Тамыр типтері және тамыр түрөзгерістері


Сабақ жоспары биология пәні бойынша 6 «А» сыныбы
Сабақтың тақырыбы Тамырдың түрлері. Атқаратын қызметіне байланысты тамырдың түрөзгерісі.
Сабақтың мақсаты Тамырдың түрлерін ажырата алу, атқаратын қызметіне байланысты түрөзгерістерін білу
Күтілетін нәтижие Өсімдіктерде тамырдың әр түрлері болатынын біледі.
Тамыр қызметіне байланысты түрін өзгерте алатынын түсіне отырып, ерекшеліктерін атап бере алады
Қолданылған модульдер Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; АКТ; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; СТО жобасы; оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; оқытуды басқару және көшбасшылық
Дерек көзі Р.Әлімқұлқызы «Өсімдіктану» оқулығы
К. Жүнісқызы «Биология» оқулығы
«Биология және салауаттылық негізі» ғылыми педагогикалық журнал № 3 2010ж № 4 2011ж
Керекті жабдықтар Тақырыпқа байланысты суреттер, электрондық оқулық , интербелсенді тақта
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру (3 минут) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Суреттер бойынша топқа бөлу. Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру. Оқушыларды топпен отырғызу.
Үй тапсырмасы (5 минут) 1 Үй берілген тапсырма бойынша оқушылардың дайындап келген слайдтарын қарау.
2. Интербелсенді тақтада берілген кестемен жұмыс және сұрақтарға жауап беру
Сыныптағы тапсырмалар
(3 минут)
12 (минут) І. Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын интербелсенді тақтадан бейнекөрсетілім көрсету
Мұғалім ортаға сұрқ тастайды:
1. Бейне көрсетілімнен өздеріңе қандай ой
түйдіңдер?
2. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы
болады деп ойлайсыңдар?
3. Өткен тақырыппен қандай байланысы болуы
мүмкін?
Оқушылардың көмегімен сабақтың тақырыбы ашылады.
Мәтінмен жұмыс
1. Тамырдың қызметі
2. Тыңайтқыштар
3.Өсімдіктің қоректенуі. Минералды қорекену
4 Тамырдың түрөзгерістері
Берілген тапсырманы алдымен жек, жұпта, одан соң өз топтарында талқылап қағаз бетіне түсіріп, өз ойларын басқа топтағы оқушылармен бөліседі.
Топтар бір-бірінің жұмысын бағдаршам, сэндвич, әдістерінің көмегімен бағалайды.
Тренинг (2 минут) Қаңқа биі.
12 (минут) ІІ. Төрт жағына сан жазлған кубикті мұғалім ортаға ұсынады:
1. Қызылшы сәбіз тамыры
2. Тіреу тамыр
3. Нарғызгүл тамыры
4. Ау тамыр
Әр топ өздері түскен тамырдың түрөзгерісін зерттейді
Топтар бір-бірінің жұмысын смайлинтер, екі жұлдыз бір тілек әдістерінің көмегімен бағалайды.
Қорытындылау (5минут) Мен саған сен маған оқушылар екуден жұптасып бір-біріне сұрақ қояды
Бекіту (2 минут) Мұғалім тақырыпқа байланысты түйін сөз айтып өтеді
Үйге тапсырма беру
(1 минут) Өтілген тақырыпқа байланысты қосымша қызықты материалдар жинақтап келу. Слайд дайындау
Рефлексия Бүгінгі сабақтал алған әсерлерімен бөлісу
Бағалау (2 минут) Топ басшысына ұсынылған бағалау парағы арқылы бағалау

№ 1 қосымша І тапсырма. Тамыр бөлімдерін атап шық
1. _________ 2._____________ 3.____________ 4. _________
ІІ тапсырма
Сору аймағының қызметі қандай?
Бөліну аймағы басқа тамыр бөлімдерінің қалыптасуына әсер етедіме?
Не себептен өткізу аймағы деп аталады?
Сору аймағындағы түктер не үшін қажет?
Тамыр оймақшасының қызметі қандай ?
Тамырдың өсуі өсімдіктер үшін маңыздыма
Тамырдың өсуіне жылмезгілдері әсер етедіме?

Приложенные файлы

  • docx 15886215
    Размер файла: 57 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий