Майра Іс-әрекеттегі зерттеу


Іс-әрекеттегі зерттеу – тәжірибені жақсартудың тиімді жолы.
Елбасымыз айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазaқстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» /2/.Қазіргі таңда білім беру саласында елеулі өзгерістер орын алып отыр.
Іс-әрекеттегі зерттеу- тәжірибені жетілдіру, қандай да болмасын бір әрекеттің салдарларын түсінуге көмектеседі, оқыту мен оқуды жетілдіру мақсатында орындау үдерісі. 7 «В» сынып жетекшісі Дариға Жамaлбекова өз сыныбында оқушылардың білім деңгейі төмендігі оны ойландыратынын айта отырып, әріптестерден көмек сұрады.Осы мақсатта фокус топ құрып, зерттеуді бастадық. Оқушыларының оқу деңгейін анықтап,дерек жинау үшін пән мұғалімдерімен, оқушылармен және ата-аналармен сауалнамалар жүргізілді. Сауалнамалар қорытындылары талданды.Осы сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерімен сұхбат жүргізу барысында, оқушылардың білім деңгейінің, пәндерге деген қызығушылықтарының төмендігі анықталды.Оқушылардың 38%, өз сыныптастарының арасында өздерін еркін сезінеді, ал 51%, өз ойын еркін айтуға қиналады, себебі өздеріңе сенімсіз. Ал 11%, тез тіл табыса алмайды, олардың бойынан жасқаншақтық, ұяңдық байқалды. Оқушылардың оқуға деген көзқарастарын анықтауға арналған сауалнама қорытындысы бойынша оқушылардың 54%-ы тапсырманы сыныптастарымен бірге орындауды, ал 16%-ы жеке жұмыс жасағаны, aл 30%-ы топтық жұмысқа қатысуды ұнатады екен. Пән мұғалімдерімен кеңесе отырып, А деңгейдегі оқушы–З.Хусаинов, В деңгейдегі оқушы М.Адаева, С деңгейдегі оқушы–Б.Үтембаев оқуларына көңіл болу қажет болды.
 Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуге бағытталған 5 қадамды негізге ала отырып, іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үшін басымдылықтар анықталып, осы сыныптағы білім сапасын арттыру мақсатында жоспар құрылды.
1. Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты таңдау, жоспарлау .
2. Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған іс-әрекетті жүргізу.
3. Бақылау және қадағалау жүргізу.
4. Деректерді талдау, қорытындылау және оқытудағы келешек өзгерістерді жоспарлау.
5. Бағалау
1 қадам  – жоспар құрып,фокус топ мүшелері міндеттеме алды.Іс-әрекеттегі зерттеудің тақырыбы: «Оқушылардың  сыни ойлауын топтық жұмыс арқылы дамытуға бола ма?». Біз тәрбиелеген оқушылар өзіне қажетті білімді өз бетімен алуға,сыни ойлау арқылы функционалдық сауaттылығын дамыту керек.
2 қадам –математика пәнінің мұғалімі А. Боданов, орыс тілі пәнінің мұғалімі И.Нұршанова, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ә.Үкібаеваның сабақ жоспарларын бірлесе отырып жоспарладық. Аталған сабақтар өз деңгейінде жүргізіліп, бақылаушылар О.Алимкулова, Д.Жамалбекова, Ж.Оспанова А, В, С, деңгейіндегі оқушыларды қадағалады. Іс-әрекет барысында байқағанымыз топтық жұмыс арқылы оқушылардың сыни ойлауын және топпен бірлесе жұмыс істеуінің тиімділігін байқадық.
3 қадам-бақылау және қадағалау.Ең мaңыздысы әріптестеріміз осы қойылғaн мaқсaттapғa қол жеткiзуге тырысты.Пән мұғалімдерінің тізбектелген сабақтарына қатыса отырып, осы оқушылардың оқуын бақылап отырдық.А-деңгейіндегі оқушы-Хусаинов З.танымдылық қабілеті жоғары екендігі анықталды. В деңгейіндегі оқушы Адаева М. оқуы орташа белсенділік таныта aлмады, есеп шығаруда өте баяу. , С-деңгейдегі оқушы-Үтембаев Б.пәнге деген қызығушылығы төмен, өте ұян, есептер шығаруда көп қиналады,оқуларына көңіл болу қажет болды.
Фокус топ мүшелері әр мұғалімдерінің сабақтарынан кейін талдау жүргізіп отырдық, бақылаудағы оқушылардың оқуын жақсарту үшін мұғалімдердің сабағында кездескен кедергілерді талқылап, алдағы уақытта нені ескеру қажет екеніне рефлексивтік есеп жазылып, тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер тиімді қолдануды ескерттік. Қорытындысында әр түрлі деңгейдегі  оқушылардың ауызша сабақтардағы белсенділіктері артты. Мысалы: З есімді (А) деңгейдегі оқушының бойынан оң өзгерістер байқадық. Пәнге деген қызығушылығын, өз ойын қате болсада еркін  айтуға тырысатынын, топтық жұмыста топ мүшелерімен ынтымақтаса жұмыс істеді. Пән мұғалімдеріне оқушыны  формативті бағалап, оқушыны ынталандырып олардың бойында уәж тудыру қажет-ақ.Бақылауға алынған М есімді  (В)  деңгейдегі оқушының орыс тілі және ағылшынтілі пәндері бойынша сабаққа белсене қатысып, «4»-тік бағаларының көбеюінен  байқадық.  Ал Б есімді  (С)  - деңгейдегі оқушының сабақтан тыс уақыттарда сұрақтар қойып, түсінбеген тапсырмасын білуге ұмтылды.
4 қадам- деректерді талдау, қорытындылау. 7«В» сыныбында жүргізілген іс-әрекеттегі зерттеудің нәтижесінде әріптестер ББҮ, INSERT , РАФТ,«Автор орындығы», «Тв шоу», рөлдік ойын, сәйкестендіру т.б.  әдістерді қолданды. Оқушының мүмкіндіктері ескеріліп, оқушылардың  сыни ойлауын топтық жұмыс арқылы дамытуға болатыны дәлелденді. Жұптық және топтық жұмыcтар оқушының cыни тұрғыдан ойлауын дамытуға көмектеcеді. Сыныптың білім сапасын арттыруда пән мұғалімдері бірлесіп өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп жұмыс жасаса, кәсіби мүмкіндіктерін дaмыта алады. 7 «В» сыныбында жүргізілген «Оқушылардың  сыни ойлауын топтық жұмыс арқылы дамытуға бола ма?» тақырыбындағы іс-әрекеттегі зерттеу қорытындысында фокус топ мүшелеріне қатысты ұсыныстар айтылды.
5 қадам- Бағалау. Жұптасу, топтасу арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының артатынын, алған білімдерін өмірде пайдалана алатынын байқадық.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңы , 2007
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының   бағдарламасы.   Назарбаев Зияткерлік мектебі, Кембридж университеті.  2013 жыл. Мұғалімге арналған нұсқаулық І деңгей.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының   бағдарламасы.   Назарбаев Зияткерлік мектебі, Кембридж университеті.  2012 жыл. Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІІ деңгей.

Приложенные файлы

  • docx 15840758
    Размер файла: 19 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий