4 КУРС оМ АУДАРМА

ЖМ 4 курс студенттеріне арналған тесттік тапсырмалар
В.С.Аванесова әдісі бойынша
1. HERPES SIMPLEX ВИРУСЫНА БАСЫМ ЗАҚЫМДАНУ ТӘН:
1) + теріні
2) буынды
3) + шырышты
4) сүйек жүйесін
5) + урогенитальды жүйені
2. ЖЕЛШЕШЕК КЕЗІНДЕГІ БӨРТПЕ ОРНАЛАСАДЫ:
1) + бүкіл денеде
2) + жыныс мүшелерінің шырышты қабатында
3) жазылу бетінде
4) + ауыз қуысының шырышты қабатында
5) + бастың шашты бөлігінде
6) сан және бөксе аймақтарында басымырақ
7) бүгілу бетінде басымырақ
3. ҚЫЗЫЛША КЕЗІНДЕГІ БӨРТПЕ ШЫҒАДЫ:
1) қатпарларда
2) буынның айналасында
3) бір мезетте
4) + беттен басталады
5) + реттілік тән
6) + екінші күні денеге
7) бастың шашты бөлігінде
8) + бөртпе аяқ- қолдарда шығып аяқталады
4. НАУҚАС " ҚЫЗАМЫҚ " ДИАГНОЗЫМЕН. ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТЕРАПИЯ:
1) горманальды
2) вирусқа қарсы
3) бактерияға қарсы
4) иммунитет көтеретін
5) + қызуды түсіретін
6) + жартылай төсектік режим
7) + ауыз арқылы дезонтоксикалық терапия
5. ЦИТОМЕГАЛОВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫНДАҒЫ ЛАБОРАТОРЛЫ ӘДІС:
1) + птр
2) биологиялық
3) бактереологияық
4) агглютинация реакциясы
5) + вирусологиялық зерттеу
6) комплемент байланыстыратын реакция
7) + ИФА -де арнайы антидене титрін анықтау
8) + цитологиялық әдіс - ірі көпжасушалы жасушаларды анықтау
MSQ форматында
1 деңгей - есте сақтау
1. Герпестік инфекцияның еміндегі тиімді вирусқа қарсы дәрілік зат:
1) арбидол
2) виферон
3) + ганцикловир
4) тамифлю
5) интерферон
2. Герпестік баспа шақырылады:
1) жай герпестің вирусымен
2) + Коксаки А және Б вирустарымен
3) Эпштейн - Барр вирусымен
4) гепаднавирусымен
5) цитлмегаловирустарымен
3. Туа пайда болған цитомегаловирустың клиникалық көрінісі болуы мүмкін:
1) + сарғыштану, анемия, тромбоцитопения, гепатоспленомегалия
2) алақанда және табанда көпіршіктер
3) кереңдік, катаракта
4) остеомиелит
5) конъюнктивит, пневмония
2 деңгей - түсіну
1. Бала 13 жаста. Ауыздың айналасындағы қышыну, күйдіру, ауру сезімі мазалап емханаға қаралды. Қарап тексергенде: ауыз қуысының терісі инфильтративті көпіршіктер фонында мөлдір сұйықтыққа толы. Бұл ауру қандай вируспен шақырылған?
1) + Herpes Simplex
2) HAV
3) P.mordillavirus
4) Herpes zoster
5) Rubivirus
2. Қыз бала 5 жаста, типтік қызылша ауруының 6-шы күнінде аяқ астынан есінен танған, тырысулар болған. Сырылды тыныс, жүрек тондары бәсең, пульс жиі. Акрацианоз. Көздің қарашығы үлкейген. Менингиальды белгілер жоқ. Қандай диагнозға көбіне сәйкес келеді?
1) Қызылша және менингоккты инфекция
2) + Қызылшалық энцефалит
3) Қызылша және миға қан құйылу
4) Қызылша және көлемді процесс
5) Қызылша, ауыр түрі
3. Науқаста ауру дене қызуының жоғарлауымен 380С-қа басталды. Ауыз қуысында айқын қызару, дән тәрізді түйіршіктер, бадамшаларда майда көпіршіктер. Ауруының 4-ші күнінде қалыпты температура фонында бірмезетте, бүкіл денесінде дақты - папулезді сипаттағы бөртпе пайда болды. Мүмкін болатын алдын - ала диагноз қайсы?
1) Жедел ішек инфекциясы ( ЖІИ)
2) + энтеровирусты инфекция, герпестік баспа + экзантема
3) тұмау, токсикалық түрі + герпестік баспа
4) ЖІИ + герпестік баспа
5) герпестік инфекция
4. 3 жастағы балада 3кун бойы субфебрилитет, әлсіздік, аздап жөтелу, мұрыннан шырышты бөліністер, жеңіл конъюнктивит мазалайды. 5 - ші күні белгілер күшейген. Дене қызуы 390С - қа дейін көтерілген, бетінде ашық қызғылт дақты - папулезді бөртпе пайда болған және бөртпе сол күні бүкіл денеге жайылған. Келесі күні аяқ-қолдарына. Ауруының басталғаннан 10 күн бқұрын " аллергиялық" бөртпесі және жөтелі бар туысқанымен қарым - қатынаста болған. Баланың анасы инфекциямен ауырмаған. Төменде қөрсетілген қай диагноз басым сәйкес келеді?
1) Аденовирусты инфекция
2) + Қызамық
3) Иерсиноз
4) ЖРВИ + аллергиялық бөртпе
5) Энтеровирусты инфекцияя
5. Бала 5 жаста. Басының шашты бөлігінде және денесінде мөлдір сұйықтыққа толы көпіршіктер анықталды. Терінің қалпы, түсі өзгермеген. Дене қызуы 38,20С. Әлсіз, ауыз қуысы - таза. Қандай диагноз басым сәйкес келеді?
1) Жәншау
2) Қызамық
3) Иерсиноз
4) Қызамық
5) + Желшешек
6. 10 жастағы балада бас айналу, түсініксіз сөйлеу, қиналып жүру байқалады. 2 апта бұрын желшешекпен ауырған. Теріні қарап тексергенде қабыршақтар, шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі анықталады. Қандай болжама диагноз басым сәйкес келеді?
1) Герпестік менингоэнцефалит
2) Кенелік энцефалит
3) + Желшешектік менингоэнцефалит
4) Полирадикулоневрит
5) Энтеровирусы этиологиялы серозды менингит
7. Серозды менингитпен ауырған ағасымен бала тығыз қарым-қатынаста болған. Балада " энтеровирусты экзантема" деген болжама диагноз қойылған. Төменде көрсетілген қандай зерттеу әдісі диагнозды дәлелдеу үшін сәйкес келеді?
1) ЖҚА
2) Ликворды зерттеу
3) + Энтеровирустарға қос сарысу антиденесі
4) Мұрын қуысының шырышынан бактереологиялық себінді
5) Қанның үлкен тамшысы
8. Жаңа туған нәресте дене салмағы 2100граммен туылған. 12 ші күнге сарғыштану күшейген, денесінде петихиальды бөртпе және гепатомегалия пайда болған. Ауыздың шырышты қабатынан алған жағындыда цитоплазмада және ядроларда ірі көпядролы жасушалар жасушаішілік құрылымдармен анықталған. Болжама диагноз?
1) Токсоплазмоз
2) + Цитомегалия
3) Листериоз
4) Сифилис
5) Фетальды гепатит
9. Жаңа туған нәрестеде өмірінің екінші күнінде дене қызуы 38,50С-қа дейін көтерілген, жағдайы кенеттен нашарлап, тырысулар, терісінде - көпіршікті бөртпелер, сарғыштану, гепатоспленомегалия пайда болған. Аурудың этиологиясын анықтау үшін төменде көрсетілген қандай зерттеу әдісін тағайындаймыз?
1) Жалпы қан анализі
2) + ПТР және ИФА
3) Копраграмма
4) Жалпы зәр анализі
5) Қанның үлкен тамшысына
10. Бала 10 жаста. Оң жақ бүйіріндегі күйдіру ауру сезімімен шағымданып түскен. Оң жақты қарап тексергенде, қабырға бойы бойынша теріде шоғырланған көпіршіктер табылған. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсы сәйкес келеді?
1) аусыл
2) + белдемелі герпес
3) аллергиялық дерматит
4) жаңа туған нәрестенің көпіршікті ауруы
5) Желшешектің буллезді түрі
11. . Жаңа туған нәресте дене салмағы 2100граммен туылған. 12 ші күнге сарғыштану күшейген, денесінде петихиальды бөртпе және гепатомегалия пайда болған. Ауыздың шырышты қабатынан алған жағындыда цитоплазмада және ядроларда ірі көпядролы жасушалар жасушаішілік құрылымдармен анықталған. Төменде көрсетілгендердің қайсысы аурудың пайда болу себебіне жатады?
1) грамм оң бактериялар
2) грамм оң таяқшалар
3) + фильтрленген вирус
4) приондар
5) спирохетталар
12. Балалар жұқпалы ауруханасының қабылдау бөліміне қызба, экзантема, конъюктивит көріністерімен 9 айлық бала келіп түсті. Ауру анамнезі және эпидемиологиялық анамнезі белгісіз. Төменде көрсетілген науқасты жүргізу татикасының қайсысы тиімді?:
1) + Науқастың диагнозы мен емін анықтау үшін арнайы бокстық бөлімшеге жатқызу
2) Баланы емдеу үшін жалпы бөлімшеге жіберу
3) Жалпы бөлмеде науқасты перде арқылы бөліп жатқызу
4) Диагнозды анықтау үшін қабылдау бөлімінде қалдыру
5) Баланы үйге жіберу
13. Балалар жұқпалы ауруханасының қабылдау бөліміне жедел респираторлы инфекция диагнозымен 7 айлық бала жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді. Мұқият жиналған анамнез және қарап тексеру бойынша қабылдау бөлімінің дәрігері: қызамық. типтік түрі,катаральды кезеңі,ауыр формасы деп диагноз қойды. Төменде көрсетілгендердің іс - әрекеттердің қайсысы науқаста жүргізу маңызды?
1) ауруханаға жатқызуға мұқтаж емес
2) емхана жағдайында емдеу керек
3) + арнайы бокстық бөлімшеге жатқызу
4) қабылдау бөлімінде қайталап қарау ұсынылады
5) үй жағдайында кеңес беру
14. 2 жастағы балада дене қызуының 390 С - қа дейін көтерілу, ауру сезіміне байланысты тамақтан бас тарту және ауызынан су ағу байқалады. Ауыз қуысын қарап тексеру кезінде тез жарылып, афттар түзетін, топталған серозды құрамды көпіршіктер бар. Жақасты лимфа түйіндері үлкейген. Төменде көрсетілген қайсысы болжама диагнозға басым сәйкес келеді?
1) желшешек
2) + герпестік стоматит
3) герпестік баспа
4) шырышты қабаттың күйігі
5) кандидозды стоматит
15. 2 жастағы балада дене қызуының 390 С - қа дейін көтерілу, ауру сезіміне байланысты тамақтан бас тарту және ауызынан су ағу байқалады. Ауыз қуысын қарап тексеру кезінде тез жарылып, афттар түзетін, топталған серозды құрамды көпіршіктер бар. Жақасты лимфа түйіндері үлкейген. Төменде көрсетілген қандай зерттеу әдісі аурудың себебін анықтауда дәлелді?
1) Тікелей емес гемаглютинация рекациясы
2) РИФ
3) + ИФА
4) Антиген байланыстырушы лимфоциттер
5) Комплемент байланыстырушы реакция
16. Қыз бала 12 жаста. Ауруының екінші күнінде қолдағы ауру сезімі, недомогание, дене қызуының 37,80С -қа көтерілуімен мазалап ауруханаға түседі. Қарап тексергенде: иық және білезік аймағында бірлі жарым серозды - геморрагиялық құрамды көпіршіктер анықталады. Көпіршіктер аймағында солқылдаған ауру сезімі және лимфангоит. Шеткі лимфа түйіндерінің үлкеюі байқалады. Қыз анасына көшедегі сатушылардан алынған етті турауға көмектескен. Төменде көрсетілген қайсысы болжама диагнозға басым сәйкес келеді?
1) желшешектің геморрагиялық түрі
2) + пастереллез
3) листериоз
4) иерсиниоз
5) туляремия
17. Қыз бала 12 жаста. Ауруының екінші күнінде қолдағы ауру сезімі, недомогание, дене қызуының 37,80С -қа көтерілуімен мазалап ауруханаға түседі. Қарап тексергенде: иық және білезік аймағында бірлі жарым серозды - геморрагиялық құрамды көпіршіктер анықталады. Көпіршіктер аймағында солқылдаған ауру сезімі және лимфангоит. Шеткі лимфа түйіндерінің үлкеюі байқалады. Қыз анасына көшедегі сатушылардан алынған етті турауға көмектескен. Төменде көрсетілген қандай зерттеу әдісі аурудың себебін анықтауда дәлелді?
1) + Pasterella multidans-ты анықтау үшін бактереологиялық зерттеу
2) Тікелей емес гемаглютинация рекациясы
3) ИФА
4) Антиген байланыстырушы лимфоциттер
5) Комплемент байланыстырушы реакция
18. Бала 5 жаста. Ауру жалпы улану белгілері және дене қызуының 390 С - қа көтеріліп жедел басталған. Ауруының 4-ші күнінде көз слерасының қан тамырларының инъекциясы, мойын және бет аймағының қызарып ісінуі шағымдары қосылған. Теріне қарап тексергенде аяқ - қолдарының терісінде " қолғап", " шұлық" тәріздес дақты - папулезді бөртпе, микрополиадения, ауыз қуысында бадамшалардың айқын қызаруы және " құлпынай " тәріздес тіл анықталады. Гепатоспленомегалия. Төменде көрсетілген қайсысы болжама диагнозға басым сәйкес келеді?
1) листериоз
2) + псевдотуберкулез
3) бруцеллез
4) туляремия
5) жәншау
19. Бала 5 жаста. Ауру жалпы улану белгілері және дене қызуының 390 С - қа көтеріліп жедел басталған. Ауруының 4-ші күнінде көз склерасының қан тамырларының инъекциясы, мойын және бет аймағының қызарып ісінуі шағымдары қосылған. Теріне қарап тексергенде аяқ - қолдарының терісінде " қолғап", " шұлық" тәріздес дақты - папулезді бөртпе, микрополиадения, ауыз қуысында бадамшалардың айқын қызаруы және " құлпынай " тәріздес тіл анықталады. Гепатоспленомегалия. Төменде көрсетілген қандай зерттеу әдісі диагнозды нақтылап қою үшін қажет?
1) иммунофлюоресценция
2) серологиялық
3) + ауыз қуысының жағындысын, зәрді, нәжісті, қанды бактереологиялық зерттеу
4) вирусологиялық
5) биологиялық
20. Бала 14 жаста. Дене қызуының 38,90С -қа дейін көтеріліп, жедел түрде ауырған. Көп мөлшерде ауыздан сілекей ағу, ауыз қуысындағы күйдірген және бұлшық еттегі ауру сезімі, бас ауру пайда болған. Ауыз қуысында мөлдір сұйықтықтықты көпіршіктер анықталады, олардың жартысы жарылып эрозия тузген. Осыған байланысты тамақ іше алмаған. Бала ірі қара малдың бұзауына қараған. Олардың арасында сілекей ағумен жүретін ауру болған. Төменде көрсетілген қайсысы болжама диагнозға басым сәйкес келеді?
1) герпестік стоматит
2) + аусыл
3) желшешек
4) кандидозды стоматит
5) герпестік баспа
3 деңгей - қолдану
1. . Қыз бала 12 жаста. Ауруының екінші күнінде қолдағы ауру сезімі, недомогание, дене қызуының 37,80С -қа көтерілуімен мазалап ауруханаға түседі. Қарап тексергенде: иық және білезік аймағында бірлі жарым серозды - геморрагиялық құрамды көпіршіктер анықталады. Көпіршіктер аймағында солқылдаған ауру сезімі және лимфангоит. Шеткі лимфа түйіндерінің 1 см-ге үлкейген. Қыз анасына көшедегі сатушылардан алынған етті турауға көмектескен. Төменде көрсетілген дәрілік заттардың қайсысын тағайындау тиімді?
1) ауыз арқылы сульфаниламидтер
2) + цефалоспориндердің 3-ші ұрпағы немесе пенициллиннің 100мың/кг - ға және жергілікті мазь
3) нитрофурандар
4) тетрациклинді мазь жергілікті
5) оксалиндік мазь жергілікті
2. Баланы түнде құрғақ жөтел мазалап ұйықтамаған, қарап тексергенде тыныштық жағдайда стридор, кеуде торының төменгі бөлігінің тартылуы байқалады. Жасы 3 жаста. БАБЖ бағдарламасы бойынша науқасты жүргізу тактикасының тиімді жолы?
1) Үй жағдайында бакылап, көктамырішіне преднизалон енгізу
2) + Ауруханаға жедел жатқызу
3) Антибиотик тағайындап, ингаляция жасап, тиімділігі болмаса ауруханаға жатқызу
4) Антибиотик үй жағдайында
5) Түнгі ванна
3. Бала 5 жаста " сальмонеллез, асқазан - ішектік түрі, жеңіл формасы " деген диагноз қойылды. Нәжістен сальмонелла тифимуриум табылған. Бала жақсы жақсы тұрмыстық жағдайда тұрады. Науқасты жүргізуде қандай тактика тиімді?
1) Жұқпалы аурухананың ішектік бөлімшесінде
2) Жұқпалы аурухананың арнайы бокстық бөлімшесінде
3) + үй жағдайында
4) Ауыз арқылы регидратация бөлімінде
5) Интенсивті терапия бөлімшесінде
4. Бала 6 айлық ( салмағы 7 кг.) диареямен аурады, сусыздану жоқ. Үй жағдайында емшара көрсетілген. Ауыз арқылы берілетін тұзды ерітіндінің көлемін анықтаңыз: ( ДДСҰ - ның көрсетілімі бойынша )
1) + 50 мл әр үлкен дәреттен кейін
2) 500 мл 4-6 сағатта
3) 350 мл 4-6 сағатта
4) Қалауы бойынша су беру
5) Регидратация керек емес
5. Бала 6 айлық, емшекпен емеді жедел түрде ауырған. Дене қызуы 380С, құсу, іш кебу, іштегі ауру сезімі, нәжісі сулы " көпіршікті". Зәр шығаруы төмендеген. Үлкен еңбегі төмен түскен, шөлдеу. Дене салмағы 7 кг. Жағдайының ауырлығын анықтау үшін қандай синдром маңызды?
1) Гипертензия
2) + Сусыздану
3) Жергілікті белгілер ( іштің кебуі, іштегі ауру сезімі)
4) Жедел бүйрек жетіспеушілігі
5) Жедел бауыр жетіспеушілігі
6. 6 айлық бала. Қарап тексергенде тыныштық жағдайында тыныстың жиілеуі, мұрынның бітелуі, қалыпты дене қызуы және ысқырықты ( астмоидты) тыныс байқалады,яғни экспираторлы ентігу. Дәрігер бұл жағдайды БАБЖ бағдарламасы бойынша астмоидты тыныс, пневмония жоқ деп жіктеді. Төменде көрсетілгендердің қайсысы БАБЖ бағдарламасы бойынша көбіне қолданылады?
1) + Аэрозольды сальбутамолды - спейсер арқылы 20 минут үзіліспен 3 рет қолдану
2) 3 рет 20 минут үзіліспен эуфиллинді көктамырішіне енгізу
3) Аэрозольды сальбутамолды балаға 1 рет спейсер арқылы енгізу
4) Эуфиллин үлкендерге арналған мөлшерін беріп, дренажды массаж жасау
5) Преднизалон үлкендерге арналған мөлшерін бұлшық етке енгізу
7. 4 жасар қыз дене қызуының 38,40 С қа көтеріліп жедел түрде аурады. Бетінде, арқасында диаметрі 2-3мм сирек орналасқан ашық қызғылт дақтар пайда болған. Келесі күні бөртпелер көбейіп, дақтардың орнына және бастың шашты бөлігінде көпіршіктер пайда болған. Диагнозы - желшешек. Үйде 3 жастағы бала бар. Төменде көрсетілгендердің қайсысы тиімдірек?
1) + Ауырмаған және қатынаста болғандарды науқаспен қатынасқа түскен күннен бастап
2)
3)
4)
5) Шектеу қажет емес
8. Дене салмағы 5 кг, 4 айлық бала секреторлы диареямен аурады. Т 390С. БАБЖ бағдарламасы бойынша төменде көрсетілген дәрілік заттың қайсысын қолдану тиімді?
1) + Регидрон
2) Смекта
3) Ибуфен
4) Линекс
5) Ауыз арқылы антибиотик
9. Бала 5 жаста. Дене қызуының 380 С - қа көтерілумен және іштегі ауру сезімі мазалап жедел түрде ауырған. Бірнеше сағаттардан кейін көп мөлшердегі шырышпен сұйық нәжіс пайда болған. 5-6 сағаттардан кейін үлкен дәреті нәжіссіз қалған: шырыш, қан жағындылары және тенезмдер қосылған. Іш запавший, тік ішегі бос. БАБЖ бағдарламасы бойынша бағалау - сусыздану жоқ. Қандай көрсеткіштердің жоғарлауын күтуге болады?
1) Лейкопения, лимфоцитоз, ЭТЖ - ның аздап көтерілуі.
2) Лейкоцитоз, лимфоцитоз, ЭТЖ жылдамдатылған
3) + Лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жылдамдатылған
4) Нормоцитоз, қан формуласында өзгерістер жоқ, қалыпты ЭТЖ
5) Лейкоцитоз, нейтрофилез, эритроцитоз, ЭТЖ жылдамдатылған.
10. Қызамықпен ауратын 9 айлық балада бронхопневмония асқынуы пайда болды. Төменде көрсетілген дәрілік заттардың қайсысын тағайындаған тиімді?
1) пробиотиктер
2) + антибиотиктер
3) витаминдер
4) энтеросорбенттер
5) қақырық түсіретін шөптер
11. Ауруханаға 10 жастағы бала тырысулармен және есінен танумен түседі. 10 күн бұрын бөртпемен қатар жүрген ЖРВИ мен ауырып шыққан. Теріні қарап тексергенде отрубевидное қабыршықтану және пигментация. Осы жағдайда бірінші кезекте қандай зерттеу жүргіземіз?
1) Кеуде клеткасының рентгенографиясы
2) + Жұлын - ми пункция
3) Құрсақ қуыс органдарының УДЗ
4) Қанды қызамық вирусына тексеру, тікелей гемаглютинация рекациясы
5) ЖЗА
12. Балаға 20 күн. Герпестік инфекция, бауыр зақымдануымен қатар жайылған түрі деген диагнозы қойылған. Диагнозды негіздеп қою үшін қандай зерттеу әдісін қолданған дұрыс?
1) ЖҚА
2) ЖЗА
3) +ПТР
4) Копрограмма
5) Қанның үлкен тамшысына
13. Бала 3 жаста. Ауруханаға дене қызуының 38,50С, аздап жөтелу, түшкіру және айқын емес улану белгілерімен,ауруының екінші күнінде түскен. Терінің өзгермеген фонында денесінде, бетінде майда - дақты бөртпелер бар,көбінсе жазылу аймақтарында. Шүйде лимфа түйіндері үлкейген. Қандай емшара осыған бағытталған?
1) пенициллин
2) + парацетамол
3) преднизалон
4) амиксин
5) нимисулид
Құқықтық сұрақтар:
1. Ауа - тамшылы инфекцияның диагностикасы және емі бойынша бұйрық нөмері?
1) + № 264
2) № 33
3) № 479
4) № 2136
5) № 661

Приложенные файлы

  • docx 15906228
    Размер файла: 15 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий