3-4 АӘД 12 сынып Саптық дайындық.Саптық адым, қ..


Тақырыбы: Саптық адым, қозғалыс кезінде бұрылу.
Адым саптық және жорықтық болады.
Саптық адым бөлімшелердің салтанатты шерумен жүріп өту кезінде; олардың қозғалыс кезінде әскери сәлемдесуді орындау кзінде; әскери қызметші саптан шыққанда және қайтып келгенде; саптық даярлық жөніндегі сабақтарда қолданылады.
Басқа жағдайларда жорықтық адым қолданылады.
Саптық адыммен қозғалыс жасау: «Саппен адым бас!» (қозғалыс кезінде: «Саппен – адымда!» пәрменімен, ал жорықтық адыммен қозғалыс жасау: «Адым бас!» пәрмені бойынша басталады.
Алдын ала пәрмен бойынша дене біршама алға ұмсындырылады, оның салмағы орнықтылығын сақтай отырып, оң аяққа салынады; орындалатын пәрмен бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.
Саптық адыммен қозғалыс кезінде аяқтың ұшын жерден 15–20см жоғары көтеріп, аяқ алға созылады және табанға нық қойылады. Иықтан бастап, қолдармен дененің айналасында қозғалыс жасау керек; алға – оларды шынтақта денеден алақанның еніндей ұстап, белдіктен жоғары көтерілетіндей бүгіп, ал шынтақ қолдың білегінің деңгейінде болу керек; артқа – иық буынының шегіне жеткенше. Қолдың саусақтарын жартылай бүгіп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарау керек.
Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғау керек және оны жерге әдеттегі жүрістегідей қою керек; қолмен дененің айналасында еркін қозғалыс жасау керек.
Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «Тік тұр!» пәрмені бойынша саптық адымға көшу керек. Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «Еркін тұр!» пәрмені бойынша жорықтық адыммен жүру керек.
Орнында тұрып адым жасау «Орныңда адым – бас!» (қозғалыста: «Орныңда!») пәрмені бойынша жүргізіледі.
Осы пәрмен бойынша аяқты жерден 15-20см көтеру керек және оны ұшынан бастап табанға толық қою керек, сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде берілетін: «Тура!» пәрмені бойынша оң аяқтан орнында тағы бір адым жасап қозғалысты сол аяқтан толық адыммен бастау керек.
Қозғалысты тоқтату үшін оң немесе сол аяқты жерге қоюмен берілген орындалатын пәрмен бойынша тағы да бір адым жасап саптық тұрысты қабылдау керек. Мысалы: «Взвод – тоқта!»
Қозғалыстың жылдамдығын өзгерту үшін: «Қарышта!», «Қысқа адымда!», «Жиі адымда!», «Жарты адымда!» деген пәрмендер беріледі.
Жекелеген әскери қызметшілердің орнын бірнеше адымға өзгерту үшін пәрмен беріледі. Мысалы «Қатардағы жауынгер…., оңға (солға) екі адым - бас!». Осы пәрмен бойынша әр адымнан кейін аяқты ыңғайлап қоя отырып, оңға (солға) екі адым жасау керек.
Алға немесе артқа бірнеше адым орын ауыстыру үшін пәрмен беріледі. Мысалы: «Екі адым алға (артқа) – бас!». Осы пәрмен бойынша әр адымнан кейін аяқты ыңғайлап қоя отырып, оңға (солға) екі адым жасау керек Қозғалыс кезінде бұрылыстар: «Оң-ға!», «Сол-ға!», «Артқа бұрыла-Бас» пәрмендері бойынша орындалады. Оңға (солға) бұрылыс жасау үшін орындалатын пәрмен жерге оң (сол) аяқты қоюмен қатар бір мезгілде беріледі. Осы пәрмен бойынша сол (оң) аяқпен бір адым жасай оң (сол) аяқтың ұшымен бұрылу керек, бұрылумен бір мезгілде оң (сол) аяқпен қозғалысты жаңа бағытта жалғастырады.
Айналу үшін орындалатын пәрмен оң аяқты жерге қоюмен бір мезгілде беріледі, осы пәрмен бойынша сол аяқпен бір адым жасай, оң аяқпен жарты адым алға жасай (біршама солға) және сол қол жаққа қарай екі аяқтың ұшымен шұғыл бұрылып, қозғалысты сол аяқпен жаңа бағыт бойынша жалғастыру керек.

Приложенные файлы

  • docx 15859612
    Размер файла: 17 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий