шпор геотех


«Геотехника-2» пәнінің құрамына кіретін бөлімдер: Инженерлік-геологиялық зерттеулер, топырақ механикасы, негіздер және іргетастар
«Инженерлік-геологиялық зерттеулер» бөлімінің нысаны мен мақсаты: Инженерлік-шаруашылық мақсатта геологиялық ортаны зерттеу, оны тиімді пайдалану және қорғау
«Топырақ механикасы» бөлімінің нысаны мен мақсаты: Топырақтар, олардан құралған негіздердің, еңістердің, беткейлердің беріктігін, орнықтылығын және деформацияларын зерттеп есептеу
«Негіздер және іргетастар» бөлімінің нысаны мен мақсаты: Негіздер және іргетастар жүйесі, олардың әр түрлі әсерлер нәтижесінде өзара қатынастарын зерттеп, бағалап, жобалау
Адамзаттың құрылыс мақсатында пайдаланатын Жердің бөлігі: Литосфера
Инженерлік-геологиялық зерттеулер білімі құрылыс мамандарына не үшін керек? Құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық жағдайын зерттеп, негіздердің, еңістердің, беткейлердің топырақтарының қасиеттерін бағалау үшін
Элювий дейтініміз: Өзінің жаралу орнында сақталып қалған, түп тау жыныстарының үгілуі мен ыдырауынан түзілген борпылдақ тау жынысы
Аллювийлік шөгінділер дейтініміз: Өзен сулары ағызып әкелген жыныстар
Эолдық шөгінділер дейтініміз: Жел әсерінен орнын ауыстырып түзілген шөгінділер
Қандай жұмыстар инженерлік-геологиялық іздеу жұмыстарын құрайды? Инженерлік-геологиялық түсіру, бұрғылау, барлау жұмыстары, геофизикалық, гидрогеологиялық зерттеулер, құрылыс алаңының топырақтарын зерттеу жұмыстары
Инженерлік-геологиялық ізденістер қалай топталып жүзеге асырылады? Рекогносцировка, инженерлік-геологиялық түсіру, инженерлік-геологиялық барлау
Инженерлік-геологиялық ізденістерді қандай мақсатпен жүргізеді? Құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық жағыдайын толық білу үшін және нысанның негізі мен іргетастарын тиімді жобалау үшін
Геологиялық карта дейтініміз: Жер қыртысының кез келген учаскесінің геологиялық құрылысын бейнелейтін карта
Геологиялық қима дейтініміз: Құрылыс алаңы геологиялық құрылымының тік жазықтыққа бейнеленуі
Геологиялық түсіру дейтініміз: Таңдалып алынған жердің геологиялық құрылысын жан жақты зерттеу және оның геологиялық картасын жасау жұмыстарының жиынтығы
Табиғи топырақ дегеніміз: Жердің үгілу аймақтарында жататын және адамның инженерлік құрылыс қызметінің нысаны болып саналатын тау жыныстарының жалпылама аты
Топырақтың қандай аса қажетті қасиеттерін құрылысшылар білуге тиіс? Сығылғыштығын, суды өткізгіштігін, ығысуға кедергісін
Құрылысшылар жартастың қандай көрсеткіштерін білуі керек? Бір бағытта сығылуға қарсыласуын, жарықшақтығын, үгілгендігін, жібігіштігін, ерігіштігін, тұздалғандылығын
Топырақ тығыздығы құрылыс мақсатында қандай топырақтың сипатталуына аса қажет? Құмның
Құрылыс мақсатында топырақтың суға қатысты аса маңызды сипаттамалары: Топырақтың ылғалсыйымдылығы, суөткізгіштігі, суберігіштігі
Топырақ сулары дейтініміз: Топырақтың кеуектеріндегі, қуыстарындағы, жарықшақтарындағы сулар
Топырақ суларының құрылыс мақсатында маңызды қасиеттері: Кермектілігі, жемірлілігі, газдылығы, тұтқырлығы, электрөткізгіштігі, радибелсенділігі
Топырақ құрылымы дейтініміз: Топырақты құрастырушы түйіршіктердің пішіндері, өлшемдері, сандық үлесі, өзара байланыстары және әрекет ету ерекшеліктері
Топырақтардың көлем бірлігі неден құралады? Қатты минерал түйіршіктерінен, топырақ суларынан, газдардан
Топырақ текстурасы дейтініміз: Топырақ бітімі, жатысы, кеңістікте құрылымдық элементтердің, агрегаттардың орналасуы, яғни алуан түрлі қатпарлылығы, біртектілігі, әртектілігі
Топырақтың түйірөлшемдік құрамы дейтініміз: Топырақтың құрамындағы ірілігі бір шамадағы түйіршіктердің жалпы массадағы пайызбен өрнектелген үлесі
Таужыныстардың түйірөлшемдік құрамы қандай топырақтарды сипаттауға қажет? Жартас (тұтас) емес (борпылдақ, бытыраңқы) топырақтарды
Топырақтың қаңқасы неден құралады? Тау жыныстарынан, олардың түйіршіктерінен, түйіршіктердің арасындағы байланыстардан
Топырақтың құрамында қандай газ кездесуі мүмкін? Ауамен байланысқан бос газ, суға еріген газ немесе қамалған газ
Үшкірлігіне байланысты ірі сынықтар төмендегідей аталады: Шойтас, шақпатас, қиыршықтас
МСТ 25100 – 95 бойынша топырақтар қандай кластарға бөлінеді? Табиғи жартас топырақтары класына, табиғи бытыраңқы топырақтар класына, табиғи тоңданған топырақтар класына; техногендік топырақтар класына
Табиғи жартас топырақтардың сығылуға қарсыласуы қандай көрсеткішпен сипатталады? Бір бағытта сығылуға беріктік шегімен
Жартас топырақ берік болып танылады, егер оның бір бағытта сығылуға беріктігі Rc төмендегідей болса: 120 – 50 МПа
Жартас топырақ орташа берік болып танылады, егер оның бір бағытта сығылуға беріктігі Rc төмендегідей болса: 50 – 15 МПа
Жартас топырақтың беріктігі аз болып танылады, егер оның бір бағытта сығылуға беріктігі Rc төмендегідей болса: 15 – 5 МПа
Жартас топырақтың беріктігі төменделген болып танылады, егер оның бір бағытта сығылуға беріктігі Rc төмендегідей болса: 5 – 3 МПа
Жартас топырақтың беріктігі төмен болып танылады, егер оның бір бағытта сығылуға беріктігі Rc төмендегідей болса: 3 – 1 МПа
Жартас топырақтың беріктігі өте төмен болып танылады, егер оның бір бағытта сығылуға беріктігі Rc төмендегідей болса: <1 МПа
Жартас топырақ өте тығыз болып танылады, егер оның қаңқасының тығыздығы d төмендегідей болса: 2,50 г/см3
Жартас топырақ тығыз болып танылады, егер оның қаңқасының тығыздығы d төмендегідей болса: 2,50 – 2,10 г/см3
Жартас топырақ борпылдақ болып танылады, егер оның қаңқасының тығыздығы d төмендегідей болса: 2,10 – 1,20 г/см3
Жартас топырақ өте борпылдақ болып танылады, егер оның қаңқасының тығыздығы d төмендегідей болса: <1,20 г/см3
Жартас үгілген болып танылады, егер оның үгілгендігінің еселігі Кwr төмендегідей болса: 0,90 – 0,80
Жартас аса үгілген болып танылады, егер оның үгілгендігінің еселігі Кwr төмендегідей болса: <0,80
Жартас үгілмеген болып танылады, егер оның үгілгендігінің еселігі Кwr төмендегідей болса: 1,00
Жартас аз үгілген болып танылады, егер оның үгілгендігінің еселігі Кwr төмендегідей болса: 1,00– 0,90
Қойтастың өлшемі(бас кермесі): > 200 ммМалтатастың өлшемі(бас кермесі): 20 ÷ 200 ммМайдатастың өлшемі(бас кермесі): 2 ÷ 20 ммҚұм түйіршіктердің өлшемі(бас кермесі): 0,05 ÷ 2,00 ммШаң–тозаң түйіршіктердің өлшемі(бас кермесі): 0,005 ÷ 0,05 ммСаз түйіршіктердің өлшемі(бас кермесі): < 0,005 ммТопырақтың ең маңызды физикалық сиппаттау көрсеткіштері: Топырақ түйіршіктерінің тығыздығы (s), топырақтың тығыздығы (), топырақтың ылғалдылығы (W)
Топырақтың ылғалдылығы деп ненi айтамыз? Топырақтың үлгiсiндегi судың массасы мен түйiршiктердiң массасы арасындағы қатынасы
Топырақтың ылғалдылығы 1-ден артық болуы мүмкiн бе? Ия, мүмкiн
Топырақ қаңқасының тығыздығы мына формула бойынша анықталады:
Топырақтың иленгіштік қасиеті дейтініміз: Топырақтың сыртқы әсерлердің нәтижесінде үзіліссіз, жарықшақсыз пішінін өзгертуі және сол пішінін сыртқы әсерлер жойылғаннан кейін сақтап қалуы
Топырақтың иленгіштік саны Ip: Топырақтың аққыштық шегіндегі ылғалдылығы мен иленгіштік шегіндігі ылғалдылығының айырмасы
Құмдақтың иленгіштік саны Ip: 1 – 7
Саздақтың иленгіштік саны Ip: 7 – 17
Саздың иленгіштік саны Ip: >17
Топырақтың иленгіштік шегіндегі ылғалдылығы WP дейтініміз: Байланысты топырақтың ылғалдылығы бұл ылғалдылықтан аз болса, топырақ илегіштігінен айрылып қатты күйде болғаны
Топырақтың аққыштық шегіндегі ылғалдылығы WL дейтініміз: Байланысты топырақтың ылғалдылығы бұл ылғалдылықтан асса, топырақ иленгіштігінен айырылып аққыш күйде болғаны
Аққыштық (консистенция) топырақтың қандай қасиетін сипаттайды? Сазды топырақтың ылғалдылығына байланысты қандай күйде екендігін
Құмдар аққыштық (консистенция) көрсеткіштеріне IL байланысты төмендегідей жіктеледі: Құмдар консистенция көрсеткіштеріне байланысты жіктелмейді
Аққыштық көрсеткіші IL бойынша құмдақ қалай жіктеледі? Қатты, иленгіш, аққыш
Қатты саздақ немесе қатты саз деп аталуы үшін топырақтың аққыштық көрсеткіші IL төмендегідей болуға тиіс: <0
Жартылай қатты саздақтың аққыштық көрсеткіші IL төмендегідей болуға тиіс: 0 – 0,25
Қиын иленгіш саздың аққыштық көрсеткіші IL төмендегідей болуға тиіс: 0,25 – 0,50
Жеңіл иленгіш саздақтың аққыштық көрсеткіші IL төмендегідей болуға тиіс: 0,50 – 0,75
Ақпа саздың аққыштық көрсеткіші IL төмендегідей болуға тиіс: > 1,00
Топырақтың суға қаныққандығының еселігі мына формула бойынша анықталады:
Топырақтың кеуектiлiгiнiң еселігі дегенiмiз не? Кеуектердiң көлемiн түйiршiктердiң көлемiне бөлгендегi қатынасы
Топырақ кеуектілігінің еселігі мына формула бойынша анықталады:
Топырақтың кеуектiлiгiнiң еселiгi қандай мөлшерде болуы мүмкiн? 1 ÷ 10
Құмдар кеуектілігінің еселігі бойынша төмендегідей жіктеледі: Тығыз, тығыздығы орташа, борпылдақ
Құмдардың тығыздылығының дәрежесі мына формула бойынша анықталады:
Құмдар аздап тығыздалған болып есептеледі, егер тығыздығының дәрежесі ID: 0 – 0,33
Құмдар орташа тығыздалған болып есептеледі, егер тығыздығының дәрежесі ID: 0,33 – 0,66
Құмдар өте тығыздалған болып есептеледі, егер тығыздығының дәрежесі ID: 0,66 – 1,00
Бытыраңқы топырақтардың құрамы: Қатты минералды түйіршіктер, сумен және газбен толтырылған кеуектер
Топырақтың қатты құрауышын сипаттау үшін мынаны білу керек: Минералдық, химиялық, түйірөлшемдік құрамын
Арынсыз (еркін) су: Топырақтардың кеуектері мен жарықшақтарындағы қысымы атмосфералық қысымға тең бос беттері бар су
Топырақтардың кеуектілігімен байланысты топырақ механикасының негізін құраушы заңдар: Тығыздалу заңы, ығысуға кедергісінің заңы, су сүзілуінің заңы
Топырақтың тығыздалу заңы мына формуламен өрнектеледі:
Топырақтың сығылғыштығын сипаттайтын көрсеткіштер: Сығылғыштығының еселігі mо, жалпы деформациялану модулі Ео, сығылғыштығының салыстырмалы еселігі (mV)
Топырактың сығылғыштығының көрсеткiштерiн не үшiн білу керек? Негiздiң берiктiгін мен тұрақтылығын есептеу үшiн
Топырақтың сығылғыштығының көрсеткiштерi инженерлiк-геологиялық тәжірибеде қалай анықталады? Зертханалық сығу және алаңдық үлгi мен топырақты шөктiру негiзгi сынақтарын өткiзедi
Топырақтың сығылғыштығының негiзiнде не жатыр? Түйiршiктердiң тығыздалу нәтижесiнде кеуектiлiгiнiң өзгеруi, су қабаттарының өзгеруi, судың кеуектен сығылып шығарылуы
Сығылу қисығы қандай мекендiктердiң (в координатных осях) кестесiмен көрсетiледi? Кеуектiлiк еселігі – қысым
Топырақтың сығылғыштығының еселігі мына формула бойынша анықталады:
Топырақтың салыстырмалы сығылғыштығының еселігі мына формула бойынша анықталады:
Жалпы деформациялану модулi мына формула бойынша анықталады:
Негiзгi құрылыстық тәжiрибеде жиi кездесетiн құмды және сазды топырақтардың жалпы деформациялану модулi қандай аралықта өзгередi? 5 ÷ 75 МПа
Топырақтың бүйiрлiк қысымының кейiптемесi қайсы? =х /у, εz = 0
Топырақ арқылы судың сүзілуі қандай заңмен сипатталады дейміз? Дарси заңымен
Құмдар арқылы судың ламинарлық сүзілу заңы мына формуламен өрнектеледі:
Саздар арқылы судың ламинарлық сүзілу заңы мына кейіптемемен өрнектеледі:
Сүзiлу еселігі неменеге тәуелдi? Кеуектiлiк еселігіне, топырақ тұтқырлығына, түйiршiк құрамына
Гидравликалық градиент қандай формула бойынша анықталады?
Құмның ығысуға қарсыласуы мына өрнекпен сипатталады:
Саздың ығысуға қарсыласуы мына өрнекпен сипатталады:
Сазды топырақтың ығысуға қарсыласуының негізі: Ішкі үйкелісі және құрылымының байланысы
Топырақ берiктiгiн қандай параметрлер сипаттайды? С және φ
Сусымалы топырақтың шекті тепе-теңдік шарты:
Байланысты топырақтың шекті тепе-теңдік шарты:
Топырақтың механикалық негізгі қасиеттері: Сығылғыштығы, беріктігі
Мына сұрыптау көрсеткiштерiнiң қайсысы сусымалы топырақты сипаттайды? Түйiрөлшемдік құрамы, е, SR, Jd
Байланысты топырақтың жіктеуші көрсеткiштерiне қайсы жатады? ) WP, WL, е, JP, JL, С,
Қандай топырақтардың кеуектiлiк еселіктерiнiң мәнi 1-ден асуы мүмкiн? Борпылдақ құмдардың, макрокеуектi лесстардың, шымтезектердiң
Топырақтың суға қаныққандығының еселігі(ылғалдылық дәрежесі) қай мөлшерде болуы мүмкiн? 0 ÷ 1
Кеңiстiк есебiнде неше кернеу әсер етеді? Алтау
Уақытпен байланысты негіздің топырақтарына қандай күштер әсер етеді? Статикалық, динамикалық
Әдетте iргетас табаны арқылы топыраққа таратылатын қысымның мәні қандай болуға тиісті? 0,01 ÷ 0,60 МПа≤R
Негіз топырағында кернеулердiң таралуын бiлу үшiн қандай iлiм пайдаланылады? Тiк сызық кейiптемесiне сәйкес деформацияланатын денелер iлiмiмен толықтырылған серпiндi iлiмi
Жер бетiнен тереңдей бере топырақтың өз салмағынан туатын кернеулер тарауы мына формуламен өрнектеледi:
Жергiлiктi бiркелкi берiлген қысымның әсерiнен жүктелген ауданның ортасынан төмен нүктелерде туатын кернеулердi қай формула бойынша есептеу жөн?
Шоғырланған жүктеменiң әсерiнен туатын негiздегi сығушы кернеулердi мына формула бойынша анықтайды:
Бiрнеше шоғырланған жүктеменiң әсерiнен туатын негiздегi сығушы кернеулердi мына формула бойынша анықтайды:
Төртбұрышты алаңның аумағымен берiлген жүктемеден осы аумақтың ортасынан төменгi нүктелерде сығушы кернеулер мына формула бойынша анықталады:
Буссинеск есебі қандай шешім табуға арналған? Жартылай кеңістіктің кез келген нүктесінде барлық кернеулер мен деформацияларды анықтауға арналған
Негiздiң топырағының есептiк кедергiсi мына формула бойынша анықталады: ---------------------
Бiр рет жүктелген негіздің топырақтарына тән деформация: Қалдық және қайтымдылық
Топырақтың түзу сызықты деформациялану принципін не үшін білуіміз керек? Негіз кернеулерін есептеп, одан кейін шөгуін анықтау үшін
Іргетастың табанынан суға шылқыған топыраққа берiлетiн қысым бастапқы уақытта қандай затқа тарайды дейміз? Кеуектегi суға
Таралған жүктемеден топырақ қабатының шөгуi мына формула бойынша анықталады:
Топырақ қабаттарының шөгуiн бiртiндеп қосу әдiсiмен негiздiң шөгуiн қай формула бойынша есептеу керек?
Негiздiң шөгуiн тiк сызықты деформацияланатын жартылай кеңiстiк сұлбасына негiзделген «жинақтау» әдiсiмен есептегенде сығылу шекарасы қалай анықталады? Қосымшаzp және топырақ өз салмағынан zg туындайтын кернеулер ара қатынастыры бойынша
Ғимарат жантаюының басты себебi не? Негіздің әркелкі шөгуі
Жиі кездесетін бытыранқы топырақтардың қайсы аз шөгедi ? Өте тығыз құм, қатты саз
Негiз топырағының шөгуiн қандай деформация қалыптастырады? Топырақтың тығыздалу деформациясы
Топырақтың сүзіліп нығаюның себебі: Қысым әсерімен топырақ кеуектеріндегі судың сүзіліп шығарылуы
Қандай топырақтың шөгуi жылдамырақ өтедi? Ірі кесекті топырақтың (шақпатастың, малтатастың, майдатастың)
Ісінбейтін сазды топырақтың салыстырмалы ісіну деформациясы εѕω төмендегідей болады: <0,04
Көп ісінетін саздың салыстырмалы ісіну деформациясы εѕω төмендегідей болады: >0,12
Топыраққа берiлетiн динамикалық әсерлер: Сейсмикалық, көлiктiк, жарылыстық, дiрiлдiк
Жер сiлкiнсе қандай топырақтан құралған негiздердiң тұрақтылығы артық? Жартастан
«Топырақ – ғимарат» атты жүйеде оқтын-оқтын соққылар қандай тербелу түрлерiн туғызады? Мәжбүрлi
Топырақта тарайтын толкындардың көрсеткiштерi: Таралу жылдамдықтары, амплитудалары, жиiлiктерi
Топырақты құрылыс мақсатында қалай тиiмдi пайдалануға болады? Үйлер мен ғимараттардың негізі ретiнде, ғимараттарды салатын заттар (материал) ретiнде
Негiз деп ненi айтады? Іргетастан қысым берiлетiн топырақ қабаттарын
Ғимараттардың негiзi болуына топырақтардың қалай қабатталуы қолайлы? Үйлесiмдi горизонтальды қабатталуы
Үйлер мен ғимараттардың негiздерi қандай шектi күйлер бойынша есептеледi? Бiрiншi және екiншi шектi күйлер бойынша, яғни негiздiң топырағының орнықтылығы немесе шөгуi бойынша
Үйлердiң негiзiн бiрiншi шектi күй бойынша есептегенде қандай шарт орындалуы керек? FγсFu /γn
Негiз топырағының қандай деформациялануы үйлерге ең қауiптi? Негiздiң топырағының әркелкi тығыздалып деформациялануы
Үйлер мен ғимараттардың қандай деформациялану(жалпы пішімін өзгерту) түрлерi болуы мүмкін? Жантаю, киғаштану, бүгiлу, иiлу, бұралу
Қатаңдығы және деформациялану түрлерi бойынша үйлер мен ғимараттар қалай топтастырылады? Абсолют қатты, абсолют иiлгiш және қаттылығы шектелген
Нығайтылған жiктер мен темiрбетон белдеулер үйлерде не үшiн жасалады? Топырақты негiздердiң шөгуiн теңдестіру және қабырғалар мен үйлердің негізіндерінің әркелкі отыруына сезгіштігін азайту үшiн
Iргетас деп ненi айтамыз? Үйлердің жер үстiндегi бөлшектерiнен түсетiн жүктеменi қабылдап, негiздiкке тарататын, көбiнесе жерастында орналасатын құралымды
Іргетастың жотасы дегеніміз: Іргетастың үстіндегі құралымдардан жүктеме берілетін іргетастың жоғарғы бетін шектеуші жазықтық
Іргетастың табаны дегеніміз: Іргетастың астындағы негіздің топырағымен түйісетін жазықтық
Iргетас неге сульфаттық бетоннан жасалады? Іргетас сульфаттық жегiштiкке тұрақты болу үшiн
Құрамалы темiрбетонды iргетас қандай негiзгi бөлшектерден тұрады? Қабырғалық кесектерден (блоктардан), iргетастық тақталардан (плита)
Қандай жағдайларда iргетастарды бетон, шойтас және шойтасты қалаулардан жасаған жөн? Іргетастың сығылып қысым қабылдайтын жерлерiнде
Қандай жағдайда аралары ашық тақталы құрама таспалы iргетастардың пайдаланылуы жөнсiз? Негiз түспелi топырақтың II түрiнен немесе аққыштық көрсеткiшi IL >0,5 саздан құралғанда
Кірпіштен қаланатын қабырғалар астына жеке орналасатын iргетастарды қалай жасауға болады? Іргетастың арқалығын пайдаланады
Тайыз орналасатын iргетастар төмендегідей бөлінедi: Дара, таспалы, бүтiн және шомбал
Iргетастың биiктiгi мен салу тереңдiгiнiң арасында қандай айырмашылық бар? Іргетастың биiктiгi дейтiнiмiз iргетастың табанынан iргетастың үстiңгi кесiмiне дейiнгi өлшем, ал iргетастың салу тереңдiгi топырақтың бетiнiң деңгейiмен iргетастың табанының орналасқан деңгейiнiң айырмашылығы
Жердiң бетiнен бастап тереңге тараған негiздiкке арналған тұтас тас болса, iргетастың ең аз салу тереңдiгi қандай болмақ? Нөлге тең
Iргетасты орналастыру тереңдiгi құрылыс алаңының топырақтарының қандай түрлерiнiң тоңдануымен байланысты? Сазды, тозаңды және ұсақ құмды топырақтардың
Iргетас табанының ауданы оның жотасы деңгейiндегi ауданынан неге үлкен? Іргетастың қабылдай алатын жүктеменiң мөлшерi негiздiктiң қабылдай алатын жүктеменiң мөлшерiнен әлдеқайда артық болғандықтан, негiздiкке түсетiн қысымның ауданы үлкен болуға тиiс
Iргетастың табанының ауданы қандай жағдайларда үлкейтiледi? Жөндеу және қайта құралымдау кездерiнде салмақтық күштер елеулi өскен жағдайда
Ішкi және сыртқы ылғалданудан қорғаныштар не үшiн жасалады? Ылғалданудан қорғанышты жобаланған күйінде ұстау үшін
Iргетас пен қыш қабырға араларына оралған күйiнен жазылып төселетiн арнайы материал түрiндегi гидрооқшаулау не үшiн жасалады? Ішкi бөлмелердi ылғалдан қорғау үшiн
Жер асты суларының деңгейi жертөленiң еденiнен төмен болса, әдетте гидрооқшаулау қалай жасалады? Іргетастың сыртқы жағына гидрооқшаулайтын қара май (мастика) жағылып, ал қабырға мен еден арнайы сылақпен сыланады
Жегiш сулардан іргетасты қорғайтын «сазды құлып» дегенiмiз не? Іргетасқа қаланған және тығыздалған саз
Iргетасты айналдыра орнатылатын темiрбетонды құрсау не үшiн жасалады? Іргетас материалының берiктiгiн жоғарылату үшiн
Iргетаста тосбаған (стакан, подколонник) не үшiн жасалады? Құрама ұстынды орнату үшiн
Ортасынан жүктелген iргетастардың табанындағы эпюралардың қандай түрi жиi кездеседі және іс жүзінде сол жазықтықта қысым тарауына сәйкес келедi? Ашамай тәрiздiсi
Қандай iргетастар ортасынан тыс жүктелген болады? Іргетасқа әсер ететiн барлық күштердiң бағыты (тең әсерлі күштің) оның табанының салмақ ортасынан өтпесе
Ортасынан жүктелген iргетасты ортасынан тыс жүктелген iргетастан қалай ажыратуға болады? Іргетастың табанындағы қысымның эпюрасы бойынша
Әдетте негіздегі топырақтарға ғимараттардан қандай қысым беріледі? p = 0,01 ÷ 0,6 Мпа
Негіздегі кернеулерді есептеу үшін іргетас-топырақ түйiсiндегi жазықтықтағы қысым эпюрасы әрдайым қандай түрде алынады? Тiк сызық пiшiндi төртбұрыш немесе трапеция тәрізді
Қатқылдау iргетастың табанынан топыраққа берiлетiн қысымның эпюрасы жүктеменiң қарқыны өскенде қалай өзгередi? Ашамайлы тәрiздiден парабола тәрiздiге дейiн
Ортасынан тiк жүктелген таспалы iргетастың табанында негiз топырағының реакциясы мына формула бойынша анықталады:
Алғашқы шекті қысым мына формула бойынша анықталады:
Пропорционалдық шегiндегi (топырақтың тік сызық бойынша деформациялану шегіндегі) қысым мына формула бойынша анықталады: ------------------------
Бытыраңқы топырақтың көтеру қабілетіне сәйкес шектеуші тік қысым мына формула бойынша анықталады:
Қандай топырақтардың көтергiш қабiлетi артық болады? Үгiлмеген жартас топырақтың
Негiздiң топырағының шөгу себебi неден? Жүктеменiң әсерiнен минерал түйiршiктердiң орындары ауысу нәтижесінде топырақ тығыздалуынан
Топырақ қабаттарының шөгуін бiртiндеп қосу әдiсiмен негiздiң шөгуiн есептегенде топырақтың бүйiрлеп ығысуы қалай ескеріледі? Ескерiлмейдi
Жүктеме ұлғайған сайын топырақ қандай деформациялану күйлерінде болуы мүмкiн? Тығыздалу, жылжу, керiндi күйлерiнде
Сары топырақтың күрт отыруына (түсiп кету деформацияларының пайда болуына) не себеп? Ылғал әсерi
Борпылдақ құмдардың күрт отыруына (түсiп кету деформацияларының пайда болуына) не себеп? Динамикалық әсер
Батпақ, лай (ил) топырақтың күрт отыруына (түсiп кету деформацияларының пайда болуына) не себеп? Түйiршiктердiң арасындағы байланыстардың бұзылуы және қайта түзіліп үлгермеуі
Тоңданған топырақтың күрт отыруына (түсiп кету деформацияларының пайда болуына) не себеп? Ауа райының жылулығының әсерiнен топырақтың еруi
Сазды топырақтардың қабару (iсiну) себебi неден? Қосымша ылғалданудан
Жергiлiктi серпiндi деформациялану әдiсi қай жорамалға(гипотезаға) негiзделген? Фусс-Винклер жорамалына
Қандай iргетастар иiлгiш деп аталады? Іргетастардың деформациялары негiздердiң деформацияларымен өлшемдес болса
Қандай жағдайларда иiлгіш iргетастарды есептеу үшiн түзу сызықты эпюра әдiсi қолданылады? Алдын ала, болжамды түрде іргетастардың өлшемдерін анықтау үшiн жүргiзiлетiн есептерде
Топырақтың қысым әсері бағытынан тіреуші қабырға теріс қозғалса: Енжар қысым
Динамикалық әсерлердiң нәтижесiнде топырақта тарайтын толқындар: Бойлық, көлденең, беттiк
Жер бетiмен таратылатын толқындар топырақ қабаттарында қандай деформациялар туғызады? Беткi қабат түйiршiктерiнiң жылжу деформацияларын
Машина iргетасының астындағы қысымның орта мәнiне Pm кандай шарт қойылады?
Дiрiл (вибрация) әсерiнен машина iргетасының ауытқуына қандай шарт қойылады? -------------------------
Шабот пен шабот аралығын орнату мақсаты қандай? Іргетастың денесі бұзылмау үшін
Жеке соққы«топырақ – ғимарат» жүйесiнде қандай тербелу түрлерiн туғызады? Еркiн
Көлденең бағытта өзiндiк тербелу жиiлiгiн қалай азайтуға болады? Тым аса артық тербелетiн iргетастың жоғарғы жағына серпiндi байланыстар арқылы ауыр тақта жалғастырумен
Астарлық деп ненi айтамыз? Қоспамен немесе цементi аз бетонмен топыраққа тығыздалған шақпатас
Басқа жағдайлар бiрдей болса үйлердiң жоспарларының қандай түрлерi iргетастардың әркелкі отыруын азайтады? Төртбұрышты және дөңгелек пішіндісі
Қада дегенiмiз не? Ғимараттан түскен жүктемені топыраққа тарату үшін топыраққа батырылған немесе топырақ тереңдігінде жасалған баған
Топырақ қойнауында жасалатын қадалар қалай аталады? Бұрғыланған
Әртүрлi заттардан жасалатын қадалар қалай аталады? Құрастырма
Қандай жағдайларда ағаш қадаларды қолданған жөн? Ағаш қадалар жер асты суларының деңгейiнен төмен орналасуы тиімдірек
Қадалардың көлденең қималарының қандай түрi материал үнемдеуге мүмкiншiлiк бередi? Шығыршық тәрiздi
Жиi қолданылатын қағылма қадалардың көлденең қималарының пішіні: Квадрат және тiктөртбұрышты
Құймалы қадалардың ұлғайтылған жерлері (түйнектері) не үшiн жасалады? Көтеру қабiлетiн арттыру үшiн
Жиі қолданылатын қағылма қадалардың ұзындығы: 6 м, 9 м
Тұрғын үйлердің қасында қадаларды қағуға бола ма? Иә, қаданы қағуға болады, бірақ күндізгі уақытта ғана
Қаданы «тыныстату» дегенiмiз не? Қада қағу жұмысының барысында топырақ құрылымы өз қалпына келсiн деп жасалатын үзiлiс уақыты
Қаданы қағып батыратын балғаның салмағы қандай болуы керек? (1,25 ÷ 1,50) қада салмағына тең болу керек
Жобалы немесе жалған деп ажыратылатын қаданың топыраққа батырылу мәнi дегенiмiз не? Қаданың бiр соққыдан топыраққа батырылу мәнi
Қабықшалар мен қабықша-қадалар топыраққа қалай батырылады? Күштелген түрде, дiрiлдеп батырғыштар әсерiнiң арқасында
Iргетастарды жөндеу және қайта құрау кездерiндегi басып батырылатын қадалардың тиiмдi жағы қандай? Жұмыс бабында дiрiл, шу әсерлерiнiң болмайтындығында
Арасындағы топырақпен бiрiгiп жұмыс iстейтiн қадалардың ара қашықтықтарының тиiмдiсi қандай болуы керек? 3d ÷ 6d
Қаданың көтеру қабiлетiн анықтайтын әдiстердiң қайсы сенiмдi нәтижеге жеткiзедi? Тұрақты жүктемемен сынау ҚР
Қаданың көтеру қабiлетiн динамикалық әдiспен анықтау негiзiнде не жатыр? Қаданың тоқпақпен қағылуына және қаданың батырылуына жұмсалатын жұмыстарды теңестiру
Қаданың көтеру қабiлетiнің статикалық зондтау әдiсiмен анықталуы қандай топырақтарда тиiмдiлеу? Құм мен құмайт топырақтарда
Қаданы тұрақты жүктемемен батыру сынақтарының нәтижелерi бойынша қадалардың көтеру қабiлетiн бағалау негiзiнде не жатыр? Топырақ бойынша сенімділік және жұмыс жағыдайының еселігін ескере отырып үйлердiң шектi отыру мәнi бойынша анықталған қадалардың көтеру қабiлетi
Аспалы қаданың топырақ кедергілеріне қарасты анықталатын көтеру қабiлетi қалай есептеледi?
Тiреу-қаданың топырақ кедергілеріне қарасты анықталатын көтеру қабiлетi қалай есептелiнедi?
Тiреу-қаданың көтеру қабiлетiн топырақтың қандай сипаттамалары арқылы анықтайды? Қаданың ұшының астындағы топырақтың кедергісі
Тіреу-қаданың көтергіш қабілетін: Қаданың және топырақтың көтергіш қабілетін салыстырып, мәні төменін тіреу-қаданың көтергіш қабілеті ретінде тағайындайды
Үйкелiс қаданың көтеру қабiлетiн топырақтардың қандай қасиеттерi арқылы анықтайды? Қаданың бүйiрiндегi топырақтың үйкеліс кедергiсi мен ұшының астындағы топырақтың кедергісі
Қадаға түсетiн есептiк күш қай формула бойынша анықталады?
Қада кедергiсiнiң шектi мәнi қалай анықталады? Тәжiрибелiк сынақтар нәтижелерi бойынша
Жартасқа немесе сығылмайтын топыраққа тірелетін тіреу-қаданың ұшындағы топырақтың есептік кедергісінің мәні төмендегідей болуы керек: R = 20 МПа
Топырақтардың қалай қабатталған жағдайында «керi үйкелiс» күштерi пайда болады? Егер қада бойында екi берiк қабаттар арасында осал қабат орналасса орналасса
Қадалы iргетастар мен олардың негiздерi қандай шекті күйлер бойынша есептелінеді? Бірінші және екінші шекті күйлер бойынша
І-ші шекті күй бойынша қадалар мен қадалы iргетастар және олардың негiздерi төмендегі жүктемелердің тіркесімдеріне есептелуге міндетті: Негізгі және ерекше тіркесімдері
ІІ-ші шекті күй бойынша қадалар мен қадалы iргетастар және олардың негiздерi төмендегі жүктемелердің тіркесімдеріне есептелуге міндетті: Негізгі тіркесімі
Қадалы iргетастар мен олардың негiздерi II-ші шекті күй бойынша есептелгенде есептiк сұлбалары қалай қабылданады? «Шартты» iргетас сұлбасы бойынша
Жыралық iргетас дегенiмiз не? Топырақты тiлiп бастары бiрiктiрілген тiк бір немесе бірнеше қатар орнатылған темiрбетонды панельдер
Анкерлi iргетастар қандай мақсатпен орнатылады? Суырушы күштердi қабылдау мақсатымен
Анкерлі ұстатқыштар не үшiн қойылады? Топыраққа суыру әсерлердi тарату үшiн
Таспалы iргетастар қандай жағдайларда жиi қолданылады? Ұстындар мен қабырғалар астына
Ростверк дейтініміз не? Қадалардың басын бiрiктiретiн және жүктемелердi қадаларға тарататын тақта немесе арқалық
Ростверк жобаланудан бұрын қалай есептелінеді? E Ұстынмен жаншылуы және иілуінің жоспарлық өлшемдеріне байланысты
Ростверктің биіктігі қалай анықталады? Нормативтік құжаттардың талаптарына сай есептеумен анықталады
Топырақтың тоңдану тереңдiгiнен ростверк табанын жоғары орналастыруға бола ма? Болады, егер топырақты тоңдануынан және техникалық төленi суықтан сақтайтын шаралар қабылданса
Қаданың басына ростверкті бос тіреуге (жатқыза салуға) бола ма? Болады, егер сығушы жүктеме <400 кН
Сығушы жүктеме көтеретін қаданың басы ростверкпен қалай байланады? Ростверкке 5 – 10 см батырылып байланыстырылады немесе қада ростверкпен түйісетін жарықтыққа ерітінді салады
Іргетас пен ростверктің денесіндегі жаншылу пирамидасы не үшiн анықталады? Арматураны оңтайлы орналастыруымен қатар бетонның тиімді жұмыс iстеуін қамту үшiн
Құрылыс нысандарын тұрғызу үшiн қандай жер бедерi оңтайлы? Тептегiс жазық
Су өткiзбейтiн қабырғалар, ашық және жабық су сарқу шаралары не үшiн қолданылады? Қазаншұңқырға су келтiрмей құрғату үшiн
Салынған және салынатын үйлердің iргетастарының араларына шпунттық қабырға не үшiн қойылады? Салынған және салынатын үйлердiң негiздерi бiр бiрiне әсер етпей жеке жұмыс iстеу үшiн
«Түспелi құдық» ненiң әсерiнен топыраққа батырылады? Өз салмағының әсерiнен
«Түспелi құдықты» қапсыратын топырақ әсерiн қалай азайтуға болады? Түсiрiлетiн құдық пышағының шығынқы жерi жасайтын қуысты бентонитпен толтыру арқылы
«Кессон» дейтінiмiз: Төңкерiлген үлкен жәшiк
Толтырылатын (темiр қанқа салып бетонмен) бағандар өлшемдерi қандай болады? Диаметрi 0,8 – 3,0 м дейін, ал ұзындығы 150 м дейiн
«Сазды лайлар» дегенiмiз: Тынық судағы тұнба түрiнде қалыптасқан сазды топырақтар
Қандай сусымалы топырақ құрылымы тұрақсыз отырымдылы болуы мүмкін? Борпылдақ құм
Суға қаныққан борпылдақ құмдарда қандай жағдайларда сұйықтар қасиеті пайда болады? Көбiнесе динамикалық әсерлердiң салдарынан
Борпылдақ құмды топырақ iргетасқа табиғи негiз бола ала ма? Жоқ
Су астындағы сазды лайлардан (батпақтардан) және басқа өте осал топырақтардан ғимарат негiздiгiн қалай дайындауға болады? Арнайы технологиямен құмды жастаныш төсеп
Ғимараттар негiзi ретiнде сейсмикалық аудандарда қандай топырақтар қолайсыз болып табылады? Суға қаныққан борпылдақ құмдар және аққыш-иленгiш күйлердегi тозаң-сазды топырақтар
Жер асты суларының деңгейiнен төмен орналасқан сары топырақты(лессты) негiздер түспелiк қасиеттерiн бiлдiре ме? Жоқ, бiлдiрмейдi
Негiздердi құрайтын сары топырақтың(лесстың) түспелi шөгу қасиетiн жою шараларын қандай ылғалдылықта қолданған тиiмдi болады? Қолайлы (оптимальная)
Топырақтың механикалық көрсеткіштерін қалай жақсартуға болады: Тығыздап, біріктіріп, байланыстырып
Топырақты негiздердің құрылыстық қасиеттерін жақсартатын құрамалық әдiстердiң қандайы жиi қолданылады? Топырақты жастаныштармен шпунттық қоршаулар орнату, топырақты арматуралау, бүйiрден қысым туғызу
Жасанды негіз орнатқанда, қабаттап төселетiн борпылдақ құмдарды қалай тығыздаған нәтижелi болып табылады? Алаңдық дiрiлдеткiштер мен катоктар пайдаланып тығыздау
Жасанды негiздер орнатқанда шпунттық қоршау қандай мақсатпен жасалады? Осал топырақтың iргетас астынан сытылып кетуiн болдырмау үшiн
Жасанды негiздер орнатқандағы құмды қадалардың қызметi қандай? Су сарқу мен қоса осал топырақты тығыздау
Суға қаныққан осал топырақтар жағдайында жасанды негіз жасау мәселесiнiң алғашқы шараларының бiрi қайсы? Жер асты суларының денгейiн төмендету
Алдын ала топырақты сығу шаралары қандай жасанды негiздер орнату әдiстерiнiң құрамына енедi? Механикалық тығыздау әдiстерiнiң
«Силикатизация» жасанды негiздер орнату әдiстерiнiң қандай әдiсiне жатады? Нығайту
Силикатизация әдiсi қандай топырақты нығайтқанда тиiмдi болады? Құмдарды және сары топырақты (лессты)
Қандай топырақтарда «электроосмостық» құрғату әдiсi тиiмдi? Фильтрация еселігі 0,01 м/тәулiгіне аспайтын осал шаңды-сазды топырақтарда
Цементациялау әдiсi қандай топырақтарды нығайтқанда тиiмдi болады? Сазды топырақта
Топырақты механизацияланған әдiспен қазып өндiру барысында iргетасты орнату жобалық деңгейiнен қазаншұңқырды төмен қазуға бола ма? Болады, кейiн оның орны бетонмен толтырылса
Осал топырақтардың қасиеттерiн жақсарту жолдарының қандайы жиi қолданылады? Тығыздау және нығайту әдiстерi
Осал негiздердi электрохимиялық нығайту әдiсi қандай топырақтарда тиiмдi? Осал тозаң-сазды топырақтарда
Осал негiздердi «смолизация» әдiсiмен тыңайту қандай топырақтарда тиiмдi? Ұсақ, тозаңды құмдарда () және лессты түспелi топырақтарда
Осал негiздердi термонығайту әдiсi қандай топырақтарда тиiмдi? Үлкен кеуектi түспелi топырақтарда
Жер сiлкiндiретiн (сейсмикалық) күштер қай бағытта әсер етедi? Кез келген бағытта
Негіз топырақтарында бойлап таратылатын толқындар қандай деформациялар туғызады? Толқындар таралу бағытындағы сығылуын және созылуын
Негiз топырақтарында көлденең таратылатын толқындар қандай деформациялар туғызады? Толқындар таратылу бағытында түйiршiктердiң көлденең бағытта ығысып жылжу деформацияларын
Негіздегі тұзды топырақтың қосымша қалай деформациялануы мүмкін? Суффозия деформациясына ұшырауы мүмкін
Негiздегi топырақтың кебiрленуiнiң (усадка) себебi неден? Кебуден
Үйлерде шөгу жiктерi не үшiн жасалады? Үйлердің бiрқалыпсыз шөгуге сезгіштігін азайту үшiн
Үйлердiң негiздерiндегi топырақтардың iсiнуiн болдырмау шаралары: Ісiнетiн топырақ қабаттарын суланудан сақтау
Негiздердегі қандай топырақтар тоңданып iсiну (домбығу) әсерiне бейiм? Тозаңды және сазды топырақтардан құралған негiздер
«Мәңгiлік» тоңданған топырақтарда I принцип бойынша құрылыс жүргізу әдiсiнiң мағынасы қандай? Үйлер негiзiндегi топырақтардың мәңгiлiк тоңданған қалпын құрылыс және пайдалану мерзiмдерi бойынша сақтау
«Мәңгiлiк» тоңданған топырақтарда II принцип бойынша құрылыс жүргізу әдiсiнiң мағынасы қандай? Үйлердiң тұрғызылуынан бұрын немесе пайдалану уақытында еріген топырақтарды негiз ретiнде қолдану
Iргетастардың табанын топырақты негiздердiң тоңдану тереңдiгiнен төменiрек орналастыру себебi неден? Іргетастардың астындағы топырақтардың үсiгу (тоңданып iсiну) әсерлерiнен сақтандыру
Инефильтрлер (ине iспеттес) не үшiн қолданылады? Су деңгейiн төмендету үшiн
Ісiнгiш топырақтың әсерiнен қадалы iргетас ростверкiн қалай сақтауға болады? Ростверк пен iсiнетiн топырақ қабатының арасында, топырақ қабатының iсiну әсерлерiнен көтерiлу мәнiне тең қылып саңлау қалдыру
Iргетастың тербелу жиiлiгi неге шектеледi? Қауiпсiздiк ережелерiн орындау үшін
«Демпферлік» салыстырмалы еселiк ненi бағалайды? Тербелу өшуiн
Резонанс дегенiмiз: Тербетуші күштiң және iргетас немесе бүкiл ғимараттың өзiндiк тербелулер жиiлiктерiнiң қабаттасуы
Машиналар астына виброоқшаулау не үшiн жасалады? Көршiлес құрамалардың жарамсыз мәнде тербелуiн болдырмау үшiн
Орналасу тереңдiгi тайыз iргетастар қалай жасалады? Іргетас табанының орналасу тереңдiгiне сай қылып қазылған қазаншұңқырларда
Іргетасты жөндегенде ұлғаятын цемент қолданылып жасалатын темiрбетонды тұтас құрсау не үшiн орнатылады? Құрсау мен ескi iргетастың бiрiккен жұмысын жақсарту үшiн
Асты кен өндiру салдарынан түскен жерлерде топырақты негiздер мен iргетастарды орнату жобаларын жасағанда құрылысқа қатынасы бар қандай қосымша мағлуматтар қажет? Жер бетiнiң түсуi туралы болжамды түрде күтетiн мәндерi жайындағы маркшейдерлік есептiк жолмен табылған деректер
Сейсмикалық жер сiлкiну қауiпi бар аудандарға жататын жерлерде топырақты негiздер мен iргетастарды жобалағанда қандай қосымша құрылыстық мағлұматтар қажет? Сейсмикалық микроаудандау туралы деректер: қүрылыс алаңының топырақ түрiне байланысты сейсмикалық қауiптiлiгi
Машинаның қалыпты жұмыс iстеуiне керi әсерiн тигiзетiн жарамсыз мәнде шөгуiн және деформацияларын болдырмау шараларын қабылдайтын кiм? ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес жоба орындаушы, жобалаушы
Машинаның iргетасқа орналасу ыңғайлылығын, жиналу мүмкiндiгiн және берiк бекiтілуiн қамтамасыз ететiн кiм? Іргетас жасап шығарушы завод немесе мекеме
Машинаның жұмысына және оны күтуге зиянды, жарамсыз дiрiлдеуiн болдырмау шараларын қамтамасыз ететiн кiм? Жобалаушы
Бiрiншi мен екiншi консолидацияның айырмашылығы қандай? Бiрiншi – сұйықтың сүзiлуiмен байланысты, екiншi – топырақтың қаңқасының жылжымалы деформациясымен байланысты
Құрылыс материалдарына тұзды-сулы топырақтар ортасының теріс әсері: Жеміргіштігі

Приложенные файлы

  • docx 15842513
    Размер файла: 114 kB Загрузок: 2

Добавить комментарий