МДЛ 1


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Мектепке дейінгі мекемедегі Логопед жұмысында компьютерлік технологияларды қолдану Жоспар: Кіріспе1. Негізгі бөлім1.1. Компьютерлік технология логопед жұмысының тиімді әдісі ретінде.1.2. Компьютерлік технологияларды мектепке дейінгі мекемедегі логопед жұмысында қолдану аясы1.3. Компьтерлік технологияны сабақта пайдаланудағы және балаларға білім берудегі ерекшеліктері1.4. Тіл кемшіліктерін жоюда логопедиялық түзету жұмысындағы компьютерлік технологияларҚорытынды Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, - компьютер, - интерактивті тақта, - интернет, - компьютер – мультимедиялық құрал, - электрондық оқулықтар - оқу-әдістемелік кешен, - инновациялық ақпараттық банк, - инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Ақпараттық технология - обьектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтер жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.Компьютерлік технология - компьютерлік өңдеу базасындағы ақпараттық технология. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі – мультимедиялық оқулықтарды балабақшада кеңінен пайдалану оқу іс-әрекеттерін жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік туғызары анық. Бұл жағдайда логопед әр оқу іс-әрекеттерін өткізер алдында жиі-жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал мультимедиялық оқулықтар арқылы логопед уақытты тиімді және ұтымды пайдаланары айқын. Логопед жұмысында мультимедиялық оқулықтарды қолдану – біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді. Мультимедиялық оқулықтар балабақша бүлдіршіндеріне арналған таптырмас құрал. Себебі, бұл кезеңдегі балалардың зейіні әдемі түстерге, әдемі ойыншықтарға, әдемі суреттерге, яғни, әдемілікке, әсемдікке әуес болады. Логопедиялық сабақтарда әр түрлі әдемі, ұнамды, жағымды суреттер негізінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану балалардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Заманауи өзгерістердің толқынында тіл кемшіліктерін жою жолындағы жаңа ақпараттық технологияларға үлкен мән беріліп, жалпы логопедия ғылымының өзекті мәселелердің біріне айналып кетті. Компьютерлік технологиялар түзету-дамыту жұмысының әсерлі әрі тиімді әдісі ретінде алдыңғы қатарға шығып отыр. Олар дәстүрлі сабақтардың құрамына енгізіліп, қосымша инновациялық технологиялар элементтерінің көмегімен тұтас логопедиялық сабақтың іс жүзіне асыруын қамтамасыз етеді. Өз жұмысында компьютерлік технологияларды қолданатын логопед компьютердің балалар денсаулығына тигізетін кері әсерін жоққа шығаруы тиіс. Жаңа ақпараттық технологиялардың қатысуымен сабақты ұйымдастыру барысында балалардың физиологиялық, жастық және зияткерлік мүмкіндіктерін білу маңызды. Оқытудың дамытушылық қағидасын және ағымдық педагогикалық міндеттерін негізге ала отырып, компьютерлік бағдарламаны таңдау мен қайталау жөн, мұнда балалардың жүйке жүйесінің түрін, қызығушылықтар мен құмарлықтарын, оқыту тілін ескеру қажет.  Компьютерлік технологияларды қолдану арқылы қамтамасыз етіледіЖүйелілік және бірізділік қағидаларына сәйкес, компьютерлік бағдарламаның тапсырмалары біртіндеп күрделене түседі, бағдарлама жеке келіс арқылы әр баламен дербес түзету жұмысын жасауға мүмкіндік береді.  Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар нарығында көптеген дамытушылық ойындар мен бағдарламалар бар. Қызықты оқиғалар оқудың ойындық элементтеріне жауапты. Бұл мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы үшін өте маңызды. Өйткені, компьютерлік бағдарламалардың мақсатына тек білім беру мен оны бекіту ғана жатпайды. Сонымен қатар, ол эмоционалдық сергітуді көздейді, танымдық нәтижелі әрекетті қоздырады. Қолданыста дайын бағдарламалар және тіл кемшіліктерін ескеретін шығармашылық өзіндік тапсырмалары бар. Дайын бағдарламалар, жиірірек, өткен материалдың көлеміне сәйкес келмейді. Осы себепте, соңғы кездерде, логопедтер бағдарламалаушымен бірігіп, авторлық дамыту бағдарламаларын құрастыруға бет алған. Дегенмен, бүгінгі таңда, ұлттық тілде жазылған, түрлі-түсті көркемделген, тіл кемшіліктерін жоюға және дамытуға арналған бағдарламалардың тапшылығы байқалады. Осы қарама-қайшылықтардың орнын басу мақсатында, қазақ тілінде оқитын, мектеп жасына дейінгі балалардың тіл кемшіліктерін түзету үшін арнайы бағдарлама құрастырылған. Бағдарлама төрт бөлімді тапсырмалардан тұрады: Ұшақты ұшыру жаттығуыБұл жаттығуда келесі мүмкіндіктер қолданылды: − Ұшақты құру үшін қарапайымдар мен булев операциялары қолданылған;− Объектінің мөлдірлігі үшін материалдар қасиетіндегі opacity командасы қолданылған;− Талдар қарапайымдар арқылы құрылған;− Жазықты бұрмалау үшін Noise модификаторы қолданылған. Арыстанның ырылдауыОсы жаттығуда келесі мүмкіндіктер қолданылды:Стандартты және қосымша қарапайымдар: (сфера, цилиндр, жазықтық, OilTank-қосымшаға жатады);− Қарапайымдарға модификаторлар қолданылған: streach;− Булев операциялары: азайту, қиылысу, біріктіру;− Материалдар;− Камера;− Негізгі анимация. Осы жаттығуды орындау барысында келесі мүмкіндіктер қолданылды:− RenderingàEnverioment командасы арқылы фон құру;− Дайын үлгілердің ішінен адамның моделін алу;− Эллипстің түсін қызылға өзгерту, өлшемдерін беру;− Негізгі анимациясын құру;Тіл гимнастикасы Дыбысты жазуға және ойнатуға араналған «Звукозапись» атты бағдарламасының терезесіКелесі қадамда дыбыс жазуға көшеді. Дыбыстық файлдарды дайындауға және өңдеуге арналған көптеген бағдарламалар бар. Олардың ішіндегі ең қол жетімдісі және қарапайымы ол Windows операциялық жүйесіндегі «Звукозапись» атты бағдарламасы. WAVE цифрланған дыбысты сақтауға арналған ең көп таралған форматтардың бірі. Дыбыстық файлдардың өлшемі олардың параметрлерінің сапасына қарай алуан түрлі өзгереді, мәселен, жиілігіне, жазу элементінің ұзақтығына, моно, әлде стерео ма және т.б. екеніне байланысты. Көлемі жөнінен дыбыстық файлдар уақыт ұзындығы бірдей цифрланған бейне файлдарға қарағанда әлде қайда аз орын алады, сондай-ақ, желімен де тез тасымалданады. Күнделікті жұмыстарда жаңа технологияны қолданудың өзі дәстүрлі әдіс- тәсілдерге қарағанда тиімдірек.Мысалы логопедиялық тренажер «Дельфа -142» ді қолдану арқылы төмендегідей логопедиялық міндеттерді жүзеге асырауға болады:— Тыныс алуды реттеу;— дауыс күшін жетілдіру;— дыбыстың мұрын асты айтылуын түзету;— дауысты, дауыссыз дыбыстарды түзету;— дыбыстық анализ және синтез;— лексико-грамматикалық құрылымын қалыптастыру;— байланыстырып сөйлеуін дамыту;— сөздік қорын жетілдіру; Тұтықпа диагнозымен келген балаларға диафрагмалық тыныс алуды қалыптастыру мақсатында, алдымен тыныс алу жаттығуларын орындату керек.Фролов тренажерымен қатар, логопедиялық тренажердағы торттағы шамды үру, шәйды суыту, шыршаны жағу сияқты жаттығуларды 3-4 реттен орындатуға да болады.Дауыс күшін жетілдіру мақсатында «Колобок», «Бегемотик»жаттығулары орындалады.Дауысты дыбыстардың айтылуын жетілдіру мақсатында «Вертолет», «подводная лодка» жаттығуларын орындатуға болады.Сол сияқты «Дельфадан» басқа да «Игры для тигры» логопедиялық бағдарламасымен жұмыс жасалынады. Оның да мақсаты осы тектес, айырмашылығы мектеп жасына дейінгі, бастауыш мектеп жасындағы балалардың мүмкіндігіне қарай тапсырмалар жинақталған.«Говори правильно», «Грамотей» бағдарламалары да түзету бағыттарын құрылған. Балаға қысқа уақыт ішінде дыбыстық анализ бен синтезді меңгеруге, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратуға көмектеседі.Бұл жұмыстар орыс тілінде болғанмен орындалуы жеңіл, балаға түсінікті. Компьютерлік технологиялармен жүзеге асатын логопедиялық бағдарламалар танымдық әрекеттің, ұсақ моториканың, ерік-жігер саласының белсеңдетуін туғыздырады. Ал оның ең негізгі міндеті-тіл кемшіліктерін түзету-тиімді және қызықты тұрпатында өтеді. Білім беру жүйесінде, түзету-дамыту саласындағы жаңа ақпараттық технологияларды қолдану, балалардың психикалық дамуының заңдылықтарын ескере отырып, түзету, оқуыту-дамыту, сақталған механизмдердің негізінде компенсаторлы міндеттері шешеді. Қорытынды Қолданылған әдебиеттер:1. Беспалько В. П. Образование и обучение с участием компьютеров (педагогика третьего тысячелетия)// Москва - Воро-неж- Изд-во Моск. псих.-пед. ин-та- Изд-во: НПО «Модэк»- 2002.2. Королевская Т. К. Компьютерные интерактивные технологии и устная речь каксредство коммуникации: достижения и поиски. //Дефектология. - 1998. - № 1.с.47-55.3. Кукушкина О. И. Компьютер в специальном обучении. Проблемы. поиски, подходы //Дефектология. 1994. - № 5.

Приложенные файлы

  • pptx 15911257
    Размер файла: 297 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий