konkurs kaz (1) (1)


«Алматы қаласының 1000 жылдығы» логотипінің ең үздік
эскизіне ашық конкурс туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы ереже «Алматы қаласының 1000 жылдығы» логотипінің эскизін конкурс ұйымдастырудың және өткізудің тәртібін анықтайды (бұдан әрі - конкурс).
1.2. Конкурс Алматы қаласының сәулеттік-көркемдік бейнесін қалыптастыру бойынша жұмыстар аясында өткізіледі.
1.3. Конкурстың ұйымдастырушысы – Алматы қаласының әкімдігінің Алматы қаласы Мәдениет басқармасы (бұдан әрі –Басқарма)
1.4. Конкурстың мақсаты мен міндеттері:
- Алматы қаласының 1000 жылдығына арнап өткізілетін мерекелік іс-шаралардың нышаны ретінде одан әрі пайдалану үшін логотипін жасау;
- «Алматы қаласының 1000 жылдығы» логотипінің және үздік концептуалды жобасын анықтау, ол мегаполис дәстүрінің және ұқсас үлгісін көрсетуі тиіс, онда ескерілуге тиіс тарихи-мәдени жәдігерлеріміз, табиғи және қала құрылысындағы ерекшеліктер, заманауи даму тенденциялары, қаламыздың ерекшелігін жасауға және «Алматы қаласының 1000 жылдығына» әсер етерліктей танымал инвент брендін жасау;
- Алматы қаласының мерейтойлық датасына қоғамның ерекше назарын аудару;
- тұрғындардың патриоттық сезімін оятып, туған қаласының тарихы мен дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу;
1.5. Конкурстық жұмыстар 2016 жылдың 22 қаңтарынан 22 ақпанына дейінгі мерзімде қабылданады;
1.6. Тұжырымдама келесі негізгі бағыттар (аспектілер) бойынша әзірленеді:
- логотип;
- колористика және түрлі-түстігамма түрінде (негізгі және қосымша түстер);
- орнаменттік мақамдар мен декоративті пластика;
- тақырыптық рәсімдеу кезінде графика элементтерін қалалық ортада қолдану;
- қаланы безендіруіндегі графика;
- қаланың имидждік безендіруінде фотостиль;
- қалалық көлікті безендіру;
- қоғамдық көлік аялдамаларын және қалалық навигация;
- кәдесыйлық өнім;
1.7. Ұсынылатын конкурстық жұмыстар осы бағдарламаның қосымшасынасәйкес жүзеге асырылады.
2. Конкурсты өткізу тәртібі
2.1. 2016 жылғы қаңтар айының 22-нен ақпан айының 22-аралығында келіп түскен матералдарды қарау үшін құрылады. Комиссияның дербес құрамы Басқармамен бекітіледі.
Комиссия мынадай функцияларды атқарады:
конкурс талаптарына сәйкес конкурсқа түскен материалдарды бағалайды;
конкурс жеңімпазын анықтайды, сонымен қатар интернет-порталдағы дауыс беру қорытындылармен есепке ала отырып;
конкурс жеңімпазын марапаттауды атқарады;
Қаралым қорытындысы хаттамамен рәсімделеді және комиссия төрағасымен бекітіледі.
2.2. Конкурс бір кезеңмен өтеді.
2.3. Конкурсқа қатысуға өнер шеберханалары, жарнама агенттіктер мен фирмалар, суретшілер, дизайнерлер, сәулетшілер, жобалау ұйымдары, жақын мамандық иелері, сонымен қатар, өнерге қатысы бар ЖОО-ның студенттері және оқу орындарының оқушылары мен басқалар қатыса алады (ары қарай – қатысушылар). Конкурсқа қатысушы жалғыз адам (автор), сондай-ақ шығармашылық авторлық ұжым да бола алады. Конкурсқа қатысушылардың жұмыстар санына шектеу жоқ.
2.4. Конкурстың техникалық сүйемелдеуі мен дайындық жұмыстарын жүргізетін комиссияның жұмыс органы Басқарма болып табылады.
2.5.  Конкурстық материалдар 2016 жылдың 22 ақпанына дейін Басқармаға мына мекен-жай бойынша ұсынылады: Алматы қаласы, Республика алаңы 4, каб.431; тел.: +7(727)2721109, +7(727)2725883.
2.6. Барлық келіп түскен жобалар Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-порталында жарияланады: аlmaty.qov.kz, almatymadeniet.kz.
2.7. Барлық қалаушыларға интернет-порталда ұнаған логотип жобасына ашық дауыс беру мүмкіндігі қамтамасыз етілген.
2.8. Конкурстың жүлде қоры 1 000 000 (бір миллион) теңге;
2.9. Комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтігін өтуін қамтамасыз ету үшін, оның отырыстарына тәуелсіз бақылаушылар қатысады. Конкурстық комиссияның отырыстарына бақылаушылар ретінде Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатысуға құқылы.
2.10. Конкурс қорытындылары Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланатын болады.
2.11. Конкурстық материалдар қатысушыларға кері қайтарылмайды.
2.12. Байқау жобалары алты таңбалы санмен белгіленген ұранмен ұсынылады. Ұран байқауға ұсынылған жоба материалдарының, сондай-ақ конверттің оң жақ бұрышына жазылады (биіктігі 1см.). Желімделген ұрандық конвертке автордың аты-жөні, мекенжайы көрсетілген ақпараттық парақ салынады.
Қысқаша түсініктеме хатта ескерткіштің көркемдік шешімі мен кеңістікті ұйымдастыру қағидалары және негізгі идеясы мазмұндалған №14 өлшемді «Times New Roman» шрифтімен бірінші жол аралығымен басылған 2 парақтан аспайтын мәтіннен тұратын, 2 данада көрсетіледі.
Конкурс қорытындысы бойынша шешімді Алматы қаласының комиссиясы қабылдайды, қорытындылар хаттама түрінде түрінде толтырылып, қайтақарауға жатпайды.
2.13. Шарттарды бұза отырып ұсынылған жобалар конкурсқа жіберілмейді, Комиссияда қаралмайды.
3. Конкурсқа ұсынылатын материалдардың құрамы
Материалдардың жобаларын дайындау кезінде қатысушыларға еркін авторлық көркемдік баяндау құқығы беріледі.
Конкурстық жұмыс жазу графикалық және сипаттама бөлігінде болады және қағаз түрінде немесе электрондық нұсқада болады.
3.1. Конкурстық жұмыс мыналардан тұрады:
Графикалық бөлім ( А4, А3 форматты парақтарда жасалады):
- қала символикасының автордың идеясынан көрініс табуы;
- идеяны және жобаның көркемдік шешімін көрсететін сұлбалар, сызбалар және суреттер (жоба авторының өз таңдауымен таңдалады);
- қалалық ортада автор идеясыныңфотомонтажкөрнекі суреттерқолданылуы.
3.2. Конкурсқа ұсынылған жұмыстарда басқа дизайнның идеяларын (толық немесе жартылай) қолдануға тыйым салынады. Аталған қағидаттар ескерілмегенжағдайда қатысушы Конкурстан шеттетіледі. Конкурсқа ұсынылған қатысушылардың жұмыстары авторлық құқықпен қорғалмауы тиіс және түрлі басқа жағдайлардан тәуелсіз болуы шарт. Авторлық құқығын қоса алғанда, Конкурстық жұмыстардың дизайны үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзбауы, логотипке құқығын немесе жарнамаға арналған басқа мүліктік құқықтарын бұзбауы тиіс.
4. Өзге де ережелер
4.1. Қатысушы тараптың өз жұмысын ұсынуы оның осы Ережелерге сәйкес, Конкурсты өткізу ережелерімен толық және сөзсіз келісуін білдіреді.
4.2. Үшінші жақтың тұлғалары талап, наразылық немесе шағым білдірген жағдайда, оның ішінде ұсынылған жұмыстарға авторлық немесе аралас авторлық құқығы бар құқық иелерінің өтініштері орындалуы үшін қатысушы ол талап-арыздарды жеке өз атынанберуі және қаражатты өз қалтасынаншығаруға міндетті.
4.3. Қатысушылардыңконкурсқа ұсынған материалдары және оларды пайдалану құқығы ақысыз түрде Конкурсты ұйымдастырушыға жіберіледі.
4.4. Ұйымдастырушы ұсынылған материалдарды ақпараттық және жарнамалық-имидждік мақсаттарда пайдалануға және, авторлық сыйақыны төлемей, жариялауға (көбейтуге, материалдарды баршаның назарына ұсынуға және жеткізуге т.б.) оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.
«Алматы қаласының 1000-жылдығына» арналған ең үздік логотип жобасын анықтауға арналған Конкурстың Ережесіне қосымша
« Алматы қаласының 1000-жылдығына» байланысты үздік логотип жоба Конкурсына қатысуға
ӨТІНІШ
(заңды тұлғалар үшін)
Өтінішті енгізуші:
Заңды тұлға (атауы, заңды-мекеме пішіні)
Пошта индексі көрсетілген мекенжайы:
Телефоны:
Факс:
E-mail:
Мекеме басшысы (Аты-жөні, лауазымы):
Жобаны орындаушы (Аты-жөні, лауазымы):
Конкурс жұмысы қоса ұсынылады.
Өтініште көрсетілген мәліметтердің шынайылығын атап көрсетеміз.
«Алматы қаласының 1000-жылдығы» үздік логотип жоба Конкурсын жасау туралы ашық шығармашылық конкурстың Ережесімен толық таныстым.
Өтінішімізді жолдай отырып, осы конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық жұмысымды пайдалануға менің ерекше құқығымды беремін.
Ұйым басшысының қолы
______________________________
Жобаны орындаушының қолы
______________________________
2016 жылғы «___» _________м. о.

« Алматы қаласының 1000-жылдығына» байланысты үздік логотип жоба
конкурсына қатысуға
ӨТІНІШ
(жеке тұлғалар үшін)
Өтінішті енгізуші:
Аты-жөні:
Жұмыс/оқу орны, лауазымы/мамандығы:
Пошта индексі көрсетілген мекенжайы:
Телефоны:
Факс:
E.-mail:
Конкурс жұмысы қоса тіркеледі.
Өтініште көрсетілген мәліметтердің шынайылығын растаймын.
« Алматы қаласының 1000-жылдығына» байланысты үздік логотип жоба
Конкурстың Ережесімен толық таныстым.
Осы өтінішті жолдай отырып, конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық жұмысымды пайдалануға менің ерекше құқығымды беремін.
Жоба авторының қолы _______________________________________
2016 жылғы«___» _________

Приложенные файлы

  • docx 15013737
    Размер файла: 31 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий