EiE laba


Алматы энергетика және байланыс университеті
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Жылуэнергетика факультеті
«Электртехниканың теориялық
негіздері» кафедрасы
ЭЛЕКТРОТЕХНИКА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНИКА
№1 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: «Тұрақты токтың сызықты электр тізбегін зерттеу»
 
 
 

Орындаған: ПТЭк-13-01 тобының
студенті Оразбай Е. Қ.
Тексерген: Мақпал Бексултановна
Алматы, 2015  
Жоспар
1. Кіріспе...................................................................................................................3
2. Тұрақты токтың сызықты электр тізбегін зерттеу......................................4-8
3. Қорытынды..........................................................................................................9
4. Әдебиеттер тізімі.............................................................................................10
Кіріспе
 
Мамандарды дайындаудың сапасын жоғарылату үшін, студенттердің шығармашылық ойларын және инженерлік әдеттерін құру үшін зертханалық жұмыстардың үлкен мәндері бар.
Зертханалық жұмыстар сызықты тұрақты, синусоидалы бір фазалы, үшфазалы токтар тізбектерін, электр машиналарды, трансформаторларды және электронды сұлбаларды зерттеу бойынша тәжірибелік және есептік жұмыстардың жиынтығын ұсынады.
ЭТН кафедрада “Электротехника және электроника” пәні бойынша зертханалық жұмыстардың орындалуы Э0Э2-H-P зертханалық жабдықтардың жинағымен іске асырылады.
Электр тізбектерді және электр сұлбаларды зерттеу үшін қолданатын       жабдықтар жинағының ішіне кіреді: зертханалық сұлбаларды жинау үшін НП-2 жиынтық панель, тұрақты, синусоидалы және арнайы түрі бар кернеулердің БГН-3 генераторлардың блогы, әмбебап санды өлшегіш аспаптар, осциллограф және қосу сымдар.
Электр машиналарды және трансформаторды зерттеу үшін жабдықтар жинағының ішіне кіреді: сызықты кернеуі 380 В-ке тең ТИП 5 үшфазалы көріктену көз, ИПДЗ тұрақты ток қозғалтқышты көріктендіретін көз, кернеуі 220В-ке тең ОИП 1 бірфазалы көріктену көз, РАТ 4 реттелетін автотрансформатор, жиілік түрлендіргіш, ТВ 3 үшполюсті ажыратқыш, ВП 1 үшфазалы түзеткіш, ТТГ 3 үшфазалы трансформаторлық топ, 90 Вт және 120 Вт қуаттары бар электр машиналар, ЭМН 2 электр машиналық жүктеме, А4 активтік жүктеме, Р4 реостат, УЧВ 5 жиілік айналудың көрсеткіші, ИМ 5 активтік және реактивтік қуаттардың өлшегіштері, БМ 8 үш мультиметрдің блогы, АМ 2 амперметр және қосу сымдардың жинағы. Стенд кернеу 380 В, жиілігі 50 Гц үшфазалы тораптан көріктенеді. Тұтынатын қуат 500 ВА-дан аспайды.
Тұрақты токтың сызықты электр тізбегін зерттеу
 
1.1  Жұмыстың мақсаты:
Жұмыстың мақсаты – Кирхгоф заңдарының, контурлық токтар әдісінің, түйінді потенциалдар әдістің, баламалық генератор әдістің дұрыстықтарын тәжірибелі тексеру.
1.2  Жұмысқа дайындық:
Жазбаша бақылау сұрақтарға жауап беру керек және зертханалық жұмысты өткізуге дайындық болу керек, яғни зерттелетін сұлбаның суреті және тәжірибелік нәтижелердің енгізу үшін кестелер салынуы керек.
 
1.4  Жұмыс орындаудың бағдарламасы және тәртібі
1.4.1     Тапсырылған сұлбаның суретін салып тармақтардағы ерекше алынған токтардың бағыттарын көрсету керек. Зерттелетін сұлбаның нұсқаулары 1.1-суретте келтірілген. Параметрлердің мәндері 1.1 кестеде көрсетілген.
1.1  К е с т е – Зерттелетін сұлбаның нұсқаулары және параметрлердің мәндері
Нұсқа Сұлбаның № E1, В E2, В R1, Ом R2, Ом R3, Ом R, Ом
1 1 15 7 220 330 150 47
 
1.4.2     Әмбебап санды өлшегіш аспап арқылы тапсырылған электр тізбектің элементтерінің нақтылы параметрларын өлшеп алу керек. Өлшеудің нәтижелерін 1.2 кестеге енгізу керек.
 
1.2   К е с т е – Резисторлардың параметрлерін өлшеудің нәтижелері
Тізбектің элементі R1 R2 R3 R
R, Ом  220 330  150   47
 
1663065-24765
1.1 Сурет – Зерттелетін сұлбалардың нұсқаулары
  1.4.3     Тапсырылған Е1 мен Е2 мәндері және п. 1.4.2 өлшенген резисторлардың мәндері бойынша оқытушының берілген әдісі бойынша зерттеліп жатқан тізбектің тармақтарындағы токтарды есептеу керек.
Есептің нәтижелерін 1.3 кестенің “Есеп” жолына енгізу керек.
1.4.4     Өзіңнің нұсқауының сұлбасын жинау керек. ЭҚК Е1 және Е2, резисторлардың тапсырылған мәндерін қойып алу керек. Тармақтардағы токтарды және тізбектің элементтеріндегі кернеулерді өлшеп алу керек.
Аспаптың теріс шықпасының қара түсі бар және оның “*” немесе “com” таңбасы бар.
Өлшеудің нәтижелерін 1.3 кестенің “Тәжірибе” жолына енгізу керек.
 1.3   К е с т е – Тізбек токтарының және кернеулерінің өлшенген мәндері
  E1, В E2, В I1, мА I2, мА I3, мА UR1, В UR2, В UR3, В UR, В
Тәжірибе 15  7  0.4  0.3  0.7  7.89  56.1  5  7
Есеп 15  7 0.12  0.12  0.17  7.89  56.1 5 7
δi. %         2         
  
Өлшенген мәндердің шамаларының және бағыттарының дұрыстығын Кирхгофтың бірінші және екінші заңдары бойынша құралған теңдеулерге қойып растау керек.
1.4.5     Ток өлшеудің сұлбаның 1 түйін үшін δi. % қателігін есептеу керек. Ол үшін түйінде қосылатын токтардың алгебралық қосындысы олардың ең үлкен токқа қатынасын алу керек, яғни . Есеп нәтижелерді 1.4 кестеге енгізу керек.
1.5   К е с т е – Токтарды белгілеудің қателіктері
Тізбектің түйіні ∑I, мА Imax, мА δi. %
Тәжірибе 1.4  0.7  2 
Есеп 0.34  0.17  2 
 
 
 
Қорытынды
Тапсырылған сұлбаның суретін салып, тармақтардағы ерекше алынған токтардың бағыттарын көрсеттік. Әмбебап санды өлшегіш аспап арқылы тапсырылған электр тізбектің элементтерінің нақтылы параметрларын өлшеп алдық. Өлшеудің нәтижелерін 1.2 кестеге енгіздік. Тапсырылған Е1 мен Е2 мәндері және өлшенген резисторлардың мәндері зерттеліп жатқан тізбектің тармақтарындағы токтарды есептеп алдық. Есептің нәтижелерін 1.3 кестенің “Есеп” жолына енгіздік. Өзіңнің нұсқауының сұлбасын жинадық. ЭҚК Е1 және Е2, резисторлардың тапсырылған мәндерін қойып алдық. Тармақтардағы токтарды және тізбектің элементтеріндегі кернеулерді өлшеп алдық. Өлшеудің нәтижелерін 1.3 кестенің “Тәжірибе” жолына енгіздік. Өлшенген мәндердің шамаларының және бағыттарының дұрыстығын Кирхгофтың бірінші және екінші заңдары бойынша құралған теңдеулерге қойып растадық. Ток өлшеудің сұлбаның 1 түйін үшін δi. % қателігін есептедік. Есеп нәтижелерді 1.4 кестеге енгіздік.
Кирхгоф заңдарының, контурлық токтар әдісінің, түйінді потенциалдар әдістің, баламалық генератор әдістің дұрыстықтарын тәжірибелі тексеру жүргізу арқылы үйрендік.

Әдебиеттер тізімі 
1 Электротехника и электроника. Учебник для вузов. / Под ред. Б.И.Петленко.- М.: Академия, 2003.-230с.
2 Касаткин А.С., Немцов М.В. Электротехника.- М.: Энергоатомиздат, 1983
3 Данилов И.А., Иванов П.И. Общая электротехника с основами электроники: Учебное пособие – М.: Высш. Школа, 2000 – 725с.
4 Сборник задач по электротехнике и основам электроники. Учеб. пособие для неэлектротехн. спец. вузов./ Под ред. Герасимова – М.: Высшая школа, 1987.- 288с.
5 Электротехника и электроника в экспериментах и упражнениях. Практикум на Electroniks Wjrkbench. В 2-х томах./ Под ред. Д.И.Панфилова – М.: ДОДЭКА, 2000.     

Приложенные файлы

  • docx 16673447
    Размер файла: 37 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий