силлабус ФГП каз +


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Техника факультеті
«Металлургия» кафедрасы
СИЛЛАБУС
Пән Тау жыныстарының физикасы ( 4 кредит)
Мамандық 5В070700 «Тау кен ісі» Курс 3
Оқытушы: Сұлтанов М.Ғ.
2015-2016 оқу жылы
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Силлабус

Тау жыныстарының физикасы ( 4 кредит)
Сабақ өткізу уақыты мен орыны ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны
Оқытушының
аты-жөні Байланыс, тел,
email
Бекітілген сабақ кестесімен График уақыты бойынша Сұлтанов М.Ғ. 87012362237
[email protected]
ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ:
Оқу пәнінің мақсат-міндеттері: «Тау жыныстарының физикасы» пәні кен жұмыстарын жүргізу кезінде пайдалы қазбаларды өндіру мен қайта өңдеу кезінде, тау жұмыстарында пайда болатын процестер мен құбылыстарды және олардың физикалық қасиеттерін қарастырады.
Оқу пәнінің қысқаша мазмұны: Физикалық құбылыстар, кен–технологиялық процестермен қатар жүреді, не тау жыныстарында оларды қазу мен өндіру кезінде тиімді қол жеткізу үшін арнайы қоздырылады.
Пәннің маман дайындаудағы ролі мен маңызы, пәнді оқу қорытындысында олар физикалық-техникалық шамалардың мүмкін мәндерін, анықтамаларын, өлшемдерін; тау жыныстары мен массивте оларға физикалық өрістер әсер еткенде, құралдар мен механизмдер тау жыныстарымен әсер еткенде болатын процестердің физикалық мәнін; тау жыныстарының бекемдігі, қаттылығы, бұзу қиындығы, бұрғыланғыштығы, жарылғыштығы және басқада технологиялық бойынша жіктеу әдістерін меңгеріп игереді.
Берілген курсты сәтті аяқтағанннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгереді:
білуі тиіс:
қазіргі таңдағы тау кен өнеркәсібінің жай күйін және оның даму жолдарын білу; тау кен терминологиясын толық меңгеру; қазу жүйелерін, шахта өрістерін дайындаудың және аршудың технологиялық жүйесін және әртүрлі тәсілдерін зерттеу.
істей білуі:
қазу тәсілдерін, тасымалдау, тау кен жыныстарын бұрғылау және үйіндітүзуде алдын ала таңдауды жасау; тау кен денесі сілемінде тау кен қазбаларының орналасуы туралы хабардар болу.
дағдысының болуы:
ашық тау кен жұмыстары элементтерінің кескіндерін анықтауға; ашық тау кен жұмыстары негізгі параметрлерінің технологиялық есептерін шешуде.
Курстың пререквизиттері: курс келесі пәндерді оқудың барысында студенттің алған білімдеріне негізделген: Геологиялық пәндер, тау-кен технологиясының негіздері, физика, математика және басқа да негізгі және кәсіптік пәндер.
Курстың постреквизиттері: жерасты тау-кен жұмыстарының үрдістері; тау-кен өнеркәсібінің құрылысы, массив күйін басқару; тау-кен жыныстарын бұрғылап-аттырып бұзу.
БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:
Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары (математикалық көрсеткіштері, анализдері, алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмалар және т.с.с.), ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары (жоба, курстық, презентациялар), мәнжазба, эссе және т.с.с.
Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу, графикалық-есеп және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды.
Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді, ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалану ескеріледі.
Үй тапсырмасы: үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ (ОМӨЖ) сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.
Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.
Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация,графикалық-есеп жұмысы: нақты тақырып бойынша тапсырылады, кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.
Аралық бақылау тесттері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.
Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төмен баға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.
Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.
МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

р/с Модульдың атауы Лекция
(сағ)
Практикалық (семинар.)сабақ (сағ) Лаборат. сабақ
(сағ) СӨЖМӨЖ
(сағ)
1 Курстың мақсаты мен талаптары 7 6 15 60
2 Тау жыныстарының қасиеті жане тау-техникалық көрсеткіштері 8 9 15 60
15 15 30 120
Дәріс тақырыптары
Апта сағаты
Модуль I. Курстың мақсаты мен талаптары 1 Кіріспе 1
2.3 Тау жыныстарының физика-техникалық қасиеттері. 2
4.5 Тау жыныстарындағы механикалық қасиеттермен үрдістер. 2
6.7 Тау жыныстарындағы жылулық қасиеттер және үрдістер. 2
Модуль 2 Тау жыныстарының қасиеті жане тау-техникалық көрсеткіштері 8.9 Тау жыныстарындағы электрлік, магниттік қасиеттер және үрдістер. 2
10.11 Тау жыныстарындағы радиациялық қасиеттер. 2
12.13 Тау жыныстарының қасиеттерінің өзара байланысы және төлқұжаты. 2
14.15 Тау жыныстарының тау-кен технологиялық параметрлері. 2
Практикалық сабақ тақырыптары
Апта Практикалық (семинарлық) сабақтың тақырыптары сағаты
Модуль I. Курстың мақсаты мен талаптары 1.2.3 Тау жыныстарының ылғалдылығын анықтау. 3
4.5.6.7 Қопсытылған жыныстардың сусымалы тығыздығын анықтау. 3
Модуль 2 Тау жыныстарының қасиеті жане тау-техникалық көрсеткіштері 8.9.10 Тау жыныстарының кеуектілігін анықтау. 3
11.12.13 Тау жыныстарының беріктілігіне әсер ету арқылы анықтау. 3
14.15 Тау жыныстарының жемірілуін анықтау. 3
Лабораториялық сабақ тақырыптары
Апта Практикалық (семинарлық) сабақтың тақырыптары сағаты
Модуль I. Курстың мақсаты мен талаптары 1.2 Тау-кен жыныстарының тығыздық параметрлерін анықтау. 5
3.4.5 Тау-кен жыныстары үлгісінің электр кедергісін өлшеу. 5
6.7 Диэлектрлік өтімділігін және диэлектірлік жоғалымының тангенс бұрышын анықтау. 5
Модуль 2 Тау жыныстарының қасиеті жане тау-техникалық көрсеткіштері 8.9.10 Тау-кен жыныстарының акустикалық және серпімділік шамаларын ульрадыбыс көмегімен анықтау. 5
11.12.13 Тау-кен жыныстары мен минералдардың магниттік өткізгіштігін анықтау. 5
14.15 Тау-кен жыныстарының беріктік параметрлерін анықтау. 5
СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
ОСӨЖ 1
Тау жыныстарының физика-техникалық мінездемесі.
Курстың негізгі бөлімдері.
Тау жынысы физикасы және үрдістерінің тау-кен ғылымының бөлімі ретінде.
ОСӨЖ 2
Тау жыныстарының қасиеттерінің классификациясы.
Жыныстардың негізгі физика-техникалық қасиеттері.
Жыныстардың қасиеттерінің изотроптылығы және анизотроптылығы.
ОСӨЖ 3
Тау жыныстарының құрылысы мен құрылымын зерттеудің әдістері.
Жыныстардың физика-техникалық қасиеттерін бақылаудың принциптері.
Жыныстардың өнімін және қазбалық көрсеткішін экономикалық жағынан көтеру мақсатында жыныстардың қасиетін тіркеу.
ОСӨЖ 4
Тау жыныстарындағы механикалық қасиеттер мен үрдістер.
Тау жыныстарындағы қысымдар мен дефформация.
Жыныстардың серпімділік қасиеттері.
Серпімділіктің динамикалық және статикалық модульдері.
Жыныстардың серпімділік қасиеттерінің олардың бұзылуындағы ролі.
Дефформация және қысымды анықтаудың әдістері.
ОСӨЖ 5
Тау жыныстарының акустикалық қасиеттері.
Массивтердің акустикалық интроскопиясының әдістері.
Жыныстардың акустикалық қасиеттеріне әсер ететін ішкі және сыртқы қасиеттері.
ОСӨЖ 6
Жыныстардың геологиялық қасиеттері, тау жыныстарының сырғуы.
Релоксация.Ретордация.
Тау-кен қысымын есептеудегі жынстардың геологиялық ролі.
Геологиялық қасиеттерді анықтау әдістері.
ОСӨЖ 7
Тау жыныстарының беріктілігі.
Беріктілік қасиеті.
Жыныстардағы ақаулар.
Олардың тау жыныстарының беріктілігіне әсер етуі және ролі.
Морт сынғыштық.Қысуда, созуда, жылжудағы беріктілік шегі.
ОСӨЖ 8
Тау жыныстарының беріктілігінің төлқұжаты.
Жыныстардың беріктілік қасиеттерінің құрылымға, құрылысқа, сыртқы шарттарға тәуелділігі.
Тау жыынстарына салмақтың әсері.
Оларды қазып алуда жыныстардың беріктілік қасиеттерінің әсері.
ОСӨЖ 9
Ылғалдылық, ылғалтасымдылық, сусіңімділік, ерігіштік.
Тау-кен өндірістерінде тау жыныстарының гидравликалық және газодинамикалық қасиеттерін пайдалану.
ОСӨЖ 10
Тау жыныстарындағы жылулық қасиеттер және үрдістер.
Жылуөтімділік, жылусыйымдылық.
Жыныстардың жылулық кеңеюі.
Термиялық қысымдар.
Тау жыныстарында жылудың жинақталуы және таралудың физикалық негіздері.
ОСӨЖ 11
Тау жыныстарының бұзу және беріктілігін арттыру.
Шахталар мен кеніштердегі температуралық режимдерді бақылау.
Жерасты жылуын пайдалану.
Пайдалы қазбаларды шахтасыз қазып алу.
ОСӨЖ 12
Жыныстардың электрлік, магниттік қасиеттері және үрдістер.
Жыныстардың электроқарсылығы.
Жыныстардың магниттік қасиеттері.
Магниттік қасиеттердің құрылым, құрылысқа және сыртқы шарттарға тәуелділігі.
Тау жыныстарындағы электромагниттік үрдістер.
Тау жыныстарының оптикалық қасиеттері.
Тау-кен өндірісінде жыныстардың электрлік және магниттік қасиеттерін пайдалану.
ОСӨЖ 13
Жыныстардың радиациялық қасиеттері және тау жыныстарындағы үрдістер.
Тау жыныстары мен минераладардың радиоактивтілігі.
Пайдалы қазбаларды қазып алуда және өндіруде жыныстардың радиоактивтік қасиеттерін пайдалану.
ОСӨЖ 14
Тау жынысы қасиеттерінің байланысы және төлқұжаты.
Тау жыныстары қасиеттерінің байланысының жалпы көрінісі.
Тау жынысы қасиеттерін нақтыланған тәуелділіктер арқылы анықтау.
Тау-кен жынысын физика-техникалық қасиеттер арқылы төлқұжат құру.
ОСӨЖ 15
Тау жыныстарының тау-кен технологиялық параметрлері.
Тау жыныстарын скальдіге, жұмсаққа, тығызға, үгілгіш жыныстарға технологиялық классификациялау.
Аттырылып жатырған тау-кен жынысының беріктілігі, қаттылығы, сынғыштығы, ұсатылғыштығы, образивтілігі, бұрғылануы.
Дисперсті жыныстарға судың әсері.
Борпылдақ жыныстардың технологиялық көрсеткіштері.
Тасты-көмір, кенді және кенсіз минераладар мен жыныстардың технологиялық қасиеттері.
Технологиялық қасиеттердің тау-кен жыныстарының физикалық қасиеттерімен байланысы.
Тест тапсырмалары мысалдары
№ Бақылаушы-өлшемдік материалдар мәтіні1 «Карьер алаңы» түсінігі карьердің қанадй параметрлері көрсетеді?
Карьердің жоспардағы ағымдағы өлшемдері.
Карьердің жоспардағы және тереңдігі бойынша ағымдағы өлшемдері.
Карьердің жоспардағы ақтық өлшемдері.
Карьердің жоспардағы және тереңдігі бойынша ақтық өлшемдері.
Тау-кен кәсіпорнына бөлінген жер иелігінің өлшемдері.
2 Күртқұлама кенорындарында карьер түбінің минимальді ені немен шектеледі?
Сілем қуатымен.
Сілемнің құлау бұрышымен.
Тау-кен қазындысын қауіпсіз қазу жағдайларымен.
Пайдалы қазба жоғалымдарын азайту талаптарымен.
Тау жыныстарының орнықтылығымен.
3 Күртқұлама кенорындарында карьер түбінің минимальді ұзындығы немен шектеледі?
Сілем созылымымен.
Сілем қуатымен.
Көліктердің бұрылуы үшін съезд және алаң ұзындығымен.
Кәсіпорынның пайдалы қазба бойынша қабылданған қуатымен.
Қазуға дайын пайдалы қазба көлемдері бойынша нормативтерді сақтау талаптарымен.
4 Күртқұлама кенорындарында карьер түбінің максимальді ені немен шектеледі?
Сілемдің горизонталь қуатымен.
Кәсіпорынның пайдалы қазба бойынша берілген қуатымен.
Пайдалы қазба сапасын сақтау талаптарымен.
Тау-кен жабдығының параметрлерімен.
Сілем созылымымен.
5 Карьер түбінің максимальді созылымы немен шектеледі?
Сілем созылымы.
Көліктердің бұрылуы үшін съезд және алаң ұзындығымен.
Кәсіпорынның пайдалы қазба бойынша қабылданған қуатымен.
Тау-кен жабдығының параметрлерімен.
Пайдалы қазба сапасын қамтамасыз ету талаптарымен.
Мәнжазба тақырыптарына мысалдар
1. Тау кен ісінің мақсаты және маңызы.
2. Тау кен өнеркәсібінің ел экономикасындағы орыны.
3. Тау кен өнеркәсібіне сипаттама бер.
4. Ақтөбе обылысында кездесетін пайдалы қазба түрлері
5. Құрамдастырып қазбалау дегеніміз не, қандай кенорындарын білеміз.
6. Кенді кенорындарын қазудың жүйелерін кластарға бөлудің критерийі болып не табылады?
7.Ашық тау кен жұмыстары дегеніміз не? Анықтамасы және қолдану аймағы.
8.Карьер дегеніміз не? Карьер мен разрездің айырмашылығы. Кертпеш және оның алаңы.
Коллоквиум сұрақтарының тізімі:
1ші аралық бақылау сұрақтары
Пәннің ғылыми және тәжірибелік тапсырмаларын атап көрсетіңіз?
Массив, тау-кен жынысы, үлгі. Жыныстардың негізгі түрлері?
Жыныстардың тау-техникалық, физикалық қасиеттері туралы түсінік?
Жиі қолданылатын жыныстардың физика-техникалық көрсеткіштерінің жіктелуі.
Жыныстардың тау-техникалық көрсеткіштері бойынша топталуы?
Жыныстардың базалық физика-техникалық көрсеткіштері?
Тау жыныстарындағы физикалық үрдістер?
Тау-кен өндірісіндегі физикалық үрдістер ?
Физикалық қасиеттері бойынша жыныстардың жіктелуі?
Жыныс үлгілерінің механикалық қасиеттері.
2ші аралық бақылау сұрақтары
Сұйық және газдардың жыныстармен араласуы.
Тау жыныстарының беріктілігі.
Жыныстардың созылымдығы және морт сынғыштығы?
Тау жыныстарының қаттылығы.
Жыныстардың жемірлігі, жабысқыштығы, уатылуы.
Жыныстарды қазу жұмыстарына дайындау үрдістері.
Жыныстардың бұрғылануы және механикалық бұрғылау?
Жыныстардың араласу үрдістері?
Жыныстарды аттыру арқылы бұзу?
Пайдалы қазбаларды байыту үрдістері?
Емтихан бағдарламасы:
№ Сұрақтар мәтіні
1 Дисциплинаның ғылыми және тәжірибелік талаптарын талдаңыз.
2 Массив, тау жынысы, үлгі.Жыныстардың негізгі типтері.
3 Жыныстардың физикалық, тау-кен технологиялық қасиеттері туралы түсінік.
4 Жыныстардың тау-кен технологиялық параметрлерін топтастыру.
5 Жыныстардың жиі қолданылатын физика-техникалық параметрлерін классификациялау.
6 Жыныстардың негізгі физика-техникалық параметрлері.
7 Тау жыныстарындағы физикалық үрдістер.
8 Тау-кен өндірісіндегі физикалық үрдістер.
9 Жыныстарды физикалық қасиеттері бойынша классификациялау.
10 Жыныс үлгілерінің механикалық қасиеттері.
11 Сұйықтар мен газдар және олардың жыныстардағы қозғалысы.
12 Тау жыныстарының беріктілігі.
13 Жыныстардың пластикалығы.
14 Тау жыныстарының қатттылығы.
15 Жыныстардың тұтқырлығы, ұсатылуы және образивтілігі.
16 Жыныстарды қазбаға дайындау үрдістері.
17 Жыныстарды механикалық бұрғылау және бұрғылануы.
18 Жыныстарды атттырып бұзу.
19 Жыныстардың орын ауысу үрдісі.
20 Пайдалы қазбаларды байытудың үрдістері.
21 Жыныстардағы дефформация мен қысым.
22 Жыныстардың серпімділік қасиеттері.
23 Жыныстардың аккустикалық қасиеттері.
24 Жыныстардың реологиялық қасиеттері.
25 Жыныстардың беріктілік қасиеттері.
26 Жыныстардың беріктілігінің теориясы.
27 Скальді жыныстар үшін беріктілік құжатын құрастыру.
28 Бөлек дәнді жыныстар үшін беріктілік құжатын құрастыру.
29 Байланысқан жыныстар үшін беріктілік құжатын құрастыру.
30 Жыныстардың электрлік қасиеттері.
31 Жыныстардағы полярлану түрлері.
32 Электрөткізгіштік.
33 Диэлектрлі өтімділік.
34 Жыныстардың магниттік қасиеттері.
35 Жыныстардың жылулық қасиеттері.
36 Жылудың таралуы мен жинақталуы.
37 Жыныстардың жылусыйымдылығы.
38 Жылуөткізгіштік және жылуөтімділік.
39 Жыныстардың жылулық кеңейтілуі.
40 Жыныстардағы термиялық қысымдар.
ОҚУ ПӘНІНІҢ САЯСАТЫ:
Бұл курс дәрісті талқылау дәстүрлі әдісін қолдану арқылы оқылады. Топтың өзара әрекеттесуінен пайдалы нәтиже шығаруға және бір-бірінен үйренуге мүмкіндік алу үшін,білім алушыларға аудиториядағы талқылауға белсенді қатысуына ұсыныс жасалады.
Аудиториялық уақыт дәріс, семинар (практикалық), лабароториялық сабақтарды қамтып, материалды талқылау, әр-түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептер шығаруды қамтиды.
Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар түсіндіріліп, ұсынылады.Осы ұғымдарды жазып отыру әр білім алушының міндеті,өйткені оқытушы дәріс материалын әрбір білім алушыға жеке ұсынбайды.
Семинар (практикалық), лабораториялық сабақтарында білім алушыларға өз бетінше орындауға тақырыптар бойынша тапсырмалар беріледі және дәріс материалдары бойынша ауызша сұралады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында тапсырылады.
Егер білім алушыға кейбір жәйттар түсініксіз болса, онда ол оқытушыдан қосымша түсіндірме, кеңес алуы керек.
Әр сабаққа білім алушы негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалады.
Студент барлық сабаққа қатысып, аудиторияға уақытында келуге міндетті.Қатысым семестр бойына тексеріледі.Жіберіп алған материалдарды игеру студенттің міндеті болып табылады.
Студент өзінің жағымсыз қылықтарымен оқытушыға сабақ жүргізуге және басқа студенттерге оқу бағдарламасын игеруге кедергі келтірмеуі тиіс. Академиялық қызметтің ойдағыдай орындалуына кедергі келтіретін кез-келген тәртіп орынсыз болып есептелінеді.
Студенттер сабаққа уақытында келулері тиіс. 10 минуттан артық кешіккен жағдайда,оқытушының ол студентті сабаққа кіргізбеуге құқы бар.
Аудиторияға кірген кезде жұмыс уақытында сабаққа кедергі келтіретін ұялы телефон мен басқа да электронды құрылғыларды сөндірілуі тиіс.
КУРСТЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ
№ Бақылау түрлері Апта Қорытынды балл
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 1 Сабаққа қатысым * * * * * * * * * * * * * * * 100
2 Үй жұмысы * * * * * * * * * * * * * * * 100
3 Практикалық жұмыс * * * * * * * * * * * * * * * 100
4 Дәріс сабағындағы тест сұрақтары5 Бақылау жұмысы (1,2 модуль бойынша) * * 100
6 Тест тапсырмалары 7 Жазбаша сұрақ 8 Аралық бақылау: * * 100
9 Мәнжазба, эссе … 10 Презентация 11 Курстық жұмыс 12 Емтихан * 100
Ескерту: *- тапсырма саны
БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ:
Баға Коэффициент %
А 4,0 95-100%
А- 3,67 90-94%
В+ 3,33 85-89%
В 3,0 80-84%
В- 2,67 75-79%
С+ 2,33 70-74%
С 2,0 65-69%
С- 1,67 60-64%
Д+ 1,33 55-59%
Д 1,0 50-54%
Ғ 0 0-49%
НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Негізгі әдебиет
1. Ржевский В.В., Новик Г.Я. Основы физики горных пород.-М.,1984.-369с.
2. Новик Г.Я. Лабораторные работы по физике горных пород.-М., изд. МГИ,1983.-97с
3. Ямщиков В.С. Методы и средства исследования и контроля горных пород и процессов.-М.:Недра,1982.-296с.
4. Байконуров О.А. Методы контроля физико-технических параметров подземной разработки руд.-Алма-Ата,Наука,1979-170с
5. Ержанов Ж.С. Теория ползучести горных пород и ее приложения.-Алма-Ата,Наука,1964-175 с.
Қосымша әдебиет
6. Арыстан И.Д. Тау жыныстар физикасының негіздері.-Қарағанды, ҚарМТУ,1998ж.-190б
7. Дмитриев А.П.,Зильбершмидт М.Г. Физические принципы управления технологическими параметрами горных пород.Учебное пособие.-М.,МГИ,1990.-72с.
8. Борисов А.А. Механика горных пород и массивов. –М. Недра ,1980-360с
9. Булычев Н.С. Механика подземных сооружений.-М. Недра,1989.-330с
10. Ямщиков В.С. Контроль процессов горного производства.М. Недра,1989-446с.

Приложенные файлы

  • docx 14971275
    Размер файла: 54 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий