Қ.тарих (билет — 22,23,24)


22-билет
1.Көне түркілердің жазба мәдениеті.
Жалпы көне түрік тілінде 200-ден астам жәдігерлер табылған. Олардың мағынасы ертедегі түріктердің өмірі туралы мағлұмат береді. Жазу өнерінің дамуына байланысты VIII ғасырларда түріктердің жазба мәдениеті дүниеге келді. Түрік жазба әдебиетінің ескерткіштері - «Күлтегін» және «Тоныкөк». Бұлар - нағыз тарихи дастандар. Мұнда Түрік қағанатының құрылуы мен дәуірлеуі, ақырында күйреуі жайында айтылады. Дастандардағы тарихи суреттер әдеби-көркемдік тәсілдермен өрнектелген.
2. 1990 жылдары құрылған «Азат» азаматтық қозғалысының мақсат-міндеттері.
1990 жылдың жазында «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Қозғалыс алдына аса үлкен саяси-әлеуметтік мақсаттар қойды. Қазақстанның егеменді ел болуы, КСРО-дан бөлініп, өз алдына жеке мемлекет ретінде әлемдік қауымдастыққа енуі – қозғалысты ұйымдастырушылардың көкейкесті арманы еді.
3. Қазақстандағы 1867-1868 жж. реформа бойынша кестені толтырыңыз.
Генерал-губернаторлықтар Облыстар Уездер
Батыс Сібір генерал-губернаторлығы (Омбы) Ақмола
Семей
1868 жыл 21 қазан Көкшетау, Омбы, Петропавл, Сарысу;
Баянауыл, Зайсан, Көкпекті, Қарқаралы, Павлодар, Өскемен
Орынбор генерал-губернаторлығы (Орынбор) Орынбор
Торғай Орал, Атырау, Калмыков, Жем(Темір);
Елек, Қостанай, Ырғыз, Торғай
Түркістан генерал-губернаторлығы (Ташкент) Жетісу
Сырдария 1867 жыл 11 шілде Сергиополь, Қапал, Верный, Ыстықкөл, Тақмақ;
Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Ташкент, Қазалы, Перовск, Ходжент, Жизақ
23-билет
1.Әбілғазы шежірелерінің тарихи маңызы
Әбілғазы еңбектері шежірелік сипатта жазылған. Түркі дәуірінен бастап, Шыңғыстың ұрпақтарының тарихын баяндайды. Одан кейінгі дәуірлерде Орта Азия мен Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған ірі тарихи оқиғаларды қамтыған. Әбілғазы шежіресінен қазақ халқының құрамына ру-тайпалар, олардың ертедегі тарихы туралы құнды деректер алуға болады. 1661 жылы «Түрікмен шежіресін», 1665 жылы «Түрік шежіресін» жазған. Алайда «Түрік шежіресін» бітіре алмай қаза тапқан.
2.Е.Бекмахановтың тарих ғылымын дамытудағы үлесіне баға беріңіз.
Дарынды тарихшы, ғалым Ермұхан Бекмаханов – 1943 жылы Алматыда жарық көрген «Қазақ КСР тарихы» атты көлемді еңбектің негізгі авторларының бірі. Тарихшының аталған кітаптағы Кенесары Қасымұлы қозғалысы туралы материалдары мен 1946 жылы КСРО Ғылым академиясында қорғаған докторлық диссертациясы негізінде жазылып, «XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» деген атпен жарияланған монографиясы сынға алынды.
Антропология
Топонимика
Этнография
3.Терминдердің мағынасын кесте бойынша толтырыңыз.
Адамның шығу тегі мен даму эволюциясын, адам нәсілдерінің пайда болуы мен сыртқы биологиялық қасиеттерін зерттейтін ғылым.
Топонимика - географиялық атауларды зерттейтін ғылым, олардың пайда болуын, мағынасын, дамуын, қазігі жағдайын, оларды белгілеуді зерттейді. 
тарих ғылымының ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы.
Әр түрлі халықтардың тұрмыс-тіршілігін зерттейтін ғылым.
Археология

24-билет
1.Есім ханның Қазақ хандығын нығайтудағы қызметі.
Шығайұлы Есім хан (1628-1645) туралы халық жадында сақталған аңыз -әңгімелер, дастан-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей бойлы ерЕсім» деп ардақтайды.
Есім хан билік басына ағасы Тәуекел өлгеннен кейін келді. Бұл кезде
Қазақ хандығының шығысындағы жағдай Тәуекел тұсындағыдан әлдеқайда
күрделене түскен еді. Мұнда ойрат тайпаларының бірігіу процесі жүріп жатты.
Сондықтан ол көршілерінде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап, олардың
тайпалары арасындағы алауыздықты өз пайдасына шешуге ұмтылып бақты.
2. Невада-Семей антиядролық, экологиялық қозғалысы «5-5» формуласы.
1989 жылдың 28 ақпанында Алматыда бой көтерген бұл қозғалыстың ұйымдастырушысы және идеялық жетекшісі – белгілі ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов болды. Қозғалыс халыққа аса үлкен қасірет әкелген Семейдегі ядролық сынақ полигоны жаптыру міндетін алдына қойды. Сонымен қоса бұл саяси ұйым «5-5» формуласы бойынша әлемдегі аса ірі полигондардың бәрін жою, әскери мақсаттағы – ядролық соғыс қаупін ыдырату сияқты ғаламдық мәселелерді көтерді. Алға қойған мақсаты мен ізгі ниетінің арқасында «Невада-Семей» аз уақыт ішінде бұқара арасында кең танымал жалпыхалықтық қозғалысқа айналды.
3.Андроновтықтардың шаруашылығы бойынша кестені толтырыңыз.
Мал
шаруашылығы Есіл,Тобыл, Ертіс, Бұқтырма өзендерін бойлай қоныстанған. Мал жаюға ыңғайлы болу үшін шөбі шүйгін және желден ықтау жерлерді таңдаған. Сиыр қой, ешкі мен жылқы өсірген.
Жер өңдеу
Теселі егіншілік дамыды.
Кен өндіру Құю қалыбы ретінде сазбалшықты, металды, кейде, тасты пайдаланған. Жебенің ұшын, қанжарды жасау үшін екі немесе үш жармадан тұратын қарапайым құю қалыптарын қолданған. Қалыптарға балқытылған металды құйып әр түрлі бұйымдар жасаған.

Приложенные файлы

  • docx 15826240
    Размер файла: 21 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий