Силлабус САЯСАТТАНУ каз. 2015


І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015
3 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ Оқу-әдістемелік кешені Ф.4.09-26
27.05.2015 ж.
Заң факультеті
Философия және саясаттану кафедрасы

БЕКІТЕМІН
Ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік
және студенттік сұрақтар бойынша
проректор, п.ғ.д., профессор
____________ М.Ж. Мальтекбасов
«_____» ______________2015 ж.

Саясаттану пәнінің
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мамандықтар: барлық мамандықтар үшін
Оқу формасы: күндізгі, сырттай ( ҚОТ)

Талдықорған 2015 ж.
Оқу-әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС негізінде университеттің барлық мамандықтарына әлеуметтану магистрі В.Т.Еңсеева кұрастырған.
_____________________
(оқытушының қолы)
Философия және саясаттану кафедрасының отырысында қарастырылды.
«»2015 ж. №хаттама
Кафедра меңгерушісіКалханова А.Н.
«_____»__________ 2015 ж. № ______хаттама
Заң факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.
Әдістемелік бюроның төрайымы __________ Жүніспаева А.Б.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015
3 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ Оқу-жұмыс бағдарламасы Ф.4.09-27
27.05.2015 ж.
Заң факультеті
Философия және саясаттану кафедрасы

БЕКІТЕМІН
Ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік
және студенттік сұрақтар бойынша
проректор, п.ғ.д., профессор
____________ М.Ж. Мальтекбасов
«_____» ______________2015 ж.

Саясаттану пәнінің
ОҚУ - ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

2 кредит
Мамандықтар: барлық мамандықтар үшін
Оқу формасы: күндізгі, сырттай (ҚОТ)

Талдықорған 2015 ж.
Оқу-жұмыс бағдарламасы типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС негізінде университеттің барлық мамандықтарына әлеуметтану магистрі В.Т.Еңсеева кұрастырған.
___________________
(оқытушының қолы)
Философия және саясаттану кафедрасының отырысында қарастырылды.
«»2015 ж. №хаттама
Кафедра меңгерушісіКалханова А.Н.

«_____»__________ 2015 ж. № ______хаттама
Заң факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.
Әдістемелік бюроның төрайымы __________ Жүніспаева А.Б.
Оқытушының аты-жөні:
Еңсеева Венера Тұрсынақынқызы, философия және саясаттану кафедрасының аға оқытушысы (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң түлегі, 2005 жылы әлеуметтану магистрі дәрежесін алған, ғылымда айналысатын салалары: «қоғамның әлеуметтік құрылымы», «саясат субъектілері», «дін социологиясы» және т.б.)
Байланыс телефоны: 221667(1150)
Пәні: Саясаттану
Уақыты: Бекітілген сабақ кестесі бойынша жүргізіледі.
Несиелері: 2 (15 сағат дәріс, 15 сағат семинар сабақтар, 30 сағат СӨЖ) - 1,2 семестр
Пәннің пререквезиттері: Мектептегі қоғамдық пәндерді игеру
Пәннің постреквизиттері: Әлеуметтану, мемлекет және құқық негіздері.
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Саясаттанудың негізгі бөлімдері: саяси институттар, саяси мәдениет, саяси элита, геосаясат, саяси билік, саяси дағдарыс, модернизация, саяси режимдер туралы мағлұмат алу, Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің ерекшелігін, саясаттың қоғамдық өмірдегі маңызын, гуманитарлық ғылымдардың мемлекет азаматын қалыптастырудағы орнын және тұлғаның қоғамдағы саяси рөлінің қажеттілігін түсіндіру, саясат теориясын, саяси ғылым мәселелерін, саясаттанудың қолданбалы әдістерін меңгереді.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік стандарт ретінде қабылдауы бойынша, бұл курстың негізгі мазмұны – саясаттану ғылымына негізделген біршама міндеттелген білім.
Саяси қатынастарды дамыту үшін қазіргі әлемдік саяси идеологияға берілген курсты оқыту барысындағы мақсаттар мен міндеттер:
Саясаттану курсының негізгі мақсаты студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын ұялату, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету. Саяси ғылым, саясат, саяси билік, мемлекет, элита, саяи мәдениет және идеология сияқты толық түсініктерді қалыптастыру және оның механизмдерін түсіндіру
Саясаттану пәнін оқып білу студенттердің саяси дүниетанымы мен саяси мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, олардың Қазақстан Республикасы алдында тұрған міндеттерді шешуге белсенді қатысуына септігін тигізеді.
Курстың міндеттері студенттерді Қазақстандағы және одан тыс жерлерде жүріп жатқан саяси процесстерді ұғынуға және еркін бағдарлай алу ептілігіне тәрбиелеу.
Категориялық аппаратты игеру;
Саясат, сяасат әлемі ұгымдарын, саяси ғылымды игеру;
Биліктің мәнін, оның саяси процесске ықпалын түсіну;
Саяси билікті ұйымдастыру механизмін түсіну;
Саяси жүйе теорияларына талдау жасау;
Биліктің ресурстары мен қайнар көздерін анықтау;
Саяси мәдениет пен идеологияның негізгі теорияларына талдау жасау.
Пән оқытылып болғаннан кейін студенттер алатын білім мен дағдылар.
Бұл пәнді оқу барысында білімгерлер саяси ғылымның негізгі түсініктерімен танысады және кәзіргі саяси жағдайға дұрыс баға беріп,саяси процесске теориялық білімдердерін пайдалана отыра қатысады.
- пән толық аяқталғаннан кейін студенттер саясат дегеніміз не, оны жүргізетін кімдер, саясат қандай заңдылықтармен жүргізіледі, саяси институттар мен ұйымдардың ролі мен маңызы, қоғамдық өзгерістер, олардың жіктелуі туралы мәліметтерді толық меңгеріп шығады;
- саяси өмірдің күрделі проблемаларымен кезігіп, оларға төтеп беруге, өз әрекетіңізді жоспарлап, дұрыс шешімдер қабылдауға үйренесіздер;
саясаттың мәні, мүмкіндіктерін, шекараларын, келешегін және негізгі түрлерін түсінеді;
саяси биліктің мәнін, жүйесін, көздері мен функцияларын ұғым қалыптастырады;саяси процестердің мәнін және саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың олардағы рөлін, соның ішінде Қазақстан Республикасындағы саяси процестерді түсінеді;
жоғары оқу курсына саясаттанудың енуі жалпы саяси, эмпирикалық бағыттар негізінде қоғамдық және саяси-әлеуметтік оқиғаларды зерттеуді қалыптастырады, соның нәтижесінде студенттердің саяси мінез-құлқын және мәдениетін жетілдіреді. студенттерге әлемдік саясат туралы бағыт бағдар алады;
-қазақстандағы саяси өмірді зерттеуге және ол туралы пікір айта білуге үйренеді;
Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің ерекшелігін, саясаттың қоғамдық өмірдегі маңызын, гуманитарлық ғылымдардың мемлекет азаматын қалыптастырудағы орнын және тұлғаның қоғамдағы саяси рөлінің қажеттілігін білетін болады.
Саясат теориясын, саяси ғылым мәселелерін, саясаттанудың қолданбалы әдістерін меңгере отырып, саяси оқиға туралы өзіндік пікір қалыптастыруға үйренеді.
Саясатқа, қоғамдық дамуға және халықаралық қатынастарға болжам жасауға байланысты көзқарас қалыптастырып, оны дәлелдеп, саяси жүйелерге салыстырмалы сараптама жасауға және зерттеулер мен бақылау жасауға тәжірибелік дағды қалыптастырады.
Кез-келген маманның азамат ретінде мемлекеттің саяси жүйесін, оның шешім қабылдау ерекшеліктерін, билік тармақтары мен халықтың қарым қатынасының әр түрлілігін білуі шарт, сондықтан саясат түсінігін, оның механизмдерін, ерекшеліктерін, түрлерін білу маңызды. Саясаттану пәні студенттердің азамат ретінде қоғамдық-саяси процестерге талдау жасауға, баға беруде, олардың ең бастысы, саяси мәдениетін қалыптасуына бағытталған.
Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
Ағымдық бақылау 7 7 Әрбір бағалауға 100 баллдан Апта сайын (бірінші аптадан басқа)
СӨЖ 2 2 Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан 4,7,11,14 апталарда
Аралық бақылау 1 1 Әр аралық бақылауға 100 баллдан 8 және 15 аптада
Кіру рұқсатының рейтенгісі 1 R1 100 8 апта
Кіру рұқсатының рейтенгісінің R2 100 15 апта
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі R= (R1 + R2)/2 100 15 апта
Емтихан Е 100 16-19 апта
Қорытынды баға І = R*0.6+E*0.4 100 Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
Әріппен белгіленген баға Бағаның цифрлік эквиваленті Пайыздық мөлшері Дәстүрлі түрде бағалау
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94 B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84 B- 2.67 75-79 C+ 2.33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2.0 65-69 C- 1.67 60-64 D+ 1.33 55-59 D 1 50-54 F 0 0-49 Қанағаттанарлықсыз
Баға қоюдын критерилері
Бақылау түрі Максимальдық баға Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі
Ағымдық бақылау:
қатысу: 1 сағ.-5 балл
практикалық сабақтың орындалуы
дәріс сабағындағы белсеңділігі
ОСӨЖ тапсырмаларын орындау 100
10
30
20
40 Әр аптада
СӨЖ 1*
Тапсырма 1
Тапсырма 2
Тапсырма 3
Тапсырма 4 100
25
25
25
25 СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 2
Тапсырма 1
Тапсырма 2
Тапсырма 3 100
35
35
30 СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 3
Тапсырма 1
Тапсырма 2
Тапсырма 3 100
30
35
35 СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 4
Тапсырма 1
Тапсырма 2
Тапсырма 3
Тапсырма 4 100
20
20
20
40 СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
Аралық бақылау
1: Тест сұрақтарына жауап берү 100 8апта
Аралық бақылау 2: коллоквиум
Сұрақ 1- баға 1
Сұрақ 2- баға 2
Сұрақ 3- баға 3
Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 100
30
30
40 15 апта
*СӨЖ мазмұны силлабустағы СӨЖге арналған кестеде көрсетілген
Дәріс сабақтарының тақырыптық-күнтізбелік жоспары
№ Мазмұны Сағат саны Апта
1 Модуль «Саясат – қоғамдық құбылыс ретінде»
1 1 Дәріс. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде 1 1 апта
1 Тәжірибелік сағат. Саясат табиғаты. Саясаттанудың негізгі парадигмалары 1 1 ОСӨЖ . Саясаттанудың басқа да қоғамдық ғылымдармен арақатынасы. 2. Саясаттанудың қызметі. 1 2 2. Дәріс. Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері 1 2 апта
2. Тәжірибелік сағат. Саяси ілімдер тарихы 1 2. ОСӨЖ. 1. XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары. 2. Қазіргі заманғы Қазақстандағы саяси ой. 1 3 3. Дәріс. Қоғамдық өмір құрылымындағы саясат 1 3 апта
3. Тәжірибелік сағат. Саясаттың негізгі түрлері 1 3. Қоғамды модернизациялау кезеңіндегі егеменді Қазақстан Республикасының саясаты. 1 4 4. Дәріс. Билік – саяси феномен ретінде 1 4 апта
4. Тәжірибелік сағат. Басқарудағы билік формалары 1 4. ОСӨЖ. Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік 1 1 СӨЖ
1. Дәстүрлі қоғам, өтпелі қоғам, қазіргі заманғы қоғам. Қазіргі заманға өтудің алғышарттары.
2. ҚР Конституциясындағы «Қазақстан Республикасындағы билік бөлінісі мен тепе-теңдік және тежемелік жүйе»
(СӨЖ тапсырмасының ТКЖ қараңыз) 2 Модуль «Адам еркіндігі және құқық»
5 5. Дәріс. Саясат субъектілері 1 5 апта
5. Тәжірибелік сағат. Саяси лидерлік. Саяси элита 1 5. ОСӨЖ. Қазақстанның әлеуметтік-саяси құрылымы 1 6 6. Дәріс. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер 1 6 апта
6. Тәжірибелік сағат. Демократия теориялары 1 6. ОСӨЖ. Қазақстандағы саяси режим, оның эволюциясы 1 7 7. Дәріс. Сайлаулар мен сайлау жүйелері 1 7 апта
7. Тәжірибелік сағат. Сайлау құқығы және қағидалары 1 7. ОСӨЖ. Қазақстан Республикасындағы сайлау және сайлау жүйелері 1 2 СӨЖ
1. Саяси лидердің немесе саяси элитаның кейпі
2. Саяси режимдерді салыстыру
3. В. Парето, Г. Моска және Р. Миллстың элита теорияларының негізгі қағидалары. ҚР саяси элитаның түрі
(СӨЖ тапсырмасының ТКЖ қараңыз) 3 Модуль. «Саясат институттары»
8 8. Дәріс. Мемлекет және азаматтық қоғам 1 8 апта
8. Тәжірибелік сағат. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам 1 8. ОСӨЖ. Қазақстанда азаматтық қоғам мен мемлекеттің қарым-қатынас формалары 1 1 Аралық бақылау (коллоквиум) 1 9 9. Дәріс. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық- саяси қозғалыстар мен ұйымдар 1 9 апта
9. Тәжірибелік сағат. Партиялық жүйелер, олардың жіктелуі 1 9. ОСӨЖ. Қазақстан Республикасындағы көппартиялық: мәселелер мен даму үрдістері 1 10 10. Дәріс. Саяси даму мен модернизация 1 10 апта
10. Тәжірибелік сағат. Модернизацияның әлеуметтік факторлары 1 10. ОСӨЖ. Қазақстан Республиасындағы саяси модернизация 1 11 11. Дәріс. Саясаттағы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар 1 11 апта
11. Тәжірибелік сабақ. Саяси конфликтілердің жіктелуі және қызметі 1 11. ОСӨЖ. Қазақстанда саяси конфликтілердің алдын-алу амалдары мен жолдары 1 3 СӨЖ
1. Мүдделі топтар мен саяси партиялар
2. Қазақстан Республикасының посткеңестік кеңістіктегі жанжалдарды реттеу бойынша сыртқы саяси қызметінің негізгі бағыттарын ашу
3. У. Растоу және С. Хантингтонның модернизация концепцияларының ерекшеліктері. Қазақстандағы модернизация түрі
4. Унитарлы және федеративті мемлекеттердің конституциялық белгілері. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері
(СӨЖ тапсырмасының ТКЖ қараңыз) 4 Модуль «Әлемдік саясат және жаһандану»
12 12. Дәріс. Саяси мәдениет пен саяси идеология 1 12 апта
12. Тәжірибелік сабақ. Саяси мәдениет теориялары 1 12. ОСӨЖ. Қазіргі заманның негізгі саяси идеологиялары 1 13. Дәріс. Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар 1 13 апта
13. Тәжірибелік сабақ. Сыртқы саясаттың әдістері. Саясат пен дипломатия 1 13. ОСӨЖ. Әлемдік саяси процесстегі халықаралық ұйымдар 1 14 14. Дәріс. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. ҚР сыртқы саясатының негізгі басымдықтары 1 14 апта
14. Тәжірибелік сабақ. Республиканың әскери доктринасы. Сыртқы саясаттың бейбіт бағыты 1 14. ОСӨЖ. Болашақтағы Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттары 1 4 СӨЖ
1. «Лоббизм және жемқорлық: екі құбылыстың шегі қай жерде өтеді»?
2. «Егер де мен президент болсам» ҚР Президенттігіне кандидаттың сайлау алды сөзін әзірлеу
3. ҚР 2007 ж. конституциялық реформаның негізгі қағидалары және жүзеге асырылуы
(СӨЖ тапсырмасының ТКЖ қараңыз) 15 15. Дәріс. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы 1 15 апта
15. Тәжірибелік сабақ. Стратегия 2050 – ҚР жаңа саяси бағыты 1 15. ОСӨЖ. ҚР Мемлекеттік жастар саясаты, оны жүзеге асырудың ерекшеліктері 1 2 Аралық бақылау (Коллоквиум)2 Емтихан 1 Барлығы: дәріс:15
Тәжірибелік сабақ: 15
СӨЖ (сонымен бірге ОСӨЖ) 60 Студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік ұсыныстар
Қазіргі заманғы ақпараттық-технологиялық жеделдеуде жоғарғы оқу орындарында оқыту әдістемесін тиімді жетілдіріп, оны дамытып отыру қажет. Осы мақсатта студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыра білуі, оларды өзіндік бақылауға бейімдеу өте маңызды орын алады.
Пән бойынша ұсынылған тақырыптарды оқып үйренуде жеке шығармашылық ізденістің алатын орны зор.
Студенттердің өзіндік жұмысы силлабустағы бөлімдермен тығыз байланыста ұйымдастырылады.
СӨЖ-дің негізгі мақсаты:
1. Студенттерді өзіндік бақылауға бейімдеу.
2. Оқу материалдарын игеруде студенттердің ізденіс пен шығармашылық белсенділігін дамыту.
Саясаттану пәні студенттерге билік, азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет, саясат, саяси жүйе түрлері, саяси режимдер, саяси мәдениет, қазіргі қоғамның саяси институттары мен қоғамдық даму мәселелерін аудиториядағы дәріс сабақтарымен қатар жеке ізденіс жұмыстары арқылы терең оқып үйренуге көмектеседі. Студенттер кең көлемде білім ғана емес, сонымен бірге ғылыми талдау әдістерін үйреніп, қоғам мен мемлекеттің болашақтағы саяси дамуын болжай алатын, қазіргі саяси құбылыстарға саяси талдау, зерттеу жасай алуы керек. СӨЖ оқу орнының кітапхана қоры мен компьютерлік класын оқу материалын игеру барысында қолдануды қажет етеді. Студенттердің әр сабаққа міндетті түрде дайындалу, сонымен қатар берілген материалды оқып игеру, тапсырмаларды уақытында орындау қажет. Мұндай жүйелі дайындық экспресс-сұраулар, тест алу және тағы басқа әдістер арқылы оқытушының ескертуінсіз сіздерді тексеріп отыруын көздейді. Түгел тапсырмалар уақытында тапсырылуы тиіс. Кешігіп тапсырылған жұмыстар төмен бағаланады СӨЖ оқытудың әр түрлі формалары арқылы жүзеге асады: жазбаша жұмыстары (реферат, баяндама, бақылау, эссе, коллоквиум, конспект), сұрақтарға жауап беру, таблица, сызбалармен жұмыс жасау.
СӨЖ тапсырмасының тақырыптық-күнтізбелік жоспары
№ СӨЖ Тапсырманың мазмұны Сағат саны Тапсыру мерзімі Бақылау формасы
1 1. Дәстүрлі қоғам, өтпелі қоғам, қазіргі заманғы қоғам. Қазіргі заманға өтудің алғышарттарын көрсетіңіз 4 апта сипаттау
2. ҚР Конституциясындағы «Қазақстан Республикасындағы билік бөлінісі мен тепе-теңдік және тежемелік жүйесіне» талдау
2 1. «Саяси лидердің немесе саяси элитаның кейпі» тақырыбына 7 апта эссе жазу
2. Берілген критериялар бойынша «Саяси режимдерді салыстыру» тақырыбына аналитикалық кесте құру
3. В. Парето, Г. Моска және Р. Миллстың элита теорияларының негізгі қағидаларын салыстырыңыз. ҚР саяси элитаның түрін сыни бағалау
3 1. «Мүдделі топтар мен саяси партияларды ауыстыра алады ма?» тақырыбына 11 апта эссе жазу
2. Қазақстан Республикасының посткеңестік кеңістіктегі жанжалдарды реттеу бойынша сыртқы саяси қызметінің негізгі бағыттарын ашу талдау жасау
3. У. Растоу және С. Хантингтонның модернизация концепцияларының ерекшеліктері. Қазақстандағы модернизация түрін анықтаңыз сипаттау
4. Унитарлы және федеративті мемлекеттердің конституциялық белгілері. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетіңіз талдау жасау
4 1. «Лоббизм және жемқорлық: екі құбылыстың шегі қай жерде өтеді»? тақырыбына 14 апта презентация дайындау
2. «Егер де мен президент болсам» ҚР Президенттігіне кандидаттың сайлау алды сөзін әзірлеу баяндама
3. ҚР 2007 ж. конституциялық реформаның негізгі қағидалары және жүзеге асырылуы талдау жасау
СӨЖ сағатының барлық саны 45 Тәжірибелік сабақтарға арналған тапсырмалар
1. Саясаттану ғылым ретінде. Саясат түсінігі.
Д.Жамбылов. Саясаттану оқулығын пайдалана отырып келесі сұрақтарды қарастырыңыз. Саясат ұғымы және саясаттың пайда болу себептері. Саяси нақтылық - саясаттанудың зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасы саяси шындық ретінде. Саяси зерттеудің ғылыми әдісі мен әдістемесі, ұғымдарының қатынасы.
1. Саясаттың мәні, мағынасы
2. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы
3. Саясаттану курсының кұрылымы мен міндеті.
2. Саяси ілімдер тарихы
Е.С. Қуандық. «Саясаттану негіздері» оқулығын пайдалана отырып келесі сұрақтарды қарастыру. Саяси ойлар туралы анықтамалар, саяси көзқарастардың тарихы. Саяси ой тарихы - саяси ғылымның құрамдас бөлігі. Ежелгі дүниедегі саяси ойдың қалыптасуы. Орта ғасырлардағы араб-исламдық және батыс-еуропалық идеялар. Саяси теориялар мен доктриналардың Қайта өрлеу кезеңінен бастап ХХ ғасырға дейін қалыптасуы. Қазақ халқының мұрасындағы саяси ойлар. Еуразиялық идеялар.
1. Антикалық саяси ой
2. Орта ғасыр заманындағы саяси ой
3. Жаңа замандағы саяси ой
3. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат
Д. Жамбылов. Саясаттану оқулығын пайдалана отырып келесі сұрақтарды қарастырыңыз. Саясат – қоғамдық құбылыс ретінде, оның табиғаты, мүмкіндіктері, шептері мен келешегі. Адам қызметінің маңызды саласы ретінде саясатқа деген талаптар. Адам – саясаттың жоғары мақсаты. Саясаттың гуманитарлық мәні, демократиялық мазмұны мен адамгершілік сипаты.
1. Саясаттың тарихи типтері.
2. Саясаттың негізгі түрлері: ішкі, сыртқы, олардың өзара байланысы. Ғылыми-техникалық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, мәдени, діни, экологиялық, әскери саясаттың мәні және мазмұны.
3. Саясаттың әлеуметтік негіздері.

4. Билік – саяси феномен ретінде
Билікті әлеуметтік феномен ретінде карастырады. Білімгерлерге саяси билік, мемлекеттік билік туралы түсініктеме береді. Е.С. Қуандық. «Саясаттану негіздері» оқулығын пайдалана отырып келесі сұрақтарды қарастыру. Биліктің заңдылығы және легитимдігі. Билік түрлерінің эволюциясы. Билік ұғымы. Билік құбылысы, генезисі, мәні. Қоғам және билік. Билік қатынастарының субъективті-объективті астарлары. Билікті персонификациялау және фетишизациялау. Билік саяси режимдерде. Қазіргі әлемдік дамудағы биліктің орны.
Саясат элементтері.
Саясаттың қызметі, ішкі және сыртқы саясат
Биліктін қызметтері мен жіктелуі.
Биліктін легитимдігі.
Басқарудағы билік формалары: монархия мен республика, олардың нұсқалары, мемлекеттік құрылым: унитарлық, федерация, конфедерация.
5. Саясат субъектілері
Д. Жамбылов. Саясаттану оқулығын пайдалана отырып келесі сұрақтарды қарастырыңыз. Саясат субъектілері. Билік жүйесіндегі олардың орны, рөлі, белгілері және әлеуеті. Саясат субъектілері ретіндегі әлеуметтік қауымдастықтар. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік стратификация. Саясат субъектілері ретіндегі этникалық топтар.
1. Саяси субъектілік түсінігі және саясат субъектісі ретінде тұлғаның қалыптасу шарттары. Тұлғаның саяси мүдделерін жүзеге асырудың материалдық, әлеуметтік-мәдени және саяси-құқықтық алғышарттары.
2. Тұлға мен қоғамның саяси мүдделерінің арақатынасы. Адам құқықтары мен еркіндігі. Оларды қамтамасыз етудің кепілдігі мен механизмдері. Азаматтың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудың шарттары. Адамның саяси шеттелу мәселесін шешу.
3. Саяси элита ұғымы және саяси лидерлік
4. Бюрократизм – саяси феномен ретінде
Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер
Рахымбаева А С Саясаттану: Дәрістер жиынтығы оқулығын пайдалана отырып келесі мәселелерді қарастыру. Саяси жүйе түсінігі, құрылымы мен элементтері. Қазіргі заманғы саяси жүйелер, оларды салыстыру. Саяси тұрақтылық пен саяси тәуекелділік. Саяси тұрақтылыққа баға беру, тәуекелділіктің алдын алу. Оқұлықты, сөздікті пайдаланып келесі ұғымдарға пайымдау беру: саяси жүйе, саяси режим, саяси жүйенің қызметтері.
1. Саяси жүйе ұғымы, құрылымы
2, Дәстүрлі және қазіргі саяси жүйелер
3. Саяси режимнің түрлері
4. Демократия және оның әралуандығы. Демократияның қазіргі формалары. Полиархия. Қауымдастық демократия. Делегативті демократия.
7. Сайлаулар мен сайлау жүйелері
Е.С. Қуандық. «Саясаттану негіздері» оқулығын пайдалана отырып келесі сұрақтарды қарастыру. Сайлау – саяси институт ретінде. Сайлаудың қызметтері және жіктелуі. Тақырыпқа қатысты терминдерге глоссарий жазу.
1. Қазіргі сайлау жүйелері: мажоритарлы, пропорционалды және аралас.
2. Сайлау құқығы және қағидалары. Сайлау үрдісі және сайлау науқаны.
3. Сайлау технологиялары және оның түрлері
8. Мемлекет және азаматтық қоғам
Е.С. Қуандық. «Саясаттану негіздері» оқулығын пайдалана отырып келесі сұрақтарды қарастыру. Мемлекет: ұғым тарихы және оны зерттеу әдістері, белгілері мен түрлері. «Билікті бөлудегі» заң шығарушы, атқарушы және сот жүйелері. Құқықтық мемлекет: қалыптасуы, қазіргі жағдайы. Оның құндылықтары мен негізгі принциптері. Азаматтық қоғамның қызмет етуі және өзіндік дамуының шарты. Тұлғаның әлеуметтік, интеллектуалдық, психологиялық дамуының жоғарғы деңгейі. Оқулықты, сөздікті пайдаланып келесі ұғымдарға пайымдау беру: мемлекет, мемлекеттің белгілері, мемлекет нысандары.
1. Мемлекеттің шығуы және оның мәні
2. Қазіргі мемлекет және оның ерекшелікті белгілері
3. Азаматтық қоғам ұғымы
4. Құқықтық мемлекет ұғымы және оның ерекше белгілері
9. Саяси партиялар мен партиялық жұйелер, қоғамдық саяси қозғалыстар мен ұйымдар
Е.С. Қуандық.- Саясаттану негіздері оқулығын пайдалана отырып келесі мәселелерді қарастыру. Партия туралы түсінік. Партиялардың пайда болуы және дамуы. Оның түрлері, қызметі мен жүйесі. Қазақстандағы саяси плюрализм. Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың қалыптасуы. Саяси блоктар. Сайлау жүйесі. Оқұлықты, сөздікті пайдаланып келесі ұғымдарға пайымдау беру: саяси партия, саяси клубтар, партиялық саяси жүйе.
1. Саяси партиялардың пайда болуы
2. Саяси партиялардың жіктелуі
3. Партиялық жүйелер ұғымы
4. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар
10. Саяси даму мен модернизация
Д. Жамбылов. Саясаттану, оқулығын пайдалана отырып келесі сұрақтарды қарастырыңыз. Модернизация түсінігі. Саяси модернизация теориясының негізгі бағыттары, олардың эволюциясы және саяси тәжірибемен байланысы.
1.Саяси модернизацияның мақсаты және критериялары, оның негізгі ерекшеліктері.
2. Модернизацияның әлеуметтік формалары. Саяси модернизацияда құндылық жүйелерінің рөлі мен маңызы. Модернизаторлық элита, оның түрлері.
3. Модернизациялық процестегі дәстүр рөлі.
4. Өтпелі саяси тәртіптің легитимділігі мен тиімділігін көтеру фактроы ретінде саяси даму дағдарысы.
11. Саясаттағы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар
Рахымбаева А С Саясаттану: Дәрістер жиынтығы оқулығын пайдалана отырып келесі мәселелерді қарастыру. Конфликттер мен дағдарыстар әлеуметтік құбылыс ретінде. Саяси даулар, этносаяси конфликттер. Өтпелі қоғамдағы саяси мәмілелікке жетудің тетіктері мен жолдары. Ұлтаралық мәселелерді шешудің халықаралық тәжірибесін талдау. Оқулықты, сөздікті пайдаланып келесі тақырыпқа қатысты түсініктерге глоссарий жазу: саяси конфликттер, дағдарыстар, саяси процеске қатысу түрлері.
1. Саяси шиеленістің түрлері
2. Саяси конфликтінің мәні және мағынасы
3. Саяси конфликттерді басқару
4. Шиеленістерді шешу
12. Саяси мәдениет пен саяси идеология
Д. Жамбылов. «Саясаттану», А.С. Рахымбаева «Саясаттану»: дәрістер жиынтығын оқулықты, сөздікті пайдалана отырып келесі сұрақтарды қарастыру: саяси психология, саяси сана, саяси мәдениет, саяси әлеуметтену, саяси идеология, либерализм, консерватизм, социал-демократия.
1. Саяси мәдениет түсінігі, оның мәні мен қызметтері
2. Саяси әлеуметтенудін түсінігі, институттары, кезендері, қызметтері.
3. Саяси сана және саяси идеология
4. Идеологияның негізгі түрлері, идеологияның деңгейі және қызметтері
5. Саяси сананың құрылымы және қоғамдық пікір
6. Саясат және мәдениет. Саяси субмәдениеттер
13. Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар.
Е.С. Қуандық. «Саясаттану негіздері», Д. Жамбылов. «Саясаттану» оқулығын пайдалана отырып келесі сұрақтарды қарастыру. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар зерттеудің нысаны ретінде. Халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері мен ұғымы. Әлеуметтік-саяси ойлар тарихындағы халықаралық қатынастар мәселелері. Сыртқы саясат – халықаралық қатынастар жүйелерінің негізгі компоненті. Саясат пен дипломатия.
1. Халықаралық қатынастағы қажеттіліктер мен мүдделер, нормалар мен құндылықтар
2. Халықаралық қатынастар субъектілері
3. Жаһандық мәселелерді шешудегі халықаралық ынтымақтастық
4. Геосаясат ұғымы, халықаралық қатынастардағы геосаяси факторлар.
5. Қазіргі халықаралық қатынастардың негізгі даму тенденциялары. Жаһандану.
6. Сыртқы саясаттың қызметі, мақсаты, міндеті мен мәні. Сыртқы саясаттың әдістері.
14. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. ҚР сыртқы саясатының негізгі басымдықтары.
Қазіргі кезеңдегі егеменді мемлекет ретінде ҚР әлеуметтік-экономикалық және саяси даму ерекшеліктері және оның әлемдік қауымдастыққа интеграцияланудағы әлеуетті мүмкіндіктері. Геосаясат ерекшеліктері және тұрғындардың этнодемографиялық құрамы, сыртқы саясат курсын жасауда есепке алу.
1. Егемен Қазақстанның саяси шынайылық ретіндегі қалыптасуы мен дамуы
2. Республиканың әскери доктринасы. Сыртқы саясаттың басым бағыты.
3. ҚР әлемдік аренадағы ұлттық мемлекеттік мүдделері және сыртқы саясаттың басым міндеттері.
15. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы
Мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидалары. Мемлекеттілікті әрі қарай бекіту және қазақстандық демократияның дамуы. ҚР сыртқы саясаты мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту. Экономикалық және сауда дипломатиясының дамуы. Күшті және сәтті мемлекет. Демократияландыру мен либералдандырудың тұрақты процесі. «Мәңгілік ел» - ұлттық идеясы.
ҚР мемлекеттік жастар саясаты, оны жүзеге асырудың ерекшкліктері. Студенттік жастар саясаттың нысаны ретінде. Жастардың саяси қатысуы. Жастар ұйымдары. Қазіргі жастардың саяси мәдениеті. Жаңа қазақстандық патриотизм. Азаматтық қалыптасу мен жастарды патриоттық тәрбиелеу.
СӨЖ-ге арналған қосымша тапсырмалар
1. Қазақстанда саясаттанудың кеш оқытыла бастауының себебін көрсетіңіз.
2. Гуманитарлық емес мамандықтарда саясаттанудың оқытылу маңыздылығын түсіндіріңіз.
3. 4. Кесте әзірлеу. «Саясаттану әдістері»
№ Әдістің аталуы Негізгі мазмұны
5. Саясаттың деңгейлері бойынша Қазақстандағы саясатты салыстырып көріңіз.
6. Кесте толтырыңыз. «Саяси ойдың даму кезеңдері»
Уақыты Ойшыл Негізгі идеясы Еңбектері
7. Саяси ойдың даму кезеңдеріне байланысты салыстырмалы сараптама жасаңыз.
8. Ұлылардан қалған нақыл сөздер тақырыбында әңгіме өткізіңіздер.
9. Саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасуына әсер еткен ойшылдар кімдер?
10. Саяси билік тұжырымдамаларына байланысты кесте жасаңыз.
11. Саяси билік ресурстарының маңыздылығына мысалдар келтіріңіз.
12. Билік деген ұғымға өзіндік анықтама беріп көріңіз.
13. Билік пен адамгершілік принциптердің ара қатынасына назар аударыңыз.
14. Билікті жүзеге асыру формаларын атаңыз.
15. Тоталитаризмнің тек ХХ ғасырға тән құбылыс екендігін дәлелдеп беріңіз.
16. «Адамның әділеттілікке жақындығы демократияны мүмкін етеді, ал оның әділетсіздікке жақындығы демократияны қажет етеді» деген ойға өз түсінігіңізді беріңіз.
17. Авторитаризмнің қазіргі Қазақстанда алатын орны.
18. Кесте толтырыңыз. «Саяси режимдер»
Саяси режимдер Жағымды жақтары Жағымсыз жақтары
19. Демократия туралы ежелгі ойшылдардың көзқарастарын есіңізге түсіріңіз.
20. «Демократия тек Батысқа тән құбылыс па, жоқ әлде, барлық мемлекеттердің даму жолы ма?» атты пікір-таласқа дайындалыңыз.
21. Демократиядағы мемлекеттік биліктің жүзеге асуындағы ерекшеліктерді атаңыз.
22. Демократияның түрлеріне және тұжырымдамаларына қатысты кесте толтырыңыз.
23. Саяси жүйенің «кірісі» мен «шығысы» арасындағы өзара байланысқа мысалдар келтіріңіз.
24. Саяси жүйе, саяси билік ұғымдарының арасындағы ұқсастық мен айырмашылықты табыңыз.
25. Саяси тұрақтылық дегеніміз не? Оның түрлері.
26. Саяси тұрақсыздықты қалай анықтауға болады? Біздің қоғамымызда оның белгілері кездеседі ме?
27. Мемлекет деген ұғымға анықтама беріңіз. Ең алғаш бұл ұғым қай ойшылдың еңбегінде кездеседі?
28. Мемлекеттің басты белгілеріне нені жатқызасыз? Олардың әрқайсысының маңыздылығын атап көрсетіңіз.
29. Мемлекеттің түрлеріне қатысты, барлық критерийлерді ескере отырып кесте жасап, оны толтырыңыз.
30. Қазақстан осы жіктеу бойынша қандай мемлекет түрлеріне жатады?
31. Билік пен азаматтық қоғам арасындағы байланыстың күрделілігі.
32. Азаматтық қоғамның негізгі белгілері.
33. Азаматтық қоғам неліктен мемлекеттік биліктен тәуелсіз болуы шарт?
34. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынас ерекшелігі.
35. Сіз өзіңізге қатысты барлық құқықтарыңызды білесіз бе?
36. Саяси дау-жанжал, шиеленіс, дағдарыс ұғымдарына анықтама беріңіз.
37. Мәмілелік дегеніміз не? Неге оны қазақ ұлтының менталитетімен байланыстырамыз?
38. Дау-жанжалды шешу жолдарына мысал келтіріңіз.
39. Дау-жанжалды позитивті құбылыс ретінде дәлелдеп беріңіз.
40. Партияның пайда болуы, негізгі кезеңдері.
41. Саяси партияны азаматтық қоғамның негізгі элементтерінің бірі ретінде дәлелдеп беріңіз.
42. ҚР-ның партия туралы заңы бойынша азаматтан оның қай партия мүшесі екенін сұрауға құқығыңыз бар ма? Оның сізге жауап бермеуге ше?
43. Сайлау жүйесі мен саяси партиялардың арасындағы байланысты атаңыз.
44. Сайлау жүйесінің түрлеріне қатысты кесте жасап, оны толтырыңыз.
45. Саяси элитаның тұжырымдамаларына қатысты кесте жасап, оны толтырыңыз.
46. Қазақстандағы саяси элитаны бағалауға тырысып көріңіз. Бізде саяси элитаға ену қандай жолдармен жүзеге асады?
47. Саяси көсем, көсемділік ұғымдарына анықтама беріңіз.
48. Сіздің ойыңызша қазіргі кезде саяси көсем болу үшін қандай қасиеттерді меңгеру қажет?
49. Адам, жеке адам, тұлға ұғымдарына анықтама беріңіз.
50. Әлеуметтік теңсіздік немесе әлеуметтік жіктелу туралы не білесіз.
51. Қазіргі қазақстандық қоғамдағы жаңа топтар туралы не айта аласыз?
52. Саясатқа қатысу қандай деңгейде жүргізілуі қажет деп ойлайсыз?
53. Саяси мәдениет пен жәй мәдениеттің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты атаңыз.
54. Саяси мәдениеттің негізгі элементтеріне не жатады?
55. Саяси әлеуметтену дегеніміз не? Ол адам бойында қалай жүреді?
56. Қазақстандық қоғамдағы саяси мәдениет пен әлеуметтенудің ерекшелігін көрсетіңіз.
57. Әлемдік саясат, халықаралық қатынастар, геосаясат ұғымдарының айырмашылықтары мен ұқсастықтарына тоқталыңыз.
58. Қазақстан қай елдермен қарым-қатынас жасайды және қандай халықаралық ұйымдарға мүше?
59. ҚР халықаралық беделінің өсуіндегі президент рөлі.
60. Саяси билік, саяси жүйе, саяси үрдіс ұғымдарының өзара қатынасын ашыңыз. Оларды бір-бірінен қалай айыра аламыз?
61. Саяси модернизация дегеніміз не?
62. Ұлттық мүдде мен жаһандану үрдісінің арасында қандай байланыс жатыр?
Пікірталасқа арналған тақырыптар мен сұрақтар
Бұл жұмыс түрі топпен бірге жұмыс жасай білу, ұжымдық жұмыстың ерекшелігін түсіндіреді. Топпен бірге жұмыс жасағанда келесі шарттарды есте ұстау қажет:
Алға қандай мақсат пен міндеттер қоясыздар? Сіздерден нені талап етеді?
Топ мүшелері қандай рөлдерді ойнауға тура келеді? Рөлдерді қатысушылардың қабілетіне, танымына, көзқарасына байланысты бөлу қажет. Топпен үнемі бірге жұмыс жасасаңыз, рөлдерді ауыстырып отыруға болады.
Сіздер біртұтас командасыз. Сондықтан топтың жеңуі әрқайсыңызға тікелей байланысты. Егер араларыңызда келіспеушілік болып жатса, оны жасырмай жеке бір «ерекше пікір» ретінде көрсетуге болады.
Топтағы қарым-қатынас еркін түрде болуы қажет, бұл сізді ертең еңбек ұжымында өзіңізді қалай ұстауыңызға үйретеді.
Келесі тақырыптарды оқытушымен бірге таңдап, семинар сабақтарында өткізуге болады.
1.АДАМ ҚҰҚЫҒЫ
Әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтарды қорғау мәселелері
Қазақстандағы жұмыспен қамту қаншалықты өткір мәселеге айналған?
Еңбекке құқық - экономиканың дамуындағы жетістік пе, әлде кедергі ме?
Мемлекет барлық азаматтарын жұмыспен қамти ала ма?
Жұмыссыз қалған адамдар қандай шара қолдану керек?
Мемлекеттік органдар қандай шара қолдану керек?
Жеке құқықтар мен бостандықтар
Біздің қоғамымызда қандай жеке құқықтар мен бостандықтар сақталған?
Оны сақтауда қиындықтар кездеседі ме?
Мемлекет тұлға құқығын бұза ма?
Әрбір азамат өз жеке құқықтарын қорғау үшін не істеуі керек?
Жеке құқықтар мен бостандықтарды қорғайтын мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдар бар ма? Олардың іс-әрекеті қаншалықты тиімді?
Тұлғаны қорғай алатын дамыған азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет институттары қалыптасып болды деп айтуға болады ма?
2. Білім беру мәселелері
Қазақстандағы білім жүйесі қандай бағытта дамуда? Мемлекет қандай шаралар қолдануда?
Білім мекемелерінің алдында қандай негізгі мәселелер тұр?
Өкіметтік емес ұйымдар не істей алады?
Бұл мәселені шешуде мектеп пен биліктің жергілікті органдары арасында ынтымақтастық бар деп айтуға болады ма?
Мектептегі мәселелерді қоғамдастық пен билік органдары қалай айтады?
Тоталитарлық қоғамдағы адам құқығы
Тоталитарлық режим адам құқығын қорғауға қалай қарайды?
Бостандық пен теңдік ұғымдары бұл қоғамда қалай сәйкес келеді?
Көркем және тарихи әдебиеттерден мысалдар келтіріңіздер, оларға анализ жасаңыздар.
Тұлғаның толық қанды өмір сүруі үшін не маңызды: мемлекеттің рұқсаты ма, әлде өзін еркін сезіну ме? Тоталитаризм жағдайында адам еркін бола алады ма?
Адамның құқығы мен бостандығын қорғаудағы өкіметтік емес ұйымдардың орны
Біздің мемлекетімізде құқық қорғау ұйымдардың болуына қажеттілік бар ма?
Қандай құқық қорғау ұйымдардың жұмысы туралы білесіз? Олардың іс-әрекетінің негізгі бағыты неде?
Өкіметтік емес ұйымдардың осы саладағы жұмыстарының тиімділігі қаншалықты? Сізде азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғаған ұйым жайында мәліметтер бар ма?
Мұндай ұйымдардың бірігіп жұмыс жасауына болады ма?
Жаңа құқық қорғау ұйымдарының құрылуы қажет пе?
3. ЖАСТАР МӘСЕЛЕЛЕРІ
СПИД пен наркомания мәселелерін шешудегі жастар қоғалыстарының ролі
Нашақорлық пен СПИД: қаншалықты қауіпті.
Мемлекет қандай шаралар қолдануда?
Жастар ұйымдары не жасай алады?
Жағымды өзгерістер болып жатыр ма?
Мемлекет және жастар: шалғайлық немесе достастық?
Республика жастарының негізгі мәселелері қандай?
Жастарға мемлекет тарапынан көмек қажет пе?
Жастарға қатысты мемлекеттің саясаты бар ма?
Бұл саясатты қандай мемлекеттік органдар жүргізеді?
Бұл саясат қаншалықты тиімді?
Жастар билікпен бірге жұмыс жасауға дайын ба?
Бұл достастыққа кедергілер болуы мүмкін бе?
Жастар мәдениеті: руханисыздық немесе өзін өзі көрсету еркіндігі
Жастарға мәдениеттің қандай түрлері ұнайды?
Жастар мәдениеті деген ерекше мәдениет түрі бола алады ма?
Жастар мәдениетінің негізгі ерекшеліктері.
Жастар мәдениетін рухани жағынан жұрдай деп айтуға болады ма?
Кейбіреулер жастар мәдениетін бұқаралық мәдениеттің ең жағымсыз түрі деп қарайды. Сіз онымен келісесіз бе?
Жастар мәдениетінің деңгейін қалай көтеруге болады?
4. ДЕМОКРАТИЯ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛІСПЕУШІЛІКТЕР
Қазақстандағы демократиялық құрылысқа өту кезеңдері.
ТМД – дағы ұлтаралық келіспеушілік мәселелері.
Жаңа діндер мен секталардың таралуы.
Қалыптасқан саяси мәдениеттің Қазақстандағы демократияға әсері.
Саяси келіспеушілік: қалай шешуге болады және қоғамдағы келісімді қалай сақтауға болады?
Сайлау: саяси текетірес пе, әлде өркениетті үдеріс пе?
Сайлауалды үгіт-насихат: барлық әдістер адал ма?
Үкімет және оппозиция: диалог мүмкін бе?
9.Саясат мораль айырмашылықтары, ерекшеліктері.
10. Саясат және адамгершілік бір қатарға қоюға бола ма?
Саясаттану пәнінен реферат тақырыптары
1. Саясаттың әлеуметтік-гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны
2. Орта ғасырлық Шығыстағы саяси ойлар: Әл-Фараби, Низами, Әлішер Науаи
3. Қазақстандағы саяси ойлардың қалыптасуы мен дамуы
4. Қазақстан қоғамын, саяси жүйені реформалау жағдайындағы салыстырмалы саясаттанудың рөлі
5. Саясат өнер ретінде
6. Мемлекеттік билік саяси биліктің жоғарғы формасы ретінде
7. Саяси биліктің легитимдік типтері
8. Ұлт саясаты мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлімі ретінде
9. Қазақстан халықтары Ассамблеясы жүйелі қоғамдық саяси институт ретінде
10. Қазақстан көпконфессионалды қоғам ретінде
11. Қазақстандық конфессия аралық келісім тәжірибесі
12. Қазіргі саяси жүйелер
13. Мемлекеттің мәні және оның шығуы
14. Мемлекеттің белгілері, оның қызметтері мен мақсаттары
15. Мемлекеттік жүйелердің типологиясы
16. Қазіргі мемлекет және оның ерекше белгілері
17. Азаматтық қоғам идеяларының пайда болуы мен дамуы
18. Әлеуметтік мемлекеттің қызметтері
19. Мүдделі топтар: ұғымы, қызметтері, типологиясы
20. Қысым жасаушы топтар. Лоббизм саяси феномен ретінде
21. Қазақстандық демократия моделінің ерекшеліктері
22. Саяси партиялар генезисінің кезеңдері: аристократиялық үйірмелер, саяси клубтар, бұқаралық партиялар
23. Партиялардың типологиясы
24. Партияларды типтеудің өлшемдері (критерийлері)
25. Бірпартиялық, екіпартиялық, көппартиялық
26. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар. Қазақстан қоғамының саяси өміріндегі қоғамдық қозғалыстардың орны мен рөлі
27. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелері
28. Тоталитаризм, оның негізгі типтері мен түрлері
29. Тоталитарлық режимнің саяси практикасы
30. Авторитаризм саяси режим формасы ретінде
31. Демократияның жалпылық принциптері мен институттары
32. Саяси мәдениет тұжырымдамалары
Тест сұрақтары
Қазіргі адамның қажеттілігін және сонымен бірге талап-тілегін орындауға жағдай жасайтын не?
А) Қоғам;
В) Саясат;
С) Саяси мәдениет;
Д) Партия;
Е) Демократия.
2. Жасырынған сөзді табыңыз: «.... құлы болған жағдайда ғана адам еркін бола алады» Цицерон.
А) Мемлекеттің;
В) Заңның;
С) Халықтың;
Д) Құқықтың;
Е) Демократияның.
3. Демократия толқындары туралы айтқанда қандай негізгі идея бағыт бола алады?
А) Мемлекеттердің болашағы – демократиялық дамуға тығыз байланысты;
В) Демократияның басты жетістігі – оның дамыған саяси жүйе екендігі;
С) Демократияның басты кемшілігі – оның дамымаған саяси жүйе екендігі;
Д) Демократия – қазіргі таңдағы ең тиімді басқару түрі;
Е) Демократия – қазіргі таңдағы ең қауіпті басқару түрі.
4. Парадигма ұғымын ХХ ғасырдың 20-жылдарында ғылыми әдебиетке алғаш енгізген американ философы - ...
А) Л. Фон Борталанфи;
В) Г. Кун;
С) Т. Парсонс;
Д) Д. Истон;
Е) Г. Алмонд.
5. Қоғамның саяси жүйесі «...........» және «..........» жағдайында жұмыс жасайды.
6. Саяси билікті жүзеге асыруға жағдай жасайтын саяси механизмдер және институттар жиынтығы қалай аталады?
А) Саяси режим;
В) Саяси жүйе;
С) Саяси үрдіс;
Д) Саяси мәдениет;
Е) Мемлекет.
7. «Саясат – қоғамдағы құндылықтарды билік арқылы реттеу» Авторы кім?
А) Д. Истон;
В) А. Бирс;
С) В. И. Ленин;
Д) К. Фримен;
Е) Г. Лассуэл.
8. Бихевиоризмнің негізін қалаушы кім?
А) Р. Михельс;
В) М. Вебер;
С) Ш. Л. Монтескье;
Д) Г. Алмонд;
Е) Г. Лассуэл.
9. Саяси ілім тарихында алғаш рет қай ойшыл мемлекеттік басқару түрлерін жіктеді?
А) Сиддартха Гаутама;
В) Конфуций;
С) Лао-цзы;
Д) Платон;
Е) Аристотель.
10. Ж. Ж. Руссоның пікірінше адами құндылықтар тек не пайда болғаннан кейін қалыптасқан?
А) Мемлекет;
В) Саясат;
С) Демократия;
Д) Билік;
Е) Қоғам.
11. Ең алғаш қай ойшыл адамгершілікті саясаттан бөліп қарастырған?
А) Ф. Аквинский;
В) Әбу Насыр Әл-Фараби;
С) Н. Макиавелли;
Д) Абай;
Е) Ж.Ж. Руссо.
12. Динамикалық саяси тұрақтылық нені білдіреді?
А) Мемлекеттің маңыздылығын;
В) Халықтың маңыздылығын;
С) Мемлекет пен халықтың бірлігін;
Д) Демократияның маңыздылығын;
Е) Қоғамның үздіксіз дамуын.
13. Экстрозаңды тұрақсыздық қай тарапта пайда болады?
А) Сыртқы саясатта;
В) Ішкі саясатта;
С) Сайлау кезінде;
Д) Соғыс кезінде;
Е) Реформа кезінде.
14. Қоғамда қандай саяси режим екенін қандай параметрлер арқылы анықтауға болдады?
А) Билік үшін күрес, саясатқа көпшіліктің қатысуы және саяси құндылықтар;
В) Билік үшін күрес, саяси идеология және плюрализм;
С) Билік үшін күрес, саяси жүйе және саяси үрдіс түрі;
Д) Билік үшін күрес, сөз бостандығы және азаматтық қоғам жағдайы;
Е) Билік үшін күрес, сайлау және адамның құқығы мен бостандығы.
15. «Демократияның үшінші толқыны» тұжырымдамасының авторы кім?
А) Ә. Кекілбаев;
В) Н. Ә. Назарбаев;
С) А. де Токвиль;
Д) С. Хантингтон;
Е) К. Хаусхофер;
16. ҚР Президентінің 2005 жылғы Халыққа Жолдауында көтерген ерекше идея не?
А) «Демокартия біздің даму жолымыз емес, мақсатымыз»;
В) Қазақстанның Орталық Азия барысына айналуы;
С) Орталық Азия ұйымын құру;
Д) Мемлекетке қауіп тудыратын терроризммен, экстремизммен және наркотрафикпен күрес;
Е) Жастарға байланысты «Жасыл ел» бағдарламасын құру.
17. Төмендегі көрсетілген нұсқалардың қайсысы саясаттанудың қызметіне жатпайды?
А) Гносеологиялық;
В) Саяси жүйені рационализациялау;
С) Танымдық қызметі;
Д) Саяси әлеуметтендіру;
Е) Болжам жасау қызметі.
18. Тоталитаризмнің негізгі түрлері:
А) Коммунизм, социализм;
В) Коммунизм, фашизм, диктатура;
С) Коммунизм, фашизм, национал-социализм;
Д) Фашизм, социализм, сталинизм;
Е) Фашизм, национал-социализм, сталинизм.
19. Саясаттану қай ғылымдар жүйесіне жатады?
А) Гуманитарлық;
В) Қоғамдық;
С) Жаратылыстану;
Д) Халықаралық;
Е) Жас ғылым.
20. Билік пен саясатты ерекше рух (күш) жаратқан деп түсіндіретін қай парадигма?
А) Әлеуметтік;
В) Рухани;
С) Теологиялық;
Д) Геосаяси;
Е) Психологиялық.
21. Қоғамдағы адамдардың әлеуметтік жағдайы мен оның саясатқа әсер етуін зерттейтін әдіс қалай аталады?
А) Әлеуметтанулық;
В) Антропологиялық;
С) Психологиялық;
Д) Салыстырмалы;
Е) Бихевиористтік.
22. Қазақстанда саясаттану қай жылдан бастап оқытыла бастады?
А) 1989 ж.;
В) 1990 ж.;
С) 1991 ж.;
Д) 1992 ж.;
Е) 1993 ж.;
23. Билік дегеніміз не?
А) Әсер ету;
В) Ықпал ету;
С) Мәжбүр ету;
Д) Пайдалану;
Е) Қорғау.
24. Биліктің объектісі мен субъектісі қай жағдайда орын ауыстырады?
А) Билік ауысқанда;
В) Саяси шешімдер қабылданғанда;
С) Саяси режим ауысқанда;
Д) Демократия кезінде;
Е) Ешқашанда
25. Ежелгі Үндістанда еркін еңбекшілерді қалай атаған?
А) Шудралар;
В) Кшатрийлер;
С) Вайшийлер;
Д) Брахмандар;
Е) Ведалар.
26. Анархизмнің негізін қалаған кім?
А) Сиддхартха Гаутама;
В) Конфуций;
С) Лао-цзы;
Д) Платон;
Е) Аристотель.
27. Ф. Аквинский құқықты қандай түрлерге бөлген?
А) Позитивті, діни, саяси;
В) Позитивті, мәңгілік, діни;
С) Позитивті, мәңгілік, табиғи;
Д) Мәңгілік, табиғи, қоғамдық;
Е) Қоғамдық, саяси, табиғи.
28. Ең алғаш қай ойшыл мемлекеттік биліктің тармақтарын көрсеткен?
А) Дж. Локк;
В) Н. Макиавелли;
С) Т. Гоббс;
Д) Ж.Ж. Руссо;
Е) Ш. Л. Монтескье.
29. Саясатты бір жағынан әділеттілік деп, екінші жағынан келіспеушілік деп атаған ойшылды табыңыз.
А) К. Фримен;
В) А. Бирс;
С) Г. Моска;
Д) М. Дюверже;
Е) Н. Макиавелли.
30. Демократия гректің ........... және ........... сөздерінен шыққан.
31. Қоғамның барлық салаларын толығымен қамтамасыз етіп, билік жүргізеді...
А) Тоталитаризм;
В) Авторитаризм;
С) Демократия;
Д) Монархия;
Е) Діни мемлекет.
32. Элитаның басты ерекшеліктері - ...
А) Байлық, билік, танымалдық;
В) Байлық, билік, білімділік;
С) Билік, танымалдық, білімділік;
Д) Билік, байлық, көсемділік;
Е) Даналық, байлық, билік.
33. Саяси себептермен жеке адамдарды, көпшілікті қорқыту, жазалау мақсаттарындағы қылмыстық әрекет - ...
А) Экстремизм;
В) Соғыс;
С) Терроризм;
Д) Революция;
Е) Трайбализм.
34. .......... – көп ұлтты мемлекетте аз ұлт өкілдерінің бөлек мемлекет болып бөлініп шығуға немесе автономия құруға ұмтылуы.
35. Мемлекеттің негізгі қызметі заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған түрі:
А) Құқықтық мемлекет;
В) Әлеуметтік мемлекет;
С) Конституциялық монархия;
Д) Республика;
Е) Демократиялық мемлекет.
36. Мемлекеттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығы қалай аталады?
А) Халықаралық қатынастар;
В) Халықаралық саясат;
С) Әлемдік саясат;
Д) Жаһандастыру;
Е) Әлемдік даму.
37. Өз халқының, мемлекетінің мақсат-мүддесін сезініп, біліп, оны іске асыруға тырысушылықты ............. ............ деп атаймыз.
38. Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің, соған бейімделудің негізгі төрт қыры бары сізге мәлім. Төмендегі нұсқалардан сол қырларға жатпайтын нұсқаны табыңыз.
А) Құрылымдық бейімделу;
В) Азаматтық;
С) Саяси қатынасу;
Д) Жаңашыл адам;
Е) Қазіргі адам.
39. Дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келу қалай аталады?
А) Компромисс;
В) Келісім;
С) Мәмілелік;
Д) Консенсус;
Е) Татуласу.
40. Бөлік деген қай саяси терминнің негізінде жатыр?
А) Партия;
В) Бихевиоризм;
С) Парламент;
Д) Плюрализм;
Е) Автономия.
41. ҚР мемлекеттік билік механизмдерін тарату жүйесінде Маслихатты қай билік тармағына жатқызамыз.
А) Заң шығарушы;
В) Атқарушы;
С) Сот;
Д) Жергілікті басқару органы;
Е) Сайлаушы орган.
42. Саяси режим, саяси жүйе және саяси үрдіс – үшеуінің арасындағы айырмашылықты көрсетіңіз.
43. «Тоталитаризм» терминін саясатқа енгізген кім?
А) И. Сталин;
В) А. Гитлер;
С) Б. Муссолини;
Д) Х. Арендт;
Е) К. Маркс.
44. Қазақстандағы саяси партиялар ресми түрде тіркелуі үшін міндетті қанша мүшесі болуы қажет.
А) Электораттың 50 % болуы керек;
В) 5 мың мүшесі болуы керек;
С) 50 мың мүшесі болуы керек;
Д) 500 мың мүшесі болуы керек;
Е) Мүшелерінің нақты саны болуы міндетті емес.
45. Мәжіліске депутаттар қай сайлау жүйесі бойынша сайланады?
А) Мажоритарлық сайлау жүйесі;
В) Пропорционалды сайлау жүйесі;
С) Салыстырмалы сайлау жүйесі;
Д) Тікелей сайлау жүйесі;
Е) Жанама сайлау жүйесі.
46. Геосаяси тұжырымның негізін қалаған кім?
А) Ш. Л. Монтескье;
В) Г. Моргентау;
С) С. Хантингтон;
Д) К. Хаусхофер;
Е) Х. Маккиндер.
47. Идеологияның қай түрі бір этностық топтың террорлық және агрессиялық әрекеттер арқылы өз үстемдігін орнатуды көздейді?
А) Национализм;
В) Фашизм;
С) Расизм;
Д) Шовинизм;
Е) Либерализм.
48. Сайлаушылардың дауыс беруден бас тартуы қалай аталады?
А) Сепаратизм;
В) Анархизм;
С) Эклектизм;
Д) Абсентеизм;
Е) Популизм.
49. Егер сіз Президенттік постқа кандидат болып тіркелсеңіз бұл қандай сайлау құқығын пайдаланғаныңыз болып саналады?
А) Тікелей сайлау;
В) Жанама;
С) Ашық сайлау құқығы;
Д) Белсенді сайлау құқығы;
Е) Енжар сайлау құқығы.
50. Қазіргі демократиялық елдердегі саяси көсемдерден қандай қасиеттерді ерекше талап етеді?
А) Саяси білімі, басқару қабылеті және шешендігі;
В) Сыртқы келбеті, шешендігі және биліктегі тәжірибесі;
С) Саяси білімі, салмақтылығы және қарапайымдылығы;
Д) Салмақтылығы, қарапайымдылығы және өткен өмірі;
Е) Сыртқы келбеті, сымбаттылығы және шешендігі.
51. Мемлекеттің тар мағынада қолданылуы:
А) Тұтас жүйе ретінде;
В) Билік құрылымы ретінде;
С) Мемлекет деген – халық;
Д) Саяси институт;
Е) Билік көзі ретінде.
52. Саяси партияның басты органы:
А) Жарғы;
В) Хартия;
С) Конференция;
Д) Электорат;
Е) Бағдарлама.
53. Екі турлы сайлау жүйесі қалай аталады:
А) Мажоритарлық;
В) Пропорционалды;
С) Абсолютті көпшілік;
Д) Қатысты көпшілік;
Е) Мәжіліс сайлауы.
54. Әдетке негізделген саяси көсемділік қалай аталады?
А) Харизматикалық;
В) Дәстүрлі;
С) Заңды;
Д) «Ту ұстаушы»;
Е) «Қызметші».
55. Қоғамның екі тапқа бөлінуіне әсер еткен факторларды атаңыз.
А) Еңбектің бөлінуі, көпшіліктің билікке қызықпауы, басқарушы қызметтің статусының жоғары болуы;
В) Көпшіліктің билікке қызықпауы, тұлғалық қасиет, меншіктің пайда болуы;
С) Басқарушы қызметтің статусының жоғары болуы, меншіктің пайда болуы, еңбектің бөлінуі;
Д) Барлық жауаптар дұрыс;
Е) Барлық жауаптар дұрыс емес.
56. Саяси мәдениеттің негізгі элементтерінің бірі - ...
А) Саяси пікір;
В) Саяси әлеуметтену;
С) Саяси ой;
Д) Саяси ілім;
Е) Маргиналдық.
57. Саяси партия қайсының элементі?
А) Азаматтық қоғамның;
В) Мемлекеттің;
С) Саяси жүйенің;
Д) Парламенттің;
Е) Саяси биліктің.
58. Азаматтық қоғам неге негізделеді?
А) Демократияға;
В) Конституцияға;
С) Құқықтық мемлекетке;
Д) Жариялылыққа;
Е) Сөз бостандығына.
59. Сайлаудың негізгі кезеңдері:
А) Кандидатттарды тіркеу, үгіт-насихат жүргізу, дауыс беру;
В) Кандидаттарды тіркеу, үгіт-насихат жүргізу, сайлау;
С) Сайлау кампанияларын құру, сайлау науқаны, дауысты есептеу;
Д) Сайлау кампанияларын құру, сайлау науқаны, сайлау қорытындысын шығару;
Е) Сайлау науқаны, дауыс беру, сайлау қорытындысын шығару.
60. Ежелгі Грецияда «қатты айқайлау» деген сөз ненің мәнін ашады?
А) Демократияның;
В) Плюрализмнің;
С) Жарнаманың;
Д) Дауыс берудің;
Е) Анархияның.
61. Д. Истон мен Г. Алмонд деген кімдер?
А) Саясаттанушылар;
В) Саяси мәдениетті зерттеушілер;
С) Саяси мәдениетті түрлерге бөлушілер;
Д) Саяси жүйені зерттеушілер;
Е) Саяси жүйені түрлерге бөлушілер.
62. Қарапайым халық және шешім деген қай терминнің мағынасын ашады?
А) Демократия;
В) Сайлау;
С) Референдум;
Д) Плюрализм;
Е) Плебисцит.
63. Саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саяси мәдениеттің қай қызметіне жатады?
А) Танымдық;
В) Реттеушілік;
С) Тәрбиелік;
Д) Біріктірушілік;
Е) Қорғау.
64. «Идеологияның ақыры» тезисін кім алғаш қолданған?
А) К. Мангейм;
В) Д. Истон;
С) Г. Алмонд;
Д) С. Верба;
Е) Л. Пай.
65. Бірлестік деген ұғым қай терминнің негізінде жатыр?
А) Либерализм;
В) Тоталитаризм;
С) Фашизм;
Д) Коммунизм;
Е) Социализм.
66. Заң жүзінде деген қай терминнің негізінде жатыр?
А) Де-юре;
В) Де-факто;
С) Абсентизм;
Д) Хартия;
Е) Эклектизм.
67. Адамдардың теңдігін, еркіндігін және еш шектеусіз бір-бірімен араласа алуын білдіретін идеология қалай аталады?
А) Геосаясат;
В) Либерализм;
С) Жаһандастыру;
Д) Анархия;
Е) Тәуелсіздік.
68. Ұлттық мүдденің негізінде не жатыр?
А) Демократияға;
В) Конституцияға;
С) Құқықтық мемлекетке;
Д) Жариялылыққа;
Е) Сөз бостандығына.
69. Халықаралық терроризммен күресетін негізгі ұйым ...
А) Хартия;
В) Идеологиялық ұйым;
С) Интерпол;
Д) БҰҰ;
Е) Революция.
70. Мемлекетті құдай жаратты деген қай тұжырымдаманың негізгі идеясы?
А) Патриархалды;
В) Қоғамдық келісім;
С) Зорлық-зомбылық;
Д) Теологиялық.
71. Азаматтық қоғамның негізгі белгілерінің бірі –
А) Жариялылық;
В) Сөз бостандығы;
С) Сайлаудың болуы;
Д) Билік көзі – халықта.
72. ҚР туындағы күн белгісі қандай мағына береді?
73. Адамның қоршаған ортаның құндылықтарын меңгеру үрдісі қалай аталды?
А) Саяси мәдениет;
В) Саяси әлеуметтену;
С) Саяси дәстүр;
Д) Саяси идеология.
74. Халықтың саяси билікке сенімсіздікпен қарауы қай саяси мәдениеттің түріне жатады?
А) Патриархалды;
В) Енжар;
С) Азаматтық;
Д) Белсенді.
75. Саяси элитаның құндылықты тұжырымдамасының негізін қалаушы кім?
А) Р. Миллс;
В) Х. Ортега-и-Гассет;
С) Г. Моска;
Д) Р. Мертон.
76. Табиғат берген дарын деген мағына қай терминге келеді?
А) Лидерлік;
В) Элита;
С) Харизма;
Д) Көсем.
77. Терроризм деген қандай мағына береді?
А) Күштеу;
В) Қорқыту;
С) Соғысу;
Д) Қаталдық.
78. Маркстың еңбегін атаңыз.
А) «Өзін-өзі өлтіру. Әлеуметтанулық әдіс»;
В) «Позитивті саясат жүйесі»;
С) «Протестанттық этика және капитализм рухы»;
Д) «Ғылыми, саяси және философиялық тәжірибелер»;
Е) «Капитал».
79. Мақсатқа жету үшін қолданатын айла-тәсілдердің жиынтығы - ...
А) Экономика;
В) Саясат;
С) Қоғам;
Д) Билік;
Е) Басқару.
80. Белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдениет және т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелердің бірлестігі
А) Ассамблея;
В) Альянс;
С) Ассоциация;
Д) Партия;
Е) Корпорация;
81. Жеке адамдардың тәртібін талдауға негізделген әдістемелік бағыт - ...
А) Эксперимент;
В) Статистика;
С) Бихевиоризм;
Д) Доктрина;
Е) Теория.
82. Азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, шендікке негізделген құбылыс.
А) Бихевиоризм;
В) Буржуазия;
С) Билік;
Д) Басқару;
Е) Бюрократизм.
83. Әлеуметтік сатылық ұғымды көрсететін термин - ...
А) Стратификация;
В) Иерархия;
С) Статус;
Д) Теңсіздік;
Е) Жіктелу.
84. Белгілі бір себептерге байланысты қоғамның әлеуметтік тобына немесе табына кірмей қалған адамдар қалай аталады?
А) Люмпендер;
В) Кедейлер;
С) Маргиналдар;
Д) Қайыршылар;
Е) Байлар.
85. Электорат деген не?
86. 50%+1 деген қай сайлау жүйесінің критерийі, ол қандай мағына береді?
87. Елтаңбадағы бес бұрышты жұлдыз қандай мағына береді?
88. Ақыл-парасаттылық легитимдік деген не?
А) Жеке тұлғалық қасиетке негізделген легитимдік;
В) Сенімге, идеяға негізделген легитимдік;
С) Заңға негізделген легитимдік;
Д) Билікке негізделген легитимдік;
Е) Келісімге негізделген легитимдік.
89. Монархия дегеніміз не?
А) Мемлекет билік органдарының сайлануын қамтамасыз ететін мемлекет түрі;
В) Мемлекеттік билік бір адамның қолында және ол мұрагерлік жолмен ауысуын қамтамасыз ететін мемлекет түрі;
С) Қарапайым құрылымымен және бір Конституциясымен ерекшеленетін мемлекет түрі;
Д) Құрамына кіретін территориялық бірліктердің өз еркіндігін білдіретін, бірақ өз беттерінсіз одан шығуға құқығы жоқтығын білдіретін мемлекет түрі;
Е) Қоғамдағы адамдардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ететін мемлекет түрі.
90. Унитарлық мемлекет дегеніміз не?
А) Мемлекет билік органдарының сайлануын қамтамасыз ететін мемлекет түрі;
В) Мемлекеттік билік бір адамның қолында және ол мұрагерлік жолмен ауысуын қамтамасыз ететін мемлекет түрі;
С) Қарапайым құрылымымен және бір Конституциясымен ерекшеленетін мемлекет түрі;
Д) Құрамына кіретін территориялық бірліктердің өз еркіндігін білдіретін, бірақ өз беттерінсіз одан шығуға құқығы жоқтығын білдіретін мемлекет түрі;
Е) Қоғамдағы адамдардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ететін мемлекет түрі.
91. Ежелгі Грецияда «қатты айқайлау» деген сөз ненің мәнін ашады?
А) Демократияның;
В) Плюрализмнің;
С) Жарнаманың;
Д) Дауыс берудің;
Е) Анархияның.
92. Д. Истон мен Г. Алмонд деген кімдер?
А) Саясаттанушылар;
В) Саяси мәдениетті зерттеушілер;
С) Саяси мәдениетті түрлерге бөлушілер;
Д) Саяси жүйені зерттеушілер;
Е) Саяси жүйені түрлерге бөлушілер.
93. Қарапайым халық және шешім деген қай терминнің мағынасын ашады?
А) Демократия;
В) Сайлау;
С) Референдум;
Д) Плюрализм;
Е) Плебисцит.
94. Саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саяси мәдениеттің қай қызметіне жатады?
А) Танымдық;
В) Реттеушілік;
С) Тәрбиелік;
Д) Біріктірушілік;
Е) Қорғау.
95. «Идеологияның ақыры» тезисін кім алғаш қолданған?
А) К. Мангейм;
В) Д. Истон;
С) Г. Алмонд;
Д) С. Верба;
Е) Л. Пай.
96. Бірлестік деген ұғым қай терминнің негізінде жатыр?
А) Либерализм;
В) Тоталитаризм;
С) Фашизм;
Д) Коммунизм;
Е) Социализм.
97. Іс жүзінде деген қай терминнің негізінде жатыр?
А) Де-юре;
В) Де-факто;
С) Абсентизм;
Д) Хартия;
Е) Эклектизм.
98. Адамдардың теңдігін, еркіндігін және еш шектеусіз бір-бірімен араласа алуын білдіретін идеология қалай аталады?
А) Геосаясат;
В) Либерализм;
С) Жаһандастыру;
Д) Анархия;
Е) Тәуелсіздік.
99. Ұлттық мүдденің негізінде не жатыр?
А) Демократияға;
В) Конституцияға;
С) Құқықтық мемлекетке;
Д) Жариялылыққа;
Е) Сөз бостандығына.
ГЛОССАРИЙ (Коллоквиумда берілетін сұрақтар)
Абсентеизм (лат. Absentіa - қатыспау) – халықтың саяси өмірге немқұрайлы, селқос қарауы, азаматтық міндетті атқарудан бас тартуы. Ол, әсіресе, сайлаушылар тарапынан өкіметтің өкілдік органдарына сайлауға қатынасқысы келмеуінен байқалады.
Абсолютизм Жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі.
Автаркия Елдің экономикасын басқа елдердің экономикасынан оқшауландыруға бағытталған ұлттық мақсат.
Анархия Мемлекеттік биліксіз әр түрлі қауымдастықтар, бірлестіктер, одақтар арқылы өзін-өзі басқаратын қоғам құруға тырысушылық.
Үйреншікті өмірде тәртіпсіздікті, жөнсіздікті, заңсыздықты, басшылықтың жоқтығын білдіреді.
Билль АҚШ-та, Ұлыбританияда және т.б. елдерде парламенттің қарауына ұсынылған заң жобасы;
Жеке заңдардың аты. Мысалы, құқықтар туралы.
Блокада Өз дегендерін істеу үшін қарсы жақтың жерін немесе бір бөлігін қоршауға алып, сырт әлемнен бөліп тастау. Ол саяси, экономикалық, әскери, дипломатиялық және т.с.с. түрінде болуы мүмкін.
Брифинг Үкіметтің жеке мәселелер бойынша немесе халықаралық келіссөзге қатысушылардың келісімімен оның барысы туралы хабарлама жасау үшін ресми адамдардың ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуі.
Бюрократизм Істің мәніне немқұрайлы, формальды қарау, істі көпке созу.
Делегат Съезде, конференцияда, конгрессте және т.с.с. мемлекеттің, ұйымның, ұжымның, партияның мақсатын көздейтін өкілі.
Демагогия Өз мақсатына жету үшін адамдарға жалған уәделер беру, деректерді бұрмалау және т.с.с. арқылы әсер ететін саяси әрекеттің түрі. Күнделікті тұрмыста бос сөз, шатпақ деген мағынаны білдіреді.
Делогирование Бір субъектінің екінші субъектіге билікті беруі, сенім білдіруі.
Демократия Халық билігін, заңдылықты мойындап, азаматтардың теңдігін, құқықтары мен бостандықтарын қадірлеуге негізделген мемлекеттік органдардың сайланып қойылуын және олардың жұмысы халықтың бақылауында болуын, сайлау құқығы бәріне тең болуын, адамдардың экономикалық және саяси қорғалуын, шешім қабылдағанда азшылықтың көпшілікке бағынуын, сонымен қатар азшылықтың да пікірі еске алынуын және т.б. қалайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылыс түрі. Бұл – тарихи ұғым. Адамзат тарихының даму кезеңдеріне сай оның принциптері өзгеріп, байып отырады.
Демократиялық партиялар Басқаларға төзімділікпен, түсіністікпен қарайтын, пікір алалығын жақтайтын партиялар. Олар идеологиялық факторға онша мән бермейді.
Денонсация Келісілген екі жақты халықаралық шарттың бұзылғандығын мәлімдеу. Әдетте, ол туралы екінші мемлекетке алдын ала ескертіледі.
Деполитизация Белігілі бір ұйым, органдардың және т.б. жұмысын саясаттың ықпалынан шығаруға тырысушылық.
Глобальдылық Бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт. Қазіргі ғаламдық мәселелерге термоядролық соғысты болдырмау, айналадағы ортаны экологиялық апаттан қорғау, жер бетінде демографиялық жағдайды тұрақтандыру, халықаралық терроризм, нашақорлық, маскүнемдік, СПИД-тің өріс алуын тоқтату және т.с.с. жатады.
Гуманизм Қайта өркендеу дәуірінде дін мен феодализм құрсауынан адам баласын босатып, еркін жетілуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс. Саяси салада адамдардың дұрыс қалыптасуы мен дамуына қажетті әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған саяси көзқарастар, идеялар жүйесін білдіреді.
Дәуір Қоғамның, табиғаттың, саясаттың, ғылымның, жалпы өзіндік ерекшеліктері бар ұзақ кезеңі.
Деидеологизация Идеологияның әсерінсіз, еркін, таза ғылымды жасауға, қоғамдық процесті идеологиядан аластатуға тырысушылық. Оның негізін біздің ғасырымыздың 50-60 жылдарында Р. Арон, Д. Белл, Т.Парсонс сияқты Батыстың ірі әлеуметтанушылары салды.
Декларация Үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан қандай болмасын негізгі қағидаларды, мақсат-мүдделерді жариялайтын мәлімдеме.
Депортация Жеке адамдарды, халықтарды (олардың бір бөлігін) еріксіз, күшпен жер аудару. Мысалы, Кеңес Одағы кезінде немістер, шешендер, ингуштар, Қырым татарлары, месхеттік түріктер, кәрістер және т.б. осындай халге душар болды.
Вето Тыйым салу; вето құқығы – заң шығаратын орындардың қатарына тыйым салу немесе заңның күшін тоқтату.
Визит Халықаралық байланыстарды дамытуға, ондағы күрделі мәселелерді шешуге бағытталған мемлекеттердің сыртқы саясатындағы қызмет түрі. Мысалы, оған мемлекет тарапынан үкімет басшылары, ресми делегациялардың кездесулері жатады.
Валюнтаризм Саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізетін саясаты.
Вотум Өкіметке я оның кейбір мүшелеріне (министрлеріне) сенім білдіру (вотум доверия) немесе сенім білдірмеу (вотум недоверия) мақсатында сайлау арқылы қабылданған шешім. Мысалы, парламент үкіметке сенім білдірмесе, ол, әдетте, жұмыстан кетуге мәжбүр болады.
Геноцид Адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің, өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистік Германия еврейлер мен цыгандарға қарсы осындай саясат жүргізді. Қазіргі кезде ол халықаралық қылмыс болып саналады.
Геосаясат Сыртқы саясатты географиялық факторларға (аумағына, ауа райына, қазба байлықтарына т.б.) байланысты жүргізетін саясат. Бұл теорияның негізін қалаушы Ф.Ратцель, Х.Макхиндер т.б. қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайы мен даму барысы географиялық ортаға байланысты дейді.
Геронтократия Ақсақалдардың билік жүргізу принципі. Басқарудың бұл түрі алғашқы қауымдық қоғамға тән. Сонымен қатар өкімет билігі жасы келген адамдардың қолында тұрған мемлекеттерге де байланысты айтылады.
Дәрістер кешені
1 Дәріс
Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
Жоспары:
Саясаттанудың мәні, мағынасы.
Саясаттану пәні ұғымдары, әдіс- тәсілдері.
Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы.
Саясаттану сөзі - политология гректің политика және логос деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағына береді. Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі адамзат қоғамында саясат негізгі роль атқарады. Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы құбылысын ерте заманнан бері түсініп-біліп келеді. Ерте заманда саясат болмаған. Мысалы Мысырда, Вавилонда, Үндістанда сол кездегі мифтарға сүйенсек басқарушының билік көзі тек құдай болған, яғни жер бетіндегі істердің барлығын құдай тындырып отырған. Кейінірек адамзаттың іс- тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері пайда болды. Бұдан келіп саясат теориялары пайда болды. Саясаттанудың негізін салушы деп Аристотельді айтады. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытқан. Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында жеке пән ретінде дамыды. XX ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор роль атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында қазірде жемісті еңбек етуде. Бүгінгі таңда саясаттану пәні АҚШ-тың, Шығыс елдерінің барлық жоғарғы оқу орындарына жеке пән ретінде оқытылады.
Саясаттану дегеніміз - саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатнастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуымен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалану түрлері, әдіс-тәсілдерін зерттейді. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т б әдістер жатады.
Салыстырмалы әдіс - әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді.
Жүйелеу әдісі - саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.
Социологиялық әдіс - саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т. б. жағдайларына қарай анықтайды.
Тарихи тәсіл - саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады.
Бихевиористік әдіс - жеке адамдар мен топтардың іс- әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін - өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді.
Нормативтік әдіс - қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндік жасайтын саяси құрылыстың түрі.
Ғылымның басқа салаларындағы сияқты саясаттанудың да өзіндік ұғымдары бар. Мысалы: саясат, саяси билік, саяси жүйе, саяси мәдениет, саяси өмір, саяси тәртіп, саяси қатынастар, саяси партия және т.б. көптеген қызметтер атқарады. Мысалы: танымдық (гносеологиялық), бағалау (аксеологиялық), реттеушілік және т б. Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін атқарады. Саясаттану көптеген ғылымдармен байланысты. Фәлсафамен (философиямен), экономикалық теориямен, құқықтық ғылыммен, әлеуметтану (социология), тарих, адамгершілік ғылымдарымен байланысты.
Қазір еліміз тәуелсіздігін алып, шын мәнінде, демократиялық жолға түсіп жатқан кезде азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет орнату үшін саясаттану пәнін оқып-үйрену мамандарға ауадай қажет. Қазіргі демократиялық мемлекеттерде саяси оқу институттарының қызметі негізгі адамгершілік құндылықтары, әсіресе әрбір тұлғаның еркіндігі мен абыройы оның табиғи ажырамас құқықтарын мойындап қадірлеуге негізделеді. Саяси білім адамзатқа өте қажет. Біздің заманымызда қандай кәсіппен айналысқанына қарамастан, саяси білім мен мәдениет әр адамға ауадай қажет. Азаматтардың көпшілік саяси сауаттылығы қоғам үшін де қажет.
Политика, этика, саяси партия, гносеология, аксеология, социология, философия, экономика.
2 Дәріс
Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері.
Дәріс жоспары:
Саяси ойлардың даму кезеңдері.
Ертедегі дүниеде саяси ойдың қалыптасуы.
Ортағасырлық саяси ойлардың дамуы.
Қайта өрлеу және “ Ағарту ” дәуіріндегі саяси ойдың ерекшелігі.
Жаңа және жаңаша дәуірдегі саяси ойлар.
Саясатқа деген қөзқарас әрбір тарихи дәуірде өзгеше болған. Олар өзінше ой жүгіртіп, өзінше баға берген. Қай заманның ойшылы болмасын ойландыратын бір ғана мәселе, халықты бақытты ету жолдарын іздеу. Оны әр ойшыл өзінше пайымдап, өзінше шешті. Жалпы саяси ойдың даму кезеңдері мен ойшылдарын былай топтауға болады.
Азамат қоғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет әр елде әр қилы дамыды . Олардың саяси идеялары да сан түрлі болған.
Билік пен өкімет қатынастарының діни қағидалары мен шектелген идеялары (Египет, Қытай, Үнді, Вавилон, Израиль, Персия, Грекция, Рим).
Саяси құқықтық пайымдаулардың келесі жетілу кезеңі б.з.б. I м.ж.
Саяси–құқықтық идеялардың Грекцияда, Шығыс елдерінде қалыптасуы.
Саяси философияның пайда болуы б.з.д. IV-V ғ.ғ Платон.
Жоғарғы мұратты мемлекет теориясының қалыптасуы.
Әр түрлі нысандағы мемлекеттік құрылысты теориялық жағынан жіктеу (Аристократия, олигархия, тирания, демократия).
Саясат туралы ілімнің негіздері –адамдарды басқарудың өнер ретіндегі саналуы.
Саяси ғылымды жеке –дара пән ретінде қарау ( Аристотель б.з.д. IV ғ.).
Саяси әділеттілік ұғымының пайда болуы.
Мемлекетті табиғи дамудың жемісі ретінде бағалау.
Жеке адамға қарағанда мемлекеттің біріншілігі, мемлекеттік мүдделердің басымдылығы жөніндегі пайымдаулар.
Саясатты ғылыми әдіспен зерттеудің қалыптасуы: күрделінің элементтерге бөлшектенуі, салыстырмалы –тарихи пайымдаулар.
Ежелгі дәуірдегі саяси ғылымға мол мұра қалдырған ежелгі ойшыл Платон, ол б.з.б. 427 -347 жылдарда өмір сүрген. Толық аты Аристокл. Платон атақты ғалым Сократтың мектебінде оқиды. Кейін Афиныда өз академиясын ашады. Платонның екі жүзге тақау еңбектері бар. “Мемлекет”, “Заңдар”, т.с.с. саясатқа байланысты шығармалары бар.
Платонның ойынша қажеттілік мемлекетті тудырады. Себебі, біреу егіншілікпен, біреуі мал шаруашылығымен, енді біреу қолөнермен айналысады. Кейін өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін айырбас жасайды. Халық тек бірігіп қана өмір сүре алады деген. Платон адамдарды үш топқа бөлген.
Әкімдер.
Қорғаушылар.
Өндірушілер.
Әкімдер –табиғи жаратылысынан шындықты, ақиқатты, танып біле алатын адамдар болуы керек деген.
Қорғаушылар –мемлекетті қорғайды.
Өндірушілер –мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етіп отырады. Бір таптың екінші тапқа өтуіне болмайды. Әркім өз міндетін атқарады. Ешкім бай –кедей болмағанын қалады деген. Сонымен қатар Платон қоғамдық меншікті қолдады. Ал жеке меншіктің болуы талас-тартыс туғызады деп түсінді. Мұнда әкімдер мен қорғаушылардың мүддесі ортақ болса, ортақ игілік үшін адал еңбек етеді деп айтқан, яғни барлығының ортақ болғанын жөн көреді. Оларды мемлекет қорғайды деп түсінген.
Платон мемлекеттік құрылысты беске бөлді :
Аристократия –мемлекетті ақсүйектер билейді.
Тимократия – мемлекеттік билік бір адам қолында болады.
Олигархия –мемлекет азғантай топ қолында болады.
Демократия –мемлекет халықтың қолында болады.
Тирания –мемлекет күшпен басып алушы қолында болады.
Платонның ойынша бұлардың ішінде ең тиімдісі –аристократиялық мемлекет түрі. Мұнда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері –адамгершілік, абырой, ар –намыс деп саналады.
Ежелгі Рим ойшылы Марк Тулий Цицерон (б.з.д. 106-43 ж.) саяси даму тарихында айтарлықтай із қалдырған. Оның “Мемлекет” , “Заңдар туралы” деген еңбектері бар.
Цицеронның ойынша мемлекет меншікті қорғау, адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабынан туады. Мемлекетті үшке бөлген:
Патшалық билік.
Аристократия.
Демократия.
Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болады, қоғамдық –саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.
Жана терминдер: аристократия, тимократия, олигархия, демократия, тирания
3 Дәріс. Қоғамдық өмір құрылымындағы саясат
1. Саясат элементтері.
2. Саясаттың қызметі, ішкі және сыртқы саясат
Саясат теориясы саясат туралы, билік, саяси жүйелер, процестер жөніндегі ғылым. Саясат теориясы пәнін анықтаудағы негізгі амалдар. Жеке адам, тап, ұлт, демографиялық, кәсіптік топтар саясат субьектісі ретінде. Саясат теориясын Саяси философия, саясат әлеуметтануы, саяси этика, саяси тарих саяси ғылымдардың құрамдас бөлімдері ретінде. Антропологиялық амал. Саясаттанудың функциялары: прагматикалық, түсіндірушілік, болжам жасаушылық, аксиологиялық, тәжірибелік және т.б.
Саяси теорияның болмысы. ХХғ. 80-90 жж. әлемдік саясаттағы жаһандық өзгерістер. Саяси дискурсты құрайтын тұжырымдарды қайта қарастыру. Қазіргі саяси теорияның мазмұны. Саясат теориясы пәнінің кейбір түсініктемелерінің кемшіліктері. Саясатты зерттеудің теориялық деңгейі. Жалпысаналы әдістер. Эмпирикалық зерттеу әдістері. Жалпы, фундаменталды әдістер. Саясат теориясының әлеуметтік ролі.
Саясат теориясы заңдары мен категориялары, әдістері мен функциялары. Салыстырмалық, жүйелік, бихевиористік, әлеуметтанулық, психологиялық, институционалдық, тарихилық әдістер. Саясат теориясының қызметтері: бағалау, реттеушілік, жетілдіру, болжау. Саясат қоғамдық өмір жүйесінде
Саясаттың ең басты міндеттері – мемлекет қалыптастыру, қабылданған заңдар, ұйымдастырылған экономика арқылы барлық қоғам мүшелерінің әлеуметтік, тұрмыстық, рухани өмірін қамтамасыз ету.Ал осы міндеттерді кімдер дұрыс жолмен іске асыруы тиісті? Бұл саладағы қызметкерлерді саяси әдебиетте қолданатын термин бойынша саяси субъекттер деп аталады. Бұлар: саясатшылар, мемлекет жүйесіндегі қызметкерлер, депутаттар, әр саладағы мамандар, кәсіпорын басшылары. Саяси субъекттерге жеке тұлғалардан басқа әртүрлі саяси топтар мен ұйымдар жатады.Мысалы, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, оппозициялық топтар, сайлау жүйелері. Сонымен, қоғамның берекелі өмірі, сау–салауаттылығы саясатпен тікелей қатысты болса,саясаттың нәтижелілігі саяси субъекттердің іс-қимылдарына байланысты. Осы себептерден туындайтын әрбір қоғамның мақсаты мен мүддесі – саяси субъекттердің сапалы құрамын қалыптастыру.Бұлардың сапалы болуына бірінші кепілдеме – саяси білім. Саси білім басты екі негізден қалыптасады. Біріншісі, дүние жүзіндегі саяси саладағы қалыптасқан тәжірибе. Екіншісі, саяси білімнің (ғылымның) теориялық негізі. Саяси тәжірибе дейтініміз – саяси салада қалыптасқан саяси процестер. Мысалы, демократия, саяси билікті қалыптастыру жолдары, заң қабылдау мәселелері, мемлекет басқару түрлері, жеке адамның құқығы мен бостандығы, оппозиция мәселелері және т.б. Саяси процестер дегеніміз қоғамда қалыптасқан саяси- әлеуметтік жүйелер.
4 Дәріс. Билік – саяси феномен ретінде
1. Билік ұғымы туралы түсінік.
2. Билік - әлеуметтік феномен.
3. Биліктің қызметтері, жіктелуі.
4. Қоғамның әлеуметтік саласындағы билік.
Саясаттың негізгі мәселесі билік болғандықтан, саясатта билік теориясы үлкен орын алады. Билік саясаттың, саяси институттар мен барлық саяси әлемнің мәнін түсініп-білуге көмектеседі.
Ағылшын философы, қоғам қайраткері Бертран Рассель (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деген.
Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902-1979) экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билікте соншалықты орын алады деп тұжырымдаған.
Билік туралы мынадай тұжырымдамалар бар:
Телеологиялық, бихевиористік, инструменталистік, структуралистік, конфликтілік.
Сонымен билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде билік қоғамдық сипатта болды. Мұнда қауым болып тайпаларды басқарды. Құл иеленушілер және құлдар пайда болып, теңсіздік туды. Бір таптың екінші бір тапты бағындыру қажеттілігі туды. Осылай билік аппараты дүниеге келді, адамдарды еркінен тыс, ықтиярсыз еркіне көндірген мекемелер пайда болды.
«Билік» сөзі әр мағынада қолданылады. Оны ықпал ету бағытына, объектісіне байланысты былай бөлуге болады:
1. Ата-аналар билігі.
2. Мемлекеттік билік.
3. Экономикалық билік.
4. Саяси билік.
5. Әлеуметтік билік.
6. Құқықтық билік.
7. Әскери билік.
8. Рухани билік, т.с.с.
Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең негізгі түріне жатады.
Биліктің басқа түрлерімен салыстырғанда саяси биліктің мынадай ерекшеліктері бар: оның өктемдік сипаты, оның бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі, басқарумен кәсіби айналысатын адамдардың мүддесін қорғауы, басқа мекемелерге қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі, қоғам өмірінің жұмыс тәртібін белгілеуде жеке-дара құқығы, мемлекет шеңберінде ашық күш қолдана алуы, т.с.с.
Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Мұнда біреулер билеуге құқықты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады? Саяси биліктің қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар:
Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы-қаражат керек. Мысалы: сайлау науқаны уақытында көп қаржы жұмсалады. Мемлекет тарапынан бөлінген қаражат жетіспегендіктен шетелдерде үміткерлер жеке бай адамдардың, бірлестіктердің көмегіне сүйенеді. Билеуші аппаратты ұстап тұруы үшін көп қаражат керек. Және үкімет басына келушілер өз реформаларын ала келеді. Мысалы: АҚШ президенттері Ф.Рузвельт «Жаңа бағыт», Дж. Кеннеди «Жаңа шеп», т.с.с. Экономикалық қорға қоғамдық өндіріс пен тұтынуға керек басқа материадық құндылықтар, құнарлы, шұрайлы жерлер, пайдалы қазба байлықтары, т.б. жатады.
Әлеуметтік әдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдарды топтастырады. Ондай рөлді ең алдымен оның мәртебелі, абыройлы, көптеген жеңілдіктерді пайдаланатын қызметкерлері орындайды.
Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оған әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура, т.б. жатады.
Ақпарат құралдары. Радио, теледидар, баспасөз, т.с.с. ақпарат құралдары өз елдеріндегі жағдайларды ғана емес, дүние жүзінде не болып, не қойып жатқанын көріп біліп отырады. Шын мәнінде сөз, баспасөз бостандығы берілген, оппозициялық партиялары бар елдерде ақпарат құралдарының маңызы арта түседі.
Ақпараттық қор. Білім мен ғылым мағлұматтарын алу, оларды тарату бүгінгі күні алдыңғы қатарлы орынға шығуда.
Жана терминдер. Билік, легитимдік, харизма, монархия, республика, парламент.
5 Дәріс. Саясат субъектілері
Саяси іс-әрекеттің субъектілерінің мәселесі, көбіне, билік басындағы тұлғалардың, саяси кеңістіктегі акторлардың мәселелерімен тығыз байланысты көтеріліп тұрады. Саясаттанушылардың тұжырымы бойынша, билік деп белгілі бір белсенді субъектілердің объектінің мінез-құлқына материалдық немесе рухани әсер ету қабілеттілігі мен мүмкіндігін айтады
Әлеуметтік ғылымдар саласы, субъектілер мен объектілерді адамдар деп табады. Билікті объектілердің сол мезеттегі жағдайдың түп мәнін ұғынуын талап етпей-ақ, субъекті тарапынан объектіге әмірлік жүргізіп, белгілі бір бағытқа жетелеуі деп түсінсе де болады. Басқаша айтқанда әлеуметтік ғылымдар: билік – ол субъекті мен объектінің арасындағы әміршілік қатынасы деп түсіндіреді. Демек, субъект ұғымы белсенді, саналы әрі жігерлі индивид немесе әлеуметтік топ болса, субъектінің іс-әрекеті бағытталғандар – объект екендігін айқындайды. Демек, саясат субъектілері белгілі бір бағытталған саяси ұстанымы бар, әрі өз іс-әрекеттерін саяси кеңістікке жұмылдырып отыратын адамдар. Ал мемлекет барлық адамдарды құқық субъектісі ретінде тани отырып, олардың өзара құқықтық қатынасын, статусын және тұлғаның мемлекетпен қатынасын құқықтық статусымен айқындап отырады. Саяси субъектілердің құқықтық қызметке жатпайтын өзіндік функциялары бар. Бірақ, бұл субъектілердің іс-әрекеті құқықтық қатынас арқылы бағытталып отырады. Демек, саяси субъектілер мен құқықтық субъектілердің мәселелері бір-бірінен ерекше. Өйткені, адамдар мемлекеттен тыс басқа да белгілі ұйымдарға өз еркінсіз немесе өз еркімен кіреді. Өз еркінсіз кіретіндерге жататындар: ұлтына, этникалық топқа және тапқа байланысты кіретіндер. Өз еркімен – партияға, кеңестерге, блоктар мен ұжымға байланысты кіретіндер. Бұлардың бәрі қалайда болғанда саяси өзара қатынас пен саяси субъектілер жүйесіне енеді. Алдағы талдау үшін «субъективтік» деген үғымды қарастырайық. Субъективтіктің критериі немесе бастауы саяси (объективті немесе субъективті) болуы, сонымен қатар, оның (мүдденің) қорғалуы –ол, ұйымшылдық пен осы мүддені іс-жүзінде асыратын көшбасшылар мен басқарушы органдар болып табылады. Саясат субъектілеріне саяси билікке ұмтылғандар немесе саяси билікті иемденген мекемелер мен тұлғалар саналатынын айтып өттік. Демек, «саясаттың субъектісі» мен «саяси субъектінің» мағыналарын ашайық.
Саяи субъектілерге жататындар, саяси іс-әрекеттерін басты мақсат көрмейтін, бірақ саяси тіршілікке қатысып, арагідік өз ықпалын тигізіп тұратын тұлғалар немесе мекемелер. Олардың кей уақыттарда саясаттың субъектілерінің қызметтерін атқара отырып, белсенді ықпалын да тигізетін кездері болатынын аңғарған жөн. Мысалы мешіттер. Олар саясаттың субъектісі болмаса да, саяси бағыттылығы болып келеді.
Ал саясаттың субъектілері – мемлекеттік билік органдары мен басқармалары, көшбасшылар мен саяси партиялар, қозғалыстар т.с.с. Бұлар саясат тіршілігіне араласып, өз мүдделерін іске асыруды басты мақсат етеді және әрқайсысының арқауында белгілі бір әлеуметтік топтар тұрады (әлеуметтік-демографиялық, ұлттық, кәсіптік, жасына байланысты тағы да сол сияқтылар). Сонымен қатар, саясаттың субъектісі ретінде тұлғалар мен әлеуметтік ұжымдарда, көздеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, өздері жоспарлаған бағдарламаларын іске асыру барысында таныла алады.
Қоғамның саяси тынысын саясаттың субъектілерінің өзара жүйелі қатынасы ретінде қарауға болады. Субъектілер белгілі саяси жағдайларда тек субъект ретінде де қаралуы мүмкін. Өйткені субъект белгілі бір қоғам, топтарға ықпал ету барысында, өзіне де өзге субъектілерден ықпал тиіп тұрады. Яғни, өзге субъект назарында объект ретінде қаралады. Саясат – мемлекет билігіне байланысты субъектілердің өзара қатынасы, қызметтері мен әдісі, мақсаттары. Бұл қарым-қатынастарды әр түрлі координатада қарастыруға болады. Бірінші – тігінен, екіншісі – көлденеңінен. Мысалы, қоғамды пирамида ретінде қарастырсақ. Жоғарғы жағын мемлекет және оның органдары деп білсек, ал астыңғы жағын қауым (халық) деп қарастырайық. Пирамиданың жоғарғы жағынан төменге күшті әсер түседі де, басқару мен бағыну аясындағы саяси қарым-қатынас туындайды. Яғни бұл қатынаста тікелей саяси билік көрінеді. Ал көлденең (горизонтальды) қатынастар саяси емес, көбінде, азаматтық болады. Дегенмен кей жағдайда саяси қатынас ретінде де қаралады. Бұл қатынастарда тікелей басқару күші болмайды. Көлденең қатынастарды көбіне «азаматтық» - деп, ал осындай қатынастары көп қоғамды «азаматтық қоғам» деп атайды. Саяси болсын, болмасын бұл қатынастар бір-бірінен мүлдем тәуелсіз бола алмайтынын ескерген жөн. Сонымен қатар, саясат субъектілері өз мүдделерін қорғау барысындағы саяси кеңістікте жүріп жатқан саясат тіршілігіне, зор ықпалын тигізіп жататын саяси көшбасшылары да табылып жатады.
6 Дәріс. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер
1. Саяси жүйе ұғымы, құрылымы
2, Дәстүрлі және қазіргі саяси жүйелер, Саяси жүйе институттары
3. Тоталитаризм, авторитаризм
4. Дәстүрлі абсолюттік монархиялар, олигархиялық және әскери режимдер.
5. Демократия туралы жалпы түсінік, демократияның антикалық, классикалық теориялары.
6. Демократиялық қоғамның белгілері.
«Жүйе» ұғымын XX ғасырдың 20-жылдары ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс биологы Л.Фон Борталанфи. Саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктері бар. Д.Истон мен Г.Алмонд олардың төрт түрін көрсетеді: 1 топтар мен жеке адамдардың жүріс-тұрысын басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі; 2 өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі; 3 қорларды, игіліктерді, қызметті, үздік белгілерді және т.с.с. бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі; 4 әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік, өзгерген жағдайларға бейімделушілік мүмкіндігі. Үндістан саясатшысы П.Шарон бұл төртеуіне бесіншісін – ішкі жағдайын басқара алатын өзін-өзі реттеу мүмкіндігін қосады. Осының бәрі, сайып келгенде, үстемдік етіп отырған қоғамның біртұтас өзін-өзі басқаратын әлеуметтік организм ретінде қызмет етуін қамтамасыз етуі керек.
Саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады: Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету. Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекеттерінің әр түрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар қызметінің мақсаттарын айқындайды. Солардың негізінде оларды орындаудың саяси жобаларын жасайды. Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызметті атқарады. Ол ортақ әлеуметтік-саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтар, таптар, жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді. Экономикалық қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. Мысалы, саяси жүйе өндіріс құралдарына меншік түрлерін құқықтық тұрғыдан бекітеді, қаржы жүйесін реттейді, салық саясатын жүргізеді. Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау. Мысалы, ұйымдасқан қылмыс, сыртқы агрессиядан және т.с.с. Сонымен, қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығын айтады. Бұл жүйе саяси деп аталады. Себебі мемлекеттік істер алға қойған мақсатты, амал-әдістерді, оларға жету жолдарын қамтитын арнайы жете зерттелген шаралар, саяси бағыт арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар оны жүйе дейді. Өйткені оған мемлекеттен басқа мемлекеттік билікке ықпал ету үшін басқалармен бәсекеге түсетін, одақтарға кіретін, мәмілеге келетін мемлекеттік емес көптеген ұйымдар да кіреді. Бұл саяси қатынастардың күрделі көрінісі жүйелілікті, тұтастықты білдіреді.
Саяси жүйенің құрылымы: Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлігін атайды: 1.Саяси институттар; 2.Саяси қатынастар; 3.Саяси ережелер; 4. Саяси мәдениет.
Саяси жүйенің жіктелуі: Саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Олар бұл мәселеге әр жақтан қарайды, әр түрлі өлшемді пайдаланады. Саяси жүйені оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық деп бөледі. Мұндай топтастырулардың негізіне билік, тұлға және қоғам арасындағы өзара іс-әрекеттің сипаты мен тәсілі негізге алынады. Тоталитарлық саяси жүйеде жеке адам мен қоғам толығымен билікке бағынады. Мемлекет қоғамдық өмірдің барлық саласын өзінің бақылауына алады. Авторитарлық саяси жүйеде билік басындағы жеке адам немесе адамдар тобы шексіз билікке ие болады. Парламент, оппозициялық партиялар болғанымен олардың ықпалы шамалы болады. Мемлекеттің сайланбалы органдары, азаматтардың құқықтары мен шектеледі. Демократиялық тәртіпте тұлға құқығы биік тұрады, билік жұмысын қоғам бақылауға алады. Онда биліктің өкілдік органдарын жалпыға бірдей сайлау арқылы халық сайлайды, азаматтарға саяси құқықтар мен еркіндіктер беріледі, елде заңдылық билейді. Француз саясаттанушысы Ж. Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі: 1.либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады; 2. коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең бөлуге бағдар ұстайды; 3. дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді; 4. дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады; 5. авторитарлық-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.
«Демократия» - сөзі гректің «демос» - халық және «кратос» - билік деген сөздерінен шыққан, яғни «халық билігі» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады.
Мемлекет түрі.
Теңдік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
Қоғамдық құрылымның мұраты.
Әр жерде демократия әр түрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген.
Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғарғы билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгеріп отырады.
Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны оындауда, т.с.с. теңдік болады.
Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс.
Демократияда сонымен қатар бостандық , еркіндік болуы керек.
Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.
Тұңғыш демократиялық мемлекет б.з.д.V ғасырда Афинада дүниеге келген. Мұнда «халық кеңесі» жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т.с.с.
Бірақ халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға Афинаға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын әйелдер мен құлдар жатады. Халық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиынға түседі деп қорықты.
Халық кеңесімен қатар бес жүз адамнан тұратын кеңес жұмыс істеді. Оны бесжүздік деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мәселелерді дайындады.
Сонымен қатар халық соты жұмыс істеді. Ол қылмыс жасаушыларды жазалап отырды.
Афиналық демократия Периклдің (б.з.д. 490-429) басшылық еткен дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл уақыт афиналық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Периклдің уақытында барлық билік мүмкіндігінше біркелкі бөлінді.
Демократия ежелгі Римде болған. Мұнда халықтық мінбе жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған.
Бірақ бұл демократияның өрескел жақтары да болды. Азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ , себебі қоғам адам өміріне араласты.
Антикалық демократиядан бастау алған классикалық демократияның өзгешелігі болады. Мұнда саясатқа барлық тап өкілдері қатыса алды. Олар өз көзқарастарын білдіріп, ортақ шешім қабылдады.
Иозеф Шумпетер (1883-1950) демократияның «Шумпетерлік» теориясын жасады. Шумпетердің ойынша, демократияның ойындағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай қажет:
1. Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай билікті, маман өкілдер тобы болуы тиіс.
2. Саяси органдар халық жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек.
3. Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек.
4. Демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды. Мұнда топ өкілдері қандай мәселе болмасын халық мүддесін бірінші қоюы керек
Жана терминдер: жүйе, саяси институт, мемлекет, саяси тәртіп, демократия, тоталитаризм, авторитаризм
7 Дәріс. Сайлаулар мен сайлау жүйелері
1. Сайлау жүйесі, сайлау науқанының тактикасы
2. ҚР сайлау жүйесінің типі
Сайлау жүйесі. Прогюрционалды сайлау жүйесі. Мажоритарлык сайлау жүйесі. Аралас сайлау жүйесі. Сайлау науқанын ақпараттық талдаумен қамтамасыз ету. ҚР сайлау жүйесінің типін анықтау проблемасы. Сайлау науқанының стратегиясы. Сайлау науқанының тактикасы. Үгіт-насихат типті ақпараттық технологиялар. Паблик технологиялар (РК). Еліміздегі сайлау. Сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар. Сайлау комиссиялары: республикалық Орталық сайлау комиссиясы, аумақтық сайлау комиссиялары, округтік сайлау комиссиялары, учаскелік сайлау комиссиялары. Сайлау комиссиясының өкілеттілігі. Сайлау комиссияларының құқықтары мен міндеттері. ҚР-ның Конституциясы мен заңнамаларын сақтау. Азаматтардың сайлау құқықтары мен занды мүдделері. Шешімдер қабылдау: әділ және тәуелсіздік. Кандидаттар мен партияның тізімі ұсынған саяси партиялардың қызметі. Сайлау округтері; бір мандатты, көп мандатты, біртұтас жалпыұлттық. Сайлау учаскелері.
Саяси сайлау технологиялары - сайлау науқанын басқару және сайлаушылар таңдауына ықпал ету технологияларының жиынтығы. Сайлау технологияларының негізгі блоктары: науқанның стратегиясын қалыптастыру, сайлау штабтарын құру және оны басқару, бұқаралық акцияларды өткізу, белсенділермен жұмыс жүргізу әдістері, үміткердің негізгі бейнесін (имиджін) қалыптастыру. Науқанды жүргізу дегеніміз:
Саяси сайлау технологиясы - БАҚ
1) саяси хал-ахуалды бағалау, үміткер мен қарсыластың әлді және әлсіз жақтарын, саяси кеңістік құрылымын талдау;
2) округтың электоралдық паспортын жасау (дауыс беру тарихын, негізгі аймақтық және әлеуметтік ерекшеліктерін, сауалнама нәтижелерін есепке ала отырып);
3) науқанның негізгі мақсаттарын анықтау;
4) электораттың мақсаттық топтарын анықтау және оларға талдау жасау;
5) науқанның негізгі идеяларын, тұжырымдарын дайындау:
6) сайлаушыларды негізгі идеялармен таныстыру әдістерін таңдау, үміткермен және оның өкілдерімен кездесулер, телефон, БАҚ, көшедегі жарнама, пикеттер ұйымдастыру, хат жіберу арқылы үгіт;
7) саяси жоспарлау - сайлау алдындағы белсенділіктің сызба-жоспарын құрастыру; 8) сайлау науқанының штабын құрып, бюджетін және т.б. жоспарлау.
8 Дәріс. Мемлекет және азаматтық қоғам
1. Мемлекеттің шығуы және оның мәні
2. Қазіргі мемлекет және оның ерекшелікті белгілері
3. Азаматтық қоғам ұғымы
4. Құқықтық мемлекет ұғымы және оның ерекше белгілер
Мемлекеттің пайда болуы мен мәні. Мемлекеттік ұғым тарихы және оны зерттеу әдістері. Әлемдік саясаттану қоғам өміріндегі мемлекеттің пайда болуы туралы. Мемлекеттің пайда болуының негізгі концепциялары: теологиялық және патриархалдық, қоғамдық келісім теориясы (Т.Гоббс, Ж.Ж.Руссо), «күш көрсету теориясы» (Л.Гумплович), марксистік теория. Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің универсалды және негізгі институты ретінде. Оның басқа, тұрғындары, мемлекеттік аппарат, салық жинау құқығы.
Мемлекет функцияларының классификациясы. Әр түрлі елдердегі оларды жүзеге асырудың ерекшеліктері. Либерализм, плюрализм, марксизм, анархизм және кейнсиандық қоғамдағы мемлекет рөлі туралы.
Саяси мәселелерді шешу – мемлекет қызметінің ең қиын әрі жауапты сферасы. Қәзіргі әлемдегі мемлекет эволюциясының тенденциясы.
Мемлекеттік басқару органдары. Мемлекеттік аппараттың рөлі мен функциясы. Қәзіргі заманғы мемлекеттің негізгі функциялары.
Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам. “Билікті бөлшектеудегі” заң шығарушы, атқарушы, және сот жүйесінің өзара қарым-қатынасы. Құқықтық мемлекет және оның қоғамдағы рөлі. Құқықтық мемлекет: пайда болу тарихы және қәзіргі зерттеу бағыттары. Демократиялық мәні мен принциптері. Құқықтық мемлекетті ұйымдастыру, негізгі белгілері және критерийлері. Қ.Р.-нда құқықтық мемлекеттің қалыптасу мәселесі.
Азаматтық қоғам- қәзіргі саяси ғылымның негізгі түсініктерінің бірі. Азаматтық қоғам мәселесінің тарихы, мәні, ұғым мазмұны, экономикалық негізі және саяси критерийлері. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара байланыс диалектикасы.
Азаматтық қоғамның қызмет ету және өзіндік дамуының шарты: демократиялық мемлекеттік құрылымдардың болуы, жалпыға ортақ нормалар (ережелер) мен процедураларды, заңдарды мемлекеттің қатаң ұстануы; қоғамда әр алуан дамыған әлеуметтік құрылымдардың болуы; тұлғаның әлеуметтік, интеллектуалдық, психологиялық дамуының, сондай-ақ мәдениеттің және саяси мәдениеттің жоғары деңгейі.
Жана терминдер: мемлекет, құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, унитарлық, федерация.
9 Дәріс. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар
1. Саяси партиялардың пайда болуы
2. Саяси партиялардың жіктелуі
3. Партиялық жүйелер ұғымы
4. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар
Қазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің қалыптасу кезеңі ХVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек ХХ ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әртүрлі әлеуметтік топтардың сынынан өткен нағыз саяси партияға айналды.
«Партия» деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Тұңғыш алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болған. Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған. Сондықтан мұндай шағын топтардың айтарлықтай маңызы болмады.
Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастаған. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу мүмкінділігін тудырады. Жұмысшылар ұйымдасып, парламентте өз мүдделерін қорғайтын партиялар құра бастады. Партия бірден көпшілік партияға айналған жоқ. Немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынандай кезеңдерді көрсетті:
Аристократиялық үйірмелер.
Саяси клубтар.
Көпшілік партиялар.
Мұнда аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаса, саяси клубтар буржуазияның мүддесін қорғады. Ал көпшілік партия үнемі көпшілікпен байланысты болады. Барынша өз қатарына көбірек адамдарды тартады. Бұл кезеңдерді тек Ұлыбританияның либералдық және консервативтік (тори) партиялары ғана басынан өткізген. Басқа партиялар әртүрлі даму жолдарынан өткен. Біразы бірден көпшілік партияға айналды.
Тұңғыш көпшілік партия болып 1861 жылы Ұлыбританияның либералдық партиясы құрылды. Одан кейін Германияда 1863 жылы жалпы Германияның жұмысшы одағы партиясы құрылды. Мұндай партиялар басқа да елдерде құрыла бастады.
Американың саясаттанушысы Ла Паломбараның айтуынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады:
1.Партия белгілі бір идеологияны қорғайды;
Партия - адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін ұзақ, біріктіретін ұйым.
Партияның мақсаты — билікті қолга алып, жүзеге асыру;
Әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен, мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.
Партиялардың өмір сүру ұзақтығы дау-жанжалдардың тууы мен оларды шешу қажеттігінен туады. Жалпы саяси партиялардың мынандай сипатты белгілері болады:
1.Партия бағдарламасының болуы;
2.Саяси билік үшін күрестің болуы;
3.Партиялық тәртіптің болуы;
4.Партияға мүшелік ету;
5.Мүшелік жарна төлеу;
6.Партияның жарғысының болуы;
7.Баспа органдарының болуы;
8.Партия басшылығының көптеген өкілеттігі;
9.Кәсіптік негіздегі партия аппаратының болуы.
Осындай белгілері бар саяси партиялар тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, жұмысына мақсаттылық сипат береді, белгілі бір идеологияны қорғайды, бағыт береді.
Поляктың саясаттанушысы А. Боднардың ойынша, казіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтер атқарады:
1. Саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;
2. Қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау:
3. Олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;
4. Мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;
5. Қоғамдың пікірді қалыптастыру;
6. Жалпы қоғамды, топты саяси тәрбиелеу;
7. Саяси жүйелерді, оның принциптерін, элементтерін, құрылымдарын қалыптастыруға қатысу;
8.Мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының бағдарламасын жасау;
9.Мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдарының аппараты үшін кадрлар даярлау, ұсыну.
Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті - азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әртүрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді.
Сонымен саяси партиялардың негізгі қызметтері төмендегідей:
Саяси, ұйымдастырушылық, теориялық, идеологиялық.
Жана терминдер партия, идеология, бағдарлама, консерватизм, либерализм.
10 Дәріс. Саяси даму мен модернизация
1. Саяси модернизация
2. Саяси модернизация теориялары
3. ҚР саяси модернизация
Дәріс тезисі: Саяси модернизация - аумақты кеңейту және әкімгершілік-саяси шекараны реттеу. ұлттық немесе федеративтік мемлекеттердің құрылуы, орталық (заң шығарушы, атқарушы) биліктің күшеюі, сонымен бірге билік бөлінісі; екіншіден, мемлекеттің қоғамның ішкі бірлігін және тұрақтылығын сақтай отырып экономика, саясат және әлеуметтік салалардағы құрылымдық өзгерістерге дайындығы; үшіншіден, саяси үрдіске түрғындардың кеңінен қосылуы; төртіншіден, саяси демократияның орнауы немесе билікті заңдастыру тәсілдерін өзгерту.
Саяси модернизация теориялары - XX ғ. 50-60 жж. модернизация теориясы қоғамдық-тарихи даму теорияларының бір бағыты ретінде қалыптасты. Бұл теорияның басты белгісі - универсалдық, яғни, қоғам дамуын барлық елдер мен халықтар үшін ортақ заңдылықтары мен кезеңдері бар жалпы (универсалды) процесс ретінде қарастыру.
Модернизация теориясындағы либералдық бағыт. Либералдық бағытты зерттеушілер (Р.Даль, Г.Алмонд, Л.Пай) саяси модернизацияның мақсатын үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік және саяси талаптармен жұмыс істей алатын институттардың қалыптасуынан көреді. Билік өкілдері мен тұрғындар арасындағы диалогтың орнауы. Мұндай диалогты ұйымдастыру ашық әлеуметтік және саяси жүйені орнатуды білдіреді. Бұл жағдайда әлеуметтік топтар арасындағы айырмашылық жойылып, әлеуметтік белсенділік өседі, ал саяси салада әкімгершілік және саяси топтар мен институттар арасындағы қарым-қатынас тиімді реттеледі.
Либералдық бағыт үшін саяси модернизацияның негізгі белгісі - азаматтардың саяси араласуының деңгейі мен әртүрлі топтардың, саяси жетекшілердің ашық саяси бәсекелесуінің алғышарты.
Консервативтік бағыт өкілдері (С.Хантингтон, Дж.Нельсон) модернизацияның негізгі көзі деп саяси өмірге араласатын бұқара халық күресін үнемі өзгертіп отыратын әлеу¬меттік мақсаттар кепілдігін қамтамасыз ете алатын саяси институттардың беріктігі мен ұйымшылдығын айтты. Қатаң тәртіп қана нарық пен ұлттық бірлікке өтуді қамтамасыз ете алады. Сондықтан да модернизация жоғары орталықтандырылған саяси институттарды талап етеді, яғни, қоғамдық өзгерістер үшін ұйымдық құралдарды институттандыру қажет.
11 Дәріс. Саясаттағы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар
1. Саяси шиелініс
2. Саяси жанжалдарды реттеудің технологиялары
3. Саяси қайшылықтар
Саяси шиелініс ұғымы. Конфликтология. Саяси жанжалдарды реттеудің технологиялары, Саяси қайшылықтар. Саяси қақтығыс, саясат субъектілерінің саяси мәртебе мен институттарды, әлеуметтік тәртіпті сақтау немесе өзгерту, түрлендіру. Билік үшін теориялық және іс-жүзіндегі күрес. Саяси қақтығыс ұғымы әлеуметтік-саяси күштер. Саяси қатынас субъектілерінің теке-тірестері.Саясат теориясының тілі, саясаткердің ойлау үлгісі. Саяси қақтығыстардың саяси-мемлекеттік, билікті жүзеге асыру мен бөлісу, әр түрлі әлеуметтік-кәсіби, этноконфессиялық және басқа да топтар мүдделерінің сан алуандылығы. Саяси қақтығыстардың шығуы. Саяси саладағы мәртебелік-рөлдік құрылымның сатыллары. Саяси құқықтар мен бостандықтар. теңсіздік. Саяси өмірге қатысу деңгейлері мен түрлері. Саяси қақтығыстар пәні
Саяси қақтығыстардың кезеңдері келіспеушілік, наразылық. Саяси қақтығыстарды шешудің жолдары: мәмілеге келу, кешірімділік, ымыраға келуін, зорлық негізінде бітістіру, келістіру, келіссөздер.
12 Дәріс. Саяси сана және саяси идеология
1. Қазіргі саяси идеологияның негізгі түрлері мен бағыттары
2. Саяси мәдениет және саяси әлеуметтену
Идеологияның тұжырымы. Идеологияның сендіру жүйесі ретіндегі түсініктемесі. Идеология және нормативистика. Мемлекет және идеология. Қоғамдық макроконсенсус принципі. Экологизм, ұлтшылдық идеологиясының әсері.Идеологияның саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық философиялық тәсілдері. Саяси идеология тұжырымдары мен пікірлері. Саяси идеологияның ағартушылық дәуірдегі мәні мен бастуы. Қоғам өмірінде идеологияның қызметтері: танымдық, бағдарламалық, жұмылдыру, іске асыру, амортизациялық, бағалау қызметі. Саяси идеология теориялық тұрғыдағы топтың, таптың негізгі мүдделерін тануы. Ережелер, рухани байлықтар, бағалы бағыттар жүйесі. Саяси идеологияның санаға, жеке тұтастық сезімге ие болу қабілеті. Саяси идеологияның прогрестік, либералдық, революциялық, консервативтік, радикалыдық, реакциялық, шовинистік, ұлтшылдық т.б. түрлері. Саяси идеология және БАҚ. Саяси идеологияның либералдық, консервативтік, коммунистік, социал-демократиялық және фашистік идеологиялар. Идеология және патриотизм.
Саяси мәдениет ұғымының жалпыға бірдей ортак анықтамасы жоқ. Қазіргі саяси әдебиетте оның 30-дан астам анықтамасы кездеседі. Бұл мәселенің күрделілігімен әлі жете тексерілмегендігін білдірсе керек.
Саяси мәдениеттің мағьнасьн айқындау үшін ең алдымен оның құрылымын жақсы білген жөн. Бұл жөнінде де ғалымдар арасында келіспеушілік бар. Америкалык саясатшылар Г. Алмонд пен С. Верба саяси мәдениетті адамдардың психологиялық бағдарларының жиынтығы деп түсінеді. Бірталай саясатшылар оны саяси казыналардың, нанымдардың, нұскаулардың жиынтығы деп санайды.
Сонымен қатар баска да көзқарастар бар. Мысалы, ағылшын саясатшылары Р. Карр мен М. Бернстейн саяси мәдениетке саяси идеялар мен әлеуметтік тәжірибе, адамдардың саяси өзін-өзі ұстауы да кіреді дейді. Олардың ойынша, саяси мәдениетке әлеуметтік топтардың саяси іс-әрекеттеріндегі тәсілдерді, саяси нанымның табиғаты жөне оның мүшелерінің қазыналары жатады.
Саяси мәдениет қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстауы, осы саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті, өкімет пен азаматтардың өзара катынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұскаулар, казыналар жатады.
Сонымен, саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамга немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси санамен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтыгын айтады.
Саяси мәдениеттің өзіндік міндеттері, қызметтері бар. Оларға танымдық, реттеушілік, тәрбиелік, біріктірушілік, қорғау, сабақтастық кызметтері жатады.
Танымдық қызметі — қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын зандылықтар мен принциптерді танып-білуге, субъектіні саяси салада табысты жұмыс істеуге керекті біліммен, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдерімен қаруландыру.
Реттеушілік қызметі — саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық тәртіпті камтамасыз ету, әлеуметтік-таптық, ұлттық қатынастарды реттеу.
Тәрбиелік қызметі — әркімді қоғамдық-саяси қызметке, әрекетке, саяси белсенділікке ынталандыру, табандылыкка, кеңшілікке, төзімділікке, қоғам алдында жауапкершілікке баулу.
Біріктірушілік қызметі — қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқылы әлеуметтік топтар, таптарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен қоғам жұмыстарын басқаруға жұмылдыру.
Қорғау қызметі — қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды, казыналарды сақтау.
Сабақтастық қызметі — саяси тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз ететін
Жана терминдер мәдениет, әлеуметтену (социализация), субмәдениет, бихевиоризм.
13 Дәріс. Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар
1. Халықаралық саяси институттар, олардың түрлері, мақсаттары және өмір сүру ерекшеліктері.
2.Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы, жаһандық проблемалардың типтері.
3. Жаһандық проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастық.
4. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары жүйесіндегі Қазақстан
5. Геосаясат
Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар Дүниежүзілік саясат ұғымы. Халықаралық қатынастар жүйесі, саяси, экономикалық, идеологиялық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени және басқа да байланыстар мен халықаралық қатынастар субъектілерінің арасындағы қатынастардың жиынтығы ретінде. Халықаралық қатынастар субъектілері (мемлекет, халықаралық ұйымдар). Халықаралық қатынастардағы қажеттіліктер мен мүдделер, нормалар және құндылықтар. Халықаралық қатынастардың типтері мен түрлері. Геосаясат.
Халықаралық институттар, олардың түрлері, мақсаттары және өмір сүру ерекшеліктері. Халықаралық қақтығыстардың себептері, олардың түрлері, салдарлары, алдын алу жөне шешу тәсілдері.
Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты, оның көп бағыттылық сипаты. Қазіргі заманның жаһандьгқ проблемалары
Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы және типтері: ядролық соғысты болдырмау және жаппай қырып-жоятын ядролық қаруды қолданбау мен қысқарту, экологиялық, демографиялық және азық-түлік проблемалары. Лаңкестік және экстремизм проблемалары, есірткіні өндіру және тарату (есірткі бизнесі және есірткі трафигі), дамушы елдердің артта қалуы мәселелері. Жаһандық проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастық. Адамзаттың XXI ғасырдағы әлеуметгік-саяси дамуына болжам жасау. Жаһандық проблемалар, халықаралық ұйымдар.Қазіргі заманның жаһандық проблемалары жүйесіндегі Қазақстан.
Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады. Евразия континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды. Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан – солтүстікте – Ресей, шығыста – Қытай және батыста – Еуропа. Орталық Азия бұл мемлекеттер арасындағы қатынас жолы және сонымен қатар бұларды бір-бірінен қорғайтын аймақ ретінде пайдаланылды. Атақты Британ ғалымы сэр Хэлфорд Маккиндер (1861-1947), геосаясаттың маманы келесідей пікір ұсынған болатын. Кімде кім Орталық Азияға билік орнатса, Евразия континентіне билік етеді, ал кім Евразия континетіне билік орнатса, онда ол әлемді билеуге мүмкіндік алады. Бұл Орталық азияның ғаламдық геосаяси қатынастардағы маңыздылығын көрсетеді. 1991 жылы Кеңес үкіметінің ыдырауы нәтижесінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мемлекеттері тәуелсіздікке қауышты. Дегенмен, бұлардың халықаралық саяси және экономикалық қатынастардағы орны қырғи-қабақ соғысының аяқталғанына қарамастан әлсіз болатын. Олардың бай мәдениеті мен түрлі-түсті дәстүрлері басқа мықты мәдениеттер тарапынан қабылданбады. Алайда, жағдай Америкадағы 11-і қыркүйек лаңкестік шабуылдарынан соң өзгерді. Бұл шабуылдан соң АҚШ Ауғанстанға әскер енгізді, нәтижеде Орталық Азия аймағы анти-террористік шаралардың базасына айналып, халықаралық қауымдастықтың назарын өздеріне аударды.
14. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. ҚР сыртқы саясатының негізгі басымдықтары
1. Егемен Қазақстанның саяси шынайылық ретіндегі қалыптасуы мен дамуы
2. Жалпыреспубликалық референдум және ҚР жаңа Конституциясының қабылдануы
3. Қазақстанның сыртқы саяси және экономикалық байланыстарын дамыту
4. Республиканың халықаралық форумдарға қатысуы
КСРО-ның ыдырау барысын тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жөнінде Конституциялық Заң қабылдауы улкен айтыс-тартыстың арқауы болды. Сөз жоқ, осыдан бір жыл бұрын Қазақстанның тәуелсіздігі жөніндегі Заң көптеген қарсылықтарға ұшырар еді, 1991 жылдың соңғы 4 айының ішіндегі саяси процестер тығырықтан шығудың табиғи жолына бастап әкелді: Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. «Мұндай заңды көп ұлтты Қазақстан халқы көптен күткен еді, - деп мәлімдеді республиканың халық депутаты С.Сартаев, - егер де оны біздің халқымыздың көптеген ұрпақтары жақындата түсті десем, ақиқатқа қарсы айтқан болмас едім. Тәуелсіздік үшін күрес үздіксіз дерлік жүргізіліп келді».
Қабылданған құжаттың 1-бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық, унитарлық және құқықтық мемлекет деп анықтама берілген. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толық жүзеге асырады, ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізеді, басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынасын халықаралық құқық қағидалары негізінде құрады. Қазақстан аумағы біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғылмайтын болып табылды.
Заңның 2-бабында республика азаматтары ұлтына, діни сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстығына, шыққан тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, кәсібіне, тұрған жеріне қарамастан барлық құқықтар мен міндеттерді, бостандықтарды пайдалана алатыны атап көрсетілді. Егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттіліктің қайнар көзі республика азаматтары болып табылады. Республика аумағынан кетуге мәжбүр болған және басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға өздері азаматтары болған мемлекеттің заңдарына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының азаматтығын да қоса алу құқығы берілді. Республика аумағынан жаппай қуғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру, басқа да адамгершілікке қайшы акциялар барысында қашып шыққандар мен олардың ұрпақтарының елге оралуына қолайлы жағдайлар жасалды.
Мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі қазақ ұлты және Қазақстанда тұратын басқа ұлттар мен ұлт өкілдері мәдениетінің қайта өрлеуі мен дамуына қамқорлық жасау болып табылады. 
Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі, ол өзінің тәуелсіздігін қорғау мен ұлттық мемлекеттілігін нығайту шараларын қабылдайды. Республиканың ажырамас құқығын құрайтын мәселелерді шешуге кез келген сырттан қол сұғушылық оның мемлекеттік тәуелсіздігіне нұқсан келтіру ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасының өз мемлекеттік рәміздері - Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң тарихи маңызды құжат және егеменді, демократиялық қоғам қалыптастырудың негізі болып табылады.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңды қабылдау жөніндегі хабарды республика халқы қуана қарсы алды. 1991 жылғы
Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен 1992 жылғы қаңтарда Ішкі істер әскері құрылды. Армия қатарына шақырылған жастар Қазақстан аумағында әскери борышын өтеу мүмкіндігіне ие болды. Бұрын, ұзақ жылдар бойы «эксаумақтық» қағида бойынша әскерге шақырылғандар туған жерінен неғұрлым алыс аумақтарда қызмет етуге тиіс болатын. 1992 жылы тамызда Республика Президенті әскери қызметшілер үшін әскери анттың жаңа мәтінін бекітті.
15. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы
1. Мемлекеттің жаңа саяси бағыты
2. ҚР мемлекеттік жастар саясаты
3. Экономикалық және сауда дипломатиясының дамуы
Еліміздің сыртқы саяси мүдделерін кең ауқымды қамтуы мен ұлттық мүдделерін қорғау барысында маңызды ұсыныстарының ішінен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру туралы бастама да тарихи маңыздылығы зор шешімдер қатарынан табылады (1992 ж.). Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) – жалпы алғанда 3 миллиард халқы бар, 18 мемлекетті біріктірген, дүниежүзілік ішкі жалпы өнімнің үштен бірі тиесілі, Еуразия континентіндегі қауіпсіздікті нығайтуға өзінің қомақты үлесін қоса алған беделді халықаралық ұйым. Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының басты бағыты халықаралық экономикалық одақтармен қауымдастықтарға қатысу арқылы жаһандық экономикаға кіру болды. Осы мақсатта Біртұтас экономикалық кеңістік, ЕурАзЭҚ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Орта Азиялық ынтымақтастық шеңберіндегі жұмыстарды белсенді түрде атқаруда. Қазақстанның Азия Даму банкі, Бүкіләлемдік банк, Еуропа қайта құру және даму банкі, Еуропа инвестициялық қоры, Еуропа инвестициялық банкі одақтарындағы өзінің орнын нығайтуы еліміздің экономикалық даму кеңістігін әлемдік деңгейге көтерді. Осындай жан-жақты ішкі және сырқы саясаттың нәтижесінде Қазақстанда тиімді халықаралық ынтымақтастықтың берік жүйесі жасалды, еліміздің әлемдегі беделі жоғарылады. Бұған дәлел – Қазақстан Республикасына әр жыл сайын халықаралық беделді ұйымдарға төрағалық ету құрметті міндетінің жүктелуі. Ал осы ұйымдардағы төрағалық ету мерзімі төмендегідей: Азиядағы ынтымақтастық үнқатысуы – 2008-2009 жылдар, АӨСШК – 2006-2010 жылдар, ЕҚЫҰ – 2010 жыл, ШЫҰ – 2011 жыл, ИКҰ – 2011 жыл. Бұл ұйымдардың бәрі де әлемдегі ықпалды, көпқырлы саяси қызметтерімен танылған ұйымдар. Мысалы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ – ОБСЕ - OSCE) әлемнің ең дамыған демократиялық мемлекеттері құрған халықаралық ұйымы. Бұл ұйымға төрағалық етуге халықаралық сенім білдіру Қазақстан үшін, жоғары саяси бедел мен мәртебе. Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы және Еуразия құрлығында осындай құрметті және жауапты миссия жүктелген бірінші ел болып табылады. 158 Ал Ислам Конференциясы Ұйымы (ИКҰ) - халықаралық ұйымдардың ішіндегі ең ірі, ықпалды үкіметаралық мұсылман ұйымы болып табылады. Қазіргі кезде халқы 1,4 млрд –тан астам адам санын құрайтын 57 елді біріктіреді. ИҚҰ БҰҰ- дан кейін мүше мемлекеттер саны бойынша әлемде екінші орын алады. Ислам Конференциясы Ұйымының қауымдастырылған мекемелерінің кең жүйесі құрылған. Солардың ішінде Бүкіләлемдік банктің баламасы – Ислам даму банкі, қызметі ЮНЕСКО –мен ИСЕСКО-ға ұқсас және т.б. Осының бәрі Қазақстанға кең ауқымды мәселелер шешімдеріне қатысу мүмкіндігін береді. Осындай экономикалық және саяси одақтар мен қауымдастықтарға қатысу арқылы Қазақстан жаһандық экономикаға кірігу саясатын жүзеге асыруда. Қазақстанның егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, әлемдік қоғамдастықтың беделді мүшесі деңгейіне жетуіне басты негіз болған - - нақты іс жүзіне асырылған ішкі саясат. Олардың бірінші орынға қойылған басымдықтары: экономика, әлеуметтік саясат, мемлекеттің рөлін арттыру және т.б.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер
1. С.Ф. Байтілеп. Саясаттанудың дәрістер курсы. Алматы: ЖҚ Отан, 2014 ж.
2. Д.Жамбылов. Саясаттану. Алматы. 2005.
3. Н.Қапесов. Саясаттану. Алматы. 2003.
4. К.Кенжебеков. Саясаттану негіздері. Алматы. 1998.
5. Е.Қуандық. Саясаттану негіздері. Алматы. 2005.
6. Рахымбаева А С Саясаттану: Дәрістер жиынтығы Астана 2006 -208бет
7. Балғымбаев А.С. саясаттану негіздері. – Алматы, 2004
8. Балғымбаев А.С. саясаттану негіздері. – Алматы, 2004
9. Президент Н.Ә.Назарбаев және қазіргі кездегі Қазақстан. 1 том. Н.Ә.Назарбаев
және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы: 3 том. Құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы: ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2010. – 256 б.
10. Президент Н.Ә.Назарбаев және қазіргі кездегі Қазақстан. II том. Н.Ә.Назарбаев
және саяси реформалардың Қазақстандық стратегиясы: 3 том. Құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы: ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2010. – 280 б.
11. Президент Н.Ә.Назарбаев және қазіргі кездегі Қазақстан. III том. Н.Ә.Назарбаев
және Қазақстанның сыртқы саясаты: 3 том. Құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы: ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2010. – 256 б.
12. Байделдинов Л.Ә. Теоретикалық саясаттану. – Алматы 2005
13. Әлемдік саяси ой антологиясы – 2007 ж.
14. Әбсаттаров Р.Б. Саяси технологиялар: теория мен тәжірибе. Хабаршы.
Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. – Алматы: Абай атындағы АлМУ, 2002
№2. – 104-123 беттер
Қосымша әдебиеттер:
15. Евразийство: истоки, концепция, реальность. Н.Назарбаев М.: Паблис, 2014
16. Китай и страны Центральной Азии в современных геополитических условиях. Сборник статей / Под ред. Л.Музапаровой.-Алматы: Центр по изучению Китая при ИМЭП, 2008 г.
17. С.Усенов. Идеи Н.Назарбаева – идеология независимого Казахстана. Алматы 2014
18. Пугачев, В. П. Введение в политологию [Электронный ресурс] / В. П. Пугачев,
А. И. Соловьев.- М.: КНОРУС, 2010.
19. Вебер М. Политика как признание и профессия. М., 1990.
20. Макиавелли И. Государь. М., 1991.
21. Гаджиев К.С. Политическая наука. Н. Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. А., 1996.
22. М. Шоқай. Түркістанның қилы тағдыры. А., 1996.
23. И. Азаркин. История политических учений. М., 1994.
24. Ы.Алтынсарин . Таңдамалы шығармалары Алматы 1994
25. Ә.Бөкейханов . Шығармалар. Алматы 1994
26. Д. Жамбыл Саясаттану Оқу құралы. Алматы1994
27. Н.Назарбаев Ғасырлар тоғысында Алматы 1994
28. Всеобщая декларация прав человека. М., 1995.
29. Азаркин Н. История политических учений Москва., 1994Выпуск оска.
Элементы литической науки. Социс. 1995. № 4, 5, 8.
30. Ашин Т.К. Основы элитологии. А., 1996.
31. Олжабаева.К.Т. Қазақстан саяси жетекшілігі. Саясат. 2000. № 2.
32. Қалесов. ҚР саяси элита қалыптасуы. Саясат. 2002. № 12.
33. Молдабеков Ж.Ж. Ұлтшылдық мәселесі. Ақиқат. 2001. №2.
34. Здравомыслов А.Т. Межнациональные конфликты в постсоветском пространстве. М., 1997.
35. Қадыржанов Р. Қазақстандағы орыс ұлты жайлы. Егеменді Қазақстан, 2004
36. Мурзалин Ж.А. О модернизации / Саясат. 2000. № 2.
37. Нысанбаев А. ҚР даму ерекшеліктері / Саясат 2001. № 6.
38. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. А., 1996.
39. ҚР Конституциясы. А., 1995.
40. Қасымбеков М.Б. ҚР президенттік билік / Ақиқат. 2001. № 2.
41. Айталы А. Казахстанский парламентаризм / Саясат. 2001. № 4.
42. Фукуяма Ф. Конец истории / Вопросы философии. 1990. № 3.
43. Саясаттану. Энциклопедиялық сөздік. А., 2000.
44. Сатпаев Д. Особенности национального лоббизма / Саясат. 1999. № 2.
45. Мустафин. Саяси партиялар сайлау қарқында / Егеменді Қазақстан. 2002. № 4.
46. Артемьев А.И. Политическая культура в реалиях современного Казахстана.
Саясат. 2000. № 4, 5.
47. Ибраева М.Б. Массмедиа, саясаттағы орны. Ақиқат. 2001.
48. Елишбеков А. Вступление Казахстана в ООН Евразийское сообщество. 2004. № 1.
49. Сарсекеев М.М. Национальные интересы и внешняя политика Казахстана /
Евразийское сообщество. 2002. № 1.
50. Шахаман З. Государственная власть в РК в 21 веке. Саясат.2002 №2, ҚР Конституциясы. А., 1995.
51. Байдильдинов Н. Саяси тұрақтылық. Саясат. 2003. № 5.
52. Артықбаев М. К вопросу о прогнозировании современных политических систем / Евразиское сообщество. 2004. № 1.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2012
2 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы Ф.4.09-47
01.09.2012 ж.
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы
Саясаттану
(пәнің атауы)
Кафедра: философия және саясаттану
Тьютор: В.Т. Енсеева
Мамандық: барлық мамандықтар үшін
Кредит саны: 2
Пән циклі: міндетті
Студенттер саны: 800
Әдебиет түрі № Шифр Әдебиет атауы Бар болуы Ескерту
Кітапханада
және кафедрада % Негізгі Ф01(2К)я73 Қуандық Есенғазы Сламғазыұлы. Саясаттану негіздері: Оқу құралы / Е.С. Қуандық.-
Толықтырылған 2-ші басылым.- Алматы: Дәуiр, 2005.- 224б.
400 50 20. Ф01я73
Қапесов Н. Саясаттану: Лекциялардың қысқаша курсы / Н. Қапесов.- Алматы: Жетi
жарғы, 2003.- 216б.
250 32 Ф01(2К)я73
Ж 25 Жамбылов Д. Саясаттану: Оқулық / Д. Жамбылов.- Өзгеріссіз 3-басылымы.- Алматы:
Жетi жарғы, 2007.- 280бет.
650 Ф01я73
Б22 Балғымбаев А.С. Саясаттану - Политология. 1-ші бөлім: Оқу құралы / А.С.
Балғымбаев.- Алматы, 2003ж.- 304б 400 50 Ф01я73
Б22 Б17 Байділдинов Л.Ә. Теориялық саясаттану: Оқулық / Л.Ә. Байділдинов.- Алматы:
Интерлигал, 2005.- 264б.
150 20 Қосымша Ф . Ф01я73
Абсаттаров Р.Б. Тесты по политологии: Вопросы и ответы: Учебное пособие / Р.Б.
Абсаттаров.- Алматы: Ғылым, 2005.- 312с.
(Общее кол-во-10,Ост.- 10 8 Ф01 А43
Актуальные проблемы современной идеологической борьбы: Учебно-методическое
пособие.- М.: Политиздат, 1977.- 302 с.
3 3 Кенжалин Жұмабек. Шындықты шырақ етіп ұстаңыз: Байыптамалар, деректі әңгімелер,
очерктер / Ж. Кенжалин.- Алматы: Қазақстан, 1998.- 239бет.
1 1 22. Ф019
Қуатов Б. Отанымыздың тарихы туралы саяси әңгіме: Жоғары оқу орындарының
студенттеріне арналған оқу құралы / Б. Қуатов.- Алматы: Бiлiм, 1993.- 272бет.
33 4 Молдабеков Ж. Антикоммунизм идеологиясының дағдарысы / Ж. Молдабеков.- Алматы:
Қазақстан, 1982.- 64бет.
10 12 анықтамалық 16. Ф01я73
Коротец И.Д. Политология: 100 экзаменационных ответов / И.Д. Коротец.- 5-е изд.
, испр. и доп.- Москва: МарТ, 2005.- 256с.
200 25 14. Ф01(2К Казахстанская политологическая энциклопедия.- Алматы: Қазақстан даму институты,
1998.- 447с.
180 22 Ф01(2К)
1. Ф01в6
Абсаттаров Р.Б. Тесты по политологии: Вопросы и ответы: Учебное пособие / Р.Б.
Абсаттаров.- Алматы: Ғылым, 2005 250 30 Емтихан сұрақтары:
1. Саяси элита құрылымы, қызметі.
2. Саяси лидерлік түрлері.
3. Тоталитаризм теоретиктері.
4. Тоталитаризм және диктатура ерекшеліктері, ұқсастығы.
5. Қазіргі дәуірде тоталитарлық саяси тәртіп қандай мемлекеттерде бар.
6. Тоталитаризмнің белгілері.
7. Саяси идеология мәні, қызметі.
8. Либерализм және неолиберализм.
9. Консерватизм және неоконсерватизм.
Социализм және социал-демократизм.
Фашизм.
Саяси идеологияның қоғамдағы мәні.
Идеологияның діннен, уағыздаушылықтан ерекшелігі.
Фашизмнің пайда болу себептері.
Қазақстандық қоғамдағы басты идеяның басты мәні.
16. Саяси мәдениет ұғымы.
17. Саяси мәдениет типологиясы.
18. Саяси әлеуметтену.
19.Мәдениет және саяси мәдениет.
20. Саяси мәдениет теориясының негізін қалаушы.
21. Саяси мәдениет қызметі.
22. Саяси әлеуметтену, тұлға, азамат.
23. Саяси өмірдегі коммуникативтік процестердің мәні мен ерекшілігі.
24. Бұқаралық ақпарат құралдары.
25. Қоғамдық пікір.
26. “Саяси коммуникация” ұғымына зерттеушілер нені енгізді.
27. ҚР қолданылатын саяси комуникация құралдары.
28. Қоғамдық пікір қалыптасуындағы негізгі факторлар.
29. Саяси процесс, халықаралық қатынастар.
30. 20 ғ. дүниежүзілік саясат.
31. Дүниежүзілік глобальдық мәселе
32. “Халықаралық саясат” түсінігі.
33. 20 ғ. халықаралық қатынастар дамуы.
34. Ғаламдану процесі және Қазақстан.
35. ҚР сыртқы саясаты.

Приложенные файлы

  • docx 16370970
    Размер файла: 1 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий