Algoritmy_k_IGA


23704557620
РМҚК «Орта медициналық және фармацевтік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі республикалық колледжі»
Хирургия пәнінің «Емдеу ісі» мамандығына, «Фельдшер» біліктілігіне арналған тәжірибе сұрақтардың тізімі
Құрастырған: Сагандыкова Ж.М.
Алматы 2016 жыл
1. Резус- факторды цоликлон анти-Д көмегімен анықтау.
Мақсаты: Резус-факторды анықтау.
Көрсеткіші: Гемотрансфузия, қан аурулары.
Ресурстар: Цоликлон анти-Д, шыны таяқшалар, планшет, залалсыз резенке қолғаптар, сағат, зерттейтін қан, КБУ.
Әрекет алгоритмы:
1. Анти-Д цоликлонның жарамдылығын, пайдалану мерзімін, түсін тексер.
2. Науқасқа манипуляция барысын түсіндіріп бер.
3.Науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызып немесе отырғыз.
4.Қолды гигиеникалық деңгейде өңде.
5.Залалсыз қолғапты ки.
(Залалсыз резеңке қолғапты кию іс-әрекеті.
Мақсаты: Отаның алдында, манипуляциялар алдында қолғап кию.
Ресурстар: спирт 96% ,залалсыз қолғаппен бикс.
Қолды спиртке малынған дәкемен өңдеу.
Қолғаптар жатқан ораушты аш.
Сол қолмен қолғаптың бүгілген бөлігінен ұста.
Сомкнуть пальцы правой кисти и ввести ее в перчатку.Оң қолдың саусақтарын шөкімдеп, қолғапқа еңгіз.
Қолғапты созып оң қолға кигізу.
Сол қолғаптың бүгілген бөлігіне оң қолдың қорғаулы 2,3 және 4 саусақтарын кіргіз.
Қолғапты сол қолқа тартып кигіз.
Киілген қолғапты дұрыстап, жөндеп ки.)

6.Планшетке Анти-Д цоликлоның тамыз (0,1мл).
7.Зерттейтін қаннан 1 тамшы (0,2мл) алып, цоликлонмен араластыр.
8.Нәтижені, планшетті қолға алып, айландырып, 3 минут күт.
9.Нәтижені бағала.
10.Агглютинация пайда болса, онда резус-фактор оң болып табылады.
11. Резенке қолғапты шешіп, КБСУ –ға сал.
2.Мойын тамырлары зақымданған кезде бірінші медициналық көмек көрсету.
Мақсаты:Уақытша қан тоқтату.
Көрсеткіші: Мойын тамырларынан қан кету.
Ресурстар: қол өңдейтін антисептик, резеңке қолғап,залалсыз тығыз тампон, Эсмарх тартпасы, Крамер жақтауы, қағаз, қалам.
Әрекет алгоритмы:
1. Қолды антисептикпен өңдеп, резеңке қолғапты ки.
2. Жараның төмен жағын саусақпен бас.
3. Тығыз тампонды алып, саусақтың орнына қойып, басып тұр.
4. Эсмарх тартпасын алып, жараға қарама қарсы қолды төбеге қой.
5.Тартпаны тампонның үстінен, қолды айлана байла.
6. Уақытты белгілеп, қағазға жазып, тартпаға қыстыр.
7. Жәбірленушіні стационарға тасымалда.
Ескерту: Қарама қарсы қол зақымдалған болса, қолдың орнына Крамер жақтауын пайдалануға болады.
3.Білек қызыл тамырынан қан кеткен жағдайда, барлық уақытша қан тоқтату тәсілдерінің фантомнан көрсету.
А) Қызыл қан тамырын саусақпен басу.
Науқасты шалқасынан, жастықсыз жатқыз;
Жаралану аумағын бағала;
Тамырды, қан кеткен жақтан жоғары жерде 4 саусақпен 5-10 минут қатты басып ұста;
Қан кеткен жақтан төмен жерде тамыр соғысын тексер;
Бірәз уақыт өткен соң, басқа қан тоқтату тәсілін орында.
Б)Артериальді қан кету кезінде резенке тартпа салу техникасы.
Мақсаты: Қызыл қан тамырынан қан кеткенде, қанды уақытша тоқтату.
Көрсеткіші:Артериальды қан кету.
Ресурстар: Эсмарх резенке тартпасы, залалсыз резенке қолғаптар, үшкіл орамал немесе сүлгі, таңғыш материалдар, қағаз ,қарындаш.
Әрекет алгоритмы:
1.Пациентті тыныштандырып, жатқызыңыз.
2.Пациенттің жағдайын бағалап, жараны қарап, бағала.
3.Науқасқа манипуляция барысын түсіндіріп бер.
4.Қолды тері антисептигімен өңде.
5.Қолға резенке қолғапты ки.
6.Зақымдалған тамырды саусақпен басып, кеткен қанды уақытша тоқтат.
7.Қол немесе аяқты көтеріңкіреп ұста.
8.Қол немесе аяқты, қан кету жерінен жоғары жағынан дәкемен немесе сүлгімен орап қой.
9. Резеңке тартпаның ұшынан қолмен ұстап барынша созып тарт. Жараның шетіне жақындата резеңке тартпаның бірінші айналымын тығыздап байла.
10. Оның бұрулып қалмауы үшін, екінші бос ұзын жағын қолдана отырып, келесі айналымын бір-біріне қатарластырып сал.
11. Резеңке тартпаны бекітіп байла.
12. Резеңке тартпа дұрыс салынғанын тексер(егер дұрыс салынған болса,жарадан қан ағу тоқтап,аяғы бозарып, табанның сыртындағы артерияның соғуы естілмейді).
13. Резеңке тартпаның айналымының біріне бұрауды салған күнін, уақытын және мақсатын көрсетіп жазған қағазды қыстыр.
14.Жәбірленушіні жатқызып тасымалда.
Ескерту:-Тартпаны 1,5 -2 сағатқа байлап, әр 30 минут сайын босату керек.
-Тартпаны босатқанда зақымданған тамырды саусақпен қысу керек.
-Балаларға тартпаны 1 сағатқа ғана байлайды.
-Тартпаны таңғыштың немесе киімнің астына байлауға болмайды!
-Қыста тартпаны 1 сағатқа ғана байлап, сыртынан киім немесе көрпемен орап, қызыл матамен белгілеп қою керек.
-Тартпаның орнына белдікті пайдалануға болады.
В)Бұрама салудың іс әрекеті.
Мақсаты: Қызыл қан тамырынан қан кеткенде, қанды уақытша тоқтату.
Көрсеткіші:Артериальды қан кету.
Ресурстар:Дәке, таяқша, қағаз, резенке қолғаптар, таңғыш материалдар, бинт, КБУ.
Әрекет алгоритмы:
1.Пациентті тыныштандырып, жатқызыңыз.
2.Пациенттің жағдайын бағалап, жараны қарап, бағала.
3.Науқасқа манипуляция барысын түсіндіріп бер.
4.Қолды тері антисептигімен өңде.
5.Қолға резенке қолғапты ки.
6. Қол немесе аяқты көтеріңкіреп ұста.
7.Дәкені жараның жоғары жағынан ора.
8.Дәкенің екі шетін байла.
9.Дәкенің шеттері байланған жерге таяқшаны қойып, жарадан ағып жатқан қан тоқтағанша және пульсация жоғалғанша бұра.
10.Таяқшаның бос жағын бекіт.
11.Жара шеттерін өңдеп, жара бетіне асептикалық таңғыш байла.
12.Бұраманың астына , бұрама салу уақыты жазылған қағазды қыстыр.
13. Науқасты стационарға тасымалдау кезінде қан қысымын, тыныс алуын, есін,таңғышын, жағдайын қадағала.
14.Резенке қолғапты шешіп, КБСУ-ға сал.
Г) Аяқ-қолды барынша бүгу арқылы
Әзірле: валик, бинт, үшкіл орамал.
Валикті бүгілетін буынның ішкі жағына салып қой;
Аяқ-қолды осы қалыпта, үшкіл орамалмен, белдікпен немесе бинтпен бекітіп байлап қой;
Ескерту:
Қол басының артериясы зақымданғанданда – валикті шынтақ буынының ішіне салу керек, ал білек артериясы зақымданғанда – иікқа;
Иіқ артериясы жарақаттанғанда валикті қолтыққа салып, қолды денеге мықтап байлау қажет;
Қолтық артериясы зақымданғанда қолдарды арқа бұрып, шынтақтан бекіту қажет;
Сан артериясы жарақаттанғанда валикті шат қатпарына салып, санды денеге жабыстырып бекіту қажет;
Балтыр артериясы зақымданғанғанда валикті тізе асты шұнқырға салып, тізені бұгіп қою керек.
Д) Тамырға қан тоқтататын қысқыш қыстыру
Әзірле: Бильрот қысқышынын, 2 пинцет, антисептик ерітіндісін, дәкелерді, жара кеңейткіштерді.
Науқасты жатқыз;
Науқастың жалпы жағдайын және жарасын бағала;
Пинцетпен дәкені алып, антисептикке малып, жара шеттерін өңде;
Жара шеттерін кеңейіткішпен кеңейт;
Пинцетпен дәкені алып, жараны құрғат;
Бильрот қысқышын алып, көрініп тұрған тамыр ұшына қыстыр;
Қысқыш сақиналары қөрінетіндей қылып, жараға асептикалық таңғыш байла;
Стационарға пациенті тасымалда.
4.Муляжға -балтырға гипстік лонгетаны салу іс-әрекеті.
Гипстік лонгетаны балтыр сүйектері сынғанда салу іс-әрекеті.
Мақсаты: Аяқ зақымы кезінде емдік иммобилизация.
Көрсеткіші: Сынық, буыннан таю, байламдардың созылуы.
Ресурстар:аяқ муляжы, бинт, қайшы, гипс ұнтағы, вазелин немесе балалар кремы, резенке қолғаптар, жылы су, леген.
Әрекет алгоритмы:
1.Науқасты отырғызып, тыныштандыр.
2.Манипуляция барысын түсіндір.
3.Резенке қолғапты ки.
5.Ауырсыну сезімін жою үшін б/е 2мл – кетотоп немесе кетонал ерітіндісін енгіз.
6.Сынық немесе буыннан таюдың белгілерін анықта.
7.Зақымдалған аяққа физиологиялық қалып бер. Аяқты созып, тізе буынын сәл бүгіліңкіре.
8.Лонгетаның ұзындығын сау аяқта өлше: бармақ ұшынан санның ортасын дейін.
9.Белгілеген ұзындық бойынша, 10-12 қабатты лонгетаны әзірле.
10.Зақымдалған аяққа вазелин немесе балалар кремін абайлап жақ, сүйегі жақын жерге мақта сал.
11.Дайын лонгетаны су қүйылған легеннің түбіне салып, ауа көпіршіктердің әбден шығуын тос, лонгетаны судан алып, ақырын сығып артық суын кетір
12.Лонгетаны үстелге қойып тегісте.
13.Лонгетаны зақымдалған балтырға жабыстырып, үстінен жай бинтпен ора.
14.Гипс қатқан соң, жай бинтті тарқатып лонгетаны тексер.
15.Лонгетаның шеттерін тартып, сәл босат (қан айналымын бұзбау үшін).
16.Лонгетаны бинтпен орап қой.
Ескерту: Гипс сапасын алдын ала тексер. Зақымдалған аяқтың бармағтарының ұштарын ашып қою керек.
5. Қан тобын цоликлон көмегімен анықтау.
Мақсаты: Қан тобын анықтау.
Көрсеткіші: Гемотрансфузия, қан аурулары.
Ресурстар: анти- А және анти- В цоликлон ампулалары, 2 ерітінді ампуласы , зертелетін қан, шыны таяқшалар, тамызғыштар, табақшалар, сағат.
Әрекет алгоритмы:
Анти-А, анти В және анти АВ цоликлондардың жарамдылығын, пайдалану мерзімін, түсін тексер.
Науқасқа манипуляция барысын түсіндіріп бер.
Науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызып немесе отырғыз.
Қолды гигиеникалық деңгейде өңде.
Залалсыз қолғапты ки
Цоликлон және ерітінді ампулаларын спиртпен өңде;
Цоликлон және ерітінді ампулаларын аш;
Ерітіндіні цоликлон ампулаларына қосып, араластыр;
Реагентерді 3 айға дейін сақтауға болады.
Анти- А және анти-В цоликлондардан, табақшаға 1 үлкен тамшыдан тамыз;
Қасына 10 есе кем қан тамшыларынан тамыз;
Қан мен цоликлондарды шыны таяқшалармен араластыр;
2,5 минут реакцияны бақылап, келесі кесте бойынша бағала:
Резенке қолғапты шешіп, КБСУ –ға сал.
Қан реакциясы
АНТИ –А
АНТИ - В - + - +
- - + +
Нәтиже О I А (II) В( III) АВ (IV)
6.Бастың төбе сүйегінің жұмсақ ұлпаларының ашық жарақатында жараны өңдеп, «Чепец» таңғышын салу іс-әрекетін фантомда көрсету.
Мақсаты: Жараның ластануын азайту. Таңғыш материалдарын баста мықтап бекіту.
Көрсеткіші: Бастың маңдай және шүйде аймақтарының ашық жарақаттары.
Ресурстар: 2 пинцет, залалсыз таңғыш материалдар салынған бикс, антисептиктер, залалсыз қолғаптар, 2мл кетотоп ерітіндісі, йодповидон, 70% тері антисептигі, жалпақтығы 10 см бинт, қайшы, КБСУ.
Әрекет алгоритмы:
1. Науқасты өзіңе қаратып отырғызыңыс тыныштандырыңыз.
2. Манипуляция барысын түсіндір.
3. Қолды тері антисептигімен өңдеп, резенке қолғапты ки.
4. Жараны қарап шық.
5. Ауырсыну сезімін басу үшін 2мл кетотоп ерітіндісін бұлшық етке салыңыз.
6.Пинцетпен дәкені алып, йодповидонға малып жара шеттерін 2 мәрте өңде.
7.Жара бетін дәкемен жап.
8.Ұзындығы 80-100см бинт бөлігін дайында.
9.Сол бөлікті науқастың төбесіне қойып, екі шетін көмекшіге немесе науқастың өзіне ұстат.
10.Бинт бөлігінің шеттері құлақтың алдында өту керек.
11.Бинті қолға алып, басты маңдай, самай, шүйде аймағы арқылы айландыра циркулярлық тур жаса – 1тур.
12.Бинтті бауға дейін апарып, айландырып, шүйде аймағын жап.-2тур.
13.Қарамақарсы бауға бинтті апарып, айландырып, маңдай аймағын жап (3 тур).
14.Бастың төбесі жабылғанша 2мен 3ші турларды қайтала.
15.1-2рет циркулярды турды орында.
16.Бауларды иектің астында байлап, таңғышты аяқта.
17.Резенке қолғапты шешіп, КБСУ –ға сал.

7.Төменгі жақтың сынығында, бекітуші «Ноқта» таңғышының байлау әрекетін фантомда көрсету.
Мақсаты: Астынғы жақтың транспорттық бекітуі.
Көрсеткіші: Бетпен астыңғы жақтың зақымдануы.
Ресурстар: Жалпақтығы 10 см бинт, қайшы.
Әрекет алгоритмы:
1.Науқасты отырғызып, тыныштандыр, манипуляция барысын түсіндір.
2.Бинттің басын оң, ал құйрығын сол қолға ал.
3.Басты айландыра, маңдаймен шүйдені жауып, циркулярды тур орында – 1 тур.
4.Бинттің басын шүйдеден иекке апарып, бір самайдан төбеге апарып, екінші самайдан қайтадан иекке қарай ора – 2 тур.
5.Екінші турды 3 рет қайтала.
6.Бинтті сол жақтаң шүйдеге апарып, бекіту турларын орында.
7.Таңғышты маңдайда аяқта.

8.Фантомда тобық буынына бекіту таңғышының (8-тәрізді таңғышын) байлау техникасын көрсету.Бұл таңғышты қандай жағдайда пайдаланады?
Мақсаты: Тобық буынын бекіту.
Көрсеткіші: Тобық буынының байламдарының созылуы және буыннның орнынан таюы.
Ресурстар: Бинт, қайшы.
Әрекет алгоритмы:
1.Тобық буынының жоғарғы жанынан 2-3 фиксациялық тур жаса.
2.Бинтті табанның үстінен жылжыт.
3.Табанды айландыра ора.
4.Бинтті табанның үстімен тобыққа қарай апар.
5.Тобық буынын ора.
6.Тобық буыны толық жабылғанша, жоғарыдағы турларды қайтала.
7.Таңғышты тобықта аяқта.

9.Бүйрек шаншуында науқасқа БМК көрсету.
Мақсаты: Бүйрек шаншуында бірінші медициналық көмек көрсету.
Көрсеткіші:Уролитиаз, бүйрек шаншуы.
Ресурстар:Жылытқыш (грелка), тері антисептигі, шприцтер, залалсыз мақта домалақтары, 70% этил спирті, спазмолитиктер (но-шпа, дротаверин), анальгетиктер (кетонал, трамадол), залалсыз резеңке қолғаптары, КБСУ.
Әрекет алгоритмы:
1.Науқасты тыныштандыр, манипуляция барысын түсіндір.
2.Қолды тері антисептигімен өңдеп, резенке қолғапты ки.
3.Жылытқышты температурасы 500 жылы суға толтырып, науқастын бел тұсына қой.
4.Бұлшық етке но-шпа -2 мл, трамадол -2мл енгіз.
5. .Резенке қолғапты шешіп, КБСУ –ға сал.
Ескерту: Егер 20-30 минуттан кейін науқастың жағдайы оң алмаса, стационарға тасымалда!!!
Иық буыны тайғанда БМК көрсету.
Мақсаты: БМК көрсету. Асқынулардың алдын алу.
Көрсеткіші: Иық буынының орнынан таюы..
Ресурстар: Резеңке қолғап, анальгетиктер - кетотоп 100мг -3мл, трамадол 4мг; Крамер жақтауы, жалпақ бинттер, шприцтер, залалсыз мақта домалақтары, жастықшалар, қол өңдейтін антисептик, 700 спирті, үшкіл орамал, метр, КБСУ.
Әрекет алгоритмы:
Науқасты өзіңе қаратып отырғыз, тыныштандыр.
Резенке қолғапты ки.
Ауру сезімін басу үшін кетотоп 100мг -3мл, трамадол 4мг б/е еңгіз.
Буын таюдың белгілерін анықта.
Зақымдалған қолға физиологиялық қалып бер. Қолды шынтақта бүгіп, қол басын денеге тақап қой.
Саусақтан шынтақ буынына дейінгі қашықтықты өлшеп алып, соған сәйкес жақтауды тіке бұрштап бугіп, майыстыр.
Шынтақ буынынан иық буынына дейінгі қашықтықты өлшеп алып, соған сәйкес жақтауды тіке бұрштап бугіп, майыстыр.
Жақтауды сау қолына өлшеп тиісті тузетулерді енгіз.
Жақтауды киімнің сыртына салу қажет.
Жақтауды зақымдалған қолына сал.Алақан астына валик қой.
Оны бинтпен ораудың ережесін қолдана отырып бекіт.
Резенке қолғапты шешіп КБСУ-ға сал.
Жәбірленушінің зақымдан қолын үшкіл ормалға асып қойып, стационарға тасымалда.
Дезо» таңғышын орау іс-әрекеті.
Мақсаты: Қолды тасымалдау кезінде бекіту.
Көрсеткіші: Иық буын сынығында, шығып кеткенде, бұғана сынығанда.
Ресурстар: Жалпақтығы 20 см бинт, қайшы, түйреуіш.
Әрекет алгоритмы:
Пациеннті бет жағын өзіне қаратып отырғызу керек.
Тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру.
Қолтық астына валик салу (пелот-шиыршықталған мақта, бинт)
Шынтақ буының бүгу керек
Иық сүйегін денесіне бекітіп айналдыра байла (№1 тур)
Бинтті сау жақ қолтығынан астынан бастап, ауру қолының ыйығының үстімен иықтың артқы жақ қырынан тікелей түсіріп. (2 тур)
Бинтті білек буынының үстімен қисайта орап, сау жақ қолтықтың астына апар (3 тур)
Оны жота арқылы ауру иықтың үстімен иықтың алдыңғы жақ қырымен түсіріп шынтақты артқа қарай орап жота рқылы қыйсайта отырып сау жақ қолтықтың жағына апар (4 тур)
Таңғыш жақсы бекітіліп байлану үшін 1-2-3-4 турды қайтала.
Ескерту: Оң қол зақымдаңғанда – оңнан солға қарай, ал сол қол зақымданғанда – солдан оңға қарай бастау керек.

Қолға үшкіл орамалдың байлау іс-әрекеті.
Зақымданған қолға физиологиялық қалып бер. (Шынтақ буынын бүгіп, қолды денеге жақындат).
Орамалдың ұзын жағын екі қолмен ал.
Орамалдың ұзын жағын науқастың кеудесіне салып қой, үшкіл орамалдың ортаңғы бұрышы шынтақтың артында болу керек.
Орамалдың екі бос бұрыштарын пациенттің мойынның артында байла.
Үшкіл орамалдың ортаңғы бұрышын бүгіп, түйреуішпен бекіт

11. Бір сүт безіне байланатын таңғыштың іс-әрекеті.
Мақсаты: Таңғыш материалын бекіту.
Көрсеткіші: Мастит. Сүт безінің жарақаттары.
Ресурстар: Жалпақтығы 20см бинт, қайшы.
Әрекет алгоритмы:
1.Науқасты отырғызып, манипуляция барысын түсіндіріп, тыныштаңдыр.
2.Бинттің құйрығын сол қолға, ал басын оң қолға ал.(егер оң жақ сүт безі болса)
3.Кеуде торынан 2 фиксациялық тур орында.
4.Бинтті қолтық астына апар.
5.Бинтпен оң жақ сүт безін жауып, сол иықтың үстіне бинтті апар.
6.Арқамен бинтті жылжытып, оң жақ қолтықа бинтті апар.
7.4,5,6 турларды қайтала
8. Сүт безін толық жауып ора.
9.Таңғышты кеуде торында аяқта.

12.Омыртқа зақымданғанда транспорттық бекіту (иммобилизация) орындау.
Мақсаты: Тасымалдау кезінде транспорттық бекіту орындау. Асқынулардың алдын алу. Көрсеткіші: Омыртқалардың зақымдануы.Ресурстар:Шанц жағасы, белдің астына қоятын білік (валик), қатты зембіл немесе спинальды қалқан, анальгетиктер, шокқа қарсы ерітінділер, шприцтер, қолды өңдейтін антисептик, залалсыз мақта домалақтары, резеңке қолғап, КБСУ.
Әрекет алгоритмы:
1.Пациентті қарап шық. 2.омыртқа сынығының барына көз жеткіз. 3.Жәбірленушіні тыныштаңдырып, манипуляция барысын түсіндір.
Мойын омыртқалардың сынығы:
1.Жәбірленушіге жатқан немесе отырған жерде басын фиксация жасап, Шанц жағасын кигізу.
2.Жәбірленушіні 3-4 адам болып, қатты зембілге немесе арнайы қалқанға , мойын астына білік қойып абайлап жатқызу.
3.Ауырсынуды басу үшін –б/е –2мл трамадол немесе 2мл 2%промедол ерітіндісін енгізу.
4.Көк тамырға 500мл полиглюкин тамшылатып енгізу, 2мл кордиамин баяу енгізу.
5.Стационарға тасымалдау, жол бойы қан қысымын, тамыр соғысын, тынысын тексеру.
Кеуде омыртқалардың сынығы:
1.Жәбірленушіге жатқан немесе отырған жерде басын фиксация жасап, Шанц жағасын кигізу.
2.Жәбірленушіні 3-4 адам болып, қатты зембілге немесе арнайы қалқанға ,шалқасынан сынған аймақ астына білік қойып, абайлап жатқызу.
3.Ауырсынуды басу үшін –б/е –2мл трамадол немесе 2мл 2%промедол ерітіндісін енгізу.
4.Көк тамырға 500мл полиглюкин тамшылатып енгізу, 2мл кордиамин баяу енгізу.
5.Стационарға тасымалдау, жол бойы қан қысымын, тамыр соғысын, тынысын тексеру.
Бел омыртқалардың сынығы:
1.Жәбірленушіні абайлап, омыртқа бағанының бүгіліп қалмауын қадағалап, 4 адамның көмегімен қатты зембілге жатқызу, бел астына білік қою керек.
3.Ауырсынуды басу үшін –б/е –2мл трамадол немесе 2мл 2%промедол ерітіндісін енгізу.
4.Көк тамырға 500мл полиглюкин тамшылатып енгізу, 2мл кордиамин баяу енгізу.
5.Стационарға тасымалдау, жол бойы қан қысымын, тамыр соғысын, тынысын тексеру.
13.Муляжда білекке гипстік лонгетаны салу техникасын көрсету.
Мақсаты: Қол зақымы кезінде емдік иммобилизация.
Көрсеткіші: Сынық, буыннан таю, байламдардың созылуы.
Ресурстар: бинт, қайшы, гипс ұнтағы, вазелин немесе балалар кремы, резеңке қолғаптар, жылы су, леген, анальгетик, шприц, 70% этил спирті, залалсыз мақта домалақтары.
Әрекет алгоритмы:
1.Науқасты отырғызып, тыныштандыр.
2.Манипуляция барысын түсіндір.
3.Резенке қолғапты ки.
5.Ауырсыну сезімін жою үшін б/е 2мл -кетотоп ерітіндісін енгіз.
6.Сынық немесе буыннан таюдың белгілерін анықта.
7.Зақымдалған қолға физиологиялық қалып бер. Қолды шынтақта бүгіп, қол басын денеге тақап қой.
8.Лонгетаның ұзындығын сау қолда өлше: саусақ ұшынан иықтың ортасына дейін.
9.Белгілеген ұзындық бойынша, 8-9 қабатты лонгетаны әзірле.
10.Зақымдалған қолға вазелин немесе балалар кремін абайлап жақ, сүйегі жақын жерге мақта сал.
11.Дайын лонгетаны су қүйылған легеннің түбіне салып, ауа көпіршіктердің әбден шығуын тос, лонгетаны судан алып, ақырын сығып артық суын кетір
12.Лонгетаны үстелге қойып тегісте.
13.Лонгетаны зақымдалған қолға жабыстырып, үстінен жай бинтпен ора.
14.Гипс қатқан соң, жай бинтті тарқатып лонгетаны тексер.
15.Лонгетаның шеттерін тартып, сәл босат (қан айналымын бұзбау үшін).
16.Лонгетаны бинтпен орап, мойынға асып қой.
Ескерту: Гипс сапасын алдын ала тексер. Зақымдалған қолдың саусақтарының ұштарын ашып қою керек.
14.Сафардың үштік әдісін фантомнан көрсету, ауа өткізгіштігін енгізу.
Мақсаты: Тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамассыз ету.
Көрсеткіші: Клиникалық өлім, асфиксия.
Әрекет алгоритмы:
Адамды тегіс, қатты жерге шалқасынан жатқызу.
Басын барынша шалқайту ( бас ми жарақатында орындалмайды).
Ауыз, мұрын қуыстарын сілекейден, құсық соқтасынан, қан ұйықтардан тазалау, астынғы жақты бері шығару, керек болса тілді тіл ұстағышпен бері тартып қою.

Ауа өткізгіштігін енгізу әрекеті.
Мақсаты: Тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамассыз ету.
Көрсеткіші:Кома кезіндегі жіті тыныс жетіспеушілігі (жөтелу және құсу рефлекстері жоғалғанда) Ресурстар: Өлшемі сәйкес келетін ауа өткізгіштер.
Әрекет алгоритмы:
1.Сол қолдың 1 және 2 саусақтардың көмегімен ауызды ашып, тексеру.
2.Оң қолға сәйкес келетін ауа өткізгіштігін алып, иілген жағын тілге қаратып, жұтқыншақтың артқы қабырғасына жеткенше енгізу.
3.Ауа өткізгішінің ұшы жұтқыншақтың артқы қабырғасына жеткенде, түтікшені 1800 бұру керек, сонда ауа өткізгіші тілдің түбін басып, тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамассыз етеді.
Ауа өткізгішінің дұрыс салу критериі ол спонтанды тыныстың пайда болуы.
Асқынуы: түтікшенің орнынан тайып кетуі, асфиксия, құсу, ларингоспазм.

15.Түйінді тігісті салу және алу әрекетің муляжда көрсету.
Мақсаты: Жара шетін біріктіру.
Көрсеткіші: Жараның болуы.
Ресурстар: 1% йодонат ерітіндісі (балаларға жасыл бриллиант ерітіндісі),залалсыздандырылған таңу материалы,клеол, жібек № 3 және № 4,ине ұстағыш,тері кесетін ине, хирургиялық пинцет, корнцанг, қайшы, залалсыздандырылған лоток,залалсыз резеңке қолғап, КБСУ.
Әрекет алгоритмы:
1.Қолдың гигиеникалық деңгейде деконтоминациясын орында.
2.Залалсыз қолғапты ки.
3.Дәкені антисептикалық ерітіндіге салып,жараны шетінен ортасына қарай сүрт.
4.Вишневский атындағы жергілікті жансыздандыруды орында (стандартты қара).
5.Тері кесетін инеге жібек №3, №4 жіпті сабақтап,оны ине ұстағышқа орнат.
6.Пинцетпен жараның шетін,теріні жане тері асты май қабатын ұста.
7.Жарақатты тік бұрышпен жанынан 3-4мм алып тесеміз,қарама-қарсы жағынан инені шығарып,инемен ине ұстағышты алып тастаймыз,жібек жіп тінде қалу керек
8.Жараның ұштары бір-біріне тигенше жібек жіпті жақсылап тартып 3 рет байла.
9.Келесі тігісті 1,5см арақашықтықта сал (есіңде сақта:байламды қатты тартып байлауға болмайды).
10.Жараның шеттерін пинцетпен теңестіріп,жібектің қалдығын кесіп таста,байламнын ара қашықтығы 1-1,5см болу керек
11.Тігісті антисептик ерітіндісімен өңдеп,асептикалық клеол таңғышын сал.
12.Пайдаланған құралдарды, таңғыш материалды, резенке қолғапты КБСУ –ларға сал.
Түйінді тігісті шешу техникасы
Мақсаты: Түйінді тігісті шешу.
Көрсеткіші: Жараның бітеліп жазылуы.
Ресурстар: 1.1 % Йодонат, 70% спирт, клеол.
2. Анатомиялық пинцет, хирургиялық пинцет, қайшы не скальпель, қысқыш, корнцанг,лоток, КБСУ.
3. Стерильды мақта, дәкелер, тампон.
Әрекет алгоритмы:
1.Қолдың гигиеникалық деңгейде деконтоминациясын орында.
2.Залалсыз қолғапты ки.
3.Науқасты жатқызып, таңғышын шеш, жараны қара.
4.Тері және тігіс сызығын спирт не йодонатпен өнде.
5.Тігістің түйінін анатомиялық пинцетпен ақ жіп көрінгенше тарт.
6.Осы жерден қайшы не скальпель арқылы кес, пинцетпен ұстап ал.
7.Осылай барлық тігісті ал.
8.Операциядан кейінгі тыртықты йодонатпен өнде.
9.Салфетка және клеолдан асептикалық танба сал.
10. Пайдаланған құралдарды, таңғыш материалды, резеңке қолғапты КБСУ –ларға сал.
Ескерту: Тігісті жара бітеліп, жазылғанда 7 күннен шешеді.
16. Білектің іріңді жарасына туалет жасау, антисептикалық таңғыш орау.
Мақсаты: Жарада антисептиканы сақтау.
Көрсеткіші: Ірінді жара.
Ресурстар: Залалсыз лоток, залалсыз резенке қолғаптар, залалсыз таңғыш материалдар, пинцеттер, 1% йодонат, КБСУ ыдыстары, арнасы бар зонд, тесе инесі бар шприц, резеңке дренаждар, жара кеңейткіштері, 3% су тегі асқын тотығы, гипертониялық ерітінді.
Әрекет алгоритмы:
1.Қолдың гигиеникалық деңгейде деконтоминациясын орында.
2.Залалсыз қолғапты ки.
3. Ескі таңғышын пинцетпен шешіп ал.
4.Пинцетпен бұрынғы дренажды алып таста.
5.Жара айналасын 3% су тегі асқын тотығына малынған дәкені пинцетпен қыстырып өңде.
6.Жара айналасын дәкемен құрғат.
7. Жара айналасын 1% йодонатқа малынған дәкені пинцетпен қыстырып өңде.
8. Арнасы бар зондтың немесе кеңейткіштердің көмегімен жара құысын қарап шық.
9.Тесе инесі бар шприцке 3% су тегі асқын тотығын сорып алып, жара құысын жуып-шай.
10.Дәкемен жара құысын құрғат.
11.Ластаңған құралдарды лотокка таста.
12.Пинцетпен арнасы бар зондтың көмегімен резенке дренажды жара құысына еңгіз.
13. Жара бетін антисептикке малынған дәкемен жап.
14. Дәкені бинтпен немесе лейкопластырьмен бекітіп ора.
15. Пайдаланған құралдарды, таңғыш материалды, резенке қолғапты КБСУ –ларға сал.
17. Білектің II дәрежедегі термиялық күйігі бар жәбірленушіге бірінші медициналық көмек көрсету.
Мақсаты: Шұғыл көмек көрсету
Көрсеткіші: Термиялық күйік.
Ресурстар: залалсыз резеңке қолғап, қолды өңдейтін антисептик (акмасепт) 70% этил спирті, залалсыз дәкелер, бинт, 2% промедол ерітіндісі, трамадол,кетотоп 100мг, мұзды мүйіқ, пинцет, Крамер жақтауы, КБСУ.
Әрекет алгоритмы:
1.Зақымдаушы фактордың әсерін тоқтату. (Қауіпсіздік техникасын сақтап, отты өшіру, ыстық су аққан кранды жабу т.б).
2. Киімді кесіп, жара бетін ашу.
3.Күйіктің дәрежесін, көлемін анықтау.
4. Ауырсыну сезімін басу –б/е 2% промедол ерітіндісі, стадол, трамадол, кетотоп 100мг (жәбірленушінің жағдайына, күйік аланының көлеміне қарап, жәй анальгетиктерді немесе наркотиктерді таңда).
5.Күйік айналасын спиртке малынған дәкемен, күйікке тигізіп алмай өңде.
6.Күйік бетін үлкен дәкемен жап, үстінен бинтпен циркулярды турларды орындап, ора.
7.Зақымданған қолды Крамер жақтауымен бекіт.
8.Мұзды мүйықты күйік тұсына қой.
9.Жәбірленушіні зембілге жатқызып, стационарға тасымалда.
18.Оң жақ иық сүйегінің жабық сынығында, жәбірленушіге бірінші медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға тасымалдауға дайындау.
Мақсаты: БМК көрсету. Асқынулардың алдын алу.
Көрсеткіші: Оң жақ иық сүйегінің жабық сынығы.
Ресурстар: Резеңке қолғап, анальгетиктер - кетотоп 100мг -3мл, трамадол 4мг; Крамер жақтауы, жалпақ бинттер, шприцтер, залалсыз мақта домалақтары, жастықшалар, қол өңдейтін антисептик, 700 спирті, үшкіл орамал, метр, КБСУ.
Әрекет алгоритмы:
Науқасты өзіңе қаратып отырғызыңыс тыныштандыр.
Резенке қолғапты ки.
Ауру сезімін басу үшін кетотоп 100мг -3мл, трамадол 4мг б/е еңгіз.
Сынық белгілерін анықта.
Зақымдалған қолға физиологиялық қалып бер. Қолды шынтақта бүгіп, қол басын денеге тақап қой.
Саусақтан шынтақ буынына дейінгі қашықтықты өлшеп алып, соған сәйкес жақтауды тіке бұрштап бугіп, майыстыр.
Шынтақ буынынан иық буынына дейінгі қашықтықты өлшеп алып, соған сәйкес жақтауды тіке бұрштап бугіп, майыстыр.
Жақтауды сау қолына өлшеп тиісті тузетулерді енгіз.
Жақтауды киімнің сыртына салу қажет.
Жақтауды зақымдалған қолына сал.Алақан астына валик қой.
Оны бинтпен ораудың ережесін қолдана отырып бекіт.
Резенке қолғапты шешіп КБСУ-ға сал.
Жәбірленушінің зақымдан қолын үшкіл ормалға асып қойып, стационарға тасымалда.
19.Сол жақ балтыр сүйектері ашық түрде сынғанда, жәбірленушіге бірінші көмек көрсету, ауруханаға тасымалдауға дайындау.
Мақсаты: БМК көрсету. Асқынулардың алдын алу. Балтыр сүйектеріінің 3 жақтаумен транспортық бекітуі.
Көрсеткіші: Сол жақ балтыр сүйегінің ашық сынығы.
Ресурстар: Резеңке қолғап, Эсмарх тарпасы, йодповидон, анальгетиктер - кетотоп 100мг -3мл, трамадол 4мг, 2%промедол; Крамер жақтауы -3 дана немесе пневможақтау, жалпақ бинттер, шприцтер, залалсыз мақта домалақтары,дәкелер, жастықшалар, қол өңдейтін антисептик, 700 спирті, үшкіл орамал, метр, КБСУ, қайшы.
Әрекет алгоритмы:
1.Науқасты шалқасынан жатқызып, тыныштаңдыр.
2.Манипуляция барысын түсіндір.
3.Қолды антисептикпен өңдеп, резенке қолғапты ки.
4.Санның төменгі бөлігінен, уақытша қан тоқтату мақсатымен, Эсмарх тартпасын байла.
5. Ауру сезімін басу үшін кетотоп 100мг -3мл,жағдайы ауыр болған жағдайда- трамадол 4мг, 2%промедол, б/е еңгіз.
6.Зақымды тексер.
7. Сынық белгілерін анықта.
8.Аяққа физиологиялық қалып бер.
9.Крамер жақтауларын ал, 1- 120см ұзындығымен, 2- 80см ұзындығымен.
10. Бармақтардан өкшеге дейінгі орталықты өлшеп алып, жақтауды соған сәйкес тік бұрыштап бүгіп, майыстыр.
11. Жақтауды өкшеден санның ортасына дейін өлше.
12. Әзірлеген жақтауларды сан ортанғы бөлігі мен балтырдың сыртқы және ішкі жағынан салып тізе және балтыр- табан буынын бекіт.
13. Жақтауларды бинтпен ораудың ережесін қолдана отырып бекіт.
14.Резенке қолғапты шешіп КБСУ-ға сал.
15. Жәбірленушіні зембілге шалқасынан жатқызып, тасымалда.
20.Сол жақ сан сүйегінің жабық сынығында, жәбірленушіге бірінші көмек көрсету, ауруханаға тасымалдауға дайындау.
Мақсаты: Сан сүйегі сынғанда транспорттық бекіту.
Көрсеткіші: Сан сүйегінің сынуы.
Ресурстар: Жұмсақ жастықшалар, Крамер жақтауы, Дитерихс жақтауы, бинттер, мақта, шприц инесімен, қайшы, трамадол 4мг, 2% промедол ерітіндісі, КБСУ, залалсыз резенке қолғап, тері антисептигі.
Әрекет алгоритмы:
Науқасты тыныштаңдырыңыз жатқыз.
Манипуляция барысын түсіндір.
Қолды антисептикпен өңдеп, резенке қолғапты ки.
Ауырсыну сезімін басу үшін 4 мг трамадол немесе 2% промедол ерітіндісін бұлшық етке сал.
Сынған аяқтың өкшесінен беліне дейін артқы жағынан Крамер жақтауын сал.
Дитерихс жақтауының табан бөлігін, аяқ киімді шешпей сынған жағына бекіт.
Дитерихс жақтауының екі жақ бөліктерін науқастың сау жағына өлшеп, сынған жағына бекіт, сүйектер жақын жерге жұмсақ жастықшаларды қой.
Бинтпен балтыр сан түсынан орап қой.
Иық пен қолтық маңайынан белдікпен бекіт.
Табан бөлігінде орналасқан бауды бұрап, тарт.
Резенке қолғапты шешіп КБСУ-ға сал.
Жәбірленушіні зембілге жатқызып, стационарға тасымалда.
21. Электрожарақат салдарынан клиникалық өлім жағдайына енген жәбірленушіге көрсетілетін шұғыл көмек.
Мақсаты:Шұғыл көмек көрсету.
Көрсеткіші: Электртоғының және найзағайдың әсері.
Ресурстар: Резенке қолғаптар, ағаш таяқ.
Әрекет алгоритмы:
1.Электртоғының әсерін тоқтату:
-рубильникті өшіру;
-резенке қолғапты киіп сымды алып тастау;
- құрғақ ағаш таяқпен сымды лақтырып, жәбірленушіні ары сүйреп шығару.
2.Адамның жағдайын бағалау.
3.САВ жүйесі бойынша реанимациялық шараларды өткізу( клиникалық өлім кезінде)
4.Күйген жерге құрғақ асептиқалық таңғыш байлау
5.Реанимация бөлімшесіне тасымалдау.
Дыбысқа, тактильді контактқа жауап қайтармай, ессіз күйде жатқан адамға тап болған кезде, жедел түрде, тірілту шараларын « Құтқару тізбегі» бойынша, бірден бастау керек. Тізбекті бұзбай, шараларды өз орнымен қолданған өте маңызды.
С этапы- қан айналымын қамтамасыз ету:
1Алақандарыңды төстің ортасына қой.
2.Шынтақтарыңды түзет.
3.Саусақтарыңды көтеріңкі ұста.
4.Иықтарыңды дұрыс қалыпқа келтір.
5.Жәбірленушінің кеудесін бас, компрессияның тереңдігі 5см.
6.Басуды сана:1,2,3.....30. Басу жылдамдығы минутына 100-120 рет болу керек
7.Кеуденің қалпына келуін қадағала. 30 компрессиядан кейін 2 рет дем бер. Реанимацияның нәтижелілігін 4-5 циклды қайталаған соң тексер.


А мен В этаптары:
А этапы:Тыныс жолдарын қалай ашу керек?
Сафардың үштік әдісі орында:
Адамды тегіс, қатты жерге шалқасынан жатқызу.
Басын барынша шалқайту ( бас ми жарақатында орындалмайды).
Ауыз, мұрын қуыстарын сілекейден, құсық соқтасынан, қан ұйықтардан тазалау, астынғы жақты бері шығару, керек болса тілді тіл ұстағышпен бері тартып қою.

Екі саусақпен иекті жоғары тартып, екінші қолдың алақанымен маңдайды басып, жәбірленушінің басын шалқайт. Төменгі жақты көтеріңкіре.
В этапы:
Нәтіжелі дем беру: Ауыздан-ауызға

І. Мұрынды екі саусақпен қыс.
ІІ. Жәбірленушінің аузын өз еріндеріңмен толық камтып, дем бер. Ауаның шығуын қадағалап 2 рет қайтала.
ІІІ.Дем бір келкі, өте терең болмау керек. Көлемі 800-1200мл, 2 дем 5-10секунд аралығында.
ІV.Дем берген кезде кеуденің көтерілуін қадағала.
Дем берген кезде жеке қорғаныс заттарын (бет жпақыштар, дәкелер, қол орамалдар) пайдалану керек.
Егер дем бергенде кеуде клеткасының экскурсиясы байқалмаса, онда Геймлих тәсілін орындау керек.
Реанимация кезінде, жәбірленуші жөтеліп, дұрыс тыныс алып немесе қозғалса – тірілту шараларын жалғастырудың қажеті жоқ.
Егер адам есіне толық келмесе, оны тұрақты түрде қырынан жатқызу керек.

22.Фантомда жүрек-өкпе реанимациясын орындау.
Дыбысқа, тактильді контактқа жауап қайтармай, ессіз күйде жатқан адамға тап болған кезде, жедел түрде, тірілту шараларын « Құтқару тізбегі» бойынша, бірден бастау керек. Тізбекті бұзбай, шараларды өз орнымен қолданған өте маңызды.
С этапы- қан айналымын қамтамасыз ету:
1Алақандарыңды төстің ортасына қой.
2.Шынтақтарыңды түзет.
3.Саусақтарыңды көтеріңкі ұста.
4.Иықтарыңды дұрыс қалыпқа келтір.
5.Жәбірленушінің кеудесін бас, компрессияның тереңдігі 5см.
6.Басуды сана:1,2,3.....30. Басу жылдамдығы минутына 100-120 рет болу керек
7.Кеуденің қалпына келуін қадағала. 30 компрессиядан кейін 2 рет дем бер. Реанимацияның нәтижелілігін 4-5 циклды қайталаған соң тексер.


А мен В этаптары:
А этапы:Тыныс жолдарын қалай ашу керек?
Сафардың үштік әдісі орында:
Адамды тегіс, қатты жерге шалқасынан жатқызу.
Басын барынша шалқайту ( бас ми жарақатында орындалмайды).
Ауыз, мұрын қуыстарын сілекейден, құсық соқтасынан, қан ұйықтардан тазалау, астынғы жақты бері шығару, керек болса тілді тіл ұстағышпен бері тартып қою.

Екі саусақпен иекті жоғары тартып, екінші қолдың алақанымен маңдайды басып, жәбірленушінің басын шалқайт. Төменгі жақты көтеріңкіре.
В этапы:
Нәтіжелі дем беру: Ауыздан-ауызға

І. Мұрынды екі саусақпен қыс.
ІІ. Жәбірленушінің аузын өз еріндеріңмен толық камтып, дем бер. Ауаның шығуын қадағалап 2 рет қайтала.
ІІІ.Дем бір келкі, өте терең болмау керек. Көлемі 800-1200мл, 2 дем 5-10секунд аралығында.
ІV.Дем берген кезде кеуденің көтерілуін қадағала.
Дем берген кезде жеке қорғаныс заттарын (бет жпақыштар, дәкелер, қол орамалдар) пайдалану керек.
Егер дем бергенде кеуде клеткасының экскурсиясы байқалмаса, онда Геймлих тәсілін орындау керек.
Реанимация кезінде, жәбірленуші жөтеліп, дұрыс тыныс алып немесе қозғалса – тірілту шараларын жалғастырудың қажеті жоқ.
Егер адам есіне толық келмесе, оны тұрақты түрде қырынан жатқызу керек.

23. Жүректі сырттай уқалау іс-әрекеті.
Мақсаты:Адамды тірілту, тыныспен жүрек жұмысын қалпына келтіру.
Көрсеткіші:Клиникалық өлім.
Ресурстар: Қорғаныс заттар: дәкелер, қол орамал, бет жапқыш.
Әрекет алгоритмы:
Жүрек тоқтауының белгілері:
Естің жоқтығы
тыныстың жоғалуы
тамыр соғысының жоғалуы.
С этапы- қан айналымын қамтамасыз ету:
1Алақандарыңды төстің ортасына қой.
2.Шынтақтарыңды түзет.
3.Саусақтарыңды көтеріңкі ұста.
4.Иықтарыңды дұрыс қалыпқа келтір.
5.Жәбірленушінің кеудесін бас, компрессияның тереңдігі 5см.
6.Басуды сана:1,2,3.....30. Басу жылдамдығы минутына 100-120 рет болу керек
7.Кеуденің қалпына келуін қадағала. 30 компрессиядан кейін 2 рет дем бер. Реанимацияның нәтижелілігін 4-5 циклды қайталаған соң тексер.


24. Білек пен балтырға пневматиқалық жақтауды салу іс-әрекетін көрсету.
Мақсаты: Аяқ-қолдың зақымдарында транспорттық бекіту.
Көрсеткіші: Аяқ-қолдың сынықтары.
Ресурстар: Пневматикалық жақтау.
Ескерту: Жақтау мөлдір пластикалық материалдан даярланған, құрамында: екі қабатты герметикалық пленка, молния, ауа үрлейтін қақпақша. Пневматиқалық жақтаудың 3 түрі болады: 1- білекпен қол басына, 2- табан мен балтырға, 3- тізе буыны мен санға.
Әрекет алгоритмы:
1.Науқасты өзіңе қаратып отырғызыңыс тыныштандыр.
2. Манипуляция барысын түсіндір.
3. Қолды антисептикпен өңдеп, резенке қолғапты ки.
4. Ауырсыну сезімін басу үшін 100мг кетотоп бұлшық етке сал.
5. Зақымды тексер.
6. Сынық немесе буыннан таюдың белгілерін анықта..
7.Аяқ-қолға физиологиялық қалып бер.
8.Жақтауды пакеттен ал.
9.Молнияны аш.
10.Жақтауды ашып, абайлап зақымдалған қол-аяқтың астына сал.
11.Молнияны жап.
12. Ауа үрлейтін қақпақшаның түтікшесін солға қарай бұрап, қақпақшаны аш.
13.Насостың көмегімен жақтауды қатты қылып үрле.
14.Қақпақшаны жап.
Ескерту: Жақтау ішіндегі қысым 40-45 мм сын.бағ. болу керек.
-Жақтау зақымдалған дене бөлігінін қан айналымын бұзбайды;
-Тез салынып, рентген сәулесіне кедергі болмайды.
25. Тыныс жолдарының бөгде заты бар жәбірленушіге бірінші медициналық көмек көрсету. Геймлихтің әдісінің техникасы (тыныс жолдарын бөгде заттан босату)
Мақсаты: Бөгде заттан тыныс жолдарын босату, тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамассыз ету үшін.
Көрсеткіші: Тыныс жолдарының бөгде заты.
Әрекет алгоритмы:
1.Жәбірленушіге жақындап, «Сен қақалдың ба?» деген сұрақ қою.
2.Науқастың артынан тұрып, белінен құшақтап алға сәл ғана еңкейтеміз
3.Қолдың бір жұдырығын кіндіктен жоғары ұстаймыз
4.Екінші қолдың жұдырығымен науқастың ішінен жылдам және қатты басып қаламыз, тарту күшін диафрагманың астынан, науқастың денесін сәл көтеру үшін, осы әдісті бес рет қайталау керек. Егер тыныс жолы ашылмаса, САВ этаптары бойынша реанимациялық шараларды уақыт кетірмей, бастау керек.
Науқастың өзі өз арқасынан ұра алмайды. Тыныс жолындағы бөгде заттар іш қуысын басу арқылы шығаруға болады.
Науқастың есінен тануы
1.Науқасты еденге шалқасынан жатқызамыз
2.Тыныс жолын босатамыз, егер бөгде зат науқастың тамағынан көрініп тұрса саусақпен алуға тырысамыз. Бірақ өте сақ болуымыз керек, өйткені бөгде зат ары қарай кіріп кетуі мүмкін (бұл жағдай көбінесе жас балаларда кездеседі)
3.Егер бөгде затты ала алмасақ ал науқас есін жимай жатса жүрек-өкпе реанимациясын жасаймыз, кеуде қуысын басқан кезде бөгде зат сыртқа шығуы мүмкін, сондықтан ауыз қуысын жиі тексеру керек.

26. Бұғана сүйегінің жабық сынығында, жәбірленушіге көрсетілетін бірінші медициналық көмек.
Мақсаты: Транспорттық бекіту.
Көрсеткіші: Бұғана сүйегінің жабық сынығы.
Ресурстар: Үшкіл орамал, жай анальгетиктер-кетотоп 100мг -3мл, Дельбе сақиналары, Крамер жақтауы, жалпақ бинт,залалсыз мақта домалақтары, 70% этил спирті, залалсыз резеңке қолғап, қол өңдейтін антисептик, КБУ.
1. Әрекет алгоритмы:
1.Науқасты отырғызып, тыныштаңдыр.
2.Манипуляция барысын түсіндір.
3.Қолды антисептикпен өңдеп, резенке қолғапты ки.
4. Ауру сезімін басу үшін кетотоп 100мг -3мл б/е еңгіз.
5.Зақымды тексер.
6. Сынық белгілерін анықта.
Қолға үшкіл орамалдың байлау іс-әрекеті.
7.Зақымданған қолға физиологиялық қалып бер. (Шынтақ буынын бүгіп, қолды денеге жақындат).
8.Орамалдың ұзын жағын екі қолмен ал.
9.Орамалдың ұзын жағын науқастың кеудесіне салып қой, үшкіл орамалдың ортаңғы бұрышы шынтақтың артында болу керек.
10.Орамалдың екі бос бұрыштарын пациенттің мойынның артында байла.
11. Үшкіл орамалдың ортаңғы бұрышын бүгіп, түйреуішпен бекіт

Дезо» таңғышын орау іс-әрекеті.
Мақсаты: Қолды тасымалдау кезінде бекіту.
Көрсеткіші: Иық буын сынығында, шығып кеткенде, бұғана сынығында.
Ресурстар: Жалпақтығы 20 см бинт, қайшы, түйреуіш.
Әрекет алгоритмы:
Пациеннті бет жағын өзіне қаратып отырғызу керек.
Тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру.
Қолтық астына валик салу (пелот-шиыршықталған мақта, бинт)
Шынтақ буының бүгу керек
Иық сүйегін денесіне бекітіп айналдыра байла (№1 тур)
Бинтті сау жақ қолтығынан астынан бастап, ауру қолының ыйығының үстімен иықтың артқы жақ қырынан тікелей түсіріп. (2 тур)
Бинтті білек буынының үстімен қисайта орап, сау жақ қолтықтың астына апар (3 тур)
Оны жота арқылы ауру иықтың үстімен иықтың алдыңғы жақ қырымен түсіріп шынтақты артқа қарай орап жота рқылы қыйсайта отырып сау жақ қолтықтың жағына апар (4 тур)
Таңғыш жақсы бекітіліп байлану үшін 1-2-3-4 турды қайтала.
Ескерту: Оң қол зақымдаңғанда – оңнан солға қарай, ал сол қол зақымданғанда – солдан оңға қарай бастау керек.

Дельбе сақиналарын пайдалану.
Мақсаты: Қолды тасымалдау кезінде бекіту.
Көрсеткіші: бұғана сынығы.
Ресурстар: Дельбе сақиналары, бинт, қайшы.
Әрекет алгоритмы:
1.Науқасты отырғызып, тыныштаңдыр.
2.Манипуляция барысын түсіндір.
3.Қолды антисептикпен өңдеп, резенке қолғапты ки.
4. Ауру сезімін басу үшін кетотоп 100мг -3мл б/е еңгізіңіз.
5.Зақымды тексер.
6. Сынық белгілерін анықта.
7. 1-ші сақинаны зақымдалған қолға қолтыққа дейін кигіз
8. 2-ші сақинаны сау қолға кигіз
9.Екі сақинаны арқада жақындастырып бинт бөлігін кесіп алып, байла.
Крамер жақтауын пайдалану іс-әрекеті
Мақсаты: БМК көрсету. Асқынулардың алдын алу.
Көрсеткіші: Бұғана сүйегінің жабық сынығы.
Ресурстар: Резеңке қолғап, анальгетиктер кетотоп 100мг -3мл, трамадол 4мг; Крамер жақтауы, жалпақ бинттер, шприцтер, залалсыз мақта домалақтары, жастықшалар, қол өңдейтін антисептик, 700 спирті, үшкіл орамал, метр, КБСУ.
Әрекет алгоритмы:
Науқасты өзіңе қаратып отырғызыңыс тыныштандыр.
Резенке қолғапты ки.
Ауру сезімін басу үшін кетотоп 100мг -3мл, трамадол 4мг б/е еңгіз.
Сынық белгілерін анықта.
Зақымдалған қолға физиологиялық қалып бер. Қолды шынтақта бүгіп, қол басын денеге тақап қой.
Саусақтан шынтақ буынына дейінгі қашықтықты өлшеп алып, соған сәйкес жақтауды тіке бұрштап бугіп, майыстыр.
Шынтақ буынынан иық буынына дейінгі қашықтықты өлшеп алып, соған сәйкес жақтауды тіке бұрштап бугіп, майыстыр.
Жақтауды сау қолына өлшеп тиісті тузетулерді енгіз.
Жақтауды киімнің сыртына салу қажет.
Жақтауды зақымдалған қолына сал.Алақан астына валик қой.
Оны бинтпен ораудың ережесін қолдана отырып бекіт.
Резенке қолғапты шешіп КБСУ-ға сал.
Жәбірленушінің зақымдан қолын үшкіл ормалға асып қойып, стационарға тасымалда.
27. Кеуде торының өтпелі жарақаты бар жәбірленушіге (ашық пневмоторакста) бірінші медициналық көмек көрсету.
Мақсаты: Жарақаттық шоктың, асфиксияның, жіті тыныс жетіспеушіліктің алдын алу.
Көрсеткіші: Кеуде торының ашық жарақаты.
Ресурстар: Анальгетиктер-кетотоп 100мг, 2% промедол, анестетик – бупивакаин,полиэтилен, индивидуальды тану пакеті, антисептик, залалсыз резеңке қолғаптар, мұзды мүйіқ, КБСУ,тонометр, фонендоскоп, лейкопластырь, оттегі,
Әрекет алгоритмы:
1.Науқастың жағдайын бағала.
2.Науқасты тыныштандырып, манипуляция барысын түсіндір.
3.Науқасты жартылай отырғыз.
4.Қолды антисептикпен өңдеп, резенке қолғапты ки.
5.Жараны қарап шық.
6.Ауырсыну сезімін жою – анальгетиктер , бөгеулер.
7.Жара шеттерін өңде (стандартты қара).
8.Окклюзиялық таңғыш салу.
Жараны дәкемен жап. Полиэтилен немесе клеенке дәке үстіне салынады, жара герметиктін ортасында болып, ал герметиктің шеттері жарадан 5 см қашықтықта болу керек. Таңғышты үш жағынан лейкопластырьмен жабыстыру қажет, содан кейін «крест» тәрізді. Жараның үстіне мүзды мүйіқ қой.Жарақат алған адамды бақылау керек- ашық немесе қақпақшалы пневмоторакстың қаубы төнбес үшін.
9.Резенке қолғапты шешіп КБСУ-ға таста.
10.Егер жарақат алған адамның хәлі қүрт нашарласа (тынысы тарылып, ентігу жиіленсе, көгеру пайда болса), онда окклюзиялық таңғышты алып, ашық түрдегі пневмотораксқа аудару.
11.Жарақаталушыны жартылай отырғызып тасымалдау керек.
12.Жол бойы қан қысымын, тынысын, тамыр соғысын қадағала.
13.Стационардың хирургиялық немесе торакальдық бөлімшесіне госпитализациялау.
28. Құрсақ құысының өтпелі жарақатында(ішектер сыртқа шығып кеткенде) жәбірленушіге көрсетілетін шұғыл көмек.
Мақсаты: Асқынулардың алдын алу, хирургиялық стационарға жәбірленушіні жеткізу.
Көрсеткіші: Құрсақ құысының өтпелі жарақаты.
Ресурстар: залалсыз резенке қолғап, таңғыш материалдар, үлкен дәке, фурациллин ерітіндісі ,70% этанол, бинт, 2% промедол 1 мл, полиглюкин 500 мл, тері антисептигі, залалсыз валик ретінде оралған ақ жайма.
Әрекет алгоритмы:
1.Пациентті қарап, тыныштандыр.
2.Науқасты жатқыз.
3.Манипуляция барысын түсіндір.
4.Қолды антисептикпен өңдеп, резенке қолғапты ки.
5.Ауырсыну сезімін жою үшін б/е 2 мл 2% промедолды еңгіз.
6.Жара шетін спиртпен өңде.
7. Іш майы мен ішектер айналып сыртқа шығып кеткен жағдайда айналасын залалсыз валикпен қорша.
8.Үстіне фурациллинге малынған залалсыз үлкен дәкені жап.
9.Сыртқа шығып кеткен мүшелерді фиксациялау үшін сыртынан бинтпен ора.
10.К/т 500 мл полиглюкинды еңгіз.
11. Резенке қолғапты шешіп КБСУ-ға таста.
12.Стационарға , науқасты шалқасынан жатқызып, тизесін бүгіп тасымалдау керек.
Ескерту: Сыртқа шыққан ішектерді қайтадан ішке салуға болмайды. Науқасқа сүйіқтықтарды ішуге тиім салынады!
29.Жамбас сүйегі зақымданғанда транспорттық бекіту (иммобилизация) орындау.
Мақсаты: Жарақаттық шоктың алдын алуы, транспорттық бекіту.
Көрсеткіші: Жамбас сүйектерінің сынуы, жамбас қуысындағы мүшелердің зақымы.
Ресурстар: Қатты зембіл, 30см биіктігі бар валик, орамал немесе ақ жайманың ұзын бөлігі, 2мл 2% промедол ер-сі, тері антисептигі, 500мл полиглюкин, көк тамыр жүйесі, шприц инесімен, кордиамин 2мл, 70% этил спирты, залалсыз мақта домалақтары, залалсыз резеңке қолғап, КБСУ.
Әрекет алгоритмы:
1.Науқасты қарап, тыныштандыр.
2.Жамбас сүйектері сынғанына көзді жеткіз.
3.Манипуляция барысын түсіндір.
4.Қолды антисептикпен өңдеп резеңке қолғапты ки.
5.Ауырсыну сеімін бас – 2мл 2% промедол ер-ң б/е енгіз.
6. Науқастың омыртқа бағанасын майыстырмай, төрт адам бірдей, абайлап қатты зембілге немесе қалқаңға жатқызады.
7.Науқастың аяғын тізе буынында бүгіп, арасын ашып қой.
8.Тізе астына валик сал. («Бақа тәріздес қалып»).
9.Науқастың тізелерін орамалмен немесе ақ жайма бөлігімен валикке мықты қылып байлап, қой.
10. К/т 500мл полиглюкин ер-ң тамшылатып енгізу, кордиамин 2 мл к/т.
11. Резенке қолғапты шешіп КБСУ-ға таста.
12. ҚҚ, тамыр соғысын, тынысын жол бойы бақылау.
13. Травматология бөлімшесіне тасымалдау.
30. Сол жақ балтырдың «Ұзақ жаншылу синдромында» (Краш-синдром) БМК көрсету.
Мақсаты: Бірінші медициналық көмек көрсету.
Көрсеткіші: Ұзақ шаншылу немесе «Краш» синдромы.
Ресурстар: Резенке тартпа, залалсыз резеңке қолғаптар, тері антисептигі, шприцтер, жүйелер, залалсыз мақта домалақтары, 70% этил спирті, кетотоп 100мг, трамадол 4мг, эластиқалық бинт, мұзды мүйықтар, жақтаулар, реополиглюкин 400мл, 2% промедол, 0,5% реланиум, КБСУ.
Әрекет алгоритмы:
1. .Науқастың жағдайын бағала.
2.Науқасты тыныштандырып, манипуляция барысын түсіндір.
3. Қолды антисептикпен өңдеп, резенке қолғапты ки.
4. Жара болса қарап шық.
5. Жара шеттерін өңде (стандартты қара), таңғыш байла.
6.Б/е 100 мг кетотоп немесе 4мг трамадол еңгіз.
7.Жаншылудан жоғары жерге, басып тұрған затты алмай тартпа салу, сонан соң затты алу.
8.Эластиқалық бинтпен аяқ немесе қолды орап, тартпаны шеш.
9.Зақымдаңған дене бөлігінін үстіне мұзды мүйіқтарды қой.
10.Жақтауды сал.
11.К/т 400 мл реополиглюкинды еңгіз.
12. Резенке қолғапты шешіп КБСУ-ға таста.
13.Хирургиялық стационарға тасымалда.

Приложенные файлы

  • docx 15915986
    Размер файла: 964 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий