Жер туралы ғылым емтихан сұрақтары


Жер туралы ғылым және топырақтану пәні бойынша
емтихан сұрақтары
125 сұрақ 5В011300-Биология
1-Деңгей
Топырақтану ғылымының даму тарихы.
Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы В.В.Докучаев қалады. Оның Петербургте басылып шыққаң «Орыстың қара топырағы» (1883 ж.) атты еңбегінде топырақтың дүрыс анықтамасы, оның қасиеттері туралы ғылыми негізделген түсініктер берілген. В.В.Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық жыныстар, ауа райы, жер бедері, уақыт және өсімдіктер мен жануарлар жатады. Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (топырақ суы, жерасты суы) және адамның шаруашылық әрекеті қосылды. Топырақ жеке әртүрлі өлшемдегі қатты бөлшектерден түрады. Қатты бөлшектер сумен және ауамен қоршалған. Сондықтан топырақты үш фазалы жүйе ретінде қарастырады. Топырақтың жоғарғы беті борпылдақ. Мүның қүрамында көптеген өлі органикалық заттар бар (өсімдіктер қалдығы,қарашірік). Бүл қарашірікті аккумулятивті А қабаты. Тереңірек, өте тығыз иллювиалды өтпелі В қабаты жатыр. Оның астында топырақ түзуші - С қабаты орналасқан. Барлық топырақтар бір-бірінен осы генетикалық қабаттарымен ажыратылады. Әр түрлі топырақтың генетикалық қабаттары қалыңдығымен, түстерімен, қүрылымымен, морфологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Топырақтың қалыңдығы санмен көрсетіледі. Мысалы, кейбір топырақтарда А қабаты небары 0-5 см, ал кейбіреулерінде 0-50 см болады. Топырақтың типтеріне байланысты А, В, С қабаттары бірнешеге бөлінуі мүмкін. Топырақ қабаты тереңдеген сайын аэрациянашарлайды. Оттегінің мөлшері азайып, көмір қышқыл газы мен органикалық заттардын ыдырауы кезінде бөлінетін басқа да газдардың мөлшері артады. Топырақтың жоғарғы қабаттарында өсімдікке қажетті фосфор, калий, азот, кальций және басқа заттар жинақталған. Топырақтың әртүрлі қасиетіне (қышқылдығы, тұздылығы, ылғалдылығы) байланысты өсімдіктерді көптеген экологиялық топтарға бөлуге болады. Мысалы, топырақтың қышқылдығына байланысты: 1) рН 6,7-ден төмен қышқыл топырақта өсетін ацидофилді түрлер (сфагналы батпақ өсімдіктері); 2) рН 6,7-7,0 топырақта өсетін нейтрофилдер (көпшілік мәдени өсімдіктер); 3) рН 7,0-ден жоғары топырақта өсетін базифилді өсімдіктер(аққурай).
Жердің пайда болуы.
Ғылыми деректер бойынша Күн жүйесіне жататын Жер ғаламшары бұдан 4,5—5 млрд жыл бұрын газды-шаңды тұманнан пайда болған. Мұндай газды- шаңды материя қазіргі кезде жұлдызаралық кеңістікте де кездеседі. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы үшін ғарыштық және ғаламшарлық кейбір алғышарттар қажет. Ол үшін ғаламшардың өзіне тән мөлшері болу шарт. Ғаламшардың мөлшері тым үлкен болса, табиғи радиоактивті заттардың атомдық ыдырауынан бөлінген энергияның әсерінен ғаламшар өте кызып кетуі мүмкін. Ғаламшардың тым қызып кетуі қоршаған ортаның радиоактивті заттармен ластануына жағдай жасайды. Ал ғаламшардың мөлшері тым кіші болса, ол өз айналасындағы атмосфераны ұстап тұра алмайды. Ғаламшарлар жұлдыздарды орбита бойынша айнала қозғалуы аркылы тұрақты түрде және біркелкі мөлшерде өзіне қажетті энергия алып тұруы тиіс. Ғаламшарға энергия ағысы бір калыпты түспесе тіршіліктің пайда болуы мен дамуы мүмкін емес. Өйткені тірі ағзалардың тіршілігі белгілі бір температуралық жағдайда ғана жүріп отырады. Қорыта айтқанда, Жер ғаламшарында тіршіліктің пайда болуының алғышарттарына — ғаламшардың қажетті мөлшері, энергия және белгілі температуралық жағдайлар жатады. бұл айтылған алғышарттар тек Жер ғаламшарында ғана болғандығы ғылыми дәлелденген. Тіршіліктің пайда болуы, адам баласын өте ерте кездерден бастап- ақ толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Ол жайында көптеген болжамдармен көзқарастар бар.
Топырақтанудың бөлімдері.
Топырақтанудың ең маңызды бөлімдері: 1) Топырақтың дамуы (генезис) мен қалыптасуы туралы ілім; 2) Сыртқы ортамен қарым-қатынаста болатын бүтін кеңістіктің түзіліс ретінде топырақ бүркеуі туралы ілім; 3) Топырақ құнарлылығы мен топырақ бүркеуі (жабыны) және агротехникалық мелиоративтік тәсілдер мен оларды реттеу принциптері туралы ілім. Осы аталған басты бөлімдермен қатар топырақтану құрамында топырақ массасы қасиеттеріне байланысты негізгі бөлімдерін айырады (топырақ физикасы, топырақ химиясы, топырақ биологиясы т.б.) және қолданбалы бөлімдер (агрономиялық, ормандық және мелиоративтік топырақтану). Ерекше бөлім топырақ классификациясы ол барлық бөлім материалдарын пайдаланып топырақ картографиясы, сипаттау және оларды комплексті бағалау, мемлекеттің тұтас жер кадастрын құру және математикалық өңдеу мақсатында мәліметтер жинау үшін тұтас таксономиялық жүйе болуы қажет.
Топырақтанудың зерттеу тәсілдері
Топырақтанудың зерттеу тәсілдері жүйесі. Салыстырмалы-географиялық тәсіл. Салыстырмалы-аналитикалық тәсіл. Стационарлық-тәсіл. Топырақ процесстерімен режимдерін моделдеу тәсілдері кіреді.
Топырақ туралы білімнің жиналуы адамзат жабайы өсімдіктерді терімшілдіктен оларды танаптарда өсіруге ауысып, топырақты өңдеуден басталады. Топырақ туралы жиналған білімді жалпылаудың алғашқы талаптары ежелгі дәуірде жатады. Ежелгі грек философтары Аристотель мен Теофраст еңбектерінде топырақтарды керемет, жақсы, құнарлы, қанағаттанымды, тозған, кедей, т.б. деп бөлу кездеседі. Бірақ топырақтанудың ғылым ретінде дамуы көп кейін басталды. 18 ғасырдың аяғы 19 ғасырдың бірінші жартысында батыс европада топырақ туралы екі көзқарас қалыптасты: агрогеологиялық және агродақылдық химиялық.
Жердің құрылысы, көлемі, ауданы, температуралық режимі.
Жер үш осьті эллипсоид айналымды пішінді, оның кіші осьі оның экваторлық радиусы 6378,2 км, полярлық 6356,9 км, яғни экваторлық радиус 21,3 км ұзын. Оның беткейінің ауданы 510,1 млн. км2 жердің көлемі1083204 млн. км3 . Жер массасы 5,98*10 27г, орташа тығыздығы –5,52 г/см3 . Жердің температуралық режимі беткейінде жылудың негізгі екі көзімен анықталады: 99,5 процент жылу күн сәулесінен алынады, 0,5 процент планетаның қойнауынан көтерілетін жылу. Күн сәулесі жылуы 30 м тереңдікке дейін ғана енеді, 30 м тереңде тұрақты температуралы пояс орналасады, сол жердің орташа жылдық температурасына тең. Жердің ішкі құрылысы: жер қыртысы А, жоғарғы мантия қабаты В, аралық қабат С, төменгі мантия қабаты Д, сыртқы ядро, ішкі ядро. Минералдар – бұл әртүрлі физико-химиялық процесстер нәтижесінде туындайтын, табиғи химиялық қосындылар немесе жеке элементтер. Қазіргі уақытта табиғатта 2500-нан астам минералдар белгілі. Тау жыныстарының түзілуіне маңызды үлес тек бірнеше ондаған минералдарға ғана тиесілі, бұлар жыныс түзуші деп аталады. Түзілу жағдайларына қарай топырақ түзуші минералдар бастапқы және туынды болып бөлінеді. Бастапқы минералдар жыныспен бір уақытта жер қыртысының терең қабаттарында түзіліп өзгеріссіз сақталған. Бұларға магмалық және метаморфтық минералдар жатады. Оливин, дала шпаттары, авгит, роговая обманка, кварц, слюда, т.б.
Минералдардың физикалық қасиеттері.
 Минерал дегеніміз, табиғи жағдайда жер қыртысында немесе жер бетінде өтіп жатқан әр түрлі физикалық-химиялық әрекеттердің нәтижесінде пайда болатын, өзіндік физикалық-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктерімен ажыратылатын, ал құрамы жағынан алғанда, көпшілік жағдайда кемінде екі элементтен құралған табиғи қосындылар.
Ал кейбір минералдар кейде жеке элементтер түрінде де кездеседі.
Минерал деген термин латын тілінде “минера”— руда деген мағынада қолданылады. Жер қыртысында кездесетін минерал-ардың жалпы саны ~2500-ден астам. Олардың ішінде жетпіске жуығы тау жыныстарының құрамына кіреді. Сондықтан оларды тау жыныстарын құрайтын минералдар деп атайды.
Минералдардың көпшілігі кристалданған қатты заттар түрінде жиі кездеседі. Тек санаулы минералдар ғана сұйық (су, сынап) және газ күйінде (көмір қышқыл газы) болады.
Қатты заттар жоғарыда айтылғандай көпшілік жағдайда кристалдық минералдар түрінде болумен қатар, кейде аморфтық (грекше “аморфос” — пішінсіз деген мағынада) заттар (мысалы, опал) түрінде де кездеседі.
Минералдар классификациясы.
Минералдар классификациясы. Минералдардың қазіргі классифи кациясына негізінен кристаллохимия принципі алынған, яғни кристалды құрылыс және химиялық құрам. Барлық минералдарды бірнеше топка бөледі. Олардың негізгілері мыналар: 1) силикаттар; 2) тотықтар мен гидрототықтар; 3) карбонаттар; 4) фосфаттар; 5) сульфаттар; 6) галоидтер; 7) нитраттар; 8) сульфидтер; 9) таза элементтер;
Топырақ түзілу процесі
Топырақ түзілу процесі физико-химиялық процесстер категориясына жатады. А.А.Роде анықтауынша топырақ түзілу процесі деп, топырақ қабатында жүретін заттар мен энергия жылжуы және түрлену құбылысы жиынтықтарын айтады.Топырақ түзілу процесінің негізгі кезеңдері: 1) тау жынысы минералдарының өзгеруі; 2) оларда органикалық қалдықтардың жиналып, біртіндеп тасымалдануы; 3) органо-минералды қосылыстар күрделі жүйесін түзе минералды және органикалық заттардың қарым-қатынасы; 4) Топырақтың жоғарғы бөлігінде биофильді элементтер қатары, ең алдымен барлық қоректік элементтердің жиналуы; 5) қалыптасушы топырақ кескінінде су ағынымен топырақ түзілу өнімдерінің жылжуы; Топырақ түзілуі мен тіршілігіне байланысты процесстер, жердегі күрделі зат және энергия айналымына енеді, олардың бастылары геологиялық, биологиялық және биогеохимиялық айналымдар.
Топырақтың негізгі ерекшеліктері
Топырақтың негізгі ерекшеліктері. 1.Топырақ біздің планетамызда анықтаулы орын алады. Бұл аз қалыңдықты қабат түзетін жер қыртысының беткі қабаты. 2.Топырақ - жер бетінде эволюциямен тіршіліктің қалыптасуының ең үлкен масштабты алаптық нәтижесі және құрылық бетіне шығатын тау жыныстарымен әртүрлі биотаның қарым-қатынасы. 3. Топырақ түзілуі мен тіршілігіне байланысты процесстер, жердегі күрделі энергия мен зат айналымына енеді, олардың бастылары геологиялық, биологиялық және биогеохимиялық айналымдар. 4. Топырақ – заттық құрамы күрделілігі ерекше табиғи түзіліс. 5.Барлық топырақтарға белгілер дифференциациясы, процестер мен қасиеттердің күрделі кеңістіктік ұйымдасу тән. 6. Барлық топырақтардың жалпы және ең маңызды қасиеті құнарлылық
Топырақ даму кезеңдері
Топырақ даму кезеңдерін: бастапқы кезең, даму кезеңі, қалыптасып жетілген кезеңі – деп бөледі. Топырақ түзілудің бастапқы кезеңіне тән сипат субстратта оны топыраққа жатқызатын қатты фазада анық байқалған сипатты анық белгілердің болмауы, бірақ биологиялық зат айналымында журетін топыраққа тән заттардың орын ауыстыруы трансформация процесстерінің болуы. Бұл топырақ алды даму кезеңі тәрізді. Бұл кезеңнің соңында биологиялық айналымға енетін процесстер арасындағы қарым-қатынас біртіндеп бір арнаға түседі. Жүйеде топыраққа және биогеохимиялық зат айналымы жүре бастайды. Топырақтық микропроцесстер белгілі деңгейге үйлесіп және кеңістік пен уақытта жинақталып жаңа сапалық процесстер тобын, топыраққа тән белгілер қалыптасады, олардың пайда болуымен топырақ келесі кезеңге өтеді. Топырақтың даму кезеңі. Бұл кезеңге өтудің негізгі себебі жоғарғы өсімдіктер тіршілігі әрекеті масштабының кеңуі нәтижесінде жер беті экожүйелерінде биологиялық өнімдердің молығуы және биологиялық айналымның кеңуі. Ағзалар мен заттардың биологиялық сіңірілуі трансформациясы нәтижесінде элемент топыраққа мүлдем басқа қосындылар құрамында қайтарылады, бастапқы жыныстарда мүлдем болмаған қасиеттерқалыптасады, ең алдымен еру қасиетіне байланысты, топырақ пен өсімдіктің тірі ағзалардың келесі ұрпақтарына жеңіл сіңірімді болады, бұл осы кезеңде биологиялық айналым көлемінің кеңуіне жағдай тудырады.
Топырақ кескіні құрылысы.
Топырақ кескіні құрылысы – бұл вертикаль бағытта горизонттардың кезектесіп орналасуымен анықталған оның сырқы көрінісі. Горизонттар бір-бірінен түсі, құрылымы, қалпы, морфологиялық белгілермен айырмашылықты топырақ кескінінде мынандай горизонттарды айырады: А0 – органогенді горизонт (шымтезек, орман өсеніші); А – қарашірікті аккумулятивті; А2 – элювиальды; В – иллювиальды немесе аралық; С – аналық жыныс; Д – төселуші жыныс; Ажырту - өңделетін топырақтарды; Органикалық заттар аккумуляциясы горизонты (А). А – қара шірікті аккумулятивті горизонт топырақтың минералды қалың қабатының үстіңгі беткейінде қалыптасады, мұнда морфологиялық бұзылу процесстері мен минералдардың сілтісізденуі байқалмайды. А2 – элювиальды горизонт топырақтың минералды бөлігінің қарқынды бұзылып, бұзылу өнімдерінің төменгі қабаттарға шайылуы нәтижесінде түзіледі.В – иллювиальды немесе аралық горизонт элювиальды немесе қарашірікті қабаттың астында түзіліп аналық жынысқа өту горизонты қызметін атқарады. С – аналық жыныс топырақ түзілу процесінен аз қамтылған жыныс. Д – төселуші жыныс, егер топырақ бір жыныста түзіліп оның астында басқа қасиетті жыныс жатқанда бөледі.
Топырақтың минералды бөлігінің пайда болуы құрамы.
Топырақ қатты, сұйық және газ бөліктерінен тұрады. Бұлардың арақатынасы әр түрлі топырақта ғана емес, типті бір тоаырақ қабаттарында түрліше болады. Топырақтың жоғарғы қабатынан төменгі қабатына қарай органикалық заттар мен тірі организмдер азая түседі, топырақтың қатты бөлігінде минерал заттар басым келеді.
Топырақтың минералды және органикалық бөлігі. Топырақ құрамында механикалық (минералдар) түйірлер кездеседі. Алғашқы минералдар (кварц, дала шпаты, слюда т.б.) тау жыныстарысынықтарымен бірге ірі үгілу нәтижесінде пайда болатын соңғы минералдар ұнтақ қосындылар түзеді. Топырақ құрамының минералды бөлігі әр түрлі ұсақталған аналық жыныстардан құралады. Үгілу кезінде суда тез еритін қосылыстар да пайда болады.
Топырақ түзуші жыныстар
Топырақ түзуге негізгі алты фактор қажет:
ауа райы;
тау жынысы;
жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдік пен жануарлар дүниесі;
жер бедері;
аймақтық геологиялық жасы;
қоғамының өндіргіш күші.
Топырақ түзетін тау жыныстары топырақ түзуші немесе аналық жыныс деп аталынады. Топырақ түзуші жыныстар топырақтың материалды негізі болып табылады. Топырақтың механикалық, минералогиялық, химиялық құрамы, сонымен қатар физикалық, химиялық, физико-химиялық қасиеттері соның негізінде құрылып топырақ түзілу процесінің әсерінен кейіннен біртіндеп өзгереді. Басты топырақ түзуші жыныстарға борпылдақ шөгінді жыныстар жатады. Генезисі, қалыптасу жағдайына тәуелді төрттік шөгінді жыныстар әртүрлі құрам, құрылым, қалыптасу және қасиетімен сипатталады, бұл топырақ түзілу және қалыптасатын топырақ құнарлылығында байқалады.Төрттік шөгінді жыныстардың негізгі типтері төмендегідей сипатты. Элювиальды жыныстар немесе элювий – бастапқы жыныстардың бұзылу өнімдері, түзілген орнында қалады. Элювиге бастапқы жыныспен тығыз байланыс тән, борпылдақ ұсақ түйіршікті материалдан біртіндеп тығыз жынысқа ауысады. Делювиальды жыныстар немесе делювий деп еріген қар суы мен жаңбыр суымен жылжып тау беткейлерінде жиналған тоспалар. Делювиге салыстырмалы жіктелу және жақсы байқалған қабаттылық тән. Делювилі жыныстар тау алды аудандарында кең таралып әртүрлі топырақтарға аналық жыныс болады.Пролювий таулы елдерде қалыптасады, тау етегінде уақытша су және үлкен күшті сел ағыстарының нәтижесінде. Пролювий нашар жіктелінуі, үлкен сынық материалдарының болуымен сипатталады.
Топырақтану ғылымының дамуындағы геологияның маңызы.
Геология (гео... және logos — ілім) — Жердің қыртысын және ішкі қабаттарын, олардың құрамын, құрылысын, қозғалысын, даму тарихын, кен байлықтарының пайда болу, орналасу заңдылықтарын зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының кешені. Геология жаратылыстану ғылымдарының жеке тармағы ретінде 18 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-дың басында бөлінді. 20 ғ-дың бас кезінде біртұтасғылым болып қалыптасты.
Геологияның грек тілінен аудармасы жер туралы ғылым (гео-жер, логос-ғылым). Қазіргі түсінік бойынша геология жердің құрылысы, құрамы, даму тарихы және оның ішінде, беткейінде жүріп жатқан процесстерді зерттейтін жалпы ғылым. Геологияның негізгі зерттеу объектісі – жердің сыртқы беткейі – жер қыртысы. Жер қыртысы құрылысы үздіксіз өзгерісте болады. Өндірістің дамуымен және қоршаған орта танымының тереңдеуіне байланысты геология да дамиды. Оның жеке бөлімдері жеке пәндерге айналды: минерология, полионтология, кристаллография, петрография, динамикалық және тарихи геология, төрттік геология, гидрогеология, геоморфология, геофизика, геохимия, биогеохимия, инженерлік геология, грунт тану, теңіздік геология
Магмалық жыныстар түзілу жолдары сипаттамасы.
Магматизм - өте күрделі геологиялық процесс.
Магматизм – жер қыртысының құралуында атқаратын ролі зор, ең маңызды эндогендік геологиялық процестердің бірі болып саналады. Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының 95% магмалық процестердің нәтижесінде пайда болады.
Сонымен магма (грекше магма – қою май, қамыр) дегеніміз еріген газдармен қаныққан негізгі құрамы силикаттық балқыған қою заттар. Иагманың құрамында жер қыртысн құрайтын химиялық элементтердің (оттегі, кремний, алюминий, темір, кальций, магний, калий, натрий) барлығы да кездеседі. әсіресе ұшпалы (жеңіл) компоненттердің (су буы, күкіртті қосындылар, көмірқышқыл газы, хлорлы және фторлы сутегі, хлорлы алюминий, сутегі және т.б.) көптігімен сипатталады. Олардың жердің ішкі терең қойнауында байқалатын өте жоғары қысым күштеріне байланысты еріген күйде кездеседі. Бұл жағдай магманың қоюлығын азайтып, оның қозғалу немесе жылжу жылдамдығының (химиялық активтігі) өсуіне әсерін тигізеді. Эксперименттік зерттеулер бойынша магманың құрамындағы ұшпалы компоненттердің мөлшері 12 % - ке дейін жетеді.
Шөгінді жыныстар түзілу жолдары сипаттамасы.
Шөгінді тау жыныстары— құрлықта немесе су бассейндерінде шөгетін материалдан пайда болатын тау жыныстары. Материалдың бөлшегі, салмағы, үлкендігі оның сортталу дәрежесімен сипатталады және қабатты болады, жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары кездеседі. Шығу жағынан химиялық (HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%B8%D0%BF%D1%81" \o "Гипс"гипс, тас тұзы, оолитті ізбестасжәне басқалары), органогендік (қараңыз), жануарлар мен өсімдіктердің өмір сүруінің салдарынан пайда болады (маржандық және қабыршақтық ізбестас, шымтезек, тас көмір) және кесек шөгінді тау жыныстарына бөлінеді.
Шөгінді тау жыныстары
Шөгінді тау жыныстары жер бетінің 75%-н жауып жатыр. Шөгінді тау жыныстарының түзілу процесі литогенез деп аталып, үш сатыдан өтеді:
қатты (түпкі) тау жыныстарының мүжілуі, бұзылуынан бастапқы материал пайда болады;
осы материал су ағыны, жел, мұздыққа байланысты құбылыстар әсерінен көшеді де құрлық немесе су түбіне тұнады;
әр түрлі бөлшектерден құралған, суға қаныққан борпылдақ тұнба түзіледі.
Метаморфтық жыныстар түзілу жолдары сипаттамасы.
Метаморфтық тау жыныстары (грек. metamorpho – өзгеру), метаморфизм әсерінен пайда болады. Егер метаморфизмде бастапқы тау жыныстарының химиялық құрамы өзгеріске ұшырамаса, онда қалыптасқан Метаморфтық тау жыныстарын метаморфиттер, ал өзгеріске түскендерін метасоматиттер деп атайды.Метаморфтық тау жыныстары геологиялық қалыптасу жағдайына қарай катаклаздық, жапсар-термалық, аймақтық жәнеHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9C%D0%B5%D1%82%D0%B0%D1%81%D0%BE%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%BE%D0%B7%D0%B4%D1%8B%D2%9B&action=edit&redlink=1" \o "Метасоматоздық (мұндай бет жоқ)"метасоматоздық болады. Катаклаздық Метаморфтық тау жыныстары тектоникалық қозғалыстарға байланысты туатын қысымның әсерінен қалыптасады. Уатылу дәрежесіне қарай олардың тектоникалық брекчиялар, катаклазиттер, милониттер сынды түрлері пайда болады. Жапсар-термалық Метаморфтық тау жыныстары интрузиялардың сыртында жылудың әсерінен қалыптасады. Онда силикатты тау жыныстары мүйіз тастарға, карбонаттылар мәрмәрлерге, кремнийлілер кварциттерге айналады. Олардың минералдық құрамы бастапқы тау жыныстарының құрамы мен температурасына байланысты әр түрлі болып келеді.
Топырақтың физико-механикалық қасиеттері.
Топырақтың ең басты физикалық-механикалық қасиеттерiнiң бiрi – оның қаттылығы. Топырақтың қаттылығы және байланыстылығы терминдерi топырақтың бөлшектеуге және жаншуға қарсы тұратын қабiлетiн бiлдiредi. Топырақтың қаттылығының өлшем бiрлiгi - кг/см2. Топырақтың байланыстылығы туралы түсiнiктiң анықтамасын бiрiншiлердiң қатарында Эвальд Вольни бердi. «Топырақтың байланыстылығы – бұл топырақтың бiр бөлшегін екiншiсiнiң қасында жақын ұстап тұратын күштi бiлдiредi. Осы күштiң өлшемi ретiнде топырақтың сынаны күштеп енгiзгендегi немесе суырғандағы сынаға қарсы әрекет ететiн кедергiсiн айтады» – деп жазды ол (10).
         Топырақтың қаттылығының мөлшерін бiлу ол топырақтың физикалық жағдайы тұралы материалдарды толықтыра түседi. Топырақтың қатты бөлігі бөлшектерінің бiр-бiрiмен байланысуы оның механикалық құрамына, қарашiрiктiлiгiне, құрылымдылығына және ылғадылығына байланысты. Қаттылыққа, әсiресе ылғалдылық пен топырақтың ұсақ түйiршiктi бөлігі қарқынды әсер етедi.
        П.У.Бахтин мен А.С.Львовтың (5) деректерi бойынша топырақтың жеке қабаттарындағы қаттылық пен ылғалдылық арасындағы өзара байланыс коэффициентi 0,90-0,95 тең.
Механикалық құрамына байланысты топырақта оны өңдеудің, егістік жұмыстардың жүргізілуіне, тыңайтқыш шашу мөлшеріне және ауылшаруашылық өнімдерін себу жағдайлары өзгереді: Егер құмды және құмдақ топырақтар жылдам өңделгенмен, оларда гумуспен пен ылғал аз болады және олар жел эррозиясына төзімсіз келеді.
Топырақтың органикалық бөлігінің пайда болуы және құрамы.
Топырақтың органикалық бөлігі органикалық қалдықтардан жəне қарашіріктен, яғни топырақтың минералдық құрамын бірдей мөлшерде сіңірген, күңгірт түсті органикалық заттардан тұрады. Қарашірік топырақта дамитын жоғары өсімдіктердің, микроорганизмдердің жəне жануарлардың органикалық қалдықтарынан құралады. Органикалық қалдықтар қоректік элементтердің көптеген мөлшерін құрайды (азот, фосфор, калий, кальций, магний, микроэлементтер), олар минерализация кезінде босап өсімдік жəне микроорганизмдерге қорек болып табылады. Органикалық қалдықтар өсімдіктердің көміртегі газының қөзі болып табылады. Ауыл шаруашылығында топырақты пайдаланған кезде агроном топырақ құрамындағы қарашірік мөлерін реттеп, оның құрамын жақсарта білуі тиіс.
Топырақтың қарашірігі құрамы
Гумус (қарашірік) шіруі заттары топырақтың типіне қарай әр түрлі мөлшерде кездеседі.Шымдыкүлгін топырақтың гектарында шамамен 70—90 тоннадай, ал қара топырақта ол 90-нан 300 тоннаға дейін барады. Егер гумуста орта есеппен 5%-тей азот бар десек, шымдыкүлгін топырақта — 15 тоннаға дейін жетеді.Топырақ гумусының құрамы түрліше. Олардың құрамындағы әр түрлі зяттар микроорганизмдердің әсерінен түрліше жылдамдықпен ыдырайтыны тәжірибеде анықталған. Гумус өте баяу ыдырай-ды. Түрлі зерттеулер, қалыпты климат жағдайында бір жылда топырак гумусының жалпы қорының 1-ден 3%-,ке дейінгі мөлшері-ыің ыдырайтынын көрсетті.Агрономиялық ғылымның негізін қалаушы В. В. Докучаев тапырақтың гумусқа баюы ондағы өсімдіктерге байланысты екенін көрсеткен. Гумус топырақта өзгеріске ұшырап, нәтижесінде одан бірнеше қышқылдар (ульмин, гумин, крен қышқылдары) түзіледі. Бүлардың әр қайсысының түзілуі микроорганизмдердің белгілі бір тобының тіршілік әрекетіне байланысты. Топырақ қүрамын жасау-да бүл ‘қышқылдардың зор маңызы бар.Гумус көбінесе шөп басқан жерлерде, микробтардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде пайда болады. Зерттеулерге қарағанда, бүл процеске көбінесе бактериялар катысады.
Топыраққа енген органикалық қалдықтар
Топырақтың қатты фазасының біршама белігі органикалық қосылыстар үлесіне тиесілі. Жыл сайын топырақта өсетін өсімдіктер майда жәндіктер мен микробтар топырақ бетінде, оның қабаттарында көптеген қалдықтар қалдырады. Hегізгici органикалық қалдықтар. Топыраққа жылма-жыл түсетін өсімдіктер мен өлген жәндіктердің қалдықтары eкi бағытта өзгегеріске ұшырайды. Біріншіден, топырактағы микроорганизмдердің әсерінен ыдырап, шіріп, жай минералды қосылыстарға ажырайды. Екіншіден, осы организмдер қалдықтары микробтардың әрекетінен күрделі биохимиялық өзгерістерге ұшырап, олардан тұрақты органикалық зат — топырақ қарашіріндici — гумус (немесе қарашірік) пайда болады. Органикалық қалдықтардың біразы толық ыдырап минералданса, біразы қайтадан топырақта органикалық заттардың осы жаңа күрделі түрге, биохимиялык синтез аркылы қара шіріндігe (гумуске) айналады. Минералдану мен гуминдену npoцессін микроорганизмдер жүргізеді.
Топырақ ылғалы
Топырақтың ылғалдылық қасиеттеріне: суды бойына сіңіру, суды бойынан өткізу, суды төмеңгі қабаттардан жоғарғы үстіңгі қабаттарға көтеру немесе капиллярлық және суды бойында ұстау, буландыру қасиеттері жатады. Ылғал топырақта сұйық, бу және қатты күйінде кездеседі. Топырақтағы ылғалдың түрлеріне сәйкес ылғалдылық мөлшері өзгеріп отырады. Топырақтағы ылғал тәртібі - оған түсетін ылғал мен одан шығын болатын ылғалдар мөлшерімен анықталады. Түсетін ылғалдар: а) ауа ылғалдары (жаңбыр, қар) ; б) еріген қар суы; в) будан түсетін ылғал ; г) жерасты ыза суынан көтерілетін ылғалдар.18 Шығын болатын ылғалдар; а) булану; б) топыраққа сіңбей ағатын ылғалдар; в) өсімдіктер арқылы буланып транспирацияланатын ылғалдар; г)өсімдіктердің жапырақтары мен бұтақтарында қалатын ылғалдар. Түсетін ылғал мен шығын ылғалдың арақатынасы әртүрлі топырақтардың ылғалдану коэффициентін анықтайды.
Топырақтың негізгі су қасиеттері.
су ұстау қасиеттері, су өткізгіш қасиеті, су көтергіш қасиеті. Су ұстау қасиеті сорбциялық және капиллярлық күштер әсерімен қалыптасады. Әртүрлі күштермен топырақта ұсталынып тұратын ылғалдың ең жоғары мөлшері ылғал сиымдылық деп аталынады. Топырақтың бу тәрізді ылғалды сіңіруі гигроскопиялық деп аталнады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100%-ке жақындағанда топырақ максималды гигроскопиялыққа дейін қанығады (
Су өткізгіштік – топырақтың суды сіңіру және өткізу қасиеті. Топырақтың сумен толық қаныққандағы судың ауырлық күшімен төмен қарай жылжиды фильтрация деп аталады
Топырақ коллойдтары, пайда болу жолдары, құрамы, құрылысы, қасиеттері
Топырақ коллоидтары, пайда болу жолдары, құрамы, құрылысы, қасиеттері.Топырақтың коллоидтарына диаметрі 0.0001-0.00002 нм бөлшектер жатады. Олардың саны массасынан топырақта 1-2 ден 30-40% ға дейін коллоидтар аз болса да тек солар ғана топырақтың сорбциялық күштеріне ие. Себебі: а. топырақтың қатты фазасының жалпы ауданының негізгі үлесі коллоидтарда; б. топырақ коллоидтарының бетінің физикалық және химиялық қасиеттері оларда әртүрлі сорбциалық процесстер жүруге қолайлы;Топырақ колоидтарының қасиеті олардың құрылысы мен құрамына байланысты. Топырақ коллоидтары минералдық, органикалық және органо- минералдық болып келеді. Минералдық коллоидтарға балшықты минералдар, кремнеземның және жартылай тотықтардың коллоидты түрлері жатады. Балшықты минералдардың бетінде теріс зарядтар кристалдардың шеткі байланыстары тетраэдрлар мен октаэдрлар торларының изоморфты өзгерістері кезінде пайда болады. Теріс зарядтың пайда болуының арқасында балшықтар өзіне катиондарды алмастырып сіңіру қабілетіне ие. Бұл қабілеттің сандық мөлшері катиондық алмасу көлемі (ЕКО-КАК) деп аталады,
Топырақтың сіңіру қасиеттері және оның түрлері
Топырақтың сіңіру қасиеті және оның түрлері. Академик К.К.Гедройц тұжырымдауы бойынша, топырақтың сіңіру қасиеті деп оның топырақ ішіндегі ерітінділірінің кейбір қосылыстарын, майда ұнтақталған минералды және органикалық қосылыстарды, микроорганизьдерді және ұнтақталмаған ірі заттарды өзіне сіңіріп, ұстап қалу мүмкіншілігін айтады. Қатты денелердің өзіне газдарды, парларды және еріген заттарды сіңіруін сорбция деп атайды.Сіңіру оның тәсілдеріне қарай бірнеше түрлерге – механикалық, физикалық, химиялық, физика-химиялық немесе алмасулық және биологиялық сіңірулерге бөлінеді (К.К.Гедройц, 1933).
Топырақтың механикалық сіңіру қабілеті деп, оның сумен немесе желмен бірге келген әртүрлі заттардың топырақ кеуектерінде ұсталып қалуын айтады. Былайша айтқанда, топырақ кеуектері арасында елгезерге еленген кездегі ұннан қалған кебектер сияқты, топырақ арқылы өткен сулардан ұсталып қалған әртүрлі заттар. Топырақтың физикалық сіңіруі деп, топырақ бөлшектерінің беткі қабатының топырақ ауасы мен ерітіндісінен кейбір молекулаларды сіңіру қасиетін (абсорбция) айтады.
Физика-химиялық сіңіру қабілеті деп қатты фазада сіңірілген катиондардың өзіне жұғысқан топырақ ертіндісіндегі катиондарға эквивалентті санына тең мөлшерде алмастыру қасиетін айтады
Топырақтың биологиялық сіңіруі деп – топырақтың тірі бөлігі арқылы микроорганизмдер мен өсімдіктер тамырлары топырақ ертіндісінен әртүрлі заттарды сіңіруін айтады.
2-Деңгей
Топырақ сіңіру кешені құрылысы
Топырақ сіңіру кешені құрылысы. Топырақтың өз денесінде топырақ ерітіндісіндегі иондарды, ұсақталған минералдық және органикалық заттарды, тірі микроорганизмдерді, әртүрлі суспензияларды ұстап қалу қабілетін айтады. Топырақтың сіңіру процесіне қатысатын компоненттер жиынтығын К.К.Гедройц топырақ сіңіру кешені (ТСК) деп атады. ТСК-ның басым бөлігін топырақ коллоидтары құрайды. Топырақтың сіңіру қасиеттерінің ішінде физика-химиялық сіңіру қабілеті оның құнарлығының қалыптасуында маңызды роль атқарады. Физика-химиялық сіңіру дегеніміз топырақтың қатты фазасының құрамындағы катиондарын топырақ ерітіндісіндегі катиондарына эквивалентті мөлшерде алмастырылуы.
Топырақ реакциясы
Топырақ реакциясы. Топырақ ерітіндісінің құрамына қарай оның реакциясы қышқылды немесе сілтілі болып келеді. Неғұрлым топырақ реакциясы қышқылды немесе сілтілі болса, олар солғұрлым өсімдіктерге теріс әсер етеді. Өсімдіктердің дұрыс өніп - өнуі үшін көбінесе топырақ реакциясы орташа болуы қажет.Топырақтың реакциясы, оның қандай заттарды көбірек сіңіргендігіне байланысты болады. Әдетте қышқылды топырақта сутегі мен алюминий көп болады, ал топырақ реакциясы бейтарап болуы үшін онда кальций элементінің тұздары көп болуы шарт.
Топырақтың микробиологиялық қасиет
Топырақтың микробиологиялық қасиеті - оны мекендейтін жәндіктер әрекетімен тығыз байланысты. Микроорганизмдер топырақтың беткі қабатынан өте терең қабаттарына дейін ерсілі-қарсылы өтіп өмір сүре алады , мұның нәтижесінде топырақтың әртүрлі қабаттарына ылғал, ауа жақсы өтетін болады. Топырақ қыртысынан өзіміз байқайтын толқынды жолдар осы топырақ микроорганизмдерінің әрекетінен пайда болған. Олар топырақтың жоғарғы қабатындағы қарашірікті ерсілі-қарсылы тасымалдайды. Әртүрлі топырақ микроорганизмдері оның өте терең қабаттарында да өмір сүре алады. Мысалы, түрлі қоңыздар мен бүйелер топырақтың 2 метр тереңдігінде кездессе, құмырсқалар3,0-3,5 метр тереңдікте, ал жауын құрттары тіпті 8-9 метр тереңдікте кездесе береді. Топырақтағы бактериялардың алатын орны зор. Бактериялар өте жемқор болады. Егер жоғары топтағы жануарлар тәулігіне өз денесі салмағынан 10-15 еседей көп қоректік заттар пайдаланса, бұлар тәулігіне өз денесінен жүздеген еседей көп заттарды пайдаланады
Топырақтың химиялық құрамы
Топырақтың химиялық құрамы. Топырақтың химиялық құрамын білудің өсімдіктерді қоректік затпен дұрыс қамтамасыз етуде, тыңайтқыштарды тиімді пайдалануда айтарлықтай маңызы бар. Ғылыми зерттеулерге қарағанда Өсімдіктер топырақтан 74-тей элемент алатындығы анықталып отыр. Бірақ бұл элементтердің көбі топырақта өте аз мөлшерде кездеседі, олардың бірқатары өсімдіктердің өсуі үшін аса жеткіліксіз болады. Ғалымдар жиі айналысатын топырақта кең таралған 15 элемент олардың түрлі қасиеттерін анықтауға көмектеседі. Олардың негізгілері: көміртегі, азот, оттегі, сутегі, күкірт, фосфор, калий, кальций, магний, темір және марганец. Көміртегі өсімдік қалдықтарындағы элементтердің 45 пайызын құрайды, оның қасылыстары минералды тұздар түрінде жиі кездеседі. Оттегі мен сутегі топырақ суының құрамын түзеді, түрлі тотықты гидраттар, алюмосиликаттар, минералды қышқылдар тұздарының құрамына кіреді. Темір және оның қосылыстары – темір тотықтары мен шала тотықтар түрінде кездеседі. Темірдің өсімдік тіршілігінде аса зор маңызы бар. Топырақта темір жетіспесе, өсімдіктер «хлороз» ауруына шалдығады, бұл хлорафильдің түзілмеуінен болады. Кальций мен магний – түрлі қышқылдармен қосындылар түрінде кездеседі. Кальций қыиыздық қышқылының тұзы ретінде аса қажет, ал магний хлорофильдің құрамын түзуге қатысады, сондықтан да ол өсімдіктер үшін аса қажет. Калий мен натрий - ортоклаз, миролин, альбит сиқты шпаттардың құрамында кездеседі және бұзылу нәтижесінде минералды қышқылдардың тұздарын түзеді. Фосфор - фосфорит және апатит атты табиғи минералдардың құрамында және топырақ қарашірігінде кездеседі, топырақта ол фосфор қышқылдары түрінде кездеседі. Қышқыл қосындыларымен қандай қосылыстар болуына қарай фосфор тұздарының өсімдіктерге сіңімділігі де әртүрлі болып келеді.
Минералдар генезисі.
Генезис деген грек сөзі — жаратылу, шығу, пайда болу деген сөз. Демек, минералдардың генезисі дегеніміз — олардың жаратылысы. Жердің ішкі қабаттарында пайда болатын магма жоғары көтеріліп жіктеледі; салқындап қатаюдан пайда болатын тау жыныстары магмалық жыныстар, оны құраушы және соған байланысты пайда болған HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B8%D0%BD%D0%B5%D1%80%D0%B0%D0%BB" \o "Минерал" минералдар магмалық минералдар деп аталады. Онан кейін қалдық магмалардан магмалық минералдар пайда болады. Оның ең ірі және минерал заттар көп кездесетін түрі — пегматит, оны құраушы және оған байланысты пайда болған минералдар — пегматиттік минералдар. Онан қалған су буы мен газдарға қаныққан заттардан пайда болып, жердің үстіне таман таянған жарықтарды толтыратындар — пневматолиттік минералдар. Онан қалған бу мен газдар суға араласып ыстық ерітінді құрайды, яғни гидротермалар пайда болады. Гидротерманың ішіндегі заттар жер жарықтарына, тау жыныстары арасындағы қуыстарға сіңіп, минералды желілер құрады. Олардың өзі минералдану тереңдігіне қарай, соған байланысты жаратылыс температурасына қарай үшке бөлінеді:
жоғары температуралы гидротерма — гипотермаорта температуралы гидротерма — мезотерма
төмен температуралы гидротерма — эпитермаЭндогенді генезис.
Эндогенді факторларға литосфераның ішіндегі дамитын процестер және Жердің беткі гравитациялық өрісінің әсеріне негізделген процестер жатады. Эндогенді процестердің шығу көзін ғарыштық және жерлік деп бөлуге болады. Плато – 0 - 2 о бұрышпен қабаттың еңкіш орналасуы; куэста – 10 – 12 о бұрышқа дейін қабаттың еңкіш орналасуы; грядтар (моноклинальді гребнь) – 12 о бұрыштан артық қабаттың еңкіш орналасуы.
Минералдың экзогенді жєне метаморфогенді генезисі.
Экзогенді факторлар деп – бедертүзілудің үгілу, денудация, аккумуляция процестеріне негізделуін айтамыз. Олар генетикалық тұрғыдан да, туындау себебі бойынша да эндогенді факторлармен, Жердің гравитациялық өрісімен, жердің климатымен, Ай мен Күннің әсеріне де байланысты болады. Үгілу – жердің сыртқы қабаттары мен Күннің әсерінен жер бетін түзуші жыныстардың бұзылып, үгітілу процесі. Онда денудация мен аккумуляция процестерінің материалдары дайындалады десе де болады. Денудация процесін жер беті қабатының төмендеуі деп жалпылама қарастыруға болады. Жалпы немесе алаңдық, сызықтық деп екіге бөлінеді. Аккумуляция – жер бетінің қалыңдау процесі. Оның аймақтық және жеке түрлері боладыЖердің пайда болуы мен құрылысы
Ғылыми деректер бойынша Күн жүйесіне жататын Жер ғаламшары бұдан 4,5—5 млрд жыл бұрын газды-шаңды тұманнан пайда болған. Мұндай газды- шаңды материя қазіргі кезде жұлдызаралық кеңістікте де кездеседі. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы үшін ғарыштық және ғаламшарлық кейбір алғышарттар қажет. Ол үшін ғаламшардың өзіне тән мөлшері болу шарт. Ғаламшардың мөлшері тым үлкен болса, табиғи радиоактивті заттардың атомдық ыдырауынан бөлінген энергияның әсерінен ғаламшар өте кызып кетуі мүмкін. Ғаламшардың тым қызып кетуі қоршаған ортаның радиоактивті заттармен ластануына жағдай жасайды. Ал ғаламшардың мөлшері тым кіші болса, ол өз айналасындағы атмосфераны ұстап тұра алмайды. Ғаламшарлар жұлдыздарды орбита бойынша айнала қозғалуы аркылы тұрақты түрде және біркелкі мөлшерде өзіне қажетті энергия алып тұруы тиіс. Ғаламшарға энергия ағысы бір калыпты түспесе тіршіліктің пайда болуы мен дамуы мүмкін емес. Өйткені тірі ағзалардың тіршілігі белгілі бір температуралық жағдайда ғана жүріп отырады. Қорыта айтқанда, Жер ғаламшарында тіршіліктің пайда болуының алғышарттарына — ғаламшардың қажетті мөлшері, энергия және белгілі температуралық жағдайлар жатады. бұл айтылған алғышарттар тек Жер ғаламшарында ғана болғандығы ғылыми дәлелденген. Тіршіліктің пайда болуы, адам баласын өте ерте кездерден бастап- ақ толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Ол жайында көптеген болжамдармен көзқарастар бар.
Жердің ішкі құрылысы туралы мәліметтер әлі жете зерттелмеген аса күрделі ғылыми мәселе болып табылады.
Жердің құрамы, құрылысы, қасиеттері жөніндегі мәліметтер —  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B5%D1%80_%D2%9B%D1%8B%D1%80%D1%82%D1%8B%D1%81%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D2%9B%D2%B1%D1%80%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D1%81%D1%8B" \o "Жер қыртысының құрылысы" жер қыртысының үстіңгі қабаттарын тікелей бақылау, серпінді толқындардың таралу жылдамдығына негізделген сейсмикалық әдістер арқылы алынған жанама деректер. Осы деректерге байланысты Жер негізгі 3  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%B5%D0%BE%D1%81%D1%84%D0%B5%D1%80%D0%B0" \o "Геосфера" геосферадан тұрады:
жер қыртысы,
мантия,
ядро.
Бұл геосфералар сейсмикалық толқындардың жылдамдығына және олардың тереңдік бойынша өзгеруіне байланысты сегізсейсмикалық қабатқа бөлінеді: А, В, С, D´, D˝, E, F, G. Сонымен қатар Жерде жоғарғы қатты қабат литосфера мен төменгі жұмсақ қабат атмосфера бөлінеді. А –  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B5%D1%80_%D2%9B%D1%8B%D1%80%D1%82%D1%8B%D1%81%D1%8B" \o "Жер қыртысы" Жер қыртысы. В, С, D´ және D˝ қабаттары –  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B5%D1%80_%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D1%82%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B" \o "Жер мантиясы" Жер мантиясы. В. қабаты Мохоровивич бетінен 400 м тереңдікке дейін бойлайды. В қабаты мен Жер қыртысының арасында қарқынды зат алмасу жүреді. Бұл қабатта сейсмикалық толқындардың жылдамдығын төмендететін белдемдер бар. 
Минералдар классификациясы.
Минералдарды топтарға бөлу - Табиғат ғылымдарының қайсысын алсақ та олардың өздеріне тән зерттейтін заттарын реттеп, топтау керек. Мысалы, ботаника,зоология сияқты ғылымдарды алатын болсақ , оларда өсімдіктер мен жануарларды әр түрлі белгілері бойынша бірнеше топтарға, яғни ботаникалық , зоологиялық систематикаларға бөледі. Өсімдіктер мен жануарлардың жүздеген, тіпті, мындаған түрлері бар. Олардың барлығын жеке-жеке сипаттау әрі қиын, әрі мағынасыз, сондықтан олардың арасындағы байланысты, қарым-қатысты, жаратылыс тектестерін тану қажет. Соларды жаратылыс тегіне: аталастығына, тұқымдастығына қарап топтап айыратын болсақ, зор жеңілдік келеді.Сол сияқты мыңдаған минералдар түрлерін топтарға бөледі. Оны классификация немесе систематика дейді. Минералдарды системаларға бөліп сипаттауды сипаттық немесе систематикалық минералогия дейді.Минералдарды системаға белудің бірнеше түрлі әдісі бар. Өндірістік-экономикалық жағынан топтағанда, оларды, мысалы, химия өндірістерінің шикізат минералдары, қара металлургия мен HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D2%AF%D1%81%D1%82%D1%96_%D0%BC%D0%B5%D1%82%D0%B0%D0%BB%D0%BB%D1%83%D1%80%D0%B3%D0%B8%D1%8F" \o "Түсті металлургия"түсті металлургия минералдары, құрылыс материалдары, асыл тастар, қымбатты металдар, ауыл шаруашылығына қолданылатын минерал заттар сияқтандырып бөледі.
Топырақ қасиеттері
Топырақтың физикалық қасиеттері. Топырақ табиғи дене болғандықтан, ол белгілі физикалық қасиеттермен ерекшеленеді.  Топырақтың физикалық қасиеттеріне оның тығыздылығы, көлемдік массасы және қуыстылығы жатады. Топырақтың тығыздылығы деп оның қатты фазасы массасының 4 С-тағы судың сондай көлемдегі массасына қатынасын айтады.
Топырақтың сіңіру қасиеті.Топырақтың құнарлылығының маңызды көрсеткіштерінің бірі-оның сіңіргіштік қабілеті. Яғни Топырақтьың суда еріген заттармен газдарды сіңіріп, өзінде ұстап қалу қабілеті.Топырақтың сіңіру қабілеті туралы ілімнің негізін қалаған орыс ғалымдары Гедройц К.К, П.С. Коссович.
Топырақтың буферлік қасиеті-сілтілі немесе қышқыл қосылыстарды енгізгенде реакциясының өзгеруіне қарсы тұру қабілеті. Топырақтың буферлілігін қарашіріктің мөлшерін көбейту қышқыл топырақтарды әктеу және сілтілі топырақтарды гипстеу арқылы арттыруға болады.
Топырақтың су қасиеттері мен су режимі.
Су топырақта үш күйде болуы мүмкін: қатты, сұйық, газ тәрізді. Сұйық және газ тәрізді суға топырақта әртүрлі табиғи күштер әсер етеді: сорбциялық, капиллярлық, осмостық, гравитациялық. Топырақ бөлшектері беткейі энергияға ие болуына байланысты судың дипольды молекулаларын тарта алады. Топырақтың қатты бөлшектері мен сұйық және бу тәрізді суды сіңіруі су сорбциясы процесі деп аталады. Капиллярлық күштер топырақ қатты фазасы шектеуінде капиллярлық түтіктерде пайда болады. Судың беттік керілуі мен ылғалдануы негізделген. Судың беттік керілуі – бұл беттік қабатта молекулярлық күштердің толықтырылуына байланысты. Су қатты бөлшектерді ылғалдандырып капиллярларда дөңес менискілер түзеді. Бұл беттік керілу күштерінен теріс капиллярлық қысым тудырады. Теріс капиллярлық қысымда су көтеріліп капиллярлық түтіктерде тұрып қалады. Сорбциялық және капиллярлық су ұстау күштері гравитациялық күштерге қарсы тұрады. Гравитациялық күштермен сутөмен жылжиды. Осмостық күштер топырақта еріген заттар иондарының су молекулаларымен қарым-қатынасы нәтижесінде қалыптасады.
су ұстау қасиеттері, су өткізгіш қасиеті, су көтергіш қасиеті. Су ұстау қасиеті сорбциялық және капиллярлық күштер әсерімен қалыптасады. Әртүрлі күштермен топырақта ұсталынып тұратын ылғалдың ең жоғары мөлшері ылғал сиымдылық деп аталынады. Топырақтың бу тәрізді ылғалды сіңіруі гигроскопиялық деп аталнады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100%-ке жақындағанда топырақ максималды гигроскопиялыққа дейін қанығады
Су режимi деп топыраққа судың енуiнiң барлық құбылыстарының жиынтығын, оның топырақтан шығынын және физикалық күйiнiң (жағдайының) өзгеруiн айтады. Топырақтың су режимiнiң сандық көрінісі, яғни ылғалдың кiрiсi мен шығынының барлық мөлшерлерінiң жиынтығы, белгiлi бiр уақыт аралығындағы оның қорының өзгеруi су теңгерiмiн бередi. Көп жылдық орташа су теңгерiмi95 топырақтың су режимiнiң сандық сипатын көрсетеді. Солтүстiк Қазақстанның топырақтарына шайылмайтын су режимi тә
Топырақ түзілу процесінің негізгі стадиялары.
Топырақ - табиғат туындысы, табиғи әрі тарихи дене. Бір кездерде жер беті қазіргі ай планетасының ландшафты сияқты топырақсыз, өсімдіктерсіз, ауасыз, тіршіліксіз тып-типыл, мүлгіген дүние болған. Жер бетінің жамылғысы бастапқыда тығыз қатты тау жыныстарынан тұрды. Бұл тау жыныстары алғаш өздері пайда бола бастасымен-ақ, үздіксіз үгілу құбылыстарына ұшырады. Қатты тау жынысының үстіне топырақ түзіле алмайды. Топырақтың түзілуі үшін, ең алдымен, қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныстарына айналуы керек. Жер бетіндегі қатайған тау жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз әсерінен бірте-бірте қирап, бұзылып, қопсыған жыныстарға айналды. Бұл құбылысты геологияда үгілу (выветривание) деп атайды. Үгілу құбылысы тарихи топырақ түзілуден бұрын болған, сөйтіп ол топырақтың түзілуіне жағдай жасады.
Бүл құбылысқа табиғат күштерінің, әсіресе температураның, судың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі мұздардың әсері ерекше.
Адамзаттың өндірістік әрекетінің топырақ түзілу процесіне әсері.
Адам өзінің саналы әрекеттерінің нәтижесінде жерді қолдан суарып немесе құрғатып, мелиорациялап, топырақтың табиғи даму құбылыстарына көп өзгерістер енгізді. Бұл өзгерістердің көбі - топырақтың пайдалы қасиеттерін жақсартуға, топырақтың құнарлылығын арттыруға бағытталған шаралар. Жер жыртылып, топырақ өңделгеннен кейін табиғи өсімдіктер орнына мәдени дақылдар егіледі, ал олардың табиғи өсімдіктерге қарағанда, топыраққа тигізетін әсері әрине, өзгеше. Топырақтарды көп жыл бойы суарып, тыңайтқыштар енгізуден топырақтардың бұрынғы табиғи қасиеттері өзгеріске түсіп, жаңа "мәдениеттелген" сапалы топырақтарға айналады. Бұған Орта Азиядағы көп жылдар бойы суарылып келе жаткан жазира алқаптардың топырақтары мысал болады. Адамның саналы әрекетінің арқасында, табиғи жағдайда құнарсыз жатқан топырақтар (шөлді, батпақты, сорланған, сортаңданған) құнары артқан, сапалы топырақтарға айналды. Дегенмен, осы әрекеттердің барлығы оң нәтиже беріп жүр деп айтуға болмайды. Суармалы алқаптардағы егістікті суарудағы және жерді мелиорациялаудағы жіберілген қателіктерден құрамында тұзы шамалы топырақтың екінші рет сорлану құбылыстары басталып немесе батпақтанып, топырақтары егістікке жарамай, істен шығып қалатын жағдайлардың да болып тұратыны рас. Ал кейде жыртуға жарамсыз, механикалық құрамы жеңіл немесе сортаң топырақтар жыртылып, одан кейін жел эрозиясына ұшырап, пайдаға аспай қалатын жерлер қаншама. Мәселен, Қазақстанда ХХ ғасырдың 1950 жылдардағы тың игеру кезінде мұндай жағдайлар кездесті. Павлодар облысында мыңдаған гектар жыртуға жарамсыз жеңіл топырақтар мен Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Ақмола, т.б. облыстарында сортаң топырақтар жыртылып, көптеген зиян шектік. Осы сияқты халық шаруашылығына зиян келтіретін жайлМеханикалық элемент фракцияларының топырақтар мен жыныстардың агрономиялық қаситеттеріне ықпалы.
Қарашірік түзілу процесстері туралы қазіргі көзқарастар.
Гумус көбінесе шөп басқан жерлерде, микробтардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде пайда болады. Зерттеулерге қарағанда, бүл процеске көбінесе бактериялар катысады.Топырақка ауа көп енгенде гумус жақсы ыдырайды. Бүл процес-ке негізінен актиномицеттер қатысады.Топырақтың органикалық бөлігі өте күрделі қосылыстардан түрады. Олардың көпшілігі гумин заттарына жатады. Ал гумин қышқылдарынан басқа онда езіндік қасиеттері бар түрлі қосылыс-тар да кездеседі. Бүған ферменттер, витаминдер, ауксиндер және кейбір амин қышқылдары жатады. Осылардың барлығын қосып, топыраіқтың биотикальщ заттары деп атайды.
Оңтүстік Қазақстан топырақтары қарашірік мөлшерін арттыру жолдары.
Топырақ ауыл шаруашылығы өндірісінің негiзгi құралы және заты болып табылады. Топырақтың ең маңызды қасиетi – оның құнарлылығы, яғни өсімдіктердің өсуiне және дамуына керектi жағдайлармен бiр мезгiлде қамтамасыз ету мүмкiндiгi
Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының ыдырау процесінде, яғни органикалық заттардың минералдануымен бірге топырақта күрделі органикалық қосындылардың түзілуі – гумификация процесі жүріп, топырақ гумусы немесе қарашірігі жасалады. Топырақ қарашірігінде гумин және ульмин қышқылдары, балауыз, смолалар, витаминдер, фенолдар, антибиотиктер және т.б. болады. Гумустың ыдырауында көміртегі, нитраттар, фосфаттар және т.б. бөлінеді. Гумустың құрамына 5% дай азот кіреді. Сондықтан қарашірік заттары топырақты күлдік және азот қоректік элементтерімен байытады. Мұнымен қоса, қарашірік заттары топырақтың структурасын түзуде, аэрациясын, жылу режимін, сіңіру қабілетін, су сыйымдылығын, т.б. физикалық, химиялық қасиеттерін жақсартуда басты фактор болып есептеледі.
Топырақ коллоидтары құрылысы мен қасиеттері. Топырақ қышқылдығы, сілтілігі, буферлігі.
Топырақтың коллоидтарына диаметрі 0.0001-0.00002 нм бөлшектер жатады. Олардың саны массасынан топырақта 1-2 ден 30-40% ға дейін коллоидтар аз болса да тек солар ғана топырақтың сорбциялық күштеріне ие. Себебі: а. топырақтың қатты фазасының жалпы ауданының негізгі үлесі коллоидтарда; б. топырақ коллоидтарының бетінің физикалық және химиялық қасиеттері оларда әртүрлі сорбциалық процесстер жүруге қолайлы;Топырақ колоидтарының қасиеті олардың құрылысы мен құрамына байланысты. Топырақ коллоидтары минералдық, органикалық және органо- минералдық болып келедіЖер қыртысының құрамы
Жер қыртысының құрамы мен құрылыс өзгерістері. Жер қыртысының құрамы әсіресе жер бетіне жақын аудандарда көп өзгерістерге ұшырайды.Өйткені, минералдық шикізат қорын өндіру ісі жылдан-жылға арта түсуде. Қазіргі кездегі өндіру технология-сының төмендігмен байланысты химиялық шикізат қорының үштен бір бөлігі, немесе өндірілуге тиісті металдьщ жартысына жуығы игерілмей босқа қалып жатады. Бүгінгі күні жер қойнауынан 100 млн. т мыс, қорғасын, мырыш, қалайы және алюминий өндіріліп алынған.
Жер қойнауынан алынған барлық пайдалы қазбалардың көпшілігі соңғы 20 жыл ішінде өндірілгендігі белгілі: мұнай — 75%, көмір — 40%, темір — 50% және жанғыш газдар — 90%. Химиялық элемент-терді өндіру ісінің қарқыны бұдан былайғы уақытта да өсе бермек.
Енді он жылдан кейін жер бетіндегі темір тотықтарының мөлшері 2 есеге, қорғасын — 10 есеге, сынап — 100 есеге, мышьяк — 150 есеге артады деп жорамал-данады.
Адамдардың техногендік әрекеттері көбінесе табиғи процестердің дамуына қарама-қарсы бағытталған. Мысалы, олар минералдық жылу көздерін пайдалану барысында көміртегі элементін, сол секілді минералдық тыңайтқыштарды (егін шаруашылығында қолдану барысында) жер қыртысына түгел шашып таратады. Сондай-ақ көптеген металдар да кең көлемде шашылып тарал-ғанмен, олар жер қыртысында сақталады. Сонымен, техногендік әрекеттерге байланысты жер қыртысын құрайтын өте бағалы химиялық элементтер жер бетінде кең таралып, шашыранды түрде кездеседі. Соның нәтижесінде, жер қыртысынын, алғашқы құрамының тепе-теңдігі өзгеріп, химиялық элементтердің табиғи жағдайдағы миграциялық таралу заңдылығы бұзылады. Мұндай әрекеттердің зияндылығын бағалай білу өте қиын.
Топырақтың сіңіру қасиеті
Топырақтың сіңіру қасиеті және оның түрлері. Академик К.К.Гедройц тұжырымдауы бойынша, топырақтың сіңіру қасиеті деп оның топырақ ішіндегі ерітінділірінің кейбір қосылыстарын, майда ұнтақталған минералды және органикалық қосылыстарды, микроорганизьдерді және ұнтақталмаған ірі заттарды өзіне сіңіріп, ұстап қалу мүмкіншілігін айтады. Қатты денелердің өзіне газдарды, парларды және еріген заттарды сіңіруін сорбция деп атайды.Сіңіру оның тәсілдеріне қарай бірнеше түрлерге – механикалық, физикалық, химиялық, физика-химиялық немесе алмасулық және биологиялық сіңірулерге бөлінеді (К.К.Гедройц, 1933).
Топырақтың механикалық сіңіру қабілеті деп, оның сумен немесе желмен бірге келген әртүрлі заттардың топырақ кеуектерінде ұсталып қалуын айтады. Былайша айтқанда, топырақ кеуектері арасында елгезерге еленген кездегі ұннан қалған кебектер сияқты, топырақ арқылы өткен сулардан ұсталып қалған әртүрлі заттар. Топырақтың физикалық сіңіруі деп, топырақ бөлшектерінің беткі қабатының топырақ ауасы мен ерітіндісінен кейбір молекулаларды сіңіру қасиетін (абсорбция) айтады.
Физика-химиялық сіңіру қабілеті деп қатты фазада сіңірілген катиондардың өзіне жұғысқан топырақ ертіндісіндегі катиондарға эквивалентті санына тең мөлшерде алмастыру қасиетін айтады
Топырақтың биологиялық сіңіруі деп – топырақтың тірі бөлігі арқылы микроорганизмдер мен өсімдіктер тамырлары топырақ ертіндісінен әртүрлі заттарды сіңіруін айтады.
Оңтүстік Қазақстан топырақтарының су режимін реттеу.
Су режимi деп топыраққа судың енуiнiң барлық құбылыстарының жиынтығын, оның топырақтан шығынын және физикалық күйiнiң (жағдайының) өзгеруiн айтады. Топырақтың су режимiнiң сандық көрінісі, яғни ылғалдың кiрiсi мен шығынының барлық мөлшерлерінiң жиынтығы, белгiлi бiр уақыт аралығындағы оның қорының өзгеруi су теңгерiмiн бередi. Көп жылдық орташа су теңгерiмi95 топырақтың су режимiнiң сандық сипатын көрсетеді. Солтүстiк Қазақстанның топырақтарына шайылмайтын су режимi тән. Су – өсімдік тiршiлiгiнiң маңызды факторы. Өсімдік өз тiршiлiгiне керектi судың негiзгi бөлігін топырақтан алады. Топырақ ылғалды сыйғызатын, сақтайтын орын болып табылады және өсімдік тiршiлiгiнiң барлық кезеңдерiнде оны ылғалмен қамтамасыз етуге мүмкiндiгi бар. Су өсімдік тiршiлiгiнiң барлық процестерiне дерлiк қатысады. өсімдіктiң жекелеген мүшелерiндегi судың мөлшері 70-95%-ға дейiн жетедi. Су өсімдіктi қоршаған ортамен байланыстыратын буындардың бiрi болып табылады. Сонымен қатар судың табиғаттағы айналымында өсімдіктер де маңызды рөл атқарады
Топырақтың жылу режимі, көрсеткіштері. Топырақ ерітіндісінің топырақ түзілуіндегі және құнарлылығындағы маңызы.
Топырақтардың дамуы мен өсімдіктердің тіршілігі үшін жылу керек. Топырақтың жылулық қасиеті де оның қажетті қасиеттерінің бірі. Топырақ жылуы белгілі бір мөлшерге жеткен кезде ғана онда өсімдіктер тамыры өсе бастайды. Жылу әсерінен микробиологиялық және химиялық процестердің қарқыны өзгереді. Топырақ жылуды негізінен күн сәулесінен, оған қоса топырақтың жоғарғы қабатынан, жердің ішкі қызған қабаттарынан, сонымен бірге топырақтағы микробиологиялық процестерден, тірі жәндіктердің тыныс алуынан, өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының шіруінен, топырақтың құрамындағы кейбір заттардың өзара қосылысқа түсуінен, су буларының суға айналуынан, судың булануынан алады. Сонымен топырақтағы жылу режимі –90 жылудың күн сәулесінің топыраққа түсіп, оның қабаттарына еніп, жоғарыдан төмен қозғалып, қайтадан ауаға оралу процесі. Топырақтың жылулығы топырақтың температурасымен белгіленеді. Температура тәуліктік, апталық, айлық, маусымдық және жылдық көрсеткіштермен ажыратылады
Жер бедері және оның формалары.
Кең-байтақ Қазақстанның жер бедері өте күрделі және алуан түрлі. Жер бедерінің басты ерекшеліктерін физикалық картадан көруге болады. Картадан республика жерінде жазықтан бастап биік тауларға дейінгі барлық жер бедерінің биіктік сатыларын байқаймыз. Оның аумағының үштен бір бөлігін ұлан-байтак, ойпаттар (Солтүстік Қазақстан жазығының оңтүстік бөлігі, Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпаты) алып жатыр.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD" \o "Қазақстан" Қазақстанаумағының жартысынан астамы биіктігі 400-500 м болатын көтеріңкі жазықтар, үстірттер мен ұсақ шоқылар (Торғай, Үстірт, Сарыарқа және т.б.) үлесіне тиеді. Ал биіктіктері 4000-5000 м-ден астам, бастарын мүздықтар мен кар басқан биік таулар республика жерінің 10%-ынан тұрады. Олар еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында орналасқан таулар: Алтай,  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A1%D0%B0%D1%83%D1%8B%D1%80&action=edit&redlink=1" \o "Сауыр (мұндай бет жоқ)" Сауыр,  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B5%D1%82%D1%96%D1%81%D1%83" \o "Жетісу" Жетісу  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%82%D0%B0%D1%83%D1%8B&action=edit&redlink=1" \o "Алатауы (мұндай бет жоқ)" Алатауы, Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік сілемдері.
Республика жер бедерінің ең төмен нүктесі еліміздің батысындағы Маңқыстау түбегі ауқымындағы Қарақия ойысына (теңіз деңгейінен 132 м төмен), ал ең биік нүктесі еліміздің оңтүстік шығысындағы орталык  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D1%8F%D0%BD%D1%8C-%D0%A8%D0%B0%D0%BD%D1%8C" \o "Тянь-Шань" Тянь-Шаньтауларына тиесілі Хантөңірі шыңына (6995 м) сөйкес келеді. Олай болса, ең биік жөне ең төменгі нүктелерінің айырмасы - 7127 м. Оның үстіне Каспий теңізі түбінің 400 м тереңдігін қосатын болсақ биіктік айырмашылықтары артады.
Қазақстан жер бедерінің басты ерекшеліктері: 1. Жер бедеріндегі жазықтар мен аласа таулар Қазақстанның батысында, солтүстігінде және орталығында орналасқан.
2. Биік таулы аймактар, республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатқан шағын аумақты қамтиды.
3. Еліміздің бүкіл жер беті оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа қарай бірте-бірте еңіс тартады.
4. Биік таулар мен аласа таулар тауаралық аңғарлармен және жазықтармен алмасып отырады.
Жер бедерінің мұндай ерекшеліктері климат пен табиғат кешендерінің қалыптасуына өз әсерін тигізеді. Қазақстанның жазык, аласа таулы бөлігінде табиғат зоналары ендік бағытта орналасқан, ал биік таулы өңірлерде мұндай зоналылық биіктік деңгейлеріне сәйкес таралатынын байқауға болады.
Топырақтың тотығу-тотықсыздану процесстері: маңызы. Тотығу тотықсыздану режимі, режим типтері.
Топырақтың қышқыл ортасы, топырақтың сіңіру комплексі негізінен сутегі катионымен толықтырылған топырақтарда кездеседі. Бұл жауын-шашыны мол аймақтарда тараған күлгін және қызыл топырақтарда болады.
Топырақтың бейтарап ортасы, топырақтың сіңіру комплексі негізінен кальций катионымен қаныққан топырақтарда көп. Бұл қара топырақты, қара қоңыр топырақты аймақтарда тараған.
Ал топырақтың сілті реакциясы, топырақтың сіңіру комплексі негізінен натрий катионымен толықтырылған топырақтар да болады. Мұндай топырақтар еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жартылай шөл және шөлді аймақтардағы сортаң, сорланған жерлерде кездеседі.
Топырақ ортасының реакциясы оның ерітіндісінде бос күйінде кездесетін сутегі иондарының концентрациясымен анықталады, оны рН-пен белгілейді. Әр түрлі топырақ ерітінділеріндегі рН-ның мөлшері 3-10 сандарының арасында, яғни күшті қышқылды ортадан күшті сілтіленген ортаға шейін кездеседі.
рН-тың көрсеткіші 3-тен 6,5-ке дейін болса - қышқыл топырақтар, 6,5-7,5-га дейінгі - бейтарап топырақтар, ал одан жоғарысы сілтілі топырақтар қатарына қосылады.
Топырақ ортасының реакциясы - топырақ қасиеттеріне, ондағы өсетін өсімдіктер мен өмір сүретін бүкіл жәндіктер мен микроорганизмдерге, жалпы топырақ құнарлылығына әсер ететін негізгі фактордың бірі. Топырақта өсімдік өсу үшін топырақ ортасының реакциясы бейтарап болғаны дұрыс. Ал өте қышқылды немесе сілтілі ортада топырақтар микроорганизмдер үшін де, өсімдік үшін де қолайсыз. Сондықтан егістікке тиімді пайдалану үшін оларды қолдан әктендіріп, гипстендіріп, топырақ ортасының реакциясын бейтарап күйге көшіреді. Бұл - топырақ құнарлығын арттырудағы негізгі шара.
Қазақстан жерінің табиғи-экологиялық сипаты.
Экологиялық қауіпсiздiк бағытында Мемлекеттiк саясаттың мақсаты, ол – табиғи жүйенi тиімді қолдану және оның заңмен қорғалуы, сондай-ақ, адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиян тигiзбеу. Өндiрiстi дамытумен қатар ғылыми-техникалық зерттеулердi күшейту. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін технологиясы бар мемлекеттің келешегі зор. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2006 жылғы Жолдауында халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде тоқтала келіп: «2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология кодексі қабылдануға тиіс. Тұтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының негізгі экологиялық стандарттарын жасауға тиіспіз» — деген болтын.
Экологиялық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттің тұрақты дамудың міндетті шарттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алған күнінен бастап экологиялық мәселелерге маңызды көңіл бөліп келеді. Ел Президентінің басшылығымен дүние жүзіне танымал әлемдегі ірі ядролық полигонды өз еркімен жабуы, Арал теңізін сақтау және Каспийді қорғау бағдарламаларын халықаралық деңгейде ынталандыруы, сондай-ақ Қазақстанның басқа да халықаралық деңгейде орын алатын қоршаған ортаны залалды әсерлерден қорғауға арналған тәжірибелі еңбектері соның бірден-бір айғақтары болып табылады.
Топырақ құнарлылығын қалыптастыру, толық емес, жай, кеңейтілген.
Топырақ құнарлылығы – топырақтың өсімдіктер дүниесін қажетті қоректік заттармен және сумен, ал тамыр жүйесін оттекпен, жылумен және қолайлы физ.-хим. ортамен қамтамасыз ету қасиеті. Бұл топырақтың ең басты қасиеті. Топырақ құнарлылығы.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%91%D0%B8%D0%BE%D1%86%D0%B5%D0%BD%D0%BE%D0%B7%D0%B4%D1%8B%D2%A3&action=edit&redlink=1" \o "Биоценоздың (мұндай бет жоқ)" биоценоздың жалпы өнімділігі мен а. ш. дақылдарының түсім мөлшерін анықтайды. Топырақ құнарлылығын екіге бөледі: табиғи және жасанды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A2%D0%B0%D0%B1%D0%B8%D2%93%D0%B8&action=edit&redlink=1" \o "Табиғи (мұндай бет жоқ)" Табиғи Топырақ құнарлылығы топырақ түзілу процесі нәтижесінде пайда болған топырақтың табиғи күйіндегі құнарлылығы. Ол қарашірінді қабатының қалыңдығына, қарашірінді құрамына, қоректік элементтердің жеткілікті болуына, топырақтың түйіршікті, минерал. және хим. құрамына, микробиол. процестердің қарқындылығына тәуелді.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%96%D0%B0%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B&action=edit&redlink=1" \o "Жасанды (мұндай бет жоқ)" Жасанды Топырақ құнарлылығы сол табиғи құнарлылықты арттыру мақсатында қолдан жасалған көптеген әрекеттердің нәтижесінде (өңдеу, тыңайтқыштар қолдану, дақылдарды егіп өсіру, мелиорация, т.б.) алынады және егілген а. ш. дақылдарының түсім мөлшеріне қарай бағаланады. Топырақты қорғап және оны дұрыс пайдалана білсе, оның құнарлылығы артады. Табиғи құнарлылығы төмен, егіншілікке жарамсыз топырақтарды да адам қолымен жақсартып, егіншілікке қарқынды пайдалану арқылы жоғары өнім беретін алқаптарға айналдыруға болады. Табиғи құнарлылық пен жасанды құнарлылықтың қо-сындысы – экон. немесе тиімділік құнарлылық деп аталады. Ғасырлар бойы адамзат қоғамы негізінен табиғи құ-нарлылықты пайдаланып, соның берген азды-көпті өнімін қанағат тұтып келді. Бұрынғы кезде ұзақ жылдар бойы егіншіліктің үш танапты жүйесі орын алып, онда тың жатқан жерлерді жыртып, оған үш жылдай қатарынан егіс еккен. Ол жерлерден табиғи құнарлылығы арқасында өнім алып, одан кейінгі жылдары өнім азая бастаған кезде егістікті басқа жерлерге ауыстырып егу тәжірибесі өріс алып келді. Мұны егіншіліктің көшпелі жүйесі деп те атады. Дегенмен ғыл.-тех. прогрестің даму нәтижесінде жерді үнемі дұрыс пайдаланған жағдайда, ол ешуақытта жарамсыз болып, істен шығып қалмайтыны белгілі болды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9A%D0%B5%D1%80%D1%96%D1%81%D1%96%D0%BD%D1%88&action=edit&redlink=1" \o "Керісінш (мұндай бет жоқ)" Керісінше жылдан-жылға жақсара түседі.
3-Деңгей
Топырақтың физикалық қасиеттері
Топырақтың жалпы физикалық қасиеттеріне түйіртпектілік, көлемдік жəне үлестік салмақ пен қуыстылық, функциялар физикалық қасиеттеріне су, ауа, жылу құбылымдары жəне физика- механикалық қасиеттеріне жабысқақтық, ісіну, шөгу, т.б. жатады. Олардың мөлшері құбылмалы, топырақтың қатты, сұйық, газды жəне тірі фазалар бөліктерінің құрамына, қарым-қатынасы мен өзгерісіне байланысты. Физикалық қаситтердің топырақ құралу процесіне, құнарлылыққа жəне өсімдіктер дамуына тигізетін əсері зор. Топырақтың физикалық қасиеттері туралы ілім П. Костычев, В. Вильямс, А. Дояренко, Н. Качинский, И. Антипов- Каратаев, С. Астапов, А. Лебедев, П. Вершинин, Ф. Колясьева, А. Тюлин, А. Роде, С. Долгов, И. Ревут жəне т.б. ғалымдар еңбектерімен дамыған. Жалпы физикалық қасиеттерге табиғи қалыптасқан топырақтың тығыздығы мен қатты фазасының тығыздығы жəне қуыстылығы жағады.
Топырақтың физико-механикалық және технологиялық қасиеттері
Физика-механикалық қасиеттерге топырақтың иленгіштігі, 33 созылғыштығы, жабысқақтығы, ісінуі, отыруы, байланыстылығы, қаттылығы жəне жыртуға қарсылық етуі жатады. Аталған топырақ бойындагы құбылыстар оның технологиялық қасиеттерін, яғни өңдеу əдістемесін, техникалық агрегаттар жұмысын анықтайды. Созылғыштық деп, топырақтық сыртқы күштер əсерінен біртұтастығын жоғалтпай, көлемін өзгерту жəне əсерден кейін құрылымын қалпына келтіру кабілетін айтады. Бұл қабілет топырақтың лай фракциясына жəне ылғалдылығына тəуелді. құрғақ топырақта созылғыштық жоқ болады, артық ылғалды топырақ болмайды. Аттербергше топырақтың ылғалдылығына қарай, мынандай созылғыштық константасын (шегін) анықтайды:
Жабысқақтық деп, ылғал топырақтың басқа денелерге жабысу қасиетін айтады. Ол топырақтың технологиялық қасиеттеріне теріс əсер етеді - ауылшаруашылық машиналар бөлшектеріне топырақ жабысып, топырақ өңдеуге жұмсалатын трактор куаты мен жанармай мөлшері артып, жұмыстар сапасы төмендейді.
Отыру - кепкен күйінде топырақ көлемінің азаюы. Бірақ та, ол ісінуге теріс байланысты құбылыс, яғни ылғал топырақтың ісіну кабілетін жоғарылататын болса, кепкенде оның отыруы да өседі. Отыру көрсеткіші топырақтың бастапқы көлемінен алынған процентпен белгіленеді. Топырақ отырса жарылып кетеді де, сондай-ақ топырақтағы ылғалдың булануы артады.Топырақтың пісіп жетілуі
Гидросфера, атмосфера, биосфера құрамы және құралуы.
Литосфераның құрамы және құралуы.
Минералдың түзілуі және классификациясы.
Табиғи кесек, сульфид, галоидтер кластарына жататын минералдар (химиялық формуласы пайда болу жолы)
Тотықтар және гидрототықтар класына қандай минералдар кіреді (химиялық формуласы, шығу тегі).
Оттектік құрамды қышқылдар класы (минерал атауы, химиялық формуласы, шығу тегі).
Силикаттар және алюмосиликаттар класы (атауы, химиялық формуласы, шығу тегі).
Агрорудаларға және жыныс түзгіштерге жататын минералдар
Топырақ құнарлылығындағы балшықтық минералдардың алар орны.
Магмалық жыныстардың классификациясы және пайда болу жолы.
Метаморфтық және шөгінді жыныстардың классификациясы және пайда болу жолы.
Тау жыныстарының биологиялық және термиялық бұзылуы.
Теңіздің геологиялық әсері.
Желдің геологиялық әсері.
Уақытша тасқындардың геологиялық әсері. Жыралар.
Тұрақты ағыстардың геологиялық әсері. Өзен аңғарлары.
Сулардың және жер асты суларының геологиялық әсері.
Мұздықтардың геологиялық әсері. Мәңгілік тон.
Экзогендік процестерден пайда болған бедер.
Топырақ деген түсінікке анықтама бер. Неліктен топырақ ауыл шаруашылығында негізгі өндіріс құралы, оның ерекшеліктері неде?
Геологиялық, биологиялық және биохимиялық зат айналымдар.
4-Деңгей
Топырақ түзілудің жалпы схемасы.
Негізгі топырақ түзуші жыныстарды сипатта.
Топырақ түзуші жыныстар жың топырақ генезисінде және оның құнарлылығын қалыптастырудағы маңызы.
Механикалық құрам дегеніміз не? Топырақтар мен жыныстардың механикалық құрамы бойынша классификациясы.
Механикалық құрамның маңызы.
Топырақтың морфологиялық белгілері
Топырақ кескінің құрылысы.
Топырақ құрылымы. Құрылым түрлері.
Топырақтың физикалық, физико механикалық қасиеттері.
Топырақтың ауа қасиеттері ауа режимі.
Топырақтың жылу қасиеттері жылу режимі
Топырақ генезисі мен классификациясы туралы ілім.
В.В.Докучаевтің топырақ түзілу факторлары, генезис және топырақ зоналары туралы ілімі.
Адамзаттық өндірістік әрекетінің топырақ түзілу процесіне ықпалы.
Топырақ классификациясы таксономикалық генетикалық белгілер.
Орманды дала және далалы зона аймағының топырақтары.
Қара топырақтар классификациясы
Орманды дала қара топырақтары
Далалы аймақ қара топырақтары
Құрғақ дала аймақ топырағы
Кебір топырақтар сипаттамасы.
Сорлар және ылғалды ссортаң топырақтар сипаттамалары.
Топырақ бонитировкасы
Бонитировка мақсаты.
Топырақ бонитировка көрсеткіштернің маңызы.
Жерді қорғау және оны тиімді пайдалану жөніндегі мемлекеттік шаралар.
5-Деңгей
Жерді қорғау шаралары.
Жерді тиімді пайдалану шаралары.
Топырақтардың басты географиялық таралу заңдылықтары.
Топырақ классификациясы, таксономикалық бірліктер.
Қаратопырақтар классификациясы.
Орманды дала қаратопырақтары күлгінденген, сілтісізденген, нағыз.
Кәдімгі қаратопырақтар кескіні, түзілу жағдайлары, классификациясы, қасиеттері.
Оңтүстік қаратопырақтар: түзілу жағдайлары, классификациясы, қасиеттері.
Сұр орман топырақтары кескіні, түзілу жағдайлары, классификациясы, қасиеттері.
Шалғындық қаратопырақтар түзілу жағдайлары, қасиеттері.
Қара қоңыртопырақ түзілу жағдайлары, классификациясы, қасиеттері.
Нағыз қоңыртопырақтар түзілу жағдайлары, қасиеттері.
Ашық қоңыртопырақтар түзілу жағдайлары, қасиеттері.
Шөлейт аймақ топырағының құрамы мен қасиеттері.
Топырақ құнарлылығының түрлері.
Шөлді аймақ топырағының құрамы мен қасиеттері.
Таулы аймақ топырағының құрамы мен қасиеттері.
Өзен қоймалары топырақтары.
Сорлар классификациясы: типтер, туыстықтар, түрлер.
Кебірлердің агрономиялық сипаттамасы, жақсарту жолдары.
Ылғалды сортаң топырақтар. Кескін құрамы, түзілу жағдайлары.
Солтүстік Қазақстанда топырақ эрозиясымен күресу.
Топырақтың бонитировкалық ұпайын анықтау жолы.
Бонитировка көрсеткіштері.
Топырақты агроөндірістік топтарға бөлу.

Приложенные файлы

  • docx 14935312
    Размер файла: 80 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий