шпор Азия Африка


1.Үш патшалық дәуіріндегі Қытайдың саяси дамуына талдау жасаңыз.
Хань империясы Тынық мұхитынан Орта Азияға дейінгі, Маньжуриядан Үндіқытайға дейінгі орасан зор территорияны алып жатқан, ІІ-ІІІ ғғ. шеңберінде туындаған «Сары орамалдар» атты халық қозғалысы Хань империясының құлауына себеп болған еді.Халық қозғалысы 184 жылы басылды. Бүл империядағы терең әлеуметтік қайшылықтардың салдарынан туындаған, қоғамның жаңа сатыға көтерілуңн қажетсінген шиеліністерден келіп шыққан жағдай еді. Осы халық қозғалысының нәтижесі империяның құлауынан кейін туындаған әлеуметтік экономикалық және саяси өзгерістерге әкелді.  ІІ ғ. аяғына қарай император іс жүзіндегі биліктен айырылып, елдің жекелеген аудандарына жергілікті әскери қолбасшылар мен әкімдердің билігі орнығып, олардың арасындағы бәсекелестік, бақтыластық күррестер өршіген кезең болды. Сол заманның адамдары бұны бейбірекеттік кезеңнің туғанын айтып, бүл дәуірді «бұлыңғыр ғасыр», «жаппай қатыгездік пен жұшпандық» заманы деп атайды. Хань империясының орнында бір-бірімен  жауласушы үш патшалық пайда болды: Біріншісі-Солтүстіктегі батысы Даньхуннан бастап, шығысында Ляодун түбегіне дейінгі, оңтүстіктегі Хуайхэ мен Янцзы өзендерінің аңғарларына дейінгі жерді алып жатқан – Цао Вей(220-265); екіншісі- бұрыңғы империяның оңтүстік- шығыстағы аймағына ие болған – У(222-280); үшіншісі- оңтүстік- батыстағы Сычуань, ганьсу мен Шаньси провинцияларының оңтүстік бөлігін, Юнань, Гуйчжоу, Гуансипровинцияларының көпшілік бөлігіне ие болған- Шу- Хань(221-263) патшалықтары.Бұл патшалықтардың негізін салушылыр өз мемлекеттерінде империялық басқару жүйесін орнықтырмақ болды. Бірақ олардың орнатқан басқару жүйесі империялық биліктен гөрі, әскери диктатураға көбірек ұқсайтын еді.Басшының жеке қатаң билігі әскерге арқа сүйегенде ғана іске асатын, сондықтан әскер патшалықтың басшысына тікелей бағынды. Бұл тек сол заманның ерекшелігінен туындаған жағдай еді. Хань империясы ыдырағаннан кейінгі, осы үш патшалықтардың билік құрған 220-280 жылдар кезеңін Қытай тарихында «Үш патшалық дәуірі» деп аталады. Үш патшалықтың аяқ кезінде, біртұтас Қытай мемлекетін құру солтүстіктегі Хуанхэ өзенінің экономикалақ жағынан өте жақсы дамыған шырайлы жеріне орналасқан – Вэй патшалығынаң үлесіне тиді.Вэй патшалығының Сыма әулетінен шыққан өте белсенді әскери қолбасшы Сыма Янь 263 жылы Шу- Хань патшалығын бағындырып өзін император деп жариялады. Сыма әулетінің өкілі Сыма Янь 265 жылы Цао Цао атты аса қуатты әулетті де өзіне бағындырған соң, өзінің құрған империясын Цзинь деп атады. 280 жылы оған V патшалығы бағынды. Сөйтіп үш патшалық жері мен елі біртұтас мемлекетке біріккендей болды және бұрынғы империялық тәртәі жүйесі орнайтындай болған. Бірақ Сыма әулетінің билік өкілдері осының алдындағы  үш патшалықтардағы басшылар сияөты биліктерін әскерге арқа сүйеп қана жүргізе алды. Дәстүрлі қытай тарихнамасында Батыс Цзинь(265-316 жж.) деп аталған Сыма Яньнің құрған бұл империясы тұсында феодалдық қатынастар жан- жақты орныға басталды. Ірі жер иелері барған сайын жан жағындағы шамасы келетіндердің қолындағы жерлерін түрлі айла- тәсілдерімен басып алуды ұлғайтты. Олардың қолдарында орасан зор көлемдегі егістік жерлер, бау- бақшалар мен мал жайылымдары болды
2.Солтүстік Қытайға көшпелілердің басып кіруінің алғышарттарын көрсетіңіз.
Х ғасырдың басында Қытайда саяси бытыраңқылық орын алды. 907 ж. Тан əулеті тақтан тайдырылған соң бұл бытыраңқылық тіпті күшейе түсті. 960 жылға дейін бес əулет бірін-бірі ауыстырды. Бұл əулеттердің билігі елдің солтүстігіне ғана тарады. Бұрынғы империяның аумағында бұл кезде 8 дербес мемлекеттер өмір сүрді.Осылай Қытайда саяси дағдарыс орын алып жатқан кезде оның солтүстік-шығысында Маньчжурияның біраз бөлігін мекендеген көшпенді кидандердің тайпалық одағы күшейе түсті. 907 ж. кидандар Қытайға шабуыл жасады. 916 ж. олардың көсемі Абаоцзи (Амбагянь) империяның құрылғанын жариялады. 926 ж. кидандар Бохай патшалығын басып алды. 947 ж. кидандар мемлекеті Ляо деп аталды. Ол мемлекет 1125 жылға дейін өмір сүрді. 937 жылдан бастап ол мемлекеттің астанасы Наньцзин (оңтүстік астана) қаласы (қазіргі Пекин) болды. Кидандар билігі Шаньси мен Хэбей провинцияларының солтүстігімен шектелді.
Қытайдың кидандар билігі орнамаған бөлігі 960 жылға қарай Сун əулетінің (1279 жылға дейін билік құрған) қол астына бірігіп,шаруашылығын қалпына келтіре бастады. Сун əулетінің негізін Чжоу патшалығының талантты қолбасшысы Чжоу Куан-инь (927—976) қалады. Жаңа əулеттің астанасы алғаш Бянь (қазіргі Кайфын),кейін — Шығыстағы Ханчжоу қаласы болды.993—997 жж. Ван Сяо-бо, Ли-Шуань жəне Чжан Юя басқарған көтерілістер болды.1005 ж. Қытай кидандардан жеңіліп, біраз жерінен айырылды. Қытай кидандарга жыл сайын салық төлеп тұруға мəжбүр болды.1040—1044 жж. Сун империясы Батыс Ся империясымен соғысты (бұл империя Қытайдың солтүстік-батысында 982—1227 жж. Өмір сүрді. Алғаш Тангут мемлекеті деп аталды. Астанасы Сячжоу (қазіргі Синин) қаласы болды. Өкімет билігі Тоба əулетінің қолында болған). Соғыс бітім шартын жасаумен аяқталды. Шекара өзгеріссіз қалды. Ся (Тангут) өкіметі Сун сарайына вассал деп танылды. Бірақ Қытай тангуттықтарға жыл сайын жібек мата, күміс, шай «сыйлап» отыруға тиіс болды. 1069—1072, 1096—1099 жж. екі ел арасындағы соғыстар онан əрі жалғасты. 1115 ж. чжурчжендердің Цзинь империясы құрылды. Қытай онымен одақтасып, Ляо империясынан солтүстіктегі 16 округтерін қайтарып алуға кірісті. 1123 жылға қарай Қытай ол округтердің біразын қайтарып алды да, Қытай бұрынғы кидандарга төлейтін салығын енді чжурчжендерге төлеуге тиіс болды.
3.Суй әулетінің билігінің орнауының Қытай үшін тарихи маңызын көрсетіңіз.
Қытайды біріктіру үрдісін «Гуаньлун тобы» деп аталған əскери-саяси топ білдірді. 581 ж. осы топтың көрнекті өкілі, солтүстік Қытайдағы əскер басшысы Ян Цзянь тақты басып алып, Суй əулетінің (581—618) негізін қалады. Үш ғасырға жуық бөлінуден кейінгі Қытайдың қайта бірігуі саяси, экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени өмірде феодалдық қатынастардың орнығуындағы маңызды фактор болды. 589 ж. Ян Цзянь Солтүстік жəне Оңтүстік Қытайды өзіне бағындырды. Ол Вэн-ди деген атпен император деп жарияланып, 581—604 жж. билік құрды. Вэнди билікке келісімен мемлекетті орталықтандыруға бағытталған реформа бастады. Реформа бойынша: өлшем бірліктері енгізілді, жаңа стандартты тиындар енгізілді, салық жүйеге келтірілді, төтенше алымдар жойылды. Жер реформасы жүргізіліп, шаруаларға үлестік жер берілді, егін салығы ретке келтірілді, шаруалар кәсіпшілік салығы мен еңбек міндеткерлігін өтейтін болды. Түрғындардың санағы жүргізіліп, алым төлейтін шаруалар есебі белгіленді. 605 жылы таққа Вэндидің мұрагері Янди отырды. Янди тұсында (605—617) құрылыс жұмыстарына басы назар аударылды. Хуанхе мен Янцзы өзендерін жалғастырып тұрған Ұлы канал салынды. Ұлы Қытай қорғаны қалпына келтірілді. Сыртқы саясатында Ян-ди Түрік Қағанатымен, Вьетнамдық Вансуан мемлекетіне қарсы басқыншылық соғыстар (611—614) жүргізді, Кореямен соғыс жүргізді.  Соғыс ауыртпалығы қарапайым салық төлеуші халыққа түсті. Олар өз наразылықтарын көтерілістер арқылы білдірді. Оған Яндиге наразы болып жүрген ақсұйектер қосылып, елде төңкеріс жасады. Көтерілістің негізгі ошақтары Шаньдун, Хэбей, Хэнань болды. Янди астанадан қашып кеткенімен оны ұстап алып өлтірді. Суй əулетінің билігі ұзақ болмады. 618 ж. шыққан тегі жағынан жартылай түрік Ли Юань деген Солтүстік Қытай əкімі империядағы билікті басып алып, жаңа Тан əулетінің негізін қалады.
4.Тан әулетінің билікке келуінің тарихи жағдайларын көрсетіңіз.
VІІ ғасырдың аяғына дейін Қытай сыртқы басқыншылық саясат жүргізді, ал VІІІ ғасырдың бірінші жартысында басып алған жерлеріндегі билігін сақтап қалуға тырысты. Феодалдық топтардың өзара қырқысуларының шиеленісуі нəтижесінде Ли Чжи (650—683) императордың тұсында сарай төңкерісі болып, билікті оның əйелі У Цзя — Тянь басып алды да, 684 жылдан 705 жылға дейін билік құрды. Ол Ли Чжиді қолдайтын «Гуаньлун тобын» биліктен қуды; 690 ж. өзін «Аспан асты елінің иесі» деп жариялады. Тан əулетін Чжоу əулеті деп ауыстырды. 705 ж. билікке Ли Сянь келген соң əулеттің Тан деген аты қайта қалпына келтірілді. Сюаньцзун император (713—756) билігі кезі — Тан империясының гүлдену кезі болды. 754 жылғы халық санағы елде 9 млн. 610 мың отбасы бар екендігін көрсетті. Еңбекке жарамды, салық төлеуге міндетті адамдардың саны 52 млн. 880 мың болды. 755 ж. Ішкі Моңғолияның біраз бөлігін, Шаньси мен Хэбейді басқарып отырған Ань Лушань Сюаньцзунге қарсы көтеріліске шықты. Ол көп өтпей империяның екі астанасын — Лоян мен Чанъаньды басып алды. Сюаньцзун Сычуаньға қашты. Ань Лу-шань өзін император деп жариялады. Бірақ Тан əулеті құламай, аман қалды. Оны көтерілісшілер арасындағы алаауыздық құтқарып қалды. Ань Лу-шаньға қарсы оның билігін мойындағысы келмегендер бірлесіп күреске шықты. Оларға көмекке негізінен ұйғырлардан құрылған жалдамалы əскер көмекке келді. 757 ж. Ань Лу-шань өлтірілді. Енді бүлік Ши Сыминнің басшылығымен онан əрі жалғасты. 763 жылы көтеріліс толық басылды. Əулет таққа қайта отырды. Бірақ империя мен оның өкіметі əлсірей бастады. 763 ж. тибеттіктер империяның астанасы Чанъаньды талқандады.
5.Тан әулеті тұсындағы Қытайдың әкімшілік-басқару жүйесін сипаттаңыз.
VII ғасырдың екінші ширегінде орталық билікті өз ықпалында ұстап отырған «Гуаньлун тобы» оппозициялық əскери-саяси топтардың қарсылығына тап болды. Ол топтардың ішіндегі күштісі «Шаньдун тобы» еді. Оның мүшелері жаңадан байып келе жатқан қарапайым халықтың ішінен шыққан қызметкерлер болатын. Екі топтың теке-тіресі Ли Ши-минді тектік тізімді қайта қарауға мəжбүр етті. Жоғары лауазымды қызметке тағайындалу үшін мемлекеттік емтихан тапсырып, конкурстан өту тəртібі енгізілді. Енді шыққан тегіне қарай емес, білімі мен қабілетіне, іскерлігіне қарай қызметке қабылдау ережесі бекітілді. Шенеуніктер 9 категорияға бөлінді. Əр категория өз дəрежесіне сай жер үлесін иемденді. Орталықтандырылған өкімет 6 министрліктен тұрды. Жергілікті жерлерді губернаторлар басқарды. Облыстар округтерге, округтер-ауылдарға бөлінді. Ауылдың өзі 5 үйден тұратын аулаға (линь) бөлінді. 5 аула бір лиді құрады. VIII ғасырдың 30- жылдары Тан империясының 6 кодекстен тұратын заңдары құрастырылып, 763 ж. салық жүйесіне өзгерістер енгізілді. Енді салық мүлкінің мөлшеріне, байлығына қарай салынатын болды. 780 ж. бірінші министр Ян Яньның ұсынысы бойынша бұрынғы үлестік шаруалар атқаратын «үштік міндеткерліктерді» жою туралы заң қабылданды. Ол заң ірі жер иелеріне қарсы бағытталды. Мемлекеттік аппарат жерді қайта бөлуден, шаруаларды жер үлесімен қамтамасыз етуден бас тартып, шаруалар мен жерді «жұтып қоюмен» күресуді тоқтатты. Енді салық бір көрсеткіш бойынша ғана— мүліктің мөлшеріне, жердің көлеміне қарай салынатын болды. Салық төлеушінің жасы мен жұмысқа жарамдылығы есепке алынбады. Империяның экономикасының негізін жақсы дамыған ауыл шаруашылығы қалады. Ян Янь реформасы деп аталған бұл заң бұрын салықтан босатылғандарды немесе жасырынып жүргендерді салық төлеушілер қатарына қосып, айрықша есепке алды. Салық төлеушілер қатары қала тұрғындарының, яғни саудагерлер мен қолөнершілердің, шенеуніктердің есебінен өсе түсті. Салық төлеудің екі кезеңі белгіленді: жазда жəне күзде. Салық ақшамен де төлене алатын болды. Мұндай тəртіп «қуатты үйлер» мен помещиктердің берекесіне тиген ауыр соққы болды. Ян Янь реформасы жерді сату-сатып алу еркіндігін бекітті. Бұл реформа үлестік жүйенің құлдырауын, жерге жеке меншіктіктің орнау жеңісін мойындау болды. Бұл реформадан кейін елде жүз жылдай уақытқа тыныштық орнады. Сөйтіп, VIII ғасырдың 80-ші — IX ғасырдың 70- жылдары —Тан империясының экономикалық даму, гүлдену жылдары болды. Империяның халқының саны 60 миллионға жетті.
6.Сун әулетінің билікке келуі, оның елде саяси тұрақтылық орнату жолындағы шаралары.
IX ғасырдың соңғы ширегіне қарай ел ішінде өкіметке қарсы наразылық қайта өсе бастады. Ол наразылық ақыры көтеріліске əкеліп соқты. 874 ж. Қытайдың солтүстік шығысында шаруалар көтерілісі басталды. Оны алғаш тұз сатумен айналысатын ұсақ саудагер Ван Сянь Чжи басқарды. Көтерілісшілер Шаньдун провинциясының біраз қалаларын басып алды. Шаруалардың жеке отрядтары көп ұзамай үлкен армияға бірікті. 878 ж. кезекті бір шайқаста көтерілісшілер армиясының қолбасшысы Ван Сянь-чжи қаза тапты. Енді басшылық оның орынбасары Хуан Чаоның қолына көшті. 881 ж. 10- қаңтарда астананы басып алған көтерілісшілер Хуан Чаоны император деп жариялады. Хуан Чао ауыр салықты жойды, кедейлер мен көтеріліске қатысушыларға императордың қамбасынан астық бергізді. Көтерілісті басу үшін император солтүстіктегі көшпенділерді көмекке шақырды. Хуан Чаоның əскері 883 ж. 20- мамырда Чанъань қаласынан қуылды. 884 ж. Хуан Чао қаза тапты да, көтеріліс негізінен басылды. Онан əрі көтеріліске Хуан Чаоның жиені Хуан Хао басшылық жасады. Бұл көтеріліс 901 ж. толығымен басылып, елде тыныштық орнай бастады. 907 ж. Тан əулеті тақтан тайдырылды. Сол жылы Чжу Вэнь сарай төңкерісін жасап, соңғы Тан императорын құлатты. Осы жылдан бастап тарихқа «бес əулет жəне он патшалық» деген атпен енген кезең басталды. 960 ж. Қытай Сун əулетінің (960—1279) қол астына біріге бастады. Ол əулеттің негізін Чжоу патшалығының талантты қолбасшысы Чжао Куан инь (927—976) калады. Жаңа əулеттің астанасы алғаш Бянь (қазіргі Кайфын), кейін — Шығыстағы Ханчжоу қаласы болды. Өкімет жаңа көтерілістерге жол бермей, қаңырай бастаған мемлекеттік қазынаны аз да болса толықтыру үшін реформалар жүргізуге мəжбүр болды. Ол реформаны 1069—1074 жж. Сун əулетінің министрі Ван Ань-ши жүргізді. Реформа бойынша алдымен жер үлестері қайтадан есепке алынды. Қызметкерлер жер иеліктері үшін салық төлеуге міндеттелді. Ван Ань-ши сонан кейін шаруаларды мемлекеттік барщинадан босатып, оны ақшалай салықпен алмастырды. Өз иеліктеріндегі жерлердің салығын шаруалар енді жартылай азық-түлікпен, жартылай ақшамен өтеуге тиіс болды. Ашар-шылыққа жол бермеу үшін Ван Ань-ши мемлекеттік қамбалар ұйымдастырды. Онда сақталатын егін ашаршылық бола қалғанда халыққа үлестірілетін. Өсімқорлықты шектеу мақсатымен Ван Ань-ши мемлекеттік банктер ашқызды. Шаруалар сол банктерден өкімет белгілеген өсіммен қарыз алатын болды. Ван Ань-ши сауданы толық мемлекет қарамағына алуға сəтсіз əрекет жасады. Ол сонымен қатар əскерде де үлкен өзгерістер енгізбек болды. Ол жалдамалы армияны жойып, жалпыға бірдей əскери міндеткерлік енгізді. Əр үш отбасы бір жаяу əскер, əрбір он отбасы бір атты əскер жасақтап беруге тиіс болды. Ван Ань-шидің бұл шаралары шенеуніктер мен феодалдардың наразылығына əкелді. 1075 ж. ол қызметінен босатылды. Оның шаралары арамтамақтарды құртып, феодалдық мемлекетті нығайтуға бағытталса да «ел үшін қауіпті» деп табылды. Ван Ань-ши реформалары жойылғанымен Сун империясы нығайып кетпей, керісінше,құлдырай түсті. 1127—1132 жж. ірі-ірі 93 көтеріліс болды.
7.Қытайдың аграрлық қатынастарындағы үлестік жүйенің мәнін ашыңыз.
477—485 жылдардағы жарлықтармен үлестік жүйені пайдалану тəртібі бекітілді. Жер мемлекет меншігі деп жарияланды. Император ол меншіктің ең жоғарғы иесі деп көрсетілді. Қазынаның жері шаруаларға үлес ретінде бөлініп берілді. Ол үлес егістік, өндірістік (бау-бақшалык) жəне үй-жайлық участоктерден тұрды. Егістік үлес 15 пен 70 жас аралығындағы жұмысқа жарамды шаруаларға уақытша пайдалануға берілді. Ол үлес белгілі бір мерзімде қайта бөлініп тұратын болды; сатуға, сатып алуға, жалға беруге тыйым салынды. Үлес иесі жұмысқа жарамай қалса, қайтыс болса, өкімет ол үлесті басқа біреуге беретін. Қосымша үлес — əрбір жұмысқа салынатын малдың басына қарай берілді. Өндірістік (бау-бақшалық) үлес əкеден балаға мұра ретінде қала берді. Тек ол үлесті өңдеп отыратын жан басы қалмаса ғана өкімет басқа біреуге беріп отырды. Бау-бақшалық (өндірістік) үлесті сату, сатып алу заңға сəйкес жүргізілді; рұқсат — жер аздық, немесе көптік етіп жатса берілді. Үй-жайлық участок өмір бақилық берілетін. Солтүстік Вэйдің аграрлық заңы мен практикасында сақталған жерді пайдалану тəртібі «тең жер жүйесі» деп аталды. Ең үлкен жер үлесінің көлемі 120 мудан аспауға тиіс болды. 485 жылғы низамда (декрет): «жер жеткілікті болып жатса, басқа жерге көшуге болмайды»,— делінді. Жер салығы үш түрлі болды: егістік жерден егінмен, өндірістік (бау-бақшалық) жерден — матамен немесе жіппен өтеу жəне еңбекпен өтеу салықтары. Сыма Яньннің реформасынан айырмашылық— салықтың басты түрі еңбекпен өтеу емес, оброк, яғни азық-түлік салығы болды. Мұрагерлікпен өтейтін салық шаруалардың белсенділігін арттырып, мол өнім алуға ынталандыра түсті. ХІ ғасырдың 60- жылдарында ірі жəне орташа жер иеленушілердің қолында барлық егістік жердің шамамен 2/3 бөлігі шоғырланды. Өкімет мемлекеттік жерді жеке феодалдардың сіңіріп кетуіне қарсы шара қолданбады. Көптеген жер иелерінің бірнеше поместьелері (чжуантянь, чжуанъюань) болды. Əртүрлі аудандардағы ол поместьелер шағын үлестерге бөлініп, жалға беріліп отырды. Жалға беру шарттары əртүрлі болды. Егер жалға тек жер ғана берілсе, онда түскен өнімнің мемлекетке төленген салықтан жəне тұқым қорынан қалған бөлігінің 10 %, 20 %, көп болса 50 %-і жердің иесіне берілетін. Ал егер жер иесі жалгерге тұқым, көлік, т.б. еңбек құрал жабдықтарын да қоса берсе, қалған өнімнің 4/5 бөлігін алатын. Х—ХІІІ ғасырларда жалға беру ақысының өсе түскендігі байқалады. Мемлекеттік жер қоры «гуань тянь» деп аталды. Қызмет бабы үшін берілетін жер көлемі 7-ден — 40 цинге дейін болды. Ол жерді жергілікті шаруалар өңдеді. ХІ ғасырдың аяғында мемлекеттік жер қоры өңдеуге жарайтын жердің 1/72 бөлігі болса, ол ХІІ ғасырдың аяғында 1/15 бөлігі болды. Ұсақ шаруалардың да жеке меншік жерлері болды. Олардың үлестерінің көлемі 10 мудан 90 муға дейін болды. Барлық халықтың 90 % жуығын құрайтын шаруалардың иеліктері барлық өңделетін жердің 30 % жуығын құрады.
8.ХІ ғ. қытай-танғұт соғыстарының себептері мен барысын талдаңыз.
Таңғұттар-Орта Азияның шығысындағы Гоби шөлі мен Ұлы Қытай қорғанының аралығын қоныстанған тайпалар бірлестігі. Таңғұттар елі XI ғ. күшейіп Си Ся мемлекетін құрды. Алғашқы кездерде қытайлықтарға тәуелді болған олар, Сун империясының солтуүстік-батысындағы (982—1227 жж) Ішкі Моңғолиямен шекаралас аймақтағы Ганьсу және Шаньси өңірін қоныстанды. Астанасы Сячжоу (қазіргі Синин) қаласы болды. Өкімет билігі Тоба əулетінің қолында болған. 1038 ж. таңғұттар билігіне император Юань Хао келді. Таңғұт мемлекеті жас болса да, оның жақсы қаруланған атты әскері болатын. ХІ ғ. ұзаққа созылған қытай-танғұт соғыстары Си Ся мемлекетіне де, Қытайға да ауыр тиді. Сәл тыныштыққа орныға қалса, шекаралық аймақта қақтығыс бұрқ ете түсетін. Немесе таңғұттар соғыс ашса, гүлдеп тұрған аймақ шаңы көтеріліп, тозып кететін болды. Осы себептерге байланысты Үндістан мен Орталық Азияға баратын сауда жолдары үзіліп, Қытайдың дамуы тоқталып қалды. Сауда жолдары ашылса да, оларды таңғұттар үнемі жойып отырды. Барлық уақытта да ең негізгі қарсылас – Қытай-Сун патшалығы болды. Тынымсызына қоса, айрықша қантөгіс, ұзақ майдан, елдің еңсесін көтеріп, өрісін кеңейткен Юань-хао заманынан соң одан әрі жалғасады. Әсіресе, 1040—1044 жж. Сун империясы Батыс Ся империясымен соғысты. Соғыс бітім шартын жасаумен аяқталды. Шекара өзгеріссіз қалды. Ся (Тангут) өкіметі Сун сарайына вассал деп танылды. Бірақ Қытай тангуттықтарға жыл сайын жібек мата, күміс, шай «сыйлап» отыруға тиіс болды. 1069–1072, 1081–1086, 1096–1099 жылдардағы соғыстарда екі жақтан да жүз мыңдаған адам құрбан болып, екі ел арасындағы соғыстар онан əрі жалғасты. Күшіне енген таңғұттар Ляо мемлекетімен одақтасып 12 ғасырда Қытай жерін иеленген төрт мемлекеттің біріне айналды.
9.Чжурчжендердің Қытайды өздеріне бағындыруы. Цзинь патшалығының орнауының тарихи жағдайларына талдау жасаңыз.
1115 ж. чжурчжендердің Цзинь империясы құрылды. Қытай онымен одақтасып, Ляо империясынан солтүстіктегі 16 округтерін қайтарып алуға кірісті. 1123 жылға қарай Қытай ол округтердің біразын қайтарып алды да, Қытай бұрынғы кидандарга төлейтін салығын енді чжурчжендерге төлеуге тиіс болды. 1125 ж. Ляо империясы құлады. Енді чжурчжендер шапқыншылығы Қытайға қарай бұрылды. 1127 жылдың басында олар Сун империясының астанасын басып алды. Император тұтқындалып, солтүстікке əкетілді. Бірақ императордың бір інісі — Чжао Гоу Кайфыннан тыс жерде жүріп, аман қалған еді. Ол оңтүстікке қоныс аударып, император деп жарияланды. Ол басқарған мемлекет енді Оңтүстік Сун империясы деп аталды. Империяның астанасы Линьань (Ханчжоу) қаласы болды. Келесі 15 жыл бойы Цзинь империясы Оңтүстік Сунды да жаулап алуға, ал Оңтүстік Сун — чжурчженжер басып алған солтүстік аудандарды қайтарып алуға тырысты. 1134—1140 жж. Юэ Фэй басқарған Қытай əскері біраз жеңістерге де жетті. Бірақ сарайда канцлер Цинь Гуй басқарған топ басым болды. Ол топ Цзинь империясымен соғысудың қажеті жоқ, оны жеңу мүмкін емес деп санады.Сондықтан ол топ келіссөз жүргізуді жақтады. Майдандағы əскер басшылары астанаға шақырып алынды. Юэ Фэй өлтірілді. 1141 ж. чжурчжендермен өте ауыр бітім шарты жасалды: Цзинь империясына Хуайши өзенінің солтүстік аудандары берілді, Сун императоры Цзиньдердің вассалы деп жарияланды. Оңтүстік Сун империясы Цзинь империясына жылына 250 мың күміс лян, 250 мың бума монета (1 бумасында — 1000 монета) салық төлеп тұратын болды. Сун империясының солтүстігі сол күйінде чжурчжендер қолында қалып қойды. Бұл жағдай моңғол жаулап алушылығына дейін сақталды.
10.Қытайды монғолдардың жаулап алуының негізгі кезеңдерін көрсетіңіз.
1211 жылы Солтүстік Қытайға оның байлығына қызыққан монғол əскерлері басып кірді. Чжурчжендер келісімге келуге шақырды. Жақсы қоршалған қалалар қамалын бұзуды меңгермеген Шыңғыс хан əскері біраз қиыншылықтарға ұшырады. Сол себепті монғолдар келісімге көнді. Бірақ көп ұзамай 1215 жылы олар уəдесін бұзып,Пекинді басып алды. Қытай халқы екіге бөлінді, бір тобы чжурчжендер жағында монғолдарға қарсы соғысса, екінші тобы монғолдар жағында чжурчжендер əулетіне қарсы соғысты. Оңтүстіктегі Сун сарайы монғолдар жағына шығып, 1224 жылдан бастап /Цзинь императорына/ қазынаға салық төлеуін тоқтатты. 1226 жылға қарай монғолдар Қытайдың көпшілік бөлігін жаулап алды. 1227 жылы Батыс СЯ патшалығын басып алды. Хэнаньдағы Кайфын т.б. қалалар ерлікпен шайқасты. Бірақ монғолдардың күші басым болды. 1234 жылы монғолдар Солтүстік Қытайды жаулап алуды аяқтады. Шыңғыс хан мен оның балалары Қытайдағы мемлекетті басқару əдісімен, түрімен жете танысып, оларды қабылдады. 1258 жылы Хулагу Монғолиядан Месопотамияға жетіп, Бағдадты алғанда, Құбылай /1215—1294/ Оңтүстік Қытайда сундардың қайсар қарсылығына тап болды. Ұлы Мөңке хан /1208—1259/ 1259 жылғы Оңтүстік Қытайды бағындыру үшін шайқастардың бірінде қайтыс болды. Оның орнына ұлы хан болып сайланған Қубылай /1259-1294/ астананы Пекинге көшірді. 1271 жылы 18 желтоқсанда Құбылай қытайша Дай Юань деген атақ алып, сол əулеттің негізін қалады. Оңтүстік Қытайды жаулап алу 1279 жылы аяқталды. Хуаньчжоу /астанасы/ сол жылы алынды. Бірақ көптеген қытай отрядтары қарсыласуларын тоқтатпады, оларды сун ақсүйегі Вэнь Тяньсян басқарды. Ол өзінің барлық мал-мүлкін əскер жасақтауға жұмсады. Бірақ моңғолдықтар бұл қарсылықты 1280 жылы толық басып тастады. Құбылай биліктен қытайлықтарды тайдырғанымен, монғолдықтарды тарта алмады: олардың мемлекетті қытайша басқаруға дайындығы жоқ еді. Сондықтан үкімет құрамына сауатты арабтар мен еуропалықтар, түріктер мен сириялықтар көптеп енді. 1343 ж. Гуандун мен Хунанда ірі көтерілістер болды. 1348 ж. қытай қашқындарының флоты оңтүстіктегі теңізде үкімет флотын талқандады. Қытай халқының монғол хандарымен ашық күресі, əсіресе ХІV ғасырдың ортасында, Тоған-Темір билігі кезінде күшейді. Монғол басқыншыларына қарсы күресте Қытай тарихындағы əйгілі «Қызыл орамалдылар» көтерілісі шешуші рөл атқарды. Оның негізін «Ақ лотос» сектасының мүшелері құрады. «Қызыл əскерлерді» Лю Футун басқарды. Қызылдар Цзинань, Кайфын, Баодин, Датун қалаларын алып, астанаға қауіп төндірді. Хубейдегі көтерілісті император деп жарияланған, шыққан тегі жағынан шаруа Мин Юйчжень басқарды. Бірақ бұл көтеріліс 1361 жылға қарай басылды. Көтерілісшілер арасында əсіресе аньхуэйлік Чжу Юаньчжан басқарған отряд өте зор табыстарға жетіп отырды. Ол отряд 1354 жылы құрылған еді. Бұл отрядтың қатарына талқандалған қызыл əскерлердің қалдықтары келіп қосылды. 1363 жылы Чжу Юаньчжан жасақшылары Янцызы алқабын басып алды. 1368 жылы оның отряды Пекинді монғолдардан азат етті. Нанкинде Чжу Юаньчжан император деп жарияланды. ХV ғасырдың басында Мин империясының ұланғайыр Темір державасымен қатынасы шиеленісті. Чжу Ди Темірге елшілік жіберіп, оның Қытайға тəуелділігін мойындауын, салық төлеп тұруын, жіберілген елші Анды тез қайтаруын талап етті. Ол талапқа жауап ретінде Темір қытай елшілігімен қоса сауда керуенін де кері қайтармай, ұстап қалды. 1404 жылдың қараша айында Темір Қытайға қарсы жорыққа аттанды. Бірақ 1405 ж. 18 ақпан күні Отырар қаласында Темір қайтыс болып, Қытайға жорық тоқтады.
11.Юань империясының әлеуметтік-саяси дамуын сипаттаңыз.
Дай Юань (Ұлы Юань) – 1271 – 1368 жылдар аралығында Қытайда билік құрған көшпелілер мемлекеті. Мемлекеттің негізін қалаған Шыңғысханның немересі Құбылай болды.Шыңғысханның қол астына біріккен түркі-моңғол тайпалары Қытайды жаулап алуды ұлы жихангердің көзі тірісінде бастағанымен бұл жорықтар аяғына дейін жеткізілген жоқ. 13 ғасырдың 50 жылдарыШыңғысхан империясы іс жүзінде бірнеше дербес мемлекеттерге бөлініп кетті. Соның бірін басқарғанҚұбылай Қытайды әрі қарай жаулап алуға кірісті. Өз мақсатына жету үшін ол 1264 ж. астананыҚарақорымнан Дадуға (Пекинге) көшірді. 1271 ж. Құбылай өз әулетіне қытайша Юань атауын берді. 1279 ж. ол оңт-тегі сун империясын біржолата талқандап, Қытайды жаулап алуды аяқтады. Қытайдытолық басып алғаннан кейін ол қытайлық дәстүрді жалғастырып, өзін “Көктің ұлы” деп жариялады. Моңғолдар Қытайда билік ету үшін сол елдің сан ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі мемлекеттік тәртіптерін сақтауға, биліктің қытайлық түрін қабылдауға мәжбүр болды. Құбылай бүкіл Қытайды 11 провинция, 180 округке бөлді, оларды басқаратын уәкілдерді өзі тағайындады. Халықтың әлеумметтік құрылымы өзгертілді, бірінші орынға – түркі-моңғолдар шығарылды, одан кейінгі орында – шетелдіктер (негізінен мұсылмандар), соңғы орында қытайлықтар тұрды. Алдыңғы екі топтың артықшылық құқықтары көп болды. Жоғарғы қызметтерге қытай еместер тағайындалды. Жер иеліктерін, ауылдар мен қалаларды моңғол билеушілері өздеріне туыс ауқатты шонжарларға, оларға қызметке келген шетелдіктерге, буддалық ғибадатханаларға үлестіріп берді. Мемлекеттегі ірі қалаларға Құбылай өз гарнизондарын орналастырып, әскери тәртіп жағдайын енгізді. Арнайы рұқсатсыз ешкімнің еркін жүріп-тұруына, саудамен айналысуына, басқа жаққа қоныс аударуына құқы болмады. Ерекше бақылауға алынған қытай саудагерлері тауарларын ел ішінде еркін алып жүре алмайтын және сыртқа да көп шығара алмайтын. Оның есесіне мұсылман саудагерлерге және еуропалықтарға Қытайғакіруге еркін жол ашылды. Қытайларға мүлдем сенбеген Құбылай өзінің орасан зор мемлекетін басқару үшін билікке шетелдіктерді көптеп тартты. Мысалы, Орталық азиялық саудагер Ахмед қаржы саласын басқарса, әскери саланы сириялық Насир ад-Дин өз қолында ұстады, италиялық Марко Пологубернатор болып тағайындалды. Дегенмен Құбылай өзінің ең басты тіректері ретінде түркі-моңғол ақсүйектеріне арқа сүйеді. Сарай маңында және ірі-ірі провинциялардың ішінде басты рөлді көшпелілер атқарды. Әсіресе, жалайыр, керей, қоңырат, арғын, найман, қыпшақ, т.б. тайпалардан шыққан саяси қайраткерлер, қолбасшылар, дипломаттар көп болды. Олар Юань Империясындағы саяси, әскери және экономикалық билікті өз қолдарында ұстады. Құбылай қытай жазуына өзгеріс енгізуге тырысып, 1281 ж. даосизм ілімін насихаттайтын кітаптарды өртеуге бұйрық берді. Биліктен қуылған қытайлық билік өкілдері жиі-жиі моңғолдарға қарсы құпия бүліктер ұйымдастырып отырды. 1282 ж. астанада болған осындай кезекті көтерілістен кейін шетелдіктер елден қаша бастады. Осыған байланысты Құбылай қайтыс болған соң оның мұрагерлері сарайға қытайлық әкімдерді қызметке алуға мәжбүр болды.
12. Қытай халқының монғол басқыншыларына қарсы күресі. Мин әулеті билігінің орнауының тарихи жағдайларын көрсетіңіз.
Моңг шапқ туралы еңбектер қатарына Лувсанданзан. Алтын шежір . Əбілғазы. Түрік шежіресі. Карпини П. История монголов. Рубрук Г. Путешествие в восточные страны. Козин С.А. Сокровенное сказание монголов.. Монғолдардың құпия шежіресі. ІХ ғасырдың аяғындағы шаруалар соғысы мен орталық биліктің əлсіреуі нəтижесінде Х ғасырдың басында Қытайда саяси бытыраңқылық орын алды. 907 ж. Тан əулеті тақтан тайдырылған соң бұл бытыраңқылық тіпті күшейе түсті. 960 жылға дейін бес əулет бірін-бірі ауыстырды. Олардың астанасы Кайфын (Дунцзин) қаласы болды 907—960 жж. аралығы тарихта «бес əулет жəне он патшалық кезеңі» деп аталды. 1211 жылы Солтүстік Қытайға оның байлығына қызыққан монғол əскерлері басып кірді. 1215 жылы олар Пекинді басып алды. Қытай халқы екіге бөлінді, бір тобы чжурчжендер жағында монғолдарға қарсы соғысса, екінші тобы монғолдар жағында чжурчжендер əулетіне қарсы соғысты. 1226 жылға қарай монғолдар Қытайдың көпшілік бөлігін жаулап алды. 1227 жылы Батыс СЯ патшалығын басып алды. Хэнаньдағы Кайфын т.б. қалалар ерлікпен шайқасты. Бірақ монғолдардың күші басым болды. 1234 жылы монғолдар Солтүстік Қытайды жаулап алуды аяқтады. Шыңғыс хан мен оның балалары Қытайдағы мемлекетті басқару əдісімен, түрімен жете танысып, оларды қабылдады. Ұлы Мөңке хан /1208—1259/ 1259 жылғы Оңтүстік Қытайды бағындыру үшін шайқастардың бірінде қайтыс болды. Оның орнына ұлы хан болып сайланған Қубылай /1259—1294/ астананы Пекинге көшірді.. 1271 жылы 18 желтоқсанда Құбылай қытайша Дай Юань деген атақ алып, Юань əулеттің негізін қалады. Оңтүстік Қытайды жаулап алу 1279 жылы аяқталды /əрең деген-де/. Хуаньчжоу /астанасы/ сол жылы алынды. Бірақ көптеген қытай отрядтары қарсыласуларын тоқтатпады, оларды сун ақсүйегі Вэнь Тяньсян басқарды. Бірақ моңғолдықтар бұл қарсылықты 1280 жылы толық басып тастады. ХІV ғасырға қарай монғол басқыншыларының Қытайдағы билігі əлсірей бастады. Біртұтас Монғол империясының орнына бұл кезде төрт Монғол мемлекеті құрылған болатын. Монғолияның өзімен Маньчжурия, Қытай, Тибет төртеуі сол мемлекеттердің бірі — «Ұлыхандар мемлекетінің» құрамына кірді. Биліктің əлсіреуі Қытайдағы монғол ақсүйектердің арасындағы алауыздық пен таластартыстан асқына түсті. Қытай халқының монғол хандарымен ашық күресі, əсіресе ХІV ғасырдың ортасында, Тоған-Темір билігі кезінде күшейді. 1351 ж. Цзянсу провинциясындағы көтерілісті Ли Эр, Хубэй провинциясындағы көтерілісті Мын Хай-ма басқарды. Солтүстік шығыста «Бойлянь Цзяо» («Ақ лотос») деген құпия қоғам монғолдарға қарсы үгіт-насихат жүргізіп, қастандық əрекеттер ұйымдастырды. Оның мүшелері Шандундегі көтеріліске қатысты. Монғол басқыншыларына қарсы күресте Қытай тарихындағы əйгілі «Қызыл орамалдылар» көтерілісі шешуші рөл атқардыХубейдегі көтерілісті император деп жарияланған Мин Юйчжень басқарды.1363 жылы Чжу Юаньчжан жасақшылары Янцызы алқабын басып алды.1368 жылы оның отряды Пекинді монғолдардан азат етті. Нанкинде Чжу Юаньчжан император деп жарияланды. Ол таққа отырған жаңа Мин əулетінің (1368—1644 жылдары) негізін қалады. Қытайдағы ең соңғы монғол əміршісі Төгон-Тимур /Шуньди/ елден кетуге мəжбүр болды. Соғыс кезінде Чжу Юанчжан шаруаларды салықтардың көбінен босату туралы уəде берді. Соғыс біткен соң бұрынғы монғолдық əулетке қараған жерлерді мемлекеттікі деп жариялады. Шаруалардың едəуір бөлігі жерге ие болып қалды. Жаңа император барлық жеке меншік жəне мемлекеттік жердің есебін қайта жүргізді. Фарфор мануфактурасы мемлекет қарамағына алынды. Онда басыбайлы шаруалар істеді. 1375 жылы жаңа қағаз ақша шығарыла бастады. 1398 ж. Чжу Юань-чжан өлген соң сарай, Чжу Юань-чжанның баласы Чжу Ди 1403 ж. төңкеріс жасап, императорды тақтан түсірді де, өзін император деп жариялады. Ол Даду қаласында қала берді де, 1421 ж. оны Бэйцзин (еуропалықтар «Пекин») деп атады. Өзі билік құрған 1403—1424 жылдарды Чжу Юнлэ — «мəңгілік қуаныш» жылдары деп атады. ХІV ғасырдың аяғында империя халқының саны шамамен 60 млн. болды. Чжу Ди өте белсенді сыртқы саясат жүргізді. Чжу Ди билігі кезінде моңғол хандарымен күрес онан əрі жалғасты. Енді Қытай қорғаныс емес, шабуылға шықты. Бірақ Цю Фу басқарған қытай əскері 1409 ж. Керулен өзеніндегі шайқаста моңғолдардан жеңіліп қалды. Келесі 1410 ж. қытай əскері Онон өзеніндегі шайқаста жеңіске жетті.Төле өзенінде Қытай əскері батыстық моңғолдар — ойраттарды талқандады. ХV ғасырдың басында Мин империясының ұланғайыр Темір державасымен қатынасы шиеленісті. . 1436 ж. Қытай барлық шет ел елшілерін елден қуды, өзінің алыс елдерге теңіз жорықтарын тоқтатты.
13. Мин әулеті тұсындағы Қытайдағы әлеуметтік-саяси дағдарыстың себептерін түсіндіріңіз
Мин империясы – 1368 – 1644 жылы Қытайда билік құрған мемлекет. Моңғолдар билеген Юань әулетінің орнына құрылды. Қытайлардың моңғолдарға қарсы ұзаққа созылған күресі (1350 – 56) нәтижесінде дүниеге келді. Астанасы алғашқыда – Нанкин, 1421 жылдан Пекин қаласында болды. Әулеттің негізін салған Чжу Юаньчжан (Тай-цзу) (1368 – 98 жылдары). Мин империясының саяси жағдайы жаман болған,өйткені моңғ шапқынш кейін, ішкі саясатта,сыртқы саясатта ретсіз болған. \Чжу Ювньчжан империяны қатаң тәртіпке негізделген әдіспен басқаруды жолға қойып, мемлекеттік қызметке орналасудың үш сатылы жүйесін енгізді (1382 жылы). Мин империясының билеушісі Хуэй – ди (1398 – 1402 жылдары) ақсүйектердің құқығын тежеуге тырысты. Чжу-Ди (1402 – 24 жылдары) 1421 жылы мемлекет астанасын Нанкиннен Пекинге көшірді. ХІV ғасырдың аяғында империя халқының саны шамамен 60 млн. болды. Чжу Ди өте белсенді сыртқы саясат жүргізді. Чжу Ди билігі кезінде моңғол хандарымен күрес онан əрі жалғасты. Енді Қытай қорғаныс емес, шабуылға шықты. Бірақ Цю Фу басқарған қытай əскері 1409 ж. Керулен өзеніндегі шайқаста моңғолдардан жеңіліп қалды. Келесі 1410 ж. қытай əскері Онон өзеніндегі шайқаста жеңіске жетті.Төле өзенінде Қытай əскері батыстық моңғолдар — ойраттарды талқандады. ХV ғасырдың басында Мин империясының ұланғайыр Темір державасымен қатынасы шиеленісті. . 1436 ж. Қытай барлық шет ел елшілерін елден қуды, өзінің алыс елдерге теңіз жорықтарын тоқтатты. Дегенмен оңтүстік бағыттағы Мин империясының белсенді сыртқы саясатының арқасында Қытай қазіргі Гуйчжоу провинциясы жеріндегі халықты бағындырып, біржола өзіне қосып алды. Вьетнам (1406 – 27 жылдары), Цейлон (1408 – 56 жылдары) және оңтүстік - шығыстағы 20 патшалық Қытайға тәуелді болды. Бірақ өлы Жібек жолының Орталық Азиялық бөлігі Мин империясының бақылауынан тыс қалды. 1405 – 33 жылдары Мин империясы Әмір Темір империясына қарсы одақтас ел табу үшін Оңтүстік Азия елдеріне, Үндістанға, Парсы шығанағына, араб елдеріне және Африкаға зор ауқымдағы 7 теңіз экспедидициясын аттандырды. Жапония аралдарымен, Жоңғариямен, Қашқариямен, Сібірмен сауда байланыстарын орнатты. Мин империясының кезінде қолөнер, кеме жасау, мануфактура өндірісі дамып, қалалар өсті, ақша қатынасы дамыды. өлы Қытай қорғанының бұзылған жерлері қалпына келтіріліп, сәнді сарайлар мен ғибадатханалар салынды. Халықтың өсімі ұлғайды. Пекин мен Нанкиннің тұрғындары 1 миллионға жетті. 15 ғасырдан бастап еуропалықтармен (Португалия, Голландия) байланыс орнады. Еуропалық миссионерлер Қытайда христиан (католик) дінін насихаттай бастады. Дегенмен 16 – 17 ғасыларда әлеуметтік күрес шиеленісіп, шаруалар көтерілісі жиі бой көтерді. 1628 – 44 жылдары. Қытай тарихында ұзаққа созылып, кең аумақты қамтыған Ли Цзычен бастаған шаруалар көтерілісі нәтижесінде Мин империясы құлады Өзі билік құрған 1403—1424 жылдарды Чжу Юнлэ — «мəңгілік қуаныш» жылдары деп атады.
14. Цинь әулеті билігі орнауының тарихи жағдайларын көрсетіңіз
Цинь патшалығы (1644 — 1911) — Қытайдағы маньчжурлар әулеті билеген соңғы патшалық. Билеуші Нурцахи (Нұрхаш) (1559 — 1626) 16 ғ-дың аяғында Солт.-Шығыс Қытайда тұратын көшпелі маньчжур тайпаларын біріктіріп, Мин империясына қарсы күрес бастады. Ол 1616 ж. Хатула деген жерде “Да чжин” мемлекетінің құрылғанын жариялады. 1626 ж. Нурцахи қайтыс болғаннан кейін оның орнына баласы Абахай(Хуан Тайчжи) отырды. *1636 ж. Абахай мемлекеттің атын Цин(Чин — мөлдір) деп өзгертті. Бұл кезде Қытайдың орт. аудандарында Мин патшалығына қарсы Ли Цзычэн, Чжан Сяньжун бастаған халықкөтерілістері болып жатты. 1644 ж. Цзычэн бастаған көтерілісшілер Пекинге басып кіргеннен кейін Мин патшалығының соңғы императоры Чжу Ючжиян өзіне-өзі қол жұмсап, қаза болды. Маньчжурлардың әскері Қытай қорғанын күзетіп тұрған Мин патшалығының генералы У Саньгуймен бірігіп, көтерілісшілерге қарсы аттанды. Біріккен әскер Пекиннен көтерілісшілер армиясын ығыстырып шығарып, 1 мамыр күні Қытайда Цинь империясының орнағанын жариялады. Цинь империясы негізінен Мин патшалығы кезіндегі саяси жүйені нығайтты. Императорлық кеңес маньчжур ақсүйектерінен құрылды. Әкімш.-аумақтық бөлініс провинция, аймақ, округ пен ауданнан құрылды. 1683 жылға дейін әскери жорықтардың, билеуші топ өкілдерімен тиімді саясат жүргізудің барысында Тайвань аралына дейінгі жерлер бағындырылды. 17 — 18 ғасырларда елде а. ш. мен қолөнер дамып, алғашқы мануфактуралар пайда болды, капит. қатынастар орын ала бастады. Тың жерлер игерілді, кейбір салық жеңілдіктері жасалды. Цинь империясы. елдің батысындағы Жоңғар хандығымен үздіксіз соғыс жүргізді. Ол соғыста жоңғарларды Қшкі Моңғолия мен Халхаданығыстырып шығарды. Қиыр Шығыста да үлкен табыстарға жетіп, Ресейді Амур бойынан бас тартуға мәжбүр етті; Цинь империясы шет елдермен, әсіресе, еур. мемлекеттермен “жабық есік” саясатын жүргізіп, империя аумағын сыртқы шабуылдардан қорғауды күшейтті. 17 ғ-дың аяғында Қытайдың шеткері аймақтардағы орт. өкіметке қарсы жүргізілген “Сан фан” қозғалысын күшпен басты. Жоңғар ханы Қалдан Сереннің Қытайға жасаған шабуылы тойтарылды. Орт. Азияда қалыптасқан ішкі қайшылықтарды пайдалана отырып,1755 — 57 ж. Жоңғар хандығын біржолата жойып жіберді. 1756 — 57 ж. Қазақ хандығымен болған дығымен болған шекаралық әскери қақтығыстардан кейін өзара келісім жасалып, дипломат. қарым-қатынастар орнатылды (қ. Абылай, Цянь Лун). Цинь империясы Үрімжі, Құлжа мен Тарбағатайда қазақтармен малға тауарлар айырбастайтын арнайы базарлар ашты. 1759 ж. Қашғариядағы ұйғырлардың қарсылығын жаныштап, Шығыс Түркістанға өз билігін орнатты. *1762 ж. Қле өз-нің бойында Чжаньчжунфу генерал-губернаторлығы құрылды. 1762 — 65 ж. оңт-те Бирма, Вьетнам, Непалға жаулап алу соғыстары жүргізілді. 18 ғ-дың аяқ кезінде Тибет жаулап алынып, Цинь империясы өзінің шарықтау шегіне жетті. 19 ғ-дан бастап Цинь империясы әлсірей бастады. Орт. өкіметке қарсы халық көтерілістері жиілеп, батыс державалары Қытайға ену әрекеттерін күшейтті. 15. Сасанилердің сыртқы саясаты
224 (226) ж. Парфяндар əулетін құлатып, билікке келген парсылық Сасанилер əулетінің негізін қалаушы Ардашир [224(226) —241] болды. Ол əулеттің билігі кезінде, яғни 224—651 жж. Иранның халықаралық аренадағы шоқтығы биіктей түсті. Иран бұл кезде Риммен, кейін, ІV—VІІ ғасырларда Византиямен қырқысқан соғыстар жүргізді. Ардашир оңтүстіктегі Фарс облысындағы княздердің бірі болатын. Таққа отырған соң ол Ктесифон қаласын астанаға айналдырды. Ардашир билікке заратуштра (зороастризм) дінбасыларының қолдауымен келді. Сасанилер патшалығы бір орталыққа бағындырылған мемлекет болды. Ел олардың тұсында 18 сатраптыққа бөлінді. Əр сатрап басында губернатор тұрды. Губернаторды патша өзі тағайындап
отырды. Иран Риммен, кейін — Византиямен Қара теңіз жағасы үшін күрес жүргізді. І Шапур тұсында (241—272) парсылықтар жеңіске жетіп, Кіші Азияны басып алды. 256 ж. Антиохия басып алынды. 260 ж. Рим əскері талқандалып, император Валериан тұтқынға түсті. Иран əскерінің онан əрі жылжуын арабтық Пальмира патшасы Одейната қарсылығы тоқтатты. 266—272 жж. патшалық құрған Одейнатаның əйелі Бат-Заббай Римге қарсы көтеріліс жасап, бүкіл Кіші Азия мен Египетті басып алды. Бірақ 272 ж. Бат-Заббайдың əскері Рим императоры Аврелианның əскерінен жеңілді. 273 ж. римляндар Пальмираны біржолата құртып жіберді. Рим əскері 283 ж. Сасанилер астанасына дейін жетті. Оны басып ала алмады. 298 ж. парсылықтар Нисибин түбінде тағы да рим əскерінен жеңілді. Нисибин шарты бойынша Армения мен Месопотамияның солтүстігіндегі 5 провинция Римнің қол астына көшті. Иран-рим соғыстарының жаңа кезеңі ІІ Шапур (309—373) тұсында басталды. Ол алдымен парсы шығанағындағы Бахрейінді басып алды. Иран мен Рим қатынастарының сипатына христиан дінінің тарауы елеулі ықпал етті. ІV ғасырдың басында Грузияда, Армения мен Солтүстік Əзербайжанда христиан діні қабылданды (301—303 жж.). Арменияның христиан дінін қабылдауы оны Риммен байланысын нығайтуға итермеледі. Армения халқының бір бөлігі Римді, христиандықты қолдаса, бір бөлігі Иранға бағыт ұстанды. 338 ж. ІІ Шапур Риммен соғысты қайта жалғастырып, Армения мен солтүстік Месопотамияға басып кірді, 363 ж. Иранға жасаған сəтсіз жорығы кезінде Рим императоры Юлиан өлді. Оның орнына таққа отырған Иовиан Иранмен бітім шартын жасады. Ол шарт Иран үшін тиімді болды. Грузия мен Арменияның шығыс бөліктері Иранның қол астына көшті (387 ж.). V ғасырда Иран мен Шығыс Рим империясы — Византия арасында тыныштық болды. Ол екеуі енді солтүстіктен қауіп төндірген ортақ жау — гунн көшпелі тайпаларына қарсы күреске бірікті. Христиандарды қудалау V Бахрам Гур (421—438) тұсында қайта жалғасты. Бұл кезде солтүстік пен солтүстік-шығыстан көшпелілер шабуылы күшейді. V Бахрам Мерв (Мары) түбіндегі шайқаста эфталиттерді жеңіп, Сасанилер державасының шекарасын Амударияға дейін жылжытты. ІІ Иездигерд (438—457) тұсында Армениядағы үстемдікті нығайтып, онда зороастризмді таратуға күш салынды. Армения автономиясына қастандық көтеріліске əкеп соқты. Армяндарға Византия көмектесе алмады. Көтеріліс 451 ж. басылды. Бірақ Армения автономиясы мен христиан дінін ұстану құқын сақтап қалды. ІІ Иездигерд өлген соң екі жылдай таққа талас жүрді. 458 ж. таққа оның баласы Пероз (458—484) отырды. Көшпелі эфталиттер Хорасанның жартысын басып алды. Оларға қарсы екінші рет жасалған жорық тағы да сəтсіз аяқталды. Иран əскерлері талқандалып, Пероз қаза тапты. Сасанилер əскері шығыстағы жорықтарда жүргенде Закавказье халқы Иранға қарсы көтеріліске шықты. Оны Картли патшасы Вахтанг Горгасал мен армян батыры Ваган Мамиконян басқарды. Ол көтеріліс Пероздың мұрагері Валаш (484—488) шахиншахтың тұсында тоқтады. Валаш Картлидің, Арменияның жəне Албанияның (Дағыстан) басшыларымен бітім шартын жасады. Шарт бойынша Иран ол елдердің автономиясын мойындап, христиан дінін қудалаушылығын тоқтатты.
16. Маздакиттік қозғалыс:себептері, барысы, салдарларын талдаңыз
V—VІ ғасырлар кезінде Иранда кең өріс алған бұқаралық халық қозғалысы маздакилер қозғалысы болды. Ол Иранда V ғасырдың аяғында басталды. Оның қозғаушы күші қауымдас диқандар мен кедейленген қолөнершілер болды. Қозғалыстың басшысы Маздак жарқын болмыстың, əділеттіліктің зұлымдықты қалай да жеңетіндігі туралы ұран тастады. Ол жеңіс əйтеуір бір кезде, құдай сəтін салғанда ғана емес, осы өмірде, табан астында келуі тиіс деп есептелді. Тек адамдардың белсенділігі арқасында жер бетіндегі зұлымдықтан құтылуға болады делінді. Зұлымдықтың нақтылы көрінісі — адамдар арасындағы мүлік теңсіздігі деп табылды. Ең алдымен сол мүлік теңсіздігі жойылуы керек болды. Меншікті тепе-тең етіп қайта бөлу талабы қойылды. Өз бағдарламаларының əлеуметтік талаптарын жүзеге асыру үшін маздакилер байлардың мал-мүлкін тартып алып, кедейлерге бөліп бере бастады. Байлардан алынған жер қауым аумағына қосылды. Қозғалысты үстем таптың біраз бөлігі де, шахиншах І Кавад өз мақсаттарына пайдаланып қалуға тырысып, оған алғаш қолдаушылық көрсетті. Кавад күшті байлардан құтылмақшы болды, əрі əскердің негізін құрайтын азат-дехкандардың көңіл-күйін де есепке алды. 496 ж. шонжарлар Кавадты құлатып, зынданға тастады. Бірақ499 жылы Кавад билікті қайтарып алды. Кавадтың көмегімен маздакилер өз жоспарларын жүзеге асырып қалуға тырысты. Маздак мемлекет басшыларының бірі болып тағайындалды. 502—506 жж. Иран Византиямен соғысты табысты аяқтады, көшпенділер шабуылын тойтарды. Иранда бірнеше қалаларсалынып, каналдар жүйесі кеңейтілді. Қауым ішіндегі пысық, бақуаттылары біртіндеп маздакиттер қатарынан шығып, оған қарсы бола бастады. Оның үстіне Кавад та ақсүйектермен, дінбасылармен келісімге бет бұрып, өз позициясын өзгертті. Себебі біраз əлсіреген ақсүйектер енді Кавадқа қауіпсіз болды. Азат-дехкандар да қозғалыстан шықты. Қозғалыс 529 ж. толық талқандалды.
17. І Хосров реформаларының мәнін ашыңыз
Халық қозғалыстары үстем тапқа ескі тəртіптер бойынша өмір сүруге болмайтынын көрсетті. Сондықтан да сасанилердің жаңа патшасы І Хосров (531—579) феодалдықукладты дамытып, нығайтуға бағытталған қайта құру (реформа) жолдарын іздестіруге мəжбүр болды. Маздакилердің байлардан тартып алған жерлері кəмпескеленді. Ол жер енді мемлекеттік жер қорына қосылды. Байлығынан айырылған ақсүйек əулеттерін, азат адамдарды Хосров патша қызметіне қабылдап, өзіне тəуелді жаңа əлеуметтік топ құрды. Салық саласында түбегейлі өзгерістер болды. Бұрынғы əртүрлі салықтар жойылып, негізгі екі түрі ғана қалды. Ол «хараг» деп аталған жер салығы жəне «гезит» деп аталған жан басы салығы. Жаңа салық мөлшері маздакиттер қозғалысына дейінгі мөлшерден əлдеқайда төмен болды. Бұл шаруаларға жасалған жеңілдік еді. Айлық табысы белгіленген тұрақты армия құрылды. Елде 4 əскери округ құрылды. Əскери билік азаматтық биліктен бөлінді. Ел оңтүстік, батыс, солтүстік, шығыс деген төрт облысқа бөлінді. Ол облыстардағы азаматтық үкімет билігі əскери билікке — спахабадтар деген əскер басыларына бағынышты болды. Патшаның тең праволы үш уəзір-фармардары тағайындалатын болды. Бұл өзгерістер, жаңалықтар патша билігін нығайтуды көздеді.І Хосров белсенді сыртқы саясат жүргізді. 540 ж. Византиямен соғысты жалғастырды. Шахиншах əскерлері Сирияны басып өтіп, Оронттағы Антиохияны (Таяу Шығыстағы) талан-таражға салды. Сонан соң соғыс қимылдарыКавказға ойысты. Онда Иран Византиядан Лазиканы (батыс Грузия) тартып алуға тырысты. 561 ж. І Хосров Ануширван мен император І Юстиниан арасында «мəңгілік» «бейбітшілік» бітімі жасалды. Ол бітім бойынша Византия өзінің бұрынғы шекарасын сақтап қалды. Бірақ көп өтпей бұл бітім қайта бұзылды. Енді Иран мен Византия Оңтүстік Аравия үшін қырқысты. 577 ж. Сайф ибн зу-Иазан бастаған Иемен ақсүйектері І Хосров жіберген əскердің көмегімен Византия мүддесін қорғаушы Эфиопия əскерін елден қуып, өкімет билігін өз қолына алды. Иемен шахиншахқа салық төлеп тұруға тиіс болды. 598 ж. Иемен Иранға қосып алынды. 628 жылға дейін оның басшысы марзбанды шахиншах тағайындап отырды. 563—567 жылдары І Хосров солтүстік-шығыста эфталиттерді жеңіп, бұрын жоғалтқан жерлерін қайтарып алған болатын.
18. Ерте орта ғасырлардағы Үндістанның саяси дамуының ерекшеліктерін көрсетіңіз
IV ғасырда Солтүстік Индия Магадхалық ақсүйектердің қол астына бірікті. 320 жылы Магадхадағы өкімет билігі Гупта əулетінің өкілі Чандрагуптаның /320—340/ қолына тиді. Оның баласы Самудрагуптаның /340—380/ тұсында Гупттар билігі Батыс Бенгалиядан Пенджабқа дейінгі аралықтағы Солтүстік Индияға таралды. Гупталар туралыі еңбектер қатарына Каутилья. Артхашастра,Осипов А.М. Краткий очерк истории Индии до Х в.,История Востока біле аламыз. Ұланғайыр Гупттар державасын басқару үшін күшті əкімшілік жəне əскери аппарат құрылды. Гуптар əулеті билікке келгенге дейінгі Үндістанның саяси жағдайы төмендегідей болды: І Васудевадан кейін Кушан державасы терең құлдырау жағдайында болып, Ганг алқабына бақылауынан айрылып қалды. Осы уақытта екінші ірі держава – Виндхья тауынан оңтүстікке қарай жатқан – Сатавахана патшалығы өмір сүруін тоқтатады. Солтүстік Үндістанда əлеуметтік жəне саяси дамудың əр түрлі сатыларында тұрған көптеген ұсақ мемлекеттер пайда болды.
Державаның нағыз негізін қалаушы Гхатоткачоның ұлы І Чандрагупта болды. Дəл осы 319 ж. Таққа отыруынан бастап гупт дəуірін бастаймыз.Жалпы Гупта державасының саяси-экономикалық дамуына үлесс қосқан патшалар қатарына Шри-Гупта (275-300),мГхатоткача (300-320), Чандрагупта 1(320-350), Самудрагупта (350-376), Чандрагупта 2 (376-415), Кумарагупта 1 (415-455), Скандагупта (455-470), Кумарагупта 2(470-475), Будхагупта (475-500) Вайньягупта (500-515),Нарасимхагупта (515-530),Кумрагпта3 (530-540),Вишнугупта(540-550). І Чандрагупта махараджадхираджа (қлы патша, патшалардың патшасы) деген жаа титул алады, бұған иран титулатурасы ықпал еткен болуы керек. Мемлекетті империя деп атауға белгілі-бір негіздер де болды – І Чандрагупта уақытысында алтын теңге – динарлар соғылды. Патшаның басты əйелі ежелгі атақты ру – личхавалардан шыққан Кумарадэви болды. Олардың ұлы Самудрагупта өзіні анасы жағынан шежіресін мақтанышпен келтіреді. Дəл осы алып кланмен одақ Гуптарға жалпыүнділік ауқымда саяси роль атқаруға мүмкіндік берген болуы керек. Самудрагупта əулеттің билігін одан əрі күшейтіп, мемлекеттің территориясын кеңейтеді. Аллахабадтағы Ашшока жазулары бойынша Самудрагупта кезінде көптеген жерлер бағындырылған-жалпы оның саяси тактикасы территория жаулап алу емес, сол жаулап алынған жерлерде билік ету,өзінің билігін мойындату. Мәлңметтер б-ша Непалдан Шри-Ланкаға дейңнгі жерлерге дейін,оның билігін мойындаған. 380 жылға таман өз қол астына 20 жуық мемл бағындырған. Тарихшы Артур Винсент Смит Самудрагуптаны «Үнді Наполеон» деп атаған. Ал Самудрагуптааның баласы Чандрагупта 2- іскери-жаулап алу жағына қарағанда – өнер- әдебиет жағында державаның өркендеуіне өз үлесін қосқан. Бірақ соның өзінде де саяхатшы Фасянь деректері бойынша Батыс Кшатраптарға шешуші соққы берген осы патша болды. Державаның гүлдену шағында, оның ядросы Бихар, Уттар-Прадештің шығыс бөлігімен Бенгалияның батысы болды. Чандрагупта 2-ң ұрпақтары гунн-эфтталиттермен көптеген күрестер жүргізді. 458 жылы гупттар өз державасын көшпелі гунн-эфталиттер шабуылынан қорғап қалды. 528 жылы гупттар басшысы Баладитья Орталық Индиядағы Мандасордың басшысы Яшодхарманмен одақтаса отырып, эфталиттерді талқандады. Эфталиттермен соғыстар гупталарды әбден әлсіретті. Ішкі-сыртқы қақтығыстар нәтижесінде VI ғасырдың аяғында Гупттар мемлекеті өмір сүруін тоқтатты
19. Гупталар империясының саяси жүйесінің ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз
IV ғасырда Солтүстік Индия Магадхалық ақсүйектердің қол астына бірікті. 320 жылы Магадхадағы өкімет билігі Гупта əулетінің өкілі Чандрагуптаның /320—340/ қолына тиді. Оның баласы Самудрагуптаның /340—380/ тұсында Гупттар билігі Батыс Бенгалиядан Пенджабқа дейінгі аралықтағы Солтүстік Индияға таралды. Гупталар туралыі еңбектер қатарына Каутилья. Артхашастра,Осипов А.М. Краткий очерк истории Индии до Х в.,История Востока біле аламыз. Ұланғайыр Гупттар державасын басқару үшін күшті əкімшілік жəне əскери аппарат құрылды. Гуптар əулеті билікке келгенге дейінгі Үндістанның саяси жағдайы төмендегідей болды: І Васудевадан кейін Кушан державасы терең құлдырау жағдайында болып, Ганг алқабына бақылауынан айрылып қалды. Осы уақытта екінші ірі держава – Виндхья тауынан оңтүстікке қарай жатқан – Сатавахана патшалығы өмір сүруін тоқтатады. Солтүстік Үндістанда əлеуметтік жəне саяси дамудың əр түрлі сатыларында тұрған көптеген ұсақ мемлекеттер пайда болды.
Державаның нағыз негізін қалаушы Гхатоткачоның ұлы І Чандрагупта болды. Дəл осы 319 ж. Таққа отыруынан бастап гупт дəуірін бастаймыз.Жалпы Гупта державасының саяси-экономикалық дамуына үлесс қосқан патшалар қатарына Шри-Гупта (275-300),мГхатоткача (300-320), Чандрагупта 1(320-350), Самудрагупта (350-376), Чандрагупта 2 (376-415), Кумарагупта 1 (415-455), Скандагупта (455-470), Кумарагупта 2(470-475), Будхагупта (475-500) Вайньягупта (500-515),Нарасимхагупта (515-530),Кумрагпта3 (530-540),Вишнугупта(540-550). І Чандрагупта махараджадхираджа (қлы патша, патшалардың патшасы) деген жаа титул алады, бұған иран титулатурасы ықпал еткен болуы керек. Мемлекетті империя деп атауға белгілі-бір негіздер де болды – І Чандрагупта уақытысында алтын теңге – динарлар соғылды. Патшаның басты əйелі ежелгі атақты ру – личхавалардан шыққан Кумарадэви болды. Олардың ұлы Самудрагупта өзіні анасы жағынан шежіресін мақтанышпен келтіреді. Дəл осы алып кланмен одақ Гуптарға жалпыүнділік ауқымда саяси роль атқаруға мүмкіндік берген болуы керек. Самудрагупта əулеттің билігін одан əрі күшейтіп, мемлекеттің территориясын кеңейтеді. Аллахабадтағы Ашшока жазулары бойынша Самудрагупта кезінде көптеген жерлер бағындырылған-жалпы оның саяси тактикасы территория жаулап алу емес, сол жаулап алынған жерлерде билік ету,өзінің билігін мойындату. Мәлңметтер б-ша Непалдан Шри-Ланкаға дейңнгі жерлерге дейін,оның билігін мойындаған. 380 жылға таман өз қол астына 20 жуық мемл бағындырған. Тарихшы Артур Винсент Смит Самудрагуптаны «Үнді Наполеон» деп атаған. Ал Самудрагуптааның баласы Чандрагупта 2- іскери-жаулап алу жағына қарағанда – өнер- әдебиет жағында державаның өркендеуіне өз үлесін қосқан. Бірақ соның өзінде де саяхатшы Фасянь деректері бойынша Батыс Кшатраптарға шешуші соққы берген осы патша болды. Державаның гүлдену шағында, оның ядросы Бихар, Уттар-Прадештің шығыс бөлігімен Бенгалияның батысы болды. Чандрагупта 2-ң ұрпақтары гунн-эфтталиттермен көптеген күрестер жүргізді. 458 жылы гупттар өз державасын көшпелі гунн-эфталиттер шабуылынан қорғап қалды. 528 жылы гупттар басшысы Баладитья Орталық Индиядағы Мандасордың басшысы Яшодхарманмен одақтаса отырып, эфталиттерді талқандады. Эфталиттермен соғыстар гупталарды әбден әлсіретті. Ішкі-сыртқы қақтығыстар нәтижесінде VI ғасырдың аяғында Гупттар мемлекеті өмір сүруін тоқтатты
20. Гупталар тұсындағы Үндістанның әлеуметтік құрылымына талдау жасаңыз
IV ғасырда Солтүстік Индия Магадхалық ақсүйектердің қол астына бірікті. 320 жылы Магадхадағы өкімет билігі Гупта əулетінің өкілі Чандрагуптаның /320—340/ қолына тиді. Оның баласы Самудрагуптаның /340—380/ тұсында Гупттар билігі Батыс Бенгалиядан Пенджабқа дейінгі аралықтағы Солтүстік Индияға таралды. Гупталар туралыі еңбектер қатарына Каутилья. Артхашастра,Осипов А.М. Краткий очерк истории Индии до Х в.,История Востока біле аламыз. Орталық Үндістанда – Чарманвати өзені ауданында – Нагтар əулетінің əр түрлі бұтақтарынан шыққан билеушілер басқарған патшалықтар ең бір елеулі мемлекеттер болды. Батыста – Индтің төменгі ағысынан Нармадаға дейін шак кшатраптары биледі. Солтүстік-батыста олигархиялық кландар билік құрды. Солтүстік-шығыста ежелгі
личхавалар кланы маңызды роль атқарды. Державаның нағыз негізін қалаушы Гхатоткачоның ұлы І Чандрагупта болды. Дəл осы 319 ж. Таққа отыруынан бастап гупт дəуірін бастаймыз. І Чандрагупта махараджадхираджа (қлы патша, патшалардың патшасы) деген жаа титул алады, бұған иран титулатурасы ықпал еткен болуы керек. Мемлекетті империя деп атауға белгілі-бір негіздер де болды – І Чандрагупта уақытысында алтын теңге – динарлар соғылды. Патшаның басты əйелі ежелгі атақты ру – личхавалардан шыққан Кумарадэви болды. Олардың ұлы Самудрагупта өзіні анасы жағынан шежіресін мақтанышпен келтіреді. Дəл осы алып кланмен одақ Гуптарға жалпыүнділік ауқымда саяси роль атқаруға мүмкіндік берген болуы керек. Самудрагупта əулеттің билігін одан əрі күшейтіп, мемлекеттің территориясын кеңейтеді. Аллахабад жазбаларына қарағанда Самудрагупта жүздеген шайқастарға қатысып, жүздеген жарақат алған нағыз жауынгер-патша болған. Ол «бүкіл жердің билеушісі» роліне таласқан. Панегирист бұл аймақты 4 категорияға бөледі: біріншісіне Солтүстік Үндістанның орталығында орналасқан мемлекеттер (Арьяварта) жатты. Самудрагупта мұндағы Нагтардың екі мемлекетін жойды (Нагасена мен Ганапатиді). Ары қарай жүре отырып, қазіргі Дели ауданындағы Кота мемлекеті талқандалып, империяға
қосылды. Құл иеленуші қоғаммен тығыз байланыстағы тайпалардың əлеуметтік-экономикалық дамуы жоғары болды. Оларда алғашқы қауымдық құрылыс тез ыдырады. Декан тайпаларының ішінде ақсүйектер тобы бөлініп шыға бастады. Тайпа көсемдерінің рөлі арта түсті. Тайпалар арасындағы қақтығыстар, олардың бірін-бірі бағындыруы күшейді. Жер иесі — феодалдың билігі өз қарамағындағы басыбайлы немесе толық құқылы емес шаруаларға тарады. Олар феодалдардың жерінде ұсақ шаруашылықпен айналысып, феодалға жер рентасын төлеп отырды. Декан князьдықтарындағы ең ірі жер иелері — махараджалар /ұлы князьдар/ болды. Ерте ортағасырлық үнді қауымы туралы мəліметтер VII ғасырда Бана деген жазушы қалдырған «Харшачарите» деген шығармада
сақталған. Бана: «көп жер ну тоғайлы болғандықтан күріш егіп, қырман жасалатын жерлер жыл сайын қайта бөлініп отыратын. Бірақ əр жыл сайын таластартыс, дау-дамай болып отыратын»,— дейді. Ортағасырлық Индияның бір ерекшелігі — халықтың толып жатқан касталарға бөлінуі еді. Оның əрқайсысының феодалдық қоғам өмірінде белгілі орны болды. Каста, кейбір оқымыстылардың ойынша, еңбектің қоғамдық бөлініс түрі болды. Əр кастаның өзкəсібі болды, бұл кəсіп əкеден балаға көшіп отырды, ол кəсіпті ауыстыруға болмады, басқа кастаның өкілімен некелесуге рұқсат етілмеді. Əр кастаның кəсібі қоғамның жазылған заңдарымен де, жазылмаған, бірақ қалыптасқан салт-дəстүрімен де бекітілді. Бір кастадан екінші кастаға өтуге тыйым салынды. Ең жоғарғы касталар — абыздар /брахмандар/ мен əскери жер иеленушілер / кшатрилер мен раджпуттер/. Олардан кейін өздерін вайшиттер өкілі
деп есептейтін көпестер мен өсімқорлар кастасы тұрды. Келесі сатыда шудра кастасы тұрды. Ең төменгі сатыда құлдар мен малайлар істейтін үй сыпыру, кір жуу, тері илеу сияқты жұмыстағылар тұрды
21.Ерте орта ғасырлардағы Жапонияның қоғамдық-саяси дамуын сипаттаңыз
Негізгі еңбектер -Васильев Л. С. История Востока,История Японии. В 2-х т Кузнецов Ю. Д., Навлицкая Г. Б., Сырицын И. М. История Японии. Жапон аралдарының ең ежелгі тұрғындары — қазіргі айнулардың арғы атасы — эбисулер болып есептеледі Жапон халқының қалыптасуында қазіргі Индонезия мен Үнді- Қытай жарты аралын мекендеген малаялықтар мен т.б. тайпалар маңызды рөл атқарды.III ғасырдың аяғы мен VI ғасырдың ортасында барлық тайпалардың ішіндегі ең күштісі ямато болды. Ол Хонсю аралының орталығына орналасты. Алғаш Жапония осы тайпаның атымен Ямато деп аталған. Жапонияда егіншілік ерте дамыды. Аңыздар мен дəстүрлер, ғұрыптар бойынша өңделген егістікке зиян келтіру өте ауыр қылмыс деп есептелді. Археологиялық қазба материалдары бұл кезде Жапонияда қолөнерінің өмірге келгендігін байқатады. Тарихи деректер тоқымашылар, ұсталар, зергерлер туралы баяндайды. III—VI ғасырлардағы ауыл шарушылығының, əсіресе, қолөнерінің дамуына Қытай мен Кореядан қоныс аударғандар зор ықпал етті. Жапониядағы ерте феодалдық мемлекеттің қалыптаса бастауы VI ғасырдың екінші жартысына жатады. Ол тайпалар одағының басшысы — Ямато патшалары мен жергілікті көсемдердің арақатынасынан өз көрінісін тапты: соңғылары орталық өкіметтің өкілдері ретінде қарастырылды. Көсемдер мен қауым мүшелерінің арақатынастары да өзгерді: бұрынғы құрбандықтың (ауланған аңнан беретін үлес, үйде жасалған бұйымдарды сыйлау) орнын астық салығы — «татикара» басты. Сондай-ақ, қолөнер салығы да болды. Ол «мицуги» деп аталды. Құрылыс жұмыстарындағы міндеткерлік енгізілді. Ол «этати» деп аталды. Феодалдық өндірістік қатынастардың қалыптасуы қауымдық жерден «ата» деп аталған ақсүйек жерінің бөлініп шығуынан да көрінеді. Бұл бөлініп шыққан жердің иесі феодалға айналды. Ол өз жеріндегі жұмысқа «табэ» деп аталған кедейленген қауым мүшелерін жалдады. «Бэ» деген сөз «құл» деген мағынаны білдіреді. Бұрынғы үй шаруашылығында пайдаланатын «яцуке» деп аталатын құлдан «табэнің» айырмашылығы — оның өз мүлкі болды, оны қожасы өлтіре алмады, сата да алмады. Сондықтан да оларды көптеген тарихшылар жартылай ерікті егіншілер дейді. Бұл жартылай еріктілер Жапон мемлекетінің құрылуында үлкен рөл атқарды. Себебі, олардың еңбегі өндіргіш күштерін дамытты. Мұндай жартылай еріктілер қатарын қоныс аударған немесе күштеп əкелінген қытайлықтар мен кəрістер толықтырып отырды. ханзаданың атағы). Сетоку Тайси 605 ж. Ямато патшалығының мəлімдемесін (декла-
рациясын) жариялады. Ол «14 бап» деп аталды. С.Тайси бұл заңға теңелген мəлімдеме арқылы орталықтандырылған билікті нығайтуды көздеді. Ол мəлімдемеде: «патша — аспан, оның пенделері — жер. Мемлекеттегі барлық халықтың қожасы — патша. Барлық əкім-қызметкерлер — патшаның малайы»,— делінген.
22. Жапониядағы Тайка төңкерісін сипаттап, оның салдарларын көрсетіңіз
Негізгі еңбектер -Васильев Л. С. История Востока,История Японии. В 2-х т Кузнецов Ю. Д., Навлицкая Г. Б., Сырицын И. М. История Японии. Жапон аралдарының ең ежелгі тұрғындары — қазіргі айнулардың арғы атасы — эбисулер болып есептеледі Жапон халқының қалыптасуында қазіргі Индонезия мен Үнді- Қытай жарты аралын мекендеген малаялықтар мен т.б. тайпалар маңызды рөл атқарды.III ғасырдың аяғы мен VI ғасырдың ортасында барлық тайпалардың ішіндегі ең күштісі ямато болды. Ол Хонсю аралының орталығына орналасты. Алғаш Жапония осы тайпаның атымен Ямато деп аталған.. Олар жер өңдеумен, мал шаруасымен айналысқан (Дзәмон және Яеи мәдениеттері).. 5 ғ Ямато тайпаларының одағы елдіғ көп жерлерін өзінің басқаруына алды. Рулық қоғам ауыл қоғамына орнын берді,ақсүйектер байып,халынтан бөлінді. Олар ең жақсы жерлерге ие болды. Қоғамның ыдырауына көп әсер тигізген 645 жылғы Тайка төңкерісі. Бүкіл тайпаларды біріктіріп рулық қоғамның қалдықтарыында жаға мемлекет құрылды. Орталық мемлекеттік билік күшейіп, ямато билеушілері Қытай императорына бірнеше елшілік аттандырды (6 ғ.) және осы кезден бастап ел ішінде будда діні тарай бастады. . Енді Жапонияны император басқаратын болды Ямато патшалары өздерін ”тэнно” деп атады және бұл атау күні бүгінге дейін император деген ұғымды білдіреді. Тайк жылдың аты. Осы жылғы патша сарайындағы кəріс елшілігін
қабылдау кезінде принц Наканоэ мен сол кездегі патшалық құрып тұрған Сога Ирук тұқымының ата жауы Накатоми Каматари өз жақтастарымен патшаны өлтіріп, билікті бұрынғы патша əулетіне қайтарды. Сога тұқымы заңды патша əулетін биліктен тайдырып, 50 жылға жуық мемлекеттік билік тізгінін ұстап тұрған болатын. Таққа «патша үйінің» ең үлкен өкілі — Кару отырғызылды. Наканоэ тақтың мұрагері деп жарияланды. Ал Накатоми Каматари Фудзивара деген фамилияны алып, «сарай министрі» болып тағайындалды. Наканоэ Сога тұқымын құртып жіберді.
Тайка төңкерісі бірнеше реформалардан тұрады. Реформалар «Ұлы өзгерістер» д.а. Олар үлгі ретінде қытай мемлекетән алады,императорлар басқарған кезең қытайша аталады, әрі кезеңнің өз ұраны болатын. Реформалар арасындағы ең маңыздысы-жер реформасы. 646 ж императордың декреті б-ша жеке жер иелену жойылды.. Халық мемлекеттің үлесін иемденушілер болып есептелді. Халықтың басым көпшілігі — шаруалар — əр жеке басына 2 таннан (бір тан — 0,12 га) жер (үлес) алды. Əйелдер сол 2 танның үштен екі бөлігін алды. Əр алты жылда бір рет отбасындағы өзгерістерге қарай жер үлестері қайта бөлініп тұратын. Шаруалар отбасына үйінің төңірегіндегі бау-бақшалық, усадьбалық учаскелері жеке меншіктікке берілді. Адам басына үлес алған шаруалар мемлекетке астық салығын жəне үйде өндірілетін өнімдерден: матадан, қолөнер бұйымдарынан салық төлеуге тиіс болды. Азық-түлік рентасынан басқа шаруалар барщина өтеді. Жылына жүз, тіпті одан да көп күн мемлекет пайдасына тегін жұмыс істеуге тиіс болды. Шаруаның үлестен бас тартуы немесе үлесті тастап кетуі қатаң жазаланды. Бұл ерте феодалдық құрылыстың негізгі принциптері 701 жылы құрастырылған Тайхоре кодексінде бекітілді. Үстем таптың өкілдері
де жер үлестерін алды. Жеке жерлер «сеэн» д.а. Ақсүйектер жерлері Тайхоре кодексі бойынша олардың атағына, қызметіне байланысты шаулармен салыстырғанда 401250 рет көп болатын.Бұндай жерлер сыйлық ретінде берілген және қызметіне екі түрге бөлінетін деп берілген. Бірінші аталған жерлер өмір бойы меншікке,екінші түрі тек қана қызмет істегенше аппайдаланатын жер. 645 жылы болған Тайк төңкерісінен кейін құл иелену жойылып, жалдамалы шаруалар мен ірі жер иелері пайда болды.
23. Жапониядағы «Регенттер мен канцлерлер дәуірі» және оның мәнін ашыңыз
Регенттік жүйе мен канцлер лауазымы Жапон билігі басындағы ерте орта ғасырда берілегн билікті атқаратын қызмет пен лауазым еді. Регенттік – жергілікті жиналыстың көмегімен басшының қызметін уақытша атқару. Мысал келтірсек, император жасы кіші немесе ауру әлде әлі таққа отырмаған жағдайда таңдалып уақытша билік жүргізеді. Жапония тарихындағы регенттік жүйеге келетін болсақ, яғни алатын орны жайлы атап өтетін болсақ Сетоку регент-ханзадасы жайлы айтып өтсек. Ол Жапониядағы буддизм дінінің таралуына өз септігін тигізді, мемлекет атын Ямато дан – Жапонияға өзгертті, сонымен қоса көптеген реформалар жүргізді. Осы кезде басты регенттік үйлер жайлы айтып кететін болсақ, Фудзиварал мен Ходзи үйі туралы айтылады. Ходзи үйі – ғасырлар бойы жасы келмеген сегундардың атынан немесе қуыршақ императорлар атынан билеген. Ал Фудзиварал әулеті болса, самурайлар билікке келгенге дейін билік еткен регенттік әулет. Осы жайлы қысқаша тоқталып кетсек. Император үйі іс жүзінде биліктен шеттетілді. 794 ж. Астананы Хэйанға /қазіргі Киото/ көшіру сарайға жақын тұрған Фудзивара əулетінің жоғарғы үкімет билігін басып алу əрекеті болды. Алдымен император тек Фудзивара əулетінің қызына үйлену тəртібін енгізді. Кейін, 858 ж. фудзиваралар регенттік билікті өз қолдарына алды, ал 887 ж. бастап жоғарғы кампаку (канцлер) лауазымын иеленді. IX—XI ғасырларда фудзиваралар барлық өкімет билігін қолында ұстады. Фудзиваралар регенттік билік құрған 858—1068 жылдар аралығы Жапония тарихында сэссё жылдары деп аталды. Және қосып айтып өтетін бір мәселе, ол регент атақтары – сэссей, инсэй және сиккэн. Сэссэй – микадо атынан билік етуші регент. Инсэй – сэссэй титулынан жоғары тұратын император орнындағы билеуші. Сиккэн – бұл жасы кіші сегун орнындағы, билік етуші регент.
24. Самурайлар тобының қалыптасуының тарихи алғышарттарын көрсетіңіз
Жапония тарихында самурайлардың қалыптасуы, қоғамдағы рөлі, дүние танымы мәселелерін түсініп ашып көрсету маңызды.Себебі самурайлар тарихы ҮІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысын қамтиды. Бүкіл орта ғасырлардағы жапон қоғамындағы болған қоғамдық өзгерістерді түсінуге самурайлар тарихы көмектеседі. Бушидо- қуатты күштің қайнар көзі. Бушидоның қағидаларын игерген жапон халқы бүгінгі табыстарына жетуде. Жапондар үшін ең жауынгер және айбатты қарсылас айндар еді. Олардың сырт-тұрпаты австралияның аборигендерін еске түсіретін. Айндар ұзын бойлы, мығым денелі және жауынгер халық болатын. Олардың жауынгерлік рухы жоғары болды. Шайқастарда жеңілген айндар өздерін өлтірді. Әйелдері балаларын өлтіріп, артынан өздерін өлтірді. Айндармен қақтығыс жүздеген жылдарға созылып, самурайларды үнемі әскери дайындықта болуға мәжбүр етті. Ішкі соғыс ХV ғасырға дейін созылып,айндардың соңғы тірегі Хоккайдо аралын жапондардың иеленуімен аяқталды. Самурайлар айндардан қайталанбас қайсар жауынгерлік рухты алды. Жапон хроникаларында әртүрлі тағы тайпалар мен жапон жауынгерлерінің кескілескен шайқастары жайлы мәліметтер көп кездеседі. Тіпті ІІІ-ІVғ.ғ жапон қоғамы күшті әскери бағытта дамығандығы жайлы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі дәлелдейді. Қорымдардан семсер, найза, басқада қарулармен қатар жауынгерлерді бейнелейтін мүсіндер табылған. Мұның барлығы Жапонияда жауынгерлік рух ертеден қалыптасқандығының айғағы.. Самурайлардың қалыптасуы ұзақ уақытқа созылды. 645 жылы орталықтанған мемлекеттің құрылуы аяқталды. Самурайлардың қалыптасуын шартты түрде осы кезеңнен бастауға болады.Онда олар әлі самурай деп аталмаған болатын. Қаруланған адамдарды Буши, Буке, Цувамоно деп атады. «Буши» деп қоғамның жоғарғы сатысынан шыққан жауынгерлер аталды. Бұл термин Нара дәуірінде пайда болды. Ежелгі Жапонияда «самурай» (сабурай) деген сөз «сабурахи» деген етістіктен құралғандықтан «ұлы адамға, жоғарғы топ адамына қызмет ету» деген мағынаны білдірді. Бірте –бірте әскери қызметтегі жауынгер жасақтарды осылай атады. «Самурай» сөзі «буши» сөзін түбегейлі қолданыстан шығарды. Бертін келе «самурай» деп екі қылыш ұстауға құқығы бар барлық жауынгерлерді атады. Алғашқы самурайларды феодалдар өз иеліктеріндегі азды–көпті жағдайы бар ауыл тұрғындарынан алды. Самурайлар қатарын толтырудың екінші көзі: ақсүйек рулардың орта және төменгі сатыдағы егіншілікпен айналыспайтын топтарынан, аңшылар, балықшылар қатарынан алу болды.Өз қожайынынан баспана, азық кейде жер үлестерін алған жасақтар бірте-бірте қарулы қызметкерлерге айналды. Мұндай самурайлардың өздері де феодалға айналды. Самурайлардың қатарында төменгі таптардан шыққан білімі, байлығы жоқ топ- асигару(жаяу әскер), болды. Олардың кейбірі ерлігі мен батырлығы үшін қызмет пен атақ алып отырды.
25. Жапониядағы әскерилер билігі - Сегунаттың орнауының тарихи жағдайларына талдау жасаңыз
Оңтүстік-Батыс Жапонияда, əсіресе Тайра үйі зор ықпалға ие болды. Ол 1156 жылы үкімет билігін басып алып, оны 1185 жылға дейін қолында ұстады. Император атынан қимылдай отырып, олар өз қарсыластары — солтүстік-шығыс аудандарының феодалдары- мен күрес жүргізді. Солтүстік-шығыс феодалдары мен оңтүстік- батыс феодалдарының күресі ықпалды екі үйдің — Тайра мен Минамото үйлерінің күресіне ұласты. Бұл күресте əскери күшке ғана емес, мықты феодалдық ұйымға арқа сүйеген Минамото үйі жеңіске жетті. 1185 жылы Данноур /қазіргі Симоносэки/ маңында тайралықтар жеңілді. Минамото үйі бұл соғыстың нəтижесін өз мүддесіне пайдаланды. 1192 жылы əскер қолбасшысы Еоритомо «Сёгун» деген атақпен мемлекеттің жоғарғы басшысы деп жарияланды. Сёгун — «сейи тайсёгун» деген сөздің қысқартылған түрі. Ол сөзбе-сөз варварларды бағындырушы ұлы қолбасшы дегенді білдіреді. Бұл атақ алғаш 794—811 жылдары Хэйаннан (қазіргі Киото) Хонсю аралының солтүстік-шығысындағы эбису халқын бағындыру үшін жіберілген əскер басшысына берілді. Іс жүзіндегі өкімет билігінің император дан Минамото əулетіне көшуінен кейін сёгун деген атақ осы əулеттің басшысы Ёоритомоға берілді. Сёгунат — феодалдар диктатурасының саяси түрі болды. Оның үкіметі бакуфу деп аталды. Елдің саяси орталығы Хонсю аралының шығысындағы Камакура қаласына көшірілді. Тайраларды жеңген соң Минамото үйінен шыққан жаңа басшыларға қарсы император мен Фудзивара үйі бастаған астаналық ақсүйектер күрес жүргізді. Бұл күресте Минамото үйі шаруалар қозғалысын өз мүддесіне сай пайдаланып қалды. 1185—1192 жылдары император мен астаналық /хэйандық/ ақ-сүйектер іс жүзінде биліктен айрылды. Бірақ император атағы сақталып қалды. Астаналық ақсүйектердің 1221 жылғы əскери бүлік арқылы билікке қайта оралу əрекеті жеңіліс тапты. Жапонияда көп уақытқа дейін Минамото əулетінен шыққан сегун- дар билігі орнады. Ёоримото императорды тақтан қуған жоқ. Оны Киотода қалдырып, əскери гарнизонға күзеттіріп қойды. Астана Хонсю аралының шығысындағы Камакура деген ауылға көшірілді. Сондықтан да Минамото мен Ходзё əулеттері (Ходзё Минамото Ёоритомоның қайын атасы болатын) билік құрған 1192—1333 жылдар аралығы Камакуралық сёгунат деп те аталады.
26. Жапония саяси жүйесіндегі экс-императорлар билігінің мәнін ашыңыз
ХІ ғасырдың ортасынан бастап-ақ Фудзивара руының өкіметі дағдарысқа түсе бастайды. Қызмет орындары мен атақ үшін талас басталады. Императорлар соңғыларымен белсенді күресу үшін тақтан алшақтап, монастырьларға қарай кете бастады. Мемлекеттің тарапынан салық пен өзге міндеткерліктерден босатылған монастырлық иеліктердің саны күннен-күнге өсе түсті. Монастырларға арқа сүйеген императорлар Фудзивараны əлсіретеді. Бұл күрес ғасырға (1069 – 1167) жуық уақытқа созылды жəне тарихта «экс-император монахтарды_ ел бас%аруы» (Инсэй) деген атпен белгілі болды. Яғни Инсэй – 1086 жылы құрылған дәстүрлі Жапониядағы, қызметтен кеткен экс-император билігі, және оның Жоғарғы санатты Император лауазымы болды. Инсэй жүйесі 1086 жылдан бастап 1840 жылдарға дейін арасында тоқтаулармен өмір сүрді. Бұл жүйе бойыгша, негізгі Жапония императоры формальды түрде билікте отырды, бірақ мемлекеттік істермен толық Жоғарғы санатты император биледі. Көбінесе бұл императордың әкесі немесе әкесі жағынан ер туысы болуы мүмкін еді. Экс-император көбінесе буддалық монах болып, өзін император-монах деп атады. Бұған себеп сол кездегі Будда дінінің маңыздылығын көрсетті. Инсэй жүйесінің пайда болуы тікелей императордың жоңжарлармен қатынасын үзіп олардың ықпалынан шығу еді. Бұл тек өзінің ғана билік етуіне көмегін тигізді. Ең алғаш 1086 жылы император Сиракава өзінің император лауазымын ұлына беріп, өзінен Фудзивара әлетінің сарай қызметшілерін аластатып, өзі Жоғарғы санатты император лауазымын алды. Ол өзін жас императордың патроны деп атап, барлық билікті өз қолында ұстады. Эк-императордың өзінің резиденциясы болды. Сонымен қоса өз қызметшілері мен оөінің самурай әскері де болды. Өзінің императорлық әулетіндегі ықпалын пайдаланып өз баларын тақ басына, билік басына қойды. Мұнынң барлығын сарай жоңшарларының заңдарын айналып өтіп ұйымдастырды. Сиракава жолын ары қарай оның мұрагерлері: экс-император Тоба мен Го-Сирикава жалғастырған болатын. Экс-императорлардың ақсүйек шоңжарлармен мұндай күресі мен жеңісі, тақта отырған императорлар арасында дау туғызды. Себебі олар патронатта отырған қуыршақ болып сезінді. Әкелері мен балалары арасындағы мұндай шиеленіс 1156 жылғы Хогэн бүлігін тудырды. Екі жақтың самурайлар әскерін қосуы, олардың жапон саясатына кірісуіне себеп болды. Нәтижесінде инсэй жүйесі құлдырап, онынң орнына Тайра әулеті самурай диктаторлары мен Минамото сегундарына жол беріп қойды. Осы уақытша 1086 мен 1185 жылдар аралығындағы инсэй жүйесі Жапон аясатында , инсэй дәуірі деп қалып қойды.
27. Жапониядағы «өзара қырқысушы провинциялар дәуіріндегі» саяси жағдайларға сипаттама беріңіз
ХV- ХVІ ғасырлар жапон тарихнамасында “сэнгоку дзидай” яғни “соғысушы провинциялар кезеңі” деп аталады. Үзілмес өзара соғыстар бүкіл Жапонияны қамтыды. Соңысушы провинциялар кезеңінің басты соғысы Онин соғысы болды. Өзара соғыстың күшейуі шаруалардың онсызда қиын жағдайын одан әрі әлсіреті. Яғни өңдеп отырған жері қысқарды, жаңа салықтар енгізілді, қосымша алымдар қосылды. Бұның барлығы шаруалар көтерілісінің өсуіне әкелді. Өзара соғыстар нәтижесінде көптеген аудандар ашаршылыққа, эпидемияға ұшырап босап қалып жатты. Жапонияның барлық әлеуметтік топтары қатаң орталық биліктің қажетігін сезінді. Тіпті шаруалардың өзі біріккен тұрақты билікті қажет етті. Себебі шаруалар соғыстарға байланысты үздіксіз шаруашылықтың қирауынан, ешқандай заңмен шектелмеген феодалдардың барлық өсіп отырған талаптарынан әбден қажып бітті. Осындай жағдайда өзіне көрші княздіктерді қосып алғысы келетін үш феодал-әскер басылар елді біріктірушілерге айналды. Олар өздерінің иеліктеріне орталық Жапония провинцияларын бірінен соң бірін қосып ала бастады. Сондықтан орталықтандырылған мемлекеттің құрамына біртіндеп қадам баса бастады. Бұлар тарихтқа Жапонияны біріктіруші деген атпен енген Ода Нобунага, Тоётоми Хидэеси және Токугава Иэясу болды. Бұл кезең 1467 жылдан 1568 жылға дейінгі «сэнгоку джидай» яғни «соғысушы провинциялар дәуірі» деп аталды. Бүкіл ел қанға боялды.Ашаршылық пен ауру жүз мыңдаған адамдардың өмірін әкетті. 250 рулық Даймёлерден соғыстың соңына қарай шамамен оншақтысы қалды. Бірақ олардың орнына жүздеген сэнгоку-даймёлер бай емес,кіші даймелер келді. 
28. Жапонияның бірігуінің алғышарттарын көрсетіп, елді біріктіруші қайраткерлердің қызметіне талдау жасаңыз
Тарихтқа Жапонияны біріктіруші деген атпен енген Ода Нобунага, Тоётоми Хидэеси және Токугава Иэясу болды.
Ода Нобунага ұсақ феодалдың отбасынан шыққан Овари провинциясынан шыққан. Әкесі оны отбасынан бөлек Ногая замогына отырғызған. 1551 жылы әкесінің өлімінен кейін ол оқпен атылатын қару көмегімен бөтен жерлерді басып ала бастады. Ода ел терреториясының жартысын бағындырды. Ол өз әскерін ұстау үшін арнайы салық салады. Шаруалар көтерілісін аяусыз басып отырды 1582 жылы ол қоршауда өзін-өзі өлтірді.
Елді біріктіру ісін одан әрі Оданың қызметкері шаруадан шыққан Тоётоми Хидэеси жағастырды. Хидэсидің ішкі саясаты Ода саясатының жалғасы болды. Т. Хидаэси жаулап алған жерлерде жер өлшемін жүзеге асырып, жерлерді “тікелей бақылауға алынатын иеліктер” категориясына жатқызды. Ол жерден екі миллион коку күріш алу керек болатын (бір коку 160 кг). Тікелей бақылауға алынатын иеліктерге: Осако, Киота, Нара, Оминато және сыртқы саудамен байланысы бар Кюсю, Нагасаки мен Хаката кірді. Оның басты назар аударған мәселесі аграрлық реформа болатын. Ол бойынша шаруаларды жерге бекіту, феодалдық әлеуметтік құрылымдарды нығайтты. Елде санақ жүргізіп шаруалар екі топқа бөлді: бірінші негізгі салық төлейтін шаруалар, екінші жерсіз, санаққа кірмейтін, жерге бекітілмеген шаруалар. Өзі шаруалардан шықса да ол шаруалар көтерілістерін аяусыз басып тастап отырды. 1588 жылы шаруалардан қару-жарақтарды тартып алу туралы жарлық шығарды. Ол бойынша шаруаларға қылыш, қанжар, қару-жарақ ұстауына тыйым салды. 1591 жылы әлеуметтік ерекшеліктерін нығайту жөнінде жарлық шығарылды. Ол бойынша әскерлер, саудагерлер, шаруалар жеке-жеке бөлінді. ХV ғасырда Жапония тұрғындарының саны 16,64 миллион адамға жетті және үш сословиеге самурлар (си), шаруалар (но) және қалалықтар (симин) болып бөлінді. Соңғылары көпестен, қолөнершілерден тұрады. Сыртқы саясатына агрессиялық бағыт ұстанды. 1598 жылы Тоётоми қайтыс болды да оның орнына біріктіру ісін Токугава Иэясу жалғастырды. 1603 жылы Токугава Иэясу Сегун титулын қабылдап, Эдо қаласын астана етіп Токугава сегунатының негізін салды.
1603 жылы өзін сегун деп жариялағаннан кейін Токугава Иэясу өзнің күшін, билігін көрсететін бірқатар шараларды жүзеге асырды. Ол даймёлерге бақылау орнатты. Токугава Иэясу көптеген алтын, күміс, мыс рудниктерінің қызметіне бақылауды күшейтті. Ақша қатынастарын реттеді. Ақша ісінің дамуын көпестерге тапсырды. Сыртқы сауданы күшейтуге ұмтылды. XVI ғасыр аяғы мен XVII ғасыр басында қалалар қатары көбейе бастады. Ең ірі қалалары – Эдо, Киото, Осако болып, тұрғындарының саны 300 мыңнан асты. Одан кейінгі Нагоя, Нагасаки, Сакай, Кинадзава қалаларында 60 мыңнан астам адам тұрды. Хиросима, Окаяма, Хаката Акида сияқты қалалардың халқының саны 20-30 мың аралығында болды. Қолөнершілер бәрлестігі “дза”деп, саудагерлер бірлестігі “накама” деп аталды. XVI ғасыр соңы мен XVIІ ғасыр басында Жапонияда “демографиялық жарылыс” болады. Бұл саяси және әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты болды. Ең бастысы ұзаққа созылған бейбітшілік саясатына байланысты болды. Егер 1600 жылы тұрғындар саны 12 миллион болса, 1650 жылы 17,2 миллион, ал 1700 жылы 27,7 миллион адамға жетті.
29. Исламға дейінгі Аравияның қоғамдық дамуының ерекшеліктерін көрсетіңіз
Ұлан-ғайыр Аравия түбегінің көлемі 3 млн. км2. Ол шөл дала, құмды жер. Теңіз жағалаулары ғана егіншілікке жарамды. VІ ғасырда арабтар 1) көшпелі мал шаруашылығымен айналысушыларға жəне 2) отырықшы диқандарға бөлінетін, оның ішінде араб қоғамының басым көпшілігі мал бағатын көшпелілер болатын. Олар бедуиндер деп аталатын. Малдан жылқы, қой, ешкі, түйе өсірілетін. Шонжар бедуиндердің қора-қора малы, үйір-үйір асыл тұқымды жылқылары болды. Əр тайпада түк малы жоқ, тақыр кедейлер де жеткілікті еді. Олар көбінесе кесіртке мен жабайы құрманы қорек етті. Тайпалар руға бөлінетін. Рудың бақуатты отбасылары кедей туысқандарына қарайласуы керек болды. «Қанға-қан» деген кек алу дəстүрі болды. Тайпа басшысы шейх, ру басшысы — саидтар өз қалауы бойынша басқарды (барлық мəселені өзі шешетін). Қолөнері, егіншілгі Аравияның оңтүстік-батысында — Иеменде жақсы дамыды. Иеменнің ертерек дамуына оның сауда жолында делдалдық рөл атқаруы əсер етті. Ол Египет пен Палестинаның, Сирияның арасында, ал ІІ ғасырдан бастап бүкіл Жерорта теңізінде делдалдық рөл атқарды. Үндістаннан теңіз арқылы əкелінген тауарлар Иеменде түсіріліп,түйелерге артылып, Палестина, Сирия арқылы Батыс Еуропа елдеріне дейін жетіп жататын. Аравияның батысындағы Хиджаз облысында Иеменнен Сирияға баратын жолда үлкен сауда-саттық қаласы — Мекке орналасты. Оның көпестері көрші елдерге жылына бірнеше рет үлкен керуендер жабдықтап жіберіп отырды. Меккенің орталық алаңында куб тəріздес Кааба мешіті болды. Оның төрінде қасиетті «қара тас» тұрды, ал ай- наласында араб тайпаларының құдайларының мүсіндері қойылған болатын. Əр тайпа өз құдайына құлшылық етті. Бұл арабтар арасында алауыздықты күшейте түсті. Каабаның маңында жанжалға, айтыстартысқа, ұрыс-керістерге қатаң тыйым салынды. V—VІ ғасырларда арабтар елінде алғашқы қауымдық құрылыс- пен қатар, құлдық қоғам да орын алды. Бірақ құл иеленушілік қатынас дамып, жетілмеді. Алғашқы қауымдық құрылыс негізінде феодалдық қатынастар да қалыптаса бастады. Арабтардың жеке топтары біздің заманымызға дейін-ақ көршілес Палестина, Сирия елдеріне қоныс аударып, тіпті Иорданияда арабтардың Гассанид патшалығы да құрылған болатын. ІV ғасырға қарай Месопотамия мен Сирия шекарасында Лахмидтер əулеті басқарған араб патшалығы құрылды. Ол VІІ ғасырдың басына дейін сасанидтік Иранға вассалдық тəуелділікте болды.
30. Исламның қалыптасуындағы Мұхаммед пайғамбардың діни қызметіне талдау жасаңыз
Араб тайпаларын біріктіріп, көршілес бай елдерді басып алу үшін шонжарлар жаңа дінді — ислам дінін пайдаланды. Ол дінннің негізін Мұхаммед пайғамбар қалады. Мұхаммед пайғамбар 570 (571) — 632 жылдары өмір сүрген. Ол Меккеде үстемдік құрған корейшиттердің кедейленген отбасында өмірге келген. Алла тағала Мұхаммед пайғамбарға құранды —мұсылмандардың қасиетті кітабын — ол қырық жасқа келгенде жібере бастады делінеді.Мұхаммед пайғамбарға Алла тағала атынан Кəрімнің уағыздарын біртіндеп төбе періштелерінің бірі Жəбірейіл Ғалайһи əкеліп тұрған деп, құран 23 жыл ішінде түсіп болған деп есептеледі.
Өз уағызын 610 жылы бастаған Мұхаммедтің насихатын алғашқыда тек отбасы мұшелері мен бірнеше жақын туыстары ғана мойындады. Мұхаммедтің жақтастары “өздерін құдайға тапсырғандар” (муслимуна, мұсылмандар) деп атай бастады. 614 жылдан мұсылмандар саны 40-50 адамға жетіп, Мұхаммед көпшілік алдында үгіт-насихат жасай бастады. Мекке билеушілері Мұхаммедтің жақтастарын қуғындай бастады. 616 жылдың аяғы мен 617 жылдың басында кураиш руының рулары хашимит руына байкот жариялады. Ол бойынша: хашимиттермен сауда жасауға, іс жүргізуге, некеге тұруға тыйым салынды. Байкот 619 жылға дейін созылды. Иасриб қаласының тұрғындары Мұхаммедпен ауызша келісім жасады. Келісім бойынша: Иасрибтықтар Мұхаммедтің рухани абыройын мойындап, қалада өмір сүруіне кепілдік берді. Мұсылмандардың Меккеден Иасрибке көшуі басталды. 622 жылы Ясрибке (Медине) қоныс аударуға мəжбүр болды. Осы жыл — 622 жыл — мұсылмандардың бірінші жылы болып саналады. Бұл «хижра», яғни «көшу» жылы деп аталады. Ясриб сол жылдан бері Медина— «пайғамбар қаласы» деп аталады. Иасрибке келген соң Мұхаммед дін уағыздаушы ғана емес, саяси қайраткерге айналды. . Жаңа жерде бекініп алған соң Мұхаммед меккеліктермен күрес бастады. Ұзаққа созылған соғыстан кейін 630 жылы Мекке қаласының билеушісі Абу Суфиан Мұхаммедтің билігін мойындайды. 631 жыл ислам дінінің бүкіл Арабияға таралу жылы болды. Бұл жылы Таиф қаласының тұрғындары, Иеменнің, Орталық Арабияның және Бахрейннің әртүрлі тайпалары ислам дінін қабылдады.
Ислам деген сөз құдайға құлшылық дегенді білдіреді. Ол дінді ұстанушыла мүсілімдер, мұсылмандар деп аталады. Мұхаммед пайғамбар арабтарды бір ғана құдайға табынуға, өзара жауласуды тоқтатуға, бірігуге шақырды. 630- жыл шамасын- да араб тайпаларының көпшілігі ислам дінін қабылдады, Мұхаммед өкіметін мойындады. Мекке мұсылман дінінің орталығына, бүкіл мұсылмандардың «қасиетті» қаласына айналды. Мұхаммед мем лекет пен мұсылман мешітінің басқарушысы болды. Мұхаммед өлгеннен (632) кейін көп ұзамай, мұсылмандар бүкіл Аравияны өздеріне бағындырып алды.
31. Хижра түсінігін анықтап, Умманың қалыптасуының тарихи жағдайларын көрсетіңіз
Өз уағызын 610 жылы бастаған Мұхаммед пайғамбар 622 жылы Ясрибке (Медине) қоныс аударуға мəжбүр болды. Бұның себебі Мекке билеушілері Мұхаммедтің жақтастарын қуғындай бастады. 616 жылдың аяғы мен 617 жылдың басында кураиш руының рулары хашимит руына байкот жариялады. Ол бойынша: хашимиттермен сауда жасауға, іс жүргізуге, некеге тұруға тыйым салынды. Байкот 619 жылға дейін созылды. Иасриб қаласының тұрғындары Мұхаммедпен ауызша келісім жасады. Келісім бойынша: Иасрибтықтар Мұхаммедтің рухани абыройын мойындап, қалада өмір сүруіне кепілдік берді. Мұсылмандардың Меккеден Иасрибке көшуі басталды. Осы жыл — 622 жыл — мұсылмандардың бірінші жылы болып саналады. Бұл «хижра», яғни «көшу» жылы деп аталады. Ясриб сол жылдан бері Медина— «пайғамбар қаласы» деп аталады. Хижра уақытына дейіні уақытты джахилия деп атайды, бұл термин жалпы исламға дейінгі дәуір немесе кезең дегенді білдіреді. Хижра жылы ең бірінші мұсылман ай күнтізбесі болып табылды, хижрадан сонымен қоса ирандық күнтізбесі де өз жыл басын бастайды.
Ал Уммалық түсінік жайлы айтатын болсақ, Уммаһ - мұсылмандық қауым. Құранда «умма» сөзі құдайшыл шындықтың обьектісі болып табылатын мұсылман елі мағынасын білдіреді. VII ғасырға қарай тіпті Хилафаттан тыс тұратын да кез келген мұсылман умманың иелігінде деген түсінік қалыптасты. Панисламизм идеологиясында «умма исламия» - «мұсылмандар бірлестігі» концепциясы өңделді, сонымен қатар, «умма» ұғымы «ұлт», «халық» деген ұғымдармен маңызы бірдей болды. Ал исламға дейінгі кезеңде умма түсінігі сенім дегенді білдірген болатын.
32. Мекке мен Медине арасындағы негізгі шайқастардың барысын көрсетіңіз
Үш жылда мұсылмандыққа өткендердің саны бар – жоғы қырық – елуге жетті. Араб тарихшылары ұзақ жылдар бойы мұсылман үмметіне алғаш енгендердің тізімін жасап келеді. Соған қарағанда жаңа дінді жақтаушылардың көбі жастар, өздері жеке бастары атақ-абыройға жете қоймағанымен, ауқатты әулеттен шыққандар да жоқ емес. Ал бір кезде тұтқын болып басы азаттық алған адамдар мен құлдардың мұсылман болғандары тым аз еді. Құлдар мырзаларының ықпалымен жүріп тұрды. Мұхаммедті қолдаушылар негізінен өзі сияқты ұсақ саудагерлер еді.Дінге сенушілердің жаңа қауымды құрудағы алғашқы маңызды келісімдердің бірі Мухаджирлер мен ансарлар арасындағы ағайындастық құруы еді. Бұл арадағы ағайындастық құруда оларды туған бауырластай қылып жіберді. Иасрибтағы барлық араб тайпалары ресми түрде исламды қабылдағанымен, олардың арасынан кейбіреулері сыни көзбен де қарады. Әсіресе иудиліктер жағынан оппозиция күшті болды.
Олар, әрине Мұхаммедтің құдайшылық миссиясын таныған жоқ. Мұхаммедтің Иасрибке келгеннен кейінгі жарты жылында ол мұнда мешіт салдырта бастады . Иасрибтегі позициясы әбден орныққаннан кейін, оның Меккеде де қарсылық көрсететін ешкімі қалмады. Сауда жолдарының Иасриб жанынан өтетіндігіне байланысты, Меккеліктердің керуендеріне ауыр соққы жасауларына мүмкіндік берді. Көптеген нәтижесіз шапқыншылықтардан кейін, Иасрибті ұстап тұрған билігінің жеткіліксіздігінен Мұхаммед өзі шапқыншылықты басқа алады. 624 жылғы ең бірінші жеңістері Мекке мен Таиф жолындағы Нахл қаласын аздаған мұсылман топтарының алуымен аяқталдыМұхаммедтің екі жыл бойғы Иасрибтегі уағыздауы идеологиялық танымдылық пен ішкі сыртқы ерекшеліктердің түрін байқатты. Мұхаммедтің жеңістері көпшіліктің алдындағы оның дұрыстығын дәлелдей түсті. Иасриб қарапайым қаладан мұсылмандар үшін Мадинат ан-наби немесе Медина деген пайғамбар астанасына айналды.
Бадр түбіндегі жеңілістен Мединаға қашқан Абу Суфиан күйрей жеңілгеннен әбден кектенді. Осы кездерде Медина әлі соғысқа дайын емес еді. Бірақ адам жинап үлгерген Мұхаммедтің әскері соғыс аяғында қашып үлгереді. Соғыстың Мұхаммедтер үшін жеңіліспен аяқталғанымен, оның мединелік жақтастары арасында беделі түспеді. Ал Мединаның көршілес көшпенді тайпалары Мұхаммедке, енді. Ухудадағы жеңілістен кейін де Мұхаммедтің соғыс қозғалысы бұрынғыдай шығысқа бағытталған болатын.
Ухудадағы жеңілістен кейін де Мұхаммедтің Мекке мен Медина арасындағы тайпаларға ықпалы тоқтаған жоқ. Қарсыластарына төтеп беру үшін меккеліктер Мұхаммедке қарсы ең соңғы күштерін жинады. 627 ж. наурыздың аяғында Медина жаққа қарай ондаған мың курайшиттер мен олардың жақтастарының әскері жақындап келді. Мұхаммед меккеліктердің негізгі әскер- кавалерияға қарсы Мединадан 6 км. ор қаздыртып тасады. Енді соғысты ордың ішінде өткізуге тура келеді . Меккеліктер Мединада қалған курайза иудей тайпаларымен астыртын келіссөз жүргізіп жатқан кезде, Мұхаммед басқа тайпаларды өз елдеріне кетіруге итермелеген еді. Нәтижесіз болған екі апталық ордағы соғыстан кейін меккеліктер бұл жерді тастап кетеді. Осы кездерде Мұхаммед курайз тайпаларынан кек қайтарады; еркектерін өлтіріп, әйелдер мен балаларын құлдарға айналдырады. Мединедегі исламның ең соңғы қарсыластары жеңілуі осылай аяқталады.
628 ж. меккеліктер бастаған келіссөздерден кейін екі арада шабуыл жасаспау туралы шартқа келісім береді. Меккеліктердің оларды тең жағындай көріп, келісім-шартқа қол жетуі – Мұхаммедтің үлкен саяси жеңісі болды. Худайбидегі келісімінен кейін мұсылмандар Хайбар оазисін жеңіп алады. 629 ж. Мұхаммед бастаған 2000 мұсылман Меккеге қажылыққа барып келеді. 12 қаңтар күні мұсылмандар толығымен Меккеге басып кіреді. Ай аяғында мұсылмандардың 12 мыңдық әскері, қарсыластарының 30 мыңдық әскерін үлкен қиыншылықпен жеңіп шығады. 631 ж. исламның Аравияда триумфалды түрде жүріп өтуі болды. Бұл Таиф тұрғындарының ислам дінін қабылдауынан басталды да, Оталық Аравияның тайпалары мен Бахрейннен елшіліктер келе бастады. Бұл Мұхаммед ілімдерінің үлкен саяси күшке біріккенін дәлелдей түсті. Жылдың соңында Йамамның солтүстік-шығыс бөлігін қоспағанда, бүкіл Аравия түбегі ресми түрде ислам дінін қабылдап, Мұхаммед өкіметін мойындады. Мекке мұсылман дінінің орталығына, бүкіл мұсылмандардың “қасиетті” қаласына айналады. Мұхаммед мемлекет пен мұсылман мешітінің басқарушысы болды.
33. Аравиядағы исламның жеңіске жетуінің тарихи маңызын анықтаңыз
Осыдан он төрт ғасыр бұрын, яғни ҮІІ ғ. басында Мұхаммед пайғамбар жариялаған жаңа дін исламмен біріктірілген арабтар Аравия түбегінен кең тарихи сахнаға шықты. Пайғамбардың ізбасарлары, яғни халифтер тұсында олар Пиреней тауларынан Инд өзеніне дейін созылып жатқан орасан зор территорияда, көне мәдениеттердің жұртында жаңа этникалық өркениет және ұлы империя құрды. Бұл мемлекет Ұлы Македондық Александр заманынан кейін алғаш рет Шығыс пен Батыс, эллинистік Жерорта теңізі елдері, үнді – Иран және әлемі бірікті. Қасиетті құран мен рухтанған орта ғасырлық арабтар ҮІІ-ҮІІІ ғғ. көптеген елдерді еш қиындықсыз-ақ бағындырды, басқа “варвар” халықтардың жаулаушылықтарын өзгеше, арабтардың жаулап алушылықтыры жаппай қырып-жою, қиратушылықтарымен жүрмеген. Араб жаулап алушыларын күні азған ескі өркениеттерді қиратып орнына жаңа, прогресшіл өркениет орнатқан халықтардың ұлы қоныс аударуының құрамдас бір бөлігі ретінде қарастыру. Халифатқа кірудің оған кірген барлық халықтар үшін айтарлықтай ақ салдары болды.
Арабтар түркілер жеріне жаулап алу жорықтарын жасаған жоқ, бұл жерлерді басып алу арабтардың жоспарында болмаған. Бұған себеп – халифат билеушілері, көреген саясаткерлер ретінде ежелден-ақ жауынгер халық ретінде аты шыққан түркілерді күшпен өзіне бағындыра алмайтынына көзі жеткен еді. Орталық азия жерінде жүздеген арабтардың жалғыз шайқасы Талас түбіндегі шайқас түркілерге қарсы емес, керісінше түркілер мен бірлесе отырып Қытайға қарсы бағытталды.Негізінен арабтар мен Орталық Азияны мекендеген түркілердің өзара қарым-қатынастары бейбіт жақындасу бағытында дамыған. Араб ғалымдары Орталық Азия мен тарихы мен географиясын зерттеуге үлес қосты. Араб миссионерлерінің ұрпақтары (қожалар) түркі халықтарының құрамына сіңісе отырып, түркілердің этникалық жағынан қалыптасуында маңызды роль атқарды. Арабтардың енгізген ислам діні ортағасырлық түркілер қоғамының біртұтастығын одан әрі нығайтуын қамтамасыз еткен идеологиялық қызметін атқарды. Түрік тайпалары исламды өз еркімен қабылдады. Олардың ортасындағы діни, рухани үгіт-насихат бейбіт сипатта болды. Бұл аймақта ислам көне түрік наным-сенімдерін синтезге түсіріп, ондағы бірқатар әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді өз бойына сіңіріп алды. Орталық Азия көшпелілердің исламға жаппай өтуі Х-ХІІІ ғ. аралығында жүрді.
Сөйтіп арабтар мемлекетін ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбардың атымен байланысты. 661 – 750 жж. Аралығында ол мемлекетті Омейядтар әулеті, 751 жылдан – Аббастар әулеті басқарды. Мемлекет “халифат” яғни “орынбасар” “пайғамбардың” болды. Араб халифаты сегізінші ғасырдың ортасына қарай Шығыста Қытайдан – Батыстан Франктер мемлекетіне дейінгі ұлаңғайыр жерді алып жатты. Жаулап алынған елдердің тұрғын халқына қару асынуға рұқсат етілмеді. Олар өздерінің киген киімдерімен де арабтарға ұқсамауға тиісті болды. Жаулап алушылар мұсылман емес халықтардың бәріне қосымша салықтар салып, өз әскерлерін азық – түлікпен қамтамасыз етуді міндеттеді. Халифаттағы Мұхаммед пайғамбардың өсиетін бұрмалаушылық, әділетсіздікке жол беріле бастауы мемлекеттің әлсіреуіне әкеліп соқты. 1055 жылы Бағдадты селжук түріктері басып алса, 1258 жылы араб халифатын монғолдар құлатып тынды. Халифаттың құлауының негізгі себептерінің бірі әлеуметтік теңсіздіктің күшеюі, арабтардың дін тазалығы үшін күресуші жауынгерден жеке өз басының пайдасын ғана ойлаушы пенделерге айналуда деген тұжырым жасауға болады.

34. Араб жаулаушылықтарының негізгі бағыттары мен кезеңдерін көрсетіңіз
Аравияны толық жаулап алғанға дейін Мекке-Медина қауымының қарулы күштері мен оларға қосылған бедуин тайпалары көрші өркениетті елдерге басып кіре бастады. Нәтижесінде ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда Азияның, Африканың және Еуропаның ұлан-байтақ территорияларында араб үстемдігін орнатқан араб жаулап алу соғыстары бірнеше кезеңдерден тұрды. Бірінші кезең алғашқы үш “әділ халифтардың- Абу Бәкр (632-634 жж.) және Осман (644-656жж.) билігі тұсында өтті. 633 жылы күзде немесе 634 жылы көктемде, әрқайсысында 7500 жауынгерден тұратын үш араб әскері, Сирияға басып кірді. Медина халифатына аравиялық тайпаларды бағындыру арқылы бұл әскердің күші толықты. Византиялық қарулы күшпен, алғашқы қақтығыс [31] өлі теңізден оңтүстіктегі Вади – л – Арабта және Газды ауданында өтті. Бірнеше бекеттер орналасқан және жергілікті тұрғындардан асығыс жасақталған, әлсіз византиялық гарнизондар өз дәрежесінде қарсылық көрсете алмады. 634 жылы жазда арабтар Бусраны алып, Аджнандин (Аджадейн) және Фихм түбінде византиялық әскерге соққы берді. Бекініс қамалдарындағы палестина және сирия тұрғындары тойтарыс беретін және шабуыл жасайтын техниакалары араб отрядтарында қарсы қорғанысқа өте зауықсыз қатысты. Олар арабтардың әскер басшыларымен келісімге келуді артық көріп, “өмірін, мүлкін, балаларын сақтау және басы салығын төлеу шартымен” арабтарға бекініс пунктерін өткізіп берді. Византия әскерлері өздерінің соғысу қабілеті жағынан арабтарға жетпеді, олармен шайқаста үнемі жеңіліс тауып, үлкен қалаларға жасырынып қалатын. 635 жылы ақпанда Мардж ас – Суффара түбіндегі шайқастың нақты барысы қиял туындысы болмағанда, византиялық әскердің қайсарлығын мойындауға болар еді. Белазуридің хабарлауына қарағанда византиялықтардың “қырғын күреске кіргені соншалық, суға аққан қанмен диірмен қозғалысқа келтірілген” [4]. Арабтардың Хирамен шекаралас оңтүстік Иракқа басып кіруі ал- йемамдағы соғысқа дейін басталып, шапқыншылық сипат алған. Йемамдық халифтердің қарсылығын басқаннан кейін, қолбасшылығында 500 мединалық пен меккелік қалған Халиф ибн ал – Валид бекр ибн вайл тайпасын өз жағына тартып солардың көмегін Хираны алады. Бек ибн вайл Орталық Аравияда ал – Иемамнан Парсы жақтағы жерге көшіп қонған көп санды, әрі құдіретті тайпа болатын. Бұл тайпаның көп бөлігін несториандық дінге сенуші христиандар құрайтын. Сондықтан ислам діні жаулап алу жорықтарына үндейтін себеп бола алмайтын. Бірақ, бұл тайпаларда ислам пайда болғанға дейін-ақ олжа табу мақсатымен Оңтүстік Иракқа басып кіру арқылы жинаған тәжірибесі бар болатын. 610 жылы осындай отрядтар Зу-Каре түбіндегі иран әскерімен шайқаста оларды жеңе алды. 634 жылы наурызда 500-800 салт атты әскері бар Хамид бұйрық бойынша шөл арқылы Мединадан Даманскіге жіберілді. Араб отрядтары Даман маңындағы бау-бақшалы аудан Гутуды алды және мұндай бекіністі не тәжірибелері, не құралдары жоқ болғандықтан қалай аларларын білмеді. 635 жылы қыркүйекте алты ай қоршаудан кейін комендант және жергілікті эпископ қала халқының қысымымен Даманскіні арабтарға берді. Қоршағандардан, қосатынынан қала қабырғаларына шығатын бірде-бір саты табылмады, ал бекініс қақпалары ішінен тастармен және бөренелермен бітеліп тасталған еді. Жеңімпаздарға Гутудағы бір монастрдан саты алуға келді. Арабтардың басып кіруі ірі жаулаушылыққа айналып бара жатқанын түсінген Византия әскери қолбасшылығы мператор Ираклидің басшылығымен Солтүстік Сирияға көп әскер шоғырландырды. Гректермен (румдық) бірге оның құрамына ал – Джериа мен Армения тұрғындары мен сириялықтардың отрядтары енді. Византия әскерінің саны, араб тарихшыларының асыра санауымен 200 мыңға жеткен дейді. Араб отрядтары жауынгерлерінің саны мәліметтер бойынша 24 мыңнан асқан жоқ. Византиялықтардың жақындауына байланысты арабтар Даманск және тағы басқада қалаларды тастап, Иорданның шығыс тармағындағы Йармук ауданына шегінді. 636 жылы 20 тамызда осы жердегі ірі шайқаста византиялықтар қирай жеңіліп, 70 мың жауынгерлерінен айырылған. Визатиялықтардың соғысу қабілетінің нашарлауына, шайқасқа дейін – ақ өзара қақтығысып қалған грек және армия бөлімдерінің алауыздығы кері әсер етуі Гассанид патшасы Джебел ибн ал – Айхан бастаған сириялық арабтар шайқас кезінде арабтар жағына шығып кетті [15]. Йармукта византиялықтарды толық талқандағаннан кейін арабтар Сирияның толық билеушісіне айналды. Аңыз бойынша император Ираклий бұл елді мүлдем тастай отырып, шекарадағы бір шатқалды: “Қош бол, Сирия !” – деген екен. Арабтар Даманскіні қайта алып, содан кейін Солтүстік Сирияны бағындырды. 638 жылы – жыл қоршаудан кейін – Иерусалим, 640 жылы 7 жыл қоршаудан соң – Кайсария берілді. Мұндай ұзаққа созылған қоршау арабтардың әскери – техникалық мүгедектігінен емес, осы портты қалалардың гарнизондарының теңіз арқылы үнемі көмек алып тұруымен түсіндірілді. Арабтардың визатиялықтардың теңіз флотымен күрестен еш құралы ол кезде жоқ болатын. Иракта Хираны алғаннан кейін арабтар сасанид әскерімен шайқаста бірнеше рет жеңіліп, бұл қала мен оның облыстарынан кетуге мәжбүр болды. Бедуиндерге күшті әсер қалдырған, олар үшін қорқынышты жануар болып көрінген иран әскери пілдері еді. Бірақ, 635 жылдың аяғында Бувейте түбінде, Евфратта Иран әскерлерін әкеліп, жеңілген арабтар қайтадан Хираны алды, ал 637 жылы 31 мамыр немесе 1 маусымда Кадисия түбінде кейін, осы ірі шайқастан соң арабтар Сасанидтер астанасы Ктесифонға кірді, ол қала арабтарда Мадаин деген атпен белгілі Шахиншах ІІІ – Йездигерд пен сарай маңындағылар қашып, кетеннен кейін қала тұрғындары арабтарға қала қақпасын ашты. Арабтар әскер басшыларымен Иран әскери қолбасшылығымен жасасқан бейбіт келісімі көп ұзамай арабтар тарапымен бұзылды. Сол кезде солтүстікке қарай жылжыған араб әскерлері 641 жылы Мосулды алып, Хамадағы Нехаведен түбінде ирандықтарға күшті тойтарыс берді. 644-645 жылдары Араб әскерлері Белуджистан арқылы Индияның шекарасына енді. 649 жылы Истахрды (ежелгі Персополь) алды. Мерв түбінде ІІІ – Йездигердтің өлген 651 жылы, арабтардың Иранды жаулап алуының аяқталған күні деп есептелді. Осы жылы олар Амударияға дейін жетті. Бұдан сәл ертерек Сирияны жаулап алғаннан кейін, арабтар 640 жылы Арменияға басып кіріп, оның астанасы Двин қаласын алды. 654 жылы олар Тбилисиге дейін барды. Африкаға жорығын арабтар, араб қарулы күштер Сирияда жеңіске жеткеннен кейін барып бастады. Араб отряды Египетке алғашқы жорығы ибн ал – Асанның қолбасшылығымен аз ғана әскермен 639 жылы желтоқсанда бастады. Ескі пайым бойынша, өзінің Сирия әскеріндегі бағыныштылық жағдайына риза болмағандықтан Ніл жазығына өздігінен жорық бастаған бұл қолбасшының әрекеті мүлдем мүмкіндігі жоқ ретінде алынып тасталуы керек еді. Іс жүзінде бұл жорық Египеттен Хиджазға астық, тағыда басқада азық – түлік жеткізу үшін жасалған болатын. Мекеннің тұтыну сұранысы, әсіресе Аравия біріккеннен кейін, қажыға барушы мұсылмандардың санының көбеюіне байланысты өсе түсті [37]. 640 жылы қаңтарда Амрдың әскері Фарамды алды, одан соң Нілді басып өтіп, Файымға жорық жасады. Маусым айында арабтар қосымша күш алғаннан кейін, Гелиопольде византиялықтарға соққы берді. 640 жылы қыркүйекте олар Вавилонды қоршады, бұл бекініс 641 жылы сәуірде берілді. Осыдан кейін Ніл арқылы төмен жылжи отырып, Александрияны қоршауға көшті. 641 жылы қарашада жергілікті патриарх Кир (ал – Мухавкис) Амрмен осы бекіністі беру жөнінде келісімге отырды. Келісім бойынша он бір айлық уақытша бітімнен кейін Египет астанасы арабтардың қолына өтті, ал бұл уақыт ішінде осы қалада тұратын бай және ақсүйек гректер қоныс аударды: 642 жылы қыркүйекте гректерді көшіру аяқталғаннан кейін, араб әскері, Александрияға кірді. Осы уақытқа дейін араб отрядтары Жоғарғы Египетке ішкерлей енген болатын. 645 жылы Византия флоты Александрия аймағына басып кіріп, десант түсіріп, қаладан арабтарды шегіндірді. Арабтар қаланы екінші рет қоршап 646 жылы жазда шабуылмен алды. Араб әскерлері Египеттен онымен көрші Ливияға шапқыншылық жасауды ұйғарды. Жергілікті бербер тайпаларынан қарсылық кездестірмеген және Византия гарнизонына соққы берген арабтар 642 жылы күзде Барка қаласын алып, Киреналка облысын бағындырды. Осы облыстан шығып, Феззанның оңтүстігіне дейін және батыста Трипаш қаласына дейін еніп, оны 643 жылы алды. 647 жылы араб әскері Египеттің наместнигі Абдаллах ибн Садтың қолбасшылығымен Ифрикияға басып кірді және Византиялықтарды Сбейтла қамалының түбінде талқандады [45]. 644 жылы Иран құлының қолынан Омар қайтыс болғаннан кейін, Омейядтар руына жататын Осман ибн – ал Аффан халифтік қызметке келді. Осман ислам пайда болғанға дейін, өзінің жас кезінде тиімді өсімқорлық операцияларымен айналысып, бай адамдардың біріне айналған болатын. Меккеліктердің арасында ал байлықты, асыл тұқымды жылқыны, жас құл қыздары жақсы көруші ретінде белгілі болатын. Осман Мұхаммедтің ең жас ізбасарларының бірі болды. Аңыз бойынша пайғамбардың қыздарының біріне үйленеді, ол жас қайтыс болуына байланысты, басқа қызын алады. Сондықтан Осман мұсылмандардың кезде “Алланың елшісінің екі қайтар күйеу баласы” деген атақ алған. Осман халиф билігі тұсында (644-656 жж.) оның туыстары, Меккелік құл иеленушілік ру ақсүйектерінің өкілдері бағындырылған елдерде мемлекеттік билікті және жер иеліктерін жаулап ала бастады. 648 ж. Арабтар Кипр аралын басып алды. 653 ж. Кипрліктер Византия жағына шығып кетіп, Араб гарнизонын талқандады. Файника маңында болған шайқаста араб флоты византиялық флотты талқандап, Кипрді халифатқа қайтарып алды. 651 ж. Арабтар Иранды жаулап алуды аяқтады. Шахиншах ІІІ– Йездигерд мады жаққа қашып барып, сонда бір диірменшінің қолынан қаза табады. Сасандар империясы өмір сүруін тоқтатты. Сол жылы Араб әскері Әзірбайжан жақтан Арменияға басып кірді. 653 ж. Арабтар византиялықтарды Тайк облысында жеңіп, Арменияны алиарабтың құрамына қосып алды. 653-655 жж. Халифат Грузияны бағындырды. Сонымен бүкіл Закавказье араб халифатының қол астына көшті [34]. Мұсылман қазынасының ашықтан – ашық тоналуы, оған түскен қаржы мұсылмандарға тиесілі және олардың арасында теңдей бөлінуі керек деп санайтын, аз санды пайғамбар “серіктері” тарапынан наразылық туғызды. Осман халифтың өзі өз отбасының мүддесіне мемлекеттік қаржыны қалай болса солай пайдалану арқылы теріс үлгі көрсетті. Мысалы, оның қызы Абдаллах ибн Хамидқа тұрмысқа шыққанда, ол жас жұбайларға басыр бейт ал – малынан 600 мың дирхем беруге бұйрық шығарды. Абдаллах ибн Абу Сарх Ифрикиядан үш мың қаптар алтын жібергенде, Осман ал – Хасам отбасына беруді бұйрық етті. Османға қарсы Куфадан, Басрдан, Египеттен Мединаға қажылық түрімен келген мұсылман өкілдері күшті наразылық көрсетті. Осы қаланың тұрғындары ашық көтеріліске шықты. Көтерілісшілер халифтың үйін қоршап алып, өзін өлтірді. Енді Мұхаммедтің күйеу баласы, әрі ағайын бауыры, Әли (656 – 661жж.) халиф боды. Көтерілісшілердің қолдауымен билікке келген Әли халиф Османның байыған ықпалды “серіктері” мен туыстарының тарапынан қарсылыққа кездесті. Арабияда күрес үшін жеткілікті күш құрал таба алмаған Әли, Ирактан сенімді әскери және әлеуметтік тірек табам деген үмітпен өзінің резиденциясын Куфаға ауыстырды. 657жылы ал – Джазирадағы Сиффин маңында, Ефраттың оң жағасында Муавияның сириялық әскері арасында ірі шайқас өтті. Бұл шайқаста екі жақта нақты нәтижеге жеткен жоқ [28]. Әли 661 жылы Куфа мешітіне кірер есікте хариджиттердің пышақ жұмсауынан алған жарадан қайтыс болды. Хариджиттердің үкімімен өлімге кесілген Муавия мен Амыр ибн ал – Асаға жасалған қастандық сәтсіз аяқталды. Төртінші тақуа халиф Әли ибн Абу Талиф Неджефте жерленді. Оның өлімінен кейін Мұхаммед пайғамбардың көрегіндікпен айтқан сөзі дәл келді. Ол: мен өлген соң 30 жыл өткенде Халифаттың орнына патшалық келді. Халифты силау әулеттік принциппен ауыстырылады деген еді. Шынында да билікке Омейялық Муавия ибн Ауб Суфьян (661 – 680 жж.) келді де 750 жылға дейін оның үрім бұтағы биледі. Осылайша, арабтар 20 жыл көлемінде Византия империясының құрамына кіретін Азияны, Африкадағы кең – байтақ территорияны жаулап алды және Иран патшалығын түгелдей бағындырып, құдіретті державаның саяси тәуелсіздігіне нүкте қойды. Араб жаулап алушылығының тез, әрі жеңіл жүзеге асуының себептерін араб тарихымен айналысатын немесе өз еңбектерінде осы оқиғаға жолай тоқтаған Еуропа тарихшылары анықтауымен шұғылданды [24 ]. Арабтардың жеңіске жетуінің негізгі себептерін Византия мен Сасанидтік Иранның экономикалық әлсіреуімен, ең бастысы осы мемлекеттердегі әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуімен түсіндіруге болады. Елдер мен облыстардағы еңбекші халықты езгі мен қанаудың күшейе түскен жағдайында, қарапайым халық осында келген араб жаулап алушыларына өз билеушілерінің ауыр езгісінен құтқарушы ретінде қарауға бейім тұрды. Оның үстіне арабтар өздерінің үстемдігіне бағынған жағдайда өмір сүрудің әлде қайда төзімді шарттарын ұсынды. Соның нәтижесінде арабтар жаулап алған елдердің халқының көбі оларға қарсылық көрсетпек түгілі, бірден олармен одақтасуға тырысты: (мысалы ерте орта ғасырлар). Арабтардың әскери жетістігінің себептерін түсіндірудегі ескі, аты шулы жаулап алушыларды тырп еткізбеген діни фантизмнің нәтижесі деген тұжырым қазір іске асқысыз болып қалды. Араб әскерлерінің негізгі бөлігін құрған бедуиндердің жаңа ілімді білмегені және біле алмағаны белгілі. Өйткені, мұсылман діни әдебиетінің алғашқы шығармасы – Құранды құрастыру арабтарды жаулап алу жорықтарының бірінші кезеңі аяқталған кезде, яғни ҮІІ ғасырдың ортасында болатын 
35. «Тақуа халифтер» билігіне сипаттама беріңіз
Пайғамбардың өлімінен кейін оның идеяларын Мұхамед пайғамбарға аға ретінде болған және оның қызы Фатиманың күйеуі болған Алимен басқарылған қандас туыстары хашимиттері де, Әбу Суфьянмен және Дамаск қаласында омейядтік халифаттың негізін салушы оның ұлы Муавиймен басқарылған Әбу Бакр, (Әбу Бекр), Омар, Осман, сонымен қатар Омейя руы сияқты оның ізбасаралары ансарлар (араб тілінде - көмекшілер) ары –қарай жалғастырды.
Билік үшін кескілескен күреске қарамастан бірінші халиф ретінде Әбу Бакр тағайындалды, ол ас-Сиддик (Әділетшіл) деген құрметті атаққа ие болды. Ол Мұхамед пайғамбардың ең бірінші ізбасарларының бірі болды. 631 ж. Мединадан Меккаға мұсылмандардың алғашқы қажылығын басқарды, намазды оқи алмаған пайғамбар өмірінің соңғы күндері мединалық мешітте өзіне осы міндеттерді алған болатын.
Әбу бакрдің билік ету кезеңі 632-634 жж. аралығын қамтиды, бірақ та осы қысқа уақытта ол жекелеген араб тайпаларын біріктіре алды, оның нәтижесінде Аравияның өзінде исламның тұрақталды және мұсылман дінінің Сирия мен Ирак территориясында кең таралды.
634 жылдан бастап 644 жылға дейін екінші халиф ретінде Аравия шектерінен тыс исламның бекітілуі бойынша саясатты жалғастырған Омар(Умар ибн ал-Хаттаб, 591 ж. немесе 581-664 жж.) болған. Оның билік ету жылдары Халифаттың шекаралары кеңейді және мұсылмандық мемлекеттің құрамына византиялық Палестина, Сирия және Мысыр, сонымен қатар сасанидтік Иран мен Ирак елдері енді. Омардың халиф атағына амир аль-муминин (сенімді адамдардың патшасы) деген қосымша атағын беру әрекеті мұсылмандық қауымның теократиялық елге тез айналуының айқын белгісі ретінде болып табылады.
Осман ибн аль-Аффан ( – 656 ж.) 644 жылдан бастап 656 жылға дейін билік етті, Мұхамед пайғамбардың асхабтарының (араб тілінде – серіктес, жолдас) бірі. Араб-мұсылман дәстүрге сәйкес Османның тарихи мәні ол Құранның соңғы мәтінің бекітілуінде.
Али ибн Аби Талиб ( – 661 жж.) – төртінші діни (солай Мұхамедтің дәстүрін ас-суннаны ұстанатын суннитерді атады) халиф. Жоғарыда айтылғандай, Мұхамед пайғамбарға қандай туыстықтан басқа Әлі халиф шииттердің рухани басшысы болды. Әлині халиф ретінде тағайындауға Сирияның наменгері, өлтірілген Осман халифтің туысы Муавий қарсы шықты. 656 ж. Ирактың Басра қаласы қасында Әли мен Муавия әскерлері арасында шайқас болды (тарихта «түйелердің соғысы» ретінде белгілі болған), осы шайқаста Әли жеңіске жетті. Келесі жылы ол қайтадан муавийге қарсы шықты, бірақ сириялықтар өзінің билеушісімен бірге найзаға Құранның беттерін қадап, Алидің өзіне қарсы айналған аралық сотты өткізуді талап етті. 658 ж. аталған жиналыс жаңа халиф ретінде муавийді тағайындады. Саяси жағдай өте қатты күрделене түсті: екі халифі бар мұсылман халқы екі бөлікке бөлінді. Али тұрағының өзінде бөліктену болды, оның жақтаушылар қатарынан хариджиттер (араб тілінде – қарсы шығу) деген діни-саяси топ бөлінді, бұл топ билеуші ретінде Алиден безер болып, Омейядтерге де қарсы, Алиге де (шиттерге) қарсы күрес жүргізе бастайды. Мұсылмандардың көп бөлігі жаңа халифті қабылдады, ал Али 661 ж. хариджиттермен өлтірілген болатын.
Сонымен билік туралы мәселе исламда екі негізгі бағыттың – суннизм мен шиизмнің пайда болуына әкелді.
36. Омейядтар билігі тұсындағы Халифаттың сыртқы саяси жағдайын талдаңызВизантия мен Иранның африкалық, азиялық провинциялары, Закавказье, Орта Азия, Испания елдері араб жаулаушылығы кезінде алғашқы феодалдану сатысында еді. Халифатта феодалдану процесі шапшаң жүрді. Жердің жоғарғы егесі –мемлекет болып есептелді. Халифатта жер иеленудің бірнеше формалары болды. Шаруашылықта анық дайындайлған салық жүйесі өмір сүрді. Салықтың түрлері: Зекет салығы – қолөнермен, саудамен және малшаруашылығымен айналысатын малшылар төледі; Джизья – мұсылман еместерден алынатын жан басы салығы; Ұшыр – мұсылмандардан алынатын жер салығы; Харадж – мұсылман еместерден алынатын жер салығы; Саяси құрылысында бірқатар өзгерістер жасалды. Омейядтар мемлекеттік қызметке тек арабтарды алды. Барлық іс қағаздары араб тілінде жүргізілді. Араб тілі Батыс Азия, Солтүстік Африка және Испанияға дейінгі жерлерде халқаралық тіл ролін атқарды. Халифат өз теңгесін шығарды. Почта байланысы жолға қойылды. Халиф – барлық азаматтық және рухани (діни) билікке ие болып, оның билігі мұрагерлікке берілді. Өте үлкен мемлекетті басқару үшін наместниктік жүйе ұйымдастырылды. Омейядтар Сирия мен Египеттегі ақсүйектерге арқа сүйеді. Ал оларға қарсы оппазицияға Алидің ұрпақтарымен Аббасидтер (пайғамбардың туысы Аббастың ұрпақтары) және пайғамбардың Мекке мен Мединадағы сыбайластары болды. Араб емес феодалдармен мұсылмандар да наразылық танытты. VIIІ ғасыр ІІ ширегінде халифатта көтерілістер етек алды. 728-737 ж.ж. Мауренахрда соғдылықтар, 734-743 ж.ж. Магрибте берберлер және Испанияда, 740 жылы Куфте шейттер, 744-747 ж.ж. Қосөзенде, Батыс Иранда және Оңтүстік Аравияда хариджиттер көтеріліске шықты.747 жылы Аббасид имамы Ибраһим ибн Мухаммад көтеріліс ұйымдастыру үшін өзінің құлы Абу Муслимді жібереді. Ол Мервке келіп өзін 7 пайғамбардың бірімін деп уағыздай бастады. Бұндай ұран Омейядтарға қарсы барлық топтарды шейіттерді, хариджиттерді біріктірді. Көтеріліс негізінен Хорасанды қамтып, көтерілісшілер ірі қалаларды бағындырды. 749 жылы Аббасид Абу-аль-Аббас-ас Сафах халиф болып жарияланды. Аббасидтер билікке келген соң көтерілісшілер Абу Муслимнің ұрандарының барлығы тек билік үшін жасалғандығын түсінді. Елде жаппай қырып-жою басталды. 
37. Аббасидтер билігі тұсындағы Халифаттың әкімшілік және салық жүйесіне талдау жасаңыз
Осы аббасидтер тұсында Араб мемлекеті өзінің шырқау шегіне жетті. Араб мемлекетінің гүлденуіне зор еңбек сіңірген халифтер: Мансұр (754—755), Харун-ар-Рашид (786—809), Аль-Мамун (813—833), Мұтадид (892—902) болды. Мұтадидтен кейін халифаттың кұлдырауы басталады. Халифаттағы барлық жер əуелде халифтың меншігі болып есептелді. Ол елді наместниктері арқылы басқарды.Наместник өзі қызмет атқаратын мерзіміне қарай пайдалануға жер алып отырды. Халықтан жиналған салықтардың есебінен ол чиновниктер мен əскер ұстады. Бертін келе халиф жердің бір бөлігін шонжарлардың тұрақты иемденуіне берді. Шығыс елдерінде егіншілікпен суармалы жерлерде ғана шұғылдануға болатын еді. «Сусыз жер — өлі жер»,— дейді араб мақалы. Үлкен суландыру құрылыстары салынды. Халифатта тұтқындар еңбегі де кеңінен пайдаланылды: олар кен қазу жұмыстарында істеді, батпақтарды құрғатты, каналдар салды. Құлдар шонжарлардың үйлерінде малай, халифті қорғайтын жасақшы болды, бірақ еңбекшілер бұқарасының басым көпшілігі құлдар емес, тəуелді шаруалар еді. Халиф өз əскер басыларымен ерекше еңбек сіңірген қызметкерлеріне жер үлестіріп беріп отырды. ол үлес «ихта» деп аталды. Ихта үшін оның иесі салық төлейтін болса, Омар халиф (634—644) ол иелікті игеруді міндеттеді. Егер бос жатса, үкімет қайта алып қоятын болды. Бұқара халық ұшыр(құшыр), зекет, харадж (қалан) т.б. салықтар төледі. Ұшыр — жан басынан жиналатын жер салығы. Ислам дініне енбеген халықтар жизья деген ақшалай салық төледі. Егер мұсылман болса, бұл салықтан босатылды. Харадж деген егін салығы. Ол жиналған өнімнің үштен бірін құрайтын. Зекет — шариғатқа негізделген, мешіт үшін салынатын мал салығы.Жаулап алынған елдердің тұрғын халқына қару асынуға рұқсат етілмеді. Олар өздерінің киген киімдерімен де арабтарға ұқсамауға тиісті болатын. Жаулап алушылар мұсылман емес халықтардың бəріне қосымша салықтар салды жəне өз əскерлерін азық-түлікпен қамтамасыз етуді міндеттеді
38. Аббасидтер халифатының ыдырауының тарихи жағдайларын көрсетіңіз
750—754 жылға дейін Абул-Аббас тақта отырды. Ол 1055 жылға дейін билік құрған аббаситтер əулетінің негізін қалады. Жаңа халифаттың астанасы Бағдад қаласы болды. Оны 768 жылдан бастап халиф Мансұр (754—775) тұрғызды.Осы аббасидтер тұсында Араб мемлекеті өзінің шырқау шегіне жетті. Араб мемлекетінің гүлденуіне зор еңбек сіңірген халифтер: Мансұр (754—755), Харун-ар-Рашид (786—809), Аль-Мамун (813—
833), Мұтадид (892—902) болды. Мұтадидтен кейін халифаттың кұлдырауы басталады.
Атлант мұхитының жағалауынан бастап, Үндістан мен Қытай шекарасына дейінгі жерді алып жатқан орасан зор араб халифаты онша берік болмады. Бағындырылған халықтар тарапынан жүргізілген көтерілістер оның күш-қуатын əлсірете берді. Феодалдық құрылыстың дамуына байланысты жер-жерде ірі феодалдар күшейе бастады. Аймақтардың наместниктері өздерінің атақ мансабын пайдалануға алған жерлерімен қоса, өз ұрпағына мирасқа қалдыра бастады. Өздерінің қарамағындағы əскер күшіне сүйене отырып, олар халифқа бағынудан бас тартты, сөйтіп, өздерінше тəуелсіз билік жүргізушілер болып алды. Халифаттың ыдырауы VІІІ ғасырдың ортасында басталды. 756 жылы Кордова эмираты бөлініп кетіп, ол 929 жылы жеке халифатқа айналды. VІІІ ғасырдың аяғы — ІХ ғасырдың басында Марокко мен Тунис бөлініп шықты. ІХ ғасырдың ортасында Египет тəуелсіздік алды. Мұнда алғаш Тулунилер, ал Х ғасырда Əлінің Фатимилер деп аталған ұрпақтары билік құрды. 969 жылы Фатимилер Египетті егемен Каир халифатына айналдырды. ІХ ғасырда Шығыс Иран (Хорасан), Х ғасырда Батыс Иран да Араб халифатынан бөлініп шықты. Амударияның шығысындағы Мəуереннахрда Саманилер мемлекеті құрылды (Мəуереннахр — «өзеннің арғы жағы»). Оның астанасы Бұқара қаласы болды. Басқа үлкен қалалары Самарқан мен Ходжент болды. Х ғасырдың басында Ауғанстан бөлініп шықты. Бағдад халифатының қарамағында Месопотамия ғана қалды. Бірақ оны да Иран əміршісі өзіне бағындырып алды. 1055 жылы Бағдадты Орта Азиядан ауып келген көшпенділер — түрік-селжүктер жаулап алды. Олардың қолбасшысы Ер Тоғрыл (Тоғрыл бек) сұлтан деп жарияланды. Енді халифтердің қолында діни билік қана қалды. Ол билік те 1258 жылға дейін, монғол жаулап алушылығына дейін ғана сақталды. Сөйтіп, қоғамдық бірліктің, ынтымақтың ұйтқысы болған жаңа ислам дінінің рухани беделі араб халифатының құрылуына, зор табыстарға жетуіне себеп болды. Ал ІХ ғасырға қарай ислам басшыларының пайғамбар өсиеттері бойынша жүре алмай, əділеттілік жолынан ауытқып кетулері жеке феодалдардың күшеюіне, ақырында — халифаттың ыдырауына əкеліп соқты.
39. Монғол мемлекетінің құрылуының алғы шарттарын көрсетіңіз
Темужіннің аты ХІІ ғасырдың 90 жылдары шыға бастады. Ол əкесінің досы, керейттердің ханы Тұғырылдың көмегімен көзге түсіп, көтеріле бастады. Бірте-бірте өз ұлысын құрып, бүкіл Монғолияны біріктіруге кірісті. Бірақ мұндай ойды тек Темужін емес, басқа ұлыстың басшылары да ойлайтын. Солардың тарапынан Темужін үлкен қарсылыққа кездесті. Ең бірінші қарсыласы тайшыжуттарды өз жағына тартып алған меркіттер болды. Тұғырыл ханның жəне жаджират руының батыры, досы Жамуханың көмегімен Темужін меркіттерді талқандады. Бұл жеңістен кейін Темужін мен Жамуха арасында араздық туды. Бір пікір бойынша, Жамуха бұрынғы рулық құрылыс пен тəртіпті жақтап, қарапайым халықтың мүддесін қорғады. Ол Темужін орнатпақшы қатаң тəртіпке, бір орталыққа бағынған мемлекетке қарсы болды. Басқа бір пікір бойынша, Жамуханың өзі билікке ұмтылды, сол билік үшін күресті. 1200 жылы Темужін Тұғырыл ханмен бірге татарларды талқандады. 1202 жылы Темужін əскер басыларына соғыста түскен олжаны өз бетімен талан-таражға салуға тыйым салды. Олжа соғыс біткен соң тең бөлінуге тиіс болды. Темужіннің бұл жеңісі оның қарсыластарын бірлесуге, күш жинауға мəжбүр етті. Татарлар меркіттермен, тайшыжуттармен, ойраттармен бірігіп, Жамуханы хан сайлап, Темужінге қарсы соғыс бастады. 1203 жылғы көктемде бұл соғыс Темужіннің толық жеңісімен аяқталды. Бұл жеңістен кейін Темужін мен керейт ханы (ваны) Тұғырылдың арасындағы бақталастық басталды. Олардың арасында соғыс болмай қоймайтын болды. Соғысқа Ван-ханды бала-
сы итермелей түсті. 1203 жылы күзде Ван-хан əскері талқандалып, ұлысы Темужіннің қолына көшті. Енді Темужінге қарсы тұрған бір ғана ұлыс-наймандар қалды. Екі жақ та соғысқа мықтап дайындала бастады. Темужінге қарсы күштердің бəрі наймандар тобына барып қосылып жатты. 1204 жылы Темужін əскері Орхон өзенінің батысында наймандардың Таян-хан бастаған қолын талқандады. Таян-хан ұрыс кезінде өлді.
Бұл жеңістен соң бүкіл Монғолияны билеу жолында Темужіннің бақталасы қалмады. Наймандар батысқа қашып барып, қазақ халқының негізін қалауға үлесін қосты. 1206 /1202/ жылы Онон өзені бойындағы Делюн-бұлдақ деген жерде ашылған ру-тайпа шонжарларының құрылтайы Темужінге Шыңғысхан деген атақ беріп, оны монғолдардың ұлы қақаны деп жариялады
40. Монғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуының тарихи жағдайларына талдау жасаңыз
Шынғыс-хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді.
1211 жылы Жетісуда Шыңғыс-ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арслан-хан, орталығы Алмалықта болған тәуелсіз иелік құрған Бұзар-хан да өзін Шыңғыс-ханның вассалдарымыз деп таныды.
Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді.
Жетісуді Шыңғыс-хан аса көп қарсылықсыз – ақ басып алды. Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік-ханның жігерсіздігіне, оның діни құдалауларына, салықпен зар илеткен зорлық – зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс-ханға мойынұсынатынын білдіріп, өз әскерлерімен оның қызметіне кірді, ал Күшілікті моңғолдар Бадахшанда Шығыс түркістандағы Сарыкөлде қуып жетіп, басы алынды.
Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды.
1218 жылы Шыңғыс-хан Орта Азияға Омар -Қожа Отрари, Жамал Марағи және басқа саудагерлер басқарған сауда көруенін жіберді, 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр-хан Иналшық саудагерлерді жансыз тыңшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғыс-хан Ғайыр-ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мухаммед бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге Шыңғыс-хан жіберген жазықсыз елшілерді өлтіруге әмір етеді. Осының өзі Шыңғыс-ханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды, алайда бұл соғыстың себептері оның бүкіл жаулап алу соғыстарының негізіне алған себептер болатын.
1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс-ханның қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгідей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанады. Үшінші бөлік Сырдарияныңжоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстақ – кенттерді алуға, ал Шыңғыс-хан өзі кіші баласы Төлей мен Бұхараға қарай бет ады.
Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах II Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа – Хаджибтің Суфи хан қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа – Хаджиб өлтірілді. Алайда, моңғолдарға қаланы алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар тегіс қырылғаннан кейін барып, қала 1220 жылы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді.
Сөйтіп, Отырар қамалын жермен – жексен етіп, Шағатай мен Үгідей бастаған моңғол отрядтары Шыңғыс-ханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс-хан Бұқара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын.
Сырдария бойындағы басқа қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды. Соның бірі Сығанақ қаласы еді. Жеті күнге созылған шабуылға қала тұрғындары табан тіріесіп қарсыласты. Брақ көп ұзамай Сығанақ жеңілді. Моңғолдар қаланы талап, халқын аяусыз қырды. Сол сияқты қарсылық көрсеткен Үзкент, Баршынкент қалалары алынып, қарсылық көрсеткен Ашнас қаласының турғыңдары да қырғыңға үшырайды. 1219-1220 жылдар арасында бүкіл Сырдарияның бойындағы қалалар мен қыстақ кенттер моңғолдардың қол астына түседі.
Сыр бойындағы қалалардың қарсылығын жеңгеннен кейін Шыңғыс-ханның әскерлері Орта Азияның ішіне баса көктем еніп, 1219 жылдан 1221 жылға дейін моңғолдар бүкіл Орта Азияға ойран салып өтті. Хорезмшах II Мухаммед Иранға қашып, кейін Атырау теңізі аралдарының бірінде өлді. 1220-1221 жылдардағы қысқа жорықтардың нәтижесінде моңғолдар Хорезм жерін тегіс жаулап, Орта Азиядағы соғыс қимылдарын аяқтады. 1221 жылдың көктемінен бастап соғыс Хорасан, Ауғанистан және Солтүстік Индия мемлекеттерінің жеріне ауысты.
Моңғол қолбасшылары Жебе мен Субедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Иранды басып өтіп, 1220 жылы Кавказға кірді. Олар алаңдарды, половцыларды және Қалқа өзінінде орналасқан орыстарды (1223 жылы) тас-талқан етіп жеңді. Моңғолдар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, қазақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс-ханның Ертістегі ордасына қайта оралды. 1225 жылы Шыңғыс-хан Моңғолияға қайтып келді.
Сонымен, 1219 – 1224 жылдардағы моңғолдар шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс-хан империясының құрамына кірді. Ұлыстардың құрылуы.
Ұлан – ғайыр көп жерлерді жаулап алған Шыңғыс-хан өз көзінің тірісінде осы жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғыс-ханның үлкен Ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «моңғол атының» тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар, Оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Амударияның төменгі жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер «Жошы ұлысы» деп аталады. Шыңғыс-ханның екінші ұлына Шағатай, Қашқария, Жетісу, Мауараннахр тиді. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға алды. Сонымен бірге моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды, ал қалғаны үш баласының әрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді. Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (Монголиядағы) ұлы хан Шыңғыс-ханға бағынатын болды.
Жошының ордасы Ертіс алқабында, Шағатайдың ордасы Іле алқабында болды. Үгедейдің ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында орналасты.
Сонымен, Қазақстанның барлық жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен ( далалық ) бөлігі – Жошы ұлысының, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысының, Жетісудың Солтүстік Шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді
41. Монғол жаулаушылықтарының салдарын ашып көрсетіңіз
1207 жылы монғолдар Селенга өзенінің солтүстігіндегі, Енесай алқабындағы Сібір халықтарын, тангуттық Си-Ся мемлекетін, 1209 ж. Шығыс Түркістандағы ұйғырлар елін басып алды. 1211 ж.Қытайдың солтүстігіндегі чжурчжендерге қарсы жорық басталды.
1215 ж. бұл жорық Пекинді /Бэйцзин/ басып алумен аяқталды.1218 ж. Шыңғысхан наймандарды талқандап, 1219 ж. Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуға кірісті. 1220 ж. монғолдар Бұхара менСамарқанды, Хорезм мемлекетін басып алды. 1221 ж. Орта Азияны
басып алу аяқталды. Жебе мен Сүбедей батырлар басқарған монғол əскерлері Əзербайжан мен Грузияны талқандап, Қырымға жетті. 1223 ж. Қалқа өзенінде монғолдар орыс князьдері мен қыпшақтардың бірлескен жасақшыларын талқандады.
1225 ж. Шыңғысхан Монғолияға қайтып келіп, келесі, 1226 ж. Тангуттық Си-Ся мемлекетін біржолата жойып жіберу жорығына шықты. 1227 ж. Си-Ся өмір сүруін біржолата тоқтатты. Сол жорықтанқайтып келе жатып Шыңғысхан қайтыс болды. Оның қазасы туралы ресми мəлімет деректерде келтірілмеген. 1229 ж. Хұрал өткізіліп, онда Ұлы хан болып Шыңғысханныңүшінші ұлы Үгедей сайланды. Монғолияның өзіне төртінші кенже ұлы Төле хан болып тағайындалды. 1231 ж. Үгедей мен Төле бастаған монғол əскері Бянь (қазіргі Кайфын) қаласына басып кірді. Яньцзиннен айырылғаннан кейін чжурчжендердің өкімет
басшылары осы қалаға келіп қоныс тепкен болатын. Шабуыл алғаш сəтсіз басталғандықтан монғолдар Оңтүстік-Сун мемлекетін чжурчжендіктерге қарсы бірлесіп күресуге шақырды. Бұл үшін Оңтүстік қытайлықтарға Хэнань провинциясын беруге келісім жасады. Оңтүстігінен Сун əскерінің, солтүстігінен монғолдардың шабуылына чжурчжендер төтеп бере алмады. Бянь қаласын монғол əскері басып алды. Сонан соң чжурчжендердің бекініс тіректері бірінен соң бірі құлай бастады. 1234 ж. Цайчжоу қаласын монғолдар
басып алған соң чжурчжен патшасы өзін-өзі өлтірді. Чжурчжендер аумағын толық басып алып, монғолдар Сун өкіметіне берген уəдесін орындамады — Хэнань провинциясын оларға бермеді.1236 ж. монғолдардың батысқа жаңа жорығы басталды. Ол жорықты Жошының баласы Бату басқарды. Қыпшақтар мен Еділ (Волга) булгарларын бағындырып, монғолдар 1237 ж. орыс жеріне шабуыл бастады. 1237—1238 жж. олар Рязань, Коломна, Москва жəне Владимир қалаларын басып алып,талқандады. Сити өзенінде орыс княздерінің басты күштері талқандалды. 1239 ж. монғол əскері Днепр өзенінен өтіп, Киевті басып алды. 1241 ж. Бату мен Сүбедей бастаған монғол əскері Венгрияға, екінші тобы — Польшаға басып кірді. Польша мен Силезияны бағындырып, моңғолдар Лигницы маңында поляк жəне неміс княздерінің жасақтарын талқандады. Венецияға дейін жеткен монғол əскерініңəлсіреуі оларды кейін қайтуға мəжбүр етті.
42. Ирандағы монғолдар билігінің орнауының тарихи жағдайларын көрсетіңіз
Монғол əскерлері Иранға 1220 жылы басып кірді. Жебе мен Сүбедей басқарған монғолдықтар қолы Хорасан, Мазендаран мен Гилян арқылы өтіп, Рейді алды.
1231 жылы монғолдар Тебризді, 1237 жылы Исфаханды басып алды. Иран 1253—1256 жылдары Шыңғысхан немересі Хулагу хан басшылығымен толық бағындырылды. 1256 жылы монғолдар исмаилиттер мемлекетін талқандап, Аламутты; ал 1258 жылы Аббасилер халифатын талқандап, Бағдадты басып алды. Иранның көп бөлігін, Армения мен Əзербайжанды, Ирак пен Түркістанды, Грузияны қамтыған ұланғайыр Хулагид мемлекеті құрылды.Монғолдардың ұлы ханы Құбылайдан Хулагу “илъхан” деген атақ алды. Сол себепті бұл мемлекеттер “Ильхандар” мемлекеті деп те аталды. Оның астанасы Тебриз қаласы болды. ХVІ ғасырдың басында астана Сұлтание қаласына көшірілді. Монғол жаулап алушылығынан кейін Иранның көп жері жайылымдарға айналып, егіншіліктен гөрі мал шаруашылығы басым бола бастады. Монғолдар Иранда өздерінің “Ұлы ясы” заңдарын таратты. Ол бойынша Иранда қайтадан құлдар еңбегі едəуір орын алды. Мұның бəрі қолөнерінің құлдырауына себеп болды. Монғол шапқыншылығына аз ұшыраған батыс жəне оңтүстік Иран қалаларында ерікті қолөнершілер еңбегі өз мəн-маңызын жоғалтқан жоқ. Дегенмен ол қалаларда да қол өнерінің дағдарысы орын алды. Ерікті қолөнершілерді қанаудан түсетін табыс Ильхандар қазынасының едəуір бөлігін құрады. Шығыс Иранның монғол шапқыншылығынан көп зардап шегуі батыс пен оңтүстіктегі қалалардың рөлін күшейтті. Исфахан, Иезд, Шираз қалаларының маңызы артты. Хулагулік Иранның сыртқы саудасында, əсіресе парсы шығанағындағы Хормуз портының маңызы артты. Бұл порт арқылы Индияға Иран жылқы апарып сатты. Ал Индиядан индиго, лак, мата əкелетін. Хулагулер билігі кезінде Тавриз қаласы дамып гүлдене түсті. Ильхандардың алғашқы астанасы болған бұл қаланың колөнершілері жасаған бұйымдар, тоқыған маталар кеңінен белгілі болды. Қала сауда керуені жолындағы маңызды қойма пунктінің рөлін атқарды. Кейінірек мұндай маңызды рөлге Хулагулердің екінші астанасы — Сұлтание ие болды. Оның негізін Арғын хан (1284—1291 жж.) қалаған болатын. Қала негізінен 1305 жылы салынды. Иранда монғол билігінің орнауы елдің жер қатынасына өзгерістер енгізді. Жерге феодалдық жеке меншіктікке қатты соққы берілді. Хулагидтер тарихшысы Васаф ұлы Сеидтер сияқты қадірлі де бақуатты əулеттердің жер иеліктері мемлекет меншігіне көшті деп көрсетеді. Арғын ханның уəкілдері жүздеген жылдар бойы əкеден балаға мұра ретінде қалып келе жатқан жеке меншіктегі жерлерді сот арқылы тартып алды. Орта жəне ұсақ жер иелері өз меншіктерінарзанға сатып жіберіп, күйзеліске ұшырады.
43. Газан-хан реформаларының мәнін ашыңыз
Газанхан жетінші елхан болды. Ол өзінің ғұлама оқымысты уəзірі Рашид-ад-динмен бірлесе отырып, елеулі реформалар жүргізді. Олар: 1) Исламды мемлекеттік дін деп жариялады; 2) 1304 жылы тұрақты алым-салық мөлшері белгіленді. Əр облыс, қала, деревня үшін ақшалай жəне заттай салық мөлшері анықталып, бекітілді. Шаруалар əскерлерді, шабармандарды өз есебінен асыраудан босатылды. Олар енді мемлекет тарапынан қаржыландырылатын болды. Пошта станциялары ұйымдастырылды. Солар шабармандарды, уəкілдерді қарсы алып, тамағын, көлігін қамтамасыз етіп отыратын болды. 3) Монғол жауынгерлеріне жеке меншік жерлер бөлініп берілетін болды. Ол үлес ихта деп аталды. Сонымен бірге ірі əскери бөлімдерге де жер үлесі берілді. Ол үлес жүздік, ондық əскери бөлімдерге үлестірілді. Ихта иесі салық иммунитетін пайдаланды. Ол қазынаға иеліктен жиналған өнімнің аз мөлшерін ғана сый ретінде беріп отыратын. Ол əскери қызметін атқарып, шаруалардың жерді уақтылы өңдеп отыруына басшылық ететін 1303 жылғы жарлық монғол əскерлеріне таратылып берген жерлерге шаруаларды заңды түрде бекітті. Бұл жарлық бойынша “Шыңғыс хан ясасына” сай шаруалардың бір иеліктен екінші иелікке кетуіне тыйым салынды. Қашқын шаруаларды іздеп табудың, қайтарудың 30 жылдық мерізімі белгіленді. Ихта иесінің шаруаны құлға айналдыруына тыйым салынды. Газан хан шеберханалардағы құлдар еңбегін жойды. Ерікті қолөнершілер енбегі өнімді болды.Газан хан бірыңғай күміс тиын енгізді. Суару жүйесін жетілдіруге көп қаржы бөлінді. Сөйтіп, Газан хан реформалары бір орталыққа бағынған мемлекетті, оның өкіметін нығайтуға бағытталды.
44. Монғолдар империясының құлауының тарихи жағдайларына талдау жасаңыз
1259 ж. Оңтүстік Қытаймен соғыста Ұлы хан Мөңке қаза тапты. 1260 ж. құрылтай жиналысында Құбылай Ұлы хан деп жарияланды. Бұл кезде Қарақорымдағы ақсүйектер Құбылайдың інісі Əрібұханы Ұлы хан тағына отырғызды. Сөйтіп, Монғолияда екі Ұлы хан билік құрды. Ол екеуінің арасындағы қарулы қақтығыс төрт жылға созылып, Əрібұха жеңілді. Монғолия империясының Ұлы ханы деп Құбылай танылды. Бұл кезге қарай монғолдар державасы өзгере бастаған еді. Оның құрамынан батыс ұлыстары бөлініп кетті. Елхандар (Иран) мемлекеті мен Алтын Орда Хұбылай таққа отырғанда іс жүзінде тəуелсіз мемлекеттерге айналды. Ұлы ханның ісіне араласпай, олар Ұлы ханды да өз істеріне араластырмады. ХІІ—ХІV ғасырларда батыстағы үш ұлыстың хандары ислам дінін қабылдап, Ұлы ханды тіпті сөз жүзінде мойындаудан да қалды. ХІV ғасырға қарай батыс ұлыстарда тұрып жатқан монғолдар жергілікті халықпен араласып кетті. Олар өз тілдерін жоғалтып, түрік тіліне көшті. Тек Каспий теңізінің батысында ғана монғол тілі ХVІІ ғасырға дейін, ал Ауғаныстанда — ХІХ ғасырға дейін сақталды. 1271 ж. Құбылай астананы Монғолиядан Яньцзинге (Пекин) көшірді. 1279 ж. монғолдар Оңтүстік Сун империясын жаулап алуды аяқтады. Бүкіл Қытай монғол феодалдарының қолына көшті.Монғолдардың ХІІІ ғасырдың 70—80-жылдары Жапонияға, Бирма мен Вьетнамға жасаған жорықтары сəтсіздікке ұшырады. Монғолдар жаулап алған жерлерінде «Ұлы Ясы» бойынша тəртіп орнатты. Сөйтіп, пассионарлық фазаға шамамен 970 жылдары аяқ басқан монғолдар ХІІІ-ғасырдың бірінші жартысына қарай Еуразия кеңістігіне өз билігін орнатты. Пассионарлықтың күшеюі кезінде монғолияның өзінің ішінде де араздықтар, бақталастықтар орын ала бастайды. 1245—1262 жж. Шыңғыстықтардың біртұтас мемлекеті ыдырай бастайды. Оның жеке бөліктерінің арасында əскери қақтығыстар басталды. 1257 жылдан 1288 жылға дейінгі аралықта монғолдар вьетнамдықтардан үш рет жеңілді. Бұл жеңілістер ыдырауды күшейте түсті. Ыдыраудың шыңына монғолдар 1368 ж. шықты. Бұл кезде монғолдар Қытай мен Кореядан, Ираннан қуылды. Өзара қақтығыстарда пассионарилердің көпшілігі қырылып кетті. Енді монғолдармен аралас некенің арқасында қытайлықтардың пассионарилігі арта түсті.
45. Селжұқ жаулаушылықтарының барысын көрсетіңіз
Х ғасырдың аяғында Селжук бастаған топ Сырдарияның төменгі ағысына қоныс аударып, Аралдық оғыздар көтерілісін қолдады. Көтеріліс басылған соң Селжукты қолдаушылар Мауераннахрға қоныс аударды. Ол кезде Мауераннахрдағы саманилер Шығыстан қауіп төндірген қарахандықтармен күресіп жатқан еді. Селжуктер саманилер жағында шайқасып, жеңіліс тапты. 999 жылы саманилер мемлекетін қарахандар басып алды. Селжуктер енді қарахандар жағында ғазнауиларға қарсы соғысты. Селжуктер Хорасанға қоныстанғаннан соң жергілікті халыққа зəбір көрсете бастады. 1038 ж. Масуд Ғазнауи селжуктік түріктерге қарсы Сюбашы басқарған əскер жіберді. Серахс маңында селжуктер бұл əскерді де талқандады. 1040 ж. сəуір айында Масуд селжук түріктеріне қарсы кезекті жорығын бастады. Мамыр айында Данденакан қамалында шешуші шайқас болып, ғазнауилік əскер талқандалды. Тоғрыл-бек 1040—1050 жж. аралығында Хорезмді, бүкіл Иранды, Əзербайжанды, Күрдістан мен Иракты басып алып, өз билігін орнатты. 1049 ж. Арменияны жаулау басталды. 1055 ж. Бағдад қаласы да селжуктер қол астына көшті. Аббастық халиф Қайым Тоғрылбекке «сұлтан» атағын беріп, екі жылдан кейін «Шығыс пен Батыстың патшасы» деген атағын бекітті. Тоғрыл-бектің мұрагері Алып Арыслан /1063—1072/ кезінде, 1064жылы Армения басып алынды. 1071жылы селжуктер Манцикерт маңында византи1118 жылы Селжуктер мемлекеті Мелік-шах балаларының арасында бөліске түсті.ялықтарды жеңді. 1071 жəне 1081 жылдар аралығында сельжуктер Кіші Азияны, т.б. жерлерді жаулап алды.Мәлік шахтың кезінде Грузияны, қарақандар мемлекетін басып алды. Бірінші кресшілер жорығынан кейін /1096—1099/ сельжуктер Палестинадан, кейінірек Сириядан, Кіші Азияның теңіз жағалауларынан, Грузиядан айырылды. 1118 жылы Селжуктер мемлекеті Мелік-шах балаларының арасында бөліске түсті.
46.Селжұқ мемлекетінің қоғамдық және мемлекеттік құрылысына сипаттама беріңіз
Түркияда жер мемлекет меншігі болды Жердің едәуір бөлігі феодалдарға уақытша берілген жер ленник деп аталды. Бұл уақытша берілген жер ленник деп аталды. Ол екі категорияға бөлінді: табысы 3-тен 20 мың сомға дейін жететін тимариоттар жəне 20 мыңнан 100 мың сомға дейін табыс табатын займдар болып. Əсіресе əскери лендер басым болды. Леннің иелерін сипахилер деп атады. Олар сұлтанның атты əскерінде қызмет атқарып, өздерінің лендерінің мөлшеріне сəйкес жорыққа белгілі бір əскер шығаруға міндетті болды. Жоғары əскер басшылары мен чиновниктер неғұрлым ірі лендерді-хассаларды алып отырды. Үкімет шығарған заңдар феодалдардың алатын рентасының мөлшерін жəне олардың шаруалармен қарым-қатынастарын қадағалады. Халықтың басым бөлігі — феодалдық тəуелділіктегі шаруалар өздерінің жер үлестерін мұрагерлікпен пайдаланды. Еңбекке жарамды бүкіл ересек христиан еркектері сұлтанның қазынасына ақшалай салық — харадж, джизья төлеп тұрды. Барлық халыққа салынатын ақшалай салық испандже деп аталды. Джизья — кəпірлерден алынатын қосымша салық болды. Ауыл шаруашылығы өнімінен алынатын салық /оннан бірі/ ушур деп аталды.Малдан да салық алынды. Егіншілікпен айналысатын халықтың басым бөлігі жерге бекітіліп қойылды жəне феодалдық немесе жергілікті өкіметтің рұқсатынсыз өз үлесін тастап ешқайда кете алмады. Түркиялық заңдар бойынша қашқын шаруаларды іздеп табудың мерзімі 10—15 жыл болып белгіленді. Осман империясы орта ғасырдағы әскери-феодалдык құрылымдағы мемлекет болды. Империя уәлаяттарға (облыстарға) бөлінді. I Сүлейман (1520-1566) кезінде Осман империясы 21 уәлаяттан құрылды. Уәлаяттар санжактарға бөлінді. Уәлаяттарды бейлер басқарды. Олар санжактарға да билік жүргізді. Ол азаматтық және әскери басқару түрінде жүргізілді. Бұлар сонымен бірге өз аймақтарында ірі жер иелері болды. Феодалдық иерархиялық жүйеге кірді. Осман империясында coт жуйесі де болды. Сот жұмысын мұсылман қазы (кадилар) жүргізді. Сот ісін жүргізу орталықтандырылып, жоғарғы сот уәзірдің қолында болды. Діни бағыттағы сот істерін - шейх-уль-ислам жүргізді.Осман империясы 4 әлеуметтік топтан тұрды:1) Рухани феодалдар;2) Әскери феодал;3) Көпестер мен қала тұрғындары;4) Шаруалар. Қала тұрғындары мен шаруалардың құқықтары шектеулі болды.Түркияда жер мемлекет меншігі саналды. Жердің едәуір бөлігі феодалдарға уақытша меншікке берілді. Бұл уақытша берілген жер лен деп аталды. Леннің иелері сипахилер болды. Олар сұлтанның атты әскерінде қызмет атқарып, өздерінің лендерінің мөлшеріне сәйкес жорыққа белгілі бір оскер шығаруға міндетті болды. Жоғары әскер басшылары мен шенеуніктер неғұрлым ірі лендерді - хассаларды алып отырды. Халықтың ендігі бір бөлігі - феодалдық тәуелді шаруалар өздерінің жер үлестерін мүрагерлікпен пайдаланды. Еңбекке жарамды, ересек христиан ер адамдар сұлтанның қазынасына ақшалай салық – харадж, жизия төлеп тұрды. Барлық халыққа салынатын ақшалай салықиспандже деп аталды..
47.ТҮріктердің Кіші азияға басып кіруінің тарихи жағдайларын көрсетіңіз
ХІ ғасырдың 40- жылдары Шығыста жаңа түркілік мемлекеттің жұлдызы жанды. Ол селжук түріктерінің мемлекеті еді. Жаңа мемлекеттің негізін 993—1063 жж. өмір сүрген Тоғрыл-бек қалады. Ол Х—ХІ ғасырларда Сырдарияның ортаңғы ағысы мен Қаратау маңын мекендеген оғыз тайпалық одағындағы қайы руының көсемі Селжук ибн Тугактың немересі болатын. Хғасырдың аяғында Селжук бастаған топ Сырдарияның төменгі ағысына қоныс аударып, Аралдық оғыздар көтерілісін қолдады. Көтеріліс басылған соң Селжукты қолдаушылар Мауераннахрға қоныс аударды. 999 жылы саманилер мемлекетін қарахандар басып алды. Селжуктер енді қарахандар жағында ғазнауиларға қарсы соғысты.1008 жылдан бастап селжуктер ғазнауилердің қорғауында болды. 4000 түрікпен селжуктеріне Амудариядан өтіп, Серахс пен Авиберда (қазіргі Түркмения) маңында қоныстануына рұқсат берілді. Тарихшылар Махмұд сұлтанның бұл ісін үлкен ағаттық деп санайды. Селжуктер Хорасанға қоныстанғаннан соң жергілікті халыққа зəбір көрсете бастады. 1025 ж. ғазнауилар селжук ибн Тугактың үлкен ұлы Исраилды (ол Шағрыл-бек, Тоғрыл-бектің əкесі еді) тұтқындап, түрмеде өлтірді. 1028 ж. Махмұд Ғазнауи селжуктерді Хорезмге қуып тастады. Бірақ 1030 ж. билік үшін күрес кезінде Масуд Ғазнауи Селжук түріктерін өз жағына тартты. Солардың көмегімен 1031ж. қаңтарда таққа отырды. Селжуктер Балхан (Балх) тауына қоныс тепті. 1035 ж. селжук ибн-Тугактың баласы Мұса ибн Селжук пен немелері Дауд Шағрыл-бек, Мұхаммед Тоғрыл-бектер бастаған түріктер Амудария өзенінен өтіп, қазіргі Түркмения жеріне қоныс тепті. . Тоғрыл-бек 1040—1050 жж. аралығында Хорезмді, бүкіл Иранды, Əзербайжанды, Күрдістан мен Иракты басып алып, өз билігін орнатты. 1049 ж. Арменияны жаулау басталды. 1055 ж. Бағдад қаласы да селжуктер қол астына көшті. Аббастық халиф Қайым Тоғрылбекке «сұлтан» атағын беріп, екі жылдан кейін «Шығыс пен Батыстың патшасы» деген атағын бекітті. Тоғрыл-бектің мұрагері Алып Арыслан /1063—1072/ кезінде, 1064жылы Армения басып алынды. 1071жылы селжуктер Манцикерт маңында византи1118 жылы Селжуктер мемлекеті Мелік-шах балаларының арасында бөліске түсті.ялықтарды жеңді. 1071 жəне 1081 жылдар аралығында сельжуктер Кіші Азияны, т.б. жерлерді жаулап алды.Мәлік шахтың кезінде Грузияны, қарақандар мемлекетін басып алды. Бірінші кресшілер жорығынан кейін /1096—1099/ сельжуктер Палестинадан, кейінірек Сириядан, Кіші Азияның теңіз жағалауларынан, Грузиядан айырылды. 1118 жылы Селжуктер мемлекеті Мелік-шах балаларының арасында бөліске түсті.
48Селжүк мемлекетіндегі аграрлық қатынастардың сипатын анықтаңыз
Түркияда жер мемлекет меншігі болды. Жердің едəуір бөлігі феодалдарға уақытша
меншікке берілді. Бұл уақытша берілген жер ленник деп аталды. Ол екі категорияға бөлінді: табысы 3-тен 20 мың сомға дейін жететін тимариоттар жəне 20 мыңнан 100 мың сомға дейін табыс табатын займдар болып. Əсіресе əскери лендер басым болды. Леннің иелерін сипахилер деп атады. Олар сұлтанның атты əскерінде қызмет атқарып, өздерінің лендерінің мөлшеріне сəйкес жорыққа белгілі бір əскер шығаруға міндетті болды. Жоғары əскер басшылары мен чиновниктер неғұрлым ірі лендерді-хассаларды алып отырды. Үкімет шығарған заңдар феодалдардың алатын рентасының мөлшерін жəне олардың шаруалармен қарым-қатынастарын қадағалады. Түркия жаулап алған Балқан жерлерінде ұсақ феодал — христиандар біршама мол сақталып қалды. Уақыт озған сайын олар мұсылман дінін қабылдап отырды немесе өздерінің жерлерінен айырылды. Халықтың басым бөлігі — феодалдық тəуелділіктегі шаруа лар өздерінің жер үлестерін мұрагерлікпен пайдаланды. Еңбекке жарамды бүкіл ересек христиан еркектері сұлтанның қазынасына ақшалай салық — харадж, джизья төлеп тұрды. Барлық халыққа салынатын ақшалай салық испандже деп аталды.Джизья— кəпірлерден алынатын қосымша салық болды. Ауыл шаруашылығы өнімінен алынатын салық /оннан бірі/ ушур деп аталды. Малдан да салық алынды. Егіншілікпен айналысатын халықтың басым бөлігі жерге бекітіліп қойылды жəне феодалдық немесе жергілікті өкіметтің рұқсатынсыз өз үлесін тастап ешқайда кете алмады. Түркиялық заңдар бойынша қашқын шаруаларды іздеп табудың мерзімі 10—15 жыл болып белгіленді. ХVІІғасырдан бастап шаруалардың жерлерін сауда-өсімқорлық капиталдың өкілдері мен янычарлардың жоғарғы топтарының не басып алып, не сатып алуларының нəтижесінде феодалдық жер иеленудің жаңа түрі пайда болды. Олар чифтиликтер деп аталды.
Еуропаға қоныс аударған түріктер отырықшылыққа көшіп, Кіші Азиядағылары көшпелі мал шаруашылығымен айналыса берді.
49Ирандағы себзеварлар қозғалысының себептерін көрсетіп, Себзеварлар мемлекетінің құрылуының тарихи жағдайларына талдау жасаңыз
Хорасанның батысында 1337 жылы монғолдар билігіне қарсы көтеріліс бұрқ ете түсті. Ол Себзевар маңындағы Баштин ауылында басталды. Шаруалар монғол уəкілін өлтірді. Көтерілісшілер Себзеварды алып, оны өз мемлекетінің астанасы деп жариялады. Себзеварлар əскери-көшпелі Монғол-түріктік үш жасақты тал-
қандап, Нишапур қаласы мен батыс Хорасанды азат етті. 1344 жылы Сербедар мемлекеті ұзындығы 550 км, ені 200 км жерге тарады. Каспий теңізінің
онтүстігіндегі Гурган аймағында көшіп-қонып жүрген соңғы монғол елханы Тоғай Темір хан сербедарлар көсемін келіссөз жүргізу үшін өз ордасына шақырды. Ол көтерілісшілер басшыларын алдап қолға түсірмекші болды. Сербедарлар көсемі Яхья Керраби хан ордасына 300 (бір деректер бойынша 1000) жауынгер жасақшысымен келді. Елханның арам ойын сезіп қойған сербедарлар ханнан бұрын қимылдауға бел байлады. Шарап құйылған кеселер таратыла бастағанда Яхья басын қаси бастады. Осы белгі бойынша сербедарлар қылыштарын суырып алып, монғолдарға шабуыл жасады. Елхан жауынгерлері жеңіліп, тымтырақай қашты. Сөйтіп, 1353 жылы елхан ордасы жойылды. Сербедарлар мемлекеті 1337 жылдан 1381 жылға дейін өмір сүрді.Мұндай көтерілістер ХІV ғасырдың ортасында Иранның басқа облыстарында да болып тұрды. Осындай көтерілістердің бірінің нəтижесінде Мазендеранда Сеидтер мемлекеті құрылды. Ол 1392 жылға дейін өмір сүрді. Көтерілістің жəне кейін құрылған өкіметтің басшысы сеиттік Кавам-ад-дин Мараши болды. Амул қаласы Сеид мемлекетінің астанасы болды. 1373 жылы сербедарлар көтерілісі Керман қаласында да болды. Көптеген ихта иелері мен дін басылары өлтірілді. Олардың мал мүліктері кəмпескеленді. Көтеріліс тоғыз айдан кейін жеңілді. Ирандағы феодалдық бытыраңқылық, өзара қырқысулар оны Темірдің жаулап алуын жеңілдетті. Жаулап алушылық 1380 жылдан 1393 жылға дейін созылды. 1381 жылы Темір əскері Себзеварды алып, Сербедарлар мемлекетін жойды. 1383 жылғы Сербедарлар көтерілісін Темір асқан қатыгездікпенбасты. Екі мың адам тірідей көмілді деген дерек бар.
50.Әмір Темір жорықтары және Әмір Темір мемлекетінің қалыптасуының тарихи жағдайларын көрсетіңіз
Ақсақ Темір билігінің /1370—1405/ орнауымен Мəуереннахрдағы Шағатай билігі жойылды.
Темірдің жеңісті жорықтарының нəтижесінде Орта Азияда оның бастауымен қуатты держава құрылды. Темір Иранға, Хорезмге,Закавказьеге, Кіші Азияға, Индияға жорықтар жасады. Жаулап алынған елдерден алтын, күміс, бағалы заттар алып келіп, Темір салтанатты сарайлар, мешіттер салғызды. Ол Орта Азия қалаларында қол өнері мен сауданы өркендетуге, суландыру жүйесін кеңейтуге тырысты.Темір өзінің əулеттері мен əмірлеріне /өзі де «əмір» атанды/ тұтас облыстарды мұралық иемденуге /«Союргал»/ үлестіріп беріп отырды. Ол жерлерден түсетін табыстардың біраз бөлігі жергілікті əкімшілікке, біраз бөлігі мемлекеттік қазынаға өтіп отырды.Шаруалар XIII—XIV ғасырлардағыдай, «харадж» деп аталған жер салығын, «джизья» теп аталған жан басы салығын төледі. Сонымен қатар шаруалар «бегар» деп аталған барщиналық міндеткерліктер де атқарды. ХІV ғасырдың екінші жартысында Орта Азияда бірнеше халық
көтерілістері болды. Мысалы, 1365 жылғы Самарқандағы халық көтерілісін Мəулен-заде деген медресе шəкірті мен Əбу Бəкір Келеви деген мақта түтуші басқарды. Қаланың еңбекші халқы өкімет билігін өз қолына алды. 1388 жылы көтеріліс Хорезмде болды. Бұл қозғалыстарды Темір басып тастап отырды. 1395 жылы Темір өзіне қарсы шыққан Тоқтамысты /Алтын Орда ханы/ талқандап, орыс жеріне қарай аттанды. Оның қолдарының орыс жерлеріне келіп кіруі Мəскеуде қауіп-қорқыныш туғызды. Қала қорғанысқа дайындала бастады. Бірақ Темір Рязань жерінің шекарасында екі апта аялдағаннан кейін, Азов пен Каспий
бойындағы далаларға қарай бұрылды. Кетер алдында Елец қаласын талқандады. Темірдің Алтын Орданы талқандауын Мəскеу өкіметі тиімді пайдалана қойды: ол Алтын Орда бекіткен алым-салықты төлеуін тоқтатты. Темір өлген соң Орта Азиядағы билік үшін өзара қырқысулар күшейді. Темір империясы бұрын басып алған жерлерінен қайта айырыла бастады. Темірдің баласы, əрі мұрагері Шахрухтың (1405—1447) тұсында Темір ұрпақтарының қолында Орта Азия, Ауғаныстан мен Иран ғана қалды
51.Дели сұлтанатының қалыптасуының тарихи жағдайларына сипаттама беріңіз
1206 жылы Шихаб-ад-дин /Мухамед Гури/ өлген соң оның Солтүстік Индиядағы наместниктері Газнидің жаңа патшасын мойындаудан бас тартты. Солтүстік Индиядағы наместниктер Кутуб-Ад-дин Айбектің қол астына бірігіп, соның билігін ғана мойындады. Газни мемлекетінен бөлінген мұсылман феодалдары Дели сұлтанатын құрды. Айбектің қол астына біріккен наместниктер бара-бара бір-бірімен соғысып, сұлтанат əлсіреді. Осы жағдайды Үнді княздары пайдаланып қалуға тырысты. Олар тəуелсіздіктерін қалпына келтіре бастады. Осындай жағдайда мұсылман наместниктердің көпшілігі қайтадан Айбектің төңірегіне топтасып, біріккісі келмеген облыстарды күшпен қосып алды. Сөйтіп, Дели Сұлтандығы нығая түсті. Бірақ 1221 ж. Пенджабқа Хорезм шахы Джелал-ад-динді
қуып келген монғолдар басып кірді. Шыңғыс ханның əскері батыс Пенджабты талан-таражға ұшыратып, кейін қайтты.1241 жылы моңғолдар тағы да Шығыс Пенджабқа басып кірді.Осы жерден Делиге шабуыл ұйымдастыра бастады. Монғол шапқыншылығына қарсы жергілікті феодалдар бір орталыққа бағындырылған мемлекетті нығайтуға бет бұрды. Дели сұлтандығы1206—1526 жж. өмір сүрді. Оны ХV ғасырдың ортасына дейін түрік халқының өкілдері, ХV ғасырдың ортасынан — ауғандық Лоди əулеті басқарды. Дели сұлтанатында жер мемлекеттің меншігі болып табылды. Жерді беру, оның салық мөлшерін анықтау мəселелері сұлтан билігіңде болды. Əрбір жеке феодалға сұлтан мемлекеттік рентадан үлес алуға грамота беретін. Сұлтанның жекелеген феодалдарға рента салық үлесін алып беретін жерлері үш категорияға бөліңді.1. Ихта. Бұл əскер басыларына берілетін жер үлесі. Ол үлес уақытша берілді. Үлес əкеден балаға мұра ретінде берілмеді. Үлестің мөлшері əскер басының атақ лауазымына, соған сай ұстайтын əскерінің санына қарай белгіленді. Үлестен түскен табыстың оннанбірі немесе ең азы — жиырмадан бірі əскер басына қалатын. Сол табысқа əскер басы — феодал атты əскер ұстауы тиіс болды. Сұлтан шақыра қалған кезде өзі қаруландырған əскерімен келуі тиіс болды.Ихтаның мөлшері əскери феодалдың атақ шені өскен сайын ұлғаятүсетін.2. Инам жəне вакф. Инам дін басыларының, оқымыстыларының,молдаларының жер үлесі. Инам əкеден балаға мұра ретінде қала беретін. Вакф — мешіттер мен медреселердің жері болды. Ол мекемелер жабылып қалса, жер қайтадан мемлекет қарамағына көшетін.
3. Заминдарлар. Заминдар деген жергілікті үнді феодалдары. Олар өз қарамағындағы шаруалардан жер салығын жинап алып үкіметке өткізетін. Өз жалақысы ретінде жиналған салықтың белгілі бір мөлшерін алып қалатын. Заминдарлар əскери міндеткерлік атқарған жоқ. Олар өз қарамағындағы жерлерді басқа біреулерге сыйлауға,үлестіруге, кеңейтуге құқылы болды. Заминдарлар жері де əкеден балаға мұра ретінде қалып отыратын. Бірақ мемлекеттің қажет болған жағдайда жерді алып қоюға құқы болды.Бірақ үкімет ешқашан Заминдарлар жерін тартып алуға құқылы болды.
52Үндістанда ұлы моғолдар билігінің орнауына талдау жасаңыз
Солтүстік Индиядағы феодалдар арасындағы бір орталыққа бағынған мемлекет құруға ұмтылушылықтың бір себебі— мұсылмандар мен индустар арақатынасындағы өзгерістер болды.Түрік, тəжік, ауған басқыншылықтары кезінде Индияда ислам дінібасым болды. Ал жергілікті индус дінін ұстанатын халық жерінен, байлығынан айрыла бастады. Темір шапқыншылығынан кейін жəнеДели сұлтанаты құлаған соң индус феодалдары қайтадан бас көтерді.
“1452 жылы Делиді Жайпур раджасы қоршап алды. Бұл шабуыл 26 жылға созылды” (К. Маркс). Мұсылман феодалдары ала ауыздықтарын ауыздықтап, бірікпесе, өз артықшылықтарын жоғалтатынын ұқты. Сондықтан олар бір орталыққа бағынған күшті мемлекет құруға мүдделі болды. Бұл жағдайды Орта Азиядан шыққан Қабул əмірі, сұлтан Бабыр пайдаланып қалды. Ол 1526 жылы Индияға басып кірді. Ол Темірдің шөбересі, 12 жасында əкесінің Ферғана тағын мұраланды.1504 жылы көшпелі өзбектер оны қуып шықты. Сол жылы олҚабулды басып алды. 1512 жылға дейін Бұхара мен Самарқандты басып алмақ болды, бірақ ол мақсатына жете алмады. 1525 жылы Пенджабтың наместнигі Дəулет-хан Бабырды Делиде билік құрып тұрған сұлтан Ыбрайым Лодиге қарсы бірге күресугешақырды. Бабыр 12 мың əскермен Пенджабқа кіріп, Дəулет ханды орнынан алды. Бабырдың сұлтан Ыбрайым Лодидің 40 мыңдық əскерімен шешуші шайқасы Пенджаб пен Делидің арасындағы Панипат алқабында 1526 жылғы сəуірде болды. Бабыр əскері зеңбірегінің басымдығының арқасында жеңіске жетті. Оған Делиге жол ашылды. Бірақ енді Бабырға қарсы шайқасқа Раджпуттық князьдар əскерімен Рана Санграм Сингх шықты 1527 жылғы наурызда Кхнау маңындағы шайқаста Бабыр тағы да жеңіске жетті. Бабыр орнатқан мемлекет Ұлы Моғолдар державасы деп аталып кетті. Бабырдың қайтыс болуына қарай бұл держава батысында Кабулмен, шығысында Бенгалиямен шектесіп жатқан ұланғайыр мемлекет болды. Бірақ ондағы салық — əкімшілік жүйесі нашар болды. 200 жылдан астам уақытқа (1526—1761) дейін өмір сүрген бұл мемлекеттің негізін қалаған Бабыр өте көрнекті қолбасшы əрі саяси қайраткер болды. Ол өте сезімтал, дарынды ақын да болған. Өзбек, тəжік, ауған, үнді тілдерінде емін-еркін сөйлеген. Үнді елінің салт-дəстүрін сақтап, əдет-ғұрпымен танысып, құрмет көрсетіп отырған.
53 Ұлы Моғолдар империясының құрылуының тарихи алғышарттарын талдаңыз
Солтүстік Индиядағы феодалдар арасындағы бір орталыққа бағынған мемлекет құруға ұмтылушылықтың бір себебі— мұсылмандар мен индустар арақатынасындағы өзгерістер болды.Түрік, тəжік, ауған басқыншылықтары кезінде Индияда ислам дінібасым болды. Ал жергілікті индус дінін ұстанатын халық жерінен, байлығынан айрыла бастады. Темір шапқыншылығынан кейін жəнеДели сұлтанаты құлаған соң индус феодалдары қайтадан бас көтерді.
“1452 жылы Делиді Жайпур раджасы қоршап алды. Бұл шабуыл 26 жылға созылды” (К. Маркс). Мұсылман феодалдары ала ауыздықтарын ауыздықтап, бірікпесе, өз артықшылықтарын жоғалтатынын ұқты. Сондықтан олар бір орталыққа бағынған күшті мемлекет құруға мүдделі болды. Бұл жағдайды Орта Азиядан шыққан Қабул əмірі, сұлтан Бабыр пайдаланып қалды. Ол 1526 жылы Индияға басып кірді. Ол Темірдің шөбересі, 12 жасында əкесінің Ферғана тағын мұраланды.1504 жылы көшпелі өзбектер оны қуып шықты. Сол жылы олҚабулды басып алды. 1512 жылға дейін Бұхара мен Самарқандты басып алмақ болды, бірақ ол мақсатына жете алмады. 1525 жылы Пенджабтың наместнигі Дəулет-хан Бабырды Делиде билік құрып тұрған сұлтан Ыбрайым Лодиге қарсы бірге күресугешақырды. Бабыр 12 мың əскермен Пенджабқа кіріп, Дəулет ханды орнынан алды. Бабырдың сұлтан Ыбрайым Лодидің 40 мыңдық əскерімен шешуші шайқасы Пенджаб пен Делидің арасындағы Панипат алқабында 1526 жылғы сəуірде болды. Бабыр əскері зеңбірегінің басымдығының арқасында жеңіске жетті. Оған Делиге жол ашылды. Бірақ енді Бабырға қарсы шайқасқа Раджпуттық князьдар əскерімен Рана Санграм Сингх шықты 1527 жылғы наурызда Кхнау маңындағы шайқаста Бабыр тағы да жеңіске жетті. Бабыр орнатқан мемлекет Ұлы Моғолдар державасы деп аталып кетті. Бабырдың қайтыс болуына қарай бұл держава батысында Кабулмен, шығысында Бенгалиямен шектесіп жатқан ұланғайыр мемлекет болды. Бірақ ондағы салық — əкімшілік жүйесі нашар болды. 200 жылдан астам уақытқа (1526—1761) дейін өмір сүрген бұл мемлекеттің негізін қалаған Бабыр өте көрнекті қолбасшы əрі саяси қайраткер болды. Ол өте сезімтал, дарынды ақын да болған. Өзбек, тəжік, ауған, үнді тілдерінде емін-еркін сөйлеген. Үнді елінің салт-дəстүрін сақтап, əдет-ғұрпымен танысып, құрмет көрсетіп отырған.
54 Акбар реформаларының тарихи мәнін ашыңыз
Мемлекеттік билікті нығайту мақсатымен падишах Акбар (1556—1605) біраз өзгерістер енгізуге кірістіЕң алдымен индус Тодор Маланың басшылығымен (ол Моғолдар үкіметіндегі қаражат əкімшілігін басқаратын) салық реформасы жүргізілді. Рента салық əр шаруаның жерінде əр-түрлі болатын болды. Оның мөлшері жердің сапасына, онда егілетін дақылдардың түріне байланысты болды. Барлық шаруалардың, байлардың жерлері қайтадан өлшеніп, сапасы тексеріліп, түсетін өнім мөлшері есептеліп, оларға салынатын салық көлемі дəл анықталды. Бұл мыңдаған есепшілер жүргізген өте күрделі де, ауыр жұмыс болды.Бұл істің нəтижесі — Моғолдар державасының Ауғанстан, Кашмир, Бенгалиядан басқа жерлеріндегі азық-түлік рентасының ақшалай рентамен ауыстырылуы болды.
Реформа алғашында шаруалар жағдайын біраз жеңілдетті. Бірақ ақшаға деген мұқтаждық бірте-бірте шаруаларды өсімқорлар қанауына душар етті. ХVІ ғасырдың соңғы ширегінен бастап сауда — өсімқорлық капиталдың үнді деревнясына енуі күшейе түсті. Егін бітік шыққан жылы оның құны түсіп кетіп отырды, ал ақшалай салықты бұрынғы мөлшерінде төлеу керек болды. Сөйтіп, егіннің мол өнімі шаруаларды байытудың орнына, керісінше, күйзеліске ұшыратты.Салық реформасы əкімшілік аппаратты орталықтандыруды күшейтті, феодалдық мемлекеттің жерге меншігін нығайтты.Феодалдық рентаны натуралды салықтан ақшалай салыққа көшіру жерге феодалдық меншіктің бұл түрін əлсірету қаупін тудырды. Мемлекеттік феодалдық меншіктің үстемдігі жағдайында жер иеленушіліктің негізгі түрі джагир болды. 100 мың гектарға дейін жер иеленуге рұқсат етілді Дегенмен жагирлық жүйе шаруашылықтың дамуына ықпал етпей, керісінше, кедергі жасады. Себебі жагирлар ертеңгі күніне сеніммен қарай алмады, шаруашылықты жақсы басқаруға мүдделі болмай, тезірек жəне көбірек салық жинап алып, оны ойын-сауық, той-думан, сəн-салтанатқа жұмсауға асықты. Оларды шаруалар күйзелісі толғандырмады. Индустар мен мұсылмандардың ынтымағын нығайту арқылы шах Акбар өз билігін едəуір нығайта алды. Діні бөлектер үшін салынатын джизия салығын жою, индустық діни мекемелерге жер үлестіру, мұсылмандармен қатар индустарды да үкімет билігіне орналастыру Акбардың халық арасындағы беделін өсіріп, билігін нығайтуға үлес қосты.«Бір ғана тақсыр — бір дін» принципін жүзеге асырмақ болып, Акбар 1582 жылы «құдайшыл наным» деген жаңа діни бағытты жариялады. Ол дін ислам, индуизм, парсизм жəне джайнизм діндерінің жиынтығы болды. Жаңа діннің басшысы — заирлы билік пен діни билікті бірге атқарған Акбардың өзі болды. Бұл шарамен өз қол астындағы пенделерінің арасындағы діни ала ауыздықты жоюғакүш салып бақты. Бұл реформаны жүргізу барысында Акбар исламды үстемдік етуші дін ретінде сақтап қалуға күш салған мұсылман дінбасыларын тəркілеуден де тайынбады.
55 Ирандағы Сефевилер билігінің орнауының тарихи жағдайларына талдау жасаңыз
ХVI ғасырдың басында Иран бірнеше дербес мемлекеттерден тұрды. Хорасан, Ауғанстан мен Түркмения тимуридтік сұлтан Байқараның /1469—1506/ мемлекеті болды. 1500 жылдары Иранның батысындағы Ақ-қойлылар мемлекеті екіге бөлінді; Əзербайжан мен Арменияда Альвенд сұлтан билік құрды, ал персиялық
Ирак — Мұрат сұлтанның мемлекеті болды. Фарста, Керманда, Иезде, Арабтық Иракта жəне Диярбакырде /қазіргі Түркияның шығысында/ Ақ-қойлылар əулетінің ұрпақтары жеке-жеке билік құрды. Əзербайжанның солтүстігінде ширван-шахтар мемлекеті болды. Ардебиль ауданында Сефевилік шейхтер билік құрды. Сефевилер алғаш ХVI-ғасырдың басында шейх Сефи ад-дин Ысқақ (1254—1334) құрған дербиштік орденнің басшылығында тұрды. Бұл орден алғаш қарапайым қолөнершілер мен кедей-кепшіктердің мүддесімен тығыз байланысты болды. Бара-бара феодалдық элементтер сефевилік шейхтердің муридтерінің /орден мүшелері/ арасында да пайда болды. Сефи-ад-дин шейхтың өзі де ірі жер иеленушіге айналды. ХV ғасырда Сефевилер Ардебиль қаласына биліктерін орнатты. Халық бұқарасына ықпалын сақтап қалу үшін Сефевилер шиит бағытын ұстанды. Олардың ықпалы Əзербайжаннан басқа да жерлерге тарады.
ХV ғасырда Сефевилерге көшпелі түріктердің шамлу, румлу, ұсташы, текелі, афшар, қажар, құлқадар тайпалары қосылып, олардың əскерін күшейтті. Бұл тайпалар «қызылбастылар» деп аталып кетті. Олар бастарына 12 қызыл жолағы бар сəлде орайтын. Ол өздері құрмет тұтатын 12 шиит имамдарының санын білдіретін. Қызылбастылар Сефевилік шейхті өздерінің рухани басшысы деп танып, өздерін сол шейхтердің муридтері деп санады. Қызылбастылар шейхтің феодалдық жасағын құрды. ХV ғасырдың екінші жартысынан бастап сефевие ордені бейбіт дервиш бауырластығынан жауынгер рухани-рыцарьлық орденге айналды. Сефеви шейхтері де, батыстағы ХІ—ХІІ ғасырлардағы кресшілер сияқты, «дін тазалығы» үшін күрес деген желеумен мұсылман емес халықтар еліне: Грузияға, черкестер еліне, гректердің Трапезунд патшалығына шапқыншы жорықтар жасады. ХVI-ғасырдың басына қарай Иранда Сефевилердің өз биліктерін орнатуларына лайықты жағдай қалыптасты. Бұл саясатты əзербайжан мен иран феодалдарының күшті үкімет билігін аңсаған едəуір бөлігі қолдады. Османдық Түркия тарапынан Закавказь мен Иранға төнген қауіп те күшті өкімет билігін орнату талабын күн тəртібіне қойды. Иранның саяси бытыраңқылығы бұл міндеттіжүзеге асыруды жеңілдетті. Бір орталыққа бағындырылған күшті мемлекеттің құрылуы Исмаил-шахтың атымен тығыз байланысты. Исмаил Сефеви 1499 ж. он төрт жасында Ардебилдің шейхы болып тағайындалды. Ол 1500жылы Ширваншах əскерін талқандап, Баку мен Шемаханы алды.1502 жылы қызылбастар отрядымен Нахичеван маңында Ақ-қойлы сұлтанының əскерін жеңіп, Тавриз қаласын басып алды. 1503—1504 жж. батыс Иранды, 1510 ж. арабтық Иракты басып алып, Тавризды Иранның астанасына айналдырды.
56. Сефевилердің сыртқы саясатының негізгі бағыттарын көрсетіңіз
ХVI-ғасырдың басына қарай Иранда Сефевилердің өз биліктерін орнатуларына лайықты жағдай қалыптасты. Бұл саясатты əзербайжан мен иран феодалдарының күшті үкімет билігін аңсаған едəуір бөлігі қолдады. Османдық Түркия тарапынан Закавказье мен Иранға төнген қауіп те күшті өкімет билігін орнату талабын күн тəртібіне қойды. Иранның саяси бытыраңқылығы бұл міндетті жүзеге асыруды жеңілдетті.Исмаил шах өлген соң таққа оның 10 жасар баласы І-Тахмаспе /1524—1576/ отырды. Оның тұсында феодалдық қырқысулар кең өріс алды. Шах өкіметі көтерілісшілерді жер беру, лауазымды қызметке тағайындау, сый тарту арқылы басып отырды.Сефевилер өзбектермен шұрайлы Хорасан үшін үздіксіз соғыстар жүргізді. Бұл провинция жиі-жиі қолдан-қолға өтіп от-ырды. XVI-ғасырдың аяғында өзбектер Хорасанның ірі қала-лары Мервті, Нишапур мен Мешхедті басып алды. XVI-ғасырда Сефевилер османдық Түркиямен де тынымсыз соғыс жүргізді. Ол соғыстарда түріктер басымдық танытып отырды. Əскері на-шар ұйымдастырылып, ескі қару-жарақпен қаруланған Сефевилер мемлекеті қорғаныспен шектеліп отырды. 1514—1555 жылдардағы соғыс Амасьедегі бітім шартымен аяқталды. Грузия, Батыс Арменияжəне арабтық Ирак — Түркия үлесіне, Шығыс Грузия мен шығыс Армения жəне Əзербайжан — Сефевилік Иран үлесіне тиді.1578 ж. Түркия Иранға қайтадан соғыс ашты. Ол соғыс 1590 жылға дейін созылды. Оның мақсаты — Закавказье мен Волга-Каспий сауда жолын басып алу болды. Сефевилер мемлекеті өте қолайсыз Стамбул бітім шартына қол қоюға мəжбүр болды. Ол шарт бойынша Түркия Шығыс Грузияны, Шығыс Арменияны, Күрдістан мен Əзербайжанды жəне Луристанның /Батыс Иранда, орталығы – Хоремабад қаласы/ біраз бөлігін алды. Түркия тарапынан тыным-сыз төнген қауіп астананы Тебризден Казвинге көшіруге мəжбүр етті.Халық көтерілістері. І-Тəхмаспе шах қабілетті басшы емес еді. Оның ақсүйектер арасында беделі болмады. Əсіресе қызылбастар əмірлері оған сый-құрмет көрсетуді қойды. Билік құрған соңғы 20 жыл ішінде атқа мінбеді, 11 жыл бойы сарайдан шығуды қойды. Қытымыр, арам І-Тахмасп халықты жек көрді, арыз-шағым ай-тушыларды жақын жолатпады. XVI-ғасырдың басында халық бұқарасының сеніміне ие болған Сефевилер енді керісінше, халықтың ашу-ызасына ілікті. Чиновниктер қатаң бақылаудың жоқтығын пайдаланып, заңды бұзып отырды. Феодалдар, əсіресе қызылбас ақсүйектері қала мен ауыл кедейлерінің өмірі мен мал-мүлкінің қожалары болды.1569 ж. Гилянде шаруалар көтерілісі басталды. Олар 18 мыңдық жасақ құрып, шах чиновниктері мен қызылбастар эмирлерін қырып-жойып, қуып шықты. Шах əскерімен үш жыл бойы соғыстан кейін ғана көтеріліс 1572 ж. басылды. 1571—1573 жж. 300 мың тұрғыны бар Тебризде көтеріліс болды. Оған себеп — қала басшыларының шектен тыс зорлық-зомбылық-тары болды. Көтерілістің басында қолөнершілер мен ұсақ сауда-герлер тұрды. Иари деген палуан көтерілістің қолбасшысы болды. Ақсүйек байлар мен сайдтердің, молдалардың үйлері тоналды. Қала байлары І-Тахмасптан əскерді көтерілісшілерге қарсы шығаруын өтінді. Бірақ шах жарытып жалақы ала алмай келе жатқан əскеріне сенбеді. Шах Тебриздің басшысы етіп қолөнершілер арасында беделі жоғары ұста Исуфбекті тағайындады. Ол көтерілісшілермен тіл табысып, тыныштық орнатты. Шахтың жарлығы бойынша қала тұрғандары қазынаға салық төлеуден босатылды.
57. Сефевилер тұсындағы Иранның әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасаңыз
ХV ғасырда Сефевилерге көшпелі түріктердің шамлу, румлу, ұсташы, текелі, афшар, қажар, құлқадар тайпалары қосылып, олардың əскерін күшейтті. Бұл тайпалар «қызылбастылар» деп аталып кетті. Олар бастарына 12 қызыл жолағы бар сəлде орайтын. Ол өздері құрмет тұтатын 12 шиит имамдарының санын білдіретін. Қызылбастылар Сефевилікшейхті өздерінің рухани басшысы деп танып, өздерін сол шейх-тердің муридтері деп санады. Қызылбастылар шейхтің феодалдық жасағын құрды.ХV ғасырдың екінші жартысынан бастап сефевие ордені бейбіт дервиш бауырластығынан жауынгер рухани-рыцарьлық орденге айналды. Сефеви шейхтері де, батыстағы ХІ—ХІІ ғасырлардағы кресшілер сияқты, «дін тазалығы» үшін күрес деген желеумен мұсылман емес халықтар еліне: Грузияға, черкестер еліне, гректер-дің Трапезунд патшалығына шапқыншы жорықтар жасады.Бір орталыққа бағындырылған күшті мемлекеттің құрылуы Исмаил-шахтың атымен тығыз байланысты. Исмаил Сефеви 1499 ж. он төрт жасында Ардебилдің шейхы болып тағайындалды. Ол 1500 жылы Ширваншах əскерін талқандап, Баку мен Шемаханы алды. 1502 жылы қызылбастар отрядымен Нахичеван маңында Ақ-қойлы сұлтанының əскерін жеңіп, Тавриз қаласын басып алды. 1503—1504 жж. батыс Иранды, 1510 ж. арабтық Иракты басып алып, Тавризды Иранның астанасына айналдырды. Сефевилер мемлекетін негізінен Əзербайжанның көшпелі тайпалары құрды. Сарайда жəне əскерде əзербайжан тілі қолда-нылса, ресми құжаттар мен тарихнаманың, сарай поэзиясының тілі — парсы тілі болды. Сефевилер мемлекетінде жетекші рөлді көшпелі əзербайжан /қызылбастар/ феодалдары атқарды. Əскер-басылыққа, облыс басшылыққа,сарайдағы маңызды қызметтерге солар тағайындалды. XVI ғасырдың ортасында осындай маңызды қызметтер 114 қызылбастылардың отбасыларының қолында болды.Шиизмді мемлекетік дін тірегі деп жариялаудың маңызды мəні де болды. Шиизм қарапайым халық арасында кең қолданушылыққа300301ие болған еді. Шиизмді суннизмге қарсы қоюдың түріктерге қарсы бағыттаушылық мəні де болды. I-Исмаил халықтың алдында «ши-изм немесе өлім» екеуінің бірін таңдау міндетін қойды. Армяндар мен грузиндер өздерінің христиан діндерін сақтап қалды. Сефевилер державасындағы үстем таптар құрамына арасында қызыл ба-сты эмирлер, жоғарғы мұсылман абыздары жетекші рөл атқарған көшпелі тайпалардың əскери басшылары жəне жергілікті феодалдар кірді. 300301ие болған еді. Шиизмді суннизмге қарсы қоюдың түріктерге қарсы бағыттаушылық мəні де болды. I-Исмаил халықтың алдында «ши-изм немесе өлім» екеуінің бірін таңдау міндетін қойды. Армяндар мен грузиндер өздерінің христиан діндерін сақтап қалды. Сефевилер державасындағы үстем таптар құрамына арасында қызыл ба-сты эмирлер, жоғарғы мұсылман абыздары жетекші рөл атқарған көшпелі тайпалардың əскери басшылары жəне жергілікті феодалдар кірді.Үкімет басына жаңа əулеттің келуіне байланысты жер қоры жаңа иелер арасында қайтадан бөліске салынды. Жердің көп бөлігі мем-лекет қарамағына алынды. Ол қор «дивани» деп аталды. Шах үйінің үлесі «хассе» деп аталды. Жердің едəуір бөлігін көшпелі тайпалар үлесіндегі жұрт /йурт/ құрады.Мұсылман жəне христиан мешіттері мен шіркеулері де ірі жер иелері болды. Мешіттер мен медреселерге берілген жерлер «вакф» деп аталды. Бұл жерлер салық иммунитетімен қорғалды. Мүлікжəне сойырғал деп аталған жер үлестерінің көлемі азайды. Сефеви шахтары күшті үкімет құру саясатын жүзеге асыра отырып, сой-ыргал таратуды тоқтатты. XVI-ғасырда жер иеленудің жаңа түрі — «тийул» кең өріс алды. Бұл бұрынғы замандардағы ихтаға ұқсас иелік болды
58. Осман әулеті билігінің орнауының тарихи жағдайларын көрсетіңіз
ХVІ ғасырдың қарсаңында Осман империясы өзінің қол астына Балқан түбегін түгелдей дерлік бағындырды. Енді түрік сұлтандары 1501 ж. Əзербайжанда бұрынғы Ақ Қойлылар мемлекетінің орнында құрылған Сефевилер мемлекетімен күресе бастады. Шешуші шайқас 1514 ж. тамыз айында Шалдырған жазығында (Маку қаласының маңында) болды. Осман түріктерінің əскері жеңіске жетті, Тавризды басып алды. Сұлтан Селим І Исмаил Шахтың қазынасын, бала-шағасын Стамбулға алып кетті. Сондай-ақ Тавризден 700 ұста-шеберлердің отбасы да Стамбулға көшірілді. 1515 жылғы бітім шарты бойынша Туркияға Батыс Армения Эрзерум қаласымен, Ирактың Мосул қаласына дейінгі солтүстігі қосып алынды. Арменияның жартысы, Күрдістан, Ирактың көп жері жəне Əзербайжан сефевилер мемлекеті құрамында қалды. Туркия мен сефевилер мемлекеті арасындағы Закавказье үшін күрес 1555 жылға дейін толастамады. Бұл күрес суннит түріктердің шиит қызыл бастарға қарсы күресі ретінде жүрд. Түріктер ХVІ ғасырда көптеген араб елдерін басып алды. Ең алдымен /1516—1517 жж./ сұлтан І Сəлимнің кезінде бостандығынан құрамында Ливан мен Палестина бар Сирия жəне Египет айырылды. Түрік үстемдігіне дейін онда мамлюктердің əскери-феодалдық кастасы билік құрды, оны мамлюк сұлтаны басқаратын. Мамлюктер астанасы Каир болды. 1515—1517 жылдары түрік сұлтаны І Сəлимнің əскері Сирия мен Египетті басып алды. Түрік армиясы оқ-дəрімен атылатын қару-жарақпен қаруланған еді. Мамлюктер қылыш, найза, садақпен ғана қаруланған болатын. Түрік зеңбіректерінің гүрсіліне шыдай алмай, кейін қарай жосылған мамлюктердің сұлтаны аттан құлап өлді. 1517 жылдың басында І-Сəлим бастаған түрік армиясы Каирды басып алды. Туман-бейді Египет бедуиндері Сəлимге ұстап берді. Ол Каирде дарға асылды. Египеттен кейін түріктер Хиджазды / Батыс Аравия / басып алды. Мұсылмандар үшін бұл ең «қасиетті ел» болып саналды. Жыл сайын Мекке мен Мəдинаға Шығыстың көптеген елдерінен миллиондаған адамдар қажылыққа барып тұрды. Бұл ел егінді Египеттен алып тұратын. І – Сəлим Египетті жеңгеннен кейін Меккедегі Кааба храмының кілтін алды. Енді ол өз лауазымына «қос қасиетті қаланың қызметкері» деген атақты қосып алды.ХVІ-ғасырда түрік мемлекетінің əскери-феодалдық құры-лысы өзінің дамуының ең жоғарғы дəрежесіне жетті. Осман империясындағы қалыптасқан əлеуметтік тəртіптер І-Сүлеймен сұлтанның /1520—1566/ тұсындағы арнаулы заң актілерімен бекітіл-ді. І-Сүлеймен Кануни деген атақ алған. Ол «заң шығарғыш» деген сөз. Заң жинағы «Канун-намэ» деп аталды. Бұл заң бойынша шаруа-лар феодалдың рұқсатынсыз кете алмайтын болды, яғни шаруалар жерге түпкілікті бекітілді. Кедейленген шаруалардың қалаға кетіп, қолөнерімен, тағы басқа іспен айналысуына рұқсат етілмеді. Əрине, бұл шара қала мен оның экономикасының дамуына зиян келтірді.
59. Османдардың сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтаңыз
1515 жылғы бітім шарты бойынша Туркияға Батыс Армения Эрзерум қаласымен, Ирактың Мосул қаласына дейінгі солтүстігі қосып алынды. Арменияның жартысы, Күрдістан, Ирактың көп жері жəне Əзербайжан сефевилер мемлекеті құрамында қалды. Туркия мен сефевилер мемлекеті арасындағы Закавказье үшін күрес 1555 жылға дейін толастамады. Бұл күрес суннит түріктердің шиит қызыл бастарға қарсы күресі ретінде жүрді.Арабтармен күрес. Түріктер ХVІ ғасырда көптеген араб елдерін басып алды. Ең алдымен /1516—1517 жж./ сұлтан І Сəлимнің кезінде бостандығынан құрамында Ливан мен Палестина бар Сирия жəне Египет айырылды. Түрік үстемдігіне дейін онда мамлюктердің əскери-феодалдық кастасы билік құрды, оны мамлюк сұлтаны басқаратын. Мамлюктер астанасы Каир болды. Австрия мен Испанияны билеп отырған Габсбургтер əулетімен жүргізілген күрес Түркияны Франциямен одақтасуға итермеледі. Франция мен Турция Габсбургтерді Солтүстік Италиядан қуып шығу үшін күресті. Франция Жер Орта теңізіне өту үшін, Турция Венеция мен Генуяны əлсірету үшін күресті. Ал бұл екеуі Габсбургтер империясы мен оның одақтасы Рим папасының қолдауына сүйенді. Түркия француз көпестеріне өте көп жеңілдіктер жасады. 1535 жылғы франко-түрік келісімі «бірінші капитуляция» деген атпен əлемге əйгілі болды. Мұнда көрсетілген жеңілдіктер Түркия тарапынан бұрын Венеция мен Генуяға жасалған болатын. Бірақ француз көпестеріне берілген артықшылықтар бара-бара бүкіл фран-цуз ұлтына тарады. Бұл артықшылықтар үшін Түркия ақы алған жоқ, бірақ қашан тоқтатам десе өз еркі болды. Француз көпестері Түркиядағы қылмыстық жаза қолданатын тəртіп бұзғандығы үшін сотқа тек өз елінде ғана тартылатын болды, яғни түрік соттары француз көпестерін жазалай алмайтын болды. ХVІ ғасырдағы Түркияның Англиямен, Франциямен келісімдері Турцияны соңғы екі мемлекеттің сыртқы саясатына тəуелді етті, елдің экономикалық жағдайын нашарлатты. ХVІ ғасырдағы Түркия мен Россия. Бұл екеуінің арасындағы ең бірінші байланыстар ХV ғасырдың аяғында Түркияның қалауы бойынша орнатылды. Россияға жіберілген ең бірінші Түрік елшілігін польша-литва үкіметі ұстап алып жібермей қойған болатын. 1497 жылы Түркияға М. Плещеев аттандырған орыс елшілігі келді. Ол түрік үкіметінің алдына Азов пен Кафа /Феодосия/ қалаларынан Қара теңізге шығатын сауда жолдары туралы мəселе қойды. Орыс казактарының басқыншылығы, олардың Түркия ше-карасына жақын жерге қоныстануы, қамалдар тұрғызуы, орыс-тардың түркі тілдес Астрахань, Қазан хандықтарын басып алуы, Кабарда халқын езгіге салуы /1557/ — осының бəрі 1569 жылғы І-орыс – түрік соғысының себебі болды. 595 жылы көтеріліс Ирактың солтүстігі мен Сирияда болды. Бұл антифеодалдық қозғалыс еді. Көтерілісті Урфа қаласынан шыққан ағайынды Абдалхалим мен Дели-Хасан басқарды. Көтерілісшілер 1600 жылы Кайсери маңында сұлтан əскерін талқандады. 1601 жылы көтерілістер сəтсіздікке ұшырады. Қара-Язшы деп аталып кеткен Абдалхалим тауға барып паналап, 1602 жылы сонда өлді. Көтерілісшілерді Дели-Хасан басқарды. Ол 30 мың қолмен Токатты басып алды. Сұлтан Дели-Хасанды Боснияға патша етіп қоямын деп алдады. 1605 жылы Дели-Хасан өлтірілді. Көтеріліс жеңілді. 1610 жылы Əзербайжан мен Сирияда шиіт туының астындағы көтеріліс болып, жеңіліспен аяқталды.
60. Сүлейман Канунидің заңнамалық қызметіне талдау жасаңыз
ХVІ-ғасырда түрік мемлекетінің əскери-феодалдық құры-лысы өзінің дамуының ең жоғарғы дəрежесіне жетті. Осман империясындағы қалыптасқан əлеуметтік тəртіптер І-Сүлеймен сұлтанның /1520—1566/ тұсындағы арнаулы заң актілерімен бекітіл-ді. І-Сүлеймен Кануни деген атақ алған. Ол «заң шығарғыш» деген сөз. Заң жинағы «Канун-намэ» деп аталды. Бұл заң бойынша шаруа-лар феодалдың рұқсатынсыз кете алмайтын болды, яғни шаруалар жерге түпкілікті бекітілді. Кедейленген шаруалардың қалаға кетіп, қолөнерімен, тағы басқа іспен айналысуына рұқсат етілмеді. Əрине, бұл шара қала мен оның экономикасының дамуына зиян келтірді. Сүлейменнің заңдары орталық өкіметті нығайтуға бағытталды. Енді жер үлесін бөлу жергілікті əкімшілік емес, сұлтанның өз қолына көшті. Заң бойынша янычарлар саны 20 мыңға жетті. Янычарлар ортаға / ротаға / бөлінді. Олардың қару-жарағы жетілдірілді, 300 зеңбірек, 200 кемелік флот ұстауға мүмкіндігі болды. Түрік қоғамы негізгі 4 сословиеден тұрды: 1) оқымыстылар, ру-хани феодалдар (үлемдер); 2) əскери феодалдар; 3) көпестер мен қала тұрғындары; 4) шаруалар (райлар-табындар). Қала тұрғындары мен шаруалардың құқықтары шектеулі болды.
61Осман империясының Сефевилік Иранмен қарым-қатынастарына талдау жасаңыз
.ХVІ—ХVІІ ғасырлар Осман империясы мен сефевилік Иран арасындағы Кавказ үшін қанды шайқастар кезеңі болды. Грузин халқы Иран мен түрік агрессиясына қарсы, əсіресе Картлиде ерлік күрес жүргізді. ХV ғасырдың аяғында — ХVІ ғасырдың басында Кахетиде мемлекетті бір орталыққа бағындыруға бағытталған ре-формалар жасалды. Батыс Грузия сұлтандық Түркияның қыспағынан табан тіресіп қорғанды. Имеретия патшасы ІІІ-Баграттың 1545 ж. түрік əскеріне қарсы шайқастағы жеңілісі патшалықтан Мегрел, Гурий княздықтарының бөлініп шығуына əкеліп соқты. Ал ХVІІ ғасырдың басында Имеретиннен Абхазия бөлініп шықты.1555 жылғы шарт бойынша Арменияның шығыс бөлігі мен Əзербайжан сефевилердің қол астына көшті. 1558 ж. Армения мен Əзербайжанға түріктер басып кірді.60- жылдардың аяқ кезінде Əзербайжан түріктерге бағынды, ал 1590 жылғы иран-түрік шарты бойынша бүкіл Закавказье Түркияның қол астына көшті.1578 жылы Армениядан Түркияға 60 мың адам айдап əкетілді [осы жылдардағы миллиондай адам көз жұмған қырғынды еске салатын көп ескерткіштерде күні-түні ұлы сазгер Комитастың (1869—1935) азалы музыкасы зар илеп тұрады]. 1579 ж. Тебризде көтеріліс болды.1639 жылғы иран-түрік бітім шарты бойынша Шығыс Закавказье — Иран шахының, Батыс Закавказье — Түрік сұлтанының қол астына көшті. Арменияның батыс бөлігі Түркияның, шығыс бөлігі — Иранның еншісіне тиді. Грузия үшін, оның ішінде əсіресе Картли мен Кахети үшін ХVІІ ғасырдың бірінші ширегінде шах I Аббастың жорықтарының зардабы ауыр болды. Кахетиде жүз мың адам өлді, екі жүз мың адам Иранға əкетілді. 1639 жылғы Иран мен Түркия арасындағы келісім бойынша Əзербайжан толығымен Иранның қол астына көшті. Закавказье халықтары шет елдік басқыншыларға қарсы қарулы көтеріліске шығып отырды. 1623—1625 жж. Грузияда Иран үстемдігіне қарсы мұраб Г. Саакадзе (1580—1629) басқарған көтеріліс болды. Көтеріліске 20 мыңға жуық адам қатысты. 1624 ж. Марабада маңындағы шайқаста шах əскерлерінен жеңілген соң көтерілісшілер партизандық соғысқа көшті. Сефевилік əскер көтерілісті əрең деген-де басты. Саакадзе Түркияға қашып барып, сонда қайтыс болды.
62. Османдық Түркияның мәмлүктік Египетті бағындыру жолындағы әрекеттеріне сипаттама беріңіз
Түріктер ХVІ ғасырда көптеген араб елдерін басып алды. Ең алдымен /1516—1517 жж./ сұлтан І Сəлимнің кезінде бостандығынан құрамында Ливан мен Палестина бар Сирия жəне Египет айырылды. Түрік үстемдігіне дейін онда мамлюктердің əскери-феодалдық кастасы билік құрды, оны мамлюк сұлтаны басқаратын. Мамлюктер астанасы Каир болды. 1515—1517 жылдары түрік сұлтаны І Сəлимнің əскері Сирия мен Египетті басып алды. Түрік армиясы оқ-дəрімен атылатын қару-жарақпен қаруланған еді. Мамлюктер қылыш, найза, садақпен ғана қаруланған болатын. Түрік зеңбіректерінің гүрсіліне шыдай алмай, кейін қарай жосылған мамлюктердің сұлтаны аттан құлап өлді. Түріктер Сирияның астанасына жақындай бергенде жергілікті халық мамлюктерге қарсы көтеріліске шықты. Түрік сұлтаны І –338339Сəлим Дамаскке салтанатты түрде келіп кірді. Ал Палестина қала-лары түріктерге қарсылықсыз-ақ беріліп отырды. Тек Египетте мам-люктер түріктерге айтарлықтай қарсыласып бақты. Кансу Гураның орнын басқан мамлюктердің жаңа басшысы Тұманбей əскери бекініс тұрғызуға бұйрық берді. Ол Венециядан 80 зеңбірек сатып алып, Каирдың шет жағасына орналастырды. Бірақ зеңбіректерді іске асы-ратын мамандар болмағандықтан пайдалана алмады. 1517 жылдың басында І-Сəлим бастаған түрік армиясы Каирды басып алды. Туман-бейді Египет бедуиндері Сəлимге ұстап берді. Ол Каирде дарға асылды. Египеттен кейін түріктер Хиджазды / Батыс Аравия / басып алды. Мұсылмандар үшін бұл ең «қасиетті ел» болып саналды. Жыл сайын Мекке мен Мəдинаға Шығыстың көптеген елдерінен миллиондаған адамдар қажылыққа барып тұрды. Бұл ел егінді Египеттен алып тұратын. І – Сəлим Египетті жеңгеннен кейін Меккедегі Кааба храмының кілтін алды. Енді ол өз лауазымына «қос қасиетті қаланың қызметкері» деген атақты қосып алды.
63. Кейінгі орта ғасырлардағы Қытайдың әлеуметтік жағдайына талдау жасап, шаруалар көтерілісінің алғышарттарын анықтаңыз
XV ғасырдың басында Қытай экономикасы мен мəдениеті гүлдену кезеңін бастан кешірді. Бірақ осы ғасырдың аяғында елде көтерілістер, бүліктер, қырқыстар орын алды. Бұл феодалдық құрылыстың ыдырай бастауының белгісі еді.Бұрын игерілмеген жердің есебінен егістік көлемі ұлғая түсті. Еңбек құрал-жабдықтары қарапайым күйінде қала берді. Бірақ шаруалардың еңбекқорлығы мен шеберлігінің есебінен еңбек өнімділігі арта түсті. Еңбек құрал-жабдықтарының қара-пайымдылығы жердің құнарлығын сақтауға, соның арқасында түсімін арттыруға жағдай жасады. Қытай шаруалары дəнді дақылдар, бұршақ, шай егіп, жеміс-жидек, май жəне бағалы ағаштар өсірді. Мақта егістігі де кең қанат жая бастады. Тауар ― ақша қатынастары жетіле бастаған XV―XVII ғасырларда шаруалар жер иеліктерінен айырылып, тез кедейлене түсті. Олар өз жерлерін түгел немесе жартылай, ашық немесе жасырын сатуға мəжбүр болды. Мұның басты себебі өсімқорларға қарызданып қалу немесе салықты уақтылы төлей алмау еді.Шаруалардың қарыздануының өсе түсуіне əкімдердің па-рақорлығы мен əртүрлі қулық-сұмдықтары да себеп болды. Жерге жаңа помещиктер, өсімқорлар мен көпестер, ауыл əкімдері ие бола бастады. Феодалдар, олардың ішінде император үйінің мүшелері мүмкін болған жерлердің бəрін басып алып жатты. Бұл жолда олар императорларға жарлықтар да шығартты, күш қолданды, алдап арбады. Тек бос жатқан жерлерді ғана емес, əлсіз жеке меншік иелерінің жерін де, мемлекеттің жерін де өз иеліктеріне айналдыра бастады.Шаруа шаруашылығының кедейлігі оны табиғи апатқа қарсы күресте дəрменсіз етті. Сондықтан егін шықпай қалушылық, ашаршылық жиі болып тұрды. Адамдар өсімдіктердің тамырын, ағаштардың қабығын жеген кездері болып тұратын дейді тарихшылар. Бір шаруаның құлдырауы қалған көрші шаруаларға да зиянын тигізетін. Мұндай қиыншылықтар XV―XVI ғасырларда шаруалар көтерілістерін жиілетті. Бұл көтерілістер, бүліктер мен қырқысулар ауылдық жерде феодалдық қатынастардың ыдырай бастауының белгісі еді. 1625—1627 жылдары Шэньси провинциясында үлкен толқулар болды. 1628 жылы бұл толқулар кең өріс алды. Көтерілісшілер кішігірім қалаларды басып алып, жергілікті үкіметтің кейбір мүшелерін өлтірді, олардың үйлерін тонап, түрмеден тұтқындарды босатты. Тауда жиналып, көтерілісшілер 10 отряд құрды, басшы-ларын сайлады. Шэньсидің оңтүстігінде көтерілісшілер Ханьчжун қаласына жақын келді: осы провинцияның солтүстігі мен баты-сында көтерілісшілер біраз жерлерді басып алып, өз биліктерін орнатты. 1629 жылдың аяғына қарай көтерілісшілер отрядтары Шэньси-Ганьсу провинциясын толығымен өз бақылауында ұстады. 1631 жылы 36 көтерілісшілер отрядтары бірікті. Оның қолбас-шысы Ван Цзыюн болды. Ол кеңес мүшелерімен ақылдасып отыр-ды. Келесі жылдың көктемінде көтерілісшілер Хуанхэ өзенінен өтіп, астанаға қарай жорық бастады. Шаруалар отрядтарының қатары күннен-күнге өсе түсті. Олар провинциялық əскерлерге соққы бере отырып, кішігірім уездік қалаларды басып алды, үстем таптар өкілдерін қырды. Шаруалар отрядтары оқпен атылатын қаруы бар күшті əскермен шайқаста жеңіліске ұшырай бастады. Көптеген бас-шыларынан, оның ішінде Ван Цзюннен де айрылды.1633 жылдың қысында қатары өте қатты сирей бастаған шаруалар отрядтары Хуанхэ өзенінен кері қайтып, оңтүстікке қарай шегінуге мəжбүр болды. Хэнань, Хубей, Сычуан провинцияларының шару-алары көтерілісшілерді қуана қарсы алып, оларды азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырды, олардың қатарына кірді. Янцзы жағасына жеткен соң көтерілісшілер отрядтары қайтадан солтүстікке қарай, Шэньсиге беттеді. Енді отрядтар бөлек əрекет жасады, əр отряд өз еркімен, өз мүмкіндігінше соғысты. Тек бір рет қана қосылып, бірлесуге əрекет жасады. Көтерілісшілер басып алған жерлерде халыққа барлық қарыздарынан, салық төлеуден құтқарамыз деп уəде берді. Бірақ өздері халықтан азық-түлік, қару-жарақ пен киім-кешек үшін қаржы жинап алып отырды. 1636 жылғы маусымда император барлық көтерілісшілерге кешірім жасайтындығы, өз жерлеріне қайтқан шаруаларға, үкімет əскеріне қайтып оралған солдаттарға көмек көрсету жөніндегі жарлығын жариялады. Көтерілісшілер отрядтарының басшыларына офицер атағын бермек болды. Кейбір салықтар мен қарыздар жойылды. Сөйтіп, көтеріліс басылды.
64. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Қытайдағы өнеркәсіп өндірісі дамуының негізгі үрдістерін көрсетіңіз
Еңбектің аумақтық бөлінуіне байланысты жеке қалалар, аудан-дар мен облыстар тауардың белгілі бір түріне ғана мамандана ба-стады. Мысалы: Ханьчжоу мен Сучжоу жібек маталар шығарып тұрса, солтүстіктегі қалалар жүн матасын тоқуға маманданды. Аньхуде тушь жасалды. Цзянси фарфор мен қағаз жасау орталығы болды. Шаньси – пышақ, ал Фуцзянь-лак шығару орталықтары бол-ды. Жекеменшік мануфактураларға қарсы үлкен қазыналық ману-фактуралар тұрды. Қазыналық мануфактуралар негізінен фарфор, қару-жарақ жəне жібек тоқу өндірісінде болды. Сауда да өз даму-ында айтарлықтай табысқа жетті. Көпестердің кемелері мен түйе керуендері тауарларды ауыл-ауылға таратып сатты. Елдің түкпір-түкпірінен шығарылған тауарларды қабылдайтын 33 ресми ірі жəрмеңкелік пункт болды. Пекин, Ханькоу, Ханьчжоу, Яньчжоу сияқты қалаларда қандай тауар іздесең де табатынсың. Нанкинде бүкіл бір флот сыйып кететін кемелер тұрағы /причал/ салынды.1408 жылы Чжэн Хэ тағы да Цейлон жаққа аттанды. Цейлонның патшасы мен басқа да басшылары тұтқындалып, Қытайға тəуелділігін мойындап, 1457 жылға дейін салық төлеп тұрды. Чжэн Хэ оңтүстік теңізі елдеріне: Малаккаға, Бенгалияға, Персид шығанағы мен Оңтүстік Аравияға, Шығыс Африкаға жеті əскери жорық жасады. Жиырмаға жуық патшалық өзінің Қытайға тəуелділігін мойында-ды. Олар өз порттары мен рыноктарын Қытай көпестері үшін ашты. Олардың қалаларында Қытай колониялары пайда бола бастады.Ұшан-теңіз сауда байланыстарының, қолөнері мен ману-фактуралық өндірістің, ақша қатынасының дамуы қалалардың көбейіп, байи түсуіне əкелді. Қолөнершілер мен шəкірттер, ұсақ саудагерлер мен мануфактура жұмысшылары жалдамалы жұ-мысшылардың ең алғашқы тобы болды. Осылардың арасынан болашақ пролетариат шықты. Əлеуметтік полюстің екінші жағын қала байлары құрады. Оның құрамына бай көпестер мен қатар өсімқорлар, мануфактура иелері, ірі шеберлер мен цех старшинала-ры, ғұлама ұстаздар кірді. Бұл құрам болашақ буржуазияның негізін қалады.Өнеркəсіптің дамуы, мануфактураның құрылуы, техникалық жетістіктер, сондай-ақ алыс елдерге жүзу арқасында дамыған сыртқы жəне ішкі сауданың нығаюы — осының бəрі Қытай жұртшылығының ғылым-білімге құштарлығын арт-тырып, мəдениет пен өнердің дамуына ықпал етті. Сонымен қатар Қытайда ескі білім беру жүйесі, ресми чжусиандық идеология, ортағасырлық мистика мен схоластика үстемдік құрып қала берді.
65. Осман түріктерінің Балканды жаулап алу жолындағы соғыстарына талдау жасаңыз
 1806-1812 жылдардағыорыс-түріксоғысыБалқанхалықтарыныңұлт-азаттықкүрестерініңдамуынаүлкенәсерінтигізді. НаполеонныңРесейгежасағанжорығынпайдаланғанОсманимпериясысербтергеберілетінавтономиялыққұқықкепілдігінсақтамай, Бухарест бітімінбұзып, азаттықкүресінеқатысушылардыаяусызжазалады. Бірақ 1815 жылыСербиядажаңакөтерілісбұрқететүсті . Түрікөкіметісербтердіңішкіавтономиялығынтаниотырып , оларменкелісімгекелугемәжбүрболды.1821 жылыГрекиядакөтерілісбасталды. ОныңқарқыныменкүшіОсманимпериясыныңжоғарыбилеушілерінабыржытты. Түріксұлтаны II Махмұд«кәпірлергеқарсықасиеттісоғыс»жариялады. Елдіңбарлықжеріндегректердіңқырып-жоюбасталды, астанада 10 мыңнанастамгректерөлтірілді, соныңішіндегрек патриархыдаболды. Алайдамұндайқатыгезшаралардакөтерілістітоқтатаалмады. Гректердіңөтерілісінөзкүшіменбасуғасұлтан II Махмұттыңжағдайыкелмегендіктен ,олЕгипетпатшасыМұхаммедӘлиденкөмексұрады. ЕуропалықүлгіменқұрылғанәскерінберугекеліскенМұхаммедӘлиСербияменКритаралдарынөзінеберудіталапетті. 1824 жылыгреккөтерілісін  басу үшін түріктерЕгипеттіңәскеріменфлотынқолданды. ГреккөтерілісшілерінеқарағандақаруыменәскерініңсаныкөпЕгипетәскері 1827 жылыкөтерілістіңнегізгіошақтарынбасты. ГрекпатриоттарыныңтәуелсіздікүшінкүресіЕуропаныңалдыңғықатарлыжұртшылығыныңынтымақтастығыноятты. Грекияғаегипет-түрік шабуылыныңеңауыркезеңіндебасқаелдерденькөптегенеріктілеркелді. Дегенмен, Ресей үкіметіменеуропалықдержаваларөздерініңсыртқысаясаттағыжоспарын іскеасыруүшінгреккөтерілісінпайдаланып  қалуғатырысты. 1826 жылыжелтоқсандықтардыжазалаукезіндежоғалтқанбеделінорысқоғаыныңалдындақалпынакелтіругеұмтылған  I Николай Грекияғатолықавтономияберілуінталапетті. РесейОсманимпериясыменсоғысуғаашықтанашық дайындалабастады.Ресейдіңжеке-дара күресжүргізуінеАнглияжолбермеді. 1826 жылыағылшын–орысхаттамасынақолқойылды, бұғанФранцияқосылды. Бұлдержаваларсұлтаннангректергебағытталғанәскериқимылдардытоқтатудыжәнеоғанавтономияберілуінталапетті. Грек мәселесіндееуропалықдержавалардыңәрқайсысыныңөзіндікжоспарларыбарекенінжақсытүсінген II Махмұт, олардыңөзарақайшылықтарынпайдалануғатырысып, ультиматумдықабылдамады. 1827 жылыМұхаммедӘлидіңәскерікөтерілісшілердіңсоңғытірегі-Афиныныалды. ҚазанайындаНаварияқойнауындаЕуропаелдерініңфлотыегипет-түрікфлотынталқандады. ЕгипетпатшасыныңәскріГрекиянытастап, Елінеқайтуғамәжбүрболды. НавариядағыжеңісРесейдіңоданәрішапқыншылық жасауынақолайлыжағдайтуғызып , 1828 жылдыңкөктеміндеРесейОсманимпериясынасоғысжариялады. 1828-29 жылғыорыс-түріксоғысындаОсманәскерітолықжеңілді. 1829 жылықыркүйекайындаАндрианопольбітімінеқолқойылып, олбойыншагрузинжәнеармяноблыстарыРесейгеқосылды. Түркияғаконтрибуциясалынды. Шарттыңеңмаңыздысы-СербияменГрекияғаавтономияберілді. 1830 жылыГрекиятәуелсізкорольдікболыпжарияланды.

Приложенные файлы

  • docx 14989335
    Размер файла: 160 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий