зерттеу жұмысы


Кіріспе
Су. Екі ғана әріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр. Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Су адамның психикалық энергиясын бойына сіңіре аладыжәне оны ұзақ уақыт бойында «есіне» сақтап, тіпті басқаларына жеткізе алады. Судың бойында жинақталған таза энергия небір ауруларғаем болады», - деп жазады. Ғалымдардың айтуынша, расында да судың қасиеті өте мол.Су адамның дене температурасын ретке келтіреді, азық, қалдық, оттегіні тасмалдайды, адам зейінін ашады, стресс пен депрессия басады, ұйқыны жөнге келтіреді, көзге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді, иммунитетті күшейтеді. Су – мидың функциялары үшін күш және элетрлік энергия көзі. Сонымен қатар ішіп жүрген суымыз денені жарақаттанудан қорғайтын, жасушалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз ететін, тері жасушаларын ылғандырып, сауықтандыратын қасиеттерге де ие.Су адамзаттың нағыз қазына байлығы, оны ешқандай затпен алмастыруға болмайды. Себебі жер бетінде кездесетін барлық тіршілік иелері үшін аса қажет. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. Адамзат өркениеті дамығанмен, су өз маңызын әлі де болса жоймаған және ол жоя алмайды. Осы әлемдегі су қорларының көп бөлігін дүниежүзілік мұхит құрайды. Дүниежүзілік мұхит сулары планетаның климат жүйесін тұрақтандырады. Мұхиттан буланып кетекен ауа бөлшекетері атмосфералық жауын-шашынның көзі болып табылады. Бірақ осы тірі организмдер үшін өте маңызды су қорлары бүгінгі күнде ластанып келеді, және ол қазіргі заманның жаһандық проблемасына айналды. Адамзат өзінің қазынасын өзі жойып отыр. Қазіргі таңда дүние жүзілік мұхиттың ластану себебінен миллиондаған балықтар қырылып, олардың көптеген тұрлері қызыл кітапқа енгізіліп жатыр. Адам уланып, өсімдіктер жойлып, жануарлар қырылып жатыр. Адамзат тұзетілмес қателіктер жасап келеді. Осының салдары да ауыр болмақ. Ластанған су қорлары күнен күнге күнделікті тұрмыста пайдалануға жарамай барады. табиғи процесстерің (табиғи өрт,вулкан атқылауы) әсерінен де мұхиттар ластанып жатыр. Ластағыш заттар басқада жолмен мұхитта болуы мүмкін. Завод, фабрикалардан, ұшақтардан, автомобильдерден шығатын түтін, кеме, қайықтар боялған бояулардан мұхитқа токсиндер бөлініп шығады. Бұл токсиндер балдырлардың өсуін бауялатады. Дүниежүзілікмұхитты ластаушылардың бірі су көліктері болып келеді, және су көлікттері мұхиттарды ластаудың екі жолы бар. Біріншіден, су көлігін пайдаланғанда бөлінентін қалдықтар. Мұнай өнімдері бар кемелер бір пунктке келіп мұнайды тапсырады мұнайды тапсырып жатқан кезде, оның мұхитқа төгілді. Мұнай тасымалдайтын танкілерді тазалаған кезде лай сулар мұхитқа төгіледі. Екіншіден, апат болған жағдайдағы токсинді жүктер(мұнай,мұнайөнімдері).Осыдан бұл эссенің мақсаты – дүниежүзілік мұхиттың ластану себебін білу,ластану деңгейін зерттеу. Эссе негізгі үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Эсседе дүниежүзілік мұхит ластану себептері мен салдары, дүние жүзіндегі мұхиттардың ластануы денгейі, адам өміріне және мұхит жағдайының өзгерулері туралы айтылады. Барлығымыз білетіндей дүниежүзінде төрт мұхит бар: Тынық мұхиты, Атлант мұхиты, Үнді мұхиты,Солтүстік мұзды мұхиты. Мұхиттың суларың ащы болатына қарамастан, Солтүстік мұзді мұхиты тұнып тұрған тұщы су. Қатып жатқан мұхит та ластануға айналды. Себебі Солтүстік мұзды мұхиттың мұздықтарынан тұздар тыблып жатыр. Химия сабағынан білетініміздей, тұз мұзды ерітеді.
Негізгі бөлім
Табиғатта судан әйгілі не бар? Біз үшін онда тұрған ешбір жұмбақ жоқ сияқты кәдімгі күнед көріп жүрген сатымыз ғой... шынында судың біз білмейтін несі бар дейсің,– деген бұл сеніміміз жай ғана өмір дағдысы болып табылады. Одан артық мұнда ештеңі жоқ. Су – сұйық зат және де барлық жағынан алып қарағанда шынымен-ақ таңғажаып сиппаттары бар дүние. Гидросфера біздің планетамыздың 71%-ын алып жатыр. Тек жалғыз осы фактінің өзімен ған судың планета өмірінде орасан зор, бірсыпыра реттерде шешеушу рөлі бар екені жайында қалтықсыз қорытынды жасауға болады. Дүниежүзілік мұхит жер бетінің ¾ бөлігін құрайды. Осы гидросфераның 98%-ын дүниежүзілік мұхит құрайды. Дүниежүзілік мұхит үзіліссіз жердің су қабықшасы болып табылады. Жер бетінінің 71% құрайды. Орташа тереңдігі 3795 м., су көлемі 1370 млн км3. Дүниежүзілік мұхитта жер бетіндегі бүгінгі күнге дейін табылған тірі организмдер түрлерінің 20% тіршілік етеді. Әлемдік су қорларының жалпы биомассасы шамамен 30млрд.тонна органикалық заттан тұрады.
 Дүниежүзілік мұхиттың ластануы – адамдардың әрекеті нәтижесінде мұхит (теңіз) суларындағы табиғи процестердің бұзылуы. Ластаушы заттардың өте көп мөлшерде жиналуы салдарынан жылдан-жылға мұхиттың өзін-өзі тазарту мүмкіншілігінің төмендеуі – онда тіршілік  ететін организмдердердің құрып кетуіне немесе шектен тыс көбеюіне алып келеді. Дүниежүзілік мұхиттың, әсіресе мұнай өнімдерімен ластануы әлемдік мұхит пен атмосфера арасындағы газ алмасу процесіне кері ықпал етеді, соның салдарынан Жер атмосферасындағы газ қоспаларының концентрациясы үздіксіз артуда; жағалауға жақын және атыраулық аймақтарды қоса есептегендегі теңіздік ортаға заттардың немесе энергияның тікелей не жанама жолмен түсуі теңіз биотасының дамуына кедергі келтіріп, судың сапасын нашарлатады.  Бұл жағдай тірі организмдер мен адамның денсаулығына қауіп төндіреді.
Дүниежүзілік мұхитқа қауіп қатер туып отырма? Өкінішке орай бұл сұраққа еш ойланбастан «я» деп жауп беруге болады. Әлемдік су қорлардың ластануына байланысты туып отырған проблема, адамзаттың алдында тұрған жаһандық проблемалардың бірі болып келеді. Ғалымдардың пайымдауынша мұхит ластаудың 3 түрі болады: физикалық, химиялық және биологиялық. Физикалық ластану дегеніміз – жылулық ластану, Жылу электр станциялары мен Атом электр станцияларын суытуға кеткен қалдық сулар немесе қалдық заттар. Химиялық ластануда мұхит химиялық қоспа және химиялық заттармен ластанады. Биологиялық ластану микрорганизмдердің және тірі организмдердің ластауы. Дүниежүзілік мұхит көбінесе химиялық ластануға ұшырайды.
Ең көп ластағыш заттар:
Мұнай
Мұнай типтес өнімдер
Радиоактивті заттар
Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар
Химиялық тыңайытқыщтар
Дүниежүзілік мұхиттардың мұнаймен ластанып жатыр. Жыл сайын әлемдік су қорларына 16 млн. тонна мұнай түседі,бұл өндірілген мұнайдың 0,23% құрайды. Ал 1 тонна мұнай 12 км су ластайды (Нельсон-Смит, 1977) . Ллойда көрсеткіші бойынша 1973-1990 жылдар аралығында суда 580 танкерледің апаты болған. 1962 -1973 жылдары дүниежүзілік мұхиттарда болған апаттаардың кесірінен әлемдәк су қорларына 2 млн. тонна мұнай түскен болатын. Үлкен емес апаттар салдарынан жылына 0,1 млн. тонна мұнай және мұнай өнімдерін жоғалтамыз. Бұл апаттар көбінесе Парсы шығанағында, Жерорта теңізінде, Мексика шығанағында болады. Бұның себебі осы сулардың жағалауындағы мемлекеттерде мұнай өндіріледі және өңделеді. Танкерлердің апатына себепкер болған техникалық ақаулар (Степановских, 2001). Көптеген мұнай өнідері теңіздерге және мұхиттарға өзен арқылы келеді. Бұндай ластанудың көлемі 2,0 млн. тонна/жыл. Өндірісітен тасталынған қалдықтар мұхитқа жылына 0,5 млн. тонна мұнай түседі. Мұхитқа түскен мұнай жайылып, әр түрлі дәрежедегі қабатты құрайды. Мұнай бөлшектері күн сәулесін өткізбейді, судағы оттегінің жаңартылуына кедергі болады. Мұнай болса судағы барлық физикалық және химиялық процесстерді өзгертеді. Ол жануарлардың қырылуына, өсімдіктердің жойылуына әсер етеді.
Әлемдік су қорларын тек ғана мұнай ластамайды. Оны атомдық , отын- энергетикалық кәсіпорындардың радиоктивті заттардың пайдалану процесттерінде пайда болатын радиоктивті қалдықтар да ластайды. Мысалы, радиоктивті қалдыққтарды Атлант мұхитындығы Ирланд теңізіне тастайтын, Ұлыбритания мемлекетінде орналасқан атомдық жанғыш заттарды қайта өңдеумен айналысатын Селлафилд комбинаты. Қазіргі уақытта Селлафилд комбинатың Цезий(Cs) қалдықтары 37Пкб*-ден асып кетті (Кегshaw and Вахtег, 1993). XXI ғасырда 30-дан аса мемлекетте 436 атом электр станциялары, бірнеше мың атомдық реактрлар жұмыс жасап жатыр.
Мұхитта жүзіп жүрген заттардың 90%-ы пластик. Пластик заттар әлемдік су қорларындағы ең зиян заттардың бірі, себебі оның сынғыш қасиеті төмен болып келеді. Пластик заттар жылына миллион теңіз құстарын, 100000 сүтқоректілер мен теңіз тасбақаларын жояды. ( Leahy, 2004 )
Ауыр металлдар (сынап, қорғасын, кадмий, цинк,мыс, күшән) көп таралған және аса уландырғыш , ластағыш заттардың қатарында. Оларды өнеркәсіпте көп қолданады, сондықтан тазалық шараларға қарамастан, өнеркәсіптің ағынды суларында ауыл металдардың мөлшері өте көп болып келеді. Мұхит жануарларына ең қауіптісі сынап, қорғасын, кадмий. Сынап дүниежүзілік мұхитқа атмосфера арқылы да түседі. Атмосфералық шаң-тозаңның құрамында 121 мың тонна сынап бар. Бұл металлдың өндіру кезіндегі жылдық көлемінің шамамен жартысы 910 мың тонна/ жыл мұхитқа әр түрлі жолмен түседі. Сынаппен ласталынған су қорларының жағалауында тұратын адамдардың көбісі минамата* ауырына шалдығады. 1977 жылдың өзінде 2800 адам минамата ауруына шалдыққан. Бұл аурудың себебі теңіз жануарлары мен балықтардың улануы болды. Қорғасын – әдеттегі шашыранды элемент. Қоршаған ортаның барлық компаненттерінде кездеседі: тауларды, суларды, атмосферада және тірі организдерде. Қорғасын дүниежүзілік мұхитқа адамның әсерінен түсіп жатыр. Ол әлемдік су қорларына өндірістік және тұрмыстық ағындармен, завод, фабрикалардан шығатын түтін, тозағдармен жетеді.
Жоғарыда айтылып кеткендей дүниежүзілік мұхит физикалық ластануға да ұшырайды. Жылуылық ластану әлемдегі сі қоймалырына өндірісте, атом электр станцияларында қолданылған жылытылған калдық сулардың құйылуы. Ысытылған сулардың әсерінен мұхиттағы температура 6-8 градусқа көтеріледі. Ысытылған сулардың ауданы 30 км2 дейін жетеді. Ол оттегі аз ериді, ал оның қолдану қажжеттілігң көбейеді, себебі судағы температура өсіп отырған сайын, органикалық заттарды ыдырататын аэробты бактериялар көбейеді.
Теңіз ,мұхиттың жағалауындағы мемлекеттер әлемдік су қорларына қалдықтырды көмеді. Көп жағдайда олар бұрғылаудан қалған қоқыстар, өндіріс қалдықтары, құрылыс қоқыстары, қатты қалдықтар, химиялық және жарылғыш заттар, радиоктивті қалдықтар болады. Қалдықтарды көму кезіндегі ластағыш заттардың көлемі мұхиттарға түсетін барлық ластағыш заттардың 10%-ын құрайды. Өндірістік қоқыстардың құрамында әркелкі органикалық заттар, и ауыр металлдың қоспалары кездеседі. Тұрмысқтық қалдықтың құрамында 32-40% органикалық заттар, 0,56% азот, 0,44% фосфор, 0,155% цинк; 0, 085% қорғасын, 0,001% сынап, 0,001% кадмийдан тұрады. Қалдықдар суға түскен кезде, бір бөлігі ерітіндіге айналып, судың сапасын өзгертеді, таза су лай суға айналады. Органикалық заттардың суда көп болуы оттегінің азаюына, ал кей жағдайларды оның мүлдем жоғалып кетуіне әкеледі. Тынық мұхитының солтүстігінде Үлкен Тынық мұхиттық қалдықтар дағы орналасқан. Бұл дақ мұхит ағындарымен келген қалдықтра жиынтығынан тұрады. Дақтың нақты ауданы белгіссіз. Шамамен оның ауданы 700 мың км2 пен  15 млн км² аралығы. Тынық мұхитының жалпы аудынының 0,41 % дан  8,1 % -ын дейін алып жатыр. Бұл жерде 100 миллион тоннадан аса қоқыс бар. Чарльз Мураның бағасы бойынша қосқыстың 80%-ы жер бетіндегі қалдықдардан келеді, ал 20%-ы кемелерден түскен қалдық.
Қорытынды
Табиғат байлықтарының ішінде судың орны ерекше. Сусыз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Егер біздің планетамызғ үстіңгі жағынан, ғараштан қарайтын болсақ, онда мұны Жер демей, Су деген жөн болар еді. Өй ткені жер бетіндегі құрлықтың көлемі мұхиттар мен теңіздерден әлдеқайда кем.Жалпы жұрт қабылдаған теория бойынша, біздің планетамыздағы өмір тек жергілікті мәне бар құбылыс болып табылады. Бұл өмір сонау бағзы замандарды, Жер бетінде бұған керекті жағдайлар туған шақта пайда болған. Және де ол мұхитта, яғни су ішінде жаралған. Сол процесстің өзі аса ұзаққа созылып, талай миллиардтаған жылдарға созылған. Организмде болып жататын көптеген процесстердің сусыз атқарылуы мүмкін емес. Организмнен су құрыды дегенше, өмір қиылды дей бер. Тұщы су дегеніміз – өмірдің танғажайып әрі баға жетпес көзі, оның керек емес жері жоқ. Ғылыми – техникалық прогресс мейлінше өрге басып, қалалар мен индустрия орталықтары шапшаң өскен біздің заманымызда су планетамыздың бұрынғыдадн да бағалы қазба кеніне айналды. Барлығымыз білетіндей су өмір бақи сапарда жүрген саяхатшы. Ол үнемі алмасып, сапырылысып жатады. Оның ирелеңдеген барлық жолдарын бағдарлап білу оңайға түспейді. Қазіргі заманда мұхиттың ластану себептері көп. Дүниежүзілік мұхит мұнай және мұнай өнімдерімен, радиоактивті қалдықтармен, өндірістік және тұрмыстық , завод, фабрикалар қолданылған қалдық сулармен ластануда. Тіпті Тынық мұхитында үлкен қоқыс дағы пайда болды. Ал балықтардын гөрі дүниежүзілік мұхттарда пластик көп. Ал адамзат ақша, жер үнемдеу үшін әлемдік су қорларына қоқысты көмумен айналасады. Бәріміз білетіндей, оның салдары ауыр болмақ. Жануарлардың және балықтардың жоғалуы немесе қызыл кітапқа енгізілуі бұл ештеңе емес. Бұлардан да қорқынышты салдарларға әкелмек. Бүкіл әлемнің климатының өзгеруіне, ауаның ластануына, ауа – райының өзгеруіне әкелуіне мүмкін. Махатма Гандидің айтуы бойынша «Табиғаттың да шыдамдылық шегі бар, егер де адамзаттың іс әрекеті шеттен тыс болса, онда табиған кегін ала бастайды». Бұл бекер айтылмаған сөздер. Қазіргі уақытта ауыз су тапшылығы, сел, құрғақшылық, ураган, топан су болып жатыр. Дүние жүзінің көптеген қалаларында тұщы су жетіспейді. Бір сөзбен айтқанда, Жер бетінде су көп, сонымен қатар ол жетіспейді. Осыған орай қазіргі уақытт азамзаттың алдында тұрған маңызды мәселерінің бірі – осы. Жыл сай жүз мыңдаған волонтерлер мұхит тазалауме айналысса да, тазармай жатыр. Себебі адамдар өзінің тазартқан жері өздері қайтып ластап отыр. Осы зерттеушілік эссе жаза отырып мен дүниежүзілік мұхиттың ластану себептерін, және де оның қоршаған ортаға деген әсерін білдім.
Библиография
http://kanat.jsc.vsc.edu/student/brookfield/mainpoints.htmДжонс,Никола, 2003. Морская вода «Наосы» загрязняющих веществ в прибережные водноносные горизонты
http://www.proatom.ru/modules.php?name=News&file=article&sid=4231http://www.ecosystema.ru/07referats/oceans.htmӘлемде талай қазық бар, Алматы, 2006
«Мировой океан», В.Н. Степанов, «Знание», М. 1994 г.
Балалар Энциклопедиясы, 6 том.
Leahy, Stephen,2004. Drowning in an Ocean of Plastic
«Экология окружающей среды и человека», Ю.В.Новиков. 1998 г.
http://oceanservice.noaa.gov/facts/pollution.htmlҚосымша
*Пбк - ПетаБеккерель 1015 Бк
Беккерель (Бк) – радиоактивті заттағы  нуклид немесе изотоп активтілігінің бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) өлшем бірлігі. 1 Бк – 1 с ішінде ыдыраудың бір актісі өтетін нуклид активтілігіне тең
*Минамата - сынаппен улану

Приложенные файлы

  • docx 15924597
    Размер файла: 30 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий