д тарих


І БӨЛІМ1. Грек мүсін өнері еркеше дамыған мерзімі: A) Б.з.б. ІV ғ. B) Б.з.б. ІІІ ғ. C) Б.з.б. V ғ. D) Б.з.б. VІІ ғ. E) Б.з.б. VІ ғ. Жауабы: С 2. Б.з.б.IV ғасырда Грекияға қауіп төндірді: A) Словения B) Болгария C) Хорватия D) Македония E) Сербия Жауабы: D 3. ХІV ғ. басында Францияда құрылған өкілетті биліктің ресми атауы: A) Парламент B) Бас Штаттар C) Сенат D) Конгресс E) Кортес Жауабы: В Бас штаттар – феодалдық Франция мен Нидерландыдағы сословиелiк өкiлдiктiң жоғарғы органы. Қалалардың өсуiне, әлеуметтiк қайшылықтардың шиеленiсуiне және таптық күрестiң күшеюiне байланысты пайда болды. Францияда 1302 жылы Жүз жылдық соғыс қарсаңында шақырылды. 4. XV ғ. Еуропада құрылған белгілі университет A) Мадрид B) Гарвард C) Оксфорд D) Принстон E) Ватикан Жауабы: С Еуропада ХV ғасырда 65 университет болды. Бұлардың iшiнде Париж, Болонье (Италия), ОКСФОРД (Англия), Прага, Краков (Польша) университеттерi жұртқа белгiлi едi. 5. Урарту патшалығына қатысты есімдер мен атаулар: A) Ван көлі B) Тешуб C) Армения жері D) Ашур E) Телепин F) Тушпа G) Пирамида H) Анатолия Жауабы: А, С, F 6. Шонжар-афинылықтар бүкіл Аттика жерін жаулап алған уақыты: A) Б.з.б. ІV ғасырда B) Б.з.б. VІ ғасырда C) Б.з.б. V ғасырда D) Б.з.б. VІІ ғасырда E) Б.з.б. VІІІ ғасырда Жауабы: Е 7. Ежелгі Грекиядағы төменгі еркін халық деп атаған: A) полис B) демос C) агора D) патриции E) пантеон F) дорий G) илот H) консул Жауабы: В 8. Ежелгі Римде өткізілген басты ойын-сауықтардың бірі: A) садақ ату B) бұқалар жарысы C) жаяу жарыс D) суға жүзу E) гладиаторлар сайысы Жауабы: Е 9. Ежелгі Римдегі ру бірлестіктерінің жиналысы: A) Трибалар B) Сенат C) Құрылтай D) Курия E) Центуриат Жауабы: D 10. Франктер кезеңінде латынша «үйдің үлкені», «басшысы» деген мағына білдіретін сөз(-дер): A) монах B) феод C) рыцарь D) дворян E) герцог F) граф G) абат H) майордом Жауабы: H Майордом (латынның «үлкен үй» деген сөзiнен шыққан) – Франк мемлекетiндегi V ғасырдың аяғы – VIII ғасырдың ортасындағы сарай меңгерушiсi, ең жоғарғы мемлекет басшысы. 11. Иранда сефевид билігі тұсындағы жер иеліктері: A) «аллод» B) «дивани» C) «інжу» D) «сойырғал» E) «заминдар» F) «шахтық» G) «арбаби» H) «сипахи» Жауабы: В, D, G (XVII ғасырда Иранда феодалдық қатынастар дамып, жерге, суға феодалдық меншiк орнады. Мемлекеттiк меншiктегi жер “ДИВАНИ” деп аталатын. Оған елдегi жердiң басым мөлшерi кiрдi. Отбасының меншiгiндегi жер “хассэ” деп аталды. Iрi феодалдардың қолында олар қызмет еткен кезеңде уақытша пайдаланылатын жекеменшiк жерлер болды. Олар тойыл деп, мұрагерлiкпен мәңгi пайдалануға берiлетiн жерлер СОЙЫРҒАЛ деп аталады. Дiни орындар мен дiни адамдарға меншiкке берiлетiн “уакф”, “мульк”, “АРБАБИ” деп аталатын көлемi үнемi өсiп отыратын iрi жер иелiктерi болды). 12. «Нормандия герцогі Вильгельм...Александр папаға елшілер жіберіп, жаулап алу жоспарын бекітуін өтінді... Вильгельм барондарды жинап алып... олардың әрқайсысынан...жорық туралы пікірін сұрады. Олардың бәрі жан-тәнімен қимылдауға міндеттеніп, герцогке үйіп-төгіп уәде берді... Белгіленген уақытта олар келіп жетті... Бәрі кемеге отырып, желдің көмегімен Гастингстің жағасына тез-ақ жетіп келді...». Мәтінде сипатталған мемлекетті анықтаңыз: A) Франция B) Австрия C) Испания D) Швеция E) Англия Жауабы: Е (Англия корольдiгiнiң осындай әлсiздiгiн пайдаланып, 1066 жылы Британ аралдарына Нормандия герцогi Вильгельм басып кiрдi. Гастингс маңындағы шайқаста ол ағылшындар королi Гарольдтi жеңдi. Вильгельм Лондонға басып кiрдi. Сөйтiп өзiн Англия королi деп жариялады. Ол «Жаулап алушы» деген атаққа ие болды). 13. Стамбулдағы 1730 ж. көтерілістің негізгі себебі A) жастарды әскерге шақыруы B) жер салығының көбеюі C) әскери салықтың енгізілуі D) нан бағасының көтерілуі E) қаладағы ашаршылық Жауабы: С (1730 жылдың басында үкiметтiң бұйрығымен өте жоғары әскери салық енгiзiлiп, бұл қала халқының шектен тыс наразылығын тудырды. Осы жылы күзде Стамбұлда Патрон Халил бастаған қала кедейлерiнiң көтерiлiсi басталды). 14. ХІХ ғ. әлемге микробиология деп аталатын жаңа ғылымды сыйлаған ғалым: A) Луи Пастер B) Роберт Майер C) Джон Дальтон D) Конрад Рентген E) Майкл Фарадей Жауабы: А (Луи Пастер (1822—1895) әлемге микробиология деп аталатын жаңа ғылымды сыйлады). 15. Ф.Энгельс «Заманауи химияның атасы» деп атаған ағылшын ғалымы: A) Джон Дальтон B) Луи Пастер C) Роберт Майер D) Майкл Фарадей E) Конрад Рентген Жауабы: А (Ағылшын Джон Дальтон зат құрылысының атомдық теориясын негiздедi. Ол химияға атомдық салмақ туралы түсiнiк енгiздi және бiрiншi болып химиялық формулалар қолдана бастады. Ф.Энгельс Дальтонды заманауи химияның атасы деп атады). 16. Физиктердің арасынан тұңғыш рет Нобель сыйлығын иеленген В.К.Рентгеннің ашқан жаңалығы: A) электромагниттік толқындар B) тартылыс заңы C) стерилизация D) Х-сәулелері E) электромагнитік индукция Жауабы: D (1895 жылдың соңында Германия физигi Вильгельм Конрад Рентген (1845—1923) Масквеллдiң электромагниттiк толқындар теориясына сүйене отырып көзге көрiнбейтiн, өздерi Х сәулелерi деп атаған сәулелердi ашты. Бұл ұлы жаңалық бiрден медицина тәжiрибесiне енгiзiлiп, оның негiзiнде жасалған рентген аппараты көпшiлiктiң қызығушылығын тудырды. Ендi дәрiгерлер аурулардың iшкi зақымдарын, сынған сүйектерiн көрiп, бақылауға мүмкiндiк алды. Физиктердiң арасында тұңғыш рет Рентгенге Нобель сыйлығы берiлдi). 17. Әлемдік тартылыс заңын тұжырымдаған ғалым: A) Джон Локк B) Исаак Ньютон C) Фрэнсис Бэкон D) Иоаганн Кеплер E) Рене Декарт Жауабы: В (Ғылымдар тарихындағы бүтiн бiр кезеңдi ағылшын ғалымы Исаак Ньютон (1643 — 1727) еңбектерi құрайды. Өзiне дейiнгiлердiң жетiстiктерiне сүйене отырып, ол әлемнiң жаңа келбетiнiң пайда болуын, математика мен механиканы қоса отырып негiздедi. Өзiнiң ең басты “Табиғат философиясының математикалық принциптерi” (1687) деген еңбегiнде ғалым әлемдiк тартылыс заңын тұжырымдады). 18. Майкл Фарадейді 1831 жылы ашқан жаңалығына байланысты заманастары атады: A) «Ұлы ойшыл» B) «Ұлы ағартушы» C) «Найзағай әміршісі» D) «Мазурка королі» E) «Ғұлама замандас» Жауабы: С (1831 жылы Майкл Фарадей электромагниттiк индукция құбылысын ашты. Бұл жаңалық электрқозғалтқышты жасауға жол ашты. Фарадейдi замандастары “найзағай әмiршiсi” деп атаған. Ғалым корольдық қоғамның, көптеген академиялардың мүшесi, соның iшiнде Петербург академиясы оны өз мүшесi етiп сайлаған). 19. 1882 ж. Үштік одақ шартына қол қойған елдердің бірі A) Голландия B) Испания C) Австро-Венгрия D) Франция E) Португалия Жауабы: С (ХХ ғасыр басындағы еуропада басты екі әскери-саяси одақ құрылды. Біріншісі, Үштік одақ, Франция-Пруссия соғысынан кейін қалыптасты. Канцлер Бисмаркті Германияның Еуропа орталығындағы жағдайы мазалап, «одақтар сұмдығы» тынышын алды. Қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында герман билеуші топтары өз одағын құрмақшы болып, мүдделестер іздеді. Ең қолайлысы көршілес Австрия-Венгриямен байланыс орнатып, Франциямен арасында кикілжіңі бар Италияны өз жағына тарту болды. Осылай, біртіндеп, 1882 жылы Германия, Италия және Австро-Венгрияның Үштік одағы құрылды, ол 1892 жылы жаңарып, 1915 жылы Италия одан шыққанға дейін өмір сүрді. Үштік одақтың құрылғанын Франция өзіне төнген қауіп деп түсініп, оған қарсы тұратын күш іздеді. Ондай одақтас ең алдымен Ресей болуы мүмкін еді. Оны іске асыру үшін Франция мен Ресей арасындағы Таяу және Қиыр Шығыстағы қайшылықтарды реттеу қажет болды. Франция мен Ресей француз-орыс одағын құрып, әскери-саяси конвенция (1891-1893) жасасты. 1907 ж. ағылшын-орыс келісімі Англия, Франция және Ресей құрамындағы Антантаның құрылуын тәмамдады. Үштік одақтың Антантаға қарсы тұруы көп ұзамай Бірінші дүниежүзілік соғысқа алып келді). 20. Англиядағы «Мемлекет ішіндегі мемлекет» сияқты ерекше құрылымға ие болған компания: A) Кеден одағы B) Вест-Үнді C) Ганза одағы D) Неміс сауда одағы E) Ост-Үнді Жауабы: Е (ХVI ғасыр бойында Англияда бiрнеше iрi сауда компаниялары пайда болған едi, олар дүниенiң әр түкпiрiмен сауда байланыстарын жүргiзiп отырды. ХVII ғасырдың басында солардың iшiндегi ең мықтысы, атақты Ост-Үндi компаниясы болды. Бұл компания, негiзiнен, Үндi мұхиты арқылы сауда жүргiзетiн едi. ОСТ-ҮНДI компаниясы Англиядағы “мемлекет iшiндегi мемлекет” сияқты ерекше құрылым болды). 21. 1784 жылы алғашқы орыс елдi мекендерi пайда болды: A) Аляскада B) Мариан аралында C) Маврикийде D) Канар аралында E) Того елінде Жауабы: А 22. XVII-XVIII ғасырларда Ресей аумағын екі есе дерлік ұлғайтқан жағдай: A) Қара теңізді қосып алуы B) Кавказды қосып алуы C) Сібірді отарлауы D) Орта Азияны жаулап алуы E) Балтық жағалауын жаулап алуы Жауабы: С (XVII-XVIII ғасырлар бойы ресейлiк әскери қызметтегi адамдар, казактар және шаруалар бiртiндеп Сiбiрдi игердi, ал 1784 жылы алғашқы орыс елдi мекендерi АЛЯСКАДА да пайда болды. Амурда Ресей басқыншылары Қытаймен қақтығысқа түстi. XVII ғасырдың соңында онда орыс-қытай шекарасы орнатылды. Сiбiрдi отарлау Ресейдiң аумағын екi есе дерлiк ұлғайтты). 23. Қытайда аграрлық реформаның іске асырылған жылдары A) 1976-1978 жж. B) 1958-1976 жж. C) 1960-1965 жж. D) 1949-1952 жж. E) 1950-1959 жж. Жауабы: D (ҚХР 1949-1952 жылдары аграрлық реформа ойдағыдай іске асырылды. Нәтижесінде 300 млн шаруа 47 млн га жерге ие болды. Помещиктік жер иелену жойылды. Қытайдың ірі буржуазиясы мен шетел капиталистерінің кәсіпорындарын мемлекет меншігіне алу мемлекеттік меншікті кеңейтіп, нығайтты. Бұл реформалар социалистік құрылыстың алғышарттары болды). 24. 1.Империя президентінің қызметі рейхсканцлердің қызметімен біріктіріледі. Сол себепті осы уақытқа дейін белгіленген империя президентінің заң күші көсеміміз (фюрер) әрі рейхсканцлер Адольф Гитлердің қолына көшеді. Ол өз орынбасарын тағайындайды. 2. Бұл заң империя президенті фон Гиденбургтің қайтыс болған күнінен бастап өз күшіне енеді. Германияда президенттің қызметі рейхсканцлердің қызметімен біріктіру туралы заң қабылданған уақытты анықтаңыз: A) 1936 жыл 15 маусым B) 1929 жыл 30 тамыз C) 1934 жыл 1 тамыз D) 1932 жыл 10 шілде E) 1930 жыл 4 қазан Жауабы: С (Президенттің, канцлердің және жетекші партия басшысының міндетін бір қолға біріктіру шешімі 1934 жылғы тамызда президент Гинденбургтің өлімінен соң іске асты. Гитлер шексіз диктаторлық билік иесі, өмірлік фюрер және рейхсканцлер атанды). 25. Моңғолия 1 қараша, 1921 жыл. 1.Монғол мемлекетінің ханы-Чжебцзун-Дамба-хутухта-қасиетті сары діннің басшысы-мемлекеттік жұмыстарға араласпайды, ал діни мәселелерде шексіз құқықтарға ие. 2. Чжебцзун-Дамба-хутухта конституциялық монархия түріндегі басқару жүйесі бар Монғол халық мемлекетінің ханы бола тұра, барлық мемлекеттік істерді халық үкіметінің төрағасы арқылы жүргізеді. 3.Үкімет бастамасы бойынша Монғол халық мемлекетінің негізін жақсарту мен нығайтуға бағытталған және халық игілігіне арналған заң актілері Боғды ханға баяндалғаннан соң ғана іске асырылады,Боғдыхан ондай заңдарды қабылдаусыз тастай алмайды. Басқа сипаттағы ұсынылған заң актілерін Боғды хан өзіне баяндалған кезде екінші рет талқылау үшін қайтарып бере алады, алайда тек бір-ақ рет. 4.Мемлекеттік төңкеріс немесе басқа да іштей тәртіпсіздіктер басталса, үкімет Боғды ханға баяндамай-ақ, маңызды шаралар қолданып, заң шығара алады. Халықтық-революциялық үкімет пен Боғдыхан келісімге қол қоя отырып,оны мүлтіксіз сақтауға серт береді. Мәтінде берілген құжат бойынша монғол тарихының кезеңін анықтаңыз: A) Азамат соғысы B) Республикалық басқаруға өту C) Демократиялық жаңару D) Монархия дәуірі E) Отаршылдық кезеңі Жауабы: B (КСРО-ның көмегімен құрылған Халық үкіметі боғдыхан билігін қалдырып, діни мәселелермен ғана шұғылдануға көндірді. Сөйтіп, 1921-1924 жылдарда Моңғолия шектеулі монархия түріндегі мемлекеттер қатарында болды). 26. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мен Монғол Халық Республикасының үкіметтері осы хаттамаға қол қойды 1-бап. КСРО немесе Монғол Халық Республикасының аумағына үшінші бір мемлекеттің тарапынан шабуыл жасау қаупі төнсе, КСРО мен МХР үкіметтері қалыптасқан жағдайды тез арада бірігіп талқылауға және өз аумағын қауіпсіздендіруге қажетті шаралардың барлығын қолдануға міндеттенеді. 2-бап. КСРО және МХР үкіметтері келісуші жақтардың біреуіне әскери шабуыл жасалған жағдайда бір-біріне кез келген,соның ішінде әскери көмек көрсетуге міндеттенеді. Мәтінде көрсетілген келісімге байланысты жағдайды көрсетіңіз: A) Гоминдан тарапынан қауіп B) Қытай тарапынан қауіп C) Ішкі талас-тартыстың күшеюі D) Германия тарапынан қауіп E) Жапония тарапынан қауіп Жауабы: Е (Кеңестік Ресей дипломатиялық қатынасты орнатқан елдің алғашқыларының бірі Моңғолия болды. 1931 жылы ЖАПОНИЯНЫҢ Маньчжурияны жаулап алуы, оның кеңесманьчжур және моңғол-маньчжур шекараларындағы арандатушылық әрекеттеріне қарсы кеңес-моңғол келісімдері жасалды. 1934 жылы Кеңес үкіметімен өзара көмек жөнінде келісім жасалды. 1940 жылы наурызда Моңғолия халықтық-революциялық партиясының Х съезінде жаңа конституцияның жобасы мақұлданды). 27. Ұлттар Лигасы Кеңесінің тұрақты мүшелігін иемденген ел (-дер) A) Ирландия B) Румыния C) Австрия D) Кеңестік Ресей E) Италия F) Жапония G) Дания H) Испания Жауабы: E, F (Ұлттар Лигасы Кеңесінің тұрақты мүшелері қатарында 5 мемлекет — АҚШ, ҰЛЫБРИТАНИЯ, ФРАНЦИЯ, ИТАЛИЯ және ЖАПОНИЯ болды). 28. 1923-1930 жж. Испаниядағы кезең атауы: A) Викториандық B) Империялық C) Демократиялық D) Диктаторлық E) Социалистік F) Республикалық G) Коммунистік H) Католиктік Жауабы: D (Промо де Ривераның диктаторлығы) 29. 1920 ж. РКФСР үкіметі дербестігін мойындаған ел A) Латвия B) Албания C) Монғолия D) Чехия E) Болгария Жауабы: А (1918 жылы Брест бiтiмшарты бойынша Кеңестiк Ресей Латвия мен Эстонияның тәуелсiздiгiн мойындады. Латвияда К. Ульманистiң, Эстонияда К. Пятстiң үкiметтерi құрылды. 1920 жылы РКФСР жаңа республикаларды мойындады. Қызыл Армияның б;лiмшелерi бұл елдерден шығарылды. Аталған елдерде құрылтай жиналысына сайлау ;ткiзiлiп, ұлттық Конституция қабылданды). 30. Қытай кеңестері туралы Сан жағынан басым және жақсы қаруланған қарсыласымен азамат соғысы жағдайында Қытай Кеңестерінің қызметі қарулы күрестің басты мақсатына бағындырылды... Қытай Кеңестерінің құжаттары ел аумағының бір бөлігінде Кеңестердің заң актілерінің көпшілігі алайда азамат соғысы жағдайында жүзеге асырылмағанына қарамастан, халық бұқарасының мақсаттарын көздейтін әлеуметтік өзгерістер болғандығын көрсетеді. Олар толығымен тек Орталық кеңес ауданының көлемінде толығырақ жүзеге асырылды. Көптеген ұсақ кеңес аймақтарының әлсіздігі, бір-бірінен бөлектігі, тұрақсыздығы мен олардың Орталық кеңес аудандарымен байланысы нашарлығы, кеңес қозғалысын жаншып тастау қаупі күн сайын төніп тұрған жағдайда бірыңғай заңды іске асыруға және оны жергілікті жағдайларға сай реттеп отыруға мүмкіндік бермеді... Қытай революциясының кеңестік дәуірінде Қытай компартиясы өзінің қарулы күштерін-Қызыл Армияны құрды, ол коммунистік партияның басшылығымен шаруаларды елдегі революциялық қозғалысты дамытудың маңызды құралы есебінде топтастырды. Қызыл Армия бейбіт халықтың арасындағы ағарту және кеңес партия кадрларын дайындау, жергілікті жерлердегі өкімет органдарын, кеңестерді қайта құру, ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге көмек, әлеуметтік-экономикалық шараларды жүргізуді ұйымдастыру, саяси және әкімшілік жұмыстарын өз мойнына алды... Кеңес қозғалысы өнеркәсібі дамымаған, жұмысшы табы жоқ, артта қалған ауылдық жерлерде өрістеді. Сондықтан да революцияның басты қозғаушы күші шаруалар, анығырақ айтқанда, олардың кедей топтары болды. Батырақтар, кулактар, майда қолөнершідер, кедей-шаруалар Қызыл Армияның, жергілікті революциялық өкімет органдарының негізін құрды. Коммунистік партия бізде негізінен алғанда сипаты жағынан шаруалық партия болды. Қытай революциясының негізгі тірегі шаруалар болуының себебі: A) Қытай аграрлы ел B) Әлеуметтік қайшылықтар болмады C) Жұмысшылар белсенділік көрсетпеді D) Саяси партиялар болмады E) Қытай индустриалды ел Жауабы: А
ІІ БӨЛІМ31. Б.з.б. 221 жылы ұлы билеуші – хуанди атағын алған қытайлық патша(-лар): A) Ван Ман B) Чжан Цзяо C) Ин Чжен D) Сыма Сянжу E) У Ди F) Фан Чун G) Шан Ян H) Бань Чао Жауабы: С (Бүкіл патшалықты өзіне бағындырып алған Ин Чжен б.з.б. 221 жылы Хуанди атағын алып, бірінші ұлы билеуші болды). 32. Ресейдің діни дербестігін нығайтып, патриархтың ролін арттырған орыс патшасы (-лары): A) I Петр B) I Александр C) Борис Годунов D) Иван Грозный E) I Николай F) II Петр G) Елизавета H) Анна Иоанновна Жауабы: С (Б. Годунов 1598 жылы таққа отырды. Ресейдiң дiни дербестiгiн нығайту, рухани жағынан күшейту үшiн Ресей қоғамында патриархтың рөлiн арттырады. Сыртқы саясатта, 1590–1593 жылдарда шведтермен соғыстың барысында – Балтық теңiзiндегi Иван-Город, Ям, Копорье және т. б. бекiнiстердi қайтарады). 33. XIX ғ. ортасында «шығыс мәселесі» төнірегінде «Осман мұрасын» бөлісу үшін саяси бақталастықты жандандырған ел(-дер): A) Италия B) Германия C) Португалия D) Франция E) Ресей F) Испания G) Жапония H) Англия Жауабы: D, E, H (1768—1774 жылдардағы орыс-түрiк соғысы Осман империясының сыртқы саясатта беделiнiң түскендiгiн көрсеттi. Түрiктердi осы соғысқа итермелеген Франция оған ешқандай көмек көрсеткен жоқ. Нәтижесiнде Осман империясы Еуропадағы иелiктерiнен толық айырылды. Батыс елдерi түрiктердi Еуропа аумағынан толық қуып шығып, “осман мұрасын” бөлiсу мәселесiн күн тәртiбiне қоя бастады. Бiрақ Ресейдiң Балқан мен Жерорта теңiзiнде күшейiп кетуiнен қауiптенген Англия мен Франция II Екатеринаның саясатына қарсы шығып, Осман империясының тұтастығын қорғауға мәжбүр болды. Осыдан келiп империядан бөлiнген аумақтардың тағдыры еуропалықтардың қолына көштi. Осман империясынан бөлiнген аумақтар үшiн бәсекелестiк күрес “шығыс мәселесi” деген саясатты дүниеге әкелдi). 34. ХХ ғасырдың басында араб елдерінде тәуелсіздік алуды мақсат тұтып құрылған топ(-тар): A) «Жаңа османдар» B) «Халықшылдар» C) «Жас түріктер» D) «Мұсылмандар лигасы» E) «Жас Арабия» F) «Байрақ» G) «Отан» H) «Республикалық реформалар партиясы» Жауабы: Е, G, H (Мысырдың жас зиялылары мен офицерлерi қолдап “Отан” ұйымын құрып, “Мысыр — мысырлықтарға” деген ұран тастады. ХХ ғасырдың басында Түркияда жас түрiктер революциясы басталды. Сирияда, Ливанда, Тунисте, Палестинада, Иракта автономия алу және бiрiккен тәуелсiз араб мемлекетiн құру жоспарларын ұсынған топтар пайда болды (“Араб-осман қоғамы”, “Жас Арабия”, “Республикалық реформалар партиялары”). 35. Араб елдерінің Лигасы құрылған жыл: A) 1950 ж. B) 1988 ж. C) 1961 ж. D) 1953 ж. E) 1966 ж. F) 1980 ж. G) 1945 ж. H) 1973 ж. Жауабы: G (Египет Германияға қарсы соғыс жариялауға 1945 жылғы ақпанда ғана келісті. Сөйтіп, БҰҰ құруға қатысты. 1945 жылы мамыр айында француз отаршылары алжир халқының ұлт-азаттық қозғалысын әскери күштерді пайдаланып басып тастады. Соғыс аяқталар кезде араб елдері бірігу мәселесін қайта көтеріп, Араб елдерінің Лигасын құрды). 36. АҚШ-Египет-Израиль елдері Кэмп –Дэвид келісіміне қол қойған жыл (-дар) A) 1953 ж. B) 1980 ж. C) 1967 ж. D) 1995 ж. E) 1977 ж. F) 1980 ж. G) 1958 ж. H) 1979 ж. Жауабы: Е, Н (1977-1979 жылдары Египет - Израиль - АҚШ Кэмп-Дэвид келісіміне қол қойып, жауласқан екі ел татуласты. Оны КСРО мен араб елдері мойындамады). 37. 1921 жылы құлдықты жою туралы заң жариялаған ел (-дер): A) Сирия B) Непал C) Үндістан D) Түркия E) Ауғанстан F) Қытай G) Гаити H) Иран Жауабы: Е (1919 жылы 21 ақпанда үкімет басына “Жас ауғандықтар” ұйымының өкілі - жас әмір Аманулла хан келіп, Ауғанстанның тәуелсіздігін жариялады. 27 ақпанда Кеңес үкіметі Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындады. 1921 жылы құлдықты жою туралы заң жарияланды. 1923 жылы Жаңа Конституция қабылданып, осы Ата заң негізінде буржуазиялық мазмұндағы жаңалықтар іске асырыла бастады). 38. «Орта Азияның негізгі ұлттары – түрікмендер, өзбектер, тәжіктер, қазақтар мен қырғыздар аумағы жағынан бытыраңқы болып келді. Аталған ұлттардың еңбекшілер бұқарасы өздерінің ұлттық мемлекеттік құрамдарын ұйымдастыру жөніндегі табанды тілектерін ескере отырып, Бұхара және Хорезм Республикаларының жоғарғы орындары және Түркімен АКСР Орталық Атқару комитеті бүкіл Орта Азияда ұлттық-аумақтық межелеу жүргізуге шешім қабылдады. Бұл межелеудің нәтижесінде түркімен, өзбек, тәжік, қазақ және қырғыз халықтары көп орналасқан аумақтар бөлініп, тиісті ұлттық республикаларының құрылуына әкеп соқты.» Мәтінде берілген сипаттамадан құрылған мемлекетті анықтаңыз: A) Түркімен КСР-і B) Қазақ КСР-і C) Тәжік КСР-і D) Өзбек КСР-і E) Қырғыз КСР-і Жауабы: D (Бұл 1925 жылғы 17 ақпанда қабылданған Өзбек КСР Кеңестерi I съезiнiң Өзбек Кеңестiк Социалистiк Одақтас Республикасын құру туралы декларациясы) 39. 1236 жылы Батыс едеріне жорықты бастаған мемлекет билеушісі: A) Шайбани B) Бату C) Шыңғыс хан D) Орда-Ежен E) Жошы Жауабы: В 40. Иранда ХVІІІ ғасырдың соңынан бастап билік құрған әулет: A) Цинь B) Пехлеви C) Каджар D) Сулеймен Жауабы:С
ІІІ БӨЛІМ61. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы, ұлы поляк астрономы Коперник Краков университетінде оқыған, 24 жасында каноник (діни қызмет) болып сайланды. Ол біраз уақыт Италияда болып Болонья, Падуя, Феррора университеттерінде астрономия, философия, заң, медицина, т.б. ғылым салалары бойынша білім алады. Кейін отанына қайтып оралып ғылыми және саяси жұмыстарға араласады. Оның ғылыми қызметі сан алуан саланы қамтиды, алайда ғылым тарихыда оның астрономиялық еңбектерінің ерекше маңызы зор болды. Птоломейдің жүйесі бойынша әлем кіндігі (центрі) ретінде қозғалмайтын жер қабылданса, оның жүйесінде центр ретінде күн алынады. Бұл жаңалықтарын өзінің «Аспан сфераларының айналуы» атты кітабында баяндайды. Мәтінде сипатталған оқиғаның уақытын анықтаңыз: A) ХІV- ХV ғасырлар B) ХV-ХVІ ғасырлар C) ХVІ –ХVІІ ғасырлар D) ХVІІ – ХVІІІ ғасырлар E) ХVІІІ –ХІХ ғасырлар Жауабы: В (Ғарыш әлемi жөнiндегi дiни көзқарастарға Польшаның ұлы ғалымы Николай Коперник (1473–1543) күйрете соққы бердi. Ол 1507 жылы Жер және басқа планеталар Күндi айналып жүредi деген тұжырымын ғылыми жолмен дәлелдедi. «Аспан денелерiнiң айналысы туралы» атақты еңбегiн жазды). 62. Гелиоцентрлік жүйені қуаттап дәлелдеген ғалымдардың бірі A) Дени Дидро B) Рабле Франсуа C) Веласкес Диего D) Антуан Кондорсе E) Джордано Бруно Жауабы: Е (Джордано Бруно Польшаның ұлы оқымыстысы Коперниктiң Жер күндi айналады деген көзқарасын құптады). 63. Ежелгі Египет перғауын(-ы, -дары): A) Аменхотеп B) Евтидем C) Хаммурапи D) Рамзес E) Кир F) Тутмос G) Астиаг H) Дарий Жауабы:А, D, F 64. 1984 жылы лаңкестердің қолынан қаза тапқан Үндістанның саяси қайраткері: A) Индира Ганди B) Махатма Ганди C) Пратибха Патил D) Раджив Ганди E) Дж. Неру Жауабы: А (1980 жылы өткен кезектен тыс сайлауда ҮҰК жеңіске жетіп, И.Ганди қайта үкімет басына келді. Бірақ 1984 жылы И.Ганди лаңкестер қолынан қаза тапты). 65. Ежелгі Египетте құдайға теңеді: A) балықшыларды B) егіншілерді C) перғауындарды D) құрылысшыларды E) құлдарды Жауабы: С 66. Бірінші, екінші және үшінші крест жорықтары басталған жылдар: A) 1206 ж. B) 1096 ж. C) 1492 ж. D) 1402 ж. E) 1147 ж. F) 1189 ж. G) 1337 ж. H) 1517 ж. Жауабы: B, Е, F 67. Крест жорықтары кезінде кресшілер құрған мемлекеттер (-тер): A) ІІ Урбан империясы B) Латын империясы C) Иерусалим корольдігі D) Христиан корольдігі E) Эдесса графтығы F) Византия мемлекеті G) Селжұқ корольдігі H) Папа мемлекеті Жауабы: В, С, Е (Латын империясы, Иерусалим корольдігі және Эдесса графтығы) 68. Крест жорықтары кезінде Батыс Еуропа халықтарының шығыстан үйренгендері: A) үш танапты егістікті қолдану B) алып ғимараттарды соғу C) театр өнері D) мүсін, сурет өнері E) әскери киімді кию F) iш киiмдерiн, төсек-орындарын ауыстырып тұру G) тамақ iшер алдында қолдарын жуу H) ас iшкенде шанышқыны пайдалану Жауабы: F, G, H (Крест жорықтарының Батыс Еуропа елдерi үшiн бiраз пайдалы жақтары да болды. Бiрiншiден, Жерорта теңiзiндегi сауданың қыза түсуiне ықпал еттi. Бұл саудада Солтүстiк Италия қалалары үстемдiкке ие болды. Екiншiден, Батыс Еуропа халықтары Шығыстан жоғары дәрежеде дамыған мәдениеттiң үлгiсiн игердi. Кресшiлер мұсылман халықтардан тамақ iшер алдында қолдарын жууды, ауық-ауық ыстық моншаға түсiп, iш киiмдерiн, төсек-орындарын ауыстырып тұруды, әдемi киiнудi, ас iшкенде шанышқыны пайдалануды үйрендi. Yшiншiден, еуропалықтар Шығыстан жаңа егiс дақылдарын көрiп, Еуропада күрiш, лимон, өрiк, қарбыз өсiре бастады. Еуропалықтар Шығыс халықтарынан жiбек мата тоқуды, айна жасауды, металды сапалы өңдеудi үйрендi). 69. 1700-1721 жж. аралығында Солтүстік соғысқа қатысқан ел (-дер): A) АҚШ B) Италия C) Дания D) Англия E) Венрия F) Ресей G) Швеция H) Чехия Жауабы: F, G (1700 жылы 9 тамызда Ресей iс жүзiнде Швеция арасында Солтүстiк соғыс басталды. 1721 жылы 30 тамызда Ништадта орыс-швед бейбiт бiтiмiне қол қойылды. Бұл бiтiм Ресейдi ұлы еуропалық держава ретiнде бекiттi). 70. 1884-1885 жылдары пайда болған герман отар (-ы, -лары): A) Кіші Азия B) Мағриб C) Шығыс Африка D) Орталық Африка E) Орта Азия F) Алдыңғы Азия G) Солтүстік Африка H) Оңтүстiк-Батыс Африка Жауабы: С, Н (1884 жылы Оңтүстiк-Батыс Африкада бiрiншi герман отары пайда болды. 1884—1885 жылдары Камерунде, Того және Шығыс Африкада герман отарларының негiзi қаланды). 71. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияның шығыстағы жерлері берілген мемлекет (-тер): A) КСРО B) Польша C) Австрия D) Румыния E) Венгрия F) Болгария G) Чехословакия H) Дания Жауабы: А, В (1946-1947 жылдары Германияның одақтастарымен бітім жасалды. Германияның шығыстағы жері Польша мен КСРО-ға берілді). 72. Германияда Аусбург бітімі жасалған жыл: A) 1565 ж. B) 1595 ж. C) 1585 ж. D) 1575 ж. E) 1555 ж. Жауабы: Е (1555 жылы Германияда кiнәздер мен императордың араcында Аусбург бiтiмi жасалды. Ол бiтiм бойынша кiнәз ¬өз халқының қайсы дiндi ұстанатынын белгiлейтiн болды). 73. 1815 жылы 26 қыркүйекте құрылған «Қасиетті одаққа» қол қоймаған мемлекет (-тер): A) Осман империясы B) Нидерланды C) Рим папасы D) Пруссия E) Швеция F) Англия G) Португалия H) Ресей Жауабы: А, С, F (1815 жылы 26 қыркүйекте I Александр құрастырған Қасиеттi одақ актiсiне Осман империясының сұлтаны, ағылшын королi және Рим папасынан басқа барлық еуропалық мемлекеттердiң монархтары қол қойды. Англия Қасиеттi одаққа ресми түрде кiрген жоқ). 74. XVIII ғасырдың бiрiншi жартысында аса iрi немiс сазгерi: A) М.Глинка B) С. Бах C) А.Моцарт D) Ф.Шопен E) Ф.Шуберт Жауабы: В (XVIII ғасырдың бiрiншi жартысында аса iрi немiс сазгерi Иоганн Себастьян Бах (1685—1750) өмiр сүрдi. Бах шығармалары өзiнiң халықшылдығымен, тереңдiгiмен, сезiмдiк күшiмен, алға қарай мақсатты және үздiксiз қозғалысымен ерекшеленедi. Ол 500-ден астам музыкалық еңбек жазды). 75. Франциядағы Шілде монархиясы билік еткен тұста (1830-1848 жж) король Луи Филиптің қарсы күрес жүргізгендердің бірі: A) ұлтшылдар B) жұмысшылар C) демократтар D) республиканшылдар E) шаруалар Жауабы: D (Король Луи Филипп билiгi Франциядағы көптеген саяси күштердiң көңiлiне жақпады. Корольға бұрынғы құлаған Бурбон әулетiн жақтаушылармен де, легитимистермен де, бонапарттықтармен де, империя құруды жақтаушылармен және РЕСПУБЛИКАШЫЛДАРМЕН де күрес жүргiзуiне тура келдi). 76. 1980 жылдары 8 жыл бойы соғысқан елдер: A) Үндістан мен Пәкістан B) Екі Корея мемлекеттері C) Аргентина мен англия D) Египет пен Израиль E) Иран мен Ирак Жауабы: Е (80-жылдардың басында Ирак шекара мәселесін қозғап, оны соғыс арқылы шешпек болды. Иран-Ирак соғысы 8 жылға (1980—1988) созылды. Ол Иран экономикасының даму қарқынын тежеп, көптеген ауылдар мен қалалар қиратылды). 77. VIII-X ғасырларда Араб халифаты бірнеше тəуелсіз мемлекеттерге ыдырады: А) Сасанилер мемлекет В) Византия мемлекеті С) Саманилер мемлекеті D) Дамаск халифаты Е) Эфталит мемлекеті F) Фатимилер халифаты G) Бағдад халифаты Н) Египет мемлекеті Жауабы: С, F, G (VIII–Х ғасырларда Араб халифат бiрнеше тәуелсiз мемлекеттерге ыдырап кеттi. Олардың iшiндегi iрiлерi Бағдад халифаты (750–1258), Фатимилер халифаты (909–1071), Кордова халифаты (756–1031), Саманилер мемлекетi (875–999) т. б. болды). 78. «Хорват мемлекеттік соборы қазіргі кезде соғысушы мемлекеттрдің барлығы мойындаған ұлттардың өзін-өзі басқаруға толық құқылығы негізінде осы шешімді қабылдады: 1.Хорватия, Словения, Далмация, жері және Венгр корольдігі мен Австрия империясының арасындағы бұрынғы мемлекеттік құқықтық қатынастар үзіледі. 2.Далмация, Хорватия, Словения Рискпен бірге Венгрия мен Австрияға қатыссыз толық тәуелсіз мемлекет деп жарияланады және қазіргі халықтық принциптерге байланысты словактардың, хорваттар мен сербтердің бірлігі негізінде словен, хорват және серб халқы тұратын ешқандай аймақтық және мемлекеттік шекараларға қарамастан, осы халықтар тұратын барлық этнографиялық аумақты қамтыған словактардың, хроваттардың және сербтердің тәуелсіз біртұтас халықтық мемлекетіне бірігеді». Мәтін бойыншақ құжаттың атауын анықтаңыз: A) Версаль келісімі B) Серб соборының қаулысы C) Вашингтон келісімі D) Питтсбургте келісімі E) Хорват соборының қаулысы Жауабы: Е 79. «Хорват мемлекеттiк соборы қазiргi кезде соғысушы мемлекеттердiң барлығы мойындаған ұлттардың өзiн-өзi басқаруға толық құқығы негiзiнде осы шешiмдi қабылдады: 1. Хорватия, Словения, Далмация жерi және Венгр корольдiгi мен Австрия империясының арасындағы бұрынғы мемлекеттiк құқықтық қатынастар үзiлдi. 2. Далмация, Хорватия, Словения Риекомен бiрге Венгрия мен Австрияға қатыссыз толық тәуелсiз мемлекет деп жарияланады және қазiргi халықтық принциптерге байланысты словактардың, хорваттар мен сербтердiң бiрлiгi негiзiнде словен, хорват және серб халқы тұратын ешқандай аймақтық және мемлекеттiк шекараларға қарамастан, осы халықтар тұратын барлық этнографиялық аумақты қамтыған словактардың, хорваттардың және сербтердiң тәуелсiз бiртұтас халықтық мемлекетiне бiрiгедi». Мәтінде сипатталған қаулы негізінде құрылған мемлекетті анықтаңыз: A) Югославия B) Словения C) Сербия D) Хорбатия E) Румыния Жауабы: А (Австро-Венгрияның оңтүстік славян жерлеріндегі австриялықтарға қарсы шығулар 1918 ж. күзінде басталды. Бұл кезде Адриатика жағалауындағы жерлердің бір бөлігін басып алуға тырысып, Италия соғыс қимылдарын жалғастыра берді. Бұл қауіпке бетпе-бет келген Сербия корольдігі және осы кезде пайда болған словендер, хорваттар мен сербтердің мемлекеті Сербтердің, хорваттардың және словендердің корольдігіне бірігу туралы шешім қабылдады. Кейінірек оған Черногория да енді. өзінің ұлттық және діни құрамы жағынан ала-құла мемлекет Югославия деп аталды). 80. ХХ ғ.соңына қарай Югославиядан бөлінген мемлекеттер: A) Валахия B) Румыния C) Албания D) Словакия E) Босния F) Герцеговина G) Черногория H) Болгария Жауабы: D, E, F (Бұл аймақта ұлттық және этникалық қақтығыстармен қатар ұлтшылдық көріністер де байқалды. Чехословакиядағы 1990 жылғы революциялық үрдістер ұлттық қақтығыстарға ауысты. Бұрынғы Югославия бірнеше мемлекетке бөлінді. Егеменді Словакия, Босния, Герцеговина, Македония, Хорватия мемлекеттері құрылды. Югославияда Сербия мен Черногория қалды). 81. Александр Македонскийдің басып алған елдері: А) Урарту В) Вавилон С) Ассирия D) Парсы Е) Грек F) Кушан G) Хетт Н) Египет Жауабы: В, D, Н Вавилон, Парсы, Египет 82. Жабық есік саясатын жүргізген мемлекеттер: А) Түркия В) Қытай С) Жапония D) Египет Е) Үндістан F) Индонезия G) Корея Н) Иран Жауабы: В, С, G (Ағылшын, француз, голланд, Ост-Үндi компаниялары бастаған Шығыс елдерiн отарлау әрекеттерi көптеген мемлекеттер мен халықтарды тәуелсiздiгiнен айырып, отар елдерге, кейбiрiн жартылай отар елдерге айналдырды. Әрине, Шығыста еуропалық экспансияға қарсы тұратын және шетелдiктердiң баса-көктеп кiруiнен бас сауғалаған елдер сақталып қалды. Қытай, Жапония, Корея және Вьетнам үкiметтерi өздерiнiң мемлекетiн шетелдiктер үшiн жабық деп жариялады). 83. Ежелгі Афиныда демократияның негізін калаған: А) Архонт Солонның заңдары В) Афиныдағы ақсақалдар кеңесі С) Клисфеннің халық соты Д) Олигархтар заңы Е) Бірінші стратег Периклдің заңдары Жауабы: А 84. Грек театрына шығарма жазғандар: А) Аристофан В) Пифагор С) Геродот D) Фалес Е) Страбон F) Эсхил G) Ктесий Н) Мирон Жауабы: А, F 85. Ежелгі Римдегі Спартак бастаған көтеріліс болған ғасыр: A) Б.з.б. VІІ ғ. B) Б.з.б. І ғ. C) Б.з.б. ІІ ғ. D) Б.з. І ғ. E) Б.з.б. ІV ғ. Жауабы: В 86. КСРО-мен қатынастарды реттеуге ыңғай білдірген Жапонияның үкімет басшысы: A) Наото Кан B) Я.Фукудо C) С.Абэ D) И. Хатояма E) Есикихо Нода Жауабы: D (1954 жылы үкімет басына демократиялық партия жетекшісі И. Хатояма келіп, КСРО-мен қатынастарды реттеуге ыңғай білдірді. Н. С. Хрущев бастаған жаңа басшылар да осындай пікірде болды. 1956 жылы 19 қазанда КСРО мен Жапония арасындағы араздықты тоқтату және дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру туралы Декларацияға қол қойды. Алайда бітім туралы мәселе шешілмей қалды. Оған жер дауы кедергі жасап келеді). 87. Қаңлы елi экономикалық, мәдени байланыс жасаған мемлекет (-тер): A) Қытай B) Рим C) Кушан D) Византия E) Парфия F) Жапония G) Урарту H) Бактрия Жауабы: А, В, С (Қаңлы елi Қытай, Рим, Кушан мемлекеттерiмен экономикалық, мәдени, саяси байланыс жасаған). 88. «Әзiрбайжан Социалистiк Кеңестiк республикасының үкiметi бiр жағынан, Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының үкiметi, екiншi жағынан, Әзiрбайжан мен Ресейдiң еңбекшi бұқарасының мақсаттары ортақ екендіктерін сезіне отырып, екi туысқан республиканың барлық күштерiн толық бiрiктiрудi ортақ жау - империалистiк буржуазияға қарсы ауыр күресте жеңіске жетуге мүмкіндік беретіндігін ескере отырып, осы келісімді жасауға шешім қабылдады, оны жасасып қол қою үшін мыналарды өкіл етіп тағайындады... (өкілдердің тізімі көрсетілген). Аталған өкілдіктер өздерінің өкiлдiктерiн өзара таныстырып, олар тиісті формаға сәйкес жасалған деп танылғаннан кейін мынаға келісті. 1. Әзiрбайжан мен Ресей өзара тығыз соғыс және қаржылық-экономикалық одақ құрды. 2. Әзiрбайжан республикасының үкiметi мен РКФСР үкiметi қысқа мерзiм ішінде: 1) Әскери ұйымдар мен әскери басшылықты; 2) халық шаруашылығы мен сыртқы сауданы басқаратын органдарды; 3) жабдықтау органдарын; 4) темiржол және су көлiгi мен пошта-телеграф ведомостволарын; 5) қаржы ведомостволарын біріктіреді...» Жоғарғы деректе көрсетілген Әзірбайжан мен Ресейдің өзара келісім жасаған мерзімін көрсетіңіз: A) 1920 ж. B) 1918 ж. C) 1925 ж. D) 1936 ж. E) 1905 ж. Жауабы: А (1920 жылғы 30 қыркүйекте РКФСР мен ӘКСР арасында екi республиканың әскери-экономикалық одағы туралы келiсiмi жасалды). 89. Ресейдегі 1861 жылғы «19 ақпан ережесі» бойынша помещиктерге тыйым салынды: A) шаруаларды айырбастауға B) шаруаларды кепілдікке беруге C) шаруаларды сатып алуға D) басқа сословиеге ауысуға E) рұқсатсыз сыртқы сауда жасауға F) жылжымайтын мүлік иеленуге G) оброк алуға H) айырбас сауда жасауға Жауабы: А, В, С (1861 жылы 19 ақпанда II Александр патша басыбайлылық құқықты жою туралы манифеске және “Шаруалардың жаңа құрылымы туралы ережеге” қол қойды. “19 ақпан ережесi” бойынша шаруаларға жеке бас бостандығы берiлдi. Помещиктердiң ендi шаруаларды сатуға, сатып алуға, сыйлық, кепiлдiк ретiнде беруге, айырбастауға құқықтары болмады. Шаруалар жылжымалы және жылжымайтын мүлiктер иеленуге, басқа сословиеге ауысуға құқық алды).
ІV БӨЛІМ1. « ...Кiмде-кiм қасақана империяның немесе жекелеген герман жерiнiң игiлiгiне немесе империя жеке жерлер үкiметiнiң, үкiмет партияларының не жеке бiрлестiктердiң беделiне зор нұқсан келтiретiн, шындыққа сай келмейтiн, не шындықты бұрмалайтын пiкiрлердi айтқаны не таратқаны үшін, егер осы қылмысы үшiн одан да ауыр жаза тиiстi болмаса, онда ол екi жылға дейiн қамау жазасына кесiледi. Егер пiкiр көпшiлiк алдында айтылып не таратылса, онда үш айға дейiн қамауға алынады» Мәтінде көсетілген заң баптарының сипатын анықтаңыз: A) Мәдени құқық туралы B) Сөз еркіндігі туралы C) Әскери құқық туралы D) Экономикалық құқық E) Сайлау құқығы туралы Жауабы: В 2. Ұлттық қайта жаңару үкiметiн қастандықтардан қорғау туралы заң 21 наурыз, 1933 жыл. ...Кiмде-кiм қасақана империяның немесе жекелеген ...жерiнiң игiлiгiне немесе империя жеке жерлер үкiметiнiң, үкiмет партияларының не жеке бiрлестiктердiң беделiне зор нұқсан келтiретiн, шындыққа сай келмейтiн, не шындықты бұрмалайтын пiкiрлердi айтқаны не таратқаны үшін одан да ауыр жаза тиiстi болмаса, онда ол екi жылға дейiн қамау жазасына кесiледi. Егер пiкiр көпшiлiк алдында айтылып немесе таратылса, онда үш айға дейiн қамауға алынады. Егер қылмысты әрекет империяға зор зиян келтiрсе, онда айыпкер каторгаға айдалу жазасына кесiледi. Мәтін бойынша осы заң қабылдаған мемлекетті анықтаңыз: A) Германия B) Англия C) Польша D) Испания E) Франция Жауабы: А 3. «4-бап. Келiсушi жақтар, егер қайсысының болмасын пiкiрi бойынша бiреуiнiң аумақтық тұтастығына, саяси тәуелсiздiгiне қатер төндi деп есептеген жағдайда, өзара ақылдасып, пiкiр алысады. 5-бап. Келiсушi жақтар Еуропа мен Солтүстiк Америкада өздерiнiң бiреуiне не бiрнешеуiне бағытталған қарсы шабуыл олардың барлығына жасалған шабуыл деп есептеуге келiстi. Мұндай жағдайда олардың әрқайсысы Атлант мұхитының солтүстiгіндегi аймақтың қауiпсiздiгiн қалпына келтiру және сақтау үшiн шабуылға ұшыраған жаққа немесе жақтарға тез арада, жеке және басқа жақтармен келiсе отырып, соғыс күштерiн қоса басқа барлық қажет деп есептелетiн к"мектi көрсетедi»... Мәтінде сипатталған ұйымның құрылған жылын анықтаңыз: A) 1955 ж. B) 1949 ж. C) 1945 ж. D) 1991 ж. E) 1986 ж. Жауабы: В (Мәтін 1949 жылғы 4 сәуір күні Брюссельде қол қойылған НАТО-ны құру туралы көпжақты келiсiмнен (Солтүстiк Атлант пактiсi) алынды. 1949 ж. Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы (НАТО) құрылды, ол алғашында өз мақсаты – Батыс елдерін Германияның қайта өрлеуінен қорғау деп жариялады). 4. Бүгiнгi таңда халық-азаттық соғысы, негiзiнен, жеңiске жеттi, елiмiздiң халқының басым көпшiлiгi азат етiлдi. Осының негiзiнде Қытайдың халықтық саяси консультативтiк конференциясы шақырылған болатын. Оның жұмысына барлық демократиялық партиялар мен топтардың, Халық-азаттық армиясының, әр түрлi аудандардың, ұлттық топтардың, шетелдерде тұратын қытайлықтардың және бүкiл елiмiздегi патриоттық демократиялық элементтердiң делегаттары қатысты. Бүкiл ел халқының еркiн бiлдiре отырып, Қытайдың халықтық саяси консультативтiк конференциясы Қытай Халық Республикасының Орталық Халық үкiметiнiң негiзгi заңын бекiттi. Қытай Халық Республикасын жариялады, Пекин Қытай Халық Республикасының астанасы болады деп шешiм қабылдады. Мәтін бойынша Қытай Халық Республикасы құрылған уақытты анықтаңыз: A) 1950 ж. B) 1949 ж. C) 1947 ж. D) 1951 ж. E) 1948 ж. Жауабы: В (1949 жылы 1 қазанда Пекинде Қытай Халық Республикасы (ҚХР) жарияланды. КСРО үкіметі оны бірінші болып мойындады. Чан Кайши бастаған гоминьдан армиясының қалдықтары Тайвань аралына бекінді). 5. «2. Мемлекет басшысы мемлекет өкiлi және Сеймнiң азаматтық, әскери шешiмдерiн жоғары орындаушы болып табылады. 3. Мемлекет басшысы Сейммен келiсiм негiзiнде толық құрамда үкiмет құрады. 4. Мемлекет басшысы мен үкiмет өз қызметтерi үшiн Сейм алдында жауапты». Мәтінде сипатталған 1919 жылы қабылданған заң баптары қай мемлекетте қабылданған: A) Испания B) Германия C) Ұлыбритания D) Польша E) Италия Жауабы: D (Сейм дегеніміз -Польша Республикасының мемлекеттік билігінің жоғарғы органы, кейбір елдердегі сословиелік-өкілетті мекеме Бұл 1919 жылдың 20 ақпанындағы “Кiшi конституциядан” Сеймнiң Ю.Пилсудскийге мемлекет басшысының мiндеттерiн атқаруды жалғастыра берудi тапсыру туралы шешiмiнен Польшадағы басқару нысанының парламенттік екені көрсетіледі). 6. Құжаттарға сүйене отырып,Орталық комиссия дауыс беруге жергілікті комиссияларда тіркелген 494960 кісі қатысуға тиісті деп тапты...Көрсетілген саннан себепті жағдайға байланысты(жолаушылап кетулеріне,қатты науқастануына байланысты)7551 адам дауыс беруге қатыспады.Сайлауға 467409 сайлаушы немесе плебисцитке қатысуға құқылы МХР азаматтарының 98,4 %-ы,оның ішінде дауыс беруге арналған 7-пунктте шетелдерде жүрген 395 азамат қатысты.МХР тәуелсіздігін жақтап 467409 кісі,яғни плебисцитке қатысқан азаматтар түгелдей-100 % дауыс берді. Бірде-бір адам «қарсы» дауыс берген жоқ. Мәтінде берілген құжаттан байқағандарыңыз: A) Сайлауға араттар ғана қатысты B) Сайлаушылардың белсенділігі C) Ер адамдардың ғана қатысуы D) Шетелдіктердің қатысуы E) Сайлауға жұмысшылар қатысты Жауабы: В 7. Мао Цзэдун Қазан төңкерiсi туралы «Бұл қозғалыс дүниеж үзiлiк революцияның, орыс революциясының, Лениннiң үндеулерiне жауап ретiнде дүниеге келдi. Ол дүниежүзiлiк пролетарлық революцияның бiр бөлiгi болды. “4 мамыр қозғалысы” кезiнде Қытай коммунистiк партиясының құрылмағанына қарамастан, сол кездiң өзiнде-ақ зиялы қауымның көптеген өкiлдерi орыс революциясына ынтымақтас болып, коммунистiк идеялармен таныса бастаған едi. Қозғалыс Қытайдың коммунистiк партиясын идеологиялық жағынан да, кадрлар жағынан да дайындады». Мәтінде сипатталған оқиғаның уақытын табыңыз: A) 1920 жылы B) 1921 жылы C) 1917 жылы D) 1918 жылы E) 1919 жылы Жауабы: Е 8. Моңғол халқының КСРО-ға көрсеткен көмегi Елде кеңес армиясының жауынгерлерiне сыйлық жинау науқаны басталып, ол тез арада кең қанат жайды. Небәрi екi-үш айдың iшiнде көптеген сыйлық жиналып, 1941 жылдың қарашасында майданға алғашқы сыйлық тиеген эшелондар жөнелтiлдi... МХРП Орталық Комитетiнiң Пленумы (1941 ж., қарашада) КСРО-ны қорғау қорына қаражат жинау және кеңес армиясының жауынгерлерiне сыйлық жинауды одан әрi дамытуға шақырды. Моңғол халқы бұл үндеудi қызу қарсы алды. 1943 жылы 12 қарашада Мәскеуге таяу жерде маршал Чойбалсан бастаған арнайы делегация кеңес жауынгерлерiне моңғол еңбекшiлерi жинаған қаражатқа соғылған «Революциялық Моңғолия» атты танк колоннасын тапсырды. Машиналарында «Чойбалсан», «Хатан-Батор Махсаржаб», «Арахангай» деген жазулары бар танк колоннасы КСРО қарулы күштерiнiң құрамына енiп, 44-гвардиялық Бердичев танк бригадасын құрды. Бұл бригада жауынгерлерiнiң даңқты әскери жолы Берлинде Рейхстаг түбiнде аяқталды. Жауынгерлiк ерлiгi үшiн бригада 7 орденмен, оның iшiнде, МХР-дiң Жауынгерлiк Қызыл Ту орденiмен марапатталды. МХР еңбекшiлерi өз қаржыларына “Моңғолия араты” атты авиация эскадрасын сатып алып, Қызыл Армия жауынгерлерiне сыйға тартты. 1944 жылы кеңес армиясына сыйлық ретiнде МХР-ден оның солдаттары мен офицерлерiне 10 мың жылқы, 127 вагон азық-түлiк, киiм-кешек, т.б. жiберiлдi. Моңғолияның сыртқы саясатта ұстанған бағытын көрсетіңіз: A) жабық есік саясаты B) араласпау саясаты C) антифашистік D) бейтараптық ұстаным E) үшінші жол бағыты Жауабы: С 9. (1) Жыл сайын төленетiн жалақы: а) осы актiнiң бiрiншi тiзiмiнiң бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген Тәж министрлерiнiң әрқайсысына, оның дәрежесiн ескере отырып, бес мың фунт стерлинг; б) Қаржы министрлiгiнiң бас хатшысына және мемлекеттiк министрлерге — қазынаның бiрiншi лорды ретiнде осындай сомадағы жылдық жалақы, бiрақ қандай да бiр жағдайда бес мың фунт стерлингтен жоғары болмайтындай; в) қауымдар палатасындағы көпшiлiк партияларда партиялық “қамшыға” (парламенттiк партиялық ұйымдастырушыға) — жылына екi мың фунт стерлинг. Мәтінде сипатталған министрлер туралы актінің осы елде қабылданғанын анықтаңыз: A) Италия B) Франция C) Германия D) Ұлыбритания E) АҚШ Жауабы: D (Үзiндi 1937 жылы қабылданған Тәж министрлерi туралы акттен алынды.) 10. Қытай революциясының саяси бағдарламасы Қытай революциясының қазiргi кезеңдегi басты ұрандары: 1. Империализм үстемдiгiн құлату. 2. Шетел капиталының қарамағындағы банктер мен кәсiпорындарды тәркiлеу. 3. Қытайды бiрiктiрiп, халықтардың ;зiн-;зi басқару құқығын мойындау. 4. Гоминьдан соғысқұмарларының билiгiн құлату. 5. Жұмысшылар, шаруалар және солдат ;кiлдерi жиналыстарының (кеңестерiнiң) билiгiн орнату. 6. 8 сағ-тық жұмыс күнiн бекiту, жалақыны к;бейту, жұмыссыздарға к;мектесу, қамсыздандыру, т. б. 7. Барлық помещик жерлерiн тәркiлеу және оларды шаруаларға б;лiп беру. 8. Жауынгерлердiң жағдайын жақсарту, оларға жер және жұмыс беру. 9. Соғысқұмарлар енгiзген барлық жергiлiктi алым-салықтарды жойып, бiрыңғай үдемелi салықты енгiзу. Құжатта сипатталған бағдарлама қабылданған қаланы анықтаңыз: A) Лондон B) Вашингтон C) Шанхай D) Пекин E) Мәскеу Жауабы: Е (1927 жылы наурыз айында Чан Кайшидің жақтастары Шанхайда, Нанкинде, шілдеде Ухань қаласында төңкеріс жасап, коммунистерді қудалай бастады. Біртұтас антиимпериалистік майдан ыдырады. Осыдан кейін коммунистік партия қарулы күрес жолына көшуге мәжбүр болды. Коминтерннің көмегімен Мәскеуде өткен Қытай компартиясының VI съезінде өзгерген жағдайдағы күрестің жаңа тактикасы бекітілді). 11. «Варна немесе каста туралы» 1.31. Әлемнің гүлденуі үшін Брахма өзінің аузынан, қолынан, жамбасынан және табанынан брахманды, кшатрийді, вайшийді ж»не шудраны жаратты. 1.87. Бұл әлемді сақтау үшін ол, Брахма аузынан, қолынан, жамбасынан және табанынан жаратылғандар үшін ерекше кәсіптер белгіледі. Х.96. Кімде-кім төмен болып туғанына қарамастан, қомағайлықпен жоғарыдағылардың кәсібімен күн көретін болса, патша оны мүлкінен айырып, дереу елден қусын. Х.79. Өмір сүру үшін ...семсер мен садақ асынып жүру, ... саудамен, мал бағумен, егіншілікпен айналысу жазылған. Олардың міндеті – сыйлық беру, оқу, құрбандық шалу. Мәтіннен кшатрийдің міндетін анықтаңыз: A) Семсер мен садақ асынып жүру B) Мал бағумен, егіншілікпен айналысу C) Дінді уағыздаумен D) Сыйлық беру, оқу, құрбандық шалу. E) Саудамен, мал бағумен Жауабы: А 12. «Халық ағарту саласында ... басталған iстi соңына дейiн жеткiзудi өзiнiң мiндетi деп санай отырып, яғни мектептердi буржуазиялық таптық үстемдiк құралынан босатып, қоғамды таптарға бөлудi толығымен жою құралынан коммунистiк қайта өзгерту құралына айналдыру... Бұл жолдағы таяу уа қыттардың iшiндегi басты мiндет - Кеңес өкiметi белгiлеген мектеп және ағарту iсiнiң мына төменгiдей негiздерiн одан әрi дамыта түсу: 3) ана тiлiнде оқыту, ұл- қыз балаларды бiрге оқыту, дiни ықпалдардан азат, коммунистiк қоғам мүшелерiнiң жан-жақты дамуын қамтамасыз ететiн бiрыңғай еңбек мектебiнiң принциптерiн толық жүзеге асыру... 7) жұмысшылар мен шаруалардың өздiгiнен бiлiм алып, сана-сезiмiн өсiруiне мемлекет тарапынан жан-жақты (мектептен тыс о қыту мекемелерiнiң жүйесiн құру, кiтапханалар, ересектерге арналған мектептер, халы қ үйлерi мен университеттерi, курстар, дәрiстер, кино көрсету жолымен) көмек көрсету. 10) еңбекшiлердiң барлығы үшiн өзара тең жағдайда өнер қазыналарына кең жол ашу және қол жетерлiк жағдай жасау... 11) коммунистiк идеяларды насихаттауды барынша кеңiнен өрiстету және ол үшiн мемлекеттiк билiктiң аппараты мен қаржысын пайдалану» Мәтін бойынша көрсетілген қоғамдық құрылысты анықтаңыз: A) социалистік B) империалистік C) теократиялық D) буржуазиялық E) капиталистік Жауабы: А 13. “Әзірше мен қызметпен айналысып, жаттығуларға барып жүрмін және өткенді еске аламын. Денсаулығым жаман емес, өткен екі ай ішінде біраз жөнделіп қалды, тар, қапырық қапастан құтылғандықтың әсері ғой. Бұл жердің ауасы таза. Осы арадан ұлан-ғайыр қырғыз даласы басталады. Қала әжептәуір үлкен, халық баршылық. Көпшілігі азиялықтар. Айнала ашық дала. Жазы ұзақ әрі ыссы, қысы Тобыл мен Омбыға қарағанда қысқалау, бірақ қатал. Өсіп тұрған өсімдік, ағаш дегендер атымен жоқ. Қаладан бірнеше шақырымдай жерден қалың орман басталады. Онда көбінесе шырша, қарағай, үйеңкі өседі, басқа ағаштар жоқ. Аң мен құсқа толы. Сауда-саттық әжептәуір дамыған, еуропалық тауарлар өте қымбат. Бір уақыттарда мен саған Семей туралы толығырақ жазармын. Ал енді, інім саған өтініш, маған кітап жібер, журналдардың қажеті жоқ. Алдымен еуропа тарихшыларының, экономистерінің, сопылардың, мүмкіндігінше барлық ежелгі дүние тарихшыларының (Геродоттың, Фукидиттің, т.б.) шығармаларын жібер. Олардың барлығы француз тіліне аударылған. Құран мен немісше сөздікті де ұмытпа. Әрине барлығын бірден емес, біртіндеп. Писаревтің физикасы мен физиология туралы кітаптың егер орыс тіліндегісі қымбат болса, французша басылымын жібер. Бағасы арзан, көлемі кішілеу басылымдарын ізде. Тағы да айтамын, бәрін бірден емес, аз-аздап. Сол үшін мың да бір рақмет! Маған бұл рухани азықтың қаншалықты қажет екендігін білсең! Дегенмен сен түсінесің ғой. Сау болып тұр қымбаттым. Жиірек хат жазып тұр.” Мәтінде жазылған хаттың авторын анықтаңыз: A) П.Семенов-Тянь-Шанский B) С.Гросс C) Г.Потанин D) Ф.Достоевский E) Е.Михаэлис Жауабы: D (Семейде айдауда болған кездердегі (1854 жылы) Федор Достоевскийдің өзінің туған ағасы Михаил Достоевскийге жазған хаты) 14. Шекаралық Шэньси-Ганьсу-Нинься аудандарында әкiмшiлiк жүйесiн құрудың жалпы принциптерi 1. Шекаралық аудандағы ең жоғары әкiмшiлiк органдары халықтық-саяси кеңестер болып табылады. Шекаралық аудандағы әртүрлi сатыдағы үкiмет орындары тиiстi сатыдағы халықтық-саяси кеңестердiң шешiмдерiне бағынады... 4. Шекаралық ауданның Халықтық-саяси кеңесi сессияларының аралығында шекаралық жоғары әкiмшiлiк ұйымдары осы ауданның үкiметi болып есептеледi. Ол әкiмшiлiк жұмыстарды жүргiзу және басшылық жасау жөнiнен Шекаралық ауданның Халықтық-саяси кеңесi алдында жауап бередi. 5. Уездiк үкiметтер Шекаралық ауданда әкiмшiлiк жұмыстарын жүргiзушi негiзгi ұйым болып табылады. 6. Болыстық (қалалық) үкiметтер шекаралық аудан үкiметiнiң негiзгi ұйымдары болып табылады. Олар болыстағы (қаладағы) әкiмшiлiк iстердi жүргiзуде өзiнiң үстiнен қарайтын үкiмет пен тиiстi сатылардағы халықтық-саяси кеңестердiң алдында тiкелей жауапты... Мәтінде көрсетілген басқару тәртібі енгізілген жағдайда көрсетіңіз: A) «Зор секіріс кезеңі» B) Апиын соғысы C) «Мәдени революция кезеңі» D) «Синьхай революциясы E) Азамат соғысы кезі Жауабы: Е (1931 жылы қарашада Орталық жұмысшы-шаруа үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Мао Цзэдун сайланды. Кеңестік аудандарда помещик жері шаруаларға бөлініп берілді. Кәсіпорындарда 8 сағ-тық жұмыс күні, жалақысы төленетін демалыс беру тәртібі енгізілді. Ер адамдар мен әйелдердің құқығы теңестірілді. Еңбекшілерді оқыту үшін мыңдаған мектеп пен үйірме ашылды. Бұл аймақтағы өкімет саяси-әскери диктатура тәртібіне сүйенді. Гоминьдан үкіметі қайткенде де Қытайдағы революция ошақтарын жоюды көздеді. Сондықтан кеңес аудандарының өмірі күреске толы болды. 1934 жылы Гоминьдан үкіметі кеңес аудандарына қарсы ең күшті бесінші жазалау жорығын ұйымдастырып, ауыр соққы берді. Қызыл Армия бөлімшелері солтүстікбатыс провинцияларға шегінуге мәжбүр болды. Олар 12 мың шақырымдай шегініп, Шэньси-Ганьсу-Нинся провинцияларының түйіскен жерінде жаңа революциялық орталық ұйымдастырды).
V БӨЛІМ1. Мерзімнің аяқталуына 23 жылдан астам уақыт қалды. Қандай ауыр қасірет тартсам да, қаншама ауыр жазалансам да өз Отанымның адал азамат ұлы болып қала беремін. Уақыт – адамның моральдық және рухани қызметтерінің сынаушысы. Егер бір кездерде өз мамандығыма оралатын мүмкіндік болса, адал адамдардың бұған көздері жетеді. Барлық тергеу құжаттары менің «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты кітабы мен «Қазақ ССР тарихының» бірінші және екінші басылымына жазылған сын пікірлерге негізделген. Тергеу әдістері туралы жиіркенішсіз еске алуға болмайды. Тергеудің барлық барысында қорқыту мен алдап-арбау әдістері қолданылды. Тергеушілер қаншама тырысқанымен, мен адал адамдарды қаралаған жоқпын. Кеңестік әділ сотқа үлкен сеніммен қарай отырып, менің есімнің оңды шешілуін төзімділікпен күтемін. Осы уақытта Маленковтың атына он бір арыз жаздым. Сізден менің тағдырымның объективті шешілуіне көмектесуіңізід сұраймын. Мен сіздің көз алдыңызда өстім, Сіз менің өткендегі өмірім мен қазіргі жағдайымды жақсы білесіз. Менен қолдан жау жасау кімнің мүддесіне сай келіп отыр? Мен қателерімді шын көңілмен мойындадым және әділ партиялықсынға іспен жауап бердім. КСРО Ғылым Академиясының А.Панкратова, Дружинин, Кучкин т.б. ғалымдар қолдаған «ХІХ ғасырда Қазақстанның Россияға қосылуы» атты монография жаздым (көлемі 30 баспа табақ). Монография Мемлекеттік Қауіпсіздік министрлігінің сарапшылар комиссиясы қарап, одан ешқандай бұрмалаушылық пен қателіктер тапқан жоқ (Комиссия қорытындысы менің ісіме қосылған). Қатты жаза мені көп нәрсеге үйретті. Ақылым кірді. Пайымдауымша, енді менен жақсы тарихшы шығады. Сізден менің бостандыққа шығуыма және іс жүзінде партия мен Отан алдындағы айыбымды өтеуге жәрдемдесуіңізді тағы да өтінемін. Мәтінде көрсетілген Е.Бекмахановтың хаты жолданған Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің хатшысы: A) Ж.Шаяхметов B) Д.Қонаев C) Г.Горков D) Л.Брежнев E) И.Юсупов Жауабы: А 2. Алыстағы Омбы қар басқан Сібірде өз мерзімімді өтеудемін. Мерзімнің аяқталуына 23 жылдан астам уақыт қалды. Қандай ауыр қасірет тартсам да, қаншама ауыр жазалансам да өз Отанымның адал азамат ұлы болып қала беремін. Уақыт – адамның моральдық және рухани қызметтерінің сынаушысы. Егер бір кездерде өз мамандығыма оралатын мүмкіндік болса, адал адамдардың бұған көздері жетеді. Барлық тергеу құжаттары менің «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты кітабы мен «Қазақ ССР тарихының» бірінші және екінші басылымына жазылған сын пікірлерге негізделген. Тергеу әдістері туралы жиіркенішсіз еске алуға болмайды. Тергеудің барлық барысында қорқыту мен алдап-арбау әдістері қолданылды. Тергеушілер қаншама тырысқанымен, мен адал адамдарды қаралаған жоқпын. Кеңестік әділ сотқа үлкен сеніммен қарай отырып, менің есімнің оңды шешілуін төзімділікпен күтемін. Осы уақытта Маленковтың атына он бір арыз жаздым. Сізден менің тағдырымның объективті шешілуіне көмектесуіңізід сұраймын. Мен сіздің көз алдыңызда өстім, Сіз менің өткендегі өмірім мен қазіргі жағдайымды жақсы білесіз. Менен қолдан жау жасау кімнің мүддесіне сай келіп отыр? Мен қателерімді шын көңілмен мойындадым және әділ партиялықсынға іспен жауап бердім. КСРО Ғылым Академиясының А.Панкратова, Дружинин, Кучкин т.б. ғалымдар қолдаған «ХІХ ғасырда Қазақстанның Россияға қосылуы» атты монография жаздым (көлемі 30 баспа табақ). Монография Мемлекеттік Қауіпсіздік министрлігінің сарапшылар комиссиясы қарап, одан ешқандай бұрмалаушылық пен қателіктер тапқан жоқ (Комиссия қорытындысы менің ісіме қосылған). Қатты жаза мені көп нәрсеге үйретті. Ақылым кірді. Пайымдауымша, енді менен жақсы тарихшы шығады. Сізден менің бостандыққа шығуыма және іс жүзінде партия мен Отан алдындағы айыбымды өтеуге жәрдемдесуіңізді тағы да өтінемін. Мәтіндегі сипатталған хаттың авторын анықтаңыз: A) А.Байтұрсынов B) С.Сейфуллин C) Ә.Бөкейханов D) С.Асфендияров E) Е.Бекмаханов Жауабы: Е (Мәскеуде “Дәрiгерлер iсi”, Ленинградта “Ленинград iсi” деп аталған саяси күйрету шаралары жүрiп жатқан кезде, Қазақстанда “Бекмаханов iсi” қолға алынды. Ермұхан Бекмаханов - 1943 жылы Алматыда жарық көрген “Қазақ КСР тарихы” атты көлемдi еңбектiң негiзгi авторларының бiрi. Тарихшының аталған кiтаптағы Кенесары Қасымұлы қозғалысы туралы материалдары мен 1946 жылы “XIX ғасырдың 20-40-жылдарындағы Қазақстан” деген атпен жарияланған монографиясы сынға алынды. Сынаушылар Е.Бекмахановтың еңбектерiн орысқа қарсы жазылған және онда Ресейге қарсы ұлттық көтерiлiстер дәрiптелген деп айып тады. 1951 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Сотының қылмысты iстер жөнiндегi коллегиясының үкiмiмен Е.Бекмаханов 25 жыл мерзiмге бас еркiн дiгiнен айырылып, алыс лагерьлердiң бiрiне айдалды. Дегенмен Мәскеу мен Ленинградтағы кей бiр iрi ғалымдардың араласуымен Е.Бекмаханов 1954 жылы ақталып шықты. Ж.Шаяхметов1946–1954 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК бiрiншi хатшысы болды. Бұл хат оған жазылған) 3. «41 бап. Империя президентін бүкіл герман халқы сайлайды. Президенттікке жасы 35-ке толған әрбір неміс сайлана алады... 43. Империя президенті 7 жылға сайланады. Қайта сайлауға рұқсат етіледі...» Мәтінде сипатталған президент сайлауы туралы баптарындағы демокатияға қайшы келетін тұсын тап: A) Президентті 7 жылға сайлау B) Президенттікке неміс азаматының сайлануы C) Қайта сайлауға рұқсат етілуі D) Президенттікке 35-ке толған азаматтың сайлануы E) Президентті бүкіл герман халқының сайлауы Жауабы: В Әлеуметтік саладағы демократиялық қоғам белгілерінің бірі - Әлеуметтік қауымдасулардың арасындағы тең құқықтық, шарттық келісім қатынастарының болуы. 4. Ақгвардияшылар мен басқыншыларға қарсы шайқастарда кеңес халқының бұл одағы орныға түстi. Кеңестiк республикалар жоғарғы органдарының барлық күштi Кеңес өкiметiнiң жауларына қарсы қарулы күрес жолында бiрiктiру туралы тiлектерiнiң негiзiнде БОАК «Ресей, Украина, Латвия, Литва, Белоруссия әскери одағы пайда болғаннан бастап басқа да кеңес республикалары қосылды. Азамат соғысы Орта Азияда, Закавказье мен Қиыр Шығыста аса қиын жағдайларда өттi. Өздерінің шетте орналасқандықтарына байланысты олар империалистiк мемлекеттер тарапынан басқыншылыққа бiрiншi болып ұшырады және басқыншылар елiмiздiң басқа аудандарына қарағанда, бұл жерлерде ұзағырақ кiдiрдi. Жұмысшы табы санының аздығына байланысты Ресейдiң шет аймақтарының еңбекшi бұқарасы жергiлiктi буржуазиялық ұлтшылдардың үлкен ықпалында болды... Мәтінде көрсетілген Кеңес Республикаларының одағын анықтаңыз: A) Социалистік B) Достастық C) Федерациялық D) Әскери-саяси E) Тәуелсіз мемлекеттер Жауабы: D 5. Бұл конференция өз жұмысын Кеңес Қарулы Күштерi фашистiк Германияны да, оның одақтастарын да өздерi-ақ талқандай алатыны айқын болған кезде бастады. Алайда негiзгi мәселелердiң бiрi Еуропа құрлығындағы халықтарды азат ету және жауды талқандауды жеңiлдететiн, Еуропада екiншi майдан ашу мерзiмi туралы мәселе болды. Үш Ұлы державалар үкiметтерi басшыларының алғашқы кездесуi соғыс және соғыстан кейiнгi жылдары бiрлесiп әрекет ету, сондай-ақ 1944 жылы мамырда екiншi майдан ашу туралы келiсiмдерге қол жеткiзумен аяқталды... ...Герман армияларын құрлықта, сүңгуiр қайықтарын теңiзде құртуға және олардың әскери зауыттарын әуеден қиратуға бiзге дүниежүзiнде ешқандай күш кедергi келтiре алмайды. Бiздiң шабуылымыз аяусыз және толастамайды. Бiз мұнда үмiтпен және барлығына бел байлап келдiк. Бiз мұнан шын мәнiсiндегi рухы мен мақсаты бiр достар есебiнде қайтамыз. Мәтінде көрсетілген конференцияны анықтаңыз: A) Берлин конференциясы B) Тегеран конференциясы C) Сан-Франциско конференциясы D) Потсдам конференциясы E) Бандунг конференциясы Жауабы: В 6. Шекаралық Шэньси-Ганьсу-Нинься аудандарында әкiмшiлiк жүйесiн құрудың жалпы принциптерi 1. Шекаралық аудандағы ең жоғары әкiмшiлiк органдары халықтық-саяси кеңестер болып табылады. Шекаралық аудандағы әртүрлi сатыдағы үкiмет орындары тиiстi сатыдағы халықтық-саяси кеңестердiң шешiмдерiне бағынады... 4. Шекаралық ауданның Халықтық-саяси кеңесi сессияларының аралығында шекаралық жоғары әкiмшiлiк ұйымдары осы ауданның үкiметi болып есептеледi. Ол әкiмшiлiк жұмыстарды жүргiзу және басшылық жасау жөнiнен Шекаралық ауданның Халықтық-саяси кеңесi алдында жауап бередi. 5. Уездiк үкiметтер Шекаралық ауданда әкiмшiлiк жұмыстарын жүргiзушi негiзгi ұйым болып табылады. 6. Болыстық (қалалық) үкiметтер шекаралық аудан үкiметiнiң негiзгi ұйымдары болып табылады. Олар болыстағы (қаладағы) әкiмшiлiк iстердi жүргiзуде өзiнiң үстiнен қарайтын үкiмет пен тиiстi сатылардағы халықтық-саяси кеңестердiң алдында тiкелей жауапты... Мәтінде көрсетілген басқару тәртібі енгізілген жағдайда көрсетіңіз: A) «Зор секіріс кезеңі» B) Апиын соғысы C) «Мәдени революция кезеңі» D) «Синьхай революциясы E) Азамат соғысы кезі Жауабы: Е (1931 жылы қарашада Орталық жұмысшы-шаруа үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Мао Цзэдун сайланды. Кеңестік аудандарда помещик жері шаруаларға бөлініп берілді. Кәсіпорындарда 8 сағ-тық жұмыс күні, жалақысы төленетін демалыс беру тәртібі енгізілді. Ер адамдар мен әйелдердің құқығы теңестірілді. Еңбекшілерді оқыту үшін мыңдаған мектеп пен үйірме ашылды. Бұл аймақтағы өкімет саяси-әскери диктатура тәртібіне сүйенді. Гоминьдан үкіметі қайткенде де Қытайдағы революция ошақтарын жоюды көздеді. Сондықтан кеңес аудандарының өмірі күреске толы болды. 1934 жылы Гоминьдан үкіметі кеңес аудандарына қарсы ең күшті бесінші жазалау жорығын ұйымдастырып, ауыр соққы берді. Қызыл Армия бөлімшелері солтүстікбатыс провинцияларға шегінуге мәжбүр болды. Олар 12 мың шақырымдай шегініп, Шэньси-Ганьсу-Нинся провинцияларының түйіскен жерінде жаңа революциялық орталық ұйымдастырды). 7. Елшінің саяхаты «У Дидің билігі тұсында Чжан Цзянь императорлық күзетте қызмет етті. Бұл кезде тұтқындағы ғұндар өздерінің юэчжи тайпасының билеушісін өлтіріп, бас сүйегінен сусын ішетін ыдыс жасағандары туралы айтты. Қашқан юэчжилер ғұндардан кек алмақ болды. Бірақ оларды қолдайтын одақтасы болмады. Бұл кезде Хань әулетінің билеушілері ғұндарды талқандамақ болды. Жағдайды естіген ол: «Менің юэчжилермен байланыс орнатқым келеді. Бірақ оларға жол ғұндар арқылы өтеді»,-деді. Елші болып барғысы келетіндерді іздеді. Чжан Цзянь күзет офицері ретінде юэчжи тайпасына Таньи руынан шыққан Ганьфу есімді құлмен бірге баруға тілек білдірді. Олар Шаньси провинциясынан шығып, тұп-тура ғұндарға тап болады. Ғұндар оларды тұтқындап өз көсемдеріне жеткізді...». Мәтінде сипатталған юэчжи тайпасы ғұндардың қай аймағында өмір сүргенін анықтаңыз: A) Солтүстігінде B) Оңтүстігінде C) Оңтүстік-батысында D) Батысында E) Шығысында Жауабы: А 8. ...Біздің мемлекетіміз бен халқымыздың көптеген ашық және жасырын жаулары коммунистік қозғалысқа арсыздықпен қосылып алды. Соғыста жеңіліс тапқан олар, біздің мемлекетімізден соғыстан кейін кек алуды аңсап, біздің мемлекетімізде бүліктер ұйымдастырып, оларға іштей және сырттай көмек көрсетуде. Біреулері соғыста байығанына қарамастан, коммунистік партияға енуде; екінші біреулері өтірік пен жалаларды жариялап, халық арасында наразылық тудырушы газеттерді қаржыландыруда; үшіншілері шетелдермен байланыс жасап, шетелдік ақшаға қару-жарақтар сатып алуда; төртіншілері әртүрлі жолдармен елдегі жұмыстарға кедергі жасап, барлық қызметкерлер мен олардың қызметін дәлелсіз қаралауда. Барлығының мақсаты-елде бүлік шығару, мемлекетке немқұрайдылық пен өшпенділік туғызу... Мәтін бойынша Кеңес еліндегі сипатталып тұрған кезеңді анықтаңыз: A) Бірінші революциядан кейінгі B) Индустрияландырудың барысы C) Ұлы Отан соғысының барысы D) Азамат соғысынан кейінгі E) Ұжымдастырудың басталуы Жауабы: D 9. 1362 жылдың тамыз айы. Италияның оңтүстігіндегі әсем қала Венециядағы қасиетті храмдардың бірі Әулие Марк ғибадатханасына Қайта өрлеу дәуірінің атақты ақыны Петрарка Франческо көптеген кітаптармен бірге өзі оқып түсіне алмаған, сыртқы мұқабасында ____ деп латынша жазылған қолжазбаны сыйға тартты. Онда автор ретінде белгілі бір адамның аты-жөні көрсетілмеген. Қолжазба готикалық көне жазумен ХІV ғасырдың басында, дәлірек айтқанда, 1303 жылы Қара теңіз бойын жайлаған қыпшақтар арасында жазылған еді. Көлемі 82 парақ. ..... «...Оның бірінші беті мен соңғы беттеріне Венеция мен Франциядағы ұлттық кітапханаларының мөрлері басылған (алғашқы бетте үш рет, соңғы бетте екі рет). Қолжазбаның сырты терімен қапталып, ол астыңғы жағына Венеция республикасының мөрі ойып басылған. Венеция Наполеон жаулап алғанда ең алдымен осы ғибадатхананың жазулы мүлкін Париж қаласына көшіруге әмір еткен. Бірақ олар бірнеше жылдан соң Венецияға қайтып оралған. Соның салдарынан ____ те Венециядан Парижге барып қайтқан ». Құрышжанов Ә., Белботаев А. Құманша-қазақша жиілік сөздік. А., 1978 , 216-217-б. Мәтінде жазылған қолжазбаның атауы: A) Хұсрау мен Шырын B) Жүсіп-Зылиха C) Мухаббатнама D) Оғызнама E) Кодекс Куманикус Жауабы: Е 10. ...сөздікті түзушілер «Кодекс» сөздігінің зерттелу жайы туралы да қызықты деректер қалдырған. ____________: «Мен Петрарка кітаптарының каталогін көрдім. Солардың ішінде көңіл аударғаным құман мәтінінің сөздігі болды, бірақ қанша әрекеттенсем де ештеңе түсіне алмадым... Мен әрқашанда Дакияның әлдебір қараңғы түкпірінде құман тілінің бағзы бір іздері сақталып қалған болуы керек деп ойлайтынмын, өйткені ХІІІ ғасырда венгр королі құмандарды жақсы қабылдап, оларға жер бөліп берген еді... Олар орналасқан жер мадьярлар мекенінен Қара теңізге дейін созылып жататын еді», - деп жазған. Мәтіндегі қыпшақ тілін зерттеген ғалымды анықтаңыз: A) Фадлан B) Лейбниц C) Масуди D) Идриси E) Макдиси Жауабы: В 11. «Палестина 1516 жылдан бұл империяның құрамында болып, 1918 жылы Палестина Англияның бақылауына көштi. 1947 жылы 29 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы Палестинаны екi мемлекетке бөлу жөнiнде қарар қабылдады. Аумағының 44%-ы (11,1 мың шаршы шақырым) арабтарға, 56% (14,1 мың шаршы шақырым) - Израиль мемлекетiне берiлуге тиiс болды». Мәтінде сипатталған Палестинаның 1516 жылдан құрамында болған империяны табыңыз: A) Әмір Темір B) Ұлы Моғолдар C) Византия D) Осман E) Цин Жауабы: D 12. Бұл соғыстың бiзге ерiксiз әкеп таңылғаны жұрттың бәрiне мәлiм. 1918 жылдың басында бiз бұрынғы соғысты бiтiрген едiк, ал жаңа соғысты бастаған жоқпыз, сонда миллиондаған ақшасын оңды-солды шашқан Антантаның көмегi арқасында ғана ақ гвардияшылардың батыста, оңтүстiкте, шығыста бiзге қарсы аттанғанын жұрттың бәрi бiледi... Мәтіндегі азамат соғысының шығу себептері туралы айтқан тарихи тұлғаны анықтаңыз: A) В.Ленин B) П.Милюков C) А.Керенский D) И.Сталин E) М.Калинин Жауабы: А (Мәтін Ленин В.И. Успехи и трудности Советской власти.//Полн. собр. соч. Т. 38. С. 51. алынды) 13. «1917 жылы 27 ақпанда Петроград Кеңесiнiң құрылуымен бiр мезгiлде Мемлекеттiк Думаның Уақытша комитетi құрылды. Оның құрамына буржуазия өкiлдерiмен қатар эсер Керенский кiрдi. Мемлекеттiк Думаның Уақытша комитетi революцияны құлатуға әрекеттенгенiмен, оған күштерi жетпедi. Революцияның жеңiп, ал Петроград Кеңесiнiң көшбасшылары оның жағында екенiне көздерi жеткен буржуазия мемлекеттiк билiкке дәмелерiн ашықтан-ашық мәлiмдедi. Мемлекеттiк Думаның Уақытша комитетiнiң мүшелерi эсерлермен - Петроград Кеңесiнiң меньшевиктiк жетекшiлерiмен буржуазиялық Уақытша үкiмет құру туралы келiссөздер бастады. Мүндай келісім болды. 1917 жылы 2 наурызда буржуазиялық Уақытша үкiметтiң құрамы жөнiнде жарияланды. Сонымен, Ресейде Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының ерекшелiктерiнiң бiрi болып табылатын ... пайда болды». Мәтін бойынша Ақпан төңкерісінен кейін орнаған үкіметті анықтаңыз: A) Қос үкімет B) Монархия C) Парламенттік Республика D) Жоғарғы Кеңес E) Республика Жауабы: А
VІ БӨЛІМ1. Дін қызметшілері мен мұсылман діни мекемелерінің жер (-і, -лері): A) Иқта B) Вақф C) Харадж D) Тағар E) Сойырғал Жауабы: В 2. 1920 жылы желтоқсанда Франция коммунистік партиясы құрылған қала (-лар): A) Шампань B) Тулуза C) Версаль D) Рур E) Анжу F) Париж G) Компьен H) Лион Жауабы: D 3. Дүние жүзіндегі ең ежелгі жазу жүйесін қалыптастырған халық (-тар): A) финикиялықтар B) аккадтықтар C) шумерліктер D) египеттіктер E) сириялықтар F) вавилондықтар G) лагаштықтар H) урартулықтар Жауабы: С 4. 1814 жылы Вена Конгресінің шешімін қабылдаған мемлекет (-тер): A) Франция B) Бельгия C) Дания D) Неаполь E) Австрия F) Англия G) Испания H) Ресей Жауабы: Е, F, Н 5. Вена когресінің нәтижесі: A) Еуропада монархиялық билік жойылды B) Герман одағы таралды C) Нидерланды корольдігі құрылды D) Францияда ІІ Республика жарияланды E) Еуропа елдерінің байланысы әлсіреді F) Саяси тұрақсыздық қалыптасты G) Сардиния корольдігі қайта құрылды H) Франция сақталып қалды Жауабы: С, G, Н (1814 жылдың қыркүйегiнде Вена қаласына бүкiл Еуропа мемлекеттерiнiң өкiлдерi конгреске шақырылды. Венаға 216 мемлекеттiң өкiлдерi келдi. Конгресс шешiмiн төрт мемлекет — АВСТРИЯ, АНГЛИЯ, ПРУССИЯ және РЕСЕЙ қабылдады. Францияның маңайында “тосқауыл” мемлекеттер пайда болды. Дамыған және бай Бельгия әлсiз Голландиямен бiрiгiп НИДЕРЛАНДЫ КОРОЛЬДЫҒЫН ҚҰРДЫ. Италияда САРДИНИЯ КОРОЛЬДЫҒЫ қайта құрылып, оған Генуя қосылды, сондай-ақ Савойя мен Ницца қайтарылды. Тепе-теңдiктi орнату үшiн ұлы мемлекеттер қуатты ФРАНЦИЯНЫ САҚТАУ туралы шешiм қабылдады. 1815 жылдың қарашасында төрт жеңiмпаз мемлекет Франциямен оның революцияға дейiнгi шекарасын бекiтетiн келiсiмшартқа отырды. Франция өз аумағын жоғалтқан жоқ). 6. XX ғ. Кәшмір жері үшін қарулы қақтығыстар жүргізіп жатқан елдер: A) АҚШ пен Ресей B) Үндістан мен Пәкстан C) Үндістан мен Ауғанстан D) Қытай мен Бангладеш E) Қытай мен Пәкстан Жауабы: В (1947 жылы лейбористер Үндістанға тәуелсіздік беруге келісті. Ағылшындар елден әскерін шығарар алдында елді екі мемлекетке (доминионға) бөлу ісін қарастырды. Бірі - Үнді Одағы (бір топ провинциялар және князьдықтар). Екіншісі - Пәкстан. Екі елдің тәуелсіздігі 14-15 тамыз күндері жарияланды. Жаңа өмірге келген екі бауырлас ел арасында КАШМИР және ЖАММУ князьдығы үшін соғыс басталды. Ол 1949 жылғы 1 қаңтарға дейін созылды). 7. 1861-1885 жылдар аралығында АҚШ-тағы билік еткен партия: A) Консерваторлық B) Демократиялық C) Республикалық D) Социалистік E) Жалпыштаттық Жауабы: С (1854 жылы Чикаго қаласында республикалық партия құрылды. Оның жетекшiсi Авраам Линкольн америкалық демократияның негiздерiн қара құлдарды азат ету және аграрлы мәселелердi шешу арқылы елеулi түрде кеңейттi. Республикалық билiк 1861 жылы басталып, 1885 жылға дейiн, яғни Ақ үйде жаңа президент-демократ пайда болып, қоспартиялық жүйенi толық қайта орнатқанға дейiн жалғасып келдi). 8. ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда Ресейдегі қайта құруларды жүзеге асырды: A) ІІ Николай B) ІІ Елизавета C) І Петр D) ІІ Александр E) ІV Иван (XVII ғасырдың соңы - XVIII ғасырдың бiрiншi ширегiндегi І Петр жүзеге асырған қайта құрулардың нәтижесiнде Ресей ұлы державаға айналды). 9. Ұлы Моғол мемлекетінің билеушілерінің бірі: A) Ұлықбек B) Говинд C) ІІІ Селим D) Дуррани E) Аурангзеб Жауабы: Е (Аурангзеб падишах (1658-1707) - моғолдардың соңғы билеушiсi ) 10. ХVІ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Үндістанның солтүстігіндегі мұсылман мемлекеті: A) Сикха B) Раджпутра C) Дели сұлтандығы D) Харши E) Гупта Жауабы:С 11. 1921 ж. Түркияның Сакария шайқасындағы жеңісінен кейін М.Кемалға берілген атақтар: A) инам, генерал B) маршал, қазы C) капитан, маршал D) лейтенант, қазы E) халиф, паша Жауабы: В (1923 жылы 29 қазанда Түркия Республикасы жарияланды. Республиканың бірінші президенті болып М. Кемал паша сайланды. Сакария жеңісінен кейін М. Кемалға маршал шені мен қазы атағы берілді). 12. 1618-1648 жылдары Испания соғыс жүргізген ел (-дер): A) Испания B) Германия C) Англия D) Польша E) Франция F) Дания G) Голландия H) Швеция Жауабы: E, G, H (1618 жылы ФРАНЦИЯ ШВЕЦИЯ, ГОЛЛАНДИЯ, ДАНИЯ жағында ГЕРМАНИЯ, ПОЛЬША, ЛИТВА, ИСПАНИЯҒА қарсы соғысқа қатысты. Ол соғыс 30 жылға, яғни 1648 жылға дейiн созылды. Cоғыстың нәтижесiнде Франция Германиядан Эльзас жерiн тартып алды. Испаниямен соғыс тек 1659 жылы аяқталды). 13. Балқан түбегінің Оңтүстік Пелопоннес аймағында орналасқан мемлекет: A) Спарта B) Рим C) Грекия D) Македония E) Афины Жауабы: А 14. 1358 жылы Жакерия деп аталған шаруалар көтерілісінің басшысы: A) Ян Гус B) Батыр Карл C) Жанна д’Арк. D) Гильом Каль E) Уот Тайлер Жауабы: D (Соғыс ауыртпалығы француз шаруаларының наразылығын туғызды. 1358 жылы олар көтерiлiске шықты. Көтерiлiс Жакерия деп аталды. «Жак» деген сөз Жаков деген адам атынан шыққан. Француз шонжарлары шаруаларды келеке етiп солай атайтын. Шаруалар отрядтарын Гильом Каль басқарды.)
VІІ БӨЛІМ1. Қытайдағы Цин империясының өмір сүрген жылдары: A) 1661-1901 жж B) 1684-1913 жж C) 1683-1912 жж D) 1685-1911 жж E) 1683-1911 жж F) 1662-1910 жж G) 1681-1912 жж H) 1661-1983 жж Жауабы: С (XVII ғасырдың 40-жылдары маньчжурлар Қытайға бiрнеше рет басқыншылық жорықтар жасаған болатын. 1644 жылы көктемде маньчжурлар мен У Саньгуйдiң әскерi бiрiгiп, Ли Цзычэн басқарған шаруалардан Қытайды азат етуге кiрiседi. Пекиндi басып алған маньчжурлар Қытай императорының тағына Абахайдың кәмелеттiк жасқа толмаған баласын отырғызады. Бұл император (аты Шунчжи) Қытайды 1661 жылға дейiн биледi. Қытай халқы маньчжурлардың билiгiне қарсылық көрсетiп бақты. Маньчжурлар бұл қарсылықтарды күшпен жаныштап, бүкiл Қытай жерiн бағындыруды 1683 жылы ғана аяқтайды. Осылайша Қытайда маньчжурлардың билiгi орнайды. Қытай осы уақыттан бастап 1912 жылға дейiн Цин империясы деп аталады. Қытай жатжерлiк маньчжурлардың үстемдiгiнде өмiр сүрдi). 2. ХVІІ ғасырда араб елдері бағынышты болды: A) Францияға B) Ресей империясына C) Осман империясына D) Испанияға E) Англияға Жауабы: С 3. Гректерде діни наным-сенім пайда болған мерзім: A) Б.з.б.ІІ-І ғасырлар B) Б.з.б. ІХ-VІІІ ғасырлар C) Б.з.б. V-ІV ғасырлар D) Б.з.б. VІІІ-VІІ ғасырлар E) Б.з.б. ХІ-ІХ ғасырлар Жауабы: Е 4. «Панча Шила принциптерi: 1. Аумақтық тұтастық пен бiр-бiрiнiң егемендiгiне өзара құрмет. 2. Басқыншылықтан өзара бас тарту. 3. Бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне өзара араласпау. 4. Теңдiк және өзара пайда. 5. Бейбiт қатар өмiр сүру». Мәтінде көрсетілген бейбіт қатар өмір сүрудің бес қағидасын айқындаған саяси тұлғаларды анықтаңыз: A) М.Рахман , З. Ә. Бхутто B) Дж. Неру, Чжоу Эньлай C) Ф. Шехаб, И.Ганди D) М.Ганди, Ч.Кайши E) Мао Цзедун, Л. Шастри Жауабы: В (1954 жылы Үндістанның премьер-министрі Дж. Неру ҚХР премьері Чжоу Эньлай екеуі бейбіт қатар өмір сүрудің бес қағидасын айқындауы тарихи оқиға болып бағаланды. Өкінішке орай, сол қағидаларды олардың өздері 1959 және 1962 жылдардағы шекара дауында сақтай алмады). 5. Қытайда бірінші және екінші апиын соғыстары болған жылдар: A) 1836-1846 жылдары B) 1850-1860 жылдары C) 1856-1860 жылдары D) 1840-1842 жылдары E) 1846-1860 жылдары F) 1856-1870 жылдары G) 1844-1846 жылдары H) 1858-1868 жылдары Жауабы: С, D (1840-1842 жылдары болған бiрiншi апиын соғысында ағылшындар жеңiске жетiп, Цин империясын тiзе бүктiрдi. Қытай жеңiлгенiн мойындап, еуропалықтармен әдiлетсiз Нанкин келiсiмшартына қол қойды. Бұл келiсiмшарт бойынша Қытай ағылшындар үшiн тағы да бес портты ашық деп жариялауға, орасан зор мөлшерде Қытай үйлерiнiң құрылысы өтемақы (контрибуция) төлеуге мәжбүр болды. Отаршылдардың қысымымен “Гунхан” сауда монополиясы жойылды. Нанкин келiсiмiнен кейiн Цин империясы жартылай отар елге айналып, шетелдiктерге тәуелдiлiкке түстi. Осыдан кейiн Англия мен Франция бiрлесiп, Қытайды отарлауды кеңейту үшiн екiншi апиын соғысын бастады. 1856-1860 жылдары болған екiншi апиын соғысы кезiнде Қытайдың iшкi жағдайы да өте ауыр халде болатын). 6. «Қосөзен» деп қатарласа аққан өзендер: А) Хуанхэ, Янцзы В) Евфрат, Тигр С) Үнді, Ганга D ) По, Тибр Е) Урмия, Ван Жауабы: В 7. «1. Бүкiл корей ұлтын жапондарға қарсы жаппай бiрлiк майданын құруға, жапон империализмiнiң үстемдiгiн құлатып, шын мәнiндегi халықтық корей үкiметiн орнатуға жұмылдыру. 2. Корей және қытай халықтарының тығыз одақтасуы арқылы Жапонияны қуып шығып, ... Қытай аумағында тұратын корейлерге автономия беретiн революциялық үкiмет құруға жәрдемдесу. 3. Жапон әскерлерiн, жандармериясын, полициясын қарусыздандырып, саяси күреске қатысушы халықты қаруландыру. Корей халқының тәуелсiздiгi үшiн күрес жүргiзетiн армия құру. 4. Барлық жапон банктерiн, кәсiпорындарын, темiржолдарын, кемелерiн, шаруалар фермаларын, шеберханаларын, сонымен бiрге ұлт опасыздары мен жапондарды қолдаушы элементтердiң мал-мүлкi мен жерiн тәркiлеу...» Мәтіндегі сипаттамадан мемлекеттегі күрестің сипатын анықтаңыз: A) Отаршылдыққа қарсы күрес B) Цин империясының үстемдігіне қарсы күрес C) Социалистік құрылысқа қарсы күрес D) Буржуазиялық үстемдікке қарсы күрес E) Капитализмге қарсы күрес Жауабы: А 8. Қосөзен бойын алғаш мекендеген халық (-тар): А) Египеттіктер В) Финикиялықтар С) Шумерліктер D) Аккадтар E) Хеттер F) Вавилондықтар G) Иудейлер H) Гутеиліктер Жауабы: С, D 9. Б.з.б. IX ғасырда Ван көлінің жағасында құрылған мемлекет: A) Урарту B) Бактрия C) Ассирия D) Вавилон E) Кушан Жауабы: А 10. 1941 жылы тамызда Иранды жаулап алған елдер: A) Испания мен Италия B) АҚШ пен Франция C) Англия мен Франция D) Түркия мен Сирия E) КСРО мен Англия Жауабы: Е (1941 жылы 25 тамызда Иранның солтүстік аудандарына КСРО әскер бөлімдері, ал оңтүстік аймақтарына ағылшын тобы енгізілді. Бұл оқиға Иран тарихында “шахривар оқиғасы” (шахривар - жыл аты) деп анықталады. Сөйтіп, КСРО мен ағылшын әскерлері Иран аумағын басып алды.) 11. ХХ ғасыр басында Иранды бөліскен мемлекет(-тер): A) Англия B) Испания C) Осман империясы D) АҚШ E) Австро-Венгрия F) Ресей G) Португалия H) Италия Жауабы: А, Е 1915 жылғы Англия және Ресей құпия шартына сәйкес, Иран екі ықпалды аймаққа бөлінді. 1917 жылдың басында Иран аумағын үш елдің басқыншылары бөлісіп, басып алды. Оңтүстігінде - ағылшындар, батысында - немістер, ал солтүстігінде орыс әскерлері орналасты. 12. Франциядағы «дирижешілдер» идеясының мақсат(-ы,-тары): A) кəсіподақтарды жою B) шіркеуді мелекеттен бөлу C) ұлы империя құру D) экономиканы мемлекет арқылы реттеу E) социализмді қолдау F) тоталитарлық жүйені орнату G) фашизмді қолдау H) «Бонпартизмді» қолдау Жауабы: D 13. Антифашистік коалицияны құрған мемлекет (-тер): A) Жапония B) АҚШ C) Швеция D) КСРО E) Австралия F) Венгрия G) Англия H) Дания Жауабы: В, D, G 14. 1996 жылғы 29 наурызда Мәскеуде экономикалық және гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты тереңдету туралы келісімге қол қойған мемлекеттер: A) Латвия B) Польша C) Белоруссия D) Қырғызстан E) Қазақстан F) Өзбекстан G) Түрікменстан H) Моңғолия Жауабы: C, D, E (1996 жылғы 29 наурызда Мәскеуде — Белоруссия, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей Федерациясы арасында Экономикалық және гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты терең дету туралы келісімге қол қойылды).15. Ерте палеолит дәуірі: A) Б.з.б. 2,6 млн жыл – б.з.б. 800 мың жыл B) Б.з.б. 2,6 млн жыл – б.з.б. 140 мың жыл C) Б.з.б. 140- б.з.б 40 мың жыл D) Б.з.б. 40- б.з.б. 12 мың жыл E) Б.з.б. 2,6 млн жыл – б.з.б. 40 мың жыл Жауабы: Е 16. Шығыс Африкада Олдувэй шатқалында табылған ең алғашқы адам: A) Саналы адам B) Үңгір адамы C) Қытай адамы D) Епті адам E) Тік жүретін адам Жауабы: D 17. Ерте палеолит кезеңінде өмір сүрген алғашқы адамдарды анықтаңыз: А) Саналы адам В) Питекантроп С) Неандерталь D) Кроманьон Е) Епті адам F) Аргиппей G) Андрон Н) Синантроп Жауабы: В , Е, Н 18. Кроманьондық адамның табылған жері: A) Африка B) Германия C) Өзбекстан D) Франция E) Қазақстан Жауабы: D 19. Қазақстан аумағында алғашқы адамдар шамамен пайда болды: A) 5 миллион жылдай бұрын B) 2 миллион жылдай бұрын C) 3 миллион жылдай бұрын D) 1 миллион жылдай бұрын E) 4 миллион жылдай бұрын Жауабы : D (Қазақстан аумағында алғашқы адамдар шамамен бұдан бiр миллиондай жыл бұрын пайда болды. Мұны Жамбыл облысының Арыстанды өзенiнiң бойынан және Қазақстанның оңтүстiгiндегi Қаратаудан табылған тастан жасалған сол заманның еңбек құралдары дәлелдейдi). 20. Кейінгі палеолитте жіппен байланып, оқ есебінде қолданылған домалақ тастар. Бұл тастар лақтырған кезде жануарлардың мойнына немесе аяқтарына оралып, құлататын өте тиімді қару болған. Сонымен қатар ірі жыртқыш аңдарды аулағанда қолшоқпар ретінде пайдаланылады. Ежелгі адамдар оны 50-метр қашықтыққа дейін лақтыра білген. Мәтінде айтылған құралды табыңыз: A) Гарпун B) Болос C) Микролит D) Бифас E) Дротик Жауабы: В 23. Садақ пен жебенің жасалынған кезеңі: A) Неолит B) Мезолит C) Ерте палеолит D) Қола дәуірі E) Энеолит Жауабы: В 24. Ұзындығы 1-2 сантиметр ұсақ тастарған жасалған құрал: A) Гарпун B) Микролит C) Бифас D) Шапқы E) Қырғыш Жауабы: B (Мезолит заманының жаңалығы – 1. микролиттер ( ұзындығы 1–2 сантиметр ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар) 2. садақ пен жебенiң жасалуы. Садақ аңды алыстан атуға мүмкiндiк бердi 3. Аңшылық адамдардың негiзгi кәсiбiнiң бiрiне айналды. 4. Адамдар балық аулауда қармақ пен ау, гарпунды пайдалан ды. 5. Алғашқы қайық түрлерi жасалынды. 6. Б.з.б. 8 мыңжылдықта Қазақстан жерiнде қолайлы климат орнады. Мезолит дәуiрiнiң ерекшелiктерi 1. жануарларды қолға үйрету 2. дәндi дақылдарды өсiрудi айтады. Мезолит заманында рулық қауым күшейдi. Рулар өсе келе тайпаларға бiрiге бастады. Балалар тобынан ересектер тобына өту – бағыштау (инициация) ғұрыптары арқылы жүзеге асырылып отырды). 25. Қыш құмыралар заманы: А) Кейінгі палеолит В) Мезолит С) Энеолит D) Ерте палеолит Е) Неолит Жауабы: Е Неолит (жаңа тас ғасыры) б.з.д. 5-3 мыңжылдықтар: 1. Тас өңдеу биік деңгейге көтерілген кезең 2. «Қыш құмыралар заманы» деп аталатын дәуір 3. Табиғи климаттық ортаның бүгінгі күнге ұқсас қалыптасқан кезеңі 26. Ботай мәдениеті Қазақстан аумағындағы жақын ескерткіш болып табылады: A) Неолит дәуірінің B) Палеолит дәуірінің C) Қола дәуірінің D) Темір дәуірінің E) Энеолит дәуірінің Жауабы: Е 27. Еңбек бөлінісі мен аталық рудың қалыптасқан дәуірі: A) Қола B) Палеолит C) Неолит D) Энеолит E) Темір Жауабы: D (Энеолит сөзi – мыстас ғасыры дегендi бiлдiредi. Бiрақ металл тасты қолданыстан мүлдем шығарып тастаған жоқ. Тас сол кезде де ең негiзгi құрал ретiнде пайдаланылды. Мыстас ғасыры қоғамында екi iрi згерiс орын алды: еңбек блiнiсi және аталық ру орнай бастады. Ең алғашқы iрi қоғамдық еңбек бөлiнiсi шаруашылықтың – егiншiлiк пен мал шаруашылығы болып бөлiнуi едi. Бiрақ энеолитте бiрыңғай егiншiлiкпен айналысатын тайпалар әлi қалыптаспады. Өйткенi теселi егiншiлiк адамды тамақпен толық қамтамасыз ете алмады. Сондықтан бұл тайпалардың мал шаруашылығымен де, аң және балық аулаумен де айналысуына тура келдi. Ал мал шаруашылығымен шұғылданғандардың көп бөлiгi егiншiлiкпен мүлдем айналыспады. Мал бағу егiншiлiкке қарағанда өнiмдi көп беретiн). 28. Мыс пен қалайының қосындысынан алынды: A) Күміс B) Мыс C) Қола D) Темір E) Қорғасын Жауабы: С (Қола табиғатта таза күйiнде кездеспейдi. Ол негiзiнен мыс пен қалайының қосындысынан алынады. Металл кенiштер қазiргi Зыряновск, Жезқазған маңайында, Қарқаралы, Ақшатау тауларында болған. ). 29. 1. Кейінгі темір дәуірінде үйсіндермен бір уақытта өмір сүрген мемлекет (-тер): A) Қарлұқ B) Қыпшақ C) Қаңлы D) Оғыз E) Найман F) Қимақ G) Қыпшақ H) Ғұн Жауабы: С, Н 30. Қыш күйдiретiн пеш, қол диiрмен тастары, тары қалдықтары табылған сақ қаласы: A) Битянь B) Бәбіш-молда C) Алтынасар D) Қызылаңғар E) Қойлық Жауабы:В
VIIІ БӨЛІМ (Ортағасырлық Қазақстан тарихынан мәтіндік сұрақтар бөлімі)1. Отырар келбетi (ХVI–ХVII ғ.) Отырарды кең ауқымды қазу жұмысы 1971 жылы басталды. Қазу барысында iрi археологиялық объектiнi iрi горизонтальдық алаңдар арқылы зерттеу әдiсi қолданылып келедi... ... ХVI–ХVIII ғасырлардағы Отырар – дамыған қала. Онда iшкi және сыртқы рыноктарды да тауармен қамтамасыз етуi мүмкiн қышшылар кварталы, жолаушы-жүргiншiлердi дәмнен тарықтырмайтын нан пiсiрушiлер мен әр түрлi шеберханалар жұмыс iстейдi. Қолдағы осы мәлiметтер орта ғасырдың аяқ тұсындағы қала өмiрiн едәуiр толық сипаттайды. Мәтіндегі Отырар қаласы туралы зеттеу жұмысының авторы: A) А.Черкасов B) А. Бернштам C) К.Байпақов D) А.Кларе E) К.Ақышев Жауабы: Е (Отырарда археологиялық қазба жұмыстары кең көлемде 1969 жылы Қазақстан ҒА-ның К.Ақышев басқарған Отырар археологиялық экспедиция ұйымдастырылғаннан кейін басталды). 2. Оның өмiрбаяны жөнiнде бiзге жеткен мағлұматтар жоқтың қасы. Аты-жөнiне қарағанда, Баласағұн қаласында туып-өскенi хақ. В.В. Бартольд пен И.В. Стеблеваның айтуынша, ойшылдың әйгiлi дастаны Қашғар қаласында жазылғанға ұқсайды. В.В. Бартольд «ол кезде Қашғар қаласының халқы ғана нағыз түркi тiлiнде, яғни «түркi- хақан тiлiнде» сөйлеген» дегендi айтады. Ол өз дастанын Қашғар қаласының әкiмi Табғаш Боғры Қара хақан Әбу Әли Хасан ибн Сүлеймен Арыслан Қара ханға арнаған. И.В. Стеблеваның пайымдауынша, бұл шығармасы үшiн Боғры хақан оған «хас-хаджиб», яғни «хан сарайының қызметкерi» деген атақ берген. Мәтінде сипатталған ғұлама ғалымды анықтаңыз: A) М.Қашқари B) Қ.А.Йасауи C) Ж.Баласағұни D) Қ.Жалаири E) С.Бақырғани Жауабы: С 3. Мәтінді оқып шығып, тапсырмаға жауап беріңіз: Тараздың ең өркендеп өскен кезеңi ___________әулетi билiк жүргiзген Х–ХII ғасырлармен тұстас. Бұл кезде қала қайтадан салынып, өзiнiң зәулiм үйлерiмен, қыш төселген көшелерiмен, керуен сарайымен, теңге соққан ұстаханасымен, сауда-саттығымен, қолөнерiмен әлемге әйгiлi болған. Қала iшiнде су құбыры жүргiзiледi, моншалар салынады. Сәулет өнерiнiң тамаша туындылары бой түзейдi. Бұлардың iшiндегi аса көрнектiлерi – ежелгi Тараз рабадына (қолөнершiлер тұрағы) орналасқан Қарахан, қала сыртындағы Бабаджа-қатын, қазақ ұлттық сәулет өнерiнiң тамаша үлгiсi болып табылатын Айшабибi күмбездерi. 1938 жылы археологғалым А. Н. Бернштам ашқан сарай моншасы – Қазақстан мен Орта Азиядағы тұңғыш халыққа тұрмыстық қызмет көрсету орындарының бiрi. Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы Жiбек жолы және ортағасырлық Қазақстан. А., 1992, 63–65-б. және 156–159-б. Деректе суреттелген қалада билік жүргізген әулет: A) Қарахан B) Аштархани C) Ғазнауи D) Шайбани E) Сефевид Жауабы: А 4. Мәтінді оқып шығып, тапсырмаға жауап беріңіз: Бұл қаланың ең өркендеп өскен кезеңi Қарахан әулетi билiк жүргiзген Х–ХII ғасырлармен тұстас. Бұл кезде қала қайтадан салынып, өзiнiң зәулiм үйлерiмен, қыш төселген көшелерiмен, керуен сарайымен, теңге соққан ұстаханасымен, сауда-саттығымен әлемге әйгiлi болған. Қала iшiнде су құбыры жүргiзiледi, моншалар салынады. Бұлардың iшiндегi аса көрнектiлерi – ежелгi _____________ рабадына (қолөнершiлер тұрағы) орналасқан Қарахан, қала сыртындағы Бабаджа-қатын, қазақ ұлттық сәулет өнерiнiң тамаша үлгiсi болып табылатын Айша-бибi күмбездерi. 1938 жылы археолог-ғалым А. Н. Бернштам ашқан сарай моншасы – Қазақстан мен Орта Азиядағы тұңғыш халыққа тұрмыстық қызмет көрсету орындарының бiрi. Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы Жiбек жолы және ортағасырлық Қазақстан. А., 1992, 156–159-б. Деректе суреттелген қала: A) Талхиз B) Суяб C) Талғар D) Баласағұн E) Тараз Жауабы: Е 5. Мәтінді оқып шығып тапсырмаға жауап беріңіз. «568 жылдан бастап бұл қала аты парсы, түркi, араб тiлдес авторлардың бiрнеше ұрпақтары шығармаларында кездеседi. Көне түркi тарихшысы Нершахи өзiнiң «Бұхар тарихы» деген кiтабында 580 жылғы оқиғалар жайлы айта келiп, Таласты ____________ деп қате жазады да, қала осы атпен белгiлi бола бастайды. VIII–Х ғасырлардағы Шығыс авторлары __________ базарларында бүкiл дүние жүзiнiң бұйымдары сатылатын, тек қана түркi (қыпшақ) сөзiн ғана емес, сонымен қатар араб, парсы, үндi тағы да басқа тiлдердi естуге болатын «саудагерлер қаласы» деп атаған». Деректе суреттелген қала: A) Баласағұн B) Түркістан C) Суяб D) Талхиз E) Тараз Жауабы: Е 6. Жиембет жырау Бiртоғашұлы ХVI ғасырдың соңғы ширегi, ХVII ғасырдың алғашқы жартысында өмiр сүредi. Алшын руын ежелден билеген iрi феодалдар тұқымынан шыққан Жиембет Кiшi жүздегi ел басқарушы биi, әскербасы батыры қызметiн атқарады, ерлiгiмен, iскерлiгiмен танылады. Жиембет 1620 жылы ойраттармен арада шыққан соғыста қазақтардың жауды ойсырата жеңуiне мұрындық болады. 1627 жылы Қазақ Ордасы құрамынан бөлiнiп, өз алдына тәуелсiз хандық құрғысы келген Ташкент ханы Тұрсынның көтерiлiсiн басу кезiнде де Жиембет елеулi рөл атқарады. Алайда ол көп ұзамай-ақ орталық үкiметке сөз жүзiнде ғана бағынып, Кiшi жүзде дербес билiк құра бастаған Жиембеттiң өзi де ханның қаһарына шалынады.. Жырау ойраттармен шекара шығыс бетке айдалады. Бiр деректерге қарағанда, Жиембет сол айдауда өледi, ендi бiр деректердiң айтуынша, жырау 1643 жылы туған жерiне қайтып оралады. Бес ғасыр жырлайды. А., 1984, 58–59-б. Мәтіндегі деректен Жиембет жыраудың қай ханға қызмет еткенін анықта: A) Тәуекел хан B) Хақназар хан C) Есім хан D) Қасым хан E) Тәуке хан Жауабы: С 7. Мәтінді оқып шығып тапсырмаға жауап беріңіз. «Қазақ Тәуекел хан Әбдi-Момын ханның өлтiрiлiп, Пiр-Мұхаммед ханның билiк құра бастағаны туралы хабар алған кезде ол Ташкент пен Мауараннахрды бағындыру үшiн жолға шықты. Ол әуелi Ташкенттi қаратты, ал сонан соң Самарқанды басып алды және осы қалаға қарай бет бұрды. Пiр-Мұхаммед хан ашық шайқаста қарсыласу мүмкiн деп таппай, сондықтан қамалға бекiндi. Шамамен жиырма күн бойы Тәуекел хан мен оның қазақтары осы қаланың маңайын тонады, күн шығып, батқанға дейiнгi уақыт аралығында екi жақтың арасында үнемi қақтығыстар болып тұрды. Ақыр аяғында қазақтар жеңiлiс тапты. Тәуекел хан Самарқанға шегiндi. Бауыры Әшiм ханмен одақтасып, ол Пiр-Мұхаммед ханға қарсы ұрысып, шайқасуға әзiрлендi. Хан оларды тағы да шайқаспақ ниетпен қарсы алды. Осы кезде оған Пiр-Мұхаммед ханның iнiсi Баки-Мұхаммед сұлтан келiп қосылды. Хан оның келуiн жақсылықтың нышаны деп жорыды және оған құрмет көрсеттi. Екi жақ әскерлерiнiң арасында бiр айдай уақыт ұрыс-қақтығыс болып тұрды. Бiр жолы Тәуекел хан түн жамылып шабуыл жасады. Кескiлескен шайқас болды. Тәуекел ауыр жараланды. (Ол) еш нәрсеге қол жеткiзе алмағандықтан, ат тiзгiнiн Ташкент жаққа бұрды. Сол жарақаттан Тәуекел хан о дүниеге асығыс аттанып кеттi...» ХV–ХVIII ғасырлардағы қазақ хандықтарының тарихы жөнiндегi материалдар. А., 1969, 394–395, 556-б. (Орыс тiлiнде). «Тарих-и-Қыпшақ» еңбегінен Суреттелген оқиғада Тәуекел хан шабуыл жасаған қала: A) Әндіжан B) Үргеніш C) Бұхара D) Хиуа E) Нарын Жауабы: С 8. . ...жыраудың өмiрi мен өнернамасы туралы нақты деректер сақталмаған. Бiз тек оның Есiм ханның жорық жырауы болғанын, 1627 жылы Тұрсын ханның бүлiгiн басуға қатысқанын ғана бiлемiз. Алайда бiздiң заманымызға жеткен санаулы жолдары оның қазақ поэзиясындағы көне дәстүрдi жалғастырушы, от тiлдi, орақ ауызды жырау болғандығын көрсетедi. Есiм ханның өмiрi мен ерлiк iстерi суреттелетiн жетi мың жолдық «Еңсегей бойлы Ер Есiм» атты тарихи жырды алғаш жырлаушы деп шамаланады. Бес ғасыр жырлайды. А., 1984, 63–64-б. Мәтінде айтылған жырауды анықтаңыз: A) Шалкиіз B) Ақтамбердi C) Доспамбет D) Жиембет E) Марғасқа Жауабы: Е 9. Мәтінді оқып шығып тапсырмаға жауап беріңіз. Қазақ ____________ хан Әбдi-Момын ханның өлтiрiлiп, Пiр-Мұхаммед ханның билiк құра бастағаны туралы хабар алған кезде ол Ташкент пен Мауараннахрды бағындыру үшiн жолға шықты. Ол әуелi Ташкенттi қаратты, ал сонан соң Самарқанды басып алды және Бұхараға қарай бет бұрды. Пiр-Мұхаммед хан ашық шайқаста қарсыласу мүмкiн деп таппай, сондықтан қамалға бекiндi. Шамамен жиырма күн бойы _____________ хан мен оның қазақтары Бұхараның маңайын тонады, күн шығып, батқанға дейiнгi уақыт аралығында екi жақтың арасында үнемi қақтығыстар болып тұрды. Ақыр аяғында қазақтар жеңiлiс тапты. _____________ хан Самарқанға шегiндi. Бауыры Әшiм ханмен одақтасып, ол Пiр-Мұхаммед ханға қарсы ұрысып, шайқасуға әзiрлендi. Хан оларды тағы да шайқаспақ ниетпен қарсы алды. Осы кезде оған Пiр-Мұхаммед ханның iнiсi Баки-Мұхаммед сұлтан келiп қосылды. Хан оның келуiн жақсылықтың нышаны деп жорыды және оған құрмет көрсеттi. Екi жақ әскерлерiнiң арасында бiр айдай уақыт ұрыс-қақтығыс болып тұрды. Бiр жолы _______________ хан түн жамылып шабуыл жасады. Кескiлескен шайқас болды. Тәуекел ауыр жаралан ды. Ол еш нәрсеге қол жеткiзе алмағандықтан, ат тiзгiнiн Ташкент жаққа бұрды. Сол жарақаттан _______________ хан о дүниеге асығыс аттанып кеттi... ХV–ХVIII ғасырлардағы қазақ хандықтарының тарихы жөнiндегi материалдар. А., 1969, 394–395, 556-б. (Орыс тiлiнде). «Тарих-и-Қыпшақ» еңбегінен Деректе суреттелген қазақ ханы: A) Тәуекел B) Абылай C) Жәңгір D) Хақназар E) Тәуке Жауабы: А 10. Зерттеу iсiнiң көрсетуi бойынша Тасақыр салынып бiтпеген феодал сарайының тозған iргесi болып табылады. Ол төңiрегiндегi жерлерге 25–30 километрдей арадан көрiнiп тұратындай етiлiп, тау бөктерiне салынған. Оның солтүстiк қасбетi далаға қарай созылған кең жазыққа, оңтүстiк қасбетi тау бетiне қаратылған. Шығыс және батыс қасбеттерi биiк тау тiзбегiнiң баурайында бытырап жатқан шоқылармен ұштасады. Жобасы бойынша ол iшкi кең ауланың төңiрегiне топтастыра салынған тұрғын үй, қызмет үйi және шаруашылық үйлердiң кешенiнен тұрады. Ауланың түкпiрiндегi (оңтүстiк есiк жақтағы) үй Тасақыр иесiнiң жататын үйi мен қонақ үйi болған. Солтүстiк есiк жақтағы үйлер қызмет ететiн адамдар мен күзетшiлерге, бiр бөлiгi ат қораға арналған болу керек. Су қоймасы бар орталық аула қорған әскерлерiнiң плацдармы, арнаулы жарлықтарды жариялау орны немесе дiни салттарды атқару мақсатын көздеген адамдардың жиналатын орны болған. Тасақырдың салына бастаған кезi бiздiң заманымыздың 751 жылында, Талас өлкесiнде болған арабтар мен қытай әскерлерi арасындағы шешушi шайқасқа дейiнгi уақытта болса керек. Осы оқиғадан кейiн қорған салынып бiтпеген күйiнде қала берген. Осы орасан зор құрылысты салуға кiрiскен бектiң ой-пiкiрiнiң батылдығы, масштабының орасан зорлығы, материалдық жабдықтары мен еңбек ресурстарының шамадан тыс молдығы таңғалдырады. Тасақырды зерттеу iсi әлi аяқталған жоқ. Бiрақ жаңадан табылған әрбiр деректер осы архитектуралық ескерткiш туралы бiздiң бiлiмiмiздi тереңдетiп, Қазақстандағы құрылыс iсiнiң дамуы туралы бiздiң ұғымымызды ашығырақ суреттейтiн материалдармен кенелте түседi. Тасақыр ғимараты орналасқан қаланы атаңыз: А) Тараз В) Сығанақ С) Сауран D) Сарайшық Е) Түркістан Жауабы: А (Ақыртас, Тасақыр – VII–VIII ғасырларда тастан салынған көне архитектуралық құрылыс орны. Тараз қаласынан шығысқа қарай 40 км жерде орналасқан). 11. Мәтінді оқып шығып тапсырмаға жауап беріңіз. Жырау Елтерiс, Бiлге қағандардың ақылгөй дем берушiсi болған. Талай жорықтарға бiрге қатынасып, жауды талқандаған қолбасшы батыр атанған. Жазған еңбегiне қарағанда, ол – Бұқар сияқты әйгiлi жыраулардың бiрi. Өзi өмiр сүрген кездегi әлсiреп бара жатқан түркi мемлекетiнiң жағдайын ойлап, оның жандануына көп еңбек сiңiрген. Мәселен: «Түнде ұйықтамадым, Күндiз отырмадым, Қызыл қанымды ағыздым, Қара терiмдi төктiм», – деген шумақтан оның елi үшiн қасықтай қаны, шыбындай жаны қалғанша күрескенiн көремiз. Жырау өзiнiң шығармасында «Жұқаны таптау оңай, Жiңiшкенi үзу оңай» деп елдi бiрлiкке шақырады. Егер ел бiрiгетiн болса, оны таптау оңай емес екендiгiн жырлайды. Жырау шығармашылығы қазақ жыраулық өнерiнiң бастауы деп айтуға толық негiз бар. Айдаров Ғ. Орхон ескерткiштерi. А., 1990, 35-б. Мәтінде айтылған жырауды анықтаңыз: A) Жиембет B) Тоныкөк C) Үмбетей D) Ақтамберді E) Шалкиіз Жауабы: В 12. Мәтінді оқып шығып, тапсырмаға жауап беріңіз: Бұл қаланың тұрғындары Жошы жіберген елшіні өлтіріп, монғол шабуылына ерлікпен қарсы тұрды. Шыңғысханның таңдаулы түмендері қаланы қоршап алып қорғаушылармен жеті күн бойы соғысты.Жеті күннен соң қалаға кірген жендеттер шаһар халқын түгелдей қырып жіберді.Аспанмен тілдескен әсем ғимараттары бар үлкен қала халқын түгелдей айуандықпен қырғанын сол замандағы мәліметтер дәлелдейді. Алайда қанша қирағанмен бұл қала өмір сүруін тоқтатпады.Көп ұзамай қалпына келе бастады. Бату хан тұсында Дешті Қыпшақтың, яғни Алтын Орданың негізгі ірі әкімшілік орталықтарының бірі болды. Өзбек хан тұсында (1312-1342) және оның баласы Жәнібек хан заманында Алтын Орда керемет күшейді. Сол кезде Өзбек ханның ұлы Тыныбек осы қалада хан болды. Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. А., 1992, 82-83-б. Деректе айтылған қала: A) Отырар B) Испиджаб C) Сығанақ D) Шаш E) Сауран Жауабы:С 13. 1362 жылдың тамыз айы. Италияның оңтүстігіндегі әсем қала Венециядағы қасиетті храмдардың бірі Әулие Марк ғибадатханасына Қайта өрлеу дәуірінің атақты ақыны Петрарка Франческо көптеген кітаптармен бірге өзі оқып түсіне алмаған, сыртқы мұқабасында ____ деп латынша жазылған қолжазбаны сыйға тартты. Онда автор ретінде белгілі бір адамның аты-жөні көрсетілмеген. Қолжазба готикалық көне жазумен ХІV ғасырдың басында, дәлірек айтқанда, 1303 жылы Қара теңіз бойын жайлаған қыпшақтар арасында жазылған еді. Көлемі 82 парақ. ..... «...Оның бірінші беті мен соңғы беттеріне Венеция мен Франциядағы ұлттық кітапханаларының мөрлері басылған (алғашқы бетте үш рет, соңғы бетте екі рет). Қолжазбаның сырты терімен қапталып, ол астыңғы жағына Венеция республикасының мөрі ойып басылған. Венеция Наполеон жаулап алғанда ең алдымен осы ғибадатхананың жазулы мүлкін Париж қаласына көшіруге әмір еткен. Бірақ олар бірнеше жылдан соң Венецияға қайтып оралған. Соның салдарынан ____ те Венециядан Парижге барып қайтқан ». Құрышжанов Ә., Белботаев А. Құманша-қазақша жиілік сөздік. А., 1978 , 216-217-б. Мәтінде жазылған қолжазбаның атауы: A) Хұсрау мен Шырын B) Жүсіп-Зылиха C) Мухаббатнама D) Оғызнама E) Кодекс Куманикус Жауабы: Е 14. ...сөздікті түзушілер «Кодекс» сөздігінің зерттелу жайы туралы да қызықты деректер қалдырған. ____________: «Мен Петрарка кітаптарының каталогін көрдім. Солардың ішінде көңіл аударғаным құман мәтінінің сөздігі болды, бірақ қанша әрекеттенсем де ештеңе түсіне алмадым... Мен әрқашанда Дакияның әлдебір қараңғы түкпірінде құман тілінің бағзы бір іздері сақталып қалған болуы керек деп ойлайтынмын, өйткені ХІІІ ғасырда венгр королі құмандарды жақсы қабылдап, оларға жер бөліп берген еді... Олар орналасқан жер мадьярлар мекенінен Қара теңізге дейін созылып жататын еді», - деп жазған. Мәтіндегі қыпшақ тілін зерттеген ғалымды анықтаңыз: A) Фадлан B) Лейбниц C) Масуди D) Идриси E) Макдиси Жауабы: В
ІХ БӨЛІМ (Ерте және дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер мен олардың билеушілері)1. Жазба деректері бойынша Қаңлы елін биледі: А) Түменбасы В) Гуньмо С) Уәзір D) Шанью Е) Хан Жауабы : E 2. Үйсіндер билеушісінің лауазымы: А) Түменбасы В) Гуньмо С) Уәзір D) Шанью Е) Хан Жауабы : В 3. Оғыз билеушісінің лауазымы: А) Гурхан В) Гуньмо С) Жабғу D) Шанью Е) Хан Жауабы : С 4. Қарақытай билеушісінің лауазымы: А) Гурхан В) Гуньмо С) Жабғу D) Шанью Е) Хан Жауабы : А 5. Түрік қағанатының билеушісі (-лері): A) Мұқан B) Бұмын C) Тардуш D) Шегу E) Қара Еске F) Үшлік G) Сұлу H) Тон Жауабы: А, В, Е 6. Шығыс Түрік қағанатының билеушісі: A) Мұқан B) Қапаған C) Тардуш D) Сатұқ Боғра E) Білге Күл Қадыр Жауабы: В 7. Батыс түрік қағанатының билеуші (-сі, -лері) A) Мұқан B) Анағұй C) Иштеми D) Үшлік E) Сұлу F) Шегу G) Тон H) Тобо Жауабы: F, G 8. Оғыз мемлекетінің билеушісі: A) Шахмәлік B) Мұса C) Сұлу D) Қапаған E) Сатұқ -боғра Жауабы: А 9. Керейіттер мемлекетінің билеушісі: A) Темучин (Шыңғыс хан) B) Жамұқа C) Елюй Даши D) Тоғырыл (Тоғрұл) хан E) Күшлік хан Жауабы: D 10. Керейіттердің билеушілері: A) Даян, Жамұқа, Білге B) Күшлік, Бумын C) Бұйрық, Күлтегін D) Мұқылай, Дато E) Торы, Маркус, Құршақұз Жауабы: Е
Х БӨЛІМ (Темір дәуіріндегі Қазақстан) 1. Кейінгі темір дәуірінде үйсіндермен бір уақытта өмір сүрген мемлекет (-тер): A) Қарлұқ B) Қыпшақ C) Қаңлы D) Оғыз E) Найман F) Қимақ G) Қыпшақ H) Ғұн Жауабы: С, Н 2. Қыш күйдiретiн пеш, қол диiрмен тастары, тары қалдықтары табылған сақ қаласы: A) Битянь B) Бәбіш-молда C) Алтынасар D) Қызылаңғар E) Қойлық Жауабы: В 3. Тасмола мәдениетін қалдырған тайпа: A) Исседондар B) Дайлар C) Аримаспылар D) Массагеттер E) Сармат Жауабы: А 4. Сарыарқаның ерте темір дәуірі ескерткіштері А) Андрон мәдениеті В) Беғазы мәдениеті С) Дәндібай мәдениеті D) Атасу мәдениеті Е) Тасмола мәдениеті Жауабы: Е Сарыарқаның ерте темiр дәуiрi ескерткiштерi Тасмола мәдениетi деген атпен белгiлi. Ол исседон тайпаларынан қалған. 5. Бесшатыр қорымындағы обалар саны: A) 40 B) 39 C) 78 D) 57 E) 31 Жауабы: Е 6. Қызылордадан 300 шақырым жерде орналасқан сақ қаласының орны: A) Қойлық B) Атасу C) Шірік-Рабат D) Үлкен Бесшатыр E) Аралтөбе Жауабы: С 7. Сақ жеріне жорық жасаған парсы патша (-сы, -лары): A) І Дарий B) Спитамен C) Скунха D) Шырақ E) Спаргапис F) Томирис G) А.Македонский H) Кир Жауабы: А, Н 8. Парсы патшасы І Дарий сақтарға жорық жасаған мерзім: A) Б.з.б. 518 жылы B) Б.з.б. 325 жылы C) Б.з.б. 355 жылы D) Б.з.б. 525 жылы E) Б.з.б. 452 жылы Жауабы: А 9. Шірік-рабат қаласының күзет мұнаралары бар орталығы: A) Базар B) Шахристан C) Рабат D) Хисар E) Цитадель Жауабы: Е 10. Сақ тайпалары туралы деректер кездесетін елдер: A) Грек B) Парсы C) Рим D) Қытай E) Кушания F) Ассирия G) Византия H) Мидия Жауабы: А, В, С Зерттеушiлерге сақтар туралы мәлiметтер беретiн ежелгi мәтiндердiң екi тобы белгiлi. Олар: парсы патшала рының тастағы сына жазбалары және грекрим авторларының шығармалары. 11. Сақтар туралы дерек қалдырған грек ғұлама(-сы,-лары): A) Фидий B) Геродот C) Аристотель D) Платон E) Фалес F) Страбон G) Ктесий H) Сократ Жауабы: В, F, G Ежелгi грек географы Страбонның айтуынша, сақтар жақсы шабандоздар болған. Олар «садақпен, қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киген». Геродот сақтар туралы: «Киiмi мен өмiр сүру дағдысы скифтерге ұқсас. Олар егiн екпейдi, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етедi. Сүт iшедi» деп жазған. Грек авторы Ктесий: «сақ әйелдерi ержүрек келедi, соғыс қаупi төнгенде ерлерiне көмек көрсетiп, ұрысқа араласады» деп баяндайды. 12. Иран жазбаларындағы «сақ» сөзінің мағынасы: А) Құдіретті еркектер В) Азиялық скифтер С) Еркін адамдар D) Көшпелілер Е) Жүйрік атты турлар Жауабы: Е 13. Парсы жазбаларындағы «сақ» сөзінің мағынасы: A) Жүйрік атты турлар B) Көшпелілер C) Азиялық скифтер D) Еркін адамдар E) Құдіретті еркектер Жауабы: Е Сақ тайпалары атауының мағынасы жайында көп. «Сақ» сөзiнiң мағынасын парсы жазбаларында құдiреттi еркектер деп түсiндiредi, ал иран жазбаларында жүйрiк атты турлар дейдi. Ежелгi грек авторлары сақтарды «азиялық скифтер» деп атады. 14. Сақтардың негізгі шаруашылығы А) Егіншілік В) Қол өнер С) Терімшілік D) Кен өндіру Е) Мал шаруашылығы Жауабы: E 15. Солтүстік Қазақстандағы сақтардың осы қонысынан (-тарынан) қыш ыдыстар қалдығы, қола пышақтар, әртүрлі түйреуіштер табылды: A) Бірлік B) Бектеңіз C) Кеңөткел D) Алыпқаш E) Ұлыбай F) Қарлыға G) Ақтау H) Бөркі Жауабы: C, F, НСақтар заманының алғашқы кезеңiнiң Солтүстік Қазақстан өңірінде жақсы зерттелгендерi мынандай обалар: Бiрлiк, Алыпқаш, Покровка, Бектеңiз. Бұл ескерткiштерден садақ жебелерi, жалпақ пышақтар, сыртында iлмешегi бар дөңгелек қола айналар, қыш ыдыстар т.б. заттар табылды. Сақ дәуiрiнiң ерте кезеңiне жататын үш қоныс: Қарлыға, Бөркi және Кеңөткел зерттелдi. Осы қоныстардан қыш ыдыстар қалдығы, қола пышақтар, әр түрлi түйреуiштер табылған. Темiрден жасалған жебе ұштары, қанжарлар, дөңгелек және жалпақ түптi, бүйiрлi керамикалық ыдыстар шықты. 16. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерінен табылған сақтарға тән оба (-лар): A) Бөркі B) Есік C) Шілікті D) Берел E) Алыпқаш Жауабы: В 17. Арал теңізінің солтүстік-шығысын мекендеген сақ тайпа(-лары): A) хаумаварга B) аримаспы C) тиграхауда D) парадарайа E) сармат F) дай G) аргиппей H) исседон Жауабы: F, G, Н Арал теңiзiнiң солтүстiк-шығыс жағасын мекендеген сақ тайпаларын жазба деректерде ДАЙЛАР, АРГИППЕЙЛЕР, ИССЕДОНДАР, МАССАГЕТТЕР деп атайды. Бұл тайпалар Қазақстанның Орал тауының оңтүстiк өңiрлерiнде, Солтүстiк, Орталық аймақтарында мекендеген. 18. Сарматтар өмірінде әлеуметтік теңсіздік болғандығының дәлелі: A) Жазба деректер B) Ертегілер C) Халық аңыздары D) Археологиялық ескерткіштер E) Тастағы таңбалар Жауабы: D Сарматтарда әлеуметтiк теңсiздiк болғандығын археологиялық ескерткiштер дәлелдейдi. 19. Үйсіндерде көшпелі мемлекет ұғымын білдіретін сөз (-дер): A) «кангуй» B) «гун рун» C) «шанью» D) «хун ю» E) «гунху» F) «канха» G) «усунго» H) «синго» Жауабы: G, H Үйсiндер мемлекеттiк дәрежеде өмiр сүрген тайпалар. «Усунго», «Синго» көшпелi мемлекет деген ұғымдарды бiлдiрген. Үйсiндердiң қоғамдық құрылысы туралы ақпаратты қытай деректерiнен табамыз. Үйсiндер басшысын «гуньмо» деп атаған. Оған «бек» деп аталған жеке тайпа көсемдерi мен ұсақ рубасылары бағынды 20. Қаңлы елi экономикалық, мәдени байланыс жасаған мемлекет (-тер): A) Қытай B) Рим C) Кушан D) Византия E) Парфия F) Жапония G) Урарту H) Бактрия Жауабы: А, В, С Қаңлы елi Қытай, Рим, Кушан мемлекеттерiмен экономикалық, мәдени, саяси байланыс жасаған. 21. Қаңлылар туралы негізгі дерек көздері А) Парсы жазбалары В) Иран деректері С) Үнді жазулары D) Рим жылнамалары Е) Қытай деректері Жауабы: E 22. Қаңлылардың жақсы дамыған өнер сала (-сы, -лары): A) жазу B) музыка C) каллиграфия D) сәулет E) зерлеу F) би G) мүсін H) ән-күй Жауабы: В, F, Н Қаңлылар арасында ән-күй, музыка, би өнерi жақсы дамыды. Қос iшектi және бес iшектi музыкалық аспаптары мен сыбызғы-сырнайлары болған. 23. Қаңлылар туралы деректер: A) «Цянь Ханьшу» тарихи деректерi B) Геродоттың «Тарихы» C) Страбонның «Географиясы» D) Аристотель жазбалары E) «Авеста» қасиетті кітабы F) Сыма Цяньнің «Тарих жазбалары» G) Ксеркс жазбалары H) Ктесий жылнамалары Жауабы: А, Е, F 24. Ежелгі қаңлылардың археологиялық ескерткіш(-і,-тері): A) Берел B) Ақтас C) Бесоба D) Отырар-Қаратау E) Шілікті F) Сынтас G) Қауыншы H) Жетіасар Жауабы: D, G, НҚазiрге дейiн археологтар қаңлылар мекендеген аудандарда қазба жұмыстарын жүргiзiп, көптеген қорымдар мен қоныстарды тапты. Оларды ғалымдар Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетiасар археологиялық мәдениеттерi деп атады. 25. Б.з.б.46-36 жылдары қаңлылардың Қытайға қарсы көмек көрсеткен елі А) Аландар В) Үйсіндер С) Сақтар D) Сарматтар Е) Ғұндар Жауабы: E 26. Ғұн мемлекетінде түменбасыларға жатқызылды: A) шаньюдің жақын туысқандары B) шаньюдің інілері C) шаньюдің хатшылары D) шаньюдің әкімдері E) шаньюдің елшілері F) шаньюдің уәзірлері G) шаньюдің абыздары H) шаньюдің ұлдары Жауабы: А, В, Н Мемлекеттiң шаньюйден кейiнгi басты тұлғалары «түменбасы» деп аталатын бекзадалар болды. Бұлар шаньюйдiң ұлдары, iнiлерi немесе жақын туысқандары едi. Олар 24 руды басқарған. 24 түменбасын шаньюй тағайындаған. 27. Савроматтар туыстас келген тайпалар: A) парадарайа B) аримаспы C) дах-массагеттер D) хаумаваргалар E) исседондар F) аргиппей G) қаңлылар H) үйсіндер Жауабы: C, E28. Егіншіліктен гөрі мал шаруашылығына көбірек қолайлы аймақ (-тар): A) Жетісу B) Маңғыстау C) Үстірт D) Қызылқұм E) Балқаш F) Арал G) Бетпақдала H) Тарбағатай Жауабы: В, С, G Қазақстан жерлерінің көп бөлiгi жүзiм мен мақта, дәндi дақылдар өсiруге жарамсыз. Үстiрт пен Маңғыстау, Бетпақдала, Орталық Қазақстандағы ұсақ шоқылар, Алтай мен Алатаудың таулы аудандары егiншiлiктен гөрi мал шаруашылығына көбiрек қолайлы. 29. Ғұн мемлекетінде ақсүйектер табынды: A) көктегі тәңірге B) жерге C) отқа D) ата-баба аруағына E) суға F) бөріге G) желге H) қойға Жауабы: А, В, D Империяның басқару тобы ру-тайпа ақсүйектерiненқұралды. Барлық бекзадалар «Аспанға, Жерге, ата баба аруағына және көктегi тәңiрге арнап құрбандық шалу үшiн» жылына үш рет шаньюйдiң алдына ақсақалдар кеңесiне жиналған. 30. Наурыз мейрамы пайда болды: А) бұдан 5000 жылдай бұрын В) бұдан 1000 жылдай бұрын С) бұдан 3000 жылдай бұрын D) бұдан 2000 жылдай бұрын Е) бұдан 1500 жылдай бұрын Жауабы: С 

Приложенные файлы

  • docx 15826345
    Размер файла: 106 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий