5 Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығыны..


5 Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығының негіздері
5.1 Әкімшілік құқық түсінігі, пәні,қайнар көздері және әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы
Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқықтық жүйесінің саласы. Олардың басты ерекшелігі олар
Әкімшілік құқықтың пәні - бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар.
Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды жатқызуға болады:
1) Атқарушы билік органдарының ұйымы байланысты;
2) Басқаруда атқарушы билік органдарының әкімшілік – биліктік өкілеттіліктерді жүзеге асыру барысында және азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттерінде туындайтын;
3) Әкімшілік құқық бұзушылықтарды істегені үшін туындайтын.
Әкімшілік құқық үшін тән құқықтық реттеу әдістері:
1) Билік әдісі – бағындыру, немесе тура бұйыру әдісі (қатынастар әкімшілік құқықтың шегінде біреуінің екіншісіне бағынуына тұрғызылады);
2) Ұсыну әдісі (басқару субъектісінің ұсыныстары егерде оны басқару екінші қатысушысы қабылдаған жағдайда заңды күшке ие болады);
3) Келісу әдісі (өзара бағыныштылықта болмайтын қатысушылар арасында);
4) Теңдік әдісі (мемлекеттік механизмнің бір деңгейінде тұратын субъектілер әкімшілік келісімшарт түрінде бірлескен әрекеттерді қабылдайды).
Әкімшілік құқықтың жүйесі – бұл салаларды құрайтын салашықтарға жиыстырылған топтар – құқықтық институттар бойынша бөлінген құқық нормаларының ғылыми – ұйымдастырылған жиынтығы – біртұтас нормативті құрылым.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл басқару қатынастарының субъектілерінің мінез – құлық ережелері көрсетілген және бекітілген мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдаған нысандар.
Құқықтың қайнар көзі болып табылуы үшін әрбір осындай нысанда бірқатар мынадай белгілер болуы қажет:
1) субъектілердің белгілі бір категориялары орындау үшін міндетті бір немесе бірнеше мінез – құлық ережелері (құқық нормалары) болуы қажет;
2) осындай болуы үшін мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдауы қажет.
Әкімшілік құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасы - әкімшілік құқық бірыңғай жүйенің құрамды бөлігі бола отырып құқық салаларының барлығымен өте тығыз байланысты.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 28 бабына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, белгіленген басқару тәртібіне қол сұғатын, құқыққа қайшы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздігі, сол үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған
Әкімшілік құқық бұзушылық ерікті мінез – құлық актісі – іс –қимыл болып табылады және мінез – құлықтың екі аспектісінен тұрады: әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет-бұл міндеттерді, заңды талаптарды белсенді о орындамау, сонымен қатар тиым салушылықты бұзу (мысалы, егінді улау немесе ауыл шаруашылық дақылдарын жою, көкнәр немесе сораны заңсыз егу және өсіру). Әрекетсіздік -бұл міндеттемелерді бәсең орындамау, мысалы, мемлекеттік статистикалық байқауды жүргізуден бас тарту, өндіріс қалдықтарын көму бойынша және ағынды суларды төгудің талаптарын орындамау. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау әкімшілік жауаптылықтың, тұлғаға әкімшілік жаза қолданудың фактілік негізі болып табылады(нормативті негізі – құқық нормасы, соған сәйкес әкімшілік жауаптылық белгіленеді және қолданылады).
Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілері:
1) қоғамдық қауіптілік - бұл іс – әрекеттің қоғамның, мемлекеттің, азамататрдың мүдделеріне зиян келтіруі, мысалы, ұсақ бұзақылық, мас күйінде көлік құралдарын басқару;
2) құқыққа қайшылық – құқық нормасын бұзатын іс-әрекеттерді жасауы;
3) кінәлілік – бұл ерікті, саналы іс – әрекет. Кінә тұлғаның істеген ісіне және оның салдарына психикалық қатысын білдіреді. Іс-әрекетті құқық бұзушылық деп деп тану үшін оның ерік-жігерлік және саналы көрініс екендігін анықтау қажет, яғни саналы ойлайтын адамның психикалық қызметінің нәтижесі екендігін анықтау қажет;
4) жазаланушылық – бұл іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады, егерде оны істегені үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған болса;
5) жаппай өріс алуы (массовость) - бұл егерде қандайда болмасын іс-әрекетті істеудің таралуы, жаппай өріс алуы қоғамдық қатынастарға қауіп төндірсе, заң шығарушы осы қатынастарға қорғалатын мәртебе беруге мәжбүр, заңнамалық түрде мінез-құлық ережесін бекітуге және оны бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеуге мәжбүр болады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы - бұл әкімшілік жауапкершілікке тартатындай жеткілікті белгілердің (элементтердің) жиынтығы.
5.2 Қазақстан Республикасының азаматының әкімшілік – құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасының азаматының әкімшілік – құқықтық мәртебесі – ҚР Конституциясымен және қолданылып жүрген заңнамамен белгіленген азаматтың жалпы құқықтық мәртебесінің маңызды және құрамды бөлігі болып табылады.
Әкімшілік құқық сферасындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтары негізінен конституциялық құқықтары мен бостандықтарынан туындайды және көптеген заңдарда және заң күшіндегі актілерде нақтыланады.
Азаматтардың құқықтарының кепілдіктерін экономикалық, саяси және ұйымдық – құқықтық деп бөлуге болады.
Ұйымдық – құқықтық кепілдіктерге соттық және соттан тыс кепілдіктер жатады.
Шағымның екі түрі болады: әкімшілік және соттық. Әрқайсысы өз кезегінде жалпы және арнайы болуы мүмкін.
Жалпы әкімшілік шағым жасауға құқық ҚР Президентінің 1995ж. 19 маусымдағы “Азаматтардың шағымдарын қарау тәртібі туралы” заңды күші бар Жарлығымен реттеледі, соған сәйкес шағым азамататрдың шағмыдануларының бір түрі болып табьлады (өтініш, арыздарымен, ұсыныстары мен сұрауларымен қатар) және олардың құқықтарын бұзу фактісімен байланысты.
Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың әкімшілік – құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері:
1) мемлекеттік қызметші бола алмайды, бірқатар лауазымдармен шұғылдануға және ішкі істер органдарында жұмыс істей алмайды;
2) мемлекеттік құпиямен байланысты қызметке жіберілмейді;
3) әскери міндетті емес;
4) құқық бұзушылықтардың бірқатарын жасағаны үшін жауапкершілікке тек шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар ғана тартылуы мүмкін;
5) тек шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғаларына ғана мемлекеттік шекарасынан тысқа шығару сияқты әкімшілік жаза қолданылады;
6) ҚР аумағына рұқсаттары болғанда ғана кіре алады;
7) шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар арнайы құжаттары болғанда ғана тұрады және өз қызметтерін жүзеге асырады;
8) шетелдіктер үшін ашық аумақ бойынша олар еркін қозғала алады, бұл жағдайда осы туралы ішкі істер органдарына хабарлап отырулары қажет. Пунктке келген соң олар өзінің уақытша келгенін тіркеу қажет.
9) шетел азаматтарының қозғалыстарына және тұрғылықты жерлерін таңдауда шектеулер қойылады.
5.3 Атқарушы билік және мемлекеттік қызмет
Атқарушы билік - заң күшіндегі реттеу өкілеттілігін, сыртқы саяси өкілдіктің өкілеттілігін, әртүрлі бақылау түрлерін жүзеге асыру бойынша өкілеттіліктерді қоса алғандағы мемлекеттік істерді басқару бойынша өкілеттіліктердің жиынтығын білдіреді.
Атқарушы биліктің мақсаты:
1) Азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) Азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің қалыпты өмір сүруіне ықпал ететін жағдайларды туғызу;
3) Азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру үшін, қоғам ерікті, саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өмірлері үшін жағдай туғызу;
Атқарушы биліктің белгілері:
1) Жан – жақтылығы (адамдар ұжымының қызмет ететін жерлердің барлығында және үздіксіз болуы);
2) мәжбүрлеушілігі (күшке сүйенуі – ықпал ету шараларын жеке, дербес жүзеге асыру мүмкіндігі);
3) құралдылығы (құқықтық, ақпараттық, техникалық, ұйымдық қорларының (ресурстарының) болуы);
4) ұйымдастырушылық сипатта болуы.
Атқарушы билік органы – мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылатын, өз құрылымы, құзырылығы бар, заңнамаға сәйкес құрылған, мемлекеттік тапсырмасы бойынша қатысуға құқық берілген, шаруашылық, әлеуметтік – мәдени, әкімшілік – саяси сфераларға күнделікті жетекшілікті атқарушы және бұйырушы қызмет тәртібінде жүзеге асыруға арналған, сала аралық басқарумен шұғылданатын ұйым.
Атқарушы билік органдарына тән белгілер:
1) атқарушы – бұйырушы қызметті жүзеге асыруы;
2) шаруашылық дербестілік берілген;
3) ереже бойынша, тұрақты штаттары бар;
4) жоғарғы органдармен құрылады;
5) атқарушы билік органдарына есеп береді және бақылауында болады.
ҚР атқарушы билік органдарының жүйесі мына схема бойынша құрылады: Үкімет -Үкіметтің құрамына кіретін ҚР атқарушы билігінің орталық органдары: министрліктер, агенттіктер, комитеттер -Үкіметтің құрамына кірмейтін атқарушы биліктің орталық органдары-Атқарушы биліктің жергілікті органдары: облыстардың, қалалардың, аудандардың, ауылдық жерлердің әкімшіліктері.
Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органдарда мемлекеттік биліктің міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіліктерді атқару бойынша ресми қызметі.
ҚР мемлекеттік қызмет екі деңгейде жүзеге асырылады: республикалық және жергілікті;
ҚР мемлекеттік қызметі 1999 жылғы 23 шілдедегі “Мемлекеттік қызмет туралы” ҚР заңымен реттеледі.
Мемлекеттің қызметтің қағидалары – мемлекеттік қызметтің негізіне жататын және оның мәнін білдіретін негізгі идеялар, басшылыққа алынатын бастамалар.
Мемлекеттік қызметші – мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіпте республикалық немесе жергілікті бюджеттен не ҚР ұлттық Банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын ҚР азаматы.
Мемлекеттік қызметшілердің екі түрі бар:
1) Мемлекеттік әкімшілік қызметші;
2)Мемлекеттік саяси қызметші. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін санаты белгіленген.Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік – құқықтық мәртебесі – мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының, міндеттерінің және шектеулердің жиынтығы;
Мемлекеттік қызметті өткеру элементтері:
1) мемлекеттік қызметке кіру;
2) мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау;
3) қызметті ауыстыру;
4) қызметті атқару кезінде берілетін жеңілдіктер және ынталандырулар;
5) мемлекеттік қызметшінің жауаптылығы;
6) мемлекеттік қызметтің тоқтатылуы.
Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке кіруі тағайындау не сайлау негізінде, сондай – ақ ҚР заңдарында белгіленген басқа да реттерде, тәртіп пен жағдайларда жүзеге асырылады.

Приложенные файлы

  • docx 15843640
    Размер файла: 19 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий