Esep_beru_-_Kazkommertsbank_AO (1)




І. Кіріспе
Өндірістік тәжірибе – студенттің тәжірибе жинау және кейіннен оқуды бітірісімен жұмысқа орналасу мақсатындағы, уақытша төлемақысыз өзінің теориялық білімін тәжірибемен біріктіре отырып орындауы.
Мен – Мақсұт Темірлан Құрманғалиұлы 2014 жылдың 17 наурызынан бастап 7 маусымына дейін Алматы қаласы, Абая көшесі 2 үйде, 7 қабат, 700-705 кеңселерінде орналасқан «AlemTrade» ЖШС-ның еншілес ұйымы «OrdaBas» орталығында өттім. Тәжірибе өту барысында тек қана «ORDABAS » бухгалтериясында ғана емес сонымен қатар «ALEMTRADE» да жұмыстарына тікелей араластым.
Тәжірибе өтуімнің мақсаты – осы шаруашылық субъектісінің ұйымдық құрылымы мен бухгалтерия бөліміндегі қызметкерлердің кәсіпорындағы міндеттерімен танысып үйрену, кәсіпорынның құрылудағы мақсаты, сонымен қатар, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің дұрыс орындалуын танып білу, заңдық және құрылымдық материалдар арқылы жұмысқа үйрену. Кәсіптік біліктілікті дұрыс орындалуын тану – теория жүзінде алынған білімді тәжірибемен бекіту. Кәсіпті біліктілікті дамытуды жетілдірумен қоса, ең алдымен, этикалық-мәдени нормаларды сақтай отырып, рұқсат етілген нормада мәліметтер жинауға тырыстым. Сонымен қатар:
٠ ұйымда белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;
٠ қауіпсіздік және тазалық ережелерін сақтау;
٠ әкімшіліктен белгіленген құқықтар шегінде тағайындалған жұмыстарды толығымен әрі уақтылы орындау міндеттерін барынша сақтадым.
«AlemTrade» 2004 жылы 12 шілде күні жауапкершілік шектеулі серіктестік болып құрылып, бір жыл өтісімен «AlemTrade» жауапкершілік шектеулі серіктестікке айналып, сол жылдың 21 қазан күні, Қазақстан Республикасының лицензиясына ие болды, осы күн ALEMTRADE’ның ресми туған күні болып саналады.«ORDABAS » корпоротивті оқыту нарығында 1994 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл ұйым Қазақстандағы экономика-қаржы және лингвистикалық тренингтер өткізу саласында және экономикалық, қаржылық, бизнесты ұйымдастыру және жүргізу үшін қысқа оқыту курстарын өткізу бағытында сап бастап тұр. «ORDABAS » компаниясы 90% «AlemTrade» жауапкершілік шектеулі серіктестігіне, 10 % «AkJol» жауапкершілік шектеулі серіктестігіне тиесілі.
«AlemTrade-тің» өзінің акционерлерінің құрылтайы 2013 жылдың 1 қазан күнінен бастап мынандай ірі компаниялардан тұрады.
«Орталық Азиялық инвестициялық компаниясы» жауапкершілік шектеулі серіктестікы компанияның 20,52 %-н алады.
«Ак Жол» 18,30 %-на ие.
«Еуропалық дамыту мен қайта құру» 8,41 %-ды иеленген.
Мүдірлер кеңесінің төрағасы Жумагул Курмангали акциялардың 8,02 % алады.
«Оптимус» жауапкершілігі шектеулі серіктестік 4,94%, «KSD» инвестициялық компаниясы жауапкершілігі шектеулі серіктестік 2,88% үлестері бар.

II. Негізгі бөлім
1. Қаржылық есеп
1.1. Бухгалтерия мен шаруашылық субъектісі есебін ұйымдастыру құрылымы
Бухгалтерия қызмет жүргізуші шаруаның қаражаттары мен мүлкіне есеп-қисап жүргізетін штатты-құрылымды бөлімшесі. Бухгалтерия ұйымның нәтижелі жұмыс істеуіне қажетті ақпарат беретін, толық, құжаттармен қамтамасыз етілген қожалық.
Бухгалтерияның мақсаттары:
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты - шаруашылық субъектісінің қызметі мен қызметтілігі жайлы толық әрі сенімді, нақты ақпарат жинау болып табылады. Мұндай ақпараттар көбінесе екі жағдайда қолданылады:
1. Мұндай ақпараттың экономикалық талдау негізінде шешім қабылдау.
2. Қаржылық бақылау орнату.
Шешім қабылдауға қажетті ақпарат
Экономикалық талдауды жарамды және оның негізінде шаруашылық жүргізуші шешімдер қабылдау, қаржылық есептілік күйінде қалыптасады:
٠ Сыртқы, статистикалық және қадағалаушы органдарға аудитордың растауымен берілетін ақпарат арнайы заң бойынша, алдын ала қарастырылған бухгалтерлік стандарттармен құрылады.
٠ Ішкі, жүргізушілік қызметін қамтамасыз етуге арналған, ұйымның ішкі нормативтік құқықтық актісімен орындалады.
Қаржылық есеп сенімділік талаптарын қанағаттандыруы керек, яғни сол жасалған қаржылық есеп негізінде кәсіпорын жайлы, оның қаржылық және мүліктік жағдайлары туралы дұрыс, орнықты шешімдер қабылдауға септігі болуы тиісті. Осыған сәйкес бухгалтерлік есептің тұтынушылар деп аталатын бір сыпыра, толық және сенімді ақпараттың көрсетілуі қызықтыратын адамдар саны бар.
Қадағалауға қажетті ақпараттар
Қаржылық бақылау, шаруашылық жүргізуші субъектісін бақылау құрамына ене тұрып, шаруашылық жүргізуші қызметінің маңызды нысандарының бірі. Ол шаруашылық жүргізуші субъектісінің басшылығы мен және оның қызметкерлерімен тексеру жұмыстарын нұсқалы түрде жүргізілуін қадағалайды.
Қаржылық бақылауды өткізудің негізгі шарттарының бірі ол нақты және беделді қаржылық ақпараттың болуы. Мұндай ақпаратты алып жүрушілер, көбінесе мынау құжаттар болады:
٠ Заң шығарушылық нормалармен, яғни мемлекеттің, қоғамның, контрагенттердің, қызметкерлер мен қожалық басшылығының немесе иесінің пайдасын қамтамасыз етеді.
٠ Алғашқы есептік құжаттармен.
٠ Есепті регистрлер.
٠ Бухгалтерлік есептілік пен инвентаризация материалдарымен.
Шаруашылық субъектісі есебін ұйымдастыру құрылымы
Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес, шаруашылық жүргізуші субъект, оның басшысының шешімімен бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың бес нұсқасының бірін таңдай алады:
٠ Кәсіпорынның штаттық құрылымында бөлек бухгалтерлік қызмет бөлімшесін қалыптастыру. Көбінесе бұл бөлімше бухгалтерия деп аталады. Оны бас бухгалтер жетекшілейді. Бұл ең танымал нұсқа, ал үлкен коммерциялық ұйымдар үшін жалғыз болуы мүмкін нұсқа.
٠ Бухгалтерлік есепті жүргізу шаруаларын штатты немесе штатты емес бухгалтерге жүктемелеу.
٠ Қаржылық қызмет көрсетуші аутсорсиңдік фирмамен келісім шарт жасасу. Бұл әдіс басқаларына қарағанда құқықтық көзқарастан әлдеқайда сенімді алайда, аса қымбат. Осы себептен бұл нұсқамен әдетте шетелдік компаниялар қолданады.
٠ Есепті жүргізуді орталықтандырылған бухгалтерияға жүктемелеу – орталықтандырылған бухгалтерия көбіне мемлекеттік әкімшілік органдарында немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қаражатты және ресурстарды үнемдеу мақсатында қолданылады. Яғни бухгалтерлік есеп бір мезетте бірнеше ұйымның бухгалтериясымен айналысады.
٠ Бухгалтерлік есепті жүргізуді басшының өзіне қалдыру – бұл әдіс де өте танымал. Әсіресе кішігірім, аздаған адамдар жұмыс істейтін және шектелген шаруашылық операциялар жүргізетін, жеңілдетілген салық төлеу кестелері бар кәсіпорындар үшін өте ыңғайлы.
Мен тәжірибе алу барысында, AlemTradeтің орталық бөлімшесі есепті жүргізуді орталықтандырылған бухгалтерияға жүктемелеу әдісін қолданатынын білдім. Яғни жалпы «AlemTrade» жауапкершілік шектеулі серіктестікына кіретін барлық филиалдар мен еншілес ұйымдарының бухгалтериясы бір орталықтан жүргізіледі. AlemTrade басқарылу құрылымы:
Ордабасы

Акжол

«Алемтрейд» акционерлер кеңесі, Мүдірлер кеңесі

Мүдірлер кеңесінің төрағасы

Бухгалтерия


«AlemTrade» жауапкершілік шектеулі серіктестікындағы бухгалтерия қызметкерлерінің құрылымы:
Алет Трейд бухгалтериясы

Бас бухгалтер

Бухгалтерлер
Қаржыгерлер
Экономистер

«AlemTrade» ЖШС-ның бухгалтериясы түгелдей бір орталықтан басқарылғанымен, оның бөлектенген әрбір филиалы штаттық құрылымында бөлек бухгалтерлік қызмет бөлімшесін қалыптастырған, немесе кейбір кішігірім филиалдары штаттық немесе штаттық емес бухгалтердің қызметіне жүктейді.
ALEMTRADE-тың еншілес бөлімшелерінің бухгалтериясы да филиалдары тәрізді штаттық құрылымында бөлек бухгалтерлік қызмет бөлімшесін қалыптастырып отыр, ал кішігірім еншілес ұйымдары штаттық немесе штаттық емес бухгалтер қызметіне жүгінеді, немесе бухгалтер қызметін тікелей басшының міндетіне жүктейді.
Менің өндірістік тәжірибемді өткізген «ORDABAS » , орталығы бухгалтер қызметін тікелей басшыға жүктеген. Себебі, бұл кәсіпорын өте кішігірім және тек бірнеше ғана шектеулі операциялармен жұмыс істейді. ORDABAS орталығының басқарылу құрылымы:
«Алеймтрейд», кеңесі

Мүдірлер кеңесінің төрағасы

ORDABAS



Несиелік бөлімшенің қызметкерлері, қаржыгерлер
қызметкерлері, операторлар.
Логопедтер мен тіл дамытушы мамандар, лингвистер
Алемтрейд басшысы
Алемтрайд несиелік бөлімшесінің басшысы
Еншілес ұйымның мүдірі әрі бухгалтері

Технологиялық тəуекел «Ордабасы» үшін өндіріс барысында «Ордабасы»
АҚ кəсіпорнында өрттің, апаттардың жəне басқа да төтенше жағдайлардың
туындауын қарастырады. Эмитент «Ордабасы» кəсіпорнында тиісті техникалық
қауіпсіздік қамтамасыз етілген жəне төтенше жағдайлардың туындауы əлдеқалай деп есептейді.
«Ордабасы» операциялық тəуекелдері «Ордабасы»
қызметін ұйымдастыру жүйесіндегі, процестеріндегі қателермен, жоғалулармен, «Ордабасы»
персоналдың қателерімен немесе білікті мамандардың болмауымен немесе
«Ордабасы» қызметіне əсер еткен қаржы емес жағдайының қолайсыз сыртқы
жағдайларымен байланысты (мысалы, алаяқтық немесе апат жағдайлары).
ORDABAS өз қызметін жаңа үлгідегі компьютерлер, телефондар, арқылы істейді. Ұйымның нәтижелі жұмыс істеуінің бірден бір себебі ол «Ақжол» ЖШС-ның қосқан үлесі.
Есеп саясатының тиімді бағытын қалыптастыру үшін бухгалтерлік есеп принциптері мен мұның қолайлы нақтылы әдістерін, салық салу процесін, қаржылық менеджментті және басқа да көптеген экономикалық қатынас мәселелерін кімде-кім болмасын жақсы білуі керек.
Есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүйесіне тән қойылған талаптар мен принциптерге жауап беруді қамтамасыз етеді.
Осы кезеңдегі нарықтық қатынастар, меншіктік экономика және кәсіпкерлік процестің дамуына сай бухгалтерлік қорытынды есептің шынайы жасалуына ең әуелі ұйымдардың басшылары жауапты. Ал бухгалтерлік есеп саясатының сапалы қалыптасуына ұйымдардың атқарушы бухгалтерлері жауапты.
Есеп саясатын қалыптастыру процесінде бухгалтерлер белгілі авторлардың және ресми органдардың жариялаған арнайы оқулықтарын, мақалаларды, әдістемелік құжаттар мен материалдарға жүгінуі керек.
Есеп саясатын жасау алдында ұйымдардың міндет атқарушы бухгалтерлері осы есеп саясатын қалыптастыру процесінде ұйымдар өз таңдауы бойынша және нақтылы жағдайды ескере отырып, есеп саясатын құраушы объектілер мен операцияларға тән басқа да әдістерді бухгалтерлік есеп жүйесінде қолдануына болады.
1.2. Қаражаттар есебі және есептесу (есеп беретін тұлғалармен)
Шаруашылық субъектілері материалдарды жеткізушілермен, өнім алушылармен байланыста болып және олармен алыс-беріс қатынастарда болады. Алыс-беріс қатынастар алушылардың белгіленген уақытта алынған материалдық құндылықтардың, орындалған жұмыстардың құнын төлеу міндеттемелеріне, сондай-ақ жеткізушілердің алушылардан төлемақыны талап ету құқығына негізделеді.
Алыс-беріс қатынастары мемлекеттік бюджет, әлеуметтік қамсыздандыру, зейнетақы қоры және т.б. органдарымен де пайда болады.
Көбінесе ұйымдар арасында есеп айырысу банк жүйесінің жәрдемімен қолма-қол ақшасыз арқылы жүргізіледі.
Есеп айырысу және валюталық шоттарын ашу үшін келесі құжаттар керек:
1) шот ашу туралы өтініш;
2)қол қою үлгілері мен мөр таңбасы бар құжат;
3)Салық есебінде тіркелгенін растайтын құжат түпнұсқасы; 4)Мемлекеттік тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткенін растайтын құжат көшірмесі; 5)Жарғының негізінде заңды тұлға қызметін растайтын құжаттың нотариалды бекітілген көшірмесі.
Кәсіпорынның есеп айырысу шотына өткізілген өнім үшін ақшалар, аванстық төлемдер, банктің несиелері, дебиторлық қарыздар, кассадағы қолма-қол ақшалар және т.б. келіп түседі.
Есеп айырысу шотынан қолма-қол ақшасыз есептер жүргізіледі, еңбекақы төлеу, іссапар, шаруашылық және өкілдік шығыстарына қолма-қол ақша беріледі. Қолма-қол ақша мәлімдемеге сәйкес босатылады.
Банктің ағымдағы шотында операциялар жүргізу үшін негіз ретінде бастапқы құжаттар төлем тапсырмалары, чектер, қолма-қол ақшаны өткізу үшін хабарландырулар болып табылады.
Кассир алдын-ала (шамамен 1-2 күн бұрын) банкіге қажетті сомаға тапсырыс береді, ал одан соң оны чек бойынша алады. Чектер күнін өзгертпей, жазылған күнді есепке алмай 10 күн ішінде жарамды болып саналады. Чектің түбіртегі есеп регистрінде кассалық операцияларды жазу үшін ақтаушы құжат болып табылады.
Кассаға есеп айырысу шотынан алынған қолма-қол ақша қатаң мақсатты бағыттар, ақшалар алынған мақсаттар ақша чегінің теріс бетінде көрсетіліп қойылған бойынша жұмсалу керек. Ақшаның жұмсалмаған бөлігі кассаға қалдырылады. Алушылар тарапынан қолма-қол ақшамен төленген өнімнің өткізілуінен түскен ақшалар да есеп айырысу шотына өткізіледі.
Есеп айырысу шотына ақша салу шығыс кассалық ордермен жасалады.
Банкте ақша өткізетін кассир қолма-қол ақша салу бойынша хабарландыруларды толтырады. «Хабарландыру» бланкісін банктің операторынан алу мүмкін. Ол 3 бөліктен тұрады. Жоғарғы бөлік банкіде қалады, ортадағы бөлік (квитанция) кассирге беріледі. Хабарландырудың төменгі бөлігі (ордер) де кассирге қайтарылады, бірақ тек тиісті операцияның банкпен өткізілгенінен соң және банктің көшірмесімен бірге тігіледі.
Үш бөліктің әр бірінде қойылатындар: күні, кімнен ақша қабылдағанн, алушы мен оның банкі, салымның тағайындалуы. Бірінші мен екінші бөліктердің жоғарыдағы оң бұрышында кәсіпорынның есеп айырысу шоты мен сомасы сандармен жазылады. Сол соманың өзі төмендегі тәртіпте сөзбен жызылады: жазуды ол үшін арналған орынның басына тиістіре бас әріппен бастау керек. Орынның қалған жерлерін көлденең сызықпен сызып қою керек.
Үшінші бөлік сәл басқаша толтырылады. Ордерде алушы банктің коды мен кредит бойынша сомасын көрсету қажет (біздің есеп айырысу шотымызда бұл сома-дебет бойынша, ал банкіде-кредит бойынша өтеді).
Онда төлеуші мен оның банкісінің, алушы мен оның банкісінің реквизиттері, сомасы мен тағайындалуы көрсетіледі. Банктің қызметкері төлем тапсырмасын орындауға қабылдап алып оның соңғы данасына таңба қояды одан соң ол операцияны есепте бейнелеу үшін бухгалтерге қайтарып береді. Басылған, бірақ банкіге өткізілмеген төлем тапсырмасы 10 күн ішінде жарамды болып саналады.
Төменгі жақта төлемнің тағайындалуы көрсетіледі, басшы мен бас бухгалтердің қол таңбаларымен қоса кәсіпорынның мөрі қойылады.
Төлем тапсырмалары Төлем тапсырмаларын тіркеу кітабына тіркеледі. Төлем-талап тапсырмас - жеткізушінің жөнелтілген өнімге төлем-талап тапсырмасын рәсімдейді. Оны төлеушіге бағыттайды. Ол танысып, төлем жөнінде шешім қабылдайды. Шешім қабылдағаннан кейін төлеуші оған қол қояды, мөр басады және өзінің банкіне өткізтеді. Төлеушінің банкі ақшаны оның есеп айырысу шотынан есептен шығарады және оны жеткізушіеің шотына есептеу үшін соның банкіне аударады. Есептен шығарылған және есептелген соманың бухгалтерлік жазбалары есеп айырысу шотынан банк беретін көшірменің негізінде жүргізіледі. 1030 шотының айналым ведомосының негізінде журнал ордер-2 мен ведомость-2 толтырылады.
Қазақстанның халық шаруашылығында кассалық операцияларды жүргізудің уақытша тәртібіне сәйкес шар-қ субьектілер кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын банк мекемесімен келісім бойынша субьект бастығы белгіленген мөлшерде және мерзімге операциялық шар-қ және басқа щығындар үшін қолма-қол ақшаны есеп беруге кассадан береді.
Субьектінің шаруашылық мақсаттарына жұмсалатын ақшасы кассадан жауапты тұлғаларға ғана беріледі. Жауапты тұлғалардың тізімі басшының бұйрығымен бекітіледі. Олардың әрқайсымен толық материалдық жауапкершілік келісім шарты жасалады.
Есеп беруге берілген қолма-қол ақшаның жұмсалмаған бөлігі алынған мерзімі аяқталғаннан кейінгі үш күннен кешіктірместен кассаға қайтарылуы тиіс. Қызметкерді іссапарға жіберген кезде, іссапарының мақсаты, іссапараның баратын жері, іссапарының басталған және аяқталған күні. Бұйрықтың негізінде іссапарға жіберілетін қызметкер алдын-ала жасалған есеп бойынша аванстық соманы кассадан алады.
Қолма-қол ақшаларды берудің олардың іссапар шығыстары үшін пайдаланудың тәртібі қолданыстағы заңдармен реттеледі.
Іссапарға жіберілген қызметкерлердің:
1.Іссапар орнына дейінгі және одан кері қарай тұрақты жұмыс орнына дейінгіжол жүру шығындарын
2.Тұрғын – үйді жалдау шығындарын
3.Тәулік ақысын
4.Ұсынылған құжаттарға сәйкес өзге шығындарын шаруашылық субьектісі өтейді.
Қызметкер іссапардан оралғаннан кейін, үш күннің ішінде іссапарға байланысты жұмсалған сомалар бойынша аванстық есептеме өткізуге міндетті. Іссапар шығындарын растау үшін қажетті құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады: олардың ішінде жол шығындарының билеттері, қонақ үй төлем ақысының фискалды чектері, келіп кеткені жөнінде белгі қойылған іссапар куәлігі бар. Нормадан артық төленген іссапар шығындары да қызметкердің табысы болып есептеліп, ол сомаға да салық салынады. Іссапар шығындарының нормасы тұрақты түрде қайта қаралып, ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітіледі, 2009 жылға арналған іссапар шығындарының нормалары төменгі деңгейде белгіленген.
٠ҚР-да 6 АЕК
٠Өзге елдер 8 АЕК- бұл тәуліктік шығындар.
Аванстық есептемеге қоса белгіленгентәртіппен іссапар күәлігі, жол жүру құжаттарының түбіршегі, үй-жайды жалдау туралы құжаттар бірге тапсырылады.
Есеп беретін адамдар мен есеп айырысудың жинақтамалы есебі 1250 «қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотында жүргізіледі. Бұл шот активтік, негізгі, есеп айырысу.
Шаруашылық операцияларының мазмұны Дт Кт Тип
Кассадан іссапар бойынша қызметкерге 100000 (жүз мың) теңге көлемінде ақша берілді 1250 1010 1
Қызметкердің 75000 (жетпіс бес мың) теңге сомасына сатып алған негізгі құралдары кіріске алынды. 1310 1250 3
Қызмтекер 20000 (жиырма мың) теңге көлеміндегі жұмсалмаған ақшасын кассаға қайтарды 1010 1250 1
Қызметкер жұмсалмаған ақшасы бойынша аванстық есеп өткізді 7210 1250 1
Жеке тұлғаның еңбекақысынан жетіспеген 5000 (бес мың) теңге көлеміндегі ақшаның орнын толтыру мақсатында ақша ұсталынды. 3350 1250 4
1.3. Негізгі құрал-жабдықтар мен материалды емес активтер есебі
Өндіріс процесі өндіріс құралдарының қатысуымен жүзеге асырылады,олар:
1) еңбек заттары (шикізат,материалдар,сатып алынатын жартылай фабрикаттар);
2) еңбек құралдары (станок, машиналар) болып бөлінеді.
Негізгі құралдарға мыналар жатады: жылжымайтын мүліктер (жер участкелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық өсімдіктер және жермен тығыз байланысты, қозғалысы олардың мақсатына зиян келтірмеу мүмкін емес басқа объектілер), көлік құралдары, жабдықтар, аулау аспаптары, өндірістік және шаруашылық құралсаймандар,үлкен және өнім беретін малдар, арнайы құралдар мен басқа да негізгі қорлар (кітапхана қорлары, мұражай құндылықтары, жануарлар әлеменің экспонаттары, автомобиль жолдары және т.б.).
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндетті:
1. Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құраклдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру.
2. Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте уақытылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету.
3. Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдаланылуына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
4. Негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеулерді, қайта құруды және жаңғыртуды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақытылы көрсетуді жүзеге асыру.
5. Моральды және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау.
6. Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік есептің деректері банкін уақытылы және дұрыс қалыптастыру.
Негізгі құралдардың ғылыми негізделген жіктемесі алға қойған мақсаттарға жету үшін, маңызды шарт болып табылады. Өндірістік процесіне қатыс сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді: өндірістік – бұл өндірістік процестік тікелей қатысатын немесе өндірістік негізін құрайтын негізгі құралдар. Өндірістік емес – бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар.
Тиістілігі бойынша негізгі қорлар былайша бөлінеді:
меншікті – бұл субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар; жалданған – жалдау шарты бойынша, онда белгіленген мерзімге басқа субъектілерден алынған негізгі құралдар.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:
қолданыстағы – бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар қолданылмаған (тоқтатылған) – консервацияға немесе басқа да себептерге байланысты уақытша қолданылмай тұрған негізгі құралдар; қорда тұрған – қолданып жүрген негізгі құралдардың жөндклуі, жойылуы,апатқа ұшырауы жағдайында оларды алмастыру үшін қор құрайтын негізгі құралдар.
Заттық құрамы бойынша негізгі құралдар былайша бөлінеді:
٠ инвентарлықбұл заттай нысанға ие және айырбастау мен заттай санауға болатын объектілер( үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар);
٠ инвентарлық емес – бұл жер, орман және су дақылдарына (ғимараттан басқа) арналған.
Субьектінің шаруашылық іс-әрекетінде белгілеу бойынша пайдалану мақсатымен алынған негізгі құралдар құрамына көрсетіледі. Алып сату мақсатымен алынған негізгі құралдар – ТМҚ құрамында, ал субьектінің өзі пайдалану үшін емес, ұзақ уақытқа қаржы салу мақсатымен алынатын НҚ қаржылық инвестиция ретінде көрсетіледі. НҚ-ы есептеу үшін 2400 НҚ бөлімшесінің синтетикалық шоты қолданылады.
НҚ қабылдау, тапсыру актісімен (№НҚ-1ф) рәсімделеді. Субьектілер пайдалы қызмет ету мерзімін өз бетінше белгілейді.
НҚ қабылдау, тапсыру (ауыстыру) актісі негізінде бухгалтерияда, мүліктік карточка ашылып НҚ-ң талдамалы есебі жүргізіледі. НҚ-ң әрбір обьектісіне мүліктік номер беріледі. Нөмірлеу әдетте реттік номер беріледі. Нөмірлеу әдетте реттік сериялық жүйе бойынша жасалады. Толтырылған мүліктік карточкалары әрбір жіктеуші топ бойынша бір данада жүргізілетін «НҚ-ы есептеу, мүлік түгендеу карточкаларының тізімдемелерінде» (№НҚ-6) тірекеледі. Істен шыққан НҚ бойынша категорияларды архив картотекасы бөліміне қояды.
НҚ обьектілері субьектінің ухгалтерлік балансынан мыналардың нәтижесінде есептен шығарылады:
1. Физикалық немесе сапалық тозу
2. Шаруащылық қызметінде пайдаланылмайтын обьектілерді өткізуде
3. Басқа субьектілерге НҚ-ы жарғы капиталына салым түрінде беру.
4. Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға өтеусіз беру
5. Обьектілерде ұзақ мерзімді ( қаржыландырылған) жалға беру
6. Кем шығу, табиғи апаты және басқа обьектілер.
НҚ обьектілерін өтеусіз беру туралы келісім шарт шаруашылық жүргізуші субьектіге қатысушылардың жалпы жиналысында қабылданады.
НҚ-ң жарамсыздығы, оларды қалпына келтіріп, жөндеудің мүмкін еместігін және тиімсіздігін анықтау үшін, сондай-ақ есептен шығаруға қажетті құжаттаманы рәсімдеу үшін субьект басшысының бұйрығы бойынша тұрақты жұмыс істейтін косммисиялар құрады.
Комиссия обьектіні қарайды, есептен шығарудың нақты себептерін белгілейлі, мерзімінен бұрын істен шығаруға кінәлі адамдарды табады, пайдалану мүмкіндігін анықтайды және жарамды материалдық құндылықтарды бағалайды. Есептен шығаруды «НҚ-ы есептен шығару актісі (№НҚ-3ф)» және автотранспорттық құралдарды есептен шығару актісімен ( №НҚ-4 ф) 2 данамен рәсімделеді.
«AlemTrade» ЖШС-ның жалпы негізгі құралдарының сомасы екі жүз миллион теңгені құрайды.
ORDABAS орталығының негізгі құралдарының жалпы сомасы үш миллион теңгені құрайды. Оған компьютерлер, телефондар, жиһаздар және басқа да құрал-жабдықтар жатады.
№ Шаруашылық операцияларының мазмұны Дт Кт
1 Негізгі құралдарды нақты бағасымен ҚҚС сомасынсыз төмендегінің есебінен сатып алу 2410 1251
2 Сатып алынған негізгі құралдар бойынша ҚҚС есептелінді 1420 1251
3 Негізгі қорларды сатып алу мен заңдастыру шығындары олардың бастапқы құнына жатқызылды 2410 3310
4 Жеке және заңды тұлғалардан өтеусіз алынған негізгі құралдар 2410 6220
5 Түгендеу кезінде анықталған есепке кірмеген негізгі қорларды 2410 6280
6 Қайта бағалаудың нәтижесінде негізгі құралдардың баланстық құнының өсуі. 2410 5420
7 Қайта бағалаудың нәтижесінде негізгі құралдардың баланстық құнының өсуіне байланысты есептелген амортизацияға түзету енгізу. 5420 2420
8 НҚ қайта бағалауға арналған резерв сомасынан тыс 7420 2430
9 Кез келген себептер бойынша НҚ есептен шығару 7410 2410
10 Қаржылық жалдауға берілген негізгі қорларды кейін қайтару. 2410 2160

Материалдық емес активтер (М.Е.А), Бейматериалдық активтер –айналымнан тыс активтер тобы. Олардың материалдық – заттық мазмұны жоқ‚ бірақ құны болады‚ құжаттармен қуатталады‚ табыс әкеледі және табыс алуға алғышарттар жасайды‚ ұзақ мерзімді кезеңде (1 жылдан астам) пайдаланылады‚ иеліктен шығаруға жарамды болады. Материалдық емес активтерге мыналар жатқызылады:
٠ патенттерден‚ лицензиялардан‚ авторлық шарттардан туындайтын құқықтар;
٠ жерді‚ жылжымайтын мүлікті пайдалану құқықтары;
٠ ноу-хау;
٠ тауар белгілері‚ т.б.
Шетелде Материалдық емес активтерге фирманың беделі, оның жұмыс стилі‚ яғни кеңсенің дизайны‚ визиткалар‚ жаңа туындаған идеялар, фирмалық бланкілер‚ конвертконверттер‚ қызметкерлердің фирмалық киім – кешегі‚ т.б. жатқызылады. Меншікті өндіріс қызметінің өнімі болып табылатын материалдық емес актив тауар ретінде есептеледі. Материалдық емес активтерді құрған кезде барлық жұмыстар зерттеулер мен әзірлемелер сатыларынан құралады.
Материалдық емес активті сатып алғаннан кейін оның келесі шығындары оның баланстық құнын көбейтеді, сонда келесі шарттар орындалуы тиіс:
Бұл шығындар активке алдағы кезеңде экономикалық пайда әкелуі мүмкіндігі бастапқы анықталған нормалардан көп болуы мүмкін;
Бұл шығындар бағалануы және активтерге апарылуы мүмкін.
Материалдық емес активтің ликвидациялық құны нөлге тең болады, егер:
Пайдалы қызмет мерзімінің соңында оны иемдену туралы келісімнің болмауы;
Берілген материалдық емес активке активті нарықтың болмауы.
«AlemTrade» ЖШС-ның материалдық емес активтерінің сомасы шамамен 10 миллионға тең. Ал ORDABAS -тікі 80 000 теңгені құрайды.
1.4. Материалдық қорларды есептеу және жеткізушілермен есептесу есебі
Материалдар қозғалысы есебін жүргізу үшін көптеген бастапқы кұжаттар колданылады. Мұндағы құжаттар материалдар есебін жүргізу жөніндегі негізгі ережелер, сондай-ақ ақпараттарды компьютерлік жүйемен өңдеу талаптарына жауап берерліктей сапада болуы керек.
Нарықтык қатынастар жағдайына сай бизнеске қатысушы жақтар, өздеріне тән алыс-беріс операцияларын сенімді жүргізу үшін, ең әуелі ресми түрде рәсімделген келісім-шартқа отыратындығына байланысты, материалдар алушы ұйымдар мен материалдар қоюшы ұйымдар арасында тікелей келісім-шарт жасалынғаны жөн. Келісім-шарт қоюшылармен алушылар арасындағы өзара жауапкершілікті сақтау мен екі жақты міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге арналады. Келісім-шарт құжатына материалдардың аталуы, саны, бағасы, қоюдың мерзімі, есеп айырысудың тәртібі, тасымалдаудың жолдары, келісімде қаралған шарттардың бұзылғандығына койылған шаралар, қабылдап алудың тәртібі т.с.с. жазылады.
Тауарлы материалды қорлардың барлық түрлерінің есебі 1300 «Материалдар» бөлімшесінің негізгі, активтік, инвентарлық шоттарында жүргізіледі.
ALEMTRADE негізгі материалдары ет болып табылады. өндірісте еттен дайындалған шұжықтар, тұзды-ысталған өнімдер және консервілер. Шұжықтың пісірілген, шала ысталған және пісірілген, шикілей немесе пісірілген түрде ысталған және кептірілген, шикілей кептірілген түрлері болады. Тұздалған-ысталған өнімдерге пісіріліп тұздалған (пісірілген сан еттер мен орамалар), ысталған- тұздалған (сан еттер, орамалар, төс және т.б), ысталған (сан еттер, тос, мойын еттері), пісірілген өнімдер жатады. Ет консервілеріне қалбырларға салынып, бекітілген, ыстықпен зарарсыздандырған дайын өнімдер жатады. Мұндай өнімдер таза еттен немесе етке басқа құрауыштар қосылып дайындалады. Ет консервілерін қоғамдық тамақтандыру орындарында 0-8° С температура аралығында 30 тәулік сақтауға болады. Қоймаларда консервілер түріне байланысты 1—3 жылға дейін сақталады.
1.5. Еңбек пен оның төлем есебі
Енбекақы – қызметкердің орындаған жұмыс көлемі мен белгіленген еңбек шарты және лауазым нұсқауына байланысты еңбек төлемі.
«ORDABAS » , орталығында еңбекақы есебінің жүргізілуі мынадай:
٠ Еңбекақыдан ұсталатын міндетті ұсталымдар: ЖТС 10%, МЗЖ 10%
٠ Өзге ұсталымдар: профсоюз – 1% т.б.
٠ Кәсіпорында еңбекақының 2 негізгі нысаны бар: мерзімді және кесімді.
Мерзімді еңбекақы – атқарған жұмыс уақытына байланысты төленеді. Мысалы: бас есепшіге наурыз айында 260 000 тг жалақы есептелінді. Зейнетақы қоры 10% (260 000 * 10%=26000) 260 000 – 26000=234 000тг. ЖТС=260 000-26000-18660=215 340*10%=21534тг. 260 000-26000МЗЖ-21534ЖТС=212 466тг (қолына алатын еңбекақысы).
Кесімді еңбекақы - өндірілген өнім санына байланысты төленеді. Мысалы: өндірілген өнім саны 750 дана, бір өнім бағасы – 350тг. Есептелген еңбекақы – 750*350=262 500тг. Содан кейін қолына алатын жалақысы есептеледі. Кесімді еңбекақы кәсіпорында бірнеше жүйеге бөлінген.
«ORDABAS » , орталығында еңбекақы түрлеріне байланысты есептелген жалақыларды мысалға келтірсек:
Жұмыс уақытының есеп табелі (Қосымша №19) – жұмыс уақытын пайдалану есебін жүргізу үшін толтырылатын бастапқы құжат. Табель әр айдың бірінен басталады, ай соңында жабылады. Еңбекақыны есептеу үшін табельді бухгалтерияға өткізеді. Қосымша №20, 21.
Құрылымдық бөлімше Қызметкердің аты-жөні Қызметі Табельдік нөмірі Оклады
Басқарма Қайырғали Ш.Н Бас бухгалтер 00654 220000
alemtrade Мукашева А.С. Сall centr басшысы 00125 110000
Мысалы, кәсіпорында жұмыс істейтін енбеккерлердің мерзімді жалақысын есептейік. Бухгалтериядағы бас бухгалтер Қайырғали Ш.Н.-ға штат кестесі бойынша есептелген жалақы 220000тг. Енді қолына алатын жалақыны есептейік.
МЗЖ=(220000*10%)=22000тг.
ЖТС=(220000-22000-19966ЕТЖ)*10%=17803,4тг.
Жалақы=220000-22000МЗЖ-17803,4ЖТС=180066тг.
Осы операцияларды бухгалтерлік жазбада көрсетсек:
№ Операциялар мазмұны Дебет Кредит Сомасы
(теңге)
1 Жалақы есептелінді 7210 3350 220000
2 Жалақыдан ұсталған МЗЖ 3350 3220 22000
3 Жалақыдан ұсталған ЖТС 3350 3120 17803,4
4 Бухгалтерге кассадан еңбекақы берілді 3350 1010 180 196,6
5 Зейнетақы аударымдары бойынша төлем жасалды 3220 1030 17000
6 ЖТС бюджетке аударылды 3120 1030 17934

Сондай-ақ, демалыс ақысын есептейік, ол қазаннан 24 күнге кезекті еңбек демалысына жіберілді. Штаттық кесте бойынша жалақасы 170000тг, алдыңғы кезеңде толық жұмыс атқарған. Осы сома бойынша қызметкердің жалақысын есептесек: ең алдымен орташа күндік жалақыны анықтасақ: 12 ай жалақысын барлық атқарған жұмыс күніне бөлу арқылы: 2040000/248=8225,8тг. Еңбек демалысындағы жұмыс күндерінің саны – 18, 18*8225,8=148064,4тг. Қазан айында жұмысқа келгеннен 5 күн жұмыс істеген. 170000/23=7391,3тг (бір күндік орташа ақы). 7391,3*5=36956,5тг. Еңбек демалысы 148064,4+36956,5=185020,9тг. Енді міндетті ұсталымдарды есептесек: 185020,9*10%=18502.09тг. ЖТС=(185020,9-18502,09МЗЖ-18660ЕТЖ)*10%=14785,881тг. Демалыс ақысы 185020,9-18502,09 14785,881=151732,929тг.
Осы операция бойынша шоттар байланысы:
№ Операциялар мазмұны Дебет Кредит Сомасы
(теңге)
1 Қызметкерге есептелген еңбек демалысы 7210 3350 185020,9
2 Міндетті зейнетақы жарналары ұсталынды 3350 3220 18502,09
3 Жалақыдан ЖТС ұсталынды 3350 3120 14785,881
4 Менеджерге кассадан еңбек демалысы бойынша жалақы берілді 3350 1010 151732,929
5 Салықтық міндеттемелер бойынша есеп айырысу 3220, 3120 1030 14785,881

Маркетинг бөлімінің қызметкері Умарова А.И.-ң жалақысы өткен айда 150426тг.құраған. Ол алдыңғы кезеңде 5 ай толық жұмыс атқарған, енді қызметкердің жұмыстан шығу бойынша өтемақысын есептейік. 752130/99=7597,3тг (орташа күндік ақысы). 7597,3*10 (демалыс уақыты)=75973тг (өтемақы). Қызметкерге жалпы есептелген өтемақы 150426+75973=226399тг. Қызметкердің жұмыстан шығу өтемақысы кәсіпорында осылайша есептелген. Ұсталымдарды есептесек, бұл сомадан тек қана жеке табыс салығы ұсталады, зейнетақы жарналары ұсталмайды, себебі қызметкер жұмыс істеуін тоқтатқан. ЖТС=226399-18660(ЕТЖ)=207739*10%=20773,9тг. Қолына алған ақысы 226399-20773,9=205625,1тг.
Несие бөлімінің қызметкері Даиров Е.Я. енбекақысы 150000тг. Жалақысын есептейік: МЗЖ=150000*10%=15000тг. ЖТС=(150000-15000-19966)*10%=11503,4тг. Қызметкердің қолына алған жалақысы=150000-15000МЗЖ-11503,4ЖТС= 123 496,6 тг.
Осы операциялар бойынша шоттар корреспонденциясы:
№ Операциялар мазмұны Дебет Кредит Сомасы
(теңге)
1 Маркетинг қызметкеріне есептелген өтемақы сомасы 7210 3350 226399
2 Жалақыдан ұсталған ЖТС 3350 3120 20773,9
3 Қызметкерге кассадан берілген жалақы 3350 1010 205625,1
4 Несие бөлімінің қызметкеріне есептелген жалақы 7210 3350 150000
5 Жалақыдан ұсталған зейнетақы жарналары 3350 3220 15000
6 Жалақыдан ұсталған ЖТС 3350 3120 11503,4
7 Еңбеккердің қолына алған жалақысы 3350 1010 123 496,6
8 ЖТС бюджетке аударылды 3120 1030 43 731,8
9 Зейнетақы бойынша бюджетпен есеп айырысу 3220 1030 15000

1.6. Шығындар есебі
Шығын – 1. белгілі бір мақсатта пайдаланылған ресурстардың ақшалай баламмен көрсетілген шамасы; бірлестіктердің кәсіпорындардың, ұйымдардың өнімді өндіруге (жұмыстарды орындауға‚ қызметтерді көрсетуге), айналысқа жіберуге және өткізуге ақшалай нысанда жұмсаған шығыстарының жиынтығы.
Экономикалық мазмұнына қарай былайша топтастырылады:
٠ материалдық шығын (қайтарылма қалдықтар шегеріп тасталады)
٠ еңбекақыға жұмсалатын шығын
٠ әлеуметтік мұқтаждарға аударым
٠ тозымпұл (амортизация)
Өндірілген өнімнің босалқы қорлары өзіндік құн бойынша бағаланады. Бұл орайда өнімнің өзіндік құнына кіретін шығын мен есепті кезеңнің шығыны айқындалады. Өнімнің өзіндік құнына негізгі материалдарға жұмсалған шығын, еңбекақы төлеуге жұмсалған шығын және өндірістік үстеме шығын енгізіледі. Негізгі материалдар – нақты өнім түрін өндіруге тікелей жұмсалған материалдар.
Еңбек шығыны еңбекке ақы төлеуге жұмсалған шығыннан құралады, ол нақты өнімге жатқызылуы мүмкін.
Өндірістік шығын – өнім өндіруге тікелей жұмсалған шығын, жұмсалған уақытына қарамастан есепті кезеңдегі өнімнің құ-нына енгізіледі.
Бейөндірістік шығын – әкімшілікті ұстауға, өнімді өткізуге жұмсалатын шығын, есепті кезеңнің шығысына жатады және жұмсалған есепті айында көрсетіледі.
Өндірістік үстеме шығынға тозымпұлдық аударым; жалға төленетін төлем жатады, бұл ресурстар өнімді сатудан кейінгі шығын қатарына көшіріледі.
Өнімнің толық өзіндік құны – тікелей шығын (өнімді өндіруге, жұмыстарды орындауға‚ қызметтерді көрсетуге) байланысты жұмсалған шығыстар: шикізат‚ материалдар‚ өндірістік қызметкерлер құрамының жалақысы‚ т.б. мен оның үлесіне жатқызылатын жанама шығынының (өнімнің барлық номенклатурасын өндіруге, жұмыстарды орындауға‚ қызметтер көрсетуге байланысты жұмсалған және пайыздық арасалмақта бөлу арқылы өзіндік құнға енгізілетін шығыстар, ғыстар, жалпы цехтық шығыстар‚ жабдықты күтіп ұстауға және пайдалануға ұсталған шығыстар‚ т.б.) қосындысы.
Тұрақты шығын – өндірістің көлеміне тәуелді емес жанама шығыстар (әкімшілік және басқару шығыстары‚ т.б.); ауыспалы шығын – шамасы өндірістің көлеміне тәуелді тікелей шығын Өзіндік құнға тек тікелей шығын мен ауыспалы үстеме шығын ғана енгізіледі‚ қалған шығын жалпы табысқа көшіріледі және өнімнің өзіндік құнына енгізілмейді;
2. өнімді өндіруге жұмсалатын ағымдағы шығындар (өзіндік құн, бұған қоса негізгі капиталдың тозымпұлы), өндіріске не оның айналысына ұсталған шығын (сауда, көлік шығындары мен басқа да шығындарды қоса), айналысқа ұсталған шығын. Экономика ғылымында шығынды жеке меншіктік шығынға (өндірушінің немесе тұтынушының белгілі бір игілікке немесе әрекет, қызметке жұмсаған шығыны) және қоғамдық шығынға (жалпы қоғамға жатқызылатын) бөлу қабылданған. Экономикалық қызметті талдау кезінде нақты шығынмен қатар жүктелме шығын (өндіріс, ресурс факторларын неғұрлым тиімді пайдалану мүмкіндігінен айрылып қалу) да ескерілуге тиіс. Шығын әдетте толық шығын, жиынтық (қосындылы) шығын (мысалы, бір тоқсандағы, бір жылғы), жеке-дара шығын (қаралып отырған өнімнің бір өлшеміне шағып есептегендегі) түрлеріне бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы өндірістің көлеміне байланысты емес тұрақты шығынға (үймереттер мен жабдықтарды ұстауға жұмсалатын шығыс, басшы қызметкерлерге айлық ақы, сақтандыру жарналары көрсетілетін коммуналдық қызметтер, жалға төленетін төлемдер, т.б.) және өнімнің немесе сатудың көлеміне орай өзгеріп отыратын ауыспалы шығынға (материалдар мен шикізаттарды сатып алуға, кесімді ақыға істейтін жұмыскерлердің, қызметкерлердің жалақысы, сату алдындағы және сатудан кейінгі көрсетілетін қызметтер, кеден бажын төлеу, т.б.) ажыратылады. Тұрақты шығын, тіпті өнім шығарылмаса да төленіп тұрады. Әрбір қосымша өнім өлшемін өндіруге жұмсалатын қосымша шығынды шекті шығын деп атайды.
Шығын көрсеткіштерінің халықараралық тұрғыда танылып, таңбаланған кейбір стандарттық көрсеткіштері қабылданған, олар:
٠ МС (margіnal cost) – шекті шығын;
٠ АС (average cost) – орташа шығын;
٠ FS (fіxed cost) – тұрақты шығын;
٠ VC (varіable cost) – ауыспалы шығын;
Тиісінше:
٠ AVC – орташа ауыспалы шығын
٠ SMC (short-run margіnal cost) – қысқа мерзімді ауыспалы шығын
٠ SAC – қысқа мерзімді орташа шығын
٠ LAC (long-run average cost) – ұзақ мерзімді шығын
٠ LMC – ұзақ мерзімді шекті шығын.
Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары болады.Біріншіден, әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады.
«AlemTrade» ЖШС-ның табыстары мен шығыстары 2014 жылдың 5 мамырында жария етілді. ALEMTRADE-
тың шығындары 2014 жылдың 31 наурызына 50000000 теңгені құрады.
1.7. Дайын өнім есебі, оны жөнелту
Дайын өнім - негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімі. Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе техникалық шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау (сынау) қызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты (яғни сапасы) және басқадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары – міндетті түрде актімен рәсімделеді.
Дайын өнімді есептеу үшін 1320 «Дайын өнім» деп аталатын активті инвентарлық (мүліктік) шот пайдаланылады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша көрініс табады.
Есептік кезеңнің соңында ауытқудың пайызы мен сомасымен есептеу жолымен шығарылып, оның есептік бағасы нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді.
Дайын өнімдер шикізаттардың негізгі өндіріске барып түсуінен туындайтын сатуға немесе басқа цехқа жөнелтуге арналған қысқа мерзімді активтер.
Мысал келтірсек:
Мазмұны Дт Кт Сомасы
Қоймаға шикізаттар кірістірілді 1310 3310 150000 тг
ҚҚС есептелінді 1420 3310 15000 тг
Берушілерге ҚМ ДБ жабылды 3310 1030 165000 тг
Шикізаттар негізгі өндіріске жіберілді 8110 1310 65000 тг
Дайын өнім қоймаға кірістірілді 1320 8110 75000 тг
Дайын өнімді тауарға кірістірді 1330 1320 100000 тг
Тауар сатуға есептелінді 1210 1330 100000 тг
ҚҚС есептелінді 1210 3130 10000 тг
Банктік шотқа ақша қаражаттары келіп түсті 1030 1210 110000 тг

Не «AlemTrade» жауапкершілік шектеулі серіктестікы не оның еншілес ұйымы «ORDABAS » орталығы өнім өндірмейтін, қызмет көрсететін кәсіпорындар болғандықтан оларда дайын өнім операциясы жүргізілмейді.
1.8. Қаржы нәтижесі мен меншікті капиталдың есебін жүргізу
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның экономикалық даму негізі пайда, кәсіпорын жұмысының тиімділігінің маңызды көрсеткіші, оның қызмет етуінің көзі. Пайданың өсуі кәсіпорынның кеңейтілген өндірісін жүзеге асыру және құрылтайшылар мен құрылтайшылар әлеуметтік және материалдық қамсыздандырылуы үшін қаржылық негіз құрады.
Пайда есебінен бюджет есебінен банк, басқа ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады.
Қазіргі жағдайларда, кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін сипаттайтын көрсеткіш-баланстық пайда және зиян.
Баланстық пайда өнімді, кәсіпорын мүмкін (негізгі құралдар, материалдық активтер, материалдық айналым құралдары және басқа да активтер) өткізуден болатын қаржылық нәтижелер, сондай-ақ өткізуден тыс түсетін табыстар ретінде қалыптасады, және операциялар бойынша шығындар сомасына азайтылған өнім, мүлікті өткізуден түскен түсумен орындалған жұмыстар (қызметтер) мен тауарлы материалдық ресурстардың өзіндік құны арасындағы айырмашылықты көрсетеді.
Ұйым пайдасының негізгі массасы тұрғындарға және басқада тұтынушыларға қызмет көрсетуден және орындалған жұмыстардан түскен пайданы көрсетеді. Ол қосылған құн салығынсыз жұмыстардың (көрсетілген қызметтер) – келісім шарттық бағасымен оларды өндіруге кеткен шығындар арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
Мүлікті – негізгі қорларды, материалдық емес активтерді, өндірістік запастарды өткізудегі түскен пайда қосылған құнға салықсыз (және заңымен қарастырылған басқа шегерімдерсіз) бағасы мен негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, құны аз және тез тозатын заттардың қалдық құны, материалдарды құны арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
Баланстық пайданы есептеу процесінде сондай-ақ кәсіпорынның өткізуден тыс операцияларын табыстары мен шығыстары ескеріледі.
Әрбір кәсіпорын өзінің өндірістік шаруашылық қызметі нәтижесінде өзінің жұмысы үшін түсім деп аталатын ақшалай эквивалиент алады. Түсім қаржылық ,көрсеткіш ретінде өндірістік циклдің аяқталуын, кәсіпорынның өндіріске авансталған ақшалай нысандағы қаражаттарының қайтарылуын сипаттайды.
Ұйым түсімі өзіне төмендегілерден түсетін ақша қаражаттарын кірістіреді:
өнімді өндіруден
басқа кәсіпорынның қызмет көрсетуінен
тұрғындарға қызмет көрсетуден
қосымша өндіріс өнімін сатудан
негізгі қорлар, материалдық емес активтер және басқа да мүлік жағына сатуданөткізуден тыс операциялар бойынша шығындар сомасына азайтылған осы операциядан түсетін табыстар.
Кәсіпорынның меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдаланылуына, капиталдың бағасын нығайтуға мақсатына және кәсіпорын саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.
Сонымен, қазіргі кәсіпорындардың меншікті капиталы мынадай баптарды құрайды:
жарғылық капитал;
резервтік капитал;
қосымша капиталдар;
кәсіпорын операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);
Кәсіпорынның меншікті капиталы- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын,коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Ал айналымдағы активтер шаруашылық субъектінің атқаратын қызметінен пайда табу үшін пайдаланылады. Олардың қатарына ақшалай қаржылар, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлы – материалдық қорлар, дебиторлық алашақтар және басқадай активтер жатады.
«AlemTrade» ЖШС-ның меншікті капиталы 330,7 млрд теңгені құрайды. Активтері 2 635,1 млрд теңге. Таза табыс 23,3 млрд теңге (ақпарат 2013 жылы жаңартылған). Бұл Қазақстандағы ең жоғарғы көрсеткіш. Және әлем корпорацияның қатарында да алдыңғы орындарды иеленеді.
«ORDABAS » , орталығының меншікті капиталы 21 млн теңге, активтерінің сомасы 25 млн теңге, таза табысы 5 млн теңгені құрайды.
1.9. Қаржылық есеп
Қаржылық есеп берудің негізгі мақсаты – өзінің пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы, ондағы өзгерістер, қызмет нәтижелері туралы сенімді де мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Дегенмен, қаржылық есеп беру экономикалық шешім қабылдау үшін пайдаланушыға қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе алмайды, өйткені есеп негізінде өткен оқиғаларды бейнелейді.
Қаржылық есептілігінің негізгі мақсаты кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және оның қызметіндегі өзгерістер туралы ақпараттар беру. Бухгалтерлік есептілік инвестициялық және несие беру жөнінде шешім қабылдауға болатын ақпараттар, кәсіпорынның келешек ақша кірісі, кәсіпорын басшылары жұмысын бағалауға қатысты ақпараттар береді. Қаржылық есептілікті құру және ұсынуға қойылатын негізгі талаптар қатарына қызмет үздіксіздігі және есептеу қағидасы жатады.
Ұйымның қаржылық есептілігі мыналарды қамтиды:
1) бухгалтерлік баланс;
2) пайда және залал туралы есеп;
3) ақшаның қозғалысы туралы есеп;
4) меншікті капиталындағы өзгерістер туралы есеп;
5) ұйымдардың есеп саясаты туралы ақпарат және түсіндірме жазба.
Қамтылған қаржылық есептіліктердің түгелі құжаттармен тігілген қосымшаларда көрсетілген.
1.10. Есеп саясаты. Салықтық есеп саясаты
Есеп саясатының тиімді бағытын қалыптастыру үшін бухгалтерлік есеп принциптері мен мұның қолайлы нақтылы әдістерін, салық салу процесін, қаржылық менеджментті және басқа да көптеген экономикалық қатынас мәселелерін кімде-кім болмасын жақсы білуі керек.
Есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүйесіне тән қойылған талаптар мен принциптерге жауап беруді қамтамасыз етеді.
Осы кезеңдегі нарықтық қатынастар, меншіктік экономика және кәсіпкерлік процестің дамуына сай бухгалтерлік қорытынды есептің шынайы жасалуына ең әуелі ұйымдардың басшылары жауапты. Ал бухгалтерлік есеп саясатының сапалы қалыптасуына ұйымдардың атқарушы бухгалтерлері жауапты.
Есеп саясатын қалыптастыру процесінде бухгалтерлер белгілі авторлардың және ресми органдардың жариялаған арнайы оқулықтарын, мақалаларды, әдістемелік құжаттар мен материалдарға жүгінуі керек.
Есеп саясатын жасау алдында ұйымдардың міндет атқарушы бухгалтерлері осы Сонымен есеп саясатын қалыптастыру процесінде ұйымдар өз таңдауы бойынша және нақтылы жағдайды ескере отырып, есеп саясатын құраушы объектілер мен операцияларға тән басқа да әдістерді бухгалтерлік есеп жүйесінде қолдануына болады.
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы бойынша кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепте қолданылатын тіркелімдерідің мазмұны және бухгалтерлік ішкі есеп мәліметтері коммерциялық құпия болып есептеледі.
Салық саясаты — мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі. Салық негізін, мөлшерлемесін, жеңілдіктерін және шегерімдерін өзгерту жолымен іске асырылады.
Салық саясаты экономикаға мемлекеттің араласуы нәтижесінде мемлекеттік бюджетті қалыптастырады және жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымымен, экономиканың жеке секторларына салық шараларын қолдану дәрежесімен айқындалады. Мәселен, жеңілдіктер мен шегерімдердің болмашы көлемімен ұштастырылатын кең ауқымды салық негізі салық салудың біркелкі мөлшерде болуын қамтамасыз етіп, экономиканың жекеше секторына ресурстарды орналастыру үдерісіне мемлекеттің араласуы ауқымын төмендетеді. Салық саясаты дискрециялық (лауазымды адамның қайсыбір мәселені өз қалауынша шешуі) және бейдискрециялық негіздерге сүйенуі мүмкін.
Дискрециялық негіз өзгеріп отыратын экономикалық жағдайға сәйкес салық заңнамасына түзетулер енгізуді: салық мөлшерлемесін өзгертуді, салық жеңілдіктерін енгізуді немесе алып тастауды, т.б. шараларды көздейді. Ол мемлекетке реттеу құралдарын кең көлемде таңдау мүмкіндігін береді. Алайда бұл мемлекеттің экономикалық үдерісті немесе жағдаятты танып-білуіне, шешім қабылдауына және ықпал етуіне теріс әсерін тигізеді. Бейдискрециялық салық саясаты негізінен орта мерзімдік циклді кезеңділікті реттеуге бағытталған реттеуіштер элементтері болып табылады. Саясаттың бұл түрінің негізі — жеке табыс салығында және корпорациялардың пайдасына салынатын салықта үдемелі табыс салығын салу: экономикалық өрлеу кезеңінде — шаруашылық субъектілерінің табысынан бюджетке алу нормасын арттыру, дағдарыс пен тұралау кезеңінде — осы норманы төмендету. Сөйтіп, өрлеу кезеңінде жиынтық сұранымның мөлшеріне тиісінше ықпал ету есебінен экономикалық өсу тежеледі және дағдарыс кезеңінде ынталандырылады. Бейдискрециялық салық саясатында жоғарыда аталған кешеуілдеулер болмайды, бірақ мұнда мемлекеттің қолында реттеуші құралдардың саны аз болады. Түрлі елдердің салық саясаты түрлі элементтердің ұштастырылуымен сипатталады: тікелей салықтар бөлігінде табыстарды өздігінен реттеу жағдайларын жасау үшін үдемелі шекілдер пайдаланылады, жанама салықтар бөлігінде дискрец. саясат қолданылады. Инфляциялық үдерістер кезінде бейдискрециялық салық саясатының пәрменділігі төмен: табыстың ұдайы өсуіне қарай инфляция салдарынан салық салу нормасы да ұдайы жоғарылап отырады. Қазақстанда жаңа салық жүйесі қатаң саяси,экономикалық және құрылымдық өзгерістер жағдайында қалыптасты. Салық жүйесінің өзгертілуі Салық кодексінде қарастырылған, ол, жалпы мемлекеттік мүдде мен жеке меншік мүдделерінің теңдестірілуін қамтамасыз ететін, кәсіпкерлікті дамытуға, инвестициялық қызметті жандандыруға, еліміздің ұлттық байлығын молайтуға, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, салықтың санын азайтуға және жалпы салық ауыртпалығын азайтуға септігін тигізетін ұтымды салық жүйесін құру міндетін шешуге бағытталған.
«AlemTrade» ЖШС-ның барлық жылдық салықтарының қосындысы шамамен 8 миллиард теңгені құрайды. Бұл салық тарапынан қарағанда өте жоғарғы көрсеткіш.
2. Ұйым эклномикасы
2.1. Кәсіпорын және кәсіпкерлік.
Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстардыорындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады. Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңды тұлға құқығын иеленеді. Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады. Кәсіпорынның дербес балансы, банктерде есеп айырысу шоты мен өзге де шоттары, өзінің атауы жазылған мөрі болады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызметі үшін керекті мүліктің барлық түрлері, бұған қоса жер телімдері, ғимараттар, жабдықтар, шикізат, өнімдер, талап құқықтары, сондай-ақ, кәсіпорынды, оның өнімін, жұмыстары мен көрсететін қызметтерін дараландыратын таңбаларға құқықтар (фирмалық атаулар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері) және заң мен шартта өзгедей көзделмеген жағдайда басқа да айрықша құқықтар кіреді. Меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісуімен кәсіпорын заңды тұлға құқықтары берілген еншілес шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ филиалдар, бөлімшелер, банкіде шот ашу құқығы бар басқа да оқшауландырылған бөлімшелер құра алады. Тиісті орган арқылы мемлекет, еңбек ұжымдары, жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдік тұлғалар да, кәсіпорынның құрылтайшылары бола алады. Меншік нысандарына қарай кәсіпорын жеке, мемлекеттік, ұжымдық немесе аралас меншіктегі, сондай-ақ, қоғамдық ұйым меншігіндегі кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін.
Олар жекеше кәсіпорын, серіктес (жарнапұлға негізделген серіктестік), жауапкершілік шектеулі серіктестік, мемлекеттік кәсіпорын, коммуналдық кәсіпорын түрлеріне жіктеледі. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың дербестігін кеңейтумен бірге экономикалық бірігудің жаңа нысандарын – серіктестіктер, қауымдастықтар, бірлескен кәсіпорындар, шағын кәсіпорындар, консорциумдар, биржалар, коммерциялық банктер құрудың тиімділігі айқындала бастады.
Аралас кәсіпорын– меншік нысандары алуан түрлі кәсіпорын, оның қызметі бірлескен қызметті жүзеге асырушы серіктестердің үлеспұлдық жарналарына негізделген. Ауыл шаруашылығы кәсіпорыны – меншігінде немесе шаруашылықтың қарамағында жер, сондай-ақ, басқа да мүлік бар және өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімін өндіруші, ауыл шаруашылығы өндірісіне қызмет көрсетуші заңды тұлға. Ауыл шаруашылығында шаруашылықты жүргізу нысандары – жауапкершілік шектеулі серіктестікдар, түрлі тұрпаттағы серіктестіктер,кооперативтері, ұжымдық шаруашылықтар, кеңшарлар, өнеркәсіптің, көлік, басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылықаралық, қосалқы шаруашылықтары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдары, т.б.
Бірлескен кәсіпорын – екі не одан көп елдің заңды тұлға құқықтары бар құрылтайшыларының (фирмаларының, компанияларының, т.б.) мүлкін біріктіру негізінде құрылған кәсіпорын. Олардың нақты нысандары: өндірістік кәсіпорындар, сауда фирмалары, енгізбелік, сервистік және басқа ұйымдар. Ынтымақтастықтың мұндай нысандары ел экономикасына шет ел капиталын тартуға, қолда бар резервтерді тезірек пайдалануға, қажетті өнімді шығаруды ұлғайтуға мүмкіндік береді, білімді, еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін, басқару стилімен әдістерін алмасуға, нарықтық қатынастар мен сыртқы рынокты игеруге жәрдемдеседі. Оның жарғылық қоры серіктестердің салымы есебінен құралып, шаруашылық қызметтен алынған пайда есебінен, қажет болған жағдайда қосымша салым немесе қарыз қаражаты есебінен толықтырылуы мүмкін. Бірлескен кәсіпорынның бас директоры (басқарма төрағасы) құрылтайшы мемлекеттің азаматы, не шет ел азаматы болуы мүмкін. Қызметкерлерді жалдау, жұмысқа алу, жұмыстан шығару, еңбек ақы төлеу мәселелерін кәсіпорынның өзі шешеді. Оның әкімшілік кәсіподақпен ұжымдық шарт жасасуға міндетті.
Венчурлік кәсіпорын – ғылыми-зерттеулермен, инженерлік талдамалармен, жаңалықтар ашумен және енгізумен, соның ішінде ірі фирмалардың тапсырыстары және мемлекеттік қосалқы келісім-шарттар бойынша жаңа енгізілімдер жасаумен айналысатын шағын кәсіпорын. Еншілес кәсіпорын – заңды тұлға құқығы бар, бірақ акцияларының пакеті не жарғылық қоры басқа кәсіпорынның қолында болатын кәсіпорын. Жалгерлік кәсіпорын – кәсіпкерлік қызметті жалға алынған мүліктік кешен негізінде жүзеге асыратын шаруашылық бірлік]]. Жалгерлік кәсіпорын тіркелген сәттен бастап заңды ұйым құқығына ие болады. Ол жалға берушіге жалға алынған мүліктің құнынан есептелетін пайыз немесе тұрақты сома түрінде жалгерлік төлем төлейді. Салықтар мен бюджетке басқа да төлемдер төленгеннен кейін шаруашылық қызметтен алынған пайданы дербес иемденеді. Жекеше кәсіпорын – азамат, соның ішінде шет ел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға құрған кәсіпорын. Оның жеке кәсіпкерліктен айырмашылығы сол: мұнда заңды тұлға белгілері болады. Оны меншік иесі басқарады не ол уәкілдік берген органдар басқарады. Меншік иесі жекеше кәсіпорынның басқарушысы болуға құқылы немесе басқару үшін басқа біреуді тағайындауы, оны келісім-шарт бойынша жалдауы мүмкін. Жарғылық қорды құра отырып, меншік иесі мүлікті немесе қаражатты кәсіпорынға береді және оны басқару органдарының өкілеттіктерін шектеу жолымен бақылауға құқылы. Ол таза пайдадан өз пайдасына аударым(дивиденд) мөлшерін дербес белгілей алады. 
Коммерциялық кәсіпорын – заңды тұлға құқығы берілген, өзін-өзіқаржыландыру жағдайында коммерциялық қызметпен айналысатын және барынша көп пайда алуды көздейтін оқшауландырылған дербес шаруашылық бірлігі. Концессиялық кәсіпорын – мемлекетке немесе муниципалитетке тиесілі табиғат байлықтарын, кәсіпорындар мен басқа шаруашылық субъектілерін жекеше кәсіпкерлерге немесе шетелдік фирмаларға белгілі бір мерзімге пайдалануға беру туралы шарт негізінде құрылған кәсіпорын. Корпоративтік кәсіпорын – меншігі үлеспұлдарға бөлінген тәуелсіз заңды субъектілер ретінде өмір сүретін кәсіпорын. Кәсіпкерлік қызметтің корпоративтік нысаны басым нысан болып табылады және ірі бірлестіктер құрудың, халықаралық сауданы дамытудың қазіргі беталысына сай келеді. Негізгі артықшылықтары – шектеулі жауапкершілік және қосымша капитал тартуға үлкен мүмкіндігінің барлығы. Көлік кәсіпорыны – жеке және заңды тұлғаларға негізгі қызмет түрі ретінде көлік қызметін көрсететін заңды тұлға.
Муниципалдық кәсіпорын – мүлкі жергілікті бюджет қаражаты есебінен құралатын кәсіпорын. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының меншігінде болады. Тікелей шет елден қаржыландырылатын кәсіпорын –бейрезидент бірліктердің бақылауындағы кәсіпорын, бейрезидент-корпорациялардың филиалдары, шет мемлекеттердің немесе бейрезидент бірліктер топтарының бақылауындағы корпорациялар, белгілі бір экономикалық аумақта ұзақ мерзімде жұмыс істейтін бейрезидент кәсіпорындардың бейкорпоративтік бөлімшелері.
Унитарлық кәсіпорын – өзіне бекітілген мүлікті меншіктенуге құқығы жоқ коммерциялық ұйым. Ол мемлекеттік және муниципалдық (жергілікті) кәсіпорын болуы мүмкін, осыған орай оның мүлкі мемлекеттік немесе муниципалдық меншікте болады, бұл мүлік оған шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқықтары негізінде тиесілі болады. Шаруашылықты жүргізу құқықтары негізінде құрылған унитарлық кәсіпорынды өкімет немесе жергілікті өзін-өзі басқару органы құрады. Оның жарғысын осы орган бекітеді, жарғылық қорының (шаруашылық серіктестіктердегідей немесе жауапкершілік шектеулі серіктестікдардағыдай жарғылық капитал емес) мөлшерін айқындап, жасақтайды. Унитарлық кәсіпорынның басшысын мемлекеттік немесе муниципалдық орган тағайындайды және ол осы органға есеп беріп тұрады. Кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Егер унитарлық кәсіпорын мүлкі оралымды басқару құқығы негізінде құралса, онда ол қазыналық кәсіпорын болып табылады. Унитарлық кәсіпорын өзінің қарамағындағы мүлікті дербес иеленеді, пайдаланады, билейді, бірақ бұл орайда мүлікті меншіктенуші кәсіпорынға тиесілі мүліктің сақталуын бақылайды. Ол мүлікті меншіктенушінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Ұжымдық кәсіпорын – мемлекеттік кәсіпорынды құнын төлеп алған жағдайда немесе мүлікті еңбек ұжымы заңды жолмен сатып алған жағдайда құрылатын шаруашылық бірлік. Мұнда меншік ұжымдық сипатта болады және мүлік қызметкерлердің салымдарына бөлінеді. Қызметкер салымының құрамына оның мемлекеттік немесе жалгерлік кәсіпорынның мүлкіне салған сомасы мен оның ұжымдық кәсіпорын құрылып, жұмысын бастағаннан кейінгі мүліктің көбеюіне қосқан үлесі кіреді. Салымға еңбек ұжымы мен кәсіпорын бағынатын орган арасындағы келісімде жұмыс нәтижелерін басшылыққа ала отырып айқындалатын мөлшерде пайыз есептеліп төленеді. Кәсіпорын таратылған жағдайда бюджетпен, банктермен және басқа несиегерлермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктен қызметкерге оның үлесі (салымның құны мен табыстың бөлігі) төленеді. 
Шағын кәсіпорын – жұмысшылар саны мен шаруашылық айналымы(өнеркәсіпте өнім көлемі, саудада тауар айналымының көлемі) белгілі бір мөлшерлік өлшеммен шектелетін жаңадан құрылған немесе бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорын. Оларға өнеркәсіп пен құрылыста жұмысшылардың саны көп дегенде 200 адамға, ғылымда 100 адамға, басқа өндірістік салаларда 25 адамға, бөлшек саудада 15 адамға дейін жететін кәсіпорындар жатады. Шетелдік кәсіпорын – жарғылық қоры түгелімен шетелдік қаржылардан құралған кәсіпорын (ұйым). Ірі кәсіпорын – сала өндірісінің жалпы көлемінің көп үлесін өндіретін не жұмысшылардың немесе акцияларды иеленушілердің саны жөнінен, өткізу көлемі, активтердің немесе пайданың мөлшері жөнінен ірі деп саналатын, не осы екі белгіге де ие кәсіпорын.
Кәсіпкерлік – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңи тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңи тұлға құрмай немесе заңи тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.
Бірлескен кәсіпкерлік – екі не бірнеше елдер серіктестерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің кең ауқымды нысаны, яки өндіріс пен айналыс аясындағы, ғылыми-техникалық,инвестициялық және қызмет көрсету салаларындағы бірігу;
Жеке кәсіпкерлік –кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлға құрмай айналысу; мемлекеттік кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамыту үшін тауарлар шығаратын, қызметтер көрсететін мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі, тәуекелдікті кәсіпкерлік – көбінесе ғылымды көп қажетсінетін салаларға бағытталған, жаңа технологияны жасаумен және таратумен айналысатын, яки инвестициядан табысты кем алу қатері үлкен салалардағы ұсақ фирмаларға тән кәсіпкерлік.
Жалған кәсіпкерлік – кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық, төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар, азаматтық ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым құру экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады.
Заңсыз кәсіпкерлік – кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей не рұксат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды елеулі мөлшерде тауарларды өндірумен, сақтаумен не өткізумен байланысты болса, экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады.
2.2. Кәсіпкерлік қызметін жоспарлау және болжау.
Өндірістік процестерді ұйымдастырудың тиімділігі мынадай принциптерді басшылыққа алады:
- Жекелеген цехтарды белгілі бір өнім түрлерін өндіруге мамандандыру; мамандыруды тереңдету – еңбек өнімділігін арттырудың шешуші шарты, өнімнің өзіндік құнын азайтудың кепілі;
- Үйлесімділік. Бұл принцип кәсіпорынның ішкі бөлімдерінің қабілет деңгейлерінің бірдей екенін білдіреді;
- Қатар даму - өндірістік процестердің кәсіпорынның жекелеген құрылымдарында қосарласа орындалуы. Мақсат – еңбек аясын кеңейту;
- Аралас даму принципі – бұйымның өндірістік процестен өту кезеңдері, яғни шикізатты өңдеуден бастап, дайын өнім шығаруға дейінгі іс-әрекеттерді қамтиды;
- Үздіксіздік принципі. Бұған мысал ретінде толассыз өндірісті алуға болады;
- Ырғақтылық – технологиялық операциялардың бір қалыпты ырғақпен қайталанып отыруы.
Басқару процесі - өндіріс барысындағы пайда болған үйлесімділік бағыттарды реттеу.
Белгілі бір деңгейдегі негізгі процестердің дер кезінде және сапалы орындалуы – көмекші және қызмет көрсету жұмыстарын қамтамсыз етуді талап етеді.
«AlemTrade» жауапкершілік шектеулі серіктестікы 2004 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатыр. Екінші деңгейлі кәсіпорын арасындағы ең мықты әрі сенімді кәсіпорын болып табылады.
Кәсіпорын бұл сферада өте тәжірибелі болып табылады. Осы себептен де оның жұмыс істеу қарқына аса жоғары. Кәсіпорынның жасаған жеке жоспарлауларына сәйкес 2018 жылға дейін ALEMTRADE Кәсіпорынның меншікті капиталы 400 миллиард теңгені құрауы тиісті. Осылайша кәсіпорын өзінің әл ауқатын әлемдік ортада да нығайта бермекші.
Шын мәнісінде ALEMTRADE-ның осындай деңгейге көтерілуі аса маңызды.
2.3. Кәсіпорынның негізгі қорлары.
Өндіріс процесі өндіріс құралдарының қатысуымен жүзеге асырылады,олар:
1) еңбек заттары (шикізат,материалдар,сатып алынатын жартылай фабрикаттар);
2) еңбек құралдары (станок, машиналар) болып бөлінеді.
Негізгі құралдарға мыналар жатады: жылжымайтын мүліктер (жер участкелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық өсімдіктер және жермен тығыз байланысты, қозғалысы олардың мақсатына зиян келтірмеу мүмкін емес басқа объектілер), көлік құралдары, жабдықтар, аулау аспаптары, өндірістік және шаруашылық құралсаймандар,үлкен және өнім беретін малдар, арнайы құралдар мен басқа да негізгі қорлар (кітапхана қорлары, мұражай құндылықтары, жануарлар әлеменің экспонаттары, автомобиль жолдары және т.б.).
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндетті:
1. Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құраклдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру.
2. Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте уақытылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету.
3. Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдаланылуына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
4. Негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеулерді, қайта құруды және жаңғыртуды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақытылы көрсетуді жүзеге асыру.
5. Моральды және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау.
6. Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік есептің деректері банкін уақытылы және дұрыс қалыптастыру.
Негізгі құралдардың ғылыми негізделген жіктемесі алға қойған мақсаттарға жету үшін, маңызды шарт болып табылады. Өндірістік процесіне қатыс сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді: өндірістік – бұл өндірістік процестік тікелей қатысатын немесе өндірістік негізін құрайтын негізгі құралдар. Өндірістік емес – бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар.
2.4. Кәсіпорынның айналым қорлары.
Айналым қаражаты (қорлары)  — кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдарының өндіріс циклі барысында толық пайдаланылатын қаражатының бір бөлігі.
Оған ақшамен бағаланған материал, шикізат, отын, энергия т.б. қажетті заттар жатады. Ол сонымен қатар аяқталмаған өндірісті жалғастыру үшін, дайын өнім қорын жасау үшін де жұмсалады. Айналым қаражатының бір бөлігі өндіріс саласында, екінші бөлігі айналымға түседі. Күнделікті өндіріс жағдайында оның бір бөлігі материалдық заттар қорына айналса, тағы бір бөлігі банк есепшотында, кәсіпорын кассасында жинақталады. Құрылым барысына қарай айналым қаражаты кәсіпорынның меншікті қаржысы мен несие қаржысы (банктен уақытша қажетті өтеу үшін алған) болып бөлінеді. Айналым қаражаты кәсіпорынның пайдасы есебінен өсіп отырады. Өндірістік қорлардың ауыспалы айналымының кез келген кезеңінде айналым қаражаты жетпей қалса онда өндірістің үздіксіз өнім шығаруы бұзылады. Қазақстанда 90-жылдары өнеркәсіп салаларына экономикалық шетелдік инвестициялардың мол тартылуы кәсіпорындардың айналым қаражаты тұрақтандыруға, игеруге жағдай жасады.
Өндірістік байланыс қорынының құрамында, негізгі қор және айналым қаражатты бар. Қаражаттардың айналым деп атауының себебі, табиғи-заттық формасының өзгеріп, оның өндірістік процінде айналымдылық жүруінен айтады. Бұл айналымдылық бір өндірістік цикл (жыл) бойынша жүреді, бұнда айналым қаражаттары толығымен жұмсалып өз бағасын жаңадан шығарылған өнімге ауыстырылады. Әр айналымыдылықта айналым қаражаттар бірнеше деңгейлер өтеді. Басында олар ақшалай түрінде болады (Д), содан кейін кәсіпорын шикі затты, құрылыс материалдарды, энергоресурстарды, қосымша бөліктерді және де басқа товар-материалдық құндылықтарды сатып алу үшін қолданылыды (Т). Олар өндірістік процеске кіредіп (П), соңында жаңа өнім немесе товар пайда болады (Т’) . Жаңа өнімді жүзеге асырғаннан кейін айналым қаражаты қайта ақшалай түрге келеді (Д’). Классикалық түрде айналым қаражаттың айналымдылық формуласы Д - Т…П - Т’ - Д’.
Байланыс саласында, өнім процесі уақат бойынша тұтыныну процеспен сәйкес келетіп, соңғы өнім заттық түрде болмайды. Айналымдылық формуласында дайындалған өнім (Т’) болмайды, сондықтан ол келесі формуламен бейнеленеді: Д – Т…П – Д’.
Байланыс қызметі затсыз болуы өзгешелігінен және оны өндіру кезінде шикі зат пен материалдарды қолданмағандықтан, жалпы өндірістік қорына қарағанда айналым қаражатының бағасы азырақ болады. Бірақ қызмет көрсету саласыда оның ролі азаймайды, өйткені айналым қаражаттар негізгі қорлардың шығындары мен еңбексіз мүмкін емес. Нарықтық экономика жағдайында айналым қаражаттың мағнасы артады, себебі компания активтерінің қозғалмалы бөлігігің қолдану деңгейі, олардың финанстық деңгейіне байланысты.
2013 жылдың 7 мамырында жария болған 2014 жылдың 31 наурызындағы жағдайы бойынша «AlemTrade» ЖШС-ның айналым қаржысы 300 миллиард теңгені құрайды.
2.5. Кәсіпорынның еңбек ресурстары. Еңбек ақы төлеу.
Экономикада өнімділікті жоғарлату басқару процесіне және өнімді немесе еңбекті өзгерту процестеріне кірісудің нәтижесі болып табылады. Төменде аталған жағдайлардың жеке біреуі орын алса, онда өнімділік өседі.
Өнім көбейеді, шығындар азаяды;
Өнім көбейеді, шығындар өзгермейді;
Өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ шығындардың өсу қарқыны өнімнің өсу қарқынынан төмен болады.
Өнім көлемі өзгермейді, шыығндар төмендейді;
Өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ шығындардың төмендеу қарқыны жоғары болады.
Кейбір салаларда өндіріс шығындарының айырмашылықтары табиғи, жаратылыс жағдайлармен байланысты болады. Бұған мысал болатын – біздің елде осыдан бұрын «маусымдық» немесе аймақтық бағалардың болғаны.
Біріншісі, өндіріс шығындарын өсіреді. Осы жағдайға әкелетін факторларға:
Тұтынудың өсуі осы себепті өндірістің жекеленуін көздеу;
Шығарылымдардың ассортиментінің жиі-жиі өзгертіліп тұруы, алмастырудың қажеттігі;
НИОКР шығындарының өсуі, қызметкерлердің білім дәрежесін жоғарылату, жарнама шығындары.
Екіншісі, жаңа технологиялардың алдымен ресурстарды үнемдеуді көздейтінімен байланысты.
Қазіргі заманда ілгері дамыған елдерде көп өнімдер бойынша өндіріс дәрежесінің дамығаны соншама, тіпті оны одан әрі өсіру тиімді емес болып табылады. Бұл жағдайларда өндірісті сапа жағынан жетілдіру мақсатты болып табылады.
Осымен қатар, бүгінгі кәсіпорындардың шығындарының өзгерістері, автоматтанған өндірістер санының өсуімен де байланысты. Автоматтандыру тұрақты шығындардың және инвестициялардың өсуіне және өзгермелі шығындардың төмендеуіне әкеліп соғады. Өндіріс шығындары құрылымындағы осындай өзгерістер өндіріс қуаттарын толық пайдалануға ынталандырады.
Еңбек өнімділігі=Жиынтық қоғамдық өнім / Жұмыс атқаратындар саны.
Кәсіпорын деңгейінде:
Еңбек өнімділігі=Q (өнімнің саны)/ Т (уақыт)
Еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмыс уақытын үнемдейтін факторларға назар аударылады. 1) жұмыс уақытын ұтымды пайдалану;
жұмыста кездесетін тиімсіз үзілістерді азайту.
Еңбек өнімділігін арттыру мақсатында кәсіпорындарда жұмыс күшінің бәсеке қабілеттілігін, сапасын жоғарылату қажеттілігі мына факторлармен анықталады:
өндірістік ресурс ретінде персонал құнының өсуі;
еңбекті тиімді қолдануды және ұйымдастыруды жаңа әдістерді талап ететін бәсекелестер тарапынын қысым;
өндірісті басқаруда және ұйымдастыруда жаңа әдістерді талап ететін технологиялық өзгерістер;
өз жұмысшыларының потенциалының өсіміне кәсіпорын басшыларының әлеуметтік жауапкершілігі;
автоматтандырылған жүйелердің енгізілуі және оларды басқаратын жұмысшылардың квалификациялық деңгейінің сәйкестілікті талап ету;
жұмысшылардың интеллектуалдық дайындығын арттырудың қажеттілігі.
2.6. Өндірістік шығындар және өнімнің өзіндік құны.
Шығындар – активтердің келуі мен пайда болған шығындармен байланысты міндеттемелердің артуы. Ақшалай формадағы субъект шығынына өзіндік құн жатады.
Шығындар экономикалық элемент бойынша, яғни өнім өндіру үшін қандай шығын кеткенін көрсетеді, калькуляциялық баптар бойынша, яғни өнімнің жекелеген түрлерінің өзінді құнын есептеу үшін пайдаланады.
Өндіріске арналған шығындардың жіктелуі:
1) өндіріс процесіндегі экономикалық ролі бойынша:
негізгі–өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар т.б.
үстеме–өндірісті ұйымдатыру, оған қызмет ету және басқарумен тікелей байланыста пайда болады.
2) өнімнің өзіндік құнына салу тәсілі бойынша:
Тікелей – өнімнің өзіндік құнына тікелей қосылатын шығын (шикізат, материал, аударым).
Жанама – өнімнің өзіндік құнына тікелей салынбауы мүмкін жеке шығын (жарнамаға кеткен шығын).
3)Құрамы бойынша:
Бір элементті – бір элементтен тұрады.
Кешенді бірнеше элементтен тұрады (еңбекақыға кіретін цех шығындары, аударым, материал, амортизация т.б.
4) Өндіріс кешеніне қатынасы бойынша:
өзгермелі–көлемі өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты (еңбекақы, технологиялық энергия, отын, т.б.)
тұрақты– өнім өндіріс көлеміне тәуелді емес (жылу, аренда, жарнама, жарықтандыру)
5) Пайда болу кезеңі бойынаша:
ағымдық–жиі қайталанатын кезеңдік шығын (шикізат материал шығындары)
біржолғы–демалыс төлемі, жөндеу жүргізу.
6) өндіріс процесіне қатысу бойынша:
өндірістік–тауарлық өнімді дайындаумен және оның өзіндік құнын қалыптастыруға кететін барлық шығын жатады.
әкімшілік–жалпы басқарумен байланысты шығындар және жалпы шаруашылық, әкімшілік тағайындаудағы шығындар.
Коммерциялық–өнімді өткізумен байланысты шығындар.
7) Тиімділігі бойынша
Өндірушілік (жоспарланған) – дұрыс ұйымдастыру арқылы
өндірушілік емес (жоспарланбаған)– дұрыс ұйымдастырмаудан болады.
8) Бақылау мүмкіндігі бойынша: реттелетін және реттелмейтін
Шығындарды калькуляциялық баптар бойынша жіктеу оларды өз алдына өндірістік бағдары бойынша топтау, яғни өндіріс процесінде пайда болу орны және өнімді өткізуді көрсетеді.
Өнім бірлігіне өзіндік құнды толық есептеу алдында белгілі уақыт кезеңіндегі өнім өндірісіне жалпы шығындарды білу қажет.
Тікелей еңбек шығыны
Тікелей еңбекті калькуляциялау үшін еңбекақы туралы есепті қарастыру керек:
а) Цехта 5 жұмысшы бар, олар өндіріс процесіне тікелей қатысады және тариф бойынша жалақы алады, қажетті ай сайынғы 5000 теңге сомасындағы аударымды қосқанда:
5 жұмысшы х 5 000 теңге/жұм.орны =25 000 теңге/айына
ә) Еңбекақыға жылдық шығын сомасы есептелінеді:
25 000 теңге х 12 ай = 300 000 теңге/жыл
б) Жұмыс уақытының жылдық қоры есептелінеді:
47 апта х 41 сағат х 5 жұмысшы = 9635 сағат
в) Тікелей еңбектің бір сағаттық бағасы есептілінеді:
300000 теңге/ 9635 сағат = 31,13 теңге-сағат
г) Құрылыс тасының өндірісіне қажетті уақыт 0,1 сағат болса, өнім бірлігіне кеткен тікелей еңбек бағасын аламыз:
0,1 сағат х 31,13 теңге/сағат = 1,868 теңге = 3,1 теңге
Енді өнім бірлігіне тікелей шығынды есептеуге болады:
Материалдық шығындар 60 теңге
Тікелей еңбек 3,1 теңге
Тікелей шығыдардың барлығы / өнім бірлігіне 63,1 теңге
Жанама шығындар
Бұл шығындардан басқа кәсіпорынның шығындары болады, оларға: құрал-жабдықты алуға, пайдануға және жөндеуге шығындар, өндіріс алаңының арендасы, канцеляриялық шығындар, коммерциялық шығындар және т.б.
2013 жанама шығындар келесідей:
Ғимарат арендасы 125000
Құрал-жабдық амортизациясы 28467,86
Басқада персонал еңбекақысы 8516534
Коммерциялық шығындар 9000000
Жанама шығындардың барлығы 18 795 001,86
Бұл жерде шығындар жайлы мәліметтер «AlemTradeтің» еншілес ұйымы «ORDABAS » , орталығының ғимараты жайында.
2.7. Өнімге деген бағаның қалыптасуы.
Баға — тауар мен көрсетілетін қызмет бірлігі үшін төленетін немесе алынатын ақша (не өзге тауар мен қызмет) мөлшері. Тауар өндірісі мен ақша-тауар қатынасының пайда болып, дамуымен бірге Баға да пайда болды.
Бағаның құралуы тауар өндіруші мен тұтынушының өзара қарым-қатынасына, олардың мүдделерінің бір арнаға тоғысуына байланысты болады.Нарықтық экономиканың басты бөлу тетігі болғандықтан баға экономика теориясындағы маңызды категория ретінде жан-жақты қарастырылып келеді. Алайда Баға туралы экономика ғылымында әлі күнге дейін ортақ тұжырым жасалмаған. Еңбек құны теориясын жасаушылар (А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс) пікірі бойынша, “баға дегеніміз тауар құнының ақшалай көрінісі”. Барынша пайдалылық теориясын (австриялық мектеп) жақаушылар Маркстің бұл пікірін біржақты, тек тауар құнын (еңбек шығынын) ғана есепке алған деп сынай отырып, Баға үшін тұтыну құнының да ерекше маңызды екендігін дәлелдеп берді, яғни оның екі түрлі сипатын, еңбек құны мен тұтыну құнына байланыстылығын анықтады. Бұдан Бағаға “тауар құндылығының ақшалай өлшемі” деп анықтама беруге болады. Мұнда Бағаның екі сипаты да толық қамтылады. Бірақ, бұл да Баға табиғатын толық аша алмайды. Себебі, Бағаға еңбек құны мен тұтыну құнынан басқа да факторлар (ұсыныс пен сұраныс, ақша айналымы, рынок пен өндірістің монополиялануы, бәсекенің дамуы және т.б.) әсер етеді. Баға проблемасымен қоғамның экономикалық, әлеумемтік және саяси мәселелері тығыз байланысып жатыр. Мұны кезінде К. Маркс былай деп атап көрсеткен еді: “бүкіл капиталистік өндірістік процесс бағаның өніммен ара қатынасы арқылы реттеліп отырады” (Маркс К., Капитал, 3-т., М., 1982, 445-б.). Нарықтық экономика дамыған қоғамдағы экономикалық процестерді реттеуде Бағаның рөлі артады.
Әлемдік экономикада нақты заман талабына сәйкес Бағаның көптеген түрі қолданылады. Олар меншік түріне қарай мемлекеттік (кесімді және реттелген) Баға және еркін (нарықтық) Баға; қоғамдық өндірістің жіктелуіне қарай өндіріс қоры Бағасы және тұтыну тауары бағасы; экономикалық айналым мен тауар қозғалысының сипатына қарай көтерме сауда бағасы және бөлшек сауда бағасы; транспорттық шығындарды келісе отырып бөлісуге байланысты өндіріс орнындағы баға (франко-жөнелтілім стансасы) және тұтыну орнындағы баға (франко-жеткізілім стансасы); қамтитын аумағына қарай әлемдік баға, аймақтық баға және жергілікті баға; статистикада қолдануына қарай базистік баға, ағымдағы баға, орташа баға, салыстырмалы Баға болып бөлінеді. Мемлекеттік баға —мемлекеттік органдар тарапынан белгіленетін баға. Оның екі түрі бар: кесімді және реттелетін бағалар.
Кесімді Баға — мемлекеттің нақты көлемін бекіткен бағасы.
Реттелетін Баға — мемлекет бекіткен ережеге сәйкес өзгеріп отыратын баға.
Нарықтық баға — сұраныс пен ұсыныстың қарым-қатынасына орай қалыптасқан орташа баға. Өндіріс қоры бағасы — өндіріс қоры құнының өзгерген мөлшері, ол тауар өндірісінің шығындары мен орташа пайдадан құралады.
Көтерме сауда бағасы — ірі көлемде сатылатын тауарлар бағасы. Әдетте, көтерме сауда Бағасы бөлшек сауда Бағасынан төмен болады.
Бөлшек сауда бағасы — жеке тұтынушылар үшін сатылатын тауарларға қойылған нақты баға
Өндіріс орнындағы баға (франко-жөнелтілім стансасы) — сатушы мен сатып алушы арасында жасалған келісімшартқа сәйкес тасымал шығындарын бөлісуіне байланысты анықталатын баға. Бұл негізінен темір жолмен жүк тасымалдауда қолданылады. Сатушының белгілеген бағасының ішіне тауарды жеткізіп беру мен жөнелтілім стансасындағы тиеу — түсіру шығындары, т.б. кіреді. Тұтыну орнындағы баға (франко-жеткізілім стансасы) — сатушы мен сатып алушы арасында жасалған келісім шартқа сәйкес тасымал шығындарын бөлісуіне байланысты анықталған баға. Келісім шарт бойынша сатушының міндетіне тауарды өз күшімен тиеп, белгіленген стансаға жеткізу және сондағы станса қоймасына түсіріп, жинап беру кіреді. Әлемдік баға — тауарлардың әлемдік рынокта қалыптасқан бағасы.
Аймақтық баға — реттелетін бағаның бір түрі. Ол белгілі бір аймақ шегінде қызмет етеді. Базистік баға — тауарлардың тұтас және жекелеген топтары бойынша халықаралық сауданың (импорттық және экспорттық) бағасын анықтаған кезде негіз ретінде қабылданатын баға. Ағымдағы баға — белгілі бір кезеңде қызмет етуші баға мен тариф. Ол көтерме сауда Бағасы, сатып алу Бағасы, құрылыс Бағасы, кәсіпорындардың көрсеткен қызметі үшін төленетін Баға, т.б. түрлерге бөлінеді. Орташа баға — сатылған тауардан түскен түсімнің жалпы көлемін сатылған тауардың сандық мөлшеріне бөлу жолымен анықталатын баға. Салыстырмалы баға — жасалынған келісім шартқа сәйкес белгілі бір мерзімде, келісілген көлемде жеткізілген тауарлар бағасы. Ол, әсіресе, инфляциядан сақтану мақсатында жиі қолданылады.
ALEMTRADE-дағы Бағаның өсуі халыққа тікелей әсер етеды, себебі халық көптеген мөлшерде етті тұтынады сол себептен әсер етеді. Бағалар теңгенің әлемдік бағаға қатынасымен және басқа экономикалық көрсеткіштерге байланысты өзгеріп отырады.
2.8. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі.
Кәсіпкерлік табысты, капитал өсімін н/е процентін алу мақсатында әртүрлі экономикаға капитал жұмсау жолымен іс жүзінде асырылатын жиынтық шығындарды инвестиция деп ұғамыз.
Инвестиция мыналарға бөлінеді:
1. Үлестік – жай және артықшылықты акциялар
2. Борышқорлық – облигациялап, қазыналық вексель, депозиттік сертификаттар және и.б
Инвестиция көздері:
1. жаңадан жасалған құн
2. аммортизациялық қорлануы
3. кредиттік ресурстар
Инвестицияны мынадай топтарға жіктеуге болады:
1. Жұмсау мерзімі бойынша – қысқа, ұзақ мерзімді және мерзімсіз инвес-р.
2. Тағайындалуы бойынша – қаржылық және нақты
3. Шығу тегі бойынша – бірінші, екінші
4. Болу формасы бойынша құжаттық, құжатсыз
5. Ұлттық тегі бойынша- отандық, шетелдік
6. Қолдану түрі бойынша - капиталдыө, капиталдық емес
7. Иемдену қатары бойынша жеке және жалпы
8. Шығарылатын формасы бойынша – эмиссиондық эмиссиондық емес
9. Меншік формасы бойынша – мемлекеттік,, корпаративтік
10. Айналым сипаты бойынша – нарықтық, нарықтық емес
11. Тәуекелдік деңгейі бойынша – аз тәуекелдік, үлкен тәуекелдік
12. Қолма-қол табыс бойынша - табыстық, табыссыз
13. Қаражатты жұмсау формасы бойынша – борыштық, иесі үлесті және жеке табыстар
14. Экон-қ мәні бойынша – мүліктік және міндеттік
15. Халықаралық және отандық станддартар бойынша – қаржылық ,еншілес және тәуелді шар-қ субьектісіндегі инвестициялар.
Инвестиция мыналарға бөлінеді:
1. Тікелей-басқа субьектілердің жарғылық капиталындағы инвестициялар
2. портфельдік – субьект иелігіндегі құнды қағаздар
3. Венчюрлік – жаңадан пайда болған субьектілердегі тәуекелді және тез өтелімді инвестициялық салым ақшалар
Қысқа мерзімді инвестиция 1100 шотынан басталады.
Ұзақ мерзімді инвестиция – 2200 шотынан басталады.
№ Шаруашылық операцияларының мазмұны Дт Кт
1 Заңды тұлғаларға берілген займдық қаржыларды аудару 1110 1030
2 Саудамен айналысу мақсатында сатып алынған қаржылық активтеріге ақша аудару 1120 1030
3 Өтеуге дейін ұсталатын қысқа мерзімді инвестициялар сатып алу 1130 1030
4 Сатуға арналған ұзақ мерзімді инвестицияларды сатып алу 2040 1030
5 Сатуға арналған қолда бар қысқа мерзімді инвестицияларды хаттау шығындары олардың баланстық құнын көбейтуге жатқызылады 1140 3310
6 Өзге қысқа мерзімді инвестициялар, өзге ұзақ мерзімді инвестициялар шотына аударылды 2020 1150
7 Жарғылық капиталға құрылтайшылардан ұзақ мерзімді инвестициялар келіп түсті 2020 5110
8 Еншілес, қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға салынған өзге ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды құнсыздағанын сомасын көрсету 7420 2040
«AlemTrade» Қазақстанда және Орта Азия аймағында меншікті капиталының қорынан, бірінші орын, Азия бойынша 12 орын, Дүние жүзінде 53 орын алады. Бұл жауапкершілік шектеулі серіктестік сырттан инвестиция тартпайы. «AlemTradeтің» өзі 50-ден астам кәсіпорындарды және 1248 жобаны инвестициялайды. ALEMTRADE-ның инвестициясы тек қана Республикамыздың аумағында ғана емес, сонымен қатар Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Белорусь, Түркия, Әзірбайжан және тағы басқа бірқатар елдерді қамтиды. Үлкен себептерінің бірі акциялардың 4,94%-ын «KSD» атты инвестициялық компания иеленіп отыр.
3. Экономикалық талдау және қаржылық есебін талдау.
3.1. Қаржылық есептілік және оны талдау
Қаржылық есеп берудің негізгі мақсаты – өзінің пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы, ондағы өзгерістер, қызмет нәтижелері туралы сенімді де мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Дегенмен, қаржылық есеп беру экономикалық шешім қабылдау үшін пайдаланушыға қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе алмайды, өйткені есеп негізінде өткен оқиғаларды бейнелейді.
Қаржылық есептілігінің негізгі мақсаты кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және оның қызметіндегі өзгерістер туралы ақпараттар беру. Бухгалтерлік есептілік инвестициялық және несие беру жөнінде шешім қабылдауға болатын ақпараттар, кәсіпорынның келешек ақша кірісі, кәсіпорын басшылары жұмысын бағалауға қатысты ақпараттар береді. Қаржылық есептілікті құру және ұсынуға қойылатын негізгі талаптар қатарына қызмет үздіксіздігі және есептеу қағидасы жатады.
Пайда және залал ALEMTRADE 2014 жылы 31 наурызына 4,16 % көрсеткішімен 55,789 млн теңге пайыздық табыс тапқан. Активтердің құнсыздануына қалыптасқанға дейінгі қордағы таз пайыздық табыс 27,323 млм теңге. Пайыздар түсімі бойынша табыс (5,16 % бойынша) 9,774 миллион теңге шығынға ұшыратты. Соның ішінде таза шығын 4,120 млмн теңге. Акциялар бойынша табыс 4,56 млмн теңге. Операциялық шығындар 8 млн тг. Бұл көрсеткіштер 2013 жылдың 31 наурызында жария болған көрсеткіштерден 0,8 %-ға төмендеген.
Жалпылама айтқанда қоғам 2014 жылдың 1-ші тоқсанында мынандай табыстар тапқан: Периодтаға таза табыс 3,994 миллион теңге. Негізгі құралдарды қайта бағалаудан түскен табыс 53 миллион теңге. Салықтан кейінгі өзге де табыстар 2,158 млн тг құрады. Жалпы табыстар 6,152 миллион теңгеге тең. 2013 жылы бұл көрсеткіш 7,040 миллионға теңелген.
Акциялар бойынша шығыстар қарапайым акция иелеріне 4,959 миллион, бағалы акциялар пакеттерінің акционерлеріне 1,074 миллион теңге жұмсалды. 0,119 миллион теңге бақылаусыз қалған. Барлық сома 6,152 миллион теңгені құрайды.
3.2. Шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын талдау
Қаржылық тұрақтылығы бұл тәуекелдердің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы.
Қаржылық тұрақтылықтың мәні  бұл қорлар мен шығындардың қалыптастыру көздерінен қамтамасыз етілу.
Нарық жағдыйында ол ең бірінші өнімді өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен және тағы басқалар мен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті  дамытуға, оның материалдық- техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік жағдайды жақсартуға және басқаруға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет. Қаржылық тұрақтылық- бұл табыстардың шығындардан асу тұрақтылығы, оларды жүзеге асыру тиімділігі жолымен кәсіпорынның ақша қаражаттарын еркін қолдану. Қаржылық жағдайдың тұрақтылығы қаржылық коэффициенттер жүйесімен сипатталады. Бұл коэффициенттердің талдауы оларды өткен жолмен салыстырғанда және олардың динамикасын оқуда қорытынды қаржылық тұрақтылықты сипаттайтын көрсеткіштің ең бір маңыздысы мынадай коэффициенттік көрсеткіштер табылады:
1 Тәуекелдік коэффициенті (меншіктік коэф.)- ол кәсіпорынның қызметін жүзеге асыру үшін авансталған барлық қаржылардың жалпы сомасы меншіктік қаржыларға үлесін көрсетеді. Ол кредиторларды қызықтырады. Бұл коэффициенттердің өсуі кәсіпорынның тәуелсіздігінің ұлғаюы туралы куәландырады және барлық.
2. Міндеттемелер меншікті қаражаттармен жабылу мүмкін. Бұл коэффициентің теориялық мәні (0,5-0,6)-тең.
3. Тәуелділік коэффициенті- бұл тартылған қаражаттардың барлық авансталған капиталға үлесін сипаттайды. Бұл коэффициент неғұрлым жоғары болса, оларды бақылайтын менеджерлердің де емес, меншікті компаниялардың да емес сыртқы қысымына ұруының потенциялды  тәуекелділігі жоғары болады. Мынаны есте сақтаған жөн: тартылған капитал бойынша төленетін үрді бұл компаниялардың пайда зиянының жоғары болса, шығындарды соғұрлым жоғары болады.
4. Тартылған немес  меншікті қаражаттардың сәйкестілік коэффициенті- бұл меншік қаражаттардың активіне салынған бір теңге кәсіпорынның қанша тартылған қаражат келетінен көрсетіледі.
Бұл коэффициент тәжірибеде өте  тұрақсыз. Себебі, берілген коэффициент есептеуде ағымдағы активтердің, тауарлық материалдық қорлар, дебиторлық қарыздар айналым жылдамдығын толығырақ анықтаған жөн. Ағымдағы активтер мен дебиторлық қарыздардың жоғарлауы айналымдағы кезінде бұл коэффициенттер бірден асуы мүмкін.
5.Қаржыландыру коэффициенті- бұл меншікті және тартылған капиталдың қатынасын сипаттайды, активтердің қай бөлігі меншік қаражаттарының есебінен қаржыланатыны көрсетіледі.
6. Инвестициялау коэффициенті –бұл қандай деңгейде меншік қаражаты негізгі капиталды жабатынын көрсетеді (Қ>1).
7. Маневрлеу коэффициенті – бұл осы  қаражаттардың  еркін қолдануды үлкен немесе кіші рұқсат ететін мобильдік активтерге меншік қаражаттарының қай бөлігі салынғанын көрсетеді. Бұл коэффициенттің төменгі мәні қйын өтетін иммобильденген есептердің құндылығында меншік қаражаттардың белгілі бір бөлігі бекітілгенін көрсетеді. (>1=0,5).
8.Қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге  тарту коэффициенті =ұзақ мерзімді міндеттемелер/(меншік капитал+ ұзақ мерзімді міндеттемелер).
Ұйым қаражаттары құрылымның маңызды сипатын негізгі қаражаттардың, капиталдық салымдардың, құрал-жабдықтардың, өндірістік запастар мен аяқталмаған өндірістің құндық сомаларының баланс қорытындысына қатынасына тең өндірістік арналымдағы мүлік коэффициенті береді.
Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесі топтарға бөлінеді:
А1 (айтарлықтай өтімді активтер) – кәсіпорынның ақша қаражаттарын және қысқа мерзімді қаржылық салымдар.
А2 (тез өткізілетін активтер) – дебиторлық қарыздар.
А3 (жай өткізілетін активтер) – запастар (алдағы кезең шығындарын алып тастағанда) және ұзақ мерзімді қаржылық салымдар.
А4 (қиын өткзілетін активтер) – алдынғы топтарға енгізілген баптарды қоспағандағы негізгі құралдар.
Баланс пассивтері оларды төлеудің мерзімділік дәрежесі бойынша топталады:
П1 (мерзімді міндеттемелер) – кредиторлық қарыздар.
П2 (қысқа мерзімді пассивтер) – қысқа мерзімді несиелер және қарыз қаражаттары.
П3 (ұзақ мерзімді пассивтер) – ұзақ мерзімді несиелер және қарыз қаражаттары.
П4 (тұрақты пассивтер) – капитал және резервтер.
Әрбір бөлімінің қаржылық көрсеткіштерінің құны бірде артып, бірде төмендеген. Ұйымның активтері мен қаржысының тұрақтылығы тек кейбір бөлімдерінде ғана төмендегендігін аңғарамыз. Мысалға ALEMTRADE-ның активтерінің ақша қаражаты пункті биыл 196,732 млн теңгені көрсетсе, былтыр бұл көрсеткіш 191,687 млн-ға тең болған. Ал жалпы активтерінің сомасы 2,777,888 млн теңге болса былтырғы жылы 2,586,292 миллион теңге болған екен. Бұл көрсеткіштерге қарай отырып, банктің жағдайы жақсы екендігіне көз жеткіземіз.
Міндеттемелері мен капиталы да артқан. Міндеттемелерінің өсу қарқыны клиенттердің қаржысымен тікелей байланысты. Олар биылғы жылы 1,796,151 млн тг болса, былтыр 1,682,035 млн тг болған. Жалпы міндеттемелерінің сомасы 2014 жылы 2,400,506 миллион теңге, ал былтыр 2,214,085 миллион теңгені көрсеткен. Ал капиталы болса өзгермегенге жақын: биыл ол 378,382 миллион теңге құраса, былтын 372,207 миллион теңге көрсеткен. Жалпы міндеттемелер мен капиталды қосқандағы сома 2,778,888 миллион теңге, ал 2013-те 2,586,292 болған. Сонымен, біз бұл жерде компанияның міндеттемелері, яғни шығындарының да көбейгенін білеміз. 3.3. Шаруашылық субъектісінің табыстылығын талдау.
Ұйымның табыстылықты талдау жасау.
Нарықтық жағдайларды табыстың ролі айтарлықтай өсті. Өзіміз білетіндей, жоспарлы-директивті экономика жағдайларында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс табу кез-келген кәсіпорынның мақсатты функциясы ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс табу кез-келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымды және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаражат көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымды шығындар болса, олар банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен, сонымен қатар, Жалпы активтердің (өндіріске салынған капиталдың) табыстылық деңгейі.
«AlemTrade» ЖШС-ның табыстылығы 5 мамыр күні жарық көрген 31 наурызға дейінгі аралықты қамтитын қаржылық есеп беруде айқын көрінеді.
Пайда және залал ALEMTRADE 2013 жылы 21 наурызына 4,16 % көрсеткішімен 55,789 млн теңге пайыздық табыс тапқан. Активтердің құнсыздануына қалыптасқанға дейінгі қордағы таз пайыздық табыс 27,323 млм теңге. Пайыздар түсімі бойынша табыс (5,16 % бойынша) 9,774 миллион теңге шығынға ұшыратты. Соның ішінде таза шығын 4,120 млмн теңге. Акциялар бойынша табыс 4,56 млмн теңге. Операциялық шығындар 8 млн тг. Бұл көрсеткіштер 2013 жылдың 31 наурызында жария болған көрсеткіштерден 0,8 %-ға төмендеген.
3.4. Шаруашылық субъектісі қызметінің іскерлік белсенділігін және тиімділігін талдау
Іскерлік белсенділік коэффициенті кәсіпорын өз қаражаттарын қаншалықты тиімді пайдаланатындығын талдауға мүмкіндік береді. Әдетте, бұл топқа әртүрлі айналымдылық көрсеткіштері жатады.
Айналыс көрсеткіштерінің компанияның қаржылық жағдайын бағалауда маңызы зор, себебі, қаражаттар айналымының жылдамдығы яғни, олардың ақша нысанына айналу жылдамдығы кәсіпорын төлемқабілеттілігіне үлкен әсер етеді. Сонымен қатар, әртүрлі тең жағдайларда қаражаттар айналымының жылдамдығының артуы кәсіпорынның өндірістік-техникалық потенциялының жоғарылауын көрсетеді.
Капитал айналымдылығы коэффициенті өнімді өткізуден түскен түсімнің баланс пассивінің барлық қортындысына қатынасы – фирманың барлық бар қаражат көздерін, олардың сипатына тәуелсіз тиімді пайдалануды сипаттайды, яғни пайда түрінде сәйкес әсер әкелетін өндіріс пен айналымның толық циклы жылына қанша рет жүргізілетінін, немесе өткізілген өнімнің қанша ақша бірлігі пассивтің әрбір ақша бірлігін әкелетіндігін көрсетеді.
Көрсеткіштер 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл
Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті 0,938 0,789 0,961
Мобильді қаржылық айналымдылық коэффициенті 1,476 12,074 1,847
Материалды айналым қаражаттарының айналымдылық коэффициенті 6,666 6,228 8,058
Дебиторлық қарыздың айналымының коэффициенті 4,990 2,457 6,278
Дебиторлық қарыздың айналымының орташа мерзімді, күн 73 149 58
Кредиторлық қарыздың айналымдылық коэффициенті 3,587 4,863 4,624
Кредиторлық қарыздың айналымдылығының орташа мерзімі, күн 102 75 79
Негізгі құралдардың және басқа да айналымнан тыс активтердің қор қайтарымы 3,354 3,129 2,369
Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті 1,598 1,955 1,985
Сонымен, есептеулерден көрініп тұрғандай, 2010 жылы сатып алушылар әрбір 73-ші күні шоттарын төледі, ал 2013 жылы көрсеткіш 58 күнге дейін азайды. Кредиторлық қарызды төлеу мерзімі 2012 ж. 102 күнге тең болған, ал 2013 ж. 79 күнге дейін төмендеді және дебиторлық қарыздың айналымдылық мерзімінен асып түсті. Бұдан, кәсіпорын айналымында кредиторлық және дебиторлық қарыздың айналым күндері санының айырмашылығына тең мөлшерде бос қаражаттар бар және кәсіпорындарға дебиторлық қарызды жабу үшін қосымша қаражаттар тарту талап етілмейтіндігі шығады.
Мобильді қаражаттар айналымының коэффициенті кәсіпорынның барлық мобильді қаражаттарының (материалдық және материалдық емес) айналымының жылдамдығы көрсетеді. 2012 жылы бұл коэффициент 1,476 құраған және талдау кезеңі ішінде 2010 жылда 1,847 дейін өсті. Бұл коэффициенттің өсуі оң фактор деп бағалауға болатын мобильді қаражаттардың айналымдылығының жылдамдатуын көрсетеді.
Сондай-ақ, коэффициенттің талдау кезеңінде запастар мен шығындар айналымының санын көрсететін, материалды айналым қаражаттарының айналымдылық коэффициентінің мәні өсті. 2012жылы бұл коэффициент 6,666 құраған және 2013 ж. 8,058 дейін көбейді. Материалды айналым қаражаттарының айналымдылығыны өсуі өндірістік запастардың салыстырмалы азаюын көрсетеді.
Активтерді басқару. Басшы ағымдағы және тіркелген активтердің ең соңғы тиімді деңгейін қолдайды, кәсіпорынның балансында активтердің түрлері мен құрамының арақатынасын анықтайды. Ағымдағы активтер – бұл материалды-өндірістік қорлар кіретін нарықта бірінші кезекте өткізуге мүмкін болатын қолма-қол өткізілетін бағалы қағаздар. Тіркелген активтер – бұл жер, құрал-жабдықтар, транспорттық құралдар, ұзақ мерзімді арендалық қаражаттар.Пассивтерді басқару. Қысқа және ұзақ мерзімді қаржылық ресурстардың арақатынасының тиімділігі арқылы көптеген қаржы ресурстарының тиімділігі анықталады. Қаржы ресурстарының тиімділігі бірнеше факторларға байланысты: экономикалық коньюктура, мемлекеттің қаржы саясаты және тағы басқа. Ұйымның айналым қорларында ағымдағы активтер мен ағымдағы пассивтердің айырмашылықтары бар. Ұзақ мерзімді қорлар – лизинг және ұзақ мерзімді несиелер.
3.5. Шаруашылық субъектісі мен кәсіпкерлік тәуекелдіктің потенциалды (әлуетті) банкроттылығын талдау
ҚР-сы жағдайында банкроттық механизмінің нормативті –құқықтық базасы ретінде әдебиеттер тізімінде көрсетілген құжаттар пайдаланылады.
ҚР-ның «Банкроттық жайында» Заңына сәйкес, кәсіпорынның банкроттығы туралы шешімі ерікті немесе еріксіз түрде қабылданады.Банкроттық, борышкердің сотқа жазған өтініші бойынша ерікті түрде немесе оның өзінің банкроттығы жайында соттан тыс түрде хабарлауы жолымен жасалады.Ал еріксіз түрде , кредиторлардың немесе «Банкроттық жайында» Заңымен өкілет берілген тұлғалардың өтініші негізінде жасалады.
Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады.Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады.ҚР «Банкроттық туралы»07.04.95 жылғы №2173 Заңына сәйкес қарызды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кре-диторлар сұранысын,еңбекақы төлеу талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет мен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады.
Банкроттық мына себептерден пайда болады:
экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының қаржылық,ақша және несие салық жүйелерінің жетілмегендігі;
инфляцияның аса жоғары деңгейі;
фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
банкроттықтың уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау;
жарнама,өтімділік жүйесінің болмауы,сұранысты дұрыс зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
ақталмаған жоғары шығындар;
өндіріс циклінің өте көлемді болуы;
үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;
ескі басқарма басшыларының нарықты құруға бейімделе алмауы,сұранысы жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік көрсетпеуі,инвестициялық,бағалық қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай алмауы.
Кәсіпорынның жаппай банкроттыққа ұшырауы жағымсыз әлеуметтік қиын-дықтарға соқтыруы мүмкін,сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белгілі механизмі қалып-тасқан.
ҚР «Банкроттық жайында» заңына сәйкес кәсіпорынның банкроттығы туралы шешімі ерікті немесе еріксіз түрде қабылданады.Банкроттық борыш-кердің сотқа жазған өтініші бойынша ерікті түрде немесе оның өзінің банкрот-тығы жайында соттан тыс түрде кредиторлармен келісімге келе отырып,ресми түрде хабарлауы жолымен жасалады.Ал еріксіз түрде кредиторлардың немесе «Банкроттық жайында» заңымен өкілет берілген тұлғалардың өтініші негізінде жасалады.
Банкроттық жайында кредитордың өтінішпен сотқа баруына негіз болып бо-рышкердің төлеу қабілеттілігінің болмауы табылады.Егер борышкер өзінің мін-деттемелерін 3 ай ішінде орындай алмаса,оның төлем қабілеті жоқ деп санала-ды.
Банкроттық жайында кредитордың өтінішпен сотқа баруына негіз болып борышкердің төлеу қабілетінің болмауы табылады.Егер борышкер өзінің міндеттемелерін 3 ай ішінде орындай алмаса, оның төлем қабілеті жоқ деп саналады.
Кредитордың борышкерге қойған талаптарының сомасы 150 айлық есепті көрсеткіштерден жоғары болса ғана, банкроттық жайында іс сотпен қаралады.
Кәсіпорынның банкроттылығымен болжау бойынша құралдарды кең пайдалана отырып, кәсіпорынның дағдарыс жағдаынан шығу шараларын ойластыруға мүмкіндік туғызады.Болжау, қалыптасып жатқан тенденцияларды зерттеп қарауға сыртқы, ішкі жағдайлардың әсерін есепке ала отырып, қаржылық саясатты жүргізу үшін, кәсіпорынның келешегі төлем қабілеттігінің төмендеуі немесе жоғарылауы қандай деген ең маңызды сұраққа жауап беру керек.
Қаржылық жағдайды болжау – перспективалық талдаудың негізгі міндеті. Талдаудың бұл түрі, шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесін зерттеу негізінде, болашақ міндеттерін анықтау, стратегиялық басқару міндеттерін шешу үшін әкімшілікті ақпараттармен қамтамасыз етуі тиіс. Мақсатқа сәйкес талдауды жүргізу, орта мерзімді болашаққа(2-3 жыл) және ұзақ мерзімді болашаққа негізделуі керек.
«AlemTrade» ЖШС-ның банкроттылық мүмкіндігі 2014 жылғы зерттеулер бойынша жоққа шығарылады. Сонда да жүргізілген бірнеше теория бойынша ол мүмкін ең алғашқысы ол теңгенің мүлдемге құлдырауы, ALEMTRADE үшін бұл жағдай мүлдемге жақсылыққа болжалмайды себебі, акциялар мен негізгі активтері ғана теңгемен бағаланып қоймай сонымен қатар оның клиенттерінің салымдары 98 %-ға Ұлттық валютада жасалған. Бұл жағдайда ALEMTRADE-ның шетел компанияларына салған инветициялары да көмексіз, өйткені, Қазақстан теңгесінің құлдырауы экономикасы тығыз байласысты Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Түркия және Ресей мен Белорусь елдерінің де ұлттық валюталарына әсер етеді. Ал салынған инвестициялардың басым көпшілігі осы елдердің кәсіпорындарына жасалған.
Келесі болуы мүмкін вариант олішкі құлдырау, яғни акцияның негізін иеленетін компаниялардың банкроттылығы болып табылады.
III. Қорытынды
Мен, Мақсұт Темірлан Құрманғалиұлы Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дің Экономикалық колледжінің III-курс студенті , өзімнің өндірістік тәжірибемді Алматы қаласы, Абая көшесі 2-де өттім.
Өндірістік тәжірибе өту барысында «Қаржылық есепті талдау», «Ұйым экономикасы», «Экономикалық талдау және қаржылық есептілікті талдау», пәндерінен алған теориялық білімімді және алғашқы оқу тәжірибесінен алған іс-жүзіндегі білімімді кеңейтіп, толтырып жаңа нәтижелерге қол жеткіздім, білмегенімді үйрендім.
Бухгалтерияның ұйымдастырлуы және ондағы операциялардың жүргізілуін, атап айтар болсам, ақша қаражаттары бойынша кассада операциялардың ұйымдастырылуы есебін, негізгі құралдардың кірістелуі мен есептен шығарылуын, тауарлы – материалдық қорлардың түсуін құжаттық ресімдеу және олардың бухгалтериядағы, қоймадағы есебінің жүргізілуі, еңбекақыны есептеудің, мерзімдік баланс әзірлеуге, барлық операциялардың заңдылығын, нысаналылығын, шаруашылық мақсатына сай болуын,сметалық және қаржылық тәртіптің сақталуын қадағалауға, белгіленген ережелер мен құжаттама нысандарын сақтай отырып, ақшалай қаражат пен материалдық құндылықтарды есепке алу кітаптары мен тізімдемелерін жүргізу, бухгалтерлік шоттарға тиісті мәліметтерді түсіру жолымен қаржы және материалдық ресурстардың қозғалысын дер кезінде тіркеп отыру жұмыстарының жүргізілуімен таныстым.
Оқу тәжірибесінен өту барысында кіріс кассалық,шығыс кассалық ордерлерімен,кассалық кітапппен, аванстық есеппен, штаттық кестемен, жұмысшыларды жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару бұйрықтарымен, шот – фактурамен, төлем тапсырмасымен, бухгалтерлік баланспен, кіріс және шығыс туралы есеп, ақша қаражаттарының қозғалысы, меншікті капиталдың өзгері туралы есептермен, кәсіпорынның салық органдарына және басқа да арнаулы органдарға есеп берулерімен және тағы басқа көптеген құжаттармен жұмыс істеп, олардың толтырылуын және «1С бухгалтерия» бағдарламасында жұмыс істеуді үйрендім.
Мен осы аталған жұмыстар мен құжаттардың негізінде өзімнің өндірістік тәжірибе жөніндегі есебімді жасадым.
Менің өндірістік тәжірибеден түйгенім, әр кәсіпорынның нарықта орнын нығайтып, келешекте жақсы табыстарға, жоғары жетістіктерге жетуі ең алдымен, шаруашылық құрылымының жақсы ұйымдастырылуы, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуі негізінде жүзеге асырылатынын және бухгалтерлік жұмыстың үлкен жауапкершілікті,тиянақтылықты және шыдамдылықты қажет ететініндігі.
Есеп беруімнің соңына тігілетін әрбір құжат маған сеніп тапсырылған. Және де «AlemTrade» ЖШС-ның «ORDABAS » орталығында, яғни ALEMTRADE-тың еншілес ұйымында өндірістік тәжірибе өту барысында «AlemTrade» және «ORDABAS » ұйымдары жайлы көптеген ақпараттарға ие болдым. Мұндағы ақпараттарды нағыз маман ретінде мен таратпауым керекпін. Есеп беруде қолданылған деректер колледж тарапынан сыртқы ортаға тарамайтынына сенімдімін.
IV. Пайдаланған әдебиеттер:
I.Нормативті құқықтық актілер:
1. ҚР Азаматтық кодексі (өзгерістер мен толықтырулармен бірге) 07.08.2007. №269 2.ҚР-ң бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңы (28.02.07 №234) 3.ҚР Банкроттық туралы заңы (21.01.97)-67 4.Жауапкершілік шектеулі серіктестік туралы заң (31.01.2006 №124-3)
5. ҚР Салық кодексі
II.Оқулықтар және оқу әдістемелік нұсқасы:
1. «Бухгалтерлік есеп және Қаржылық есеп беру» туралы
2. Бухгалтерлік есеп стандарттары. Алматы, 2004 ж. 3. Кәсіпорындағы қаржылық есепті жүргізу. Кезмемтаев К.К, Алматы. Экономика, 2003 ж. 4. Бухгалтерлік есеп, 2-ші басылым қаржы және статистика. Радостовец В, Капайлов Г.З, 1994 ж. 5. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. . В.Л. Назарова. Оқулық:Алматы-«Экономика» баспасы. 2005ж. 6. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Л.А. Попова, М.Қ. Жұматов, Д.М. Нұрғалиев, А.Б.Омалиева. Оқу құралы.– Карағанды: ҚарМУ баспасы,1998ж. 7. Бухгалтерлік есеп принциптері: Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов. Оқу құралы-Алматы: Экономик С, 2003 ж. 8. Бухгалтер бюллетені. №3 қаңтар, 2006 9. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин. В.В. Радостовец, О.И. Шмидт. Алматы: Қазақстан-аудит орталығы, 2002 ж. 10. Бухгалтерлік есеп принциптері О.М. Жакупова. 2. Оқу-тәжірибелік құралы.-Қарағанды, 2003. 153-183бет. 11. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері Ә. бдіманапов. (халықаралық стандарт) Алматы 2006 ж. 12. «Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары» ЦДБ Алматы 2009 ж. 13. Бухгалтерлік есеп. Оқу құралы – Алматы: қазақ университеті, 2001ж – 279 бет. Баймұханов С.Б., Балапанова Ә.Ж.
14. Аудит және бухгалтерлік есеп. Оқу құралы – Алматы: қазақ университеті 2000 ж – 167 бет.
15. Бухгалтерлік есеп: Оқулық/ Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д. профессор К.Ш.Дүйсембаев. Алматы: ИздатМаркет, 2005ж-312 бет, Баймұханова С.Б. 16. Қаржылық есеп: Баймұханова С.Б. – Алматы 2007 – 296 бет. 17. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп: Нұрсейітов Е.О. – Алматы, «Издательство LEM» ЖШС 2009 ж.
18. Аудит негіздері: Абленов Д.О. –Алматы: Экономика, 2005ж-400 бет.
19. «Кәсіпорын экономикасы». Р.Қ. Ниязбекова, Б.А. Рахметов, П.Т. Байнеева. Экономика баспасы, Алматы, 2001
20. «Бухгалетрлік теориясы және тәжірибесі». Б.С. Мырзалиев, А.А. Сәтмырзаев, Р.С. Әбдішүкіров. Экономика баспасы. Алматы,2008
21. https://kk.wikipedia.org/wiki/ сайты.
22. https://ru.wikipedia.org/wiki/ сайты.
23. Сжатая промежуточная консолидированная финансовая информация (не аудировано) за три месяца, закончившихся 31 марта 2014 г. (от 5 мая 2014 года.)

Приложенные файлы

  • docx 15929179
    Размер файла: 134 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий