лек касиби жане этика Куанали Майра Айткожакызы


1 №1 дәріс.Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасы пәні, мақсат-міндеттері.
Дәрістің мақсаты: ЖОО студенттеріне Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасы пәні, мақсат-міндеттері туралы теориялық білім беру.
Жоспары:.
1. Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасы жөнінде қазіргі түсініктер
2. Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасының мақсат-міндеттері даму тарихы.

Қазіргі таңда психолог іс-әрекетінің ғылыми зерттеулер, оқыту және адамдарға психологиялық көмек көрсету сияқты іс-әрекетінің негізгі үш түрі бар. Ғылыми зерттеулер теориялық және қолданбалы сондай-ақ диагностикалық деп жіктеледі. Психология бөліміндегі мұғалімдік іс-әрекет орта мектептен бастап жоғары білім мен магистрлік даярлыққа дейін білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәжірибеленеді. Психологиялық көмек көрсету психологиялық білім білімнің кейінгі дамуы мен оның әлеуметтік тұрғыда таралуымен шектелмейтін тәжірибелі психологиялық міндеттерді шешу үшін психологиялық теориялар мен әдістердің қолданылуын анықтайды. Дәл осы іс-әрекет кең мағынадағы Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасы деп аталады. Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасы бұл психологияның пәні – психологиялық көмек көрсету, яғни психологтардың нақты адамға, оның проблемаларына, сұраныстарына, қажеттіліктеріне және т.б. бағытталған практикалық іс-әрекеті болып табылатын бір саласы.
Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасыны психологияның бір саласы деп есептелінеді. Алайда ол психологияның басқа салаларымен қатар тұрған әдеттегі тармаңы емес. Өйткені, психологиялық ғылым салаларының көбісі дамуының нақты деңгейінде дербес тәжірибесіне ие болады. Қайсібір психологиялық пән өмірге жүйелі ықпал етуге қабілетті бола қалса, ол қосымша ретінде практикалық сегментке ие болады. Әлеуметтік және инженерлік психологияның, басқару психологиясының, жас ерекшелік психологиясының да өзіндік тәжірибесі бар. Психологияның әртүрлі салаларының сол барлық практикалық «сегменттерінің» жиынтығы Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасыны құрайды. Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасының пайда болуы бұл адамның проблемаларына қоғамдық қызығушылықтың өсуіне жауап және қазіргі заманғы психологияның оларды сәтті шеше алатынының дәлелі.
Сондай-ақ өмірмен шынайы қатынасу академиялық психологияда шешілмегендіктен Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасы көшіп, оның теориялық бөліміне құрайтын ерекше теориялық және әдістемелік проблемаларды тудырады. Осылайша адамдардың қызметтегі және өмірлік қиыншылықтарына қатысты білікті психологиялық көмек көрсетумен байланысты теориялық, әдістемелік және ұйымдастырушы проблемалардың кешені Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасының пәнін құрайды.
Кейде психологтың кәсіби іс-әрекеті де солай аталады. Ол диагностиканы, психологиялық түзетуді, психотерапияны, психологиялық кеңес беруді қамтиды. Соңғы үш ұғым жиі бірін-бірі алмастырып отырады. Дегенмен олардың барлығы адамдарға ықпал етудің нақты формалары ретінде диагностикаға арқау етеді.
Қазргі заманғы Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасыда келесі бағыттар ерекшеленеді:
Клиникалық психология (ең көне бағыт);
Ұйымдастырушы психологиялық (басқарушы) кеңес беру;
Жарнама, имидж және қоғаммен байналыс психологиясы,;
Сот психологиялық эксперитиза;
Психологиялық операциялар сияқты арнайы бағыттар.
Клиникалық психология өз кезегінде дәрігерлік және дәрігерлік емес деп бөлінеді. Дәрігерлік психология (психотерапия) «кіші» психиатрияның бөлімі болып табылады. Олар дәрігерлік біліктілікке сәйкес психолог дәрігерлердің кіріспесіне еніп, невроздардың шеткі күйлер мен басқа да ауруларды емдеумен айналысады.
Дәрігерлік емес клиникалық психология ауру деп есептелмейтіндіктен дәрігерлік емдеу мекемелерінде көмек ала алмайтын адамдарға көмек көрсетеді.
«Психологиялық операциялардан» қалған бағыттарды атауынан ақ тануға болады. Бұл терминнің шығу тегі американдық әрі кәсіби психологтардың «психологиялық соғыс» іс-шарасын жоспарлауға қатысуын білдіреді.
Сонымен, Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасы бұл психологиялық пәндердің адамдардың өмірін жақсартудың мақсатында оның барлық қырларындағы міндеттерді шешу үшін теориялық психологияның қолданылуымен айналысатын топ; сондай-ақ ол негізгі теориялық пәндерге қарағанда қоғамның аса жоғары емес деңгейінде танымдық міндеттерді де шешеді.
Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасы жеке даралық топтың (отбасылық, ұйымдастырушы) және жаппай (стратегиялық) деңгейлердегі проблемаларымен айналысады. Клиникалық психология көбінде адам мен отбасының проблемаларына бағдарланады. Адамның даралығы және оның мүмкіндіктерінің көрінуі мен кеңеюіне ықпал ететін әдістер оның пәні болып табылады.
Ұйымдастырушы психологияның (басқарушы) кеңес беру ең алдымен ұйымдарда туындайтын проблемаларды шешуге бағытталған. Мұнда клиникалық бағытқа қарағанда қызметке бағдар орын алады, алайда жеке тұлға да аса маңызды сфера ретінде назардан тыс қалмайды. Психолог кеңесшілер адамдардың едәуір өнімдірек жұмыс істеп, оқуына көмектесетін амалдарды іздестіреді. Олар өндірістегі, көліктегі, медицинадағы, білім беру мекемелеріндегі, қоғамдық тәртіпті қорғау жүйесіндегі, әскери бөлімшелерлегі, сайып келгенде адамдар тіршілік етіп, еңбектенетін қоғамдық өмірдің әртүрлі сфераларында пайда болып отыратын Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасынық проблемаларды шешеді. Олардың міндеті іс-әрекеттің тиімділігін арттырумен, әртүрлі сипаттағы ұйымдардың қызмет етуімен адамның дара қорларын жетілдіру мен қолданумен байланысты.
Имидж (жарнама мен қоғаммен байланыс) психологиялық пәні – адамның немесе ұйымның қалдыратын әсерді қалыптастыру процесін, кейбір басқа әдістерді, тренингтерді оқытуды кеңес беру жолын басқару, сондай-ақ оларға маңызды адамдарға, нарыққа, шығарылатын іс - әрекеттерінің (идеяларының, тауарларының, қызметтерінің) нәтижелері. Бұл бағыт көбінде жаппай проблемалармен істес. Сондай –ақ «қолданбалы психология» және «Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасы» ұғымдарыныңи қазіргі заманғы әдебиетте теңдестірілетінін ойдан шығармаған дұрыс. Оның өзіндік негізі бар. Қолданбалы тікелей міндеттері бойынша практикалық болып бөлінеді 2
2 №2 дәріс. Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасы және психологиялық көмек туралы жалпы түсінік.
Дәрістің мақсаты: Студенттерге практик психологтың кәсіби іс- әрекетінің міндеттері мен түрлерін, әлеуметтік тапсырыстың қалыптасуын түсіндіру.
Жоспары:
1. Практик психологтардың кәсіби іс- әрекеттерінің міндеттері мен түрлері
2. Практик психологтардың іс-әрекеттеріне әлеуметтік тапсырыстың қалыптасуы
Практикалық психологтың қызмет ететін аумағы бүкіл әлемді құрайды. Өйткені адамдар тіршілік ететін барлық жерлерде психологиялық қиындықтар туындайды. Бұл сфеараның шекарасы тұтастай адамдар қоғамын қамтығанда жеке дара алынған тұлғадан түрлі типтегі және көлемдегі топтарға дейін ұласады.
Отбасынан бастап мектепке дейін және мемлекетаралық, ұлтаралық қатынастарда қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының барлық деңгейлерінде психологтың қызметіне деген объективті қажеттіліктер туындайды. Психологиялық қиындықтардың тереңдігіне қарай, психологиялық қайсыбір елде даму деңгейіне байланысты, ұлттық дәстүрлерге және басқа да факторларға қатысты Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасының нақты салалары психологтың қызметін алуда.
Психологтар мемлекеттік басқару органдарында, коммерциялық құрылымдарда, жеке бизнесте, дәрігерлік мекемелерде, білім беру жүйесінде, қарулы күштерде, ішкі істер Министрлігінде, түзету-тәрбие мекемелерінде қызмет етеді.
Психологтар жеке тәжірибемен айналыса алады, психикалық денсаулық орталықтарында, персоналды жолдау конторында немесе қайырымдылық қорларында жұмыс жасай алады. Олар қоғамдық пікірді зерттеу орталықтарында қолданбалы конфликтологияда, отбасына қызмет көрсету орындарында, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету орталықтарында, оқу орындарында, денсаулық сақтау органдарында еңбек етеді, ұйымдастырушы – басқарушы кеңесшілер, имидмейкерлер, жарнамашылар, іскер қарым–қатынас және дәрігерлік емес топтың психотерапияның жетекші тренерінің рөлдерінде көрінеді. Сайлау алдындағы шараларды жүргізуде оларға деген сұраныс мүлде ұлғаяды. Кей жағдайларда оларды партияларды немесе лидерлерді сайлау штабтарына талап етеді. Олар қалыпты, күрделенген, тіптен экстремалды жағдайларда жұмыс жасайды.
Бір ғана мысалды келтірейік. Стокгольмның банкіне қарулы тонаушы баса көктеп кіреді.Алайда ол тонап үлгермейді: полиция дер кезінде келіп үлгірді. Ал шапқыншы болса бірнеше аманат адамдарды басып алып, банктің жер төлесіне тығылды. Оның талаптары қарапайым да шешімді еді: досын түрмеден босатып, оған жер төлеге әкелу, үш миллион крон мен екі пистолет беріп, банктен кедергісіз аманаттармен бірге кету еді.
Полиция сол талаптарды орындау немесе жер төлені шабуылмен алу қажет пе екендігін шешеуі тиіс еді. Соңғы жағдайда аманаттар үшін тәуекелдің шынайы өлшемін анықтау қажет болды. Барлығы қылмыскедің тым қауіпті екендігін айғақтап тұрды: бірнеше күн бұрын ол бір полицейскийді жарақаттап, кейін банкте селт етпестен келесісіне оқ атты. Сонымен бірге оның ақыл есінің дүрыстығы да күман тудырған еді.
Полицияның әрекеттерінде тәжірибелі психолог, Каролина институтының профессоры, доктор Н.Бэйрут кеңес берді. Ол оққа ұшырау тәуекеліне бет бұрып, қылмыскерге жер төлеге барып онымен көзбе көз сөйлесті. Бэйрут оның шын мәнінде шешімді, демек өте қауіпті адам екендігіне көзін жеткізді. Сонымен бірге ол жан ауруына шалдықпаған, нашақор да, ішкіш те емес еді. Тіптен ол қылмысты мақсатын діттеп, тым ақылға қонымды да, қисынды әрекет етті.
Бэйрут қылмыскердің досына қатысты талабын орындап, қандай жағдайда да оның өзін жібермеуді ұсынды. Оның соңына түскен жағдайда адамдардың көбісі қауіпке ұрынуы мүмкін. Сондай ақ құғын өзгермелі, мазасыз жағдайда жүріп, кездейсоқ, қате шешімдер орын алуы мүмкін еді. Кеңесші қылмыкер ойланбастан полиция қызметкерлеріне атады, өйткені олар оған тікелей қауіп төндіруде, ал аманаттарды өлтіру шарасы ол үшін пайдасыз екендігін айтады. Осы тұста кәсіби қылмыскерлер мен саяси террористердің арасында айырмашылық бар. Соңғылары жақтастарының тұтастай тобына ортақ мақсаттарды көздейді. Егер террористердің бірі қауіпті жүзеге асыруда өзі өлсе де, оның жақтастары әрекеттерінің өнімдерін пайдалана алады. Ал қылмысты адам үшін өмірін шегінен артық ешбір мақсат болмайды.
Бэйрут операцияның жайлы шешілуінің екі шартын көздеді: біріншісі шешімді әрекеттермен асықпай, қылмыскерге біртіндеп қысым көрсетіп, жағдайын жақсырақ ойластыру мүмкіндігін беру; екіншісі аяқталуға таяп қалған батыл әрекеттің алдында екі жақтан да қате кетпес үшін оның және өздерінің жақсылап дем алуларына мүмкіндік беру.
Полиция кеңесші психологтың кеңесін ұстанды. Қамау алты күнге созылды, сонымен бірге алтыншы күннің соңына қарай он екі сағаттық ымыра жасалынды. Жетінші күні полиция банктің жер төлесіне басып кірді. Қылмыскер бір де бір оқ атпастан берілді.
Осылайша практикалық психологтардың қызмет ету аумақтары адамдардың өз бетінше немесе ақылдың немее тұрмыстық құралдардың көмегімен шеше алмайтын күрделі психологиялық проблемалар пайда болатын өмір мен іс әрекеттердің аумақтары болып табылады.
Практикалық психологтардың қызмет ету аумағы адамдардың өмір сүруі мен тіршілік етуінің өздігінен немесе қисынды жолмен және тұрмыстағы әдістермен шешілмейтін күрделі психологиялық қиындықтар пайда болатын жерлерде танылады.
Практикалық психологтардың міндеттері адамдардың неғұрлым шығармашылықты және икемді болуларына көмектесуге бағдарланған практикалық психологтан туындайды. Практикалық психологтар кәсіби іс-әрекеттерімен адамдар өмір сүріп, жұмыс жасайтын жерлерде қиындықтарды шешу үшін теориядағы жетістіктерді және психологиялық әдістерін қолдану арқылы адамдардың психологиялық денсаулығын жақсартуға және қоғамның психологиялық мәдениетінің өсуіне ықпал етеді.
Психологтың кәсіби іс-әрекетінің міндеттемелері мен түрлері факторлардың 2 тобымен анықталады:
1) Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасының құрылымынан туындайтын маманданумен және (2) оның жұмыс жасайтын адамдардың немесе топтың психологиялық қиындықтарының сипатымен анықталады.
Осыған байланысты Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасының құрылымында психологтар іс-әрекеттерінің: психодиагностика; психотерапия; психологиялық түзету; психологиялық кеңес беру; алдын-алу психогигиена, яғни дені сау өмір салтын тәрбиелеу, реабилитация; психологиялық ағарту және ғылыми зерттеулерді жүргізу сияқты түрлері ерекшеленеді.
Психодиагностика бұл – психологияның адамдардың даралық психологиялық ерекшеліктерін сандық анықтау, сипаттау және талқылау. Сондай-ақ клиенттің қиындықтарын түсінуге және шешуге қажет психологиялық ақпаратты жинау мәселелерін зерттейтін саласы.Диагностика алдын алу немесе кеңес беру жұмысын тиімді жүргізудің тиімділігін бағалауға қажет.
Психотерапия бұл – адамдардың психикасына ықпал ету іс–шараларының жүйесі, психологиялық көрсету формасы сәйкес проблемаларды зерттейтін дәрігерлік және Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасының саласы. Психотерапия шартты түрде психологиялық құралдармен адамдардың жүйке – психикалық және психосоматикалық аурулары мен бұзылыстарын емдеумен айналысатын дәрігерлік психотерапияға және дені сау адамға клиентке бағдарланған және оның психологиялық қиындықтарын жеңумен айналысатын дәрігерлік емес психотерапияға бөледі.
Психокоррекция адамдардың дамуындағы және мінез-құлқындағы ауытқуларды жоюға әкелетін көмек көрсетуге шоғарланады. Көптеген авторлар психотерапия мен психокоррекциясының арасындағы айырмашылықты байқамауға бейім болады. Кейбіреулері соңғы терминнің психологтың клиенттермен жасайтын қызметінің дәрігерлік емес сипатын ерекше көрсетудің амалы ретінде ұсынылғанына сенімді.
Психологиялық кеңес беру бұл – ұсыныстар мен кеңестерді талап ететін аса терең емес қиындықтарға қатысты шешіммен ерекшеленетін психологиялық көмектің бір түрі. Оны психолог клиенттің қиындықтарын қосымша зерттеудің және сұхбаттасудың негізінде береді. 2

3 №3 дәріс. Психологтың кәсіби әрекеттерінің жалпы құрылымы мен мазмұны
Дәрістің мақсаты: Практикалық психологтың қызметіне тапсырыс беру және психологиялық міндет және психологиялық көмек жайында теориялық түсінік беру.
Жоспары:
1.Практикалық психологтың қызметіне тапсырыс беру ұғымы жайында Психолог клиент және тапсырыс беруші ұғымдар
2. Психологиялық міндет және психологиялық көмек
Практикалық психологтың қызметіне деген нақты сұраныс тапсырыс берушіге немесе клиентке байланысты. Практикалық психологтың қызметіне тапсырыс беру ұғымының астарында кеңесшілердің, психотерапевттердің және өзгеше маманданған практикалық психологтардың қызметін пайдалану даярлығында көрінетін кәсіби іс –әрекеттің аталмыш формасының қажеттігін тиімді қоғамдық мойындау жағдайы анықталады.
Жалпы бұндай тапсырыс күрделі ішкі немесе тұлғааралық мәселелерге қатысты кеңес қажет психикалық дені сау адамдардан түседі. Әрине психологқа мәселелерін өз бетінше шеше алатын, өмірін психологиялық зақымдайтын жағдайлардың пайда болуының алдын алатындай құра алатын адамдар келмейді. Алайда оның іс –әрекетіндегі немес өміріндегі экстремалды оқиғалар да кәсіби психологиялық көмекке деген қажеттілікті тудыруы мүмкін.
Клиенттер және тапсырыс берушілер де психологтың қызметіне тікелей тапсырыс беретіндер болып табылады. Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасыдағы клиент бұл психологтан көмек алатын адам. Психологқа өзі, басқа адамдар немесе олармен өзара қатынастары жайлы психологиялық ақпаратты табыс ететін ересек адам немесе бала практикалық психологтың клиенті болып табылады. Ол өзін сол ақпараттың мазмұнына жауапты санайды, өйткені ол оның күйзелістері мен тиімсіз ойларының өнімі болып табылады. Сонымен бірге клиент психологиялық ақпаратты алушы да болып табылады, яғни дәл ол проблемасын психологқа артпай өзі шешуі тиіс.
Балаларға қатысты мұғалімдер, балаларына қатысты ата –аналар, қызметкерлеріне қатысты ұйымдардың басшлығы, аурулардың нақты категорияларына қатысты дәрігерлер, психологиялық сараптамаға мұқтаж айыпталушыларға қатысты сот органдары психологтың қызметтеріне тапсырыс берушілерге жатады. Жарнамашылар, қоғаммен байланыстар жөніндегі құрылымдар және имиджмейкерлер де өзінше психологтың қызметіне тапсырыс береді. Олар өздерінен тәуелсіз «клиент» – тікелей сатып алушылармен немесе дауыс берушілермен қызметке бағдарланады.
Психологқа мектептегі білім жүйесінен келіп түсетін едәуір кеңнен танылған тапсырыстарды қарастырып көрелік. Мұғалімдердің және ата –аналардың тарапынан түсетін тапсырыстар көбінде кейбір балалар мен жас өспірімдердің оқығысы және қабілеттерін пайдаланғысы келмеуімен, барлық немесе нақты пәндер бойынша төмен үлгеріммен байланысты. Оқушылар өздерін нақты іскерліктер мен дағдыларды меңгеруге, есті дамытуға, сабақта анағұрлым зейінді болуға, уақыттарын орынды бөлуге үйретуді сұрай келеді.
Көптеген тапсырыстар жеке проблемалар жөнінде болады: баланың мазасыздығы (әсіресе мектептегі), әртекті кешендер, баланың өз –өзіне сенімсіздігі, мінез –құлықтағы және өзгелермен өзара қатынастарындағы қиындықтар. Оқушылар психологтан құрдастарымен әсіресе қарама –қарсы жыныстағы құрдастарымен қарым – қатынастарындағы, мүғалімдермен және ата –аналарымен өзарақатынастарындағы қиындықтарды жеңуге көмектесуді сұрайды. Жоғары сыныптағы жас өспірімдер мен боз балалар нақты қасиеттерін қалай дамытуға болатынын, қандай мамандықты таңдауға болатынын сұрайды. Психологқа «қиын» сыныптармен тәрбие жұмысының бағдарламасын қалай құруға болатыны жөнінде, нашар отбасыларындағы балаламен қалай жұмыс жасауға болатыны жайлы; сынып пен мұғалімнің, ата –аналар мен балалардың, өзара оқушылардың арасындағы дауларды қалай шешуге болатыны, мектеп пен ата –аналардың арасындағы қатынасты қалай реттеуге болатыны жайлы тапсырыстар келеді.
Психологқа келіп түсетін сұраныстардың бірқатары оқуда елеулі нәтижелерге жетпеген, өздерінің кәсіби қызығушылықтарын сезіне қоймаған, өздерін қабілетсіз сезінетін оқушыларға қатысты кәсіби бағдарға байланысты. Психологқа баланың дарындылығына орай оның оқу курсын тездетіп өтудің орындылына байланысты тапсырыстар да келеді.
Ұйымда қызмет ететін психолог тұрақты әрекет етіп отыратын әлеуметтік тапсырысты өзінің күнделікті міндеттерін бастамашылдықпен және шығармашылықпен орындауында жүзеге асырады. Ол өзінің жоспары бойынша жұмыс жасай отыра дара немесе топтық психологиялық проблемаларды анықтайды, оларды зерттеп, шешу жолдарын іздестіреді. Мәселен, психолог оқушылармен танысу үшін ағылшын тілі сабағына келеді. Оның назарын мұғалімнің әрбір сұрағына қолын көтеріп, менімді, ашық та қуанышты жауап беретін қыз назарын аулайды. Мұғалім аталмыш сыныптағы балаларды сиаттауда сол қызды өте қабілетті деп атайды. Алайда келесі математика сабағында ол өз өзіне ұқсамайтындай: пысықтығы жоғалып кетті, сұрақтарға селт етпейді, ал егер сұраса сенімсіз де жасқаншақтықпен жауап береді. Математика пәнінің мұғалімі қызды үлгерімі әлсіздердің қатарына жатқызады. Психологтың алдында: осындай соншалықты әркелкі оқудың негізінде не жатыр? деген сұрақ туындайды. Ендігі жолда ол тәжірибеден алынған вербалданбаған, көркемделмеген тапсырыстың негізінде психоло гиялық проблеманы құрастыруы қажет.
Жалпы клиенттер тәжірибелеуші психологпен кездесуге кеңес алу немесе психотерапия сеанстарына өз бетінше келеді. Алайда кейбір жағдайларда (жабық мектептер, түрмелер, клиникалар) адамдарды психологқа олардың келісімінсіз бағдарлайды. Әрине осындай жағдайда өзара қолайлы қатынастарды қалыптастыру қиынға соғады.
Клиентке қарағанда тапсырыс беруші психолог пен клиент арасындағы делдал іспеттес. Кейде ол жақындарына, таныстарына немесе қоластындағыларына психологиялық көмектің қажет екендігін сезінетін алайда оны өз күшімен жасай алмайтын интуитивті психолог рөліне енеді. Кейде ол нақты ұйымның басшысы ретінде ондағы сәйкес инновациялық немесе қайта өңдеу іс шараларының шешу жоспарларына енген диагностикалық және кеңес беруші іс шаралады және кеңес беруші іс шаралады бастамашысы болып табылады. Кейбір жағдайларда клиент пен тапсырыс беруші бір адам болып табылады. Ол психолотан жеке дара көмек сұралып, топтық (тұлға аралық) психодиагностика мен кеңеске ұласатын, өзарақатынастардағы дау дамайлардың шешілуі болжайтын жағдайларда орын алады. Егер де адам психологқа: «Мен мұнда балаларыммен дұрыс араласу үшін және ол жайында талқылау үшін келдім» деп көмек сұрай келсе, психолог балалар проблеманың орталық үзбелісі болып табылса да олар жайлы тақырыпты елемей қоя алмайды.
Тапсырыс беруші психологқа клиенттің әлеуметтік мәртебесінің, проблемасының өзіндік нұсқасын ұсынады. Кейде ол көзделегн психологиялық көмектің мерзіміне, көлемдеріне және кейбір басқа да ерекшеліктеріне қатысты жағдайлар жөнінде алдын ала ескертеді.
Он төрт жасқа дейінгі бала психологиялық қызметтердің тапсыр беруші бола алмайды, өйткені ол құқықтық нормаларға сәйкес өз әрекеттеріне заңды жауап бере алмайды. Бұндай жағдай психологиялық ақпаратты ұсынуға және оны кімнің пайдаланатынын анықтауға қатысты құқықтық шеңберлерді қалыптастырады. Сондай –ақ бұл практикалық психологтың диагностикалық зерттеулерінің нәтижесінде алған ақпараттың кімге және қандай мақсатпен қолданылатыны жайлы мәселе. Егер де клиент он төрт жасқа дейінгі бала болса, психологиялық ақпарат оған жауапты адамдарға хабарланады. Ата –аналар немесе қамқоршылар сірә ол ақпаратты баланың қызығушылықтарына орай пайдаланар. 2
4 №4 дәріс. «Білім беру мекемелеріндегі психологтың қызметі»
Дәрістің мақсаты: ЖОО студенттеріне білім беру мекемелеріндегі психологтың қызметі, психологтың кәсіби әрекеттерінің жалпы құрылымы мен мазмұнын түсіндіру.
Жоспары:
1. Білім беру мекемелеріндегі психологтың кәсіби әрекеті.
2. Психологтың кәсіби әрекетінің құрылымы мен мазмұны.
3. Білім беру үрдісіндегі практик психологтың әрекеті.
4. Білім беру мекемелеріндегі психологтың кәсіби психологиялық қызмет құрылымы.
5.Білім беру мекемелеріндегі психолог қызметінің негізгі бағыты-психодиагностика
Бала- бақшаларда, мектептерде және т.б. білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін барлық үлкен адамдар жалпы бір міндетті шешеді, яғни өсіп келе жатқан ұрпақты білім және тәрбиемен қамтамасыз етеді.Осыған байланысты олардың әр қайсысының оқу -тәрбие үрдісінде өзіндік орындары ерекше. Өздерінің жеке міндеттері, мақсаттары және әдістері болады. Мысалы, бала- бақшаларда жұмыс істейтін тәрбиешілердің нақты міндеттері мен әдістері, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Сол сияқты бастауыш сынып мұғалімдерінің, жоғарғы сыныптарда жеке пәндерді (тіл, әдебиет, математика, физика, химия, тарих, география және т.б.) оқытушы мұғалімдердің де өзіндік міндеттері мен әдістері болады.
Практик- психолог білім беру мекемелеріне тәрбиешілер үшін «жедел жәрдем» немесе мұғалімдер үшін «күтуші» емес, маман ретінде келеді.
Педагогикалық үрдістің одан басқа ешкім кәсіби маман ретінде қамтамасыз ете алмайтын, әсіресе психикалық (жеке тұлғалық, эмоциясының, түрткі- қажеттіліктерінің, қарым- қатнасының және т.б.) дамуын, балалардың психологиялық денсаулығын қадағалайтын педагогикалық ұжымның тең құқылы мүшесі.
Өз жұмысында психолог жеке тұлғаның әрбір жас кезеңінде даму заңдылықтарын, әрбір тұлғаның психикасының дамуының әртүрлі екендігін, яғни жеке тұлғаның онтогенезде дамуын өзінің кәсіби біліміне сүйеніп орындайды. Кез келген білім беру мекемелерінің міндеті баланы біртіндеп дербестілікке дайындау. Әр бір маман бұл міндеттерді өз бағдарламасымен іске асырады. Мысалы: ойын, сурет салу, математика, әдебиет, ән, тіл және т.б.
Ал психолог ше?
Практик- психолог бала- бақшада, мектепте, интернатта және т.с.с. білім беру мекемелерін де жұмыс істей отырып, әртүрлі жас кезеңіндегі балалармен жұмыс істеуіне тура келеді. Мектепке дейінгі кезең, бастауыш сыныптық кезең, жеткіншіктер және жоғарғы сынып оқушылары. Ол балалардың статистикалық жасына қарамйды, динамикасына қарайды оның көз алдында балалар өсіп, есейеді, яғни онтогенездің бір кезеңінен келесі күрделірек және мазмұнды кезеңіне өтеді. Сол себептен оның басты міндеті баланы оның өмірінде әрбір жаңа жас кезеңінде кездесетін өзгерістерге, психологиялық тұрғыда, яғни өзін- өзі анықтауға (самоанализ) дайындау.
Өзін- өзі анықтауға психологиялық дайындық (жеке тұлғалық, кәсіби, әлеуметтік) біртіндеп, өмірге келгенен бастап, үлкендермен және құрбыларымен қарым қатнас кезінде, ойын үстінде, еңбекте, және мектепке дейінгі кезеңде қалыптаса бастайды. Сосын бала мектепке келеді 6-10-11жас аралығында үлкендер өміріне дайындалады, жеткілікті білім алу үшін, оқуға, жазуға, ойнауға, жұмыс істеуге, дос болуға үйренеді. Мектеп біру кезеңіне дейін, қалыпты даму үрдісі болған жағдайда әрбір мектеп бітірушінің мектептен тыс жаңа өмірге психологиялық дайындығы қалыптасу керек.
Психолог Соңғы жылдары психологты қабылдаудағы белгілі бір дайындықты жалпы білім беретін мектептен көруге болады, дәл сонда оның қызметінің нәтижелеріне қатысты азды –көпті тепе–тең үміттер қалыптасқан. Бүгінгі күннің өзінде–ақ мұғалімдер, оқушылар және ата – аналар көптеген қиындықтарын шешуде психологқа сүйенеді. Олар: оқудағы ерекше қиындықтарды және олардың себептерін анықтау; ақыл –ой мен тұлғалық дамудағы ауытқуларды жою және алдын алу; күрделі даулы жағдайларды шешу және т.б. Дегенмен, бұнда да психологиялық білімдердің танымал болуы ең алдымен мәдениеттің негізін қалыптастыруда өзекті.
Психолог маманның тәжірибесі психолог қызметіне деген әлеуметтің тапсырыстың туындауына ықпал етеді. Сондай –ақ ұйымдағы психолог нақты қызметкердің немесе топ мінез –құлқының, қарым –қатынастарының және іс –әрекетінің ерекшеліктері оның назарын аударып, алаңдатса әрі ол сол ерекшеліктерді түзету немесе дамыту мақсатында олардың себептерін анықтау қажеттігін сезінсе әрдайым бастамашылдық танытып, ол жөнінде алдына міндет қоя алады.
Мемлекет Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасының маңызды тапсырыс берушісі болып табылады. Дәл сол жағдай әртүрлі әлеуметтік және ұлттық топтардың қызығушылықтары мен қатынастарын үйлестіруді, тұрғындардың нақты қатпарларындағы өмірдің сапасын жақсартуды, адамдардың психикалық денсаулығын нығайтудың жағымды жағдайларын қалыптастыруды көздеген әлеуметтік саясатты жүргізуі тиіс.Бұл салада сәйкес мемлекеттік бағдарламаларсыз шешілмейтін көптеген күрделі негізінен жалпы ұлтқа ортақ проблемалар бар. Мәселен, АҚШ та санақтың мәліметтері бойынша стресстермен байланысты проблемаларды шешуге жыл сайын 75-90 миллиард доллар жұмсалады. Ол ұлттық жалпы өнімнің шамамен 10 пайызын құрайды. Сонымен бірге, өнімділіктің стерсстік күйзелістерден төмендеуінің шығындары шамамен 17 миллиардды құрайды; ішкілік 10 миллиардтармен есептелетін шығындардың себебі болып табылады (жұмыстан қалу және бос шығындалған дарындылық); нашақорлық жыл сайын 17 миллиардтың шығындалуын әкеледі.
Қазақстандағы әлеуметтік денсаулық мәселесі де қылмыскерліктің деңгейін, саяси алаңдағы конфронтациялықты төмендету үшін, билік пен халықтың, жұмыспен қамтамасыз етушілер мен жалдамалы жұмысшылардың арасындағы өзара қатынастарды жақсарту үшін, тұрғындардың барлық категорияларының күнделікті тұрмысын сауықтандыру үшін қуатты шешімдерге мұқтаж болар.
Қоғамдық –саяси қозғалыстар мен партиялар психологиялық қызметкерлердің ең жетекші тапсырыс берушілері болып табылады. Басшылық саяси процестегі психоло –гиялық факторлардың маңыздылығының және Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасының стратегиялық деңгейге көтерілгенінің қуатын сезген сайын, саяси –психологиялық сипаттағы тапсырыстар –дың саны арта түседі.
Осылайша, психолог –практиктердің іс –әрекетіне әлеуметтік тапсырыстың қалыптасуы экономиканың, саясаттың, денсаулық сақтау және білім беру бөлімдерінің, сондай –ақ қоғамдық өмір мен іс –әрекеттің басқа да салаларының адамдар мінез –құлықтарының психологиялық заңдылықтарын түсіну мен ескерудің толққандылығына деген өспелі тәуелділігімен міндеттеледі. Тұрғындардың адам өмірінің құндылығын сезінумен байланысты психологиялық мәдениеттің артқан деңгейі психологиялық қызметтердің маңызды бастауы болып табылады.
Практик- психолог білім беру мекемелеріне тәрбиешілер үшін «жедел жәрдем» немесе мұғалімдер үшін «күтуші» емес, маман ретінде келеді.
Педагогикалық үрдістің одан басқа ешкім кәсіби маман ретінде қамтамасыз ете алмайтын, әсіресе психикалық (жеке тұлғалық, эмоциясының, түрткі- қажеттіліктерінің, қарым- қатнасының және т.б.) дамуын, балалардың психологиялық денсаулығын қадағалайтын педагогикалық ұжымның тең құқылы мүшесі.
Өз жұмысында психолог жеке тұлғаның әрбір жас кезеңінде даму заңдылықтарын, әрбір тұлғаның психикасының дамуының әртүрлі екендігін, яғни жеке тұлғаның онтогенезде дамуын өзінің кәсіби біліміне сүйеніп орындайды. Кез келген білім беру мекемелерінің міндеті баланы біртіндеп дербестілікке дайындау. Әр бір маман бұл міндеттерді өз бағдарламасымен іске асырады. Мысалы: ойын, сурет салу, математика, әдебиет, ән, тіл және т.б.
Мектеп психологы: жалпы, орта және кәсіптіс білім беретін мектептердің жұмыстарын көрсететін құжаттар мен материалдарды, педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы жайында арнайы әдебиеттерді, қазіргі психодиагностиканың және психологиялық түзетудің әдістерін пайдаланып, зерттеу материалдарын талдауды, педагогиканың, дидактиканың сабақ беру әдістемесінің, дефектологияның негіздерін білуге, мектептің психологиялық қызметі құжаттарының толтырылу тәртібін, мектеп құжаттары мен нормативті құжаттарды білуге тиісті.
Психологтың негізгі мақсаты – психологиялық саулықтың негізі – баланың рухани өсуіне, оның жанының жайлы болуына психологиялық жағдай жасау, оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық қабілетін ашу болып табылады. Педагогикалық үрдіс кезінде туындайтын қиындықтар мен олардың психологиялық себептерін анықтау, оңтайлы қарым-қатынас ұстанымдарын қалыптастыру, ата-ана, мұғалім, басқа да қызметкерлерге психологиялық қызмет көрсету, оқушылардың мамандыққа қабілеттілігін анықтау, т.б. – мектеп психологының тікелей міндеттері.
Психолог оқушылардың жан-жақты және үйлесімді дамуын мақсат етіп, өзінің іс-әрекетін педагогикалық ұжыммен, дәрігерлік қызметпен, социологтар, дефектологтар, сондай-ақ қоғам өкілдерімен тығыз байланыста ұйымдастырады. Психологтың жұмыс тртібі осы ереже негізінде қабылданған психологиялық қызмет бағдарламасының мақсаты мен міндеттерін ескере отырып, оқу мекемесінің жалпы жұмыс тәртібіне сәйкес анықталады және оқу мекемелерінің директоры бекітеді. Оқу мекемелері мамандардың кәсіптік іс-әрекеттерін кешенді психоллогиялық-педагогикалық сараптауға, білім басқару орындарының немесе жеке оқу мекемелерінің ұсыныстары арқылы жүргізілетін оқу бағдарламалары мен жобаларды, оқу-әдістемелік құралдарды құрастыру немесе жазуға қатысады.
Психологтың іс-әрекеті кәсіби қызметтердің ерекше түрін білдіреді. Көмек сұрап келген адам өзін және өзінің әлеуметтік ортасын тереңірек сезінуге, онымен едәуір үйлесімді қатынастарды қалыптастыруға, өмірдің жаңа күйзелістері мен құндылықтарына ие болуға мүмкіндік беретін психологиялық ақпаратқа сүйеніп психологиялық проблемаларын шешу қабілетін қалыптастырады.
Кәсіби міндетті алу, клиенттің психологиялық көмектің ынталандырылған сұранысын білдіретін тапсырысқа жауап беру түріне ұласады.
Тапсырыс зерттелініп психологиялық проблемаға өзгеруі тиіс. Көптеген жағдайда шағым тым бұлыңғыр, түсініксіз сипатта болатындықтан аса қажет. Кез келген ресми немесе биресми тапсырыс психолог үшін алғашында адамға қандай-да бір проблеманың бар екендігінің белгісі болып табылады. Демек анамнез – тексерілуші және оның ауруының дамуы жайлы мәліметтердің жиынтығы қажет.
Тапсырыстың нақтылығын анықтау үшін, проблеманы нақты мазмұнға толтыру үшін тапсырыс берген адаммен арнайы әңгіме жүргізу қажет.
Психологтың клиентпен өзара әрекеттестігінің негізгі үзбелерін қамтитын іс-әрекетінің бес адымды үлгісі кеңінен танымал. Бұл үлгі психология мен психотерапияның негізгі әдістерін біріктіретін тұжырымдаманы білдіреді. Ол Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасының әртүрлі когнитивтік, бихевиористік, психоаналитикалық мектептерде, сондай-ақ нейролингвистикалық бағдарламалауда да жүзеге асырылуы мүмкін.
«Факторлар теориясы» оның әдіснамалық негізі болып табылады. Ол теория бойынша кеңес беруде а) клиентті түсіну; ә) клиент тіршілік еткен және қабылдайтын шешімге ықпал етуі мүмкін ортамен танысу; б) мінез-құлықтың жағымды стратегиясын анықтау үшін клиенттің өз ортасымен қатынастарын талқылау сияқты үш негізгі проблема бар. Тұлға мен ортаның қатынасына баса назардың аударылуы Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасының көптеген бағыттарының негізінде жатқан тұлғалық – бағдарланған теориялармен қарама-қайшылыққа енеді. Факторлар теорияларының қисынында орта талдамасының, клиент даралығының талдамасы сияқты маңызды екендігі ерекше көрсетіледі.
Бірінші сатыда клиент проблемаларының шешімін бірігіп іздеу процесін өзара түсіну және құру міндеті тұр. Берік те сенімге негізделген өзара қатынастарды қалыптастыру қажет, клиенттің өзін үйлісімді сезінуге мүмкіндік беру қажет. Проблеманың шешімін бірігіп іздеу үрдісінің құрылымдарға жіктелуі мақсатқа жетудің жүйелілігін анығырақ елестетуге және негізгі міндеттің шешімінен алаңдамауға көмектеседі. Бұл сатының ұзақтығы үлкен емес, алайда жеке жағдайларда біршама ұзақ болуы мүмкін. Қатынастың бір ай немесе одан да көп уақыт бойы жасалынбайтын жағдайлар белгілі. Мұндай жағдайларда асықпаған жөн, өйткені кейінгі әрекеттер қажет нәтижелерді бере қоймайды. Сондай-ақ адамдар қатынастарды қалыптастырудағы асығыстықты ұнатпайды, әрі қатынас дамуының осы сатысын тездететіндерге силастықпен қарай қоймайды.
Әңгімелесудің басында оның бағытын анықтап алған пайдалы.
Психологтың әңгімелесуде кеңес беруде мойындалған ережеге негізделген дербес жоспарын ұсынған: «Алдымен мен сіздің әңгіменің пәніне көзқарасыңызды түсіну үшін сізді тыңдап алсам ба деймін, кейін екеуміз бірігіп проблеманың шешімін іздейміз» деген бастамасы табиғи болар.
Клиентке мақсатын нақты белгілі әрі психологпен қызметке дайын болса осындай ұсынысты оның өзі де жасауы мүмкін.
Екінші саты әңгімелесу арқылы ақпаратты жинауға арналады. Клиенттің психологқа қандай бұйымтаймен келгенін, проблемасын қалай елестететінін және оны шешу үшін қандай жеке – дара қорлары бар екенін түсіну қажет. Клиентті өткен шағы жайлы сұраған дұрыс. Психологты бәрінен тұлғаның проблемды мінез-құлықтың шығу тегін аша алатын бітістерімен деректері қызықтырады. Психолог сәйкес сұрақтарды қойып, олардың жауабын алып, клиенттің сөз еткен қиындықтарының себептеріне қатысты жорамал ұсынады.
Өти сирек жағдайда психолог проблеманы клиенттің пайымдауында қабылдауы мүмкін. Проблемаға қатысты көзқарасты кеңейту үшін клиенттің бастапқы әңгімесінде айтылмаған жасырын қиындықтарының болғандығын айғақтайтын қосымша мәліметтерді алу қажет.
Ақпараттың жинақталуы тұлғаның шешімдерді іздеуге сүйенуге болатын қуатты жақтарына анықтап, клиентке көмек көрсету бағдарламасымен жоспарланған барлық процедураларды аяқталғаннан кейін олардың жүзеге асырылуын болжайды. Адам ішкі қорларын анықтап алып психологиялық проблема – органикалық түрде оны шешу тәсілдерімен және жағымды перспективаларымен байланысатын қатынасқа ие болады.
Бұл сатының маңызды міндеті – клиенттің өмірлік шешімдерді қабылдауының даралық стилін қалыптастыруы: оқиғаға спонтанды жауап беруі немесе проблеманың жеке бөліктерін баяу рет-ретімен түсінуі.
Ақпаратты жинау процесі тестілеумен жалғасады. Клиент тұлғасының психологқа әлі түсініксіз және клиенттің өзіне белгісіз қырларын, ашылмаған қабілеттерімен бейімділіктерін анықтау үшін қазіргі заманғы тестердің кең мүмкіндігін пайдаланған орынды. Мәселен, интеллектінің тестіленуі адамның оқудағы жетістігіне деген сенімінің қайтаруы, әрі өз уақытында тоқталған шешіміне итермелеуі мүмкін.
Тестілеу психологтың клиентпен әңгімелесуінде қалыптастырған танымдық жорамалдарды тексеруіне мүмкіндік береді. Сонымен бірге тестілеуде асыра пайдалануға, міндеттеуге болмайды. Клиент тірідей әңгімелесуге бейімдірек болуы және тестілеуден тұлғасына қатысты сыйламайтындай күйде болуы мүмкін.
Танымал американдық психотерапевт Милтон Эриксон: «Ең алдымен пациентке мұқият қарап, оның қандай адам екенін түсіну қажет. Тек содан кейін оны түсінгенде ғана дәл сол нақты пациентке қатысты әрекет іздей бастаңыз, дәл соның нақты проблеманың шешімін іздеңі» - деп кеңес береді.
Осылайша, екінші сатыда психодиагностикалық міндет, яғни практикалық күйдің өлшемдерін, сондай-ақ сыналушының басқа адамдардың арасында бағаланатын нақты орындарды міндеттейтін психологиялық себептерді анықтауда т.б. міндет шешіледі.
Үшінші саты бұл қалаулы нәтиже көретін, сонымен бірге клиенттің идеалын көріп, онымен өз әрекеттерін ақылға қонымды үйлестіретін уақыт. Бұл сатының ұраны ретінде: «Сіз қайда бара жатқаныңызды білмесеңіз, беймәлім жерге тап боласыз» деген сөздер алынуы мүмкін. Психолог клиенттің не нәрсеге келгісі келетінін, оның қандай болғысы келетінін, проблемалары шешілгенде не болатынын анықтау үшін жұмыс жасайды. Клиент пен психолог әрекеттерінің қалаулы бағыты өзара келісуі керек.
Психолог өз үшін проблеманы жеткілікті дәрежеде айқын анықтап алғанда, онда сол мезетте шешу үйірсектігі пайда болуы мүмкін. Алайда оның идеалды ойлары әрқашан клиенттің көзқарастарымен сәйкес келмеуі мүмкін.
Төртінші саты «қарама – қарсы шешімдерді ойластыру» сатысы деп аталады. Клиенттің психологиялық дағдарысынан шығудың әртүрлі варианттарымен (нұсқауымен) жұмыс жасап көруді ұсыну қажет.
Проблеманың бастапқы анықтамасының маңызын асыра бағалауға болмайды, өйткені кейінірек оның негізі проблема болмай, едәуір ауқымды, бәлкім әлеуметтік проблеманың тек бір бөлігі екендігі анықталуы мүмкін. Психологтың бастапқы жорамалды өзгеруге дайын болу қажеттігін төмендегі мысалдан көруге болады.
3.Білім беру үрдісіндегі практик психологтың әрекеті.
Мектептегі психологиялық қызметтің басты мақсаты- дамудың және оқу-тәрбие процесінің әлеуметтік жағдайын ғылыми-психологиялық қамтамасыз ету,яғни білім беру процесіндегі барлық қатысушылардың денсаулығын сақ-тауға арналған психологиялық жағдайларды қамтамасыз ете алатын,тұлғаны дамыту мен тәрбиелеудің осы күнгі психологиялық-педагогикалық теорияла-ры негізінде осы процесті ұйымдастыру, құру және жүргізу. Олай болса, жалпы психолог қызметінің ерекшеліктерін сипаттап өтелік.
Қызметтің негізгі мәселелері:
- Әрбір жас кезеңінде балалардың тұлғалық интеллектуалдық дамуына қолдау көрсету, олардың бойындағы өзін анықтау және өзін жетілдіру қабілеттерін қалыптастыру;
- Білім беру мекемелерінде әлеуметтік-психологиялық климаттың үйлесімде- луіне қолдау көрсету;
- Білім беру бағдарламаларын олардың мазмұны мен игеру тәсілдерін оқушы-лардың,тәрбиелеушілердің интеллектуалды және тұлғалық мүмкіндіктеріне бейімдеу мақсатында психологиялық қамтамасыз ету;
- Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік жағдайды психологоиялық талдау, негізгі мәселелерді айқындау және олардың туындау себептерін,шешілу жол-
дары мен құралдарын анықтау;
- Балалардың,жетекшілер мен жастардың дамуындағы ауытқулардың алдын алу және жеңе білу;
- Мамандардың кәсіби іс-әрекетіне,білім беру бағдарламалары мен жобалары-на,оқу-әдістемелік құралдарға психологиялық сараптама жасау;
- Үздіксіз білім беру процесінде бір сатыдан екінші сатыға ауысу кезіндегі психологиялық-педагогикалық жағдайларды әзірлеу және жасау;
- Білім беру тәжірбиесіне психологиялық ғылымның жетістіктерін енгізу мен оларды таратуға қолдау көрсету;
- Білім беру жүйесі мамандарының іс-әрекетін ғылыми-әдістемелік қамтама-сыз ету.
Білім беру жүйесіндегі тәжірибелік психологияның негізгі мәселелері іс-әре-кеттің негізгі екі бағыттары шеңберінде шешіледі: көкейкесті және болашақтағы.
Көкейкесті- бағыт әлеуметтану мен бейімдеудегі осы немесе өзге де қиын-дықтарға байланысты аса өткір проблемаларды(мінез-құлық,тілдесудегі,да-мудағы т.б. кемшіліктерді) шешуге бағдарланған.
Болошақтық- бағыт оқу-тәрбие процесіндегі әрбір қатысушының жекелелігін дамытуға қоғамдағы тиімді өзара әрекеттестікке (қарым-қатынас,еңбек іс-әрекет,бос уақыт және т.б.)психологиялық әзірлікті қалыптастыруға мақсат- талған.
Психолгиялық қызмет төрт аспектілі интегралды құрылым ретінде қарасты-рылады: ғылыми, қолданбалы, тәжірбиелік және ұйымдастырушылық.
Ғылыми аспект Қызметтің іс-әрекетінің әдіснамалық негіздерін,білім берудің қазіргі жүйесі жағдайларында психологиялық білімдерді кәсіби қолданудың тәсілдерін, құралдары мен әдістерін жасаудан байқалады.
Қолданбалы аспект білім беру процесін психологиялық жобалау проблема-сын шешу қажеттілігімен байланысқан (білім беру бағдарламаларын,жоспар-ларын құрастыру,психология жөнінен оқулықтар мен оқу құралдарын жасау, дидактикалық және әдістемелік материалдардың психологиялық негіздерін, психологиялық және педагогикалық кадрларды дайындау мен қайта дайындау бағдарламаларын жасау).
Тәжірбиелік аспект білім беру мекемелерінің мамандандырылған психоло-гиялық кабинеттер мен орталықтардың тікелей өзіндегі нақты проблемалар-ды нақты психологиялық көмек формасында шешуге мақсатталған.
Ұйымдастырушылық аспект Қызметтің іс-әрекетінің ұйымдастырудан тұра-ды (қызметтің жұмыс жоспарын құру,білім беру мекемелерінде ғылыми-пси-хологиялық және ғылыми практикалық зерттеулерді әзірлеу және ұйымдас-тыру т.б.).
4.Психологиялық қызмет құрылымы:
Психологиялық қызмет өзара байланысқан келесі бөлімдерден тұратын жүйені білдіреді:
1.Білім берудегі Психологиялық Қызметтің Республикалық Орталығы негізгі басшылықты,бақылауды,іс-әрекетті ұйымдастыруды жүзеге асырады, төмен тұрған құрылымдық бөлімдердің стратегиясы мен тактикасын анық- тайды.
2.Облыстық,аудандық және қалалық Қызметтер.
3.Қызметтің бастауыш буындары өз іс-әрекетін келесі мекемелерде,яғни балалар бақшасында,балалар үйінде,мектепте және т.б. жүзеге асырады.
Қызметтің барлық құрылымдық бөлімдері Қазақстан Республикасында білім берудің тораптық жүйелері болып табылады.Өзінің барлық құрылымының қаржылық әрі материалдық-техникалық іс-әрекетін қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиісті аумағының қарамағында болады,сондай-ақ оған қа- жетті ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетеді.
Сондай ақ, мектеп психологының құқықтық мәртебесіне комментарийлер ережелері сақталу керек . Ол төмендегідей:
Мектеп психологының құқықтық мәртебесіне түсінік беру:
Жалпы ережелер
1.Мектеп психологы –психология бакалавры немесе магистры академия-лық дәрежесі бар жоғары психологиялық білімді маман.
2.Қызметтің келісімді айлық, еңбек демалысының ұзақтығы,педагогика-лық жүктеменің тарифтелген көлемі Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің нормативті құжаттарына сәйкес белгіленеді.
3.Психолог қызметі категориялар негізінде (9-дан 16-ға дейінгі разрядтар) әрбір мектепте-білім беру мекемесіне кем дегенде бір психолог болып таға-йындалады. 500-ден астам тәрбиеленушілері бар білім беру мекемелерінде психо-логтар ставкасының саны көбейтіледі.
4.Мектеп психологының жұмыс тәртібі мектептің жалпы тәртібіне сай болуы тиіс және білім беру мекемесінің директоры бекітеді.Психологтың жұмыс уа- қыты бағдарлық нормаларды ескере отырып ұйымдастырылады.
5.Білім беру мекемесіндегі психолог жұмысы үшін табысты іс-әрекетке қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған жай бөлінеді.
6.Мектеп психологы әрбір оқу жылының басында мектептің педагогика-лық кеңесінде тыңдалатын және білім беру мекемесінің директоры бекітетін өз іс-әрекетінің жоспарын жасайды.
7.Мектеп психологы өз іс-әрекетіне есеп жүргізіп отырады және әрбір оқу жылының соңында атқарылған жұмыс туралы есеп береді,ол білім беруді басқарудың тиісті деңгейде жалпы мектептік есепке негізіледі.
8.Психолог іс-әрекетіне жалпы бақылауды жоғары тұрған психологиялық қызмет,мектеп директоры және педагогикалық кеңес бекітілген бағдарлама негізінде жүзеге асырылынады.
9.Мектеп психологы оқу орны әкімшілігінің нұсқауларын, егер олар пси-хологтың ненгізгі мақсаттарына,міндеттеріне және этикалық кодексіне қара-ма-қайшы болса,орындамауға құқылы.
10.Білім беру мекемесінің психологы өз іс-әрекетін әкімшілікпен,педаго-гикалық ұжыммен,ата-аналармен,медициналық қызметпен,кәмелетке толма-ғандар ісі жөніндегі инспекциямен т.б. тығыз байланысты жүргізуге міндетті.
11.Өзнің іс-әрекетінде мектеп психологы ұйымдық-психологиялық, дамы-ту, психофасилитациялық,психопрофилактикалық,психодиагностикалық жә-не психокоррекциялық бағыттарды жүзеге асырады.Ал енді:
Мектеп психологының негізгі қызметтік мәселелері:
1.Оқушылар мен педагогтардың шығармашылық мүмкіндіктерін анық-тау болып табылады.
2.Бірлескен оқу тәрбиелік процесте туындайтын мәселелер мен қиын-дықтарды анықтау.
3.Педагогикалық және мектеп ұжымдарындағы жайлы психологиялық хал-ахуал туғызу үшін жұмыс.
4.Білім беру процесінің барлық қатысушыларына (педагогтарға, оқушы-ларға,ата-аналарға), олардың әр түрлі іс-әректінде нақты психологиялық көмек көрсету.
5.Педагогтардың ата-аналар мен оқытушылардың психологиялық және нақты денсаулығын қамтамасыз ету, шығармашылық потециалын арттыру, интеллектуалдық және тұлғалық дамыту мақсатындағы психологиялық-пе-дагогикалық білімдерді насихаттау,психопрофилактикалық жұмыстарды жүргізу.
Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері:
Психолог:
1.Оқу тәрбие прцесінің барлық субъектілерімен жұмыс істеудің формала-рын және әдістерін таңдауға,жұмыстың белгілі бір кезеңге арналған маңызды бағыттарын атап көрсетуге,жұмыстың көптеген түрлерін жүргізу кезектілігін белгілеуге құқылы;
2.Оқу орнының басшылығына Психологиялық Қызметтің тиімді іс-әреке-тіне қолдау көрсететін идеялар ұсынуға құқылы;
3.Оқу-тәрбие процесін ұйымдасмтыру жөніндегі қажетті мектеп құжатта-маларын оқып үйренуге құқылы;
4.Оқу-тәрбие прцесімен байланысты әр түрлі мәселелерді талқылайтын жиындар мен мәжілістерге белсенді қатысуға құқылы;
5.Педагогикалық және мектеп ұжымдарына әр түрлі психологиылық зерт- теулер мен тесттерді жасауға,пайдалануға,түзетуге және жүргізуге құқылы.
6.Тәжірбиелік психологияның ғылыми орталықтармен,ЖОО-ның психоло-гия кафедраларымен,психологиялық ассоцациялармен,психолог-практиктер-мен тұрақты іскерлік байланысты жүзеге асыруға;әр түрлі конференцияларға, семинарларға,симпозиумдарға тәжірибе алмасу және өз біліктілігі мен кәсі-билігін жетілдіру мақсатында қатысуға құқылы;
7.Мектеп әкімшілігіне,педагогтарға,ата-аналарға,оқушыларға әр түрлі пси-хологиялық мәселелер бойынша ұсыныс-кеңестер беруге құқылы.
Психолог:
1.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативті актілерін,құжаттарын,бұйрықтарын,нұсқауларын басшылыққа алуға;
2.Өзінің іс-әрекетінің өз кәсіби біліктілігінің және қызметтік міндеттеме-лерінің шеңберінде жүргізуге;
3.Психология мен педагогиканың әр түрлі салаларындағы ең жаңа жетіс-тіктерді білуге және насихаттауға: диагностиканың,түзетудің,алдын алудың ғылыми негізделген әдістерін өз іс-әрекетінде қолдануға,өзінің кәсіби дең- гейін жетілдіру үшін үнемі еңбектенуге;
4.Тәжірбиелік психологтың этикалық кодексі нормаларын басшылыққа алуға;
5.Мектеп қабырғасындағы диагностикалық,психокоррекциялық,консуль-тативтік іс-әрекетіне тиісті кәсіби әзірлігі жоқ біліксіз адамдарды жібермеу-ге міндетті;
6.Кез келген мектеп құжаттамасына(тәрбие жұмысы жоспарларына,білім беру бағдарламаларына,педагогикалық кеңестер шешімдеріне,ағымдағы оқу-тәрбие процесіне т.б.) психологиялық талдау жүргізуге;
7.Мектеп ұжымындағы әр түрлі деңгейдегі тұлғааралық қатынастарды (оқытушы-администратор,оқытушы-оқытушы,оқытушы-оқушы, оқушы-оқушы) бақылауда ұстауға,талдауға және түзетіге;
8.Әкімшілікпен,оқытушылармен,оқушылармен,ата-аналармен бірлесе отырып білім беру процесінің барлық субъектілерінің табысты бейімделу мен тиімді іс-әрекетіне қолдау көрсететін ғылыми негізделген білім беру, тәрбиелеу,түзету, т.б. бағдарламаларды жасауға және енгізуге;
9.Еркін формадағы психологиялық құжаттаманы (дискеттер, үнтаспалар-ды, карталарды және т.б.) жүйелі түрде жүргізуге және сақтауға міндетті.
Мектеп психологының жауапкершілік ережелері:
1.Психолог психологиялық көрсеткіштің сауаттылығына,қолданылатын диагностикалық және коррекциялық әдістердің барабарлығына,ұсынылатын пікір ұсыныстардың ғылыми негізделуіне тікелей жауапкершілікте болады.
2.Психолог зерттеулер хаттамаларының сақталуына,құжаттаманың жүргізілуіне тікелей жеке жауапкершілікте болады.
Жалпы ережелер
Қатысушы оқушыларға шынайы қызығушылық пен кішіпейілділікті таныту; Әңгімеге тарту және сол әңгімеге қызықтыра алу қажет; бірлесіп жұмыс жа-сауға шақыру қажет; білім мекемесіндегі ұжымның әлеуметтік статусына, жасына қарамастан олармен татулықпен және бірлесіп жұмыс жасау қажет; мәселені шешуде клиентке өзіне деген сенімділікті арттыру және өзіне сенімді болу; оқушының немесе мұғалімнің проблемасына жасына қарамастан объек-тивті мәселе бар деп қарау; аяқ астынан болған жағдайларда сасып қалмай, орыншы шешім қабылдау қажет; ақпарат алғанда және оны қолданарда сақ және абай болу қажет; конфиденциалдылық принципін ұстану; өз бойыңа алынған міндеттерге жауапты болу, яғни жауапкершілік танытып, оны ойдағыдай орындау;
Психологтың оқушымен жұмыс жасаудағы ұстанатын ережелері:
Оқушының индивидуалдылығын көріп,оны жаратылысымен қабылдау; Оқу-шымен оның жас ерекшелігіне қарай отырып жұмыс жасау;Оқушыға түсінік-ті болатындай бағыт-бағдар беріу және оның орындалуын қадағалау;14 жасқа дейінгі оқушымен индивидуалды жұмысты оның ата-анасының рұқсатымен жасау; 10 жастан бастап оқушыдан алынған мәліметтің басқаға айтылуын рұқсат сұрап болғаннан кейін айту;Оқушыға дұрыс шешім қабылдатып үйре-ту;Оның бойындағы қабілет-қасиеттерін оқушының өзінің мақсат-міндеттері-не бағыттап үйрету;
Психологтың ата-аналармен жұмыс жасаудағы ұстанатын ережелер
Ата-аналарға балаларын қорғаудағы құқықтары мен оларды пайдалануы ту-ралы ақпарат беру;Ата-аналарға балаларының бойындағы тұлғалық қабілет-қасиеттерін айту;Ата-аналрдың бойында психологпен жұмыс жасауға деген мотивациясын ояту;Баланың ата-анадан алынған жеке басының мәліметтерін басқа адамға айту үшін ата-анадан рұқсат алу;
Психологтың педагогтармен жұмыс жасаудағы ұстанатын ережелері
Педагогтарға оқушылардың құқықтарын қорғауға және оқушының тұлғалық ерекшеліктеріне мән беруге бағдар беру;Педагогтармен қатынасқа түскенде олармен теңдік дәрежеде болу;Педагогтармен жақсы,достық қарым-қатынас-ты орнатуға тырысу;Олардың біліктілігіне сүйене отырып бірлесіп жұмыс жасау;
Психологтың біліктілігіне қойылатын талаптар:
Мамандық іс-әрекетінде өзінің физиологиялық және психологиялық күйін анализдеп отыру;Салауатты өмір салтын сақтау және жұмысқа деген қабі-летін арттыру;Өзінің бойындағы проблемаларды шешуге және оны басқа мамандарға айту,яғни дайын болу;Өзінің құқықтары мен міндеттеріне сай жұмыс жасау;Басқалармен жұмыс жасағанда эмоционалды берік және басқа-лардың эмоционалды күйін жақсы түсіну керек; Басқаларға көмек бергенде оларды барынша түсініп, оларға маманға сай бағыт-бағдар бере алу керек.
5. Білім беру мекемелеріндегі психолог қызметінің негізгі бағыты-психодиагностика
Психодиагностика қызмет жүйесінде, өзінің прициптік ерекшеліктері бар. Зерттеу қатарында бірінші кезекте психодиагностиканы «ғылыми-зерттеу» мен «ғылыми-тәжірибиеден» ажырату жатады. Егер бірінші тапсырма – психикалық дамудың белгілі бір заңдылығын тіркеу болса, онда екіншісі мақсат – нақты сұраққа жауап беру нақты психикалық пайда болулармен бұзылыстарын табу болып табылары. Сондықтан да диагностика белгісі, практик психолог үшін өз мақсаты болып табылмайды, ол әрқашанда басты тапсырмаға сүйенеді – ол баланың психикалық дамуын рекомендация бойынша өңдеу немесе осы дамуды коррекциялау.
Сонымен, мектептегі психодиагностика өзінен өзі мәнсіз, тек оның мәліметтері керек мыналар үшін:
Баланың психикалық даму диагностикасына бақылауын қамтиды, яғни, балаларға арналған орталықта оқып және тәрбиеленіп жатқан балалардың мүмкін болатын ауытқу дамуын ертерек түзету.
Психологқа балалармен әрі қарай жұмыс жүргізу үшін, яғни сол жұмыстын кейінгі программасын білу үшін мүмкіндік беру, яғни дамудың оптималды шартын құру мақсатында әлсіздер мен күштілердің дамуы, яғни оларды жоғарғы деңгейге көтеру.
Ерекше қабілеттерді табатын қатысушылардың продуктивті даму деңгейінің бағыттылығы.
Психологтың өткізіп отырған психипрофилактикалық жұмысының эффективтілігін тексеру.
Салыстырмалы психологиялық анализ жүргізу, әртүрлісі жүйе, әдістер, тұрғылар олардың дамуының эффективтілігін білу үшін.
Сол мектеп үшін ең актуалды тематиканы ағартушылық үшін таңдау және тағы басқалар.
Сондықтан мекткпке психологиялық қызмет дегенге келгенде, тек ғана, диагностика, коррекция немесе дамуымен жүрмейді екен. Мектеп психологының іс-әрекетінде олар бір ғана жұмыс түрі болып келеді: диагностика – коррекциялық немесе диагностика – дамушы деп.
Сонымен қатар мектеп психологы тек қана диагноз қоймайды және солардың және басқалардың кейінгі даму тұлғалардың программасын қайта өңдейді, яғни бірақ олврдың берген рекомендациясын қалай жасайтынын бақылайды, ал белгілі бір бөлімде өзі яғни психолог, коррекциялық; даму деңгей жұмысыменжұмыс жасайды.
Мектептегі психологиялық қызметтің, психодиагностикалық спецификасы мынаған байланысты; біз оны классификация әдісі ретінде және адамды психологияның психофизиологиялық белгі бойынша рангілеу дисциплинасы ретінде қабылдай алмаймыз және біз бұл бекітумен келісе алмаймыз, яғни диагностика теоретикалық немесе практикалық зертеулерде қолданыладыма, оның мақсаты; мынадан бекітіледі, яғни топ туралы немесе жеке туралы және осы екеуінің айырмашылығы туралы психологиялық қортынды береді; және онда да мұнда да салыстыру жүреді. (15,с.19) Диагностикалық мектептегі психологиялық қызметтегі негізгі, басты міндеті – балаларды бір –бірімен салыстыру емес (бірақта бұл өте қажет), тек нақты бір баланың ішкі әлеміне енү, кіру керек. Практик психологтың алдында мындай міндет тұр, ол нақты бір баланың танымын және қиын білім әлемін қабылдауын, әлеуметтік қарым – қатынасын, басқа адамдарды және өзін қабылдауы, қалай мектеп оқушысының нақты қарым – қатынасының, оның индивидуалдылығының дамуын зерттеу болып келеді.
Диагностика жұмысын жүргізгенде, психологияның проблеманы аңықтау ептілігі болу керек, дұрыс сұрақ қою керек, қатысушылардың, яғни муғалімдерден, ата – аналардан керекті ақпарат алу керек және сол ақпараттын анализ жасап тұжырымды қортынды шығару керек.
Оқушылардың психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыс.
Мектеп психологы іс-әрекетінің бұл түрі оқушыларды психологиялық-педагогикалық зерттуге, жеке ерекшеліктері анықтауға, дамуындағы тәрбиелеу мен оқытудағы қателіктер себебін анықтауға бағдарланған. Іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде психодиагностиканы мектеп психологы өте кең ауқымда қолданады және ол өзіндік мақсат болып табылмайды.
Психологиялық диагностика мен коррекция саласында мектеп психологы:
Педагогикалық кеңеске қатысушылардың барлығының тілдесу диагностикасын жүргізеді.
Психологиялық даму барысын немесе оның жекелеген жақтарын анықтау мақсатында оқушыларға психологиялық зерттеу жүргізеді.
Оқушуларға дер кезінде психологиялық көмек көрсету мақсатында олардың қабілеттерін? мүдделерін?, бейімдіктерін зерттеуді жүргізеді.
Сынып жетекшілері мен әкімшілік өкілдерімен және басқа да тұлғалармен бірлесе отырып, психикалық дамудағы ауытқуларды жоюға бағытталған психологиялық коррекциялардың бағдарламарын жасайды және жүзеге асырады.
Психологиялық тәсілдерді аймақтың әлеуметтік, ұлттық, мәдени және басқа да ерекгеліктерін басқара отырып жасайды, қолданады және мейімдейді.
Мектеп психологы осы түрдегі іс-әрекетінің басты мақсаты. Педаготар мен оқушыларда психологиялық білімдерге қажеттілікті, оларды өз тіршілік әрекеттерәнде қолдану тілегін қалыптастыру; оқушының толыққанды психикалық дамуына арналған жағдайлар тұғызу; оқушылардың тұлғасы мен қабілеттерін қалыптастырудағы ықтимал қателіктерді болжамдау және алдын алу.
Психодиагностика бұл – психологияның адамдардың даралық психологиялық ерекшеліктерін сандық анықтау, сипаттау және талқылау. Сондай-ақ клиенттің қиындықтарын түсінуге және шешуге қажет психологиялық ақпаратты жинау мәселелерін зерттейтін саласы.Диагностика алдын алу немесе кеңес беру жұмысын тиімді жүргізудің тиімділігін бағалауға қажет.
Психодиагностикалық зерттеу ұйымының қайсыбір бөлімшесіндегі психологиялық қиындықтардың; дау-дамайлардың, еңбектегі адамгершіліктің және еңбек өнімділігінің созылмалы төмендеуінің оқушылардың үлгермеушілігі мен тәртіпсіздігінің себептерін анықтауға бағытталады.
Персоналдық ұйымдастырушы мінез-құлқын, оқушылардың жеке даралық қабілеттерін жоспарлы зерттеу психологтың бірінші сыныпқа балаларды жинауға қатысуы, балалардың мектептегі оқуға даярлығын анықтауы да психодиагностикаға жатады.
Психодиагностика бөлімінде маманданған психолог нақты адамдардың (ұйымның, топтың) қасиеттері мен күйлерін анықтау үшін зерттеудің психологиялық әдістерін қолданудың құрылымымен мүмкіндігін талдауға арқау етеді. Психологиялық диагноздың маңызды терапия (түзету, кеңес беру) мен болжаудың тиімділігі үшін бастапқы пункт болып табылатынымен оның маңыздылығы анықталады. Болжау бұл диагноздың негізінде тұлғаның немесе топтың, ерлі зайыптылардың арасындағы өзара қатынастардың басщы мен оның қоластындағылардың дамуын жорамалдау.
Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасының эскперимент (сараптама) қызметі де психодиагностикаға жатады. Барлық деңгейлерде, сондай-ақ шешімдердің салдарын болжау мақсатында саяси деңгейде де қабылданатын басқарушы шешімдер, құрастырылған заңдар, инновациялық жобалар және т.б. психологиялық сараптамадан өтеді.
Нақты міндеттерді шешуге бағынышты ақиқатты практикалық немесе теориялық меңгеру операцияларының бір текті амалдарының жиынтығы әдіс деп аталады. Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасының өзіне тән ерекше әдістері бар.
Оның біріншісі бойынша әдістердің: зерттеу (диагностикалық); ықпал ету әдістері (кеңес беру, терапевтік, түзету, оқу) және басқа мамандармен өзара әрекеттестік сияқты ұйымдастырушы мәселелерді шешу қолданылатын. Ұйымдастырушы сияқты үш түрі бар.
Топтастырудың екінші тәсілі психологтың клиентке ықпал ету қарқындылығының, демек шешілетін міндет күрделілігінің негізінде құрылған. Кейде клиенттің психологиялық проблемасын шешу үшін оған өзін едәуір тереңірек түсінуге мүмкіндік беріп және хал-жағдайы мен мінез-құлқын өзгертуге ішкі қорларын табуға мүмкіндік беретін жақсы диагностиканың өзі-ақ жеткілікті. Неғұрлым күрделі жағдайда кеңес берген тиімді. Осыған сәйкес Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасының әдістері психодиагностикалық, кеңес беруші және түзетуші терапевтік әдістерге жіктеледі.Психодиагностика бұл психологтың клиентпен немесе топпен жұмыс жасайтын проблемаға тереңдеп енуі.
Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасыдағы психодиагностика екі жақты мәртебеге ие. Біріншіден, ол Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасының салыстырмалы дербес бағыты болып табылады, демек психолог кеңес беруге немесе психотепрапияға маманданған психологтардың тапсырыстары бойынша күрделі диагностикалық жұмыстарды орындап, сол салада мамандана алады.
Екіншіден, психодиагностика психологтың клиентпен жүргізілетін жұмысы міндетті сатылардың бірін құрайды. Екі жағдайда да психодиагностика адамдардың психологқа келетін өмірлік қиындықтардың диагнозын жасауға мүмкіндік беретін ұстанымдардың, әдістердің, әдістемелік тәсілдер мен процедуралардың кешенін анықтайды. Психодиагностиканың өзіне тән теориялық негізі бар. Оның негізінде оны теориялық пән ретінде қарастырады. Шынымен, идеялардың академиялық психологиядан психологиялық тәжірибеге едәуір қарқынды жылжуына ықпал етіп психодиагностикамен теориялық тұрғыда айналысуға болады.
Диагностикалыққа келесі әдістер жатады:
Бақылау – зерттелінген құбылыстың ерекшеліктерін сипаттайтын іріктелген бірліктерді (көрсеткіштерді, белгілерді) тіркеудің негізінде зерттелінген объектіні мақсатты жүйелі қабылдау. Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасыдағы бақылау – бұл: клиенттің психологпен қарым-қатынасындағы вербалды және вербалды емес мінез-құлқын мақсатты жүйені қабылдау.
Әңгімелесу – психологтың сыналушымен серіктестік қарым-қатынасының барысында сыналушының тұлғасы жайлы диагностикалық маңызды ақпаратты алатын тұлғаны зерттеу әдісі. Жиі бұл әдіс психологиядағы көмек көрсетудегі терапевтік әңгімелесу ретінде анықталатын клиникалық сұхбаттасу деп аталады. Әңгімелесудің барысында психологтың серігін билеген эмоциялы күйлерге ену, сезіну арқылы, оның тұлғасын және СӨЗ және басқа да құралдарымен хабарлағанның барлығын бағаламай қабылдайтын – күйзеліс жолымен түсіну қабілетіне негізделген эмпатиялық тыңдау тыңдау әдісі қолданылады.
Практикалық психологтың іс-әрекетіндегі психодиагностикалық әдістер клиенттің проблемаларын зерттеуге бағытталады. Осы мақсатта стандартталған және тереңдетілген сұхбаттасу, бақылау (ең алдымен клиенттің вербалды емес мінез-құлқы), өзіндік бақылау (клиенттің күйзелістері, ойлары мен қиыншылықтары жайлы әңгімелесуі), тестер проективті әдістемелер, рөлдік және басқа да ойындар қолданылады.
Диагностикалық әдістер психокоррекция мен психотерапияның аралық және ақырғы нәтижелерін бағалауда да қолданылады.
Диагностикалық процедуралар Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасының әртүрлі мектептерінде және бағыттарында әртүрлі қолданылады. Әрбір мектеп клиенттің проблемаларын, оларды шешудің мақсаттары мен мүмкіндіктерін өз бетінше ерекше көреді. 2

5 №5. дәріс. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық кеңес беру
Дәрістің мақсаты: Білім беру мекемелеріндегі психологтың қызметі жайында студенттерге теориялық түсінік беру.
Жоспары:
1.Мектептегі психологиялық кеңес беру жұмыстары
2. Кеңес беру түрлері
3. Психологтың кәсіби іс-әрекетіндегі психотерапия ұғымы.
Психологиялық кеңес беру – тұлғааралық қарым-қатынастағы қиындықтармен байланысты әр-түрлі психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған адамдармен тәуелсіз жұмыс. Онда әсер етудің негізгі құралы ұйымтастырылған әңгіме болып табылад ы. Психологиялық кеңіс берудің мазмұны – психолог өзінің жаңа психологиялық тапсырмаларын шешу қабілетін сездіретін жағдай жасайды. Бұл мына шкала бойынша тексеріледі:
Психолог өте байқампаз болуы керек. (Клиенттті тоқтатып, маңызды ақпараттарды сараптайды).
Психлогтың іс-әрекеті құрастырмалы (құрастырмалы емес); ол басқа адамға ақылмен әсер етіге тырысады. (Оған қысым көрсетеді).
Клиенттің даусы естіледі (өте ақырын естіледі).
Клиенттің жауабы психологтың айтқандармен сәйкес (сәйкес емес).
Клиенттің тапсырмасының неше отырып, оның жағдайына кеңілту енгізеді.
Психологтың клиентке өзінің жеке даралығын жоғалтпай қосылады (тұлғалық құрбандығының бағасымен).
Психологтың боында түсіну мен жағымдылық арқылы әсер ету дағдысы бар (жок).
Клиентке құнды және қайырымды қарым-қатынас. Психолог қызметтік этиканы сақтай отырып, көмек сұрапк келген әр адамға психологиялық қолдау көрсетуге тырысады.
Кеңес беруге тыйм салу. Психолог кез келген кеңес алышуға жауапкершілікпен көмектесу керек.
Анонимділік. Психологқа клиент таратынан айтылған ақпарат құпия сақталуы тиіс.
Кәсіби және тұлғалық қарым-қатынастың айырмашылығы. Бұл қағидының көшіру мен контркөшіруімен байланысты. Бұл процестер кеңес берудің тиімділігін төмендетеді.
Клиенттің кеңес берудің мақсаты – клиентке роблеманы түсіндіру және оны шешушін жолын табуға көмектесу. Кеңес берудегі сәттілік көбінесе психлогтың клиентті кәсіби тындап, оның өзі туралы көзқарастарын кеңейте білуіне.
Кеңес беру процесінде мында тапсырмалар шешіледі
психикалық деңсаулық деңгейін бағалау және басқа психологиялық көмек көрсету тәсілінің көрсеткіштерін бағалау;
клиенттің психологиялық ерекшеліктері тұралы ақпараттандыру;
жалпы психологиялық сауаттылықтың жоғарылауы;
клиенттің жасырын психологиялық ресурстарын жаңарту;
бейімделудің және тұлғалық үйлеспеушіліктің бұзылуларын түзету;
тұлғаның алдағы дамуының негізгі бағытын анықтау.
Психологтың клиентке деген қарым-қатынас бағыты өзгермейтін құбылыс болып табылады. Жақсы кәсіпкер маман – ол көбінесе қажет болған жағдайда бағытын өзгере аладтын актер.
2. Кеңес берудің түрлері.
Психологиялық кеңес топтық және жеке даралық формада жүргізіледі. ТОптық кеңес беру алдын ала жүргізілген жеке даралық кеңес беруден кейін ұйымдастырылады. Онда психологиялық проблемалары ұқсас адамдар топталды және мынадай түрлерге бөлінеді:
бір және бірнеше реттік;
жеке ұсыныс бойынша;
шақыру және бағыттау нәтижесінде;
толықтарушы тестілеусіз, толықтырушы тестілеумен, т. б.
Жеке даралық кеңес беру мазмұны клиенттің тапсырмасымен анықталады. Психологтар психикалық даму кезеңдерін әрі нақты кезеңдегі механизмді білуі тиіс. Демек жеке даралық кеңес беру схемасы мына үлгіде ұсынылады: өзара іс-әрекеи тапсырмалар мазмұны (тапсырысьың мәтіні) – психикалық дамудың механизмдері (психологиялық тапсырма) – психикалық даму мөлшерінің мазмұны.
Клиенттің психологиялық тапсырмасының қалыптасуында психологқа адамның өзіне ден қоюға, маманның философияық және адамгершілік-этикалық айқындалуын талап ететін өмір мағынасы туралы сұрақтарға жауап іздеуге тура келеді.
Топтық кеңес берудің мақсаты – адамдар арасындағы жүйені зерттеу болып табылады. Бұл қарым-қатынас мазмұны әр түрлі болуы мүмкін. Топтық кеңес беруде психологтың міндеті – топ мүшелерінің өзара қарым-қатынас құралын табу, кеңес беру барысында әсер етудің типтері мен олардың мазмұн, тұрақтылыған айқындау.
Кеңес берудің ерекше түріне қызметтік кеңес беру және психологиялық консальтинг жатады. Ол психлогиялық менеджментті іске асыру мақсатында жетекшілер мен ұйымның әлеметтік мәдениетіне және қабілеттілікті дамыту бойынша қызмет етушілерге бағытталған. Кеңес берудің әр түрлі психологтан нақты жұмыстың шеңберін және оның технологияларын беруді талап етеді.
Жасерекшелік психологиялық және психо-педагогикалық кеңес берудің ерекшеліктері.
Жасерекшелік психологиялық кеңес берудің негізгі мақсаты – баланың психикалық даму процесін бақылау. Оның міндеттері психологиялық – педагогикалық бағытталуға шағылысады.
Баланың психикалық дамуындағы жеке даралық ерекшелік проблемаларына, тәрбиеге қатысушы ата-ана, мұғалім және басқа да адамдардың бағдарлары кіреді.
Психикалық дамудағы бұзылулары мен түрлі ауытқулары бар балаларды мамандарға бағыттау.
Деңелік және жүйке-психикалық деңсаулығы әлсіз балалардағы психологиялық қиындылықтарды ескерту, психогигиена мен психопрофилактика бойынша кеңес беру.
Ата-ана мен мұғалімдерге қарым-қатынас, тәрбие және оқытудағы балалардың қиындықтарын психологиялық-педагогикалық түзету бойынша кеңестерді құрастыру.
Балаларды отбасында тәрбиелеу бойынша кеңес беруді құрастыру.
Балалар, мұғалімдер және ата-аналардың арнайы топтарындағы түзету жұмыстары. Халытық психологиялық –педагогикалық сауатын ашу.
Жасерекшелік психологялық кеңес берудің схемасына сәйкес алынған мәліметтер 4 тарауға бөлінеді:
Деңсаулық жағдайы.
Әлеуметтік жағдайдың ерекшелігі туралы мәліметтер.
Баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің ерекшелігі туралы мәліметтер.
Баланың эмоционалды тұлғалық және танымдық дамуының дифферициялық сипаттамасы.
Алынған мәліметтер негізінде психолог шешім шығарады:
- даму деңгейінің жалпы бағасы;
- бала қиындықтарының негізі;
- олардың қиындық деңгейі;
- қиындықтарды қоздырушы факторлар;
- мәселе өткірлілігін төмендету мақсатында әсер етудің аясы;
- дамуды шарттық болжау.
Жасерекшелік психологиялық кеңес беру келесі алгоритмде жүргізіледі.
Ата-аналармен және мұғалім мамандармен алғашқы әңгіме барасында алынған ақпараттарды талдау.
Баланың даму деңгейі мен отбасшылық қарым-қатынасы туралы ақпарат алуға бағытталған ата-аналармен әңгіме.
Деңсаулық жағдайы туралы басқа мекемелерден ақпарат жинау.
Қарапайым жағдайда баланы бақылау.
Баланың психологиялық диагнозы.
Психологиялық-педагогикалық тағайындау.
Нәтижені талдау.
Баланы эксперименталды психологиялық зерттеу.
Бақылау, қайта кеңес беру.
Психологиялық диагноз баланың негізгі және жақынаралық даму деңгейін шағылыстырады.
Актуалды даму деңгейі:
а) жасерекшелік-психологиялық сипаттама
ә) дамудың әлеуметтік жағдайы
б) жетекші іс-әрекетінің даму деңгейі;
в) жастық жаңа білім беруі, олардың дамуы;
г) қиындықтар мен ауытқулар, олардың себептері;
Дамуды шартты-нұсқаулық болжау:
а) даму альтернативаларының мәселе өрісін ашу;
б) тиімді дамуға жағдай көрсету.
Жасерекшелік-психологиялық кеңес беру кеңес берушінің педагогикалық психологияны білу керек.
Психолгиялық-педагогикалық кеңес беру кеңес берушінің педагогикалық білім мен оқыту, білім бері тәжірибесі бар екенің болжайды.
Түрлі кеңес беру кезеңдерінің шешілетін сұрақтар
Негізгі кезеңдер (блоктар) Шешілетін
Кеңес алушы Кеңес беріші
Дайындық Қиыншылықтарды фиксациялары. Және оларды шешу (өзі немесе басқалардың көмегімен) Психологқа бару шешім қабылдау. Жұмысқа дайындалу (іштей позитивтілікке бағытталу, басқа сұрақтардан ауытқу). Уақыт таңдау, орын дайындау
Байланыс және сенім диалогын орнату Сенім сезімінің пайда болуы, кеңес алу және болатын жұмыс туралы мінездемесін сұрау. Рөлдерді орнату. Сенім диалогын қолау.
Жағдайды зерттеу Суретеу. Мәселенің ішкі және сыртқы фактоларларына талдау жасау, жүйелеу. Жұмыс пәнін анықтау. Мәселені шешу үшін позитивті негіздерін табу. Клиентке анализ жасауға көмектесу (ерікті сөз сөлетугке бағыттау, сұрақтар қою).
Факторларға, эмоционалды тонға, жалпы позициясына, вербалды емес белгілерге, диагностика нәтижелеріне қарап, професионалды талдау беру.
Кеңес алушының пайда болған мәселелерді ң парадигмсын бөліп шығару.
Мақсат қою Керек нәтижеге болжам беру. Оның тұрақтылығын анықтау. Клиентке керек нәтижеге жету үшін сұрақтар арқылы бағдар беру.
Шешім табу Жаңа позицияларды, қарым-қатынастарды, әдістерді қабылдау. Сәйкес келетін шешім табуға көмектесу.
Кеңес алушыны белсенділеу және оның позициясына әсер ету.
Нәтижелерін қортындылау Алынған нәтижелерін болжам нәтижелерімен сәкестендіру. Кейінгі қадамдардың болжамдау.
Позивтиті ойлау. Ары қарай артыруына ықпал ету.
Психологтың кәсіби іс-әрекетіндегі психотерапия ұғымы.
Рефлексия.Логотерапия.Гештальттерапия
Әлеуметтік- психологиялық тренинг.
Пихотерапия – іс шаралардың, адамның психикасына ықпал етудің жүйесі, психологиялық көмектің бір түрі, сондай –ақ сәйкес проблемаларды зерттейтін дәрігерлік және Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасының саласы. Психотерапияны психологиялық құралдармен жүйке –психикалық және психосоматикалық ауруларды және адамның (науқастың) бұзылыстарын емдеуді білдіретін дәрігерлік және дені сау адамға (клиентке) бағдарланған әрі оның психологиялық қиыншылықтарын жеңумен айналысатын дәрігерлік емес деп екге бөледі.
Терапевтер психотарпия дамуының үшінші сатысында науқастың мінез –құлқына едәуір үлкен мән береді. Науқас тұлғасына өте қатты ықпал етеді - өзінің келбетін жақсартып, оған айналадағылардың жауап беру – бермеулеріне қарамастан мінез –құлқы өзінеықпал ете бастайды. Олар тұлғаның бүкіл өмір барысында үздіксіз дамитынын айтады. Терапия адамның өмір және өзі жайлы түсініктерін қалайша өңдеп, мүлдем жаңа көзқарасты қалыптастырудың жаңа тәсілдерін, яғни нақты мағынада өз бетінше сауығу тәсілдерін қалайша ашатынын көруге көмектесуі қажет. Терапияның ендігі мақсаты – науқастың өздігінен сауығуына көмектесу.
Бұл тұрғының науқастарға барлығынан да жақсы көмектесетінін тұжырымдайды. Психотерапевт науқастың сезімдер мен өмірді қабылдаудың ерекшеліктерін түсінуге көмектесіп ғана қоймай, науқастың өзі жүзеге асыратын сипаттамалардың жаңаруын қабылдауға да көмектеседі.
Әдебиетте «психотерапия» ұғымының көптеген анықтамалары бар. Бұл көптеген психотерапевтік бағыттар мен іәдстердің бар болуымен байланысты. Чех ғалымы Станислав Кратохвилуға тиеілі ең ортақ анықтама психотерапияның – психологиялық әдістердің көмегімен әртүрлі ауруларды емдеу екендігіне нұсқайды. Ол аурулар психикалық процестер мен тұлғаға, сондай –ақ дене қызметтеріне де қатысты болуы мүмкін. Психологиялық әдістерге ең алдымен сөйлеу – тілі (үндемеу), эмоциялық қатынастар, үйретудің әрқилы түрлері, қоршаған ортамен манипуляциялау жатады.
Психотерапияның ортақ мақсаты науқастарға ойлауы мен мінез –құлықтарын өзгертуге, осылайша едәуір баққытты,өнімді болуға көмектесуде. Ол мақсатқа жету үшін терапевт неғұрлым жеке міндеттерді шешеді:
науқастың проблемаларын жақсырақ түсінуге көмектеседі;
эмоциялы үйлесімсіздікті жояды;
сезімдердің еркін айқындалуын қолдайды;
науқасты проблемаларды қалайша шешуге болатыны жайлы жаңа идеялармен қамтамасыз етеді;
ойлау мен мінез –құлықтың жаңа тәсілдерін терапевтік ситуациядан тыс тексеріп көруге көмектеседі.
Осындай міндеттердің шешілуінде терапевт негізгі үш әдісті қолданады.
Біріншіден, психологиялық қолдауды қамтамасыз ету. Бұл ең алдымен науқасты көңіл қоя тыңдап, оған сын жағдайда есептелінген кеңес беруді білдіреді. Қолдау науқастың күші мен іскерліктерін сезініп, пайдалануға көмектесуде анықталады.
Екіншіден, бейімсіз мінез –құлықты жою және проблеманы шешудің бейімді жаңа тәсілдерін қалыптастыру.
Үшіншіден, өзін өзі ашу мен инсайтқа, яғни мотивтерін, сезімдерін, дау –дамайлары мен құндылықтарын жақсырақ түсінуге ықпал ету.
. Феноменологиялық бағыт гуманистік деп те аталады. Эмоциялы бұзылыстар қабылдаудың бұрмалануынан немесе сезімдердің жеткілікті сезінілмеуінен тежелген қажеттіліктірдің өсуінің нәтижесі ретінде қарастырылуы бағыттың солайша бағалауының маңызды негіздемесі болып табылады. Гуманистік психотерапия терапия – дәрігердің жазып берген дәрі–дәрмегі емес әртүрлі адамдардың кездесуі деп тұжырымдайды. Ол науқастың табиғи өсуін қалпына келтіруге, өзінің шын мәніндегі келбетіне сәйкес және басқалардың ойынша қандай болуы тиіс екендігінен тәуелсіз қалай бола алатынын сезініп әрекет етуіне көмектеседі.
Феноменологиялық терапия да инсайттың туындауына ықпайл етеді, алайда мұндағы инсайт – бұл бейсаналы шиеліністердің емес дербес сезімдері мен түсіністіктердің сезілуі.
Роджерстің: шартсыз жағымды қатынас, эмпатия, конгруэнттілік атты таныма «триадасы» терапияның ең жақсы тәсілі болып табылады. Карл Роджерс психодинамикалық терапияда тәжірибеленуде биресми тұрғының едәуір тиімді екендігіне көзін жеткізіп, «бұйрықшыл емес терапияны» қолдана бастайды. Ол өзінің тарапынан бағыттамай, бағаламай, интерпретацияламай науқастарының не жайында және қашан айтатынын шешуге мүмкіндік береді. Бұл тұрғы қазіргі кезде «клиентке орталықтанған терапия» деп аталады. Оның негізінде маңызды үш принцип жатыр
2
6 №6 дәріс. Білім беру жүйесіндегі психокоррекция
Дәрістің мақсаты: Студенттерге психологтың кәсіби шеберлігіндегі психотүзету туралы түсіндіру.
Жоспары:
1.Психокоррекцияны ұйымдастыру үшін психологиялық ақпараттың алу ерекшеліктері.
2. Психокоррекциялық жұмыстың тиімді ерекшеліктері (С.М. Жакупов, Ф. Бизакова)
3. Психокоррекция түрлері
Психокоррекция бұл психолог жұмысының маңызды және жауапкершілігі мол әрекеті.
Психокорреция – бұл психиканың дамуы мен қызмет етуіндегі қалыптыдан қайсібір жағымсыз ауытқуларды мінез –құлықтық, эмоциялы, танымдық не болмаса адамға психологиялық проблемаларды тудыратын басқа да көріністерді бәсеңдетуді немесе жоюды мақсат еткен, адамның психикасына белсенді ықпал ету.
Психологиялық түзету бұл психологтың психикалық денсаулығы сау адамның кемшіліктерін түзетуде қолданылатын психологиялық әдістің жиынтығы (Р.С. Немов). Жеке тұлғаның дамуында ауытқуыбар балалармен жеткіншектерге психотерапияны қолдануға болмайды. Мұндай психологиялық көмек көрсету түрі арнайы психологияның, психопатологияның және педагогикалық коррекцияның дамуымен күшейді. Сірә, қалыпты даму және ауытқушылығы бар түзетулерді бөліп қарастыру қажет. Біріншісін психолог,ал екіншісін паотпсихолог, дефектолог, психоневролог, психиатр жүзеге асырады.
Біз психологиялық түзету баланың жас ерекшелігінің және жеке қабілеттерінің, оның оптимальді моделіне, психологиялық дамуына сәйкес келмейтін ерекшеліктерін түзететін психолог әрекеті деп түсінеміз. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық түзету жұмыстары бала дамуындағы кемшіліктермен ауытқуларды түзету немесе алдын алуды шамалайтын психологиялық педагогикалық ықпал жасау жиынтығы. Ол бір бірімен тығыз байланысты екі формада жүзеге асады: жеке ауытқуларға бағытталған (симптоматикалық), және осы ауытқулардың пайда болуымен себептерінен хабардар болу (этимологиялық).
Түзету жұмысын жүргізуші психолог мынандай схемамен жұмыс жүргізуі керек:не бар?, не болуы керек?, керекті нәрсе болу үшін не істеу керек?. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, психологиялық даму нормасын анықтап алу керек. Оның үш деңгейін талдап, жүргізу керек. (Г.С. Абрамова).
Нейрофизиологиялық деңгейде зерттелушінің функциональді ми құрылымының негізінде қорытындысын жасайды.
Жалпы психологиялық талдау деңгейі . Психиканың заңдылықтарамен механизімдері негізінде жұмыс істеу.
Жас ерекшелік деңгейі.Алынған нәтижелерді жас ерекшелігіне сәйкес келуін дәлелдеп, айқындауға көмек көрсетеді.
Шетелде психокоррекциялық мәселені екі түрлі жолмен шешеді: психодинамикалық және жүріс тұрыстық. Психология пәнінің парадигмасына байланысты сана және мінез құлық. Көрсетілген тәсілдер балалармен және жеткіншектермен жүргізілген психикалық түзету жұмыстарының әдістері, тактикасы, стратегиясы, мақсатымен байланысты.
Психодинамикалық тәсілге ойынтерапиясы, арттерапия, сонымен қатар балалар психоаналізі, жүріс тұрыс тәсілі оптимальді модельдердің қалыптасуымен байланысты. Жүріс тұрыстың және жаңаны меңгеру жолымен мінез құлық тренингі, когнетивті терапия ойлау образын өзгерту арқылы мінез құлықты модификациялау, өзін іс жүзінде көрсетуін дамыту. Психокоррекцияның психологиялық механизімі интериоризация болып табылады, яғни сыртқы әрекеттің (образды көшіру, инструкцияның орындалуы, және т.б.) ішкі әрекетке «айналуы».
Коррекцияның бағытымен меақсатын таңдау, яғни оның жүзеге асу стратегиясы үш негізгі принциптермен анықталады: нормативті даму, «жоғарыдан төмен қарай» түзету, психикалық әрекеттің жүйелі дамуы. Түзету жұмысының тактикасы, яғни алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін тәсілдермен амалдарды таңдау, бұл коррекцияның іс әрекет принціпінен шығады.
Нормативтілік принціпі психикалық даму заңдылықтарымен негізделген.
«Жоғарыдан төмен қарай» түзету принціпі жеке тұлғаның жақын арада даму зонасын басты назарға қояды. Принціпті жүзеге асыру үшін екі сітті ескеру қажет. Біріншіден, мұндай түзету жастың шынайы мінездемесін құрайтын жаңа психологиялық білімді қалыптастыру мақсатында құрылуы қажет. Екіншіден, «төменнен жоғары қарай» түзету жұмысының мақсаты баланың қол жеткізіп қойған нәрсесіне жаттығу жүргізу, ал «жоғарыдан төмен қарай» түзету принціпі, баланың жақын арада меңгеруі тиіс нәрселерін белсенді қалыптастырып, алдын ала біліп отырады.
Жүйелілік принціпі онтогенездегі күрделі жүйелі психикалық дамудағы қажеттіліктерді есепке алу.
Психологиялық түзету ауытқуды түзетуге арналған болғандықтан бала бойындағы қиындықтардың пайда болуын түсіндіруші әр түрлі модельдер бар:
Биологиялық модель ауытқулардың пайда болуын ағзаның жетілу типінің төмендеуімен байланыстырады.
Медициналық модель дамуында ауытқуы бар мәселелерді қарастырады.
Педагогикалық модель қиындық себептерін әлеуметтік және педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалар.
Әлеуметтік психологиялық модель қиындықтың пайда болу себептерін баланың қарым қатнас жасайтын ортасынан деп түсіндіреді.
Психологиялық модель өз жасына лайықты іс әрекет түрлерін орындай алмауына қарап бағдар жасап, себептерін іздейді.
Психокоррекциялық жұмыста да, психотерапияда да әңгіменің сәйкес формалары қолданылады. Алайда, психологиялық консультация психокоррекциямен және психотерапиямен сырттай біліміне қоймасшекарамен өзгешеленеді де, тек шартты түрде бөлінеді. Психокоррекциялық және психотерапиялық әсерлер адам өміріндегі көптеген қиыншылықтарымен қақтығыстарына негіз болатын терең, жеке бастық мәселелердішешуге бағытталады.
Психокоррекциялық жұмыстың тиімді ерекшеліктері (С.М. Жакупов, Ф. Бизакова, 2004)
Тәжірибелі психолог маман психодиагностикалық өңдеу көрсеткішінен алынған нәтижені негізге ала отырып, жеке бас дамуын қалыптастыруға коррекциялық жаттығуларын қолданады. Психолог маман жұмысының тиімділігін талдау, балалармен нақты өзара әрекетті ұйымдастыру және оны жүзеге асыру болып табылады.
Психокоррекциялық жұмыста «коррекция» терминінің кең қолданымға енуі ХХ ғасырдың жетпісінші жылдарынан басталды, тура аудармасы «исправление-түзету» деген мағынаны береді.. Психолог жеке тұлғаның мінез-құлқы мен сапаларына, белгілі әсер етуде түзету жұмысына бағдарлама құрады. Бағдарлама құрылымы психологиялық және педагогикалық екі бөлімде қарастырылады. Психологиялық бөлімінде психолог жеке жұмыс жоспарын жасап, оны жүзеге асырады. Ал педагогикалық бөлімінде психолог басқа мамандармен – мұғалім, тәрбиеші және ата-анамен біріге отырып, психологиялық ұсыныстар құрастырады. Р.С. Немовтың пікірінше «психокоррекция» ерекшелігі –психикасы сау адамның мінез-құлқын реттеуге әсер ету және оның жетіспейтін тұстарын жетілдіруде психологтың қолданатын психологиялық тәсілдерінің жиынтығы.
Психокоррекцияның басқа бағыттардан ерекшелене сипатталуы:
психикасы сау адамдарда біріншіден күнделікті өмірде шешілмеген мәселелері болады, психологиялық қиындықты сезетін, ашулана оған шағым жасайтындар, ал екіншіден өзін жақсы сезінетін, сондай-ақ жеке бас дамуын талпыныста ұстап, өзгеруге дайындық деңгейдегі индивидтерге жүргізіледі .
мінез-құлқындағы ерекшелікке коррекциялық жұмыстарын жүргізерде , психикалық саулығы ескеріледі.
психокоррекция жұмыстары жеке тұлғада нақты шамада бүгін және ертеңге бағытталады.
орта мерзімде көмек беруге бағытталған (психологиялық көмек индивидті қабылдау 15- реттен аспайды).
психологтың жұмысы индивидтің құндылық қорына негізделе құрылады.
әсер ету деңгейі индивидтің жеке бас дамуы мен мінез-құлық өзгеруіне бағытталады.
Психокоррекциялық жұмыстың мақсаты –баладағы психикалық даму заңдылықтарын түсіне отырып, үлкендермен серіктестікте жүргізілетін белсенді әрекет түрі.
Психокоррекциялық мақсат үш бағытқа негізделеді:
1.Әлеуметтік даму жағын ықшамдау.
2.Балада іс-әрекет түрлерін дамыту.
3. Жас және психологиялық жаңа білімді қалыптастыру.
Психокорекцияның негізгі міндеттері:
Жеке бас дамуына қажетті когнитивті (ақыл-ой), эмоционалды және мінез-құлықтық өрістер бірге қарастырылып, субьектінің мәдени және жас ерекшелігі ескере отырып, ішкі ресурстарды белсенділеу болып табылады.
3. Психокоррекцияның түрлері:
-сипатына қарай симптомды (ауру белгісі ) және каузалды (себеп ) деп бөлініп, дер кезінде дамудағы кедергіні анықтайды.
-ұзақтығына қарай : тым қысқа , қысқа және ұзақ, тым ұзақ болып келеді. Өзекті мәселені шешуге қажетті бір немесе бірненше сағаттар, айлар сондай-ақ кейде жылға созылуы мүмкін.
-міндеттің ауқымына қарай: жалпы, жеке және арнайы болып бөлінеді.Кешенді ұйымдастырылған жұмыстар жеке, жалпы және арнайы топпен жүргізіледі.
-мазмұнына қарай : танымдық өрісі, жеке тұлғалық, аффектілі-еріктік, мінез-құлық тұрғысынан, тұлғааралық қатынасынан, топ ішілік ата-ана мен бала қатынасынан тұрады.
-жұмыс түріне қарай : жеке ,топпен, табиғи жабық топпен ( ұжым, отбасы, ерлі –зайыпты)
-бағдарламаға байланысты: бағдарламалық және жанынан шығарған еркін тақырыптар.
-әсер етудегі басқару: директивті және директивті емес болып қарастырады.
Білім беру мекемелерінде психокоррекциялық жұмыс психологиялық-педагогикалық әсер тұтастығы оны түзетуде, бала дамуындағы бұзылыс пен жетіспеушілікке ағарту жұмыстарын қолдану.Ол екі байланыста көрінеді: симптомдық жеке ауытқуға және этимологиялық шығу себебіне бағытталған.
Психолог коррекциялық жаттығуларымен айналысқанда келесі тізбекпен жұмыс жасайды : а) не бар? б) не болу керек ? в) қажетті нәрсе болу үшін, не істеу керек ? Оған жауап беруде психиканың дамуын үш деңгейде қарастыра, түсінік беру мен талдаудан тұрады (Г.С.Абрамова )
Нейрофизиологиялық деңгейде психолог құбылысты ми қызметі туралы білім негізінде зерттеп, ми шабуылын басты ұстанымдарға, ми қабығы мен психикалық қызметке бағыттайды.
Жалпы психологиялық талдауды психика қызметінің механизмі мен заңдылықтары негізінде алынған көрсеткіштер қолданылады.
Жас-ерекшелік психологиялық деңгейінде жеке тұлғаны жас және дара ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіре нақты талдайды.
Психокоррекциялық мәселеге әдіснамалық негізді шет елде қабылдап, оны екі үлкен топқа бөлді: психодинамикалық және мінез-құлықтық, психология пәні оны бағытына қарай сана және мінез-құлықта қарастырды. Бұл ықпал бала мен жеткіншекте жүргізілетін психокоррекциялық жұмыстың мақсаты, стратегиясы және әдістерін ескертеді. Психодинамикалық ықпалда қолданылатын ойын терапиясы, арттерапиясы және бала психоанализі бойынша ерекшеленсе, мінез-құлықтық терапияда қарастыратын балада мінез-құлық дағды жолдары туралы білімді (жетондық бағдарлама), бейімделуге үйлесімді моделдерді , орындаушы біліктілігін дамытуға
(мінез-құлық тренингі), өзіндік реттелуге (скилл –терапиясы) қалыптастырды. Іс-әрекеттік ықпалда отандық психологиялық мектепте арнайы білімді іс-әрекетте ұйыдастырады, коррекциялық жұмыста ішкі және сыртқы белсенділікті басқару мен бақылауды жаңа деңгейге көтеру арқылы психологиялық құралдарды меңгереді (Л.С.Выготский, А.Р.Лурия, П.Я.Гальперин). Психокоррекциядағы психологиялық механизм деп интериоризация (импорт) сыртқы әрекетті (көшірме жасау, нұсқау бойынша орындау, көрсету) оны ішке қарай «айналдыру» (Л.С.Выготский). Осы бағыт бойынша іс -әрекеттің жоспарлы әдістемесіне балалар мінез-құлқына ойын коррекциясы және психогимнастиканы қалыптасыруға болады.
Психокоррекциялық әдістер топтамасы
(А.Л.Гройсман топтамада белгілер сапасы ретінде ми беделі, биологиялық гомеостаз, коррекция обьектісі мен заты, сипаты, бағыты және ұстаным әсерін енгізді).
а) мидың физиологиялық беделі бойынша:
сергіту - тоқтау-
түсіндіру; өзіндік илану;
көз жеткізу; ұйқыға кетер алдындағы күйде сендіру
нұсқаулық реттеу; (босаңсуда);
ақылды реттеу; ұйқыдан оянар алдында сендіру;
беделмен сендіру( арбау ); ұйқы үстінде сендіру (парадоксалды фаза);
эмпатиялық тыңдау,сезіну; әдістерді босаңсу және нашақорлық жағдай деңгейінде
қолдану
б) биологиялық гомеостаз бойынша:
қалыпты жағдайда;
стрестік жағдайда;
в) Әсер етудің бағыты мен сипатына қарай:
дамыту;
белсенділеу;
белседілікті түсіру;
икемдеу;
г) психикалық процестерге әсер ету артықшылығы:
иматотренинг (қиялды);
ментальді тренинг ( ойлау );
Эмоционалды –еріктік жаттығу ;
д) қатысушылар санына байланысты:
Осы барлық жұмыс түрлері практикада бірлік түрінде кездеседі.
топтық ( микро, макро , медиатоп );
жекедаралық;
е) әсер ету ұстанымына қарай;
гетерогенді ( басқаларға );
аутогенді ( өзіне );
ж) өнер құралдарын қолдану арқылы :
изотерапия (сурет, құрастыру, жапсыру, саз балшық);
библиотерапия (кітаптар , авторын ұсыну);
музыкатерапия ( әуен тыңдау, айтқызу);
би терапиясы ( билету, қимылдарды қайталату);
денеге жанасу терапиясы ( екі адам бірге жасау);
Жекедаралық коррекция жұмыстарында қолданылатын әдістер:
Көз жеткізу әдісі – клиенттің сын көз-қарастары арқылы, фактілерді логикалық негізде қортындыға келтіру арқылы қайта санасына әсер ету.
Сендіре білу әдісі: мәселе сипатына қарай клиентті дауыс ырғағының ықпалы арқылы, дене бітімінің күйі , жағдайды есепке ала отырып сендіруді жүзеге асыру.
Сұхбаттасу әдісі: ауызша түрде әлеуметтік – психологиялық ақпарат көмегіне сүйену.
Бақылау әдісі:клиентті мұқият тыңдау (колибровка) сыртқы және ішкі сезімін бақылай отырып талдауға келу.
Психологиялық қолдау көрсету: эмпатияны вербалды және вербалды емес деңгейде қарастырады.
Диалог әдісі жиі қолданылатын екі адам арасындағы ұқсастану ( подстойка)деңгейінде қолданылады.
Ену немесе алып кету әдісі: санада содан бейсанада қайталау арқылы сенімге ену, артынан өзіңмен мәселеге байланысты алып кету.
Психокоррекциялық жұмыстың кезеңдері.
Психокоррекцияға анамнез (ақпарат ) жинақтау;
А) Әңгімелесу;
Б) Психодиагностика.
Психологиялық диагноз қою (жас мөлшері мен әлеуметтік мәдени ерекшелігін ескерту)
Ықтимал немесе шартты – қалыпты болжам қою.
Психокоррекциялы іс шараларды жоспарлау (таяудағы даму аймағын ескеру)
Психокоррекциялық іс шараларды жүзеге асыру
Коррекциялық жұмысытың нәтижесін бағалау
Мәселенің қайталанбауын алдын алу.
Психокоррекциялық бағдарламаларды құрастырудағы негізгі ұстанымдар.
Психокоррекциялық бағдарлама құруда ескерілетін ұстанымдар: жас және жекедара дамудың психологиялық ерекшелігін есепке алу, жүйелілік, бірлік және іс-әрекет, күрделендіру ұстанымымен қатар, Л.С. Выготскийдің енгізген «таяудағы даму аймағы» есепке алынып «жоғарыдан төмен» және «төменнен жоғары» ұстанымы негізінде құрастырылады ((С.М. Жакупов, Ф. Бизакова бойынша). 2
7 №7дәріс. Психологиялық ағарту
Дәрістің мақсаты: Студенттерге жалпы психологиялық кеңес туралы теориялық түсінік беру.
Жоспары:
1.Психологиялық ағартушылық туралы ұғым
2.Мектептегі психологтың диагностикалық жұмыс ерекшелігінің психолог- зерттеушіден айырмашылығы.
3. Психопрофилактиканың мазмұны психологтың жұмысында қандай?
1.Психологиялық ағартушылық:
Психопрофилактикаға және психологиялық кеңес беруге мұғалімдердің психологиялық ағартушылық іс-әрекет жұмысы жатады.
Психологиялық ағартушылық-мұғалімдердің, ата-аналардың, әкімшіліктің, оқушылардың психологиялық білім арқылы бір-бірімен қатынас жасай алуын тудыру. Мұғалімдерде психологиялық білім мен дағды жайлы өте аз біледі деп айтуға болады.
Мұғалімдердің өзінде психологиялық білімдер және дағдылар жетіспейді. Сонымен, психологиялық ағартушылықта психологтың міндеті:
Мұғалімдер мен ата-аналарға педагогикамен, балалық негізімен, әлеуметтік психологиямен таныстырады. Ал, білім алушыларды- өзін-өзі тәрбиелеу негізімен таныстырады.
Жаңа психологиялық зерттеулердің нәтижесін анықтау.
Психологиялық білімде қажеттіліктерін қалыптастыру.
Бұл жерде әңгімелесу, лекциялар, семинарлар және т.б. қолдануы мүмкін. Сондай-ақ барлық осы жұмысты мектеп психологының өзіне жүргізуге міндетті емес. Дегенмен, мамандарды шақыру мүмкін, бірақ бұл формалардың мазмұнын мектеп психологы шешеді: лекциялар, семинарлар, әңгімелеудің маңыздылығы тек абстрактті – теоретикалық деңгейде емес. Ал, мектептің нақты проблемаларын өзінің талғауға пәні болса.
Сонымен, мектеп психологының жұмысын негізгі түрлерін анықтадық. Олар: психопрофилактика, психодиагностика, психокоррекция, білім алушылар бойынша жұмысы, психологиялық кеңес беру және психологиялық ағартушылық.
2. Психодиагностика қызмет жүйесінде, өзінің прициптік ерекшеліктері бар. Зерттеу қатарында бірінші кезекте психодиагностиканы «ғылыми-зерттеу» мен «ғылыми-тәжірибиеден» ажырату жатады. Егер бірінші тапсырма – психикалық дамудың белгілі бір заңдылығын тіркеу болса, онда екіншісі мақсат – нақты сұраққа жауап беру нақты психикалық пайда болулармен бұзылыстарын табу болып табылары. Сондықтан да диагностика белгісі, практик психолог үшін өз мақсаты болып табылмайды, ол әрқашанда басты тапсырмаға сүйенеді – ол баланың психикалық дамуын рекомендация бойынша өңдеу немесе осы дамуды коррекциялау.Сонымен, мектептегі психодиагностика өзінен өзі мәнсіз, тек оның мәліметтері керек мыналар үшін:
Баланың психикалық даму диагностикасына бақылауын қамтиды, яғни, балаларға арналған орталықта оқып және тәрбиеленіп жатқан балалардың мүмкін болатын ауытқу дамуын ертерек түзету.
Психологқа балалармен әрі қарай жұмыс жүргізу үшін, яғни сол жұмыстын кейінгі программасын білу үшін мүмкіндік беру, яғни дамудың оптималды шартын құру мақсатында әлсіздер мен күштілердің дамуы, яғни оларды жоғарғы деңгейге көтеру.
Ерекше қабілеттерді табатын қатысушылардың продуктивті даму деңгейінің бағыттылығы.
Психологтың өткізіп отырған психипрофилактикалық жұмысының эффективтілігін тексеру.
Салыстырмалы психологиялық анализ жүргізу, әртүрлісі жүйе, әдістер, тұрғылар олардың дамуының эффективтілігін білу үшін.
Сол мектеп үшін ең актуалды тематиканы ағартушылық үшін таңдау және тағы басқалар.
Сондықтан мекткпке психологиялық қызмет дегенге келгенде, тек ғана, диагностика, коррекция немесе дамуымен жүрмейді екен. Мектеп психологының іс-әрекетінде олар бір ғана жұмыс түрі болып келеді: диагностика – коррекциялық немесе диагностика – дамушы деп.
Сонымен қатар мектеп психологы тек қана диагноз қоймайды және солардың және басқалардың кейінгі даму тұлғалардың программасын қайта өңдейді, яғни бірақ олврдың берген рекомендациясын қалай жасайтынын бақылайды, ал белгілі бір бөлімде өзі яғни психолог, коррекциялық; даму деңгей жұмысыменжұмыс жасайды.
Мектептег психологиялық қызметтің, психодиагностикалық спецификасы мынаған байланысты; біз оны классификация әдісі ретінде және адамды психологияның психофизиологиялық белгі бойынша рангілеу дисциплинасы ретінде қабылдай алмаймыз және біз бұл бекітумен келісе алмаймыз, яғни диагностика теоретикалық немесе практикалық зертеулерде қолданыладыма, оның мақсаты; мынадан бекітіледі, яғни топ туралы немесе жеке туралы және осы екеуінің айырмашылығы туралы психологиялық қортынды береді; және онда да мұнда да салыстыру жүреді. (15,с.19)
Диагностикалық мектептегі психологиялық қызметтегі негізгі, басты міндеті – балаларды бір –бірімен салыстыру емес (бірақта бұл өте қажет), тек нақты бір баланың ішкі әлеміне енү, кіру керек. Практик психологтың алдында мындай міндет тұр, ол нақты бір баланың танымын және қиын білім әлемін қабылдауын, әлеуметтік қарым – қатынасын, басқа адамдарды және өзін қабылдауы, қалай мектеп оқушысының нақты қарым – қатынасының, оның индивидуалдылығының дамуын зерттеу болып келеді.
Диагностика жұмысын жүргізгенде, психологияның проблеманы аңықтау ептілігі болу керек, дұрыс сұрақ қою керек, қатысушылардың, яғни муғалімдерден, ата – аналардан керекті ақпарат алу керек және сол ақпараттын анализ жасап тұжырымды қортынды шығару керек.
Мектеп психологиясының диагностика – коррекциялық іс-әрекетінің процедурасы өте әлсіз өңделінеді. Мұндай процедураны бірінші рет Л.С: Высотский педогогиялық зерттеу жүйесі ретінде, қиын тәрбиеленетін және қалыпсыз балаларды зерттеу жұмысында алған (12,с.299-321). Осы жүйе – негізінде Й. Шванцара өзінің эксперементалды – психологиялық тәсілін өңдеп шығарды, тұлға даму дианостикасында. (41). Американ әдебиетінде де мектеп психолоының диагностикалық жұмыс қадамы көрсетілді (44).
Көрсетілген өңдеулер бойынша және де Москвалық мектеп психологтарының тәжрибелерімен, диагностика – коррекциялық жұмысты этапын іске асырамыз.
Практикалық запросты зертте;
Психологиялық мәселені тұжырымдау;
Ұсынылатын гипотеза себебін бақылау құбылысы;
Зерттеуді таңдау әдістері;
Әдістерді қолдану;
Психологиялық диагносттың тұжырымдамасы, ауа райын егіндетті түрде ұстау, яғни прогноз екі бағытта жүреді: 1) Егер баламен уақытымен жұмыс жасау шарты болса; 2). Егер баламен уақытымен жұмыс жасалынбаса;
Рекомендацияны, яғни қатысушылырадың психокоррекциялық немесе дамыту жұмыстарын өңдеу болып келеді.
Осы програманы іске асыру;
Солардың орындалатынына бақылау;
Бәрімізге зейінді бұл схеманың қаттылығына аударуымызға болатын еді. Шындық өмірде психолог әрқашанда жазып алып, белгіліп жүрмейді, яғни қайса этапта диагностика – коррекциялық жұмыс тұратынын. Сонымен қатар әр қашан уақыттың шығымының айырмашылығы болады. Бірақ әрқашан оның бір тұтастығымен беріліздігіне бағдар болу керек.
3.Психопрофилактикалық жұмыс бұл- мектеп психологының аз түрде өңделген іс-әрекет түрі, дегенмен мектеп психологиялық қызметке қатынасы бар барлық ғалымдар мен практиктер осының керектігін мойындайды.Психологиялық прафилактика жайлы біз айтамыз егер, білім алушылардың тұлғалық дамуы және психологиялық болатын сәтсіздікті ескерту арқылы психолог өзінің білімі және тәжірибесі негізінде жұмысы жүргізіледі. Негізгі қиыншылығы осы жұмыстың педагогикалық ұжымда және ата-аналардың психологиялық дайын болмауымен қорытындылайды. Неліктен бұл болады? Бөлек білім алушылармен де, тұтастай сынып оқушылармен де мектепте қаншалықты ашық проблемалар бар. Ал, психолог енді шығып жатқан қандайда бір қиыншылықтар туралы айтып жатыр. Қиындықтан шыға алатынын немесе шыға алмайтыны жайлы мұғалімдер мен ата-аналардың ойы бойынша : тек сол қиындықтан өтуі. Мұндай ой-пікірге психолог бармау керек. Осы сәтте болып жатқан проблеманы шешу негізгісіне, халықтың біліміне сезілетін пайдасын әкелетін және дамуын психологиялық қызмет әкеле алмайды. Ол осы проблемалардың пайда болуын болжау керек және сол проблеманың пайда болдырмауы арқылы белгілі бағыт бойынша жұмысты жүргізу керек. Басқаша айтқанда баламен жұмыс істеу кезінде қиыншылық жоқ кезде психопрофилак тикалық іс-әрекет жұмысын бастайды. Психопрофилактикада инициатива тұтастай және толығымен психологтың өзінен шығады. Бұл жерде « өзіне сұрақ » түрін бақылаймыз. Психолог өзінің білімі негізінде не туралы ескерту жөнінде, нені өзгертуге, кеңес беруге оқушыларды тәрбие мен оқу жағдайын оңтайлы қылып алдын ала ескереді. Ол осы жағдайдың иесі.
Психопрофилактиканың мазмұны психологтың жұмысында қандай?
Психолог мектептегі оқу мен тәрбиелеу психологиялық жағдайды сақтауды қадағалайды. Яғни, әр жастық деңгейде білім алушылардың тұлғалық қалыптасуы және қалыпты психикалық дамуы. Мысалы: білім алушылардың ауыртпалық психологиялық ескерту жұмысын жүргізеді. Олардың көп сағатты ұжымда болуы, қысым мен жұмыс істеуі, бақылау жұмысынан қорқуы, тақтаға шақыруы және т.б Көптеген білім алушылар білім ауыртпалығын сезінеді, олар психологиялық себептермен шарттасқан: дағды және оқуға үйрену интеллектуалдық қалыптасуының жетіспеушілігі, оқу мотивациясының жағымдысының жоқ болуы, танымдық белсенділігі дамымаған, көптеген білім алушылардың адекватты емес өзін-өзі бағалауы көрсетілген. Мұндай жағымсыз құбылыстарды мектеп оқуының басынан бастап арнайы психологиялық жағдайда ескеріледі.
В.А Сухомлинский былай деп айткан: егер қалыпты бала қандай да пәннен табысқа жетпесе, жақсы көретін пәні болмаса, онда мектеп өзінің міндетін атқармады. Бала дамуының қалыпты психикалық жағдайының бірі болжайды: әр оқушыда өзіне ұнайтын пәні болады немесе қандай да бір іс- әрекет түрі болады. Берілген пәннің қызығушылығы білім алушылардың тобын анықтауға әр пән оқытушыға психолог көмек береді. Оларға қосымша әдебиеттер мен тапсырмаларды беруге болады. Бұл сыныпқа интеллектуалдық фонды жасайды, білімге деген қызығушылықты дамытады, оларды білім алушылар тартымды және бағалы етеді, қабілеттері мен таланттарын дамытады, болашак маманын таңдау негізін қалыптастырады.
Сыныпта 30-35 оқушы, оқу пәндері 10-12. Әр мұғалім өз пәні бойынша 4-5 баланы бөледі, оларды арнайы тапсырмалар мен, қосымша әдебиеттермен қызықтыратын болса, онда сыныпта қызығушылығы жоқ бала қалмайды. Ал, егер олар болса, онда бұл жерде психолог мұғаліммен және сынып жетекшісімен себептің түбіне дейін жету керектігін қажет етеді. Білім алушылардың мамандыққа бейімделу бойынша мектеп психологының жұмысы келесі кезеңді кіргізеді.
А) Оқушылардың қабілеттері және ерте қызығушылық диагностикасы (I-IV сыныптар), қабілеттер және қызығушылықтардың дамуы бойынша өмірлік программаны жүргізу және өңдеу.
Б) Кішкентай жеткіншектердің ынтасы және қабілеттер диагностикасы, олардың программаларының ары-қарай дамуын жүзеге асыру.
В) VII-VIII сыныптағы білім алушылар кәсіби ниетінің қалыптасуы, психологиялық негізін және тулғалық қасиетін таңдалынған маманын талап етумен сәйкесін зерттейді.
Г) Оның дифференциация байланысы ары-қарай оқу программасын анықтау бойынша жоғарғы сынып оқушыларға кеңес беру жұмысы.
Д) Жоғарғы сынып білім алушылардың тұлғалық өзін-өзі анықтау және кәсіби коррекция және диагностика.
1. Психикалық даму жағдайының орталығының бірі – мектептегі орайлы психологиялық климат. Психолог педагогикалық ұжымда қарым-қатынас формасын оптимизировать етеді, білім алушылар мен педагогпен қарым-қатынас формасын жақсартуға, ата-аналар мен балалары және білім алушылардың арасындағы мүмкіндікті тудырады.
2. Білім алушылардың келесі жас кезеңіне өтуінде болатын қиыншылықтармен ескертуге психолог өзін үлкен түрде зеиінің аудару керек. Жауапкершілікті жастық даму кезеңі ол-өтпелі жас кезеңі болып табылады.
Психолог ең алдымен баланың мектепке түсуіндегі өз астында бақылауды алады. Бұл әсіресе 6 жастағы баламен байланысты оқуға деген өзекті мәселесі болып табылады. Психолог 1-ші сыныпқа қабылданған балалардың мектеп оқуына дайындығында өзінің белсенділігін көрсетеді. Кіші жастағы бала психологиясын зерттейтін, барлық зерттеушілер баланың мектепкеи дайындық маңыздылығын мойындайды. Мектеп жасына дейін табиғи әуестігін қанағаттандыру үшін керекті тамағын алуға, әрдайым жаңа нәрселерді білуге, жаңа сұрақтар, жаңа қызығушылықтардың пайда болуы, осылар арқылы бала өмірін үйымдастыру керек. Бірінші сыныпқа дайын болып келетін бала ол яғни мектеп жасына дейінгі баланы дайындағаны. Әрине, мектеп жасына дейін дайындық арқылы ары-қарай оның сәтті сәтті емес оқуын түсінумізге болмайды. Жеткіліктік емес түрде басында дайындалған балалар, соңына қарай өзінің құрдастарын озып, жетіп алады. Дегенмен де мектепке дайындалған балалар бірінші сыныпқа келгенде оң тайлы жағдайда болады. Оларда білімге деген қызығушылығы оянған, оларда оқуға, есепке қандай да бір дағдылары бар, (қарапайым), сұрақтарға жауап беруі, ойлауы, өздерін еркін ұстайды, белсенді, олар оқыған нәрсесін айтады, көргенімен бөліседі, қоңырау кезде сыныптастары оны қоршап, әңгімесін қызығушылықпен тыңдайды. Осы балалар бірінші сыныптан бастап, мұғалімнің сенімін және өздерінің сыныптастары арасынан авторитетті жаулап алады.
Мектепке дейін дамуға аз зейінін аударған балалар қиын жағдайға түседі. Оларға өтілген программалық материал бойынша жетіп алу керек. Сондықтан да, мектептегі балалардың оқуға деген психологиялық дайындық бағасы профилактиканың негізгі түрі болып табылады. Психолог тек қана баланың формалды мектепке дайындығына зейінің аударып қана қоймай, оның арнайы психологиялық негізіне көңіл бөлу керек. Яғни, мектепке түсуге бала қалай қарайды, құрдастарымен қарым-қатынас тәжірибесі болды ма?, бөтен адаммен сөйлескен кезде, өзін тұрақты ұстауы,оның танымдық белсенділігі қаншалықты дамығаны,мотивациялық негізі қандай? және т.б.
Психологиялық профилактика:
Баланың жеке адам болып қалыптасуы мен дамуына үлкен әсер етеді.
Нақты жағдайда болатын қиындықтарды проблемаларды дер кезіңде айқындайды.
Бұл профилактика әр жасқа өту кезіңдегі қиындықтарды ескерту кезіңде маңызды.
Психологиялық-педагогикалық консилиум:
Психопрофилактикалық жұмыста перспективті әдістерінің бірі психолого-педагогикалық консилиум болып табылады.
Педагогикалық консилиумде психологтың міндеті-оқушының интеллектуалды даму бағалауына жан-жакты келуіне мұғалімге көмек беру. Яғни, тұлғасының негізгі сапалығы, жүріс-тұрыстың қиндықтарын көрсету, қарым-қатынасы, өзін-өзі бағалау мәселесін ашу, мотивациясы, танымдық және басқа да қызығушылықтар ерекшелігі, эмоционалды дайындық. Педагогикалық консилиум бөлек білім алушылардың мүмкіншілігін бағалауында субъективизмнен қашуға көмек береді, бірегейлі әреке программасын салуға және оларды объективті түрде бағалауға көмектеседі. Осы жерде ескерту керек . Мұғалімдерде сол немесе басқа оқушылар жайлы жиі қатаң немесе бір мағыналы ой қалыптасады. Мұндай ойды өзгерту оңай емес. Оқушы не істемесе де, барлық оның әрекеті және мұгалімге деген нұсқауы арқылы қарым –қатынасы қабылданады. Сондықтан да, косилиумды жүргізуде, жұмыстың нәтижесі шынында пайдалы болса, онда мұқият дайындықты талап етеді, кейіннен мектеп психологы бірнеше міндеттерді шешуге жоспарлайды:
Педагогикалық ұжымға баланы жан-жақты көрсету. Оның күшті және жағымды жақтарын міндетті түрде атап кету керек.
Психолог оқушы жайлы айтқанда, әр мұғалімнің түсінушілігіне жету. Консилиумды өткізер алдында, мұндай қиын міндетті жәймен, абайлап шешу керек.
Мұғалімде өзінің педагогикалық әрекеттерінің дұрыстығы мен оқушыны бағалауының дұрыстығындағы күмәнділігін ояту маңызды . Оларды шамамен мынадай сұрақтарға әкелу керек. «Егер анықтап қарайтын болсақ, баламен не істер едік ? Сынып сағатында өңделді, жиналысқа ата- аналар шақырылды, мен осы шының не армандайтынын және неге қызығатынын білемін бе? Ол не оқиды? Кандай фильмдерді көруді ұнатады? Оның үйіндегі жағдай қандай? Ол нені жақсы көреді және нені жасай алады?: шаңғы тебу, жануарларға қамқорлық, шахмат ойнау, сурет салу, мүсіндеу?... Ол баланы қашан болмасын мақтады ма? Басқа балалар алдында оны үлгі етіп ұстады ма? Оған маңызды тапсырма берді ме? Оның досы барма, немесе жоқ боса, оған дос табылуға көмек көрсетілді ме? Сонымен, ол оқушымен мектепте еш қысымсыз жайлы әңгімелесу болды ма? » Осындай сұрақтарды мұғалім өзіне қойған кезде оның оқушыға деген субъективті бағыты өзгеріп, өзін-өзі бағалауы және өзін-өзі тануы қайта өңделеді: Мен кіммін? Менің қасымда адам гой, мен оған жауаптымын, бірақ мен оны білмеймін... Бір нәрсені өзгертуге болады ма? Білімді меңгеру барысындағы адамның өз бетімен әрекеті оның субъективті тәжірибесіне гуманистикалық психология көп мән береді.
« Жаңа субъективті білімді меңгеріп, оны басқа адамға жеткізуде көп қиындықтар т уындайды» - деп Роджерс жазады. Бұл тәжірибеден адам өзі өту керек, мұны тура жолмен беруге болмайды, ол туралы айтуға болады, оған жағдай жасауға болады, осындай тәжірибені жинақтауға жеңілдік жасауға болады, бірақ оны бір адамның басынан екінші адамның басына тура сондай-ақ қылып салу мүмкін емес. Сондықтан көбісі ойдаудың үйреншіктенбеген түрінен қашады: бұл қиын және ауыр. Және сондықтан да бұлар адамдар жаңадан үстіртін қашады.
Психолог оқушының бойынан барлық бағаны түсіреді. Оқушы жақсы немесе жаман емес. Ол қандай және біз ересектер сол оқушыға көмек көрсетіп, қолдап, бағыт-бағдар беріп оны сол қалпында қабылдауымыз керек. Оқытушыларға оқушылардың тұлғалық проблемаларын түсіндіру керек. Және оқытушылар оқушылардың бойындағы тұлғалық ерекшеліктеріне, ішкі жан қобалжуына назар аударып, оларға қолдау көрсету керек. Әр оқушыға ұстаз тарапынан қолдау көрсетіліп қызығушылық танытылып жатса, оқушылырдың дамуы және оқытушылырдың дамуы жүзеге асады.
Психологиялық ағарту жұмыстарының маңыздылығы.
Психологиялық ағарту адамдарды психологиялық білімге тарту деп анықталады. Психологиялық ағарту жұмыстарының міндеттері төмендегідей болады:
1. Ұжымдағы адамдармен өзін-өзі тәрбиелеу, дамыту, өзін-өзі тану, өзіндік сана –сезім негіздерімен таныстыру.
2.Психологиялық ғылыми жаңалықтарды, зерттеулерді көпшілік қауымға жеткізіп отыру.
3.Ұжымдағы адамдардың психологиялық білімге деген қажеттіліктерін, оларды тәжірибеде, әр түрлі жағдайларда дұрыс қолдана алуға деген ұмтылыс- ниеттерін жетілдіру.
Психологиялық ағарту жұмыстарының басты формалары: :
а) лекциялық дәрістер оқу.
б) сұхбат, әңгімелер дайындау.
В) семинарлар ұйымдастыру
Г)психологиялық ғылым-білімге қатысты көрмелер ұйымдастыру.
Д) конференциялар ұйымдастыру
Е) конкурстар жүргізу.
Ж) кештер ұйымдастыру.
З) газет-журналдар шығару.
С) әдебиеттермен танысу.
Мекемедегі психологиялық ағарту жұмыстарын практикалық психологтың бір өзі ғана атқаруы шарт емес. Ол психологиялық ағарту жұмыстарын басқа мамандармен мектеп басшысымен, пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен, ата-аналармен ) бірлесе жоспар құрып, ұйымдастырып, жүргізе алады.
Психологиялық ағарту жұмыстары абстрактілі –теориялық сипатта болмауы керек. Психологиялық ағарту жұмыстары нақты жағдайларға қатысты мәселелердің шешіміне қатысты болғаны жөн. Психологиялық ағарту жұмыстарын көрнекілікпен барынша оптимальды әрлеп, аудио- видеоаппаратуралар мен басқа да құралдарды пайдаланған тиімді болады.
2 . Психопрофилактиканы индивид психикасының дамуына және психологиялық денсаулықты арттыруға бағытталған тәжірибелік психолог пен психология пәні оқытушыларының іс-әрекетінің ерекше түрі деп қарастырамыз.
Олай болса психологиялық қызмет көрсетуде психопрофилактикалық жұмыстардың маңызы өте зор. Алайда психопрофилактикалық жұмыстар тәжірибелік психологтар мен психология пәні оқытушыларының іс- әрекеттерінің бір түрі ретінде ғылым мен тәжірибеде көп қарастырылмаған .
Дегенмен болашақ практикалық психолог жұмыс барысында психопрофилактикалық жұмыстардың әр түрлі формаларын іс жүзінде көріп, өзі де бірқатар психологиялық тапсырмаларды жүзеге асырады.
Психопрофилактикалық жұмыстардың міндеттері :
А) ұжымда, топ ішінде әрбір адамның толыққанды психикалық дамуына және тұлға ретінде жетілуіне психологиялық жағдайды сақтау.
Б ) ұжымда, топ ішінде әрбір адамға қатысты интеллектік және тұлғалық дамудағы қиыншылықтар мен бұзуларға әкеліп соқтыратын психологиялық ерекшеліктерді анықтау, олардың алдын-алу.
В) ұжымдағы топ ішіндегі адамдардың дағдарыстық кезеңдері бойынша өзгерістердің теріс жағдайда асқынып кетпеуіне жағдай жасау.
Г) ұжымдағы , топ ішіндегі психологиялық климаттың оңтайлы болуына жағдай жасау.
Д) ұжымдағы адамдардың психологиялық білімді жетілдіру мотивациясын арттыру.
Сонда психологиялық қызмет аясындағы психопрофилактикалық жұмыстардың мазмұны төмендегідей болмақ:
Ұжымда, топ ішінде әрбір адамды толыққанды психикалық дамыту және тұлға ретінде жетілдіру бағдарламасы жасалады.
Ұжымдағы, топтағы әрбір адамның кейіннен интеллектік және тұлғалық дамуындағы қиыншылықтары мен патологияға әкеліп соқтыратын психологиялық ерекшеліктері анықталады.
Ұжымдағы, топ ішіндегі адамдардың дағдарыстық кезеңдері бойынша өзгерістердің теріс жағдайда асқынып кетуіне мүмкіндік бермейді.
Ұжымдағы, топтағы оқу, еңбек іс-әрекеттеріне шамадан тыс талаптар қоюдан немесе моральдік қысым жасалудан адамдарға психологиялық, физикалық жағынан артық күш түспеуі қадағаланады.
Ұжымда, топта кәсіби бағдар беру, кәсіби компетенттілікті арттыру жұмыстары жүргізіледі.
Ұжымдағы, топ ішіндегі қарым-қатынаста жетілдіру арқылы моральдік- психологиялық климаттың жақсы болуына жағдай жасалады.
Ұжымдағы адамдардың психологиялық білімді жетілдіруге, оны жеке өмірлерінде қолдануға деген мотивацияның артуына қатысты шаралар ұйымдастырылады.
Мектепке дейінгі және орта білім беретін ағарту мекемелерінде педагогикалық –психологиялық консилиум ұйымдастырылып тұрады.
Сонымен, психологиялық профилактика адамның психикалық және тұлғалық дамуында жайсыздықтың алдын-алуға бағытталған үздіксіз психологиялық жұмыс болып табылады.
2

8 № 8дәріс. Баланың мектепке даярлығын анықтау
Дәрістің мақсаты: Баланың мектепке даярлығын анықтаудың әдіснамалық негіздерін түсіндіру.
Жоспары:
Дәрістің мақсаты: Студенттерге баланың мектепке психологиялық даярлығын және бейімделуінінің психологиялық ерекшеліктерін түсіндіру.
Жоспары:
1. Мектептегі оқуға психологиялық дайындық
2. Баланың мектепке бейімделуі
Мектептегі оқу – бала өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Сондықтан мектепте оқуға кіріспес бұрын, ертерек баланың психикалық мүмкіндіктерінің мектеп талаптарына қаншалықты сәйкес екендігін анықтап алған жөн. Егер мұндай сәйкестік бар болса, онда бала мектепте оқуға дайын, яғни, ол оқу барысында пайда болатын қиындықтарды жеңуге дайын деген сөз.
Мектептегі оқуға психологиялық дайындық дегеніміз – баланың мектептегі оқу бағдарламасын құрдастарының арасында, ұжымда меңгеруі үшін психикалық дамуының қажетті және жеткілікті деңгейі.
Мектептегі оқуға психологиялық дайындықты анықтаудың негізгі мақсаты мектепке бейімделе алмаудың алдын-алу болып табылады.
Ресейде мектепке психологиялық дайындық мәселелерінің теориялық талдауы Л.С. Выготскийдің еңбектеріне негізделген. Сонымен қатар, Л.И. Божович баланың мектепте оқу табыстылығына айтарлықтай елеулі ықпалын тигізетін психикалық дамуының бірнеше параметрлерін бөліп көрсетті:оқудың танымдық және әлеуметтік мотивтерінен тұратын баланың мотивациялық дамуының белгілі бір деңгейі, ырықты мінез-құлық пен интеллектуалдық сфераның жеткілікті дамуы.
Балалардың мектепке психологиялық дайындығын анықтаудың басқа да бағыттары бар, мысалы, басты тірек бала дамуындағы қарым-қатынастың рөліне беріледі. Үш сфера бөлініп көрсетіледі: ересектерге, құрдастарына және өзіне қатынас, осылардың даму деңгейі мектепке дайындық дәрежесін анықтайды және белгілі бір тұрғыда оқу іс-әрекетінің негізгі құрылымдық компоненттерімен байланысады.
Мектепке психологиялық дайындықты құрайтын параметрлердің келтірілген түрлерінен басқа біз тағы бір қосымша параметрді келтіреміз, ол – сөйлеудің дамуы. Сөйлеу интеллектімен тығыз байланысты және баланың жалпы дамуын, сондай-ақ, оның логикалық ойлау деңгейін де көрсетеді.
Қазіргі психологияда мектепке дайындық компоненттерін бөліп көрсету әр түрлі негізде әр түрлі критерийлер бойынша жүреді. Кейбір авторлар (Л.А. Венгер, А.Л. Венгер, Я.Л. Коломинский, Е.А. Панько және т.б.) баланың жалпы психикалық дамуын эмоционалдық, интеллектуалдық және басқа сфераларға жіктеу жолымен жүреді, демек, интеллектуалдық, эмоционалдық және т.с.с. дайындықты бөліп көрсетеді.
Басқа авторлвр (Г.Г. Кравцова, Е.Е. Кравцова) баланың қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жүйесін қарастырады және мектепке психологиялық дайындықтың баланың қоршаған әлеммен әр түрлі қатынасының дамуымен байланысты көрсеткіштерді бөліп көрсетеді. Бұл жағдайда балалардың мектепке психологиялық дайындығының негізгі жақтары ересектермен қарым-қатынастағы еріктілік; құрдастарымен қарым-қатынастағы еріктілік; өзіне деген адекватты қалыптасқан қарым-қатынас болып табылады.
Жоғарыда келтірілген мектепке дайындық компоненттерін жіктеу принциптерін мүмкіндігінше біріктіре отырып оның төмендегідей компоненттерін бөліп көрсетуге болады.
Баланың мектепке интеллектуалдық дайындығы.
Баланың мектептегі оқуға интеллектуалдық дайындығының ең маңызды көрсеткіштері оның ойлауы мен сөйлеуінің даму ерекшеліктері болып табылады.
Мектепке дейінгі шақтың соңына қарай балалардың ақыл-ой дамуының басты көрсеткіші олардың бейнелік және сөздік-логикалық ойлауының негіздерінің қалыптасуы болып табылады.
Мектепке дейінгі шақтың барысында балаларда көрнекі-бейнелі ойлауға негізделген және оның табиғи жалғасы болып табылатын сөздік-логикалық ойлаудың негіздері қалыптаса бастайды. Алты жасар бала қоршаған әлемді қарапайым талдауға: негізгі мен болмашыны ажыратуға, қарапайым ой талқысына, дұрыс қорытынды жасауға қабілетті. Сондай-ақ, бұл жастағы балалар қоғамдық қалыптасқан сенсорлық эталондар жүйесін пайдалана отырып, заттардың сыртқы қасиеттерін зерттеудің біршама рационалды тәсілдерін меңгереді. Оларды пайдалану балаға дифференциалды қабылдауға, күрделі обьектілерді талдауға мүмкіндік береді. Алайда бұл қабілеттер балалар білімінің шеңберімен шектеледі. Білетіндерінің шеңберінде бала себеп-салдарлық байланыстарды табысты түрде орнатады, ол оның сөйлеуінен көрініс табады. Бала «егер..., онда», «өйткені», «сол себепті» және т.б. сияқты сөздерді қолданады, оның тұрмыстық ойлауы толығымен ойға сыйымды болады. Логикалық ойлаудың нышандары заттар мен құбылыстарды жалпы қабыданған ұғымдарға сәйкес топтастыра білу қабілетінен көрініс табады.
Осы айтылғандарды және баланың танымдық сферасының дамуының жастық ерекшеліктерін ескере отырып, мектептегі оқуға интеллектуалды дайындықтың дамуы төмендегілерден тұрады деп айтуға болады:
дифференциалданған қабылдау;
аланитикалық ойлау (құбылыстар арасындағы негізгі белгілер мен байланыстарды орнату қабілеті, үлгіні қайта жаңғырту қабілеті);
болмысқа рационалды қарау (фантазия рөлінің әлсіреуі);
логикалық есте сақтау;
білімге, оны қосымша күш жұмсау есебінен алу процесіне деген қызығушылық;
ауызша сөйлеу дыбысын меңгеру және символдарды түсіну мен қолдануға қабілеттілік;
қолдың нәзік қозғалыстары мен көру-қозғалыс координациясының дамуы.
Сөйтіп, интеллектуалдық дайындық таным процестерінің (қабылдау, ес, ойлау, қиял, сөйлеу) жеткілікті кемелденуінен, балабақшадағы оқу және тәрбие бағдарламасына сай білім, білік, дағдыларды меңгеруінен, жалпы интеллектуалдық біліктердің қалыптасуынан тұрады. Мысалы, естің мектеп талаптарының деңгейіне сай қалыптасуы баланың ырықты есте сақтауға, ақпаратты жедел еске түсіруге қабілетінен, жанама есте сақтау дағдыларын меңгеруден көрінеді. Ал мектептегі оқуға сөйлеудің дайындық көрсеткіші ретінде баланың өзіне қаратып айтылған сөздерді түсіну қабілеті, белгілі бір сөздік қордың болуы және сөйлеу сауаттылығы, сөздік дыбыстарды нақты қабылдай және айта алуы саналады.
Интеллектуалдық дайындық маңызды болып табылады, әйтсе де баланың мектепте табысты оқуының бірден-бір алғышарты болып табылмайды.
Баланың мектепке тұлғалық дайындығы.
Адамның өзі үшін тұлға оның Мен-бейнесі, Мен-концепциясы ретінде болады. Дәл осы мектепке дейінгі шақта бала тұлғасының қалыптасуы басталады.
Тұлғалық дайындық оқу іс-әрекеті мотивтерінің жетілуінен, қоршаған ортаға танымдық қатынастың дамуынан, өзіндік сана-сезімнің белгілі бір деңгейінен, қарым-қатынасты қалау дағдыларының, құралдарының қалыптасуы ретіндегі коммуникативті кемелдіктен, бала психикасының эмоционалдық және еріктік дамуының жеткілікті деңгейінен тұрады.
Мектепке тұлғалық дайындықта мотивация басты рөл атқарады. Бала тұлғасының қалыптастырудағы мотивациялық сфераның рөліне Л.И. Божовичтің теориялық еңбектерінде аса көңіл бөлінеді.Баланың мектепке дайындығы осы позициядан қарастырылды, яғни ең маңызды ретінде мотивациялық тұрғы мақұлданды. Оқу мотивтерінің екі тобы бөліп көрсетіледі:
1. Оқудың кең әлеуметтік мотивтері, немесе «баланың басқа адамдармен қарым-қатынасқа деген, оларды бағалау мен мақұлдауға деген қажеттіліктерімен, оқушының қоғамдық қатынастар жүйесінен белгілі бір орын табуға деген тілегімен» байланысты мотивтер.
2. Тікелей оқу іс-әрекетімен байланысты мотивтер, немесе «балалардың танымдық қызығушылықтары, интеллектуалдық белсенділікке және жаңа білім, білік, дағдыларды меңгеруге деген қажеттілік».
Тұлғалық дайындық сондай-ақ, баланың эмоционалдық сферасы дамуының белгілі бір деңгейін қамтиды дедік. Бала сезімдерді көрсетудің әлеуметтік нормаларын меңгереді, бала іс-әрекетінде эмоцияның рөлі өзгереді, эмоционалдық сезіну қалыптасады, сезім анағұрлым ұғынықты, саналы, ырықты, ситуативті емес бола бастайды, жоғарғы сезімдер – адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық – қалыптасады. Эмоциялық дайындық бала сезімдерінің әр түрлілігінен, мақтау мен жазалауға дұрыс әсерлену қабілетінен, өз сезімдерін басқара білуден, жағымды эмоциялардың басымдығынан көрінеді, яғни бұл кезде бала біршама эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуі тиіс.
Мектептегі оқуға дайындық:
Баланың мектепке деген психологиялық дайындығын анықтаған соң, психолог нақты неге бұны жасап жатқанын саналы түсінуі керек.
Егер мектепке балаларды алу үшін іріктеу жұмыстары жүріп жаткан жағдайда, психолог баланың функционалды дайындық немесе оның мектепте оқытуда тапсырмаларды орындау процесіне және жүйкелі психикалық функциясының деңгейіне байланысты іріктеуге де болады. Егер баланың функционалды дайындығы төмен болса, онда ол «қауіп-қатер тобын» құрады. («группа риска»). Яғни тапсырманы қабылдау және жоғарғы қажымалық көз-қарасы жағынан. Осы балалардың көпшілігі дәл айтқанда бірінші күннен бастап олардың үлгерімі төмен категориясына түседі, ал басқалары ( әдетте интеллектуалды деңгейінің жақсы дамуы немесе мектепке жақсы дайындығында да болуы мүмкін) жақсы оқуы әбден мүмкін, бірақ оларда жүйкелі психикалық қысым болады. Содан невроз, психосоматикалық ауруға әкеп соғуы мүмкін.
Диагностикалық функционалды дамуына, біздің елде және басқа да елдерде Шығыс Европада да Керна- Йирасеканың тестін қолданады.
Мектепке бейімделуі :
Мектепке бейімделу бірінші сынып балалары үшін өте қиын.
Әдетте ол 4-7 апта араларын құрады. Бейімделі кезеңінде кейбір оқушылар өте шулы болады, айғайлайды, коридорда жүгіреді, сабакта кайта- кайта алаңдайды , мұғалімдермен өзін әдепсіз ұстайды; Ал басқа оқушылар, алдындағыларға қарағанда қарама- қарсы яғни, қысылып отырады, Мұғалім оған сөйлеген кезде ұялады, кішкентай бір сәтсіздік болғанда, жылай салатын болады.
Кейбір балалардың ұйқысы, тәбеті бұзылады, олар өте қырсық болады, және бірден ойынға деген қызығушылығы артады, ойыншықтарға , оте кішкентай балаларға арналған кітаптарға да қызығады және оларда ауру саны көбейіп кетеді. Осы барлық бұзылулар (оларды функционалды ауытқу деп айтады) бала психикасына ауырлық түскенде туады және оның ағзасынада ауырлық түседі, яғни бірден өмір сүру салты маңызының өзгеруі, сапслы талаптары балаға әсер етеді. Әрине, барлық балаларда мектепке бейімделу осындай функционалды ауытқулармен жүрмейді, бірақ бірінші сыныптар арасында көбірек кездеседі.
Мектепке бейімделудің қиындығы, егер бала алдын бақшаға бармаған болса, өзімен жасты балалармен қарым-қатынасқа түспеген жағдайда, қиынға соғады деп саналады. Бірақ практика шындықпен сәйкес келмейтінін дәлелдейді.
Бейімделу кезінде қиындықтарды, алдын бала-бақшаға барған балаларда сол қиындық кезінен өтеді.
Ерекше қиыншылықты, үш жылдық бастауыш мектеп программасы оқытылататындар қиыншылықты сезінеді. Өйткені олар тез интенсивті оқу курсына ауысады.
Бейімделу кезеңінде бірнеше сынып оқушыларымен психологтың жасайтын жұмысы қандай болу керек деген бірнеше көзқарастар бар. Соның біреуімен келісетін болсақ, онда психолог өз жұмысындамаксималды белсенді болу керек, яғни, оқушыларға тезірек және жақсы бейімделу үшін көмектеседі, ал мұғалім әрбір балаға дұрыс жасау керек.
Психолог ерекше зейінді көбінесе анық функционалды ауытқулары көрініп тұрған балаларға яғни ұйқысы бұзылған және басқа да невротикалық белгілерге де барларды да қарайды.
Енді басқа да көзқарастарға сүйенсек, психолог әрбір балалардың психикалық дамуы жайлы ақпараттарға уақытын арнауы керек.
Бейімделу кезеңінде психолог сыныпты тек мұғалімге беру керек, яғни мұғалімнің өтініші бойынша ғана араласа алады. Орташа ағымдағы бейімделу процесі көп жағдайлардағы функционалды ауытқулар өзбетінше өтеді, сондықтан мұнда арнайы жұмыстар жүргізуді талап етпейді.
Өзінің сыныбын жақсы білетін педагог, осындай сезімтал балалардың қиындықтарын елестете алады. Сынып жұмысында бала өзін еркін ұстау үшін, және өзіне сенімділігі күшеюі үшін байсалды отыру үщін мұғалім баланың басынан сипап жылулық береді.
Мұнда мұғалім аутогендік жаттығуды қолданады. Бұл баланың агресивтілігін, ортамен қарым – қатынасқа түсудегі әлсіздігін жояды. Осындай жұмсақ әрекет көмегі, балалардың өзіне деген сенімділігін арттырады, баланың жұмысқа қабілеттілігін жоғарлатады. Әйткенде де бұл ең маңыздысы емес, дейді мұғалім. Мұндағы ең бастысы – ата-аналар мен мұғалімдердің балаларға мектепке келу қорқынышын жоюға деген көмегі.
Мұндай көмекті ең басты нәтижесі – ол баланың мектепке деген оң көз – қарасын қалыптастыру.
«Күшті» оқушы:
Профилактикалық жағынан балалық мектепке ең басты функционалды және психологияның дайындығы оқу кезіндегі баланың оқыту программасын жақсы меңгеруіне әсері.
Мұғалім үшін бірінші сынып балаларының бірінші күнінен баста бірінші сыныпты бітіргенше проблемасы сы баланың алғашқы дайындығы біркелкі емес, яғни негізгі оқу, жазу дағдыларының басқаруы.
Көбінесе бірінші сынып арасында педагогикалық дайындығы «артық» балалар кездеседі. Олар жазып, жақсы оқи алады, үлкен сандарды да қоса алатын болып келеді. Математика, орыс тілі сабақтарында тапсырмаларды тез орында басқаларды күтіп отырады. Әсіресе мұндай балалар үшін оқу кезінде қиынға түседі, өйткені басқа балалар жәймен оқығанда, оларға соғады, сонда олар, оқулықтың соңындағы әңгілермелерді оқуға көшеді. Осыдан барып бұл балалар, оқу процессінен алға өтіп кетеді. Ашығын айтқанда бұл балалар үшін мектеп зеріктірерлік болып келеді.
Мұнда қауыптілік балалардың педагогикалық дайындығының тым артықшылығы яғни олардың психологиялылық дайиындығы интелектуалдық деңгейімен салыстырылады және дамып, еріктілігі дамымай қалады.
Кімге оқу қиын?
Бастауыш сыныпта, психологтық көбіне маңызды жұмысы ол, мектептік программаны әлсіз игеретін балалармен жұмысы болып табылады. Бастауыш мектепке көбіне кездесетін үлгершеушіліктің түрлерін қарастырайық. Бірінші кезекте үлгермеушіліктің түрі, ол ақыл-ойы кем балалар белгілері және де әртүрлі психикалық дамудың кешігу түрлері болып табылады. Мұндай балалар әдетте барлық кіші сыныпта кездеседі және оларға дұрыс подход жасау үшін психоневролог немесе директологпен кеңесу керек. Әсіресе мектеп психологы үшін ең ауыр жұмыс, ол «дифференциалды диагноз» болып табылады, яғни үйгермеушіліктен патопсихологиялық немесе дефектологиялық табиғи жағдайды бар бөлімдері. Осындай дифференциация үшін, диогностикалық процедура ретінде Векспер тестін қолдануға болады, бәріне танымал критерилері «тяжелый интеллект» және «умственно отсталый». Сонымен қатар психолг диагноз қоюға құқығы жоқ, тек ата-аналарына, маманына баруына бағыт береді.
Орталық нерв жүіесінің локольдық жеңілістері бар балалар да маманға баруын да талап етеді, сонымен иесірінен сөйлеуінің сөйлесуінің бұзылуы, моторикасының, механикалық есінің бұзылуы тағы басқа. Орыс тілін меңгерудің қиындығы, «патологиялық сауатсызды» көбінесе, естудің фонетикалық ерекшеліктерімен және сөйлеу әрекетінің даиуының дұрыс жетіспеушіліктерімен байланысты. Бұл жағдайда қиындық мынада: берілген әдіс бойынша, психологтық бақылауынша, баланың үлгермеушілігі ол педагогикалық табиғаты дейіді, ал мұғалім оқушыны «ақыл-ойы кемтар» деп бағалайды ды мектептен шығаруды айтады. Әсіресе бұл педагогикалық қараусыз қалған балаларға тән. Бастауыш мектептегі оқудық қиындығы: оқу іс-әрекетіндегі элементтердің қалыптаспауы, есте сақтау деңгейінің төмендегі, зейінің бұзылулары болып табылады.
2
9 № 9 дәріс. Психологиялық қызмет стратегиясы
Дәрістің мақсаты: Психологиялық қызмет стратегиясын және психологиялық қызметтің тиімділігін түсіндіру.
Жоспары:
1.Практикалық психологтың қызметінің бағыттары
2. Психолог жұмысының жоспарлануы
Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет жүйесінің атқарар істерінің ауқымы мол. Балалар, мұғалімдер, ата-аналар, басшылар деп аталатын 4 категорияны қамти отырып, психологиялық қызмет оқу тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосады.
Баланың қабілеттілік, дарындылық деңгейін, зеректілігін, зейіннің қасиетін , танымдық процестерін анықтау нәтижесінде психолог бала мүмкіндігі туралы құнды деректер алады; білім берудің бала танымына лайық жолдарын сұрыптап, балалардың белсенділігін арттыруға жағдай жасайды;
Педагогикалық ұжымдағы өзара қарым-қатынас типтерін реттейді, топтағы психологиялық ахуалды байқап бір қалыпты жағдайда ұстап отыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда мектептегі практик –психологтың жұмысы 4 (төрт) негізгі бағыттан тұрады:
- психодиагностика
- психокорреция
психологиялық кеңес беру
- психологиялық ағарту
Білім беру жүйесіндегі психодиагностика – баланың психикалық даму ерекшелігін; жеке басындағы білім, дағды, іскерліктер секілді құрылымдардың жас ерекшелігі мен қоғам талабына сай келуін анықтау болып табылады.
Психологиялық қызмет көрсету жүйесіндегі психодиагностиканың маңыздылығы мынада:
біріншіден, тез арада шешімін қажет ететін нақты мәселелер түйінін тарқату;
екіншіден, психодиагностика білім беру жүйесінде мектеп психологының барлық жұмыстарының негізі болып табылады; диагнстика мәліметтерінің негізінде түзету, дамыту жұмыстары іске асырылады; психопрофилактикалық жұмыстарды атқару барысын қадағалау диагностика арқылы өтеді.
Психолог қызметінің тиімілігі – бұл психологтың клиентпен және тапсырыс берушімен өзара әркеттестігін ұйымдастыру мақсаттарының алынған нәтижеге сәйкес келу дәрежесі психологтың тұлғасы: кәсібилігі, психологтың біліктілігі, адамдарға шынайы көмектесу ниеті қабылданған шешімдер мен әрекеттерге жауап беру, әрбір жаңа клиент проблемасының жеке –дара тарихы ұсынған жаңа міндеттерге деген шығарм –ашылық қатынас қызметі тиімділігінің негізгі факторы болып табылады.
Психологтың ие болуы тиіс жеке қасиеттерінің тізіміні клиентке көңіл білдіру оны сезіну қабілеті бастайды. Психологтарда жиі ұсақ –түек оқиғаларды үдету даярлығына сынайды.
Алайда психотерапия жекедегі мааңыздының анықталуын, ұсақ–түйектерді қалай қолдануға болатынын түсінуді болжайды.Психолог үш–төрт бөлшектерді бөліп алып қана көп нәрсені біле алады. Ал оның диалогқа– дербес реакциясын елемеуі құнды мәліметтерді алып тастаумн бірдей. Клиенттің әңгіме барысында хабарлаған мәліметтерден гөрі, сеанстың кезінде орын алған тірі материалмен жұмыс жасаған анағұрлым маңызды.
Психолог ұсақ–түйектерді анықтап, түсініп, қолдану үшін оларды езіну қабілетіне ие болуы тиіс. Оның өз–өзіне бұл тек мазасы кеткен әйел деп оларды елемеуі психотерапиядағы ең маңыздыны елемеу болып табылады. Психолог техниканы жақсы меңгерсе де, клиенттің толқығандығын, үн жұрқасының түскендігін, қауқарсыздығын сезінк қабілетін тұншықтыратын болса, оның маман ретінде жоққа шығаруға болады. Ол сол қабілетке ие болуға, сондай–ақ мінез–құлқын қадағалуға міндетті.
Көптеген психологтар адам қатынастарының өзегін оңай елеуге, олардың барлық реңктеріне күйзелуге қабілетті. Олар үшін өмірдің әрбір мезеті мағынаға толы. Олардың сеанстары онда айтылғандар мен істелгендер терең мағынаға толастайтын шешуші кездеулерге ұласады.
Басқа психологтар клиенттерге «техникалық» жағынан келеді. Олар үшін қорытынды, яғни проблеманың негізі әрі клиентке көмектесу үшін істелінуі қажет нәрселер маңызды. Олар осының барлығын оған тұрақты «кірігусіз» жасауға үміттенеді. Олар өздерінің сезімдеріне енбейді. Оларға жеке дара ерекшеліктерін оңай сезінетін, қысқа мерзімде қорытынды жасайтын қызметтестерінің экстрасенстер ретінде қарайды.
Клиенттің мінез–құлқына реакциясын ұмытқан психолог қарым–қатынас процесінде оларға жауап бергенімен, олар қате ьолып көрінгендіктен түйсіктерін қалпына келтіре алмайды. Мәселен,клиент оған ұнамайды, алайда ол оны мойындаудан қорқады: сірә, олол адамдарға көмектескісі келгендіктен психолог болған шығар, бірақ олар көмек сұрай келгенде ол адамдарды жек көріп кетеді. Бұл танымдық диссонанс әрі психолог оны өзі үшін де мойындағысы келмейді. Психотерапияның кейбір мектептерінде «терапевт проблемалары оның өзі де шеше алмайтын болса науқаспен жұмыс жасамауы тиіс; әрі науқас терапевтің өзі жасай алмағанын істей алатынын күтуге болмайды» деген ереже бар.
Кейде психолог өзін қауқарсыз да, бліксіз сезінеді. Осындай реакцияны сезініп, түсінген өте маңызды: шын мәнінде дәл осы клиент оның себебі болды ма? Оның сезініп, өз–өзіңе мойындау үшін ерлік қажет. Онсыз кәсіби және тұлғалық өсу мүмкін емес. Осы тектес реакцияда есеп беруге қабілетті, түйсіктерін сезінуге ерік–жігері бар психологтар әрқашан сеанс кезінде айтылғандарды еске түсіруге қабілетті болады. Олардың мамандықтарында нығаюдың мүмкіндіктері болғанымен, оларға қиынырақ. Тәжірибесінің басында олар едәуір байсалды қызметтестеріне қарағанда аса білікті көріне қоймайды. Алайд жауап беру қабілеті – психолог үшін бірінші кезекте тұрады. Оған ие болғандар ақырында жақсы мамандарға айналады. Бастапқыда олар өз–өздеріне аса сенімді болып көріне қоймаса да, тұрғыларымен олар өмірге деген зейінді қатынастың маңызын дәлелдейді.
Психологқа ақыл мен ерлік қажет–ақ. Ол науқаспен жақсы қатынастарды сақтап қалу үшін ымыраға ұмтылмай, қажет те дұрыс деп есептегенін жасауға тиіс. Клиенттің қанағаттану–қанағаттанбауынан тәуелсіз құат беруге көмектесетін науқасқа деген жауапкершілік сезімі қажет. Психотерапевт икемді болуы тиіс, бір әдістен басқасына көше алуы тиіс, адамның тұлғасын романтикалай алуы тиіс. Үлгіде ол өмірдің керемет қырларымен қатар, оның аса тартымды емес жақтарын да қабылдай алуы, бірегейлігін көре алуы тиіс.
Кейде психологтар тым көп теорялайтын жағдайлар да кездеседі. Олар өмірдің сиқырынан қорқып оны теориялық шеңберлерменшектеуге тырысады. Адамдардың өміріндегі маңызды оқиғаларды түйсінуге, оларды көріп, рахаттануға көмектесуі тиіс.
Адамдар өздерінің психологиялық проблемаларын шешу үшін: рухани ізденісті тереңдету үшін, өзі немесе өзінің айналадығалармен қатынастары жайлы өмірлік маңызды мәселелердің жауабын табу үшін психологтың мамандығын таңдайтын жағдайлар да кездеседі. Әдетте бұл балалық шағында махабаттың обьектісі болмаған, ешкім мақтамаған, масаттанбаған адамдар. Үлгілі психолог, үлгілі клиент сияқты туысқандарынан басқа, достары, қайсібір басқа адамдар енетін үлкен бір жанұяның мүшесі ретінде сезінуі тиіс. Егер психотерапевтің ондай сезімі болмаса,оның клиенттерге ішкіштің, нашақордың немесе «маргиналды тұлғаның» жарлықтарын таңып, сол мезетте ақ алғыр тәсілдермен қорлай бастайтыны күмансыз. Парасатты психолог қорытындылауға асыға қоймайды, өйткені диагностикалық анықтамалар мен психологиялық ықпал ету әдістерінің өзара байланысы аса біртекті емес.
Сонымен бірге, психолог өзінің табиғи артықшылықтары жайында ұмытпауы тиіс. Табиғатынан психолог пен клиенттің қатынастары – жетістік пен сәтсіздіктің арасындағы қатынастар. Өмірін жөнге салған, сірә күрделі проблемалары жоқ психолог, клиентпен оның жұмысты, отбасын немесе өмірдің мәнін табудағы қабілетісіздігі жайлы әңгімелесекенде, өзін клиенттің толымсыздығын езінбейтіндей ұстайы тиіс.
Еліруге, кекіреюге, ауқымды байланыстарды ойға салуға, өзі мен клиенттің арасындағы айырмашылықты ұюға болмайды. Солай бола тұрса да, салыстырулар өздігінен туындаса, психолог мүмкіндіктерінен ұялуға немесе оларды жасыруға, негізгісі клиенттің едәуір қайғылы жағдайда екенін естен шығармаған жөн. Оның жетістіктерін анықтап, бағалай алу, оларға нұсқауда клиенттің оларды азайту ұмтылысын көзден таса қылмауы қажет. Ашық –жарқындылықпен үйлескен осындай мархабатты қатынас Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасының негізі болып табылады.
Алайда практикалық психолог іс –әрекетінің тиімділігі оның тікелей жеке ұмтылыстарымн анықталып қоймайды. Тұлғалық ерекшеліктері әртүрлі адамдардың психотерапияның әрқилы түрлеріне мұқтаж болытыны, психотерапевтердің клиенттердің үртүрлі типтерімен жұмыс жасаудың тиімділігіне қатысты бір –бірінен жүйелі ерекшелінетіндері анықталды. Психолог нақты әлеуметтік, ұйымдастырушы, экономикалық және басқа да жағдайларда клиенттермен және тапсырыс берушілермен өзара әрекеттестікте жұмыс жасайды. Сондықтан клиент кеңе беру мен психотерапия жүйесі тиімділігінің маңызды факторы болып табылады. Кейбір адамдардың психологтың қабылдауына бос қызықтаудан немесе оған нақты әлденені дәлелдеу үшін келетін жағдайлар да белгілі. Клиенттің бірлесіп жұмыс жасау, мінез –құлқында әлденені өзгерту ниетінің болмауы психологтың іс –әрекетін біршама қиындатады. Клиенттің лайықты мінез –құлқы, әрекеттерідң ортақ жоспарын ұстану, психологтың кеңестерін орындау практикалық психологтың тиімді іс –әрекеті факторларына енеді.
Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасыдағы көптеген құбылыстар материалды жағдайлармен: ыңғайлы кабинетпен, сәйкес жабдықтармен т.с.с. анықталады.
Психологтың алдындағы міндеттерді шешу үшін оның диагностиканы және кеңес беруші немесе психотерапиялық іс –шараларды жүргізуге жететіндей қажет уақыты болуы тиіс. Кейде уақыт клиенттің қабілеті жетерлік өзгерістердің жеке – дар ырғағымен анықталады. Әрине, уақыт жөнінде психологтың, клиенттің, кеңес беруші қызметтер жасалынған мекеме басшысының арасында айырмашылықтар болуы мүмкін
2. Психокоррекциялық бағдарлама құрудың түрлері:
-коррекцияның жалпы моделі: сабақ жүктемесін құрастыруда жеке бас дамуын қоршаған орта мен адамдар арасындағы қатынастар бойынша, баланың жағдайын жүйелі ескере отырып, ықшамдап күнге, аптаға және айға бөліп қарастырады.
- коррекцияның типтік моделі тәжірибеге негіз етіп, түрлі іс-әрекет (ойын, оқу және еңбек) қимылын ұйымдастыру.
- коррекцияның жеке моделі баланың жеке психикалық дамуын, қызығушылығын, білімін және мәселелерінің түрлерін белгілеу.
-стандартты бағдарламада:: қажетті құрал-жабдықтар, қатысушыларға қойылатын талаптар мен кезеңдерге бөлінген жоспар.
-еркін бағдарламада: психолог психокоррекциялық мақсат, міндеттерді еркін жоспарлайды және кезеңдерге өз қалауынша бөле алады.
Психокоррекциялық жұмыста әсер ету деңгейі психологтың кәсіби біліктілігі мен құзіреттілігіне байланысты:
Теориялық жағынан (баланың психикалық даму заңдылығы мен жас кезеңдерін, оқыту мен тәрбие мәселесіндігі қатынасты, жеке және шығармашылық қабілетті білуі) дамуы, арнайы әдістерді (бір әдістің немесе ықпалдың мүмкіндіктерін) және жағдайларды білуі және дайындығы жатады.
Тәжірибелік жағынан кәсіби деңгейде психокоррекциялық әдістер мен әдістемелерді қолдануды меңгеруі, қызметіндегі құпияларды сақтай білуі және құзіреттілік деңгейін жетілдіруге талпынысты оята білуі мен сенімділігі.
Жеке тұлғалық дайындығы жағынан психологтың жеке басында алдымен өз мәселесі бойынша жұмыстың жүргізілуі, өзіндегі жағдайды шеше білуі (жеке мәселесін шеше алмаса, алдына келген индивид мәселесіне тепе-тең көз –қараста қарай алмайды) нейтралды ара –қашықтықты ұстай білуге мүмкіндік береді.Психолог күнделікті өзімен жұмыс жасап, жеке басын жетілдіріп отыруы қажет, себебі алдымен сыртқы түрімен сенімге еніп, әсер етеді..
Психолог коррекциялық жаттығуларымен айналысқанда келесі тізбекпен жұмыс жасайды : а) не бар? б) не болу керек ? в) қажетті нәрсе болу үшін, не істеу керек ? Оған жауап беруде психиканың дамуын үш деңгейде қарастыра, түсінік беру мен талдаудан тұрады (Г.С.Абрамова )
Нейрофизиологиялық деңгейде психолог құбылысты ми қызметі туралы білім негізінде зерттеп, ми шабуылын басты ұстанымдарға, ми қабығы мен психикалық қызметке бағыттайды.
Жалпы психологиялық талдауды психика қызметінің механизмі мен заңдылықтары негізінде алынған көрсеткіштер қолданылады.
Жас-ерекшелік психологиялық деңгейінде жеке тұлғаны жас және дара ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіре нақты талдайды.
2
10 №10 дәріс. Практик психологтың басқа мамандармен өзара байланысы
Дәрістің мақсаты: Практик психологтың басқа мамандармен өзара қандай байланысы бар екенін анықтау
Жоспары:
1. Психолог басшы
2. Психолог және медициналық қызметкер
3.Психолог заңгер
Тәжірибеленуші психолог күнделіткі адамдардың көптеген категорияларымен әрқилы қатынастарға түседі. Өзара әрекеттестік оның кәсіби іс –әрекетінің негізін құрайды. Өзара әрекеттестік бұл – адамдардың қарым –қатынас барысында бір –біріне өзара ықпал ету үрдісі; Басшы мекемедегі психологқа қатысты тапсырыс беруші немесе тікелей басшы ретіндегі жағдайда психологтың басшымен өзара әрекеттестігі айрықша бітістермен сипатталады. Басшы психологтың клиенттерінің бірі болған жағдайда басқару іс –әрекетінің сипатымен міндеттелген қиындықтардың мүмкіндіктерін ескеру қажет.
Ұйымның басшысы диагностикалық немесе кеңес беруші бағдарламаларды жүзеге асыру үшін психологты тарту жайында шешім қабылдайды. Осыдан кейін ол не болм –аса басқа бір адам оның тапсырмасы бойынша кеңес беруші фирмамен немесе нақты кеңесшімен байланысады. Психолог және оны күтіп тұрған жұмыс үшін осындай алғашқы мезеттер маңызды; келіссөздердің деңгейі көзделген бағдарламаның және лған деген қатынастың күрделілігін айқындайтын көрсеткіштердің бірі болып табылады. Басшының шақырылған маманмен тиімді қатысуға мүмкіндік беретін қатынастардың қалыптасуын барлық күшін жұмсайтынына психолог үміттене алады.
Кейбір басшылар кеңес беру жайында шешім қабылдағанда оның мақсатқа лайық болатынына толықтай сенімді бола бермейді. Олар «одан ненің шығатынын» көргісі келеді. Кейде олар «сәнге» немесе шет елдік іскер серіктерінің кеңесіне бағынады, демек жазбаша есепті алумен шектелуі мүмкін.
Басшы психологтың қызметіне тапсырыс бергенде ұжымдағы жағдай азды –көпті жағымды болған уақытта жағымды бетбұрыстарды іздеп не болжап, ондағы моральды – психологиялық жағдайды мөлшерден тыс сыни бағалауы да мүмкін. Егер де шынымен осындай жағдай орын алып, психолог осыны айтуға міндетті болса, басшылықтың ұйымда ешнәрсені өзгертудің қажеті жоқ екеніне қалай көздерін жеткізуге болатыны жайлы мәселе туындайды.
Басшы ұйымда бір нәрсенің дұрыс емес екендігі, өзгерту қажет екендігі, қалауынша кімді алмастыруға болатыны жайлы «диагнозды» алғысы келетін жағдай кеңесшілер мен ұйымдардың арасындағы өзара әрекеттестік тән. Ондай өзгерістерді жүзеге асыруға қатысты мәселелердің барлығын оңай деп есептеген басшылық өз мойнына алады. Ондай жағдайда кеңесші басшылықтың өз ұстанымының салдарын түсінетініне және жауапкершілікті өз мойнына алатынына, оның өзгерістерді қалай жоспарлап жүргізетінін адамдардың қырсылығын қалай төмендетуге болатынын білетініне сенімді болуы тиіс. Алайда осындай өңде –улердің психологиялық күрделіліктерінің жете бағаланбайтынын және мұнда жалғыз интуицияның және ұйымдастырушы тәжірибенің аздық ететінін өмір көрсетуде.
Кейде психолог кеңесшіні басшылықпен құрастырылып қойған бағдарламаны беделімен қолдайтын маман ретінде шақырады. Бұндайжағдайда психолог басшылықтың мөлшерден тыс қатігездігіне және өздерінен ерекшелінетін бағалар мен ұсыныстарды қабылдағысы келмеуіне кездесуі мүмкін.
Сондай –ақ басшы кеңесудің басты міндетін дербес қиындықтарын шешуде көздеуі мүмкін.Мұндай тұрғының еш жағымсыздығы жоқ – ұйымдағы көп нәрсе басшының сихологиялық күйіне байланысты болады, демек оның дамуына күш жұмсаудың маңызы бар. Алайда психолог мүмкіндігінше бұны ертерек байқауы тиіс. Басшының жасырын мотивтері көппсихолог кеңесшінің кәсібилігі басшы сұранысының шынайы мотивтерін түсіну іскерлігінде айқындалады. Егер де ол оны жасамаса, яғни кәсіби біліксіздігін таснытса, біріккен жұмыс күрделенеді.
Басшының енжарлығы басқару психологиялық кеңес беру тәжірибесіндегі едәуір кең тараған жағдайлардың бірі болып табылады. Ол толықтай өзара әрекеттестікке, ашық та шығармашылық қызметтестікке дайындықсыздықта көрініс береді. Біріккен еңбектің мойындалмауы: «Егер де өзімнің жасағаным қажет болса, неліктен мен оған ақша төлеймін» – деген формулаға ұласады. Басшылықта ешнәрсені өзгертпестен ұйымда бір нәрсені өзгерту қиынға соғады. Кеңесші психолог – тренер ретінде өзгерістерді қисыны мен қажеттігін көрсет алады, оларды жүзеге асырудың неғұрлым оңай тәсілін нұсқай алады. Қалған барлығы клиенттің мотивациясына, оның ішкі өзгерістерге қатысты тілегіне байланысты.
Демек, психолог мотивация қалыптаспайынша міндетін орындалды деп есептей алмайды. Психолог ұйымның барлық психологиялық проблемаларын шеше алмайды, өйткені проблеманы шешудің детальдарын, жағдайларды, өз мүмкіндіктерін, адамдарды және қажет өлшемін тек клиент қана біледі. Кеңесші оның барлығынан беймәлім. Ол қызметкерлердің осы шақтағы ұйымдастырушы мінез –құлқын, олардың өткен шақтарындағы мінез –құлықтарымен салыстыра алмайды, олардың арасындағы өзара қатынастар жүріп жатқанда оларды өзгерістерді анықтай алмайды. Сол себептен кеңесшілер клиенттерді ұйымды өздерінще қабылдауларында – әлденені өзгерту қажеттігіне сендірп, олардың жауапкершілігі мен дербестілігін қамтамасыз ету курсын жүргізеді.
Басшы әрқашан өзінің: тапсырыс беруші және клиенттің рөлін орындағанын сезіне бермейді. Тапсырыс беруші ретінде ол проблеманы келісімге енгізу үшін оны құрауы тиіс. Сонымен бірге, басшы проблеманы түсінгеніне сенімді болса, тапсырыс беру және орындаушы да оны тек белгілейді, ал белгіленген нәрсе бұл толықтай проблема болмаса да оның эскизі болып табылады. Психолог болса белгіленгеннің проблеманың тек симптомы ғана екендігін біледі. Осындай бастапқы айырмашылық үлкен түсінбеушілікке, тіптен психологтың ұйымдағы қызметінің алғашқы сатыларында конфронтацияға да әкелуі мүмкін. Бұл қауіпті көрегендікпен алдын ала сезу жағдайы одан қашуға немесе оны жеңуге көмектеседі.
Біріккен жұмыстың барысында проблемалардың кейбір кеңістігі мен өзара әрекеттестік тәсілдеріне ортақ көзқарасты қалыптастырған маңызды.Бұл істе тапсырыс беруші үшін: келісімді тіркеу кепілдігі мен түрлері жайлы екі мәселе маңызды. Кейде тапсырс беруші нәтижелерді құрап, өлшеу қиынға соғатын адам жүйесі жөнінде сөз қозғалғанда нәтижелердің әрі кепілдердің астарында ненің жасырылғанын анық түсінбестен нәтижелердің кепілдігін талап етеді. Ұйымның бастапқы күйі диагностикаланбағанда нәтижелерді алдын ала болжау өте қиын. Өзгерістер пайда бола бастаған шақты да анықтаған соншалықты күрделі. Нәтижені қалаулы болашақ ретінде анықтаған дұрыс. Психолог ұйымнан кеткенде де нәтижелерді алу үрдісі жалғаса береді. Сонымен бірге, жұмыс бірігіп істелінгендіктен тек кеңесшінің не нәрсеге жауап беретінін анықтаған қиын. Ондай сұрақтардың барлығы тек біріккен іс–әрекет процесінде ғана анықталады.
Біріккен жұмыс өзара қабалданғанда тіркеу түрі (келісім шарт, жазбаша немесе ауызша келісім) жайлы мәселе туындайды. Тек қаржы жағдайлары, есептесу реті, мерзімдер мен бағыныштылық қана тіркелетін ауызшы келісім өте кең таралған. Ауызша келісім өзара сенімділікті танытады. Сондай–ақ келісімнің заң тұрғысындағы қатаң түрі де талқыланады. Психологиялық келісім және іскер, әлеуметтік, қаржылық, ұйымдастырушы мәелелер үйлесетін келісім қажет
3.Психолог заңгер
Заңгерлік тәжірибедегі психологиялық ақпарат тергеу қызметінде, адвокаттық іс –әрекетте және сот өндірісінде қолданылады. Заңгерлік іс –әрекеттің қайсібір түріне қатысқан психологтың міндеті қоғамдық өмірдің әділет органдарындағы айрықша психологиялық проблемаларды шешуде оларға көмек көрсетуде. Оның басты қызметі кінәлілердің, куәлардың және жәбірленушілердің тұлғасы мен мінез –құлқының жеке –даралық ерекшеліктерін нақты да объективті бағалау үшін сәйкес деректердің жерттеу әдістері мен арнайы психологиялық білімдерді қолдануда. Көптеген басым жағдайда сарапшы –психолог ғылыми біліктілігінің шегінде анықталған деректердің кәсіби бағасын беруңі тиіс.
Тергеуші сияқты, адвокат та адамдар мінез – құлықтарының мотивтерін, олардың қабілеттерін, өзарақатынастарын және басқа да психикалық және әлеуметтік –психологиялық құбылыстарды және қылмысты мінез –құлықтың ерекшеліктерін сынауда, кінәнің дәрежесін, қайсібір қылықтардың орындалу мүмкіндіктерін бағалауда маңызды болуы мүмкін ғылыми – психологиялық тұжырымдау қажеттілгін кешіреді.
Заң мамандықтарының өкілдері психологқа сұраныстарын құруда адам мінез –құлқының жалпыланған үлгісіне, өзінің психологиялық факторлардың қылмыстық және заңға бағынатын мінез –құлықтағы рөлі жайындағы түсінігіне бағдарланады.
Сот –психологиялық сараптамаға қатысушы психолог төмендегідей міндеттерді шешуі мүмкін:
Психикалық даму тежелгендігінің белгілері байқалған кәмілеттік жасқа толмаған айыпталушылардың әрекеттерінің мәнін сезіну және оларды басқару қабілеттерін анықтау.
Психикалық дені сау жәбірленушілер мен куәлардың іс үшін маңызды жағдайларды дұрыс қабылдау және бағалау әрі ол жайында дұрыс куәлікті беру қабілеттерін анықтау.
Субьектінің жауапқа тартылған іс кезіндегі санасы мен мінез –құлқына мәнді ықпал етуі мүмкін аффектіні айқындау.
Көлікте кәсіби қызметтерді орында сапасына ықпал ететін және қауіп төндіретін іс –әрекеттің басқа да түрлеріндегі психикалық күйлердің мүмкіндіктерін психологиялық бағалау.
Айыпталушының немесе өзге адамның мінез –құлқына мәнді ықпал етуі мүмкін даралық –психологиялық ерекшеліктерді (жоғары иланушылық, импульсивтілік) диагностикалау.
Адам мінез –құлқының жетекші мотивтері тұлғаны сипаттайтын маңызды психологиялық ерекшеліктер ретінде анықтау.
Адамның өз –өзіне қол жұмсауына дейінгі кезеңдегі кол жұмсаудың себебі және негізі болуы мүмкін психикалық күйін анықтау.
Анонимді мәтіндерді психологиялық сараптамадан өткізу үшін және тергеу және сот әрекеттерінде пайда болған басқа да психологиялық жұмбақтарды айқындау үшін психологты тартуға болады. Сонымен бірге, кей жағдайларда психологқа оның мүмкіндіктерінен асатын тапсырыстар да кездеседі.Мәселен, кейбір заңгерлер психолог–сарапшылардың алдында жас өспірім интеллектісінің оның жасына сәйкестігі жайлы мәселе–ні қою талаптарды ұсынады. Кейбір заңгерлер психологтың адам дамуының шынайы деңгейінің қандай жасқа сәйкес келетінін анықтауын ұсынып, осы бағытта одан ар жылжыды. Сот сараптамасы психологының біліктілігіне куәліктердің сенімділігін бағалау немесе тексеру енеді деген ой да бұрыс болар еді.
Психолог тергеу ісінің немесе соттың қаулысы бойынша келуге сараптаманың белгіленуі жөнінде анықтамасын немесе қаулысын шешуге ұсынылған мәселелер бойынша объективті қорытынды беруге міндетті.
Психолог –сарапшының алдындағы міндеттерді шешу үшін оған қылмыстық істің материалдары ұсынылуы тиіс.
Әлеуметтік қызметтің Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикалық проблемалардан ажырамайтыны сөзсіз. Әлеуметтік қызметкерді кәсіби даярлаудың қазіргі заманғы жүйесі оны практикалық психологтың сыбайласына айналдыратын психологиялық біліктілігінің жоғары деңгейін талап етеді. Осылайша, шешілуші міндеттер мен ксіби дүниетанымның жақындығы психолог пен әлеуметтік қызметкердің кәсіби ынтымақтастығына жағымды жағдайларды қалыптастырады.
Әлеуметтік қызметкерлер тапсырыстары бойынша практикалық психологтардың орындауы мүмкін жұмыстардың әртекті түрлеріне мұқтаж. Бұл әлеуметтік қызмет көрсету орындарындағы мамандардың психикалық біліктілігін арттырулары, мұқтаж адамдарға көмек көрсетуде ерекше жағдайларды нақтылауға көмектесетін күрделі жеке дара жағдайлардың психодиагностикасы. Психолог материалды немесе медициналық көмек адамның өміріндегі тұрақты түрде жанданып отыратын сыни жағдайларды тудыратын мінез –құлқының зиянды стилін өзгертпегенде адам ең алдымен мінез –құлқының бейнесін өзгертуге мұқтаж болғандағы деректерді анықтайды. 2
11 №11 дәріс. Практик-психологтар іс-әрекетіндегі кәсіби-әдептілік принциптері
Дәрістің мақсаты: Студенттерге практик-психологтар іс-әрекетіндегі кәсіби-әдептілік принциптері туралы мәлімет беру.
Жоспары:
Психодиагност пракикалық психологтар іс-әрекетінде қойылатын кәсіби әлеуметтік-этикалық талаптар
Білім беру жүйесіндегі психологиялық Қызмет іс-әрекетінің принциптері
Мектеп психологының этикалық кодексі
1. Психодиагност білімді, кәсіби шебер және жауапты болуы керек. Аталған талаптарға орай психологтарға бірқатар әлеуметтік –этикалық талаптар ұсынылады. Олардың бірқатары практик-психологтың этикалық кодексіне енгізілген, ал қалғандары қосымша талқылауды қажет етеді. Олардың ішінде – психодиагностика құпияларын сақтау, психодиагностикалық әдістемелердің ғылыми негізделуі, сыналушыларға зиян келтіру, тұжырымдардың нақтылығы және ұсынылған практикалық сипаттамалардың өнімділігі. Осы аталған талаптарды психодиагностиканың ұстанымдары түрінде қарастырайық.
Құпияны сақтау ұстанымы – сыналушының келісімсіз диагностика нәтижелерін жарияламау. Бұл ұстаным көбінесе ересек адамдарға қатысты. Егер зерттелуші кәмелетті жасқа толмаған болса, мысалы мектеп жасындағы балалар, онда психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін жариялау үшін міндетті түрде ата-аналарының немесе олардың орнына жауапты тұлғалардың келісімдері қажет. Тек ғылыми мақсат бойынша эксперименталды зерттеудің бір бөлімі ретінде ғана психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін жариялауға болады, бірақ бұл жағдайда да басылымдарды сыналушылардың нақты аты –жөндерін көрсетіп сипаттауға болмайды.
Психодиагностикалық әдістемелердің ғылыми негізделуі туралы ұстаным зерттеу әдістерінің неғұрлым берікті және сенімді болуын талап етеді.
Зиян келтірмеу ұстанымы бойынша жүргізілетін тесттердің нәтижелері ғылыми негізделуін талап етеді, яғни тұжырымдардың қандай да бір субъектінің пікірі емес, керісінше нақты бір сенімді және берікті әдістеме қорытындысы болуы керек.
Өнімділік ұстанымы. Психодиагностикалық зерттеу көрсеткіштері бойынша сыналушыларға берілген міндетті түрде пайдалы болуы тиіс.
Психодиагностикамен айналысатын адамдарға ерекше квалификациялық талаптар қойылады. Оардың негізгілері: жақсы теориялық даярлық, психодиагностикалық әдістемелер және оларды пайдалану ережелерін түпкілікті білу.
2. Мектептің психологиялық Қызметтің іс-әрекеті келесі принциптерге сүйенеді:
1) Жүйелі мақсат түту принципі.Бұл принциптің мазмұны:мектеп өз мақса-тын оқушы тұрғысынан дамытуды мақсат тұтқан жүйе ретінде қарастырып, ал мектептік қызмет өзінің спецификалық мақсаты бар мектептің шағын жү-йесі болып табылатынын түсіну арқылы ашып көрсетіледі;
2) Тұтастық принципі оқушылардың көпшілігін (70% кем емес) назармен қамтуды білдіреді;
3) Кәсіби-педагогикалық белсенділік принципі педагог пен тәрбиешінің Психологиялық қызмет құрылымындағы белсенді рөлін бекітуден тұрады;
4) Жеткілікті шектелу принципі диагностикалық әдістемелерді таңдауға және мектепте оқушыны тұлға ретінде де, қарастырудың тұтастай жүйелік құруға қатысты;
5) Өзара әрекеттестік принципі психологтың,педагогтар мен әкімшіліктің бірлесе әрекеттесуі;
6) Даму принципі педагогикалық процеске қатысушының әрқайсысының интеллектуалды,моральды,психологиялық дамуының комплексті мәселелерін шешуден тұрады.
2.Мектеп психологының этикалық кодексі
Төмендегі принциптер психолог-практик жұмысының дәстүрл қалыптасқан принциптері болып табылады:
1) Бүлдірме! Өз біліміңді игілік үшін қолдан.
2) Бағалама! теріс бағаны дауыстап айтпа.
3) Адамды сол тұрғыдан қабылда. Психолог өзіне сенген әрбір клиентті түсінуге міндетті (К. Роджерс бойынша «сөзсіз оң қабылдау»).
4) Кәсіби құпияны сақта.Оқушылар,педагогтар,ата-аналар туралы оларға қандай да бір шығын келтіретін мәліметтерді хабарлауға қатаң тыйым салы-нады.
5) Жұмыстағы өз әріптестеріңді,олардың кәсіби шығармашылығы мен жұмыс әдістерін өз бетінше таңдау құқығын сыйла.
6) Жұмыстағы әріптестеріңмен қатынасты әріптестер мен оқушылар көзінше талқылама.
7) Білікті бол!Өзің жеткілікті дәрежеде игермеген техника мен әдістеме-лерді қолданба.
8) Клиентпен өзара ашықтықтың арасын сақта.Клиентке өзі туралы аса қымбат құпияларын ашуға мүмкіндік берме, клиентпен белгілі бір арақашық- тықты ұста,әйтпесе оның құрметі мен сенімі жоғалады.
9 Клиенттің өз құқықтары мен қылықтарына өзі жауап беру құқығын тар-тап алма.Клиентте өз тағдыры үшін қабілеттілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру қажет.
10) Өз біліміңді көрмеге қойма.Клиентке кез келген сәтте сөйлеуге мүмкіндік бер.
11) Клиентке теріс ақпарат берме.Психолог кей кезде өзі білмейтін нәрсе туралы айтуы,ал соңынан айтылған жалғандық туралы мойындағысы келмеуі мүмкін.Бұл клиенттің өз өмірін күрделендіруі және қате шешім қабылдауына соқтыруы мүмкін.
12) Клиенттің психологиялық процедураларға міндетті қатысушылық принциптерімен қатысушыдағы еріктілік принципін сақта.
13) Өзіңді адам ретінде және маман ретінде құрметте.
2
12 №12 дәріс. 2
13 №13 дәріс. 2
14 №14 дәріс.
Дәрістің мақсаты:
Жоспары:
2
15 №15 дәріс. Практик психологтар іс –әрекетінің кәсіби –әдептілік принциптері
Дәрістің мақсаты: ЖОО студенттеріне практик психологтар іс –әрекетінің кәсіби –әдептілік принциптерін түсіндіру.
Жоспары:
1.Кәсіби әдептілік ережелер
2. Кәсіби құпия
3.
Кәсіби әдептік принциптер практикалық психологтың іс –әрекетінде маңызды рөл ойнайды. Қоғамдастықтың кәсіби психологтары психологтың білуі тиіс және қызметінде бағдарланатын нормалардың жүйесін қадағалайды. Кәсіби –әдептік ережелер –бұл психологтың кәсіби біліктілігінің деңгейіне, оның іс –әрекетінде қызметтестерімен, ғылыми қоғаммне, ондай –ақ клиенттермен және сыналушылармен өзара қатынастарында жүзеге асырылуына ұсынылған ортақ талаптар.
Бұндай принциптер психологтың жауапкершлігін, оның психотерапевтік процестің басқа мүшелерімен қатынастарының сипатын нығайтады. Маман еместердің психологиялық тәжірибесі, сондай –ақ кейбір пихологтардың әдептік нормаларды елмеуі көбінде психотерапевтің және кеңесшінің әлеуметтік беделін жояда. Мәселен, Қазақстанда әлі де Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасы бөліміндегі іс –әрекетті тиімді әдептік қадағалау қызметтерін орындайтын беделді қоғам жеткіліксіз.
Психолог пен клиенттің қатынастарын реттеудің әдептік реттеудің ерекшеліктері соңғысының арнайы хұқықтарының заңмен қорғалмауында. Әлі де болса психотерапевтік, кеңес беруші процесс мүшелері хұқығының бұзылуы жайлы істерді қарайтын от тәжірибесі жоқ. Мұндай жағдайда әдептік нормалар өз механизмін сақтап қалса да олардың маңызы одан сайын артуда. Шет елдегі практикалық психологтар тәжірибесінің пайдалануы, сондай –ақ отандық тәжірибенің жалпылануы практикалық пихологиядағы кәсіби әдепті ұстануды қамтамасыз ететін неғұрлым ортақ принциптерді ұсынуға мүмкіндік береді.
Жауапкершілік. Психолог психологиялық көмектің ұйымдастырылуына, оның жүру барысы мен нәтижесіне жауапты. Клиенттің қызығушылықтары оның оның іс –әрекетінің бастапқы пункті болып табылады. Сол қызығушылықтарды дұрыс түсінген маңызды. Егер психолог клиент сезімінің шынайы табиғатын және қажеттіліктерін түсінбесе, психотерапияның алға жылжуы күмансыз.
Алайда, психотерапевтің клиенттің проблемаларын шешудегі жаапкершілігін асыра бағалауға болмайды, – оның өзіндік шегі бар. Клиентті оның күйіндегі прогрестің ең алдымен оның өзіне байланысты екенідігіне әрі ондай қиын жолды психологтың біліміне, тәжірибесі мен арқауына сүйеніп, оның өзі өтуі тиіс екендігіне көзін жеткізу қажет.
Психолог жауапкершілігінің танымдық қыры да маңызды. Бұл психологтың өзінің теориялық және әдістемелік білімдеріне жауап беріп, кәсіби біліктілігінің шекарасын түсінетінін білдіреді. Мәселен, ол өзіне нақты психиатриялық диагнозды қойып, оның негізінде түзету жұмыстарын жүргізу қызметтерін орындауды мойнына ала алмайды. Психолог нақты саланың маманы бола тұра алынған кәсіби даярлықтың негізінде білікті әрекеттерді жүзеге асыруы тиіс. Бұл шығармашылық ізденісті жоққа шығармайды. Тек ізденістің өнімді болғаны, жағдайдың терең ойластырылуы, арнайы даярлыққа сүйенгені қажет.
Ережеге сәйкес психологтар тәжірибелерін куәландыратын сертифиатқа ие. Психотерапияда мамандану жағдайы жалпы, әлеуметтік, жас ерекшелік, педагогтық, медициналық психологиядағы, патопсихологиядағы, психодиагностикадағы және т.с.с. білімдерд болжайды. Психотерапевтке теориялық даярлықтан басқа, арнайы дағдылар мен іскерліктер қажет. Сонымен, ол нақты жеке дара сипаттамаларға ие болуы тиіс. Ең алдымен психолог өзінің проблемаларын шеше алуы тиіс, өйткені олар қызметіндегі қателерді арандатады. Психологтың өзінің тереңдегі қажеттіліктерін түсіну және қанағаттандыру іскерліктерін дамытқаны маңызды. Егер психолог өз проблемаларының орнын толтырса, ол клиенттің түсінігінен алшақ қалады. Психотеоапевт клиент үшін үлгі болып табылады, сондықтан оның жағдайы көбінде болып жатқан өзгерістердің негізін анықтайды. Мәселен, қабылдаудың ерте тәжірибес жоқ кеңесші әркез мойындауды күтеді әрі оған клиенттердің таңып қоятын «керемет доктор» ойынына қуана –қуана қатысатын болады.
Жауапкершілік принципі психологты клиентпен жұмысының аяқталуының орындылығы оны жалғастырудың орындылығынан асып түссе, ол оны аяқтауға итермелейді. Бұл тұрғының экономикалық, қисынды әрі адамгершілікті негіздемесі бар. Нақты жағдай тұлғаның толықтай түзетілуі ойға қонымсыз болса, сеанстардың жалғастырылуы уақыт пен құралдардың қосымша және орынсыз шығынына әкеледі. Егер клиентті басқа маманға, мәселен психиатрға бағдарлауға міндеттесе психологтың жұмысы аяқталуы мүмкін.
Психологтың жауапкершлігі оның клиенттің тарапынан негізссіз үміттер мен сенімдерді тудырмауында анықталады.
2. Конфиденциялдылық (жасырындылық, құпиялылық). Сеанстың кезінде орын алған барлық жағдайларды құпияда ұстау іскерлігі Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасының маңызды принципі болып табылады. Практикалық психологтың іс–әрекетіне іс–әрекеттің басқа түрлеріндегідей кәсіби құпия –нақты ақпарат мамандардың тек аздаған шеңберіне ғана жарияланатын ережені ұстану тән. Оны клиенттің қызығушылықтары, сондай–ақ, психологтың өзінің қызығушылықтары да талап етеді.
Бұл қарапайым міндет емес. Психологтың қатынасу жүйесіндегі орны мен мәртебесі оның нақты психологиялық ақпаратты ұсынуында. Оның астарында жеке дара ақпаратқа да қатысты талаптар ұсынылуы мүмкін. Психологтың кәсіби борышы оның клиент жайлы ақпаратты қайсібір қызметтегі адамға айтуға мүмкіндік бермейді. Ата–аналардың өзі баланың көмек сұрай келгенінің себепшісі болса да ол принципті ұстану қажет. Психолог ең алдымен клиентінің хұқықтарын қорғайды сондықтан да конфиденциялдылық олардың маңызды бөлімі болып табылады. Конфиденциялдылық принципінің сақталуы маманға деген сенңмдң қалыптастырады әрі өнімді қатынастардың орнығуына ықпал етеді.
Сонымен бірге, конфиденциялдылықтың өзіндік шеңбері бар әрі ол жайында клиенттке жұмыстың басында–ақ ескерті тиіс. Егер клиент өз өміріне, денсалығына, есендігіне немесе басқа адамдардың өміріне ықтималды қауіптің төнгендігі жайлы ақпаратты хабарласа, психолог оның алдын алу шараларын жасайды. Ал ол басқа адамдардың кірісуін және ақпараттың жария етілуін талап ету мүмкін. Мәселен, психолог адамның өз өзіне қол жұмсауды ойластырғаны, қылмыс немее баланың үйінен қашуы жайлы хабарларды назарынан тыс қалдыра алмайды. Клиенттің қызметтестермен, ең алдымен супервизормен талқылау мүмкіндігі де жұмыстың бастапқы сатысында хабарланады. Топпен жұмыс барысындағы конфиденциялдылық ерекше қарастырылуы тиіс. Психолог топта орын алған жағдайлар оның шеңберінен шықпайтын сенімділік ахуалын орната алатындай топтық нормаларды қалыптастыруға жауап береді.
3. Эмпатия. Бұл принцип клиентті бар қалпында қабылдау қатынасына байланысты. Адам не айтса да барлығы назар аударуға лайық болуы тиіс. Психолог адамды және оның проблемаларын бар қалпында мойндайды. Сондай жағдайда ғана клиент өзін қабылдауғ қабілетті болады. Осы ситуацияның парадоксалдылығы адамныі өзін қабылдап ған өзгеруге қабілетті болады.
Әрине психологтың өзіндік адами, азаматтық және кәсіби құндылықтары мен идеаолдары бар. Алайда ол өз құндылықтарының әмбебап мәніне сенімді болған жағдайдың өзінде де, клиенттің құндылықтары оның өз қүндылықтарынан «нашар» болса да оларды шеттемейді, клиентті өз сеніміне қарай бұрмайды, сектантқа немесе миссионерге айналмайды. Психолог «игі жолды» нұсқамайды. Практикалық психологтың жалғыз идеалы бар ол – дені сау қызмет ету идеалы мен дербесқорларының негізінде тұлғаның дамуын бетке алу идеалы. Психологтың ұстанымы кінаның уырлығын бағалауда, клиентті ақтауда, кеңес беруде емес, тұлғалық жетілуге көмектесуде
2

Приложенные файлы

  • docx 15840817
    Размер файла: 141 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий