адис


Шеңбер құру
Мақсаты: Бірігіп жасайтын іс-әрекеттің координациясына дағдылануды дамытуға топқа бейімделуге бағытталған.
Қатысушылар көздерін жұмып, ретсіз, тәртіпсіз жүреді және аранын даусын салады ( бұл бір-бірмен әнгімелесуге кедергі келтіреді). Жүргізуші белгі бергенде ( ысқыру, қол шапалағы және т.б.) бәрі сол қалыпта тұрып қалады. Содан кейін көз ашпай, сөйлемей, тек бір –бірін ұстау, сипау арқылы дөңгелек құруға ұмтылады. Қатысушылар орынға тұрған соң жүргізушінің белгісі бойынша бәрі көзін ашады. Көбіне тура шеңбер құра аламайды. Шыққан фигураны қағазға түсіру қажет. Ол талқылауға керек болады.
Қарым-қатынас дамуына сезімнің ықпалы
Мақсаты: Оқушыларға қарым –қатынас және сезім деген ұғымдар туралы жалпы мағұлмат беру, қарым-қатынастың дамуына сезімдердің ықпалын анықтау. Тренингтің тақырыбы бойынша оқушылардың ой - пікірлерін еркін айтуын, тіл байлығын, шығалмашылық ойлауын дамыту. Оқушының бір – бірімен достық қарым –қатынасқа тәрбиелеу, Тренингке қызығушылығын арттыру. Қолданылатын құралдар: топтардың аты жазылған карточкалар, мәтіндердің үш түрі, таза плакат, түрлі түсті қаламдар, таза парақтар.
Оқушыларды топтарға бөлу. Кабинетке кіріп келе жатқан оқушылардың қолдарына топтарға бөлуге арналған карточкалар беріледі. Сол карточкалар арқылы келісі топтарға бөлінеді:
Сезім
Қарым-қатынас
Сезімнің түрлері
Ассоциациялар
Ұнамды-ұнамсыз
Сурет
Ұйқас
Тақтаға ілініп тұрған адамның үш түрлі көңіл-күйіне оқушылардың назарын аударып, оларға қандай күйде келгенің суретін салу керек. ( смайликтер арқылы )
Дауыс бойынша топтасу
Мақсаты: тренинтегі жұмыстың нәтижесі бойынша топпен кері байналыс орнату.
Шарты: психолог қатысушыларға алдын –ала дайындалған карточкаларды береді. Олардың әрқайсысында оқушылардың аты жазылған. Сол жануарға тән дыбысты оқушылар бір –бірімен сөйлеспей, көздерін жұмып айту керек. Психологтың белгісі бойынша олар дауыс бойынша топатарын табу қажет.
Сиқырлы шеңбер
Ортаға арқаннан үш шеңбер жасалады, Ал қатысушылар орындарында отыра береді. Жүргізуші психолог қатысушыларға көбірек кездесетін заттарды немесе қасиеттерді айтады. Аталған заттар кімге қатысты болса, жылдам ортада тұрған шеңберлердің біреуіне тұра қалады. Мысалы айтылатын сөздер: Кімнің сағаты бар, кімнің сақинасы бар немесе киім түсіне байланысты және т.б.

Приложенные файлы

  • docx 15925392
    Размер файла: 14 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий