Салық бюджет саясаты


Салық бюджет саясаты - бюджет және салықтар
Үкімет аппаратының кеңеюі 1930-шы жылдардай бастап үкіметтік шығынның тұрақты түрде өсуімен қатар жүріп отырды. 1930-шы жылы федералды үкіметтің шығыны елдің ішкі жалпы өнімінің немесе импорт пен экспортта қосқанда, жалпы өндірілетін тауар мен қызмет көрсетудің 3.3 пайызын ғана құрады. Бұл көрсеткіш 1944 жылы Екінші Дүниежүзілік соғыстық нағыз қызған кезінде, ішкі жалпы өнімнің 44 пайы- зын қүраса, 1948 жылы 11.6 пайызға төмендеді. Алайда одан кейінгі жылдары үкімет шығынының ішкі жалпы өніміндегі пайыздық үлесі арта түсті де 1983 жылы 24 пайызға жетті. Кейінірек бүл көрсеткіш сәл төмендеді. 1999 жылы ол шама- мен 21 пайызды құрады. Салық саясатын жасау - күрделі процесс. Әр жылы пре- зидент бюджет немесе шығын жоспарын Конгреске ұсынады. Заң шығарушылар президенттің ұсыныстарын бірнеше қадам- дарға бөліп қарастырады. Алдымен олар шығын мен салықтық жалпы деңгейіне тоқталады. Содан кейін олар осы жалпы өлшемді жеке категорияларға бөледі, мысалы, ұлттық қорға- ныс, адам денсаулығы мен оған қызмет көрсету және көлікпен тасымалдау. Ақыр аяғында Конгресс әр бап бойынша болашақ шығындарды анықтайтын қаржыландырудың жеке заң жоба- ларын қарастырады. Әрбір қаржылық заң жобалары жүзеге асып, күшке енуі үшін оған президент қол қоюы керек. Бю- джеттік қабылдау процесі көбінесе Конгрестің сессиясын түгелдей қамтиды. Президент өз ұсыныстарын ақпан айының басында жіберсе, Конгресс қаржыландырудың заң жобаларын қарастыру жұмыстарын қыркүйек айына таман (кейде одан да кеш) аяқтайды. Федералдық үкімет шығындарының негізгі орнын толты- ру көзі - 1999 жылы жалпы федералды^ табыстың шамамен 48 пайызын қамтамасыз еткен - жеке адамдарға салынған табыс салығы болып табылады. Әлеуметтік қамсыздандыру мен «Медикэр» (мүгедектерге және 65 жастан асқандарға ар- налған жеңілдік жасау негізіндегі медициналық қамсызданды- ру) бағдарламаларын қаржыландыратын табыс салығының осы бағдарламалардың ауқымды бола бастауыш байланысты маңызы арта түсті. 1998 жылы табыс салығы барлық феде-ралдық түсімнің үштен бірін қамтамасыз етті; жылдық табыс- тары 68 400 АҚШ долларынан аспайтын жұмыс берушілер де, жүмысшылар да өз жалақыларының 7.65 пайызын төлеуге міндетті. Федералды үкімет өз табысының тағы 10 пайызын компаниялардың пайдаға салынатын салығынан алады, ал та- б ы с ы ң қалған бөлігі әртүрлі басқа салықтармен қамтамасыз етіледі. (Жергілікті үкімет, керісінше, өз түсімінің үлкен бөлігін жеке меншікке салық салу арқылы жинайды. Қалып- тасқан дәстүр бойынша штат үкіметтері акциздік алымдар мен сауда салықтарына сүйенеді, алайда Екінші Дүниежүзілік со- ғыстан кейін, штаттар жинайтын кіріс салымының маңызы арта түсті). Федералдық табыс салығы АҚШ азаматтарының бүкілә- лемдік кірістерінен алынады, АҚШ аумағында тұрақты тұра- тын шетелдіктер табысынан, сондай-ақ, Құрама Штаттарында түрмайтындардың АҚШ-та тапқан табыстарынан салық алына- ды. Табыс салығы жөніндегі бірінші заң АҚШ Азаматтық со- пысын қаржыландыру мақсатында 1862 жылы қабылданған еді. 1862 жылы салық заңына сәйкес Салық жинау уәкілі басқармасы бекітілді, оның мақсаты - алымдарды жинау және салық заңын күш қолдану арқылы орындату: меншікті тартып алу немесе салық төлемеушілер табыстарын сот арқылы қуда- лау. Бүгінгі күні де салық уәкілінің дәрежесі мен өкілеттігі сақталып, тіпті өзгеріссіз сол қалпында қалып отыр. Жоғарғы Сот 1895 жылы табыс салығын конституңияға сәйкес емес деп жариялады, себебі ол Конституңияға қайшы келіп, штаттар арасында үлестірілмеген еді. Тек 1913 жылы Конституцияға 16-шы түзету енгізілгеннен кейін Конгресс та- быс салығын үлестірусіз салуға өкілеттік алды. Сонда да, Бірінші Дүниежүзілік соғыс уақытын есепке алмағанда, табыс салық жүйесі 1930-шы жылдарға дейін маңызды федералды^ табыс көзі ретінде мойындалған жоқ. Екінші Дүниежүзілік со- ғыс кезінде, федералдық табыс салығын басқарудың қазіргі жүйесі үсынылды, ал табыс салымының ставкілері өте жоғары көтеріліп, федералдық табыстың негізгі көзіне айналды. Үкімет 1943 жылдан бастап жалдаушылардың жүмысшылар жалақысынан белгілі бір соманы үстап қалу арқылы табыс са- лығын жинауын талап етті, бұл саясат салық жинауды жеңі- лдетіп, салық төлеушілердің санын күрт көбейтуге көмектесті. Казіргі кезде табыс салығы жайлы пікірталастардың көпшілігі үш мәселе төңірегінде шоғырланған: салық салудың тиісті жалпы деңгейі; ставкілердің өсу дәрежесі немесе «үде-мелілігі» және әлеуметтік мақсаттарға халықты пайдалану деңгейі. Салық салудың жалпы деңгейі бюджетті талқылау ар- қылы анықталады. Американдықтар, үкіметтеріне 1970-ші, 1980-ші жылдардың бойына және 1990-шы жылдардың бірін- ші жартысында шығын деңгейін салық арқылы жиналған алымдарынан асыруға рұқсат бергеніне қарамастан, бюджетте баланс болуы керек деген пікірді үстанады. Демократтардың көпшілігі алымдардың жоғарырақ болғанын және үкіметтің белсенді әрі ауқымды болғанын қаласа, республикандықтар әдетте қысқартылған үкімет пен төмен алымдарды қолдайды. Кіріс салығы, басынан бастап прогрессивті, яғни оның ставкілері табысы жоғары адамдар үшін жоғары болады деп пайымдалды. Демократтардың көпшілігі үдемеліліктің жоғары деңгейін қолдай отырып, табысы жоғары адамдардың жоғары мөлшерде салық төлеуі әділетті деп есептеді. Алайда көптеген республикандықтардың пікірінше, салықтық тез өсетін ставка- сы адамның жұмысқа деген ынтасын бәсеңдету, қаржыланды- рудай бас тарту арқылы жалпы экономикаға зиян келтіреді. Осыған сәйкес республикандықтардың көбі салық салудың жүмсартылған жобасын жақтайды. Кейбіреулері әр адамның табысына бірегей немесе «байсалды» салық ставкісін салуды ұсынады. (Кейбір экономистер, олардың ішінде демократтар да, республикандықтар да бар, үкімет табыс салығын толығы- мен жойып, оны тұтыну салығына айырбастаса, яғни адамның табысына емес шығындарына салық салса, экономика үтады деген пікірді үстанады. Бұл көзқарасты жақтаут ы л ардың пікірінше аталған әдіс қаржы үнемдеу мен инвестиңиялауды ынталандырады. Алайда, 1990-шы жылдардың соңында жет- кілікті қолдау алмағандықтан бүл идея жүзеге аспай қалды). Көп жылдар бойы заң шығарушылар экономикалық әре- кеттің арнайы түрлерін көтермелейтін табыс салығына әртүрлі жеңілдіктер мен шегерістерді қарастырды. Маңыздыларының біреуі - салық төлеушілердің үй сатып аларда төлейтін несие пайызын салық салынатын табысынан шегеріл қалу мүм- кіндігі. Дәл осылай, үкімет төменгі және орта табысы бар са- лық төлеушілердің колледждегі балаларының білім алуына және болашақ зейнеткерлік шығындарын қамтамасыз ету үшін арнайы зейнеткерлік шоттарда жинақталған қаржысына салық салмайды. 1986 жылы қабылданған Салық жүйесін реформалау за- ңы, табыс салығы енгізілгеннен бері АҚШ салық жүйесінің бәлкім ең маңызды реформалауы, табыс салымының ставкісін төмендетіл, сонымен қатар көптеген қолданылып жүрген са- лық шегерістерді қысқартты (алайда үй алу несиесіне төле- нетін пайыз бен дара зейнеткерлік шоттарға төленетін жарна- лар сақталды). Салық жүйесін реформалау заңы бұрынғы заңның ең жоғарғы ставкісі 50 пайызды құрайтын 15 салық айырмасын, ставкісі 15 және 28 пайызды құрайтын екі-ақ айырмасы бар жүйеге ауыстырды. Заңның басқа тараптары тө- менгі табысы бар миллиондаған американдықтар үшін табыс салығын азайтты немесе мүлдем жойыл жіберді.

Приложенные файлы

  • docx 16088047
    Размер файла: 16 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий