Бауыр комасы


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Семей Мемлекеттік Медицина Университеті.СӨЖТақырыбы: Бауырлық кома. Орыдаған: Итчанова Б Мамандығы: Бала емдеу ісі Топ: 404 Тексерген: Бауыр комасы-науқастыңсанасындағы бұзылыстармен білінетін бауыр ауруларының соңғы кезеңі. Көптеген экзогендік және эндогендік улы қосындылар бауырда өңдеуден өтіп, усыз заттарға айналады. Онда ацетилдеу, метилдеу, тотықтыру, тотықсыздандыру, ыдырату үрдістері және глюкурон, күкірт қышқылдармен, гликокол, цистеинмен жұп қосындылар құру арқылы улы заттар уытсыздандырылады. Сонымен қатар бауырда уытты заттардың бейспецификалық микросомалық монооксигеназа жүйесімен усыздануы болады. Бұл кезде улы зат бауыр жасушаларының эндоплазмалық торшаларына кіріп, Р450цитохромы қатысуымен сутегі иондарын байланыстырады Содан суда еритін қоспаларға айналады да, организмнен сыртқа шығарылады. Р450 бауыр жасушаларының эндоплазмалық торшаларының қабығымен байланысқан гемопротеиндерге жатады. Оның қатысуымен дәрілердің алмасуы кезінде бос радикалдар пайда болуы мүмкін. Олар дер кезінде бейтарапталмаса, жасуша нәруыздарымен байланысып, мембраналарында май қышқылдарының асқын тотығуын туындатады. Сондықтан пайда болған бос радикалдар цитоплазмадағы глутатион-S-трансфераза ферменттерінің қатысуымен глутатионға байланыстырылады. Осы көрсетілген тетіктердің бұзылуы бауырдың уытсыздану қызметінің әлсіреуіне әкеледі. Бұл кезде организмде аммиак, фенолдар т.б. уытты өнімдер жиналып қалады. Осыдан мидың қызметтері бұзылыстарымен сипатталатын органтзмнің уыттануы болып, бауырлық кома дамиды. Кома-терең жүйкелік-жандүниелік бұзылыстармен,тырыспа-селкілдек дамуымен, шартсыз рефлекстердің жоғалуымен, естен танумен т.б. Организмнің тіршілігіне қауіпті жағдайлармен сипатталады. Бұл кома бауырдың кезкелген ауруларында, жиі вирустық гепатитте, бауырдың уланудан болатын қауырт дистрофияларында, оның беріштеніп қалуында(циррозында), жіті қанайналымы бұзылғанда т.б. жағдайларда дамиды. Бауыр жасушаларының уытсыздандыру қызметі бұзылғанда немесе қақпа көктамыры мен қуыс көктамырлардың арасында тікелей байланыстар пайда болғанда(қақпа көктамырында қан қысымы көтерілгенде), қанда: аммиак, улы полипептидтер, амин қышқылының бактериялық декарбоксилдену өнімдері (тирамин) т.б. өзгерген бауыр жасушаларымен уытсыздандырылмаған,ішектерден түсетін фенол,индол,скатол,кадаверин,путресцин т.с.с. заттар жиналады Аммиак мида α-кетоглютар қышқылын байланыстырып, оны үшкарбон қышқылы оралымынан аластайды.Сондықтан мида тотығу- тотықсыздану үрдісі тежеледі, макроэргиялық фосфорлық қосындылардың түзілуі азаяды, энергия тапшылықтық жағдай дамиды қанда тираминның деңгейі көтерілуі октопаминнің көбеюіне әкеледі. Октопамин орталық жүйке жүйесінің түйіспелерінен (синапстарынан) қозу дәнекерлерін (медиаторларын: норадреналин, дофамин ) ығыстырады да, синапстардың қызметтерін бұзады. қанда глюкозаның деңгейі төмендейді, гипогликемия дамиды. Осыдан орталық жүйке жүйесінде энергия түзілуі қатты азаяды Бауырда үшкарбон қышқылдары оралымын қамтамасыз ететін фермкттердің (коэнзим-А ) түзілуі бұзылудан қанда миға уытты әсер ететін заттар (ацетон, бутиленгликоль ) көбейеді. Су мен электролиттердің алмасуы бұзылады: бауыр жеткіліксіздігі нәтижесінде альдостеронның дер кезінде ыдыратылмауынан салдарлық альдостеронизм дамып, организмде натрий мен су жиналып қалады, калий иондары зәрмен көптеп шығарылады, гипокалиемия дамиды. Бауырдың уытсыздандыру қызмерінің төмендеуі нәтижесінен әртүрлі дәрі-дәрмектерге (хининге, морфинге, барбитураттарға, дигиталиске т.б.) организмнің сезімталдылығы жоғарлайды. Организмге енгізілген дәрілер дер кезінде ыдыратылмай, улы әсер етілуі мүмкін. Сондықтан бұл жағдайды бауыры ауыратын адамдарға емдік мақсатта дәрі-дәрмек беруде мұқият есте сақтау керек. Сонымен бірге, бауырдың өтті ішекке шығару қызметі бұзылғанда да, әртүтлі улы өнімдер, дәрілер организмде жиналып қалуы мүмкін. Қолданылған әдебиеттер:1. Әділман Нұрмүхамбетұлы: Патофизиология.2. Айтбембетов Б.Н.:Ішкі аурулар пропедевтикасы.

Приложенные файлы

  • ppt 16213920
    Размер файла: 370 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий