Қазақ халқының қолданбалы өнері


Қазақ халқының қолданбалы өнері
Категориясы: ТехнологияСабақтың тақырыбы: Қазақ халқының қолданбалы өнерінің түрлеріСабақтың мақсаты: Қазақтың қолданбалы өнері аяққап, қоржынның жасалу түрлері, зергерлік бұйымдар мен ағаш бұйымдарына түсінік беруМіндеттері: білімділігі: өз бетімен меңгерген білімін тереңдете түсуТәрбиелілігі: ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру, әсемдікке тәрбиелеу. Дамытушылығы: өнер мен уақыт саясатын ұштастыруға машықтау.Көрнекіліктер:Қазақтың ұлттық бұйымдары, қоржын, тұскиіз, топтастыру қағазы, бағалау парағы, фишкалар.Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгертуСабақтың әдісі: сұрақ-жауап ,әңгіме.Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: 1-2 мин түгелдеуЖаңа тақырыпты түсіндіру. Қазақтың ұлттық бұйымдарының түрлері:киіз, тұскиіз, текемет, сырмақ, қоржын, алаша, аяққап, тұтқыш. Ағаш бұйымдары: сандық, кебеже, адалбақан. Зергерлік бұйымдар: сырға, білезік,сақина, бойтұмар. Қазақ халқы «Өнер-өмірдің өзіңдей мәңгілік» демекші өнер өмірмен бірге ұштасып келеді.1. Төсеніш бұйымдары. Тұскиіз- сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі. Оны жасау үшін нығыз басылған жұқа киіз таңдалып алынады. Тұскиізді безендіріп, әшекейлеу үшін түсті барқыттар, жібек, шұға т.б. маталардан бетіне ою-өрнектер тігіледі. Текемет- бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз. Оның бетіне жүнді бояп, ою-өрнек жасап, киіз басқан әдіспен басады. Сырмақ- киізден сырып оюлап жасалған төсеніш. Екі түсті киізден оймалаған немесе үстіне матадан ою басқан тігістеріне жиек басып, сырып жасайды. Қоржын- өрмек құрып тоқылатын бұйым. Ұзындығы 120 см, ені 50 см болады. Ердің артына бөктеріп жүру үшін екі басты етіп жасалған қапшық. Аяққап – ыдыс-аяқ салуға арналған қапшық. Ол көбінесе киізден жасалады. Алаша- әр түрлі жүннен немесе түрлі түске боялған мақта мен жүннен тоқылған төсеніш. Алаша терме және қақпа алаша деп екіге бөлінеді. Төсеніш ретінде қолданады. Тұтқыш- ас пісіретін қазанды оттан көтеріп түсіргенде қолды күйдірмеу, қазанның күйесін қолға жұқтырмау үшін киізден жасалған екі қолғап. Оның ұзын етіп жасалған бауы болады.2. Ағаштан жасалған бұйымдар. Сандық киім кешек тағы басқа заттарды салуға арналған ағаштан жасалған бұйым. Кебеже ағаштан жасалған әшекейлі сандық. Оған тамақ, ыдыс-аяқ салып сақтаған. Адалбақан- төрде тұратын киім ілетін өрнектелген бұтақты, не бұтақтарын қолдан жасаған сырық.3. Зергерлік бұйымдар. Білезік- білекке салынатын сәнді зат. Сырға – әйелдердің құлаққа салынатын сәнді зат, алтын, күмістен, асыл тастардан жасалған.Алқа – алтын, күміс, маржанмен әшекейленген омырауша, өңір, өңірше.Демек қазақ халқының қолөнер бұйымдарының түрлері өте көп. Олардың шығу тарихы алуан түрлі. Міне осындай өнеріміз «Өнер-өмірдің өзіңдей мәңгілік» демекші ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, өмірмен бірге ұштасып келеді. Енді біз «Бақытты сәт» ойыны (оқыта үйрету ойындары)(модульдік технология бойынша)ІІІ – гейм «Жұмбақтас» Мұнда жүргізушінің сұрағына жылдамырақ жауап берген команда ұтады. Егер жауап дайын болса, команда көк жалаушаны немесе қолын көтереді. 1.Өнерлінің он саусағы тең ....(Өнерсіздің бір саусағы кем.)2.Еңбексіз өмір жоқ ...(Ауырсыз жеңіл жоқ)3. Шын шеберде …(мін жоқ)4. Жаңбырменен жер көгерер ....(еңбекпенен ел көгерер)5. Еңбек өмірді ұзартады ...(ұят бетті қызартады)6. Байлықтың атасы еңбек ...(Анасы жер)7. Еңбегіне қарай құрмет ...(жасына қарай ізет)8. Өмір үйретеді ....(еңбек ширатады)9. Өрнегі көптің ....(ермегі көп)1.Жасырылған сөзді тап. Бірінші сан бағана нөмірі, ал екінші сан – жол нөмірі 2. Жасырылған сөзге сәйкес мақал- мәтел жаз.№1 кесте. Кестенің сыры түрінде кілемнің сыры түгіндеКестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды.Қыз еркем, кестесімен көркем, ұл еркем, өрнегімен көркем№2 шебер. Шебердің қолы ортақ.Шеберді өнері асырайды.Шешеннің сөзі мерген, шебердің ісі мерген.Шеберлік шексіз байлық№3 ине. Жолды инемен өлшемес болар. Көк инемен көктеу білмейді. Білім инемен құдық қазғандай.Ситуациялық сұрақтар қойылады.

Приложенные файлы

  • docx 15843612
    Размер файла: 17 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий