Балық шаруашылығын жүргізудің аралас формалары…


Балық шаруашылығын жүргізудің аралас формалары
Мақсаты: Балық шаруашылығының аралас формалары дегеніміз балықты өсіріп, аулап және оны сатуға дайындайтын шаруашылықтың аралас бағыттары.
Балық шаруашылығын жүргiзу деп заңды және жеке тұлғалардың балық ресурстары мен басқа су жануарларын, ұтымды пайдалану, оларды қорғау, өсiмiн молайту, өсiру, аулау, қайта өңдеу және сату жолымен шаруашылық-пайдалы өнiмдi алуға бағытталған шаруашылық қызметiн жүзеге асыруы түсiнiледi. Балық шаруашылығын жүргізу ережесінің сақталуын бақылауды жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
Балық шаруашылығы бағалы тұқымдық балықтарды өсіріп, көбейтетін балық питомниктері, тауарлы-көл және тоғаншаруашылықтары, машина-мелиоративтік станциялары, арнайы оқу орындары, балық сататын фирмалық дүкендері жұмыс істейді. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD" \o "Қазақстан" Қазақстанның мыңдаған ірілі-ұсақты көлдері мен өзендері балық шаруашылығы қызмет етеді. Олардың жалпы аумағы 7,5 млн. га шамасында. Су  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B9%D0%B4%D1%8B%D0%BD" \o "Айдын" айдындарының ең ірілері: Каспий теңізі, Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдері, Қапшағай, Бөген, 
Бұқтырма бөгендері,Жайық, Ертіс, Есіл өзендері. Дүние жүзі бойынша ауланған бекіре балықтарының 90%-ы Қазақстан балық шаруашылығының үлесіне тиеді. Қазіргі кезде республикада экологияның нашарлауына байланысты су айдынын қорғау, оларды ұдайы HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9C%D0%B5%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%80%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D0%B0%D1%83&action=edit&redlink=1" \o "Мелиорациялау (мұндай бет жоқ)" мелиорациялау, кәсіптік балықтардың сапасын жақсарту, балық өсіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл міндет Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына және балық қорғау ұйымдарына жүктелген.
Гидробиология, тоған шаруашылығы, ихтиология, өндірістік балық аулау негіздері пәнінен тығыз байланысты.
Балық өсіру-балық шаруашылығы балықтарды жерсіндіретін олардың жаңа тұқымын шығаратын, қоректендіретін, судағы қорын молайты, сапасын арттыратын сала. Балық негізінен табиғи сулармен тоғандарда өсіріледі. Табиғи ауа балық өсіру- өзен, көл, су қоймалары мен теңіздердегі балық түрлерінің сапасын арттыруға және оның қорын молайтуға бағытталған. 
Тоған балық шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын төмендету жолдарын іздеуде балықтарды өсіруге жұмсалған шығындар есебін уақытылы және дұрыс ұйымдастырудың маңызы үлкен. Ал бұған өз кезегінде тоғанда балық өсірудің салалық ерекшеліктері өз ықпалын тигізеді. Сонымен бірге балық өсіретін тоғандардың орналасқан орындарының қолайлылығы, табиғи жағдайлардың ықпалы да осы шаруашылықтың тиімді жұмыс жасауына және есепті дұрыс ұйымдастыруға үлкен әсер етеді.
Тоған балық шаруашылығында өндіріс шығындарын ұйымдастыру балықты өсірудің өндірістік үрдісіне тікелей байланысты. Соған сәйкес біздің зерттеу нысаны ретінде алып отырған тоған балық шаруашылығында технологиялық үрдісті балықтарды өсіру бағыттары бойынша белгілі бір кезеңдерден тұратын ішкі салаларға жіктеп, әрі олардың өндірістік есебін тиісінше ұйымдастырудың маңызы ерекше. Өйткені өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктеріне қарай тоған балық шаруашылықтарының өндіріс шығындары да әртүрлі қалыптасады.

Приложенные файлы

  • docx 15843602
    Размер файла: 19 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий