Нәрестенің өкпесінің гистологиялық құрылысы. Өкпенің адамның қартаю барысындағы жасына байланысты өзгерістері.


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Нәрестенің өкпесінің гистологиялық құрылысы. Өкпенің адамның қартаю барысындағы жасына байланысты өзгерістері. Орындаған: Байназарова Г.К.Қабылдаған:Есимова Р.Ж. Жоспар: КіріспеНегізгі бөлім 1)Өкпенің құрылысы. 2)Қабықшалары. 3) Нәрестедегі өкпенің дамуы.Қорытынды.Қолданылған әдебиеттер: Кіріспе: Тыныс алу жүйесінің маңызды мүшелерінің бірі өкпе болып табылады. Оның негізгі қызметі: газ алмасу. Жасқа байланысты өкпенің даму барысында көптеген өзгерістер болады. Өкпенің негізгі жағдайы адамның өзінің жаман әдеттерден аулақ ұстауына байланысты. Мысалы: темекі шегу, алкоголь т.б бәрі мүшелердің дамуына елеулі зиянын тигізеді. Өкпе-көкірек қуысының көп бөлігін алып жататын және тыныс алу кезінде өз пішінін өзгертіп отыратын мүше. Өкпе- ауа жолдары, бронхтар мен өкпе көпіршіктер жүйесі немесе альвеолалардан тұрады. Альвеолалар өкпенің респраторлық бөлімі болып табылады. Өкпенің бронхтары оң және сол жақтағы бронхылар жүйесінен тұрады. Бұл бронхылар өкпе ішінде ауа жолдарын түзіп, бірнеше тармақтарға бөлінеді. Құрылысы Бронхылардың бөлінуі: Диаметріне байланысты: ірі бронхылар(15-20мм), орташа(5-2) және майда(2-1) бронхтар болп бөлінеді. Ал бқдан кейінгі соңғы бөлігі терминальді бронхиолаларға айналады. Бронхиолалар газ алмасу қызметін атқаратын респираторлық бөлім болып табылады. Құрылысы жағынан кеңірдекке ұқсас, бірақ өзіндік ерекшеліктері бар. Бронхтардың диаметрі кішірейген сайын шырышты қабықшаның бұлшықетті табақшасының жиырылуы салыстырмалы түрде күшейе түседі. Ең ірі бронхтардың шырышты қабықшасында лмфа түйіндері мен шырышты бездер болады. Қабықшалары: Шырышты қабықшаФиброзды шеміршекті қабықшаАдвентициальды қабықша Шырышты қабықшаның құрылысы Эпителиальдық табақшаМеншікті табақшаБұлшықетті табақша Эпителиальды табақша Бұл табақшадағы жасушаларды 3 топқа бөлеміз:Негізгі жасушулар: кірпікшелі, бокал тәрізді, ендірме.Минорлық жасушалар: эндокриноциттер, Лангенгарс жасушалары, кірпікшесіз.Ерекше жасушалар тобы. Жиекшелі, Клар жасушалары. Меншікті табақша борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасынан тұрады. Ерекшелігі: эластикалық талшықтары көбірек.Бұлшықет табақшасы –бронхылардың көлемі кішірейген сайын, бұлшықет табақшасы қалыңдап, бокал тәрізді жасушалар азаяды. Өкпенің респираторлық бөлімі Терминальды бронхиолаРеспираторлық бронхиолаларАльвеолярлық жолдарАльвеолярлық қапшықтар Альвеола қабықшасының жасушалары Респираторлық-альвеолярлық жасуша. Өте жұқа қабықша болып табылады. Цитоплазмазмасында көпіршіктер мен митохондрия басым. Газ алмасуды қамтамасыз етеді. Аэрогематикалық тосқауыл құрамына кіреді.Үлкен көлемді альвеолярлық жасуша. Секреторлық қызмет атқарады. Сурфактан өндіреді. Ұрықтың 4 аптасы. Жүрекпен қоса өкпе, асқазан,бауыр қалыптаса бастайды. Жүктіліктің 36 аптасы. Өкпе дамыған, бірақ толық емес. Постнатальдық кезенде жаңа туған баланың кіндігін байлағаннан кейін өкпесіндегі газ алмасу елеулі өзгерістерге ұшырайды. Жасқа байланысты өзгеруі

Приложенные файлы

  • ppt 16307767
    Размер файла: 431 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий