HLA жүйесі, құрылысы, қызметтері Трансплантациялық иммунитет негіздері


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

HLA жүйесі, құрылысы, қызметтеріТрансплантациялық иммунитет негіздері Негізгі гистосәйкестік комплексі (НГК) (Major Histocompatibility Соmplex - MHC) – жасушалық иммундық реакцияларда маңызды қызмет атқаратын организмнің жасушаларындағы беткей ақуыздар тобы. Адамның НГК-сі HLA (Human Leukocyte Antigen) деп аталады. HLA 1952 жылы лейкоциттер антигендерін зерттеу кезінде ашылған. HLA антигендері жасушалардың бетінде орналасқан гликопротеидтер. HLA антигендері бөгде антигендерге қарсы иммундық жауапты реттейді және өздері де күшті антиген болып табылады. Хромосоманың құрылысы HLA генінің 6 хромосомада орналасуы НГК-нің қызметтері:1) иммундық жауап кезінде жасуша аралық әрекеттесуді іске асырады. НГК молекулаларының көмегімен бөгде антигендік материал Т-жасушалық антигенді танушы рецепторларға таныстырылады (презентация). НГК-нің қызметтері:2) HLA-аймақ организмнің жалпы иммунологиялық реактивтілігіне жауапты болып табылады.HLA-аймақта организмді белгілі антигенге қарсы иммундық жауап түзуге қабілетті ететін арнайы иммундық жауап гені (Ir - immune response) болады, және бұл қызмет ауруларға бейімділікті анықтайды. Гистосәйкестік гендері екі топқа бөлінеді: I-топII-топ Гистосәйкестік генінің I-тобы: Қалыпты жағдайда HLA жүйесінің I-топтағы антигендері барлық ядросы бар жасушаларда болады. I-топтағы HLA молекуласының структурасы Альфа-полипептидті тізбектері: 340 аминоқышқыл қалдықтарынан құралып, жасушадан тыс үш доменнен (альфа1, альфа2, альфаЗ), бір трансмембраналық бөліктен және цитоплазма ішілік «құйрықтан» тұрады. Бета-тізбегі 100 аминқышқылынан құралған жасушадан тыс домені бар бета-2-микроглобулин болып табылады.«Пептидті байланыстырушы жүлге» екі альфа-спиральдан («қабырға») және антипараллельді бета-қатпардан («түбі») пайда болады. HLA I молекуласының көрінісі HLA I молекуласының антигенді таныстыру (презентация) механизмі HLA I тобының молекуласы антигеннің пептидтерін Т-лимфоцит-киллер/супрессорларға таныстырады (презентация) Гистосәйкестік гендерінің II-тобы: HLA II-тобы В-лимфоциттерде, макрофагтарда және дендриттік жасушаларда (яғни антигенді презентациялаушы жасушаларда) болады. Гамма-интерферон сияқты цитокиндердің әсерімен HLA II-тобының молекулалары Т-лимфоциттерде, эндотелиалды және эпителиалды жасушаларда да болуы мүмкін. HLA II-тобы молекуласының структурасы Альфа-тізбектері мен бета-тізбектері 230 аминқышқылының қалдықтарынан тұратын жасушадан тыс екі доменнен (альфа 1 и альфа 2, бета 1 и бета 2) және трансмембраналық бөлік пен плазма ішілік «құйрықтан» құралған.Пептидті байланыстырушы жүлге альфа және бета полипептидті тізбектердің альфа 1 және бета 2 домендерінен түзілген: олардың альфа-спиральдері «қабырғасы« және антипараллелді бета-қатпарлары «түбі» болып табылады. HLA II молекуласының көрінісі HLA II молекуласының антигенді таныстыру (презентация) механизмі HLA II-тобының молекуласы антигеннің пептидін Т-лимфоцит-хелперлерге таныстарды. CD4 молекуласымен CD8 молекуласымен Т-жасушалардың беткей молекулаларымен байланысуы T-хелперлерге Т-киллерлерге Пептидтерді Т-жасушаларға таныстыруда қатысуы В-лимфоциттерде, моноцит-макрофагтарда, дендритті жасушаларда, белсенген Т-лимфоциттерде, эпителиалдық және эндотелиалдық жасушаларда Ядросы бар барлық жасушаларда Ұлпаларда орналасуы HLA – DP, DQ, DR HLA – A, B, C Генетикалық локустар II топ I топ Сипаттамасы HLA жүйесі антигендерінің сипаттамасы Трансплантациялық иммунитет Трансплантацияның түрлері Аутотрансплантация - өз ұлпаларын қондыруАллотрансплантация – бір биологиялық түрдің ішінде мүшелер мен ұлпаларды қондыруКсенотрансплантация - әртүрлі биологиялық түрдің ішінде мүшелер мен ұлпаларды қондыруИзотрансплантация – ұқсас егіздер арасындағы немесе генетикалық ұқсас жануарлар арасындағы қондырулар Трансплантаттың кері тебілу түрлері Аса жедел – реципиенттің қан ағымына трансплантатты қосқан бойда дамидыЖедел – трансплантациялаудан кейін бірінші аптада дамидыСозылмалы – бірнеше айдан немесе жылдан кейін дамиды Аса жедел кері тебілудің ерекшеліктері Реципиентте алдын ала антиденелердің болуыГуморалдық иммундық жауаптың түзілуіИммундық жауапта комплемент жүйесінің қатысуыГемокоагуляция механизмінің іске қосылуыФибрин түзіліп, қан тамырларында тромб пайда болуы. Жедел кері тебілудің ерекшеліктері Иммунсупрессивтік емнің жетіспеушілігіЖасушалық иммундық жауаптың түзілуіТ-лимфоциттердің (Тк, Тх) қатысуыПептидтер донордың жасушаларымен (лейкоцит-пассажир) таныстырыладыДонордың антигендері HLA I және HLA II молекулаларында орналасады. Созылмалы кері тебілудің ерекшеліктері Иммундепрессиялық емнің жетіспеушілігіГуморалдық иммундық жауаптың түзілуі (антиденелер қатысады)Қан тамырында фибриндік тромбтардың ұзақ уақыт ішінде пайда болуы (антиденелердің концентрациясы төмен)

Приложенные файлы

  • ppt 15909594
    Размер файла: 420 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий