т.б. елдерде ұйымның бөлімшелері құрылған. Қозғалыстың белсенді қызметінің арқасында БҰҰ БА-ның 53-сессиясы “Қазақстандағы Семей өңірі адамдары денсаулығы мен экологиясын сауықтыру және экономикасын дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен іс-қимылды үйлестіру” қарарын қабылдады
«Невада-Семей» антиядролық қозғалысыРеспублика халқынан кеңінен қолдау тапқан қозғалыс ядролық жарылыстарға қарсылық білдіріп, әлемдегі ядролық қауіпті жоюды мақсат етті, Семей ядролық полигонында ядролық сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Антиядролық қозғалыстың күш-жігері арқасында 1989 жылы жоспарланған 18 ядролық сынақ саны 7-ге дейін азайтылды. Ең соңғы ядролық сынақ осы жылдың 19 қазанында жасалды. Қозғалыс белсенділері. Айта кетер жайт, қозғалысқа кәрі-жас, үлкен-кіші демей халық бір кісідей жұмылды. Соның арқасында жарты ғасыр індет ошағы болған дертті аумақ жабылды. Антиядролық қозғалысқа қатысушы Қарағандының 130 мың шахтері егер ядролық сынақ тоқтамаған жағдайда мерзімі шектеусіз ереуілге шығатындарын мәлімдеген болатын.  Оларды Семей, Павлодар, Өскемен, Жезқазған жұмысшылары және сондай-ақ Жоғарғы Кеңес қолдады.  «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы Семей қаласындағы бөлімшесінің 1989-2000 жылдары алғашқы төрағасы болған Марат Мауытқанұлы Оразалин қозғалыстың құрылған кездерін былай деп еске алады: -1989 жылы ақпанның 12-і мен 18-і күндері әскерилер ешкімге ескертпей, Семей полигонында атом бомбасының сынағын өткізді. Сынақ кезінде жердің жарығынан оқшау (инертті) газдар ауаға бөлініп шыққан екен. Улы газ алдымен Курчатов қаласының маңындағы Шаған қаласын басып, артынан жел тұрып, газды Алтай өңіріне айдап әкетеді. Бұл жайтты естіген сол кездегі Қазақ КСР Коммунистік партиясының Семей облыстық комитетінің бірінші хатшысы Кешірім Бозтаев КСРО Орталық комитетіне сынақты тоқтатып, сол жердің халқына көмек көрсетуді талап еткен мазмұнда шифрограмма жібереді. Бұл атом қаруының сыналуына қарсы ашық түрде жасалған шаралардың бірі болатын. Сол кездері Семей облысының атынан КСРО депутаттарының I съезіне қатысқалы отырған О.Сүлейменов 1989 жылы 28 ақпанда ядролық сынаққа қарсы «Невада-Семей» антиядролық қозғалысын құру туралы үндеу тастады. Біз де, яғни семейліктер де қолды қусырып отыра алмадық. Дереу Семейдің медициналық институтының партия комитетіне жиналып, «Невада -Семей» антиядролық қозғалысының обылыстық бөлімшесін құрдық. Мені бөлімшенің төрағасы етіп сайлады. Ол кезде мединицалық институттың партия комитеті хатшысы лауазымынан босатылған едім. Қозғалыстың құрылғандағы мақсаты біріншіден, халықты ояту, екіншіден, полигонды жабу, үшіншіден, зардап шегіп отырған халыққа көмек көрсету туралы заңның қабылдануы үшін әрекеттер жасау болатын. Әрине, бүгін қозғалыстың алға қойған мақсаттары толықтай орындалды. 1991 жылы Президент Н. Назарбаевтың Қаулысымен полигон толықтай жабылды.
Кейіннен 29 тамыз – халықаралық ядролық қаруға қарсы күрес күні болып бекітілді, Қазақстан ядролық қарудан бас тартты. 1991 жылы Семей қаласында өткен митинг. Оң жақтан екінші ақын Олжас Сүлейменов. Тарихқа көз салсақ Олжас Омарұлы 1989 жылы КСРО Жоғары Кеңесі депутаттығына үміткер болған.Және дәл сол жылы 25 ақпанда ол Алматыдағы көп адам жиналған митингте  барлық қоғамдық, шығармашылық, діни ұйымдар мен советтік бейбітшілік қорғау Комитетіне, халықаралық «Жасыл әлем» ұйымына, «Адамзатты аман алып қалу» халықаралық қорының Комитетіне, Невада штатында (АҚШ) сынақтарға тыйым салу қозғалысын жақтаушыларға Үндеуін оқып, Қазақстанда ядролық сынақтарды тоқтатуды талап еткен. Халықтың бастамасымен тұңғыш рет КСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Семей полигонын жабу туралы Жарлығы – 1991 жылдың 29 тамызы күні шықты. Сөйтіп тиянақтылық пен табандылық танытқан қазақ халқы өз мақсатына жетті. Қазақстанның көптеген қалалары мен аймақтарында, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Италия, Жапония, Түркия, т.б. елдерде ұйымның бөлімшелері құрылған.  Қозғалыстың белсенді қызметінің арқасында БҰҰ БА-ның 53-сессиясы «Қазақстандағы Семей өңірі адамдары денсаулығы мен экологиясын сауықтыру және экономикасын дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен іс-қимылды үйлестіру» қарарын қабылдады. Бүгінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 29-тамыз халықаралық ядролық сынаққа қарсы күн болып белгіленді. Еліміз бейбітшілік сүйгіш саясатымен әлемдік қоғамдастықта өзіндік орнын алған елдердің санатында танылып келеді.  Сонымен қатар Елбасының бастамасымен Ядролық қарусыз әлем құруға бағытталған АТОМ жобасы жүзеге асырылуда. Жоба әлем басшыларына Ядролық қару сынақтарын тоқтатуына ықпал ету; Ядролық қару сынақтарын әлем бойынша жоюға бағытталған келісімінің заңды құралы ретінде күшіне енуін қамтамасыз ету үшін, Петицияны Ядролық қаруларды сынауға тыйым салу туралы келісімге қол қоймаған немесе келісімшартты бекітпеген ядролық ірі мемлекеттерге ұсыну бағыты бойынша сәтті жұмыс жасап келеді
49- сұрақ. 1986 жылғы желтоқсандағы Қазақстандағы бас көтеру,оның маңызы мен салдары
1986 жылғы желтоқсан оқиғасына орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар және шовинистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар нарызылықтың негізгі себептері болды. Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Г.П.Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д.Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В.Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды.
1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез таралуын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді. Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады. Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендерінің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды. Желтоқсан оқиғасына қатысқандарының ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды. 1138 адам комсомолдық сөғіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент оқудан шығаралды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады. Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.
1986 жылғы желтоқсанның 17-18 жұлдызында бүкiл елдi дүр сiлкiндiрген ғаламат көтеріліс болды. Совет өкiметi тұсында бұрын-соңды кездеспеген құбылыс Алматыда демонстрация "Брежнев алаңында қаптаған жұрт”, "Көшелерде сап түзеп бара жатқан жастар” деген лебiздер ескен желдей гулеп тарап жатты. Елеңдеген ел түсiне алмай дал болды. Демонстрация, алды-артымызды бағамдағанша, ес жиып ой қорытқанша болмай, аяусыз басылды. Артынша бұл оқиға 1825 жылғы орыс декабристерiнiң iс-қимылымен салыстырылып, желтоқсан қаһармандары "қазақ декабристерi” аталып, бiрден-бiрге айбыны асқақтай түстi. ”Жалын атқан жастар арандап қалды-ау” деп жанашырлық ниет-пейiл бiлдiргендер де болмай қалған жоқ. Бiрақ ол сөздер ашық айтылмай, "аузы күйген үрiп iшедiнiң” кебi келiп, жасырын үрке қарап, бiр-жар адамдардың басы қосылып шүйiркелескенде, сыр шертiскенде ғана айтылып жүрдi. Жалпы үрей, қорқыныш билеген жұрт сең соққандай күйде едi. "Қазақ" деген қаным бар деп бастап, "Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар" деп аяқтаған қайсар Қайраттың даусы да тым жақында естіліп еді ғой?! Осы азаттық үшін үнемі күрескен халықтың еншісіне тиген қайғы-қасіретті көре жүріп, көтере білген халық нағыз қайсар халық емес пе?! Бордай тозып, жоқ болып кетпей "тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен аман-сау қалған халық" нағыз ұлы халық екенін таныта білді. Көрген ауыр хикметінен кейін де "бас шұлғып, үнсіз көнетін" әдетті бойларына жұқтырған жоқ. Қанына намыс дарыған, рухына кие енген халық үнемі тәуелсіздікке ұмтылды. Көксеген тәуелсіздігін алды. Терезі тең, байрағы желбіреген ұлттар санатына ілігу үшін талай ауыртпалық бастан өтті. Енді мұхиттың арғы жағындағы Біріккен Ұлттар Ұйымында көк байрағы, алтын зерімен күнге шағылыса желбірейді. Саяси қуғын-сүргін көргендерді ақтады, басына ескерткіш орнатты. 70 жыл сананы улаған қызыл заманның солақай саясатының күлпаршасын шығарды. Қазақ хандарының, билерінің, батырларының рухы халқына кие болып оралды. Ұлттық діл мен дін жүрегімізге еніп, алпыс екі тамырға қуат таратты. Иә, өткенге салауат... Өткен күндер өксік кернеп өкінсе де, болашаққа батыл қараймыз. Қазақстандағы 1986 жылғы қазақ халқы жастарының серпілісі азаттық қозғалысы шежіресіндегі ең бір жарқын белес болып табылады. «Желтоқсан көтерілісі – ғасырлар бойы жиналған ашу-ыза жарылысы. Яғни біздің халқымыздың тіл мүддесі, рух мүддесі – осының бәрінің қосындысы ашу-ыза тудырғаны шындық. Қазақ халқы орыстардың қол астында бола отырып азаттық пен тәуелсіздікті аңсау кезінде әр түрлі деңгейдегі 300-ден астам ұлт-азаттық көтерілісін өткізді. Соның қорытындылаушысы, егемендікке бастаған көтеріліс – Желтоқсан көтерілісі», - деді ақиық ақынымыз Мұхтар Шаханов. Демек бұл әншейін ауыз толтырып айтуға қана жарайтын оқиға емес, бұл шын мәніндегі елді, бүкіл Кеңестер Одағын елең еткізген, күш қолданып басуға мәжбүр еткен көтеріліс екендігінде дау болмаса керек. Қазіргі таңда 16-17 желтоқсанды тәуелсіздік мейрамы етіп жариялады. Сондықтан 16 желтоқсанның қасыретті күн екендігін жадымызда сақтап әрі Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы талпыныстардың ақталған күні екендігін сезінуіміз қажет. Бұл күні қара жамылып отыру орынсыз. Сол себепті де әрі арманға қол жеткізген күн деп шаттық ретінде атап өтіп, екінші жағынан Желтоқсан құрбандарына да тағзым ете жүруіміз керек. Біздің арымыз да, намысымыз да, мақтанышымыз да – Желтоқсан.
50. 1985 жылдың дерегі бойынша Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесінде қазақтар үлесі – 36 пайыз, орыстар – 40,8 пайыз болды. Кеңес өкіметі жылдарында республиканың бірде-бір өкілін коммунистер мен халық сайлаған жоқ, оларды орталық тағайындап, іс-қимылын өздері бақылап отырды. Ақыры Қазақстанда шексіз билікке ие болған және орталық мүддесін қорғайтын Г.Колбиннің кезегі келгенде халықтың шыдамы түгесілгендей еді. Наразылық бұрқ ете түсіп, бітеу жараның аузы ашылды да кетті. Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады. Мұндай жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д. А. Қонаевты орнынан алған кезде айырықша көзге түсті. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Қазақстан Компартиясының бiрінші хатшысы Д. А. Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г. В. Колбин сайланды. Мұның өзі қайта құру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразылығын туғызды. Пленум өткеннен кейін екінші күні Орталық партия Комитеті үйі алдындағы алаңға өздерінің Пленум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы және студент жастар, оқушылар, т.б. жиналды. Олардың қолдарында ұстаған ұрандарының арасында "Әр халықтың өз ұлттық көсемі болу керек" деген ұран бар еді. Мұндай көсемнің Қазақстанда тұратын орыс халқы өкілдерінен де мүмкін екендігі айтылды. Міне, осындай күрделі жағдайда Г. В. Колбин партия Орталық Комитетінің бюро мәжілісін шақыртып, оған С.М. Мұқашев, Н.Ә. Назарбаев, З.К. Камалиденов, О.С. Мирошхин, М.С. Меңдібаев, А.П. Рыбников, Л.Е. Даулетова, В.Н. Лобов, т. б. қатынасты. Бірақ олар алаңға шыққан жастардың жүрегіне жол таба алмады
51- сұрақ.Кеңес Одағының ыдырауы.ТМД құрылы.Мемлекеттік тәуелсіздік турал заңның қолданылуы
Кеңес үкіметі, немесе Кеңестер билігі – бұрынғы Ресей империясында (1917 жылдың 1 қыркүйегінен Ресей Республикасы) Уақытша үкімет қарулы күшпен құлатылған Қазан төңкерісінен кейін орнатылған билік жүйесінің атауы; кейде “Кеңес үкіметі” ұғымы Кеңес Одағындағы жалпы билік жүйесінің атауы ретінде де қолданылады. “Кеңес” (орыс тілінде Совет) сөзі алғаш рет төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы – Жұмысшы депутаттары кеңесі түрінде 1905 – 07 жылғы бірінші орыс революциясы барысында пайда болған.
1936 жылғы КСРО Конституциясына сәйкес, кеңестер съезінің орнына халық тікелей сайлайтын Еңбекшілер депутаттары кеңестерінің біртұтас жүйесі белгіленді. Бұл өзгерістердің баршасы коммунистер қолымен жасалды, шын мәнінде мемл. билікті большевиктер партиясы жүргізді. Өкімет билігі кеңестер қолында деп есептелгенмен, олардың қызметін партия органдары басқарды. 1977 жылғы КСРО Конституциясы бойынша, Еңбекшілер депутаттары кеңестерінің жүйесі Халық депутаттары кеңестері болып өзгертілді. Кеңестерге депутаттар сайлау формальді сипат алды. Кеңес үкіметі бір партиялы тоталитарлық жүйенің көз алдайтын демократиялық фасады рөлін ғана атқарды. Бір партияның билігіндегі әкімшіл-әміршіл жүйемен сіңісіп кеткендіктен, Кеңес үкіметі терең дағдарысқа ұшырады. Жүргізілген реформалар (жаңа экон. саясатты аяғына жеткізбей тұжыру, жеделдетіп индустрияландыру мен күштеп ұжымдастыруды өткізу, тың және тыңайған жерлерді игеру науқанын жүргізу, қайта құру, т.б.) елді уақытша табыстарға жеткізгенімен, негізінен, экон. және әлеум. қайшылықтарды тереңдете түсті, ұлт мәселесінің шешімін тосқан түйінді тұстарын елеусіз қалдырды, 1977 ж. КСРО Конституциясы бойынша жетекшілік рөлін заңдастырып алған (6-баб) КОКП мемл. құрылымдарды толығымен билеп, Кеңес үкіметін алмастыруын ашық жүргізді, Кеңес үкіметі нің басқару жүйесі онан әрі тығырыққа тірелді. Кеңес үкіметінің дамыған елдерге қарағанда саяси және экон. жағынан көп артта қалып қоюы – басқару жүйесін жетілдіруді талап етті. Осы мақсатта 1986 ж. жариялылық, жеделдету, қайта құру саясатын жүргізе бастау – партиялық диктатурамен оған тығыз байлаулы кеңестік жүйені тоқырауға ұшыратты. 1991 ж. КСРО-ның ыдырауына байланысты, орталық Кеңес үкіметі құлады. Тәуелсіздік алған одақтас республикалардың бәрі өз елдеріндегі Кеңес үкіметінен бас тартып, өркениет талабына сай жаңа мемл. құрылымдар жасауға көшті
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым1991 ж. желтоқсанның 8інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРОқұрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашхабадта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң қабылдады.
Елдегі мемлекеттік өкімет билігі жүйесі мен экономиканың шұғыл күйреуі жағдайында 1990 ж. 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады.Бұл Декларацияда негізінен мына мәселелерге мән берілді: КСРО мен ҚазКСР арасындағы қатынас келісім-шарт негізінде жүзеге асады; Республика әкімшілік-аумақтық құрылымға, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени-ұлттық құрылыстарға байланысты барлық мәселелерді дербес шешеді; Республика өз аумағында Қазақ КСР заңдарын бұзатын КСРО заңдарының қолданылуын тоқтатуға құқылы;Қазақстанның өз шекарасындағы аумағына қол сұғылмайды, бөлінбейді және оның келісімінсіз өзгертілмейді
1991 ж. 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ы атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді.  1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң қабылдады.
Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді. Республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның біртұтас халқын құрайды, олар республикадағы егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады. Республика азаматтары өздерінің ұлтына, ұстайтын дініне, қандай қоғамдық бірлестікке жататынына, тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, шұғылданатын қызметіне, тұрғылықты орнына қарамастан бірдей құқықтар иеленіп, бірдей міндеткерлікте болады делінген.
Заңда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы Күштерін құруға хақылы екендігі, республика азаматтарының әскери міндетін өтеу, оның тәртіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республиканың тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды.
52- сұрақ.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы. Қазақстанның тұңғыш Президентінің  Бүкіл халықтық сайлауы
53- сұрақ. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері және оның сипаттамасы.
«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.
Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын  білдіреді».
Нұрсұлтан Назарбаев
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды (заңның толық мәтіні). Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президентiнің “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраныБұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.
54 ТМД құрылуы мен Қазақстанның алдындағы мәселелер
ТМД құрылуы мен тарихқа шолу
1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашхабадта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.
Қазақстанға әсері
Тәуелсіз Мемлекет Достастығы 1991 жылы құрылды . Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттердің бір мемлекеттен өркениетті формаға өтуін қамтамасыздандырып, олардың арасында толық егеменді мемлекет және халықаралық құқық принципінің негізінде жаңа қатынасты құруға көмектесті. Мұндай мемлекеттердің кеңесінде республикалар арасында еңбек бөлінісі қолайлы , яғни олардың әрқайсысы өнім түрлерін оларға қолайлы жағдайда өндіру үшін. Белгілі салада арнайы аймақтар арқылы өнімді орналастыру қоғамдық еңбек үнемді болады. Бұл ТМД елдерінде жақсы өткізіліп отыр. ТМД – ға кіріп отырған әрбір мемлекет өз бағыты бойынша машықтануда. Қазақстанның жаңа тарихы 15 –жыл шамасымен есептеледі. Бір кеңестік уақыт кезінде республиканың экономикасы халық шаруашылығының кешені беріліп отырған мәтінде қаралса, ал енді Қазақстанның орны мен рөлін жаһандық экономикада толығымен айта аламыз. Әлемдік экономиканың конценрациясының көлемі келесі параметрмерге шағылысады. Әлемдегі ішкі өнімнің ЖІӨ - нің көптен бір бөлігі 29 дамыған мемлекетке қатысты – 54,6 %, оның ішінде үлкен 7 – ке – 43,0% кіреді, АҚШ – 20,9%, 12 – мемлекет кіреді Евроодақ – 15,3% кіреді. Әлемдегі 146 – мемлекеттен құрайтын жаңа құрушы нарық пен дамушы мемлекетке әлемдік ЖІӨ - нің 7,2% құрайды, оның ішінде 3,8% ТМД – ның 12 мемлекеті кіреді. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік ЖІӨ - де 0,1% құрайды. Сонда да, 1995 жылдан бастап 1,75% ке өсті 1999 жылы осы көрсеткіш айқын төмендеді, яғни ол 2 факторға байланысты. Біріншіден, 1997 – 1998 жылығы Азия – Ресей қаржы дағдарысының салдарынан. Екіншіден, 1999 жылдың сәуір айында республикада өткен ұлттық валюталық девальвациясы.
Ал 2000 жылдан бастап Қазақстан әлемдік ЖІӨ - мі тұрақты өсуде. Бірақта өсу қарқыны бойынша Қазақстанды әлемдегі көптеген мемлекеттер озуда. Тасмалдау экономикасының өсу динамикасының салыстырмалы анализінің көрсеткіші бойынша, 1999 жылдан бастап Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттері мен салыстырғанда Қазақстанның ЖІӨ - нің арқыны өзгеріс табуда. 90 жылдармен салыстырғанда, соңғы жылдары Қазақстандағы ЖІӨ - нің өсуі ірі мұнай экспортының түсуіне байланысты. Экспорттық кірісте көмірсутегі шикізаты негізі қайнар көзі болып есептелетін мемлекеттерде экономика динамикасының өсіуі экспортық кірісте энегетика тауары емес мемлекеттермен салыстырғанда төмен. Әлемдік тауар және қызмет экспорты дамыған мемлекеттерде 71,8% құрайды, оның ішінде, осы көрсеткіштің 42,3% әлемдегі 7 жетекші мемлекеттің үлесіне кіреді әлемденгі тауарлар мен қызмет экспортының 21,2% дамушы мемлекеттерге қатысты, транзиттік экономика мемлекеттерінің үлесіне 7%, оның ішінде ТМД мемлекеттеріне 2,7% кіреді. Қазіргі Қазақстанның әлемдік шаруашылықпен бірігіуін сыртқы сауда маңызды болып отыр. Соңғы 10 – жылда Қазақстанның тауар экспорты мен қызметі 2 – есеге артты. Бұл 3 фактормен түсіндіріледі. Біріншіден, шетел инвестициясының ағымының көлеміне қолайлы инвестициялық климат құру ықпалын тигізді, оның үлесі мемлекеттегі мұнай шығару саласының дамуына бағытталады. Өз кезегінде, бұл газ және мұнай алу өсімін шақырды. Екіншіден, әлемдік нарықтағы көмірсутегінің шиказытының қолайлы конъюнкурасы Республикадағы экспорт потенциалының өсуіне ықпалын тигізді. Үшіншіден, соңғы он жылда, Қазақстандық тауар және қызмет экспортының үлесі әлемдік сауданың қарқынды дамуымен салыстырғанда өсті.
Қазақстандағы тауар экспортының өсуі әлемдегі басқа мемлекеттермен салыстырғанда жоғары. Осы он жылда тауар экспорты 3,8% есеге, ал импорт 3,3 % есесге өсті. Қазақстанның тауар экспортының жоғары қарқынды өсуі соңғы 3 жылда білінді. Қазақстанның әлемдік экономикадағы интеграциясының (бірігуі) көлемін шетел инвестициясы ағымындағы жақындық және аймақтық географияны оқуы негізінде жобалау керек. Республикадағы экономикалық реформалар негізігі бағыттарының бірі инвестициялық саясаттың тартымдылығы болып қала береді, яғни ол жергілікті және шетел инвестициялары үшін қолайлы жағдай туғызады. Қазақстандағы инвестициялық жағдай транзиттік мемлекеттер арасында тартымды болып отыр. Бұл республикамыз ТМД мемлекеттерінің арасында инвестициялық деңгейде кредиттік рейтингіні бірінші болып алуымен расталады. Қазақстан потенциалдық инвесторлар үшін экономиканың тартымдылығы, саяси жүйенің тұрақтылығы және қаржы ресурстары арқылы ТМД-дағы қалған мемлекеттердің алдында келе жатыр. Қазақстан транзиттік экономика мемлекеттірінің арасында шетел инвестициясының тура ағымы (ПИИ) көлемі бойынша жетекші орындардың біріне ие. Жаһандық көлемі бойынша Қазақстанның шетел инвестициясының тура ағымына үлесі жылдан жылға өсу үстінде. 1999-2000 жылдары республикадағы шетелдік инвестицияның тура ағымының салмағы әлемдік көлемде төмендеді, бірақта бұл көрсеткіш тез арада өзгерді. Соңғы 3 жылда жаөандық ағымдағы Қазақстанның шетелдің инветсициясының тура ағымы 0,35% деңгейінде тұр.бұл көрсеткіштің максималды мағынасы жағдайы 2000 жылдан белгіленді. Ереже бойынша инвестициялық климат қолайлы. Кейін, ішкі секілді инвестициясының көлемі өседі. Шетелдегідей, олардың өндірісі мемлекеттегі экономиканың қарқынды өсуі қолдауды шешеді. Қазақстан, соңғы 9 жылда әлемдегі көптеген мемлекеттер мен аймақтардың шетелдік инвестициясының ағым динамиканың тартымы бойынша анықтады. 2003 жылы 1995 жылмен салыстырғанда, өсу 214,5% өсті. Дамушы мемлекеттерде бұл көрсеткіш 178,2 %-ке тең, ал дамушыларда ол 153,8 %, орталық шығыс Еуропа мемлекеттерінде 147 %, ал Ресейде 43,3 % түскені белгіленді. 1993-2004 жылдар аралығында шетелдік инвестициялық ағымының Қазақстан экономикасына бағытталған комулятивті ағымы $ 34 млрд. құрады, оның көп бөлігі мұнай-газ секторынан келеді. $ 18,9 млрд. немесе жалпы көлемі 55,1 % . Әлемдік көлемде макроэкономикалық параметрлерге қарамастан, қазақстанда перспективті дамуы үшін ірі потенциалдар бар, яғни ол табиғи ресурсқа бай. Қазіргі кезде 500 орында 1225 минералды шикізат түрі барын айтуы жеткілікті. Республика осы түрлері бойынша әлемдегі позицияда жетекші орын алады. Қазақстан мырыш, вольфрам және бариттен әлемде бірінші орын алады, ал күміс, қорғасын, хромнан екінші мыстан, марганец,флюориттан үшінші, малибденнен төртінші орындар алып, алтын бойынша бірінші ондыққа кіреді. Біздің мемлекет әлемде темір рудасы бойынша 8 % құрайды, ураннан шамамен 25 %-ын құрайды. әлемде мұнайды барлау бойынша Қазақстан 13-ші орынға ие. 2003 жылдың басында мұнай және газ барлау бойынша 4,6 млрд тонна құрады, оның ішінде газ 331,5 млн. тонна құрайды. Каспийдегі мұнай 1,6 млрд –қа бағаланады, ол «қара алтының» 38% құрайды. Табиғи газ 3 трлн шаршы метрге тең. 1995-2004 жылдары ішкі сауда көлемі 3,6 есеге өсіп, 2004 жылы 32877,5 млн. АҚШ долларын құрады. 1999 жылдан кейің экспорт операциясының өсу қарқыны 10%, ал 2000 жылы 50 %, 2004 жылы 56 % өсті. Ішкі сауда өсімі экспорт көлеміінң ұлғаюы секілді, импорт операцисынада ықпалын тигізді. Сыртқы сауда географиясы өндірістің әртүрлілігінің кеңеюі (диверсифицированность), яғни тәуелсіздің жылдарында ТМД-ны қосты. 2004 жылы Қазақстандағы сауда құрлымындағы бірінші орынға Еуропалық одақ, Ресей, Швейцария және Қытай шықты. Қазақстан Республикасындағы мекемелер әлемдегі 171 мемлекеттер сауда серіктестіктер бар. өткен жылдарда экспорт және импорт географиялық құрлымында өзгерістер болып, ТМД және басқа да мемлекеттер арасында проценттер өзгерді. 2004 жылы Қазақстанның ішкі сауда айналымы ТМД мемлекетірмен 10 215,1 млн АҚШ долларын құрап, 2003 жылымен салыстырғанда 48 %-ға өсті, оның ішінде экспорт $ 4097,2 млн., импорт $ 6117,9 млн. құрады. әлемдегі басқа мемлекеттермен сыртқы сауда айналымы 22662,4 млн құрап, 2003 жылмен салыстырғанда 57 % өсті, ал экспорт $ 15999,0 млн.құрап 61 % өсті, импорт $6663,4 млн.құрап, 49 % өсті. Шикізат тауар экспортын тауарлы құрлымының көбісін алып отыр. Минералды өнімдер мен металлдар тауардың негізгі топтарын құрап отыр, сонда да осы тауарлардың салыстырмалы салмағы өзгерді. Өткен жылдармен салыстырғанда минералды өнімдер ұлғайып, металл өнімдері азаюда. 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда азық-түлік тауарларының салыстырмалы салмағы 2 % және шикізат өнімі мен металл өніміінң үлесі 1 % қысқарып, минералды өнімдер 4 % көбейді. Азық-түлік тауарларының өсу көлеміне қарамастан, бидай, арпа жіне еттердің жеткізілу операциясы экспорт қорытындысы бойынша түсті. Металл өнеркәсіп өнімдерін өткен жылдармен салыстырғанда 48 %-ға өсті. Қазақстан өнімінің басты сатып алушылар Швейцария (18,7 %), Италия (15,5%), Ресей (14,1%), Қытай (9,8%), Франция (7,3 %), Виргин аралдары (3,8%), Иран (3,5%), Нидерланд (2,3%), Израиль және Португалия (1,6%), Əзербайжан, Испания, АҚШ және Украина (1,4%) тен алады. ТМД мемлекеттері үшін экспорттың жалпы көлемі 20,4 % құрайды. 2003 жылмен салыстырғанда ТМД мемлекеттеріндегі экспорт 38% өсіп, 4097, $ 2 млн. құрады. Осы аралықта Қазақстандық өнім, түгел ТМД мемлекеттерінде өсті. Әлемдегі басқа мемлекеттердің жалпы экспорт көлемі 79,6 % үлесін құрады. Қазақстан экспортының көлемін Еуропа мемлекеттері құрайды, олардың салыстырмалы салмағы 54,6 % құрайды, оның 34,8 % Еуропа Одағына әкеледі. Еуропа мемлекеттерінің арасында Қазақстан экспортының негізгі тұтынушылары Швейцария, Италия, Франция, Нидерланд, Португалия, Ұлыбритания және Германия болып табылады. 2003 жылмен салыстырғанда Еуропа мемлекеттерінің жалпы экспорты 2,6 % өсті. Азия аймағындағы мемлекеттерге Қазақстандық өнімді жеткізу көлемі 31 % өсті. Қытай Республикасының салыстырмалы салмағы аймақтағы жоғары болып қала береді. Америка елдеріне Қазақстан экспорты 2 есеге қысқарды. Импорт Экспорттың тауарлық құрлымын машина, құрал-жабдықтар, транспрот, химиялық өнімдер және осы салаға байланысты өнісдер, металл өнімін өндіру үшін шикізат жатады. Соңғы жылдарда минералды өнімдерді экспорттау үлесі ұлғаюда. Сол сияқты, металл өнеркәсібінің салыстырмалы салмағы белгіленуде. Экспорттың көбеюі физикалық жеткізудің көлемі секілді, көрсеткіштің тұратындығына байланысты көбеюде. Тауарлардың негізгі топтары бойынша көлем деңгейі өсті, олар: мәшине, құрал, транспорт, құбырлар және аппараттар. Металл өнеркәсібі, минералды өнім, химиялық өнеркәсіп өнімі бойынша импорттың түсу деңгейі байқалуда. Импорт өнімін негізгі жеткізушілері: Ресей, Германия, Қытай, Украина, АҚШ, Италия, Жапония, Түркия, Франция, Ұлыбритания, Корея, Өзбекстан, Нидерланд болып табылады. ТМД мемлекеттері Қазақстандық нарықта өнімді импорттаушы болып табылады. Еуропа мемлекетіндегі импорттың жалпы 28,9 % түсуінен 50 % әртүрлі мəшине түрлерін әкелуден, Германия және Италиядан әкелінетін бөлшек құралдардан, жеңіл автокөліктер, Италия жиһазынан өсті. Азия импортының өсуіне Жапония көлігі, Үндістан шайы, Қытай және Жапония құбыры, Қытай және Түркияның аллюминий заттары әсерін тигізді. 2003 жылмен салыстырғанда АҚШ – тің импорты 30 % өсті. Тауардың негізгі бөлігі АҚШ-тан түседі.
55. Қазақстан Республикасы егемендігінің орнығуы (1990 ж.-қазіргі кез)
Мемлекеттік егемендік туралы декларация - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша қабылданған тарихи құжат. Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Конституциялық құрылысқа қарсы жасалатын кез келген күштеу әрекеттері, оның аумағының тұтастығын бұзуға шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын жария-ұрандардың заң бойынша жазаланатыны ескертілді. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды. Президент - Республиканың басшысы, ең жоғарғы әкімшілік-атқарушылық биліктің иесі ретінде танылды. Жер, оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, бүкіл экономикалық, ғылыми-техникалық әлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып, оның ерекше меншігінде болатыны көрсетілді. Деклараңияда: "Қазақ КСР-і Республика үлесіне сәйкес жалпыодақтық мүліктегі, оның ішінде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесіне құқылы, республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері (хим., бактериолог., биолог., т.б.) үшін сынақ полигондарын салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады" деп жазылды. "Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен Президентке бағынатын, солардың бақылауында болатын өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ КСР-нің құқы бар" делінді. Декларациядағы бағдарлама негізінде 1991 ж. 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заң қабылданды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздердiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1992 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдарға қол қойды. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 24 қаңтар күнгі “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен белгiленген.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.1992 ж. маусымның 4 қабылданған. Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы» конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (1996 ж. қаңтардың 24) белгiленген.
Ұлттық әнұран - патриоттық сезімдерді оятатын елдің тарихы мен әдеп-ғұрыптарынан құрылған ұлттық әні. Оны көбінесе мемлекет билігі қабылдайды.Елді, мемлекетті, маңызды тарихи оқиғаларды, ұлттық батырларды асқақтатын бағдарламалық сипаттағы салтанатты ән; мемлекеттін бір рәмізі. Мемлекеттік Гимннің жалынды өзегі — ынтыға шабыттану, көңіл көтеріңкілігі, адамдарды өзінін туған елінеберілгендігі мен Отанынадеген сүйіспеншілігі арқылы біріктіретін тебіренісі болып табылады. Шынайы отаншылдық, халықтар арасындағы бейбітшілік пен туған елінің лайықты азаматтары үшін мақтанышқа негізделеді. Мемлекетгік Гимн — егеменді елдін Елтаңбасы мен Туының сазды баламасы
56. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегінің тарихи маңызы
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1999 жылы шыққан  «Тарих толқынында» кітабында еліміздің аумағында ертеден бері орын алған тарихи оқиғаларға баға берілген. Елбасы Қазақстан аумағында орын алған барша тарихи оқиғаларға жеке-жеке тоқталған. Онда біртұтастылық, көшпенділер өркениетінің өзгешелігі, көшпенділер социумы ерекше суреттеліп, оқырман қауымға ұсынылған. Автор Қазақстанның Ресей империясы мен КСРО құрамындағы дәуіріне де жан-жақты тоқталған», - деп түсіндірді З. Қыбылдинов.
Елбасы ұлттық дүниетаным мен халықтың біркелкілігі мәселесіне ерекше назар аударған, деді ол.
Сонымен қатар, сарапшы атап өткендей, Елбасының «Тарих толқынында» кітабы қоғамды отарлық санадан арылту жолында үлкен рөл атқарды.
«Кітап жарыққа шыққаннан кейін халықтың дүниетанымы айтарлықтай өсті.  Ел азаматтары арасында төл тарихимызға деген қызығушылық айтарлықтай артты. Кәсіби тарихшылар үшін ғылыми зерттеулер жүргізуіне барлық жағдай  жасала бастады. 1994 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру басталды. 2013 жылы Елбасы «Халық тарих толқынында» арнайы тарихи зерттеулер бағдарламасын ұсынды, оның атауы біздің кітабымыздың атымен біршама ұқсас. Ал, 2015 жылы Президенттің бастамасымен жалпыұлттық деңгейде «Қазақ хандығының 550 жылдығы» аталып өтуде», - деп түйді З. Қыбылдинов.
57. Тілдер туралы заң (1989 ж.) Қазақстандағы тілдер дамуының мәселесі мен болашағы.
Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 ж. 11 шiлдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының Заңы 2008.21.11. - Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі, ұлтаралық тілі орыс тілі және тағы басқа тілдердің ережелері мен заңдастықтарын растайтын және реттейтін нормалар жиынтығы. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданды.Атап айтқанда, 1998 жылғы 14 тамызда «Мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту туралы», Елбасының 1998 жылғы 5 қазаңдағы № 4106 Жарлығымен бекiтiлген «Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы» тағы басқалары. Бас-аяғы 4-5 жылдың iшiнде тiл жөнiнде 17 құжат қабылданыпты.
Тілімізді сақтау үшін жасалынған ұсыныстар
1.Мемлекеттiк органдарда iс қағаздарын жүргiзуде қос тiлдiлiктен, бiр тiлдiлiкке, яғни қазақ тiлiнде жүргiзуге көшу керек. Ол үшiн тiл туралы Заңның тиiстi баптарына өзгерiс енгiзу қажет.
2.Ата Заңымыздың 7-шi бабының «Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады» деген 2-шi тармағын алып тастау қажет.
3.Тiл туралы Заңның 24-шi бабында «Қазақстан Республикасының тiл туралы Заңының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың, кез келген меншiк нысанындағы ұйымдардың 1-шi басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауапты болады» делiнген. Заңның осы қағидасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет.
4.Аталған Заңның 25-шi бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң биылғы жылғы 8-шi қаңтардағы №16 Қаулысымен бекiтiлген Ережеге сәйкес, тiлдер туралы Заңдардың сақталуына бақылау жасауды өз әөзыретiнiҰ шегiнде Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық келiсiм Министрлiгi жүзеге асырады. Осы Ережеге сәйкес облыстық аәпарат және қоғамдық келiсiм Департаментi, прокуратура органдарымен бiрiгiп, тiл туралы Заң талаптарының орындалуына дЎйектi тұрде бақылау жасауды қамтамасыз ету керек.
5.Мемлекеттiк органдарда бос лауазымдарға қызметкерлер қабылдағанда, олардың бiлiктiлiк талаптарының тiзбесiне мiндеттi түрде қазақ тiлiнде iс қағаздарын жүргiзе алатындығы енгiзiлуi тиiс
58. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 ж.) және оның маңызы. Құқықтық мемлекет үшін күрес.
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
Конституция құрылымы
I бөлім. Жалпы ережелер
II бөлім. Адам және азамат
III бөлім. Президент
IV бөлім. Парламент
V бөлім. Үкімет
VI бөлім. Конституциялық кеңес
VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
59. Көп партиялықтың қалыптасуы. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың қызметі (1990-2003 жж.)
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін көппартиялықтың қалыптасуының шынайы кезеңі басталды. Партия рөлінің күшеюі әлеуметтік топтардың саяси бағыттарының және әлеуметтік-экономикалық реформаларға ықпал етуге тырысуымен анықталды.
Жаңа тұрпаттағы алғашқы саяси партиялар қатарында «Социал-демократтар» партиясы, «Алаш» ұлттық еркіндік партиясы, Қазақстанның «Халық конгресі» партиясы, «Республикалық» партия болды.
1991 жылдан бастап, қоғамдық бірлестіктердің қызметі «Қазақ КСР-дегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңмен реттеле бастады. Заңға сәйкес, 1991 жылдың 30 желтоқсанына дейін республика аумағында қызмет ететін барлық қоғамдық бірлестіктердің қайта тіркеуден өтуі талап етілді. Партия мен қоғамдық қозғалыстардың дамуы мен жұмыс істеу ережесі бүгінде 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, сонымен бірге ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңымен (1996 ж.) және «Саяси партиялар туралы» Заңымен (2002 ж.) реттеледі. Атап айтсақ, Ата Заңның 5-бабында:
1. Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады. Мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын құруға жол берілмейді.
2. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардық қызметін жүктеуге жол берілмейді, – деп жазылған.
Қазақстанда қоғамдық және саяси-қоғамдық қозғалыстардың дамуын 6 негізгі кезеңдерге бөліп көрсетуге болады:
– 1986 жылдың күзінен 1989 жылдың басына дейін (бейресми бірлестіктердің құрылуы, клубтық құрылымның дамуы);
–1989 жылдың басы мен 1991 жылдың тамызы (көпұлтты және бірұлтты партиялардың, қозғалыстардың және ұйымдардың қалыптасуы);
– 1991 жылдың қыркүйегі мен 1998 жылдар аралығы (КОКП таратылуы, КСРО-ның күйреуі, тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы, дифференциацияның өсуі және республика азаматтарының саяси белсенділігінің дамуы, жаңа партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қалыптасуы және тіркелуі);
– 1998 жыл мен 2002 жылдар аралығы (партиялық жүйенің ары қарай дамуы, сайлау заңына өзгерістердің енгізілуі, жаңа қоғамдық-саяси бірлестіктердің пайда болуы;
–2002 жылдан 2007 жылға дейін («Саяси партиялар туралы» жаңа Заңның қабылдануына байланысты партиялық жүйе конфигурациясының өзгеруі, мемлекет пен БҰҰ ара-қатынастарының жаңа форматы);
– 2007 жылдан бүгінге дейін (ҚР Конституциясына түзетулердің енгізілуі, пропорционалды сайлау жүйесінің енгізілуі, «Саяси партиялар туралы» Заңға өзгерістердің енгізілуі).
1990 жылдың басы мен орта шенінде ұйым ретінде тіркелген саяси партиялар үгіт-насихат, жақтастарын іріктеу және саяси іс-қимылдарға тарту кезеңінде болды. Орталық ұстанымдағы анағұрлым көрнекті партиялар қатарында Қазақстанның «Социалистік» партиясы, Қазақстанның «Халық Конгресі» партиясы, Қазақстанның «Халық Бірлігі» Партиясын атауға болды. Қазақстанның саяси партиялары, қозғалыстары, қоғамдық бірлестіктері Жоғарғы Кеңестің XІІ және XІІІ шақырылымдағы сайлауларына, сонымен бірге 1990, 1994, 1995 жылдардағы Парламент мәжілісінің сайлауларына қатысып, олардың кейбірі еліміздің жоғарғы өкілдік органында депутаттық фракцияны құрады. Атап айтар болсақ, 1995 жылғы депутаттық корпуста Қазақстанның халық бірлігі партиясы, Қазақстанның халық Конгресі партиясы, Халықтық-кооперативтік партия, Қазақстанның қайта өрлеу партиясы, «Лад» қозғалысы және т.б. болды.
1998 жылы басталған партиялардың және қоғамдық қозғалыстардың дамуының жаңа кезеңісаяси белсенділіктің кенеттен болған дүмпуімен ерекшеленді. Бұған бірнеше факторлар ықпал еткен болатын. Бірінші – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың1998 жылдың 30 қыркүйегіндегі «Елдегі жағдайлар және ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары: қоғамды демокртияландыру, жаңа жүзжылдықтағы экономикалық және реформалар туралы» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауы. Онда демократияландырудың негізін салушы жеті элементтердің қатарында қоғамның саяси жүйесіндегі партиялардың рөлін күшейту аталды: «Саяси партиялар демократияның құрылысын қалайтын негізгі «құрылыс материалы», біз құқықтық қатынастарда да барлық мүмкіндікті жасауымыз қажет, партиялар өсіп, нығаюы үшін олардың қоғамдағы орнын бекітуіміз керек», – деп тұжырымдады /1/.
Партиялық жүйенің ары қарай дамуы үшін маңызды жайт парламентте партиялардың пропорционалдық өкілдерін енгізу туралы ұсыныс болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасының Парламентінің 1998 жылғы 7 қазандағы елдің Негізгі Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларында іске асты. Аталған түзетулерге сәйкес, Парламенттің Мәжілісінде партиялық тізім бойынша сайланған депутаттар үшін қосымша он орын берілді.1999 жылы өткен Қазақстан Республикасының Парламентінің Мәжілісіне сайлау депутаттық мандат үшін партияаралық бәсекелестіктің алғашқы тәжірибесіне айналды. Бұл жылғы Мәжіліс сайлауына тоғыз партия қатысты. 1999 жылдың қазанында партиялық тізім бойынша дауыс беру өткізіліп, сайлау қорытындысы бойынша Парламенттің төменгі палатасы — Мәжілістен 10 орынды «Отан», Коммунистік, Аграрлық, Азаматтық партиялары жеңіп алды.
Партиялық жүйенің қалыптасуының және дамуының жаңа кезеңі біріншіден, 2002 жылы саяси партиялар туралы заңның қабылдануымен, екіншіден, 2004 жылғы парламенттік сайлауға партиялардың қатысуымен байланысты болды.
2002 жылы 15 шілдеде Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» жаңа Заңы қабылданды. Заңда партиялардың қызмет ету тәртібініңжаңа шарттары бекітілді: партиялардың құрылу, қызметін уақытша тоқтату және мүлде тоқтату тәртіптерін құқықтық реттеу; партияны қаржыландыру; сайлау процесіне қатысу. Заңға сәйкес, азаматтардың, әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін мемлекеттік биліктің өкілді және атқарушы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында білдіру және оларды қалыптастыру ісіне қатысу мақсатында олардың саяси еркін білдіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі саяси партия деп танылады /2/. Саяси партия саны бір мың адамнан кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады. Саяси партияны мемлекеттік тіркеу үшін оның құрамында партияның барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы әрқайсысында кемінде жеті жүз партия мүшесі бар құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) атынан өкілдік ететін кем дегенде елу мың партия мүшесі болуға тиіс.
Депутаттық мандатқа бәсекелестік үшін конфигурациясын «Саяси партиялар туралы» жаңа заң анықтаған партиялық жүйе форматын құраған 12 саяси партия қосылды. Партиялар тіркеуден өткенде қатарында кемінде 50 мыңадам болуының қажеттігі туралы заң нормаларының қолданысқа енуі, барлық партиялардың тіркеуден өте алмауына әкелді. Атап айтсақ, оппозициялық партиялар Қазақстанның Республикалық халықтық партиясы, «Азамат» демократиялық партиясы, «Алаш» ұлттық партиясы, сондай-ақ «Қайта өрлеу», «Ел Дана», «Соотечественник» және т.б. қайта тіркеуден өте алмады.
2004 жылы парламенттік сайлауда саяси одақтардың стратегиясы алғаш рет заңды түрде жүзеге асты. Партиялық негізде сайлауалды блоктарды құру 2004 жылы сайлау туралы заңнамаға өзгерістер енгізілгенде заңдастырылды. Атап айтсақ, мұндай блок Орталық сайлау комиссиясында тіркелуі қажет болды, бір партия тек бір блок құрамында ғана бола алды, сайлау процесінде блок өзге саяси партиялар сияқты құқықтық иемденді.
Төрт партия сайлауға белсене қатысқан екі блокқа бірікті: Аграрлық және Азаматтық партиялары АИСТ (еңбеккерлердің аграрлы-индустриалды одағы) блогына, ал Қазақстанның Коммунистік партиясы мен Қазақстанның Демократиялық таңдауы халықтық партиясы – «Коммунистердің және ДВК оппозициялық халықтық одағына» бірікті.
Партиялық тізім бойынша сайлау қорытындысы: Отан – сайлаушылардың 60,61% (парламенттегі 10 орынның жетеуі); Ақ жол – 12,04 % (1 орын); Асар – 11,38 % (1 орын); АИСТ блогы – 7,07 % (1 орын).
2006 жылы саяси-партиялық кеңістік конфигурациясы айтарлықтай өзгерістерді басынан кешірді, бұл партиялардың бірігу процесіне байланысты болатын. Бағдарламаларының және саяси жарғыларының ұқсастығы себепті «Асар» партиясы, Аграрлық және Азаматтық партиялары билеуші «Нұр Отан» («Отан» партиясы атауын «Нұр Отан» ХДП –на өзгертті) партиясына бірікті.
2007 жылы 18 тамызда Қазақстанда Мәжіліске кезектен тыс парламенттік сайлау өткізілді, нәтижесінде «Нұр Отан» партиясының – 88,41 % көрсеткіштегі жеңісімен аяқталды.
2007 жылғы мамыр айындағы Конституцияға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер партиялық жүйенің дамуының жаңа кезеңін қалыптастыруда, яғни Конституциялық реформаларға сәйкес, мемлекеттегі саяси партиялардың рөлдері мен мәртебелері артуда.
Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздегі саяси күштердің тарихына жасалған қысқаша шолу көрсеткендей, Қазақстанда көппартиялықтың қалыптасуы жалғасуда және толыққанды тұрақты партиялық жүйе туралы, саяси күштердің айқын түрде анықталуы туралы айтуға әлі де болса ертерек. Республиканың саяси партиялары алдында дәстүрлі міндеттермен қатар, партия дамуының ортақ тенденцияларын және өтпелі қоғамды Қазақстанның ерекшеліктерін анықтайтын жаңа міндеттер де тұр.
Келешекте партиялық жүйенің одан ары нығаюы және Парламенттегі партиялық өкілдікті кеңейту Қазақстандағы саяси процестерді демократияландыруды жеделдетеді.
60. Қазақстан экономикасы нарық реформалар. Бағаны ырықтандыру және жекешелендірудің басталуы.
Тәуелсiздiк алғаннан кейiн (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды. Мемлекеттік экономикалық саясаттың базалық бағыттары мыналар болды:
1) социалистік экономикадан кейiнгi қайта құру;
2) дағдарысқа қарсы бағдарлама;
3) макроэкономикалық тұрақтандыру;
4) дүниежүзілік экономикалық дағдарысты еңсеру;
5) экономикалық өрлеудi қамтамасыз ету.
Бiрiншi кезең Қазақстанда социалистік экономикадан кейiнгi экономикалық жағдайдың шиеленiсiп, құлдырауымен сипатталады. Бұл 70-жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының жаппай үдере қожырауы салдарынан туған едi, оның үстiне өзгерiске ұшыраған сыртқы және iшкi әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси бағытта жүргiзiлген экономикалық саясат өрiстеп кете алмады.
90-жылдардың басында ҚР-ның экономикалық саясаты социалистік экономикалық жүйенi өзгертуге және ұлттық нарықтық экономиканы құруға бағытталды. Негiзгi бағыттар мыналар болды: экономиканы ырықтандыру: сыртқы реттеуiштердi енгiзу, әлеуметтік-экономикалық аяға мемлекеттiң қатысуын шектеп, қамқорлығын азайту, сыртқы экономикалық қызмет нысандарын кеңейту, сырттан инвестициялар тарту, валюталық тәртiптi тұрақтандыру; көп ұстынды экономиканың негiздерiн қалыптастыру: экономикада жекеше сектордың жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге нарықтық нышандар үлгiлерiн енгiзу, кәсiпкерлiктi, шағын және орташа бизнестi дамыту, толымды нарықтық бәсекенi өрiстету үшiн жағдай жасау.
Республиканың жалпы iшкi өнiмi 1991 ж. ағымдағы бағамен — 85863,1 млн. сом., 1992 ж. — 1217689,2 сом болды. Бағаны ырықтандыру салдарынан үдей түскен инфляцияға байланысты жалпы iшкi өнiм ағымдағы бағамен 15 есе көбейдi. Тұтыну бағасының индексi 1992 ж. 3060,8%-ды құрады, мұның өзi 1991 жылмен салыстырғанда 12,4 есе (247,1%) көп. Нақты бағамен жалпы iшкi өнiм деңгейi 5,3%-ға төмендедi. 1991 жылмен салыстырғанда 1992 ж. экономиканың барлық саласы бойынша өндiрiс көлемi күрт азайды. Өнеркәсiптiк өнiмнiң құлдырау қарқыны құрылыста 40,5%-ды, саудада 17,4%-ды, көлiкте 19,4%-ды құрады. Өндiрiстiң өсуi тек ауыл шаруашылығында ғана тiркелдi. Сатып алу қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша орта есеппен жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм 1991 ж. 5756 АҚШ доллары, 1992 ж. 5561 АҚШ доллары болды. 1992 ж. Қазақстанның стратегиялық дамуының алғашқы бағдарламасы — “Қазақстанның егемендi және тәуелсiз мемлекет ретiнде дамуының қалыптасу стратегиясы” қабылданды, мұнда мемлекет дамуының басым бағыттары айқындалды және экономика аясында стратегиялық мақсаттар белгiлендi, олар: бәсекеге негiзделген, экономикалық және әлеуметтік өзара байланыстардың жалпы жүйесiнде әрқайсысы өз мiндеттерiн орындайтын негiзгi меншiк нысандары (жекеше және мемлекеттік) ұштасатын және өзара байланыста болатын әлеуметтік нарықтық экономика құру; адамның экономикалық өзiн-өзi билеуi қағидатын iске асыру үшiн құқықтық және басқа жағдай жасау. Екiншi кезең экономикалық дағдарыстың түйiндi кезеңiне айналды, бұл дағдарыс мыналардан көрiндi: Ресей Федерациясымен шаруашылық байланыстардың үзiлуi және осының салдары ретiндегi төлем төленбеу дағдарысы: кәсiпорындардың өзара борыштары 1993 — 94 ж. және 1995 жылдың басында 634913 млн. теңге болды; инфляция(гиперинфляция) өрши түстi: 1993 ж. тұтыну бағасының индексi 2265% деңгейiне жеттi (Ресей Федерациясының жаңа рублiнiң инфляциясы); өнеркәсiптiң шегiне жете құлдырауы: өндiрiлген ұлттық табыс 1991 — 93 ж. 1976 жылғы деңгейге дейiн төмендеп, жалпы құлдырау 38,2% болды. 90 жылдардың басындағы жалпы экономикалық дағдарыс халық тұрмысының күрт нашарлауына әсерiн тигiздi: 1990 жылдан 1994 жылға дейiн тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша жан басына шаққанда орта есеппен жалпы iшкi өнiм 20%-ға азайып, 4711 АҚШ доллары болды. Бұл кезеңде халықтың жаппай көшi-қоны басталды, ол 1994 ж. терiс сальдоға жеттi (–410387 адам). Жалғастырылған реформалардың мақсаты мына шараларды көздедi: меншiк қатынастарын қайта құру жеке меншiктi заңдастыру жағына ойысты; “рубль аймағынан” шығу және ұлттық валюта — теңгенi енгiзу (1993 ж. қараша); валюта-қаржы және банк жүйесiн өзгерту; инфляция мен бюджет тапшылығын кемiтуге қатысты қатаң шектеу шараларын жүзеге асыру; алтын-валюта сақтық қорларын еселей түсу. Бұл кезеңде үкiмет дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасын қабылдады, ол инфляция деңгейiн азайтуға және өндiрiстiң құлдырауын шектеуге бағытталды. Қаржы секторы беретiн қарыздардың көлемiн шектеуге қосымша несиенiң “бағасын ұтымды ету” талабы, яғни жоғары пайыздық мөлшерлеме белгiлеу қарастырылды. Бұл шара жекеше жинақ ақшаның өсуiне септiгiн тигiзетiн, қарыз қорларына жұмсалатын шығынның өсуi себептi банк секторының қарыздарына жалпы сұранымды қысқартуға жәрдемдесетiн барынша тиiмдi шаралардың бiрi ретiнде қарастырылды. Мұндай жағдайда ҚР-ның Үкiметi басшылық нұсқамасымен “директивалық” несиелер беру есебiнен кәсiпорындарға талғамалы қолдау көрсетуге тырысты: 1994 ж. оның көлемі 14063,7 млн. теңге болды. Тұрақтандыру бағдарламасы шеңберiнде қолданылып жатқан шараларға қарамастан мемлекеттiң нысаналы несиелерi көбiнесе қайтарылмайтын несиелерге айналды. 1994 жылдың аяғына қарай шамамен 2300 млн. теңге (яғни бөлiнген несиенiң алтыдан бiр бөлiгi) қайтарылды. Бұл кезеңде жалпы iшкi өнiмнiң серпiнi өндiрiстiң шапшаң құлдырауымен сипатталды, ал 1995 жылдың басына қарай жалпы iшкi өнiмнiң көлемi 1990 жылғымен салыстырғанда 61,4% болды. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның нәтижесiнде таза жинақ қаражат — өндiрiстi тұрақтандыратын әлеуеттi инвестициялар өсуге тиiс едi. Алайда, жинақ қаражат күткендегiдей өсе қоймады: халықтың салымы небәрi 606,9 млн. теңгеден (1.1. 1994) 1673,5 млн. теңгеге дейiн (1.7.1994) ғана көбейдi, ал банкiлердегi ағымдағы, есеп айырысу және депозиттiк шоттардың қалдықтары тиiсiнше 4154,1 млн. теңгеден 12472,0 млн. теңгеге көбейдi. Сөйтiп, экономиканың нақты секторында болған тұрақсыздану өндiрiстiң құлдырауын ушықтыра түстi. Тек 1994 ж. ғана Қазақстан өз өнеркәсiбiнiң ширегiнен астамынан айрылды. Дағдарысты шектеу қатаң экономикалық саясат жүргiзудi талап еттi, соның салдарынан әлеуметтік-экономикалық ахуал одан әрi нашарлады. Қазақстанның экономикалық саясатына түзету енгiзудiң нәтижесiнде экономика дәрменсiздiктен серпiлiп, макроэкономика тұрақтану үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк туды. Бұл кезеңде Қазақстан Халықаралық валюта қорына кiрдi, ол елге дағдарысты еңсеру үшiн нысаналы несие бөлдi. Үшiншi кезеңде Макроэкономиканы тұрақтандыру бағдарламасы қабылданды, ол қатаң шектеу арқылы инфляцияны төмендетудi көздедi. Тұрақтандыру бағдарламасы мынадай мақсаттарды алға қойды: нарықтық экономикалық институттары мен инфрақұрылымды дамыту; халықаралық стандарттарға сәйкес екi деңгейлi банк жүйесiн жаңғырту, инвестициялық және сақтандыру компанияларын, биржалар мен аудиторлық фирмалар құру; қатаң ақша-несие және нысапты бюджет-салық саясатын жүргiзу; ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына қол жеткiзу; атаулы жалақыны шектеу; берiлетiн несиелердi шектеу және ақша массасының қатаң көлемiн (11722 млн. теңгеден аспайтын) белгiлеу. Бұл кезеңде шет ел капиталы кеңiнен тартылды, рыноктер мен нарықтық құрылымдарды дамыту үшiн жағдай жасалды. Қолданылған шаралардың нәтижесiнде 1996 жылдың қарсаңында теңгенiң валюталық бағамы тұрақтанды (1994 ж. — 1 доллары үшiн 35,76 теңге, 1995 ж. — 60,93 теңге, 1996 ж. — 67,29 теңге), бюджет тапшылығы азайды, өнеркәсiптiң сыртқа шығаруға бағдарланған бiрқатар салаларында өндiрiс жанданды. әлеуметтік аядағы қаржы-экономикалық қайта құрулар қаржы жүгiн республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджетке беру, көрсетiлетiн әлеуметтік қызметтердiң сапасын арттыру, әлеуметтік сала мекемелерiнiң қызметiне жаңа экономикалық бәсекелестiк қатынастарды енгiзiп, дамыту, қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерi мен көлемдерiн ұлғайту бағытында жүзеге асырылды. Қаржы қорларын шектеу жағдайында негiзгi қаржы-экономикалық өзгертулер аралас қаржыландырудың жаңа үлгiсiне көшу негiзiнде қаржыландыру жүйесiн өзгертумен ұштастырыла жүргiзiлдi, мұнда бюджеттен қаржыландыру, сақтандыру жарналары мен жекеше инвестициялар негiзгi көздерге айналды. Жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм 1994 жылмен салыстырғанда 1997 ж. 14,1 млрд. теңге деңгейiне дейiн көбейдi. 1997 жылдың бас кезiндегi экономиканың жай-күйiн мынадай факторлармен сипаттауға болады: iс жүзiнде барлық тауарлар мен қызметтердiң бағасы босатылды немесе ырықтандырылды, негiзгi заңдық актiлер өзгертiлдi, олар реформаларды жүргiзуге мүмкiндiк туғызды, сыртқы экономикалық қызмет ырықтандырылды, нарық талаптарына сай келетiн жаңа салық базасы жасалды, меншiктi қаржы рыногi құрылды, банк жүйесi жаңғыртылды, оның инфрақұрылымы дамытылды; мемлекеттік бағалы қағаздар рыногi құрылды, мемлекеттік меншiктi жекешелендiру қарымды қарқынмен жүргiзiлдi. Алайда, қатаң ақша-несие, бюджет-салық саясатының экономикалық тұрғыдан тиiмдi нәтижелерiне қарамастан бұл кезеңде халықтың әлеуметтік-демографиялық ахуалы күрт нашарлады: халықтың өсiп-өну деңгейi кемiдi; өмiрдiң ұзақтығы қысқарды; бiлiм деңгейi төмендедi; материалдық әл-ауқат құлдырап кеттi: қазақстандықтардың 31%-ға жуығы тұтыну қоржынының ең төмен деңгейiнде өздерiнiң күн-көрiс қажеттерiн қанағаттандыра алмады, жұмыссыздық деңгейi екi есеге жуық көбейдi. Бұл кезеңде бұрынғы әлеуметтік саясат қағидаларын өзгерту қажеттiгi туды: халықты әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік көмек пен қолдауға көшу, сондай-ақ, әлеуметтік саладағы мемлекеттік қамқорлықты қысқарту қажет болды. Бұл нарықтық реформалар кезеңiнiң басты жетiстiктерi: елде тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдай сақталды; ұлттық ақша бiрлiгi енгiзiлдi және дербес ұлттық ақша саясатын жүргiзу мүмкiндiгi туды; Қазақстан рыногi тұтыну тауарларымен молая түстi; респбликаның тәуелсiздiгi мәртебесiн дүниежүзілік қоғамдастығы мойындады және ол халықаралық қаржы институттарына кiрдi. Әлеуметтік-экономикалық шаралардың iске асырылуы Қазақстанда жекеше зейнетақы, сақтандыру және медициналық қорларын құруға жол ашты.
61- сұрақ -) Дағдарысқа қарсы бағдарламалардың қабылдануы. Рубльдік зонадан шығу, ұлтық валютаның енгізілуі. (1993-1995)
ANSWER:
Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңгенің айналымға енгізілген күні. Осы күн елімізде сонымен қатар, қаржыгерлердің кәсіби мерекесі ретінде де аталып өтіледі.
1993 жылы 12 қарашада ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «ҚР-ы Ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы шықты, ал, 15 қараша күні теңге айналымға енгізілді. Кешегі КСРО-ға мүше елдер ішінде Қазақстан ең соңғы болып рубльдік зонадан шығарылды. Қазақстан алдында ол кезде жаңа валютаға өтудің екі жолы тұрды. Бірі, басқа да одақтас елдердің тәжірибесіндегідей, екі кезеңді қамтитын реформа еді. Ол бойынша алдымен уақытша ақша бірлігі айналымға енгізіліп, кейін тұрақты валютаға көшу керек болды. Қазақстан бұл жолдан бірден бас тартты. Сөйтіп, 1992 жылы бірден жаңа Ұлттық валютаны енгізу тіралы шешім қабылданды. Құрамына жоғары дәрежелі мамандар Меңдібай Әлин, Тимур Сүлейменов, Ағымсалы Дүзелханов және Хайролла Ғабжалилов кірген арнайы комиссия құрылып, жаңа валютаны әзірлеу жұмысына кірісіп кетті. Дизайнерлердің жаңа валюта кескінін әзірлеу жұмыстары Алматы қаласында ерекше құпия жағдайда жүргізілді. Бұл туралы дизайнерлерден басқа мемлекет басшылығындағы санаулы адамдар ғана білген.
Жаңа валютаның атауына қатысты да бірқатар ұсыныстар болған. Елбасы Н.Назарбаев «Алтын» атауын ұсынды. Кейін жаңа ақшаны «теңге» деп атау туралы шешім қабылданды. «Теңге» сөзі бастауын орта ғасырлардағы түркі мемлекеттерінің күміс ақшасы «денге», «таңғадан» алады. Осы сөз орыстың «деньги» сөзіне де арқау болғанын айта кету керек.Ал, қағаз ақшаға халқымызға белгілі ақын-жазушы, ғалым, ойшылдардың бейнелерін салу ұйғарылды. Суретшілердің айтуынша, бәрінен де әл-Фараби бейнесі бар банкноттар қатарын ашатын бір теңгелік купюра қиынға түскен. Оның портреті бұрынырақта Кеңес Одағының Ғылым академиясымен канонизацияланған (әулиелер санатына қосылған) еді. Бірақ, оны ғалымдардың мұрағаттарда сақталған еңбектерінен табу да қиынға соқты. Бір теңгелік номинал бар қатарға идея берген негізгі купюра болды. Онда әл-Фарабидің ислам әлеміндегі барлық мешіттердің күмбездері есептелген схемалары, формулалары бейнеленген еді. Басқа купюралармен де қиындықтар болған. Олардың ішіндегі ең негізгісі – біздің кітапханаларымызда банкноттарда бейнелегісі келген тарихи тұлғалардың тура бейнелерінің болмауы. 1992 жылы тамыздың 27-сі Ұлттық банкте теңге купюрасының үлгілерін бекіткен дизайнерлер тобы Англияға аттанды.
Елімізде ақшаны бастыратын фабрика жоқ болатын. Тіпті, құнды қағаз бастыратын қаржы да тапшы болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ол кезеңді “Президенттің үлкен ойыны” фильмінде “Шетелдерге бару үшін ұшаққа жанармай, аэропортты жалға алу үшін қаржы жоқ еді” деп еске алады. Осындай кезеңде елімізде қаржылық реформа жүргізіліп, ұлттық валютаның қажетті қаражаттық инфрақұрылымын жасау қолға алынды. Теңге Ұлыбританиядағы “Харрисон және оның ұлдары” деп аталатын банкнот фабрикасында басылатын болды. Ал, алғашқы металл монеталар Германияда әзірленді. Қарашаның 13-і барлық газеттер жаңа валютаның суреттерін берді. Ақша купюрасы теңге мен қағаз тиындар, ауыстыру тәртібі туралы республикалық, облыстық баспасөз хабарлап жатты. Ал қарашаның 15-інен 20-сына дейінгі уақыт сомды теңгеге ауыстыру үшін берілді.
2006 жылы Ұлттық валюта кескіні түбегейлі өзгертілді. Онда бұрынғы үлгіде болған даңқты тұлғалардың бейнелері алынып тасталды. Жаңа үлгідегі банкноталар бірыңғай стильде орындалған, суреттер бет жағында негізінен тігінен, сырт жағында көлденеңінен орналасқан. Тұтастай алғанда, дизайн Қазақстанның қазіргі бейнесін көрсетеді, барлық мемлекеттік нышандар, сәулет объектілерінің және елдің табиғат ландшафтарының бейнелері кіреді. Банкноталардың бет жағында орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі — қазіргі заманғы қазақстандық сәулеттің, конструкторлық және инженерлік ойдың жетістігі, тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны орналастырылған.62- сұрақ) ҚР сыртқы саясатының қалыптасуы (1991-1995). Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа халықаралық ұйымдарға енуі.
ANSWER:
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемл.басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.
- Қазіргі кезде Қазақстанның көп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси және экономикалық, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр.  Сол себепті Қазақстан Орта Азиялық Одақ құру идеясын алға тартып отыр.
- Біздің мемлекетіміздің тағы да бір көршілес елмен қарым-қатынасы серпінді даму үстінде. Бұл - Қытай Халық Республикасы. Жыл сайын екі ел арасындағы тауар айналымы өсіп, экономика, мәдени-гуманитарлық ынтымактастық салаларында көптеген ipi жобалар жүзеге асырылып отыр. Ұдайы қарым-қатынас арқасында екі ел басшылылығының арасындағы байланыс нығайып келеді.
-Оған қоса Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен байланысы жылдан жылға нығая түсуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылы АҚШ-қа ресми сапары қазақстандық-американдық ара-қатынастың дамуына және нығая түсуіне септік еткен маңызды шара болды. Сапар барысында екі ел арасында болған сындарлы сұхбаттар кезінде қауіпсіздік, терроризммен күрес, энергетикалық саладағы байланыстың дамуы және Қазақстан Республикасындағы жоғарғы технологиялық, инновациялық өндірістерді дамыту процесіне американдық компаниялардың ат салысуы талқыланды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым. Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметінің басым бағыттары, әлемнің барлық аймақтарында көптеген қақтығыстарды реттеу және олардың дүниежүзілік соғысқа айналуына жол бермеу, халықаралық ланкестікке, экстремизмге, есірткі саудасына және ұйымдасқан қылмысқа қарсы барлық елдердің күресін ұйымдастыру, жаппай қырып жоятын-ядролық, бактериологиялық, химиялық қаруларға сынақ жасауды тоқтату және оларды жою, кедейшілікпен күрес, қоршаған ортаны қорғау болып табылады [1, 29б.]. Қазақстан 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ мүшесі болды, ал сол жылдың 15 маусымында  Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты Өкілдігі құрылды. Қазақстан БҰҰ мүшесі болған 168-ші мемлекет. Қазіргі таңда ұйымның құрамынада 193 мемлекеттің бар екені белгілі.
Ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтық, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды. Мысал ретінде Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ) бұрынғы кеңес кеңістігіндегі елдердің көшбасшысы ретінде төрағалық етуге 2003 жылы өз кандидатурасын ұсынуын атап өтуге болады.
2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құру бастамасына ат салысты және де дәл осы ұйым аясындағы қызметі сыртқы саясаттағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Қазіргі кезде ШЫҰ Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның басын қосып отыр, ал бұл ұйымдағы бақылаушы мемлекеттерге Моңғолия, Иран, Үндістан және Пәкістан кіреді. ШЫҰ шеңберіндегі диалог арқасында Қазақстан саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша көптеген мәселелерді шешуге бағытталған сындарлы сұхбат жүргізу мүмкіндігіне ие және де бұл ұйым аясында терроризм, экстремизм және сепаратизммен күресуде күш жұмылдыру мәселелері талқыланады. ШЫҰ саяси тұрақтылық және қауіпсіздік қамтамасыз етудегі маңызды рөлі оны халыкаралық деңгейдегі беделді ұйымға айналуына септік етті.
63- сұрақ) Қазақстанның халықаралық қатынастар жүйесіндегі интеграциясының кеңеюі. XX ғ. 90 ж.екінші жартысындағы Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарының дамуы.
ANSWER:
Қазақстан – Қытай экономикалық қатынастары. Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың дербес тұлғасы ретінде өмір сүрген алғашқы күннен бастап, елдің басшылығы ұлы көрші Қытай Халық Республикасымен ұзақ мерзімді, тұрақты тату көршілік, достық және өзара ынтымақтастық қатынастарын қуаттап, өрістете беру ұлттық мүддемізге сай келетінін айқындады.
Көптеген  елдер Қытаймен  арақатынасты  өз  саясатының  негізгі  өзегі деп түсінеді. Ал Қазақстан үшін осынау болашағы зор, экономикасы қарышты қадаммен дамып келе жатқан мемлекетпен ойдағыдай қарым-қатынас орнату айрықша маңызға ие».
1992 жылғы 3 қаңтарда екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен мазмұндама жарияланды. Сол жылы ақпан айында ҚХР Алматыда өз елшілігін ашқаннан кейін желтоқсанда Қазақстан Республикасы Пекинде өз елшілігін ашты.
1993 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Пекинде болып Қытай Халық Республикасының төрағасы Цзян Цзэминьмен кездесіп ұзақ мерзімге арналған келісімге қол қойды. Онда екі ел арасында дипломатиялық қатынастың ресми түрде орнағаны атап айтылды. Қытайда Қазақстан елшілігінің ашылуы, Қазақстан-Қытай шекара келісіміне қол жетуі республикамыз дипломатиясының зор табысы. «Жібек жолы» қайта жаңғырып, бұл магистраль толық іске қосылғанда Тынық мұхит жағалауымен Еуропаны тұтастыратын жол Қазақстан арқылы өтпек.
Екі ел қара, түсті металлургия, ауыл шаруашылығы, химия өнеркәсібі, машина жасау, транспортты дамыту үшін бір-біріне көмек көрсетуге дайын екендіктерін айқын көрсетті.
Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы саяси және экономикалық қатынасты дамыту 1991 жылғы шілде айында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың осы елге бірінші сапарынан басталды. Ол кезде Қазақстанның Қытайға баратын темір жолы Ресей арқылы өтетін. Ендігі бағыт – сыртқа шығатын балама жолдар құрастырыла басталды. Осыған орай Қытай жағы Үрімжіден «Дружба» (Достық) стансасына дейін 460 шақырымдық темір жол тартып, 1991 жылғы 1 қыркүйекте бірінші жүк поезды жолға шықты.
1991 жылғы желтоқсанда Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты дамыту мақсатымен достық, ынтымақтастық, теңдік және өзара тиімділік негізінде сауда-экономикалық келісімін жасады, ол бес жыл мерзімге күшінде болды. Ал, 1992 жылғы ақпанда Қазақстан — Қытай үкіметаралық мазмұндамасына қол қойылды. Онда азаматтық авиация, темір жол және автомобиль транспорты, экономика, сауда, ғылым мен техника саласында екі жақты ынтымақтастықты жолға қойып, дамыту көзделді. Тауар несиесі туралы келісім бойынша Қазақстан 1993-1995 жылдары Қытайдан 30 миллион юаньға әртүрлі тауарлар мен жабдықтар алатын болды.
Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы мен Қазақстан арасында сауда-экономикалық қарым-қатынастар 1992 жылдың сәуір айынан бастап темір жол қатынасы орнатылғаннан кейін дамыды. 1992 жылдың тамыз айында Қазақстан мен Қытайф өзара өкілдіктер ашу туралы келісімге қол қойды. 1995 жылы Достық – Алешанькоу темір жол өткелдері арқылы жүк тасымалының көлемін арттыру туралы келісімге қол қойылды. 2003 жылы жүк тасымалының көлемі 7,2 млн. тоннаға жетті. 2004 жылғы 19 наурызда Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Дружба» стансасының жүк тасымалын өткізу қабілетін он миллион тоннаға дейін ұлғайтуды қамтамасыз ету қажет  деп көрсетілді.
1997 жылы Қазақстанның басынан ҚХР-ның Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағының шекарасына дейінгі аралықта мұнай құбырын төсеу (қашықтығы 3 мың шақырым), «Ақтөбе мұнайгаз» акционерлік қоғамына үш мыңдай кен орындарын көркейфту, оны пайдалану, қоршаған ортаны сауықтыру, аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын жетілдіру, акционерлік қоғамның 71 миллион АҚШ долларына жуық қазіргі қарызын өтеу т.б. міндеттемелерге Қытай Ұлттық мұнай компаниясымен келісімге қол қойылды. Компания 20 жыл ішінде осы шараларды жүзеге асыру үшін трт миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция жұмсауды мақсат етіп отыр.
64- сұрақ) Қазақстанның қазіргі кездегі сыртқы саяси жағдайы. Кеңестік дәуірден кейінгі кеңестік және алыс шетел елдермен қарым-қатынас.
ANSWER:
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б. 1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.
1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:
1. Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.
2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.
1998 жылғы 6 шілдеде МәскеудеІІІ ғасырға бағдарланған “Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы” Декларация жарияланды. Нәтижелері:
1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты.
2. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті.
3. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәсел
1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық).
1996 жылғы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім барысына Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда негізінен — шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды. 1997 жылғы 25 қыркүйекте Алматыда болған келіссөздің нәтижесінде – Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды. Қытай үкіметі бұл жұмысқа 9,5 млрд.доллар жұмсауға келісті.
1998-1999 жылдары Қазақстан-Қытай арасында келісімдер нәтижесінде, шекараны нақтылау негізінен аяқталды.
Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды.
Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды.
1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды. АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.
Қазақстан және ТМД елдерімен тығыз өзара байланыста болу – біздің ел үшін өте қажет. 1994 жылы – Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, кейін Тәжікстан).
Қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық өмірдің барлық саласындағы дағдарыс ТМД басшыларын интеграциялық жаңа жолдарын іздеуге итермнлнді.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  2012 жылдың  14 желтоқсан күні Қазақстан халқына арналған  “ Қазақстан -2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің  жаңа саяси бағыты”  атты Жолдауын жариялап, онда ХХ ғасырдың соңындағы қабылданған “Қазақстан-2030 Стратегиясының ”орындалуына талдау жасалынды.  Яғни, Н.Ә.Назарбаевтың атап көрсеткеніндей: “...2030 Стратегиясында  белгіленген негізгі міндеттер  орындалды, қалғандары орындалу үстінде. ... Бүгінгі күні  біздің әрқайсысымыз  “2030 Стратегиясы іске асты, заманауи Қазақстан  орнықты” деп айта аламыз. Бұл-біздің бірлігіміздің, табанды да қажырлы  еңбегіміздің  нәтижесі, ұмтылыстарымыз  бен үміттеріміздің  жанды көрінісі” Осыған орай жаңа ЖолдаудаҚазақстанның  ХХІ ғасырдың ортасына дейінгі кезеңдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуының  жолдары айқындалды.   Онда: “Ел  20 жыл бойы  егемендігіміз бен саяси  салмағымызды  нығайтуға жұмыс істеді. 20 жыл өткен соң  бұл мақсатқа қол жетті Қалыптасу кезеңі табысты аяқталды. Қазақстан ХХІ ғасырдың басында  тәуелсіз әрі өзіне сенімді болып отыр.  ... Біздің ендігі міндетіміз –егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру.
65- сұрақ) Қазақстандағы экология проблемасы. Невада-Семей, Табиғат, Арал және т.б. қозғалыстар.
ANSWER:
Экологиялық  жағдай  қазіргі  уақыттағы  күрделі  мәселенің  бірі  болып  отыр.  Ол  біздің  елімізде  де,  әсіресе  индустриялы,  дамыған  орталықтарда,  соның  ішінде  ауыл  шаруашылық  аймақтарында  да  өткір  түрде  қойылуда.  Табиғи   қорларды  тиімді  пайдалануда,   қалаларды,  елді   мекендерді  көгалдандыруда,  ұлттық  парктер,  көгалды  аймақтар  жасауда  көптеген   шаралар   іске  асырылса  да,  айналадағы  ортаны  қорғаудағы   жауапсыздық,  болашақты  ескермеушілік  орын  алып  отыр.Ауаның,  судың,  жердің  ластануы  салдарынан  адамдардың  өміріне  және  олардың  өмір  сүру  ортасына  зор  қауіп  төніп  келеді.  Көптеген  индустриялы  аудандарда  айналадағы  ортаның  ластануы   қажетті  нормалардан   асып  түскен.  Қазіргі  уақытта   табиғат  және  биологиялық  орта  тұтас  алғанда   бүкіл  адамзат  алдына  кұрделі  талап  қойып  отыр.
Біздің  республикамыздың  табиғи  байлық  қоры  мол.  Бізде  48 мың  көл,  85022  өзен  бар.  Өсімдік  және   жануарлар  әлемі  бай.  Қазақстан  жерінде  6 мыңға  жуық  өсімдіктің  түрлері,  сүтқоректілердің  172,  құстардың  490  түрі  бар.  Осы  байлықты  тиімді  түрде,  аса  зор  қамқорлықпен  пайдалануымыз   қажет.Су  қорларын,  қоймаларды  сақтау – экологиялық  проблеманың  ең  күрделі  саласы  болып  табылады.  Бұл  әсіресе  Арал  теңізінің  тағдырымен  байланысты. 1960 жылы Аралдың  су   қорын  толтыратын  Орта  Азияның   екі  ірі  өзені - Әмудария  және  Сырдария  еді.  Олардың   суы  өте  нәрлі,  егістікке  пайдалы  болатын.  Арал  теңізінен   жыл  сайын   450 мың  тонна  бағалы   балықтар  ауланды,  миллион    ондатра  терісі  алынды.  Балықшылар  қайығы  мен  жол  қатынас   кемелері – теңіздің  көркі  еді.  Арал  теңізі  сол  аймақтың   ауа  райына  жағымды  әсер  еткен  табиғатты   реттеуші  болды.Алпысыншы  жылдардан  бастап,  екі  өзеннің  суын   егістікке  пайдалану  өлшеусіз,  шамадан  тыс  қарқын   алып,  соның   салдарынан  теңіз   суы  тартыла   бастады.  Қазіргі   уақытта  олардың  суы  теңізге  құймайды.             Теңіз  суының  сапасы   нашарлап,  көлемінің   күрт  кемуі  өсімдік  әлеміне  кері  әсерін  тигізді.  Бағалы   ормандар,  мал  жайылымдары  мен  көгалды   аймақтар  жоғала  бастады.  Олардың  орнын  зиянды  тұзды  сорлар  басты.  Өңірді  мекендеген   57  жабайы  аңдардың  13-ақ  түрі  қалды.  Арал  теңізінен   балық  мүлде  ауланбайтын  болды.  Жер  тұзданып,  оның  өнім  беруі  тоқтады.Бүкіл  Арал  аумағында  іш  ауруы  етек  алды.  Балалардың  өлімі   Жапониядан  20  есе  асып  түсті.  Қарын,  бүйрек,  бауыр  аурулары  адамдарды  өмірлік   мүгедекке  айналдырды.  Балалар  ауруы  болып  тууда. Чернобыль”  зардабының  шығыны  одан  әлдеқайда  асып  түседі.Семей аймағындағы  ядролық  сынақ  халықтың   қайғысына  айналды.  Бұл  аймақта  бірінші  рет  1949  жылы  тамыз  айында  16 мың км2  кеңістікті  қамтыған  жарылыс  басталды.  Ашық   аудағы   ядролық   сынақ  14 жылға  жалғасты.  Осы  кезкңде  500  ядролық  жарылыс   өткізілді.  Ядролық  техниканы   сынаудың  салдары:  рак,  катаракта,  туберкулез,  аллергия,  екі  басты,  қолы  жоқ,  бүйрексіз  балалардың  өмірге  келуі.  Мұндай  аурулар  әрбір  отбасын  дерлік  қамтыды.Тек  1991 жылы  тамыздың  29-ында  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  Семей  ядролық   полигонын  жабу  туралы  жарлық  жариялаған  соң,  ядролық  сынақ  тоқтатылды.1967 жылы  Іле  өзенінде  Қапшағай  су  электр  станциясы  салынды.  Қапшағай   қойнауы суға  толтырылды.  Соның  салдарынан  Іле  өзенінен  Балқашқа   құятын  су  мөлшері  азайды.  Кішігірім  көлдерге  су  келмейтін  болды,  көбі  құрғап  кетті.  Бұл  аймақ   түгелдей  сортаңға  айнала  бастады.  Балық  аулау  көлемі  қысқарды.
Үлкен  Алматы   каналының  салынуына  байланысты,  химиялық  тыңайтқыштарды  есепсіз   пайдаланудың  нәтижесінде   егістік  жерлер  тұзданды.  Арал  тағдыры  қайта  басталды.  Балқаш – Іле   аймағының  экологиялық  жағдайы  күрделі  мәселеге  айналды.Республикамызда  жұмыс  істеп  тұрған  кәсіпорындарды  тазалау  қондырғыларының  сапасы  мен  тиімділігі   30% -дан  аспайды.  Өндіріс  сарқынды,  шайма  және  қолданылған  суларының  әсерінен,  Ертіс,  Орал, т.б.  өзендерінің  суы,  зияндылығы  жөнінен   нормативтік  көрсеткіштерден  әлдеқайда  асып  түседі.  Өзендердегі  судың  өздігінен  тазаруы,  тек  300  километрлік  жол  жүріп  өткен  соң ғана  турбулентті  және   ламинарлы  араласулар  әсерінен  жүзеге  аса  алады.  Тіпті,  бұл  су  көздерінің  есте  сақтау  қабілеті  де  зақымданған.  Қазіргі  экожүйені   қалыптастыру,  ғылым  мен  техника  жетістіктерін  ендіру,  осы  мақсаттарға  қаржы  жұмсау  мөлшері  теңізге  тамған  тамшыдай...
66- сұрақ) Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық дамуы (1991-2010жж).
ANSWER:
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең —  1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тэн инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды. Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы сая- си, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болуы керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік” тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған “есеңгіретіп емдеу” деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жекеменшікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай түрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру — үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмағанды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапсыздық қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, эконо- миканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, оның қыр-сырын, бүге-шігесін, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дүрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді. Сондықтан мемлекет дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыра бастады. Оның ең бастысы — бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген ұранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, әр кәсіпорын ең жоғары таза пайда алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен төмен түсіп кетті. Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған іс — жекешелендіру. Мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты көшу мүмкін емес еді. Бұл қадам нарық субъектілерін құру тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі психологиясын қалыптастыру тұрғысыпап да маңызды. Сондықтан да республикада ауқымды жекешелендіру жүргізілді. Бүгінде оны өткізудің 4 кезеңін даралап айтуға болады. Алғашқы үшеуі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ерекшелігімен байланысты болса, төртінші кезең мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіруге екпін түсуімен сипатталады. Біз шағын жекешелендіруден бастадық. Алғашқы кезеңнің барысында 1991—1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелен-дірілді, олардың қатарында ұжымдық меншікке берілген 470-тен астам кеңшар болды. Екінші кезең “Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993—1995 жылдарға арналған ¥лттық бағдарламасы” негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын және орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме-сауда буынын қоса алғанда бұрынғы кеңестік сауда жүйесін өзгерту басталды. Қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар “Жекешелендіру туралы” Жарлықпен басталып, 1999 жылға дейін жалғасты.
Жалпы алғанда, ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға өсіп отырды. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауынан.— Егемен Қазақстан, 7.02.2008). Еліміздегі әлеуметтік ахуал да тұрақты қалпында. 2000 жылдан бастап, 2008 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам ұлғайды. Біздің 5 миллионнан астам азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш осыдан бес жыл бұрынғыға қарағанда екі есеге артық. Ал осы жылдар ішінде Қазақстанда жүздеген, мыңдаған жаңа кәсіпорындар пайда болды. Қазіргі кезде автомобиль құрастыратын, оның ішінде жеңіл автокөліктер де құрастыратын бес кәсіпорын жұмыс істейді. Бүгінде Қазақстанда радиотехника мен компьютер де құрастырылады. Жиһаз жасау өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және басқа салалар серпінді дамуда. Сөйтіп, қорыта келгенде, тәуелсіздік жылдары Қазақстанда алғашқы жылдардағы кездескен көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарға қарамастан экономиканы дамытуда, әлеуметтік мәселелерді шешуде біршама жүмыстар атқарылды және елеулі табыстарға қол жетті. Соның нәтижесінде біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі саналады. Еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына ену жөніндегі міндеттерді шешуде айтарлықтай ілгері жылжыды. Біздің мемлекет тәуелсіздіктің он алты жылында экономикалық, әлеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көшбасшы атанды. 67- сұрақ) Қазақстанның өз территориясында ядролық қарудан бас тартуы. Семей ядролық полигонының жабылуы. (1991)
ANSWER:
Семей ядролық полигоны, Семей сынақ алаңы – КСРО Қорғаныс министрлігі мен Атом өнеркәсібі министрлігінің бұйрығымен құрылған, ядролық жарылыстар жүргізілген сынақ аймағы. Полигон бұрынғы Семей облысы, Абыралы ауданы, сонымен қатар Павлодар және Қарағанды облыстарының біраз жерін қамтыды. Сынақ аймағында 1949–1989 жылдар аралығында 470-тей қуаты әр түрлі ядролық жарылыстар жасалды. Әуеде – 90, жер үстінде – 26, жер астында – 26.
Алғашқы атом сынағы үшін әскери құрылысшылар көлемі 300 шаршы километр «тәжірибе алаңын» дайындады. Алаңның қақ ортасындағы 30 метрлік темір мұнараның төбесіне қуаты 20 килотонн ядролық заряд орнатылды. Айнала темірбетон қорғаныштар, бронды мұнаралар мен доттар бой көтерді. Орталықтан әр түрлі қашықтықта әскери техника, артиллерия қаруы, танктер, ұшақтар, автомобильдер, бронемашиналар орналастырылды. Салынған пана-жайлардың көпшілігіне тәжірибе жасалатын хайуанаттар – қойлар, шошқалар, иттер, атжалмандар кіргізілді. Одан сәл қашықтау тұтас бір қалашық – үш қабатты тұрғын үйлер, өнеркәсіп орындары, жер асты жолы, теміржол және автомобиль көпірлері салынып, оларда жанар май құйылған вагондар мен цистерналар тұрды. Алаңға әскери форма кигізілген адам кейпіндегі заттар, азық-түлік салынған жәшіктер қойылды. Мұның бәрі ядролық жарылыстың алапат күшінің, қуатын зерттеу үшін дайындалды.
1949 жылы 29 тамызда таңертеңгі сағат 6.30-да Абай және Абыралы аудандарында халыққа алдын ала ескертілместен қуаттылығы 30 килотонна болатын бірінші жарылыс жасалды. Мұнда 1951 жылы 18 қазанда уран бомбасы, 1953 жылы 12 тамызда жер үстінде дүние жүзінде алғаш рет қуаттылығы 500 килотонна болатын сутек бомбасы сыналды.
Семей ядролық полигонында 1961–1962 жылдары әуеде және жер үстінде 50-дей ядролық бомба сыналды, 1963–1988 жылдары жыл сайын 14–18 сынақ өткізіліп, Жер астында барлығы 343 ядролық жарылыс жасалды. Осы жарылыстардың әсерінен радиоактивті шөгінділер жарылыс болған эпицентрден бұлттар мен жел арқылы таралды. Сынақ жүргізілген жерлерде радиацияның деңгейі 448 Бэр-ге жеткен. Семей ядролық полигонында ауада және Жер бетінде сыналған ядролық зарядтардың қосынды қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 2,5 мың есе асып түсті. Сынақ аймағын радияциялық тексеруден өткізгенде, ондағы радиоактивтік заттардың (цезий-137, стронций-90, плутоний-239; 240, кобальт-60) мөлшері қалыпты мөлшерден бірнеше есе жоғары екені анықталды. Зиянды радиоактивтік заттар топырақты, суды, егістік жерлерді және мал жайылымдарын ластады. Семей аймағының халқы сәулеге ұшырау мөлшеріне қарай 3 категорияға бөлінеді: 1-категорияға – жарылыс эпицентрінен 100–150 км қашықтықта орналасқан Абай, Бесқарағай және бұрынғы Абыралы, Жаңасемей, Шұбартау ауданы мен Семей қаласы жатады; 2-категорияға – 150–300 км жерде орналасқан Жарма, Аягөз, Бородулиха және бұрынғы Шар, Жаңашүлбі аудандары кіреді; 3-категория эпицентрден 300 км-ден әрі орналасқан Үржар, Көкпекті және бұрынғы Таскескен, Ақсуат, Мақаншы аудандарының тұрғындарын қамтиды. Бұл қала бірде бір географиялық картада көрсетілмеген. Курчатов – Павлодар облысының Май ауданындағы қала. Ресми түрде Шығыс Қазақстан облысының құрамына кіреді. Семей қаласынан солтүстік-батысқа қарай 130 км. жерде, Ертіс өзенінің сол жағасында орналасқан. Іргесі 1947 жылы әскери горнизон ретінде қаланды. Аса құпия жер болғандықтан оның аты жиі өзгеретін. Москва-400, Семей-21, Ақырғы нүкте, ал 1974 жылы қалалық статус алып, Курчатов болып аталды. Мұнда Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының Бас дирекциясы орналасқан.
Мұнда зерттеу және эксперимент жасау жұмыстары үшін барлық жағдай жасалды, ал тұрғындар үшін «коммунистік пейіш» орнады. «Курчатов қаласында И. Курчатов, Ю. Харитон, А. Сахаров, Я. Зельдович сияқты кеңестің көрнекті физиктері уақытша тұрып, жұмыс істеді.
Семей ядролық полигонындағы жергілікті тұрғындарды медициналық тексеруден өткізгенде тұқым қуалайтын ауруға шалдығуына байланысты адамдарды, әсіресе, жасөспірімдердің арасында ерте қайтыс болу жиі кездесетіні анықталған. Сондай-ақ қатерлі ісік, сүйек тіндерінің аурулары, иммунды жүйелер мен қан құрамының бұзылуына байланысты ауруға шалдыққандар көп. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды

68 сұрақ)-Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:
Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықаралық қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.
Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этникалық топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.
Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергетикалық және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.
Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экологиялық ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.
Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықаралық технологияларды, коммерциялық құпия және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергетикалық инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.
Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникациялық кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.
Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемлекеттік қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемлекеттік қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.

Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратегиялық ресми құжат болып табылады.
Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды.
1997 жылғы қазанда Прзеидент Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан-2030” жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер:
Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.
Реформаларды аяқтау.
Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.
“Қазақстан барысын” қалыптастыру.
Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық:
Ұлттық қауіпсіздікті сақтау.
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту.
Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу.
Қазақстан азаматтарының денсаулығының білімі мен әл-ауқатын көтеру. 5. Энергетика ресурстарын жете пайдалану.
Инфрақұрым, көлік, байланысты дамыту.
Демократиялық кәсіби мемлекет құру.
Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көш-қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер бұған немқұрайлықпен қарасақ, оның салдары өте ауыр болады.
ХХІ ғасыр қарсаңында Қазақстан Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін “демографиялық апатқа” ұшырайды.
69 сұрақ)Қазақстан Республикасы — егеменді және тәуелсіз мемлекет 
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігін баянды етті. Қазақстан мемлекетінің егемендігі мына белгілермен сипатталады: Қазақстан мемлекетінің тарихи қалыптасқан аумағы бар. Қазақстанның аумағы бес мемлекетпен: Ресеймен, Қытаймен, Өзбекстанмен, Қызғызстанмен және Түркменстанмен шектес. Мемлекетіміздің аумағы біртұтас және оған қол сұғуға болмайды. Мемлекетіміздің аумағына басқа мемлекеттің қол сұғуы агрессия деп аталады. Агрессияны халықаралық құқық айыптайды. Конституцияда жарияланғандай, Қазақстан басқа мемлекеттермен тату көршілік, олардың ішкі ісіне араласпау, дауларды келісім арқылы шешу, бірініші болып қарулы күштерді қолданбау саясатын жүргізеді. Республикаға қарсы агрессия бола қалған күнде немесе сырттан тікелей қауіп төнсе, Президент республиканың барлық аумағында немесе кейбір жерлерде соғыс жағдайын енгізіп, ішінара немесе жалпы әскерге шақыруды жариялайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы заң бойынша біздің мемлекет өз аумағын құрлықта, теңізде, әуе кеңістігінде өз қарулы күштерімен қорғайды.  Республика шекарасын Қазақстанның шекара әскері күзетеді, ол республика тұтастығына қандай  болсын  қарсы әрекетке тойтарыс беруі қажет,  адамдарды қылмыстық әрекеттерден қорғауы тиіс. Қоғамда өтіп жатқан  процестер мен мемлекет қызметінің бағытына сәйкес бұл факторлар мемлекеттегі дағдарыс пен тұрақтандыруға жауап береді. Соңғы жылдары экономика саласында көп деңгейлі меншік жүйесі қалыптасып, шаруашылықтың барлық элементтерін қамтитын жаңа құрылымының  қалыптасу процесі жүріп жатыр. Өндірісте экономикалық саясат, құрылымдық саясат жүргізу, айырбасты дамыту, өндіріс технологияларын  жаңарту, сауда-бұның барлығы мемлекеттің міндеті болып табылады. Жұмысы әдістер мен жұмыс жасауында және мемлекеттік ұйымдастырушылық пен реттеу функцияларын көрсетілген  процестерге ендіру болып табылады. Бірінші орынға  монопольді мемлекеттік жоспарлау кезеңінденгі мемлекет  функциялары мен басқарудың командалық әдістері шығады. Ең алдымен есептеу, бақылау, экономика мен шаруашылыққа анализ жасау функцияларын ұйымдастырады. Ал белгілі бір тарихи немесе әлеуметтік  жағдайдағы бар модельдерді көшіріп алып қайталауға жол берілмейді.
Егемендіктің маңызды белгісі — онда мемлекеттік биліктің жоғары органдарының болуы. Заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілдік орган — Қазақстан Республикасының Парламенті. Парламент екі палатадан: Мәжілістен және Сенаттан тұрады. Олар тұрақты қызмет істейді. Мәжіліс депутаттарын азаматтар тікелей сайлайды. Ал Сенат депутаттарының басым көпшілігін мәслихаттар сайлайды. Сенаттың жеті депутатын Президент тағайындайды. Мемлекеттің басшысы-Президентті азаматтар сайлайды. Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды. Президент мемлекеттік биліктің барлық буындарының келісіп қызмет істеуін қамтамасыз етуі қажет. Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің көлемінде атқарушы билікті жүзеге асырады. Ол атқарушы органдардың жүйесін басқарады. Атқарушы органдардың жүйесіне жататындар-министрліктер, мемлекеттік комитеттер, коммиссиялар, бас басқармалар және жергілікті атқарушы органдар — облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық, селолық әкімшіліктер. Атқарушы органдардың өкілеттіктері зандарда және арнаулы ережелерде анықталады.
Ерекше құқық қорғау органдары бар, олар — соттар, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура. Олардың ішкі құрылымы, өкілеттіктері арнаулы зандарда анықталады.
Егенмендіктің тағы бір маңызды белгісі — өз азаматтығының болуы. Азаматтыққа байланысты мәселелер Конституцияда, азаматтық туралы заңда, Президенттің заң күші бар Жарлықтарында қарастырылған. Азаматтық — адамдардың мемлекетпен тұрақты саяси және құқықтық байланысының жағдайы. Мүндай байланыстан мемлекет пен азаматтардың өзара құқықтары мен міндеттері келіп туады. Мемлекет, оның органдары азаматтарға ол құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы үшін қажетті жағдай жасауы керек. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары бұзылган болса, лауазым иелері, заң қорғайтын органдар кінәлілерді тиісті жауапқа тартады. Азаматтың міндеттері — Конституцияны, зандарды сақтау, мемлекеттік тілді, барлық ұлттардың тілдерін, әдеттерін, дәстүрлерін құрметтеу, еліміздің экономикалық қуатын күшейту.
Егемендіктің тағы бір маңызды белгісі — басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау қабілеттілігі. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі. Көптеген шет мемлекеттермен елшілік қатынастарын жолға қойды. Олармен   саяси,   экономикалық,   мәдени,   т.б.   мәселелер   бойынша халықаралық      шарттар     жасасты. Сол мақсатпен Қазақстан Республикасының Конституциясы   Президентке,   Парламентке   және Үкіметке қажетті өкілеттіктер берді.
Егемен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Елтаңбасы, Туы, Гимні бар. Олар Қазақстанның дамуының тарихи жолдарын бейнелейді. Әр адам мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тиісті. Зандарда оларды пайдалану тәртібі белгіленген.
Қазақстан мемлекеті ежелгі қазақ жерінде құрылды. Демек, қазақ ұлты осы аумақта бұрыннан өмір сүріп келе жатқан этнос болғандықтан, мемлекеттің сол ұлттың атымен аталуы табиғи және занды жағдай. Қазақ тілі — бірден — бір мемлекеттік тіл. Басқа ұлттардың тілдерін кемсітуге жол берілмейді. Орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін — өзі басқару органдарында ресми түрде қолданылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, ұлтына қарамай барлық азаматтарға тең құқық бере отырып, оларды тату тұруына заңдық негіз құрады. Сондықтан Қазақстан — бүкілхалықтық мемлекет. Бүл жағдай Конституцияда жазылған мемлекеттің, оның органдары қызметінің принциптерінде анық айтылған. Біріншіден, мемлекет, оның органдары қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге талаптануы қажет. Қоғамдық татулық   дегеніміз қайшылыққа, әлеуметтік топтар арасында, түрлі ұлттар арасында қарсы тұрушылыққа жол бермеу. Мұндай татулықты қамтамасыз ету қоғамның тұрақтылығының, әр адамның тыныш өмір сүріп, оқуының, жұмыс істеуінің алғы шарты. Екіншіден, мемлекет өзінің экономикалық саясатын қоғамның экономикасын дамытуға бейімдеп, тек бір топ адамның емес, бүкіл халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағыттауы керек. Үшіншіден, мемлекет органдары мемлекет өмірінің маңызды мәселелерін демократиялық жолмен шешуі керек. Бұл халық ең маңызды мемлекеттік мәселелерді, мысалы, Конституцияға өзгерістер енгізуді референдум арқылы шешеді деген сөз. Референдумды өткізу тәртібі ерекше заңмен қарастырылады.
Қазақстан Республикасы алдына демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп қойып отыр. Мүндай мемлекет құрудың негізгі шарты-барлық азаматтарды ұлтына қарамай тең құқықтық негзде біріктіру. Осы интернационалдық идеяға сүйене отырып, Конституция «халық» деген ұғымды қолданады. Саяси-құқықтық мағынада «халық» деген-мемлекет көлемінде саяси әрекеттерге қатысуға хақысы бар, барлық кәмелетке жеткен Қазақстан азаматтарының жиынтығы. Мысалы, Конституцияға, Президенттің Қазақстан Республикасында сайлау туралы жарлығына сәйкес азаматтар, саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер Республика Парламентінің Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттар ұсынуға ерікті. Оларды жан-жақты талқылап, қолдап немесе қарсы үгіт жүргізуге хақылы. Барлық саяси партиялар тең құқылы, олардың біреуіне қандай да болсын жеңілдік немесе артықшылық берілмейді. Азаматтар өз қалауымен саяси партиялардың біреуін қолдай алады немесе олар депутаттыққа ұсынған кандидаттарды қолдауға немесе қолдамауға ерікті. Мұның өзі халықтың ой-пікірін айқындауға мүмкіндік береді.
Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол- құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Құқықтық мемлекетте заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғары дәрежедегі лауазым иелерінен қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататын, адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге, өзі қалаған жұмыспен шұғылдануға, өздерін еркін сезшуге, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуға керек екенін түсінуі қажет.
Қазақстан Республикасында, Конституцияда айтылғандай, әлеуметтік мемлекет құрылуда. Әлеуметтік мемлекетте Конституция, заң халықты таптарға, ерекше әлеуметтік топтарға бөлмейді. Мемлекет халықтың барлық топтарына: шаруаларға, жұмысшыларға, қызметшілерге, мұғалімдерге, ғалымдарға, оқушыларға, аналарға, зейнеткерлерге, жетімдерге, т.е.с. тиісінше қамқорлық жасайды. Мемлекет әрбір әлеуметтік топтың ерекшеліктерін ескеріп, көмекке мұқтаждарға  тиісті  қаражат  бөледі.   Себебі   еңбекке   қабілетсіз,   хал- жағдайы төмен  адамдарға мемлекет тарапынан  ерекше  қамқорлық қажет.      Мемлекеттің      сипаты      оның      жастарға,      мүгедектерге, зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларына қамқорлық жасап, олардың адамға лайық өмір сүруіне жағдай туғызғанына қарап анықталады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғандай, ол біртұтас, Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет. Қазақстанның біртұтастығы — оның әкімшілік-аумақтық бөлшектерден құрылатындығы, автономияға бөлінбеуі. Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы ерекше заң бар. Ол Қазақстанның тарихы және қазіргі замандағы ерекшеліктерін бейнелейді.
Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекеттің басшысы, оның жоғары лауазымды тұлғасы. Қазақстанның Президенті Конституция бойынша жоғары лауазымды тұлға болғандықтан Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етеді, былайша айтқанда, түрлі ұлттар арасында, әлеуметтік топтар арасында лауазымды болмауына қамқорлық жасайды. Мемлекеттік биліктің түрлі буындарының арасында қақтығыс болмауын қадағалайды. Президент Парламент қабылдайтын заңдарға қол қояды, егер заңдар Конституцияға сәйкес келмесе, қайта қарау үшін кері қайтарады (вето құқығы). Егер Парламент заң қабылдау құқығын уақытша Президентке тапсырса, ол заңды өзі қабылдай     алады. Сонымен қатар Конституцияда көрсетілген жағдайда Президент заң күші бар Жарлық қабылдай алады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік билікті бөлу принципін бекітті. Мемлекеттік ьилік үш буынға бөлінеді: Заң шығаратын, атқарушы және сот. Заң шығарушы қызметімен Праламент шүғылданады. Атқарушы билікті жүзеге асыратын Үкімет. Ал сот билігін Жоғарғы Сот, облыстық, аудандық соттар жүзеге асырады. Аталған органдар біртұтас мемлекеттік биліктің әр буыны өз қызметін дербес жүзеге асырады, атқарады және басқа буындардың қызметіне араласпауы керек. Ондай жағдай бола қалған күнде тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану қарастырылған. Парламент Үкіметі орнынан түсіру мәселесін қоя алады, ал Президент Парламент тарқата алады.
Мемлекеттің атқарушы органдары орасан зор жүмыс атқарады. Оларға жататындар: Үкімет, министрліктер, мемлекеттік комитеттер, жергілікті әкімшілік (облыстық, аудандық, қалалық, ауылдық, селолық). Заң қорғау органдарының әр бөлшегі туралы арнайы заң бар. Мысалы, прокуратура Конституцияда жазылғандай, мемлекет атынан заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Анықтау және тергеу қызметін жүргізу үшін арнайы органдар құрылды. Олар әр түрлі болады — милиция органдары, мемлекеттік қауіпсіздік органдары. Құқықтық тәртіпті қорғауда ішкі істер органдарының атқартын қызметі де сан алуан. Оларға жүктелетін міндеттер ерекше занда белгіленген. Адамның, қоғамның, мемлекеттің құқықтарын, тыныштығын, қауіпсіздігін қорғайтын, сақтайтын органдарға ұлттық қауіпсіздік органдары да жатады. Олардың да қызметі заңға сүйене отырып, жүргізілуі қажет. Аталған органдардың қызметінің тиімді және жемісті болуы қай кезде де азаматтардың қолдауына, көмегіне байланысты. Қазақстан Республикасы алдына демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп қойып отыр. Мүндай мемлекет құрудың негізгі шарты-барлық азаматтарды ұлтына қарамай тең құқықтық негзде біріктіру. Осы интернационалдық идеяға сүйене отырып, Конституция «халық» деген ұғымды қолданады. Саяси-құқықтық мағынада «халық» деген-мемлекет көлемінде саяси әрекеттерге қатысуға хақысы бар, барлық кәмелетке жеткен Қазақстан азаматтарының жиынтығы.
Қазақстан мемлекеті өз алдына дербес даму мақсатында, алдымен елде болып жатқан мәселелерге назар аударып, соларды қалпына келтіру жолы арқылы ол болашаққа батыл және нақ қадам жасайды.
Жұртшылыққа мәлім 1994 жылдың мамыр айында астанамыз Алматыда өткен республикалық кеңесте азаматтық келісім мен татулық, бірлік, жас мемлекетіміздің гүлденіп, өсіп өркендеу мәселелері негізінен сөз болып, егеменді еліміздің жаңа сипаттағы мемлекеттік идеологиясының бет бейнесін айқындауға алғашқы қадам жасалды. Онда баяндама жасаған Президентіміз Н.Ә.Назарбаев қазіргі кезенде біздің саяси жұмысымыздың өзегі ретінде, бірігу, қоғамдық прогресс және әлеуметтік серіктестік идеясын ұсынады. Саяси қызметтің осынау мән-мазмүны терең және баршамыз үшін тың да сара соқпағы таңдауымыздың себеп-салдарына байланысты тоқтала келіп:
— Біздің жаңылған жеріміз — жүргізіп отырған жұмысымыздың сипатын   адамдарға түсіндіре алмауымызда, біздің  максатымыз бен ұмтылыстарымызды жеткізе  алмауымызда болар — деп  атап көрсетті Президент.
Бақытымызға орай Қазақстан қазіргі өтпелі кезеңнің қиындықтарына, қарама-қайшылықтарына қарамастан Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы ішінде тыныштығын, бейбіт тіршілігін сақтап келе жатқан бірден-бір ел. Осы факторға алаңсыз сеніп, іс-әрекетсіз, қаннен-қаперсіз, қол қусырып отыра беруіміз дұрыс па? Әсіресе, тап бүгіндей алмағайып өтпелі кезеңді байтақ елімізде жүздеген ұлт өкілдері тұратынын және қос қапталымыздағы алып көршілеріміз бар екенін ескерсек, бұл нағыз отпен ойнаумен пара-пар емес пе? Тіпті әрі-беріден соң біздің әлі буыны бекіп, қабырғасы қатаймаған жас мемлекетіміздің жоғын жоқтап, мұның мұңдайтын, қалың бұқарамен етене байланыстыратын және байыпты мемлекеттік саясатты мейлінше ынталы әрі ықыласты жүргізетін шынайы қамқоршысы, қолдаушысы мен қорғаушысы кім болмақ?
Демек, бұдан шығар қорытынды: қазір бізге көсегесі көгерген, іргелі өркениетті ел, өзгелермен терезесі тең қуатты біртұтас халық болуды қамтамасыз ететін пәрменді идеология ауадай қажет-ақ.
Жалпы идеология дегеніміз — әлде бір қиял ойдан туған, өмірден алшақ тұрған абстрактылы нәрсе емес. Біздіңше идеология дегеніміз-өмірмен біте араласып, бастауында, жалғасында қайнаған тіршіліктен тауып жататын, өмірлік қажеттіктерімізді қамтамасыз ететін құдыретті де қозғаушы күш. Қоғамның алдында тұрған кемел келешекке, бағытталған іргелі міндеттерді, жүзеге асыру барысында идеология ең алдымен барлаушы, ұйытқы, ұйымдастырушы және көш басында шамшырақтай жарқырап жетекші болып жүрсе, ал нақты мұраттар мен бағдарламалар орындала бастаған екінші бір тұста ол жариялылықтың арқасында қоғамдық бақылаушының, баға берушінің, тәжірибе жинақтап, таратушының рөлін атқарады.
Бүгінгідей бетбұрысты да тағдырлы кезеңде, біз үшін жаңа мемлекеттік идеологиямыздың маңыздылығы, қажеттілігі мен құндылығы да осында жатыр.
Адамзат тарихында қай дәуірде болмасын бірде-бір ел идеологиясыз ойдағыдай өмір сүріп, өсіп-өркендемегені бәрімізге белгілі.
Сондықтан бүгінгі кеңестің күн тәртібінде де ең көкейкесті, тағдьголы мәселе тұр деп білемін.
Бізге керегі бүкіл Қазақстандықтардың арман-мүддесі түбегейлі көрініс тауып,  Парламент бекіткен ата заңымыздағы тұжырымдарды іске асыруға негізделген идеология.
Тұжырымдай түссек, ұлттық және адамзаттық рухани құндылықтарға қозғалыстар мен саяси партиялар жинақталған оң тәжірибелерге негізделген мемлекеттік идеология, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға, құқықтық мемлекет құруға және ең бастысы адамдардың игілігіне қызмет жасауға тиіс.
Негізгі міндет барлық үкімет зандарын, мемлекеттік шешімдер мен бағдарламаларды жұртшылыққа кеңінен түсіндіру, қоғамдық пікірді зерттеу, оны талдау, оған оң әсер ету, ішінара ұшырасатын әлде бір қарама-қайшылықтарды бәсеңдету арқылы аталған құжаттардың орындалуына пәрменді ықпал жасау және жария түрде бүкіл халықтық бақылау орнату болып табылады. Сонымен қатар, ұлттар арасында жарасымды қарым-қатынастың орнығуын, халықтың ынтымағын, ауызбіршілігін, тыныштығын сақтауды, адам тәрбиесін, азаматтардың өз құқықтарын толық мәнінде пайдалануын қамтамасыз ету де күн тәртібінен түспейтін толғақты мәселе.
Қазақстан түпкі мәртебелі мақсатына жету жолында, ең алдымен ұлттық    және  азаматтық  намыс туын жоғары көтеріп, бүкіл қазақстандық отансүйгіштік қастерлі сезімді түбегейлі қалыптастыру аса маңызды іс.
Қорытынды
Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық қүқылы мүшесі, оның ажырамас бөлігі. Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі болды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әлемнің 117 мемлекетіне танылды, олардың 105-імен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Мемлекетаралық және Үкіметаралық 800-ден астам Шарттар мен Келісімдер жасалды. Бұл кезең еліміз үшін мемлекеттік құрылым мәселелерінің бірінші дәрежелі маңызы болды. Жаңа мемлекеттіліктің іргелі негіздері қаланды, қоғамдық дамуды реттеп және бағыттап отыратын қабілетті біртұтас мемлекеттік билік қалыптасты.
Қоғамның рухани өміріне, оның әлеуметтік көңіл-күйіне, ұлттық сананың өсуіне байланысты салаларда да біршама күрделі жұмыстар атқарылды.
Қазақстан   зайырлы,   демократиялық,   құқықтық  және   әлемге ашық   мемлекет   құруда.   Бұл   принциптер   біздің   конституциямызда баянды етілген.
Қазақстан Республикасы азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, діни көз-қарасына сеніміне, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай-ақ бұрын қылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік беріліп, азаматтарды кемсітушіліктің кез-келген түріне тыйым салған.
Азаматтарды патриотизмге, азаматтыққа тәрбиелеу мемлекеттің, барлық қоғамдық ұйымдардың, кезек күттірмеймін негізгі міндеті. Азаматтық келісім негізінде әрдайым мемлекет пен халықтың, мемлекет пен жеке сектордың бірлігі дамып келеді. Нақ осының арқасында көптеген елдер дағдарыс пен жақсылықты еңсере білді.
Мемлекетіміздің өркендеуі, дамуы, гүлденуі болашақ білімді жастарды қажет етеді, жаңа замандағы ғылымның жетістігінен толық хабардар олар мемлекетіміздің көш бастаушысы, ілгерілетушісі болып қалыптасуы керек. Міне, сонда ғана Тәуелсіз Қазақстан асқақ арманы мен мүратына жетері анық. Өркениетті елдерде тәжірибе алмасу, шетелдерде білім алу, оны жетілдіру мемлекетіміздің дамуының тетігі. Мемлекет нысанының толыққанды өмір сүруіне ат салысуымыз керек.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыруымыз қажет. Мемлекетіміздің рәміздерін, заңдарын сақтап, құрметтеуге міндеттіміз.
Көптеген басқа елдерге қарағанда бұл жылдардың Қазақстан үшін азаматтық тыныштық, ұлтаралық тұрақтылық және рухани келісім уақыты болды.
Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық, татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; Қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мөселелерін демократиялық әдістерімен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республиасы Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болып табылады. Республика Конституциясының қабылдануы конституциялық құрылыстың құқықтық негізін қалады, қоғамдық, саяси институттар қызметіне негіз боларлықтай принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Республика Конституциясы Конституциялықтың демократиялық дәстүрлеріне сүйене отырып, Қазақстанның көп ұлтты халқын мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі деп таныды. Мемлекеттік биліктің бірлігін атап көрсете отырып, Конституция билікті заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөлу принципін мемлекеттің, ұйымдық және қызмет ету тетігін негіз етіп алды. Қазақстан республикасының құрылым нысаны бойынша — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Конституцияға сәйкес тұрақты жұмыс істейтін қос палаталы Парламент заң шығарушы орган ретінде танылды. Сөйтіп, Қазақстан Республикасында Парламенттің берік құқықтық негізі жасалды. Конституцияның маңызды ортақшылдығының бірі — оның жалпыға мәлім демократиялық құқықтық идеялар мен принциптерге бейімділігі болып табылады. Конституциясының кіріспесінде жария етілген қазақстан халқының бостандық, тендік мұраттарына адалдығы оның нормаларында нақты көрініс тапты.
Қазақстан   Республикасының   Конституциясында   тек   адамның, азаматтың,  мемлекеттік және қоғамдық құрылымның тың мәртебесі ғана емес, сонымен бірге стратегиялық құқықтың идеялары да айқындалды. Бұл, атап айтқанда, Конституциядағы Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп орнықтыратыны жөніндегі қағидада көрініс тапқан. Қысқа кезеңде мүндай мемлекет болу мүмкін емес.
70 сұрақ) Қазақстан тарихында Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаевтың өмірі мен  қызметі халық үшін қалай өмір сүру мен  еңбек ету керектігінің тамаша үлгісі болып қалады. Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, 8 Ленин орденімен, КСРО, шетелдік мемлекеттердің басқа ордендерімен және медальдарымен марапатталған .
Қазақстанның көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткері, ғалым, Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев 1912 жылғы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында дүниеге келген. Чернышевский атындағы № 19 бірінші сатылы мектепте оқыды. Төртінші сыныпты бітірген соң 14-ші мектепте оқыды. Дінмұхамед оқу озаты болмаған, бірақ  қиын ғылымдарды үлкен сүйсінушілікпен меңгерген. Мектептегі сабақтарынан кейін республика Мемлекеттік жоспарының аудандандыру секторында статист болып жұмыс істеген, ал кешке институтқа даярлық курстарында білім алған.
1931 жылы жас Д.А. Қонаев Мәскеуге Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің жолдамасымен М.И. Калинин атындағы Мәскеу түсті металдар және алтын институтына оқуға түсу үшін барады. 1936 жылғы шілде айында Д.А. Қонаев институттың тау-кен факультетін бітіріп, Қоңырат-Балқаш құрылысына жіберіледі. Өзінің Балқаш-Қоңыратқа жіберілгені туралы кейіннен былай деп жазған: «Мұнда менің еңбек жолым басталды. Мен бұл өлкеге бөтен емес едім. Осы жерде бес айлық практикадан өткенде, Қоңыратпен және оның адамдарымен танысқан болатынмын. Ол кезде мен жаңа ғана құрылған шығыс үйіндінің ондығы болып жұмыс істегенмін. Жұмыс істеп жүріп, «Жылына 90 мың тонна қара мыс өндіру үшін Қоңырат карьерінің қуатын анықтау» тақырыбына арналған дипломдық жұмысыма материал жинадым. Дипломымды «өте жақсы» деген бағамен қорғадым. Менің еңбек жолындағы алғашқы қадамдарым Қазақстанның түсті металлургиясымен байланысты болды. Мен өзімнің елімізде Орталық Қазақстандағы қуатты мыс өнеркәсібінің, сонан кейін Рудалы Алтайда қорғасын-мырыш өнеркәсібінің қалыптас-тыруға қатысушылардың бірі болғанымды осы күнге дейін мақтаныш етемін» . Осында болғанда, Д.А. Қонаев бұрғылау станогының машинисі, шебер, ауысымдық инженер, Қоңырат кенішінің директоры қызметтерін атқарды. 1938 жылғы қараша айында тұңғыш Балқаш мысы алынды. Д.А. Қонаев мемлекеттік награда – «Еңбектегі озаттығы үшін» медалін иеленді.
1939 жылғы қыркүйек айында Дінмұхамед Ахмедұлын Риддер руда басқармасының директоры ретінде Риддер полиметалл комбинатына жібереді. Соғыс алдындағы КСРО шекараларындағы жағдай стратегиялық мақсат – металлургия өнеркәсібіне қойылатын талаптарды күшейтті. Қысқа мерзім ішінде кеніштің жаңа директоры өндіріс көлемдерін  көп есе ұлғайтып, оны артта қалушылар қатарынан озықтар қатарына шығарды. 1941 ж. Риддер Лениногорск деп қайта аталды. Соғыс жылдарында жауға атылған 10 оқтың 9 оғы Лениногорск қорғасынынан балқытылды.
Д.А. Қонаевтың жеке тұлғасының қалыптасуы, оның дамуы сталиндік дәуір, қатаң орталықтандырылған әкімшілік жүйесі жағдайларында болған, бұл Қазақстанның болашақ көшбасшысының саяси социализациялануының себебі болды. Д.А. Қонаевтың тағдыры әлеуметтік-саяси процестердің әсерімен қалыптасты, оларға бір жағынан — жалпыға ортақ оптимизм және халықтың социализм мұраттарына мұқалмай сенуі, екінші жағынан, қуғын-сүргін, тарихты, этникалық мәдениетті және дәстүрлерді «күйдіретін» жүйенің қатаң еріктік шешімдері тән болды, бұл Қазақстанның болашақ басшысына әсерін тигізбей қоймады .
1942 ж. сәуірде Д.А. Қонаев ОК билігіне шақырылып, онда 20 сәуірде республиканың Кеңестік халық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалады. 1942 ж. 6 маусымнан бастап Д.А. Қонаев ҚазКСР Халық Комиссарлары Кеңесінде жұмыс істей бастады. Оның міндеттерінің шеңбері түсті металлургия кәсіпорындарының, көмір және мұнай өнеркәсібінің, электр станцияларының, темір жолдардың, автокөліктің, қорғаныс зауыттарының жұмысын үйлестіру болып анықталды. 30 жасында Д.А. Қонаевқа мемлекеттік басқарудың аса жауапты бөлігі, қазіргі шамамен — Премьер-министр орынбасарының постысы тапсырылған. 1949 ж. ақпанның аяғында Қазақстан коммунистерінің 6-шы съезінде Д.А. Қонаев алғаш рет ОК мүшесі болып сайланды .
1951 ж. желтоқсан айында Д.А. Қонаевты сол кездегі  ҚКП ОК бірінші хатшысы Ж.А. Шаяхметов шақырып алып, Қазақстан тарихын идеологиялық жариялау бойынша жағдайды түзету қажеттілігіне байланысты ғылымдар Академиясын басқаруды ұсынды, ол ұсыныстан бас тартты. 2 айдан соң ОК-ға шақыру қайталанды. Бұл жолы Ж.А. Шаяхметов Д.А. Қонаевтың ғылым басқармасына ауысуға келісімін алды . 1952 жылғы 16-17 сәуірде  республиканың ғылымдар Академиясының жалпы жиналысының сессиясы өтті. ОК идеология жөніндегі хатшысының  қысымымен бірінші күні академиктер М.П.Русаков және А.К. Жұбанов, корреспондент мүшесі К.Д. Жұмалиев атақтарынан айырылды. Кейіннен оларға қатысты әділдікті орнату мүмкін болды. 17 сәуірде ірі қазақ ғалымы Қ.И. Сәтпаев құпия дауыс берумен Ғылымдар Академиясы Президенті қызметінен және Төралқасының мүшесінен босатылды. Оның орнына бірауыздан Д.А. Қонаев сайланды.
Сталиннің өлімінен кейін елді Н.С. Хрущев басқарды. Л.П. Берия қамауға алынып, атылды, Г.В. Маленков – КСРО Министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметінен босатылды және біртіндеп саяси бейболымға жіберілді. Н.С.Хрущев партияның және елдің толық билеуші қожайыны болды. Ол кезде Орталықта Қазақстандағы экономиканың, әсіресе ауыл шаруашылығы саласындағы  жағдайға наразылық өрби берді [5, 86-б.].
ҚКП ОК Пленумында 1954 ж. ақпанда селоны қанағаттанарлықсыз басқарғаны үшін бірінші хатшы  Ж.А. Шаяхметов өз орнынан  босатылды. Көп ұзамай Қазақстанның КП VII съезінде бірінші хатшы — П.К. Пономаренко, екінші хатшы Л.И. Брежнев болып сайланды. Алғашқы жұмыс күндерінен бастап ғылымдар Академиясының Президенті мен партияның жаңа басшылығы арасында іскерлік, ізгі қатынастар қалыптасты, олар академиялық институттардың материалдық-техникалық базасын нығайтуда елеулі роль атқарды . 1954 жылғы 30 қарашада республикалық ғылымдар Академиясы жалпы жиналысының сессиясы өтті, оған 13 академик және 17 корреспондент мүшесі сайланды, ал Қ.И. Сәтпаев Геологиялық ғылымдар институтының директоры қызметіне бекітілді.
1955 ж.  наурызда Мәскеуде КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы өтті, онда ҚазКСР ғылымдар Академиясы Президентінің сөз сөйлеуі жоспарланды. Қазақ тұрақты өкілеттігі ғимаратында баяндама жасауға дайындалып жатқанда, Д.А. Қонаев шұғыл түрде П.К. Пономаренкоға және Л.И. Брежневке шақырылды. Мұнда оның ОК бюросында республиканың Министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметіне бекітілгенін және ғылымдар Академиясының Президенті қызметінен босатылғанын хабарлайды. Д.А. Қонаевтың табандылығымен республикалық ғылымдар Академиясының Президенті  болып оның негізін қалаушы Қ.И. Сатпаев сайланды.
1955 жылғы 1 сәуірден бастап  ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Қазақ республикасы құрылғаннан бастап сегізінші Төрағасы Д.А. Қонаев өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға кірісті. Ол республика үкіметінің басшысы болғанда түсті металлургия, құрылыс-жинақтау жұмыстары, геология, энергетика және т.б. министрліктер ұйымдастырылды.
1960 ж. 19 қаңтарда Д.А. Қонаев ҚКП ОК Бірінші хатшысы болып бірауыздан сайланды. 1962 ж. желтоқсан айында мақта өсіру аудандарын Өзбекстанға беру туралы Н.С. Хрущевпен келіспеушіліктерден, Д.А. Қонаевты ҚКП ОК Бірінші хатшысы міндеттерінен босатып, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы етіп тағайындайды .
1964 ж. қазан айында Д.А. Қонаев Мәскеуде болып, Бірінші хатшы қызметінен Н.С. Хрущевті босатып, осы постқа Л.И. Брежневті сайлаған, КОКП ОК Пленумына қатысады. 1964 жылғы қараша айында Қазақстан Компартиясы ОК бюросының барлық мүшелері мен ҚазКСР Министрлер Кеңесі Төрағаларының орынбасарларын Мәскеуге шақырып, Д.А. Қонаевты ҚКП ОК Бірінші хатшысы етіп тағайындайды.
1982 ж. 10 қарашада  Д.А. Қонаевты Мәскеуге Саяси бюроның мәжілісіне шұғыл түрде шақырды. Мәжілісті ашып, Ю.В. Андропов Саяси бюроның мүшелеріне Брежневтің қайтыс болғанын хабарлайды. Үнсіздікті К.У. Черненко бұзып, Ю.В. Андроповты КОКП ОК Бас хатшысы етіп сайлауды ұсынды. 12 қарашада КОКП ОК Пленумында жаңа Бас хатшыны сайлау өтті. Бұл геронтократияны – елді ақсақалдардың билеуін тоқтатудың басы болды. Ю.В. Андроповтың аз уақыт басқаруынан кейін КОКП ОК Бас хатшысы болып К.У.Черненко сайланды. 1985 ж. наурызда К.У. Черненко қайтыс болды және КОКП ОК  Бас хатшысы постысына бірауыздан М.С. Горбачев сайланды. Елде «қайта құру» дәуірі басталды.
1985 ж. Қазақстан Компартиясының XVI съезі — Д.А. Қонаевтың басшылығымен өткен соңғы съезд болды, онда ол ҚКП ОК есептік баяндамасымен сөз сөйледі. Ол — ОК мүшесі, ал съезден кейінгі пленумда ҚКП ОК Бірінші хатшысы болып  қайта сайланды. 1986 ж. күзде Д.А. Қонаев М.С.Горбачевке зейнеткерлікке шығу туралы мәселені қарастыру өтінішін ұсынды. Бас хатшы оның өтінішін бірден қолдады. 1986 ж. 11 желтоқсанда Д.А. Қонаевтың қатысуынсыз Саяси бюроның мәжілісі болды, онда оның зейнеткерлікке кетуі туралы шешім қабылданды. 16 желтоқсанда таңертең Д.А.Қонаевты зейнеткерлікке шығарып салған және Бірінші хатшы етіп Г.В.Колбинді тағайындаған, ҚКП ОК Пленумы болды.
Д.А. Қонаев республиканың ауыл шаруашылығының көтерілуіне үлкен көңіл бөлді. Ол агроөнеркәсіптік кешеннің техникалық қайта қарулануы қалай жүріп жатқанын, асыл тұқымды мал және тұқым өсіруді, өндіріске жаңа технологияларды ендіруді, ауылды қайта құруды және ауыл еңбеккерлерінің тұрмысын үнемі қадағалады. АӨК үшін жауап беретін министрлерді өзіне жиі шақырған, ғалымдармен, мамандармен және өндіріс озаттарымен кеңескен.
Д.А. Қонаевтың қамқорлығы мен қолдауын үнемі сезінген, ауыл еңбеккерлерінің екпінді еңбегінің арқасында республика Кеңес Одағының ірі астық және мал шаруашылығы базасына айналды. Тың игеру жылдарында Қазақстан елімізге бір миллиард пұттан астам нанды — 9 рет, ал оныншы бесжылдықта жыл сайын дерлік сатты. Астықтың  жалпы өндірісі — 27-28 миллион тоннаға, ал кейбір жылдары 34 миллион тоннаға жетті. Халықтың жан басына 1500-ден 2000 килограмға дейін бидай өндірілді. Салыстыру үшін: КСРО-да бұл көрсеткіш 1984 жылы — 712, АҚШ-та — 1331, Францияда — 1075, ГФР-да 448 килограмды құраған. Мемлекеттік ресурстарға бидайдың күшті сорттарын жеткізу жалпы алғанда КСРО-да осы дақылды дайындаудың жалпы көлемінен 70 пайызға жетті
Д.А. Қонаевтың Қазақстан экономикасы мен мәдениетіне қосқан үлесі орасан. Өзінің игі істерімен ол Отанының даңқын биікке асқақтатты, өзінің есімін мәңгі етті және Қазақстан деп аталатын елінің тарихында мәңгілікке қалды.
71 сұрақ)Экономикалық стратегия. 
Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген.
Мемлекет белсенді роль атқара отырып, экономикаға араласы шектеулі болады. Бұл проблеманы шешудің стратегиясы: 1. Үкіметке сауда мен өндіріске әкімгершілігі араласуын жою. 2. Жекешелендіру процесін аяқтау. 3. Орталық үкіметті және жергілікті өкімет орындары парасатты орындастыру. 4. Сот билігі мен құқық қорғау органдарын реформалауды жандандыру. 5. Заңның шексіз үстемдігін белгілеу және заңды орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғау. 6. Билік пен заңның бар күшін заңсыз жолмен, шалқып өмір сүретіндерге қарсы қолдану.
Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қабілеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр. Қолайлы жағдай туғанда еліміздің тірек саласы болып табылатын мұнай-газ өндіру және бүкіл өндіруші өнеркәсіп көлемі артады.
Тұрақты өрлеуді қамтамасыз ету үшін өндірісті диверсификациялау қажет.
Алдағы міндет: 1. Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастық алдында инвестициялар үшін тартымды жер ретінде көрсету. 2. Инвестицияларды пәрменді тарту.
2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде мына салалардға көңіл бөлу қажеттісі баса көрсетілді: 1. Ауыл шаруашылығы; 2. Орман және ағаш өнеркәсібі; 3. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі; 4. Тұрғын үй құрылысы; 5. Туризм; 6. Инфрақұрылым жасау.
72 сұрақ)ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
САҚТЫҚТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚХалық даналығы
Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды турде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Біздің ұрпақ еңсере алмай, өздеріне қалдырған ауыртпалықтар, қиыншылықтар мен проблемалар үшін болашақ ұрпақ кешірер. Егер біз өз мемлекеттілігімізден айрылып, егемендігіміздің стратегиялық негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан шығарып алсақ, бізге кешірім жоқ. Әрине, болашақты бағамдаудың мұндай қисыны кез келген ішкі және сыртқы жағдайларда ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстан саясатының стратегиялық бағыты үшін уақыты жағынан үздіксіз болуы керек. Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының бірінші стратегиялық басымдығы болуға тиіс.Қауіпсіздіктің басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз. Бабаларымыздың өз мемлекетінің іргетасын қалауы мен дамытуын шолып қарағанда, олардың өз мемлекеттілігін сақтап қалу үшін тарихи ауыр және қатал күрес жүргізгенін айқын көрсетеді. Осы стратегиялық міндеттің шешімін үнемі іздестіру қажеттігі бізден қалыптасып отырған жағдайды геостратегиялық күштермен және олардың өзгеру серпінімен теңдестіре байсалды әрі барабар бағалауды талап етеді.Қазақстанның қазіргі кездегі және жақын болашақтағы ұлттық қауіпсіздігіне төнуі ықтимал қауіптің тікелей әскери басып кіру және мемлекеттің аумақтық тұтастығына қатер төндіру сипатында болмайтынын біз түсінеміз. Ресейдің де, Қытайдың да, Батыстың да және мұсылман елдерінің де бізге шабуыл жасауға итермелейтін сылтауы жоқ екені айдан-анық. Бұл тыныштық пен тұрақтылықтың болжап білуге болатындай қашықтығы Қазақстанның экономикалық әлеуетін тиімді нығайту үшін пайдаланылуға тиіс, соның негізінде біз ұлттық қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құра аламыз.Өз қауіпсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін біз күшті мемлекет болуға және көршілерімізбен берік және достық қарым-қатынаста болуға тиіспіз. Сондықтан ең жақын және тарихи достас көршіміз Ресеймен арадағы сенім мен теңқұқылы қарым-қатынасымызды дамытып, нығайта береміз. ҚХР-мен өзара тиімді негіздегі осындай сенім мен тату көршілік қатынастарымызды жалғастырамыз. Қазақстан Қытайдың гегемонизмге қарсы, көршілес елдермен достыққа бағытталған саясатын құптайды.
Біз Орталық Азия мемлекеттерімен байланыстарымыз бен интеграциялық процестерді күшейте береміз.Таяу және Орта Шығыс елдерімен де қарым-қатынастарымыз тиісті деңгейде нығая береді.Біздің стратегиямыздың екінші құраласы — Америка Құрама Штаттарын қоса алғанда, басты демократияшыл индустриясы дамыған мемлекеттермен байланысын күшейту. Бұл елдер және гүлденген Қазақстанды құрудың өздерінің ұлттық мүдделеріне сай келетінін ұғына бастады.Үшіншіден, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік, Азиялық, Еуропалык, және Ислам даму банктері сияқты халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен қолдауын барынша пайдаланамыз, бұл Қазақстанға халықаралық қауымдастық тарапынан қолдау көрсетілуін қамтамасыз етеді.Біздің стратегиямыздың төртінші элементі — еліміздің ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін сенімді негіз бола алатын бай табиғи ресурстарды игеру.Бесіншіден — біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз. Халық пен мемлекет арасындағы бұрынғы тығыз байланыс едәуір босаңсып кетті, ал жеке мен мемлекеттік мүдде арасындағы жаңа байланыс әлі қалыптаса қойған жоқ. Бақытымызға орай, бұқаралық санада адамдар мен мемлекет мүдделерінің ортақтығын түсіну пісіп-жетіліп келеді. Адамдардың тұрмысының жақсаруына орай ол сезімнің нығая беретініне күмәнім жоқ. Бұл әр азаматтың жақсы тұрмысының өзі ол тұрып жатқан мемлекеттің егемендігі мен қауіпсіздігіне байланысты екені сияқты, бір қарағанға, қарапайым ақиқатты пайымдауды жеделдетеді.Біздің ұжымдық қауіпсіздігіміз қамтамасыз етілгенде әрбір адам өзінің жеке мүдделері ғана қамтамасыз етіліп, ал қоғам қауіпсіздігі қыл ұшында тұрғандағыға қарағанда әлдеқайда көп нәрсе ұтады. Егер еліне қауіп төніп тұрса, жеке адам қаншалықты сәтті өмір сүргенімен, ол бәрібір қорғансыздың күнін кешеді. Қоғамдық мүдденің жекеменшік мүддеден басым екенін көрсете отырып, мұны әсіресе біздің ұлттық капиталымыздың өкілдері терең пайымдауға тиіс.Бізге деген ниеті теріс күш иесі өзінің, оны қолданбақ әрекетіне немесе қатер төндіруіне қарсылық көрсетілетінін алдын ала білуі үшін біз әлемге бірлігіміз бен тәуелсіздікке деген ерік-жігерімізді, азаматтығымыз бен отансүйгіштігімізді паш етуте тиіспіз. Айқын азаматтық тұғырымыз болмайынша, стратегияның тәуелсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған басқа элементтерін ойдағыдай іске асыру өте қиынға түседі.
Қорғаныс саясатымызға келетін болсақ, біздің бейбітшілік сүйгіш халық екеніміз және ешкімнің жеріне, ресурстарына, байлығына көз тікпейтініміз баршаға аян болуға тиіс. Жеріміз де, мол қазынамыз да өзімізде жеткілікті, ал дәулетті өз еңбегімізбен еселей береміз.Бірақ біз басқа елдермен өзіміз қандай қарым-қатынаста болсақ, Қазақстанға қатысты дәл сондай қарым-қатынасты талап етеміз және кез келген тосын жағдайларға әзір тұрамыз.Біздің дәуірімізде, әлемнің әскери егестен алыстауына орай бәсекелестік әскери саладан саяси және экономикалық салаға ойыса бастады. Біз бұл үрдістің бел алатынына сенеміз және бейбітшілік орнап, тату көршіліктің қалыптасуына бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Сонымен қатар, біз Қазақстанның өзінің экономикалық дамуына орай, дуниежүзілік экономикаға дәйекті енуі елді әскери-саяси, экономикалық және конфессионалдық сипаттағы әр түрлі аймақтық қақтығыстардың тосын иірімдеріне тартып әкетуі мүмкін екенін де түсінуге тиіспіз.Міне, сондықтан да қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысында сөзсіз басымдық біздің сыртқы саяси қызметімізге және Қазақстанның өз көршілерімен, дүниежүзінің алдыңғы қатарлы елдерімен өзара тиімді қарым-қатынасының берік тұғырын қалыптастыруга беріледі.Бүгін, жиырмасыншы ғасырдың аяқ шенінің өзінде, Екінші дүниежүзілік соғыс пен қырғи қабақ соғыстан алынған сабақтан кейін де, әлемнің блоктар мен одақтарға бөліну қаупі жойылған жоқ. Бірақ бұл жол Қазақстан үшін қолайлы емес, біздің бес элементтен тұратын стратегиямыз осыған келіп саяды. Еліміздің этникалық құрамы соншама алуан түрлі болып келеді, біздіқ мүдделеріміз де өте маңызды, ал келешегіміз де өте зор, сондықтан да біз қандай да бір елмен арадағы қарым-қатынасқа тәуелді болып қалуға немесе соған ғана иек артуға жол бере алмаймыз.Қазақстан халқы мен Қазақстан Үкіметі бар күш-жігерді ірі ұлтаралық капитал үшін төзімді және оңтайлы экономикалык, өріс құруға жұмсауға, елімізге ұзақ мерзімді инвестициялар тарту үшін „ықыласты рай" туғызуды көтермелеуге тиіс. Біз қандай да бір тайталасты әскери жолмен шешуге барынша қарсы тұрып, „жақсы араздықтан жаман татулық жақсы" дейтін қағиданы уағыздауға тиіспіз. Жақын және алыс болашақтағы ұлттық мүдделерді қорғау мен күштердің тендестігін қамтамасыз етудегі біздің мықты құралымыз, ынтымақтасу саясаты ең алдымен Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы Орталық Азия Одагын нығайтып дамыту, басқа мемлекеттердің ісіне араласпау, қарсы тұрудан гөрі татулық ахуалын басым ұстау саясаты болуға тиіс. Әскери қақтығыстардың жосықсыз екенін әлемнін, ұғынғанына зор сенім артсақ та, парасатты мемлекет басқа үкіметтердін, уәдесіне сеніп қана қоймай, өз елініқ қуатына да сүйенетінін ұмытпағанымыз жөн.Сондықтан Қарулы Күштеріміздің құрылысы мен жаңартылуына, олардың кәсіби даярлығы мен жауынгерлік әзірлігінің деңгейіне және оларды қарудың осы заманғы құралдарымен жарақтандыруға зор басымдық берілетіні сөзсіз.Қазақстан Республикасының қазіргі кезге сай әрі тиімді армиясын, әскери әуе және әскери теңіз күштерін құру үшін бізге материалдық бөлімді, жеке құрамды және оны оқыту жөніндегі жұмысты нығайту керек. Мұның өзі Қарулы Күштерге бөлінген және бұдан былай да бөлінетін бюджет қаражатын үнемді және тиімді жұмсауды тұрақты түрде талап етеді. Бұған қоса аймақтық қорғаныс жүгін бөлісу үшін еліміз өз көршілерімен ынтымақтасатын болады.Қауіпсіздік пен тұтастық мәселелерінде біз үнемі қырағы болуға тиіспіз. Біздің көрсетіп отырған және болашақта да көрсете беретін ізеттілігіміз бен меймандостығымыз тіпті де аңқаулық пен кіріптарлықтың көрінісі емес.Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көші-қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер біздің мемлекеттік органдарымыз бұған бүрынғысынша немқұрайдылықпен қарайтын болса, онда біз XXI ғасырдың қарсаңында Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін „демографиялық оппа" жағдайына тап боламыз. Бүл тенденция дереу тоқтатылуға тиіс.
74 сұрақ)1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы 
1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді.
Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Алмания, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты.
Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Қалдарбек Найманбаев төрағаның бірінші орынбасары болып сайланды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшылығын құрылтайға қатысушылар мына құрамда толық қолдады:
Нұрсұлтан Назарбаев — Төралқа төрағасы.
Қалдарбек Найманбаев — Төрағаның бірінші орынбасары.
Дәлелхан Жаналтай (Түркия), Мырзатай Жолдасбеков, Алтынбек Сәрсенбаев — Төралқа мүшелері.
Құрылтай таңбасының авторы - суретші Бейсен Серікбай
75-81
НҰРХАН ЖІБЕРЕДІ
82-88
82-СҰРАҚ
Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы.
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.
1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.
Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.
1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ОБСЕ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар- Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды.
Маңызы: Бұл елдердің экономикалық потенциалы өте зор, олардың территориясының жалпы көлемі 38,8 млн.кв.км., немесе Евразия материгінің 89%-ын құрайды. Бұл елдердің территориясында 2.8 млрд. адам тұрады, яғни жер шары тұрғындарының 45%-ын құрайды
.
Қазақстан және халықаралық ұйымдар
Саясаттың ғаламдануы ұлттық мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы орны мен рөлін өзгертуге әкелді. Аймақтандыру және ғаламдастыру процестері жекелеген мемлекеттердің де, сондай-ақ тұтас алғанда халықаралық саяси жүйенің де рөлі мен функциясына үлкен ықпал етуде.
Қалыптасқан геосаяси өмір болмысын және әлемдегі геосаяси күштердің қатарындағы өзінің орнын байсалды бағалай келіп, Қазақстан ТМД, сондай-ақ бүкіл әлем шеңберінде әр түрлі интеграциялық топтардың жұмысына белсенді түрде қатысуда, осы арқылы ол әлемнің ғаламдық проблемаларын шешуге өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге ұлттық мүдделерін шешуге жол ашады.
1992 жылы 2-наурызда Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі өзінің маңызы жағынан тарихи акция болды. Қазақстан БҰҰ-ға әлемдік қоғамдастықтың қатардағы жаңа мүшесі ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын, ядролық қарусыздану жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді.
Әлемдік саяси проблемаларға Қазақстанның тепе-теңдік сақтаған және шынайы көзқарасы БҰҰ БА-ның күн тәртібіндегі өткір мәселелер бойынша дауыс берген кезде осы халықаралық форумда оң бағаланып жүр. Біздің еліміз ЕҚЫҰ-ның, Парламентаралық Одақ пен Экономикалық Ынтымақтастық ұйымының мүшесі болғандықтан осы бірлестіктердің БҰҰ мен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған Бас Ассамблея қабылдайтын қарарлардың тең авторы болып табылады.
БҰҰ-дағы біздің мемлекетіміздің ұстанымы БҰҰ қарапайым мәселелердің бүкіл кешені бойынша Қазақстанның мүдделерін ескерудің негізінде қалыптасады. Бұл орайда экономика, экология, әлеуметтік даму, халықаралық құқықты прогрессивті дамыту, адам құқығын сақтау саласында, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында БҰҰ мен өзара іс-қимылды нығайтуға айырықша көңіл бөлінде.
Экономикалық Ынтымақтастық ұйымы 1985 жылы құрылды. 1992 жылғы қарашада жаңа жеті мемлекет, оның ішінде Қазақстан ЭЫҰ құрамына кіргеннен кейін аталған бірлестіктің қызметі елеулі түрді жанданды. ЭЫҰ-ның негізгі міндеті – мүше елдердің үздіксіз әлеуметтік- экономикалық дамуы үшін, аймақ мемлекеттері экономикасының шаруашылық байланыстарының әлемдік жүйесіне дәйекті түрде және бірте-бірте кірігуі үшін жағдай жасау болып табылады.
Біздің еліміздің қазіргі заманғы әлемнің жетекші қаржылық және экономикалық институттарымен өзара іс-қимылы Қазақстанның тұрақты экономикалық өсімінің маңызды шарттарының бірі болып табылады. Осындай құрылымдардың қызметіне Қазсқатнның қатысуы әлемдік рынокта оның позициясын нығайтуға, сыртқы берешек проблемаларын реттеу және ішкі ақша айналымын тұрақтандыру үшін енгізуге қаржылық ресурстар тартудың перспективасын жақсартады.
Экономикалық реформаларды қаржыландыру, ұлттық экономиканың жекелеген салаларын дамыту жөніндегі арнайы жобаларды іске асыруға арналған заемдар мен несиелерді алу көзқарасы тұрғысынан Қазақстан Халықаралық Валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Еуропалық Қайта құру және Даму банкі, Азиялық Даму банкі, Ислам Даму банкі сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа басымдықты рөл береді
Қазақстан — ДСҰ-ға кіруге мүдделі[
Қазақстан Үкіметі ДСҰ-ға кіру — елдің сыртқы экономикалық саясатындағы басымды бағыттардың бірі деп біледі. Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі жұмысшы топқа осы ұйымның 38 мемлекеті кіреді, сонымен бірге нарыққа тауарларды шығару жөніндегі келіссөздерге 14 ел, ал қызмет нарығына қатысты 10 ел қатысады.
Келіссөздер Женевада орналасқан ДСҰ Хатшылығында көпжақты және екіжақты негізде жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда қазақстандық делегация төрт негізгі бағыттар бойынша келіссөздер жүргізуде:
— Тауарлар рыногіне шығу келіссөздері ұйымға кіргеннен соң Қазақстан пайдалануға құқық алатын импорттық кедендік алымдарды барынша байланыстыру деңгейлерін ДСҰ-ға мүше-елдермен анықтау және келісуді көздейді;
— Қызметтер нарығына шығу туралы келіссөздердің мақсаты қазақ нарығына шетелдік жеткізіп берушілердің шығу шарттары болып табылады;
— Ауыл шаруашылығына қатысты арнайы көп жақты келіссөздер, тарифтік аспектіден бөлек, ауыл шаруашылығын іштен қолдау білдіру мен экспорттық субсидиялардың мөлшерін келісуді көздейді;
— ДСҰ қатысушысы ретінде өз міндеттемелерін орындау үшін заңнамада қолдануға тиіс шараларды анықтау мақсатында жүргізіліп отырған жүйелік мәселелер бойынша келіссөздер;
Жеке елдермен өткізілген екіжақты келіссөздердің 14 раундының қорытындылары бойынша Қазақстан тауарлар нарығына шығу жөнінде келіссөздердің соңғы мәресіне жетті. Бүгінгі таңда тарифтік міндеттемелерді егжей-тегжейлі талқылап, АҚШ, Еуропалық Одақ, Канада сияқты елдермен диалог құруға қол жеткізді. Сонымен қатар қызметтер нарығына шығу жөніндегі келіссөздер процесін одан әрі қарқынды жүргізуге негіз қаланды.
Бүгінгі таңда, Грузия, Пәкістан, Түркия, Оман Сұлтанаты, Корея, Жапония, Куба, Мексика, Қырғыз Республикасымен екіжақты келіссөздердің аяқталуы туралы Хаттамаларға және ҚР Индустрия және сауда министрлігі мен Мысыр Араб Республикасының Индустрия және технологиялық даму министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. ҚР мен ДСҰ арасындағы ынтымақтастықтағы маңызды оқиғалардың бірі 2004 жылғы тамыздағы ДСҰ Бас хатшысы С.Паничпакдидің Қазақстанға сапары болды. Осы тұста айта кетер бір жай ДСҰ басшылығы әдетте бір елге арнайы сапар ұйымдастырмайды, қалыптасқан тәжірибе бойынша бірнеше мемлекетті аралап шығады. Осы сапардың барысында ұйым басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, елдің бірқатар министрлерімен кездесіп, ДСҰ келісімдерінің міндеттемелерін қабылдау жөніндегі Қазақстанның ортақ ұстанымын түсінісуге қол жеткізілді.
Қазіргі кезде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процесі маңызды сатыда тұр. Келіссөздер жүргізу тұрғысында Қазақстан үшін бес мемлекет, атап айтқанда, АҚШ, Еуропалық Одақ, Канада, Аустралия және Болгария ең маңызды болып табылады.
Келіссөздер процесінде уағдаластыққа жету қиыншылықтары тауарлар мен қызметтер нарығына шығуда көп жағдайда олардың нақты коммерциялық мүддені қозғамайтын, тіпті еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әсіреқатаң талаптар қоюынан туындауда. Аталған проблемаларды реттеу үшін Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер мен ресми кездесулер кестесі әзірленді. Бұл тұрғыда Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелері де ДСҰ мүшелері болып табылатын жеке елдерге саяси ықпалды күшейтуге барлық мүмкіндіктер жасауда.
83 билет
Тәуелсіз қазақстанның демографиялық жағдайы
  Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық санамыз бен демографиялық мінез – құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады. Кейінгі жылдары демографиялық деректерді білуге деген құлшыныс артып, қазақ ұлтының үрім бүтағының өсіп-өнуі, сандық және сапалық өркендеуінің акуалы қалай деген сауал әркімді де ойландыра түсуде. Саны жағынан әлемнің өркениетті дамыған елдерінен кешен қалған қазақ халқы үшін демографиялық ой-сананы жаңа сапалық тұрғыда қалыптастырудың тарихи маңызы аса зор.
     Тәуелсіздігін әлем таныған, БҰҰ – ның толыққанды мүшесі Қазақстан үшін дүниенің төрт бұрышындағы өзінің географиялық орны мен әлем халықтары арасындағы үлес салмағын айқын түсіне білуі керек.
2000 жылдың 1 желтоқсанына еліміздің халық саны (есепті деректер бойынша) 14843,7 мың адам болды, саның ішінде 8284,1 мыңы (55,8)- қала және 6559,6 мыңы (44,2) село тұрғындары.
2000 жылдың қаңтар-қарашасында халықтың табиғи өсімі – 64,3 мың адам болды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңдегісінен 6,6 көп (1) Табиғи өсім шамасының артуы еліміздің 10 аймағында (Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан  облыстарынан басқаларында) байқалды.
Республикада халықтың табиғи қозғалыс процесін бейнелейтін көрсеткіштердің жалпы деңгейі артуда.
2000 жылғы қаңтар-қарашада туылғандар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда еліміздің барлық (Қарағанды, Қостанай, Қызылордадан басқа) облыстарында өсті.
Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан сияқты облыстарда бала туу деңгейі республикалық орташа деңгейден жоғары (1000 адамға – 17,3 22,8 нәресте).
Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Сотүстік Қазақстан облыстарында халықтың өлу деңгейі жоғары (1000 адамға –11,8-12,6 өлім) Төрт облыста (Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан)  өлгендер саны туылғандардан басым, яғни табиғи кему процесі жүріп жатыр.
Республикадағы барлық тіркелген өлім жағдайларының жартысына жуығы қан айналымы жүйесі ауруларының еншісінде, мұның өзінде Батыс Қазақстан. Өңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Алматы облыстары мен Алматы қаласында осы себептерден өнім үлесі осы аймақтарда өлгендердің жалпы санынан 50 жоғары.
2000 жылдың қаңтар-қарашасында республикада 1 жасқа дейінгі 3,9 мың нәрістенің шетінегені тіркелді немесе бұл 1000 нәрестеге 19,5 жағдай (1999 жылғы қаңтар – қарашада – 4 мын немесе 1000 нәрестеге 20,2 шетінеу).
2000 жылдың есепті кезеңінде сәбилер өнімінің деңгейі өткен жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда Алматы (1000 туылғанның 16-дан 13,9 на дейін), Ақмола (23,8 ден 16,8 ге дейін), Атырау (21,1 ден – 18,2 ге дейін), Батыс Қазақстан (20,7-ден-18,7 ге дейін), Қарағанды (20,5 тен 19-ға дейін), Маңғыстау (30,5 тен 25,8-ге дейін). Солтүстік Қазақстан (18,7 ден 16,4-ке дейін) облыстарында және Алматы (16,2-ден 15-ке дейін) Астана қалаларында (18,1 – ден 16,3 – ке дейін) кеміді.
Алайда сәбилердің шетінеуі Павлодар (1999 жылдың қаңтар – қарашасындағы 25-тен 2000 жылғы қаңтар – қарашада 25,8 – ге дейін), Жамбыл (21,4 тен 23,9 ға дейін), Қызылорда (22,5 тен 23,3 – ке дейін), Қостанай (20,8 – ден 22,1 – ге дейін) және Ақтөбе (18,5-тен 22-ге дейін) көбейгені атап айту керек. 1 жасқа дейінгі нәрестелердің шетінеу себептерінің құрылымында аса жоғары (60-дан астам) бағалы салмақ тыныс алу органдары мен шарана кезінде пайда болатын патологиялық ауруларға түсіп түр. Ал 1-5жасар сәбилер көбінесі қабынудан шетінейді (осы жастағылардың жалпы санының 17,6).
2000 жылдың 11 айында елімізді тұтастай алғанда тіркелген неке – 83,8 мың, ажырусы 25,3 мың (немесе 1000 адамға 6,2 неке қиылып, 1,9 ажырасу), ал 1999 жылғы қаңтар – қарашада тиісінше 78,9 мың неке және 23,6 мың ажырасу немесе 1000 адамға 5,8 неке қиылып, 1,7 ажырасу орын алды.
2000 жылғы қаңтар-қарашада көшіп қонушылар саны – 347, 6 мың адам (1999 жылғы осы кезеңде – 346 мың болған). 1999 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда былтыр еліміздегі халықтың көшіп-қонуынан шеккен шығыны 2,2 қысқарып, 116,7 мың адам болды.
Мемлекетаралық көшіп-қону байланыстарының ішінде Қазақстан үшін ТМД елдерімен айырбастау аса қарқынды  болды. 2000 жылдың 11 айында жалпы көшіп-кетушілердің 75 процент осы елдерге кетті. Сыртқы көшіп-қону бойынша жаппай кетушілік Қостанай, Павлодар және Қарағанды облыстарында орын алды. Кетушілердің арасында орыстар (58,5) мен немістердің (18,5) сыбағалы салмағы ересен.
ТМД   елдеріне кетушілердің жалпы санының 69,9 пайыз орыстар, ал ТМД-дан тыс елдерге кетушілердің 63,3 пайыз- немістер.
2000 жылдың қаңтар – қарашасында еліміздің шегінде олай-былай орын ауыстыру өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,9 мың адамға немесе 6,9 процент – қа көбейген. Мұның өзінде көшіп-қону қарқының көрсеткіші 10 мың адамға шаққанда былтыр 114 болса, 1999 жылғы қаңтар-қарашада 106 еді. Облыс аралық алмасуда теріс көшіп-қону сальдосы республиканың көптеген облыстарында орын алды, аса көбі Алматы (-2,9 мың адам), Оңтүстік Қазақстан (-2,8 мың), Қостанай (-2,5 мың), Шығыс Қазақстан (2,4 мың) және Жамбыл (-2,2 мың) облыстарында байқалды. Облысаралық алмасуда оң және аса көп өсім бұрынғыша Алматы (9,7 мың) және Астана (6 мың) қалаларының еншісіне тиеді.
Соңғы халық санағының мәліметтеріне қарағанда, елдегі тұрғындар саны 1 миллион 246 мың адамға, 7,7 процентке азайған. 1989 жылы Қазақстандықтардың саны 16 миллион 199 мың адам болса, қазір 14 миллион 953 мың адамды құрайды. 2724,9 мың шаршы км. Жерді алыпжатқан Қазақстанның әрбір шаршы километріне 5,5 адамнан келеді. Бұл Қазақстанның әлемдегі халық аз қоныстанған елдер қатарында екендігін оңғартады. Тұрғындар санының күрт кемуі Қарағанды (335210 адамға немесе 19,1 пайыз) Шығыс Қазақстан (236201 адамға немесе 13,4 пайыз), Ақмола (228135 адамға немесе 21,5 пайыз), Қостанай (206115 адамға немесе 16,7 пайыз), Солтүстік Қазақстан (186085 адамға немесе 20,4 пайыз), Павлодар облыстарында (135330 адамға немесе 14,5 пайыз) анық байқалуда
Қазақстандықтар санының кемуі өлке тұрғындарының демографиялық құрылымындағы ерекшеліктерге байланысты. Дәлірек айтқанда, орыс тілді тұрғындардың атамекеніне көшуінен және табиғи өсімінің төмен деңгейде болуынан туындауда.
Ресми статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56 пайызы қалаларды, 44 пайызы ауылды жерлерде тұрады. Турғындардың урбанизациялану деңгейіне қарай Қарағанды (қала халқының үлес салмағы 82,2 пайыз), Маңғыстау (78,4 пайыз), Павлодар (63,4), Қызылорда (60,5) , Шығыс Қазақстан (58,8), Атырау (58,2), Ақтөбе (56,2) Қостанай (54,2) облыстары ерекшелінеді.
Қазақстан тұрғындарының этникалық құрамында қазақтар мен орыстардың үлес салмағы басым Қазақтардың үлес салмағы жыл өткен сайын өсіп келе жатса, орыстардың саны  70 – жылдардың соңынан бері қарай кемуде. Қазақтар 1989 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта 1488181 адамға көбейіп, қазір 7 миллион 985 мың 39 адамға жетіп отыр, яғни тұрғындардың 53,4 –ың құрайды. Бұл көрсеткіш 1998 жылы 40,1 пайыз болатын. Сонымен 1930 жылдардан соң, қазақтар өз Отанында алғаш рет сан жағынан көп ұлтқа айналды. Қазақтар санының көбеюі мен үлес салмағының артуы олардың табиғиөсімінің нәтижесі және елден қазақ мемес ұлттардың көшуіне байланысты. Сондай-ақ оған қазақтардың алыс (Қытай, Монғолия, Иран) және талу (Ресей, Өзбекстан, Түркменистан) шетелдерден елге оралуы да жер етуде. Орыстар 1969 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта 1582399 адамға кеміді.
Олардың қазіргі саны 4479620 адамды құрайды. Осылайша орыстардың елдегі үлес салмағы 37,4 процентен 30 пайызға түсті. Елдегі кейбір басқа этностардың да саны кемуде. Немістер-593414 адамға, Украиндар – 328637 адамға,татарлар – 71793 адамға, белорустар – 66011 адамға, Әзірбайжандар – 10656 адамға, кәрістер – 1074 адамға азайды. Ал, Қазақстандағы өзбек пен ұйғыр халқының саны мен үлес салмағы артуда. Өзбектер 39621 адамға, яғни 2,5 пайызға көбейіп, 370663 адамды; ұйғырлар 28839 адамға, яғни 1,4 пайызға көбейіп, 210365 адамды құрады.
Республикадағы ұлттарда жаныстық арасалмақ әркелкі. Ерлердің үлесі 1000 әйелге шаққанда қазақтарда 978, ұйғырларда 999, орыстарда 843, татарларда 842, украиндарда 872 адамнан келеді. Әзірбайжандар мен өзбектер арасында ер азаматтардың саны басым 1000 әйелге әзірбайжанның 1014 ер азаматы, өзбектің 1015 ер азаматы келеді. Ауылды жерлердегі қазақтар арасында ерлердің саны басымырақ. Орта есеппен онда 1000 әйелге 1020 ер келеді. Бұл Маңғыстаудан басқа облыстардың бәріне тән. 1000 әйелге Қызылорда облысында 1058, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облысында – 1040, Шығыс Қазақстан облысында – 1029, Ақмола облысында – 1026, Жамбыл облысында – 1023, Ақтөбе облысында 1021 ер азаматтан келеді (1). Барлық облыстар бойынша қалалардағы әйелдер саны басым болып, жыныстық арасалмақтағы үйлесімсіздік тереңдей түсуде. Мәселен, 1989 жылы қалаларда ер адамдар тұрғындардың 47,5 пайызын құраса, 1999 жылы 46,7 деңгейіне түсті. 1989 жылы 1000 әйелге 907 ер адам келсе, 1999 жылы 879 ер адамнан келді.
Республика тұрғындарының жастық құрылымындатуудың төмендеуіне байланысты ересек адамдардың санының артып, қартаюы белең алуда. 1990 жылы 9 жасқа дейінгі балалар тұрғындардың 22 процентін құраса, 1999 жылы17,8 процент құрады. Жалпы 19 жасқа дейінгі жастардың үлес салмағы 41 проценттан 37,8 пайызға түсіп кетті. Керісінше 60 жастан асқандар 1990 жылы 9 процент болса, 1999 10,8 –пайызға көтеріледі.
Мұндай жағдай көбінесе орыс, украин және белорус халықтарына тән. 60 жастан асқандар орыстар арасында 17 процент, украиндар арасында 24,7 процент, белорустар арасында 23,8 процент. Қазақтар тұрғындар ішіндегі жас халық, орташа жасы – 25 себебі олардың басым көпшілігі – балалар мен жастар.
Халықтың өсіп-өнуіне тұрғындардыңжастық,жыныстық құрылымы тікелей әсер етеді. Тұрғындар неғурлым жас болса және жыныстар арасындағы үйлесімділік қолайлы болса, соғурлым өңіп-өсу қарқынды жүреді. Ал табиғи өсім-Қазақстан үшін тұрғындар саны өсімінің бірден-бір көзі. 80 жылдардың соңынан республикада туу төмендеп, керісінше өлім жетім көбейе түскен – ді. Соның нәтижесінде табиғи өсім қарқыны бәсеңдеді. Бұрын табиғи өсім коэффициенті 18,1 промиль болса, 1999 жылы 4,4 промильге төмендеді. Ауыл тұрғындарының табиғи өсім деңгейі қалалаықтарға 4,3 есе жоғары. Республикадағы ұлттар арасында табиғи өсім біркелкі емес.
1. Национальный состав населения Республики Қазақстан Т.4. часть 1. Население Республики Казахстан по национальности. Полу и возрасту Итоги переписи населения 1999 года в РК А. 2000 49-237 б.
Табиғи өсім өзбектер (22,0) мен қазақтар (13,5) арасында жоғары. Ал, орыстар (-4,9), украиндар мен белорустар (-8,6) арасында соңғы жылдары туудан өлім жоғары болып түр.
90 – жылдары тұрғындар арасында некелесу коэффициенті күрт төмендеді, ол жыл сайын үш еседен астам қысқарды.
Қазіргі кезде ауылды жерлерге қарағанда қалаларда некелесу 1,2 есе көп болып тұр. Сондай-ақ ажырасу да біршама азайды. Қазіргі кезде тіркелген 3 некенің біреуі ажырасуда. Ажырасқандардың төрттен бірі (23,8) бес жылға дейін некеде тұрған.
1988 жылдан бастап республикада туу азал бастады. Қазақстанда бірінде бір әйелге 2,5 баладан келеді. Ең төменгі көрсеткішке Алматы қаласы (бір әйелге 1,5 баладан) мен Солтүстік, Шығыс өңірлерінің (бір әйелге 1,8 баладан) тұрғындары, ал жоғары көрсеткішке оңтүстік өңір (бір әйелге 3,4 баладан) тұрғындары ие. Тұрғындарының басым көпшілігін қазақтар құрайтын Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында балалар көп туылуда. Көпке дейін қазақтар арасында туылудың азаюы ашық байқала қойған жоқ еді, тек 90-жылдардың ортасынан туу көрсеткіші бәсеңдей түсті. Қазақ әйелдерінің туу коэффициенті қазір 3,1 процентке тең. Бала туудың бәсеңдеуі Оңтүстік Қазақстан өңірлеріне де тән бола бастады. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында бір әйелге орта есеппен 3,2 ден 3,6 баладан келеді (1) Бұл қазақтардың да біртіндеп көп балалықтан бас тарта бастағанын оңғартады. Орыс, украин әйелдері, қазақ әйелдеріне қарағанда әлдеқайда аз басанады. Олардың бір әйеліне 1,7 баладан келеді.
Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік демографиялық саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 тамыздағы № 1272 қаулысына сәйкес әзірленді және 5 жылға есептелген.
Бағдарлама ел халқының табиғи және ырықсыз қозғалысындағы негізгі процентерді: өсіп-өнетін денсаулық жағдайын жақсарту және бала туудыынталандыру жөнінде шаралар қабылдау жолымен бала тууды, өлімді және көші-қонды реттеуге, халықтың өлімін азайтуға, көші-қонды реттеуге бағытталған.
ТМД елдерінде 1990 жылдары өлім-жетімнің артуы демографиялық ділгірлікке айналды. Белорус, Украина елдерінде өнім-жетім туу коэффициентінен артып түсті. 90- жылдардың бірінші жартысында Қазақстанда да өлім-жетім коэффициенті артып, 1990 жылы 7,7 промильден 1995 жылы 10,7 промиль көрсеткішіне дейін жетті. Бірақ кейінгі жылдары бұл көрсеткіш біртіндеп төмендей бастады. (1996 ж – 10,7; 1997 ж. – 10,4; 1998 ж. – 10,2; 1999 ж. – 9,8 промиль). Дегенмен Қазақстанның кейбір облыстарында өлім – жетім орта көрсеткіштен асып түсуде. Әсіресе, Шығыс Қазақстан облысында өлім – жетім жоғары деңгейде (13,0 промиль). Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш 12,0 промиль болып тұр. (1)
Өлім-жетім көрсеткішінде еңбекке жарамды тұрғындардың үлес салмағы жоғарырақ. 1999 ж. тіркелген өлім-жетім оқиғаларының үштен бірі еңбекке жарамды жастағы тұрғындардың үлесіне тиеді, ал олардың ішінде әйелдерге қарағанда ер азаматтардың үлес салмағы 3,6 есе көп. 1999 ж. қан айналымы, тыныс алу органдарының ауруы салдарынан және оқыс оқиғалардан қаза табушылардың саны біршама азайғанымен өнім-жетім көрсеткіші жоғары деңгейде қалды. Ол көп жағдайда қоршаған ортаның ластануынан, тамақтану сапасының төмендеуінен, тұрғындардың алкоголь ішімдіктеріне әуестенуінен туындауда. Қазақтардың орташа өмір сүру жасы орыстарға қарағанда төмен. Ол қазақтардың үлес салмағы басым түсетін ауылды жерлерде әлеуметтік – экономикалық жағдайдың нашарлығымен байланысты. Сондай-ақ қазақтар тығыз тұратын жерлердің біразы экологиялық апат аймаққа жатады. Салыстыра қарау үшін шетелдердегі орташа өмір сүру көрсеткішіне назар аударайық: ол жапонияда – 76,1, Испанияда – 75,7, Қоста – Рикада – 75,6, Андаррода-75,3, Гонконг пен Израильде – 75,1, Австралияда – 75, Швецияда – 74,8, Грекияда – 74,6, Ұлыбритания – 73,2 жас (1)
Қазақстан тұрғындары денсаулығының нашарлауы көп жағдайда қоршаған ортаның экологиялық жағдайының төмендеуінен. Мысалы, Семей ядролық полигоны аймағының радиоактивті ластануынан, Арал теңізі өңдірінің агрохимиялық ластануға ұшырауынан туындауда. Соның салдарынан осы өңірлерде генетикалық ауытқушылық және психикалық аурулардың жиі шығуы қазіргі кезде алаңдаушылық тудырып отыр. 1990 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта онкологиялық аурулар екі есе, эндокриндік жүйелер аурулары екі есеге жуық, қан аурулары бір жарым көбейді.
Жұқпалы аурулар да жоғары деңгейде қалып отыр. Дегенмен олармен ауырғандар соңғы жылдары азайды. 100 мың адамға шаққанда 1997 жылы 3015,4 адам, 1999 жылы 2439,2 адам жұқпалы аурумен ауырған.
Қазақстанда тұрғындар санының азаюының басты себептерінің бірі – көші – қондық теріс сальдо. Көші-қондық процестің қарқынды жүруі 90 жылдары бұрыңғы кеңестер Одағы құрамындағы елдердің бәріне де тән қалыптасты.
Көші – қондық теріс сальдо 90-жылдардың басынан бастап барлық облыстарда орын алды. Әсіресе, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл, Семей Талдықорған облыстарында жоғары деңгейге жетті. Соның нәтижесінде Қазақстан халқының саны 1993 жылға қарай қысқара бастады, оның орнын табиғи өсім жаба алмады. Көші-қон процесінің барысында 1993 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта тұрғындар саны 1637,3 мың адамға қысқарды (1) 1994 жылы 410,4 мың адам республикадан көшті.
Қазақстаннан көшушілер, негізінен, толу шетелдерге қоныс аударды. ТМД елдеріне көшушілер саны 1132,6 мың адамға жетті. Олардың басым көпшілігі Ресейге көшті 1990 жылы көші –қоншылардың 74 проценті, 1999 жылы 89,8 пайызы сонда барып орнықты. (2). Қазақстаннан көшушілердің азаюына байланысты Ресейге көшіп барушылардың саны 2 еседен астам қысқарды. Ресейге көшушілер легінің азаюы онда еңбек рыногы толғандығын айғақтайды. Ресейден кейін толу шетелдер арасында қоныс аударушыларды қызықтыратын елдер қатарына Белорус, Украина және Өзбекстан жатады.
Демографиялық процестердегі келеңсіз жәйттерге қарамастан, елде біртіндеп ілгерілеушілік байқалуда. Мәселен, өлім-жітім, ажырасу секілді, т.б. теріс көрсеткіштер, көші – қондық процестердегі теріс сальдо бәсеңдеді. Бұл – елдегі демографиялық акуалдық жақсарып келе жатқандығын айғағы. Үкіметтің осы бағыттағы қызметіне үлкен үмітпен қарауға болады. Ең бастысы, қазіргі демографиялық мәселедегі басым бағыттарды дәл анықтап, оны шешудің тиімді жолдарын таба білу керек.
Осыған орай әлемде индустриализация мен урбанизацияныңжоғары қарқынды жүруінен туындап жатқан ғаламдық сипатқа ие мәселелер бар екендігі де ескерілуі тиіс. Ондай мәселелер қатарына «өркениет ауруы» атанған-туудың азаюы, өлім –жітімнің өсуі, тұрғындар құрамында қариялардың көбеюі секілді құбылыстарды жатқызуға болады. Бұлмәселелер қоғамдық пікірде алаңдаушылық туғызуда.
Бүгіндері демографиялық саясат саласында қалыптасып отырған мәселелерді шешу аса маңызды мәселе. Сондықтан оның ауқымы және халықтың қоныстануы жоғары кәсіби деңгейде жан-жақты талданғаны абзал, әрі оның нәтижелері объективті тұрғыда ашылып көрсетілуі тиіс. Туындаған мәселелерді шешу қоғамдығы тұрақтылық пен Қазақстан Республикасының болашағын қамтамасыз етуге бағытталған демографиялық саясаттың табысты жүруіне тікелей байланысты.
84 билет
Тарихи шолу
1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашхабадта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.
Құрылымы
Мемлекеттер басшыларының кеңесі;
Үкіметтер басшыларының кеңесі;
Сыртқы істер министрлерінің кеңесі;
Экономикалық кеңесі;
Қорғаныс министрлерінің кеңесі;
Шекаралық әскер басшыларының кеңесі;
ТМД Экономикалық соты;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы;
Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жанындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері;
ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясындағы Достастық мемлекеттерінің тұрақты Өкілетті өкілдері;
ТМД-ның Атқарушы комитеті.
ТМД-ның Қазақстанға әсері
Тәуелсіз Мемлекет Достастығы 1991 жылы құрылды . Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттердің бір мемлекеттен өркениетті формаға өтуін қамтамасыздандырып, олардың арасында толық егеменді мемлекет және халықаралық құқық принципінің негізінде жаңа қатынасты құруға көмектесті. Мұндай мемлекеттердің кеңесінде республикалар арасында еңбек бөлінісі қолайлы , яғни олардың әрқайсысы өнім түрлерін оларға қолайлы жағдайда өндіру үшін. Белгілі салада арнайы аймақтар арқылы өнімді орналастыру қоғамдық еңбек үнемді болады. Бұл ТМД елдерінде жақсы өткізіліп отыр. ТМД – ға кіріп отырған әрбір мемлекет өз бағыты бойынша машықтануда. Қазақстанның жаңа тарихы 15 –жыл шамасымен есептеледі. Бір кеңестік уақыт кезінде республиканың экономикасы халық шаруашылығының кешені беріліп отырған мәтінде қаралса, ал енді Қазақстанның орны мен рөлін жаһандық экономикада толығымен айта аламыз. Әлемдік экономиканың конценрациясының көлемі келесі параметрмерге шағылысады. Әлемдегі ішкі өнімнің ЖІӨ - нің көптен бір бөлігі 29 дамыған мемлекетке қатысты – 54,6 %, оның ішінде үлкен 7 – ке – 43,0% кіреді, АҚШ – 20,9%, 12 – мемлекет кіреді Евроодақ – 15,3% кіреді. Әлемдегі 146 – мемлекеттен құрайтын жаңа құрушы нарық пен дамушы мемлекетке әлемдік ЖІӨ - нің 7,2% құрайды, оның ішінде 3,8% ТМД – ның 12 мемлекеті кіреді. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік ЖІӨ - де 0,1% құрайды. Сонда да, 1995 жылдан бастап 1,75% ке өсті 1999 жылы осы көрсеткіш айқын төмендеді, яғни ол 2 факторға байланысты. Біріншіден, 1997 – 1998 жылығы Азия – Ресей қаржы дағдарысының салдарынан. Екіншіден, 1999 жылдың сәуір айында республикада өткен ұлттық валюталық девальвациясы.
Ал 2000 жылдан бастап Қазақстан әлемдік ЖІӨ - мі тұрақты өсуде. Бірақта өсу қарқыны бойынша Қазақстанды әлемдегі көптеген мемлекеттер озуда. Тасмалдау экономикасының өсу динамикасының салыстырмалы анализінің көрсеткіші бойынша, 1999 жылдан бастап Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттері мен салыстырғанда Қазақстанның ЖІӨ - нің арқыны өзгеріс табуда. 90 жылдармен салыстырғанда, соңғы жылдары Қазақстандағы ЖІӨ - нің өсуі ірі мұнай экспортының түсуіне байланысты. Экспорттық кірісте көмірсутегі шикізаты негізі қайнар көзі болып есептелетін мемлекеттерде экономика динамикасының өсіуі экспортық кірісте энегетика тауары емес мемлекеттермен салыстырғанда төмен. Әлемдік тауар және қызмет экспорты дамыған мемлекеттерде 71,8% құрайды, оның ішінде, осы көрсеткіштің 42,3% әлемдегі 7 жетекші мемлекеттің үлесіне кіреді әлемденгі тауарлар мен қызмет экспортының 21,2% дамушы мемлекеттерге қатысты, транзиттік экономика мемлекеттерінің үлесіне 7%, оның ішінде ТМД мемлекеттеріне 2,7% кіреді. Қазіргі Қазақстанның әлемдік шаруашылықпен бірігіуін сыртқы сауда маңызды болып отыр. Соңғы 10 – жылда Қазақстанның тауар экспорты мен қызметі 2 – есеге артты. Бұл 3 фактормен түсіндіріледі. Біріншіден, шетел инвестициясының ағымының көлеміне қолайлы инвестициялық климат құру ықпалын тигізді, оның үлесі мемлекеттегі мұнай шығару саласының дамуына бағытталады. Өз кезегінде, бұл газ және мұнай алу өсімін шақырды. Екіншіден, әлемдік нарықтағы көмірсутегінің шиказытының қолайлы конъюнкурасы Республикадағы экспорт потенциалының өсуіне ықпалын тигізді. Үшіншіден, соңғы он жылда, Қазақстандық тауар және қызмет экспортының үлесі әлемдік сауданың қарқынды дамуымен салыстырғанда өсті.
Қазақстандағы тауар экспортының өсуі әлемдегі басқа мемлекеттермен салыстырғанда жоғары. Осы он жылда тауар экспорты 3,8% есеге, ал импорт 3,3 % есесге өсті. Қазақстанның тауар экспортының жоғары қарқынды өсуі соңғы 3 жылда білінді. Қазақстанның әлемдік экономикадағы интеграциясының (бірігуі) көлемін шетел инвестициясы ағымындағы жақындық және аймақтық географияны оқуы негізінде жобалау керек. Республикадағы экономикалық реформалар негізігі бағыттарының бірі инвестициялық саясаттың тартымдылығы болып қала береді, яғни ол жергілікті және шетел инвестициялары үшін қолайлы жағдай туғызады. Қазақстандағы инвестициялық жағдай транзиттік мемлекеттер арасында тартымды болып отыр. Бұл республикамыз ТМД мемлекеттерінің арасында инвестициялық деңгейде кредиттік рейтингіні бірінші болып алуымен расталады. Қазақстан потенциалдық инвесторлар үшін экономиканың тартымдылығы, саяси жүйенің тұрақтылығы және қаржы ресурстары арқылы ТМД-дағы қалған мемлекеттердің алдында келе жатыр. Қазақстан транзиттік экономика мемлекеттірінің арасында шетел инвестициясының тура ағымы (ПИИ) көлемі бойынша жетекші орындардың біріне ие. Жаһандық көлемі бойынша Қазақстанның шетел инвестициясының тура ағымына үлесі жылдан жылға өсу үстінде. 1999-2000 жылдары республикадағы шетелдік инвестицияның тура ағымының салмағы әлемдік көлемде төмендеді, бірақта бұл көрсеткіш тез арада өзгерді. Соңғы 3 жылда жаөандық ағымдағы Қазақстанның шетелдің инветсициясының тура ағымы 0,35% деңгейінде тұр.бұл көрсеткіштің максималды мағынасы жағдайы 2000 жылдан белгіленді. Ереже бойынша инвестициялық климат қолайлы. Кейін, ішкі секілді инвестициясының көлемі өседі. Шетелдегідей, олардың өндірісі мемлекеттегі экономиканың қарқынды өсуі қолдауды шешеді. Қазақстан, соңғы 9 жылда әлемдегі көптеген мемлекеттер мен аймақтардың шетелдік инвестициясының ағым динамиканың тартымы бойынша анықтады. 2003 жылы 1995 жылмен салыстырғанда, өсу 214,5% өсті. Дамушы мемлекеттерде бұл көрсеткіш 178,2 %-ке тең, ал дамушыларда ол 153,8 %, орталық шығыс Еуропа мемлекеттерінде 147 %, ал Ресейде 43,3 % түскені белгіленді. 1993-2004 жылдар аралығында шетелдік инвестициялық ағымының Қазақстан экономикасына бағытталған комулятивті ағымы $ 34 млрд. құрады, оның көп бөлігі мұнай-газ секторынан келеді. $ 18,9 млрд. немесе жалпы көлемі 55,1 % . Әлемдік көлемде макроэкономикалық параметрлерге қарамастан, қазақстанда перспективті дамуы үшін ірі потенциалдар бар, яғни ол табиғи ресурсқа бай. Қазіргі кезде 500 орында 1225 минералды шикізат түрі барын айтуы жеткілікті. Республика осы түрлері бойынша әлемдегі позицияда жетекші орын алады. Қазақстан мырыш, вольфрам және бариттен әлемде бірінші орын алады, ал күміс, қорғасын, хромнан екінші мыстан, марганец,флюориттан үшінші, малибденнен төртінші орындар алып, алтын бойынша бірінші ондыққа кіреді. Біздің мемлекет әлемде темір рудасы бойынша 8 % құрайды, ураннан шамамен 25 %-ын құрайды. әлемде мұнайды барлау бойынша Қазақстан 13-ші орынға ие. 2003 жылдың басында мұнай және газ барлау бойынша 4,6 млрд тонна құрады, оның ішінде газ 331,5 млн. тонна құрайды. Каспийдегі мұнай 1,6 млрд –қа бағаланады, ол «қара алтының» 38% құрайды. Табиғи газ 3 трлн шаршы метрге тең. 1995-2004 жылдары ішкі сауда көлемі 3,6 есеге өсіп, 2004 жылы 32877,5 млн. АҚШ долларын құрады. 1999 жылдан кейің экспорт операциясының өсу қарқыны 10%, ал 2000 жылы 50 %, 2004 жылы 56 % өсті. Ішкі сауда өсімі экспорт көлеміінң ұлғаюы секілді, импорт операцисынада ықпалын тигізді. Сыртқы сауда географиясы өндірістің әртүрлілігінің кеңеюі (диверсифицированность), яғни тәуелсіздің жылдарында ТМД-ны қосты. 2004 жылы Қазақстандағы сауда құрлымындағы бірінші орынға Еуропалық одақ, Ресей, Швейцария және Қытай шықты. Қазақстан Республикасындағы мекемелер әлемдегі 171 мемлекеттер сауда серіктестіктер бар. өткен жылдарда экспорт және импорт географиялық құрлымында өзгерістер болып, ТМД және басқа да мемлекеттер арасында проценттер өзгерді. 2004 жылы Қазақстанның ішкі сауда айналымы ТМД мемлекетірмен 10 215,1 млн АҚШ долларын құрап, 2003 жылымен салыстырғанда 48 %-ға өсті, оның ішінде экспорт $ 4097,2 млн., импорт $ 6117,9 млн. құрады. әлемдегі басқа мемлекеттермен сыртқы сауда айналымы 22662,4 млн құрап, 2003 жылмен салыстырғанда 57 % өсті, ал экспорт $ 15999,0 млн.құрап 61 % өсті, импорт $6663,4 млн.құрап, 49 % өсті. Шикізат тауар экспортын тауарлы құрлымының көбісін алып отыр. Минералды өнімдер мен металлдар тауардың негізгі топтарын құрап отыр, сонда да осы тауарлардың салыстырмалы салмағы өзгерді. Өткен жылдармен салыстырғанда минералды өнімдер ұлғайып, металл өнімдері азаюда. 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда азық-түлік тауарларының салыстырмалы салмағы 2 % және шикізат өнімі мен металл өніміінң үлесі 1 % қысқарып, минералды өнімдер 4 % көбейді. Азық-түлік тауарларының өсу көлеміне қарамастан, бидай, арпа жіне еттердің жеткізілу операциясы экспорт қорытындысы бойынша түсті. Металл өнеркәсіп өнімдерін өткен жылдармен салыстырғанда 48 %-ға өсті. Қазақстан өнімінің басты сатып алушылар Швейцария (18,7 %), Италия (15,5%), Ресей (14,1%), Қытай (9,8%), Франция (7,3 %), Виргин аралдары (3,8%), Иран (3,5%), Нидерланд (2,3%), Израиль және Португалия (1,6%), Əзербайжан, Испания, АҚШ және Украина (1,4%) тен алады. ТМД мемлекеттері үшін экспорттың жалпы көлемі 20,4 % құрайды. 2003 жылмен салыстырғанда ТМД мемлекеттеріндегі экспорт 38% өсіп, 4097, $ 2 млн. құрады. Осы аралықта Қазақстандық өнім, түгел ТМД мемлекеттерінде өсті. Әлемдегі басқа мемлекеттердің жалпы экспорт көлемі 79,6 % үлесін құрады. Қазақстан экспортының көлемін Еуропа мемлекеттері құрайды, олардың салыстырмалы салмағы 54,6 % құрайды, оның 34,8 % Еуропа Одағына әкеледі. Еуропа мемлекеттерінің арасында Қазақстан экспортының негізгі тұтынушылары Швейцария, Италия, Франция, Нидерланд, Португалия, Ұлыбритания және Германия болып табылады. 2003 жылмен салыстырғанда Еуропа мемлекеттерінің жалпы экспорты 2,6 % өсті. Азия аймағындағы мемлекеттерге Қазақстандық өнімді жеткізу көлемі 31 % өсті. Қытай Республикасының салыстырмалы салмағы аймақтағы жоғары болып қала береді. Америка елдеріне Қазақстан экспорты 2 есеге қысқарды. Импорт Экспорттың тауарлық құрлымын машина, құрал-жабдықтар, транспрот, химиялық өнімдер және осы салаға байланысты өнісдер, металл өнімін өндіру үшін шикізат жатады. Соңғы жылдарда минералды өнімдерді экспорттау үлесі ұлғаюда. Сол сияқты, металл өнеркәсібінің салыстырмалы салмағы белгіленуде. Экспорттың көбеюі физикалық жеткізудің көлемі секілді, көрсеткіштің тұратындығына байланысты көбеюде. Тауарлардың негізгі топтары бойынша көлем деңгейі өсті, олар: мәшине, құрал, транспорт, құбырлар және аппараттар. Металл өнеркәсібі, минералды өнім, химиялық өнеркәсіп өнімі бойынша импорттың түсу деңгейі байқалуда. Импорт өнімін негізгі жеткізушілері: Ресей, Германия, Қытай, Украина, АҚШ, Италия, Жапония, Түркия, Франция, Ұлыбритания, Корея, Өзбекстан, Нидерланд болып табылады. ТМД мемлекеттері Қазақстандық нарықта өнімді импорттаушы болып табылады. Еуропа мемлекетіндегі импорттың жалпы 28,9 % түсуінен 50 % әртүрлі мəшине түрлерін әкелуден, Германия және Италиядан әкелінетін бөлшек құралдардан, жеңіл автокөліктер, Италия жиһазынан өсті. Азия импортының өсуіне Жапония көлігі, Үндістан шайы, Қытай және Жапония құбыры, Қытай және Түркияның аллюминий заттары әсерін тигізді. 2003 жылмен салыстырғанда АҚШ – тің импорты 30 % өсті. Тауардың негізгі бөлігі АҚШ-тан түседі.
Қазақстанның ТМД шеңберіндегі ынтымақтастығы
ТМД мемлекеттерімен қатынастың дамуы, соның ішінде көпжақты интеграциялы өзара әрекет – Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының ең маңызды бағыттарының бірі. ТМД шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың қазақстандық әдістемесінің негізінде тығыз интергациясы астасып жатқан елдердің шағын тобын қалыптастыру мүмкіндігінен туындайтын қарқыны әрқилы интеграция тұжырымдамасы жатыр. Қазақстан Достастық кеңістігіндегі субаймақтық бірлестіктер әрекетінің ашық түрде жүргізілуін, ал олардың мақсаттары мен практикалық әрекеттері ТМД дамуының ортақ арнасында ұштасуын қолдайды. Достастыққа көпжақты өзара әрекеттестіктің түрлі салаларына мемлекеттердің іріктеліп қатысуы тән, яғни, мүдделік білдіретін тараптар форматында жүзеге асады. ТМД органдарының шешімдерінің күші тек оларды қабылдауға қатысқан мемлекеттер үшін ғана таралады. ТМД әрекетінің тиімділігін арттыру, құрылымын жетілдіру мақсатында қазақстан тарапының бастамашылық етуімен шын мәнінде ынтымақтастықтың барлық бағытын қамтитын ТМД-ны одан әрі даму тұжырымдамасы мен оны жүзеге асу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, ол 2007 жылғы қазанда Душанбеде мақұлданды.. Олардың негізінде ТМД-ның 2020 жылға дейінгі Экономикалық дамуы стратегиясы әзірленіп, қабылданды. Еркін сауда аймағын құру, сауда, ауыл шаруашылық, электр энергетикасы және т.б. нарықтарды қалыптастыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Саяси, гуманитарлық, көлік, қауіпсіздік және көші-қон салаларында өзара әрекеттестік жалғасуда. Аталған Жоспарда бірлестік әрекетін жетілдіру жөніндегі нақты шаралар тізбесі көрініс тапқан. Атап айтқанда, осы құжатқа сәйкес 2008 жылғы қазанда ТМД-да төрағалық ету туралы, Ұлттық үйлестірушілер туралы ережелер қабылданды. Достастықтың салалық органдарын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде, ТМД Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ТМД-ның Жоғарғы органдарындағы рәсімдеудің жаңа ережесін қабылдау жоспарлануда. «Бір жыл- бір тақырып» формуласы бойынша жұмыс принципін ескере отырып, 2007 жылы келісілген көші-қон саясаты жөніндегі ұсыныстарды дайындауға арналса (2007 жылғы 5 қазанда Душанбеде тиісті Декларация қабылданды), 2008 жыл келісілген көлік саясаты саласындағы ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар дайындау жылы, ал 2009 жыл – энергетика саласындағы ынтымақтастық жылы.
ТМД елдерінің тілдері
ТМД жеріндегі халықтар сөйлейтін тілдер. ТМД-да тұрушы негізгі халықтардың тілдері 130-ға жуық. Ол тілдерде сейлейтін кейбір халықтардың ТМД-дан тыс жерлерде өз мемлекеті бар. ТМД елдерінің тілдері шығу тегі, типологиясы, сөйлеушілердің саны, жазу дәстүрі жағынан бір-бірінен ерекше. ТМД елдерінің тілдері шығу тегі (генетикалық туыстығы) жағынан мынадай топтар мен семьялардан тұрады:
Үндіеуропа тілдері, оған:
армян тілі;
шығыс славян тілдері — беларусь, орыс, украин тілдері;
герман тілдері — идиш тілі;
иран тілдері — белудж тілі, Памирдегі шығыс-иран тілі, күрт, осетин, тәжік, талыш, тат, ягноб тілдері, памир тілдері;
жаңа үнді тілдері — сыған тілі;
роман тілдері — молдова тілі кіреді.
Кавказ (ибери-кавказ) тілдері, оған:
абхаз-əдігей тілдері — абазы, абхаз, əдігей, қабарды-шеркеш тілдері;
Картвел тілдері — грузин, зан, сван тілдері;
дағыстан тілдері — авар, андий тілдері; лезгин тілдері; цез тілдері;
нах тілдері — бацбий, ингуш, шешен тілдері кіреді.
Қытай-тибет тілдері, оған дүнген тілі кіреді.
Моңғол тілдері, оған: бурят, қалмақ тілдері кіреді.[1][2]85 билет
Тәуелсіз Қазақстанның білімі мен ғылымы туралы қазақша реферат
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры» қоғамдық қоры 2010  жылы ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен өткен Білім конференциясына қатысушылар адамзаттың басын біріктіретін — білім ғана деген байлам жасады. Иә, білім-ғылымның адамзат қауымдастығының болашағы үшін атқарар рөлін ештеңемен салыстыру мүмкін емес. Қазақстанның тұрақты дамуы үшін еліміздің алдында тұрған ауқымды міндеттерді, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыратын, бүгінгі бастамаларды ертеңге апаратын заманауи біліммен қаруланған озық ойлы, білікті мамандар қажет.
1995 жылғы Конституция бойынша (30-бап) баршаға бірдей міндетті болып есептелетін толық орта білім алуды мемлекет тегін жүргізеді. Әйткенмен, мектеп бітірген жас жеткіншектің одан әрі қандай оқуға түсуі (мемлекеттік немесе жеке) өз еркі мен қалауына байланысты. Этностық ерекшеліктердің есепке алынуына орай, республикада оқу, білім алу 7 тілде жүргізіледі.
1997 жылдың соңында Президент Н.Ә. Назарбаев 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын анықтап, онымен халықты таныстырды. Президент бұл стратегияны болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезіміміздің көрінісі деп бағалады. «Қазақстан-2030» стратегиясында қоғамның ұзақ мерзімді басым мақсаттары — жеті бағыт бөле көрсетілді. Солардың бірі – Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты. Бағдарламада Қазақстан мектептерін тұтастай компьютерлендіру қажет делінген. Яғни, мектептерді, ең алдымен ауылдық жерлердегі мектептерді компьютерлендірудің кең ауқымды бағдарламасын іске асыруға кірісу, бұл мақсатта 1998 жылдың өзінде кемінде 22 млн. АҚШ долларын бөлу көзделген болатын [ ].
Бұл мақсатқа бүгінгі таңда қол жеткізіп отырмыз. 1997—1998 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мекемелерде ақпараттандыру мен компьютерлендіру бағдарламасын орындау міндеттелінді. 2001жылы мектептерді компьютерлендіру толығымен аяқталды.
Бүгінгі таңда республика аумағында жеке меншік және мемлекеттік көптеген оқу орындары білім беру жүйесін сыбайлас жүргізуде. 1995—1998 жылдар аралығында жеке меншік оқу орындары 41-ден 88-ге дейін өсті.
1997 жылы Қазақстанда 53 мемлекеттік, 40-тан астам коммерциялық жоғары оқу орындары болған болса, 2000 жылдың басында 51 мемлекеттік, 100-ден астам коммерциялық жоғары оқу орындар болды. Қазақстан тәуелсіздік алуымен байланысты халыққа білім беру жүйесінің халаралық байланысы кеңейді. Білімді мамандарды көбейту мақсатында жастарды шетелдердің беделді оқу орындарына жіберу өзекті сипат ала бастады. 1993 жылғы 5 қарашада Президенттің «Болашақ” атты 250 халықаралық стипендиясы белгіленді.
Қазақстанның барлық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында қазақ тілінде оқу бөлімдері ашылды. 2001 жылы жеке меншік мектептер мен олардағы оқушылар саны 1996 жылғымен салыстырғанда үш есеге артты.
Соңғы жылдары 300-ден астам жалпы орта білім беретін қазақ мектептері ашылып, олардың саны– 3,3 мыңға жетті. Республикада 17 ұлт тілінде жүздеген мектеп бар. 1999 жылғы 11 маусымда – Қазақстан Республикасының «Білім туралы” Заңы жарияланды. 2006 жылдың басында республика бойынша 252.800 ұстаз еңбек етуде.
Мектептер мен жоғары оқу орнындағы жастардың білімін жетілдіру мақсатында республика көлемінде әр түрлі деңгей- дәрежедегі оқу орындарын лицензиялау мен аттестациялаудың нормативі белгіленді.
Мамандар даярлауды жаңарту мен жақсарту үшін «Дарын» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылу үстінде. Бұл бағдарлама жасөспірімдер мен жеткіншектерге тәрбие мен білім берудегі білім органдарының негізгі стратегиялық іс-шараларын белгілейтін болады. Ерекше дарынды балаларды шетел оқу орындарына жіберіп отыру мақсатында 1993 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар, қазір жаңа балалар бақшалары, интеллектуалдық мектептер мен Назарбаев Университеті де ашылып жатыр[38].
Бүгінгі таңда шетелге барып білім алу мәселесімен басқа да мемлекеттік емес білім ұйымдары, орталықтар, қорлар айналысуда. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде білім берудің қыры мен сыры, мазмұны айқындала түсіп, оларды қаржыландыру мен басқару негізі едәуір өзгерді. Бұл салада жаңаша құқықтық-нормативтік база құрылып, қалыптасты. Білім берудің қосымша және баламалық мекемелері өмірге келді. Осыған орай мемлекеттік оқу орындарын қолдап-қуаттаудың мүлдем жаңа мүмкіндіктері ашылды. Білім алу мен білім берудің ықпалдастық дәрежедегі әлемдік кеңістігі ұлғайды.
XXI ғасырда білім адамзаттың даңғыл даму жолын анықтайды, сондықтан республикада білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелеріне баса көңіл бөлінеді. Ең бастысы, білім беруді ұлттық экономика мен қоғамның әлеуметтік сұраныстары талаптарына сай дамытуды қамтамасыз ету қажет.
Бұл талаптарға сай бүгінде Қазақстан Республикасы білім беру саласында халықаралық ақпарат кеңістігі жүйесіне қосылу әрекеті жүзеге асырылуда. Республиканың оқу орындары, қаржыландыру формаларына қарамастан, бүгінде халықаралық кәсіптік білім беру саласының коммерциялық және инновациялық қызметін қабылдауда.
Дүниежүзілік білім беру үдерісіне сәйкес Қазақстанда үздіксіз білім беру жүйесі енгізілуде. Бұл бүгінде кадрларды даярлау, қайта даярлау және мамандығын жетілдіру жүйесін құрудан көрініс табуда, жекелеген жағдайларда бұл жүйе тұрғындарды еңбекпен қамту қызметімен бірлікте әрекет етеді. Нарықтық экономика маман кадрлар даярлаудың әр түрлі жүйесін талап етуде.
86 билет
Сындарлы он жыл
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті ретінде Н. Назарбаев туралы, жоғарыда айтқанымыздай, аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Соңғы Президенттік сайлау қарсаңында, әсіресе сайлаудан кейін, Н.Ә. Назарбаев туралы, оның айқын жеңісінің себептері туралы баспасөз беттерінде көптеген мақалар жарияланды. Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаяны — өмірі мен атқарған қызметінің негізгі кезеңдері  жұртшылыққа жақсы таныс.  Н. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшелігі ең алдымен, оның тәуелсіздік қарсаңындағы және тәуелсіздік жылдарындағы ресми лауазымдарына сай атқарған қызметтерімен тығыз байланысты екендігіне ерекше көңіл аударуға тиіс боламыз дейді
НӘ. Назарбаевтың келесі 2003 жылы Алматы қаласындағы “Атамұра” баспасынан шыққан “Сындарлы он жыл” атты кітабы да, сол қауіпсіздік мәселесіне арналған. Бірақ, онда ядролық қауіпсіздік емес, соңғы онжылдықтарда кең етек жайған халықаралық терроризм, сепаратизм, экстремизм сияқты әлемдік дерттер және оларға қарсы күрес жолдары туралы айтылған. Мысалы, кітаптың кіріспе бөлімінде автор: “Терроризм, сепаратизм, экстремизм дегеніміз соғыс. Демек кез келген соғыстағы сияқты, біз, антитеррорлық коалиция мен ерікті елдер ынтымақтастығының мүшесі ретінде қару қолданбай отыра алмаймыз. Алайда халықтар мен мемлекеттердің мүддесіне қайшы келетін байлар мен кедейлер әлемінің арасындағы түпсіз шыңырауды, бейбітшілік декларациясына қатыса отырып, қару-жарақ сатушылықты, планетадағы миллиондаған адамдардың есірткіге кіріптарлығын пайдаланып, қыруар қаржы жасаушылықты, геосаяси өркөкректік пен өзімшіл өлермендікті жоймай тұрып, терроризмді жою да мүмкін емес”- дейді
Бұл жолдардан кітаптың пайда болуының объективтілігі халықаралық қауіпсіздік және оған жету жолдары екендігін байқауға болады. Сонымен қатар әлем қауіпсіздігі аймақтық, ұлттық қауіпсіздігінің басты факторларының бірі екендігі де, Қазақстанның бейбітшілікті сақтау жолындағы ұстанымы да, кітаптың пайда болуына әсер еткендігі даусыз. Ол туралы Н. Назарбаев: “Біздің аймақтық, ұлттық қауіпсіздігімізге деген қауіп-қатер баршылық және оның сипаты өзгермей тұр. Алайда мен бұрынғыша, тек өзара келісімге негізделген бітімгершіл саясат пен сенім ғана алдағы уақытта да, Қазақстанның осы жылдар ішінде ұстанып келгеніндей, бейбітшілік режимін орнықтыру жолында ықпалды да тиімді құрал бола алады, сонымен бірге алдағы ахуалға да қызмет етеді деп есептеймін”-дейді
87 билет
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003 жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен  мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырды.
Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы мәдениетке деген мемлекеттік қозғалысын анықтаған рухани және білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат, стратигиялық ұлттық жоба болып кетті. Мұншалықты үлкен жобаны іске асыруды ТМД елдерінің ішінде алғаш бастаған Қазақстан.
«Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.
Программа реализуется по нескольким направлениям:
- ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру;
- археологиялық зерттеулер;
- қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар;
- ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құру.
2004 жылдан – бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден – бастап тарих пен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген, олардың 28-і (35%) – 2008-2011 жылдары реставрацияланған.
Біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу  жүргізілген. Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе өнерге жататын табылған алтын бұйымдар әлемге әйгілі атақ алды (б.з.д. V-III ғғ.).
Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміздегі ескерткіштердің масштабты инвентаризациясы өткізілді және республикалық (218 объектов) және жергілікті (11 277 объектов) маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің Тізімі қабылданды.
Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, Өзбекстан, Апмения, сонымен қатар АҚШ пен Батыс Еуропаға ғылыми-зерттеу экспедициялар нәтижесінде 5 мыңнан астам құнды тарихқа, этнографияға, Қазақстан өнеріне байланысты архивті құжаттар, қолжазбалар мен баспа шығарылымдары алынды.
Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш рет «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қазақ тіліндегі толымды гуманитарлы білім беру қоры құру басталды. 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды, олардың арасында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты қайталанбас сериялар кездеседі.
Орта ғасырлардағы әуендерді терең зерттеулер жүргізілді, оның ішінде күйлер, терихи өлеңдер. Қазақтың  дәстүрлі әндерінің «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күй, 1000 әні» антологиясы шығарылды. Бұл масштабы мен  қайталанбастығы бойынша ұлттық мәдениетт тарихындағы қазақ халық әндерінің түпнұсқалық орындауларын жинау, даярлау, өңдеу, реставрациялау, цифрлундіру мен CD-дискілерді шығару бойынша орасан зор еңбек.
Сәтті аяқталған шетелдік жобалар – Дамаскідегі Сұлтан Аз-Захир Бейбарс кесенесінің, Каирдегі Сұлтан Бейбарс мешітінің, реставрациясы, Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталық және кесенесін салу.
«Казахфильм» АҚ киностудиясы ұлттық мәдениеттің маңызды тарихи орындары мен мұралары туралы 20 деректі фильм түсірген. Бұл «Мәдени мұра» «Қорқыт. Күй тарихы», «Номадтардың музыкалық мұрасы», «Ежелгі Түркістан сәулет ескерткіштері», «Жүсіп Ата кесенесі», «Тамғалы петроглифтері» және басқалар циклындағы деректі фильмдер.
«Мәдени мұра» бағдарламасында саяхаттық кластерді дамытатын бағыттағы шаралар іске асырылады. Туристік маршруттарды құрғанда археологтардың кеңестері қолданылады.
Жыл сайын елімізде және шет елдерде тарихи-мәдени мұрамызды дәріптеу бағытында шамамен 200 шара ұйымдастырылады.
Жобаның масштабтылығын мұндағы қазіргі Қазақстанның бүкіл интелектуалды потенциалы қатысқаны көрсетеді: әдебиет пен өнет, философия, тарих пен этнография, тіл білу және т.б. академиялық институттар, Ұлттық кітапхана, еліміздің жоғарғы оқу орындары.
«Мәдени мұра» бағдарламасы Қазақстан тарихындағы теңдессіз гуманитарлы акция бола тұрып, қазақ халқының ұлттық рухани байлығын әлемге паш етті.
88-СҰРАҚ
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер. Қазақстан Республикасының егемендігінің жариялануы және мЕмл. тәуелсіздік алуы, бірпартиялық өктемдіктің және соц. саяси жүйенің ыдырауы демокр. принциптер негізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол ашты. Көппартиялылық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси партиялар қалыптасты (қ. Көппартиялылық). Жаңадан құрылған қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру, саяси әр алуандық, халықтың әр түрлі әлеум. топтардың мүдделері мен құқықтарын қорғау, тұрақты әлеум.-экон. дамуға қол жеткізу мақсатында кеңінен қызмет жасады. 1990 ж. 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық ұйым қызмет істеп тұрды. Олардың қатарында: “Достастық” азаматтық қозғалысы, “Форум” қоғамы, “Инициатива” әлеум.-саяси бірлестігі, “Қазақ тілі” қоғамы, Қазақ ұлттық мәдениеті Ассамблеясы, Ұлттық мәдени орталықтар ассоциациясы, “Бірлесу” тәуелсіз кәсіподағы, “Желтоқсан” қоғамдық к-ті, “Бірлестік” азаматтық қозғалысы, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің ірі экол. ұйымдары – ядролық жарылысқа қарсы “Невада-Семей” халықар. қозғалысы, “Арал-Азия-Қазақстан” халықар. қоғамдық к-ті, Экол. білім қоры, Респ. “ХХ ғасыр экологиясы”, “Жасыл майдан” экол. ассоциациялары, т.б. болды. Халық арасында кеңінен қолдау тапқан “Невада-Семей” қозғалысы респ. басшылығының қолдауымен 1989 ж. қазанда Семей полигонындағы ядр. сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Қызметі тарихи-ағарту сипатындағы бірлестіктерден “Ақиқат”, “Мемориал”, “Әділет” тарихи-ағарту қоғамдары, “Жерұйық” тарихи-этногр. бірлестігі жұмыс істеді. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар республикада экологияны қорғау, тәуелсіздікке қол жеткізу жолында күресу мақсатында саяси сахнаға шығып, қоғам өміріндегі маңызды мәселелердің шешілуіне септігін тигізді. 90-жылдары құрылып, қызмет жасаған құқық қорғау ұйымдары қатарында адам құқықтарын қорғау ісінде өзінің белсенділігімен Адам құқықтары жөніндегі Қазақстан-америка бюросы, “Қазақстанның құқықтық дамуы”, Саяси қуғын-сүргін құрбандары ассоциациясы, Адам құқықтары жөніндегі демокр. к-т, т.б. болды. Қазақстанда әр түрлі одақтар мен қорлар да белсенді қызмет жасады. Мыс., Қазақстанның Агр. (Шаруалар) одағы, Қазақстан жастар одағы, архитекторлар, кинематографистер, жазушылар, суретшілер, композиторлар одақтары, Қазақстанның еркін кәсіподақтарының конфедерациясы, Қазақстанның мәдениет қоры, Бейбітшілік қоры, Ғылымға жәрдемдесу қоры, “Бөбек” балалар қайырымдылық қоры, Қылмыспен күресті қорғау қоры, Жол жүру қауіпсіздігі қоры, т.б. Қазақстанның әйелдер қозғалысы қатарында белсенді қызмет атқарған Қазақстанның мұсылман әйелдерінің респ. лигасымен қатар, Алматы фемида лигасы, “Қазақстанның кәсіпкер әйелдері”, сондай-ақ, ардагерлер ұйымдарының арасында – Ардагерлердің респ. ұйымы, Саяси жазалау құрбандарының қазақстандық ассоциациясы, “Чернобыль” қоғамы, дене мүшелерінде кемістігі бар адамдардың бірлестіктері қатарында – “Спешиал Олимпикс”, Зағиптардың спорт жөніндегі ассоциациясы, т.б. болды. Қоғамдық-саяси қозғалыстардың ішінен “Азат” (1990 ж. 1 шілде), “Поколение” (1992 ж. 24 қараша), “Лад” (1993 ж. мамыр), “Азамат” азаматтық қозғалысы (1996 ж. 20 сәуір) кең көлемді қызметімен ерекшеленді. Қазақстанда қоғамдық бірлестіктердің қалыптасуының келесі кезеңінде Қазақстанның либералдық қозғалысы (1997 ж., мамыр), “Қазақстанның болашағы үшін” (1998 ж., ақпан) жастар қозғалысы, “Қазақстан – 2030 үшін” (1998 ж., 6 қазан) қоғамдық қозғалысы, “Өрлеу” (1998), “Ақ жол” қоғамдық қозғалыстары (1998), Қазақстанның демокр. таңдауы қоғамдық бірлестігі (2002), т.б. құрылды. 1989 – 94 ж. аяғында Қазақстанда 500-ге жуық қоғамдық бірлестік ҚР Әділет мин-нде тіркелді. 1998 ж. олардың саны 1500-ден асты, ал 2001 жылдың аяғына қарай елде 1700-ден астам ресми тіркеуден өткен қоғамдық бірлестік қызмет жасады. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерді құқықтық жағынан реттеу ҚР-ның Конституциясында, “Қоғамдық бірлестіктер туралы” (31.5. 1996) және “Саяси партиялар туралы” (15.7.2002) Заңдарында қамтамасыз етілген. ҚР-ның 2002 ж. 15 шілдеде қабылданған “Саяси партиялар туралы” Заңына сәйкес Қазақстан “Ақ жол” демократиялық партиясы, Қазақстан азаматтық партиясы, Қазақстан аграрлық партиясы, респ. “Отан” саяси партиясы, Қазақстан социал-демократиялық “Ауыл” партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Қазақстан патриоттары партиясы қайта тіркеуден өтті. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер әлеум. әділдік, демокр. құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, ұлтаралық және азаматтық келісім орнатуға жәрдемдесіп, Қазақстанның тұрақты дамуына, өзекті қоғамдық мәселелердің шешілуіне үлесін қосып келеді.
Нұр отан партиясы
Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін “Отан” партиясының өзімен мақсат-мүддесі бір басқа партиялармен бірігуі нәтижесінде құрылған. 2006 жылы желтоқсан айында “Отан” РСП-ның 10-съезінде партияның аты “Нұр Отан Халықтық Демократиялық Партиясы” болып өзгертілді. Бұл партияның қатарына “Отан”, “Асар”, “Азаматтық” және “Аграрлық” партиялар бірікті. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында “Нұр Отан” партиясы айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.
Төрағаның бірінші орынбасары – Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті.
«Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында Шымкент , Астана және Алматы қалаларында бар.
Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие.
2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.[3]зекті қоғамдық мәселелердің шешілуіне үлесін қосып келеді. Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін “Отан” партиясының өзімен мақсат-мүддесі бір басқа партиялармен бірігуі нәтижесінде құрылған. 2006 жылы желтоқсан айында “Отан” РСП-ның 10-съезінде партияның аты “Нұр Отан Халықтық Демократиялық Партиясы” болып өзгертілді. Бұл партияның қатарына “Отан”, “Асар”, “Азаматтық” және “Аграрлық” партиялар бірікті. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында “Нұр Отан” партиясы айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.
Төрағаның бірінші орынбасары – Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті.
«Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында Шымкент , Астана және Алматы қалаларында бар.
Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие.
2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.[3]. Қоғамдық қозғалыстар Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Саяси қозғалыстың ерекшелігі ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі. Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады.Жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады.Экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар себеп болады. Мысалы: Жаңаөзендегі (1989 ж.)әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда «Бірлік» деген ұйым құрылды.Ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы: «Азат», «Желтоқсан».Саяси қозғалыстар көпшілік партияны құру жолыдағы алғашқы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұйымы,жұмысының біріңғай бағдарламасы,басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте,оның әділеттілік,бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттық жаңарып өркендеуі, айналадағы ортаны қорғау, т.с.с. жалпыхалықтық, азаматтық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып, бастарын қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар қоғамдық таптарды да біріктіруі мүмкін. Көбінесе қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.Қоғамдық құрылысқа қатынасына  қарай саяси қозғалыстар:Консервативтік.Реформистік.Революциялық.Контрреволюцялық  болып бөлінеді.Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады:1. Қозғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы:                            2. Үгіт-насихат, әрекет ету сатысы:3. Дамыыған жұмыс кезеңі:4. Саяси  қозғалыстың өшу сатысы.Қоғамдық  қозғалыстардың ішінде кең тарағанының бірі – «Халық майдандары». Оларға жалпы қоғамға қатысы бар, әлеуметтік таптардың барлығының немесе көпшілігінің мүддесін қамтитын мәселерді шешуге бағытталған бірлестіктер жатады. Олар жалпыдемократиялық принциптердің  негізінде құралады және  жұмыс істейді. Онда қатаң  айқындалған ұйымның түрі мен мүшелігі болмайды. Оның құрамында қалың бұқара халықтың мүддесін көздейтін саяси партиялар, кәсіпорындар жастар және т.б. ұйымдар да кіруі мүмкін.Халық майдандарының мынадай түрлері бар:Қоғамдағы батыл өзгерістер кезінде саяси күштер дүниеге келіп қалыптасады. Сол саяси күштерден пайда болған халық майдандары.Өздеріңнің саяси ықпалы жетіспегенде маңызды мақсатқа жету, саяси билікті алу үшін саяси партиалардың немесе олардың көсемдерінің бастауымен құрылғн халық майдандары.Соғысқа, фашизмге қарсы, демократияны қорғау үшін интерноционалдық негізде қалыптасқан халық майдандары. М : 1936 жылы Францияда құрылған халық майданы фашизмнің дамуына жол бермеді, т.с.с.          3. Қазіргі кезеңдегі  саяси қозғалыстар.Қазіргі уаққыта мынадай саяси қозғалыстар бар:Консервативтік  бағыттағы қозғалыстар: өткенді көксеу, дәріптеу, оны сынсыз қабылдау, сонымен қатарлы дәстүрлі саяси формалар мен институттарға ерекше сенім арту:Реформистік бағыттағы қозғалыстар: олар капиталистік қоғамды бірте – бірте реформалауды мақсат етеді: Демократиялық қозғалыстар: өзекті мәселелерді  демократиялық тұрғыда шешуге бағытталған әр түрлі либералдық, діни, бейбітшілік және т.б. ұйымдардың қызметі:Неоконсервативтік қозғалыстар: мемлекеттік капитал мүддесіне бағыну, қызмет ету, жеке- дара белсенділікті, әлеуметтік- теңсіздікті қолдау, дәстурлі моралдық мұраттарды дамытуды көздейді:Революциялық бағыттағы қозғалыстар: бұлар қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымында сапалы өзгерістер жасау арқылы дамудың прогрессифті жолына түсуді көздейтін жұмысшы және коммунистік қозғалыстар.Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады.Экологиялық бағыттағы ұйымдар.Оларға жататындар «Невада-Семей» қозғалысы, «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті, «Табиғат» комитеті, т.с.с.Ұлт мәселесін шешуге тырысқан топтар. Оларға: Қазақстанның «Азат»азаматтық қозғалысы, славяндардың республикалық қоғамдық «Лад» қозғалысы, «Русская община», «Единство» қоғамдық бірлестігі, республикадағы казактар қозғалысы, неміс, ұйғыр, грек, кәріс және т.б. мәдениет орталықтары.Тарихи-ағартушылық қоғамдар: «Мемориал» , «Әділет , «Ақиқат» және т.б.Әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: «Атамекен» , «Алтын бесік» , «Жерұйық» , «Шаңырақ» және т.с.с.Сонымен қатар республикада ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары және т.б. көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бар.Осылардың бәрі, өз ерекшеліктері болуына қарамастан еңбекшілердің белсенділігін арттырып, Қазақстанның гүлденіп өркендеуіне, тұрақты дамуына үлестерін қосқанда ғана мақсаттарына жетпек.Енді соңғы мәліметтер бойынша бір ғана Қарағанды облысында 6 саяси партия, 8 саяси мақсаттағы қоғамдық қозғалыстар, 16 жастар ұйымдары, 6 әйелдер ұйымдары, 13 ұлттық мәдени орындар, 2 табиғат қорғау қозғалысы, 15 тәуелсіз кәсіподақ, 85 діни бірлестіктер, 273 басқа да әр түрлі ұйымдар мен бірлестіктер бар. Енді барлық облыстардың қоғамдық қозғалыстары мен бірлестіктерінің қанша екенін ескерсек, түсінігіміз кеңейе түспек. «Азат» азаматтық қозғалысы. Бұл ұйым 1990 жылдың шілде айында Алматы қаласында құрылды, әр түрлі партия, кәсіподақ, әйелдер, ардагерлер, діни, жастар, т.б. ұйымдарды біріктіреді. Іс-әрекеттің нысаны мен тәсілдерінің негізі: мемлекеттік билік органдарын конституциялық жолмен қалыптастыру; баламалы заң жобаларын жасау; жоғарғы және жергілікті ұйымдардың қабылдайтын саяси шешімдеріне; жиналыс, митингі, шеру тарту ісіне қатынасу.«Азаттың» бөлімшелері барлық облыстарда бар, жоғарғы органы-съезд, 300-ден астам мүшелері бар. Ең көп мүшелері Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда.Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында.«Азат» басқа елдердегі осындай қозғалым ұйымдары мен тікелей байланысты. «Азат» газетін шығарады, «Қазақ тілі» қоғамымен тікелей байланыста. «Азат» қозғалысы республика жерінде өз жарғысына, Конституцияға сәйкес жұмыс жүргізеді. Негізгі мақсаты-толық саяси-экономикалық тәуесіздікке қол жеткізу, әлеуметтік әділеттілік және демократия принциптерін іске асыру, барлық азаматтардың материялдық және рухани өмірін қамтамасыз ету. 
90-СҰРАҚ
Қазіргі жаңа Қазақстан тарихындағы маңызды белестің бірі елдің 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) – Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйымға төрағалық етуі болды.Қазақстан – бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер арасынан бұл ұйымға ең алғаш төрағалық еткен мемлекет. Мүше мемлекеттердің тең құқықтылығы қағидатын және «Ванкуверден Владивостостокке дейінгі ортақ кеңістік» доктринасының пәрменділігін ЕҚЫҰ-ның сақтағанын көрсеткен бұл тарихи шешім республикамыздың халықаралық саясаттағы барған сайын артып келе жатқан рөлінің мойындалуының айғағына айналды.Еліміздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының ұраны латынның төрт «T» әрпі болды: сенім (trust), дәстүр (tradition), транспаренттілік (transparency) және төзімділік (tolerance). Сенім – халықаралық қатынастардағы басты ресурс. Елдер арасындағы өзара сенімге құрылған қарым-қатынас пен ұдайы үнқатысып отыру ұжымдық қауіпсіздіктің заманауи жүйесінің негізін құрайды. Дәстүр Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның іргелі қағидаттары мен құндылықтарына адалдығын айшықтайды. Транспаренттілік мейлінше ашықтықты, «қосарланған стандарттың» және «жіктеу шектерінің» жоқтығын, сонымен қатар қауіпсіздік саласында басты назарды сындарлы ынтымақтастыққа бағыттауды аңдатады. Төзімділік – бұл мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогтың барған сайын артып отырған маңызын түйсіну.Төрағалықтың басты нәтижелі түйіні – ЕҚЫҰ-ның онжылдық үзілістен кейінгі 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда өткен Астана Саммиті. Оған дейінгі жоғары деңгейдегі басқосу 1999 жылы Ыстамбұлда өткен болатын.Саммитке ЕҚЫҰ-ға мүше 38 мемлекет және үкімет басшысы, жоғары лауазымды шенеуніктер, сонымен қатар басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері қатысты. Олардың қатарында ЕҚЫҰ Бас Хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун, Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев, АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, Германия Федеральдық Канцлері Ангела Меркель, Италия Премьер-министрі Cильвио Берлускони, т.б бар.Астана Саммиті ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының халықаралық саясатта алдын ала байқалған поляризация нышандарын еңсерудегі және Ұйымға қатысушы елдерінің өзара алыстау бағытына қатысты саяси жігерінің айқын көрінісі болды.Еуро-атлантикалық және Еуразиялық кеңістіктердегі тұрақты қауіпсіздік мәселелері, Ауғаныстан түйткілі, «тоңы жібімей келе жатқан» қақтығыстарды шешу жайы Саммиттің негізгі тақырыптары ретінде талқыланды.Форумға қатысушылар алдында сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа парадигмасына көшу, яғни ынтымақтастықтың төрт мұхит шекарасындағы – Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа және Солтүстік Мұзды мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі біртұтас кеңістіктігін қалыптастыру қажеттігі жөнінде мәлімдеді.Кездесу соңында аса жоғары деңгейде Астана декларациясы қабылданды. Онда Саммитке қатысушылар ЕҚЫҰ-ның Хельсинки актісінде және Жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясында, Ұйымның өзге де құжаттарында бекітілген міндеттемелерін, қағидаттары мен құндылықтарын қуаттады. Сонымен қатар, қатысушы елдер өкілдері ЕҚЫҰ-ның барлық үш өлшемі бойынша жұмысты жалғастыруға, ұйымның жауапкершілігі аймағында орын алып отырған қақтығыстарды реттеуде күш-жігерді артыруға, адам құқықтарын қорғауға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, жаңа қатерлерге лайықты түрде қарсы тұру мүддесі жолында Ұйым жұмысын жаңаша жолға қоюға міндеттенді.Астанадағы Саммит делегациялар басшылары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Мәселен, Ұйымның Бас Хатшысы Марк Перрен де Бришамбо Қазақстан елордасында қабылданған шешімдер ортақ қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың біртұтас стратегиясын жасауға ықпал ететінін атап өтті. БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығының мейлінше табысты болғанын атады. Ал АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ЕҚЫҰ Саммиті Қазақстанның халықаралық қоғамдастықта үлкен рөл атқаратынының дәлелі екенін атап айтты.ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммиті «еуропалық ортақ үй» салуға қайтадан кірісуге нақты мүмкіндік берді. ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету ту ра лы ниетін Қазақстан 2003 жылы білдірген болатын. Осы ниетке Елбасының 2005 жылғы "Қазақ стан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңғыру жо лын да" атты халыққа Жол дауында арнайы екпін берілді.
92-СҰРАҚ
Қазақстан -2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты баяндамасының саяси сабақтастығын анық байқаймыз.Қазақстан Республикасы Президентінің осы Жолдауы - Қазақстан халқы үшін өте маңызды. Онда қазақ халқының мыңдаған жылдық тарихынан, Тәуелсіздік жылдары бастан өткерген қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы айтылды.Бір мақсат – Мәңгілік елді нығайту, біздің Отанымыз - Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту!Бір мүдде – біздің ортақ құндылығымыз, тәуелсіз және гүлденген елде өмір сүруге ұмтылу!Бір болашақ – Мәңгілік елдің, біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі!«Мәңгілік елдің» жеті қағидаты біздің дамуымыздың негізгі құндылықтары, ортақ мүддемізді және Қазақстан халқының тарихи тағдырын көрсетеді. Бұл Ұлт Көшбасшысы алға қойған міндеттерді орындау үшін жұмылдырушы күшке айналарына сенімдімін.Елбасы өзінің Жолдауында Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіргізу жоспарын ұсынды."Қазақстан-2050" Стратегиясы - 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.Бағдарламаның қарастыратын істері ӨңдеуБұл мақсаттарға қол жеткізу үшін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм;Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау;Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік;Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары;Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту;Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту;Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі.ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері ӨңдеуБірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуіЕкінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздікҮшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатерТөртінші сын-қатер - судың тым тапшылығыБесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздікАлтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуыЖетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революцияСегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздықТоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз құндылықтарының дағдарысыОныншы сын-қатер - жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі
(Жалғасы Бейбіт)

Приложенные файлы

  • docx 15040977
    Размер файла: 364 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий