Азаматтардың меншік құқығының объектілері


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Азаматтардың меншік құқығының объектілері 1. Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады», — деп көрсетілген (25-баптың 1-тармағы).Азаматтық кодекстің 191-бабы 2-тармағына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола алмайтын жекелеген мүлік түрлерінен басқа кез келген мүлік жеке меншікте болуы мүмкін. Жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді. Азаматтық құқықтардың объектілері Азаматтық кодекстің 3-тарауында реттелген. Азаматтардың меншік құқығын шектеу тек заңмен жүзеге асырылады, оған мыналар қатысты: 2.«Жер туралы» заңнын 2-бабына сәйкес жер құқық объектісі болып табылады, яғни жерге жеке меншік азаматтардың меншігі түрінде болады. («Жер туралы заңның» 15-бабы, 2-тармағы). Сонымен, жер азаматтық айналымға енеді екен, сондықтан да жер қатынасы мүліктік қатынасқа жатады. Мысалы, заңның 33-бабына сәйкес жер учаскесінің меншік иелері жердің бүлінуіне байланысты жұмыстар жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатын алуға, пайдалануға және сақтауға бағытталған шаралар жүргізуге міндетті. Демек, топырақтың құнарлы қабаты бөлек алынған кезде дербес құндылыққа ие болады екен. Бұл арада топырақтың мұндай құнарлы бөлігі мағынасынан гөрі материалдық ерекшеліктерге ие болады, өйткені, ол пайдалану кезінде минералдық тыңайтқыштармен тыңайтылып, өнімділігін арттырады, яғни ол меншік құқығының дербес объектісі ретінде көрінеді. «Жер туралы» заңның 18-бабына сәйкес азаматтардың жеке меншігінде өзінің мақсатына сәйкес үйлер мен ғимараттарды қамтуға арналған жерлерді қоса алғанда, құрылыс салуға берілген немесе өндірістік және өндірістік емес, оның ішіде тұрғын – жайлар, үйлер, ғимараттар және олардың кешендері салынған жер учаскелері бола алады. Жеке меншікке берілетін жер учаскесінің көлемі, егер заңмен тыйым салынбайтындай болса, онда қала салу мен жобалау – техникалық құжаттарға сәйкес жер бөлу жөніндегі тәртіппен айқындалады. Бұл орайда азаматтарға берілетін жер учаскесі, оның ішінде шетел азаматтары да бар, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылы 8 мамырда қабылданған «Жеке меншікке берілетін немесе мемлекеттік пайдалануына берілетін жерге ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес ақылы жүзеге асырылады. Қорғаныс, ерекше күзетілетін табиғат аумақтарының орман және су учаскелері, елді мекендер жерлеріндегі жалпы пайдаланудағы жерлер, сондай–ақ ауыл шаруашылығындағы жерлер, жеке қосалқы қожалық, бау-бақша және саяжай құрылысынан басқасы, жеке меншікте бола алмайды (заңның 18-бабы, 2-тармағы). 3.Азаматтардың меншік объектісінің маңызды түрінің бірі тұрғын – жай болып табылады. «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға сәйкес азамат, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы аумағының қай жерінде тұратындығына қарамастан, жеке меншігіне заңды түрде тұрғын үй сатып ала алады. Бұл орайда азаматтың меншігіндегі тұрғын үйлердің саны мен көлеміне шек қойылмайды. Қазіргі кезде бағалы қағаздар азаматтық құқықтардың объектілері ретінде кеңінен танымал. Олар азаматтардың меншік құқықтарының объектілері болып есептеледі (АК-тің 129-140 баптары). Азаматтардың меншік құқығының бұл объектісінің ерекшеліктері арнайы заң актілерінде көрсетілген Назарларыңызға рахмет!!!

Приложенные файлы

  • pptx 15843634
    Размер файла: 1 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий