Даулет___Мұғалім мамандығына қойылатын талаптар..


Мұғалім мамандығына қойылатын талаптар
Жоспар:
1) Мұғалім мамандығына қойылатын негізгі талаптар
2) Мұғалімнің құқығы
3) Оқушыларға қойылатын талаптар
4) Педагогтың жеке тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті бір халыққа ұсынылған Жолдауында халқымыздың алдына «ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты, мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу керек», – деп жауапты міндет жүктеп отыр деп түйіндеп айтып өткен. 
Қазақ халқының «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген аталы сөзі бар. Олай болса оқушы жастарымыздың білімді, саналы болып шығуы үшін мектеп пен мұғалімдер ұжымына үлкен міндет жүктелері анық. Білім мен тәрбие беру – қиын да қастерлі еңбек. Бұл жолда мұғалімдерден талмай, тынымсыз еңбектеніп, шығармашылық ізденуді, үйренуді асыл мұратына, биік парызына айналдырғанда ғана жете алатыны сөзсіз. Шебер мұғалімдер ғана зеректік пен зерделікті сомдап, рухани құндылықтарды, өз мамандығын терең меңгеріп, тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қабілетті, мәдениетті, өнегелі, заман талабын қанағаттандыра алатын жағдайда ғана халқының сеніміне ие болып «ұстаз - мұғалім» дәрежесіне көтеріле алады. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші оқушылардың қиялына қанат бітіріп, асыл армандарының орындалуына мүмкіндік туғызу ұстаздың борышы. Өзі үйрене алмаған өзгені үйрете алмайтыны анық. Қазақ халқында «Тоқтатпасаң оқытпа» деген сөзі ұстаз-мұғалім болуы үшін мұғалімнің кәсіби өсіп жетілуінің, талаптанудың арқасында ғана жететіндігін аңғартады. Мұғалім қызметінің табысты болуы, оның оқу және тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттерін жете түсінуге байланысты. Мұғалім оқушыларға саналы тәрбие жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүниетанымын дамытады, еңбек пен қоғамға деген сүйіспеншілігімен ынтасын тәрбиелейді.  Мұғалім оқушылардың жылдан-жылға өсіп отыратын талаптарын, қанағаттандырып отыру үшін, өмірде болып жатқан түрлі құбылыстарға, жаңалықтарға, өзгерістерге құлақ асып, өмірмен бірге аяғын алып жүретін адам болуға тиіс.  Сондықтан мұғалім ЖОО нан алған білім көлемімен шектеліп қалуға болмайды. Бірақ мұғалім өндіргіш күштердің дамуына және халықтың материалдық игілігінің дамылсыз өсуіне әсер етеді. Ол қоғамның ең басты өндіргіш күштерін жеке адамды оқытып тәрбиелеп дамытатын және қалыптастыратын басты тұлға.  Базис, қондырма, өндіргіш күші, өндіріс қатынасы, материалдық өндіріс, идеялық өндіріс ұғымдарын еске алу қажет. Қоғамның өндіріс күштерінің өзгеруі, экономикаға көшу демократиялық бетбұрыс, мұғалім алдына үлкен міндеттер жүктейді, оқу ағарту саласындағы артта қалушылықты жою оқу-ағарту ісін бүтіндей қайта құруды талап етеді. Бұның бәрі мектеп арқылы іске асатыны белгілі, мұғалім мектептегі басты тұлға. Ол бұқаралық-саяси, мәдени-ағарту және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға қабілеті мол, өз мамандығынан теориялық және тәжірибелік терең білімі бар адам. Мұғалімнің қоғамдық прогрестегі ролі, мамандығының әлеуметтік мәні осында.  Сонымен бірге мұғалімге кәсіптік педагогикалық талаптар да қойылады. Ең алдымен мұғалім терең білімді, өз Отанын шексіз сүйетін, оның дүние жүзі алдындағы беделін жете түсінетін, соған үлес қосатын білімдар адам. Мұғалім қызметінің табысты болуы оның өз қызметінің мәнін жете түсінуінде, оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүниетанымын дамытады, өмірге, еңбекке, қоғамға деген қатынасын тәрбиелейді.  Мұғалімнің кәсіби мамандығына қойылатын негізгі талаптар: - қоғамның алдыңғы қатарлы идеяларын игеру; - жан-жақты білімдарлық өмірдің әртүрлі саласынан хабардар болуы; - педагогикалық байланысты пәндерден – психологияны, ЖПП физиология, анатомия, мектеп гигиенасын, мектеп тану пәнін жақсы білуі керек; - оқытатын пәнін, соған байланысты ғылымдарды, олардың жетістіктерін, ағымын жақсы білуі керек; - жұмысына шығармашылық көзқарас; - баланы жете білу, олардың жан дүниесін түсіну, педагогикалық сенім, оптимизм; - педагогтік техниканы меңгеру, қисынды, мәнерлі сөйлей білу; - педагогтік әдептілікті тактіні меңгеру; - балаға деген сүйіспеншілік пен әділдік. Ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін еске алсақ, олардың жемісті, әсерлі жұмыс істеуі үшін үкімет тарапынан үнемі жеңілдіктер жасалып отыруы керек. Сонымен қатар мұғалімдер сапалы, құнды оқулықтармен, көрнекті дидактикалық, техникалық құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Мұғалімдерге көптеген қосымша жұмыс атқаруына тыйым салу, заңды түрде аптасына 2 күн демалыс берілуі тиіс. Мұғалім сонда ғана шәкірттерінің өз бетімен білім алуына ықпал етіп, ынталы оқушыға әрдайым ақыл-кеңес бере алады. Қорыта айтқанда, саналы азаматтарға білім мен тәрбие беретін мұғалімдердің бүгінгі таңдағы алатын орны зор. Қазіргі білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер әр түрлі ынталы бастамалар мен түрлендіруге кеңінен жол ашылуда. Осы тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесі және оның дамуы мен арнайы айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа салада ұйымдастыру, көтеру қажеттілігі туындап отыр. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл зерттеуші, өз ісінде қатып қалған қасаңдық пен жаттандықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог-педагогтық диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін мұғалімдер рухани тоқыраудан сақтанып көп ізденуі керек. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әрбір педагогтың алдында үлкен жауапкершілік тұр. Жалпы айтқанда, болашағын қамтамасыз ету әрбір мұғалімнің азаматтық рухани парызы мен борышы.
МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАНДАЙ? Кәсіптік білімі бар адамдар ғана педагогтік қызметке жіберіледі. Олар кәсіби мамандығына байланысты барлық жағдайлармен қамтылуға тиіс. Сондай-ақ,  ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге; жеке педагогтік қызмет көрсетуге (репетиторлықпен айналысуға); білім беруді басқаратын бөлім-дердің алқалы жиналысына қатысуға; ұзақтығы 4 айдан аспайтын, кем дегенде 5 жылда бір біліктілігін арттыруға; санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға; педагогтік қызметі үшін мемлекеттік арнайы марапаттаулармен марапатталуға; өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына; әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына; ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік стажы сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға; білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға құқығы бар. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, республика заңына сәйкес сапалы білім беруге; білім алушыларды жоғары имандылыққа, ата-аналарын құрметтеуге, этномәдени құндылықтарға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеуге; оқушылар мен ата-аналардың жеке басын сыйлауға міндетті.  Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог қызметкерлерді өздерінің кәсіптік міндеттерін орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді. Белгілі бір тәртіпте сот ісі қаралған, медициналық қорытындымен тыйым салынған ауруы бар адамдар жұмысқа алынбайды.Ал ата-аналар баласының қайда білім алуы керектігін таңдауға, оның оқу үлгерімі, мінез-құлқы туралы білім беру ұйымынан мәлімет алуға; баласы оқып жатқан мектептің жиналыстарына қатысуға құқылы.  Қазіргі кезде мектепте ақша жинау мәселесі жиі айтылады. Негізі заң бойынша ата-ана «балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге міндетті». Сонымен қатар, әр мектептің өз ішкі Жарғысы болады. Ол жарғы осы «Білім туралы» заңның аясында жасалады.
ОҚУШЫЛАР НЕ ІСТЕП, НЕ ІСТЕМЕУІ КЕРЕК? Мемлекеттік стандарт белгілеген мөлшерде жалпы білім алуға;  қосымша білім алуға;  ғылыми жұмыстармен айналысуға, конференцияларға, олимпиадаларға, көрме және жарыстарға қатысуға;  мектепті басқаруға қатысуға құқылы. Бұл құқықтармен қоса, оқушыға міндеттер де жүктелген. Мәселен,  Қазақстан Республикасының Ата заңын  сыйлауға, ұстануға, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге; мектеп жарғысында көрсетілген талаптарды мүлтіксіз орындауға; мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға ұмтылуға; мұғалімдерге және тәлімгерлеріне құрмет көрсетуге; сыныптас достарымен, мектептің басқа оқушыларымен тіл табысып, кішілерге көмек көрсетуге; мұғалімдерден алған тапсырманы белгілеген мерізімінде тапсыруға; себепсіз сабақтан қалмауға; өзімен қажетті оқулықтар мен оқуға арналған құрал-саймандарды алып жүруге; мектеп формасын сақтауға; мектеп және қоғамдық мүлікті ұқыпты қолдануға міндетті.Егер осы заңды әр оқушы, ата-ана, мұғалім біліп, оны күнделікті қолданысқа енгізсе, бүгінгідей мұғалім мен ата-ана, оқушы арасында дау болмас еді.Бірақ шын мәнінде ұстаз болу оңай емес. «Түк болмасам, мұғалім бола салам» дейтін қасаң сөз іске ұласпайды.  Оған тағы бір көзіміз жетті.
Оқушы құқығы
Оқушы құқықтары
Оқушы құқылы:
·       мемлекеттік стандарт белгілеген мөлшерде жалпы білім алуға;
·       қосымша білім алуға;
·       ғылыми жұмыстармен айналысуға, кеңесулермен, конференцияларға, олимпиадаларға, көрме және жарсытарға қатысуға;
·       мектепті басқаруға қатысуға.
 
Оқушылардың  міндеттері
Оқушылар міндетті:
·       Қазақстан Республикасының заңын сыйлауға, ұстануға, ұлттық салт –дәстурлерді құрметтеуге;
·       Мектеп жарғысында көрсетілген талаптарды мүлтіксіз орындауға;
·       Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға ұмтылу;
·       Мұғалімдерге және тәлімгерлеріне құрмет көрсету;
·       Сыныптас достарымен, мектептің басқа оқушыларымен тіл табысып,кішілерге көмек көрсету;
·       Мұғалімдерден алған тапсырманы белгілеген мерізімінде тапсыру;
·       Себепсіз сабақтан қалмау;
·       Өзімен қажетті оқулықтар мен оқуға арналған құрал саймандарды алып жүру;
·       Мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысу және қоғамдақ тапсырмаларды орындау;
·       Мектеп атағын аудандық, қалалық, және республикалық іс-шараларда қорғау;
·       Қоғамдық жерлерде  өзін үстау мәдениетін көтеруге, білім толықтыруға арналған жұмыстарды үздіксіз жүргізу;
·       Мектеп формасын сақтау;
·       Мектеп және қоғамдық мүлікті дұрыс қолдану.
Педагогтың жеке тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар
Педагогтың жеке тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар жиынтығы педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлық ретінде анықталады. Оның құрамында бір жағынан психологиялық, психофизиологиялық, дене даярлығы болса, екінші жағынан ғылыми-теориялық, практикалық жан-жақтылықты атауға болады.
Кәсіби даярлық мазмұны педагогикалық білім беру мақсаты ретінде профессиограммада беріледі, онда жеке бас параметрлері мен мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті көрсетіледі.
Қазіргі кезде мұғалімнің профессиограммасын құрастырудың бай тәжірибесі жинақталған. Бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтыра алатын үш кешенді атап көрсетуге болады:
жалпы азаматтық сапа,
мұғалім мамандығын анықтайтын сапалар,
мамандық немесе пән бойынша арнайы білім, іскерлік, дағды.
Психологтар профессиограмманы құрғанда педагогикалық
қабілеттерге тоқталуды ұсынады. В.А.Крутецкий дидактикалық, академиялық, коммуникативті қабілеттерді, педагогикалық шығармашылықты және зейінді бөле алу қабіліттілігін көрсетеді.
А.И.Щербаков маңызды педагогикалық қабілеттерге дидактикалық, құрылымдық, перцептивті, экспрессивті, коммуникативті, ұйымдастырушылықты көрсетеді. Сонымен қатар ол мұғалімнің жеке басының психологиялық құрылымында жалпы адамзаттық сапаны, адамгершілік-психологиялық, әлеуметтік-перцептивті, дара психологиялық ерекшеліктер және практикалық іскерліктер мен дағдыларды бөледі. Практикалық іскерліктер мен дағдыларға:
жалпы педагогикалық (ақпараттық, мобилизациялық, дамытушы, бағдарлаушы),
жалпы еңбек (құрылымдық, ұйымдастырушылық, зерттеушілік),
коммуникативті (әр түрлі жастағы адамдармен қарым-қатынас),
өздігінен білім алу (білімді жүйелеу және қорытындылау, оларды педагогикалық есептерді шешуде, жаңа ақпарат қабылдағанда қолдана алу).
Мұғалімнің профессиограммасында оның жеке басының бағыттылығы маңызды орын алады. Оның бағыттылығының сипаттамасына: әлеуметтік-адамгершілік, кәсіби-педагогикалық, танымдық бағыттылығы жатады.
Педагогикалық бағыттылық негізі мұғалім мамандығына қызығушылық болып табылады. Оның өзі балаға, ата-анаға, педагогикалық іс-әрекетке дұрыс қатынасынан көрінеді. Педагогикалық атағының педагогикалық қызығушылықтан айырмашылығы, ол педагогикалық іске деген қабілеттілік.
Педагогикалық атақ (презвание) болашақ педагогтың теориялық және практикалық тәжірибесінің толықтырылу және педагогикалық қабілетін өзін-өзі бағалау процесінде қалыптасады.
Педагогикалық атақ негізіне балаларға деген сүйіспеншілік жатады. Бұл сапа мұғалімнің кәсіби-педагогикалық бағыттылығын сипаттайды.
Осындай сапалар ішінен педагогикалық борыш пен жауапкершілікті атап кетуге болады. Педагогикалық борышты біле отырып, мұғалім балаларға, ересектерге көмек жасай отырып, өз-өзіне жауап береді, педагогикалық мораль кодексіне сүйенеді.
Педагогикалық борыштың жоғары түрде көрінуі мұғалімнің  самоотверженность болып табылады. Еңбекке деген мотивациялық-бағалы қатынасы көрінеді бұл сапада. Мысал ретінде А.С.Макаренко мен В.А.Сухомлинский өмірі мен шығармашылығын жатқызуға болады.
Мұғалімнің әріптестерімен, ата-аналармен, балалармен өзара қатынастары педагогикалық такт мәнін түсіндіруге тырысады. Педагогикалық такт көбінесе педгогтың жеке бас сапаларынан көрінеді, атап айтқанда, мәдениетіне, еркінен, азаматтық позициясы мен кәсіби шеберлігінен. Ол мұғалім мен оқушы арасындағы дұрыс қарым-қатынастың негізі болып табылады. Педагогикалық такт, әсіресе, педагогтың бақылау-бағалы әрекетінен көрінеді, ал оның өзіне ерекше зейінділік пен шындық қажет.
Педагогикалық шындық мұғалімнің объективтілігін, адамгершілік тәрбиесінің деңгейін өлшейтін сапа.
Педагогтың кәсіби-педагогикалық бағыттылығын сипаттайтын жеке бас сапасы оның беделінен көрінеді.
Жеке тұлғаның танымдық бағыттылығының деңгейінің негізі рухани қажеттіліктер мен қызығушылықта.
Жеке тұлғаның рухани және мәдени қажеттіліктері білімге деген қажеттіліктен туады. Педагогикалық өзіндік білім алудың үздіксіздігі – кәсіби дамудың қажетті жағдайы. Танымдық қызығушылықтың негізгі факторларының бірі – өз пәніне деген қызығушылық. Қазіргі мұғалім ғылымның әр түрлі саласынан хабардар болу керек, ол өз пәнін жақсы біліп, әлеуметтік-экономикалық, өндірістік, мәдени міндеттерді шешу мүмкіндіктерін білуі керек. Сонымен қатар жаңа зерттеулерді, жаңалықтарды, болжамдарды біліп, ғылымның жақын және алыс перспективаларын білуі керек.
Мұғалімнің танымдық бағыттылығының бірі ғылыми-педагогикалық ойлау мәдениеті. Оның негізгі көрінісі – ол диалектикалық бірлікте. Ол кез келген педагогикалық құбылыстың қарама-қайшылықтарынан тұрады. Педагогикалық құбылыстарға диалектикалық көзқарас мұғалімге оны процесс ретінде қабылдауға көмектесіп, жаңа мен ескінің күресі негізінде үздіксіз даму болады.
Мұғалім деген мамандықты менсінбейтін болдық. Тіпті, мектепті ілбіп жүріп, әрең бітірген бала мұғалімдік диплом  ала салады. Мысалы, елімізде жыл сайын  34 мың педагог маман дайындалады, оның жұмыс істеуге қабілетті 24 мыңнан астам маманы басқа салаға кетіп қалады.  Көлденең көк аттыға бұйыра беретін батпан құйрық мамандық – осы мұғалімдік болып бара жатыр. Алайда бізде білікті кадрлар жетіспейді. Елімізде 7741 мектепте 2,5 миллион оқушы оқиды екен. Онда 240 мыңнан асатын мұғалім дәріс береді. Жеке басқа шаққанда, бір мұғалімге жүзден аса оқушыны тәрбиелеуге тура келеді деген сөз мұнымыз.  Бұл енді дерек қана. Осының өзінен біраз жайттың астарын айтпаса да түсінуге болады.Соңғы кезде мұғалім мен оқушының, ата-ананың арасында түсініспеушілік жиі орын алуда. Бірде «оқушының құқығы тапталды», бірде «мұғалім құқығы ескерілмеді» деп шулаймыз. «Мұғалімнің жалақысы аз. Содан олар дұрыс жұмыс істемейді» дейміз тағы.  Бүгін біз осы мәселенің аражігін ашуға тырыстық.
МҰҒАЛІМНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ШЫНЫМЕН АЗ БА? Өткен жылдың шілдесінен бастап мұғалімнің жалақысының 30 пайызға өскенін сүйіншілеп еді министрдің өзі.  «Енді І санаттағы мұғалім 64 мың теңге алады» деген.Құдай-ау, жалақысын 64 мың теңгеге жеткізу үшін мұғалімдер не көрмейді, не істемейді дейсіз? Таңның атысы, кештің батысы үй көрмейді. «Мақаламды шығарам» деп газет-журналдардың есігін тоздырады. Одан қала берсе, оқушының жазған мақаласының соңына «жетекшісі Пәленше Түгеншиева» дегенді қосарландыра жазғысы келіп тұрады. Бұл үшін мұғалімді жазғырмаймыз. Оларды осындай әрекетке жүгіндіріп қойған – жүйе. Санатқа өту үшін жетістіктің барлығы ескеріледі емес пе? Айтпақшы, балалар басылымы оқушылардың шығармашылығын қолдауға, дамытуға жұмыс істегендіктен, мұғалімдердің әдістемелік мақалаларын шығартпайды. Сондықтан, мұғалімдерге әдістемелік басылымдарға жүгіруге тура келеді. Ал оған әр бетіне 2000-2500 теңгені қалтадан суырып береді. Есептей беріңіз, мұғалімнің қалтасы қалай қағылып жатыр? Одан тыс әр редакцияға барып, «мақаламды шығарып беріңіздерші» деп өтініп жүрген мұғалімнің беделін ойлап қойыңыз.Осы 30 пайызды қосарда министр Бақытжан Жұмағұлов кәсіби біліктілік турасында да әңгіменің басын ашып айтқан. «Шындығын айтсақ, нәтижелері мәз емес. Мұғалімдердің жартысына жуығы тестілеудің бастапқы деңгейінен өте алмады. Сондықтан Мемлекет басшысымен кездесуде мұғалімдер кадрларының жаңа сапасына көшу туралы мәселе қойылды»  деген.БОЛАШАҚТА МҰҒАЛІМНІҢ ЖҮЙКЕСІН ТЕКСЕРІП ҚАНА ЖҰМЫСҚА АЛАДЫ Бұл бастаманы министр Бақытжан Жұмағұловтың өзі көтерді. «Әлемде балаларды зорлап жатқан мұғалімдер бар ма? Бар. Шетелде, басқа елдерде болып жатыр. Ұстаз болған адамдардың арасында нашақорлар да, басқа адамдар да пайда болып жатыр. Сондықтан мұның алдын алу үшін  «келешекте осы адамға балаларымызды сеніп тапсыруға бола ма?» деген сауал төңірегінде ойлануымыз керек» деді.МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫ НЕГЕ БІРІН-БІРІ ТҮСІНБЕЙДІ? Бұл тұрғыда ешқандай мораль оқығымыз жоқ. Бізде мұғалім мен оқушының арасын айқындайтын заңдар бар. Оны заңгер Жеңіс Қорғасбек Қазақстан Республикасының Конституцисына негізделген «Білім туралы» Заңмен түсіндіріп берді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі :

Internet (сайттары)
• http://58.astana-bilim.kz
• http://myunivercity.ru
• http://sanatez.net

 

Приложенные файлы

  • docx 15843560
    Размер файла: 34 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий