мемлекет пен &amp#1179&amp#1201&amp#1179ы&amp#1179 теориясыны&amp#1187 негіздері


Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы
Мемлекеттiң негiзгi түсiнiктерi
Құқық туралы негiзгi түсiнiктер
III. Қорытынды бөлім
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Ғылымның немесе оқу құралының өзіндік реттейтін, оқытатын пәні болады. Мемлекет және құқык пәні- қоғамдағы саяси экономикалык, әлеуметтік кұбылыстарды зерттеп, коғамдық өмірдегі карым-қатынастарды реттеу, баскару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңды- лықтарын анықтап отыратын ғылым. Ол мемлекет пен кұкықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді. Мемлекет пен құкықты бөліп қарауға болмайды, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Құқық мемлекеттік органдардың құрамын қалыптастырудың ретін, жүмыс тәртібін және оның бағыт-бағдарын орнықтырады, ал мемлекет құқықтық нормаларды қабылдайды, бекітеді және қорғайды.
 
Методология (әдіс-тәсіл) - дүниені философиялық түрғыдан түсіндіретін ілім. Ғылыми методологияның негізі - диалектикалық материализм. Мемлекет және құқык теориясының методологиясы философияның обьективтік заңдарына, теориялық қағидаларына сүйене отырып, логикалық әдіс-тәсілдер арқылы мемлекет пен кұкыктың өмірге келу, даму заңдылыктарын зерттейдІ. Бұл зерттеу процесінде теория мен тәжрибенің бірлестігіне сүйене отырып, қортынды ғылыми тұжырымдар жасалады. Сонымен мемлекет және құқық теориясының әдісі - диалектикалык материализм методологиясы және заң ғылымдарының зерттеу тәжірибесінен қалыптасқан әдіс-тәсілдер.
Адам қоғамының тарихын, даму процесін, мазмұнын, болашағын зерттейтін ғылымдарды қоғамдық ғылым дейді. Оның салалары: философия, саяси экономика, тарих, социология, заң ғылымдары, филология, археология, этнография т.б. Бұлардың ішінде мемелекет пен құкык теориясына кеңірек көңіл бөлетін философия мен тарих, ал басқалары қысқаша тоқтап өтеді.
Заң ғылымы - коғам ғылымдарының бір саласы. Заң ғылымы шын және толық мәнінде заң дүниесін, зан кұрамын жете танитын ғылым болып XIX ғасырдың ортасында қалыптасты. Бұл ғылым мемлекет пен кұқыктың өмірге келуін, мазмұнын, атқаратын жұмыстарын, диалектикалык даму процесін т.б. мәселелерін зерттеумен шүғылданады. Заң ғылымдары үш топқа бөлінеді:
 Мемлекет және құқық теориясы, мемлекет пен құкықтың жалпы тарихы, құкық пен саясаттың тарихи дамуы;
Салалык заң ғылымдары (азаматтык, қылмыстық, еңбек т. б.)
 Арнаулы заң ғылымдары (криминалистика, соттық медицина, халықаралық құқық т. б.).
Мемлекеттің дамуы - мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде калыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттін, күш-қуатына үйренетін басқару жүйесі.
Мемлекеттің пайда болуының, дамуыныц бірнеше турлері бар:
1. Шығыс елдерінде (Иран, Индия, Қытай, Араб т.б. шығыс типті елдерде) мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдык меншікті қорғаумен байланысты. Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі құрылыстар болды; ірі су каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүйелер құру, құрғақтылықпен күресу. Міне осы күрделі жүмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: шенеуніктер, ру, тайпа басшылары, хандар, корольдер мен императорлар болды.
Сонымен, Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің калыптасу себептеріне:
-ірі ирригациялык жүйелерді жасау;
-оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру, біріктіру;
-барлық жүмыстарды бір орталықтан басқару жатады.Мемлекеттің басқару аппараты бұрынғы ру, тайпаны басқарған аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамьм, Х1Х-ХХ ғасырларға дейін көп өзгермей, сакталып келді (Қытай, Иран т.б.).
2. Еуропалык елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы калыптасты.
Афина мен Римде алғашкы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті топтар мен таптар мемлекеттік билікті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер, көбінесе, демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты.
Германияда мемлекеттің қалыптасуы баскаша болды. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық катынастар дами бастады. Осы типті мемлекеттер Европаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда және т. б. калыптасты.
Құқықтың дамуы - адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарынын бірі. Ол-әлеуметтік нормалардың қалыптасып, коғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғүрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте кұқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді кесімдер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік Қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Maнy заңына сүйенді, ал мұсылман елдерінде - Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, баскарды.
Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан Мемлекет пен құқық қашан пайда болды, калай дамып келеді?- деген мәселелермен шұғыл-данып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.
Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қыскаша тоқталып өтейік.
Теологиялық теория - мемлекет пен кұқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.
Табиғи теория - бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жок, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік үғымдар деп атайды.
Тарихи теория - осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құкық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.
Патриархалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжрибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінін мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдык отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы - монарх.
Психологиялық теория - адамдардың психологиялык біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды колдайды және тағы баскалар.
Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда болып, ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымның шеңберінде өмір сүрді. Бүл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы ғасырларға созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы калыптасты, ал барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі "әдет" заңына бағынып келген.
1465 жылы тарихта тұңғыш дербес қазақ хандығының негізі қаланып, Жәнібектің ұлы Қасым ханның тұсында көркейіп, қуатты мемлекетке айналды. Қасым хан казақтың құкықтык әдеттерін жүйелеп "Қасым салған қаска жолды" тұжырымдап берді. Ол бес тараудан тұратын:
Мүлік заңдары (мал, мулік, жер дауы мәселелері).
Қылмыс заңдары (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, урлық мәселелері).
Әскери заңдар (қосын, әскери міндет,тұлпар am, қара қазан мәселелері).
Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік,сыпайылық, әдептілік).
5.Жұртшылык заңы (ас, той, мереке, жасауыл және т. б).
Қоғамның даму барысы қазак заңдарының одан әрі жетілуіне әкеп соқты. Осындай міндетті Есім хан (1598-1645 жж.) бұрынғы қазақ заңдарына, әдеттеріне жаңадан дем беріп, әсіресе, әскери заңдардың беделін күшейтті. Бұл әрекет жоңғар калмақтарының бас-кыншылығына тойтарыс беруге бағытталды. Есім хан өзінің заңдар жинағында ежелгі құқықтық әдеттерді қаз-қалпында сақтағаны үшін оған халык "Есім ханның ескі жолы" деген ат берді.
Өз заманында Тәуке хан (1680-1718 жж.) дәуір ыңғайына сай бейімдеп қазақ заңдарын жинап, топтастырып, мемлекеттік дәрежеге көтерді. Тарихта бұл заңдар "Тәуке ханның жеті жарғысы" деген атпен белгілі. Жеті жарғыда бұрынғы әдеттерге қосымша жаңа ережелер, қағидалар енгізілді.Бұл тарихи құжатта мемлекеттік, әскери іс, шаруашылық, қылмыс, діни, жұртшылық, отбасы және неке мәселелері қамтылды.
Мемлекеттің негізгі түсініктері: 
Қазіргі заманғы мемлекет - қоғамның калыпты тіршілігі мен дамуын қамтамасыз ететін, өзінде тұрып жатқан азаматтар мен халықтардың құкықтарын, бостандықтарын әрі заңды мүдделерін қорғайтын, мемлекеттің өз ішіндегі және сыртқы даулар мен жанжалдарды шешетін институт.
Мемлекет - белгілі бір аумақ шеңберінде халықты өз ыркына көндіріп отыратын, бүкіл коғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, барлық халықка міндетті заңдар мен ереже-қағидаларды шығарып қабылдайтын, халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым.
Мемлекеттің белгілеріне мыналар жатады:
Мемлекеттік билік - ерекше көпшілік билігі, яғни халық билігі.
Мемлекеттің халқы әкімшілік жүйеге бөлінеді, Азаматтары шекарасы белгіленген әкімшілік-территорияның аумағында тұрады.
Ішкі және сыртқы саясатын жүргізуде тәуелсіз.
Билік жүргізетін органдарының болуы. Бұл органдарда тек қана басқару қызметімен шұғылданатын адамдар болады.
Заң шығару құқығы болады және заңдарды мемлекеттің аумағында тұратындардың бұлжытпай орындауы.
Мемлекеттің басқару органдарының аппаратын ұстауы және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін салық жинауы.
 
Мемлекеттің нысаны көбіне үшке бөлінеді: басқару нысаны, мемлекеттік құрылымынын нысаны және саяси режим.
Басқару нысанына оның жоғарғы, орталық және жергілікті органдарының құрылу жолдары, олардын қарым-катынасының принциптері және оларды сайлаудың түрлері мен ерекшеліктері жатады.
Мемлекеттің басқару жолы монархия және республика деп екі түрге бөлінеді. Монархияда жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бүл билік мұрагерлікпен беріледі. Мысалы, оған жататындар Англия, Бельгия, Норвегия, Швеция, Жапония және Дания елдері.
Егер мемлекеттерде жоғаргы және төменгі органдардың бәрі сайлаумен белгілі бір мерзімге құрылатын болса, осындай мемлекеттік басқару формасы республика деп аталады. Казіргі кезде республиканың екі түрі кездеседі: президенттік - (АҚШ, Франция, Ресей, Түркия, Қазақстан т.б.) және парламенттік республикалар - (Италия).
Мемлекет нысанының екінші элементіне мемлекеттік құрылымының нысаны жатады. Бұл - мемлекеттің жергілікті әкімшілікке бөлінуі, сол бөлімдердің бір-бірімен катынасы және мемлекет пен бөлімдердің арасындағы байланыстары. Мемлекеттер осы бойынша унитарлык, федеративтік және конфедеративтік болып үшке бөлінеді. Мысалы: Қазақстан Республикасы унитаралық мемлекет - оның жері тұтас, ол бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды.
Мемлекеттің нысанының соңғы элементі - саяси режим. Мемлекеттің саяси режимін, оның қолданатын әдістерінен, азаматтарды құқықтары мен бостандықтарының дамуы және кепілдіктері, демократиялық институттарды қолдануынан білуге болады. Саяси режим демократиялык, демократияға карсы болған режимдер болып бөлінеді.
Енді мемлекеттің қызметтеріне келсек, ол күрделі екі топқа: ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Мемлекеттің ішкі қызметтеріне:
экономикалық;
әлеуметтік;
қаржы реттеу;
мәдениет бағытындағы;
экологиялық;
құқықтық тәртіпті реттеу жатады.
Сырткы кызметтеріне:
шет мемлекеттермен екі жақты пайдалы қарым-катынастарды дамыту;
мемлекетаралык саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту;
- мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру;
- дүниежүзілік ғаламдық мәселелерді реттеп, іске асыру;
- мемлекеттің қорғанысын, қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және т. б. жатқызуға болады.
Қүқыктық мемлекетті калыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болған. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттік жолмен дамуын армандады. Аристотель: заң үстемдігі болмаса, демократия жоқ деді. Қазіргі заманда құқықтық мемлекет туралы пікір жан-жақты дамып, дүние жүзінің ғалымдары бір тұжырымға келіп, ортақ ғылыми көзқарас қалыптасты деуге болады.
Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары:
1. Заңның үстемдік етуі.
Мемлекеттік биліктің бөлінуі.
Тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығы.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шын мәнділігі, олардың құқықтық және әлеуметтік қорғалатындығы.
Саяси және идеологиялық плюрализмнің болуы.
Азаматтық коғамның қалыптасуы.
7.Ішкі заңдардың көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптеріне сәйкес келуі. Адамдар "заңның құлы" болмайынша құқықтық тәртіп те, демократия да жақсы дамуға тиіс емес, Бұл туралы өмір тәжірибесінен қалыптасқан өсиет сөз бар:Заң - мемлекеттің ақылы.
Сот - мемлекеттің жүрегі.
Мәдениет - мемлекеттің тәртәбі.
Міне, осы үш қағидалы өсиет өзара бірігіп, қалыптасып және мемлекеттің ішкі заңдары көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келсе, елімізде құқықтық, мемлекет орнайды. Қорыта айтқанда, құқықтық мемлекет дегеніміз - жеке тұлға мен қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет.

Құқық туралы негізгі түсініктер:
Норма дегеніміз - бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже. Нормалардың коғамда калыптаскан екі түрі бар: әлеуметтік нормалар мен техникалық нормалар.
Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп, баскарып отыратын негізгі құрал - әлеуметтік нормалар. Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің, мінезінің, тәртібінің қоғамдық ережесі болғандықтан коғамды баскарудың, қатынастардың құралына айналды.
 
Бұл нормалардың негізгі түрлері:
Құқық нормасы.
Моральдық нормалар: жақсы-жаман, дұрыс-бұрыс, әділеттік-«әділетсіздік, достық-қастық, инабаттылық, парасаттылық, адамгершілік т. б. қасиеттер.
Саяси нормалар
Эстетикалық нормалар
Қоғамдык ұйым, ұжымдардың ереже қағидалары
Әдет-ғұрып нормалары
Салт-дәстүр нормалары
Діни, имандылық, инабаттылық нормалары
 
Техникалық нормалар - адамдардың табиғатпен,техникамен дұрыс қатынас, байланыс жүргізу ережелері. Қазіргі заманда ғылыми-техникалық прогресс уақытында техникалық нормалардың манызы өте зор. Табиғатпен байланысты қоғамның барлык салаларында техникасыз өмір жоқ. Сондықтан адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің алдындағы кезек күттірмейтін мәселелердің ең күрделісі.
Қоғамның тарихи объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір бар: біріншісі, Қоғамның дамуын басқаратын, реттеп отыратын факторлардың бірі - құқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырайды. Бүл пікірді заңды көзқарас дейді. Екіншісі, бірінші пікірге қарсы пікір. Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі, маңызы жоқ деп түсіндіреді. Бұл пікірді заңды нигилизм дейді. Нигилизм қоғамда қабылданған, бүкіл адамға пайдалы нормаларды, жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау деген түсінік.
Сонымен, құқық дегеніміз мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің (нормалардын) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.
Құқық мазмұныныц негізгі элементтері:
қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау,орындау;
қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
коғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т. б. бағытын дамытып, нығайту;
мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзыретін, ара-қатынасын реттеті, басқару;
-халыкаралык қатынастарды реттеп, басқару.Құқықтың екі түрлі түсінігі болады; біріншісі - құқықтың обьективтік түсінігі қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі - құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.
Құқықтың негізгі функциялары: реттеу және қорғау.
Құқықтың реттеу функциясы - нормативтік актілер аркылы қогамдық қатынастардын байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқыктың қорғау функциясы - нормативтік актілердің коғамдағы карым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.
Жоғарыда айтылғандай, құқық - жалпыға бірдей міндетті, мемлекет камтамасыз ететін, коғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма - құқықтың бір клеткасы, қоғамдық катынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-катынасын реттеп, басқарып отырады,
Құқықтық нормалардың белгілері:
1.Норма мемлекеттік органнын қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлгісіне айналады, өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
2.Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субъектілер өз еркімен іс-әрекет етуге, тек заңға нұқсан келтірмеулері керек.
Норма ерікті түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.
Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.
5.Құқықтық норма адамдардың, қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде жұмыс істейді.
 
Сонымен, құқықтық норма - қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида.
Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп, оның құрылымын қалыптастырады. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екіге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормалары.
Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде нормалардың элементтері 1-ші бабында толық көрсетілген.
Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік кесімдердің баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі.
Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозиция - қатынастың мазмұны мен субъектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардын міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі (ҚР Азаматтык кодексінің 482 бабы). Диспозицияның үш түрі болдады:
Жалпылама түрі: нормада субьектілердің міндеттері мен құқығы айқын көрсетілмейді.
Толық айқын түрі: мазмұны нормада айқын көрсетіледі. Мысалы, Қылмыстық кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі.
Сілтеу түрі: мазмұны туралы басқа бір нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, Азаматтық кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданылады.
Гипотеза - диспозиция қашан басталады, аякталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (ҚР Қылмыстық кодекстін 7-бабы). Гипотезаның жалпылама күрделі, альтернативтік түрлері бар.
Санкция - құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет кандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияпың турлері: абсолютmi анық, баламалы, салыстырмалы.
 
Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:
1.Қоғамның әр саласына қарай өндірістік, ауыл-шаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т. б. бағыттағы нормалар.
Құқықтың әр саласына қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-процессуалдық, қылмыстық- процессуалдык, т.б. саладағы нормалар.
Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар, қорғаушы нормалар.
Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді:міндеттеуші, тыйым салушы, ерік беруші нормалар.
5.Мамандандырылған құқықтық нормалар - қоғамның мамандық салаларының карым-қатынасын реттеп, басқаратын нормалар. Мысалы, азаматтық, кылмыстык,
зангерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағытындағы нормалар және т.б.
 
Құқықтьқ нысаны - мемлекеттік биліктің нормаға, заңға айналу түрлері, олар:
Құқықтық әдет-ғұрып. Бұл құқықтың негізгі қоғам тарихында мемлекеттің қалыптасу кезеңінде өмірге келген құқық нысаны. Әдет-ғүрып нормалары адамдардың карым-катынасында ғасырлар бойы қолданылған, өмірде жан-жақты тәжірибе арқылы қалыптаскан. Мысалы, Maнy заңы, орыс правдасы, "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", Тәуке ханның "Жеті жарғысы" т.б. айтуға болады. Қазақ қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық әдеттерін дамытқан. Қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда, күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған. Сонымен қатар, қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған. Әдет-ғүрып нормалары арқылы қазіргі кезеңде де дамушы елдерде біраз қарым-қатынастар реттеліп,басқарылып жатады.
Құқықтық прецедент - соттың және әкімшілік органның нақты бір істі - мәселені карап, реттеп, шешім қабылдаған кесімдері басқа істерді, реттеп шешуге негізгі норма бола алады. Бұл шешімдер нормативтік актілердің бір түрі.
Нормативтік шарттар қоғамдағы қатынастардың негізі бола алады. Мысалы: Германия Федеративтік Республикасы мен Германия Демократиялық Республикасының бірігу шарты, мемлекеттердің арақатынасындағы шарттар, кәсіпшілер одағының ұжымдық шарттары т.б.
Референдумда қабылданған нормативтік кесімдер - заңның бір түрі. Сондықтан бұл кесімдер құқықтың ең күрделі, ең басым негізі. Референдум жалпы мемлекеттік түрде және жергілікті мақсатпен өткізіледі.
5. Нормативтік-құкықтық кесім мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен кесімі. Қоғамдағы карым-қатынастардың басым көпшілігі осы нормативтік кесімдер аркылы реттеліп, басқарылады.
Заңдык, күшіне қарай нормативтік кесімдер екі түрге бөлінеді: заңдар және заңға тәуелді актілер. Бұл нормалар мемлекеттік көлемде, қоғамды басқаратын ең жоғарғы мемлекеттік органның бекіткен құжаттары (президент, парламент, үкімет т.б.).
Мазмұнына карай нормативтік актілер қоғамның әр саласына сәйкес бөлінеді: азаматтық, мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы, кылмыстық т.б. Сонымен катар, нормативтік кесімдер бірнеше саланы біріктіріп реттеп, басқарып отырады. Мысалы, шаруашылық, сауда, әскери, сауда, теңіздік, табиғат т.б. жүйедегі актілер.
Көлеміне қарай нормативтік кесімдер үш түрге бөлінеді: жалпы қоғамдық, шектеулі, төтенше актілер.
Кесімдер қабылдаған субьектісіне қарай үшке бөлінеді: Парламенттің актілері, атқарушы органның актілері, сот билігінің актілері.
Заң - мемлекеттің ең жоғарғы басқарушы органының шығарған, қабылдаған ең жоғары күші бар нормативтік кесім. Барлық заңдар және заңға тәуелді нормативтік кесімдердің Конституцияға сәйкес болуын Заңның үстемдігі дейді. Заңның белгі нышандары:
Мемлекеттің ең жоғарғы басқарушы органы немесе референдумда қабылданған, бекіткен кесімі.
Ең күрделі мәселелер туралы қабылданған кесім.
Заңның өзіне тән арнаулы процедурасы бар, ол төрт кезеңнен тұрады: заң жобасын жасап, ұсыну; жобаны талқылау; заңды қабылдау, бекіту; заңды жариялау.
4.Заңды ешкім өзгертпейді, толықтырмайды. Тек қана қабылдаған орган ғана өзгерте алады, толықтырады.
5.Заң - барлық нормативтік актілердің негізі, діңгегі. Қоғамда заңның үстемдігі қалыптасу керек.
Заңның үш түрі қалыптасқан: Конституциялык заңдар, жай заңдар, төтенше заңдар, Қазақстан- республикасында ұлттық құқық тек қана нормативтік кесімдер аркылы калыптасады. Құқықтың нәр алатын бастауы Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияның ен жоғары заңдық күші бар және республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады.
Заңның күші төрт "өлшемде" жүзеге асырылады: мерзімде, кеңістікте, тәнінде, тұлғаларға байланысты.
Заңның қолданылуы екі бағытта жүзеге асырылады:
1.Заң колма-қол, басылған күннен бастап күшіне енеді. Тек сол күннен бастап пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.
2.Егер заңда бұрын пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады деген қағида болса, заңның кері күші болуы мүмкін, бірақ ол өте сирек кездеседі. Жауапкершілік белгілейтін немесе ауырлататын заңның кері күші болмайды. Егер іс-әрекет жасалғанда оған жауапкершілік заңда белгіленбеген болса, онда ешкім ол жауапқа тартылмайды.
    Заң шығарған орган, әдетте заңмен бірге заңды күшіне еңгізу туралы қаулы қабылдайды, Занның жүзеге асырылуы токтатылса, ол күшін жойған болып есептеледі. Ол мынадай жағдайларда күшін жояды: көрсетілген мерзімі өтсе; күші жойылғаны туралы кесім қабылданса; іс жүзінде күшіндегі заңның орнына басқа заң қабылданса.
Заңның кеңістіктегі күшінің шет мемлекеттің аумағымен және егемендігімен байланысты. Мысалы, Қазақстанның аумағы оның жергілікті әкімшіліктерінің аумағынан, ішкі сулардан, теңіздерден, оның жоғарғы ауа кеңістігінен тұрады.
Заңға тәуелді нормативтік кесімдер - бұлар заңға қайшы келмеуі керек және заңды орындау үшін өмірге келеді. Заңның уакытында әрі дұрыс, орындалуын камтамасыз етеді. Занға сәйкес жергілікті ерекшеліктерді, жағдайды ескере отырып кесім қабылданады. Мазмұнына қарай заңға тәуелді нормативтік кесімдер бірнеше түрлерге бөлінеді.
1.Жалпылама заңға тәуелді нормативтік кесімдер - мемлекеттің барлық аумағында күші бар экономикалық, әлеуметтік т. б. салалардағы қатынастарды реттеп, басқаратын нормалар. (Елбасының жарлықтары, үкіметтің қаулылары).
Жергілікті заңға тәуелді нормативтік кесімдер -жергілікті басқарушы аппараттардың қабылдаған кұжаттары. Бұл кесімдер Президенттің жарлығын, үкіметтің қаулысын орындау негізінде қабылданып және өздерінің құзырында әлеуметтік, экономикалық, мәдениеттік т. б. мәселелерді шешу үшін негізгі бағыттарды белгілейді, шешімдер бекітеді.
Мекемелік нормативтік кесімдер - бұйрықтар, нұсқаулар аркылы өз құзырындағы мәселелерді іске асырудың жолдарын, бағыттарын анықтап, жүмысқа кіріседі.
Бірлестіктердің, одақтардың, ұйымдардың т. б. ұжымдардын заңға тәуелді нормативтік кесімдері.
Com билігінің актілері. Сот жүйесінің көп жылғы тәжірибесіне сүйене отырып, қорытынды ұсыныстар жасалады. Оның маңызы өте зор. Нормативтік кесімдердің кемшіліктерін, қателіктерін толықтырады, жетіспейтін жерлерін жетілдіреді.
Жоғарғы сот мемлекеттің көп жылғы тәжрибесіне сүйене отырып жаңа нормативтік кесім жасайды және оны сот жүйесі қолдануға міндетті. Сөйтіп сот саласының жұмысын жақсартуға тиісті мүмкіншілік жасайды.
Қоғамның диалектикалық процесіне сәйкес құқықтың актілер сан жағынан да, сапа жағынан да күрделі дамып, кейбір нормалардың бір-біріне қайшы келуі молаяды. Сондықтан мемлекет қабылдаған барлық нормативтік кесімдерді жүйе-жүйеге, сала-салаға бөліп реттеп отырады. Оның үш түрі бар: кодификация (мазмұны өзгерген кодекстер, жарғылар, жарнамалар, әскери зандар, салық заны т.б.), инкорпорация (мазмұнын өзгертпей сала-салаға, алфавит, шықкан уақытына сәйкес жүйеге келтіру), консолидация (бір саладағы кесімдерді мазмұнын өзгертпей жүйелеу).
Құқық шығармашылығы - мемлекеттің жұмысының ең күрделі, өте жауапкершілігі зор түрі. Құқықтық шығармашылық тікелей мемлекеттік органның нормативтік кесімдерді, өмірде көп жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтік нормаларды және нормаларды референдум арқылы бекіту арқылы жүзеге асырылады.
Норма шығармашылықтың кезеңдері:
1. Норманың жобасы туралы тиісті органға ұсыныс жасау. Ұсыныс жасайтын субьектілер әр мемлекеттің конституциясында көрсетіледі.
2. Тиісті ресми мемлекеттік орган қаулы қабылдап, жасауға тапсырма береді.
3. Жобаны талқылау.
4. Жобаны парламентте талқылау.
5. Нормативтік кесімді қабылдау, бекіту.
6. Норманы жариялау.
Ел Президенті өз өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша нормативтік жарлық шығарады. Үкімет, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Сот да өз құзырларына жататын мәселелер бойынша нормативтік қаулылар қабылдайды.
Қазақстан Республикасының министрліктері, Мемлекеттік комитеттер, жергілікті өкілетті органдар - мәслихаттар және жергілікті атқарушы органдар өз өкілеттіктерінің ауқымында нормативтік-құқықтық кесімдер жасауға құқылы.
Құқық - қолдану, жүзеге асыру үшін жасалады. Құқықты жузеге асырудыц ерекше тәсілдері бар:
-құқықты сактау (мәні: тыйым салынған әрекетті жасаудан бас Тарту);
-құқықты орындау (мәні: жүктелген міндетті жүзеге асыру үшін белсенді әрекеттер жасау);
-құқықты пайдалану (мәні: түлға өзіне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдалана ма, жоқ па өз еркі);
-құқықты қолдану (мәні: бұл билік кызметін жүргізу арқылы жүзеге асырылады).
Құқықты қолдану бірнеше сатыдан тұрады:
істің нақтылы мән жайларын анықтау;
істің заңды негізін анықтау;
құқықтық норманы қолдану арқылы шешім қабылдау;
шешімді жүзеге асыру.
Қоғамдық қатынастар - адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін, және де баска себептермен бір-бірімен қатынаста (саяси, моральдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т. б.) болады. Бұл байланыс-қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі.
Осылардың ішіндегі құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқықнегізіндегі қатынастар болып табылады. Бұл үшін бір-бірімен байланысты үш негіз болуы керек:
1) құқық нормасы; 2) субъективтік құқықтар мен міндеттер; 3) заңға негізделген айғақ болуы керек. Мысалы, студент қыз бен жігіт достасып жүреді. Екеуінің арасындағы қарым-қатынас моральдық нормалардың, әдет-ғұрыптың негізінде жүріп жатады. Ал, екеуі заңды некеге тұрғаннан кейін, қарым-қатынастары құқықтық қатынастарға, мемлекеттік органға барып тіркелуі, заңға негізделген айғаққа айналады.
Құқықтық қатынастардың құрамы төрт элементтен тұрады. субъект, объект, субьективтік құқық, заңды міндеттер.
1. Құқықтық қатынастардың субъектісі - жеке адам және заңды тұлғалар. Қазақстан Республикасының азаматтары, баска елдердің азаматтары сондай-ак азаматтығы жоқ адамдар (апатридтер) жеке тұлғалар болып үғынылады. Қатынастың субьектісі болу үшін олардың құқықтық қабілеттілігі және әрекеттілігі қалыптасуы керек.
Құқықтық қабілет - құқыққа, бостандықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті. Мұндай қабілеттілік адам туғаннан пайда болып, ол өлгенде барып жойылады.
Әрекеттілік - адамның өз әрекетімен құқығын пайдалана алу және оны жүзеге асыру, өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау қабілеті. Әрекеттіліктің басты шарты кәмелеттік немесе құқықтық нормадағы белгілі жасқа толу болып табылады.
Заңды тұлғалар: мемлекет, мемлекеттік аппарат -мекемелер, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекітілсе, тіркелсе толық түрде құқықтык және әрекет қабілеттілігі бар деп саналады.
2. Кұқықтық қатынастың объектісі (заты) -қоғамдағы көп түрлі, көп салалы саяси, экономикалық,әлеуметтік, мәдениеттік, азаматтык, кылмыстық, әкімшілік, еңбектік және т. б. қарым-қатынастар. Материалдық дүние-заттар, рухани-шығармашылыктың өнімдері,жеке мүліктік емес игіліктер, құқық субьектілерінің мінез-құлқы және құқық қатынастарының нәтижелері -құқық қатынастарының обьектілері.
3. Субьективтік құқық - құқықтық катынастардағы субьектілердің екі жақты мүдде-максаттарының орындалуы. Субьективтік құқықтың алдындағы негізгі мүдде-мақсаттар: бірінші - қатынастың күрделі мақсатын толық орындау; үшінші - көрсетілген міндеттердің дұрыс орындалуын қамтамасыз ету; төртінші - егерде дұрыс орындалмаса сот арқылы орындату. Бұл әрекет екі жақты субьектілердің құқығы. Оған ешкім кірісе алмайды.
4. Заңды міндеттер. Субъективтік құқық бар жерде заңды міндеттер болады. Бұл екеуі бір-бірінсіз бола алмайды. Себебі қатынастардың көпшілігінде екі жақты субьектілердің құқықтары бар және соған сәйкес екі жақты субьектілердің міндеттері бар. Заңды міндеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, мемлекеттің мәжбүрлеу күші колданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге міндетті. Егер бұл міндетін орындамаса, заңда белгіленген шара колданылады. Міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі.
Заңға негізделген айғақтар - құқықтық қатынастардың пайда болуымен, өзгеруімен немесе тоқтауымен құқық нормалары арқылы байланыста болатын тіршілік жағдайлары. Олардың түрлері: оқиғалар және әрекеттер.
Оқиғалар - адамдардың ерік-ыктиярынсыз пайда болады. Мысалы, адам өлімі мұрагерлік құқықты тудырады, ал пенсия жасына жету, зейнетақы алуға мүмкіндік береді.
Әрекеттер - адамдардың ерік-ықтиярымен пайда болатын заңға негізделген айғактар. Олар құқыкқа сай (заңды әрекет) және кұқыққа карсы әрекеттер (заңсыз әрекет) болып бөлінеді.
Заңды әрекет - бұл заңның талаптарына сәйкес келетін, субьектілердің құқықтары және міндеттерімен қабысатын мінез-құлық. Заңды әрекет үш топқа бөлінуі мүмкін: жекелеген әрекет; заңды қылык; заңда көрсетілген нәтиже тудыратын, әлеуметтік мәні бар заңды әрекет.
Заңсыз әрекет - бұл қылық заң талаптарын бұзады, субьективтік құқықтарға нұқсан келтіреді, адамдарға жүктелген міндеттерге сәйкес келмейді.
Жоғарыда айтылғандай, қоғамдык мүдде мен максатты дамыту, нығайту үшін мемлекет пен кұкық көп жұмыс атқарады. Халықтың басым көпшілігі қоғамдағы заңдылықты, құқықтық тәртіпті сақтауға, нығайтуға көп үлес қосады. Өкінішке орай, сол қоғамдық мүдде-мақсаттарды қорғайтын толып жатқан нормативтік кесімдерді дұрыс орындамай, кұқықтық тәртіпті бұзатындар да жеткілікті. Сондықтан олармен мемлекет ылғи да қатаң күрес жүргізіп отырады.
Құқық бұзушылық - құқыққа қарсы, қоғамға қайшы тұлғаға зиянды, қауіпті, кінәлі, жазаланатын әрекет немесе әрекетсіздік.
Құқық бұзудың өзіне тән ерекшеліктері:
нормативтік актілерді дүрыс орындамау;
қоғамға, тұлғаға қауіпті, кінәлі іс-әрекет;
қоғамдық тәртіпке, мақсатқа зиян келтіру.
Құқықты бұзудың объективтік және субъективтік жақтары болады. Объективтік жағы - нормативтік кесімге келетін карсы - іс-әрекет және оның зияны; теріс қылык пен зияннын арасьшдағы байланыс.
Субъективтік жағы - теріс қылық жасаған адамның есінің дұрыстығы, оған қоса әрекет қабілеттігі болуы.
Құқықты бұзушылықтың мазмұны төрт бөлімнен тұрады:
Құқықты бұзудың объектісі - құқық арқылы реттелетін, қорғалатын қоғамдық қатынастардың түрлері;
Құқық бұзудың субъектісі - жеке немесе занды тұлғалар;
Объективтік жағы - теріс қылық және онын зияны;
Субъективтік жағы - теріс қылык жасаған субъектінің кінәсінің (қасақана және абайсыздықтан) анықталуы.
Құқық бұзушылық теріс қылық жыне қылмыс болып бөлінеді.
Теріс қылық құқықтық саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: әкімшілік теріс қылық, азаматтық теріс қылық, тәртіптілік теріс қылык.
Қылмыс - өте зиянды, кауіпті құқық бұзушылық. Сондықтан оған карсы өте қатаң жауапкершіліктің түрлері қолданылады.
Құқық бұзып, кінәлі болған субъектіге мемлекет өзінің мәжбүрлеу шараларын қолданады. Ол бойынша кінәлі субъектінің жеке өз басы мүліктік шектеуге ұшырайды немесе ұйымдық сипаттағы қысым мен шектеуге түседі, Заң бойынша жауаптылықтың екі түрі болады: айып төлеу және құқықты бұзуды түзеу. Айып төлеу әкімшілік немесе тәртіптік теріс қылық жасағанда Қолданылады. Құқықты бұзуды түзеу - жауаптылығы бұзылған құқықтық норманы еріксіз қалпына келтіруге мәжбүр ету.
Заң алдындағы жауаптылық тек құқық бұзушылық болғаң жағдайда ғана туындайды. Жауапка тартылушы тұлға мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы тек қана кұқық бұзушылыктың бар екендігі анықталғанда және ол заңға сәйкес келсе ғана мойын ұсынуға кұқылы. Жауапқа тартылушы адам өзін заңсыз түрде жауапқа тартудан қорғауды талап етуге кұқылы. Егер лауазымды тұлғалар жауапқа тартудың ІІроцессуалдық ережелерін бұзса немесе оған нұқсан келтірсе, олар жауапқа тартылуға тиісті.
Осы қағидаларды әділетті орындау үшін мемлекеттің алдында екі жауапты міндет тұрады. Біріншісі, ешкімді кінәсіз жауапка тартпау, азаматтардын бостандығына, адамгершілігіне, құқығына жазықсыз зиян келтірмеу. Екіншісі, қылмыскерге өз кінәсіне сай заң бойынша әділ жазасын беру, қажет болса бас бостандығынан айыру.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Сапарғалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
Ағдарбеков Қ.  Мемлекет   және   құқық   теориясы . Қарағанды, 2001
Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ.  Мемлекет   және   құқық   теориясы  пәні бойынша  мемлекет  бөліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды, 2003.

Приложенные файлы

  • docx 16692950
    Размер файла: 72 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий