esep beru


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МЕХАНИКА – МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ


Өндірістік тәжірибе бағдарламасын орындау туралы
ЕСЕП
Тәжірибеден өткен орын:
«Оңтүстік» ақпарат-логистикалық орталығы» - «Қазпочта» АҚ филиалы
Студенттер тізімі
Шаншар Сәния Шаншарқызы
Құрманақын Алуа Берікқызы
Түймешов Мейірман Қайратұлы
Курсы3курс
Өндірістік-тәжірибе жетекшісі

Иманбердиев К.Б._______
Кәсіпорын тәжірибе жетекшісі
Амирбеков Р.__________
Ақпараттық технологиялар бөлімі бастығы
Алматы, 2013 ж.
Мазмұны
Кіріспе 1
Негізгі бөлім2
Компания менеджментімен танысу 3
Компанияның ұйымдық құрылымы 3
Компанияның қызмет аясы3
«Қазпочта» АҚ салаға қатысты саясаты 3
Компания қызметімен танысу 3
Ақпараттық технологиялар бөлімі қызметімен, құжаттарымен танысу5
Қорытынды мен ұсыныстар 4
Қосымшалар 6

Кіріспе
Мен, өндірістік іс-тәжірибемді 2013 жылдың мамыр айының 27-ші жұлдызынан 2013-жылдың 12-ші маусымына дейінгі аралықта Алматы облысы Іле ауданы Первомайский ауылы, Іле тас жолы, 12 мекен-жайы бойынша орналасқан, «Оңтүстік» ақпарат-логистикалық орталығы» - «Қазпочта» АҚ филиалында өттім.
Іс-тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта мекеме режиміне сәйкес талаптарды орындап отыруға мән берілді.
Іс-тәжірибені өту бағдарламасына сәйкес келесі құжаттармен танысып, жұмыс жасадық:
1 Бөлім жайында жалпы жағдайлар;
2 Лауазымдық нұсқаулар;
3 Кіріс және шығыс документтері;
4 Бөлім жайында жоспар;
5 Қаржылық есепке түсіндірмелік жазба;
6 Жарғы;
7 Есеп саясаты;
8 Негізгі құралдар жайлы есеп;
9 Еңбек бойынша есеп;
10 Шоттар талдауы;
Іс-тәжірибе уақытында компанияның іскерлік тарихы, атқаратын қызметтері жөнінде ақпарат ала отырып, басқарма құрамымен таныстық. Әр түрлі филиал бөлімшелерінен шыққан мәселелер мен сұрақтарға байланысты есеп берулер мен түсініктемелер, қызметтік хаттар толтыруға көмектестік. Сонымен бірге бөлім жұмыскерлері арасында міндеттемелердің бөлінуімен танысып, құжаттарды толтыру мен өңдеу, түгелдеу және тексеру жүргізу жұмыстарына да қатыстым, компьютерлік жабдықтар мен оргтехниканы жөндеу, картридждерді толтыру, іс жргізулерді реттеу, профилактикалық жұмыстарға қатысып, программалар орнатумен қатар бөлім бастығының басқа да тапсырмаларын мұқият атқардым .
Іс-тәжірибе есебінде кәсіпорын қызметіне де талдау жүргізіп, ішкі шаруашылық аудитіне қатысты анықтамалармен де танысу жұмысын орындадық. Бұл жұмыстар қажетті тәжірибе жинақтау мүмкіндігімен қатар теориялық сабақтарда алған білімдерді тереңдету және бекіту мақсатын жүзеге асыруды қамтамасыз етті.
Берілген жұмыстың басты мақсаты кәсіпорынның жұмысы, оның жарғысы, өндірістік процесс пен технологиялары, басқару жүйесі және ішкі бөлім қызметтері, бәсекелестік стратегиясы туралы ақпаратты көрсету; кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын, кәсіпорынның қызметтерінің артықшылықтарын бейнелеу.
Тәжірибе өтудегі мақсатым - оқыту үрдісі кезінде алған теориялық бiлiмдерімдi бекiту, мамандардың кәсiби дағдыларын алу, филиалдың құрылудағы мақсаты, жүзеге асырылу тәртібін зерттеу, сондай-ақ кәсiпорындардың (ұйымдар) қызметiнен нақты жағдайында тәжiрибе жинау.
Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды  игеруге тырыстым. Ол үшін мен келесі міндеттерді орындауға тырыстым:
-                  филиалдағы белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;
-                  әкімшіліктен белгіленген құқықтар шегінде тағайындалған жұмыстарды толығымен әрі уақтылы орындау;
-                  филиалда белгіленген эстетикалық және этикалық нормаларға сай ұқыпты кйіну;
-                  филиалда болған барлық  іс-шараларға қатысу.
Негізгі бөлім
Компания туралы
«Қазпочта» АҚ – кеңестік кезеңнен кейінгі серпінді дамып келе жатқан компаниялардың бірі,  Қазақстан Республикасының бүкіл  аумағын қамтитын, қалалар мен ауылды аймақтарда пошталық, қаржылық және логистикалық сапалы толық қызметтер көрсететін, Қазақстан Республикасының пошта байланысының ұлттық операторы.
2003 жылы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының «Почта туралы» Заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес республикада пошта-жинақ жүйесін дамыту жөнінде мемлекеттік саясаттың жол басшысы болып Ұлттық пошта операторы - «Қазпочта» акционерлік қоғамы белгіленді. 
АҚ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» 2006 жылғы 7 маусымнан бастап «Қазпочта» АҚ  жалғыз акционері болып табылады.
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, М. Әуезов көшесі, 13.
«Қазпочта» АҚ миссиясы
Қазақстан Республикасының барлық аумағында клиенттерге  олардың сұраныстарын толық қанағаттандыратын пошталық, қаржылық және логистикалық заманауи сапалы қызметтер көрсету.    
 «Қазпочта» АҚ болжамы
Үздік халықаралық стандарттар негізінде және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағытына сәйкес клиенттердің сұранысына сай келетін өзінің жоғары сапалы қызметтерін ұсынатын,  ел экономикасының маңызды элементі болып табылатын, ел ішінде сонымен қатар дүниежүзілік пошта индустриясында да нарықтық ортада болып жатқан өзгерістер бойынша тез әрекет ететін инновациялық – бейімделген бизнес-құрылым.
 «Қазпочта» АҚ 2020 жылға дейін стратегиялық даму бағыттары 
1. «Пошта қызметтері» бейінді бизнесін кеңейту.
2. Логистикалық қызметтерді күшейту және сыртқы нарыққа шығуға дайындық.
3. Сапалы банк бизнесі болып қалыптасу.
4. «Қазпочта» АҚ қызметінің тиімділігін арттыру.
5. «Қазпочта» АҚ IT қарымын дамыту.
6. Сенім және сапа брендін дамыту.
Негізгі стратегиялық мақсаттар
- Өнім портфелін әртараптандыру, жарнамалық материалдарды жеткізу (DM), «Есепшоттар мен хабарламаны жеткізу» сегментінің бағдарын нығайту арқасында жазбаша хат-хабарлар  көлемін ұлғайту.
- Жеделдетілген экспресс және шабармандық пошта жеткізу сегментінің бағдарында жетекші орын алу.
- «Сәлемдемелерді жіберу» сегментінің бағдарында жетекші орын алу.
- Мемлекеттік демеуқаржы тарту арқылы жазбаша хат-хабарлар мен мерзімді басылымдарды жеткізу қызметтерінің тиімділігін арттыру.
- Пошталық жөнелтімдер үшін логистикалық үдерістердің нәтижелік көрсеткіштерін барынша көбейту.
- Ірігабаритті пошта жөнелтімдері нарығында жетекші орын алу.
- Халықаралық логистикалық компаниялар үшін серіктес ретінде № 1 таңдауы болу.
- Дәстүрлі (зейнет ақы мен жәрдемақы беру, мемлекеттік қызметкерлерге еңбек ақы төлеу) «Қазпочта» АҚ қызметтері бар «Аудан орталығы» және «Ауыл» сегменттерінде жетекші орын алу.  
- «Қазпочта» АҚ клиенттік базасын аудан орталығының деңгейінде пластикалық карточканы қолдануға ауыстыру. 
- Аудан орталығы және ауыл деңгейінде барлық сақтандыру және микрокредиттік компаниялардың № 1 таңдауы болу. 
- «Пошта аударымдары» сегментінде бәсекелестік орнын жақсарту.
- «Коммуналды және басқа төлемдер» нарығында жетекші орын алу.
- Компанияның басқару есебін жүргізуді автоматтандыру деңгейін көтеру.
- Бизнес – үдерістерді автоматтандыру арқылы еңбек өнімділігін көтеру.
- Компанияның ақпараттық қауіпсіздігінің деңгейін көтеру.  
- «Қазпочта» АҚ брендін қолдап, қуаттайтын халықтың пікірін қалыптастыру.
«Оңтүстік» ақпарат-логистикалық орталығы» - «Қазпочта» АҚ филиалы 2009 жылы қаланды.
Персонал саны – 467 адам.
Ұсынылатын қызмет түрлері:
Пошталық және шапқыншы қызмет атқарулар,  халықаралық пошталық жіберілім әуе,темір жол, көлікпен жөнелту ; Алматы қаласы, РФ, ҚР бойынша  көліктік қызмет атқарулар; қойма бөлмелерін ,темір жол  тұйықты, жабдықты жалдау.
Компания менеджментімен танысу
Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов
Басқарма Төрағасы
Компанияда  атқаратын міндеттері: «Қазпочта» АҚ қызметіне жалпы басшылық пен бақылауды жүзеге асырады, Қоғам стратегиясының жүзеге асырылуын және «Қазпочта» АҚ құрылымдық бөлімшелері жұмыстарының тиімділігін жоғарлатуды қамтамасыз етеді.
7 наурыз 1966 жылы туылған.
 Қазақстан Республикасының азаматы.
Білімі: 1988 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің «Саяси экономиясын» бітірген,  мамандығы - экономист, саяси экономия. 1992 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітіріп, экономика ғылымдарының кандидаты атанды.
2004 жылы қосымша Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тамамдады.   Экономика ғылымдарының докторы.
Еңбек жолы:
Әр түрлі жылдарда, әр түрлі лауазымда Қазақстан Республикасы Экономика министрлігі, ҚР Ұлттық банкі, Алматы сауда-қаржылық банкі, «Қазақстан Республикасының Халық банкі» ААҚ қызмет атқарған.
2000 ж. - «Қазпочта» ААҚ Басқарма Төрағасының орынбасары. 2000-2006 жылдары «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы болды.
2006-2011 жылдары Қазақстан Республикасының Алматы қаласы аймақтық қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы лауазымында болды.    
2011 жылдың сәуір айынан бастап «Қазпочта» АҚ директорлар Кеңесінің  шешімі негізінде (18 сәуір 2011 жыл № 15/11 хаттама) «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.
ДК мүшелігі және қос қызметті атқаруы: жоқ
Компания акцияларын иеленуі: иеленбейді
Компания өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.
  
Ермек Серікұлы Примбетов
Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі
Компанияда  атқаратын міндеттері: жергілікті атқарушы органдарға қатысты Қоғам атынан әрекет етеді және Қоғам мүддесін білдіреді, қаржы қызметтерін сату, маркетинг, қаржылық бизнесті қолдау департаменттерінің, трансфер-агенттік жұмыстар, жарнама және PR қызметтерінің жұмыстарына тікелей басшылық ету және бақылау жасауды жүзеге асырады.
23 тамыз 1973 жылы туылған.
Қазақстан Республикасының азаматы.
1991-1995 жылдарда Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тамамдаған.
Еңбек жолы:
Алматы сауда-қаржылық банкінде әр түрлі лауазымда жұмыс атқарған, «Әлемнің балалары - Қазақстан туралы» қоғамдық қорын басқарған, 2000 – 2003 жылдары «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, сосын бірінші орынбасары болып жұмыс атқарды. 
 2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және технологиялар министрлігі «Қазақстанның «Казинвест» инвестиция тарту орталығы» ЖАҚ басқарды. 2006 жылдың тамыз айынан 2009 жылдың қазан айына дейін Еуразиялық даму банкінің жоба тобын басқарды. 2008 жылдың қаңтар айынан бастап «Республика» «Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі тәуелсіз директоры мәртебесінде.
2011 жылдың сәуір айынан бастап «Қазпочта» АҚ қызмет атқарады.  2011 жылдың 17 маусым айынан бастап «Қазпочта» АҚ директорлар Кеңесінің  шешімі негізінде (16 маусым 2011 жылғы № 15/11 хаттама) «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
ДК мүшелігі және қос қызметті атқаруы: 2008 жылдың қаңтар айынан бастап «Республика» «Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ  директорлар Кеңесінің мүшесі тәуелсіз директоры мәртебесінде.
Компания акцияларын иеленуі: иеленбейді
Компания өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.
Мұрат Өтепбергенұлы Жарылқағанов   
Басқарма Төрағасының орынбасары
Басқарма мүшесі
Компанияда  атқаратын міндеттері: әкімшілік департаментіне, сатып алуларды ұйымдастыру департаментіне, «Қазпочта» АҚ «Техникалық сервис» филиалына жетекшілік ететін басқарушы директор-әкімшілік департаменті директорының, пошта өнімдері және инфрақұрылым департаментінің, Қоғамның «Ақпараттық жүйелерді пайдалану дирекциясы», «Корпоративтік сату дирекциясы» филиалдарын, «Kazpost GMBH» БК қоспағанда, Қоғам филиалдарының, Қоғамның Ресей Федерациясындағы өкілдігінің қызметтеріне тікелей басшылық етуді және бақылау жасауды жүзеге асырады.
4 қазан 1956 жылы туылған.
 Қазақстан Республикасының азаматы
1974-1979 жылдары  Мәскеу теміржол көлігінің инженерлері институты «Экономика және теміржол көлігін ұйымдастыру» мамандығы бойынша тамамдады.
Еңбек жолы:
Әр түрлі жылдарда РМК «Қазақстан темір жолы», Кәсіпорындарды қайта құру және тарату агенттігінде, Қазақстан Халық банкінде,  «Инфрақұрылым» РМК «Қазақстан темір жолы» қызмет атқарды.
2002-2005 жылдары Экономика және қаржы департаментінің директоры, сосын «ҰК «ҚТЖ» АҚ департаментінің атқарушы директоры- директоры болды. 2005-2008 жылдары «ҰК «ҚТЖ» АҚ филиалының Магистралды желілер дирекциясының атқарушы директоры – директордың бірінші орынбасары, экономика және қаржы бойынша директорының орынбасары.   
2009 жылдың ақпанынан «Қазпочта» АҚ қызмет атқарады. 2009 жылдың мамыр айынан бастап басқарушы директор - бас қаржы директорынан Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды («Қазпочта» АҚ директорлар Кеңесінің шешімі, 30 мамыр 2009 жылғы № 08/09 хаттама).
ДК мүшелігі және қос қызметті атқаруы: жоқ
Компания акцияларын иеленуі: иеленбейді
Компания өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.  
Күлшахан Жұмашқызы Қашқынбаева
Басқарушы директор - бас бухгалтер
Компанияда атқаратын міндеттері: бухгалтерлік және салық есебі департаментінің қызметтеріне жетекшілік және бақылау жасауды жүзеге асырады.        
25 мамыр 1959 жылы туылған.
Қазақстан Республикасының азаматшасы.
1992 жылы Алма-Аты халық шаруашылық институтын «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметтерді талдау» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
 Әр жылдары көптеген банктерде бухгалтерлік есеп және есептілік бойынша лауазымдарда болды: КСРО Мемлекеттік банкі Фрунзе бөлімі, КСРО Агропромбанкінің Қазақ Республикалық банкі,  Акционерлік коммерциялық Агропромбанкінің «Қазақстан» банкі,  Қазақинвестбанк, Акционерлік банк «Ғасыр», Қазақ акционерлік Агропромбанкі.
1988 - 2000 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік басқармасының бастығы – Ұлттық зейнетақы агенттігінің бас бухгалтері болып қызмет атқарды.     
2000 - 2007 жылдары «Қазпочта» АҚ Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының бастығы - бухгалтерлік есеп және есептілік Департаменті бастығының орынбасары, сосын бас бухгалтер лауазымында болды.
2007 - 2008 жылдың наурыз айына дейін «Ұлттық ғылыми-технологиялық холдинг «Самғау» АҚ қызмет атқарды.
 2008 жылдың наурыз айынан 2009 жылдың шілдесіне дейін «Kazsatnet» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болды. 2011 жылдың қаңтар айынан «Альянс Банк» АҚ Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің Банктік есеп басқармасын басқарды.
2011 жылдың мамыр айынан бастап «Қазпочта» АҚ Басқарушы директоры - бас бухгалтері болып тағайындалды(«Қазпочта» АҚ директорлар Кеңесінің шешімі 11 мамыр 2011 жылғы № 04/11 хаттама, «Қазпочта» АҚ 12 мамыр 2011 жылғы № 183/л бұйрығы).
ДК мүшелігі және қос қызметті атқаруы: жоқ
Компания акцияларын иеленуі: иеленбейді
Компания өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.
 
 
Аяпбергенова  Жаннат Темиргалиевна
Басқарушы директор – Заң департаментінің директоры
Компанияда жауап беретін мәселелер шеңбері: Заң, кадр саясаты және корпоративтік басқару департаменттерінің қызметтеріне басшылық жасау мен бақылауды жүзеге асыру.
1965 жылы 4 шілдеде дүниеге келген.
Қазақстан Республикасының азаматшасы.
1987 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірді. 
Еңбек жолы:
1987-1989 жж. – Целиноград асхана және мейрамхана трестерінің заңи кеңесшісі.
1989-1990 жж. - Целиноград облыстық сотының аға кеңесшісі.
1990-1996 жж. - Целиноград облыстық адвокаттар алқасының адвокаты. 1996-1998 жж. - Ақмола қалалық сотының  судьясы.
1998-2000 гг. - ҚР Президенті әкімшілігінің аға сарапшысы.
2000-2012 жж. - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бас менеджері, департамент директорының орынбасары, заңгер, аға заңгер, бас заңгер.
2012 жылғы ақпаннан бастап «Қазпочта» АҚ басқарушы директор-заң департаментінің директоры.
 ДК мүшелігі және қос қызметті атқаруы: жоқ.  
Компания акцияларын иеленуі: иеленбейді
Компания өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.
 
 
Нұржан Ескенұлы Қабиев
Басқарушы директор - әкімшілік департаментінің директоры
Компанияда атқаратын міндеттері: әкімшілік департаменті, сатып алуды ұйымдастыру департаменті, «Техникалық сервис» филиалының қызметтеріне  жетекшілік және бақылау жасауды жүзеге асырады.         
30 тамыз 1964 жылы туылған.
Қазақстан Республикасының азаматы.
Алматы халық шаруашылық институтын бітірген.
Еңбек жолы:
Еңбек өтілін 1998 жылы Петропавл шаруашылық есеп айырысу телімінің «Союзцелинвод»  трестінде бастаған, сосын Солтүстік-Қазақстан облыстық әкімшілігінің жастар жөніндегі комитетінің  Облыстық жастар қорының төрағасы, Петропавл қаласы «Акцепт» Корпорациясы» ЖАҚ директоры-коммерциялық директоры болып жұмыс істеді. 
1998 жылдың қаңтар айынан 2003 жылдың қаңтарына дейін Солтүстік-Қазақстан облысы шағын және орташа бизнесті қолдау басқармасында жұмыс атқарды. 2003-2007 жылдары «Қазпочта» АҚ Солтүстік-Қазақстан облыстық филиалын басқарды. 2007 жылы ақпан айында Қазақстан Республикасының Алматы қаласы аймақтық қаржыорталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттікте әкімшілік-қаржы департаментінің директоры-аппарат басшысы болып қызмет атқарды.
 2011 жылдың мамыр айынан бастап «Қазпочта» АҚ  19 мамыр 2011 жылғы № 198/л бұйрығымен басқарушы директор – әкімшілік департаментінің директоры болып тағайындалды.
ДК мүшелігі және қос қызметті атқаруы: жоқ
Компания акцияларын иеленуі: иеленбейді
Компания өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.
 
 
Андрей Викторович Вагнер
Басқарушы директор
Компанияда атқаратын міндеттері: сыртқы байланыстар департаменті қызметінің блогына жетекшілік және бақылау жасауды жүзеге асырады.      
14 тамыз 1979 жылы туылған.
 Қазақстан Республикасының азаматы.
2000 жылы «Халықаралық экономикалық қатынастар, шет тілдер білімі бар халықаралық экономикалық қатынастар экономисті» мамандығымен М. Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. 2002 жылы Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» бойынша тамамдады.
Еңбек жолы:
Еңбек өтілін ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Ішкі әкімшілік департаменті Сыртқы істер және хаттама басқармасының Екі жақты ынтымақтастық бөлімінің жетекші маманы ретінде бастады.   
2001 жылы «Қазпочта» ЖАҚ Астана филиалы «Астана почтамты» Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету және бақылау департаментінің өкілі болып жұмыс атқарды.   
2006 жылдан бері «Қазпочта» АҚ орталық аппаратында қызмет етеді. «Қазпочта» АҚ 07.08.2006 жылғы № 390/л  бұйрығы негізінде «Қазпочта» АҚ басқарушы директоры болып тағайындалды.
ДК мүшелігі және қос қызметті атқаруы: жоқ
Компания акцияларын иеленуі: иеленбейді
Компания өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.
Камалеев Рустем Гумарович
Басқарушы директор - директор
Компанияда:
- IT стратегияны әзірлеу және іске асыру;
- ақпараттық блокты дамыту бойынша келешекке арналған және ағымдағы жоспарларды, инфрақұрылымды жоспарлау мен жобалау;
- ақпараттық жүйелерді жұмыс күйінде ұстау мәселелеріне жауап береді.
 1979 жылы 5 қаңтарда дүниеге келді.
 Қазақстан Республикасының азаматы.
 2002 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірді.
Жұмыс тәжірибесі:
       Еңбек қызметін 2003 жылы Ұлттық банктің Салықтар есебі басқармасында бас маман лауазымынан бастады.
      2003-2010 жылдары «Халық банкі» акционерлік қоғамында бас маман, қосалқы жүйелерді сүйемелдеу басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.
      2010 жылы «Халык-Lifе» АҚ ақпараттық технологиялар департаментінің директоры болып тағайындалды.
      2011 жылғы қыркүйек айынан бастап 2013 жылғы сәуір айы аралығында «Қазпочта» АҚ «Ақпараттық жүйелерді пайдалану дирекциясы» филиалын басқарды.
      2013 жылғы сәуір айында «Қазпочта» АҚ 18 сәуірдегі № 111/л бұйрығымен Басқарушы директор – ақпараттық технологиялар департаментінің директоры болып тағайындалды.
Директорлар кеңесіне мүшелігі және жұмысты қоса атқаруы: жоқ.
Компания акцияларына иелік етуі:: иелік етпейді.
Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.
Аханов Санат Жолдыханұлы
Басқарушы директор
Компанияда:
- пошта және қаржы қызметтерін корпоративтік және бөлшек саудада сатуды дамыту блогына басшылық ету;
- Компанияның стратегиясы мен сауда-саттық жоспарларын іске асыру мәселелеріне жауап береді.
 1973 жылы 18 ақпанда дүниеге келді.
Қазақстан Республикасының азаматы.
1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2005 жылы Қазақстан-Америка университетін бітірді.
Жұмыс тәжірибесі:
      Еңбек қызметін 1995 жылы «Игiлiк-Банк» КАБ халықаралық есептесулер және корреспонденттік қатынастар бөлімі менеджері болып бастап, бөлім бастығы лауазымына көтерілді.
      1997 жылы «Касуб Банк» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
      1998 жылы «Астана Банк» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып ауысты.
      1999 жылғы ақпан айынан бастап 2013 жылғы сәуір аралығында «АТФБ» АҚ Шығыс Қазақстан облысындағы филиалы, «Қазпочта» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы, «Атыраубалық» АҚ, ҚР Қаржы министрлігінің Атырау облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар комитетінің басқармасы, ҚР Қаржы министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар комитетінің басқармасы, «Крафт Билдинг» ЖШС, «Қазақстан қор биржасы» АҚ сияқты компанияларда басшылық қызметтер атқарды.
       2012 жылғы желтоқсан айында «Қазпочта» АҚ қаржы қызметтерін сату департаментінің директоры лауазымына қабылданды.
       2013 жылғы сәуір айында «Қазпочта» АҚ 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 97/л бұйрығымен Басқарушы директор болып тағайындалды.
Директорлар кеңесіне мүшелігі және жұмысты қоса атқаруы: жоқ.
Компания акцияларына иелік етуі:иелік етпейді.
Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.
Баймагамбетова Багила Бирмагамбетовна
Басқарма Төрағасының кеңесшісі 1951 жылғы 10 ақпанда дүниеге келген.
Қазақстан Республикасының азаматшасы.
1972 жылы Қостанай Мемлекеттік педагогикалық институтын бітірді. 1982 жылы Алматыдағы жоғарғы партия мектебін «партиялық-саяси білім» мамандығы бойынша бітірді. Тарих ғылымдарының кандидаты.  
2 монографиясы жарық көрген. «Құрмет» орденімен (2007 ж.) марапатталған, «Қазақстанға еңбек сіңірген қызметкері» атағына, 10 мерейтойлық медальдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің 2 алғыс хатына ие. 
Еңбек жолы:
1972-1975 жж. - Жетіқара қаласындағы  №7 орта мектепте  француз тілінің мұғалімі.
1975-1983 жж. – Қостанай облысы атқару комитетінің облыстық партия комитетінің, аудандық партия комитетінің хатшысы, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары.
1992-1995 жж. – Қостанай облыстық әкімшілігінің басшысы.
1995-1998 жж. – Қостанай қаласының облыстық білім беруді басқару департаментінің бастығы.
1988-2002 жж. – Қостанай облыстық әкім аппаратының басшысы.
2002-2004 жж. – Қостанай облысы әкімінің орынбасары.
2004-2011 жж. - Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты.
 ДК мүшелігі және қос қызметті атқаруы: жоқ.  
Компания акцияларын иеленуі: иеленбейді
Компания өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.
 
 
Айдар Әбілмәжіұлы Жұмабаев
Басқарма Төрағасының кеңесшісі
22 маусым 1964 жылы туылған.
Қазақстан Республикасының азаматы.
1986 жылы  А.М. Горький атындағы Әдеби институтын бітірген.
Еңбек жолы:
1997-2001 жылдыры г. - «НТК» телекомпаниясының директоры; 2001-2003 жылдары – Теледидар және Радиохабар ассоциациясының президенті; 2003-2008 жылдары  - «МИР» телекомпаниясының директоры; 2008-2011 жылдары - «Арт Продакшн» студиясының директоры.
 2011 жылдың маусым айынан бастап «Қазпочта» АҚ 17 маусым 2011 жылғы № 244/л бұйрығымен Басқарма Төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды.
ДК мүшелігі және қос қызметті атқаруы: жоқ.  
Компания акцияларын иеленуі: иеленбейді
Компания өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.
Адирискалиев Серик Николаевич
«Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі
1961 жылы 3 мамырда дүниеге келген.
Қазақстан Республикасының азаматы.
1983 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын «автомобиль көлігін пайдалану» мамандығы бойынша бітірді.
 2003 жылы Орталық-Азиялық университетті құқықтану мамандығы бойынша бітірді.
Жұмыс тәжірибесі:
1983-1988 жж. – № 1 Алматы автобус паркінде автоколонна бастығы;
1988-1992 жж. – Қазақстан ЛКЖО Мәскеу аудандық комитетінің бірінші хатшысы;
1992-1993 жж. – «Аудан» бизнес орталығының атқарушы директоры;
1993-1996 жж. – «Шығыс» сыртқы экономикалық жекеменшік компаниясының вице-президенті;
1996-2000 жж. – Алматы қ. Көлік бақылау комитетінде бастықтың орынбасары, басқарма бастығы;
2000-2001 жж. – Алматы облысы бойынша Көлік бақылау комитетінде Басқарма бастығының орынбасары;
2001-2003 жж. – Алматы қ. Көлік және коммуникациялар департаменті директорының орынбасары;
2003-2005 жж. – «Қазақтелеком» АҚ филиалы - «Алматытелеком» қалалық телекоммуникация орталығының  коммерциялық директоры – бас директордың орынбасары;
2005-2011 жж. – «Базис-Телеком» ЖШС коммерциялық директоры;
03.2011ж. – 12.2011 ж. – «Зерде» холдингі Басқарма төрағасының кеңесшісі;
2011-2013 жж. – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК бас директоры;
18.02.2013 ж. бастап қазірге дейін – «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі.
Қос қызметті атқаруы және ДК-ға мүшелігі: жоқ.
Компания акцияларына иелік етуі: иеленбейді.
Жеткізушілер мен бәсекелестердің акциялары: жоқ.   
Компанияның ұйымдық құрылымы

"Қазпочта"АҚ-ның еншілес кәсіпорындары

«Электронпост.KZ БК» ЖШС – Қазақстан Республкасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № 210 қаулысына сәйкес бекітілген 2006-2008 жылдарға арналған даму Жоспарына орай «Казпочта» АҚ-ы ашқан компания. Бірлескен кәсіпорын «AS Eesti Elektronpost» (Эстония) және «Astermann LLP» (Ұлыбритания) компанияларымен бірге құрылған. Компанияның жарғылық капиталындағы Қоғамның үлес мөлшері 33,3% құрайды.
«Электронпост.KZ БК» ЖШС-нің қызмет аясы:- дигиталдық (сандық) басып шығару қызметтерін көрсетеді;- ақпарат қорларын басқару, электрондық және тікелей маркетинг қызметтері;-түрлі материалдарды, хабарлама -шоттарын, ескертпелерді, жарнама өнімдерін басып шығару;- буып-тию (конвертке салу) қызметтері;- жарнамалық-баспа және полиграфия қызметтері және т.б.2009 жылы «Электронпост.kz БК» ЖШС Астана қаласында филиалын ашты. Филиал сондай-ақ ақпараттық логистика қызметтерін көрсетумен айналысады.Кәсіпорын өз жұмысы барысында бүгінгі таңда Орта Азияда жалғыз-ақ болып табылатын ең заманауи технологияларды пайдаланады.
ЖШҚ «Kazpost GmbH» БК2008 жылдың 1 ақпанында Гамбургте (Герман Федеративтік Республикасы) «Kazpost GmbH» бірлескен қазақстан-герман кәсіпорыны тіркелді, оның құрылтайшылары болып тепе-теңдік негізде "Қазпочта" АҚ (Қазақстан) және "HPO Service GmbH" (Германия) компаниялары болып табылады.«Қазпост» ЖШҚ (Kazpost GmbH) қызмет аясы:Бірлескен кәсіпорын өзінің негізгі қызмет түрі ретінде шетелдегі пошталық айырбас орыны функцияларын атқарады және Қазақстан Республикасы территориясында қашықтық сатылымдар қызметін көрсетеді.БК-ның негізгі функциялары - логистика, Қазақстан Республикасы территориясында ірі сәлемдемелік сауда компанияларының атынан каталогтар арқылы сауда ұйымдастыру және әдеткі пошта қызметтерін атқару болып табылады.Қазір уақытта БК заңды тұлға ретінде тіркелген және ГФР заңламаларына сәйкес пошта қызметтерін көрсетуге лицензия алған.«Kazpost GmbH» БК-ның атқарушы директоры Пак Алексей Александрович.Қоғамның орналасқан жері – Гамбург қ.
Компанияның қызмет аясы
Пошта-жинақ жүйесі туралыҚазпочта ТМД аумағында бірінші болып пошта-жинақ жүйесін құрастырып енгізген бірден-бір пошта әкімшілігі болып табылады. «Қазпочта» АҚ-ның сапалы пошта-жинақ жүйесін құрастырудағы жұмысының нәтижелері Байланыс саласындағы аймақтық достастықпен сәтті деп танылды. Ал Қазақстандағы жаңа пошта жүйесінің үлгісі Достастық елдері пошта әкімшіліктері үшін болашағы мол даму жолы ретінде атап өтілді.Бүгінгі күні қазақстандық пошта 21 000-ға жуық қызметкер, республика бойынша 3200 байланыс бөлімшелері, 14 облыстық және 4 республикалық мәндегі филиалдан тұрады.Қазіргі кезде қазақстандық поштаны көп функционалды қаржылық супермаркетке айналдыру үрдісі жедел іске асырылуда. Мұнда жақын арада пошталық, қаржылық және басқа да қызметтер көрсетіледі. Қазақстан сияқты үлкен мемлекетте ақпараттық қоғамның дамуы жағдайында әмбебап логистикалық операторының қызметінсіз мүмкін емес.Пошта саласында жүріп жатқан өзгерістер, тұтастай алғанда компанияның алға жылжуына негіз қалады. «Standard & Poor's» халықаралық рейтингтік агенттігі 2005 жылы «Қазпочта» АҚ-ға ұзақ мерзімді несиелік ВВ+ «Тұрақты» рейтингісін берді. Бұл компанияның тұрақты дамып келе жатқан кәсіпорын екенін дәлелдейді.«Қазпочта» АҚ 2006 жылдың қаңтарынан «Самұрық» мемлекеттік холдингісіне кіреді. Бұл даму институтын құрғанда алға қойған басты мақсаттар корпоративтік басқару, мемлекеттің қызығушылығын қорғау мен макроэкономикалық тұрақтылықты одан әрі қолдау болды. Бір жыл ішінде алға қойған міндеттер мен мақсаттарды орындауда бірлесіп жасалған жұмыстар жемісті болды. Осы уақыт ішінде осындай мемлекеттің шешімін дұрыс қабылдау мен түсіну де келді.Директорлар кеңесінде жай ғана поштаның даму тұжырымдамасын емес, сонымен қатар ұлттық пошта операторының инфрақұрылымын жаңартатын бағдарламаны қамтитын 2007-2009 жылдарға дамудың стратегиялық бағыттары бекітілді. Мұндай жаңартудың негізгі міндеттері пошта байланысы бөлімшелерінің жеке желісін оларды жан-жақты қамтып, техникалық нығайту мен ақпараттық коммуникациялық және банктік жабдықтармен қамту арқылы жетілдіру болып табылады.Бұл шаралар көптеген стратегиялық маңызды міндеттерді орындауды ұйғарады. Бірінші кезекте қаржыландыру көздерін аймақтық желіні қалалық, аудандық, ауылдық деңгейде дамытуға толық мобилизациялау қажет. Бұл жан-жақты әрі ақпараттық-техникалық жабдықтау деңгейінде стандартты пошта-жинақтау қызметтерінің тізімін сапалы негізде көрсетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, бұл қайта жабдықталған пошта байланысы бөлімшелерінде «электронды үкімет» жүйесіне қосылу, несиелеу, тұрғын үй салу жинақтарын жасау үшін теле- және ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді дамыту есебінен көрсетілетін қызметтер аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Компанияның даму жоспарын іске асыру пошта-жинақтау қызметтерін көрсету деңгейін көтеруге, пошта жөнелтімдерін тасымалдау жиілігін арттыру, сонымен қатар тұтастай алғанда аймақтық желі мен тораптық бағдарларды оңтайландыратын тораптық бағыттар бойынша пошталық жөнелтімдерді жеткізу мерзімін қысқартуға септігін тигізеді.«Қазпочта» АҚ қызметінің тағы бір оңды нәтижесі клиенттер мен әріптестер жағынан компания қызметтеріне деген жоғары қызуғышылық болып табылады. Пошта – Қазақстан халқының бәріне дерлік қол жетімді бірегей күшті желілік құрылым. Қазпочта ең пәрменді филиалдық желіге ие. Республикада мұндай желіге іспеттес желі жоқ. Қазпочтаның барлық облыстық филиалдарында «K-mobile» мен «K-cell» ұялы байланыс қызметтері үшін төлемдерді қабылдаудан жаңа жобаларды іске асыру бойынша бағдарламалық өнімдер сәтті қолданылып келеді.2006 жылдың мамырында Қазпочта құнды қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті іске асыруға лицензияны алды. Бұл компанияның трансфер-агенттік қызметтерді көрсетудегі жұмысын кеңейтуге мүмкіндік берді. Қазіргі кезде «Қазпочта» АҚ өзінің қызметін құнды қағаздар рыногында белсенді түрде дамытуда. Мұнда негізгі екі бағытты атап өтуге болады.Біріншісі пошта секторында «Казпост-секьюритиз» деп аталатын бірегей жобаны қамтиды. Ол бүгінде Қазпочтада енгізілуде. Мұнда Алматы қаласы Аймақтық қаржы орталығы алаңында құнды қағаздармен түрлі операцияларды жүргізу ұйғарылады.Екінші бағыт «Қазпочта» АҚ құнды қағаздар рыногында трансфер-агенттік желіні дамытуды айқындайды. Осыған байланысты «Самұрық» мемлекеттік холдингінің «Қазақтелеком» АҚ-ның 4,6% жай акциялары мемлекеттік пакетін «Қазпочта» АҚ трансфер-агенттік пункттері арқылы сату тәжірибесі сәтті болды. Қазпочтаның трансфер-агенттік пункттері инвесторлар мен сатушылар арасында байланыстырушы түйін қызметін атқарады. Трансфер агенттік желі арқылы акцияларды сатып алу өтініштері бүкіл Қазақстан бойынша қабылданды. Аймақтардағы инвесторлар акцияларды сатып алу келісімін өздері тұрған жерден-ақ жүзеге асырды. Бұл жобаны іске асыру трансфер агенттік желіні қолданудың инвесторлар үшін де, Қазпочта үшін де тиімді екенін көрсетті. Бұған дейін трансфер агенттік қызмет қор рыногында табысты қызмет түрлеріне жатпайды деп есептелген.Бірінші тәжірибе сәтті өткендіктен бұл бағыт одан әрі де белсенді дами береді. Жақын болашақта халыққа «Қазпочта» АҚ-ның барлық ірі қалалық және аудандық пошта байланысы тораптарында орналасқан трансфер агенттік пункттері арқылы акциялар сату жоспарлануда.Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы аумағында ішкі және халықаралық жөнелтімдерді бақылау автоматтандырылған жүйесін енгізу арқылы қазақстандық пошта халықаралық EMS қызметі сапасын сәтті дамытуда. Бұл сертификаттау деңгейінде өз үлесін тигізді. 2006 жыл қорытындылары бойынша «EMS-Kazpost» қола деңгейіне қол жеткзді.Қазіргі кезде «IPS-Light» халықаралық бақылау жүйесі барлық облыс орталықтарында орналастырылған. 2006 жылы EDI форматында жөнелтімдер бойынша мәліметтерді жөнелту арқылы бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырыла басталды. Бұл жұмыс «International Post Corporation» компаниясымен бірлесіп атқарылуда.EMS «Таңертеңгі 10» 10 бағыт бойынша және 4 бағыт бойынша «12-ге дейін жеткізу» қызмет түрлерін көрсету аясы кеңейтілді.2006 жылдың қазанында Алматыда қазақстандық-эстондық бірлескен кәсіпорын «Электронпост.kz» ашылды. Ол ақпараттық логистика қызметін, соның ішінде пошталық жөнелтімдерді басып шығару мен конверттеуді қамтиды.«Siemens» компаниясының көліктік-сұрыптаушы логистикасымен танысу мақсатында Будапешт қаласы (Венгрия) мен Констанце қаласында (Германия) келіссөздер өтті. Компанияның тәжірибесі біздің республикада Алматы және Астана қалаларында сұрыптау орталықтарын салу кезінде қолданылмақ.Компанияда қолданыстағы өндірістік қорларға ерекше назар аударылады. 2006 жылы пошта-жинақтау инфрақұрылымын дамытуға 2,5 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл өндірістік объектілердің жан-жақты қамтылуына, жеке желінің компьютерлендірілуіне, пошта жабдықтары мен көлік паркінің жаңаруына септігін тигізді.2006 жылы ұзақ мерзімді салалық бағдарлама аясында жұмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Біріншіден пошта байланыс бөлімшелерін күрделі жөндеуден өткізу жобасы. Бюджеттік инвестициялар есебінен 2007 жылы 111 жаңа ауылдық пошта байланысы бөлімшелері салынып, бүкіл республика бойынша қалалық пошта байланысы бөлімшелері күрделі жөндеуден өтті. Барлық пошта байланысы бөлімшелерінің ішкі жабдықталуы да қазіргі заманғы критерийлерге сай келеді – жиһаз, электронды құрал-жабдықтар, компьютерлік техника, пошталық-кассалық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы көрсетілетін қызмет түрлері аясы кеңейтіліп, мыңнан астам жұмыс орны жасалынды.Тағы бір маңызды жоба – Қазпочта жүйесі арқылы электронды сауда мүмкіндіктерін дамыту. Бұл мәні зор тапсырманы «Самұрық» мемлекеттік холдингі коллегиясының мәжілісінде «Қазпочта» АҚ басшылығына ҚР Премьер министрі К. Мәсімов жүктеген еді.Жобаны орындау шеңберінде «Қазпочта» АҚ 2007 жылдың тамызында электронды сауда алаңын енгізу бойынша жұмыстарын бастады. Оны ұйымдастыру кезінде ұсынылатын тауарлар мен қызметтерді екіге бөлу – заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлермен ұзақ мерзімді негізде «бизнес – бизнес» ұстанымы бойынша көрсетілетін қызметтер мен тауарлар және қысқа мерзімді «жеке тұлға – тұтынушы» ұстанымына негізделген жеке тұлғалармен ұсынылатын тауарлар мен қызметтер. Бұл механизм қорғалған қызметтер мен тауарларды сату жүйесін құруға мүмкіндік бере отырып, «сатушы – сатып алушы» қарым-қатынастары үрдісін жеңілдетеді.Бұл жаңа қызмет түрі мемлекеттік тапсырманы орындау болғандықтан, ол әлеуметтік сипатқа ие. Электронды алаңды енгізу үшін барлық ауылдық байланыс бөлімшелерін интернеттендіру бағдарламасы құрастырылды. Интернет сауда республика халқына қарапайым дүкендерде болмайтын ерекше тауарларды үйге жеткізумен алуға мүмкіндік береді. Бұл қажетті тауарды іздеуге кететін уақытты үнемдейді.Осыған байланысты Қазпочта негізінде электронды сауда алаңын құру ең ұтымды шешім болды. Сонымен қатар Қазақстан аумағында Интернет жүйесіне қосылу 45 қоғамдық пункттері ашылды, байланыс бөлімшелері Интернетке қосылуды қажет ететін бағдарламалық қамтумен қамтамасыз етілді.Қазіргі кезде 89 жедел пошта пункті қызмет көрсетеді, Қазпочта бөлімшелері негізінде «бір терезе» ұстанымы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылуда.«Қазпочта» АҚ басқаруды нығайту, персоналды оқыту, пошта байланысын жаңарту, бәсекеге қабілетті пошта-жинақ жүйесі мен тұтынушыларға көрсетілетін қызметтер сапасын көтеруге бағытталған қазіргі күнгі ақпараттық-технологиялық тізбектерді енгізуге зор назар аударады.Біздің бүгінгі күнгі стратегиямыз – көрсетілетін қызметтер аясын кеңейту мен оларға нақты сапа стандарттарын бекіту. Компания сапа менеджменті жүйесін енгізумен белсенді түрде айналысуда. Бұл еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру қарсаңында өте маңызды болып табылады.2007 жылдың желтоқсанында «Қазпочта» АҚ-ға ХС ИСО 9001:2000 талаптарына сәйкестілік халықаралық сапа сертификаты тапсырылды. Бұл сертификат - компания басқару жүйесінің халықаралық сапа менеджменті стандарттарына сай келетінінің куәлігі. Аталған сертификатқа ие болу компания мен оның қызметкерлеріне ерекше жауапкершлік жүгін артады.Халықаралық сертификатқа ие болып және сапаға деген ұстанымын көпшілікке паш етіп, «Қазпочта» АҚ өзінің күнделікті жұмысымен халықаралық деңгейге сай сапалы қызмет көрсету компанияның барлық басқару деңгейлерінде, өндрістік бөлімшелерінде басымды міндеті екенін, ал тұтынушылардың қанағаттануын көбейту атқарған жұмысының мақсаты мен нәтижесі екенін растайды.
«Қазпочта» АҚ салаға қатысты саясаты
Біздің сапа – жылдамдық, сенімділік,  қолжетімділік, кепілді жеткізу
«Қазпочта» АҚ – еліміз бойынша байланыс бөлімшелерінің тармақталған қызмет көрсету желісіне ие және клиенттердің талаптары мен үміттерін қанағаттандыруға бағытталған пошта-жинақтау жүйесі.  
«Қазпочта» АҚ жұмыскерлерінің қызметі Клиенттердің ризашылығына бөленуге, әлемдік қызмет көрсету нарығында қазақстан поштасының имиджін көтеруге және экономикалық ұстанымды тұрақты дамыту, нығайту саласында пошта-жинақтау, логистика, брокерлік-дилерлік қызметтердің отандық нарығында көшбасшы болуға ұмтылуға бағытталған.
Біз халықаралық стандарт ИСО 9001:2008 талаптарына сәйкестендірілген Сапа менеджменті жүйесі шеңберінде жұмыс істейміз. 
      Біз Клиентті өзімізге тарту және оның Қазпочтаны басқалардан артық көруі үшін:
•         Клиенттің талаптары мен үміттеріне толық сәйкес келуге.
•         Әрбір Клиентті жылы жүзбен күлімсіреп қарсы алуға және Клиенттің бізден өзіне тілектестік жəне сыпайы қарым-қатынасты күтетінін есте сақтауға. Шынайы құрмет пен мүдделілік, төзімділік пен ілтипат танытуға.    
•         Клиентті тыңдай жəне түсіне білуге. Клиенттің тілектерін, ұсыныстарын жəне өтініштерін назардан тыс қалдырмауға.  
•         Əрбір Клиентке Қазақстанның бүкіл аумағындағы қызметтеріміздің қол жетімділігін қамтамасыз етуге.
•         Клиенттің сұраулары мен күткендерін толығымен қанағаттандыру үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын үнемі жақсартып отыруға, әлеуметтік пікіртерім нәтижелерін пайдалану арқылы қызметтер нарығына талдау жасауға.   
•         Қоғамда қабылданған іскерлік этика және корпоративтік мәдениет қағидаттарын ұстануға, еңбек тəртібін сақтауға.
•         Өз ісінің кәсіби шебері болуға
•         Нәтижелігін үнемі арттыра отырып, өз жұмысының мазмұнын айқын түсінуге.
•         Клиентке қызмет көрсеткенде, белгіленген Қағидалар мен Нұсқаулықтарды ұстануға.
•         Істің өте маңызды екенін түсіне отырып, Клиентке жоғарғы жылдамдықпен қызмет көрсетуге.
•         Клиентке барлық қажетті ақпараттарды беруге.
•         Өзіне алған міндеттемелерді сапалы және уақтылы орындауға.
•         Командада жұмыс істеуге
•         Өз ісін жақсы көруге, кəсіби этика нормаларын сақтауға.
•         Ұжымда рухани таза бəсекелестікті тəрбиелеуге.
•         Қолайлы өндірістік ортаны ұйымдастыруға жəне мансаптың өсуіне жағдай жасауға, өзін-өзі көрсете білуге, əлеуметтік жəне еңбек кепілдіктерін беруге, персоналдың уәждемесін көтеру жөнінде іс-шаралар өткізуге.  
•         Мақсатшыл болуға
•         Алдына мақсат қоюға жəне нақты нәтижелерге қол жеткізуге.
•         Оқуға, кəсіби деңгейін көтеруге
•         Қоғамның басты құндылығы жəне қозғаушы күші болып табылатын іскерлік біліктілікті жəне кəсіби деңгейді көтеруге.  
•         Сапаны жақсартуға жəне өндірісті оңтайландыруға мүмкіндік туғызатын IT-технологиялар мен жаңа өнімдерді игеруге.
•         Қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге
•         Клиенттерге қызмет көрсету сапасының белгіленген критерийлерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заманауи технологиялық жабдықтармен жұмыс орындарын жабдықтауға.
•         Корпоративтік ақпараттық жүйені енгізу арқылы технологияны жетілдіруге тиістіміз.
 
                                                                                                 «Қазпочта» АҚ саясаты КБД СТ-1065-2013-ҮБ 1.4, Басқарманың 04.04.2013 жылғы № 13 хаттама шешімімен қабылданды және қолданысқа енгізілді 
«Қазпочта» АҚ саясаты КБД СТ-1065-2013-ҮБ 1.4, Басқарманың 04.04.2013 жылғы  № 13 хаттама шешімімен қабылданды және қолданысқа енгізілді «Қазпочта» АҚ-да Сапа менеджментінің  жүйесі дайындалып, енгізілді және «Қазпочта» АҚ орталық аппараты мен филиалдарында  ISО 9001:2008 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес жұмыс істейді.  
«Русский регистр» сертификаттау қауымдастығы және басқару жүйесін сертификаттау саласындағы  36 жетекші ұйымдарды біріктіретін  «IQNet» компаниясының  сертификатымен сәйкестік расталды. Дайындаған сапаны тарату және қызмет көрсету саласы: «EMS Kazpost», «төлемдерді қабылдау», «сәлемдемелер», «ақша аударымдары».

Инвестициялық қызмет
 
Инвестициалық қызметтің 2020 жылғы мерзімге дейінгі негізгі бағыттары 
1. «EMS Kazpost» курьерлік қызмет филиалын құру
Жобаның мақсаты – көрсетілетін қызметтердің сапасын әлемге аты әйгілі және жаһандық технологиялар қолданған, клиенттерге қолайлы бағалармен қызмет көрсететін шетелдік компаниялар деңгейіне дейін өсіру.   
Жедел жүк - өз уақытында, оның жеткізу мерзімі әрдайым сағаттармен өлшенетін басқа жүктерден айырмашылығы бар жүктің түрі. Жеткiзу уақытының шегінен шығуы айтылған тасымалдау қызметінің құндылығының жоғалуына әкеліп соқтырады.
Клиенттің осы қызметке қызығушылығын тудыру үшін курьерлік қызметтің бизнес үдерістерін жетілдіру бойынша сапалы жұмыстар жүргізу жоспарлануда.
Қоғамның мүмкіншіліктері, оның тармақталған филиалды желілерін ескере отырып, болашақта курьерлік қызметті дамытудың қолайлы жағдайлары бар. Алайда барлық нарық өзгерістеріне және талаптарына жылдамырақ мән беруге, даму жолында бәсекелестерімізден озу стратегияларын жасау қажеттіліктері туындап отыр.
Осыған байланысты, шешiмдерді тез қабылдайтын, терең баға саясаттын өткiзетін және жедел қызметтерді сатып алуды жүргізетін, сонымен бiрге тиiстi деңгейде уәждемен жоғары білікті қызметкерлерді тарта отырып, сапалы қызмет көрсетуді жақсартатын мүмкiндігі бар жеке филиал құру қажеттілікті тудырады.
Шетелдік тәжірбиелер (Италия, Германия, Ресей, Әзербайжан және тағы басқалары) курьерлік қызмет филиалын құру қызмет көрсетудің тиімді дамуын және осы сегментте нарық үлесінің ұлғайуын көрсетеді.
 
2. «Жеделдетілген Postman» жобасы
Пошта және қаржылық кызметтерді үйлеріне және кеңселеріне барып көрсету, тек клиентке бағдарланған сипаттағы жоба. Бұдан басқа әлеуметтік осал тұрғындарға (зейнеткерлер, мүгедектер және тағы басқа) қызмет көрсетуге бағытталған.
Пошташыларды жаңа технологиямен жабдықтау қызмет көрсету сапасын көтеруге және ұсынылатын қызметтердiң ассортиментiн ұлғайтуға мүмкiндiк береді. Жеткiзу мекенжайлары бойынша келесі қызметтер клиенттерге көрсетілуі мүмкiн олар: тiркеу тапсырысымен почта жөнелтiлiмдерiн жеткiзу, зейнетақылар мен жәрдемақылар беру, мерзімді басылымдарға жазылуды қабылдау, аударымдар мен төлемдердi қабылдау, сонымен бiрге агенттiк қызметтер (әуе жол және теміржол билеттерiн броньдау, тауар тапсырыстарын қабылдау және тағы басқалар).
Үйден шықпай пластикалық карточкаларды қолдану (PDA арқылы карточкадан төлемдер қабылдау) ауылдық жерлерде және төмен әлеуметтік статустағы тұрғындар арасында карточка өнімдерін жылжыту мүмкіндігі болады. Жалпы қазiргi заманғы қызметтер (жылжымалы және Банкинг интернет, интерактивті қызмет көрсету және тағы басқалар) жайлы тұрғындар хабардар бола алды.
Жылжымалы коммуникаторларды қолданумен жаңа технологияны енгiзудің негiзгi нәтижесі мынандай болады:
- пошта жөнелтiлiмдерін жеткiзу және ақшалай операциялар сенiмдiлiгi түбегейлi жоғарлайды;
- операция қатарларының автоматтандыру деңгейi көтеріледі (ізбен жүру жүйесінде почта жөнелтiлiмдерiнiң тiркеу уақыты қысқарады, клиенттерге қызмет көрсету уақыты қысқарады) сәйкесiнше Қоғам қызметкерлерiнiң еңбек өнiмдiлiгi көтерiледi.
Активтердің құрылымы
 
Ұйымның атауы:  «Қазпочта» АҚ Жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы болып табылады.
Ұйымның мем. тіркелу №, ұйымның мем. тіркелу датасы: № 32730-1901-АО 09.01.2009 ж.         
Ұйымды тіркеушінің атауы: Астана қаласы Әділет департаменті    
Бірінші басшының аты-жөні: "Қазпочта" АҚ Басқарма Төрағасы Арыстанов Аркен Кеңесбекұлы      
Ұйымның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сарыарқа ауданы, М. Әуезов көшесі, 13
Акциялардың 100% пакетін иеленуші «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы «Қазпочта» АҚ Жалғыз акционері болып табылады, жарияланған акциялар бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алуға акционердің құқығын іске асыру тәртібінде орналастырылған. 
 «Қазпочта» АҚ акциялары толық орналастырылған және төленген.  Жарияланып, бірақ орналастырылмаған акциялары жоқ.
   2013 жылғы 1 маусымдағы Қоғамның бағалы қағаздар қоржынының көлемі  ақшалай  8 136,68 млн. теңгені кұрады (таза нарық бағасы бойынша). Ағымдағы жылдың 4 айындағы ақша қаражатының уакытша-еркін табыстылығының орташа мөлшерлемесі 5,21% деңгейінде белгіленген. Бұл ретте осы қоржынның құрылымы төмендегідей:  
- мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) -  жалпы көлемінің (5 613,90 млн. теңге) 69% (таза нарық бағасы бойынша), орташа купондық сыйақысы - жылдық 6,21%;
- мемлекеттік емес бағалы қағаздар  (МБҚ) -  жалпы көлемінің (2 524,77 млн. теңге) 31% (таза нарық бағасы бойынша), орташа купондық сыйақысы - жылдық 7,06% .
2013 жылғы 1 маусымдағы жағдайы бойынша Қоғам ҚР екінші деңгейдегі банктерінде жалпы сомасы 3 млрд. теңге көлемінде депозиттер  орналастырды. Әсіресе:
-   «Хоум кредит банк» АҚ-да 2 млрд. теңге сомасында, жылдық 8% пайызбен;
-   «Цеснабанк» АҚ-да 1 млрд. теңге сомасында жылдық 7% пайызбен.
 
Активтер құрылымы бойынша  (2013 жылғы 1 сәуірдегі):
2003 жылғы 02 қыркүйекте пошта байланысын жаңғырту бойынша жобаларды қаржыландыру үшін Қоғам мен Ислам даму банкі арасында Қарыз туралы келісімге қол қойылып, ИДБ қарыз беруге тартылды.  
  «Қазпочта» АҚ-ның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясымен қарастырылған инвестициялық жобаларды іске асыру үшін " Қазақстан Позитив Банк " АҚ мен  "Ислам банкі "Al Hilal"  АҚ ұзақ мерзімді қаржыландыруға тартылды.
Қаржы капиталы 01.04.2013 жылғы жағдайы бойынша 10 332,95 млн. теңгені құрады.
Есептілік
Қаржы есептілігі
«Қазпочта»  Акционерлік Қоғамының 2011жылғы қызметі туралы жылдық есеп2012 жылдың «01» сәуір жағдайы бойынша бухгалтерлік баланс2011 жылдың «31» желтоқсан жағдайы бойынша бухгалтерлік баланс2011 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылдың тәуелсіз аудиторлардың есептерімен бірге қаржылық есептілік"Казпочта" АҚ  ынталылық білдіретін мәмілелер туралы есеп2013 жылдың 1 сәуірдегі "Казпочта" акционерлік қоғамының қосылма тұлғалардың тізімі МұрағатЖылдық есептер2010 жылдың жылдық есебі «Қазпочта» АҚ (1 бөлім),  2010 жылдың жылдық есебі «Қазпочта» АҚ (1 бөлім)Мұрағат 
Сыртқы аудитор жайлы ақпарат2013-2015жж. мерзіміне пайда болжамдарыІшкі аудитор туралы ақпаратҮлестес тұлғалардың тізіміСаланың реттеуші ортасына шолу
Саланың реттеуші ортасына шолу
       Қазақстан Республикасының Көлік және байланыс министрлігінің (әрі қарай - КБМ) Байланыс және ақпарат комитеті туралы Ережесіне (ҚР КБМ жауапты хатшысының 2012 жылдың 4 сәуірдегі № 147 бұйрығымен бекітілген) сәйкес ҚР КБМ өкілеттігі шегінде және ҚР заңдылығына сәйкес байланыс және ақпарат саласындағы реттеуші, бақылау және іске асыру функцияларын атқаратын мекеме болып табылады.
      Мемлекеттік реттеу (ҚР «Табиғи монополиялар және ретке келтірілетін нарықтар» заңына сәйкес табиғи монополиялар сапасына жататын пошта байланысының қызметтері) табиғи монополиялар сапасына жататын пошта байланысының жалпыға бірдей қолжетімді қызметтерін қамтиды, оның ішінде кіретіндер:
      -ҚР Үкіметімен бекітілген баға қалыптастыру тәртібіне сәйкес пошта байланыс саласында ретке келтірілген нарықтар субъектілерін бағаларына сараптама жасау;
      - пошта байланыс саласында табиғи монополиялар субъектілерін ретке келтірілетін қызмет көрсету (тауар, жұмыс) түрлеріне бойынша активтер, шығындар мен пайданы бөліп есепке алуды жүргізудің әдістемелерін қарастыру;
      -пошта байланыс саласында табиғи монополиялар субъектілерімен тарифтік сметаларын орындалуын бақылау;
      -табиғи монополиялар субъектілерімен көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) сфералар аясында (пошта байланысы саласында) ретке келтірілдерге жатқызу бойынша табиғи монополиялар аясына талқылау жасау;
      -тарифтерді (бағаларды, жинақ мөлшерлерін) және олардың ең жоғары деңгейлерін бекітуде телекоммуникация және пошта байланыс саласында табиғи монополиялар субъектілерінің өтініштерін қараудағы жария отырыстарды жүргізу;
      -пошта байланыс және телекоммуникация саласындағы ретке келтірілген нарықтардың субъектілерінің баға қалыптастыру мониторингін жүзеге асыру.
      Сондай-ақ, «Қазпочта» АҚ монопольды және басымдық жағдайды иеленетін нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіміне (ҚР бәсекелестікті қорғау Агенттіктің 2009 жылдың 3 желтоқсан № 366 ОД бұйрығымен бекітілген) Қазақстан Республикасының географиялық шекарада «елді мекен жерлерде кассалық операциялар» қызмет көрсету түрі боынша 50% артық жиынтық басымдылық үлесі бойынша, сондай ақ Қазақстан Республикасының географиялық шекарада «тапсырыс хаттарды жіберу бойынша» және «баспалық мерзімдік басылымдарды тарату, жеткізу және тасымалдау» қызметтердің түрлері бойынша 35% артық жиынтық басымдылық үлесі бойынша басымдылық (монопольды) жағдай иеленетін телекоммуникация және байланыс нарығының субъектісі ретінде жатқызылған.
      Монополияға қарсы агенттіктің 23.04.2010 жылы № 199 бұйрығына сәйкес елді мекен түсінігіне аудандық маңызды қалалар, олардың әкімшілік бағынушылық аумағында орналасқан ауылдар мен ауылдық жерлер жатады. Сол себепті, «Қазпочта» АҚ ретке келтірілген нарықтың субъектісі болып табылады және ретке келтірілген нарықта баға қалыптастыру тәртібін сақтау керек.
      Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу бойынша «Қазпочта» АҚ қызметі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі мемлекеттік органдар тарапынан, соның ішінде жеке пруденциалдық нормативтер мен лицензиялар беру арқылы қадағаланады.
      31 желтоқсан 2003 жылғы № 1386 Үкіметінің «Ұлттық пошта операторы туралы» қаулысы негізінде Қоғам ұлттық пошта операторы болып анықталды.
      ҚР «Пошта туралы» заңына сәйкес ұлттық пошта операторына көпшілікке қол жетімді пошта байланысының қызметтерін көрсету міндеттері жүктелді.
      Қол жетімді пошта байланысы қызметтерінің сапасына қойылатын талаптар олардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз етумен бірге  жалпыға қолжетімді пошта байланысы қызметтерін көрсету бойынша міндеттемелерге ауыртпалық артады.
      Республиканың жағрапиялық ерекшеліктері, оның ішінде төмен халық тығыздығы, едәуір жетуі қиын аудандар жазбаша хат-хабарларды жеткізу процестерін қиындатады және оның бағасын ұлғайтады.    
       Осыған байланысты қол жетімді пошта байланысының қызметтерін көрсету залалды, өйткені төмен деңгейдегі тарифтер көрсетілген қызмет шығындар орнын толтырмайды.
      ҚР заңында реттелген қызметтерді көрсетуден келген залалдарды өтеу механизмі қарастырылмаған, сондықтан Қоғам оларды реттелмейтін қызметтерден түскен табыс есебімен қилыстырып қаржыландыру механизімін қолдануға мәжбүр болады.
      Мемлекеттік әсер ету жағдайлары туралы ақпарат, соның ішінде мемлкеттік органдармен келісуді талап еткен сұрақтардың тізімі «Қазпочта» АҚ пошта байланысының жетімді қызметтерін көрсететін ҚР Ұлттық пошта операторы болып табылады. Пошта байланысының жетімді қызметтеріне операциялық терезелерден қабылданған және (не) пошта жәшіктерін жиналған бандерольдерді, пошта карталарын және жай хаттарды жеткізу бойынша қызметтер жатады. Пошта байланысының жетімді қызметтеріне тарифтер ҚР заңдылық актілерімен реттеледі.
ҚР Азаматтық кодексінің 193-1 бабына және ҚР мемлекеттік мүлік туралы Заңына сәйкес ҚР Үкіметі рұқсатымен стретгиялық объектілерін үшінші тұлғалар құқықтарымен иелікке кіргізу және иеліктен шығару жүзеге асырылады.
«Табиғи монополиялар және ретке келтерелген нарықтар туралы» ҚР Заңына сәйкес «Қазпочта» АҚ мемлекеттік органдардың келісуімен ретке келтерелген қызметтерге тарифтер, табыстың бөліп-бөліп есебінің әдістемесі, мүлікті иелену құқығынан айыруға мәмілелерді, акцияларды сатып алу бойынша мәмілелерді, сондай-ақ ретке келтірелген қызметтерді көрсету үшін пайдалынатын мүлікті табиғи монополиялар субъектілерімен жалға алу және коммерциялық ұйымдарда табиғи монополиялар субъектілерінің қатысуының нысандарын бекітеді.
Корпоративтік басқару
«Қазпочта» АҚ корпоративтік басқару жүйесін Жалғыз акционердің мүддесін қорғаудың, барлық мүдделі тұлғалармен теңгермелі біркелкі қарым қатынастар жүйесін құрудың және өз қызметінің тиімділігін арттырудың құралы деп біледі.Қоғамда Корпоративтік басқару Кодексі әрекет етеді, ол өз қызметінің барысында Қоғам компания ішіндегі және нарықтың басқа қатысушыларымен арадағы іскерлік этиканың биік деңгейін қамтамасыз ету үшін пайдаланады.
Кодекстің мақсаты Қоғамның корпоративтік басқаруын жетілдіру және жүйелеу болып табылады, басқарушылықтың айқындығын қамтамасыз ету және Қоғамның әрдайым тиісті корпоративтік басқару стандарттарына сай қызмет етуге дайын екенін растайды.
Органдардың құрылымы және құзыреті
Жоғарғы орган – Жалғыз акционер;Басқару органы –директорлар кеңесі, Қоғамның қызметіне жалпы басшылық және Басқарма қызметін бақылау жасаушы;Атқарушы орган – Қоғамның ағымдағы қызметіне басшылық ететін және Қоғам Басқармасының Төрағасы басқаратын Басқарма;Қоғамның қаржылық –шаруашылық қызметіне бақылау жасайтын, ішкі бақылау саласында, тәуекелділіктерді басқару, Қоғам қызметін жетілдіру мақсатында кеңес беретін орган– Ішкі аудит қызметі.
 Аталған органдардың құзыреті «Қазпочта» АҚ Жарғысымен анықталған. 
 «Қазпочта» АҚ-ның іскерлік этика кодексі - Қазақстан Республикасының этикалық және заңдық нормаларын ұстану негізінде компанияны дамыту және мүдделі тұлғалармен тиімді өзара тиімді әрекет ету үшін дайындалды және Директорлар кеңесінің шешімімен (07 шілде 2009 жыл № 09/09 хаттама) бекітілді.«Қазпочта» АҚ  Іскерлік этика кодексінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында компания төмендегідей тетіктерді пайдаланану ақпараты
Іскерлік этика кодексі «Қазпочта» АҚ директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес (07/07/2009 ж - № 15/09 хаттама) бекітілген.
«Қазпочта» АҚ  Іскерлік этика кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету ақсатында Жалғыз акционер, Директорлар кеңесі және Қоғамның Басқармасымен  қабылданған ықылас, шаралар және әрекеттер шеңберінде «Қазпочта» АҚ Омбудсмен институты құрылды:
ішкі бақылау жүйесі және тәуекел – менеджментінің күшеюі;
Қоғамның органдары және лауазымды тұлғаларының Іскерлік этика кодексін сақтауын қамтамасыз ету;
корпоративтік жанжалдар және мүдделер жанжалдарын болғызбау және тәртіпке келтіру шараларын күшейту;
 Қоғамның беделін жақсарту.
 «Қазпочта» АҚ Кеңесінің шешімімен «Қазпочта» АҚ омбудсмені болып «Қазпочта» АҚ  Корпоративтік хатшысы тағайындалды. Омбудсмен қызметі шеңберіндегі міндеттеріне жатады:
 «Қазпочта» АҚ уәкілетті органдары және лауазымды тұлғалар және қызметкерлерінің  Іскерлік этика кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және оның ережелерін түсіндіру;
 «Қазпочта» АҚ уәкілетті органдары және лауазымды тұлғаларына «Қазпочта» АҚ заңға қайшы әрекеттері туралы ақпаратын шешу жұмыстарына жәрдемдесуі;
 «Қазпочта» АҚ уәкілетті органдары және лауазымды тұлғаларына «Қазпочта» АҚ корпоративтік жанжалдар және мүдделер жанжалдарын болғызбау және тәртіпке келтіруге жәрдемдесу.
 Іскерлік этика кодексін сақтау кезінде Директорлар кеңесімен келесі құжаттар дайындалып бекітілді:
 «Қазпочта» АҚ-да Омбудсмен туралы Ереже (22 қараша 2010 жыл  № 13/10 хаттама);
 «Қазпочта» АҚ корпоративтік жанжалдар және мүдделер жанжалдарын реттеу ережелері (22 қараша 2010 жыл № 13/10 хаттама);
«Қазпочта» АҚ болуы мүмкін немесе белгілі алаяқтық жасау жайлы деректер, қиянат етушіліктер және басқа заңға қайшы әрекеттер туралы ақпараттармен жұмыс істеу саясаты  (22 қараша 2010 жыл № 13/10).
Кодекс қағидаларын түсіндіру және/немесе этика бойынша сұрақтар, Кодекс талаптарының бұзылған деректері, сыбайлас жемқорлық және басқа құқықсыз әрекеттер туралы туындаған сұрақтар жайлы лауазымды тұлғалар және Қоғамның жұмыскерлері, іскерлі серіктестері төмендегілерге жүгінуге құқылы:
Өзінің құрылымдық бөлімшесінің басшыларына немесе жоғары деңгейдегі басшыларға, немесе құқықтық қамтамасыз ету (жұмыскерлерге) бөлімшенің директорына;   
Омбудсменге, ол жоқ кезде электронды поштасының құпия электронды адресіне немесе атына келген келген шағымдарды алуға, сақтауға және өңдеуге міндетті Директорлар кеңесінің аудит бойынша Комитеттің уәкілетті тұлғасына;
 Қоғамның ішкі аудит қызметінің басшысына;
 Қоғамның Басқарма Төрағасына;
 Қоғамның Директорлар кеңесіне;
 Аудит бойынша Комитеттің Төрағасына.
Сайтта Директорлар кеңесімен тікелей байланыс телефоны, Call-center телефоны және Басқарма Төрағасымен, Директорлар кеңесімен, Омбудсменмен кері байланыс орналастырылған. «Қазпочта» АҚ  барлық бөлімшелерінде шағымдар мен өтініштер жіберу тәсілдері туралы ақпараттар бар.
«Қазпочта» АҚ орталық аппаратында және барлық филиалдарында іскерлік этика, клиенттермен мәдениеті қарым қатынас жасау жайлы, жанжалдарды реттеу  бойынша семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылады. 
Орталық аппарат және филиалдар деңгейінде  тоқсан сайын «Қазпочта» АҚ Іскерлік этика кодексі жөнінде білімдерін тексеру тәжірибесі енгізілген.
«Қазпочта» АҚ Іскерлік этика кодексін бұзғаны үшін жұмыскерлер белгіленген тәртіпте  жауапкершілікке тартылады.
Әлеуметтік жауапкершілік
«Қазпочта» АҚ Компанияның негізгі қызметімен және заңмен анықталған минимумды шегінен шығатын Компания мүмкіндіктерімен тікелей сабақтас қоғамды әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларда дамытудағы бизнестің ерікті үлесі сияқты әлеуметтік жауапкершілік рөлін көреді.
Компания іскерлік бедел үшін әлеуметтік көзқарастың үлкен мәнге ие болатындығына сенім білдіреді, осы тенденцияның әлемде кеңінен таралғанын қолдайды және мына құралдардың бірі болып табылады:
- бизнестің іскерлік беделін, Компанияның капитализациясын көтеру,  барлық мүдделі тараптармен – мемлекетпен, акционерлермен, тұтынушылармен, қызметкерлермен, серіктестермен, жергілікті қоғамдастықпен нәтижелі және тұрақты қатынас орнату;
 - бизнес-процесінде туындайтын өндірістік емес тәуекелділіпен нәтижелі басқару;
 -  қоғамды дамыту арқылы (тұтыну мәдениетін, жаңа қызмет көрсетулерге шығу және т.б.) бизнестің ілгері дамуын қамтамасыз ету.
Компания әлеуметтік сипаттағы басты мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, халықаралық және қоғамдық маңызды республикалық акцияларды жүзеге асыруға белсенді ат салысады.
Компания Біріккен Ұлттар Ұйымы бастаған Глобальді келісім-шартқа (UN Global Compact) қосылды.
Глобальді келісім-шарт барлық деңгейдегі бизнеспен БҰҰ-мен серіктестік үшін танылған құндылықтар негізін көрсетеді. Глобальді келісім-шарт іскер орталарды өз қызметінде адам құқықтарын сақтау, еңбек қатынастарының нормасы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы он негізгі қағидаларды басшылыққа алуға шақырады.
Компания Глобальді келісім-шартта көрсетілген келесі қағидаларды орындауды өзіне алады:
Адам құқықтарын сақтау саласында:
 - халықаралық қауымдастықта жарияланған адам құқықтарын сақтауға қолдау көрсету және құрметтеуге;
 - өзінің адам құқықтарын бұзуына қатысы жоқтығын қамтамасыз ету.
Еңбек қатынастары саласында:
 - ұжымдық келісім-шарт жасау құқығы барысында қауымдастықтардың бостандығын қолдауға және мойындауға;
 -  мәжбүрлі еңбектің барлық формаларын жоюға;
 - балалар еңбегін толық жоюға;
 - еңбек және жұмысбастылық саласында кемсітушілікті жоюға.
Қоршаған ортаны қорғау саласында:
 - қоршаған ортаға жағымсыз әсер етулерді ескертуге себеші болу;
 - қоршаған ортаның жағдайы үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды қабылдау;
 - экологиялық таза технологияларды жасап шығару және дамытуға себепші болу.
Нормативті-құқықтық база
ҚР «Пошта туралы» ЗаңыҚР «Акционерлік қоғамы туралы» ЗаңыҚР «Валюталық бақылау туралы» ЗаңыҚР «Табиғи монополиялар туралы» ЗаңыҚазақстан Республикасы Ақпараттарндыру және байналыс жөніндегі Агенттігі Төрағасының 2004 ж. 04 наурыздан жалпылама қол жетімді пошталық қызметтердің сапалық Параметрлерін бекіту туралы № 48-п бұйрығыПошталық байланыс қызметтерін көрсету ережелеріҚазақстан Республикасының Ұлттық пошта операторы туралы Ереже«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен және меншіктік немесе сенімді басқару құқығымен тиісті дауыс беруші акциялардың (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайыздары «Самұрық-Қазына» АҚ-на тікелей және жанама түрде жататын ұйымдармен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу туралы ережелеріКірістерді, шығындарды айырып есеп жүргізу және жалпылама қол жетімді пошталық қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің ЕрежесіТарих

Қазақстан почтасының терең тамырлы тарихи дәстүрі бар. Патшалық Ресейдің почта-телеграф байланысының мұрағаттық қорларынан белгілі болғандай, 1860 жылы Верныйде (Алматы қаласы) бірінші почталық байланыс бөлімшесі ашылып, көп ұзамай ол почта-телеграф кеңсесі болып қайта құрылды. Ал 1883 жылы оған 14 почталық байланыс бөлімшесі бағынатын болды. Кейінірек Сырдария облысының Тәшкенттегі почта кеңсесіне бағынатын Перовск (Сырдария өзені бойында) қалалық почта бөлімшесі, Ростов телеграф округінің Нарынқұм теміржол бекетіндегі Нарынқұм (хан ордасы) почта бөлімшесі, Орал губерниялық почта-телеграф кеңсесі, Петропавл уезінің Петропавл почта бөлімшесі, және басқалар ашылды.Сонымен қатар төңкеріске дейінгі ұлан-байтақ қазақстан аумағында барлығы 250 почта-телеграф кәсіпорны болды. Олардың өзінде шенеуліктер мен жандармерияға және жергілікті ақсүйектерге қызмет етті. Шалғай ауылдарда почта сирек кездесетін еді. Жергілікті жерлерде почта ашу үшін тұрғындар үш жыл бойы почтаны өздері тегін тасуға, баспанамен және керек-жарақтармен қамтамасыз етуге, көбіне почта қызметкерлерінің штатын өздері ұстауға міндеттеме алуы тиіс болатынПочта байланысының арзан болуы үшін почта идарасы (атты)-почта бекеттері және болыстық басқарма жанында қосымша пункттер ашты. Ондай пункттерде почта жұмыстарын жүргізу болыстық старшиндар мен писарларға жүктелді. Атты-почта даңғыл жолдарының жалпы ұзындығы 20 мың шақырым шамасында болды.Бірінші дүниежүзілік соғыс Ресей империясының почта шаруашылығына үлкен зиян тигізсе, азамат соғысы және басқыншылық жылдары ол барынша әлсіреді. Елдегі хат-хабарлар тасымалдау жүйесі бүлінді. Жергілікті өзін-өзі басқарудың жойылуы даңғыл жолдар бойымен почта тасу санын азайтты, почта бекеттері іс-жүзінде барлық аттарынан айрылды.Азамат соғысынан кейін Кеңес үкіметі почта байланысын аса зор күйзелістен шығаруға, оны тұрғындар мен халық шаруашылығының қажеттілігі үшін пайдалануға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асырды. Мысалы, салмағы 15 гр-ға дейнгі хаттар тегін жіберілетін, мерзімді басылымдарға жазылу почта бөлімшелері арқылы жүргізілетін болды, сондай-ақ, почта бөлімшелері жанында басылымдарды тасымалдау және бөлшек сауда арқылы сату ұйымдастырылды, почта тасымалдау көліктері әскери мақсатпен алынбайтын болды,Жиырмасыншы жылдардың басында Орынбор қаласындағы Қырғыз әскери комиссариаты жанындағы почта-телеграф басқармасы Қырғыз почта-телеграф округы болып қайта құрылды, ал 1925 жылдың аяғында ол ҚСРО Почта және телеграф Халық комиссариаты жанындағы Қазақ облыстық байланыс басқармасы деп аталатын болды. Сол жылы почтаның даму тарихында тұңғыш рет ауылдық хат тасушы лауазымы құрылды, Алыстағы ауылдарға почта қызметін көрсету үшін тұйықталған атты почта жүйесі енгізілді. Қалаларда атты почта автомобильдермен ауыстырылды, идаралық кемелер мен теміржол көліктері пайдаланыла бастады. 1929 жылы біздің республикадағы бірінші почталық әуе желісі Алматыны Тәшкенттпен байланыстырды. 1930 жылдың басында Қазақстандағы почта-телеграф кәсіпорындарының саны 1250-ге, ал почталық даңғыл жол ұзындығы 42 мың км-ге жетті.1932 жылы Почта-телеграф Халық Комиссариаты Қазақ КСР Халық Комиссариаты Кеңесі жанындағы Байланыс Халық Комиссариаты деп қайта аталатын болды. 1940 жылы Қазақстандағы байланыс кәсіпорындарының саны 1987-ге жетті және 20 мың км почта даңғылы механикаландырылды.Ұлы Отан соғысы почта алдына барлық жағдайда армияда, тылда, фронт пен тыл арасында сенімді және тұрақты байланыс орнату туралы қиын да, жауапты да мәселе қойды. Көптеген білікті байланысшылардың армия қатарына алынуына байланысты соғыстың бастапқы жылдары почта үшін аса ауыр болды.1946 жылдың наурыз айында Қазақ КСР ХКК жанындағы КСРО Байланыс Халық Комиссариатының уәкілеттігі Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы КСРО Байланыс министрлігінің Уәкілеттігі деп қайта аталды. 1950 жылы республикада 2438 почта кәсіпорны (олардың 2083-і аулдық жерлерде) болды1954 жылы 25 желтоқсанда КСРО Байланыс министрлігінің Уәкілетті Басқармасы Қазақ КСР Байланыс министрлігі болып қайта құрылды, Почта және электр байланыстары сол министрліктің бірыңғай «Байланыс» саласын құрды. Алпысыншы жылдардың ортасында Қазақстанда толық қанды қызмет көрсететін 4000 байланыс бөлімшесі жұмыс істеді. Бұл кезеңде почта саласы тиімділікпен жұмыс істеді, бірақ, барлық табыс электр байланысын дамытуға жұмсалды. Зейнетақы жеткізуден және телеграф-телефон қызметін көрсетуден алынатын табыстар Жалпы кірістің негізгі бөлігін құрады. Қазақстан тәуелсіздік алып, егеменді ел болғаннан кейін саладағы жағдай күрт өзгерді. Қазақстандағы почта саласы (халық шаруашылығының барлық саласы сияқты), ел экономикасының түбегейлі өзгеру кезеңіндегі баға еркіндігіне және бұрынғы Кеңестер Одағының қалыптасқан почта байланысы жүйесінің бұзылуына байланысты орын алған белгілі қиындықтар мен проблемаларға кезікті. Мұның өзі почта жөнелтімдері санының және бүкіл республика бойынша байланыс бөлімшелер санының азаюына әкеліп соқты.
Қызметтер
 «Қазпочта» АҚ пошта байланысының  ұлттық операторы және әлемдік пошталық қауымдастықта Қазақстан Республикасының өкілі  болып табылады.
Қазіргі таңда   «Қазпочта» АҚ пошталық қызметтердің кең көлемді пошталық,  қаржылық, агенттік және тағы басқа қызметтерінің түрлі жиынтығын ұсынады, сонымен қатар, ақпараттық, ақша және тауарлық ағымдар өтетін жүйе болып  табылады.
«Қазпочта» АҚ-ң республикада тармақталған филиалдық желілері тараған,   Қазақстан Республикасының бүкіл  аумағын қамтитын әсіресе, аудандар мен ауылды аймақтарда мүмкіндігі бар.
«Қазпочта» АҚ лицензияларының түрлері:
2004 жылдың 3 ақпанындағы  қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау бойынша ҚР  Агенттігінің № 040 120 0704 номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шотын жүргізу құқығы бар құнды қағаздар нарығында делдал- дилер қызметімен айналысу лицензиясы. Мерзімі: шексіз
2006 жылдың 24 ақпанындағы қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау бойынша ҚР  Агенттігінің № 14 Қазақстан Республикасының банкілік заңнамасында қарастырылған операциялар жүргізу лицензиясы. Мерзімі: шексіз
2006 жылдың 12 мамырындағы қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау бойынша ҚР  Агенттігінің № 001 трансфер-агенттік қызметпен айналысу  лицензиясы. Мерзімі: шексіз
Жеке және Заңды тұлғаларғаПошталық қызметтер«Қазпочта» АҚ халықты толық пошталық қызмет көрсету спектрларымен қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында ең ірі коммуникациялық кәсіпорын кешені болып табылады. Кең тармақталған желілері (3300 құрылымдық бөлімшелері) бар және қызмет көрсетуде тәжірбиесі мол «Қазпочта» АҚ кешенді түрде жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерге кез келген жөнелтім мен жазбаша хат-хабарларды  тасымалдау және жеткізу қызметтерін ұсынады.
Жазбаша хат-хабарларды, бандерольдер мен сәлемдемелерді тасымалдау және жеткізуІрігабаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау және жеткізуШабармандық почта қызметтері (EMS-жөнелтімдер)Арнайы байланыс қызметтеріГибридті электрондық пошта (пошталық телеграмма)Директ-мейлЖазбаша хат-хабарларды, бандерольдер мен сәлемдемелер
Қаржылық қызметтер«Қазпочта» АҚ кең көлемді қаржылық, агенттік және тағы басқа қызметтерінің түрін ұсынады, сонымен қатар ақпараттық, ақша және тауар ағымдары өтетін жүйе болып  табылады.
Ақша аударымдарыТөлемдерді қабылдауЖалақы төлеу және басқа ақшалай төлемдерЗейнетақы және әлеуметтік жәрдемақылар төлеуДепозиттерді қабылдауЕсептік-кассалық қызмет көрсетуВалюта айырбастау операцияларыБрокерлік қызмет көрсету
Трансфер-агенттік қызмет көрсету
Төлем карточкалары  
Жеке және заңды тұлғалардың салым операцияларын жүргізудің жалпы талаптары  туралы Ереже Қаржылық қызметтер көрсету туралы толық ақпаратты мына телефон  8 800 080 08 80 арқылы алуға болады.
Агенттік қызметтерХалыққа тұтынушылық несиелер беру бойынша екінші деңгейдегі банктерге көрсетілетін агенттік қызметтер
«Хоум Кредит Банк» АҚ-мен ынтымақтастық
«Қазпочта» АҚ мен «Хоум Кредит Банк» АҚ ынтымақтастығы 2005 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.  
Республиканың аудандық, қалалық және облыс орталықтарының барлық орталық операциялық учаскелеріндегі зейнеткерлерді қосқанда, Банк клиенттеріне тұтынушылық несие беру үдерісінде Банктің мүддесін білдіру.
Банк Клиенттерінен төлемдерді қабылдау.
Несие беру талаптары
«Қазпочта» АҚ зейнетақы алушыларына берілетін несие
Несие берудің ең жоғары сомасы - 300 000 теңге.  
Несие берудің ең ұзақ мерзімі - 3 жыл.    
«Қазпочта» АҚ еңбекақы алушыларына берілетін несие
Несие берудің ең жоғары сомасы - 500 000 теңге
Несие берудің ең ұзақ мерзімі - 3 жыл.
Несиені ресімдеу үшін келесі құжаттар қажет: жеке куәліктің, ЖСН, ЖӘК түпнұсқалары (зейнеткерлерден ЖӘК талап етілмейді).
 «Қазақстан тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ-мен ынтымақтастық
«Қазпочта» АҚ мен  «Қазақстан тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ ынтымақтастығы 2003 жылдан бері тұрғын үй құрылысы жинақтарын қабылдау, жинақталған жинақ ақшаны, тұрғын үй қарыздарын (аралық тұрғын үй қарыздарын) беру, тұрғын үй қарыздарын өтеу шотына төлемдер қабылдау, құжаттарды ресімдеу және жіберу жөнінде агенттік қызметтер көрсету бойынша жүзеге асырылып келеді.  
ҚТҮҚЖБ шартымен «Қазпочта» АҚ құрылымдық бөлімшелері банкке агенттік қызмет көрсететін Қазақстан Республикасы бойынша 28 қала белгіленді. 
Тұрғын үй құрылыс жинағына салымдар қабылдау.
Салымшыларға тұрғын үй қарыздарын беру, оның ішінде аралық, тұрғын үй жағдайларын жақсарту (тұрғын үй сатып алу, оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту, құрылыс, жөндеу және жаңарту мақсатында оны айырбастау арқылы (құрылыс материалдарын, жер телімін сатып алуды, мердігерлік жұмыстарды төлеуді қосқанда). 
Қазақстан Республикасының облыс орталықтары мен басқа да ірі қалаларында ҚТҮҚЖБ өз қызметін «Қазпочта» АҚ бөлімшелері арқылы жүзеге асырады.
Онлайн сервистері
Пошта маркалар интернет-дүкеніПошта жөнелтімдерін қадағалауКарточка шығару туралы өтінішКартада филиалдар желісіПошта индексін іздестіруEMS –жөнелтімдерінің калькуляторыПошта жөнелтімдерінің бағасын есептеуҚОРЫТЫНДЫ МЕН ҰСЫНЫСТАР
«Оңтүстік» ақпарат-логистикалық орталығы» - «Қазпочта» АҚ филиалында іс-тәжірибемді атқара отырып мыналарды айтып кетсем деймін.
«Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті » «Механика – математика факультетінде» теориялық түрде алған білімімді іс-тәжірибеде қолдана отырып, ақпараттық технологиялар бөлімінде әр түрлі жұмыстар істедім және өз білімімді едәуір тереңдеттім деп ойлаймын.
Мен Ақпараттық Технологиялар Бөлімінде әр түрлі бастапқы құжаттармен жұмыс істей отырып, олармен таныстым. Мерзімді есепті құруға көмектестім және де әр түрлі бланкілерді толтырдым.
Кәсіпорын жұмысы Қазақстан Республикасының барлық заңдарына сәйкес реттеліп отырады. Қызметті ұйымдастыруда барлық жағдай қарастырылып, кәсіпорын табысына жағымды әсерін тигізеді. Барлық құжатнама қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Есептер жүргізу автоматтандырылған. Кәсіпорынның материалдық емес активтерінде бекітілген «COLVIR» бағдарламасы іс жүргізуде қолайлы істер атқарады.
«Оңтүстік» ақпарат-логистикалық орталығы» Қазпочта АҚ филиалы қазіргі күнге барлық нормаларға сәйкес жұмыс атқарып жатыр. Яғни бюджетке, статистика басқармаларына салықтарды және есептілікті мерзімінде тапсырып, қазіргі күнге акционерлік қоғам филиалдарына қойылатын талаптарды толығымен орындап жатыр.
Осы жұмыстың қортындысы ретінде талдау материалдарына сүйене отырып төменгідей тұжырым жасауға болады:
«Оңтүстік» ақпарат-логистикалық орталығы» дағдарыс кезеңінде өзін өндірістік бірлік ретінде сақтап қала алды.
Кәсіпорын өзінің өндірістік қарқынын өсіре отырып кірістілгін арттырып отыр.
Кәсіпорын жылдан жылға өнімді жұмыс жасауда.
Кәсіпорынның одан ары дамуының перспективасы бар және нарық заманында өз орынын нықтай алады.
Кәсіпорынға жетіспейтін негізгі және айналымды құралдарды толтыру үшін сырттан қарыздық құралдармен инвестициялық қорларды белсенді түрде тарту керек.
«Оңтүстік» ақпарат-логистикалық орталығы» АТБ – не төменгідей ұсыныстар жасауға болады:
Тауарлық-материалдық құндылықтардың бей-берекет жұмсалмау үшін және сақталуын қамтамасыздандыру мақсатында бар материалдық, ақшалық қозғалыстарды қатаң қадағалап отыру.
Қойма шаруашылығын керекті жабдықтармен қамтамасыздандырып, ТМҚ-ы сақтау технологияларын қатаң ұстану.
Алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану керек.
Ақша құралдарын мақсатты және нәтижелі пайдалану үшін ішкі бақылауды жолға қою керек.
Бұдан басқа, кәсіпорынға жетістіктерге жету үшін басшылықтың алға қойған мақсаттарына қажетті мұқият түрде жоспарлар құрастыру процесін көрсететін бюджеттеу жүйесін енгізу ұсынылады. Сондай-ақ, бюджеттеу кәсіпорынның әртүрлі бюджеттерін жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық және ұйымдастыру технологиялары болып табылады. Ол бизнесті жоспарлауда, сондай-ақ қаржылық, басқаруларда қолданыла алады.

Приложенные файлы

  • docx 15928781
    Размер файла: 428 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий