Қазақтардың бүркітті қастерлеуі


Қазақтардың бүркітті қастерлеуі. Бүркітке байланысты ырым, салт-дәстүр

Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕНБүркіт (Aguila chrysaetos) – сұңқар тәрізділер отряды, қаршыға тұқымдасының қырандар туысына жататын, оның ең ірісі және бірбеткей саналатын, мекенді (қыстайтын) жыртқыш құс. Латынша атауы «Алтын қыран» деген мағынаға ие. Түркі халықтарының көпшілігі бұл құсты бүркіт деп атайды. Және де бұл атауы осы жыртқыш құстың өз жемтігін бүріп ұстайтындығынан шыққан деп пайымдайды. Оның мекені: Солтүстік Америка, Еуразия, Солтүстік-батыс Африка, Жапония, Қазақстан. Елімізде бүркіттің 6 түр тармағы бар. Олар Маңғыстау, Үстірт, Мұғалжар, Сыр бойы, Қызылқұм, Бетпақдала, Сарыарқа, Тянь-Шань, Тарбағатай, Алтай өңірлеріндегі жазық жерлерде, тау бөктерінде кездеседі. Бүркіттер жұптасып тіршілік етеді. 
Жас мөлшеріне қарай атауы
1 жастағысы – балапан, 2 жастағысы – қантүбіт, 3 жастағы – тірнек, 4 жастағысы – тас түлек, 5 жастағысы – мұзбалақ, 6 жастағысы – көк түбіт, 7 жастағысы – қана, 8 жастағысы – жаңа, 9 жастағысы – майтүбіт, 10 жастағысы – барқын, 11 жастағысы – баршын, 12 жастағысы – шөгел деп аталады. Академик Әлкей Марғұланның зерттеуінше, қазақ тілінде тікелей бүркітке қатысты 1,5 мыңдай ұғым бар. Бүркіттің аяғы 4 саусақты. Оның атаулары мынандай: артқысы – тегеуріні, ішкісі – жембасар, ортаңғысы – сығымы, шеткісі – шеңгелі. 
Бүркіт бейнесі
Көшпелі халықтардың таным-түсінігінде қыран бүркіт – батылдықтың, батырлықтың, мықтылық-тың, қайсарлықтың, еркі- ндіктің символы. Қазақ-стан Республикасының Туында бүркіт азаттықтың айбыны ретінде бейнеленген. Қазақтар бүркітті пір тұтатындықтан, оның атын қастерлеп, бүркіт-тей қыран, өжет, қайсар болсын деп жаңа туған балаларына да оған қатысты аттарды қойған. Олар: Бүркіт, Бүркітбай, Бүркітхан, Бүркітбек тәрі-зді есімдер. Тастүлек, Тірнек, Тірнекбай, Балапан сияқты есімдер де бүркітшілердің ырымдап қойған аттары. Қазақ халқы тіпті, бүркіт мекен ететін тауларды: «Бүркіт тау», «Бүркіт шың» деп, бүркіт ұя салатын жерлерді «Бүркіт ұя», «Бүркіт тас» деп те атаған. Және өздері- нің ұлттық ою-өрнек, әшекейлерінде «құс тұм-сық», «бүркіт тұмсық», «бүркіт аяқ» деген де кескіндерді бейнелеп, «Бүркіт биін» билеген. Бұрындары қазақ хал-қы бүркітті киелі құс санап, оларға «Дала сер-мендесі», «Көк тәңірі», «Аспан еркесі», «Құс патшасы», «Қанаттылар ханы», «Құдайдың қазаққа еншілес берген құсы», - деп те мақтау мен мада-қтау айтқан. Моңғолдар да бүркітті қастерлеп, оның атауын «бургэд» деген. Осыдан-ақ байқалып отырған шығар, бүркіттің түркі тектес халықтарда «ортақ атауға» ие екені. Жалпы, моңғол жұрты бүркітті «Құс патшасы» деп қастерлейді, түркі тектес Тыба сүйектілер бүркіт ұстаған аңды айырып алып, оны сояды да, «бақыт әкеледі», - дептерісін үйлеріне іліп қоя-ды, ауылға бір құсбегі келсе, білдірмей бүркітінен бір қауырсынды үзіп алып үйіне іліп, оны қасиетті зат санайды. Қақас жұрты да бүркітті киелі құс деп ұғып, алтайлықтар бүркітті қасиетті құс ретінде бақсылықта кеңінен пайдаланады. Көшпелі арабтар негізі-нен кішірек жыртқыш құстармен саят құрса, қазір қазақ құсбегілерінің көмегімен бүркітті аңға баулып, ұстауда. Олар да бүркітті ерекше қасте-рлейді. Тарихи деректерден біз білетін тағы бір жағдай, Құбылай хан өз заманында бүркітшілерді жанына топтастырып, саят құруды салтқа айналдырыпты. Қазір көп халық «бүркі-тшілік» өнерінің қазаққа Аллаһ тағаланың тартқан ерекше сыйы екенін түсініп, оны қазақтардай өзге халықтардың игере алмайтынын еріксіз мойындап отыр. 
Бүркітпен аластау
Біздің ата-бабаларымыз «бүркіт қасиетті құс болған-дықтан, одан жын-шайтан, пәле-жала қашады», - деп ойлағандықтан, «бүркітпен аластауды» салт етіп ұста-нған, - дейді этнографтар. Құсбегінің үйі ме, әлде басқа бір шаңырақ па, бәрі бір, қай үйге бақытсыздық үйіріліп, іс-әрекеттері кері кете берсе, сол ауылдағы ата-бабасынан бері құсбегі үйдің бүркітімен әлгі баспананы «аластатып - ұшықтатып» алатын-ды. Негізі-нен, ол былай атқарылатын еді: Жеті атасынан бермен қарай әулетіне бүркітшілік өнері дарыған елге танымал құсбегі қолына бүркітін қондырып, аластатуға қол-қа салған үйге келеді. Үй ішін, отбасын бүркітпен аластау үшін бүркітші табалдырықтан оң аяқпен аттайды. Сонан соң «оша-қты» оң жақтан «күн жолымен» үш рет айналып, құсын қолына көтере «жел-піп», «алас! алас!» деп айналады. Құсбегі бүркітінің үй-ішіне «тесе» қарауы үшін сәл тыныстап, оған «дем береді». Сол кезде бүркіттен қаймыққан пәле-жала, жын-шайтан үйдің қуыс-қуысынан қашып шығып, сыртқа кетіп қалады - мыс... Егерде бір жағ-дайлармен бүркітші өтініш айтқан үйді аластай алмайтын болса, ол аузы дуалы ауылдың абыз ақса- қалдарының біріне келіп, өз орнына әлгі үйді аластап беруін өтінеді. Немесе, ауылда бақсы болса, соған барады. Егерде бақсының жыны бүркіт болса, ол бірден келіседі. Үйді бүркітпен аластау бүркітшінің, бақсының, ау-ыл абызының дәрет алып, Аллаһ Тағалаға сиынуынан басталады. 
Бүркітпен емдеу
Ертеде қазақ ауылдарында кең тараған шипалық тәсілдердің бірі – сырқат жандарды «бүркітпен емдеу» еді. Бұл ем көбінесе жын-шайтаннан, әлдене-ден шошынған, бір дәмнен ұшынған, бір нәрседен қор-қып қалған, бұғып қалған адамдарды, есалаңдарды сауықтыруға қолданылып келді. Солардың ішінде ақыл-есі ауытқыған адамдарды былай емдейтін: оларға әуелі итті көрсетеді, сосын ауруды бүркіттің қанатымен желпіп ұшық-тайды, ауруды аластап, басын бүркітпен жайлап ұрады. Ауруды бүркітпен емдегенде көбінесе кәртайған қыран құстар таңдап алынады. Бүркіттің иесінің кәнігі құсбегі болғаны дұ-рыс. Бұрын адамдарды бүркітпен емдеген сақа бүркітші болса, тіпті, жақсы. Себебі, жас бүркітшілер бүркітпен емдеу алдында «дәрет алу», «дұға айту» тәрізді шараларды біле бермеуі мүмкін. Бүркітшінің құсы «шақырғыш», «пыша-қтағыш» болса, тіпті оңды. Себебі мұндай саңқылдап шақыратын бүркіттердің дауысынан-ақ жын-шай-тандар қашып кетеді. Сырқатты бүркітпен емдегенде мынандай тәсілдер жасалады: бүркітші қолын-дағы бүркітінің қанатын кердіртіп ауру адамға жақындайды, бүркітінің томағасын ол ауруға жақын-дап қалғанда барып сыпырады, сол кезде бүркіттің жарқ-жұрқ еткен отты өткір көзі, бейнесі, болат тұяғы ауруға әсер етеді. Сырқат бүркіттен «қорқып именсе» онымен қоса ауру-сырқау, жын-шайтандар да қорқып, тұлабойынан кете бастайды – мыс... Сонан соң бүркітті ауру адамның «басына қондырады», қанатымен желпіп ұшық-тайды, өнбойын аластайды. Басына бүркітті қондырып емдеу,  ұшықтау сырқаттың наным-сеніміне қатты әсер етіп, ол айығып кетеді, - дейді бүркітшілер. 
Әйелді толғақ қысқанда
Ертеде қазақ ауылдарында құсбегілер бар болса, босана алмай жат- қан, толғағы қысып қина-лып жатқан әйелдерге бүркітшіні шақырып, бүркітімен «желпитін» де әдет болған. Бұл іске де ауылдағы құсбегілердің ең алғыр қыран бүркіті таңдап алынып, толғақ қысқан әйелді «бүркітпен желпу» былай жасалатын еді: Тәжірибелі құсбегі бүр-кітін әйел босана алмай жатқан үйге алып келеді. Сосын дәреттенеді, «бүркіт иесіне», ата-бабаларының аруағына сиынып, Құдайға жалбырынады, дұға оқиды, үй табалдырығынан «бисмиллә» деп оң аяғымен аттап, ішке кіреді, шаңыраққа қарап: «Ассалаума-ғалейкум!» деп сәлем бере-ді, бүркітінің томағасын сыпырады, босана алмай жатқан әйелге қолындағы құсымен тақап барады. Мұнан кейін құсбегі қолындағы бүркітін тербей, құс қанатымен екіқабат әйелді желпиді. Бұл әрі құс қанатымен аластау болып саналады. Бүркітті көріп есін жиған әйел тез босанады, толғағы жеңіл болады, баласы бүркітке тартып батыл, батыр, қайсар болып өседі. Әрине, мұны айтушылар көнекөз қариялар, халық емшілері, тәжірибелі құсбегілер. 
Бүркіттің дене мүшелерін қастерлеп ілу
«Бүркіт бір сілкінсе, бір пәле кетеді», - деп сенетін қазақтар ежелден-ақ бүркіттің терсін де, қауырсынын да, қанатын да, басы мен тұмсығын да, тұяғын да, «ұлы денесін» де құрмет тұтып, ол өлген соң бұл мүшелерді аяқ асты тастамай, ырымдап әр жерге іліп қояды. Яғни, бүркіттің басын, аяқ, тұяғын жас отау тұратын үйдің төріне, жас жұбайлардың тұскиіз, шымылдық, төсек бастарына, жас сәбидің бесігінің басына іліп, ол жас отауды, жас жұбайларды, жас сәбиді әртүрлі тылсым әрекеттерден, «қара күштерден», жын-шайта-ннан, көз-сұқтан қорғайды деп сенеді. Сондай-ақ, ақ шашты әжелер бала бесігіне бүркіттің дене мүшелерін ілгенде: «балам бүркіттей алғыр, қайсар, батыл болсын», - деп ізгі тілек те айтады. 
Бүркітті, оның құрал-жабдығын мұралыққа қалдыру
Құсбегі бүркітшілік өнерін ұрпағына үйретіп кетуге тиісті. Ол бүркітін көтеріп жүре алмайтын немесе кәсібін балаларына, туған-туыстарына жалғастыруға бермекші болған кезде «бүркітімді енді сен көтер» деп солардың біріне сыйлайды. Мұрагерлікке құсы-мен бірге оның құрал-жабдықтарын да береді. Бүркітті қабылдап алушы жас құсбегі: «Әкемнің бүркіті», «атамның бүркіті», «ағайымның бүркіті» деп мұра бүркітті басқаларынан ерекше қастерлеп, ұстай-тын болады. Кейде қарт бүркітшілер өлер алдында: «Менің құрал-жабдықтарымды түгенше деген бүркітшіге беретін болыңдар», - деп өсиет те айтады. Мұрагерлері бұл заттарды киелі санап, жоғары жаққа іліп қояды. 
Бүркітті сыйлау, оған сәлем беру
Қазақ халқының ежелгі салты бойынша, сырттан үйге ең алғаш кіргенінде адамдардың қай-қайсы да әуелі шаңыраққа сәлем береді. Егерде сол үйдің оң жағында, тұғыры үстінде бүркіт отырса, содан кейін оған да сәлем беріп, құр- мет көрсетеді. Үйдегі үл-кендер: «бүркіттің алдын кесіп өтпеңдер, артынан айналып өтіңдер», - деп ескертіп отыруға тиісті. Қыз-келіншектер, олардың ішінде жеңіл жүрістілері бүркіттің алдын кесіп өтсе, «бүркіттің сағы сынады», - деген наным бар. Егерде амалсыз бүркіттің алдынан өтуге тура келсе, адамдар «бисмиллә» деп өтуі қажет. 
Бүркіт қону, бүркіттің түске енуі
Киелі құс бүркіт ауылға ұшып келсе, үйдің шаңырағына, қора-қопсы ның үстіне қонса, қазақ-тар: «Бүркіт қонды – бақ қонды», - деп ырымдап, қуанады. Өйткені, кез-келген түз бүркіті ауыл маңайына ұшып келмейді, үй, қора төбесіне қона бермейді. Бұлай жасайтындар басқа жақтағы құсбегілердің «қол құстарынан» айырылып қалғанында болып тұрады. Және де бүркіті қартайған-да кейбір құсбегілер оны ауылынан ұзатып, көкке ұшырып қоя береді. Алайда олар өз ауылына ұшып келмегенімен, басқа ауыл іргесіне барып қонуы мүмкін. Жас бүркітті ұстап алып, иесі табылса апарып береді, кәрі бүркітке жем беріп асырайды. Сөйтіп, қазақтар: «Үйімізге, ауылымызға бүркіт қонды, бас аман, мал өседі, жақсылық болады», деп ырымдап жатады. Қазақтардың наным, сенімінде бүркіт – жолы ашық құс. Бүркіттің түске енуі – жақсылық. Түсінде бүркіт біреудің басына, иығына қонса: «Оның бағы жанады, басына бақыт, байлық оралады». Түске ақ бүркіт, ақ ала бүркіт, ақиық бүркіт енсе жақсылықтың нышаны. Түске қара, қара қоңыр бүркіт енсе, «тым жақсылық емес, жағдайдың қара байырла-натынының белгісі». 
Қостанайлық шежіре
– жүрек асыл ағаларымыз-дың бірі, Қарабалық ауданының «Бозкөл» стансасында өмірге келіп, 96 жыл ғұмыр кешкен Өтеміс Қалиев Қосет батыр, Тілеулі батыр жөнінде 1997 жылы мынандай естелік айтқан еді: «Ұзын Қыпшақ Тілеулі батыр жас кезінде түс көреді. Түсінде оның оң иығына алтын тұмарлы, үлкен бір ақиық бүркіт келіп қонады. Иығынан алтын сәуле жерге құйылып, даланы жап-жарық етіп жібереді. Жас Тілеулі бұл түсін атасы Әлібекке барып айтады. Ол үн-түнсіз ойға шомып отырып қалады да: «Балам, Аллаһ Тағала жолыңды оңғарып, басыңа арайлы атақ-даңққа толы батырлықты қондырғалы отыр екен. Батырлығың еліңді бақытқа бөлемекші. Көрген тамаша түсің құтты болсын. Жақсы ырым – ырыс, ынтымақ шақырады. Түсіңе ақсарбас шалып, ағайынның басын қосайын!», - деп құрбандық шалады, ақ дастарқан үстінде Тілеуліге: «Ел қорғайтын батыр бол!», - деп ақ батасын береді. Аллаһ Тағаланың құдіретті күші мен шарапатында шек бар ма?! Тілеулі қолбасшы, жаужүрек батыр болады. Әлі-ақ оның атақ-даңқы мен аты қазақ тарихында алтын әріптермен жазылып қалады...». Тарихи тұлғалардың өмірінде мұндай оқиғалардың орын алғаны ақиқат екен. Оны тарих ғылымдарының докторы, этнограф Б.Кәмәлашұлы да өзінің 2006 жылы Алматыдағы «Өнер» баспасынан шыққан «Қазақтың дәстүрлі құс-бегілігі және атбегілігі» атты кітабының 65-бетінде былайша қуаттап жазады: «Қазақ тарихында түсінде бүркіт көріп, кейін бағы жанып, ел басы, елін қорғаған батыр, би, шешен болғаны жайлы дерек, мәліметтер көптеп кездеседі. Түс Алланың адамға көрсеткен ишара белгісі болғандықтан, қасиетті бүркіт арқылы аян беруі де мүмкін болмақ». 
Бүркітке шашу шашу
Дешті Қыпшақ елі кезінде «Қыран бүркіт – қанаттылардың ханы», деп, оны қатты қастерле-пті. Сол заманнан халқы-мыздың тұрмысында қалыптасқан дәстүр: кімде-кім ең алғаш рет ауылға, үйіне бүркіт ұстап әкелсе, ауыл әйелдері ақ дәмнен бүркітке шашу шашады. Бұл: «Құсың – қыран, ақ жолтай болсын!», - деген ізгі тілектің белгісі. Әйелдер бүркітке ақ дәмнен шашу шашып болған соң: «Бүркітің тіл-көзден аман болсын!», - деп тілек айтады да бүркіттің иығына, арқасына үкі тағады. Мұның бәрі бір жағынан, бүркітті киелі құс санап, оған бас ію, екінші жағынан бүркіттің батырлық символы екенін мойындап, оны құрметтеп, қастерлеу. Шашу шашуды, үкі тағуды сол ауылдың аяулы әжелері, аналары, егде әйелдері атқарады. 
Бүркітті «жерлеу»
Өзінің асыл қазынасы санаған, атасы мен әкесінен мұрагерлікке қалған, көп жылдар бойы серігі болған ақиық бүркіті жазатайым мерт болғанында, кәртайып өлгенінде оны көп құсбегілер құрмет-теп жерлейді. Осы бүркітті ұясы, ұстап алған жері жақын болса, сол маңайға апарып, денесін ақ шүберекке орап, мекенді жерінің биік төбесіне, ұясының қасындағы жер қойнына береді. Кейбір құсбегілер өлген бүркітінің басын кесіп алып, үйінің төріне іліп қойып, үнемі көріп, еске алып отырады. 
Бүркіт сыны
Бүркітті әрбір дене мүшесіне қарай, сынайды. Оның атаулары сынына сәйкес төмендегідей. 1. Бүркіттің басы мен тұмсығын бағалау: бақабас, жыланбас, кеш- кілбас, торсықшеке, тобы-ршықшеке, тереңқабақ, айқабақ, иіржақ, жыланезу, қайырылған езу, қоңқытұмсық, көктұмсық, жұқатұмсық, қылыштұм-сық, иіртұмсық, шығырық- тұмсық, қысқатұмсық, т.б. 2. Бүркіттің көзін бағалау: жайнаған көз, шатынаған сарғыш көз, шырадай жанғыш көз, тоғайлыкөз, кандыкөз, шүңіреккөз, қаракөз, қыс-ықкөз, құмкөз, дүзкөз, жадағай көз, қанқызыл көз, ақ шегір, алты шегір, жезшегір, көкшегір, күре-ңшегір, кішірекшегір, қан-шегір, т.б. 3. Бүркіттің қанат, құйрық, қауырсынын бағалау: қайқықанат, солқылдақ қанат, қара қанат, жеңіл қағысты қанат, аққанат,  салқықа-нат,алақанат,сөлбеңқанат, құлашты қанат,  абдыра қанат, дөңгелек қанат, қияққанат, құрт қанат; кездей құйрық, ақ құйрық, келте құй-рық, шолақ құйрық, тарлан құйрық, ұзын құйрық, күрек құйрық, ағаш құйрық, майысқақ құйрық, қамыс құйрық; сұңқар қалып, ірі қау-ырсын, доғал қауырсын, т.б. 4. Бүркіттің санын, аяғын, саусағын, тұя-ғын, табанын бағалау: сидасан, серкесан, шоқ- парсан, қаттысан, дома-лақ сан, түйірсан; долана толарсақ, жуансіңір, жуан аяқ, үкі аяқ, күшіген аяқ, қисық аяқ, ақ аяқ, сұңқар аяқ, кек аяқ, тоғысай аяқ; кекболатты саусақ, быштығыр саусақ; болат тұяқ, үкі тұяқ, ұзын тұяқ, алғыр тұяқ; қара табан, бүршік табан, ақ табан, сар табан, т.б. 5. Бүркіттің өң-түсін, жүн ретін бағалау: қара ала, сары ала, ақ ала, ала, қара кер, қоңыр, көк сұр, құласұр, қызғылт, жирен ақиық, қоңырала қара, шұбар, ақ; кесек жүнді, жапырақ жүнді, ала жүнді, қабырақ жүнді, көк шаңғыттай жүнді, тура жүнді, қияқ жүнді, қызыл балақ, қанды балақ, қызыл шуда, т.б. 6. Бүркіттің денесін бағалау: ұзын құс, кербез құс, жапырақ құс, төртбақ құс, домалақ құс, қайқы төс құс, жатаған құс, шомбал құс, т.б. 
Бүркіт – киелі құс
Тәуелсіздік алып,  әлем картасында Қазақстан  атты  мемлекеттің пайда  болғанына биыл 25 жыл толмақ.  Өмірі мен тарихы әріден келе жатқан, сүрлеу-соқпағы ықылым заманнан арнасын  тартқан  қазақ халқын көзге қалай елестетуге болады. Оған берер жауап дайын. Біз әрдайым қарапайым,  еңбекқор, қажырлы, табанды халқымызды қыран құсы, ұшқыр тазысы мен жүйрік аты және  үкілі домбырасы арқылы  танып білеміз. Ата-бабамыз осы дүниелерді қастерлеп ұстаған, серігі еткен. Қарапайым қазақ тірліктегі  нәсібін де  осылардан  тауып, азық еткені мәлім. Халқымыздың ежелгі салтында қыран баптап, аңға шығу дәстүрі қалыптасса, мұны спорттың бір саласы, саламатты өмір салтын ұстану десе де болады. Таза ауада уақыт өткізудің өзі бір ғанибет екенін бастан өткерген жанмын.

Бүркіттің жас атаулары

Бүркіттің жасы туралы әртүрлі айтылымдар бар. Әр жердің құсбегілері әр алуан атаулармен атайды. Көнекөз қариялардың айтуынша, 33 түлеген құсты көзімен көргендер болыпты. Бірақ, қазақ құсбегілері құс жасын ең ұзағанда 12 жасқа дейін айта алады.

Құсбегілер көбірек айтатын құс жасын төмендегідей төрт түрге бөлуге болады:
1-түрі:
1 жас ———— Балапан
2 жас ———— Қан түбіт
3 жас ———— Тірнек
4 жас ———— Тас түлек
5 жас ———— Мұзбалақ
6 жас ———— Көк түбіт
7 жас ———— Қана
8 жас ———— Жана
9 жас ———— Май түбіт
10 жас ———— Барқын
11 жас ———— Баршын
12 жас ———— Шөгел
деп бүркіттің 12 жасын 12 мүшелге немесе буынға дейін көрсетеді.
 
2-түрі:
1 жас ———— Балапан
2 жас ———— Тірнек
3 жас ———— Тас түлек
4 жас ———— Ана
5 жас ———— Қана
6 жас ———— Жана
7 жас ———— Құм түлек
8 жас ———— Қу түлек
9 жас ———— Сұм түлек
Одан кейін кәрі бүркіт, Мола деп бүркіттің мүшел жасын он буынға бөледі.
 
3-түрі:
1 жас ———— Балапан
2 жас ———— Қан түбіт
3 жас ———— Тірнек
4 жас ———— Тас түлек
5 жас ———— Қанды балақ
6 жас ———— Көк түбіт
7 жас ———— Қана
8 жас ———— Жана
Одан кейін  Мола тоғыз буынға бөледі.
 
4-түрі:
1 жас ———— Балапан
2 жас ———— Тірнек
3 жас ———— Тас түлек
4 жас ———— Ана
5 жас ———— Қана
6 жас ———— Жана
7 жас ———— Құм түлек
8 жас ———— Баршын
9 жас ———— Қоңыр түлек
10 жас ———— Кәрі түлек
11 жас ———— Ақ түлек
12 жас ———— Ақыр түлек
Кейбір құсбегілер бүркіттің тұмсығындағы ирегін санап, құс жасын межелеп жатады. Бірақ, құс тұмсығындағы ирек 8-9-ға барғаннан кейін тоқтап қалады. Одан кейінгілерін қу тұмсық дейді.
 
Қосымша жаңалық:
Жақында интернет бетінде жарияланған мына суреттер құстану саласындағы ғалымдардың өзін қайран қалдырған.


Танзаниядағы бір жабайы хайуанаттар қорығында жетілген крокодил баласын аулаған бүркіт. Мұны суретке түсіріп алған жол бастаушының айтуынша, қаншама жыл жабайы жануарлар тұрмысын зерттеумен айналысып келсе де, дәл мұндай таңғажайыпты тұңғыш рет көруі екен.


Ал біз, қазақтар, қыран бүркіттің қасқыр, қарақұйрық, елік сынды ірі аңдарды аулайтынын жақсы білеміз. Ашынса, адамға да түсер сәттерін көрмесек те, естіп жүрміз. 

Қасиетті құс-Бүркіт
left000Бүркіт сұңқар тәрізділер қаршыға тұқымдасының қырандар туысына жататын, және бірбеткей саналатын, мекенді жыртқыш құс. Латын тілінен аударғанда Алтын қыран деген сөзді білдіреді. Себебі бұл атау латыншадан алғанда өз жемтігін бүріп қысып, ұшып жүріп тырнағымен бүріп ұстап қанталап алатын жыртқыш. Түркі халықтарының көпшілігі осы жыртқыш құсты бүркіт деп атайды. Бүркіттер жұптасып тіршілік жасайды. Таулы жерде көп мекен етеді. Алматы облысының таулы аймақтарында көптеп кездеседі. Бүркіттің аяғы төрт саусақты: артқысы тегеурін, ішкісі жембасар, ортаңғысы сығым, шеткісі шеңгел. Қыран бүркіт батылдықтың, мықтылықтың, ерліктің, бостандықтың құсы.Бұрыңғы ата бабаларымыз бүркіт қасиетті құс болғандықтан, сұсынан жын шайтан қашады деп бүркітпен аластауды салт етіп ұстаған. Көршінің не болмаса көрші ауылдың үйлеріне бақытсыздық орын алған жағдайда, не болмаса жұмыстары жүрмесе, беймаза күндері болса, не болмаса отбасы мүшелерінің біреуі қатты сырқаттанса, үйдің бүркітімен аластатып ұшықтап алатын. Қазақ ауылдарына тараған сырқат адамдарды емдеу, шипалық емдері болған. Ол тәсіл бүркітпен емдеу еді. Бұл ем көбінесе жын шайтаннан, бір жаманнан қатты қорыққан, шошынған, ұшынған, есалаңмен, басында ауытқулары бар адамдарды Бүркітпен сауықтыру қолданылып келді. Әсіресе ақыл есі кеміген адамдарды, әуелі де оларға итті көрсетіп, сосын сырқатын бүркіттің қанатымен желпіп ұшықтаған. Одан соң аластап, басын бүркітпен сәл ғана ұрған. Сырқатын емдегенде көбінесе қартайған қыран құстар таңдалынады. Себебі жасы келген бүркіттің қуаты мен емі күшті. Саңқылдап шақыратын бүркіттердің дауысынан жын шайтандар қашып кететін.right000Кей ауылдарда босана алмай жатқан келіншектер болғанда құсбегілер бар болса, қиналып жатқан әйелдерге бүркітшіні шақырып, бүркітімен желпитін әдеті болған. Ауыл құсбегілерінің ең мықты бүркіті таңдалынып, толғағы қысқан, ауырлаған әйелді бүркітпен желпу әдісін қолданған. Босана алмай жатқан әйелдің үйіне бүркітті алып келіп, дәреттеніп, Бүркіт иесінің аруағына сиынып, дұға оқып, біссмілләсін айтып, оң аяғымен кіріп, шаңыраққа қарай, Ассалаумағалейкүм деп сәлем берген. Бүкіттің томағасын сыпырып, босана алмай жатқан келіншекке қолындағы құсымен тақап отырып, қанатымен екіқабат әйелді желпіген. Бүркітті көріп, есін жиған әйел, оңай жеңіл босанады.Сырттан үйге кірерде әуелі шаңыраққа, сосын сол үйдің оң жағында бүркіт отырған жерінде бүркітке де сәлем көрсеткен. Бүркіттің алдын кесіп өтсе, бүркіттің сағы сынады деген. Егер амалсыздан бүркіттің алдынан өткен жағдайда, бісмілләләп өткен. Себебі Бүркіт қозып кетін жағдайы болған.Көп уақыт өмір сүріп, бүркіт қартайып өлген кезінде, құсбегілер құрметтеп жерлеген. Денесін ақ шүбереке орап, мекен еткен жерінің биік төбесіне ұясының қасына жерлеген. Ескерткіш үшін басын кесіп, іліп те қойған.left000 
........

Приложенные файлы

  • docx 16820540
    Размер файла: 1 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий