жер кукыгы ответ


Жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын тоқтату негіздері
Жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын тоқтату негіздерін Жер кодексінде көрсетілген құқықтық нормалар бойынша төмендегіше жіктеп көрсете аламыз: меншік иесі - жер учаскесін немесе жер пайдаланушы жер пайдалану құқығын иеліктен шығарып басқа тұлғаға берген кезде; меншік иесі меншік құқығынан немесе жер пайдаланушы жер пайдалану құқығынан бас тартқанда; жер учаскесіне меншік құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан өзге де жағдайларда айрылған ретте тоқтатылады. Меншік иесінен, сатып алуды қоса алғанда, жер учаскесін және жер пайдаланушыдан жер пайдалану құқығын алып қоюға. меншік иесінің немесе жер пайдаланушының міндеттемелері бойынша жер учаскесінен немесе жер пайдалану құқығынан өндіріп алу жүргізілген; жеке меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан жер учаскесі мемлекеттік қажеттіктер үшін сатып алуды қоса алғанда алып қойылған; мақсатына сай пайдаланылмай отырған немесе Қазаќстан Республикасыныњ заңдарын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскесі меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойылған; радиоактивті ластануѓа ұшыраѓан жер учаскесін, ќұны тењ жер учаскесі беріле отырып, меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан алып ќойѓан; тәркіленген реттен басқа жағдайларда жол берілмейді. Сонымен қатар жер пайдалану құқығы бұдан басқа да мына негіздер бойынша тоқтатылуы мүмкін: а) учаске берілген мерзімнің өтуі; б) жер учаскесі кепілде тұрған жағдайларды қоспағанда, жер учаскесін жалға беру шартының немесе өтеусіз уақытша жер пайдалану шартының мерзімінен бұрын тоқтатылуы; в) жер пайдаланушыға қызметтік жер телімін берумен байланысты туындаған еңбек қатынастарының тоқтатылуы.
Жеке меншік құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан бас тартуы
Меншiк иесi бұл туралы жария етiп, не жер учаскесiне қатысты өзiне
тиесiлi құқығын сақтау ниетiнсiз одан бас тартатынын айқын бiлдiретiн басқа да iс-əрекет жасап, өзiне тиесiлi жер учаскесiне меншiк құқығынан бас тарта алады.Уақытша жер пайдалану құқығынан немесе жеке меншiктегi жер учаскесiн уақытша пайдалану құқығынан бас тарту жалдау шартын немесе өтеусiз уақытша жер пайдалану туралы шартты тоқтату үшiн белгiленген тəртiппен жүзеге асырылады. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығынан ерiктi түрде бас тартқан кезде,жер учаскесi меншiк иесiнiң нотариат куəландырған жазбаша өтiнiшi жер учаскесiн иесi жоқ жылжымайтын зат ретiнде есепке алуға негiз болып табылады.
Меншік иесінің немесе жер пайдаланушының міндеттемелері бойынша жер учаскесінен немесе жер пайдалану құқығынан өндіріп алу
Меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының мiндеттемелерi бойынша
жер учаскесiнен немесе жер пайдалану құқығынан өндiрiп алу кезiнде меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тəртiппен меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы ауысатын тұлғаның алып қойылған жер учаскесiн меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы туындаған кезден бастап тоқтатылады.
Кепiлге берушiнiң өтiнiшi бойынша сот дəлелдi себептер болған кезде
(дүлей апат жəне өзге де төтенше жағдайлар), сондай-ақ ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жер кепiлге салынған жағдайда, кепiлге салынған жер
учаскесiнен (жер пайдалану құқығынан) өндiрiп алу туралы шешiмде оның
сатылуын бiр жылға дейiнгi мерзiмге кейiнге қалдыруға құқылы.
Жер учаскесін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алып қою, оның ішінде сатып алу жолымен алып қою
Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесін
мемлекет мұқтажы үшін мəжбүрлеп иеліктен шығару рəсімінің басталуы
туралы хабарлама алған күннен бастап жер учаскесіне мемлекеттік меншік құқығы мемлекеттік тіркелгенге немесе жер пайдалану құқығы
тоқтатылғанға дейін жер учаскесiне жəне өзге де жылжымайтын мүлікке
өзiне тиесiлi құқықты жүзеге асыруға, осы мүлікті оның нысаналы мақсатына сəйкес пайдалануды қамтамасыз ететiн қажеттi шығындарды жасауға құқылы. Бұл ретте меншiк иесi немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы көрсетілген кезеңде осындай жер учаскесіндегі жаңа құрылысқа, үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) жəне өзге де жылжымайтын мүлік объектілерін кеңейтуге немесе реконструкциялауға байланысты шығындар мен залалдарды өзi көтеруге тəуекел жасайды.
Егер меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер
учаскесінің бір бөлігі мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылғаннан
кейін қалған бөлігін бұрынғы нысаналы мақсаты бойынша пайдалана алмаса,онда бүкіл жер учаскесі сатып алынады
Жер учаскесін сатып алу
Мемлекеттік қажеттіліктер үшін мемлекеттік жер пайдаланушыдан жер учаскесін алып қою
Мемлекет мұқтажы үшiн мемлекеттік жер пайдаланушыдан жер учаскесiн
алып қою оны алып қоюды жүзеге асыратын атқарушы органның бiржақты шешiмi негiзiнде жүргiзiледi.Мұндай шешiмге жоғары тұрған органға не сот тəртібімен шағымжасалуы мүмкiн. Шағым беру алып қою туралы шешiмнiң орындалуын тоқтата тұрады.Жер учаскесінің меншiк иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауында белгіленген мерзімде жəне тəртіпте мəжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабардар етілуге тиіс. Жер учаскесінің меншiк иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы мəжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сəттен бастап мемлекет оны сатып алудың басым құқығына ие болады.
2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мəжбүрлеп иеліктен шығару«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауында белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады.
3. Жер учаскесi меншiк иесiнің меншік құқығының жəне мемлекетті емес жер пайдаланушының жер пайдалану құқығының тоқтатылуы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу туралы шарттың немесе жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мəжбүрлеп иеліктен шығару туралы сот шешімінің негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен мемлекеттік тіркелуге жатады.
Төтенше жағдайлар кезінде жер учаскесін уақытша алып қою
Дүлей апаттар, соғыс жағдайындағы режим, авариялар, эпидемиялар,iндеттер жағдайында жəне өзге де төтенше жағдайлар кезiнде жер учаскесi жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға олардың шеккен шығыны өтеле отырып, олардан қоғам мүддесi үшiн уақытша алып қойылуы мүмкiн. Меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының шеккен шығынын өтеу бағасы сот тəртібімен даулануы мүмкiн.
2. Төтенше жағдайдың қолданылуы тоқтатылған кезде жер учаскесi меншiк иесiне (жер пайдаланушыға) қайтарылуға тиiс жəне дау туындаған жағдайда ол сот тəртібімен оның қайтарылуын талап етуге құқылы.
3. Жер учаскесiн меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға қайтару мүмкiн болмаған жағдайда жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының құны өтеледi.
4. Жер учаскесiн уақытша алып қойған кезде мүлiктi, соның iшiнде жылжымайтын мүлiктi реквизициялау тəртібі Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарының нормалары бойынша жүзеге асырылады.
Мақсаты бойынша пайдаланылмаған жер учаскесін меншік иесінен және жер пайдаланушыдан алып қою
Егер ауыл шаруашылығы өндiрiсiне не тұрғын үй құрылысына немесе
өзге де құрылысқа арналған жер учаскесi екi жыл iшiнде (егер Қазақстан
Республикасының заңдарында неғұрлым ұзақ мерзiм көзделмесе) тиiстi
мақсатында пайдаланылмаса, ал ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуүшін, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер пайдалану құқығында берілген жер учаскесі алғаш рет жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау анықталған кезден бастап есептелетін бесжылдық кезеңде жалпы алғанда екі жыл пайдаланылмаса, онда мұндай жер учаскесi Кодекстiң 94-бабында көзделген тəртiппен меншiк иесiнен жəне жер пайдаланушыдан мəжбүрлеп алып қойылуға жатады. Бұл кезеңге осындай жер учаскесін игеруге қажеттi уақыт, сондай-ақ дүлей апаттар салдарынан немесе осылайша пайдалануға мүмкiндiк бермеген өзге де мəн-жайларға байланысты көрсетілген учаскенi мақсаты бойынша пайдалану мүмкiн болмаған уақыт кiрмейдi.
2. Жер учаскесін игерудің мерзімі мен шарттарын облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылды(селолық)округтердің əкімдері, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында – тиісті əкімшілік-аумақтық бөліністің жергілікті атқарушы органдары немес арнайы экономикалық аймақтың əкімшілігі, жер учаскелерін беру жөніндегіосы Кодексте белгіленген өз құзыреті шегінде, осы аумақта жерді аймақтарға бөлуге жəне қала құрылысы регламенттеріне сəйкес белгіленген берілетін жер учаскесінің нысаналы мақсаты мен жердің құқықтық режиміне қарай айқындайды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының сəулет, қала құрылысы жəне
құрылыс қызметі туралы заңнамасына сəйкес жобалау (жобалау-сметалық)құжаттамасы бойынша, сондай-ақ жобалау (жобалау-сметалық)
құжаттамасынсыз не эскиздер (эскиздік жобалар) бойынша жүзеге
асырылатын құрылыс үшін жəне ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін
берілген жер учаскесiн игеру кемінде екі жыл мерзімге белгіленеді.__
Жерді тәркілеу
кылмыс немесе өзге де құқық бұзушылық жасағаны үшiн меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан жер учаскесi сот тəртібімен санкция түрiнде өтеусiз алып қойылуы мүмкiн.Сотталған адам мен оның асырауындағы адамдар үшiн қажеттi, сотталған адамға жеке меншiк құқығымен тиесiлi немесе оның ортақ меншiктегi үлесi болып табылатын, онда үйi мен шаруашылық қора-жайлары орналасқан жер учаскелерi, сондай-ақ өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн қажеттi жер учаскелерi Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдарында көзделген тiзбеге сəйкес тəркiленбеуге тиiс.Тəркiленген жер учаскелерi мемлекеттік меншiкке қайтарылады. Тəркiлеу объектiсi болып табылатын мұндай жер учаскелерi не жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тəртiппен сатылуы немесе одан əрі пайдаланылуы мүмкiн.
Меншік немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер учаскесін бағалау
Меншiк немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер учаскесiнің немесе жер пайдалану құқығының құны мемлекетке төленген
сома шегінде белгіленеді.Меншiк немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жеке тұрғын үй орналасқан жерде жеке тұрғын үй салуы үшін, жеке қосалқышаруашылық жүргізу үшін (егістік телімдерін қоспағанда) берілген жер учаскесінің құны жер учаскесінің нарықтық құнынан аспайтын құны мөлшерінде белгіленеді.Меншiк немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға азаматтық-құқықтық мəміле бойынша немесе сот шешімі бойынша ауысқан жер учаскесінің құны азаматтық-құқықтық шартта немесе сот шешімінде көрсетілген құн мөлшерінде, бірақ нарықтық құннан аспайтын мөлшерде белгіленеді. Азаматтық-құқықтық шартта немесе сот шешімінде жер учаскесінің бағасы көрсетілмеген жағдайда, жер учаскесінің құны оның кадастрлық (бағалау) құны бойынша бағаланад
11.Мемлекеттік меншіктегі жерлерге құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу......
Жер учаскесі немесе жер учаскесін жалдау құқығы:
1) инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру үшін;
2) халықаралық шарттарға сəйкес шет мемлекеттерге жəне халықаралық ұйымдарға;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер пайдаланушыларына;
4) мемлекеттік органдар өткізетін объектілерді салу жөніндегі конкурстарды (тендерлерді) жеңіп алған тұлғаларға жəне мұндай құрылыс тікелей аталған тұлғаларға жер учаскесін беруді талап еткен кезде;
5) жеке жəне заңды тұлғаларға оларға меншік құқығымен жəне (немесе) өзге де заттай құқықпен тиесілі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) пайдалану жəне ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы үйлерді
(құрылыстарды, ғимараттарды) Қазақстан Республикасының сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тəртіппен бекітілген сəулет-қала құрылысы жəне (немесе) құрылыс
құжаттамасына сəйкес кеңейту жəне реконструкциялау үшін;
6) кондоминиум объектісін пайдалану жəне ұстау үшін кондоминиумға қатысушыларға;
7) жайылымдық жəне шабындық алқаптарды халықтың жеке ауласын
ұстау, сондай-ақ бақша өсіру жөніндегі мұқтажын қанағаттандыру мақсатында пайдалану үшін;
8) Қазақстан Республикасының жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сəйкес жасалған келісімшарттың негізінде жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін;
9) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сəйкес жасалған келісімшарттың негізінде мемлекеттік заттай гранттар ретінде;
Уақытша жер пайдалану мерзімі аяқталып келе жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері уақытша жер пайдаланушы жаңа мерзімге уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасудан бас тартқан
жағдайда ғана сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылады.
2. Сауда-саттықтың (конкурстардың, аукциондардың) жеңімпаздарына -шетелдіктерге жəне азаматтығы жоқ адамдарға тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін, орман өсіруді, қосалқы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелері он жылға дейінгі мерзімге жалдау шартымен уақытша жер пайдалануға беріледі.
3. Сатуға арналған жер учаскесі:жер учаскесінің шекарасы айқындалғаннан;
жер учаскесінің нысаналы мақсаты жəне оның кадастрлық (бағалау) құны анықталғаннан;
сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу туралы шешім қабылданғаннан;
сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін сауда-саттыққа шығарылады.
4. Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатушы ретінде жергілікті атқарушы орган өкілдік етеді. Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) ұйымдастырушы ретінде меншік иесі немесе онымен жасалған шарт негізінде əрекет етушімамандандырылған ұйым өкілдік етеді.
5. Жep учаскесінің меншік иесі сауда-саттықты (конкурстарды,аукциондарды) өткізу нысанын, сауда-саттық нысанасының бастапқы бағасын жəне кепілақы сомасын белгілейді.
6. Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру мен өткізу əртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес жер пайдаланушылар құқықтық жағдайының ерекшеліктері
Жер учаскесіне құқық беру тәртібі мен жерт учаскелерін беру нормалары
Жер учаскелерiн алуға құқығы бар азаматтардың жəне мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншiгiне мемлекеттік меншiктегi жер учаскелерiнжеке меншiкке беру өтеулi негiзде жүзеге асырылады.
Жер учаскелерiн азаматтардың жəне мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншiгiне беру осы Кодексте жəне Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген жағдайларда тегiн жүзеге асырылуы мүмкiн. Азаматтар мен заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығынан басқа мақсаттар үшiн берiлетiн жер учаскелерiнiң мөлшерi қызметтiң осы түрлерiне жер бөлiп берудiң Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген тəртiппен бекітілген нормалар бойынша не сəулет-қала
құрылысы жəне (немесе) құрылыс құжаттамасына сəйкес айқындалады. ауылдық жерлерде өзiндiк қосалқы шаруашылық (үй маңындағы жəне егiстiк телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу үшiн - суарылмайтын жерде 0,25
гектар жəне суармалы жерде 0,15 гектар;2) жеке тұрғын үй құрылысы үшiн - 0,10 гектар;
3) бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн - 0,12 гектар.жер беріледі.
Бөлінетін және бөлінбейтін жер учаскелері
Жер учаскесi бөлiнетiн жəне бөлiнбейтiн болуы мүмкiн. Өзiнiң
нысаналы мақсатын өзгертпей жəне өртке қарсы, санитарлық, экологиялық,құрылыстық жəне өзге де мiндеттi нормалар мен ережелердi бұзбай бөлiктерге бөлуге болатын, бөлiнгеннен кейiн əрқайсысы дербес жер учаскесiн құрайтын жер учаскесi бөлiнетiн жер учаскесi болады, бұлай болмаған жағдайда ол бөлiнбейтiн болып табылады. Жер учаскесінің бөлінетін бөлігімен мəмілелер жасаған кезде, бұл бөлік
белгіленген тəртіппен алдын ала дербес жер учаскесі болып бөлініп шығарылуға тиіс. Қалған жағдайларда мəміле нысанасы оны шартта сипаттау немесе жер учаскесінің бөлігіне белгіленетін құқықтың қолданылу аясын(жалдау, өтеусіз пайдалану, сервитут жəне басқалары) сəйкестендіру құжатына енгізу арқылы айқындалуы мүмкін.
Жер учаскесіне ортақ меншік немесе ортақтасып жер пайдалану
Екi немесе бiрнеше тұлғаның меншiгiндегi жер учаскесi оларға ортақ меншiк құқығымен тиесiлi болады. Жер учаскесiне ортақ меншiк Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген реттерде учаске бөлiнбейтiн жағдайда (осы Кодекстiң 51-бабы), сондай-ақ меншiк иелерi өздерiне тиесiлi жер учаскелерiн бiр учаскеге ерiктi түрде бiрiктiрген кезде туындайды. Жер учаскесi әрбiр меншiк иесiнiң үлесi анықталған (үлестiк меншiк) немесе үлестерi анықталмаған (бiрлескен меншiк) ортақ меншiкте болуы мүмкiн. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiктегi немесе ортақ үлестiк жер пайдаланудағы жер үлестерi жерге қатысты құқықтар мен мiндеттердiң дербес объектiсi болып табылады. Ортақ меншiктегi (ортақ жер пайдаланудағы) жер учаскесiн пайдалану тәртiбi ортақ меншiкке (ортақ жер пайдалануға) қатысушылар арасындағы шартпен белгiленедi. Олардың арасында келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда пайдалану тәртiбiн сот айқындайды. Жер учаскесiн пайдалану тәртiбi туралы қатысушылардың келiсiмi немесе соттың шешiмi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органда тiркелуге тиiс.
Жерге меншік құқығының мазмұны
Жерді өмір бойына мұраға қалдырып иелену құқығының енгізілуі Қазаќстан Республикасы Президентінің 1994 жылы 24 қаңтарда “Жер қатынастарының кейбір мәселелерін реттеу туралы”, сол жылы 5 сәуірде “Жер қатынастарын одан әрі жетілдіру туралы” заң күші бар Жарлықтармен өмірге келді. Осы аталған маңызды құжатты орындау мақсатында қабылданған “Қазаќстан Республикасыныњ азаматтары мен заңды тұлғалардың жер учаскелерін өмір бойы мұраға қалдырып иелену құқығын, пайдалану құқығын немесе жалпы жалға алу құқығын, сатып алу-сату тәртібін бекіту туралы” Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 14 маусымдағы №625 қаулысы мемлекет өмірінде жерге заттық құқыѓын бекітті. Яѓни, сол кезден бастап жерге деген заттыќ ќұќыќ мазмұнын - меншік құқығы, жер пайдалану құқығы, жеке меншіктегі жер учаскесін уаќытша пайдалану ќұќыѓы, міндеттілік (сервитут) және µзге де заттыќ ќұќыќтар ќұрады. Алайда жердіњ зат немесе мүлік емес екендігіне барѓан сайын, зањ нормаларымен бекітілген әртүрлі жерге қатысты заттық құқықтар көз жеткізеді. Әйтсе де осы мәселеге қатысты шамада меншікті конститутциялық норма тұрғысынан қарастырып көрсек, “Меншік міндет жүктейтінін, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиістігін” көреміз.
Жер учаскесіне меншік құқығының туындауы
1. Жер учаскесiне меншiк құқығы:
1) меншiк құқығын табыстау;
2) меншiк құқығын беру;
3) меншiк құқығының əмбебап құқықтық мирасқорлық тəртібімен (мұраға
қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) ауысуы арқылы
туындайды.
2. Меншiк құқығын табыстау, беру жəне оның ауысуы жер учаскесiнiң
нысаналы мақсаты ескерiле отырып, жүзеге асырылуға тиіс.
3. Жер учаскесiне меншiк құқығы:
1) мемлекеттік органдар актілерінiң;
2) азаматтық-құқықтық мəмiлелердiң негiзiнде;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде
туындайды.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелеріне меншік құқығы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке меншiкте болмайтын жер учаскелерiн қоспағанда, мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерi азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке берiлуi мїмкiн. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншiгiнде: шаруа немесе фермер қожалығын; өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу; орман өсiру; бағбандық; жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн; үйлердi (құрылыстарды, ғимapaттарды) oлардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) мен олардың кешендерiн салуға берiлген (берiлетiн) немесе олар салынған жер учаскелерi болуы мүмкiн. Шаруа немесе фермер қожалығын, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, орман өсiру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн берiлген жер учаскесiнiң меншiк иесi болып табылатын азамат Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде меншiк құқығы иелiктен алынуға немесе Жер кодексінің 66-бабының нормаларына сәйкес қайта ресiмделуге тиiс.
Жер қатынастарындағы жеке меншік құқығының объектілері
Жерге деген жеке меншік құқығын іске асыру тәртібі
1. Егер осы Кодексте жəне Қазақстан Республикасының өзге де заң
актілерінде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң меншiк иесi мемлекеттік
органдардың қандай да бiр рұқсатын алмай, жер учаскесiн өз қалауынша
иелену, пайдалану жəне оған билiк ету құқығын жүзеге асырады.
2. Меншiк иесi өзiнiң жер учаскесiне қатысты оның нысаналы мақсатын
өзгертпей, Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйымсалынбаған
кез келген мəмiлелердi жасасуға құқылы
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң меншiк иелерi
аталған құқықтарды осы Кодекстiң ережелерiн ескере отырып iске асырады.
Жер учаскесiне меншiк құқығы басқа адамға мəмiле жасалған кездегi
барлық ауыртпалықтарымен берiледi.
3. Жер учаскесiнiң меншiк иесi оның нысаналы мақсатын өзгертпей, жер
учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарттың негiзiнде оны уақытша
пайдалануға беруге құқылы. Жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарт
жалдау шарты (жалға алушымен) немесе өтеусiз пайдалану туралы шарт
(өтеусiз пайдаланушымен) нысанында жасалады.
Жер пайдалану құқығының заттық құқық ретіндегі режимі мен оның түрлері
Жерді өмір бойына мұраға қалдырып иелену құқығының енгізілуі Қазаќстан Республикасы Президентінің 1994 жылы 24 қаңтарда “Жер қатынастарының кейбір мәселелерін реттеу туралы”, сол жылы 5 сәуірде “Жер қатынастарын одан әрі жетілдіру туралы” заң күші бар Жарлықтармен өмірге келді. Осы аталған маңызды құжатты орындау мақсатында қабылданған “Қазаќстан Республикасыныњ азаматтары мен заңды тұлғалардың жер учаскелерін өмір бойы мұраға қалдырып иелену құқығын, пайдалану құқығын немесе жалпы жалға алу құқығын, сатып алу-сату тәртібін бекіту туралы” Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 14 маусымдағы №625 қаулысы мемлекет өмірінде жерге заттық құқыѓын бекітті. Яѓни, сол кезден бастап жерге деген заттыќ ќұќыќ мазмұнын - меншік құқығы, жер пайдалану құқығы, жеке меншіктегі жер учаскесін уаќытша пайдалану ќұќыѓы, міндеттілік (сервитут) және µзге де заттыќ ќұќыќтар ќұрады. Алайда жердіњ зат немесе мүлік емес екендігіне барѓан сайын, зањ нормаларымен бекітілген әртүрлі жерге қатысты заттық құқықтар көз жеткізеді. Әйтсе де осы мәселеге қатысты шамада меншікті конститутциялық норма тұрғысынан қарастырып көрсек, “Меншік міндет жүктейтінін, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиістігін” көреміз.
Жер пайдалану құқығының субъектілері
Жер пайдалану күкығының субъектілері бірнеше топка бөлінеді: жеке және занды тұлғалар; ұлттык және шетелдік тұлғалар. Үлттық жер пайдалану- шыларга мыналаржатады: Казакстан Республикасының азаматтары, Казакстан Республикасының занды тұлғалары, шетелдік катысуы бар Казакстан Республикасының занды тұлғалары; ал, енді шетелдік жер пайдаланушыларға келесі тұлғалар жатады: Шетел азаматтары, азаматтығы жок адамдар, шетелдік занды тұлғалар, шетел мемлекеттері, халыкаралык ұйымдар мен бірлестіктер. түракты және уакытша жер пайдаланушылар; бастапкы және кейінгі жер пайдаланушылар. Бастапкы жер пайдаланушыларға: жерді тікелей мемлекеттен немесе баска бастапкы жер пайдаланушыдан тәртібі аркылы алған түлғалар болып табылады. Кейінгі жер пайдалануда бастапкы жер пайдала- нушы өзінің биліктік мәртебесін сактап отырады. Ал, кейінгі жер пайдаланушылардың күкыктары бастапкы жер пайдаланушылар- мен шектеліп отыруы мүмкін.
Жерді тұрақты пайдалану құқығы
Жер пайдалану құқығының түрлері тұрақты немесе уақытша, иеліктен алынатын немесе алынбайтын, ақы төлеп немесе өтеусіз алынатын болуы мүмкін. Жер учаскелері тұрақты жер пайдалану құқығымен мынадай мемлекеттік жер пайдаланушыларға:
- кодоминиум объектілеріндегі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды), үй-жайларды шаруашылық жүргізу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғаларға;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға беріледі. Бұл жер пайдалану құқығының түрі заңды нормалар негізі бойынша шетелдік жер пайдаланушыларға берілмейді.
Уақытша жер пайдалану құқығы
Жер пайдалану құқығы - тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі және өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі-бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену және пайдалану құқығы болып табылады. Яғни, жерді пайдалану құқығы жерге мемлекеттік меншік құқығынан пайда болады. Жер учаскесін пайдалану құқығының пайда болуының үш негіздері бар: - мемлекеттік органдар заңда көрсетілген реттерде актілер жасап береді; - азаматтық-құқықтық актілер шегіндегі мәмілелер негізінде; - заңда көрсетілген өзге де негіздерде (мұраға өту) заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру т.б. Уақытша жер пайдалану құқығына Қазаќстан Республикасыныњ заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы 5 жылѓа дейінгі мерзімге табыстала алады. Уаќытша µтеулі жер пайдалану ќұќыѓы болса, ол қысқа мерзімді, яѓни 5 жылѓа дейін жєне ұзаќ мерзімді 5 жылдан 49 жылға дейін берілуі мүмкін. Мұнда уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы жалдау құқығымен теңдестірілген. Бастапқы жер пайдаланушы өзінің жер пайдалану құқығын иелігінен шығармай, ал өзіне тиесілі учаскені (немесе оның бір бөлігін) жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық уәкілетті органдарға хабарлай отырып, басқа тұлғаға уақытша жер пайдалануға беретін жағдайларда, кейінгі жер пайдалану туралы шарттың негізінде кейінгі жер пайдалану туындайды.
Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы
.Оралмандарға өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін жер учаскелерін беру селолық елді мекендердің жерінен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, көшіп келушілердің жер қорының, арнайы жер қорының жерінен және босалқы жерден өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады. Берілген жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейінгі жағдайларда осы заңда белгіленген тәртіппен олардың жеке меншігіне өтеді. Жер учаскелерi Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан
Республикасының заңды тұлғаларына уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен:
шалғайдағы мал шаруашылығы (маусымдық жайылымдар) үшiн; тұрғын халықтың мал жаюы мен шөп шабуы үшiн;мемлекеттік жер пайдаланушыларға;
бақша өcipу үшiн; қызметтiк жер телiмі түрiнде;ортақ пайдаланылатын жолдарды салу, мемлекеттік меншiктегi жəне əлеуметтiк-мəдени мақсаттағы объектiлер құрылысы кезеңiне;тозған жəне бүлiнген жерлердi қалпына келтiру кезiнде;концессия шартының қолданылу мерзіміне;Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тəртiппен үйлердi(үй-жайларды) жəне ғимараттарды уақытша өтеусiз пайдалануға берген кезде; ғибадат объектiлерi үшiн;берiлуi мүмкiн. Уақытша өтеусiз жер пайдалану мерзiмi жер учаскелерiн қызметтiк жер телiмi түрiнде жəне тозған əрi бүлiнген жердi қалпына келтiру үшiн берiлетiн
жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ концессиялық жобаларды іске асыр үшін жер учаскелерін беру жағдайларында бес жылдан аспауға тиiс.Үйлер (үй-жайлар) мен ғимараттарға берiлген жер учаскесiн уақытшаөтеусiз жер пайдалану мерзiмi үйлердi (үй-жайларды) жəне ғимараттарды,соның iшiнде ғибадат құрылыстарын уақытша өтеусiз пайдалану мерзiмiмен айқындалады. Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерiн иелiктеншығаруға, соның iшiнде оларды кейiнгi жер пайдалануға беругe жол
берiлмейдi.

Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы
Жер учаскесiне уақытша өтеулi (қысқа мерзiмдi жəне ұзақ мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы азаматтарға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға табысталуы мүмкiн.
2. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, өз мiндеттерiн тиiсiнше орындаған уақытша өтеулi жер пайдаланушы (жалға алушы) шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн, басқа тең жағдайларда, жаңа мерзiмге шарт жасасуға басқа тұлғалар алдында басым құқығы болады. Жалға алушы осындай шарт жасасу ниетi туралы жалға берушiнi шартта көрсетiлген мерзiмде, егер шартта мұндай мерзiм көрсетілмесе, шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн үш ай мерзiмде жазбаша хабардар етуге мiндеттi. Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы:
1) шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін:
Қазақстан Республикасының азаматтарына - 10 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге; оралмандарға - 10 жылға дейінгі мерзімге;
2) тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісі үшін:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына - 49жылға дейінгі мерзімге;
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға 10 жылға дейінгі мерзімгеберіледі
Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы.
1. Жер пайдалану құқығының əмбебап құқықтық мирасқорлық тəртібіменауысуы заң бойынша мұраға ие болу кезiнде немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда құқық мирасқорында жер пайдалану құқығыныңтуындауын бiлдiредi. 2. Жер учаскесiне ұзақ мерзiмдi уақытша жер пайдалану құқығы бaр азамат қайтыс болған жағдайда, жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген тəртiппен мұраға қалдырылады. Егер уақытша жер пайдалану шартында өзгеше көзделмесе,қысқа мерзiмдi уақытша жер пайдалану құқығы да осындай тəртiппен мұрағақалдырылады.
3. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда, оған тиесiлi жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарыныңнормаларына жəне осы Кодекске сəйкес құқық мирасқорына көшедi.
Қызметтік жер телімі
1. Қызметтiк жер телiмi ұзақ мерзiмдi уақытша өтеусiз жер пайдаланудың ерекше бiр түрi болып табылады.
2. Қызметтiк жер телiмiне құқығы бар қызметкерлер санаттарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
3. Қызметтiк жер телiмi осы телiмге құқығы бар адамдар жұмыс iстейтiн мемлекеттік заңды тұлғалардың жер пайдалануындағы жерден бөлiнедi.
4. Қызметтiк жер телiмi қызметтiк тұрғын үйдi күтiп-ұстау, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, шөп шабу, мал жаю, сондай-аомарталар орналастыру үшiн берiледi.
5. Қызметтiк жер телiмi кейiнгi уақытша өтеусiз жер пайдалануға жатады жəне жұмысқа байланысты бөлiнген кезеңге берiледi. Қызметтiк жер телiмiне ауыл шаруашылығы дақылдары егiлген жағдайда, жұмыстан босатылған қызметкердiң қызметтiк жер телiмiн пайдалану құқығы өнiм жинап алынғаннан кейiн тоқтатылады.
6. Қызметтiк жер телiмi:
1) жасы немесе мүгедектiгi бойынша зейнеткерлiкке шыққан соң еңбек қатынастарын тоқтатқан қызметкерлерде;
2) Қарулы Күштер қатарына мiндеттi мерзiмдi қызметке шақырылған немесе оқуға түскен қызметкерлердiң отбасында - бұл қызметкерлердiң мiндеттi қызметте немесе оқу орнында болған бүкiл мерзiмiне;
3) қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты қаза тапқан қызметкерлердiң отбасында: жұмысқа жарамсыз жұбайы мен қарт ата-аналары үшiн - өмiр бойы, балалары үшiн - олар кəмелетке толғанға дейiн
сақталады.
7. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сəйкес қызметтiк тұрғын үй-жайда тұру құқығы сақталатындығына қарай, қызметтiк тұрғын үйді күтiп-ұстауға арналған учаске түріндегі қызметтiк жер телiмiне құқық та сақталады.
8. Қызметтiк жер телiмi тəртібімен жер учаскесiн беру қызметкер мен заңды тұлға əкiмшiлiгiнiң арасында жасалатын қызметтiк жер телiмiн беру туралы шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
9. Қызметтiк жер телiмiн пайдалану құқығына қатысты қандай да болсын мəмiле жасасуға жол берiлмейдi.
Жер учаскесіне құқық шектері
Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгiленбесе,жер учаскесiне құқық осы учаске шекарасындағы топырақтың үстiңгi қабатына, тұйық су айдындарына, екпелерге қолданылады.Жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының топырақ қабаты астындағы жер қойнауын пайдалануы жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына сəйкес жəне жер қойнауы саласындағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының заң актілеріне сəйкес жүзеге асырылады. Кең тараған пайдалы қазбаларды өндiруге жəне жеке қажетке жер асты суларын алуға жер қойнауын пайдалану құқығын табыстау қойнауында кең тараған
пайдалы қазбалар жəне жер асты сулары бар жер учаскелерiн жеке меншiкке немесе жер пайдалануға берумен бiр мезгiлде жүргiзiледi.
2. Егер осы Кодексте жəне Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгiленбесе, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар өздерiне тиесiлi жер учаскелерiне құқықтарын өз қалауынша жүзеге асырады.Жер учаскелерiне меншiк иелерiнiң жəне жер пайдаланушылардың жерге құқықтары осы Кодексте жəне Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген негiздер бойынша шектелуi мүмкiн
Жер учаскесіне құқықтық табыстау тәртібі
Жер пайдалану құқығын табыстау тұлғаға жер пайдалану құқығын тiкелей мемлекеттiң беретiнiн бiлдiредi. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның,облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уəкілетті органыөз құзыреті шегінде жер пайдаланушыларға уақытша жер пайдалану құқығын табыстаған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның уақытша жер пайдалану құқығын табыстау туралы тиісті шешімі негізінде осындай жер пайдаланушылармен жер учаскесiн жалға беру шарттары немесе уақытша өтеусiз жер пайдалану шарттары жасалады. Егер жер учаскесi жер қойнауын пайдалануға лицензия немесе келісімшарт жасасуды талап ететiн қызметтi жүзеге асыруға немесе iс-қимыл жасауға арналса, осы учаскеге жер пайдалану құқығын табыстау жер қойнауын пайдалануға тиiстi лицензия алынған немесе келісімшарт жасалған соң жүргізіледі. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісіне сəйкес үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үйлер (тұрғын жайлар) құрылысын ұйымдастыру жөніндегі
қызметті жүзеге асыруы үшін жобалау компаниясына жер учаскесіне құқығын беру жағдайларына қолданылмайды.Жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың болуы жер учаскесiнкiдiрiссiз ресiмдеу үшiн негiз болып табылады.
Жер құқығының түсінігі мен пәні
Жер құқығы - жер құқықтық қатынастардың айнасы болып табылады. Мемлекет жер қатынастарын реттеуге оны құрал ретінде пайдаланады, оған бағыт береді, сондай-ақ оның мақсаттары мен міндеттерін белгілеп беріп отырады. Соған қарай жер құқығы табиғат обьектісі ретінде жердің меншік түрін анықтап, жер құқық қатынастарын реттей отырып, жерді пайдалану құқығы мен жерді қорғау міндеті алдында барлық субьектілердің ынта-жігерін, қызығушылығын тең қарайды. Сонымен жер - заттық құқық обьектісі болғанымен, оның құқықтық қатынастарын таза азаматтық құқықтық қатнастармен бірдей деуге болмайды. Жер мүліктік қатынастардың азаматтық құқықтық қатынастарға жатпайтын өзіне тән құқықтық қатынастар жүйесі бар.
Жер құқығының негізгі қағидалары
Жер құқығының реттеу әдістері - жер қатынастарын реттеп отыратын құқықтық нормаларды жүзеге асыру қызметін атқарады. Қазірге дейін жер құқық қатынастарында жердің тек мемлекеттік меншікті болып келуі императивтік (өтем) әдістің қолдану аясын басым бағытта қарастырғаны белгілі. Жер құқығының қағидаларына олар барлық жер қатынастары түрлерін бастамашы реттегіш қабілеттегі негіздемелер. Және олар жер заңдары нормаларын жүзеге асыру қызметінде өз маңыздылығын айқындап береді. Сонымен жер құқығының қағидаларын төмендегіше жіктеп көрсете аламыз: Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі; Жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау; Жерді қорғау және ұтымды пайдалану; Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; Жерді нысаналы пайдалану; Ауыл шаруашылық мақсатындағы жердің басымдығы; Жердің жай-күйі және оған қолжетімділік туралы ақпаратпен қамтамасыз ету; Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі іс шараларды мемлекеттік қолдау; Жерге залал келуін болдырмау немесе оның зардаптарын жою; Жерді ақылы пайдалану.
Жер құқығының жүйесі
Жер кұкығының жүйесі дегеніміз - өзара тығыз байланысты жер кұкык институттарының жиынтығы. Өзге кұкыксалалары сиякты жер күкығының жүйесі келесі бөлімдерден түрады:жалпы бөлім, ерекше бөлім және арнайы бөлім. Арнайы бөлім шетелдердін жер зандарын зерттейді. Шетел мемлекеттерінің, Казакстан жерін пайдалану мәселелерін, халы- каралык шарттармен реттелетін жерді жалдау катынастарын және жерді халыкаралык корғау және жер катынастары саласындағы халыкаралык ынтымактастык мәселелерін зерттейді
Құқықтық реттелудің объектісі ретіндегі жердің түсінігі мен ерекшелігі
Жердің тіршіліктегі экономикалық маңызы мен әлеуметтік мәні ерекше қасиетке ие. Сондықтан да жер құқығының реттеуші тенденциялы нормалары құқық салаларының ішінде басты қоғамдық қатынас қатарындағы шаруашылық мәселелеріне үстемдік құрап отырады. Жер құқығының нормаларымен реттелетін жүйелі қоғамдық қатынастар жер құқығының өз кезегінде пәнін құрайды. Олардың негізінде жерге меншік қатынастары жатыр. Сондықтан жер құқық қатынастары - меншіктің ерекше обьектісі ретінде жерді халықтың пайдалану саласында экономикалық қатынастардың сипаты мен баяндылығының заңдық нысаны және иделогиялық ерікті қоғамдық қатынастардың ерекше түрі. Сонымен жер - заттық құқық обьектісі болғанымен, оның құқықтық қатынастарын таза азаматтық құқықтық қатнастармен бірдей деуге болмайды. Жер мүліктік қатынастардың азаматтық құқықтық қатынастарға жатпайтын өзіне тән құқықтық қатынастар жүйесі бар. Яғни мұнда Қазақстан Республикасы жер заңдарының міндеттері: жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу, шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау, жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге деген құқықтарын қорғау, жылжымайтын мүлік рыногын жасау мен дамыту, жер қатынастары саласында жариялылықты, заңдылықты нығайту болып отырғандығын ұмытпаған жөн.
Жер құқық қатынастарының түсінігі мен түрлері
Жер құқық қатынастары деп - Қазақстан Республикасының табиғи байлығы - жерге мемлекеттік меншік құқығының және заңдарда белгіленген шарттармен шектерде жеке меншікте болу негізінде жер заңдарының нормаларымен реттелген немесе жер құқық нормаларының іс жүзіндегі көрнісін беретін қоғамдық қатынастарды айтамыз. Мұнда жер учаскелерінің азаматтық айналымда болғанымен, оның табиғи объектілік қасиеттері жоғалмайды. Сонымен бірге оның табиғи қасиеттері бүгінгі нарықтық қатынастар жағдайында жерді пайдаланудың азаматтық айналымда болуына тікелей әсер етеді. Жер құқық қатынастарының түрлері мыналар болып табылады: жерге меншік және мүліктік қатынастар; жер қорын басқару органдарының қызметтері; жерге меншік және пайдалану құқығы иелерінің құқықтары мен міндеттері; жер қоры және оның санаттары; жерді пайдалануды және қорғауды бақылау; жерге орналастыру, жер мониторингісі және жер кадастры; жер нарығы; жерге меншік және пайдалану құқығын қорғау.

Жер құқық қатынастарының субъектілері
Жер кодексіне сәйкес Қазақстан Респуликасында жерге мемлекеттік меншік танылады. Осы заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жер учаскелері жеке меншікте болуы мүмкін. Жерге, жер учаскелеріне Қазақстан Республикасында басқа меншік иелері жоқ. Мемлекетіміздің аумағында жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі - Қазақстан Республикасы. Ал жеке меншік жер учаскелерініњ субъектілері - жеке тұлѓалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар. Меншік иесінің өзіне тиесілі жер учаскесін иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар. Жердің меншік иесі ретіндегі мемлекеттің құқықтарын Қазаќстан Республикасыныњ жер заңдарында белгіленген өз құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Ал республика азаматтарының жеке меншігінде шаруа (фермер) қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, орман өсіру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін, сондай-ақ үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлер мен олардың кешендерін салуға берілген немесе салынған жер учаскелері болуы мүмкін.
Жер құқық қатынастарының объектілері
Жер қатынастарының объектісі - Қазақстан Республикасы аумағының шегіндегі бүкіл жер, онда не орналасқанына және олардың жекеленген субъектілерге бекітіліп берілуінің құқықтық негіздеріне қарамастан жекеленген жер учаскелері, сондай- ақ жер учаскелері мен жер үлестеріне құқықтар бола отырып, олар мемлекеттік және жеке меншіктегі жер ретінде жерге деген меншік құқығының объектісін құрайды. Яғни жер дегеніміз - Қазаќстан Республикасыныњ егеменді белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез-келген еңбек процесінің аумақтық негізі. Осылай келе, жер құқық қатынастарының реттелу объектісін саралап көрсетуге болады. а) жер - табиғи ресурс ретінде құқықтық реттеу объектісі; б) жер - оған мемлекет және жеке меншік құқығын реттеу объектісі; в) жер - оны пайдалану мен меншіктену объектісі; г) жер - мемлекеттік басқару органдарының құзыреттерін реттеу объектісі; д) жер - оны пайдаланушылар мен меншік иелерінің құқықтары мен міндеттерін құқықтық реттеу объектісі; е) жер - жер құқық ќатынасында нарық қатынастарының объектісі; ж) жер - құқық қатынастарында заңдылықты сақтауды реттеу объектісі.
Жер құқық қатынастарының мазмұны
Жер құқық қатынастары деп - Қазақстан Республикасының табиғи байлығы - жерге мемлекеттік меншік құқығының және заңдарда белгіленген шарттармен шектерде жеке меншікте болу негізінде жер заңдарының нормаларымен реттелген немесе жер құқық нормаларының іс жүзіндегі көрнісін беретін қоғамдық қатынастарды айтамыз. Мұнда жер учаскелерінің азаматтық айналымда болғанымен, оның табиғи объектілік қасиеттері жоғалмайды. Сонымен бірге оның табиғи қасиеттері бүгінгі нарықтық қатынастар жағдайында жерді пайдаланудың азаматтық айналымда болуына тікелей әсер етеді. Жер құқық қатынастарының түрлері мыналар болып табылады: жерге меншік және мүліктік қатынастар; жер қорын басқару органдарының қызметтері; жерге меншік және пайдалану құқығы иелерінің құқықтары мен міндеттері; жер қоры және оның санаттары; жерді пайдалануды және қорғауды бақылау; жерге орналастыру, жер мониторингісі және жер кадастры; жер нарығы; жерге меншік және пайдалану құқығын қорғау.
Жер құқық қатынастарының пайда болуы және өзгеруі
Жер құқық қатынастарының тоқтатылуы
Жер құқығы қайнар көзінің түсінігі
. Жер құқығының қайнар көздері дегеніміз - қоғамдық жер қатынастарын реттеуге қабілеті бар нормалар жиынтығынан тұратын құқықтық актілер. Олар өз құрылымында әртүрлі үлгіде жасалуы мүмкін. Мәселен, заңдар, Президент жарлығы немесе кодекс ретінде. Бұған қоса жер қатынастарын реттейтін заң асты құқықтық актілер де, яғни үкімет қаулылары мен ережелері, инструкциялар, жергілікті жер қатынастарына шыққан шешімдер мен жасалған келісім-шарттар да жер құқығының қайнар көздері болып табылады. Ең басты қайнар көз ретінде жер құқықтық қатынастарын реттеуші мүмкіндікте Қазақстан Республикасы Конституциясын танимыз (1995 ж. 30 тамыз). Одан кейінгі негізгі қайнар көз болып Қазақстан Республикасының Жер кодексі (2003 ж. 20 маусым) танылады. Жер кодексіміз 5 бөлім, 21-тарау 170-бапты мазмұннан тұрады. Бұл Жер кодексінің өз алдында қолданыста болып, бүгінде күшін жойған жер заңдарынан ең басты ерекшелігі, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер санатын нарықтық айналымға түсіруде. Яғни, жерге жеке меншік институтының қалыптасуында деп білеміз
Жер құқығы қайнар көздерінің жүйесі
. Жер құқығының қайнар көздері дегеніміз - қоғамдық жер қатынастарын реттеуге қабілеті бар нормалар жиынтығынан тұратын құқықтық актілер. Олар өз құрылымында әртүрлі үлгіде жасалуы мүмкін. Мәселен, заңдар, Президент жарлығы немесе кодекс ретінде. Бұған қоса жер қатынастарын реттейтін заң асты құқықтық актілер де, яғни үкімет қаулылары мен ережелері, инструкциялар, жергілікті жер қатынастарына шыққан шешімдер мен жасалған келісім-шарттар да жер құқығының қайнар көздері болып табылады. Ең басты қайнар көз ретінде жер құқықтық қатынастарын реттеуші мүмкіндікте Қазақстан Республикасы Конституциясын танимыз (1995 ж. 30 тамыз). Одан кейінгі негізгі қайнар көз болып Қазақстан Республикасының Жер кодексі (2003 ж. 20 маусым) танылады. Жер кодексіміз 5 бөлім, 21-тарау 170-бапты мазмұннан тұрады. Бұл Жер кодексінің өз алдында қолданыста болып, бүгінде күшін жойған жер заңдарынан ең басты ерекшелігі, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер санатын нарықтық айналымға түсіруде. Яғни, жерге жеке меншік институтының қалыптасуында деп білеміз
Жер заңдарының міндеттері
      Ќазаќстан Республикасы жер заѕдарыныѕ мiндеттерi: жер учаскесiне меншiк ќўќыєы мен жер пайдалану ќўќыєы туындауыныѕ, ґзгертiлуi мен тоќтатылуыныѕ негiздерiн, шарттары мен шектерiн; жер учаскелерiнiѕ меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардыѕ ќўќыќтары мен мiндеттерiн жїзеге асыру тјртiбiн белгiлеу; жердi ўтымды пайдалану мен ќорєауды, топыраќ ќўнарлылыєын ўдайы ќалпына келтiрiп отыруды, табиєи ортаны саќтау мен жаќсартуды ќамтамасыз ету маќсатында жер ќатынастарын реттеу; шаруашылыќ жїргiзудiѕ барлыќ нысандарын теѕ ќўќыќпен дамыту їшiн жаєдайлар жасау; жеке жјне заѕды тўлєалар мен мемлекеттiѕ жерге ќўќыќтарын ќорєау; жылжымайтын мїлiк рыногын жасау мен дамыту; жер ќатынастары саласында заѕдылыќты ныєайту болып табылады.
Жер заңдарының принциптері
Жерге меншік құқығының түрлері
Жер кодексіне сәйкес Қазақстан Респуликасында жерге мемлекеттік меншік танылады. Осы заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жер учаскелері жеке меншікте болуы мүмкін. Жерге, жер учаскелеріне Қазақстан Республикасында басқа меншік иелері жоқ. Мемлекетіміздің аумағында жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі - Қазақстан Республикасы. Ал жеке меншік жер учаскелерініњ субъектілері - жеке тұлѓалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар. Меншік иесінің өзіне тиесілі жер учаскесін иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар. Жердің меншік иесі ретіндегі мемлекеттің құқықтарын Қазаќстан Республикасыныњ жер заңдарында белгіленген өз құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Ал республика азаматтарының жеке меншігінде шаруа (фермер) қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, орман өсіру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін, сондай-ақ үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлер мен олардың кешендерін салуға берілген немесе салынған жер учаскелері болуы мүмкін.

Приложенные файлы

  • docx 14936364
    Размер файла: 47 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий