stud.kz_101729384


КІРІСПЕ
Имараттар мен ғимараттар, тұрғын үйлер, инженерлік, ауылшаруашылық құрылыстарын салуды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері бар. Құрылыс құрастыру жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолы – құрылысты кешенді әдіспен және технологиялық ретімен жүргізу.
Құрылыс өндірісінің технологиясы құрылыс жұмыстарына және процесстерге бөлінеді.
Құрылыс жұмыстары – жер жұмыстары, бетон және темірбетон, құрастыру, әрлеу және т.б. өзара құрылыс процесстеріне бөлінеді. Мысалы, жер жұмыстарын жүргізу үшін мына процесстерді орындау қажет: жердің өсімдік қабатын бульдозермен тіліп алу, жер бетін тегістеу, топырақты көлікке тиеп қазу, ордың түбін тазалау және т.б.
Құрылыс жұмыстары үш кезеңге бөлінеді: дайындық жұмыстары – жер астындағы құрылыстар (нөлдік цикл), жер үстіндегі құрылыстар және әрлеу жұмыстары (сылақ, бояу).
Жер жұмыстарының құрамына: аймағы мен алаңдарды тік тегістеу, қазаншұңқырлар мен орларды қазу, қайырымды топырақпен толтыру, кейбір жағдайларда алдын ала қопсыту, су ағызу, су бұру және сулардың деңгейін төмендету кіреді.
Жер жұмыстарының көлемі мен сипаттамасы тұрғызылатын имараттар мен ғимараттардың көлем жобалық және құрылымдық шешімдерінің ерекшеліктерімен анықталады.
Ғимараттардың жер асты бөлімін жасау үшін қаңқаның және технологиялық жабдықтардың іргетастарының астына қазаншұңқыр қазылады, іргетас қуыстары топырақпен толтырылып тығыздалады, инженерлік және ішкі жерасты коммуникациялар кіргізу үшін ұзын орлар қазылады. Кейбір көп қабатты өнеркәсіптік имараттарда технологиялық не болмаса басқа да талаптарға сәйкес, кейде бір қабатты өнеркәсіптік имараттардыңжеке бөліктерінде үй асты құрылыстар салынуы мүмкін. Бұлар үшін де қазаншұңқыр қазу жер жұмыстары өндірісінің жалпы тасқынында орындалады.
Үй асты құрылыстары жоқ тұрғын азаматтық және ауылшаруашылығына арналған имараттарды тұрғызу үшін олардың іргетастарына қазаншұңқыр және орлар қазылады, ал үй асты құрылыстары болған жағдайда да қазылады.
Терең отырғызылатын имараттар мен ғимараттарды тұрғызғанда қазаншұңқыр тегіс қазылады.
Құрылыс алаңын тегістеудің негізгі мақсаты – әртүрлі имараттар мен ғимараттарға бөлінген жердің табиғи бетін тегістеп, жоба белгісіне келтіру және территорияны жайғастыру.
Тегістеудегі жер жұмыстарына топырақты оймалардан қазып алып, үйінділерге ауыстырып, төгіп және тығыздау кіреді.
Ойпаң учаскелердегі алаңдарды тегістеу жұмыстарын коммуникациялар және іргетастарды орнатқанша, ал үйінді участкелерде – ғимаратты орнатқаннан кейін жүргізеді.
Жер жұмыстарының барлық процесстерін кешенді механикаландыру әдісін және жұмыс өндірісінің тиімді тәсілдерін қолдана отырып іске асыру керек.
Жер жұмыстарын орындайтын машиналарды таңдау топырақтың түріне, жердің бедеріне, жер жұмыстарының көлемі мен тереңдігіне, жұмысты орындау жағдайына, көлік құралына және топырақты ауыстыру қашықтығына байланысты.
Негізгі жер қазатын машиналарға бір және көп шөмішті экскаваторлар, ал жерді қазып тасымалдаушыларға – бульдозерлер мен скреперлерді пайдаланады.
Құрылыста өзінің қопсыту қабілетінің және жоғары өнімділігінің арқасында өте кең тарағаны бір шөмішті экскаваторлар. Жұмыс жағдайына байланысты олар тік, кері күректі болады және грейферлермен жабдықталады.
Экскаватордың жұмыс істейтін алаңы көлік құралдары тұратын және топырақ үйетін жерлерді қоса есептегенде «қазым», ал оның жылжып отырып алған топырақ учаскесі «өтіс» деп аталады.
Скеперлерді жер жұмыстарын орындау үшін пайдаланады және келесі операцияларды орындайды: топырақты қабаттап өңдеу, алған топырақты тасымалдау, топырақты қабатпен үйіндіге үю. Оларды шұңқыр, қазаншұңқыр және ұзын орлар топырақтарын өңдеуге, қор топырағынан үйінді жасағанда; каналдар салғанда; бөгеттерге топырақ төсегенде; құрылыс және басқа алаңдар, суарылатын жер және ауылшаруашылық жерлерді тегістеуге пайдаланады.
Топырақты скепермен тілу үш тәсілмен орындалады: дағдылы, тарақты және қабырға-шахмат тәрізді.
Бульдозерлер топырақты тілу, тасу, түсіру операцияларын орындау және іргетастарға қазаншұңқыр және ұзын орлар өңдеу үшін арналға; бір жақты немесе екі жақты қорлардан биіктігі 2м дейін үйінді жасау; 50-100м қашықтықтағы үйінділерге тасып, ойманың топырағын өңдеу; қуыстарды, қазаншұңқырларды, ұзын орларды және т.б. жабу; алаңдарды және көлік құралынан түсірілген топырақты тегістеу үшін қолданылады.
Топырақты бульдозермен тілу мынадай үлгілер бойынша орындалады: тікбұрышты, сыналы және тарақты.
1 Жер имараттарының түрін және өлшемдерін анықтау
Жер жұмыстары кешенді процесс болып саналады. Оның құрамына әдетте топырақты үйіндіге төгіп немесе көлік құралдарына артып өңдеу, оны ауыстыру, табанды тазалау, топырақты тегістеу және тығыздау жатады.
Осы жұмыстардың барлық түрі олардың көлемдеріне байланысты негізгі және қосымшаға бөлінеді. Және де негізгі жұмыстар көлемі, еңбек сыйымдылығы және құны бойынша үлкен үлес салмағымен сипатталады.
Негізгі және қосымша жұмыстар біржолата көлемін есептеп және жұмыс тәсілін таңдаған соң анықталады. Осыдан кейін орындалатын жұмыстардың көлеміне сәйкес жұмыс өндірісінің әдісін таңдау, машина және механизмдер, қосалқы құралдарды таңдау жөне есептеу жасалады, жер жұмыстарының ұйымдастырылуы және кезектілігі, олардың құны және ұзақтылығы анықталады.
Қазаншұңқыр мен траншейлердің өлшемдері, олардың еңістерінің қисығына және жұмысшылардың іргетас айналасында қолайлы қызмет етуін қамтамасыз ететін олардың түбінің кеңдігінің есебіне, сондай-ақ іргетас астын дайындау құрылғысына сай қабыланады.

Сурет 1. Қазаншұңқыр өлшемін анықтаудың сұлбасы
Қазаншұңқыр тереңдігі Н, топырақты механикалық әдіспен өңдегенде алынбайтын қабатты қоса есептеу негізінде анықталады:
Н = (Н2 – Н0) + һтөсем – һалынб. қабат (1)
мұндағы Н2,Н0 – тапсырма бойынша алынады; һтөсем=0,1 м – іргетас астына салынатын бетон төсемінің қалыңдығы; һалынб. қабат=10см=0,1 м.
Сонда
Н = (-2,6 – 0) + 0,1 – 0,1 = -2.6м тең болады.
Жер деңгейіндегі қазаншұңқырдың ені мына формуламен анықталады:
d = b + 2 H · m (2)
Формулаға берілген мәндерді қойғанда табатынымыз
d = b + 2 H · m= 0,95 + 2· 2.6· 0,75 = 4.85 м
мұндағы m топырақ түріне және қазаншұңқыр тереңдігіне байланысты алынады. Бізде топырақ саздақ (суглинок) және Н = 2.6 м болғандықтан m = 1:0,75 тең.
Егер іргетас тұтас монолитті плита түрінде құйылса, онда іргетас асты түгелдей өңделеді. Ал егер іргетас жеке блоктардан орындалса, онда қазаншұңқыр үш нұсқада өңделеді: жалпы қазаншұңқыр түрінде, траншей түрінде, әрбір жеке іргетас блогының астына жеке қазаншұңқыр түрінде орындалады.
2 Жер қазу жұмыстарының көлемін анықтау
2.1 Жер қазу жұмыстарының көлемін есептеу
Жер имараттарының көлемі топырақтың тығыз денедегі геометриялық өлшемі бойынша есептеледі. Сол үшін толық аралығын (пролет) және қадамын (шаг) анықтап,
а = 15 · 6 = 90 м
в = 16 · 4 = 64 м
осы мәндерді негізге ала отырып қазаншұңқырдың ұзындығы мен енін табамыз
а = 60 + А = 90 + 3 = 93 м
в = 48 + В =64+ 2.5 = 66.5 м
Онда қазаншұңқыр ауданы мынаған тең болады:
F1 = a · в = 93 ·66.5 =4693,5м2(3)
Тазаланатын құрылыс ауданы былай анықталады
F2 = (a + 2H2)·(в + 2H2) = (93+2∙2,6) ∙ (66,5+2∙2,6)= 98,2∙71,7=7040,94м2(4)
Ал топырақтан тіліп алынатын өсімдік қабатының көлемі мына теңдік негізінде табылады:
Vөсм қаб = F2 · һөсм қаб=3414,75∙ 0,25=32,5 м³;
(5)
мұндағы һөсм қаб = 0,25 м – тіліп алынатын өсімдік қабатының қалыңдығы.
Төрт бұрышты қазаншұңқыр көлемі мына формуламен анықталады:
Vж=Н/6[A∙B+c∙d+(A+c)∙(B+d)]=2,6⁄6(223,5+4693,5+20231,04)=10813,65м3 (6)
мұндағы, а1 = а + 2d = 63+ 2 · 4,85 = 72,7 м
в1 = в + 2d = 74,5 + 2 · 4,85 = 84,2м тең.

Сурет 2. Қазаншұңқыр көлемін анықтаудың сұлбасы
2.2 Жер имаратының түбін тазалау жұмысының көлемін есептеу (алынбайтын қабатты өңдеу) және жобалау
Топырақтың алынбайтын қабатын өңдеу қол әдісімен немесе арнайы механикаландырылған жабдықтармен жүзеге асырылады. Іргетас орнатылатын жердегі алынбайтын қабат қалыңдығы 5−10 см аспауы қажет. Қазаншұңқыр түбін тазалау жұмысының көлемі мына формуламен есептелінеді:
Vтазаланатын = F · hалынбайтын қабат (7)
мұндағы F – қазаншұңқыр түбінің ауданы, м2; hалынбайтын қабат – алынбайтын қабат қалыңдығы, м (5−20 см).
(7) формулаға мәндерді қоямыз
Vтазаланатын = 4693∙0,1 = 469,3 м³;
Қол әдісімен өңделетін топырақ көлемін анықтайтын формула
Vқол = Vқазаншұңқыр · 0,07 = 10813,65 · 0,07 = 756,91 м3 (8)
Қазаншұңқыр немесе траншейдің түбі бүкіл ауданы бойынша тазаланады және жобаланады. Уақытша жер имараттарының еңістері тіліп алу мен жобалаудышаблон бойынша орындауды талап етеді. Бұл жұмыстарды орындауға арнайы қайырмамен жабдықталған бульдозерлер және жобалаушылар қатысады.
Топырақты өңдеу көлемін есептеместен бұрын қазаншұңқырды қалай қазу керектігін нақтылап алу керек: бекітпелі немесе еңісті түрде. Әдетте құрылыс-монтаж жұмыстары тар жағдайда орындалғанда немесе жер жұмыстары батпақты топырақтарда жүргізілгенде қазаншұңқыр қабырғасы бекітпелі түрде орындалады.
Жер жұмыстарының көлемін дұрыс есептеу үшін қазаншұңқыр және ұзын орлардың мөлшерін жұмыс өндірісінің жағдайын есепке алып анықтау керек. Мысалы, таспалы іргетасқа ұзын орлар өңдегенде оның түбінің ені іргетастың еніне тең болып алынады және құмнан немесе бетоннан дайындық жасау үшін әр жағына тағы 0,2 м қосады.
Егер ұзын орды өңдеу бекіткішпен жүргізілсе, онда оны орнату үшін тереңдігі 2 м дейін, түбінің ені 0,1 м, ал 3 м дейін – 0,2 м кеңейту керек және т.с.с.
2.3 Қайта толтырылатын топырақ көлемін есептеу
Іргетастар саны нұсқадағы ғимарат сұлбасына сай есептеледі. Бұл курстық жобада құрама темірбетонды стакан типті іргетастар (салмағы 2,5−3,5 т) қолданылды.
Экскаватормен өңделетін топырақ көлемі мынаған тең:
Vэкскаватор = Vқазаншұңқыр – Vөсм.қаб − Vтазаланатын = 8505,57-1358,885-469,35=8181,21м³; (9)
Қайта толтырылатын топырақ көлемі жер имараттарының жұмыс сұлбасы негізінде есептеледі (сурет 3).





Сурет 3. Қайта толтырылатын топырақ көлемін есептеуге арналған сұлба
Өңдеуден бұрын топырақ қопсытылады, ол топырақ көлемінің ұлғаюына әкеледі.
Жеке іргетасты толтыруға кететін топырақ көлемі мына формуламен есептеледі
Vқайта толтыру=Vқазаншұңқыр-VіргетасКқалд.қопсу (10)
мұндағы Vқазаншұңқыр- қазаншұңқыр көлемі, м3; Vіргетас-іргетастың геометриялық көлемі, м3; Кқалд.қопсу- топырақтың қалдық қопсу коэффициенті, ол мына формуламен анықталады
Кқалд.қопсу=100+Р100=100+18100=1,18 (11)
мұндағы Р – топырақтың қопсу көрсеткіші, %; саздақ топырақ үшін Р= 12−24 тең.
Іргетас көлемі мына формуламен табылады
Vіргетас = (Vнегізг + Vжоғ.бөлік)nіргетас(12)
Vнегізг = А · В · 0,5 + а · в (Н2 – 0,5) = 3*2,5+1,65∙1,05(2,5-0,5)=10,965м3 ,
(13)
Vжоғ.бөлік = а · в (Н2 – 0,5) = 1,65∙1,05(2,5-0,5)=3,46 м3,(14)
Осы табылған мәндерді (12) формулаға қойып табатынымыз
Vіргетас = (Vнегізг + Vжоғ.бөлік)nіргетас=(10,965+3,46)∙55=793,375 м3
Сонда қайта толтыру көлемі мынаған тең
Vқайта толтыруКейде қайта толтыру үшін қазылған топырақты түгел немесе бір бөлігін ғана тасымалдауға тура келеді. Бұл жергілікті топырақ қайта толтыруға (қар қоспалы тоң топырақ, бөгу (пучения) қасиеті бар саздар және т.б.) жарамағанда орын алады. Бұл жағдайды тасымалдайтын көлік санын анықтағанда және жұмыстың күнтізбелік жоспарын құрғанда ескеру керек.
2.4 Қайта салынған топырақты тығыздау көлемін есептеу
Тығыздалатын топырақ көлемі қайта салынатын топырақ көлеміне тең:
Vтығызд. = Vқайта толтыру (15)
Қазаншұңқыр қойнына қайта салынып тығыздалатын топырақ көлемі мына формуламен анықталады:
Vқолмен тығызд = κ·· Sбүйір бет (16)
мұндағы Vқолмен тығызд – қайта салынған топырақты қол әдісімен тығыздау көлемі, м3; κ – тығызғаушы машинадан іргетасқа дейінгі минимальды қашықтық (0,5−0,8 м), м; Sбүйір бет – іргетастың бүйір бетінің ауданы, м2.
Sбүйір бет=А∙0,5+аН2-Н1-0,5∙2+В∙0,5+вН2-Н1-0,5∙2==[((3∙0,5) + 1,65∙(2,5-0,15-0,5)∙2) +((2,5∙0,5) + 1,05∙(2,5-0,15-0,5)∙2]=15,885
(17)
Белгілі мәндерді (16) формулаға қойып, бір іргетас айналасындағы қолмен тығыздалатын топырақ көлемін анықтаймыз
Vқолмен тығызд = 0,7∙15,885=11,11м3
Осыны негізге ала отырып жалпы қолмен тығыздалатын топырақ көлемін анықтаймыз. Ол былай есептеледі:
Vжалпы қолмен тығызд. = Vқолмен тығызд · nіргетас = 11,11∙55=611,05м3(18)
мұндағы nіргетас – іргетас саны.
Қайта салынып механикалық әдіспен тығыздалатын топырақ көлемі мына формуламен анықталады:
Vмех тығызд = Vқайта толтыру− Vқолмен тығызд = 8491,7-11,11=8480,59м3 (19)
Ал тығыздалған топырақ ауданы мына формуламен табылады:
Fтығызд=Vқайта толтыруhтығызд=8491,7/0,2=41458,5м2(20)
мұндағы Fтығызд-тығыздалатын топырақ ауданы, м2; hтығызд-тығыздалатын қабат қалыңдығы, м.
3 Жер кавальерлерінің орналасу сұлбасын есептеу
Әдетте қайта толтыруға арналған топырақ қазаншұңқыр жарқабағынан 1 метрден кем емес қашықтықта ұзын бойлық кавальер түрінде орналасады. Ол үшін қайта толтыруға қажетті топырақ көлемін міндетті түрде анықтап алу қажет. Мысалы, тәжірибе жүзінде сазды топырақ қайта толтыруда қолданылмайды, сондықтан түгелдей құрылыс алаңының сыртына шығарылып тасталады.
Топырақтың алғашқы қопсу коэффициентін немесе қопсу көрсеткішін есепке алу негізінде анықталғандай, кавальер көлемі қайта толтыру көлеміне тең.
Топырақтың орналасу алаңын анықтау үшін міндетті түрде имарат сұлбасы бойынша қазу құралдарының жүру және өту жолдарын есепке ала отырып, кавальердің ұзындыңын тағайындайды. Кавальердің биіктігі 1,5 метрден 3 метрге дейінгі аралықта тағайындалады.
Кавальер ені мына формуламен анықталады:
Вкав=2∙Vкавhкав∙Lкав=2∙8491,73∙120=47,1 м (21)
Мұндағы Вкав- кавальердің ені, м; Vкав- кавальердің көлемі, м3; hкав- кавальердің биіктігі, м; Lкав- кавальердің ұзындығы, м.


Сурет 4. Кавальерді есептеуге арналған сұлба
Қазаншұңқырлар жасағанда келесі жұмыс процесстері орындалады: жиекке төгу немесе көлік құралына артып топырақты өңдеу; топырақты ауыстыру немесе тасымалдау; түбін тегістеу; топырақты тегістеп және тығыздап қайта көму.
Қазаншұңқыр өңдеуі топырақты көлік құралына артып, тік күрекпен жабдықталған экскаваторлармен жүргізіледі. Экскаватор шөмішінің сыйымдылығы топырақтың сипатына, жұмыс көлеміне және қазаншұңқыр тереңдігіне байланысты таңдап алынады.
I−III топтағы топырақтарда жұмыс көлемі 10 мың м3 дейін және IV топтағы 5 мың м3 дейін пайдалануға шөміш сыйымдылығы 0,5−0,65 м3 экскаватор, I−III топтағы топырақтарда жұмыс көлемі 10−25 мың м3 дейін, IV топтағы топырақтарда жұмыс көлемі 5-тен 15мың м3 дейін шөміш сыйымдылығы 0,8-10 м3, үлкен көлемді жұмыстарда −1,25 м3 экскаваторлар ұсынылады.
Қазаншұңқырлар маңдайша (бойлай) және қабырғалы (бүйірлі) өтістермен өңделеді. Өтістер саны және олардың параметрлері экскаватордың жұмыс циклін ең аз уақытта қамтамасыз етуімен аныөталады.
Қазым биіктігі ең үлкен қазу биіктігінен артық және шөмішті толтыруды қамтамасыз ететін шамадан кем болмауы керек.
Қабырғалы өтісті қолдану топырақты ұзын ордан, үлкен аралыққа төгуге мүмкіндік береді, бірақ бұл жағдайда өтіс ені ойма үстімен ең үлкен тілу радиусынан, ал тереңдігі қазбаның 0,75 ең үлкен тереңдігінен аспайды. Қазымды маңдайша әдісімен өңдеу тереңдігі және ені ең үлкен ұзын орды өңдеуге мүмкіншілік береді.
4 Жер қазу жұмыстарына қажетті негізгі машиналар мен механизмдерді таңдау
Кешенді механикаландырылған жұмыстарды орындау машиналар кешенінің көмегімен жүзеге асырылады, олар бірін-бірі толықтырып отырады, негізгі параметрлері бойынша өзара байланысты және технологиялық тізбек негізінде орналасады.
Машина және механизмдерді, сондай-ақ жұмыс өндірісінің әдістерін таңдағанда мыналарды ескеру қажет: топырақ түрін, жер имараттарының өлшемдерін, жерасты суының деңгейін, топырақты тасымалдау қашықтығын және жұмыс әрекетінің мерзімін.
Жер қазу жұмыстарына қажетті машиналар мен механизмдер мыналар: бульдозер (өсімдік қабатын тіліп алу, қайта толтыру), экскаватор (топырақты өңдеу), автосамосвалдар (топырақты тасымалдау), монтаждық кран (іргетастарды орнату), тығыздағыш машина (қайта толтырылған топырақты тығыздау), сораптар (су ағызар).
4.1 Өсімдік қабатын тіліп алуға қажетті машинаны таңдау
Өсімдік қабатын тіліп алуға көбіне бульдозерлер және тіркеуішті немесе өзіндік жүрісті скреперлер қолданылады. Машина түрін таңдауда мынаны ескеру қажет, топырақтың өсімдік қабатын тіліп алудың технологиялық процессіне негізгі тілу және топырақтыжылжыту кіреді. Бульдозер топырақты 50−100 метрге дейін (ол бульдозердің қуатына байланысты), тіркеуішті скреперлер 300−1000 метрге дейін, ал өзіндік жүрісті скреперлер 3 км-ге дейін жылжыта алады. Топырақтың өсімдік қабатының үйіндісі қазаншұңқыр жар қабағынан 10 м (бір немесе екі жағына үйгенде) және 5 м (бір жағына үйгенде) қашықтықта орналасуы керек. Осы айтылған ерекшеліктерді ескере отырып бір немесе әртүрлі типтегі машиналарды таңдаймыз. Д-271А маркалы бульдозерді таңдаймыз.
4.2 Топырақты өңдеуге қажетті машинаны таңдау
Қазаншұңқырды өңдеу бір шөмішті экскаватормен жүргізіледі. Жұмыс көлемі 20 мың м3 объектада шөмішінің сыйымдылығы 0,4−0,65 м3 болатын бір шөмішті экскаваторлар және жүккөтерімділігі 4,5-12 т автосамосвалдар; жұмыс көлемі 20 мың м3 артық объектада шөмішінің сыйымдылығы 1,0−1,25 м3 болатын экскаваторлар және жүккөтерімділігі 15-20 т автосамосвалдар қолданады.
Жұмыс құрылғысының түрі (драглайн, тік немесе кері күрек) имараттардың өлшемдеріне, топырақ түріне, жерасты суының деңгейіне және жұмыс әрекетінің мерзіміне байланысты таңдалады.
Тік күрекпен жабдықталған, шөмішінің сыйымдылығы 0,15-тен 2,0 м3 дейінгі экскаваторлар I−III топтағы қазаншұңқыр топырағын өңдеуде, көлікке тиеуде және аз көлемдегі үйіндіде қолданылады.
Кері күректі экскаваторлар ылғал топырақты өңдеуге қабілетті. Олар 4 метрге дейінгі тереңдіктегі қазаншұңқыр, траншейлерді қазуда қолданылады. Бұл кезде топырақ үйіндіде немесе көлік құралында өңделеді.
Шөмішінің сыйымдылығы 0,25-2,0 м3 болатын драглайнмен жабдықталған экскаваторлар қазаншұңқыр, траншей және каналдар (5−10м тереңдіктегі) қазуда , резервуарлар үйінділерін тұрғызуда қолданылады. Драглайн үйіндімен жұмыс жасағанда тиімді.
Кері күректі Э-4111Б маркалы экскаваторды таңдаймыз:
шөмішінің сыйымдылығы – 0,65 м3;
топырақ тобы − I−III;
қазудағы үлкен тереңдік – 5,8 м (траншей үшін);
қазудағы үлкен тереңдік – 4,0 м (қазаншұңқыр үшін);
қазудағы үлкен радиус – 9,2 м;
жебе еңісінің бұрышы – 45оС; 60оС
жүк түсірудегі бастапқы радиус – 5,0 м (45о) және 3,8 м (60о);
жүк түсірудегі соңғы радиус – 8,1 м (45о) және 7,0 м (60о);
жүк түсірудегі бастапқы биіктік – 2,3 м (45о) және 3,1 м (60о);
жүк түсірудегі соңғы биіктік – 5,2 м (45о) және 6,1 м (60о);
циклдің ұзақтығы – 21 сек.





Сурет 5. Экскаватор габариттері:
А –ұзындығы 4,61 м; В – ені 2,88 м; Һ – биіктігі 3,28 м; Б – дөңгелек базасы 2,8 м; К – шынжырлы жүріс ұзындығы 3,42 м; В1 – шынжырлы ленталардың ені 0,58 м; r − артқы бөлігінің радиусы 2,9м.
Көліктің толымсыз жүктелуі 15 %, ал артық жүктелуі жүккөтергіштігінен 10 % аспауын қадағалау керек.
4.3 Топырақты тасымалдайтын көлік құралын және түрін таңдау
Экскаваторға қызмет етуші көлік құралдарының саны және жүккөтергіштігі экскаватордың шөміш сыйымдылғына, топырақты тасымалдау қашықтығына, арту жағдайына және топырақты төсеуге байланысты анықталады.
Топырақ тасымалдау кезіндегі бір минуттағы жұмыс циклінің саны мына формула бойынша анықталады:
n=60tжұм.цикл =6020=3(22)
мұндағы tжұм.цикл =20сек- экскаватордың жұмыс циклі.
Бір самосвалды толтыруға қажетті шөміш санын мына формуламен анықтаймыз:
m=Qγ∙e∙Kn=101,4∙0,65∙0,95=11,56 (23)
мұндағы Q- самосвалдың жүккөтерімділігі; γ- қатты күйіндегі топырақтың көлемдік салмағы, ол құм тәрізділер үшін – 1,5 т/м3; саз тәрізділер үшін − 1,4 т/м3 тең; e- экскаватор шөмішінің сыйымдылығы, оның мәнін (0,65 – 2,0 м3) кесте бойынша қабылдаймыз;Kn- шөмішті тығыз топырақпен толтыру коэффициенті.
Бір самосвалға топырақты тиеу ұзақтығы мына формуламен есептеледі:
tц=m60nc=11,566031,1=254,32сек=4,24 мин≈5 мин (24)
мұндағы с – кездейсоқ кедергі коэффициенті, оны 1,1 тең деп қабылдаймыз.
ϑорт=20 км/сағКөлік құралының толық жұмыс циклі былай анықталады:
Тц=tц+2∙L∙60ϑорт+tманевр+tтүсіру=5+(2∙8∙60)/20+3+1=57 мин (25)
Мұндағы tманевр- тиеу және түсіру кезіндегі маневрлік уақыт; tтүсіру- түсіру ұзақтығы, оны 1 минутқа тең деп қабылдаймыз.
4.4 Су ағызар құралын таңдау және олардың керекті санын есептеу
Құрылыс алаңдарының суға толуына жол бермеу үшін көрші алаңдардан енетін және жауын-шашын суларын ағызатын құрылғылар орнату керек. Өсімдік қабатын тіліп алғаннан соң бірден су ағызуды ұйымдастыру үшін міндетті түрде тік жобалауды жүзеге асыру керек, ол үшін алаңды талапқа сай еңіспен (0,02 кем емес) қамтамасыз ету керек.
Жерасты суларының ағыны аз топырақтағы жұмыс өндірісі процессінде қазаншұңқырды кептіру үшін ашық су ағызарлар қолданылады, яғни приямкалардан сорап арқылы суды сору және орларға суды жинау.
Суды сору үшін диафрагмалы, поршенді және ортадан тепкіш сораптар қолданылады.
Сорап түрі қажетті өнімділігіне және көтеру биіктігіне байланысты таңдалады. Сорап саны сыну жағдайында қажетті қосалқыны қоса отырып есеп негізінде анықталады. Сораптың жұмыс өнімділігі мына формуламен анықталады:
N=Fтүбі+Fеңіс∙α∙KПн (26)
мұндағы Fтүбі- қазаншұңқыр түбінің ауданы; Fеңіс- қазаншұңқыр еңісі, олар жерасты суының белгі деңгейінен төмен орналасқан; α- жерасты суының 1 м2 ауданда ағуы,ол α=0,04 м2/сағ тең; K=1,5-2,0 – қор коэффициенті (нөсер жауын немесе сорап бұзылған кездегі); Пн- таңдалған сораптың сағаттық өнімділігі, бізде Пн=30-50 аралығына тең.
Су ағызу процессінде қазаншұңқыр тереңдігі, ені мен ұзындығы және аудандары мына теңдіктер негізінде анықталады:
Н′=Н2-1,5=2,6-1,5=1,1 м
а′=а + 2Н′=63+2∙1,1=65,2 м (27)
в′=в + 2Н′=74,5+2∙1,1=76,7 м (28)
F1'=12а'+аН'∙2=1/2 (65,2+63)∙1,1∙2=(1/2∙63,9)∙3=141,02 м2 (29)F2'=12в'+вН'∙2=1/2 (76,7+74,5)∙1,1∙2=166,32 м2Fеңіс= F1'+F2'=141,02+166,32=307,34 м2 (30)Fтүбі=F1=307,34м2 (31)Осы табылған мәндерді (26) формулаға қойып, сорап жұмысының өнімділігін анықтаймыз:
N=Fтүбі+Fеңіс∙α∙KПн=4693,5+307,34∙0,04∙2/50=8 сорап7 м дейінгі тереңдіктегі ойықтар үшін диафрагмалы сораптарды, ал одан тереңдері үшін тегеурінді ортадан тепкіш сораптарды пайдалану ұсынылады. Үлкен ауданды қазаншұңқырлар немесе ұзын бойлық траншейлер үшін өнімділігі шағын сораптар қолдану ұсынылады. Бұл қазаншұңқырды периметрі бойынша тең бөлуге мүмкіндік береді, ол жұмысты тез әрі сапалы жасауға жол ашады. Сондай-ақ бұл приямкадан суды соруды жеңілдетеді.
Су ағызудың еңбек сыйымдылығын есептегенде мынаны ескеру қажет, сораптар жұмыстың ауысымына тәуелсіз тәулік бойы жұмыс істеуге есептеледі. Шағын көлемдегі қазаншұңқырларда жеке тұрған іргетастар астынан суды сору қазаншұңқырды қазу кезінде жүргізіледі, содан кейін сору жұмысы тоқтатылады. Екінші ретті су сору іргетасты монтаждау алдында жүргізіледі және қазаншұңқыр қойнына топырақты қайта салып тығыздағанға дейін жалғасады. Сораптардың жұмысын, приямкалар мен қазаншұңқыр түбінің еңісінің жағдайын қадағалау үшін слесарлар мен жер қазушылар қызмет етеді. Шағын көлемді су ағуында сораптар периодты түрде қосылуы мүмкін.
4.5 Іргетасты орнатуға арналған монтаждық кранды таңдау
Монтаждық кранның негізгі жұмыс параметрлері мыналар:
жүккөтергіштігі Q – массасы үлкен жүкті орнықтылық және беріктік қорларын сақтай отырып конструкцияның көтеру қабілеті, т; ол мына теңдік негізінде анықталады:
Q=Рэ+Ржабд (32)мұндағы Рэ- элементтің салмағы (іргетас), т; Ржабд- оған орнатылған жабдықтың массасы (стропа массасы), т.
Элементтің көлемі мына теңдікпен табылады:
Vэ=А∙В∙0,5=3∙2,5∙0,5=3,75м3 (33)Ал салмағы былай анықталады:
Рэ=m=ρ∙Vэ=2000∙3,75= 7500кг=7,5 т (34)Онда СНиП бойынша Ржабд = 511 кг = 0,511 т
Осы мәндердің барлығын (32) формулаға қойып,кранның жүккөтергіштігін табамыз:
Q=Рэ+Ржабд =7,5+0,511=8,011 тСондықтан жүккөтергіштігі 5 т тең стропаны таңдаймыз.
Ілмектің көтерілу биіктігі Нілм – кранның тұрақ деңгейінен жүкпен тартылған полипласт ілмегіне дейінгі қашықтық,м ; ол мына теңдік негізінде анықталады:
Нілм = һ + һо + һс (35)
мұндағы һ – іргетас биіктігі; һо–элементтерді бұрынғы орнатылған құрылымдардың үстінен жоғары көтеріп орнына қондыру ережесіне сәйкес аралық 0,5 м кем болмауы қажет; һс – строптың биіктігі, элементтің үстіңгі белгісінен кранның ілмегіне дейінгі аралық, м.
һ = Н2 болса, онда (35) формуладан табатынымыз
Нілм =2,5 + 0,5 + 5 = 8 м
Кран ілмегінің қажетті жебе құлашы lілм –кранның айналма платформасының тік бұралу осьтерінің және ілмектің құрсама центрі арқылы өтетін тік осьтерінің арасындағы қашықтық, м. Ол былай анықталады:
l=a+dНілм-hшhп+hc+c (36)мұндағы a- строповка центрінен көтерілген іргетас жиегіне дейінгі қашықтық, м; d- кран жебесі мен іргетас арасындағы қашықтық (0,5 м кем емес); hш- кранның тұрған деңгейінен жебенің өкше топсасына дейінгі биіктік (оны 1 м тең деп қабылдаймыз); hп- полипласттың керіліп тұрғандағы биіктігі ( оны 1 м кемемес мәнде қабылдаймыз);hc- строптың биіктігі, элементтің үстіңгі белгісінен кранның ілмегіне дейінгі аралық, м; с – кран айналатын осьтен жебе өкшесінің топсасына дейінгі аралық (1м кем емес алынады), м.








Сурет 6. Іргетасты орналастырудың сұлбасы:
1 іргетас; 2 монтаждық кран
4.6 Топырақты қайта толтыруға және тығыздауға қажетті машиналар мен механизмдерін таңдау
Қазаншұңқыр қойнын топырақпен қайта толтыру және тегістеу үшін аз габаритті бульдозерлер және қайта салынатын топырақ алыс қашықтықта орналасса автосамосвалдар қолданылады. Салынған қабат тереңдігі құм үшін 70 см-ден, құмдақ және саздақ топырақтар үшін – 60 см, ал саз үшін 50 см аспауы керек.
Іргетас қойнындағы топырақты тығыздау үшін әдетте машиналар мен механизмдер кешені қолданылады: аз габаритті таяныштар, вибротығыздағыш, виброплит (механикалық әдісте) және әртүрлі жетекті қол тығыздағыштар.
Қол әдіспен
тығыздалған 0,5 – 0,8 м Іргетас
зона






Механикалық әдіспен тығыздалған зона
H · m
Сурет 7. Қайта салынған топырақты тығыздаудың сұлбасы
Есептеп және барлық машина мен механизмдердің түрін таңдағаннан кейін міндетті түрде жер жұмысына қажетті машиналар мен механизмдердің ведомостін құру қажет.
Бізге жер жұмыстарына қажетті машина және механизмдердің тізімі төменде кестеде келтірілген.
Кесте 1
Қажетті машиналар мен механизмдердің ведомості
Атауы Маркасы Саны Техникалық сипаттамалары
Бульдозер Д-271А 1 Қайырма ұзындығы 3,03
Қайырма биіктігі1,1 м
Қозғалтқыш қуаты 79 кВт
Кері күректі экскаватор Э-4111Б 1 Шөмішінің сыйымдылығы 0,65 м3
Қазудағы үлкен радиусы 9,2 м
Қазу тереңдігі 4м
Қуаты 59 кВт
Массасы 20,5 т
Автосамосвалдар КамАз-5511 10 Жүккөтергіштігі 10 т
Қорабының сыйымдылығы 5 м3
Түсіру ұзақтығы 1,8 мин
Монтаждық кран МКП-25 1 Жебесінің ұзындығы 12,5м
Жүккөтергіштігі 8 т
Төрт тармақты строп - 2 Жүккөтергіштігі 3 т
Есептік биіктігі 4,24 м
Тығыздаушы машина Д-12Б 1 Қармау ені 2,5 м
Тығыздау тереңдігі 1000-1200 мм
Жылдамдығы 0,08-0,2 км/саг
Сораптар АПН-8 7 Өнімділігі 30 м3/саг
5 Жер қазу жұмыстарының технологиялық сұлбасын жасау
Қазаншұңырды қазудың технологиялық процесстерінің құрамына мыналар кіреді: өсімдік қабатын тіліп алу; топырақты көлік құралында немесе үйіндіде өңдеу; топырақты тасымалдау; қазаншұңқыр түбін тазалау және жобалау; іргетастарды орнату; топырақты қайта салу, тығыздау, сондай-ақ жер жұмыстарының өндірісі кезіндегі су ағызу шаралары.
5.1 Өсімдік қабатын тіліп алу жұмыстарының технологиялық сұлбасы
Топырақты бульдозермен өңдеу кезіндегі өтіс өлшемі бульдозер қайырмасының енімен анықталады. Ал өтіс ұзындығы топырақты үю орнының және бульдозердің қуатына байланысты оны рациональды тасымалдау қашықтығының есебі негізінде анықталады.
Бульдозермен топырақты тілу мынандай сұлбалармен жүргізіледі: төртбұрышты, сыналы және еспелі. Топырақты қазаншұңқырдан кавальерге тасымалдауда ор сұлбасын қолданған тиімді. Ор тәсілімен өңдеу қашықтығы 50 м дейін тасымалдағанда топырақтың жоғалтуын азайту үшін қолданады. Тереңдігі 0,4 – 0,6 м, қатар тілім орларды бір ізбен бірнеше өту арқылы жасайды. Ор енін бульдозер күрегінің еніне тең деп алады, ал орлар арасында қалдырылған мойындар ені байланымды топырақтарда – 0,6 м. Мойындар әр орды өткеннен кейін өңделеді.
Ауыстыру қашықтығы 50 м көп болса, әр 2530 м кейін аралық үйме жасалады, олар сонан соң екі немесе үш парланған бульдозермен ауыстырылады.
Үлкен аудандардың топырағын тіліп алу және белгілі бір қашықтыққа тасымалдаудағы бульдозердің жасаған жұмысы экскаватордың, автосамосвалдардың және скеперлердің (5 км дейін) жұмыстарымен теңестіріледі.
5.2 Жер имараттарын қазу жұмыстарының технологиялық сұлбасы
Кері күрекпен немесе драглайнмен жабдықталған экскаватормен топырақты кавальерге төгіп немесе көлік құралдарына артып маңдай алды немесе бүйірлі өтістермен өңдей алады. Көлік құралы жұмыс жағдайына байланысты өңдеудің үстімен де немесе қазымның астымен де жүре алады.
Экскаватордың жұмыс өнімділігі жұмыс циклінің ұзақтығына тікелей байланысты, топырақты қазу, тиеу үшін платформаның бұрылуы, тиеу, қайтадан забойға бұрылу және шөмішін түсіру уақыттарынан құралады. Тәжірибе көрсеткендей, жұмыс өндірісінің 50-60% бұрылуға жұмсалған уақыт алады. Сондықтан да кез келген өтіс кезінде экскаватордың бұрылу бұрышын жобалағанда 70 0 аспауын қадағалау қажет. Бұрылу бұрышы неғұрлым аз болса, өтістер еніде соғұрлым азаяды, алайда өтістер саны артады бұл жұмыс өндірісін тездетуге мүмкіндік береді.
Забой биіктігін экскаватор шөмішінің үш еселенген биіктігіне тең етіп алу ұсынылады. Егер забой биіктігі жеткіліксіз болса, онда шөмішті тоығымен толтыруға рұқсат етілмейді, бұл кезде қайта көсіп алу арқылы орындалады, ол экскаватор жұмысының өнімділігін арттырады.
Жер имараттарын берілген тереңдікте қазғанда забойдың ең үлкен енін Rқазу=0,8-0,9Rмах артық емес мәнде қабылау керек. Экскаваторды шекті параметрлерінде қолдануға болмайды, қолданған жағдайда шөміш тісінің жұмыс күші жоғалады және жұмыс органының жеке бөліктерінің соққысының әсерінен машина тез тозуға ұшырайды.

Сурет 8.Кері күрекпен жабдықталған экскаватордың (маңдай алды өтіс) автосамосвалға топырақты тиеу жұмысының сұлбасы
Топырақты автосамосвалға екі жақты тиеу кезіндегі маңдай алды өтістің ені шамамен 1,6-1,7 Rk,ал бір жақты тиеуде 1,3 Rk тең. Топырақты кавальерге тасымалдау кезінде өтіс ені шектеледі, яғни қазаншұңқыр ауданының жар қабағынан үйінді төсеміне дейінгі аралықтың ені 1 м кем болмауы тиіс.
Бүйірлі өтіс кезінде экскаватор топырақты қазаншұңқыр қабырғасымен қозғала жүріп өңдейді. Сондықтан өңделген траншей ені қазу радиусынан аз болады.
Топырақты тиеу кезіндегі автосамосвалдардың орналасуы мүмкін орны экскаватордың бастапқы және соңғы шекті түсіру радиустарына сай келеді. Автосамосвалдардың қозғалысын экскаватор өтісіне қатысты белгілеу, жүктелу тұрағының орнын анықтау міндетті. Көлік жұмысының сұлбасын жасау кезінде өтістегі автосамосвалдардың жүктелуінің маневрін қысқартуға тырысу керек, яғни кері айналу және артқа жүрістерді. Тығыздауды ескергенде, автосамосвалдардың техника қауіпсіздігін қамтамасыз етуде көлік кабинасының экскаватор шөміші астында қалмауын қадағалау керек.

Сурет 9. Кері күрекпен жабдықталған экскаватордың маңдай алды өтіс кезінде топырақты кавальерге үю жұмысының сұлбасы
Жер имараттарының жұмысын ұйымдастыруда оны алымдарға (захват) бөледі, онда машина немесе машиналар тобы жұмыс жасайды. Алым бұл жұмыс учаскесі, мұндағы жұмыс бір ауысымда немесе бір тәулікте орындалады. Учаскелердің минимальды саны бір уақытта орындалатын процесстердің санына тең болуы керек.
5.3 Темірбетонды құрама іргетастарды орнату
Іргетасты орнату өсімдік қабатын тіліп алу, топырақты өңдеу және қазаншұңқыр түбін тазалау жұмыстарынан кейін орындалады.
Іргетастарды монтаждауда көбіне өзіндік жүрісті жебелі және мұнаралы крандар қолданылады. Бұл кезде крандар қазаншұңқыр жар қабағынан 1,5-2,0 м кем емес қашықтықта орналастырылады.
Іргетас бөліктері көлік құралдарына тиеліп әкелінетіні белгілі, алайда қазаншұңқыр қойнын қайта толтыруға қажетті топырақ үйіндісі және өтіс жолдарының шектеулілігі оларды монтаждау аймағына жеткізуге кедергі келтіреді.
Төрт тармақты строптар қолдануға болады.

Сурет 10. Құрама іргетастарды кранмен орнатудың сұлбасы :
1 мұнаралы кран; 2 шынжыр табанды жебелі кран

Іргетастарды жинақтау келесі негізде жүзеге асырылады: іргетас стаканы монтаждық кранның әрекет аймағына қойылады; стакан қуысы тазалап, оны қалқанмен жабады; блоктарды монтаждық ілмегінен строптармен немесе траверсалармен көтереді; блоктарды жоба жағдайына сәйкес туралап, содан соң дайындалған негізге түсіреді және түзейді. Егер блок дұрыс орнатылмаған жағдайда оны қайтадан кранмен көтеріп, негіз топырағын түзейді және орнату процессін қайтадан қайталайды.
Іргетасты жинақтап болғаннан кейін іргетас блоктарының үстіне дейін қазаншұңқыр қойнын топырақпен қайта толтырады.
5.4 Топырақты қайта салу және тығыздау жұмыстарының технологиялық сұлбасы
Қазаншұңқыр қойнын топырақпен қайта толтыру бульдозердің көмегімен тез арада 1-3 ауысымда орындалады. Мұнда себілетін қабат қалыңдығы топырақ түріне байланысты, алайда 70 см аспауы қажет. Топырақты тығыздау жұмысы ұзақырақ орындалады, көбіне өнімділігі 45-90 м3/см болатын пневмоты,ыздағыштар қолданылады. Сондықтан қайта толтырудағы бульдозердің жұмыс темпін төмендетпеу үшін өнімділігі жоғары машина, механизмдерді (виброплиталар, аз габаритті таптағыштар және т.б.) қолданған тиімді.
Іргетас қойнын қайта толтыру және тығыздауда машиналар мен механизмдер кешені қолданылады, олардың қатары мыналар: аз габаритті бульдозер, кранға ілінген вибротығыздағыш, виброплита және қол тығыздағыштар. Топырақты алдымен сеуіп, содан соң қабатты (һқабат = 0,1-0,2м) түрде тығыздайды.
Іргетастың тік қабырғасынан 0,5-0,8 м аралықтағы қайта салынған топырақ тек қол әдісімен ғана тығыздалады. Ал іргетастың қалған бөлігіндегі топырақ механикалық әдіспен тығыздалады.


Сурет 11. Топырақты қайта салу және тығыздаудың сұлбасы: 1 – бульдозер; 2 – тығыздағыш машина; 3 – қолмен тығыздау; 4 – іргетас; 5 - кавальер
6 Жер қазу жұмыстарының күнтізбелік жоспарын жасау
Жер қазу жұмыстарының күнтізбелік жоспары жеке процесстерді орындаудағы таңдалған әдісін және жұмысшылар мен машинаның уақыт шығынының есебін, сондай-ақ жұмысты бастаудың белгіленген мерзімін негізге ала отырып жасалады.
Жұмыс өндірісінің күнтізбелік жоспарында мыналар көрсетілуі тиіс: орындалатын жұмыс, оның ұзақтығы және олардың өзара байланысы. Барлық жұмыстар бастау және аяқтау мерзімдері бойынша өзара байланысты болуы және ретімен жасалуы тиіс.
Жоспарды құруда еңбекті қорғау талаптарын бұзбай, ауысым санын ұлғайту және жеке жұмыстар түрлерін үйлестіру негізінде жалпы мерзімді максимальды мәнге дейін қысқартуға тырысу керек.
Еңбек сыйымдылығының есебі ЕНиР-ге сүйене отырып шығарылады.
Жұмыстың еңбек сыйымдылығы мыны формуламен анықталады:
Тн=V∙Нуақыт ,ад-сағ (37)Тн=V∙Нуақыт 8,ад-күн (38)мұндағы Тн- нормативтік еңбек сыйымдылығы, адам-сағ; адам-күн; Нуақыт – уақыт нормасы, адам-сағ; 8- алты күндік жұмыс кезіндегі ауысым ұзақтығы.
Қол жұмыстарының ұзақтығы мына формуламен анықталады:
Тқол=ТКжұм∙а (39)мұндағы Т қол жұмыстарының еңбек сыйымдылығы, адам-күн; Кжұм- бір ауысымдағы жұмысшылар саны, адам; а тәуліктегі жұмыс ауысымының саны.
Механикалық жұмыстардың ұзақтығы мына формуламен анықталады:
Тмех=МКжұм∙а (40)мұндағы М механикалық жұмыстардың еңбек сыйымдылығы, маш-ауысым.
Жұмыс көлемін бағаға көбейту арқылы жалақы құнын шығарамыз.
Кесте 2
Еңбек шығындарының және уақыт нормасының ведомості
№ Жұмыс атауы Көлемі ЕНиР Уақыт нормасы Еңбек сыйымдылығы Бригада құрамы Бағасы Жалақы құны
Өлш.бірл Саны Адам күн Маш. ауысым Кәсібі Разряд Саны Адам сағ Маш. сағ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
1 Құрылыс алаңын тазалау 1000 м2 3,831 Е 2 -1-24 - 0,29 - 0,14 Маш\стт 6 1 0,28 1,07268
2 Өсімдік қабатын бульдозермен тіліп алу 1000 м3 0,957 Е 2-1-4 - 1,85 - 0,22 Маш\ст 6 1 0,28 0,26796
3 Қазаншұңқырды қазу
а)автосамосвалдарға тиеу
в)кавальерге үю 100 м3 а) 89,84 в) 71,04 Е 2-1-4 - а) 2,2 в) 1,76 - а) 24,7 в) 15,6 Маш\ст 6 10 а) 32,25 в) 19,7 а) 2897,34 в) 1399,49
4 Қазаншұңқыр түбін қол әдісімен тегістеу 1 м3 628.89 Е 2 -12-4 0,85 - 66,82 - Жер қазушы 2 10 32,25 20281,7025
5 Іргетас конструкциясын жинақтау 1 эл 55 Е 4- 1-1 0,99 0,25 6,81 1,72 Маш. Монтж 5; 5; 4 3 491,91 27055,05
6 Қазаншұңқыр қойнын топырақпен толтыру 100 м3 71,04 Е 2- 2-21 - 1,34 - 11,9 Маш\ст 6 3 6,48 460,3392
7 Топырақты тығыздау 100 м2 70,93 Е 2- 2-21 - 0,32 - 2,84 Маш\ст 6 1 21,55 1528,54
Кесте 3
Жұмыс өндірісінің күнтізбелік жоспары
№ Жұмыс атауы Көлемі ЕНиР Еңбек сыйымдылығы Машина, механизм Бригада құрамы Жұмыс ұзақтығы, күн
Кәсібі, разряд Саны Өлш.бірл Саны Атауы, маркасы Саны Адам күн Маш. ауысым 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
1 Құрылыс алаңын тазалау 1000 м2 3,831 Е 2 -1-24 - 0,5 Д -271А 1 Маш\стт
6 1 0,5
2 Өсімдік қабатын бульдозермен тіліп алу 1000 м3 0,957 Е 2-1-4 - 0,5 Д -271А 1 Маш\стт
6 1 0,5
3 Қазаншұңқырды қазу
а)автосамосвалдарға тиеу
в)кавальерге үю 100 м3 а) 89,84 в) 71,04 Е 2-1-4 - а) 25 в) 16 Э -4111Б
КамАз-5511 1; 10 Маш\стт
6 10 4,1
4 Қазаншұңқыр түбін қол әдісімен тегістеу 1 м3 628.89 Е 2 -12-4 67 - - - Жер қазушы
2 10 6,7
5 Іргетас конструкциясын жинақтау 1 эл 55 Е 4- 1-1 7 2 МКП-25 1 Маш. Монтж
5; 5;4 3 3
6 Қазаншұңқыр қойнын топырақпен толтыру 100 м3 71,04 Е 2- 2-21 - 12 Д -271А 1 Маш\стт
6 3 4
7 Топырақты тығыздау 100 м2 70,93 Е 2- 2-21 - 3 Д -12Б 1 Маш\стт
6 1 3
7 Жұмыс өндірісінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеу
Өзіндік құн және 1 м3 топырақты өңдеудегі еңбек сыйымдылығы жұмыс өндірісінің негізгі техника-экономикалық көрсеткіші болып саналады.
1 м3 топырақты өңдеудің өзіндік құны (руб.) мына формуламен анықталады:
С1=1,08Е+Смаш.аусым∙Пр+1,5∙ЗақыV (41)мұндағы Е механикалық жұмыстарды ұйымдастырумен байланысты бірлік уақыттағы шығын (Тмаш.аусым∙Смаш.аусым3-5% аламыз); Смаш.аусым-машина ауысымының құны; Пр-машина жұмысының ұзақтығы; Зақы-жұмысшылардың еңбекақысы; V-жер жұмыстарының көлемі, м3; 1,5-жұмысшылар санына қатысты шығын коэффициенті (арнайы киімге, еңбекті қорғауға, қосымша еңбекақыға және т.б жұмсалатын шығындар); 1,08-нақты шығынның жүкқұжатының шығынына қатысты коэффициент (машина ауысымының құны, бірлік уақыттағы шығын және т.б.).
1 м3 топырақты өңдеудің еңбек сыйымдылығы (адам күн) мына формуламен анықталады:
Т=Тм+ТқолV (42)мұндағы Тм- жалпы жер жұмысындағы механикаландырылған операциялардың еңбек сыйымдылығы; Тқол- жалпы жер жұмысындағы қолмен орындалған операциялардың еңбек сыйымдылығы.
8 Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау шаралары
Жер жұмыстарының (нөлдік цикл) жұмыс өндірісінің жобасын жасағанда және құрғанда, жалпы құрылыс генпланының өндірісінде және технологиялық картада жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі шаралар көрсетіледі.
Ол көрсеткіштер СНиП 12-03-01 1 бөлімі, СНиП 12-04-02 «Құрылыстағы еңбек қауіпсіздігі», МЕСТ-тің ССБТ жүйелері (жұмыс аумағының инвентарлық сигналдық қоршауы, котлованға түсетін баспалдақ, ұжымдық қауіпсіздік және т.б,). Қауіпсіздік шараларын жасауда сол құрылыс аумағының ерекшеліктерін, қолданылатын техникалар және т.с.с ескерукерек.
Жұмыс өндірісінің жобасын (ППР) құруға қажетті нормативтік құжаттар төменде келтірілген.
СНиП 12-03-2001:
6.2.9.Елді-мекен аумағындағы жер жұмыстарының өндірісі немесе адамдар мен көліктер үнемі қозғалыста болатын қазаншұңқырлар, орлар, трашейлер мен жыралар территориялары міндетті түрде қоршалуы қажет.
Жүретін жер траншейлер, орлар, жыралар арқылы өтетін болса, онда ені 1 метрден кем болмайтын көпір орнату керек, оның екі жақтауы биіктігі 1,1 м кем емес қанатпен қоршалуы, төменнен 0,15 м биіктікке дейін және төсемнен 0,5 м биіктікке дейін қосалқы қоршаушы пленкамен сыртынан тұтастайқапталуы керек.
СНиП 12-04-2002:
5.2.1. Жобада қабылданған жұмыс орнының ойықта орналасу өлшемі, конструкциялардың, жабдықтардың және құралдардың орналасу орнын, сондай-ақ бір жұмыс орнынан екінші жұмыс орындарына және жұмыс орнынан жұмыс зонасының кеңістігіне өту жолдарын қамтамасыз етуі қажет, оның ені 0,6м кем болмауы тиіс.
5.2.2. Ойықтар міндетті түрде мемлекеттік стандарт талаптарына сай қорғаушы қоршаулармен қапталуы тиіс. Қоршауға ескертпе жазбалар жазып қою, ал түнгі уақытта көрінетін жарық сигналдарды орнату керек.
5.2.3. Адамдардың ойық арқылы өтуіне арналған жүріс көпірлерін орнату керек.
Ойықтағы жұмыс орнына өту үшін траптар немесе қоршауы бар ені 0,6м кем болмайтын маршты баспалдақтар немесе тіреуішті баспалдақтар (ағаш – ұзындығы 5м артық емес) орнату керек.
5.2.4. Тік қабырғалы жерасты суының деңгейі жоғары құмды және шаңды-сазды топырақтарға бекітусіз ойықта және жерасты имараттарынан алшақ жұмыс өндірісінде рұқсат етілетін тереңдік артық болмауы керек, м:
1,0- үйіндісіз және табиғи құмды топырақ қабатында;
1,25 – құмтопырақта;
1,5 – құмдақ және саз топырақта.
5.3.4. Забой маңында экскаватор жұмыс істегенде өзге жұмыстарды жасауға және экскаватордың плюс 5м жұмыс радиусында адамдардың жүруіне рұқсат етілмейді.
5.3.8. Жұмыс жасағанда, тасымалдағанда, түсіргенде және топырақты тығыздағанда екі немесе оданда көп өзіндік жүрісті немесе тіркеуішті машиналар (скреперлер, грейдерлер, бульдозерлар) бірінен кейін бірі жүргенде олардың арақашықтығы 10м кем болмауы керек.
5.3.9. Самосвалдар үйіндіні тиегенде, сондай-ақ ойыққа топырақ тасығанда еңістің жағасына 1м артық жақындамауы керек; қоршауы жоқ эстакадаларды тиеуге қолдануға рұқсат етілмейді.
Ғимараттың ішінде жұмыс жасағанда ГОСТ 12.1.04.76 талаптарына сай өрт, санитарлық, жарылыс және электр қауіпсіздіктерін қатаң сақтау керек. Жұмыс зонасындағы зиянды заттардың концентрациясы ГОСТ 12.1.04.76 көрсетілген шектен аспауы керек, барлық өндірістік және тұрмыстық ғимараттарда табиғи, жасанды немесе аралас желдету қарастырылуы қажетті, ол ауаны тазартуды қамтамасыз етеді. Барлық ғимараттағы жұмыс зоналарында шудың деңгейі ГОСТ 12.1.03.-83 көрсетілген шектен аспауы тиіс.
1 Қызметкер міндетті :
-жұмыс берушінің еңбек келісім шарты мен акттарына сәйкес еңбектік міндеттерді орындауға;
-жұмыс орнында өндірістік тазалықтың және өрт қауіпсіздігінің, еңбек қауіпсіздігінің талаптарын сақтауға;
-қызметкерлерге, жұмыс берушінің дүние мүлігіне ұқыпты болуға;
-зиян келтірілген жағдайда Еңбектік кодексіне сәйкес шектеулі түрде өтемақы алуға.
1.1 Зиянды (аса зиянды) немесе еңбек қауіпті шарттарында, ауыр жұмыстарда әйелдерді еңбекке қолдануға рұқсат етілмейді. Қойылған шекті нормалардан асатын ауыспалылық жұмыстарда және ауыр көтеруге әйелдерге рұқсат етілмейді.
Қызметкер жаңа жұмыс орнында жұмыс істеуге кіріскенде ескеру қажет:
-өндірістік алаңында, цехта, технологиялық үрдіс және берілген жұмыс орнындағы құрылғылар жөніндегі мәліметтерді;
-жұмыс орнының жабдықтауын және ұйымдасуының қауіпсіздігін;
-механизмдердің, құралдардың, көліктердің қауіпті аумақтарын;
-зақымдану ескертулердің талаптарын;
-жұмысқа дайындалу ретін (аспаптың және айлабұйымдардың, құлыптардың, жерге қосудың және басқа іске қосқыш, қорғаныс құралдардың, жабдықтардың дұрыстығын тексеру);
-қауіпті жағдайлар байқалған кездегі әрекеттерді, қауіпсіздік шараларды және жұмыс әдістерін;
-аланның, цехтың аймақтарындағы жұмыс істеудің қауіпсіздік сұлбасын;
-жұмыс кезіндегі жүкті тиеу-түсіру және тасымалдаудың қауіпсіздік талаптарын;
-өрттің, жарылыстардың, апаттардың сипаттамалы себептерін. Өрт, жарылыс, апат болған жағдайдағы міндет пен әрекетті. Өрт сөндіргіштің, апат қорғанысының және дабылдатқыштық бөлімшелерде орналасқан жерлерін және қолдануын білуі қажет.
1.2 Өзіндік жұмысқа жіберілген қызметкер міндетті:
-еңбек қорғау нұсқауларын, өндірістік тазалықты, дербес тазалығын, ішкі еңбектік тәртіпті, өртке қарсы ережелерді сақтауға;
-зақымданған адамға алғашқы көмекті көрсете білуге;
-өндірісте кенеттен болған жағдайларды және апатты, барлық істен шыққан құралдарды администраторға айту;
-объектінің ауласында ашық өртті бастықтың рұқсатуынсыз қолдануға рұқсат етілмейді. Шылым тарту тек қана арнайы жерлерде рұқсат етіледі;
-бастықтың берген жұмысын ғана орындау қажет;
-бастықтың рұқсатынсыз немесе өндірістің қажеттілігінсіз басқа жұмыс бөлімшелеріне, объектілерге баруға болмайды;
-изоляцияланбаған немесе электрлік құрылғылардың ток жүретін бөліктерінің қоршалмаған жерлерін ұстамау, электрлік тарату шкафтарының есіктерін ашпау, тамақты, ыдысты, қолғапты және т.б. қоймау, ток жүретін бөліктердің қорғау қаптамасын және қоршауды шешпеу;
-бастықтың рұқсатынсыз механизмдерді, станоктарды, көліктерді қоспау және тоқтатпау (апаттық жағдайлардан басқа);
-егер жоғарыда адамдар жұмыс істеп жатса, бұл аймақтан қауіпсіз жер арқылы өтіңіз;
-қозғалмалы транспорттан немесе жүктемеден абай болыңыз;
-жоғарыға көтерілген жүктеменің астында жүрмеу, жинақталған материалдардың, бөліктердің үстінде жүрмеу;
-кенеттен болған жағдайларда медициналық көмек көрсету пунктіне барыңыз және бастығыңызға хабарлаңыз, егер ол болмаса жұмыстағы жақын арадағы адамға айтыңыз;
-арнайы бөлімшелерде ғана тамақтануға;
-бастықтың рұқсатынсыз бекітілген механизмдерге, жабдықтарға бөтен адамдарды кіргізбеу;
-электр пісірушінің қасында немесе өткен кезде электрлік доғаға қарамаңыз;
-қолдармен, қолғаптармен және басқа заттармен оттек баллондарға тиіспеу, себебі май мен оттек қосылған жағдайда жарылыс болуы мүмкін;
-электрлік жабдық жөнге келмейтін болса электрмонтерді шақырыңыз.Өзіңізге электр жабдықтарды жөндеуге болмайды.
Уланудың алдын алу мақсатында қызметкер тазалық ережесін сақтауға міндетті:
- кір киімде асханаға кіруге болмайды;
-тамақтану алдында қолыңызды сабынмен жуыңыз;
-қорғасын және қорғасын қосуларымен жұмыс жасаған жағдайда түскі үзілістің алдында және жұмыстан кейін 1%-і сірке қышқылы ерітіндісімен қолдарыңызды жуыңыз, ал содан соң жылы су мен сабынмен, тамақтанудың алдында ауыз қуысын әлсіз калийдің ерітіндісімен (қызғылт түсті) шаю және тістерді тазалау керек;
-тамақты, ішетін суды жұмыс орнында сақтамау және жемеу. Шылым тартпау;
-әрбір нашар сезінген жағдайыңызда дәрігерге қаралыңыз және оның тағайындаған кеңестерін қатал орындаңыз;
-профилактикалық медициналық көрсетулерге міндетті түрде келу керек;
-зиянды еңбек шарттары тағайындалған жұмыс орнындарында сүтті міндетті түрде ішіңіз;
-қорғасынмен немесе оның қосуларымен жұмыс істеген жағдайда пектинмен байыған тамақтық өнімдерді, жеміс-жидек шырындарды, сусындарды немесе натуралды жеміс-жидек шырындарының жұмсағын жұмыстың алдында қолдану керек, ал қышқылды өнімдерді жұмыс уақытында қолдануға болады.
-керосинде, эмульсияда және май ішінде қолды жумау.
1.3 Жұмысқа кірісер алдында қызметкер міндетті:
-өз жұмыс орнын қауіпсіз жұмысқа дайындап, керек емес заттарды алып тастауға;
-аспаптарды, құралдарды жұмысқа дайындау және олардың жұмыс істейтіне көз жеткізіңіз. Жұмыс істемейтін қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін құралдармен, бөліктермен жұмыс істеуге болмайды;
-өтулердің, асулардың, алаңдардың, саты құрылғылардың, қанаттардың күй-жағдайын сонымен қатар олардың қоршауларын тексеру;
-өртық қозғалыстардан құтылу үшін және жұмыс орнын қауіпсіздікке келтіру үшін аспаптарды, бөлшектерді дұрыс жайғастыру керек. Аспаптарды, құралдарды жұмыс орынға тек қана арнайы дорбаларда немесе жәшіктерде апару керек. Құралдарды қолда немесе қалтада алып бару тиым салынады.
-жұмыс орнының жарықтандыруын тексеру.
1.4 Жұмыс уақытында қызметкер міндетті:
-өз жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қорғаныс құралдарды қолданып және тазалықты сақтау;
-жұмыс барысында еңбек қауіпсіздігін қадағалап арнайы киімде, арнайы аяқ киімде жұмыс істеу қажет. Алдын ала ескерілген немесе нұсқаулармен кіру рұқсатымен және операцияның орындалу жүйелігін сақтау керек;
-өзінің істеп жатқан жұмысына бөтен адамдарды кіргізбеу;
-тағайындалған жұмысты ғана орындау қажет;
-әрдайым қосар алдында аспаптардың, құралдардың, механизмдердің, ешкімге зиян келтірмей жатқанына көз жеткізіңіз. Қажет болған жағдайда бригада мүшелерін ескерту қажет;
-материалдарды, құралдарды кез келген жерде лақтырмай тұрақты орынға салыңыз;
-бөтен адамдармен әңгіме соқпау және көңілді алаңдатпау, ықыласты болу;
-жолдастардың көңіл күйіне көңіл аудару. Егер бұзушылық көрінген жағдайда оларға еңбек қауіпсіз қабылдауларының қолдану қажеттілігі туралы, талаптардың орындалулары, қауіпсіздік техниктері , өндірістік тазалықты , өрт сөндіру және газ қауіпсіздігі туралы есіне түсіру;
-жолдастардың көңіл-күйіне көңіл аудару. Егер олардың әдеттегі мінез-құлығының нашар күй белгілері болса, сонымен қатар басқа жағдайлардың көрінген жағдайда, жұмысты тоқтатқан жөн.
Апаттық жағдай кезінде қызметкер апаттық ликвидация жоспарына сәйкес шара қолдануға міндетті. Өндірістік жұмыс кезіндегі апаттық ликвидация барысында жұмысшы жасап отырған жұмысына сәйкес еңбек қауіпсіздігі шарттарын орындауға тиіс.
1.5 Жұмыстың соңында қызметкер міндетті:
-өз жұмыс орнын қалыпқа келтіріп, жабдықтарды сүртіп, құралдарды өз орындарына салып кету керек;
-қолданған сүрлі материалдарды жинауға және оларды лайықты жеріне қосуға;
-аспаптарды, құралдарды өз орнына салуға;
-жабдықтарды және өз жұмыс орнын бригадирге тапсыруға;
-арнайы киімді шешіп, тазалап, салып қоюға. Бастықтан алған қосымша ЖҚҚ-н және сақтандырғыш құралдарын қайтарып беру;
-қолды мұқият жууға және сеппе су қабылдауға.
2 Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар келесідей топтарға бөлінеді: физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық.
Физикалық факторлар:1)қозғалмалы көліктер мен механизмдер; өндірістік жабдықтардың қозғалмалы бөліктері; қозғалмалы бұйымдар, дайындамалар, материалдар; бүлінетін конструкция; 2)жұмыс орнының ауасы газдалғандығы және шанды болуы; 3) материалдардың, жабдықтардың үсті артық немесе төмендетілген температураның болуы; 4) жұмыс орнында барометрлік қысымның төмендетілген немесе артық болуы; 5) артық немесе төмендетілген ауа ылғалдылығы; 6) Ауаның иондалуы; 7) иондалған сәулелену; 8) электрлік тізбектегі кернеудің көрсеткіші артық көрсетілуі, адам денесі арқылы электр тогының тұйықталуы; 9) статикалық электрдің, электромагниттік сәулелену және т.б. көрсеткіштерінің артық болуы.
Химиялық факторлар: репродуктивті функцияға әсер ететін, улағыш , тітіркенгендіргіш , канцерогендік , мутагендік затттар.
Биологиялық факторлар: микроорганизмдер (бактериялар, вирустар және т.б.) және тіршілік әрекетінің қарапайым өнімдері.
Психофизиологиялық: Физикалық жүктеу; жүйке- психикалық жүктеу.
3 Зияынды немесе қауіпті өндірістік факторлардан қорғайтын арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және т.б. құралдармен жұмыс берушілер жүзеге асырайды.
Дара қорғаныс құралдарын киген кезде ыңғайлы және қозғалыс жасаған кезде кедергі болмауы тиіс.
Дара және коллективті қорғаныс құралдарды (противогаздар, сақтандыратын белдіктер, масаханалар, каскалар және тағы басқа құралдар) қайта жөндеуге болады, ал сүзгілер, шынылар және тағы басқа бөліктерінің қорғанысы төмендетілген жағдайда ауыстырылуы тиіс.
Қызметкерге берілген арнайы киім, арнайы аяқ киім және дара қорғаныс құралдарын сақтау үшін жұмыс беруші арнайы жабдықталған және техникалық қорғанысқа, құрылыс-нормаларының талаптарына және ережелеріне санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларына сәйкес келетін бөлімше беріледі.
Арнайы киім мен арнайы аяқ киімді ұзақ уақытқа сақтау алдында ластан тазартады, жөндейді және дезинфицирлейды.
4 Өрт сөндірудің алғашқы құралдары:
-өрт сөндіру қалқаны алғашқы өрт сөндіру құралдарын орналастыру үшін қолданады. Инвентарьдің ішіне өрт сөндіргіштері кіреді (2 данадан артық емес), құмға арналған жәшік, күрек, суға арналған резервуар, киіз ілгекті бақан, таскендір мата, қайла;
-заттардың және материалдардың жанып кетуінен, кернеу түсірілген электр қондырғылардан басқа ішкі өрт сөндіру крандары өртті сөндіру үшін арналған;
-көмір қышқылды өрт сөндіргіштері әртүрлі заттарды, материалдарды, 1000 В-қадейін кернеулі электр қондырғыларды, ішкі жану қозғалтқыштарды, жанатын сұйықтықтарды сөндіруге арналған. Ауасыз жерде пайда болатын жануларды сөндіруге болмайды.
-ұнтақталған өрт сөндіргіштері мұнай өнімдерді және тез тұтанатын сұйықтықтар мен еріткіштерді, қатты заттарды, 1000 В-қа дейін кернеулі электр қондырғыларды сөндіруге арналған;
-әуе-көбікті өрт сөндіргіштері қатты заттар және тез тұтанатын сұйықтықтар мен еріткіштерді сөндіруге арналған. Сілтілік металлдарды, заттарды, кернеулі электр қондырғыларды сөндіруге рұқсат етілмейді;
-тозаң генераторлары «Пурга» 200 көлемге дейін өндірістік және тұрмыстық бөлмелерге автоматты немесе қолмен сөндіру үшін арналған.
4.1 Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу ережелері:
-тоңазытуды болдырмас үшін көмір қышқылды өрт сөндіргіштің кең қонышын жалаңаш қолмен ұстамау (-70° температура);
-заряд ағысын өртке жақын жерден жел жағымен бағыттайды, бірте-бірте сөндіру өлшемімен;
-өрт сөндіргіш шлангісін майыстыруға рұқсат етпеу ;
-электр қондырғыларды ұнтақталған өрт сөндіргіш арқылы сөндірген жағдайда қуатты 3-5 секундтан кейін порциялармен әперу керек;
-ыстық электр қондырғыға 1м-ге дейін өрт сөндіргішті жақын әкелмеу;
-өртті жоғарыдан төменге қарай сөндіру керек;
-мұнай өнімдерін әуе көбікті өрт сөндіргішпен сөндірген кезде жақын жақтан бастап барлық ошақ бетін көбікпен жабады;
-жанып жатқан майды сөндірген жағдайда үстінен төменге қарай қуат ағысын бағыттауға болмайды.
5 Алғашқы медициналық көмек көрсетудің жалпы принциптері:
-алғашқы медициналық көмек тез арада көрсетілуі тиіс;
-дәрігерлік дәріқұтыны даярлықта ұстау және дер кезінде оны қолдану;
-зақымданған адамнан қалай ол өзінді сезетінін сұрау. Айналадағы адамдардан көмек және «медициналық көмекті» шақыруын сұрау.
- «медициналық көмек көрсету» келгенше зардап алған адамды тастамау;
-зақымданған адамды дербес деммен және адал қызметпен, бірақ санасыз күй-жағдайда қауіпсіз жайға жатқызу;
-өмірге қауіпті шараларды алдын алу мақсатында шаралар қолдану;
-зақымданған адамнан өз теріңізге қан тигізбеуін қадағалаңыз;
-зақымданған адамның қанын және тағы басқа бөлінулердін су сабынмен жуып тазалау.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бұл курстық жұмыстың жалпы мақсаты жер қазу жұмыстарын жобалау және оны түгелдей зерттеу.Осы зерттеулер негізінде жер қазу жұмыстарының есебін шығару және осы есепті, сондай-ақ ЕНиР-лерді басшылыққа алып жер қазу жұмыстарының технологиялық картасын жасау. Кейін осы технологиялық карта негізінде жұмысты жүргізу жеңілдейді әрі өнімділігі артады.
Технологиялық карта жұмыс өндірісін жобалау құжатының құрамына кіреді. Ол құрылыс құрастыру жұмыстарының қайталанатын түрлерінің ұтымды және тұрақты өндіру жобасының орнына немесе оған қосымша болып пайдаланылады.
Технологиялық картада құрылысқұрастыру жұмыстарын ұйымдастыру үлгісі; жұмыс өндірісінің тәсілі, жүйесі және еңбекті ұйымдастыру туралы негізгі ережелер; жұмыстарды орындау графигі; негізгі материалдықтехникалық қаржы және құралсаймандардың қажет кестесі; еңбек шығынының калькуляциясы; қабылданған жобалық шешімдердің және техникаэкономикалық көрсеткіштердің дәлелдері бар түсініктеме кіреді.
Жер жұмыстарының құрамына: аймағы және алаңдарды тік тегістеу, қазаншұңқырлар мен орларды қазу, қайырымды топырақпен толтыру, кейбір жағдайларда алдын ала қопсыту, су ағызу, су бұру және сулардың деңгейін төмендету кіреді.
Жер жұмыстарының көлемі мен сипаттамасы тұрғызылатын имараттар мен ғимараттардың көлем жобалық және құрылымдық шешімдерінің ерекшеліктерімен анықталады.
Жер жұмыстарының барлық процесстері кешенді механикаландыру әдісін және жұмыс өндірісінің тиімді тәсілдерін қолдана отырып іске асыру керек.
Біздің жағдайда өсімдік қабатын тіліп алуда Д-271А маркалы бульдозер, ал қазаншұңқыр қазу үшін Э-4111Б маркалы кері күректі экскаватор және топырақты тасымалдауда КамАЗ – 5522маркалы автосамосвалдар қолданылды. Іргетастарды орнату МКП-25 маркалы монтаждық кран көмегімен жүзеге асырылды. Іргетас қойнына қайта салынған топырақты тығыздауға Д-12Б маркалы тығыздағыш машинасы пайдаланылды. Жер жұмыстары өндірісі 22 күнге созылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Хамзин, С. Қ. Үймереттер мен ғимараттардың құрылыс технологиясы / С. Қ.
2 Хамзин. – Астана : Фолиант, 2004.
3 Хамзин, С. Қ., Әбішев, А. Қ. Құрылыс процестерінің технологиясы / С.Қ.
4 Хамзин. - Алматы: Баспа, 1997.
5 Хамзин, С. Қ. Құрылыс процестерінің технологиясы / С. Қ. Хамзин. – Алматы: Баспа, 2002.
6 Хамзин, С. Қ. Жанаев, А.Б. Құрылыс процестерінің технологиясы. Қурстық және дипломдық жобалау / С. Қ. Хамзин. – Алматы : Кітап, 1995.
7 Беляков.Ю.И. Земляные работы.-2-е изд./ Стройиздат, 1990.
8 Дегтяров.А.П К. Комплексная механизация земляных работ/ Стройиздат, 1990.
9 Строительные машины: справочник / Б.А.Баумана. Машиностроение, 1982.
10 Афанасьев .А.А. Технология строительных процессов / Высш. шк.,2000.
11 ЕНиР, сб.Е2. Механизированные и ручные земляные работы.
12 ЕНиР, сб. Е4. Монтаж сборных и устройство монолитных железобетонных конструкций.
13 СНиП 12-03-01. Безопасность труда в строительстве.
14 СНиП 3.02.01-87. Земляные сооружения, основания и фундаменты.
15 СНиП III-4-89. Техника безопасности в строительстве.

Приложенные файлы

  • docx 15906602
    Размер файла: 2 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий