Клиникаға кіріспе-2 Sillabus VK 2 kaz


Ф КГМУ 4/3-03/03
ПП КГМУ 4/03
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ КАФЕДРАСЫ
СИЛЛАБУС
«Клиникаға кіріспе-2» КK-2 2224 пәні бойынша
Жалпы медицина 5В130100- мамандығы бойынша
Оқу сағаттарының көлемі - 90
Курс 2
Семестр 3
Қарағанды 2014 ж.
Силлабус-5В130100 «Жалпы медицина» мамандығына арналған КK-2 2224 «Клиникаға кіріспе-2» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылған 21.06.2012.

Силлабус __.__. 20_ . кафедра отырысында қаралып, бекітілді.
№ ____ хаттама
Кафедра меңгерушісі ______________________ С.М.КабиеваКафедра және оқытушыларға жалпы мағлұмат.
Кафедра меңгерушісі : Кабиева Сауле Маутовна, профессор м.а. медицина ғылымының докторы, дәрігер-педиатр, балалардың кардиоревматологиясы бойынша жоғары категориялы, педиатрия бойынша жоғарғы категориялы. Тәжірибелік сабақты және дәрісті қазақ және орыс тілдерінде жүргізеді. Ғылыми қызығушылығы- жас балалар және неонотология саласындағы жүрек патологиясы. 60 аса ғылыми жұмыстардың және үш оқу әдістемесінің авторы.Қызмет телефоны: 41-64-52 (облыстық соғыс ардагерлеріне медициналық көмек көрсету орталығы).
Оқытушылар:
Ассистент –Түймебаева Айжан Толегеновна, оқытушы, дәрігер –терапевт (2007 ж. маман-сертификатымен), екінші категориялы дәрігер, педагогикалық стажы-9 жыл, емдеу ісі стажы-12 жыл. 4 оқу әдістемелік құралының, 6 баспа жұмысының авторы.
Ғылыми бағыты: артопатияның диагностика әдістерін дамыту және емдеу. Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар бойынша оқыған сертификаты бар.
Ассистент: Нұрғазина Лаура Сейітовна, оқытушы, дәрігер-терапевт (2007ж.маман-сертификаты), екінші категориялы дәрігер, педагогикалық стаж-9 жыл, емдеу стажы –8 жыл. Сабақты қазақ және орыс тілінде жүргізеді. Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар бойынша оқыған сертификаты бар.
Ғылыми-бағыты: пиелонефриті бар науқастарда белок және майдың қышқылдану модификациясын туралы сұрақтарды зерттеу. 1 оқу әдістемелік құралының, 5 баспа жұмысының авторы. Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар бойынша оқыған сертификаты бар.
Ассистент Абильдина Назерке Турсыновна, дәрігер-педиатр, балалар гастроэнтерологы (сертификаты 2007-2008 жж.) екінші категориялы дәрігер, 2008 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істейді. Сабақты қазақ және орыс тілдерінде жүргізеді. Кафедрада оқу ісінің меңгерушісі. Қазақ тіліндегі әдістемелік жұмыстарға, мәселелі оқыту бағдарламасына жауапты. 2 ғылыми баспа жұмысының, 3 оқу әдістемелік құралының авторы. Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар бойынша оқыған сертификаты бар.
Ассистент: Кирьянова Татьяна Анатольевна, оқытушы, дәрігер –педиатр, (2007 ж. маман-сертификаты) , педагогикалық стажы – 9 жыл, емдеу стажы – 8 жыл. Сабақты орыс тілінде жүргізеді.
Ғылыми бағыты: Қалқанша безінің қызметі бұзылған аналардан туылған балалардағы неонотальді кезендегі тотығу механизм жағдайы. Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар бойынша оқыған сертификаты бар.
Ассистент Алишева Гульнара Лесовна, дәрігер-терапевт, бірінші категориялы дәрігер, 2008-2009 оқу жылынан бастап жұмыс істейді. Медициналық колледждағы оқыту жұмысы бойынша стажы бар. Қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізеді. Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар бойынша оқыған сертификаты бар.
Ассистент Дундукова Расима Сабировна, педагогикалық стажы 5 жылдан аса, дәрігер-педиатр, бірінші категориялы дәрігер, кафедрадағы оқу кәсіптік тәжірибені жүргізу және ұйымдастыруға жауапты. Сабақты орыс тілінде жүргізеді.
Ассистент Ильясова Айгуль Койшыгуловна, дәрігер-терапевт, бірінші категориялы дәрігер, медициналық колледжден жұмыс стажы бар, денсаулықсақтау тәжірибесінде жұмыс істеді, сабақты орыс және қазақ тілдерінде жүргізеді.
Ассистент Даулетова Сағыныш Толеуғалиевна, дәрігер-эпидемиолог (сертификат 2001 ж.). Жалпы стажы 8 жыл. Қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізеді. Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар бойынша оқыған сертификаты бар.
Ассистент Сабекова Орынбала Жаксылыковна, дәрігер-эпидемиолог (сертификат 2001 ж.). Жалпы стажы 4 жыл. Қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізеді. Бірінші курс топтарында эдвайзер. ОКО на жауапты. Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар бойынша оқыған сертификаты бар.
Ассистент Халмурадова Сымбат Ержановна, дәрігер-терапевт. Қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізеді. Медициналық колледждағы оқыту жұмысы бойынша стажы бар.
Ассистент Курилова Вероника Викторовна, дәрігер-педиатр, бірінші категориялы дәрігер, денсаулық сақтау ісінде 26 жыл тәжірибесі бар. Орыс тілдерінде сабақ жүргізеді. АҚ жауапты.
Ассистент Дреева Наталья Ивановна, дәрігер-терапевт, бірінші категориялы дәрігер, Медициналық колледждағы оқыту жұмысы бойынша стажы бар. Орыс тілдерінде сабақ жүргізеді.
Ассистент Корнеева Елена Аркадьевна, дәрігер-педиатр, жоғары категориялы дәрігер, денсаулық сақтау ісінде 20 жыл тәжірибесі бар. Орыс тілдерінде сабақ жүргізеді.
Ассистент Жунусова Сандугаш Укашевна , дәрігер-терапевт, бірінші категориялы дәрігер, педагогикалық стажы-4 жыл, емдеу ісі стажы-13 жыл. Қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізеді. 5 баспа жұмысының авторы.
Ассистент Абрамов Григорий Александрович, дәрігер-хирург. Орыс тілдерінде және ағылшынша сабақ жүргізеді.

Байланыс ақпараты: Оқу бөлімінің кестесі бойынша сабақтар кафедраның клиникалық базасында жүргізіледі ММ”Облыстық соғыс ардагерлеріне медициналық көмек көрсету орталығы”(С.Сейфуллин көшесі 11) автобустар:№ 7, 33, 41, 122, 127, 165, 146 01, 06, 30, 011 (аялдама Школьник дүкені); автобустар 7, 33, 34, 134, 41, 165, 146 маршрутты таксилер 28, 02, (аялдама Монша).ОСАМККО-ның телефоны 41-64-52.
Оқу пәнінің саясаты кафедраның клиникалық базасындағы оқу үрдісінің кезекті және мақсаты түрде өтуімен бекітіледі. Палатада,мейірбике бекетінде ,емшара бөлмесінде, науқас отбасымен танысудың алғашқы тәжірибені қабылдау немесе медициналық мамандармен өзара-қатынастарын тығыз дамыту. Оқытушылардың студенттерге қоятын талабы жоғарғы мектепте жалпы принциптерге үйретуге негізделген, сырт принциптерге үйретуге негізделген, сырт пішіндерін қатаң қадағалау; үтіктелген таза ақ халаттың немесе хирургиялық киімнің, қатырылған қалпақ, ауыстырылатын аяқ киім, маскалардың болуы. Сонымен қатар емдеу-диагностикалық үрдісте дәрігер көмекшісі ретінде, медициналық этика, деонтология принциптерімен, науқас адамды күту мен бақылаудағы арнайы білім мен әдістерді, арнайы манипуляцияларды жүргізуді үйретуге қатаң көңіл бөлінеді. Пәннің бірінші сабағында білімнің базистік деңгейін бағалау жүргізіледі. Базистік білімнің бағасы 100 балдық өлшеммен оқу журналына қойылады. Базистік білімнің бағасы ӨР санағанда қосылмайды.

Студенттерге оқытушы ағымдық бағаны оқу журналына 100 балдық өлшеммен әрбір орындалған тапсырма/бөлім үшін қойылады (бірнеше сабақтың тақырыбын біріктірген интегрирленген тақырып). Тапсырма/бөлім үшін қойылатын ағымдық бағаға оқу жұмысының барлық түрі кіреді (аудиторлы және аудиториядан тыс).
Пән бойынша ағымдық бақылау әрбір кредиттің ОСӨЖ тақырып жоспарына сәйкес жүргізіледі. Ағымдық бақылауға өтілген барлық дәрістердің, тәжірибелік сабақтардың, ОСӨЖ және СӨЖ тақырыптары кіреді.
Себепсіз босатылған сабақтар өтелмейді. Егер келмеген жалпы тәжірибелік сабақтардың саны 50 пайызды құраса студент тапсырманы/бөлімді тапсыруға жіберілмейді. Электронды журналға «0» қойылады.
Себепті салдармен босатылған сабақтар өтеледі.
Босатылған сабақтарды өтеу үшін:
факультеттің деканынан немесе декан орынбасарынан сабаққа өтеу қағазын алады;
сабаққа келген уақыттан бастап екінші сабаққа өтеу қағазын кафедраға тапсырады
Сабақты өтеу ережелері:
кафедраның жеке жұмыс және кеңес беру кестесіне сәйкес кезекші оқытушыға тақырыпты ауызша өтейді;
Студент себепті салдармен жіберілген сабақты уақытында өтемесе себепсіз жіберілген сабақпен теңеседі. Электронды журналға «0» белгісі қойылады.
Сырқаттану себебімен сабақтың 1/3 бөлігін босатқан жағдайда студент ҚММУ-дың емханасына қаралып, дәрігер-бақылау кеңесімен медициналық қортынды алып академиялық демалысқа шығуына мүмкіндік алуына болады.
Пән бойынша қортынды бақылау жұмыс бағдарламасының жоспарына сәйкес компьютерлік орталықта тестілік тапсырма бойынша емтихан тапсыру түрінде жүргізіледі.
Қортынды бақылауға пән бойынша жұмыс бағдарламасымен құарастырылған барлық тақырып сұрақтары кіреді. Студенттерге қортынды бақылауға арналған тестілік тапсырмалар берілмейді.
Бағдарлама:
Кіріспе
“Клиникаға кіріспе -2” - бұл пән клиникада күтімді қажет ететін науқастармен жұмыс істеудің негізгі шарттарымен, яғни мейірбике үрдісін ұйымдастыруға,іс-шара техникасын үйренуге,дәрігерге дейінгі көмек дағдыларын йеленуге және науқас күтімін іске асыруда қажет арнайы білім мен әдістерді үйретеді. Пәннің мәні интегральді жүйеге жоғарғы медициналық білімі бар маман дайындап, кәсіптік қызыметте медициналық көмекті барлық сатыларында көрсете алатын тұрақты стереотип дайындау.
Пәннің обьектісі болып,кәсіптік қызметтің барлық түрлері, яғни науқастың жалпы күтімін қамтамасыз етіп,диагностикалық және емдік үрдісінің оң тиімділігін қамтамасыз ететін,сонымен қатар науқас отбасысымен жұмыс дағдыларын игеру болып табылады.
Пәннің мақсаты: Студенттердің мейірбикелік диагноз қоюын және мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру дағдыларын үйрететін білімді құрастыру.
Пәннің тапсырмалары:
Емдік мекемелерде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыруын теориялық негізде оқыту.
Дәрігердің емдік тағайындауларымен және диагностикалық іс-шараларды орындауда қажетті әдістері мен техникасын үйрету.
Шұғыл жағдайларда науқастарға дәрігерге дейінгі көмекті көрсету дағдыларын үйрету.
Оқытудың соңғы нәтижелері:
Дублиндік дескрипторлар бірінші деңгей (бакалавриат) Блум пирамидасы
Дескриптор бойынша оқытудың соңғы нәтижелері Компетенция
A Бұл аймақ бойынша өз білімін және түсінігін көрсете білу Білім Мейірбике үрдісін ұйымдастырудағы теориялық негіздері, мейірбике жұмыстарының ерекшеліктерін түсіндіру.Стерилизация түрлері және қағидалары. Ем-шара бөлмесіндегі шокқа қарсы аптечканың компоненттерін атау.
Дәрілік заттардың енгізу әдістерін сипаттау. Кең тараған аурулардың клиникалық симптомдары мен күтім жасау ерекшеліктерін сипаттау. 1,6,7
Түсіну Клиникалық өлім көрінісінің сипаттамасы және жүрек-өкпе реанимациясының алгоритмін білу. 1,5,6,7
B Білім мен түсінуді мамандық деңгейінде қолдану Қолдану Мейірбикелік үрдіс кезеңдерінің маңызын анықтау. Емшара бөлмесі мейірбике жұмысының мақсатын түсіну. Асептикалық және антисептикалық шараларды ажырату. Науқастың жағдайына байланысты мейірбикелік манипуляциялардың техникасын және әдісін таңдау. Науқасқа диагностикалық зерттеу жасауға дайындауға әртүрлі әдістерін қолдану. Науқастың өміріне қауіп төндіретін жағдайды білу. 1,2,5,6,7,
С Зерттеу аймағының мәселелерін шешу және аргументтер қалыптастыру Талдау
Науқасқа біріншілік мейірбикелік қарауды жүргізу. Мейірбикелік диагноз қою, науқастың приоритеті мәселелерін анықтау. Ішкі мүшелерінде ақауы бар науқастарға күтім жасау шараларын жасау. Бұлшық етке және вена ішіне инъекция жасауды көрсету. Науқастардың өмір сүру көрсеткіштерін бақылау. ҚҚ өлшеу, пульс, тыныс, диурезге динамикалық бақылау жүргізу. Науқасқа психологиялық көмек ретінде эмоционалды түзету тәжірибесін қолдану. Жүрек-өкпе реанимациясын орындау алгоритмін көрсету. 1,6,7
D Әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларын есепке ала отырып,ақпаратты жинау және интерпретация жасау. Синтез
Клиникалық жағдайды талқылау. Ситуациялық есепке қорытынды жасау. Мейірбикелік диагноз қоюдың дұрыстығын бағалау. Клиникалық жағдайға сай мейірбикелік үрдіс экспертизасын жүргізу. Мейірбикелік үрдісті іске асыру нәтижесін және бағалауды біріктіру. Мейірбикелік үрдісті дамытуға ұсыныстар мен СӨЖ аясында дайындаған проект бойынша талқылауға қатысу. 1,5,6,7
Е Ақпаратты, ойын, мәселесін және шешімін мамандарға, маман еместерге айту. Клиникаға кіріспе 2 пәнінен алған білімін қолдану: ішкі аурулар пропедевтикасы, ішкі аурулар, хирургиялық аурулар, балалар ауруы, неврология, психиатрия және наркология, жалпы дәрігерлік тәжірибе, жедел медициналық көмек. 1,2,5,6,7,
Компетенция тізімі: 1.Жалпы білім. 2. Биомедициналық ғылымды білу. 3.Коммункативті дағдылар. 4.Өзін үнемі жетілдіру дағдысы. 5.Ғылыми зерттеу дағдысы. 6.Топен жұмыс істеу дағдысы 7.Мамандығы 8. Клиникалық дағдысы
Пәннің қысқаша мазмұны: «Мейірбикелік үрдіс және мейірбике диагнозы » түсінігі. Дәрілік заттар және олардың түрлері. Медикаменттермен жұмыс істеу. Дәрілік заттарды энтеральді және сыртқа енгізу жолдары. Ем-шара бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру.Тері астына, бұлшықетке және тамыр ішіне егуді жүзеге асыру. Науқастарды бақылау: науқас жағдайын бағалау,ТАЖ, АҚҚ, пульсті, сұйықтық қабылдауын, диурезді және дене салмағын бақылау. Науқастарды лабораторлы зерттеу әдістеріне дайындау. Экзогенді уланудың диагностикасы, дәрігерге дейінгі көмек. (Қышқылдар, сілтілер, алкоголь суррагаттары, иісті газбен).
Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары.
Кредит №1

тақ №
тап Тақырып аттары Ұзақтығы
1 1 «Мейірбикелік үрдіс және мейірбике диагнозы » түсінігі 2 сағат
2 1 Дәрілік заттарды энтеральді және сыртқа енгізу жолдары. 2 сағат
3 1 Ем-шара бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру. 2 сағат
4 1 Егуден кейінгі асқынулар. 2 сағат
5 2 Жүрек-тамыр, тыныс алу жүйесінің бұзылуы бар науқастарды бақылау. 2 сағат
6 2 Науқастарды ЭКГ, спирография зерттеу әдістеріне дайындау. 2 сағат
7 3 Зәр шығару жүйесінің бұзылуы бар науқастарды бақылау. 2 сағат
8 3 Зәр шығару жүйесінің бұзылуы бар науқастарды УДЗ, рентгенологиялық, эндоскопиялық зерттеу әдістеріне дайындау. 1 сағат
Барлығы 15
ОСӨЖ тақырыптық жоспары
Кредит №1

тақ №
тап Тақырып аттары Ұзақтығы
1 1 Дәрілік заттар және олардың түрлері. Медикаменттермен жұмыс істеу. 2 сағат
2 1 Дәрілік заттарды есепке алу, сақтау, қолдану құжаттарын жүргізу ережелері. 2 сағат
3 1 Тері ішіне, тері астына және бұлшықетке егуді жүзеге асыру. 2 сағат
4 1 Тамыр ішіне егуді және тамыр ішілік инфузияны жасауды дайындау және жүзеге асыру. 2 сағат
5 2 Жүрек аймағының ауырсыну диагностикасы, дәрігерге дейінгі көмек . 2 сағат
6 2 Гипертониялық криз диагностикасы, дәрігерге дейінгі көмек. 2 сағат
7 3 Зәр шығару жүйесінің бұзылуы бар науқастарды лабораторлы зерттеу әдістеріне дайындау. 2 сағат
8 Бөлім бойынша қорытынды сабақ. 1 сағат
Барлығы 15
Кеңесу уақыты:
Кеңес апта сайын сенбі күндері кафедрада 9.00 сағаттан 13.00 сағатқа дейін жүргізіледі.
Аралық бақылау уақыты: Ағымдық бақылау кафедрада кредиттің ОСӨЖ күнтізбелік тақырыптық жоспарына сәйкес соңғы тақырыбының уақытында жүргізіледі
Қорытынды бақылау уақыты: Академиялық күнтізбеге сәйкес.
СӨЖ-ның тақырыптық жоспары.
Кредит №1

тақ №
тап Тақырып аттары Өткізу формасы Ұзақтығы
1 1 Медициналық заттар мен инструменттерді залалсыздандыру түрлері мен әдістері. Оқулықпен және ЦСО жұмысымен танысу. 5 сағат
2 2 Бронхы демікпе ұстамасы, жедел жүрек жеткіліксіздігі кезінде мейірбике ісінің алгоритмі Проект әдісі. 5 сағат
3 3 Бүйрек ауруы ұстамасы кезінде мейірбике ісінің алгоритмі Алгоритм құрастыру. 5 сағат
Барлығы 15
СӨЖ орындау және тапсыру кестесі: ОСӨЖ тапсырмасы бойынша соңғы тақырыпты оқу күніне сәйкес сабақты жүргізетін оқытушыға тапсырады
Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары.
Кредит №2

тақ №
тап Тақырып аттары Ұзақтығы
1 1 Асқорыту жүйесінің бұзылуы бар науқастарды бақылау. 1 сағат
2 1 Асқорыту жүйесінің бұзылуы бар науқастарды бақылау. 2 сағат
3
1 Іш ауырудың диагностикасы, дәрігерге дейінгі көмек . 1 сағат
2 Уланудың жалпы түсінігі 1 сағат
4 3 Уланған кезде дәрігерге дейінгі көмектің жалпы принциптері. 2 сағат
5 3 Терминалды жағдайдың жалпы түсінігі. Терминалды жағдай кезінде науқастарды бақылау және күтім жасау.Клиникалық және биологиялық өлім. 2 сағат
6 3 Реанимация туралы түсінік. Жүрек-өкпе реанимациясының қағидалары. 2 сағат
7 3 Жүрек-өкпе реанимациясының әсер ету критерилері 2 сағат
8 Қортынды бақылауға кеңес беру. 2 сағат
Барлығы 15

ОСӨЖ тақырыптық жоспары
Кредит №2

тақ №
тап Тақырып аттары Ұзақтығы
1 1 Асқорыту жүйесінің бұзылуы бар науқастарды қосымша зерттеу әдістері(нәжіс, асқазан сөлі, өт, УДЗ, рентгеноскопия, эндоскопия). 1 сағат
2 1 Зондтау іс-шаралары 2сағат
3 2 Қышқылмен, сілтімен улану. Симптомдары, жедел көмек. 2сағат
4 2 Алкоголь суррагаттары, иісті газбен уланудың диагностикасы, симптомдары, дәрігерге дейінгі көмек.. 2сағат
5 3 Жасанды тыныс беру және жүрекке тік емес массаж жасау техникасы. 2сағат
6 3 Мәйітпен жұмыс істеу ережелері.Мәйітпен жұмыс істегенде психологиялық және инфекциялық қауіпсіздік шаралары. 2сағат
7 3 Өлімге этикалық тұрғыда қарау принциптері, өлі денеге этно-религиозды және этно-мәдени тұрғыда қарау. Дәстүрді сыйлау тәртібі. 2сағат
8 3 Арнайы бөлмеге мәйітті тасымалдау. 1 сағат
Қортынды бақылауға кеңес беру. 1 сағат
Барлығы 15
Кеңесу уақыты:Кеңес апта сайын сенбі күндері кафедрада 9.00 сағаттан 13.00 сағатқа дейін жүргізіледі.
Аралық бақылау уақыты: Ағымдық бақылау кафедрада кредиттің ОСӨЖ күнтізбелік тақырыптық жоспарына сәйкес соңғы тақырыбының уақытында жүргізіледі
Қорытынды бақылау уақыты: Академиялық күнтізбеге сәйкес СӨЖ-ның тақырыптық жоспары.
СӨЖ-ның тақырыптық жоспары
Кредит №2

тақ №
тап Тақырып аттары Өткізу формасы Ұзақтығы
1 1 Асқазан-ішектен қан кеткенде мейірбике ісінің алгоритмі Схема және таблица құрастыру. 5 сағат
2 1 КлизмаларӘдістемелік нұсқаулармен танысу және фантомды сыныптарда тренинг жүргізу. 5 сағат
3 3 Орта медициналық персоналдардың жұмысын көрсететін ҚР құжаттары Рефераттар жасау. 5 сағат
Барлығы 15
СӨЖ орындау және тапсыру кестесі: ОСӨЖ тапсырмасы бойынша соңғы тақырыпты оқу күніне сәйкес сабақты жүргізетін оқытушыға тапсырады
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер: Қазақ тілдерінде:
1.Нурманова М.Ш.«Мейірбеке ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы – Қарағанды АҚНҰР, 2012ж. – 250 б.
2.Санов С. Науқас адамдарды жалпы күту: оқу құралы – Қарағанды АҚНҰР 2013ж. -232б.
Орыс тілдерінде:
3.Ослопов В.Н. Общий уход за больными в терапевтической клинике: учеб. пособие для вузов. М: ГЭОТАР- Медиа, 2013
4.Ослопов В.Н. Общий уход за больными в терапевтической клинике: учеб. пособие для
5.Нурманова М.Ш. «Сборник стандартов сестринских технологии по дисциплине основы сестринского дела» сборник- Караганда АКНУР 2012г- 268 с
6.Стоунхэм М. Медицинские манипуляции : мультимедийный подход: пер. с англ. / М. Стоунхэм, Д. Уэстбрук, 2011, ГЭОТАР-Медиа. - 144 с.
Қосымша әдебиеттер:
1.Мұратбекова С.К Мейірбике ісінің негіздері.-Астана, 2007жыл.- 412 бет
2.Обуховец Т.П. Основы сестринского дела в терапии: практикум: Учеб.пособие .- Ростов н/Д: Феникс, 2012.- 603
3.Максименко Н.Н. Сестринский уход за пациентом : учебно-методическое пособие / Н. Н. Максименко ; КГМУ. - Караганда, 2014. - 80 с4.Теория сестринского дела : учебник для студ. мед.вузов / Г. М. Перфильева [и др.], 2010, ГЭОТАР-Медиа. - 256 с.
5.Обуховец Тамара Павловна Сестринское дело в терапии: практикум: Учеб.пос./ Обуховец Тамара Павловна .-Ростов н/Д: Феникс, 2007.- 352 с. -(Медицина)
6.Аубакирова Д.Н. Алгоритмы сестринского процесса и манипуляций : учебно-методическое пособие / Д. Н. Аубакирова, Т. В. Марченко, Н. А. Тулеубаева. - Караганда, 2012. - 40 с.
Оқыту мен үйретудің әдістері:
Тәжірибелік сабақтар: жұптасып жұмыс істеу, оқытушы жетекшілігімен шығармашылық өзіндік жұмыстар, аз топтардағы жұмыстар, рөлді ойындар, топтағы талқылаулар, муляждарды, манекендерді,фантомды қолданып дағдыларды оқыту, оқытушы бақылауымен науқастармен жұмыс істеу, дәрігерлер мен мед.мамандардың науқастар арасындағы әңгімелесуге қатысу.
Оқытушының бақылауымен жүретін студенттің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ): оқытушымен бірге жұмыс істеу, бөлімде жұмыс жасау, дискуссия, дөңгелек үстелдер, жағдайлық есепті талдау.
Студенттердің өзіндік жұмысы: жеке тапсырыстарды орындау, клиника бөлімдерінде жұмыс істеу, кесте, алгоритм, схемаларды жасау.
Оқушылардың білімі мен дағдыларды бағалау әдістері:
Пән бойынша ағымды бақылау: тестілеу, жағдайлық есепті шешу, аз топтарда өзін өзі бағалау және топпен бағалау, науқас төсегінде тәжірибелік дағдыларды бағалау.
Пән бойынша аралық бақылау: жазбаша бақылау жұмысы, тестілеу, теориялық сұраққа жауап беру, жағдайлық есепті шешу.
Пән бойынша қортынды бақылау: компьютерлік тестілеумен жүретін диф.сынақ.
Білімді бағалаудың ережелері және критерилері: әрбір деңгейдегі білімді бағалау шкаласы және критериі (ағымды, аралық, қортынды бақылау), барлық сабақ түрлерін бағалаудың ережесі (аудиторлы, ОСӨЖ, СӨЖ)
Білімді бағалаудың баллдық-рейтингілік әріптік жүйесі**
Әріптік жүйе бойынша бағалау Бағаның сандық эквиваленті Бағаның пайыздық мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4 95-100 «Үздік»
А- 3,67 90-94 В+ 3,33 85-89 «Жақсы»
В 3,0 80-84 В- 2,67 75-79 С+ 2,33 70-74 «Қанағаттанарлық»
С 2,0 65-69 С- 1,67 60-64 D+ 1,33 55-59 D 1,0 50-54 F 0 0-49 «Қанағаттанарлықсыз»
Білімді бағалау критерилері**
«Үздік» бағасы оқушының бағдарлық материалды толық меңгерген жағдайында және қандайда бір қате жібермей, бақылау және тәжірибелік жұмыстарын уақытында дұрыс орындаса, жұмыс бойынша қатесіз есеп беріп, жоғарғы деңгейде ойлау қабілетін көрсетіп, коллоквиум және үй тапсырмаларын қатесіз тапсырған жағдайда, ғылыми зерттеу жұмыстармен айналысқан жағдайда, пән бойынша қосымша ғылыми әдебиеттерді қолданса және жұмыс бағдарламасын жүйелей алса қойылады.
«Жақсы» бағасы студент жұмыс материалын 75%-дан төмен игермесе, жауап берген кезде қате жібермей, бақылау және тәжірибе жұмыстарын уақытылы орындап, ескертусіз тапсырса және коллоквиум мен үй тапсырмасын дөрекі ескертусіз орындаса, оқытушы нұсқауымен қосымша әдебиеттерді қолданып, ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысса, принципальді емес қателіктер жіберіп, студенттің өзімен түзетілсе, жұмыс бағдарламасын оқытушы көмегімен жүйелей алған жағдайда қойылады.
«Қанағаттанарлық» бағасы студент бағдарлама материалын 50% дан аз меңгермесе, бақылау және тәжірибелік жұмыстарын орындауда оқытушының көмегіне зәру болса, коллоквиум тапсырғанда қателіктер жіберсе, зерттеу жұмыстарына белсенділік танытпаса, тек қана оқу әдебиеттерімен шектелсе және материалды жүйелеу кезінде көптеген қиындықтарға ұшыраса қойылады.
«Қанағаттанарлықсыз» бағасы жұмыс бағдарламасымен қарастырылған негізгі білім материалын игермесе, пәннің жартысынан көп материалын игермеген жағдайда, жауаптарында принципиальді қателіктер жіберсе, тапсырмаларды орындамаса, ағымды,аралық және қортынды бақылауды өтпесе, негізгі әдебиетпен жұмыс жасалмаған жағдайда қойлады.
* Ескерту: Кредиттік оқу жүйесі үшін.
**Ескерту: ҚР МЖМБС негізінде «ҚР-ның білім жүйесі.Жоғарғы оқу орындарында білімді бақылау және бағалау» құралған.
Рейтингті есептеу әдісі және пән бойынша интегральді бағалауды құрастыру (ҚММУдың 29.08.2011 ж. ағымдық жылға бекіткен рейтинг жүйесіне сәйкес құралады).
«Клиникаға кіріспе» пәні бойынша аралық сұрақтар
1.Науқастарды жалпы күтудің анықтамасы мен дағдылары. Науқасты жалпы күту бойынша мейірбикенің негізгі міндеттері.
2.Ентігмен науқастарды күту ерекшеліктері
3.Санитралы-эпидемияға қарсы тәртіп туралы түсінік. Оларды қамтасыз ету мақсаттары.
4.Қабылдау бөліміндегі жұмыс атқаратын міндеттері.
5.Оттегімен емдеу. Оксигенотерапия жүргізу ережелері. Ингаляция жүргізу көрсеткіштері және оларды жүргізу ережелері.
6.Ауруханаішілік инфекция. ЕПҰ-дағы инфекция таралу жолдары. Ауруханішілік инфекцияның алдын алу.
7.Науқастырды жалпы күтудің деонтологиялық аспектілері.
8.Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу үшін жүргізілетін іс-шаралар.
9.Стерилизация. Әдістері мен тәсілдері
10.Медбикелік педагогика негіздері: науқастарды оқыту стилі мен формалары.
11.Артериалды пульсті анықтау. Артериалдық қысым өлшеу ережелері.
12.Ауруханада инфекциялық бақылаудың жүргізілуі туралы негізгі норматитвті құжаттар
13.Ауруханадағы мейірбике жұмысын ұйымдастыру
14.Плевралды пункция жүргізу әдісі.
15.Ауа стерилизаторында, бу стерилизаторында заласыздандыру, қайнату. Тәртібі мен параметрлері.
16.Терапиялық бөліміндегі жұмысты ұйымдастыру және медбике міндеттері. Дәрілерді сақтау, тарату. Дәрілік заттың есебі.
17.Асқорыту органдарын ультрадыбысты зертеуге дайындау. Ирригоскопия жүргізуге науқастарды дайындау.
18.Дезинфекция туралы түсінік. Дезинфекция түрлері мен әдістері
19.Науқасты қабылдау бөлімінде санитарлық өңдеу. Науқасты бөлімшеге тасымалдау. 20.Науқасты зембілден төсекке ауыстыру.
21.Артериалды гипертензияны сырқат науқастарды күту.
22.Медициналық тағайындаудағы заттарды заласыздандыруға дейінгі тазалау сатылары.
23.Бөлімшедегі емдік-сақтану тәртібі. Посттық мейірбике жұмыс күнінің тәртібі
24.Нәжісті зерттеуге алу ережесі. Зәр сындырғыш ыдыстарды қолдану ережелері.
25.Дезинфекцияның физикалық әдістері. Дезинфекцияның физикалық әдісі негізінде қолданылатын заттар.
26.Емдік диета. Диетаның негізгі түрлері. № 5, 7, 9 диета ерекшеліктері мен көрсеткіштері.
27.Электрокардиограмма түсіру техникасы.
28.Емдеудің оң нәтижесін алудағы жеке гигиена маңызы
29.Мейірбике орындай алатын тәжірбиелік дағдылар
30.Жүрек маңы ауырсынумен науқастарды күту.
31. Құлақ күтімі. Сыртқы дыбыс жолын өңдеу.
32.Қабылдау бөлімінің қарау кабинетінде жұмыс істейтін мейірбикенің міндеттері.
33.Жедел миокард инфарктісімен науқастарды күту.
34.Дезинфекцияның химиялық әдісі. Дезинфекцияның химиялық заттарына сипаттама.
35.Аурухана мен бөлімшелердің санитарлық жағдайы. Палата, функционалдық-төсек, буфет және асхана санитарлық жағдайы. Ыдыстарды санитарлық өңдеу ережелері.
36.Миокард инфарктісімен науқастарды реабилитациялау кезіндегі мейірбике қатысы.
37.Науқасқа алдағы диагностикалық іс-шаралар туралы хабарлау. Науқас келісімін хабарлау.
38.Ұнтақтарды, тамшыларды, капсулаларды ішке қабылдау. Науқасты дәрілік заттарды ауыз арқылы қабылдауға оқыту.
39.Бүйрек патологиясына тән негізгі симптомлар мен синдромдар40.Бөлімшеде дәрілік заттарды сақтау. Наркотикалық және нейролептикалық заттарды сақтау ережелері. Олардың шығынын тіркеу.
41.Медициналық құжаттармен жұмыс. Бөлімшеде кезекшілікті қабылдау және өткізу.
42.Жедел жүрек жеткіліксіздігі науқастарды күту мен бақылау
43.Дезинфекциялық заттармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасынң ережелері.
44.Тері күтімі және ойықтардың алдын алу
45.Зәр шығару жолдарының аурулары бар науқастарды күту.
46.Дәрілік заттарды сыртқа және ингаляцияға қолдану.
47.Ауыр науқастарды тамақтандыру.
48.Тамыр жеткіліксіздігімен науқастарды күту.
49.Науқасқа төсек жаймаларын дайындау. Төсек жаймалары мен іш киімдерді ауыр науқастарда ауыстыру.
50.Өкпе аурумен және қызбамен сырқаттанатын науқастарда ерте диагностика мен асқыныстарының алдын алу үшін жүргізілетін іс-шаралар
51.Диспенсиялық синдроммен науқастарды күту және бақылау.
52.Емдеу-қорғаныштық тәртіп туралы түсінік
53.Науқастарды анализге дайындау және жинау. Жалпы және жек түкіргіштерді санитарлық өңдеу.
54.Зәр шығару жүйесін құралды зерттеу әдістерін жүргізу және науқастарды дайындау ережелері.
55.Көк тамырға дәрі енгізу кезіндегі асқыныстар түрлері. Себептері. Асқыныстарды болдырмау, алдын алу.
56.Жөтел түрлері. Науқас қалпі арқылы бронхтарды дренаждау.
57.Метеоризммен зардап шеккен науқастарды күту мен бақылау.
58.Клиникалық және биологиялық өлім туралы түсінік. Клиникалық өлім себептері.
59.Ентігу анықтамасы мен түрлері. Ентігу мен науқастарды күту іс-шаралары.
60.Асқазан-ішектен қан кеткен науқастарға алғашқы көмек және күтім.
61.Мейірбикелік үрдіс. Оның бес этапы. Мейірбикелік процесстің мақсаты мен есептері.
62.Патологиялық тыныс типтері. Қалыпты жағдайдағы тыныс алу жиілігі.
63.Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары бар науқастарды күту.
«Клиникаға кіріспе» пәні бойынша қортынды сұрақтар
1.Мейірбикелік іс анықтамасын беріңіз.
2. «Мейірбикелік іс» түсінігіне не кіреді.
3. Мейірбикелік істің негізгікезеңдерін атаңыз.
4. Мейірбикелік күтім мақсатын айтыңыз.
5. Мейірбикелік күтім жоспар анықтамасы.
6.Улы, күшті әсерлі және наркотикалық дәрілердің түрлері
7. Дәрілік заттарға арнайы талап көшірмесі
8. Улы, күшті әсерлі және наркотикалық дәрілерді бақылау және сақтау
9. Улы, күшті әсерлі және наркотикалық дәрілерді есепке алу және сақтау ережелері
10. Дәрілік заттарды тарату техникасы
11. Бөлімшедегі дәрілік заттарды есепке алу
12. Наркотикалық дәрілерді, А және Б тобы дәрілерінің қолдануын есепке алу
13. Егу бөлмесінің сипатттамасы
14. Егу бөлмесінде істейтін мейірбикенің сапасы
15. Егу бөлмесінде істейтін мейірбикенің жұмыс үлгісі және киімі
16. Егу бөлмесінің құрылысы.
17. Егу бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру және ондағы мүліктің санитарлы жағдайы
18. Егу бөлмесінде істейтін мейірбикенің жеке гигиенасын сақтау талаптары
19. Егу бөлмесінің санитарлы-эпидемияға қарсы режимі
20. Егу бөлмесінде инъекция жасау және дайындау ережелері
21. Шприцтердің түрлері
22. Шприцтердің құрылысы
23. Шприцтерді жинау және шприцтерді жою
24. Асептика и антисептика : түсінік, ережелері, оны қолдану, бұзу салдарлары
25. Ампула және флакондар : түрлері, қолдануы, айырмашылығы, сақтау ерекшелігі
26. Дәрілік заттарды дұрыс қолдану, ампуладан, флаконнан дәріні алу
27. Дәрілік заттарды шприцке алу техникасы
28. Ампула, флаконмен жұмыс істегенде медициналық қызметкерлерде болатын зақымдалулар
29. Медициналық қызметкерлердің қауіпсіздік шаралары
30. Антибиотиктерге арналған ерітінділер түрлері
32. Инструменталды зерттеу әдістеріне не жатады
33. Рентгеноскопия дегеніміз не?
34. Рентгенография дегеніміз не?
35. Томограмма дегеніміз не?
36. Рентгенография тыныс алу мүшелерінің қандай ауруларында қолданылады ?
37. Бронх тармақтарына рентгенография жасағанда қандай рентгеноконтрастты заттарды қолданады?
38. Бронхоскопияны жасауға көрсеткіш?
39. Функционалды зерттеу әдістеріне көрсеткіш
40. Қосымша зерттеу әдістерінің ақпараттық құндылығы қандай
41. Эндоскопиялық зерттеуге дайындау ережесі
42. Ультрадыбыстық зерттеуге дайындау ережесі
43. Спирографиялық зерттеуге дайындау ережесі
44. Улануға анықтама беріңіз
45. Экзогенді уланудың симптомдарын атаңыз
46. Экзогенді уланудың дәрігерге дейінгі көмегін айтыңыз
47. Уланған науқастарды күту ерекшеліктері
48.Өміріне қауіп төнген жағдайда алғашқы медициналық көмек .
49. Клиникалық және биологиялық өлім
50. Жүрекке тік емес массаж жасау техникасы.

Приложенные файлы

  • docx 16162289
    Размер файла: 57 kB Загрузок: 10

Добавить комментарий